Казақстан Республикасындағы банк жүйесінің дамуы мен коммерциялық банктерді ұйымдастыру принциптері


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ МЕН КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ПРИНЦИПТЕРІ

1. 1 Қазақстан Республикасы коммерциялық банктерінің құрылуы . . . 5

1. 2 Коммерциялық банктер қызметінің принциптері . . . 9

1. 3 Коммерциялық банктерді басқару құрылымы мен қызметі . . . 11

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІН ТАЛДАУ

(«Темірбанк»2004-2006 жж. мысалы ретінде)

2. 1 Қазақстандағы «Темірбанк»коммерциялық банкінің қалыптасу

кезеңдері мен қызметін жағдайын талдау . . . 36

2. 2 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер жұмысының

әдістері мен қаржылық көрсеткіштерін талдау . . . 45

2. 3 Коммерциялық банктің қаржылық жағдайын талдау . . . 53

3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

3. 1 Коммерциялық банк қызметінің тиімділігін бағалау әдістерін жетілдіру . . . 63

3. 2 Коммерциялық банктің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін жетілдіру . . . 66

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 79

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 71

ҚОСЫМША . . . 73

КІРІСПЕ

1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә Назарбаевтың «Қазақстан 2030» атты стратегиялық бағдарламасындағы Жолдауында «Коммерциялық банктердің несие саясатын жандандыру олардың ресурстық базасын ұлғайтуды талап етеді. Халықтың ұзақ мерзімді депозиттерінің үлесін ұлғайтудың оң үрдістеріне қолдау көрсету үшін халықтың салымдарын міндетті сақтандыру жүйесін нығайту мен банктердің жүйелік орнықтылығын арттыруда қамтитын банк жүйесіне деген халық сенімін арттыру жөнінде іс-шараларды одан әрі жүргізу қажет»деп айтқан болатын. /1, 10 б/

1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә Назарбаевтың «Қазақстан 2030» атты стратегиялық бағдарламасында Жолдауында «Дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу». «Инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, біз старатегиялық күшті экономикалық ілгерілеуге бағыттаймыз, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз». /1, 16 б/

Төлемдер балансының оңды сальдосына қол жеткізілді, ұлттық валюта - теңгенің курсы тұрақтандырылды, мемлекеттің қаржылық жағдайы жақсарып, жұмыссыздардың саны азаюда. Мұның бәрі Қазақстан халқының ертеңгі күніне нық сенімді болуына мүмкіндік береді. Экономикалық реформаларды жүзеге асыруда белсенділік танытып отырған мемлекеттік органдардың бірі, «банктер арасындағы банк» атағына ие болған, ақшалай-несие саясатын табысты іске асырып отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі екенін атап көрсеткеніміз жөн.

Осы дипломдық жұмыста біз Қазақстан Республикасының коммерциялық банк қызметінің тиімділігін бағалау және әдістері мен көрсеткіштерін зерттеу жүргіземіз.

Бүгінгі күні Егемендік жағдайында Қазақстан Республикасы, коммерциялық банктер, Үкімет бірлесе әрекет жасай отырып, қаржы тұрақтылығына қол жеткізді. Бұл инфляцияның өсу қарқынының азаюында, теңгенің тұрақты курсының сақталуы мен банктердің іс әрекеттеріне бірізді нормативті реттеу жүргізуде көрініс тапты.

Қазақстанның жаңа банктік жүйесі он бес жыл өмір сүріп, республика экономикасының игілігіне нәтижелі жұмыс істеуде және де шетелдік мамандардың бағалауы бойынша бұрынғы кеңес кеңістігіндегі елдердің ішінде басты орын алады. Банк жүйесі-нарық экономикасының ең маңызды ажыратылмас құрылымының бірі. Банктер мен тауарлық-ақшалық қатынастың жетілуі тарихи қатар жүріп, тығыз байланыста болды.

Мемлекеттің несие жүйесінің қызмет ету механизіміндегі үлкен рөл коммерциялық банктерге тиесілі. Коммерциялық банктер-нарық экономикасындағы кәсіпкерлік тәжірибеде белгілі қаржылық оперциялар мен қызметтердің басым көпшілігін орындайтын ең көне және несие мекемелерінің айрықша көпшілік тобы.

Олар несие капиталы рыногының түрлі секторларында әрекет ететін көпфункционалды ұйымдар болып табылады. Банктер несие қорының негізгі бөлігін жинақтап, өзінің клиенттеріне қаржылық қызметтердің толық кешенін ұсынады, соның ішінде несие беру, депозит қабылдау, қызмет көрсетуге есеп айыру, құнды қағаздарды, шет ел валютасын сатып алу-сату әрі сақтау және тағы басқа қызметтер.

1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Әбішұлы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан 2030» атты стратегиялық бағдарламасында Дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуінде: «2010 жылға дейін бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілетті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек. Бұл басымдық тәртібімен айтар болсақ-екінші деңгейлі банктерге, ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, кәсіпорын, туризм, тұрғын үй құрылысы инфрақұрылым» /1, 17 б/

Бүгінде коммерциялық банк өзінің клиенттеріне 200-ге дейін әртүрлі өнімдер мен қызметтерді ұсынуға қабілетті. Операциялардың мұндай кең диверсификациясы коммерциялық банктерге өзінің клиенттерін сақтай отырып, аса қолайсыз коньюнктурада табысты бола беруіне мүмкіндік береді.

Кей операциялардың шығыны белгілі жағдаятта орындауға қолайлы басқа операциялардың кірісімен жабылады. Барлық нарықты экономикалы елдерде коммерциялық банктер несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып отырғандығы кездейсоқтық емес. Олар несиелік-ақшалай рыногының құбылмалы жағдайларына икемделу қабілетін көрсетіп отыр.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі қазіргі нарық экономикасындағы коммерциялық банктердің қызметінің тиімділігі бағалау әдістері мен көрсеткіштер әрекеті өзінің барлық экономика секторларымен байланысының арқасында үлкен маңызға ие болып отырғандығында. Коммерциялық банктердің міндеті үздіксіз қаржы айналымы мен капитал айналымын қамтамасыз ету, өндірістік кәсіпорындарға, мемлекет пен тұрғындарға несие беру, халықшаруашылық қорын қалыптастыруға жағдай жасау.

Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы рөлінде шыға отырып, ақша капиталының салааралық және өңіраралық қайта бөлінуін қамтамасыз ететін маңызды халықшаруашылық қызметін атқарады. Банктердің капиталды салаларға бөлу мен қайта бөлу механизімі өндірістің объективті қажеттілігіне қарай шаруашылықты дамытуға мүмкіндік береді және экономика құрылымының қайта құруына жәрдем етеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты коммерциялық банк орындайтын негізгі қызметтері мен операциялары арқылы «коммерциялық банк» түсінігінің мәнін ашу, Қазақстандағы банк жүйесінің дамуы мен қызметіне талдау жасау, ұйымдастыру принциптері мен коммерциялық банкті басқару құрылымын анықтау.

Дипломдық жұмыстың міндеттері коммерциялық банк қызметінің тиімділігін бағалау әдістері мен көрсеткіштерінің маңызын түрлі қоғамдық позициялардан, коммерциялық банк қызметінің тиімділігін бағалау әдістерін арттыру жолдары, бүгінгі күнде коммерциялық банктердің алдында тұрған мәселелері мен олардың шешілу жолдарын, Қазақстандағы банк жүйесінің даму үрдісін көрсету болып табылады. Сонымен қатар, халыққа жоғары сапалы қызмет көрсету, экономикамыздың дамытуына көп ықпалын тигізу үшін коммерциялық банктер алдымыздағы жылдарда елеулі еңбек атқарады деген ойдамын.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ МЕН КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ПРИНЦИПТЕРІ

Бұл бөлімде коммерциялық банктің құрылуын, банктер қызметінің ұйымдастыру принциптерін, банктерді басқару құрылымы мен қызметін, банк жүйесінің дамуын қарастырдым.

1. 1 Қазақстан Республикасы коммерциялық банктерінің құрылуы

Қазақстан Республикалық Мемлекеттік Банк кеңсесінің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып ауысуы.

1993 жылғы 13 сәуірде қабылданған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк туралы» Заңы оның міндеттерін, қызметін, құқықтық мәртебесін, банк жүйесіндегі рөлі мен орнын және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарымен қарым-қатынасын анықтады. Ұлттық валютаны енгізген сәттен бастап, Ұлттық банк ақшалай-несиелі саласының қызмет етуіне, оның бюджет пен банктер арасындағы қарым-қатынасының экономикалық принциптерін енгізуге және ұлттық валюта-теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз етуге жауап беретін болды. /2, 5б/

Ақша айналдыру мен несие берудің тиімді қызмет ететін жүйесі нарықтың қалыптасуындағы міндетті шарттарының бірі болып табылады. Осы бағыттағы әрі қарай толық жетілдіру айрықша ұтымды әдістер мен ақшаны реттеу құралдарын дамытуды қарастыруда құрылған. 1995 жылғы ақпанда директивалық несие беру тоқтатылып, орталықтандырылған көздер есебінен несие берудің көлемі мен мерзімі қысқарды. Экономиканы несиелеу қызметі негізінен Ұлттық банктен екінші дәрежелі банктерге ауысты. Олар экономиканы несиелеуді осы мақсатта тартылып отырған халықтың жинақ ақшасы, шаруашылық жүргізуші субъектілерінің еркін қаражаты, банкаралық несие беру және басқа да қорлар есебінен қамтамасыз етуге тиіс болатын.

Нарыққа көшу жағдайындағы экономиканы басқарудың орталықсыздандырылуы экономиканы басқару тетігіндегі банк жүйесі рөлінің өзгеруін талап етті. Оның қайта ұйымдастырылуы (жоғарыда айтылғандай) одақтық қаулыны қабылдануымен басталды.

Қайта ұйымдастырудың бірінші кезеңінде мемлекеттік банктердің жаңа құрылымы жасалды. Қайта ұйымдастырудың үлгісі:

- екі деңгейлік банк жүйесінің қалыптасуын;

- арнайы бейімделген банктердің толық шаруашылық есепке және өзін өзі қаржыландыруға көшірілуін;

- шаруашылықтың түрлі салаларындағы кәсіпорындармен несие беру қатынастарының түрлері мен әдістерін жетілдірілуін қамтыды.

Арнайы бейімделген екінші дәрежелі банктер халық шаруашылық кешендері мен кәсіпорындарға қызмет көрсетті. Қазақстанда сол атаумен арнайы бейімделген банктер құрылып, олардың құрамына шеткі аймақтағы бөлімшелер кірді.

Қайта ұйымдастыру банк қызметін белгілі дәрежеде жандандыра түсті. Бірақ, ол экономикалық қатынастарға тимегендіктен жағдайды күрт өзгерте алмады.

Реформаның екінші кезеңіне тән ерекшелігі инициатива төмен жақтан басталғандығында болып отыр. Бұл кезеңнің негізгі міндеті қаржы ресурсы қозғалысы саласындағы кәсіпкерлік бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін айқын ұйымдастырылған нарық құрылымын қалыптастыру болып табылады. Банктер халық шаруашылығындағы нарық қатынастарының дамуы мен реттелуінің тіркеу пункітіне айнала бастайды.

Коммерциялық банктер қызметінің мақсаты пайда түсіру болып табылады. Өз кезегінде бұл клиенттермен қарым-қатынас жасауда икемділік білдіруге, сонымен қатар, пассивті, активті және комиссиялық-делдалдық операцияларды жүргізуде іскерлік танытуға мәжбүр етеді.

Коммерциялық банктер клиенттерді, несие ресурстарын өзіне тартуда және оларды тиімді қолдануда іскерлік бәсекелестіктің даму негізінде қызмет етеді. Бұл банк көрсететін қызметтерді кеңейтуге және олардың сапасын арттыруға ықпал етеді.

Коммерциялық мәртебе банкке несие берудің мақсаттарын, шарттарын және мерзімін, пайыздық төлемдердің көлемін айқындауда, банк қызметінің әртүрлі үлгілерін дамытуда, түскен табысты пайдалануда, қызметкерлерінің штат кестесі мен еңбек ақысының көлемін белгілеуде, материалдық-техникалық базасын нығайтуда және басқа да мәселелерді шешуде дербестік әперді.

Банк реформасының екінші кезеңінде екі мәселе шешілді:

Бірінші-қоғамдық ұдайы өсудің макроэкономикалық пропорцияларына ықпал етуге мүмкіндік беретін экономикалық әдістердің жаңа ақша-несиелік реттеу механизмі жасалды.

Екінші-қаржылық қызметтердің пайдаланылуы тиімді нәтиже әкелетін салаларға еркін құйылуына жағдай жасалды.

Банк реформасының екінші кезеңі барысында банк құрылымы қайта ұйымдастырылды және несиелік қатынастар сипатына терең өзгерістер жасалды, несие жұмысының жаңа әдістері енгізілді.

Соның нәтижесінде Қазақстанда екі деңгейлік банк жүйесі қалыптасты. Бірінші деңгей-Ұлттық банк; екінші деңгей-коммерциялық банктер мен жеке банк операцияларын жүзеге асыратын басқа қаржы-несиелік мекемелер.

Ұлттық банк мемлекеттің бас банкі болып табылады. Ол өкім етуші және орындаушы билік органдарға тәуелді емес, экономикалық тұрғыдан дербес және өзінің шығындарын өз кірістері есебінен жүзеге асырады.

Банк жүйесінің екінші деңгейі тұрғындар мен Республиканың барлық өңіріндегі шаруашылық субъектілеріне несиелік-есеп айырысу қызметін көрсетуді қамтамасыз ететін коммерциялық банктердің кең жүйесі арқылы танылады. Ірі банктер ресурстарының өсуіне корреспонденттік қатынастардың кеңеюі ықпал етті, банктер арасындағы келісім бойынша оперцияларды өзара орындау мақсат етілген.

Жеке облыстарда бірнеше банктердің белгілі бір өңірде өздеріне операциялардың басым көпшілігін топтап, банк капиталының шоғырлануы айрықша күшті болады.

Банк ісіндегі бәсекелестік халықаралық деңгейге шыға бастады. Қазақстанның қаржы рыногына өз өкілеттіктерін ашу арқылы шет ел банктерінің енуі, шет ел капиталын қатыстырып, банктер құрылуы күшейіп келеді.

Осы заңмен банктердің негізгі, соның ішінде ақша-несиелік реттеу саласындағы міндеттері мен қызметтері, коммерциялық банктер жүзеге асыратын операциялар тізбесі, сонымен қатар, мемлекет тарапынан коммерциялық банктер қызметін реттеу принциптері мен әдістері анықталды.

1995 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңымен банктерді құру мен олардың қызметінің қатаң талаптары бекітіліп, Ұлттық банкке коммерциялық банктердің қызметін реттеу жөнінде маңызды өкілеттік берілді.

Банк заңдылықтарын жетілдіруде негізгі мақсат банк көрсететін қызметтердің сапасы мен беріктігі, банк ісі тәжірибесі мен жалпы мақұлданған стандарттар бойынша банк қызметін реттеуді, ең алдымен банк қадағалау жөніндегі Базель комитетінің банк қадағалаудағы тиімді принциптерімен жақындастыру болып қала береді. /2, 25б/

Несие жүйесінің төменгі буыны тікелей халық шаруашылығына қызмет көрсететін және коммерциялық бастама тұрғысында қаржылық қызметтің кең өрісін ұсына алатын дербес мекемелер жүйесінен құрылады.

Олар банк заңнамасында біріктіріліп коммерциялық банктер деп жалпы аталатын коммерциялық, кооперативтік және жеке меншік банктері.

«Коммерциялық банк» термині банк қызметінің ең алғашқы даму кезеңінде пайда болған. Ол кезде банктер көбінесе сауда, тауар алмасу операциялары мен төлемдер қызметін көрсететін. Негізгі клиентурасы саудагерлер болатын (осыдан «коммерциялық банк» атауы шыққан) . Алайда, өнеркәсіп пен басқа салалардың дамуына байланысты банктер экономиканың өзге салаларына қызмет көрсете бастады да бірте-бірте банк атауындағы «коммерциялық» деген термин өзінің бастапқы мәнін жоғалтты. Ол банктің «іскерлік» сипатын, оның шаруашылық агенттіктердің қызмет түріне қарамастан барлығына қызмет көрсетуге бағытталған әрекетін білдіреді.

Қазақстанда бұрынғы кеңес одағы кеңістігіндегі барлық мемлекеттердегідей екі деңгейлік банк жүйесі бар. Ол банктер арасындағы қарым-қатынасты екі тұрғыда құруға негізделеді: көлденен бойынша және тігінен бойынша. Көлденең бойынша-жетекші, басқарушы ретінде орталық банкке (Ұлттық банкке) төменгі буындардың-коммерциялық және арнайы бейімделген банктердің бағыну қатынасы. Тігінен бойынша-түрлі банктер арасындағы тең құқықты серіктестік қатынасы.

Сонымен, Республикадағы банк жүйесінің қалыптасу үрдісі үш кезеңнен тұрады:

1. Бірінші кезеңінде (1988-1991 жылдар аралығында) мемлекеттік салалық банктерді қайта ұйымдастырып, банк ісінің институттандыру негізі құрылды, алғашқы коммерциялық банктер пайда болды;

2. Бұл кезең (1992 жылдың соңы мен 1993 жылдар аралығында) инфляция жағдайындағы банк жүйесінің экстенсивті өсуімен сипатталды. Аталған кезең нақты пайыздық төлемдердің жағымсыз мәні мен рубль құнының екпінді төмендеуімен қосталды. Бұл қысқа мерзімді пайдакүнем операциялардан табыс тапқан көптеген біркүндік банктердің қалыптасуына мүмкіндік тұғызды. Бұған банк операцияларын орындауға лицензия алуға біршама жеңіл қол жеткізу мүмкіндіктері болуы мен жарғылық қорының шағын мөлшері де септігін тигізді. Нәтижесінде банк секторының ұдайы өсу үрдісіндегі рөлі төмендеп кетті. Екінші кезеңнің негізгі белгілері Ұлттық банктің орталық банк қызметін орындауға біртіндеп көшуінде және коммерциялық банктердің экстенсивті қалыптасуы мен өсуінде болды.

3. Банк жүйесі дамуының 1994 жылы басталып, қазіргі кезде жалғасып жатқан үшінші кезеңі, қаржы саласындағы, содан соң жалпы экономикада тұрақтандыру үрдісінің дамуымен шартталатын банк жүйесінің қызмет жағдайындағы өзгерістерге бейімділігімен сипатталады.

Банк жүйесінің қазіргі кезеңдегі дамуы келесі үрдістермен сипатталады:

- банк капиталын шоғырландыру, екінші деңгейдегі банктер ақшасының капиталға айналу деңгейін көтеру;

- коммерциялық банктер қызметінің сандық көрсеткіштерінің өсуі;

- қаржылай тұрақсыз банктер санының қысқаруы;

- банк секторындағы шет ел капиталы үлесінің қысқартылуы, сондай-ақ банк капиталындағы мемлекеттік үлестің азаюы;

-банктер қызметінің халықаралық стандартарына жақындатылуы;

Коммерциялық банк-банк жүйесінің элементі болып табылады. Бұл оның мынадай міндеттерін білдіреді:

1. ол бір тұтастың негізгі бөлшегі бола алатын тектік қасиеттерге ие болуы тиіс (банк статусы, банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы болуы керек) ;

2. жалпы және арнайы заңдардың, заң нормаларының шамасында қызмет етуі тиіс;

3. өзін өзі реттеуге (қоршаған ортаға бейімделуге және әрекет етуге), даму мен жетілуге қабілетті болуы тиіс;

4. банк жүйесінің басқа да элементтерімен өзара әрекет жасауға тиіс.

Қазақстандағы соңғы уақытта құрылған банктердің барлығының бөлімшелері жоқ, яғни, банк операцияларының барлық түрі бір банкте шоғырланған /3, 13б/.

Басшылық экономикадан нарыққа көшу кезеңіндегі қазіргі банк жүйесінің құрылу философиясының ең қауіпті ақауы коммерциялық банктердің қызметіне қатысты негізгі нормативтік актілердің бір мағыналық толықтығында болды. Яғни, коммерциялық банктерді бірыңғай макроэкономикалық міндеттерді шешуге көзделген басқару объектілері ретінде, «үлкен мазмұнды» деп аталатын, жоғары жақтан қарау.

Нақты тұжырымдалған және айқын белгіленген даму стратегиясының жоқтығында көрініс тауып отырған, коммерциялық банктердің мәнін, мақсаты мен міндеттерін түсінбегендік олардың әрекеттеріне деген алаңдатушылық туғызады. Есеп әп-сәтте түсірілетін пайдаға жасалады да, табысты қалай да болса шапшаң, жиі өз клиенттері есебінен алуға мәжбүрлейді.

Бұрынғы мемлекеттік банк құрылымдарында монополияландырылған ойлау кешенінің болуы бір жағынан, және жаңа құрылған коммерциялық банктердің банктерге тән емес таза коммерциялық қызметтері мен операцияларының басым болуы екінші жағынан, өзара байланысты экономика институттарының тізбегіндегі маңызды буын ретіндегі банктің мәні жойылады деген ойды нығайтуға себеп болады.

Коммерциялық банктерге деген жаңа көзқарас қажет. Олар мемлекеттік-әкімшіліктен нарықтық қатынастарға көшу дәуірінің ерекше құбылысы ретінде іштей де, сырттай да парасатты баға алуы тиіс. Коммерциялық банк өзінің заңдылығы мен ерекшелігі бар тірі оганизм ретінде өзінің жаратылысы, өзінің мәні мен әлеуметтік экономикалық қызметі түсінігіне сәйкес болуы тиіс.

1. 2 Коммерциялық банктер қызметінің принциптері

Коммерциялық банк ерекше кәсіпорын болып табылады. Ол ақшалай-несиелік институты ретінде танылады, сондықтан оны басқару аппаратының құрылымы, оның жасап отырған өзіндік ерекше іс-әрекетінің таңбасын белгілейді. Мұны оның жұмысын ұйымдастырудағы белгілі принциптерінің үлгісінде байқауға болады. Мұның астарында банкке тән қызметтер мен банк операцияларын жүзеге асыру алғышарттарын жасайтын іс-әрекеттерінің бастапқы күйі түсінігі жатыр.

Әдетте, банктер қызметтік нышаны бойынша ұйымдастырылған. Бұл несиелік мекеменің құрылымы оның орындап отырған қызметіне байланысты болуын білдіреді.

Банк ұйымдастыру принциптеріне қойылған мақсаттардың сәйкестігі де жатады. Банктің мақсаты пайда түсіру екені белгілі. Бұл банкте ақша табатын құрылымдар болу керектігін білдіреді (банк өнімдерін сатып алушыларды іздестіріп, оны өз шығынынан жоғары бағаға сатады) . Табыстарды басқару үшін бөлімдер құрылады. Олар кірістер мен шығыстарды жоспарлайды, жалпы банк және оның бөлімшелері бойынша бюджет құрастырады, шығындардың үнемделуін қамтамасыз етеді.

Банкті ұйымдастыру принциптері арасынан оның жеке бөлімшелерінің билікке өкілетті иерархиясы принциптерін бөліп көрсетуге болады. Екі билік эшелоны бар: басқарудың жоғарғы буыны мен банктің өзге бөлімшелері. Жоғарғы буынға Банк кеңесі, Банк басқармасы, ревизиялық комиссия, банк қызметкерлері құрамының ең білікті бөлігін біріктіретін және банк жүйесінің түбегейлі мәселелерін шешетін түрлі комитеттер жатады.

Екінші эшелонға банк бөлімшелерінің бір біріне қарым-қатынаста қатар бағыну жүйесіндегі клиенттерге қызмет көрсетумен, басқа да жұмыстарды орындаумен айналысатын барлық өзге басқармалар (бөлімдер) жатады.

Банк басқару аппаратының құрылуында маңызын жоймаған принциптердің бірі бірлескен және үйлестірілген қызметтерді қамтамасыз ету болып табылады.

Егер кәсіпорын банк мәртебесіне ие болса, ол өзінің құрамында бір жағынан, өзіне тиісті операцияларды ішінде орындалуын қамтамасыз етіп отырса, екінші жағынан оның қызметінің қоршаған орта шарттарымен сәйкестігін қамтитын бөлімшелері болуы тиіс. Кейбір банктер аталған принципті жүзеге асыру мақсатында банктің түрлі бөлімшелерін үйлестіру мен өзара әрекет жасауын қамтамасыз ететін арнайы әкімшілік комитет құрады.

Банкті ұйымдастыру принциптерінің арасында басқаруды ұтымды ету принциптері белгіленеді. Аталған принциптерге сәйкестендіруде банк жұмысы банк дамуын қамтамасыз ететіндей ұйымдастырылуы тиіс (мысалы, жаңа қызмет түрлерін енгізу, шығындарды қысқарту, еңбек өнімділігін көтеру бағытында және т. б) .

Банк ұйымдастыру тұрғысында тұтастық пен қоршаған орта жағдайына сәйкестілігін қамтамасыз ету маңызды. Бұл банкте қабылданған бірыңғай даму стратегиясының аясында, оның бөлімшелері арасында тығыз өзара байланыс қалыптасады. Әр бөлімше өзінің қызметін қоршаған орта жағдайының өзгеруіне сәйкес жетілдіреді /3, 50б/.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Казақстан Республикасындағы банк жүйесі туралы
Банктік құқық кешенді құқық саласы ретінде
Банктік құқық – банк жүйесіндегі кешенді құқық ролі
Несие жүйесі
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы
Банктік қызметтің мәні
Қазақстан банк жүйесінің ағымдағы жағдайы
Банктік құқық және банк жүйесінің теориялық аспектілері
Несие беру
Банктерді ерікті және еріксіз қайта құру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz