«Ядролық дәуірдегі геосаясат»



XX ғасырдың екінші жартысында геосаясат Маккиндер, Мэхен, Спайкмен бастаған ағылшын-сакс мектептері ағымында ерекше дамыған болатын. Хаусхофер теллорократиялық мектебі жеңуші елдер тарапынан біраз қысымға ұшырады. Егер талассократия АҚШ-тың басты геосаясатына айналса, Еуропа геосаясаты Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін терең дағдарыс кезеңіне бойлады.
Геосаясаттың Подстам кезеңі АҚШ-тың үстемдігімен басталды. Америка экономикалық жағынан да, саяси сипатынан да әлемдік державаға айналды. 1945-1946 жж. мемлекет үлесі әлемдік жалпы ұлттық өнімнің 50%-ын құрады. Форт-Нокс қорында Американың 23 мың тонна алтыны болды. Оның үстіне АҚШ әскери техника, қару-жарақ есебінен алдыңғы қатарда болды. Америкалық геосаясаткерлер мемлекет осы позицияны сақтап тұруы үшін белгілі бір геосасат түрі қажет деп мәлімдеді. Дәл осы мақсатта Н. Спайкменнің 1942 жылы «Әлемдік саясаттағы Америка стратегиясы» атты еңбегі жарыққа шықты. Ал 1943 жылы Маккиндер өзіндік моделін жасап шығарды. Ол бойынша «Хартленд» Солтүстік Атлантикамен бірігіп, әлемде «ағылшын-америка» көсбасшылығы орнау тиіс. 1945 жылы С. Хантингтон «Өркениеттің басты қозғаушы күштері» еңбегін шығарды. Аталған авторлар өз жазбаларында батыс өркениетінің өзге континенттерге басымдылығын геосаясаттың басты тезисіне айналдырды.
Америка геосаяси ұстанымы жағынан КСРО, Германия және оған қатысты елдерге генетикалық агрессия, демократияны жақтырмау қасиеттері тән деп жариялады. КСРО-ны зұлымдық ортасына айналдырып, өзін сол зұлымдықтан қорғаушы мемлекет ретінде ұстанды. Алайда әлемге үстемдік орнатудың бұндай тәсілі КСРО тарапынан көрсетілген қарсылықтар есебінен іске аспай қалды. Екі мемлекеттің арасындағы аталмыш қарсылықтар геосаясаттың ядролық кезеңінде айқын көрініс табады.
Геосаясаттың ядролық кезеңі америка мектебінің өкілі Колин С. Грей еңбектерінде жақсы сипатталған. «Ядролық дәуірдің геосаясаты» атты еңбегінде автор ядролық объектілердің орналасуы мемлекеттің географиялық және геосаяси ерекшеліктеріне тәуелді болатынын атап өткен. Грейдің айтуы бойынша, ядролық кезеңде қауіпсіздік пен әлемдік тәртіп жоғары деңгейде болуы шарт. Сонымен қатар әлемнің басқарушы мемлекеттерінің қатынастары мен қозғаушы күштерін басты назарда ұстап, технологиялық, саяси-ұйымдастырушы және демографиялық үрдістерді естен шығармау қажет деген болатын.
Ядролық қару мен оны тасымалдау құралдары шығарылғалы бері геосаясаттың дәстүрлі географиялық-кеңістіктік детерминизм моделі өз маңызын жойды деуге болады. Бұл пікірді түпкілікті дәлелдеген америка геосаясаткері А. П. Северски болды. Оның геосаяси құрылымы бойынша әлем екі ірі шеңберге бөлінген: бірі – үлкен Батыс жартышарын қамтитын АҚШ болса, екіншісі – «әлемдік құрлықты» қамтитын КСРО еді.
1. http://www.soldiering.ru/omp/usa_nuclear_strategy.php
2. http://nicbar.narod.ru/geoproblemy_lekzia8.htm
3. http://www.geopolitica.ru/article/yadernoe-rasprostranenie-zlo-ili-blago#.VCfRJfl_uKg
4. http://gpb22.narod.ru/nartov/glava03.html

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Ядролық дәуірдегі геосаясат

Орындаған: 3-курс студенті,

РВ-31К тобы, Аймақтану мамандығы

Рыскалиева Д.

Оқытушы: Бюжеева Б.З.

Алматы, 2014

XX ғасырдың екінші жартысында геосаясат Маккиндер, Мэхен, Спайкмен
бастаған ағылшын-сакс мектептері ағымында ерекше дамыған болатын. Хаусхофер
теллорократиялық мектебі жеңуші елдер тарапынан біраз қысымға ұшырады. Егер
талассократия АҚШ-тың басты геосаясатына айналса, Еуропа геосаясаты Екінші
дүниежүзілік соғыстан кейін терең дағдарыс кезеңіне бойлады.
Геосаясаттың Подстам кезеңі АҚШ-тың үстемдігімен басталды. Америка
экономикалық жағынан да, саяси сипатынан да әлемдік державаға айналды. 1945-
1946 жж. мемлекет үлесі әлемдік жалпы ұлттық өнімнің 50%-ын құрады. Форт-
Нокс қорында Американың 23 мың тонна алтыны болды. Оның үстіне АҚШ әскери
техника, қару-жарақ есебінен алдыңғы қатарда болды. Америкалық
геосаясаткерлер мемлекет осы позицияны сақтап тұруы үшін белгілі бір
геосасат түрі қажет деп мәлімдеді. Дәл осы мақсатта Н. Спайкменнің 1942
жылы Әлемдік саясаттағы Америка стратегиясы атты еңбегі жарыққа шықты. Ал
1943 жылы Маккиндер өзіндік моделін жасап шығарды. Ол бойынша Хартленд
Солтүстік Атлантикамен бірігіп, әлемде ағылшын-америка көсбасшылығы орнау
тиіс. 1945 жылы С. Хантингтон Өркениеттің басты қозғаушы күштері еңбегін
шығарды. Аталған авторлар өз жазбаларында батыс өркениетінің өзге
континенттерге басымдылығын геосаясаттың басты тезисіне айналдырды.
Америка геосаяси ұстанымы жағынан КСРО, Германия және оған қатысты
елдерге генетикалық агрессия, демократияны жақтырмау қасиеттері тән деп
жариялады. КСРО-ны зұлымдық ортасына айналдырып, өзін сол зұлымдықтан
қорғаушы мемлекет ретінде ұстанды. Алайда әлемге үстемдік орнатудың бұндай
тәсілі КСРО тарапынан көрсетілген қарсылықтар есебінен іске аспай қалды.
Екі мемлекеттің арасындағы аталмыш қарсылықтар геосаясаттың ядролық
кезеңінде айқын көрініс табады.
Геосаясаттың ядролық кезеңі америка мектебінің өкілі Колин С. Грей
еңбектерінде жақсы сипатталған. Ядролық дәуірдің геосаясаты атты
еңбегінде автор ядролық объектілердің орналасуы мемлекеттің географиялық
және геосаяси ерекшеліктеріне тәуелді болатынын атап өткен. Грейдің айтуы
бойынша, ядролық кезеңде қауіпсіздік пен әлемдік тәртіп жоғары деңгейде
болуы шарт. Сонымен қатар әлемнің басқарушы мемлекеттерінің қатынастары мен
қозғаушы күштерін басты назарда ұстап, технологиялық, саяси-ұйымдастырушы
және демографиялық үрдістерді естен шығармау қажет деген болатын.
Ядролық қару мен оны тасымалдау құралдары шығарылғалы бері
геосаясаттың дәстүрлі географиялық-кеңістіктік детерминизм моделі өз
маңызын жойды деуге болады. Бұл пікірді түпкілікті дәлелдеген америка
геосаясаткері А. П. Северски болды. Оның геосаяси құрылымы бойынша әлем екі
ірі шеңберге бөлінген: бірі – үлкен Батыс жартышарын қамтитын АҚШ болса,
екіншісі – әлемдік құрлықты қамтитын КСРО еді. Әлемдік үстемдікке жету
үшін Солтүстік Америка мен Еуразияны өз ықпалына алу керек, сондықтан да
аталмыш екі держава қақтығысқа түсіп отыр деп түсіндіріледі.
Геосаясаттың ядролық дәуірінің тағы бір көрнекті өкілі француз әскери
теоретигі әрі стратегі Пьер Галлуа болып табылады. 1960 жылы Парижде
автордың әйгілі Ядролық ғасыр стратегиясы атты жұмысы жарық көрді. Галлуа
жазбалары АҚШ президенті Дж. Даллестің 1954 жылы жарияланған коммунизмді
тежеу доктринасына негізделген. Яғни доктрина бойынша коммунистік идеяны
геосаяси құбылыстардан алшақтату, КСРО территориясын әскери-теңіз
базаларымен қоршау, жалпы түрде антикоммунистік саяси үгіт-насихат жүргізу
шаралары қарастырылған.
Галлуаның мәлімдеуінше, ядролық қарудың пайда болуы соғыстың
саясаттағы алатын орнын түпкілікті өзгертіп жіберді. Бір мемлекетке қарсы
шыққан екінші мемлекет, қанша жерден әскери қауқары жоғары болса да, бір
мезетте барынан айырылып, дамуы жағынан бірнеше жылға кейін қалу қаупіне ие
болады. Ядролық қару дамыған мемлекеттерді әскери тұрғыдан ғана емес,
сонымен қатар геосаяси мағынасы бойынша жоя алатын деңгейге жетті. Қырғи-
қабақ соғысы кезеңінде ядролық ракеталар бір-бірінен қашық жатқан АҚШ пен
КСРО-ға бір уақытта шабуылдауға мүмкіндік тудырған еді. Ал бұл өз кезегінде
түрлі хартленд пен римленд теорияларын жоққа шығарады.
Ядролық қаруды бірдей иеленетін мемлекеттер арасында агрессор-
мемлекет көп артықшылықтарға ие болады. Өйткені, агрессияға тап болған
мемлекет бірінші соққыдан кейін-ақ көп күшінен айырылады, оның үстіне кері
жауап болатын соққы мүмкіндігі өте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геосаясат сұрақ-жауап түрінде
Геосаясаттың теориялық-концептуалдық маңызы мен негіздері
ҚР-ның геосаяси мүдделері
Қазіргі әлемнің геосаяси бейнесі
Геосаясат
Геосаясаттың даму тарихы
Қазіргі заманғы геосаясат және Қазақстан сыртқы саясатта ден қоятын басымдықтар
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ШЫҢЖАҢНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МӘНІ
ХХ ғ. аяғы және ХХІ ғ. басындағы жаңа геосаясат және иран ұстанымы
Орталық Азия елдерінің аймақтық ынтымақтастығы: негізгі бағыттары мен болашағы
Пәндер