Банктік қызметтер нарығының теориялық негіздері


I БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Банктік операциялардың теориялық аспектіліері мен оның маңыздылықтары
Еліміздің қаржы нарығында банктердің қызмет көрсетуі қазіргі уақытта ең өзекті де қиың кезеңдердң бастан кешіруде. Банктік нарық − ол нақты қызметке сұраныс және ұсыныс заңдылықтарынан тұрады.
Қазақстандық экономистер осы нарықты - нарықты экономиканың басты элементі ретінде көрсетіп және оны әртүрлі критерийлер бойынша, соның ішінде келесілерді ерекшелейді:
- нарықтық қатынастар объектілерінің экономикалық бағыты (тауарлар мен қызметтер нарығы, еңбек нарығы, ноу-хау нарығы және т. с. с. ) ;
- географиялық орналасуы жағынан жіктелуі;
- сала мен аймақ бойынша және т. б. 1
Банктік қызмет нарығының қызмет етудің теориялық негіздерін қарастыру негізгі түсініктерін нақтылаудан бастау қажет.
Қазіргі кездегі отандық және шетел әдебиеттерінде ˝банктік операциялар˝, ˝банктік қызметтер˝ және ˝банктік өнімдер˝ деген түсініктерге әртүрлі анықтамалар мен сипаттамалар ұсынылған. Көптеген қаржыгер ғалымдар осы категориялар арасында айтарлықтай өзгешеліктер жасамайды. Зерттеу объетілерін анықтау мақсатында және оның ˝банктік операция˝ мен ˝банктік өнім˝ түсініктерінің арасындағы өзара байланысты анықтау үшін ˝банктік қызмет˝ түсінігін нақтылап, ашу керектігін қакрастыруда. Ол үшін экономикалық әдебиеттерде жиі кездесетін ˝банктік операция˝ түсінігін нақтылаудан бастау керек.
Банктік және қаржылық-экономикалық терминдер сөздігінде келесі анықтама келтірілген: ˝Банктік операция - бұл коммерциялық банктермен жүргізілетін операциялар, олар пассивті (банк шотына ресурстарды түсіру), активті (банктік ресурстарды орналастыру бойынша) және комиссиялық болып бөлінеді˝. 2
Қазақстан Республикасы Президентінің ˝Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызмет туралы˝ Заң күші бар Жарлығының 30 баптың 2б. сәйкес, банктер бірқатар операцияларды жүргізе алады. Банктік операцияларға жатқызылатын көптеген операциялар (есеп-айрысу, кассалық, несиелік, сенімді басқару және т. б. ) арнайы уәкілетті органның сәйкес рұқсатымен тек банктер ғана емес, сонымен бірге басқа да несиелік ұйымдар жүргізе алады.
Алайда, банктердің ерекше қызметі бар - ол төлем құралдарын құру, оларды айналымға шығару және алып тастау. Сонымен бірге, кейбір ресейлік экономистердің пікірі бойынша айналымды төлем құралдармен қамтамасыз ету - банктердің қызметінде жекеленген бағыты болып табылмайды, ол депозитті, есеп-айырысу, несиелік және басқа операциялар арасындағы үздіксіз байланысты айқындайды.
Жоғарыда аталғанды ескере отырып, банктердің табиғатын анықтайтын операцияларға келесілерді жатқызуға болады:
- заңды және жеке тұлғалардан депозиттерді қабылдау;
- несие беру;
- инкассация мен кассалық қызмет көрсету.
˝Банктік операция˝ түсінігінің әртүрлі түсіндірмесін қарастырғаннан кейін, оны келесі түрде нақтылауға болады: банктік операция - елдің Орталық банкісімен лицензияланған, банктердің меншікті және келтірілген ресурстарды жасау және орналастыру бойынша, сондай-ақ банктердің комиссиялық сыйақы үшін клиенттердің тапсырмасын орындау.
Енді, ˝қызмет˝ және ˝банктік қызмет˝ түсінігін қарастыру қажет.
Үлкен экономикалық сөздікте келесі анықтама берілген: ˝қызмет - зат түрінде емес, әрекет түрінде берілетін игілік˝3. Р. Кохтың пікірінше, қызмет, сервис, - материалдық өнім емес, материалды емес немесе дайын өнімнің құнын жоғарлататын бизнес. ˝Сервис - сатып алушыларға қамқорлық көрсету, олардың талаптарын қанағаттандыруға дайындық. Сервис деңгейі - кез-келген компанияның маңызды сипаттамасы, бәсекелестік күрес, негізгі қаруы, өзінің нарықтағы үлесін жоғарлатуға және үлкен табыс алуға мүмкіндік береді˝4.
Экономикалық көзқарас бойынша, қызмет (сервис) - бұл еңбек, кеңес беру, басқару өнері түріндегі тауар немесе игілік.
˝Банктік қызметті клиенттің мүддесі үшін банкпен нақты іс-әрекеттерді орындау деп сипаттауға болады˝. 5
Банктік қызмет - банк қызметінде клиенттердің қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған жеке банктік операциялар. Көпшілік банктік қызметтер материалды емес, идеалды өнім болып табылады, сонымен бірге, олар тағы бір ерекше өнім - ақшамен байланысты, олардың құнын дәстүрлі түрде анықтауға болмайды.
Е. С. Стоянованың пікірінше, банктік қызмет - клиенттердің қажетсінулерін қанағаттандыру формасы, ал банктік өнім - клиентке қызметті көрсету әдісі. Осыдан барып, банктік өнімдерді, бір ғана қызмет көрсету арқылы банктің бір функционалдық бөлімшесі жүзеге асыратын қарапайым өнімдер, және күрделі өнімдер, оларды жүзеге асыруда клиентке кешенді қызмет көрсету арқылы ұзақ уақыт аралығында банктің бірнеше бөлімшелері тартыла алатын өнімдер деп бөлінеді.
Е. С. Стоянова ˝Қаржы менеджменті˝ деген еңбегінде ˝банктік триада˝ терминін енгізеді - ˝өнім - операция - қызмет˝ үш түсініктің ұштасуы. ˝Банктік триада˝ түсінігін енгізудің мақсаты - оның көмегімен ˝клиенттерге қызмет көрсетудің банктік технологиясы˝ түсінігін нақтылауға болатындығы.
Күрделілік дәрежесі бойынша Е. С. Стоянова триаданы 3 топқа бөледі: қарапайым, құрамдастырылған және біріктірілген. Олар келесі кестеде көрсетілген6:
Кесте 1- ˝банктік триада˝
Е. С. Стояновамен барлық үш түсінікті - ˝банктік операцияны˝, ˝банктік өнімді˝ және ˝банктік қызметті˝ триада көзқарасынан қарастыру қажет, алайда ˝банктік операция˝ түсінігі ˝банктік қызмет˝ түсінігінен кең болғаны дұрыс емес. Өйткені, банктік операциялардың әрбір тобына көптеген әр түрлі қызметтер сәйкес келеді, ал банк әрбір банктік қызмет бойынша белгілі бір банктік өнімдерді жасайды. Мысалы, пассивті операция бойынша банктік қызметтің бірі - жеке тұлғалардан депозиттерді қабылдау болып табылады. Нақты бір клиентпен белгілі бір мерзімге және белгілі бір проценті бар сомаға депозиттік келісімшарт жасасу - банктік өнім болып табылады. Сонымен, жоғарыдағы мысалда: операция - пассивті, банктік қызмет - жеке тұлғадан депозитті қабылдау, банктік өнім - рәсімделген депозиттік келісімшарт.
Демек, банктік триаданы, ˝операция - қызмет - өнім˝ дәйектілікпен қарастырған дұрыс.
Отандық және Ресей әдебиеттері мен тәжірибесінде ˝банктік өнім˝ термині нарықтық экономикаға өтумен пайда болды. ˝Кез-келген банктік өнімнің негізіне қандай да бір қажетсінуді қанағаттандыру қажеттілігі жатыр˝7.
Американың экономикалық әдебиеттерінде банкпен жасалған кез-келген қызметті немесе операцияны ескере отырып, банк өнімі (bank product) туралы айту қалыптасқан. Банктік өнім-клиенттерге типтік шартта ұсынылатын, жеке банктік қызмет немесе банктік қызметтердің жиынтығы. Мысалы: бағдарламалық несие, мақсатты салым, депозиттік сертификат, пластикалық карточкалар.
Ресейлік ғалымдар, маркетинг мамандары банктік өнімді банктің активті және пассивті операциялары бойынша қызметтер кешені ретінде қарастырып, банктік өнімнің 3 деңгейін бөліп көрсетеді8:
- бірінші деңгей - негізгі өнім, басқаша айтқанда, базалық ассортимент: несиелеу, есеп-айырысулар, валютамен операциялар бойынша және т. б. қызметтер;
- екінші деңгей - нақты өнім, немесе банктің негізгі бағытына әсерін тигізбейтін, үнемі өзгеріп отыратын ағымдағы ассортимент;
- үшінші деңгей - кеңейтілген банктік өнім. Осы деңгейдің қызметтері клиенттермен достық қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған, оған жан-жақты көмек көрсету, сыртқы экономикалық байланыстарға қызмет көрсету, қаржы, менеджмент облысындағы шығармашылық ойлар, банкирдің жеке кеңесі, бейресми қатынас.
Екінші және үшінші деңгейдегі қызметтерді бөлу шартты болып табылады, банктік өнімнің - базалық және кеңейтілген екі деңгейі туралы айтқан дұрыс.
Өкінішке орай, банктік өнім мен банктік қызметтің қазіргі кездегі экономикалық категория ретіндегі түсіндіруі қайшы келеді. Қайшылық -атауларында, бір жағынан, бұл түбегейлі емес, алайда ары қарай зерттеу мақсатында оларды нақтылау қажеттілігі туады. Әр түрлі авторлардың көз-қарастарын зерттеп және талдау жасағаннан кейін, қазіргі кездегі банктік қызметтің жиі кездесетін анықтамасы келесідей. Банктік қызмет - бұл клиент мүддесі үшін клиентке қызмет көрсетудің бірыңғай технологиясымен біріктірілген банктің іс-әрекет жиынтығы, басқаша айтқанда, клиенттің банктік қызмет көрсетуде қажеттілігін қанағаттандыруға, сонымен бірге банк рентабельділігін жоғарлатуға бағытталған банктің қызметі.
Экономикалық категория ретінде банктік қызмет банк (қызметтерді өндіруші) пен клиент (қызметтерді тұтынушы) арасындағы белгілі бір экономикалық қатынастарды білдіру қажет. Атап өту керек, нарықтық экономикада осы қатынастар келісім негізде құрылады. Сонымен қатар, тараптардың әр қайсысы белгілі бір мақсатты көздейді. Клиент үшін - бұл қандай да бір қаржылық қажеттіліктерді (мысалы, өзінің бос ақша қаражаттарын сақтап, пайыздық табыс алу үшін орналастыру, немесе керісінше, қосымша қарыз ақша қаражаттарына деген қажеттілікті қанағаттандыру) қанағаттандыру, коммерциялық банк қызмет көрсету арқылы клиентпен пайда алуға жәрдемдесу. Банк осы қатынастарға табыс алу мақсатында, моменталды (комиссиялық операциялар бойынша қызмет көрсету кезінде, мұнда комиссиялық сыйақы түріндегі табыс шотына есепке жатқызылады) немесе болашақтағы (несиелеуден пайыздық табыс) табыс алу үшін кіріседі. Банк пассивті операциялар бойынша қызметтерді көрсету кезінде болашақ активті операциялардың фундаментін қалыптастыратын, өзінің ресурстық базасын құрайды және кеңейтеді. Нарықтық экономика жағдайында әрбір банктік қызмет табыс алып келуі тиіс, өйткені коммерциялық банктерді құрудың басты мақсаты - пайда алу болып табылады.
Жоғарыда аталғанды қорытындылай келе, банктік қызметтер банк персоналының іс-әрекеттері арқылы ресурстық базаны кеңейтуге және банкке табыс әкелуге бағытталған, клиенттердің қаржылық қажеттілігін қанағаттандыру жөніндегі банк пен клиент арасындағы экономикалық қатынастар.
Банктік өнім - аяқталған сипаты бар және банктің клиентке қаржылық, заңдық және ұйымдастырушылық іс-шаралар арқылы қызмет көрсету кезінде өзара іс-қимылды реттейді. Яғни, банктік өнім банк қызметінің клиенттерге қызмет көрсету бойынша нәтижесі болып табылады. Мысалы, нақты бір заңды тұлғамен рәсімделген несиелік келісімшарт банк пен қарызгердің қолы қойылып, мөрмен расталған болса, банктік өнім болып табылады, яғни банк қызметінің несиелеу бойынша қызмет көрсетудің нәтижесі.
Банктік қызмет пен банктік өнімнің ұқсастығы, клиенттің қаржылық қажеттілігін қанағаттандырады. Алайда, айта кету керек, банктік қызмет бірінші ретті сипатта, ал банктік өнім - екінші ретті. Банктік қызмет материалдық жақтан болмашы, ал өз кезегінде банктік өнім елеулі.
Енді қазіргі кездегі әдебиеттерде кездесетін банктік қызметтердің жіктелуін (классификация) қарастырайық.
Қазіргі кездегі экономикалық әдебиеттерде көрсетілген банктік өнімді жіктелуі үлгілерінің елеулі жетіспеушілігі бар: ол жіктелудің бір ғана критерийін болуы. Бұл нарықтық экономика жағдайында қолданылуы мүмкін емес, өйткені нақты банктік қызметтің түрін белгілеуге мүмкіндік бермейді, ал бұл жағдай оны жетілдіру жолдарын жасауды күрделендіреді.
Мысалы, американдық маркетологтар банктік қызметтердің 4 деңгейін бөліп көрсетеді9.
пайдалы кешенді кеңейтілген күрделі
Сурет 1 - Банктік қызметтердің жіктелімі
Жоғарыдағы суретте банктік қызметтердің келесі жіктелімі көрсетілген:
- 1 деңгей - көпшілік тұтынушылармен, басқа адамдардың көмегінсіз бағалана алатын пайдалы қызметтер;
- 2 деңгей - кешенді түрде көрсетіле алатын, оларды түсіну үшін арнайы дайындық деңгейін талап етпейтін қызметтер;
- 3 деңгей - жете техникалық білімді немесе мамандандырылған кеңесті алу мүмкіндігін талап ететін кеңейтілген қызметтер;
- 4 деңгей - өнімді сатып алу жағдайын ескере отырып, тұтынушының айналасындағы банктік өнімдер туралы арнайы білімді қажет ететін күрделі қызметтер.
Ресей экономистері сондай-ақ банктік қызметтердің 4 деңгейін бөліп көрсетеді, алайда оларды өткізу жағынан жіктейді10:
Сурет 2 - Банктік қызметтердің жіктелімі
Жоғарыдағы суретте банктік қызметтердің келесі жіктелімі көрсетілген:
- түпкі ой бойынша қызмет, бұл банк өзінің және өзінің клиенттерінің пайдасына жүзеге асырылған қызметтер;
- нақты орындаудағы қызметтер (қызметтер жиыны), бұл банк ұсынатын және өзінің клиенттеріне ұсынатын қызметтер;
- қосымша күші бар қызметтер, яғни клиенттерге сервистік қызмет көрсетудің барлық түрін кіріктіретін қызметтер, мысалы траст, лизинг т. б. сияқты дәстүрлі емес банктік қызметтерді рәсімдеген кезде ерекше жағдайлар;
- қоғамдық мойындауын алған қызметтер, яғни сәтті бәсекелестік күресті сипаттайтын, банктің беделін қалыптастыратын, қызметтерді дамытуға және пайда әкелуге мүмкіндік беретін қызметтер.
Кейбір экономистер банктік қызметтерді жіктеудің келесі нұсқасын ұсынады:
- банктердің материалдық қызметтері - бұл ақша-несие айналымы жүйесінде несиелік ұйымдардың функционалдық ролін сипаттайтын қызметтер. Банктік қызметтердің кешенді сипаты банк қызметінің әмбебаптығын көрсетіп, банктер бір қызметті көрсету кезінде, бір уақытта клиенттерге бірқатар өзара байланысты қызметтерді көрсетеді. Коммерциялық банктердің материалдық қызметтеріне жататындар: несиелік, операционды, инвестициялық, есеп-айырысу, факторингтік, лизингтік, траст және т. б.
- банктердің таза қызметтері - бұл тұлғаға бағытталған қызметтер (кадрларды даярлау, кеңес беру қызметтері, талдамалы зерттеулер) .
Әр түрлі авторлардың көзқарастарын қарастырғаннан кейін, нарықтық қатынастар жағдайында банктік қызметтерді келесі критерийлер бойынша жіктеуге болады:
Банктік қызметтің ерекшелігіне байланысты:
- арнайы - банктерді қаржылық-несиелік институттар негізінде сипаттайтын өзгешелік;
- арнайы емес, немесе көмекші сипаттағы қызметтер, мысалы экономикалық және заңды, ақпараттық-анықтамалық, аналитикалық және т. б. сұрақтар бойынша кеңес беру;
Банктік операциялардың сипатына қарай:
- пассивті операциялар бойынша қызметтер;
- активті операциялар бойынша қызметтер;
- делдалдық операциялар бойынша қызметтер.
Алатын табыстардың және жасалатын шығындардың түрлеріне қарай:
- проценттік операциялар бойынша;
- проценттік емес операциялар бойынша қызметтер.
Клиенттердің категорияларына қарай:
- жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтер;
- заңды тұлғаларға көрсетілетін қызметтер.
Клиентке жеке қызмет көрсету дәрежесіне байланысты:
- жеке қызметтер, яғни нақты бір клиентке көрсетілген қызметтер;
- бұқаралық тұтынуға арналған әмбебап қызметтер.
Күрделілік дәрежесіне қарай:
- қарапайым - банктің бір функционалдық бөлімшесін жүзеге асыратын қызметтер;
- кешенді - жүзеге асыруда банктің бірнеше бөлімшелері қатысатын қызметтер.
Табыстылық дәрежесі бойынша:
- моменталды табыс әкелетін қызметтер, мысалы, коммуналдық төлемдерді қабылдау (қазіргі кезде банктер коммисиялық сыйақының тұрақты мөлшерін белгілеп, қызмет көрсету кезінде ˝Банктік табыс˝ шотына есепке жатқызылады;
- белгілі бір уақыт аралығында табыс әкелетін қызметтер (мұндай қызметтерге несиелеуді жатқызуға болады, өйткені несие бойынша проценттік табыс белгілі уақыттан кейін, несиелік шартта белгіленген проценттік төлем графигіне сәйкес алынады) ;
- табыс әкелмейтін табыстар. Оларға депозиттерді қабылдау бойынша қызметтерді жатқызуға болады, олар банкке тікелей табыс әкелмейді, тек ресурстық базаны кеңейту мақсатында жасалады.
- Қызметтер үшін төлем;
- ақылы;
- тегін. Мұндай қызметтерге жарнамалық мақсаттарда немесе тұрақты клиенттерге мадақтаулар жасау арқылы және шектелген уақыт аралығында тегін көрсетілетін қызметтерді жатқызуға болады; мысалы, тегін банктік шотты ашу, ақша аударымын жасау, пластикалық карточкаларды рәсімдеу және т. с. с.
Табыстылықтың тәуекел дәрежесі бойынша:
- тәуекелі жоқ қызметтер - оларға көбінесе комиссиялық операциялар бойынша қызметтер немесе кеңес беру қызметтері, кассалық, сейфтік және т. с. с. қызметтер жатады;
- тәуекелдің белгілі бір үлесі бар қызметтер, депозиттерді келтіру, инкассация, айырбастау операциялары;
- жоғары дәрежелі тәуекелі бар қызметтер, оларға несиелерді беру бойынша, лизинг, факторинг, форфейтинг қызметтері жатқызылады.
Беру мерзіміне байланысты банктік қызметтер банк пен клиенттің ынтымақтастық мерзіміне байланысты жіктеу қажет:
- моменталды, оларға банк пен клиенттің ынтымақтастығы бір жолғы сипатта болатын қызметтер жатады, мысалы валюта айырбастау, коммуналдық қызметтер, банктік шотты ашпастан ақша аударымын жүргізу және т. с. с.
- қысқа мерзімді қызметтер банк пен клиенттің 1 жылға дейінгі мерзімдегі ынтымақтастығы;
- орта мерзімді - 1 жылдан 3 жылға дейін;
- ұзақ мерзімді - 3 жылдан астам.
Қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді қызметтерге банк пен клиенттің жасасқан келісімшарттары бойынша (несиелік, депозиттік, есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету, ипотека, лизинг, сейфтік қызмет көрсету және т. с. с. ) осы келісімшартта көрсетілген тұрақты уақыт мерзімінде жатқызылған.
Жаңашылдық дәрежесі бойынша:
- дәстүрлі банктік қызмет;
- жаңарған;
- инновациялық.
Инновациялық банктік қызметтерге егжей-тегжейлі тоқталу орынды. Инновациялық банктік қызмет жоғары пайда табуға, коммерциялық банктің дамуын ынталандыратын және инвестициялайтын, тұтынушылардың жаңа қажеттіліктеріне бағытталған жаңа және жетілдірілген банктік қызметті жасауға бағытталған банктік қызметтің инновациялық түрі болып табылады.
Н. К. Мамыров атап өткендей, инновацияның дамуына әсер ететін механизм, бірінші кезекте, нарықтық бәсеке.
Банктік қызметтер нарығында банктік инновацияның пайда болуы бірқатар себептермен байланысты:
- банктік саланың, сондай-ақ банктер мен қаржылық-несиелік ұйымдардың ішінде бәсекенің күшеюі;
- банктік қызметтерден жаңа табыс көздерін іздеу;
- шетелдерде банктік қызметтердің қызмет етуі туралы ақпарат;
- банктік менеджерлердің банк қызметін әмбебап етуге бағытталған мақсаттары;
Қазақстан Республикасында инновациялық банктік қызметтердің пайда болуы мен кеңеюінің себептеріне, сондай-ақ келесілерді жатқызуға болады:
- Қазақстанның БСҰ (Бүкіләлемдік сауда ұйымы) кіруі;
- Қазақстан банк жүйесінің Еуропалық Одақпен интеграциясы;
- қазақстандық банктердің әлемдік ірі банктермен ынтымақтастығы;
- екінші деңгейдегі банктер қызметін реттеудің күшеюі.
Жоғарыда аталып өткендей, нарықтық қатынастар кезінде инновацияның басты стимулы - коммерциялық банктерде көрсетілген қызметтер түрінде айқындалатын бәсеке болып табылады. Банктік қызметтер әртүрлі параметрлер бойынша ерекшеленеді: проценттік мөлшерлеме деңгейімен, несие мен депозиттер мерзімі және т. б. Т. Е. Рубинштейн мен О. В. Мирошкинаның пікірінше, және, инновациялық қызмет анықтамасынан шығатын, банктік қызметтердің бірқатар параметрлерінің өзгеруі инновация болып табылмайды. Мысалы, салымдар бойынша проценттік мөлшерлеменің өзгеруі, депозиттер мерзімінің өзгеруі және т. с. с. инновациялық қызмет болып табылмайды, өйткені мұндай әрекет нәтижесінде жаңа қызметтің пайда болуына алып келмейді11. Демек, коммерциялық банктердің инновациялық қызметі жаңа қызметтерді жасау мен енгізумен айқындалады, ия көрсетілетін қызметтердің мәліметтерді өңдеу технологиясын өзгертуге алып келетін параметрлерін өзгерту. Мысалы, электрондық есеп-айырысудың пайда болуы күндіз-түні өз шоттарының жағдайы туралы ақпарат алуға және төлем-есепайырысудың барлық түрін жүргізуге мүмкіндік туғызатын «банк-клиент» қызмет көрсету жүйесінің пайда болуына өз септігін тигізді. Берілген инновациялық банктік қызмет пен қызмет көрсету технологиясының арасындағы өзара байланыс инновацияның бірінші түрі - инновациялық қызметтерді бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары Қазақстанның алдыңғы қатарлы банктері әртүрлі инновациялық қызметтер арқылы көрсететін қызметтер аясын кеңейтті:
- Қазақстан мен ТМД елдері бойынша жедел электрондық аударымдар;
- «Western Union» мен «Money Gram» жүйелері арқылы аударымдар;
- теле банкинг;
- интернет-банкинг;
- желілік банкинг.
Е. В. Песоцкая қызметтің өмір циклін «қызмет нарықта өмір сүру қабілеттігі бар және оны өндірушілерге мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін уақыт аралығы»12 деп анықтайды. Жаңа банктік қызметтің өмір циклі төрт кезеңді кіріктіреді:
- жаңа банктік қызметті жасау;
- банктік қызметті жүзеге асыру;
- нарықтың тұрақтылығы;
- нарықтың күйреуі.
Жасау кезеңі идеяны іздеу, маркетингтік зерттеулер жүргізуді, қызметтің құру мен жүзеге асыру алгоритмін жасауды кіріктіреді.
Жүзеге асыру кезеңі қызметті банк ішінде және банктік қызметтер нарығында жүзеге асырумен байланысты.
Банктік қызметтің өмір циклінің және оның жекеленген кезеңдерінің ұзақтығы банк пайдалылығының деңгейі мен оның стратегиялық перспективаларына себепші болады. Қызметтің өмір циклін бағалаудағы қолданылатын негізгі белгісі - қызметті өндіру, жүзеге асырумен және жоспарланған пайданы алумен байланысты болатын барлық шығындарды өтеуді қамтамасыз ететін жүзеге асыру көлемі болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызмет ету дәрежесі жаңа банктік қызмет көрсету мен оны енгізу өте сирек болатынын көрсетеді. Соңғы жылдары қазақстандық банктермен енгізілген жоғарыда аталған инновациялық қызметтер шетелдік банктердің тәжірибесінен алып пайдаланылады; демек, қазақстандық банктердің инновациялық қызметіне деген негізгі амалы , шетел тәжірибесін игеру мен бейімделуінде болуы керек.
Енді банктік қызметтердің ерекшеліктерін анықтау қажеттігі бар. Банк ерекше түрдегі тауарды шығара отырып, қызмет көрсету саласында жұмыс істейді, демек банктік қызметтерге, бірінші кезекте, қызметтердің барлық түріне лайық болатын ерекшеліктер тән.
Банктік маркетинг туралы әдебиетте банктік қызметтердің келесі ерекшеліктері көрсетіледі:
- абстрактылык;
- уақытқа байланысты ұзартылуы.
Банктік қызметтер, оларды ұсынғанға дейін болмағандықтан, мерзімділігіне байланысты анықсыздық дәрежесімен сипатталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz