Банктік қызметтер нарығының теориялық негіздері туралы ақпарат


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Дүние жүзіндегі қаржы дағдарыстарының болу себептері әр түрлі және оның болуы көп жағдайда күтпеген кезде болуы да ықтимал, сондай ақ қор нарығындағы трейдерлердің де іс әрекеттеріне байланысты болады. Дегенмен қаржы дағдарысы қолдағы және айналыстағы ақша ресурстарының жеткіліксіздігінен де және оның шексіз айналыста көп болып өз құнын жоғалтуына да байланысты. Қазіргі уақытта әлемдік деңгейде жаһандық дағдарыстан шығу жолдарын әр ел өзінше іздестіріп жатыр.

Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу елдегі банктердің өызметіне соның ішіндегі олардың операцияларына, әсіресе сыртқы операцияларына үлкен әсерін тигізуде. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады. Макро деңгеймен қатар, биржа нарығы микро деңгейде де үлесі жоғары. Ең алдымен, қор нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын атауға болады. Қаржылық ресурстар меншіктік, қарыздық және тартылған болып бөлінеді. Олардың арасындағы бәсекелестіктің болуы дамыған нарықтың бірден-бір факторы. Себебі, нарық субъектілері үшін қаржылық ресурстардың жедел, әрі арзан құралды қолдануы негізгі мақсаттарына айналды.

ҚР қаржы нарығы негізінен банктік саладан тұрады. Банктік мекемелер өнімдері мен қызметтерінің жыл сайын дамуы бағалы қағаздар нарығының бәсекелеске түсуіне кедергі келтіреді. Ал, қаржылық ресурстардың тек банктік салада шоғырлануы, нарықтың барлық қатысушыларына кері әсерін тигізеді. Еліміз егемендігін алғаннан бастап бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Бағалы қағаздар нарығының, соның ішінде қор нарығының қалыптасу уақыты аз емес. Осы аралықта ұлттық бағалы қағаздар нарығының қалыптасу ерекшелігі, дамыған мемлекеттердің қолданған тәжірибесін енгізуімен сипат алады. Алайда, соған қарамастан ұлттық нарықтағы біршама қайшылықтардың салдарынан бағалы қағаздар нарығының жете дамымауы көрініс алады.

ҚР Президентінің кезекті жолдауында ұлттық бағалы қағаздар нарығын дамыту бағыттары мен міндеттері айқындалды. Соған қарамастан, қор нарығының дамуын тежейтін факторлардың болуы тұтастай қаржы нарығының даму серпініне әсер ете алмайды.

Жоғарыдағы факторларды ескере отырып, банктердің сыртқы қарыздары жәнеде трастық (синцидерілінген) қарыздарының ұлғайыюы тек Қазақстандық төрт ірі банктерге ғана емес сонымен бірге мемлекетке де, халыққа да кері әсерлерін тигізуде осы жайлы мәселелері жөніндегі зерттеулердің қажеттілігі, таңдалған тақырыптың өзектілігін сипаттайды.

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Банк операциялары бойынша шетелдік, ресейлік және отандық ғалымдардың көптеген ғылыми еңбектері бар. Банктің трастық операцияларын қаржы нарығының қызмет ету механизмін ресейлік ғалымдар А. А. Галанов, Я. Миркин, Е. Ф. Жуков, М. В. Романовский, Т. С. Селеванова, Б. Б. Рубцов еңбектерінде көрініс тапты. Шетелдік экономистер Д. Кидуэлл, Э. Найман трастық операцияларын қаржы нарығының даму сипатында көрсетті.

Шетелдік және ресейлік экономистермен қатар, көптеген қазақстандық ғалымдардың да траст операциялары бойынша ғылыми еңбектері аз емес. Сенімгерлік операциялар туралы негізгі теориялық және тәжірибелік тұстарын зерттеуде Г. Т. Абдрахманова, У. М. Искаков, Д. Т. Бохаев, Б. А. Көшенова, А. А. Ильясов, А. А. Адамбекова, А. А. Арыстанов, Г. Н. Шалгимбаева, Г. С. Сейтқасымов ғалымдардың еңбектері қарастырылды.

Аталған мәселелердің маңыздылығы мен тақырыптың осы күнге дейін толыққанды зерттелмегендігі дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға, оның мақсаты мен міндеттерін айқындауға мүмкіндік берді.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты ретінде Қазақстан Республикасы қаржы нарығының теориялық-әдістемелік және тәжірибелік жақтарын зерттей отырып, траст операцияларының даму бағыттарын анықтау болып табылады. Аталған мақсатқа жету барысында зерттеудің алдында келесідей міндеттер анықталған:

- қаржы нарығының теориялық және тәжірибелік мазмұнын қарастыру;

- әлемдік және ұлттық әлемдік қаржы нарықтарының үлгілерінің негізінде банктердің траст операциялары, оны құрушы факторларды зерттеу;

- банктердің траст операциялары дамуы жағдайында Қазақстанда шет ел мемлекеттерінің тәжірибесін қолдану;

- ҚР банктердің траст операциялары қатысушылардың өзара байланысының механизмін және олардың қызметіне бағалау жүргізу;

- ҚР эмиссиялық бағалы қағаздар нарығының жағдайына талдау жүргізу;

Зерттеу жұмысының пәні мен объектілері. Зерттеу жұмысының пәні ретінде екінші деңгейлі банктердің трастық операциялармен даму және оны жетілдіру жолдары, оған қазіргі қаржы нарығындағы дағдарыстардың әсерлері соның себептерінен болатын дағдарыстар және оны болдырмау жолдары алынады.

Зерттеу объектісі болып екінші деңгейлі банктердің трастық операциялары және оны жетілдіру жолдары.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде әлемдік экономикалық ғалымдардың еңбектері, отандық және шетелдік ғалымдар монографиялары мен мақалалары, бағалы қағаздар нарық қатынастарын реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық құжаттар алынды.

Ақпараттық база ретінде ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, басқа да нормативтік құжаттар, ҚР Қаржылық қадағалау Агенттігінің, ҚР Алматы өңірлік қаржылық орталықтың, ҚР Алматы өңірлік қаржылық орталықтың қызметін реттейтін Агенттіктің, Қазақстан қор биржасының материалдары пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазіргі уақытта банктердің траст операцияларының жағдайларын зерттей отырып, тиімді қаржы нарығын қалыптастырудың қажеттілігін және бағыттарын анықтау басты шарт болып табылады.

Негізгі ғылыми жаңалықтардан тұратын зерттеу жұмысының маңызды нәтижелері болып келесілер жатады:

  • теориялық-әдістемелік және құқықтық зерттеу нәтижесінде қаржы нарығының негіздері нақтыланған;
  • ҚР қаржы нарығындағы мемлекеттік реттеуді талдау арқылы мемлекеттік реттеудің қағидалары мен ұсыныстары негізделген;
  • бағалы қағаздар нарығының эмитенттері үшін ынталандыру факторлары негізделген;
  • траст операцияларына кәсіби қатысушылар қызметін талдау негізінде бағалы қағаздар ұстаушылар тізімін жүргізу жүйесі бойынша ұсыныс берілген;
  • акция табыстылығының ықтималдылығын бағалау әдістемесі

Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

I. БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Банктік операциялардың теориялық аспектіліері мен оның маңыздылықтары

Нарықтық қатынастардың дамуы дамыған банк қызмет көрсету нарығының болуын талап етеді. Нарық − ол нақты бір тауар немесе қызметке сұраныс және ұсыныс.

Қазақстандық экономистер осы нарықты - нарықты экономиканың басты элементі ретінде көрсетіп және оны әртүрлі критерийлер бойынша, соның ішінде келесілерді ерекшелейді:

- нарықтық қатынастар объектілерінің экономикалық бағыты (тауарлар мен қызметтер нарығы, еңбек нарығы, ноу-хау нарығы және т. с. с. ) ;

- географиялық орналасуы жағынан жіктелуі;

- сала мен аймақ бойынша және т. б. 1

Банктік қызмет нарығының қызмет етудің теориялық негіздерін қарастыру негізгі түсініктерін нақтылаудан бастау қажет.

Қазіргі кездегі отандық және шетел әдебиеттерінде ˝банктік операциялар˝, ˝банктік қызметтер˝ және ˝банктік өнімдер˝ деген түсініктерге әртүрлі анықтамалар мен сипаттамалар ұсынылған. Көптеген авторлар осы категориялар арасында айтарлықтай өзгешеліктер жасамайды. Зерттеу объетілерін анықтау мақсатында және оның ˝банктік операция˝ мен ˝банктік өнім˝ түсініктерінің арасындағы өзара байланысты анықтау үшін ˝банктік қызмет˝ түсінігін нақтылап, ашу керек. Ол үшін экономикалық әдебиеттерде жиі кездесетін ˝банктік операция˝ түсінігін нақтылаудан бастау керек.

Н. Қ. Мамыровтың редакциясындағы Банктік және қаржылық-экономикалық терминдер сөздігінде келесі анықтама келтірілген: ˝Банктік операция - бұл коммерциялық банктермен жүргізілетін операциялар, олар пассивті (банк шотына ресурстарды түсіру), активті (банктік ресурстарды орналастыру бойынша) және комиссиялық болып бөлінеді˝. 2

Қазақстан Республикасы Президентінің ˝Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызмет туралы˝ Заң күші бар Жарлығының 30 баптың 2б. сәйкес, банктер бірқатар операцияларды жүргізе алады. Банктік операцияларға жатқызылатын көптеген операциялар (есеп-айрысу, кассалық, несиелік, сенімді басқару және т. б. ) арнайы уәкілетті органның сәйкес рұқсатымен тек банктер ғана емес, сонымен бірге басқа да несиелік ұйымдар жүргізе алады.

Алайда, банктердің ерекше қызметі бар - ол төлем құралдарын құру, оларды айналымға шығару және алып тастау. Сонымен бірге, кейбір ресейлік экономистердің пікірі бойынша айналымды төлем құралдармен қамтамасыз ету - банктердің қызметінде жекеленген бағыты болып табылмайды, ол депозитті, есеп-айырысу, несиелік және басқа операциялар арасындағы үздіксіз байланысты айқындайды.

Жоғарыда аталғанды ескере отырып, банктердің табиғатын анықтайтын операцияларға келесілерді жатқызуға болады:

  • заңды және жеке тұлғалардан депозиттерді қабылдау;
  • несие беру;
  • инкассация мен кассалық қызмет көрсету.

˝Банктік операция˝ түсінігінің әртүрлі түсіндірмесін қарастырғаннан кейін, оны келесі түрде нақтылауға болады: банктік операция - елдің Орталық банкісімен лицензияланған, банктердің меншікті және келтірілген ресурстарды жасау және орналастыру бойынша, сондай-ақ банктердің комиссиялық сыйақы үшін клиенттердің тапсырмасын орындау.

Енді, ˝қызмет˝ және ˝банктік қызмет˝ түсінігін қарастыру қажет.

Үлкен экономикалық сөздікте келесі анықтама берілген: ˝қызмет - зат түрінде емес, әрекет түрінде берілетін игілік˝3. Р. Кохтың пікірінше, қызмет, сервис, - материалдық өнім емес, материалды емес немесе дайын өнімнің құнын жоғарлататын бизнес. ˝Сервис - сатып алушыларға қамқорлық көрсету, олардың талаптарын қанағаттандыруға дайындық. Сервис деңгейі - кез-келген компанияның маңызды сипаттамасы, бәсекелестік күрес, негізгі қаруы, өзінің нарықтағы үлесін жоғарлатуға және үлкен табыс алуға мүмкіндік береді˝4.

Экономикалық көзқарас бойынша, қызмет (сервис) - бұл еңбек, кеңес беру, басқару өнері түріндегі тауар немесе игілік.

˝Банктік қызметті клиенттің мүддесі үшін банкпен нақты іс-әрекеттерді орындау деп сипаттауға болады˝. 5

Банктік қызмет - банк қызметінде клиенттердің қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған жеке банктік операциялар. Көпшілік банктік қызметтер материалды емес, идеалды өнім болып табылады, сонымен бірге, олар тағы бір ерекше өнім - ақшамен байланысты, олардың құнын дәстүрлі түрде анықтауға болмайды.

Е. С. Стоянованың пікірінше, банктік қызмет - клиенттердің қажетсінулерін қанағаттандыру формасы, ал банктік өнім - клиентке қызметті көрсету әдісі. Осыдан барып, банктік өнімдерді, бір ғана қызмет көрсету арқылы банктің бір функционалдық бөлімшесі жүзеге асыратын қарапайым өнімдер, және күрделі өнімдер, оларды жүзеге асыруда клиентке кешенді қызмет көрсету арқылы ұзақ уақыт аралығында банктің бірнеше бөлімшелері тартыла алатын өнімдер деп бөлінеді.

Е. С. Стоянова ˝Қаржы менеджменті˝ деген еңбегінде ˝банктік триада˝ терминін енгізеді - ˝өнім - операция - қызмет˝ үш түсініктің ұштасуы. ˝Банктік триада˝ түсінігін енгізудің мақсаты - оның көмегімен ˝клиенттерге қызмет көрсетудің банктік технологиясы˝ түсінігін нақтылауға болатындығы.

Күрделілік дәрежесі бойынша Е. С. Стоянова триаданы 3 топқа бөледі: қарапайым, құрамдастырылған және біріктірілген. Олар келесі кестеде көрсетілген6:

Кесте 1- ˝банктік триада˝

Триадалар
Өнім + Операциялар + Қызметтер
Триадалар: элементарлы
Өнім + Операциялар + Қызметтер: қарапайым
типтік
бұқаралық
Триадалар: құрамдастырылған
Өнім + Операциялар + Қызметтер: күрделі
кешенді
топтық
Триадалар: біріктірілген
Өнім + Операциялар + Қызметтер: жүйелі
процесске біріктірілген
жеке

Е. С. Стояновамен барлық үш түсінікті - ˝банктік операцияны˝, ˝банктік өнімді˝ және ˝банктік қызметті˝ триада көзқарасынан қарастыру қажет, алайда ˝банктік операция˝ түсінігі ˝банктік қызмет˝ түсінігінен кең болғаны дұрыс емес. Өйткені, банктік операциялардың әрбір тобына көптеген әр түрлі қызметтер сәйкес келеді, ал банк әрбір банктік қызмет бойынша белгілі бір банктік өнімдерді жасайды. Мысалы, пассивті операция бойынша банктік қызметтің бірі - жеке тұлғалардан депозиттерді қабылдау болып табылады. Нақты бір клиентпен белгілі бір мерзімге және белгілі бір проценті бар сомаға депозиттік келісімшарт жасасу - банктік өнім болып табылады. Сонымен, жоғарыдағы мысалда: операция - пассивті, банктік қызмет - жеке тұлғадан депозитті қабылдау, банктік өнім - рәсімделген депозиттік келісімшарт.

Демек, банктік триаданы, ˝операция - қызмет - өнім˝ дәйектілікпен қарастырған дұрыс.

Отандық және Ресей әдебиеттері мен тәжірибесінде ˝банктік өнім˝ термині нарықтық экономикаға өтумен пайда болды. ˝Кез-келген банктік өнімнің негізіне қандай да бір қажетсінуді қанағаттандыру қажеттілігі жатыр˝7.

Американың экономикалық әдебиеттерінде банкпен жасалған кез-келген қызметті немесе операцияны ескере отырып, банк өнімі (bank product) туралы айту қалыптасқан. Банктік өнім-клиенттерге типтік шартта ұсынылатын, жеке банктік қызмет немесе банктік қызметтердің жиынтығы. Мысалы: бағдарламалық несие, мақсатты салым, депозиттік сертификат, пластикалық карточкалар.

Ресейлік ғалымдар, маркетинг мамандары банктік өнімді банктің активті және пассивті операциялары бойынша қызметтер кешені ретінде қарастырып, банктік өнімнің 3 деңгейін бөліп көрсетеді8:

  • бірінші деңгей - негізгі өнім, басқаша айтқанда, базалық ассортимент: несиелеу, есеп-айырысулар, валютамен операциялар бойынша және т. б. қызметтер;
  • екінші деңгей - нақты өнім, немесе банктің негізгі бағытына әсерін тигізбейтін, үнемі өзгеріп отыратын ағымдағы ассортимент;
  • үшінші деңгей - кеңейтілген банктік өнім. Осы деңгейдің қызметтері клиенттермен достық қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған, оған жан-жақты көмек көрсету, сыртқы экономикалық байланыстарға қызмет көрсету, қаржы, менеджмент облысындағы шығармашылық ойлар, банкирдің жеке кеңесі, бейресми қатынас.

Екінші және үшінші деңгейдегі қызметтерді бөлу шартты болып табылады, банктік өнімнің - базалық және кеңейтілген екі деңгейі туралы айтқан дұрыс.

Өкінішке орай, банктік өнім мен банктік қызметтің қазіргі кездегі экономикалық категория ретіндегі түсіндіруі қайшы келеді. Қайшылық -атауларында, бір жағынан, бұл түбегейлі емес, алайда ары қарай зерттеу мақсатында оларды нақтылау қажеттілігі туады. Әр түрлі авторлардың көз-қарастарын зерттеп және талдау жасағаннан кейін, қазіргі кездегі банктік қызметтің жиі кездесетін анықтамасы келесідей. Банктік қызмет - бұл клиент мүддесі үшін клиентке қызмет көрсетудің бірыңғай технологиясымен біріктірілген банктің іс-әрекет жиынтығы, басқаша айтқанда, клиенттің банктік қызмет көрсетуде қажеттілігін қанағаттандыруға, сонымен бірге банк рентабельділігін жоғарлатуға бағытталған банктің қызметі.

Экономикалық категория ретінде банктік қызмет банк (қызметтерді өндіруші) пен клиент (қызметтерді тұтынушы) арасындағы белгілі бір экономикалық қатынастарды білдіру қажет. Атап өту керек, нарықтық экономикада осы қатынастар келісім негізде құрылады. Сонымен қатар, тараптардың әр қайсысы белгілі бір мақсатты көздейді. Клиент үшін - бұл қандай да бір қаржылық қажеттіліктерді (мысалы, өзінің бос ақша қаражаттарын сақтап, пайыздық табыс алу үшін орналастыру, немесе керісінше, қосымша қарыз ақша қаражаттарына деген қажеттілікті қанағаттандыру) қанағаттандыру, коммерциялық банк қызмет көрсету арқылы клиентпен пайда алуға жәрдемдесу. Банк осы қатынастарға табыс алу мақсатында, моменталды (комиссиялық операциялар бойынша қызмет көрсету кезінде, мұнда комиссиялық сыйақы түріндегі табыс шотына есепке жатқызылады) немесе болашақтағы (несиелеуден пайыздық табыс) табыс алу үшін кіріседі. Банк пассивті операциялар бойынша қызметтерді көрсету кезінде болашақ активті операциялардың фундаментін қалыптастыратын, өзінің ресурстық базасын құрайды және кеңейтеді. Нарықтық экономика жағдайында әрбір банктік қызмет табыс алып келуі тиіс, өйткені коммерциялық банктерді құрудың басты мақсаты - пайда алу болып табылады.

Жоғарыда аталғанды қорытындылай келе, банктік қызметтер банк персоналының іс-әрекеттері арқылы ресурстық базаны кеңейтуге және банкке табыс әкелуге бағытталған, клиенттердің қаржылық қажеттілігін қанағаттандыру жөніндегі банк пен клиент арасындағы экономикалық қатынастар.

Банктік өнім - аяқталған сипаты бар және банктің клиентке қаржылық, заңдық және ұйымдастырушылық іс-шаралар арқылы қызмет көрсету кезінде өзара іс-қимылды реттейді. Яғни, банктік өнім банк қызметінің клиенттерге қызмет көрсету бойынша нәтижесі болып табылады. Мысалы, нақты бір заңды тұлғамен рәсімделген несиелік келісімшарт банк пен қарызгердің қолы қойылып, мөрмен расталған болса, банктік өнім болып табылады, яғни банк қызметінің несиелеу бойынша қызмет көрсетудің нәтижесі.

Банктік қызмет пен банктік өнімнің ұқсастығы, клиенттің қаржылық қажеттілігін қанағаттандырады. Алайда, айта кету керек, банктік қызмет бірінші ретті сипатта, ал банктік өнім - екінші ретті. Банктік қызмет материалдық жақтан болмашы, ал өз кезегінде банктік өнім елеулі.

Енді қазіргі кездегі әдебиеттерде кездесетін банктік қызметтердің жіктелуін (классификация) қарастырайық.

Қазіргі кездегі экономикалық әдебиеттерде көрсетілген банктік өнімді жіктелуі үлгілерінің елеулі жетіспеушілігі бар: ол жіктелудің бір ғана критерийін болуы. Бұл нарықтық экономика жағдайында қолданылуы мүмкін емес, өйткені нақты банктік қызметтің түрін белгілеуге мүмкіндік бермейді, ал бұл жағдай оны жетілдіру жолдарын жасауды күрделендіреді.

Мысалы, американдық маркетологтар банктік қызметтердің 4 деңгейін бөліп көрсетеді9.

пайдалы кешенді кеңейтілген күрделі

Сурет 1 - Банктік қызметтердің жіктелімі

Жоғарыдағы суретте банктік қызметтердің келесі жіктелімі көрсетілген:

- 1 деңгей - көпшілік тұтынушылармен, басқа адамдардың көмегінсіз бағалана алатын пайдалы қызметтер;

- 2 деңгей - кешенді түрде көрсетіле алатын, оларды түсіну үшін арнайы дайындық деңгейін талап етпейтін қызметтер;

- 3 деңгей - жете техникалық білімді немесе мамандандырылған кеңесті алу мүмкіндігін талап ететін кеңейтілген қызметтер;

  • 4 деңгей - өнімді сатып алу жағдайын ескере отырып, тұтынушының айналасындағы банктік өнімдер туралы арнайы білімді қажет ететін күрделі қызметтер.

Ресей экономистері сондай-ақ банктік қызметтердің 4 деңгейін бөліп көрсетеді, алайда оларды өткізу жағынан жіктейді10:

Сурет 2 - Банктік қызметтердің жіктелімі

Жоғарыдағы суретте банктік қызметтердің келесі жіктелімі көрсетілген:

- түпкі ой бойынша қызмет, бұл банк өзінің және өзінің клиенттерінің пайдасына жүзеге асырылған қызметтер;

- нақты орындаудағы қызметтер (қызметтер жиыны), бұл банк ұсынатын және өзінің клиенттеріне ұсынатын қызметтер;

- қосымша күші бар қызметтер, яғни клиенттерге сервистік қызмет көрсетудің барлық түрін кіріктіретін қызметтер, мысалы траст, лизинг т. б. сияқты дәстүрлі емес банктік қызметтерді рәсімдеген кезде ерекше жағдайлар;

- қоғамдық мойындауын алған қызметтер, яғни сәтті бәсекелестік күресті сипаттайтын, банктің беделін қалыптастыратын, қызметтерді дамытуға және пайда әкелуге мүмкіндік беретін қызметтер.

Кейбір экономистер банктік қызметтерді жіктеудің келесі нұсқасын ұсынады:

  • банктердің материалдық қызметтері - бұл ақша-несие айналымы жүйесінде несиелік ұйымдардың функционалдық ролін сипаттайтын қызметтер. Банктік қызметтердің кешенді сипаты банк қызметінің әмбебаптығын көрсетіп, банктер бір қызметті көрсету кезінде, бір уақытта клиенттерге бірқатар өзара байланысты қызметтерді көрсетеді. Коммерциялық банктердің материалдық қызметтеріне жататындар: несиелік, операционды, инвестициялық, есеп-айырысу, факторингтік, лизингтік, траст және т. б.
  • банктердің таза қызметтері - бұл тұлғаға бағытталған қызметтер (кадрларды даярлау, кеңес беру қызметтері, талдамалы зерттеулер) .

Әр түрлі авторлардың көзқарастарын қарастырғаннан кейін, нарықтық қатынастар жағдайында банктік қызметтерді келесі критерийлер бойынша жіктеуге болады:

Банктік қызметтің ерекшелігіне байланысты:

- арнайы - банктерді қаржылық-несиелік институттар негізінде сипаттайтын өзгешелік;

- арнайы емес, немесе көмекші сипаттағы қызметтер, мысалы экономикалық және заңды, ақпараттық-анықтамалық, аналитикалық және т. б. сұрақтар бойынша кеңес беру;

Банктік операциялардың сипатына қарай:

  • пассивті операциялар бойынша қызметтер;
  • активті операциялар бойынша қызметтер;
  • делдалдық операциялар бойынша қызметтер.

Алатын табыстардың және жасалатын шығындардың түрлеріне қарай:

  • проценттік операциялар бойынша;
  • проценттік емес операциялар бойынша қызметтер.

Клиенттердің категорияларына қарай:

  • жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтер;
  • заңды тұлғаларға көрсетілетін қызметтер.

Клиентке жеке қызмет көрсету дәрежесіне байланысты:

  • жеке қызметтер, яғни нақты бір клиентке көрсетілген қызметтер;
  • бұқаралық тұтынуға арналған әмбебап қызметтер.

Күрделілік дәрежесіне қарай:

  • қарапайым - банктің бір функционалдық бөлімшесін жүзеге асыратын қызметтер;
  • кешенді - жүзеге асыруда банктің бірнеше бөлімшелері қатысатын қызметтер.

Табыстылық дәрежесі бойынша:

  • моменталды табыс әкелетін қызметтер, мысалы, коммуналдық төлемдерді қабылдау (қазіргі кезде банктер коммисиялық сыйақының тұрақты мөлшерін белгілеп, қызмет көрсету кезінде ˝Банктік табыс˝ шотына есепке жатқызылады;
  • белгілі бір уақыт аралығында табыс әкелетін қызметтер (мұндай қызметтерге несиелеуді жатқызуға болады, өйткені несие бойынша проценттік табыс белгілі уақыттан кейін, несиелік шартта белгіленген проценттік төлем графигіне сәйкес алынады) ;
  • табыс әкелмейтін табыстар. Оларға депозиттерді қабылдау бойынша қызметтерді жатқызуға болады, олар банкке тікелей табыс әкелмейді, тек ресурстық базаны кеңейту мақсатында жасалады.
  • Қызметтер үшін төлем;
  • ақылы;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық банктер
Банк клиенттері
Банктік қызметтер нарығын кешенді зерттеу негізінде, отандық және шетел тәжірибесін талдай отырып, халыққа банктік қызмет көрсетуді жетілдіруге бағытталған әдістемелік және тәжірибелік ұсыныстары
Несиелік мекемелердің түрлері
Базалық банктік қызметтерді дамыту
Қазақстан Республикасындағы банктік қызметтер нарығы
Несиелік тәуекелдерді басқару әдістері
Сегменттеу – банктік маркетинг тиімділігін арттыру ретінде
Банк қызметінің жобалауын басқару
Коммерциялық банктегі сервистің дамуының теоретикалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz