Банк өтімділігін басқару негіздері



1 БАНК ӨТІМДІЛІГІН БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банк қызметін басқаруда өтімділігінің орны мен рөлі
1.2 Банк қаражат өтімділігін басқару теориялары
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ҚАРАЖАТ ӨТІМДІЛІГІН БАСҚАРУ ТАЛДАУ
2.1 Банктердің активтер мен пассивтерді басқару әдістері
2.2 Коммерциялық банктің қаражат өтімділігі көрсеткіштерін талдау
2.3 Банктік тәжірибеде қолданылатын өтімділік талдауының әдістері
3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ӨТІМДІЛІКТІ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛІДІРУ ЖОЛДАРЫ.
ҚОРЫТЫНДЫ
Коммерциялық банктің өтімділігі банктің жеткілікті өзіндік капиталының болуымен, лайықты мерзімді ескере отырып, баланстың актив мен пассив тармақтары бойынша қаражатты орналастыру мен оның көлемімен анықталатын, банктің өзінің барлық контрагенттері алдындағы қарыздарлық және қаржылық міндеттемелерінің орындалуын уақтылы және толық қамтамасыз ету мүмкіндігін көрсетеді. Коммерциялық банктің қаражат өтімділігі банктің меншікті капиталы, тартылған және орналастырылған қаражаттары сияқты үш құраманың құрылымдық элементтерін басқару арқылы олардың арасындағы объективті қажетті қатынасын үнемі қолдауында негізделеді.
Әлемдік банк теориясы мен тәжірибесінде қаражат өтімділігі «қор» немесе «ағым» мағынасында түсіну қабылданған. «Қор» мағынасындағы қаражат өтімділігі белгілі бір уақытта актив құрылымын осы облыстағы қолданбаған резервтердің есебінен оның жоғары қаражат өтімділігі тармақтарының пайдасына өзгерту арқылы коммерциялық банктің тұтынушы алдындағы өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігінің дәрежесін анықтайды.
«Ағым» ретіндегі өтімділігі динамика көзқарасы бойынша сарапталады және ол коммерциялық банктің белгілі бір уақыт арасында өтімділігінің қолайсыз деңгейін өзгерту немесе актив және пассив тармақтарын тиімді басқару, қосымша қарыз қаражат тарту, табысты көбейту жолымен банктің қаржылық тұрақтылығын көтеру арқылы қаражат өтімділігінің объективті қажетті деңгейінің құлдырауын болдырмау мүмкіндігін бағалау деп көрсетеді.
Яғни, әр коммерциялық банк өтімділігін белгіленген дәрежеде ұстауды өз бетінше қаматасыз етуі керек. Бір жағынан қаражат өтімділігінің белгілі бір уақыт арасында құрылған жағдайын сараптау арқылы болса, екінші жағынан банк қызметінің нәтижелерін болжау және жарғылық капитал, резервтер мен арнайы фондтарды құру, шет ұйымдардың қарыз қаражаттарын жұмылдыру, белсенді несие операцияларын орындау аумағындағы ғылыми негізделген экономикалық саясатын жүргізу арқылы.
Сақталған ақшалы қаражаты барлар мен оларды қажет ететіндер арасындағы делдал ретіндегі коммерциялық банктердің қызметі осы қаражатты ұтымды жұмылдырып және оны несиеге беру немесе жалпы кірістілік, сонымен қатар табыс үшін жоғары пайыз мөлшерлемесімен инвестициялаумен сипатталады.
Ақшалы қаражатты жұмылдыру мен оларды болашақ сұраныстың және қолда бар қаражаттың нақты мерзімде түсуінің нарықтық белгісіздігі жағдайында оларды орналастырумен байланысты операциялық қызмет жүргізу үшін, банкке қаражат өтіміділігі түріндегі қаражат қажет, яғни оңай және тез, өте аз мөлшердегі тәуекелмен немесе мүлдем тәуекелсіз ақшаға айнала алатын активтер қажет.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   
1 БАНК ӨТІМДІЛІГІН БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ

1. Банк қызметін басқаруда өтімділігінің орны мен рөлі

Коммерциялық банктің өтімділігі банктің жеткілікті өзіндік капиталының
болуымен, лайықты мерзімді ескере отырып, баланстың актив мен пассив
тармақтары бойынша қаражатты орналастыру мен оның көлемімен анықталатын,
банктің өзінің барлық контрагенттері алдындағы қарыздарлық және қаржылық
міндеттемелерінің орындалуын уақтылы және толық қамтамасыз ету мүмкіндігін
көрсетеді. Коммерциялық банктің қаражат өтімділігі банктің меншікті
капиталы, тартылған және орналастырылған қаражаттары сияқты үш құраманың
құрылымдық элементтерін басқару арқылы олардың арасындағы объективті
қажетті қатынасын үнемі қолдауында негізделеді.
Әлемдік банк теориясы мен тәжірибесінде қаражат өтімділігі қор
немесе ағым мағынасында түсіну қабылданған. Қор мағынасындағы қаражат
өтімділігі белгілі бір уақытта актив құрылымын осы облыстағы қолданбаған
резервтердің есебінен оның жоғары қаражат өтімділігі тармақтарының
пайдасына өзгерту арқылы коммерциялық банктің тұтынушы алдындағы өз
міндеттемелерін орындау мүмкіндігінің дәрежесін анықтайды.
Ағым ретіндегі өтімділігі динамика көзқарасы бойынша сарапталады
және ол коммерциялық банктің белгілі бір уақыт арасында өтімділігінің
қолайсыз деңгейін өзгерту немесе актив және пассив тармақтарын тиімді
басқару, қосымша қарыз қаражат тарту, табысты көбейту жолымен банктің
қаржылық тұрақтылығын көтеру арқылы қаражат өтімділігінің объективті
қажетті деңгейінің құлдырауын болдырмау мүмкіндігін бағалау деп көрсетеді.

Яғни, әр коммерциялық банк өтімділігін белгіленген дәрежеде ұстауды
өз бетінше қаматасыз етуі керек. Бір жағынан қаражат өтімділігінің
белгілі бір уақыт арасында құрылған жағдайын сараптау арқылы болса, екінші
жағынан банк қызметінің нәтижелерін болжау және жарғылық капитал,
резервтер мен арнайы фондтарды құру, шет ұйымдардың қарыз қаражаттарын
жұмылдыру, белсенді несие операцияларын орындау аумағындағы ғылыми
негізделген экономикалық саясатын жүргізу арқылы.
Сақталған ақшалы қаражаты барлар мен оларды қажет ететіндер арасындағы
делдал ретіндегі коммерциялық банктердің қызметі осы қаражатты ұтымды
жұмылдырып және оны несиеге беру немесе жалпы кірістілік, сонымен қатар
табыс үшін жоғары пайыз мөлшерлемесімен инвестициялаумен сипатталады.
Ақшалы қаражатты жұмылдыру мен оларды болашақ сұраныстың және қолда
бар қаражаттың нақты мерзімде түсуінің нарықтық белгісіздігі жағдайында
оларды орналастырумен байланысты операциялық қызмет жүргізу үшін, банкке
қаражат өтіміділігі түріндегі қаражат қажет, яғни оңай және тез, өте аз
мөлшердегі тәуекелмен немесе мүлдем тәуекелсіз ақшаға айнала алатын
активтер қажет.
Сонымен, коммерциялық банктің өтімділігі - бұл оның активтерін қолма-
қол қаражат ретінде қолдану немесе оларды осындай түрге айналдыру
мүмкіндігі. Банктің нақты қаражаты және басқа қаражат өтімділігі бар
активтерінің сомасы, сонымен қатар басқа көздерден қаражатты жұмылдыру
қабілеті қарыздарлық және қаржылық міндеттемелерін уақтылы орындау үшін
жеткілікті болса, онда коммерциялық банк болып саналады. Бұдан былай,
қаржы өтімділігі бар резерв несие мен инвестиция бойынша ұтымды келісімдер
жасау; несиеге сұраныстың мезгілдік және аяқ асты құбылуын компенсациялау;
салымдардың кенет алынуы кезінде толықтыру және т.б. сияқты кез-келген
аяқ асты қаржылық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қажет.
Отандық экономикалық әдебиетте белгіленген халықаралық банктік
терминологиядан өзге, банк балансының қаражат өтімділігі және банктің
төлеу қабілеттілігі сияқты екі терминді жиі алмастырады, және де бұл
несие институттарының төлеу қабілеттілігі мен қаражат өтімділігін қолдау
тәсілдері мен амалдарың шатыстырылуына әкеліп соғады. Егер де біріншісі
банктің жеке жұмысы болса және ол нақты жағдайда қаражат өтімділігін
белгіленген мөлшерде қолдау тәсілдерін өз бетінше таңдаса, екіншісі Орталық
банктің (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі) үкімет атынан атқаратын
функциясына жатады.
Сонымен, егер банк ақшалы қаражатының сомасын басқа көздерден аудара
отырып өзінің пассив бойынша міндеттемелерін уақтылы орындай алса, ол
қаражат өтімділікті болып саналады. Айта кету керек, өзінің тұрақтылығын
қамтамасыз ету үшін банк белгілі бір қаражат өтімділігі бар резервті
иемдену қажет, ол ақша нарығы жағдайының, тұтынушының жағдайының
өзгеруінен пайда болған күтпеген міндеттемелерді орындау үшін қажет.
Енді баланс өтімділігі деген ұғымды қарастырайық. Егер баланс
жағдайы актив бойынша қаражатты пассив бойынша міндеттемелерді орындау үшін
тез арада қолдану мүмкіндігін берсе, баланс қаражат өтімділікті болып
саналады. Банк міндеттемелерін орындау үшін оның активтерінің тез арада
ақшалы түрге аударылуы бірқатар факторлармен айқындалады, солардың ең
маңыздысы болып қаражатты орналастыру мен қаражатты жұмылдыру
мерзімдерінің сәйкестігі болып табылады. Басқаша айтқанда, пассив мерзімі
қандай болса, актив мерзімі де сондай болуы керек; сонда баланста актив
бойынша ақшалы түрдегі босайтын сома мен босау мерзімі және банк
міндеттемелері бойынша төлемнің сомасы мен төлеу мерзімі арасындағы тепе-
теңдік қамтамасыз етіледі.
Банктің өтімділігіне оның активінің құрылымы әсер етеді: активтің
жалпы сомасында бірінші қатарлы өтімді қаражат неғұрлым көп болса,
соғұрлым банктің қаражат өтімділігі жоғары. Қаражат өтімділігінің деңгейі
бойынша банк активтері үш топқа бөлінеді:
1.Аяқ асты қолдануға дайын өтімді қаражат немесе бірінші қатарлы
өтімді қаражат. Олардың ішінде – касса, коршоттағы қаражат, бірінші қатарлы
вексельдер және мемлекеттік құнды қағаздар.
2.Ақшалы қаражатқа айналдырыла алатын банк иелігіндегі өтімді
қаражат. Оларға несие, орындалу мерзімі 30 күн міндеттемелер, биржада
тіркелген шартты түрде сатылатын құнды қағаздар (сонымен қатар басқа
мекемелерге және банктерге қатысу), және басқа құндылықтар (материалды емес
құндылықтарды қосқанда) жатады.
3. Қаражат өтімділігі жоқ активтер – мерзімі өткен несиелер және
сенімсіз қарыздар, негізгі фондтарға жататын банк иелігіндегі ғимараттар
және құрылыстар.
Әлемдік банк тәжірибесінде активтердің ең өтімді қаражаты болып
кассадағы қолма-қол тақша саналады, алайда тек касса ішіндегі емес, сонымен
қатар берілген институттың Орталық банктегі ағымдағы шоттағы қаражаты.
Нарықтық экономикалы мемлекеттерде өтімді тармақтар ретінде банк
Орталық банкте қайта есепке ала алатын бірінші қатарлы қысқа мерзімді
коммерциялық вексельдер, мемлекет кепілдендірген құнды қағаздар саналады.
Ұзақ мерзімді құнды қағаздарға инвестициялардың қаражат өтімділігі
төмен, себебі оларды тез арада сату мүмкін емес. Сонымен қатар, қаражат
өтімділігі төмен активтерге ұзақ мерзімді несиелер, жылжымайтын мүлікке
инвестициялар жатады.
Сонымен қатар, банктің қаражат өтімділігі кейбір активті
операциялардың тәуекелінің дәрежесіне тәуелді: банк балансында жоғары
тәуекелді активтер үлесі неғұрлым көп болса, соғұрлым оның қаражат
өтімділігі төмен болады. Сонымен, тәжірибеге сүйенсек сенімді активтерге
нақты ақшалы қаражаттар жатқызылса, жоғары тәуекелділеріне – банктің ұзақ
мерзімді салымдары. Қарыз алушылардың несие қабілеттілігінің дәрежесі
несиелердің уақтылы қайтарылуына әсер етеді, демек оның балансының қаражат
өтімділігіне де әсер етеді: банктің несие портфелінде жоғары тәуекелді
активтер үлесі неғұрлым көп болса, соғұрлым банктің қаражат өтімділігі
төмен болады. Қаражат өтімділігі сонымен қатар баланс пассивінің құрылымына
тәуелді. Егер сұранысқа ие салымдар салымшылары ақшаны кез-келген кезде
талап етуі мүмкін болса, мерзімді салымдар банк иелігінде ұзағырақ болады,
яғни талап етілмелі салымдардың көлемі мерзімді салымдар көлемінен артық
болса, бұл да банктің қаражат өтімділігін төмендетеді. Депозиттер мен басқа
несиелік мекемелерден алынған қарыздардың сенімділігі де баланстың қаражат
өтімділігіне әсер етеді.
Банк баласының қаражат өтімділігі актив пен пассивтердің
арақатынасын көрсететін арнайы көрсеткіштерді есептеу көмегімен бағаланады.
Халықаралық банк тәжірибесінде бұл мақсатта қаражат өтімділігінің
коэффициенттері қолданылады. Соңғылар несие мекемесі балансының активінің
түрлі тармақтарының пассивтің белгілі бір тармақтарымен, немесе, керісінше,
пассивтердің активтермен арақатынасын көрсетеді. Түрлі мемлекеттерде
қаражат өтімділігінің көрсеткіштері әр түрлі аталып, оларды есептеу
әдістері де әр түрлі, бұл қалыптасқан тәжірибе мен дәстүрлерге байланысты;
банктердің мамандануына және көлеміне, несие аумағында жүргізілетін
саясатқа және тағы бірқатар жағдайларға тәуелді. Жалпы алғанда қаражат
өтімділігін бағалауда қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаражат
өтімділігінің коэффициенттері қолданылады; олар қысқа мерзімді өтімді
активтердің немесе орташа мерзімді активтердің мерзімі бойынша сәйкес
келетін пассивтерге қатынасына тең. Нарықтық экономикалы бірқатар
мемлекеттерде банктер қаражат өтімділігінің коэффициенттерін қаражат
өтімділігінің нормасы деп аталатын белгілі бір деңгейден төмен түсірмеуі
қажет.
Кейбір мемлекеттерде қаражат өтімділігінің нормалары банктік және
валюталық бақылау органдары арқылы, басқаларында – банктік заңнамалармен
тағайындалады; олардың көлемі жиналған тәжірибе мен нақты жергілікті
жағдайларды есепке ала отырып анықталады. Біздің мемлекетте КСРО заманынан
бері, он алты жылдық үзілістен кейін, 1989 ж. коммерциялық банктердің
қаражат өтімділігін бақылау мақсатында қаражат өтімділігінің нормалары
енгізілді. Банктің қаражат өтімділігінің деңгейі белгілі бір банктің
қаражат өтімділігінің коэффициенттерін белгіленген нормалармен салыстыру
арқылы бағаланады. Қаражат өтімділігін белгілі бір деңгейде ұстау ақша
нарығының жағдайларын, тұтынушылар ерекшеліктері, жүргізілетін
операциялардың ерекшеліктері, жаңа нарыққа шығу және банк қызметтерін
дамыту мүмкіндіктері, ескере отырып жасалатын банктің пассивті және активті
операциялар аумағында саясат жүргізуі арқылы іске асырылады.
Коммерциялық банктің өтімді қаражатта қажеттілігі. Әлемдік банк
ісінің тәжірибесінде коммерциялық банктердің өтімді қаражатта қажеттілігін
дәл анықтайтын нормативтер жиынтығы немесе жалпылама формуласы әзірше
табылмады.
Банктер басқармалары қаражат өтімділігі мәселесіне үнемі үлкен көңіл
бөледі, алайда банктің өтімді қаражатта қажеттілігін анықтайтын
қолжетерлік және кең қолданыстағы формуласы жоқ. Жеке алынған банктің
қаражат өтімділігінің қажетті сомасы салымдар мен несиеге сұраныстың жалпы
сомасының толқуына тәуелді.
Өз қатарында, бұл толқулар сол мемлекеттің экономикалық жағдайына
байланысты, себебі онда үнемі өзгерістер болып жатады: бағдарламалық-
мақсаттық, кездейсоқтық, мезгілдік, кезеңдік, ұзақ уақытты және т.б.
Бағдарламалық-мақсаттық шаралардың мысалы ретінде Қазақстан
Республикасының бүгінгі экономикасы және банктік, қаржылық және ақшалы-
несиелік сияқты салаларды қоса алғандағы халықтық шаруашылықтағы оның
экономикалық саясаты.
Кездейсоқ өзгерістер мен олардың көлемін болжау қиын, өйткені олар
белгілі бір қалыптасқан жүйеге бағынбайды, алайда олар міндетті түрде
салымдар деңгейіне және несие қажеттілігіне әсер етеді. Кездейсоқ
жағдайларға наразылық шерулер, жер сілкінісі, топан су, соғыс кезіндегі
алаңдаушылықтар сияқты апаттардың нәтижелері, сонымен қатар кейбір
ерекшеленген экономикалық немесе саясаттық әрекеттер мысал бола алады.
Мезгілдердің ауысуына тікелей байланысты мезгілдік өзгерістер
кездейсоқ өзгерістерден айырмашылығы олардың жыл сайын қайталануында. Уақыт
өте келе мезгілге әдетті жағдай біраз өзгере алады. Ауыл аймақта орналасқан
банктерде күзде астық науқанынан кейін салымдар көбейіп, көктемде несиеге
үлкен сұраныс болады. Құрылысқа арналған несиеге сұраныс қыс айларына
қарағанда жазда жоғары. Мезгілдікті айқындайтын басты фактор, әрине, ауа
райы болып табылады, сонымен қатар дәстүрлер де әсер етеді, мысалы,
желтоқсанда Рождество қарсаңында бөлшек сауданың өсуі.
Кезеңдік өзгерістерді мезгілдік өзгерістермен салыстырғанда алдын ала
болжау тіптен қиын. Кәсіби қызметтің төмендеу кезеңінде несиеге сұраныс
азайып, салымдар қысқарады.
Бірақ ҚР банк жүйесіне негізгі әсер Ұлттық банктің ақшалы-несиелік
саясатты жүргізу бойынша әрекеттерге тәуелді.
Ұзақ мерзімді құбылыстар мен ағымдар жеке алынған экономикалық
кезеңге қарағанда ұзақ уақыт бойында әрекет етеді. Олар бірнеше кезеңді
қамтып, тұтыну, сақтау, инвестициялық үрдіс, халық саны мен
жұмысбастылардың саны, өндірістің техникалық деңгейіндегі өзгерулер секілді
қысқа және ұзақ мерзімді факторлардың нәтижесі болып табылады.
Банк салымдарының деңгейіне қаражат өтімділігін жоспаралауды қажет
ететін көптеген экономикалық факторлар әсер ететіні белгілі.
Берілген уақыт аралығында қаражат өтімділігі бар қордағы қажеттілікті
есептеуде банк базисті уақыт аралығына қатысты салымдар мен несие
деңгейінің болжалды өзгеруін ескереді. Қараджат өтімділігінің
динамикасына немесе қордың артықшылығына үш фактор әсер етеді:
– Салымдардың артуы мен кемуіне байланысты қаражатты иемдену немесе
жоғалту;
– Несие және инвестициялардың қысқаруына байланысты қаражатты
иемдену немесе жоғалту;
– Салымдардың артуы мен кемуі салдарынан міндетті қорлардың көлемін
көбейту немесе азайту.
Қаражат өтімділігі бар қорда қажеттілік кез келген уақыт аралығына
есептеле алады. Таблицаға сәйкес, қосымша фондтардың жылдың бірінші
ширегінде түсуі мүмкін, алайда қалған уақытта қаражат өтімділігі бар
қорда қажеттілікті қанағаттандыруға арналатын қаражатты жұмылдыру үшін банк
орасан күш жұмсауы қажет болады. Бұл қажеттіліктер салымдарды алуға емес,
мүмкін болатын несиеге сұранысқа байланысты. Жыл соңындағы салымдардың өсуі
осы фондтардың босауын қамтамасыз ететін міндетті қорлардың жыл басында
артуын қажет етеді.
Егер салымдар сомасы мен несиеге сұраныстың өзгеруін нақты болжау
мүмкін болса, қаражат өтімділігі бар қажетті қаражатты анықтау мәселесі
біраз оңайлау болар еді. Мәселенің қиындығына қарамастан банктер салымдар
мен несие көлемін болжауға тырысу керек.
Үлкен банктер болжауды екі негізгі әдіспен жүргізеді.
Олардың біреуі несиеге деген қажеттілікті және әр алдыңғы қатарлы
тұтынушылардың мүмкін болатын салымдар деңгейінің сараптамасы арқылы
жүргізіледі. Бұл әдісті әдетте несие қабілеттілігін бағалау бөлімінің
қызметкерлері қолданады: әрқайсысы өз шоттарының тобы бойынша болжау
жасайды. Үйлестіру мен осы болжауларды қосу үшін экономикалық бөлім,
бақылаушы бөлім, қазына бөлімі немесе жоспарлаумен айналысатын арнайы
қызметкерлер жауапты.
Несие мен салымдар сомасын есептейтін келесі әдіс - қаражат көздерін
болжау мен елдің жалпы инвестициялық қорларын қолдану болып табылады.
Есептеу әдеттегідей болжаудың эконометрикалық әдістерін қолдану арқылы
экономиканың жеке және мемлекеттік секторлары үшін жүргізіледі. Жеке
сектордың қажеттілігін бағалау қаражаттың түсуін бағалаумен салыстырылады.
Сонда банк несиесінде жалпы қажеттілікті қаражатта деген қажеттілік пен
олардың түсуі арасындағы айырмашылық ретінде анықтауға болады, яғни нақты
бір банк несие нарығындағы үлесін есептей алады. Бұл әдіс негізінен үлкен
банктермен қолданылады, себебі кішірек банктер осындай қиын есептеу
жүргізе алатын кәсіби қызметкерлерге әдетте зәру болады.
Салымдар мен несие көлемін болжауда бұл банктер өзінің өткен
тәжірибесіне сүйенеді. Салымдар мен несие деңгейіндегі мүмкін болатын
құбылыстардың көлемін бірнеше жылдық немесе экономикалық кезең дегі
ортаайлық мәліметтердің графиктері мен таблицалары көрсете алады.
Бірақ банк қандай ірі не кіші болмасын, оның өтімді қаражатта
қажеттіліктерін болжауда жергілікті және жалпыұлттық аспектілерді ескеру
қажет. Жергілікті деңгейде бірінші орында салымдардың түрі, қайнар көзі
және тұрақтылығының дәрежесі қарастырылады. Әдетте жинақтау салымдары
мерзімді салымдармен, ал мерзімді салымдар сұранысқа ие салымдармен
салыстырғанда тұрақтылау болып есептеледі. Шартты түрде бұл жеке шоттарға
қатысты рас болып келеді, алайда банктің жалпы салымдарына келгенде әрқашан
дұрыс емес. Көптеген кішігірім және орташа шоттардан тұратын талап етілмелі
салымдар, бірнеше ірі фирмалардың немесе жеке салымшылардың шоттарынан
тұратын салымдарға қарағанда әлдеқайда тұрақты, себебі шот қалдықтарының
құбылыстарының ұқсас келуі тек кейбір ғана фирмалар үшін мүмкін болады.
Негізінен банк жұмыс атқаратын аймақта экономикалық қызметтің
жеткіліксіз әртараптандыру салымдар мен несиенің мезгілдік құбылыстарының
себебі болып табылады. Жеке аймақтың экономикасы туыстас тауар өндіретін
бір немесе бірнеше салаларға толықтай тәуелді болуы сирек емес.
ҚР банктерінің көбісі ұсақ өнеркәсіптер категориясына жатып, өз
қызметін шектелген экономикалық аймақ ішінде атқарса да, олардың
қызметіне оның сыртында пайда болып жатқан факторлар да әсер етеді. Мысалы,
ақшалы-несиелік және салық саясатының шаралары алдымен ақша нарығының
ірі орталықтарында сезіледі, бірақ ертелі-кеш олар барлық банкке әсерін
тигізеді. Бірде-бір банк, ол қаншалықты кіші не алшақ болмасын, ақшалы-
несиелік шектеу саясатының әсерінсіз қалмайды. Демек, әр банктің
басқармасы банк жүйесі және әрбір жеке банк жаңа несие беру үшін қажетті
бос қаражаттың шектелуіне шалдығатын жалпыұлттық ағымдардан хабардар болуы
керек. Қаражат өтімділігінің мәселесі бұл жағдайда шырақтау шегіне жетуі
мүмкін, өйткені бұл мезетте несиеге сұраныс өсу қарқыны бойынша
салымдарды басып озады. Пайыздық мөлшерлемелер өте жоғары деңгейге жетуі
мүмкін. Егер несиеге сұранысты қанағаттандыру үшін банктің қаражат
өтімділігі жеткілікті болса, ол өз пайдасына қарай жоғары несие пай
ызын қолдана отырып, табысын көбейту мүмкін. Егер өтімді қаражат аз болса,
банк жоғары табыс әкелуді кепілдеген несиелерді беруден бас тартуға немесе
өз тұтынушылары жағынан несиеге сұранысты қанағаттандыру үшін қаражат
өтімділігі төмен құнды қағаздарды курс бойынша шығындалып сатуға мәжбүр
болады.
Осылайша, банктің қаражат өтімділігіне көптеген экономикалық және
басқа да факторлар әсер ететіні көрініп тұр, бұған байланысты есептеу,
жоспарлау және басқару сұрақтары коммерциялық банктердің қызметінің басты
бағдарларына айналады.
Коммерциялық банктің саясаты, күнделікті қызметі мен стратегиясын
қалыптастыратын осы факторлар негізінде, банктің қаражат өтімділігін
басқару теориясы мен тәжірибесі тарихи пайда болып, дамып, жақсартылды.

2. Банк қаражат өтімділігін басқару теориялары

Банк қаражат өтімділігін басқарудың теоретикалық жұмыстары
коммерциялық банктердің ұйымдастырылуымен қатар пайда болды. Қазіргі кезде
төрт ерекше теорияларды ажыратады: активті басқарумен байланысты
коммерциялық несие, орын ауыстыру, келер табыс теориялары және пасиивті
басқару теориясы.
Банктің қаражат өтімділігінің жағдайын басқаруға жауапты қызметкерлері
тәжірибе жүзінде қаражат өтімділігі теорияларының бірін туындататынын
білуі екіталай. Тәжірибе жүзінде әр түрлі дәрежеде барлық теориялар
қолданылады, бірақ түрлі банктерде олардың біреуіне көбірек көңіл бөлінеді.
Қаражат өтімділігі жағдайының менеджментінде екі бағдарды бөліп көрсетуге
болады. Олардың бірі - резервтерді қатаң бақылау саясаты. Ол банкте оған
табыс әкелмейтін қаражаттың болмауын қадағалайды, яғни қаражатта
қажеттілікке қатысты оның кез келген көлемде артық балуын болдырмау. Ендігі
қарама-қарсылық – міндетті резерв талаптарын қанағаттандыру үшін және
депозиттердің өсуінің шарықтау шегі кезінде қажетті резерв деңгейін үнемі
қолдау саясаты.
Банктердің көбі орташа саясатты жүргізеді. Ірі банктердің барлығы
қолма-қол ақшаны қатаң қадағалайды, және кіші банктер операциялардың жалпы
табыстылығын қамтамасыз ету үшін қажетті қабілетті басқарудың маңызын
түсінеді.
Өтімді қаражатта қажеттілікті жоспарлауда бірінші мәселе болып қолма-
қол ақшаны басқару болып табылады, яғни міндетті резервтердің деңгейін
ұстау және тұтынушылар қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті
банкноталар мен теңгелердің қорын қамтамасыз ету. Жұмыс сағаттары кезінде
көптеген мәмілелердің нәтижесі ретінде банк кассасындағы ақша түсімі мен
жылыстауы үнемі өзгеріп отыратындықтан, бұл мәселе қиын және маңызды.
Касса табыс әкелмейді, яғни, банк басқармасының міндеті болып кассаны
ұйғарынды ең төмен деңгейде ұстау болып табылады. Қолма-қол ақшаны
басқару банктің көптеген есептеулер және Ұлттық банкке есеп беріп, сонымен
қатар Кассада ақшалы қаражаттың барлығы күнделікті есепті беруді
ұйғарады.
Жоғарыдағы айталғандай, қаражат өтімділігін басқару теориялары
коммерциялық банктердің ұйымдастырылуы мен дамуымен тұспа-тұс келген.
Әдепкіде банктің қаражат өтімділігі туралы мәселесінің екі теоретикалық
әдістемесі бар. Бірінші әдістеме банк активтерінің құрылымының мерзімдері
бойынша оның пассивтерінің құрылымына сәйкес келуінде негізделген, ал бұл
коммерциялық банктердің өз қаражат өтімділігін басқарудың белсенді саясатын
жоққа мүлдем шығарады. Берілген теоретикалық негізде банктің алтын ережесі
деп аталатын ереже пайда болды, оның мәні банктің қаржылық талаптарының
көлемі және мерзімі оның міндеттемелерінің көлемі және мерзіміне сәкес
келуінде.
Екінші әдістеме баланс активтері мен пассивтерінің құрылымының
сәйкессіздігіне негізделген, себебі бірде-бір ең мықты деген коммерциялық
банк қоғамдық-экономикалық жүйелерде үнемі болатын қаржылық-несиелік
нәтижелерінен сақтандырылмаған, мысалы, экономикалық дағдарыс, банкроттық,
несиенің төленбеуі, ақшалы қаражаттың несиелік капиталының, құнды
қағаздардың нарықтарындағы сұраныс пен ұсыныстың жағдаяты және нарықтық
қатынастың тепе-теңсіздігінің көріністері. Бұндай көріністер жоспарлы
орталықтандырылған экономикадан нарықтық экономикаға өту сатысындағы
елдерге сипатты.
Қоғамдық-экономикалық жүйелердің дамуы мен өзгеруінің түрлі
сатыларында пайда болған жоғарыда айтылған және басқа қиындықтар банк
басқармасының қаражат өтімділігінің нақты деңгейін қолдау туралы
тұрғылықты күтімін талап етеді. Коммерциялық банктердің тұрақты қызметінің
осы негізгі шартын қамсыздандыру қаражат өтімділігінің мәселесін баланс
құрылымын басқару арқылы, яғни коммерциялық банктердің активтерін және
пассивтерін басқару мүмкіндігі арқылы шешу объективті қажеттілігін тудырды.
Қоғамдық-экономикалық жүйелердің эволюциялық өзгерістерінің, банк
ісінің әлемдік тәжірибесінің күрделенуі мен жетілдіру үрдісінде
коммерциялық банктердің қаражат өтімділігі мәселесінің екінші әдістемесі
екі негізгі бағытта дамыды: коммерциялық банктердің активтерін басқару
теориясы және пассивтерін басқару теориясы.
Активтерді басқару деген не? Жоғарыда айтылғандай, активтерді
басқаруды үш теорияны арқылы қарастыруға болады. Олардың әрқайсысын
қарастырайық.
Коммерциялық несиелер теориясы. Бұл теория өз тамырларын XVIII ғ.
ағылшын банк тәжірибесінен алады. Осы теорияны қолдаушылар коммерциялық
банк өзінің қаражат өтімділігін оның активтері қалыпты жағдайда уақтылы
өтелетін қысқа мерзімді несиелерге орналастырған кезде сақтайды. Басқаша
айтқанда, банктер тауарлардың өндірістен тұтынуға сатылы қозғалысын
қаржыландыруы тиіс. Біздің заманда бұл несиелер тауар қорларының немесе
айналымдағы капитал несиелері деген атауға ие болар еді. Банк ісінің
тарихын барысында банктер құнды қағаздарды, жылжымалы мүліктінемесе
тұтынушы тауарларын сатып алуды несиелендірмеуі, ауылшаруашылығына ұзақ
мерзімді несие бермеуі керек деп саналды.
Коммерциялық несиелер теориясы отаршылдық заманнан бастап қазіргі
жүзжылдықтың 30-шы жылдарына дейін АҚШ-та жетекші банк теориясы болып
табылды. Мысалы, Нью-Йорк банкінің 1784ж. жарғысы вексельдерді дисконттау
мерзімі ...әр аптаның бейсенбісінде басталады, ал тіркеу үшін алынған
вексельдер мен басқа міндеттемелер банкке қазынашы Уильям Ситонның атына
сәрсенбі күні таңертең берілуі қажет. Есептік мөлшерлеме қазіріг кезде
жылына 6%; бірақ мерзімі 30 күннен асатын вексельдер, сонымен қатар
алдында берілген міндеттемелерді төлеу үшін есепке берілген вескельдер
тіркелмейді.
Осы теорияның басты принциптері ерте банк заңдарында байқалған, және
ФРЖ-нің әрекеттегі ережелерінде мүше банктердің вексельдерін қайта санауға
қатысты осы теорияның басымдығы байқалады. Есепке лайық коммерциялық
немесе ауыл шаруашылық вексельдері ауыл шаруашылығының стандартты өнімімен
немесе басқа тауарлармен, материалды құндылықтармен қамтамасыз етілуі
қажет; әрі қарай, олардың мерзімі тіркеуге дейін 90 күннен аспауы қажет,
тіркеу кезіне таман мерзімі тоғыз айға дейін жетуі мүмкін ауылшаруашылық
весксельдерін санамағанда.
Коммерциялық несиелер теориясы экономистермен, бақылау және реттеу
органдарымен, банктермен кең насихатталса да, оның тәжірибе жүзінде
қолданылуы соншалықты қатаң болмады. Теорияның негізгі кемшілігі оның
дамушы экономиканың несие қажеттілігін ескермеуінде. Теорияны қатаң түрде
қолдану банктерге өнеркәсіп пен құрал-жабдықтардың кеңейтуіне, үй, мал, жер
сатып алуды қаржыландыруға тиым салды. Банктің осындай қажеттіліктерді
қанағаттандыру қабілетсіздігі өзаражинақтаушы банктер, несиежинақтаушы
ассоциациялар, тұтынушы несиелік қаржы компаниялары және несие ұйымдары
секілді бәсекелес қаржы институттарының дамуында шешуші фактор болып
табылды.
Бұл теория банк салымдарының қатыстылық тұрақтылығын да ескере
алмады. Банк салымдары талап етілуі мүмкін, бірақ барлығы бір мезетте
ақшаларын қайтаруы екіталай. Салымдардың тұрақтылығы банкке қаражатты
қаражат өтімділігіне зиянсыз бірқалыпты ұзақ мерзімге орналастыруға
мүмкіндік береді.
Теория істің қалыпты жағдайында барлық несиелер уақытында
қайтарылатынына сүйенген. Жоғары жұмыс әрекеттігі кезінде тауар және
өндіріс компаниялары өз міндеттемелерін өтеуде қиындықтарға тап болмайды.
Алайда экономикалық құлдырау және қаржы үрейі кезінде қолма-қол ақша –
тауар қорлары - сату - есептеу бойынша – дебиторлар - қолма қол ақша
тізбегі бұзылады, кейде банк несиесін қайтару мүмкін емес.
Соңында, осы теорияның келесі кемшілігі – қысқа мерзімді өз бетінше
жойылатын коммерциялық несие қалыпты экономикалық даму жағдайында қаражат
өтімділігін қамтамасыз етеді, бірақ өтімді қаражат қажет болатын
экономикалық құлдырау кезеңінде емес. Бұл уақытта тауар қорларының және
дебиторлық қарыздың айналымы баяулайды, және көптеген фирмалар мерзімі
жеткен несиені өтеуде қиналады. Жеке банктер өз бетінше жойылатын несиеге
қаражатты жайғастыру арқылы қаражат өтімділігін қолдай алса да, бүкіл банк
жүйесі қиын кездерде өтімді қаражат жетіспеулігін сезінеді.
Ауыстыру теориясы. Ауыстыру теориясы (shiftability theory), егер
банктің активтерін ауыстыруға болса немесе басқа несие берушілерге,
инвесторларға қолма-қол ақшаға сату мүмкін болса, бұл банк қаражат өтімді
болып саналады деп ұйғарады. Несиелер уақытында өтелмесе, несиені
қамтамасыз етуге тапсырылған тауар-материалды құндылықтар (мысалы,
нарықтық құнды қағаздар) нарықта қолма-қол ақшаға сатылуы мүмкін; қаражат
қажеттілігі туындаса несиелер Орталық банкте қайта қаржыландырыла алады.
Осылайша, сатуға болатын активтердің бар болуы жеке коммерциялық банктің
өтімді қаражатта қажеттілігін қанағаттандырудың шарты болып табылады. Егер
Орталық банк қайта есептеуге тапсырылған активтерді еркін сатып алатын
болса, банк жүйесі сәйкесінше қаражат өтімді болады.
Оңай сатылатын нарықтық құнды қағаздар ұзақ уақыт бойы өтімді
қаражаттың тамаша қайнар көзі ретінде қарастырылды. Бұндай құнды
қағаздарды қолма-қол ақшаға айналдыруға болады, сондықтан оларды екінші
кезекті резервтер ретінде жүгінеді. Айналымдылықты кешігу мен шығынсыз
қамтамасыз ету үшін, екінші кезекті резервтер үш талапқа сай болуы қажет:
жоғары сапа, қысқа өтелу мерзімі, сатылу қабілеттігі. Олар несие
тәуекелінен және нарықтық пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелінен еркін
болуы керек, сонымен қатар нарықта қысқа мерзімді хабарламамен сатылуы
тиіс.
Өтімді қаражат резерві ретінде қолданылатын активтерге қатысты өтелу
мерзіміне нақты талаптар қойылмайды, бірақ жалпы ереже бар: неғұрлым мерзім
қысқа болса, соғұрлым жақсы. Номиналды мөлшерлемелердің өзгеру тәуекелінің
әсері аз-маз болатын әдістеме аса шынайы болып табылады. Екінші кезекті
резервтерге бірінші қатарлы оңай сатылатын құнды қағаздарды қосу кезінде
көптеген банкирлер бір жылғы өтелу мерзімін қалыпты деп санайды. Алайда
бұл шамалы тұспал ақша нарығының номиналды мөлшерлемесінің ықпалымен
өзгере алады. Ал егер де мөлшерлемелер қатты құбылыстарға шалдықса немесе
көтерілсе, мерзімі қысқа қағаздар қажет болады.
Сапа және сатылу шарттарына құнды қағаздардың бірқатар тізбегі сай
келеді. Екінші реттік резервтердің кең таралғаны – қазыналық вексельдер,
сонымен қатар федералды үкіметтің және оның органдарының құнды қағаздары.
Үкімет облигациялары да қолайлы, егер олардың өтелу мерзімі жақын болса,
өйткені мерзім неғұрлым қысқа болса, пайыздың номиналды нормасының өзгеру
тәуекелі соғұрлым төмен болады. Тағы да ауыл аймақта тұрғын үй құрылысын
несиелендіру Басқармасы, Экспорт-импортты банкі, орташа мерзімді несие
беруші Федералды банкі, тұрғын үй құрылысын несиелендіру Федералды банкі,
кооперативтерді несиелендіру Банкі сияқты үкіметтік мекемелерінің қысқа
мерзімді құнды қағаздары да қолайлы болып келеді.
Үкіметтік емес жеке сектордың кейбір бірінші қатарлы қысқа
мерзімді құнды қағаздар екінші реттік резервтер ретінде қолданылуы мүмкін.
Оларға ашық нарықта сатылатын банк акцепттері жіне коммерциялық қағаздар
жатады. Банк акцепті дегеніміз төлеу мерзімі 180 күндей банк акцепттеген
тратта. Банк акцептінің пайда болуы негізінен халықаралық сауданы
қаржыландырумен байланысты, бірақ сонымен қатар ішкі саудада тауарларды
жинақтау мен айналдыруды қаржыландырудың нәтижесі болу мүмкін. Банк
акцептінің нарығы жоғары белсенділікпен ерекшеленеді, ал қағаздардың өздері
федералды резерв банктерде қайта есептеу үшін қолайлы.
Екінші реттік резервтер үшін банктер коммерциялық қағаздарды сатып
ала алады. Соңғыларға корпорациялармен шығарылатын салыстырмалы қысқа
мерзімді, әдетте 4-6 ай, вексельдер жатады. Ақшаны осылай қарызға алу
үшін, корпорацияның несие қабілеттілігі жоғары болуы тиіс. Вексельдер
әдетте жоғары бағалы болып шығарылады, эмитентке төленеді және шектеусіз
индоссоланады. Бұл арқылы олар ұсынушының құжаты болып табылады және
қолдан қолға келесі индоссаментсіз тапсырыла алады. Коммерциялық қағаздар
банкте мерзімі аяқталғанға дейін сақталады, бірақ дилерлер оларды алдын-ала
келісіммен сатып ала алады. Ауыстыру теориясы белгілі дәрежеде негізделген
болса да, оның нұсқауына ерген жүздеген банктер 20-шы және 30-шы
жылдары қаражат өтімділігінің қиындықтарынан аулақ бола алмады. Кейбір
банктер онкольді несиелердің қаражат өтімділігіне тым сеніп, бұл несиелер
24 сағатта қайтарылып алынады деп ұйғарған. Өкінішке орай, құнды
қағаздардың нарықтық бағасы төмендеген кезде, бұл несиелерді өтеу шығынға
ұшырататыны белгілі болды.
Болжалды табыс теориясына сәйкес, егер несиені өтеу төлемдері
кестесінің негізіне қарыз алушының келешек табыстарын салса, банктің
қаражат өтімділігін жоспарлауға болады. Ол жоғарыдағы теорияларды жоққа
шығармайды, бірақ қарыз алушының табысын несиені өтеумен байланыстыру
несие кепілзатына екпіннен гөрі маңыздырақ екенін баса көрсетеді.
Берілген теория несие мен инвестицияларды өтеу мерзімдерінің құрылымын
өзгерте отырып қаражат өтімділігіне ықпал етуге болатынын тұжырымдайды.
Өндіріске қысқа мерзімді несиелердің қаражат өтімділігі мерзімдік
несиелерге қарағанда жоғары, ал бөліктеп төлейтін сатып алуларды төлеу үшін
тұтынушы несиелері тұрғын үй ипотекалық несиелерімен салыстырғанда қаражат
өтімділігі жоғары.
Теория қазіргі кезде коммерциялық банктердің несие портфелінің
бірталай бөлігін алатын, іскер фирмаларға мерзімдік несие, бөліктеп
төленетін тұтынушы несиелері, жылжымалы мүлік несиелері сияқты
несиелердің жеке түрлерінің дамуын және тез өсуін құптайды. Бұл
несиелердің қаражат өтімділігін көтеретін бір ортақ қасиеті бар, демек:
оларды бөліктеп төлеуге болады. Бірталай бөлігі негізгі қарыз бен пайызды
төлейтін ай сайынғы немесе тоқсандық төлемдері бар несиелерден тұратын
портфель қаражат өтімді, себебі қолма-қол ақшаның ағымын жоспарлау оңай.
Өтімді қаражат керек кезде, қолма-қол ақшаны қолдануға болады, кері
жағдайда олар болашақта қаражат өтімділігін қолдау үшін қайта
инвестицияланады.
Көптеген банктер инвестициялар портфелінің құрылуының негізіне
сатылық әсерін алатынына болжалды табыс теориясы ықпал етті: құнды қағаздар
мерзімдері бойынша түсімдер тұрақты және болжалды болатындай етіп
таңдалады. Бұл жағдайда инвестиция портфелі қолма-қол ақшамен төленетін
түсімдердің тұрақтылығының көрсеткіші бойынша қарыз бен пайызы тұрақты
өтелетін несие портфеліне жақын келеді.
Енді активтерді басқару мәнін қарастырайық. Активтерді басқару деп
меншікті және тартылған қаражатты орналастырудың жолдары мен тәртібін
айтады. Коммерциялық банктерге қатысты бұл қолма-қол ақшаға, инвестицияға,
несиелер мен басқа активтерге үлестіру болып табылады. Қаражатты
орналастыруда құнды қағаздарға инвестициялауға және несиелік операцияларға
ерекше көңіл бөлінеді, әсіресе құнды қағаз портфельдеріне және өтелмеген
несиелерге.
Қаражатты орналастыру мәселесінің анық шешімі болып, банк басқармасы
баруға дайын тәуекел деңгейінде ең жоғары табыс әкелетін активтерді
(несие беру мен инвестициялар) сатып алу. Алайда коммерциялық банктерде
қорларды басқару бірқатар факторлар қиындатады. Біріншіден, банктер
кәсіпкерліктің ең қатты реттелетін саласы болғандықтан, олар қаражатты
орналастыруды заңдарға және реттеуші органдардың нұсқамаларына қатаң түрде
сәйкестендіріп жасауы қажет. Екіншіден, банктер мен олардың тұтынушылары
арасындағы несие мен салымдар жөніндегі қарым-қатынасы сенім мен көмектің
негізінде құралады. Жәен соңында, коммерциялық банктердің акцияларын
ұстаушылар, барлық басқа инвесторлар сияқты инвестицияланған тәуекелге
сәйкес келетін және ұқсас инвестициялардан түсетін пайданың көлемімен
салыстырмалы болатын табыстылық нормасына сенеді.
Заңды акттер және нұсқамалар коммерциялық банктердің активті
операциялыарына екі жолмен әсер етеді: кез-келген активты операциялар үшін
банк қаражаттының бөлігін инвестициялаудың тәртібін анықтау арқылы.
Банкпен тартылған қаражаттың басым бөлігі тұтынушылардың алғашқы
талабы бойынша немесе хабарламаның өте қысқа мерзімімен төленуге тиіс.
Міне сондықтан салымшылардың талаптарын орындау банктің саналы басқаруының
ең бірінші шарты болып табылады.
Екінші шарт – банк пайыздарының несиелерінденегізделген
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті қаражаттың бар болуы.
Бұндай несие беру – банк қызметінің басты түрі. Тұтынушылардың негізделген
несие қажеттілігін қанағаттандыру қабілетсіздігі банктің тиімді
операцияларды жоғалтуына, соның нәтижесінде өмір сүруге қабілетті
кәсіпорын ретінде банктің мүмкін күйреуіне әкеліп соғады.
Коммерциялық банктер шектелген қаражат өтімділігі мен қауіпсіздік
кезінде табысты болуға тиіс жеке іскер ұйымдарға жатады. Сонымен қатар
елдің ақша массасының басым бөлігінің жеткізушісі ретіндегі банктердің
рөлі, экономиканың осы саласының өкілдеріне қоғам алдында үлкен
жауапкершілікті артады. Қоғамда банк жүйесінің төлеу қабілеттігі, қаражат
өтімділігі немесе тұрақтылығы жөнінде күдігі болмауы тиіс, ал салымшылар
кез-келген банктің тіректігіне сенімді болуы керек. Кейбір қатынаста банк
салымшылары мен оның акцияларын ұстаушылардың мақсаттары үйлесімсіз
болады. Бұл үйлесімсіздік шын мәнінде коммерциялық банктің әр қаржы
келісімінде болатын қаражат өтімділігі мен тілеген табыстылық арасындағы
шарасыз қайшылықта өз көрінісін табады.
Қаражат өтімділігі мен табыстылық арасындағы қақтығыс банк қаражатты
орналастырғанда шешетін орталық мәселе болуы мүмкін. Ұзақ мерзімді құнды
қағаздарға қаражат салу, несие қабілеттілігі күдікті қарызгерлерді азайту
және қолданбаған қалдықтарды қысқарту арқылы алына алатын жоғары табысқа
қызыққан акционерлердің қысымын да банк бір жағынан сезеді. Бірақ басқа
жағынан, салымдарды алу кезінде және бұрынғы тұтынушылар жағынан несиеге
сұранысты қанағаттандыру үшін қажетті банктің қаражат өтімділігін барлық
әрекеттер нашарлататынын банк басқармасы өте жақсы біледі.
Несие және инвестициялық тәуекелді кейде табыс табудың мүмкін
түрлерінің дисперсиясы ретінде қарастырады. Мысалы, ең қысқа мерзімді
мемлекеттік құнды қағаздарға ақша салудан инвестор нақты табысты күтеді.
Басқа жағынан қарағанда, 20 жыл мерзімді төменгі сортты өндірістік
облигацияларға инвестициялау несиелік тәуекелге де, пайыздық
мөлшерлемелердің өзгеру тәуекеліне де шалдыққыш. Ал бұл инвестициялардың
нәтижесі барлық салынған қаражатты жоғалтудан облигациялар мерзімі өткенше
сақталған жағдайдағы күткен табысты алуға дейін өзгере алады. Мүмкін
табыс көздерінің осыншама кең ауқымында инвесторды ақша салып, уәделенген
табыстың біраз бөлігін жоғалту тәуекеліне баруға тек ең жоғары пайыз ғана
нандыра алады. Тәуекелді табыс нормасымен салыстыру 1 суретте көрсетілген,
бұнда тәуекел (мүмкін табыс дисперсиясы) инвестицияның күтілген табыс
нормасынан стандартты ауытқуы ретінде көрсетілген. Тәуекелдің өсу бойымен
(несие тәуекелінің немесе инвестиция мерзімінің артуы нәтижесінде)
күтілген табыс нормасы да өседі. Капитал нарығының қисығы тәуекел дәрежесі
мен осы нарықтағы керекті табыс нормасы арасындағы мәмілені айқындайды.
Сонымен, потенциалды табысты инвестициялар мен несиелерге қаражат салатын
банк бір мезгілде артқан тәуекелге барады.
Келесі бөлімде қарастырылатын активті операциялар мен пассивті
операциялар арасында өзара тәуелділік бар. Қаражат өтімділігін кассаның
қолма-қол ақшасының жоғары деңгейін ұстап немесе қаражатты жоғары өтімді
активтерге орналастыру арқылы, сонымен қатар, қосымша салымдар тарту және
басқа қайнар көздерден қарызға ақша алу мүмкіндігін кепілдеу арқылы
қамтамасыз етуге болады. Салымдар сомасының үлкен өзгергіштігі, қарызды
мерзімінен бұрын өтеу талаптары да өтімді активтердің артуын қажет етеді.

Рисунок 1 - Пайда мен тәуекел арақатынасы
Ескерту: Колесников В.И., Кроливецкая Л.П. Банк ісі. – М.: Қаржы және
статистика. 2005, 54 бет.

Бұған қоса, бір жағынан, салымдар мен қарыз қаражат бойынша банк
шығындары, екінші жағынан, түрлі активтерден түскен табыс арасында тікелей
байланыс бар.
Қаражат өтімділігінің шекарасынан аспай банк операцияларының
табыстылығын көтеруге тартылған қаражат брйынша шекті шығын және несие мен
инвестициялардан түсетін шекті табысты мұқият салыстыру көмектеседі.
Бұған активтерді басқару әдістері көмектеседі. Осылай коммерциялық
банктер пайдалылығы мен қаражат өтімділігін төмендетпей тартылған қаражатты
түрлі активті операцияларға үлестіруі қажет. Осы кезде коммерциялық
банктер қаражатты орналастырудың үш әдісін қолдана алады.
Орналастырылуы үшін коммерциялық банктің басқарушысы жауапты
қаражаттар түрлі қайнар көздерден түседі, оларға талап етілмелі салымдар,
жинақтаушы, мерзімді салымдар, сонымен қатар банктің меншікті капиталы
жатады. Қарастырылып отырған әдістің негізінде барлық ресурстарды
біріктіру идеясы жатыр. Содан соң жиынтық қаражаттар ең келісті деген
активтер (несиелер, мемлекеттік құнды қағаздар, кассалық қолма-қол ақша)
түрлері арасында үлестіріледі.
Жалпы қаражат фондының моделінде нақты бір активті операцияларды
жүргізу үшін, егер қаражатты орналастыру банкке қойылған мақсаттарға
жетуге көмектессе, қаражат қайдан түскені маңызды емес.
Берілген әдіс банк басқармасынан қаражат өтімділігі мен пайдалылығын
бірдей сақтауды талап етеді.
Қаражатты орналастыру нақты басымдықтарға сәйкес орындалады, олардың
міндеті – оперативті бөлімдердің басқармаларына қаражат өтімділігі мен
пайдалылығының тіркесімі мәселесін шешуде көмек көрсету. Бұл басымдықтар
банкте бар қаражаттың әр доллары мен теңгенің қандай бөлігі табыс әкелу
үшін бірінші немесе екінші қатарлы резервтерге орналастырылып, несиеге
және құнды қағаздарды сатып алу үшін қолдануға болатынын көрсетеді.
Қаражатты жер теліміне, ғимараттарға және басқа жылжымайтын мүлікке
инвестициялау сұрақтары әдетте бөлек қарастырылады.
Қаражатты орналастыру құрылымын анықтау кезінде ең бірінші мәселе
болып олардың бастапқы резерв ретінде бөлінетін үлесін анықтау болып
табылады. Активтердің бұл категориясы атқарымды сипатқа ие, ол
коммерциялық банктердің есебінде көрсетілмейді. Сонда да банкирлер оған
үлкен мән береді және бастапқы резервтерге алынып жатқан салымдарды төлеу
үшін және несиеге тапсырыстарды қанағаттандыру үшін дереу қолдануға
болатын активтерді қосады. Бұл – коммерциялық банктің қаражат
өтімділігінің басты қайнар көзі. Көп жағдайда бастапқы резерв рөлінде
қолма-қол ақша және басқа банктердің қарыздары тармағына кіретін активтер
болады, оларға Ұлттық банктегі коршоттағы қаражаттар, басқа банктердің
коршоттарындағы қаражаттар, сейфтегі қолма-қол ақша және чектер, сонымен
қатар инкассолау үрдісіндегі басқа төлем құжаттары жатады.
Бірінші реттік резервтердің құрамына салымдар бойынша міндеттемелерді
кепілдендіру үшін қолданылатын міндетті резервтер және банк басқармасының
пікірі бойынша күнделікті есептеулерде қолдануға болатын қолма-қол ақшаның
қалдықтары кіретінін айта кету қажет. Тәжірибе үстінде бірінші реттік
резервтерге кіретін қаражаттың көлемін әдетте шамамен бірдей банктердің
қолма-қол активтерінің салымдар сомасына немесе барлық активтердің сомасына
орташа қатынасының негізінде анықтайды.
Қаражатты орналастыру кезіндегі екінші мәселе - нақты бір табыс
әкелетін кассалық емес қаражат өтімді активтерді құру. Бұл резервтер
минималды кідірумен және шығынның шағын тәуекелімен қолма-қол қаражатқа
айналдыруғак болатын жоғары қаражат өтімді табысты активтерден тұрады.
Екінші реттік резервтердің басты арнауы – бірінші реттік резервтерді
толықтыру көзі болу. Соңғылары – бухгалтерліктен гөрі экономикалық
категория, және ол да банк балансында көрсетілмейді. Екінші реттік
резервтерге құнды қағаздар портфелі және – кейбір жағдайда – несие
шоттарындағы қаражат жатады.
Екінші реттік резервтердің көлемі салымдар мен несиелердің өзгеруіне
ықпал ететін факторлар арқылы жанама анықталады. Салымдар сомасы мен несие
сұранысы қатты құбылатын банкке екінші реттік резервтер салымдар мен
несиенің тұрақты көлемі бар банкке қарағанда көбірек қажет. Бірініші
реттік резервтерге секілді, екінші реттікке де қаражаттың жалпы көлемінен
белгілі бір пайыз тағайындалады. Бастапқы нүкте ретінде елдің барлық
банктері үшін жалпы көрсеткіш бола алады, бірақ ол жеке бір банктің
қажеттілігіне әрқашан сай келе бермейді. Жалпы банк жүйесінің қаражат
өтімділігінің индикаторы ретінде қолма-қол ақша сомасы мен мемлекеттік
қағаздардың барлық коммерциялық банктердегі салымдардың жалпы сомасына
қатынасын көрсететін коэффициент қолданылады. Жалпы қаражат фондының әдісі
бойынша қаражатты орналастырудың үшінші сатысы – несие портфелін құру. Банк
бірінші және екінші реттік резервтердің шамасын анықтағаннан кейін, ол
өзінің тұтынушыларына несие бере алады. Бұл банк қызметінің табыс
әкелетін ең маңызды түрі. Несиелер – банк активтерінің ең маңызды
бөлігі, ал несиелер бойынша табыс – банк пайдасының ең ірі құрамдас бөлігі.
Несиелік операциялар сонымен қатар банк өызметінің ең тәуекелді түрі
болып табылады.
Соңында, қаражатты орналастыру кезінде ең соңғы болып құнды қағаздар
портфелі анықталады. Тұтынушылардың негізделген несие қажеттілігін
қанағаттандырғаннан кейін қалған қаражатты салыстырмалы ұзақ мерзімді
бірінші қатарлы құнды қағаздарға салынуға болады. Инвестициялар
портфелінің арнауы – банкке табыс әкелу және ұзақ мерзімді құнды
қағаздардың өтелу мерзімінің жақындауына орай екінші реттік резервке
қосымша болу. Активтерді басқаруда жалпы қаражат фондының әдісін қолдану
банкке активті операциялар категорияларын таңдауға кең мүмкіндік береді.
Бұл әдіс жалпы тұжырымдалатын басымдықтарды белгілейді. Дәл осы уақытта
берілген әдіс актив категориялары бойынша қаражатты үлестіру үшін нақты
критерийлерді бермейді және қаражат өтімділігі-пайдылылық дилеммасының
шешімін бере алмайды. Соңғысы, банк басқармасының тәжірибесі мен
сезгіштігіне тәуелді.
Активтерді үлестіру әдісі. Жоғарыда жалпы қаражат фондының
жайғасымы арқылы қаражатты орналастыру көзқарасы кезінде, қаражат
өтімділігіне тым көп көңіл бөлінетіндігі және қаражат өтімділігінің талап
етілмелі, жинақтаушы, мерзімдік салымдар мен меншікті капиталға қатысты
талаптарының ескерілмегендігі атап көрсетілген. Көптеген банк
қайраткерлерінің пікірі бойынша, бұл кемшілік пайдалылық нормасының үдемелі
қысқаруының себебі болып табылады. Уақыт өте келе талап етілмелі
салымдарға қарағанда азырақ қаражат өтімділігін қажет ететін мерзімдік және
жинақтаушы салымдар неғұрлым жоғары қарқынмен өседі.
Қаражат конверсиясы әдісі деп те аталатын активтерді үлестіру
әдісі жалпы қаражат фонды әдісінің шектеулігін жеңуге мүмкіндік береді.
Активтерді үлестіру әдісі банкке қажетті өтімді қаражаттың мөлшері
фондтарды тарту көздеріне тәуелді екенін көрсетеді.
Бұл әдіспен міндетті салымдар нормаларымен және олардың айналыс
жылдамдығы мен айналымдылығына сәйкес қаражат көздерін бөлуге әрекет
жасайды. Мысалы, талап етілмелі салымдар жинақтаушы және мерзімдік
салымдарға қарағанда көбірек міндетті резерв нормасын қажет етеді және
олардың айналыс жылдамдығы, әдеттегідей, басқа салымдарға қарағанда жоғары.
Сондықтан талап етілмелі салымның әр долларының үлкен үлесі бірінші және
екінші реттік резервтерге, кіші бөлігі – тұрғын үйлерге кепілхатпен
берілетін несиелер немесе муниципалдық органдардың ұзақ мерзімді
облигациялары сияқты инвестицияларға орналастырылуы қажет. Берілген модель
банк ішінде банкпен түрлі көздерден тартылатын қаражатты орналастыру үшін
қолданатын бірнеше пайдалы орталықтарды (немесе қаражат өтімділігі
орталықтарын) құруды көздейді. Бұл құрылымдық бөлімшелерді жиі банк
ішіндегі банктер атайды, өйткені осы орталықтың әрқайсысының қаражатты
орналастыруы басқа орталықтардың қаражат орналастыруына тәуелсіз. Басқаша
айтқанда, банкте бір-бірінен жекеленген талап етілмелі салымдар банкі,
жинақтаушы салымдар банкі, мерзімдік салымдар банкі және негізгі капитал
банкі бар секілді.
Қаражаттың түрлі орталықтарға меншіктігін олардың қаражат өтімділігі
мен пайдалылығы көзқарасы жағынан тағайындай отырып, банк басқармасы
олардың орталықтармен орналастыру тәртібін анықтайды. Талап етілмелі
салымдар міндетті резервтермен ең жоғары толтыруды талап етеді және кейде
жылына 30, тіпті 50 айналымға жететін ең жоғары айналысқа ие. Яғни,
талап етілмелі салымдар орталығы қаражатының анағұрлым бөлігі бірінші
реттік резервтерге (айталық, міндетті резертермен нормасымен
тағайындалғаннан бір пайызға артық) жіберіледі, талап етілмелі салымдардың
қалған бөлігі, оларды қысқа мерзімді мемлекеттік құнды қағаздарға
инвестициялау арқылы басымдықпен екінші реттік резервтерге орналастырылады,
және тек салыстырмалы кішігірім сомалар негізінен қысқа мерзімді болып
келетін коммерциялық несие беру үшін қолданылады. Жинақтаушы салымдар мен
мерзімдік салымдар орталықтарының қаражат өтімділігінің талаптары біраз
азырақ, сондықтан бұл қаражаттың көп бөлігі несие мен инвестицияға
орналастырылады. Негізгі капитал қаражат өтімділікті активтермен толтыруды
тіптен қажет етпейді және ғимараттра мен жерге салынуға қолданылады, ал
қалған қаражаттар ұзақ мерзімді несие мен қаражат өтімділігі азырақ
құнды қағаздарға арналады, яғни банк табысын арттыруға қолданылады.
Қарастырылып отырған әдістің басты артықшылығы - пайда нормасының
көбеюіне әсер ететін несие мен инвестицияға қосымша қаражатты салу мен
қаражат өтімді активтер үлесін азайту болып табылады. Активтерді үлестіру
әдісін жақтаушылар пайда нормасының көбеюі жинақтаушы және мерзімдік
салымдар мен негізгі капиталға қарсы тұратын қаражат өтімді активтердің
артықшылығын жою арқылы іске асырылады деп тұжырымдайды.
Алайда бұл әдістің оның тиімділігін азайтатын кемшіліктері де бар.
Түрлі пайдалы орталықтарды бөлу негізіне түрлі салымдардың айналыс
жылдамдығы салынса да, кез-келген салымдар тобының айналыс жылдамдығы мен
осы топтың салымдарының жалпы сомасы арасында ешқандай байланыс болмауы
мүмкін. Мысалы, талап етілмелі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк өтімділігін басқаруда қолданылатын өтімділік коэффициенттері
Қаржыларды ауыстыру теориясы
Коммерциялық банк қаржысын банктік баланс негізінде талдау
Коммерциялық банктердің сыртқыэкономикалық қызметтері
Банктің өтімділігін басқару теориялары мен оның әдістері
Коммерциялық банктің өтімділігі мен төлем қабілеттілігі
БАНК ӨТІМДІЛІГІНІҢ ТӘУЕКЕЛДІЛІГІН БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІНІҢ ДАМЫП ЖЕТІЛУІ
Банк қызметіндегі қаржылық менеджменттің ролі
Банктік менеджмент
Банк менеджменті және оның даму ерекшеліктері
Пәндер