Ежелгі қытай елінің жаратылыс тану және техникалық ғылымдары


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім

1. Көне Қытай философиясының негізгі ұғымдары . . . 3

2. Көне Қытай философиясының негізгі өкілдері . . . 5

  1. Қоғамдық ғылымдар. Философия . . . 7
  2. Ғылыми мекемелері . . . 11

Қорытынды . . . 13

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 14

Кіріспе.

Бұл рефератта Қазақ совет энциклопедиясы және Т. Х. Ғабитовтың «Мәдениеттануға кіріспе» атты еңбектері негізінде дайындалған. Ежелгі Қытай елінің жаратылыс тану және техникалық ғылымдары жөнінде жазылған. Яғни, көне заманнан бастап ҚХР құрылғанға дейінгі жаратылыс тану және техникалық ғылымдар саласындағы зерттеулер туралы жазылған.

Қытайда көптеген маңызды ғылыми-техникалық жаңа-лықтар басқа елдерден бірнеше жүз жыл бұрын пайда болған. Қытайда математика Хань әулеті тұсында-ақ едәуір дәрежеде дами бастаған. Қытай ғалымдары 11-14 ғасырдың өзінде-ақ биномдық коэффициенттерін білген және Паскаль ұшбұрышымен таныс болған. Осы сияқты жаратылыс тану және техникалық ғылымдармен бірге қоғамдық ғылымдар да жақсы дамыған. Б. з. б. 6-3 ғасырлар-да конфуцийшілдік, моизм, легизм мектептерінің қалыпта-суы нәтижесінде Қытайда философия пайда болды. Бұл ілімдердің алға қойған басты мәселелері қоғамды, мемле-кетті басқару ісі еді. Қытайда барлық ғылыми-зерттеу жұмыстарын Ғылым және техника жөніндегі мемлекеттік комиссия мен Мемлекеттік жоспарлау комиссиясы т. б. органдар арқылы Мемлекеттік кеңес басқарады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру ҒА-на жүктелген.

Көне Қытай философиясының негізгі ұғымдары

Қытай мемлекеті қазіргі уақытта әлемдік деңгейде танымал мемлекеттердің бірі болып отырғаны күмәнсіз. Өзінің экономикалық қуатын, мәдениетін, саяси ықпалын күннен күнге күшейтіп отырған көршіміздің ұлттық болмысын, философиялық дүниетанымын, адамгершіліктік ұстанымдарын танып-білу біз үшін аса маңызды және пайдалы. Әр халықтың ішкі, нағыз мәні оның философиясы арқылы ашылатыны белгілі, сондықтан да көне Қытай философиясымен танысу, оның бастауларына үңілу қазіргі Қытай қоғамын тереңірек түсінуге мүмкіндікбереді.

Қытай философиясы өз бастауын біздің дәуірімізге дейінгі VIII -VI ғасырлардан алып, тарихи даму барысында көптеген философиялық мектептер мен бағыттарды, көрнекті философтарды дүниеге әкелді. Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері:

1) Ең басты ерекшелігі - саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті. Бұл ерекшелік сол кездегі Қытай қоғамының әлеуметтік құрылымынан, мемлекеттік саясаттан тікелей туындайды. Көне Қытай мемлекеті иерархиялық деспотия үстемдік құрған мемлекет болды. Мемлекет басшысы ван, барлық билік соның қолында, ол әлеуметтік конустың шыңында орналасқан. Одан кейінгі қабаттарда әртүрлі деңгейдегі ақсүйектер: мемлекеттік шенеуніктер - чжухоу, беделді отбасылар - дафу және ши, ең төменде - ештеңеге құқы жоқ шужэнь орналасқан. Қатаң тәртіпке, ванға бағыныштылыққа негізделген осындай қоғамның философиясы, әрине, "жоғары" мен "төменнің" арасындағы қатынастарды қалыптастыруға, реттеуге, қатаң ұстауға бағытталды.

2) Осы бірінші ерекшеліктен Қытай философиясының келесі ерекшелігі туындайды: философиялық мектептердің барлығының дерлік қарастырған басты мәселесі - адам, оның бойындағы ізгілік және зұлымдық мәселесі болды. Қытай философиясы адамды Көк пен Жердің арасындағы он мың заттың ең құндысы деп танығанымен, бұл дүние адам үшін жаратылмаған, адам - қарапайым " микрокосм", табиғаттың бір бөлшегі ғана, ол космоспен мыңдаған көрінбейтін жіптермен байланысты деп түсіндірді. Яғни, адамның міндеті - осы жіптерді үзбей, жеке белсенділік көрсетпей, өзінен жоғарыға, өзінен үлкенге қызмет етіп, табиғат пен өмір ағынына еріп, тыныш өмір сүру, өзінің адамгершілігін жетілдіру жолында тынымсыз еңбектену. Себебі, бұл өмірде ең маңызды нәрсе - жеке адам емес, ол өмір сүріп отырған қоғәм, мемлекет, ал жетілген қоғам жетілген адамгершілікке ие адамдардан құрылмақ деп түсіндірілді.

3) Қытай философиясының да бастауы мифология болды деуге болады. Ежелгі мифтердің мазмунындағы адамның адамгершілік келбетін жетілдіру, әдам және қоғамның арасындағы қатынастарды ретгеу мәселелеріне басты назар аударылды. Көптеген мифтік үғымдар Қытай философиясының негізгі философиялық категорияларының қалыптасуына айқындаушы ықпал етті.

4) Натурфилософиялық мәселелер мардымсыздау талк, ыланды, бұл мәселелерді "инь-ян" мектебі немесе натурфилософтар, моистер және даосизм мектебінің өкілдері ғана қарастырды.

Бірақ табиғи құбылыстарды да Қытай ойшылдары әлеуметтік және адамгершілік құбылыстармен байланысты қарастырды. Дүниенің бес бастауы: су, от, ағаш, металл, жер және табиғаттың бес құбылысы: жаңбыр, күншуақ, ыстық, суық және жел бар деп түсінген және олар халықтың турмысына эсер етеді деп пайымдаған философтар олардың себептерін анықтауға тырысты. Бул түсініктер өздерінің бастауын мифологиялық және діни көзқарастардан алатынын айта кету қажет.

Көне Қытайдың негізгі философиялық ескерткіштері: "И цзин" -"Өзгерістер кітабы", "Ши цзин" "Өлеңдер кітабы", "Шу цзин" - "Тарих кітабы".

"И цзин" - "Өзгерістер кітабы" - бүкіл Қытай мәдениетінің қалыптасуына зор эсер еткен, маңызын әлі күнге дейін жоймаған шығарма. Кейбір зерттеушілер оны қасиетті кітап деп атап, Ведалармен, Інжіл, Қуранмен бір деңгейге қояды. Ғалымдардың пікірінше, "И цзин" ежелден келе жатқан бал ашу практикасымен байланысты пайда болып, даму барысында философиялық пайымдаудың негізіне айналған. Философиялық ескерткіштердің арасындағы ең көнесі болмасә да, бул кітап Қытай философиясының бастауы болды деуге болады, бірақ оның түсінуге қиын мәтіндерінің мазмұны әлі күнге дейін толық ашылған жоқ. "И цзин" 64 гексаграммалардан турады, олардың жүйесі үнемі өзгеріп отыратын дүниенің 64 күйі мен қурылымынан тұратын, Көк - Жер - Адам қатынасын білдіретін ілімді құрайды деп түсіндіріледі. Шығармада Қытай философиясының негізгі категориялары қалыптасқан, олар арқылы адамның өзін қоршаған ортаға деген қатынасы, кеңістік, уақыт, табиғи қубылыстар, әлеуметтік өзгерістер туралы түсініктері бейнеленіп, Қытай қоғамының дәстүрлі көзқарастарының теориялық негізі қаланған деуге болады.

"Ши цзин" - "Өлеңдер кітабы" 305 поэтикалық шығармалардан тұрады. Олардың қай кезеңдерде жазылғанын дал басып айту қиын, қазіргі заманғы ғалымдар бұл өлеңдер шамамен біздің дәуірімізге дейінгі XI -VII ғасырларда, Қытайда философиялық мектептер әлі қалыптасып үлгермеген уақытта жазылған, кейінірек Конфуций өлеңдерді іріктеп, өңдеп, өзінің философиялық ілімінде қолданған, ал оның шәкірттері Конфуций мектебінің негізгі кітабына айналдырған деген болжам айтады. "Ши цзинді" басқа философиялық мектептер де зерттеді. "Өлеңдер кітабында" Көне Қытай қоғамындағы ван, дафу, чжухоу топтарының өмірі, адамгершілік келбеті, әлеуметтік қызметі жырланады.

"Шу цзин" - "Тарих кітабы" немесе "Құжаттар кітабы". Кітапты алғаш рет Конфуций құрастырды, кейіннен әртүрлі ойшылдар оны бірнеше рет өңдеді (олардың кейбіреулері кітапқа өз мәтіндерін де қосып, араластырып жіберген), кейбір бөліктері біздің дәуірімізге дейінгі 213 жылы кітаптар өртелген кезде отқа жағылды деген пікірлер бар. Атынан көрініп турғандай, кітаптың тарихи мазмұны басым, бірақ философиялық көзқарастар да (асіресе, Конфуций мектебіне тән) көп кездеседі. Мәтіндердің басым бөлігінің мазмұны кітаптың өте ерте, . көрнекті Қытай философтары дүниеге келместен бұрын пайда болғанын дәлелдейді. Қазір "Шу цзиннің" 55 тарауы бар, олардың арасында 33 тарауының нак, ты "Шу цзин" кітабының алғашқы нүсқасына жататыны анықталған. Кітапта қарастырылатын негізгі мәселелер: адам және қоғам, адам және табиғат арасындағы үндестік, ата-баба салттары, Көктің адам мен қоғамға айқындаушы әсері және т. б.

Көне Қытай философиясының негізгі мектептері: Конфуций мектебі, даосизм, легизм, моиз, натурфилософия және номиналистер мектебі.

Олардың арасындағы бастысы - Конфуций мектебі болдыдеуге болады, оның біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжыпдықтан бастап, XX ғасырдың басына дейін Қытай мемлекетінің ресми идеологиясы қызметін атқарғаны бұл пікіріміздің дәлелі бола алады.

Адамды сүю (жэнь) - Конфуций философиясының маңызды категориясы. Ең әуелі әке мен ұлдың, билеуші мен шенеуніктердің, дос адамдардың, аға-інінің арасындағы қарым-қатынастарды бейнелейді, сонан соң ғана жалпы адамдар арасындағы сүйіспеншілікті білдіреді. .

Алтын орта (чжун юн) - Конфуций философиясының басты ұғымдарының бірі. Бұл жетілген мораль үлгісі, адам еш нәрседе де шектен шығып кетпеуі керек дегенді білдіреді. Мысалы, тым қызба немесе тым жай болған дұрыс емес, орташа күйді сақтауға ұмтылу керек. Конфуций бұл ұғымды ағашты мысалға ала отырып түсіндіреді. Оның жоғарғы жағында орналасқан жапырақтарға жаңбыр мен күннің әсері тез жетеді, төмендегі жапырақтарға да аса ыңғайлы емес. Ең дұрысы, ортада орналасқан жапырақ болу. Алтын ортаға жету қиын, бірақ оған жеткен адам мәнді өмір сүреді.

Асыл адам, бекзат адам (цзюнь-цзы) - адамгершілігі жоғары, жан-жақты жетілген, "алтын ортаға" жеткен, ізетгілік, шыншьілдық, сақтық секілді қасиеттерге ие және басқа адамдардың адамгершіліктік жетілуіне көмектесуші адам. Конфуциийдің пікірінше, мұндай қасиеттерге мемлекетті билеуші, басқарушы адам ие. "Асыл адамдар" көбейген сайын қоғам да жақсара түседі, мемлекетті басқару да жеңілдейді. "Асыл адамдардың" үлгісі зорлық арқылы бағындырудан әлдеқайда бағалы, себебі халықта үрей, қорқыныш емес, өз басшыларына деген сенім пайда болады. Бұл ұғымға қарсы үғым - "төмен адам" ұғымы.

Дао - дұрыс жол, космостық және адамгершіліктік заң, Қытай философиясының басты категориясы, ол басқа категориялардың бәрін қамтиды. Дао өзінен өзі дамитын универсумнің жоғарғы принципі, барлық бар нәрселердің алғашқы бастауы, дүниенің генетикалық бірлігі ретінде түсіндіріледі: бәрі одан туындайды және бәрі оған қайта оралады. Сонымен қатар, дао - универсалдық заңдылық: Көктің өзі дао заңдарына бағынады, яғни, адам Жер мен Көк заңдары арқылы дао жолымен жүреді, адамның өмірлік мақсат-міндеті - даоны игеру, яғни, дұрыс өмір сүру.

Ди - ағаны сыйлау.

Инь және Ян - этимологиялық мағынасы "төбенің немесе өзен жағасының көлеңкесі мен күнгейі" дегенді білдіреді. Инь мен Ян дүниедегі ретсіздіктерді тәртіпке келтіруші Көк пен Жер күштері ретінде қарастырылады. Олар бір-біріне қарама-қарсы, бірақ олардың үндесіп, бірігуі бар нәрсенің бәрін басқаратын адамды дүниеге әкелді, Инь - дүниенің рационалдық, "әйелдік" бастауы, Ян - бейсаналық, "ер адамдық" бастауы деп түсініледі. Қытай философиясында Инь мен Янның өзара әсерінен табиғат құбылыстары да, қоғамдағы өзгерістер де туындап отырады деп тұжырымдалады.

Ли - ритуал, салт, этикет.

Сяо - ата-ананы құрметтеу.

Тянься - (орысша "Поднебесная", "Көкасты", Қытай елінің, мемлекетінің синонимі, қытайлықтар өздерін қазірге дейін осылай атайды. Көк немесе Аслан ұғымы Қытай философиясында жер бетіндегі барлық бар нәрсенің алғашқы негізі және алғашқы себебі, ең құдіретті күш. Адамдардың тағдыры мен өмірін де, мемлекет істері мен табиғат құбылыстарын да анықтаушы және реттеуші Көк, ал мемлекетті билеуші оның жердегі өкілі, сондықтан да әрбір адам Көкке табынуға міндетті.

Ци - этимологиялық мағынасы "пісіп жатқан күріштің буы» дегенді білдіреді, бірнеше мағынаға ие: белгісіз, сапасы жоқ алғашқы зат; дүниеден жоғары космостық субстанциядан үшып шығып жәтқан нәрсе; алғашқы материалдық-элементтер-денелер, атомдар және т. б. Ци алғашында тұтасып кеткен субстанциялардан түрды, кейінірек таза мен бұлдырға - Инь мен Янға бөлінді деген түсінік қалыптасқан.

Жалпы алғанда, Қытай философиясының негізгі философиялық категориялары тарихи даму барысында көп өзгеріске ұшырай қойған жоқ, жалпы Қытай қоғамы мен Қытай философиясы секілді салыстырмалы түрде тұрақты, консервативті болды.

Көне Қытай философиясының негізгі өкілдері

Конфуций - Кун -Фу-цзы ("Кун Ұстаз") -біздің дәуірімізге дейінгі 551-479 жылдары өмір сүрген, көне Қытай философиясыныңең көрнеісгі өкілі, "қызмет етушілер философиясы" деген атауға ие болған философиялық мектептің - Конфуцийшілдіктің негізін қалаушы. Бұл мектеп алғашында жу - "ғалым-интеллектуалдар мектебінің ілімі" деп аталды. Өзінің философиялық мектебін Конфуций өмірлік тәжірибе жинақтап, адамға қажетті алты өнерді -салттарды білу, музыканы түсіну, садақ ата білу, күйме арба айдау, жаза және санай білу істерін меңгерген, әбден кемелденген жасында құрды деп есептеледі. Өзінің қоғамдағы ролін Конфуций өте қарапайым бағалап, өзін жаңа ілімді жасаушы емес, көне данышпандардың (шэн) "Шу цзин" және "Ши цзин" кітаптарындағы даналығын халыққа жеткізуші ғанамын деп түсінген.

"Лунь юй" ("Әңгімелер мен пікірлер") еңбегі Конфуций туындысы ретінде қабылданады. Оның негізгі мазмұны - мемлекет пен жеке адамды жан-жақты жетілдіру жолдарын көрсету. Конфуцийдің пікіріншө, мемлекеттің жақсы болмағы оны құрап отырған адамдарға байланысты, сондықтан да жеке адамның міндеті - мемлекетке, өзіне жоғары турған адамға қызмет ету.

Лао-цзы (Ли Дань) - даосизм ілімін қалыптастырушы, біздің дәуірімізге дейінгі 6 -5 ғасырларда өмір сүрген, кейінірек мифологиялық тұлғаға айналған.

Қоғамдық ғылымдар. Философия.

Б. з. б. 6-3 ғасырларда конфуцийшілдік, моизм, легизм мек-тептерінің қалыптасуы нәтижесінде Қытайда философия пайда болды. Бұл ілімдердің алға қойған басты мәселелері қоғамды, мемлекетті басқару ісі еді. Ежелгі Қытай философиясы саяси-этикалық сипатта дамып, гиосеология, онтология мәселелеріне елеулі мән бермеді. Елдің әлеуметтік, мемлекеттік құрылымы-ның түбірлі өзгеруінің нәтижесінде мемлекет басқаруға фило-софтарды қатыстырып, философиялық академия құрудың өзі ертедегі Қытайда философияның мемлекеттік сипатта болғанын көрсетеді. Өзінің философиялық принциптерін бірінші болып ұсынғандардың бірі Конфуций (б. з. б. 6-5ғ. ) ілімі

болды. Оның ілімін шәкірттері «Луньюй» трактатында баянда-ған. Конфуций семьда, қауымда қалыптасқан дәстүрлі мораль-дық-этикалық тәртіп ережелерін негізделген моральдық-этика-лық принциптерді уағыздады. Кейіннен оның ізбасарлары да-мытқан Конфуций ілімі жаңадан ппайда болған мемлекет басқарудың бюрократиялық фоормасының ерекше праволарына теориялық негіз болып, мемлекет ресми идеологияға айналды. Конфуций ілімінің негіздерін, әсіресе оның әлеуметтік саты-лаудың мызғымастығы жөніндегі теориясын қатал сынаған Мо-цзы (б. з. б. 5ғ. ) болды. Ол дүниедегі бақытсыздық пен тәр-тіпсіздіктің бәрі адамдар арасында мейірбандылықтың болмауы-нан туады, «баршаның мейірбандылығы» принципі адамдарды теңдікке жеткізіп, қоғамда әділеттілік орнатады деп уағыздады. Мо-цзы басқыншылыққа, соғысқа қарсы шығып, дәстүрге айналған «Тәңір құдіретіне» сенушілікті бекер деп санап, мем-лекеттің басқару орындарына адамның ата-тегіне қарамай, оның іскерлігіне, даналығына қарай тағайындаған жөн дейді. Ол право жағынан қарапайым халықты ақсүйектермен теңес-тіруге тырысып, өкімет пен халықты бірлікке, ортақ мүдделі болуға шақырады. Қытайда даосизм стихиялы материализм сипатында қалыптасады. Бұл концепция «Дао дэ цзин» коно-нында, «Чжуан-цзы» трактатында баяндалады. Даосизм бүкіл табиғатқа тән объективті жалпы заңдылық «дао» («жол») бар деп дәлелдейді. Даосизмнің негізін қалаушылар Лао-цзы және Чжан-цзы адамның іс-әрекетін шек қоятын қандай бол-сын заңдар мен ережелерге қарсы шығады.

Алғашқы даошылдардың саяси-әлеуметтік көзқарастары шаруалар утопиясының қалыптасуына зор ықпал етті. Легис-тік мектептің пайда болуы Цинь патшалығындағы жоғары мәртебелі төрелер Шан Ян (б. з. б. 4ғ. ) және Хань Фэй-цзы (б. з. б. 3ғ. ) есімдерімен байланысты. Олар заң («фанцзя») ал-дында барлық адамлар бірдей жауапты деп, конфуцийшішіл-дікке қарсы шығады. Олар жерге деген жеке меншікті жақтап, аяусыз шексіз билеп төстеуге негізделген мемлекет құрылы-сы жөніндегі теориясын ұсынды. Бұл ілім басқарудың импе-раторлық-бюрократтық жүйесінің қалыптасуына теориялық негіз болды. Легистердің кейбір идеяларын пайдалануға тырысқан конфуцийшіл Сюнь-цзы (б. з. б. 3ғ. ) болды. Сөйтіп ол өзгеше, жаңа конфуцийшілдіктің шығуына себеп болды.

Ортодоксалды конфуцийшілдіктің «Хан-Конфуциының» қалыптасуын аяқтаған Дун Чжун-шу (б. з. б. 2ғ. ) болды. Ол Сюнь-цзының бастамасын жалғастырып, легистік бағытты күшейтеді, даосизм идеяларымен толықтырылған конфуций-шілдік б. з. б. 136 жылдан 1911 жылға дейін Қытайда ресми идеология болды. Натур философиялық бағыттағы «инь-ян» идеялары бастапқы бес стихияның (металл, ағаш, су, от және жер) бір-біріне айналу жөніндегі іліммен және ең алғашқы стихия «ци» идеясымен толықтырылған түрінде кейінгі фи-лософиялық ілімдердің бәріне ықпал етті. Қытайдағы ірі ма-териалист ағартушы Ван Чун (б. з. б. 1ғ. ) өз ілімінде дүниенің бастапқы негізі мәңгі өмір сүретін материялық субстанция «юаньци», оның жеңіл бөлшектері «ян-ци» аспан мен кос-мосты, қоюлануынан «инь-ци»---жер мен аспан денелері құ-ралады, дүниедегі барлық заттар осы бөлшектердің бір-бірі-мен әрекеттесуінен пайда болады дейді. Конфуцийшілдік пен даосизм буддизмге қарсы тұрғанымен өз тарапынан оның кейбір элементтерін бойына сіңіріп алды. Даосизм буддизм-нің салт-жоралары мен әдет-ғұрпын қабылдауының нәтиже-сінде соңынан балгерлік пен сәуегейліктің бір түріне айна-лып философиялық ағым ретінде мәнін жоғалтты. Конфу-цийшілдікте көптеген өзгерістен кейін ақыр аяғы рациона-листік бағыт басым болады. Чжан Цзай (11ғ. ) Хан Юяның (8-9 ғасырларда) бағытын жалғастырып, материялық субстан-ция «ци» жөніндегі идеяны дамытады. Бірақ буддизмнің нирвана идеясының ықпалымен Чжан Цзай қарама-қарсы күштер «инь» мен «ян»---тәуірі гармониясында бір-бірімен жарасымдылыққа келеді деген идеясын таратады. Ең соңын-да конфуцийшілдіктің буддизм философиясының идеалистік-рационалистік рухын бойына сіңіру нәтижесінде нео-конфу-цийшілдік пайда болады (12ғ. ) . Бұл бағыт материя мен рух-тың бірлігі жөніндегі мәселеден материалистер арасындағы философиялық таласты өршіте түсті. Қытайдағы субъектив-тік идеализмнің көрнекті өкілі Ван Ян-мин Конфуцийдің тұрмыстық білім тезисін қайта жаңғыртып, оны жалпылық абсолюттік сипатта дәріптейді. Бұл мәселелерді Ван Чуань-шань (17ғ. ) «ли» мен «ци» өзара байланысты, «ци» дүниеде-гі заттардың бастапқы негізі, материялық субстанциясы деп, материалистік тұрғыда шешеді. 17-18 ғасыр философы Конфу-

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Қытай ғылымы
Қытайда европ
Қытай халқының мәдениетінің қалыптасуы
Ғылым
Ғылымның даму кезеңдері
Математиканың даму тарихы
Ғылым туралы түсінік
Философия ғылымын үйренуде оның күттіретін мақсатын тану
Эмпирикалық медицина және оның ерекшелігі
Мектепке жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамытуда дидактикалық ойындарды қолдануға сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz