Шығыс мәселесіндегі англия тарапы


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Рыскалиева Дамиля, аймақтану, 3-курс

Шығыс мәселесіндегі Англия тарапы

Шығыс мәселесі XVIIІ- XX ғасыр аралығындағы балкан халықтарының «түрік қанауына» қарсы күресі мен ұлы державалардың (Ресей, Австрия, Ұлыбритания, Франция, кейіннен Италия мен Германия) әлсіреген Осман империясын бөлудегі бақталастығын қамтитын халықаралық қақтығыстардың күрделі кешені болып табылады.

XVII ғасырдың орта тұсында Осман империясы ішкі және сыртқы саяси терең дағдарысқа бойлады. Империяның әлсіреген күйін пайдаланған балкан халықтары (молдаван, валах, болгар, серб, черногор, албан, грек) ұлт-азаттық қозғалыс шығарудың тиімді сәтін күтті. Оның үстіне осы аймақтағы ықпалынан айырылғысы келмеген Англия мен Францияның өзге державалардың (әсіресе Ресей мен Австрия) империяны бөлісу үрдісі мен балкан халықтарының азаттығына түбегейлі қарсылығы жағдайды шиеленістіріп жіберді. Осман империясының басты қарсыласы Ресей болды. Орыс-түрік соғыстарындағы Ресей басымдылығы оның Түркиядағы христиан халықтарына ықпалын арттырып, аймақтағы мүддесінінің өсуіне әкеліп соқты. Ендігі жерде Осман империясының сөзсіз ыдырауына көзін жеткізген Батыс елдері оны өзара тиімді бөлісу үдерісіне көшті. Тарихтағы мұндай күрделі мәселе Ресей, Ұлыбритания, Франция және Австрия сынды ұлы державалардың Жерорта теңізіндегі мүддесін тоғыстырды. Бір кездері Осман империясы аталған ұлы держава бірте-бірте халықаралық субъект болмысынан өзге державалардың территориалды, сауда-экономикалық және саяси бөліністерінің объектісіне айналды.

ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Шығыс мәселесі одан әрі шиеленіскен сипат алды. Босния мен Герцеговина, кейіннен Болгарияда түріктерге қарсы жаппай көтерілістер ұйымдастырылды. Осман империясындағы осындай тұрақсыздықтар державалар тарапынан оң қабылданды. «Балкан халықтарын түріктер қанап жатыр» деген желеумен Ресей империясы 1877 жылы 24 сәуірде ресми түрде Түркияға соғыс жариялады.

Соғыстың бастапқы кезеңінде лорд Биконсфильд бастаған Ұлыбритания үкіметі барынша қатаң саясат ұстанып, соғыс қимылдарынан тайынбайтынын көрсете білді. Ресей тарапынан ағылшындардың бұл әрекеті үреймен қабылданды. Ұлыбританияның Ресей империясына жіберген ресми нотасында үш шарт көрсетілді: Ресей Суэц каналына қол сұқпайды, Ресейге Египетті уақытша болса да оккупациялауға рұқсат етілмейді және Константинополь мен бұғаздар мәселесі Англияның шешімімен реттеледі. Ресей императоры бұған жауап ретінде Ұлыбритания үкіметіне бейбіт келісімшарт ұсынады, ол келесідей мәселелерді қамтыды: Болгария оңтүстігінде Адрианополь мен Родоп тауларына дейін созылып, автономия статусын иеленеді; Ресейге Бессарабияның оңтүстік-батыс бөлігі мен Батум беріледі. Дегенмен Британ үкіметі бітім шартты жоққа шығарып, байланыс орнатуды орынсыз көреді. Бұл кезде Осман империясы орыс әскерінен ойсырай жеңіліп, Ұлыбританиядан қолдау көрсетуін сұрайды. Ақыры екі жақты келісімнен кейін Англия ресми түрде орыс-түрік қатынастарында делдал қызметін мойнына артады.

1878 жылы 3 наурызда Ресей мен Осман империялары арасында орыс-түрік соғысын тәмамдаған уақытша сипаттағы Сан-Стефано бейбіт келісімшартына қол қойылды. Келісім нәтижесінде Болгарияның шекарасы кеңейіп, қарамағына Эгей теңізі берілді. Оның үстіне Түркия Черногория, Сербия, Румынияның тәуелсіздігін мойындап, территориялық бөліністерді қарастырып, Бония мен Герцеговинада реформалар өткізуге міндеттелді. Ресей иелігіне Түркиядан Батум, Карс, Ардаган, Баязет және оңтүстік-батыс Бессарабия өтті. Алайда Британ үкіметін алаңдатқан аймақ Болгария болып қала берді. Өйткені Болгария Ресей ықпалына өтсе, оның жаңа шекаралары Константинопольге таяу орналасатын болды. Ал бұл өз кезегінде Осман империясы үшін ұдайы қауіп-қатерге айналды. Қалыптасқан жағдайларға байланысты Сан-Стефано келісімі Англия тарапынан теріс қабылданды.

Түркия үшін ауыр нәтижелермен аяқталған Сан-Стефано келісімшартын қайта қарастыруға мүдделі болған Англия мен Австро-Венгрия тараптары жаңа конгрестың шақырылуын талап етті. Ресей басшылығы бұл талаптармен келісуге мәжбүр болды. Бұған басты әсер етуші фактор Британ үкіметінің әскери қимылдарын жандандыруы болатын. Әйтсе де конгресс басталмай жатып, Ұлыбританияның сыртқы іштер миністірлігі отставкаға кетіп, саясаты өзгеше сипатқа ие болады. Дербиді алмастырған Солсбери ағылшын-орыс қатынастарында елеулі нәтижелерге жетеді. Бұған дәлел ретінде 1878 жылғы 30 мамырда қол қойылған ағылшын-орыс келісімдері болды. Келіссөздер келесідей шешімдерді қабылдады: Болгария шекарасы Константинопольден балкан жотасына дейін шегерілді; Англия Ресейдің Батум, Карс және Бессарабиядағы иеліктеріне қарсы болмауы тиіс. Есесіне Британ үкіметі Түркиямен де келісім жасасты: ол бойынша Ресей Батум, Ардаган, Карс жерлерін ұстап қалатын болса, Англия әскери жағынан Осман империясына көмек көрсетеді деп келісілді. Бұл орайда Англия еншісінен айырылмады: Түркияға қолдау көрсеткені үшін оған Кипр аралын беру көзделді. Бұл жерде ағылшын үкіметінің екі жақты саясатын шебер жүргізілуін атап өткен жөн. Өйткені шарт бойынша Ресей аталған аймақтардан бас тартатын болса, Кипр аралы да Түркияда қалатын еді.

6 маусымда Англия мен Австрия арасында берлин конгресіндегі ортақ саяси ұстанымдар жөнінде келісімге қол қойылды. Қос үкімет те болгар шекарасының оңтүстікке ығысуына қарсы болып, Ресейдің Болгариядағы оккупациясын алты ай мерзімге қысқартуға уәделесті. Ұлыбритания Австро-Венгрияның Босния мен Герцеговинадағы мүддесін қолдауға міндеттелді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«шығыс мәселесі»
ЕУРОПА ДЕРЖАВАЛАРЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯСЫ ЖӘНЕ ОСМАН ИМПЕРИЯСЫНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТЕР
Германияның саяси бірігу мәселесінің жүзеге асуы және екі герман мемлекетінің интеграциясы
Сауда - экономикалық қатынастар
Версаль шарты
Каспий құбыр желісі Консорциумы мұнай құбыры
Вашингтон конференциясының бірінші келісімі
Англияның әлемдiк экономикалық дағдарыс кезiндегi сыртқы саясаты
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы психология дағдарысы
Каспий мұнайын тұтынушы елдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz