Банктік маркетингтің теориясы және оның маңыздылығы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 БАНКТІК МАРКЕТИНГТІҢ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ . . . 6

1. 1 Банктік маркетинг теориясы және оның даму эволюциясы . . . 6

1. 2 Банктік маркетингтік қызметтерді ұйымдастырудың негізгі элементтері мен тәсілдері . . . 10

1. 3 Банктік маркетингтің әлеуметтік - экономикалық мәні және оның концепциясы . . . 15

2 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ «НҰРБАНК» АҚ МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 19

2. 1 «Нұрбанк» АҚ ның эволюциялық дамуына маркетингтік сипаттама . . . 19

2. 2 «Нұрбанк» АҚ ның жалпы шығындарымен табыстарын, активтері мен пассивтерін талдау . . . 26

2. 3 «Нұрбанк» АҚ ның маркетингтік қызметін жетілдіру жолдары . . . 29

3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕ МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ БАҒЫТТАРЫ . . . 38

3. 1 «Нұрбанк» АҚ-ның маркетингтік қызмет көрсетуінің басты бағыттары . . . 38

3. 2 «Нұрбанк» коммерциялық банктің қызметтерін салыстырмалы талдауы . . . 51

3. 3 Факторинг коммерциялық банктердің маркетингтік қызметін жетілдірудегі ең тиімді бағыттары . . . 56

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 64

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 66

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі қазіргі уақытта Қазақстан банк жүйесіндегі жағдайы әлемдік дағдарыстың әсерімен жаңаша бағытта дамып жетілуі маңызды. Ел экономикасын дамытуда коммерциялық банктердің экономикаға тигізетін әсері өте жоғары. Олар нарық жүйесін дамыта отырып, елдің әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартуда маңызды орынды алады.

Коммерциялық банктердегі маркетинг бүкіл банктің дамуына, оның болашақтағы табысытылығы мен тиімді қызмет атқаруына жол ашады.

Дамыған елдерде банктік маркетингті шаруашылықтың тиімділігін көтеруде, сондай ақ қоғамның дамуында маңызды факторларға жатқызады.

Шетел банктердің тәжірибесіне қарасақ, банк қызметінің алға басуын қамтамасыз ететін стратегиялық бағдарламалармен қатар, олардың менеджменттік, маркетингілік белсенділігінің дәрежелерін жеке дара қарауымыз керек. «Маркетинг» түсінігі нарық, яғни нарықта шаруашылық субъектілерінің дамуындағы негізгі де тиімді бағыттары. Осыған байланысты банктік маркетинг деген сөз, банктің және оның ұжымының қызметтерінің нарықта және ұйымдастырылуы деуге болады.

Қазақстан Республикасындағы банк секторының дамуы қаржы жүйесінің ең табысты және тұрақты элементтерінің бірі болып табылады. Біздің банк жүйеміз ТМД елдерінің ішінен алдыңғы қатарлы деп саналып, Ресейдің банк жүйесінен кейбір көрсеткіштері мен жетілу жолдары арқылы көп уақыт бойы алда тұрды. Сондықтан банк маркетингінің мәселелерін ашып көрсетуіміз қазіргі уақытта өзекті болып саналады.

Банк маркетингі нарықтың ерекше стержені ретінде тек дамыған нарықтық экономика жағдайында ғана пайда болады. Банк операцияларының өркениетті елдерде қабылданған деңгейге дейін жетуі келесі қызметтердің болуымен сипатталады:

- бағалы қағаздармен,

- несиелік карточкалармен,

- валютамен жүргізілетін операциялар,

- басқа банктер мен коммерциялық құрылымдардың акцияларын тарату мен үнемдеуге көмектесу,

- клиенттерге олардың қаражаттарын рационалды түрде салуға, инвестициялық жобаны бағалауға көмектесу,

- лизинг,

- факторинг басқа да қызметтер.

Нарықтық экономика несиелік мекемелер арасындағы қаржылық нарықтағы нақты бәсекеге негізделген, кәсіпорындарды мемлекеттік қаржыландыруға көшетін, инфляцияға әкелетін, нақты инвестициялық жобалар мен бизнес - жоспарларды нарықтық механизммен несиелендіру, жаңа тауар массасын құруға көзделген банк маркетингі арқылы жүріп отырады.

1991 жылы Қазақстанның алдында тарихи өзгерістер болды. Еліміз нарықтық экономикалық қайта құрулар жолында халық бірлігіне, әлеуметтік әділеттілігін және қоғамның барлық күштерінің бірігуінің қағидаларына негізделген тәуелсіз, егеменді мемлекет құруға бет алды. Бұл баламасы жоқ, революциялық қадам болды: социалистік әкімшіл - әміршіл басқару негізінде экономикаға пара - пар жаңа шаруашылық жүйесін құру.

20 жыл ішінде егеменді Қазақстан терең экономикалық дағдарысты және сонымен байланысты халықтың өмір сүру деңгейін елеулі төмендететін барлық қызметтер мен тауарлар бағаларының күрт өсуі, бұрын байқалмаған жұмыссыздықты басынан кешірді.

Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде.

Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта бастады. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Оқтын-оқтын айналып соғатын әр деңгейдегі дағдарыстарға еліміз бұған дейін де төтеп беріп келді.

Тәуелсіздік шежіресін парақтасақ, күйреген кеңестер империясының орнына жаңа мемлекет құру бізге оңайға түскен жоқ. Туралап қалған экономиканы қайта қалпына келтіру, оны жаңаша даму жолына түсіру - тақыр жерден тау тұрғызғанмен бірдей еді. Ел болып ол қиындықтарды да еңсеріп өтті. Өткен ғасырдың соңында Шығыс Азияда басталған кезекті дағдарыс тұсында тәуелсіздігіміз тағы бір сынаққа түскен болатын. Дер кезінде қабылданған дұрыс шешім, ұтымды іс-қимылдың арқасында еліміз одан да аман-есен өте шықты. Еліміз осылайша сындарлы жылдар мен күрделі кезеңдерде лайықты тәжірибе жинақтап, ысылып, шыңдала түсті. Ел дамуының жаңа бағыттарын айқындап, қарыштап алға басумен болды. Сол сияқты қазіргі әлемдік дағдарыс та өткінші құбылыс. Халқымыз мұндай күйзелістер кезінде “көппен көрген ұлы той” деп, сабыр сақтап, ынтымақ-бірлігін бекіте түскен. Қиындықтарды бірлесіп жеңіп отырған.

Мемлекет дағдарыстың алдын алудың барлық шараларын жасауда. Ұлттық қордан бөлінген ауқымды қаражат қазір отандық экономиканың кідіріссіз жұмыс істеуіне қызмет ете бастады. Әлеуметтік кепілдіктер толығымен сақталып отыр. Олай болса, бұл дағдарыстан да біздің аман-есен өтетініміз айдай анық. Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады. Алдымызда бізді үлкен белес күтіп тұр. Ол - Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма жылдығы. Дүние дамуымен есептегенде жиырма жыл деген көп те емес шығар. Бірақ біз үшін үлкен кезең тұтас бір дәуірмен барабар. Олай болатыны, тәуелсіздік - ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты. Сол себепті тәуелсіздіктің әрбір жылының еліміз үшін мәні бөлек, маңызы айрықша. Халқымыздың басына түскен қандай да бір сынаққа қарамастан еліміз тәуелсіздігімізді нығайту жолындағы жасампаз істерімізді жалғастыра бермек. Барша қазақстандықтардың жұмған жұдырықтай бірлігінің арқасында біз алмайтын асу, біз жеңбейтін кедергі болмайды.

«Бүгінгі таңда көптеген қиыншылықтар артта қалды» деп қанағатпен айтуға да болады.

Ал диплом жұмыстың мақсаты - банк маркетингінің түсінігін қарастыру, шетел мемлекеттеріндегі банк маркетингінің ұйымдастыру шарттарын анықтап, тәжірибесін үйрену, «НұрБанкі» АҚ мысалында банк маркетингін талдау қызметтерін қарастырамыз.

Дипломдық жұмыстың міндетті болып:

- Банктік маркетингінің теориялық негізі және мәні, маңызы;

- Банк маркетингтік қызметтерін тиімді ұйымдастырудың ерекшеліктері;

- Екінші деңгейлі банктердегі маркетингтік қызметтердің бағыттары;

- «НұрБанкі» АҚ-ның маркетингті қызметтерінің ерекшеліктері;

- «НұрБанкі» АҚ-ның маркетинг қызметтерін талдау;

- Банк маркетингті жетілдірудің шетелдік жолдары;

- Банк маркетингті жетілдірудің Қазақстандық жолдары;

- Әлемдік қаржы дағдарыстарының Қазақстан банк жүйесіне әсерлері қазіргі кезеңінде банк менеджментінің жағдайын көрсетеді.

Дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі - «II деңгейлі банктерде маркетингтік қызметтерді ұйымдастыру» «НұрБанкі» АҚ мысалында.

Сондықтан дипломдық жұмыстың жаңалығы ретінде қазіргі әлемдік дағдарыс кезеңінде Банк маркетингінің Қазақстанда қалыптасуындағы кемшіліктер мен оның әсерлері басты төрт мега отандық банктердің тұралап бір орында тұрып қалуы және кішігірім банктерді біріктірудің себептерін талдаулар арқылы қарастырамыз.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдеби оқулықтардан тұрады:

Бірінші бөлімде банк маркетинггінің теориялық аспектілері және оның ерекшеліктері, банк қызметтерін нарықта тиімді ұйымдастырудың ерекшеліктері, екінші деңгейлі банктердегі маркетингтің бағыттары қарастырылды.

Екінші бөлімде «НұрБанкі» АҚ-ның маркетингтік қызметтерін талдаудан, «НұрБанкі» АҚ-ның маркетингтік қызметтерін басқару ерекшеліктері, «НұрБанкі» АҚ-ның басқару қызметтерін талдаудан және Қазақстан Банктерінің әлемдік қаржы дағдарысы кезеңіндегі рейтингтері туралы баяндалады.

Үшінші бөлімде банк маркетингінің Қазақстанда даму ерекшеліктері және оны жетілдіру жолдары, Банк маркетингін жетілдірудің Қазақстандық жолдары, Әлемдік қаржы дағдарыстарының Қазақстан банк жүйесіне әсерлері мен шетелдік тәжірибесі қарастырылды. Сонымен қатар банк маркетингін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар бар.

Жұмыстың тақырыбы жоғарғы оқу студенттеріне арналған оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерде қарастырылу дәрежесі кең. Осы дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақстан Републикасының Конституциясы, Қазақстан Републикасының банктердің қызметін реттейтін Заңдар, және басқа нормативтік-құқақтық актілер, Қазақстан Републикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу Заңы, Қазақстан Республикасы Президенттің Жарлықтары, Ұлттық Банктің Қаулылары, Ережелері, АӨҚО, оқу әдебиеттері пайдаланды.

1 БАНКТІК МАРКЕТИНГТІҢ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

  1. Банктік маркетинг теориясы және оның даму эволюциясы

Маркетингтің пайда болу тарихы көне замандарда жатыр. Маркетинг қызметінің алғашқы формасы (баға саясаты мен жарнама) ақшалай-тауарлық қатынастың қалыптасуы мен дамуының алғашқы кезінде пайда болды. Тауарлар жарнамасы туралы мәліметті Шумердің, ежелгі Мысырдың, ежелгі Месопотамия мемлекеттерінің тарихи құжаттарынан кездестіруге болады.

Мәселен, 1650 жылы «Минуи» сауда фирмасының бір қызметкері Токиода әмбебап дүкенге ұқсас дүкен ашады. Бұл дүкенде алғаш рет әр түрлі тауарлардың сұранысы мен ұсынысы, өтімді тауарлардың өндірісіне тапсырыс туралы ақпараттарды топтастыру, сатып алушының тауарды қайтып беруіне әрі өз ақшасын қайтарып алуына мүмкіндік беретін кепілдікті мерзімнің болуы, жарнама секілді бірқатар маркетингтің негізгі принциптері пайдаланылды.

Экономиканың, социологияның және басқарудың түйіскен жерінде дербес ғылым ретінде болатын маркетингтің теориялық негіздерін американдық Сайрес Маккормик (1809-1884 жж. ) жасады. Тарихта ол алғашқы комбайнды құрастырушы ретінде белгілі. Тек техникалық білімі болса да, ол нарықты зерделеу және талдау, баға саясаты мен сервистік қызмет көрсетудің негізгі түрлері мен оларды таңдау секілді казіргі заманғы маркетингтің бағыттарын құрып кетті. Мұның бәрі «Интернешнл Харвестер» фирмасының өркендеуіне әкелді.

XX ғасырдың 20-30-жылдарында маркетингке қатысты көптеген жарияланымдар пайда болды. Ағылшын экономисі Еджеми Маккарти маркетинг мазмұнын түсіндіріп беруге арналған үлгіні ұсынды. Бұл үлгі - тауар (product) ., бага (ргісе), нарық (рlасе) пайда (profit) - негізгі төрт элемент бойынша «4-Р» атауына ие болды.

Маркетинг кәсіпкерлік қызметтің түрі ретінде өнеркәсіпте 50-ші жылдары кеңінен тарағаны мәлім. Банк саласына ол 60-шы жылдары банк қызметін еңбек жемісін сақтайтын әрі белгілі бір қызмет көрсетулерге деген қажеттіліктерді қанағаттандыратын сала ретінде әйгілеген жарнама компаниясынан кейін ене бастады.

1970-ші жылдары маркетингтің маңыздылығын бағалаған банктер өздерін және өз қызметтерін жарнамалай бастады. Бұл уақытта жекелеген банк қызметінің маркетингісі пайда болды.

Кейінгі 80-ші жылдар банк маркетингісінің коммерциялық банктерді басқарудың тұтас жүйесі ретінде ресімделеуімен сипатталды. Бүгінгі таңда банктер маркетингтің әдістері мен тәсілдерін пайдаланып жүр.

Маркетинг дегеніміз не және оның банк саласына енуіне не себепкер болды?

Америкалық маркетинг ассоциациясы берген маркетинг анықтамасы кеңінен тараған.

Маркетинг-бұл тауарлар мен қызмет көрсетулердің ағынын өндірушіден тұтынушыға бағыттайтын кәсіпкерлік қызметтің түрі. Ол тек нарыққа және нақты тұтынушыға қажетті өнімдерді өндіруге әрі өткізуге бағдарланады.

АҚШ-та маркетингке жұмсалатын шығын тауардың түпкілікті бағасының, шамамен алғанда 60%-ін құрайды. Бұл бүгінгі күнгі жағдайдағы маркетингтің маңыздылығын көрсетеді. Әлбетте өндіруші тек аса қажет жағдайда ғана мұндай шығыс шығаратынын ескеруіміз керек: ол (өндірущі) нарықтан өз орнын алып, бәсекелестік күресте басқаларына төтеп беруі тиіс.

70-шы жылдары күшейген банк жүйесіндегі бәсекелестік стратегиялық жоспарлаудың және маркетинг принциптерін пайдаланудың объективті қажеттілігін тудырды.

Бәселестіктің күшеюіне әлем экономикасындағы белгілі бір тенденцияның дамуы себеп болды. Оның негізгілері:

1. Банк институттарының интернационалдануы. Олардың аса ауқымды өсу мүмкіндіктері мен дамуы банктердің көп ұлтты сипатқа ие болуына, олардың шетелдік нарықтарға шығуына әкелді. Бұл өз кезегінде әлі күнге дейін ұлттық аяда қалған көптеген проблемаларға интернационалдық сипат берді.

2. Барлық елдерде банктерге бәсекелес болып табылатын көптеген банктік емес мекемелер пайда болып, дамыды.

3. Банк индустриясының әртараптануы (жан-жақты дамуы) . Банк көрсететін қызмет спектрі ұлғайды әрі ақшалай қаражатты қарызға алудың (мәселен, облигация шығару) банктік емес әдістері дамыды.

4. Ақпараттық технологияның және коммуникация құралдарының осы заманғы техниканың негізінде (базасында) дамуы қаржылық институттардың аймақтық және ұлттық қызметін кеңейтті.

5. Банк жүйесінің өз ішінде, сондай-ақ банктер мен банктік емес институттар арасында қаражат тарту және несие беру бойынша бәсекелестік күшейді. Банктік қызмет көрсету нарығындағы бәсекелестік өнеркәсіптегі бәсекелестікке қарағанда кешірек (кейін) пайда болса да, банк жүйесіндегі бәсекелестіктің формалары мен қарқындылығы, ішінара алғанда басқа салаларға тән кіру барьерінің (мысалы, патенттік қорғау) болмауынан әр түрлі әрі жоғары.

6. Мемлекеттік реттеумен байланысты банктік қызмет көрсету нарығында бағалық бәсекелестікке шектеу қойылған, сондай-ақ процент мөлшерінің белгілі бір шектен аса алмауы да өз әсерін тигізбей қоймайды. Егер банк процент мөлшерін жоғары белгілейтін болса, пайда ала алмай қалады. Бірінші планға банк өнімінің сапасын басқару және оны нарықта жылжыту проблемасы шығарылады.

Әрине, бұл тек банктік қызмет көрсету нарығының және ондағы банк маркетингісін белсенді дамытуға банктерді мәжбүрлейтін бәсекелестіктің жалпы даму заңдылығы ғана.

Осы тенденциялардың дамуы нәтижесінде қаржылық қызмет көрсетулер мен өнімдер бүкіл әлемде біркелкі тұрпатқа (типке) айналды. Осының салдарынан банктің өз араларында және басқа несие институттарының арасында бәсекелестік күрес айтарлықтай күшейді. Бәсекелестіктің күшеюі банктердің пайдасын кемітті. Банктер нарықтағы өз позициясын сақтап қалуы үшін әрі жаңа позицияны жаулап алуы үшін өздері жүргізіп отырған несие саясатын тұрақты түрде ырықтандырып отыруға және осыған орай қатердің көбісін өз мойындарына алуға мәжбүр. Қатердің көбеюі де коммерциялық банк табысының азаюына өз әсерін тигізеді. Осыған байланысты банктер маркетинг стратегиясың жасауға, жаңа қызмет түрлерін игеруге, әрбір клиент үшін күресуге ұмтылады.

Әрине, банктер маркетингтің көптеген тұжырымдамалық принциптерін өнеркәсіптен алды, өйткені, маркетингтің негізгі мақсаты, міндеттері, әдістері және тәсілдері нарық жағдайында жұмыс істейтін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерде бірдей, яғни, бір-біріне ұқсас, сәйкес болып келеді.

Сонымен бірге банк өнімінің, яғни банк орындайтын кез келген операция мен кез келген қызмет көрсетудің өзіндік ерекшелігіне сәйкес айырмашылықтар болады. Осы өзіндік ерекшеліктерді ескере отырып, банк маркетингісіне анықтама берейік.

Банк маркетингісі - бұл клиентураның нақты қажеттіліктерін ескере отырып, банк өнімдерінің ең тиімді әрі пайдалы нарықтарын іздестіруге және пайдалануға бағытталған қызмет түрі.

Пайданы тұрақты түрде өсіріп отыру, клиентураны тарту, өз қызметтерін өткізудің салаларын ұлғайту, нарықты жаулап алу кез келген банктің мақсаты болып табылады. Бүгінгі таңда банктің әрбір басшысы мен әр маманы маркетингтің сарапшысы болуы керек. Банктің барлық персоналы қаржылық қызметгерді өткізетін сатушыға айналуы қажет.

Банк саласындағы маркетинг несие ресурстарының нарығын зерделеуге, клиенттің қаржылық жағдайын талдауға және осы базада (негізде) банкке салым ақшаны тартудың мүмкіндіктерін, өзгерістерді болжауға, сондай-ақ, жаңа клиенттерді тартуға, банктің қызмет көрсету салаларын ұлғайтуға септігін тигізетін шарттармен қамтамасыз етуге бағытталады.

Банк саласында салымшылардың санын арттыруды ғана көздемейтін, сонымен бірге қызмет көрсетудің сапасын ұдайы жақсартып отыруды мақсат тұтатын біріктірілген маркетинг (интегрированный маркетинг) басымдыққа ие болып келеді. Банк саласындағы маркетингтің өзіндік ерекшелігі мынада: Коммерциялық банктер салымшылардың қаражатын тартуға ғана мүдделі емес, сонымен қатар олар тартылған қаражатты әр түрлі кәсіпорындарды және т. б. несиелеу арқылы белсенді пайдалануға да мүдделілік танытады. Бұл маркетингті коммерциялық банктердің салымшылармен қатынасында және несие салымында кешенді түрде дамытудың қажеттілігін тудырады. Бұл екі саланың мақсаттары әр түрлі:

  • біріншісі - банкке клиентті салымшы ретінде тарту;
  • екіншісі - банк үшін ресурстарды ең тиімді жолмен пайдаланатын салаларға несие ресурстарын бағыттау.

Банк маркетингісі түпкі есебінде бірыңғай мақсатты жүзеге асыруға - табысты және шаруашылықтағы уақытша босаған ақшалай қаражатты ұғымды пайдалануға бағытталады.

Бүгінде маркетинг - бұл тиянақты дайындауды, терең әрі жан-жақты талдауды, басшыдан бастап төменгі буынға дейінгі барлық банк бөлімшелерінің белсенді жұмысын қажет ететін банктің стратегиясы мен философиясы.

Банктер ең алдымен өз өніміне емес, клиенттердің нақты қажеттіліктеріне бағдарлануы керек. Сол себепті де нарықты бүге-шегесіне дейін зерделеп, клиенттердің банк қызметіне қатысты өзгеріп отыратын талғамдарын және олардың қандай қызмет түріне артықшылық беретінін талдау қажет. Әр клиентке қатысты қаржылық қызмет көрсетудің нақты формасын анықтап, әрбір мәміленің пайдалылығын көрсете білу керек.

Банктің маркетингілік қызметін жүзеге асыруға қажетті жалпы принциптері мынадай:

1. Нақты нарықтық мақсатқа - барлық банк жұмыскерлерінің қозғалыстағы еңбек мотивіне қол жеткізу.

2. Маркетинг - бұл кешенді міндеті бар жүйе (жоспарлау талдау, реттеу және бақылау) .

3. Маркетингті ағымдағы кезеңге де, алдағы кезеңге де және бір-бірімен өзара байланыстырып жоспарлау.

4. Маркетингті нақты іс жүзіне асырудың негізіне қабылданған маркетингілік

шешімдерді тұрақты түрде бақылау жатады.

5. Маркетингтің сәтті болуы әрбір жұмыскердің бастамасын және белсенділігін тұрақгы түрде ынталандырып, олардың біліктілігін арттырып отыруға байланысты.

6. Маркетингті ұжымда қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастырғанда ғана сәтті жүзеге асыруға болады.

Банк маркетингісінің негізгі мақсаттары:

1. Сұранысты тудыру әрі ынталандыру.

2. Жұмыс жоспарларын және қабылданатын шешімдерді негіздеу.

3. Көрсетілетін қызметтің ауқымын ұлғайту.

4. Банк табысын барынша арттыру және нарықтық үлесті көбейту.

Әлеуметтік фактордың рөлі артқан бүгінгі жағдайда маркетинг банк жұмыскерінің жаңашыл ойын және мақсатты бағыты бар әлеуметтік саясатты нақты техникалық тәсілдермен ұштастыратын құрал ретінде түсіндірілетін болды.

Жаңа тәсілдеменің негізінде «Барлығы клиент үшін» дейтін принцип жатыр. Банк клиенттің айтылған пайданы алуына жауапты. Басымдықтардың ішінде: ең алдымен - клиент пайдасы, содан кейін - банк мүддесі. Клиентке бағдарлану - жетістікке жеткізетін басты фактор.

Банктегі маркетингтің негізгі міндеттері:

1. Қаржы нарығында орын алып жататын ұдайы өзгерістер жағдайында банк жұмысының пайдалылығын қамтамасыз ету.

  1. Көрсетілетін қызметтің ауқымы, кұрылымы және сапасы бойынша клиенттің талап-тілегін барынша қанағаттандыру арқылы онымен тұрақты қатынасты қалыптастыру.

3. Банктің коммерциялық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік проблемаларын олардың кешенінде және өзара байланыстырып шешу.

4. Несиегерлермен әрі салымшылармен ынтымақтастық
құрудың және банк имиджін жасаудың маңызды шарты ретінде
банк өтімділігін қамтамасыз ету.

Бұл міндеттер сәтті шешімін табатын болса банктің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жақсарады.

1. 2 Банктік маркетингтік қызметтерді ұйымдастырудың негізгі элементтері мен тәсілдері

Маркетингілік қызметті ұйымдастырудың негізгі элементтері:

1. Нарықтың жағдайын және оның даму келешегін кешенді түрде зерделеу арқылы тауарлар мен қызмет көрсетулерге сатып алушының әлеуетті сұранысын жедел әрі шынайы анықтау.

2. Өнімнің жаңа үлгілерін жасау бойынша ғылыми-зерттеу қызметін тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ тұтынушылардың көптеген талап-тілегін қанағаттандыратын тиісті қызмет көрсету өндірісін ұйымдастыру.

3. Өндірісті және қаржыландыруды үйлестіру әрі жоспарлау.

4. Өнімді өткізудің және бөлудің оңтайлы жүйелерін құру әрі жетілдіру.

5. Барлық қызметті өткізуді ұлғайту шараларының аясында өзгерген жағдайларға сәйкес жүйелі түрде реттеу әрі түзету.

Маркетингінің құрамдық элементтері мен әр түрлі шараларында оның бірнеше түрі болады.

Банк маркетингісінің тәсілдері:

- клиенттермен тіл табысу;

- акционерлерге дивидендтерді және пайдалы қызметті қамтамасыз ету;

- өзге несиелік және банктік емес мекемелердің өнімдерімен салыстырғанда банк қызметін пайдалану барысында клиенттерге артықшылықтар тудыру;

- банк жұмыскерін қызмет көрсетулерді өткізуге материалдық тұрғыдан мүдделі етіп қою.

Клиентпен тіл табысу аясында банк маркетингісі белсенді маркетингке және бәсең маркетингке айналады. Белсенді банк маркетингісі мыналарды:

- тікелей маркетингті, яғни, поштаны, телефонды және теледидарды пайдаланатын белсенді жарнаманы;

- халықтың арасында, оның ішінде, көшеде сауалдама
жүргізуді;

- әлеуетті клиентпен жеке тіл табысуды, оның қажеттілігін зерделеуді, оның ішінде, оның қажетгілігін банк жұмысының процесінде зерделеуді;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Икемді және тиімді банктік маркетинг
Банктердің маркетингтік қызметіндегі көрсеткіштер жүйесі
Банк маркетингісінің негізгі мақсаттары
Банк маркетингінің қызметі - банк өнімдерін айналымға түсіру бойынша банктің маркетингтік қызметінің түрлері
Қазақстандағы банктердің маркетингтік қызметінің ұйымдастырылуы жөніндегі мәліметтерді жүйелеп, жинақтап және барынша нақты жағдайын айқындап көрсету, сонымен қатар, әлемдік тәжірибелерді Республикамыздың банк жүйесіне қолданылу мүмкіншіліктерін қарастыру
Маркетингтің ресейлік моделінің қазақстандық модельден айырмашылығы
Базалық банктік қызметтерді дамыту
Банк клиентіне жылдық
Банк жүйесіндегі маркетингтік басқарудың теориялық негіздері
Банктік маркетинг коммуникациясындағы жарнаманың функциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz