Қазақстан жеріндегі мыс-тас дәуірінің зерттелу тарихы


МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ
1. ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕГІ МЫС-ТАС ДӘУІРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ;
2. АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕРІ МЕН МӘДЕНИЕТТЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
2. 1. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН;
2. 2. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН;
2. 3. ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН;
2. 4. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН;
2. 5. СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН;
2. 6. НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Шығысында Алтай тауларынан, батысы-Еділ өзенінің төменгі ағысынан Каспийге дейін, солтүстігі-Батыс Сібір жазығынан оңтүстіктегі Тянь-Шань таулы жоталарын алып жатқан республика аумағында тас дәуірі ескерткіштері соңғы жылдары біршама жүйелі түрде зерттеліп келеді. Оларды зерттеу, даму жолдарын айқындау, тас дәуірінің, оның ішінде, энеолит яғни мысты тас дәуірінің мәселелеріне ғалымдар көзқарасының эволюциясын ашып көрсету, жүйелеу отандық археология мен тарих саласындағы аса өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Мысты тас дәуірінің зерттелу тарихына және негізгі мәселелеріне арналған бұл жұмыс ежелгі адамдардың күнделікті өмірлерінде орын алған аңшылық пен терімшілік, балық аулаушылықтың рөлі, өнім өндіру, қоныстар мен тұрақ жайлардың орналасу ерекшелігі, алғашқы қауымдық идеологияның қалыптасуы, күнделікті шаруашылықтағы тас құралдары мен қатар мыстан жасалған құралдарды жетілдіруі мен шаруашылық мақсаттағы қызметтері, ерте кезеңдегі өнер, тіпті табиғи ортаның адам санасына ықпалы секілді бірқатар ауқымды мәселелерді қамтыды. Кез-келген ғылым өзінің өткен жолдарын, даму сатыларын, жетістіктері мен кемшіліктерін жүйелі түрде зерделеп отырмай, болашағын нық айқындай алмайды.
Соңғы жылдары жарыққа шыққан іргелі еңбектерде Қазақстан тас дәуірінің сан алуан мәселелері көтеріліп келеді. Біршама жаңа мағлұматтар алынып, еліміздің территорияларынан табылған тас дәуірі ескерткіштерінің тұрақтары анықтала бастады.
Энеолит кезеңі мысты тас кезеңі болып табылады. Ол Қазақстанның барлық дерлік аймақтарында ұшырасады.
Энеолит кезеңінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену, яғни терімшіліктің орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылығы мен егіншіліктің шығуы болып табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлерінің шығуы адамзат қоғамы үшін орасан зор маңызды болды. Адамның еңбек кәсібі саласы көбейді, сонымен қатар оның сипатын сапасы жағынан өзгертті.
Энеолит дәуірінде еңбек құралдары жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды тегістеу, ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістері өмірге келе бастады. Бірте-бірте қиын өңделетін тастар тұрмысқа, шаруашылыққа пайдаланылды, тас балталар, кетпендер, дән үккіштер, келілер, келсаптар жасала бастады. Энеолит дәуірінде Қазақстан жерінде кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары шықты. Сонымен қатар керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады.
Әлеуметтік жағынан алғанда энеолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды: онда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Осы кезде тайпа бірлестіктері құрылды. Тайпалар тұқымдас жағынан және шаруашылықтың түріне қарай біріккен бірнеше рулық қауымдардан тұрды. Ежелгі Қазақ жеріндегі тайпалар аңшылықпен, балық аулаумен, өсімдіктерді жинаумен шұғылданды. Кейініректе олар мал өсіру, егіншілік және кен өнеркәсіптерін игере бастады. Адамдар мата тоқып, киім тігуді үйренді. Керамикалық заттарға геометриялық өрнектер сала білген.
Энеолит дәуірінің сипаты Еуразия тарихындағы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Бұл жөнінде отандық тарихнамада осы уақытқа дейін сан-алуан қайшылықты пікірлердің орын алып келуі, біріншіден, бұл дәуір мәселерінің өзіндік күрделілігі мен деректік көздердің әлсіздігіне байланысты болса, екіншіден мұны алғашқы қауым тарихын формациялық теория тұрғысынан пайымдауға болмайтындығымен түсіндіруге болады. Яғни, тарихи материализмнің таным мүмкіндіктерін толықтай жоққа шығарғанымен оның алғашқы қауым дамуын таптық қатынастар, өндіргіштер мен өндірістік қатынастар арасындағы диалектикалық қайшылық жөніндегі категориялар арқылы зерделеуге ұмтылысы дағдарысқа ұшырағаны анық. Сондай-ақ аталмыш дәуірге археологиялық қазба істерінің толыққанды жүргізілмеуі, әр жерден табылған ескеткіштердің жүйеленбеуі неолитке қатысты сауалдарды шешуге кедергі болып отыр [ ]
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Энеолит дәуірі жөнінде әр жылдары түрлі деңгейдегі ізденістердің материалдары жарық көргені мен, олар тарихнамалық тұрғыдан толық зерделенген жоқ болатын. Ең алғаш 1970 жылы жарық көрген Л. А. Чалаяның «Некоторые вопросы истории изучения неолита Казахстана» атты мақаласы ғана отандық неолиттік тарихнамада алғаш жазылған мақала еді [ ] . Автор жаңа тас дәуірі мен мысты тас дәуірі ескерткіштеріне жалпылама түрде шолумен ғана тоқталған болатын. Ол негізгі ескерткіштерге ғана тоқталып, А. А. Формозов, С. С. Черников, В. Н. Чернецов, П. П. Ефименко, А. П. Окладников, А. Г. Медоев, Л. Я. Крижевская, А. В. Виноградов секілді зерттеушілердің энеолитке қатысты тұстарына ғана тоқтаған болатын.
Орталық Қазақстан археологиялық ескерткіштерін кешенді түрде зерттеген Ә. Х. Марғұлан энеолит ескерткіштеріне үлкен мән берген болатын. Ол жазылған еңбектер мен архив материалдарын кеңінен қолдана отырып Солтүстік-Шығыс Қазақстан, Баянауыл, Қарқаралы, Солтүстік Балқаш территориясын, Бетпақдалада, Сарысу өзені алабында, Қарағанды мен Жезқазған өңірлерінде неолит дәуіріне зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдар еңбектерін жүйелі түрде бір ізге түсірді [ ] . Сонымен қатар Ж. Қ. Таймағамбетов, В. Н. Логвин, В. Ф. Зайберт, Т. И. Нохрина сынды танымал ғалымдардың іргелі еңбектерінде де неолит ескерткіштерінің зерттелу тарихына біршама мәселелер көтерілген. В. Ф. Зайберттің 1992 жылы жарық көрген «Атбасарская культура» атты жарық көрген еңбегінде Солтүстік Қазақстандағы В. Д. Солочинский, К. А. Ақышев, С. М. Мұхамеджанов, Г. Б. Зданович сынды ғалымдардың тас дәуіріне қатысты материалдары қаралған еді. Сонымен қатар Ж. Қ. Таймағамбетов пен Т. И. Нохринаның монографиясында Х. А. Алпысбаевтың 1959-1973 жылдар аралығында Қараүңгірде жүргізген экспедициясы мен 1992 жылы біріккен Қазақстан-Ресей археологиялық экспедициясы атқарған зерттеулер тарихы баяндалып, барлық дерлік артефактілерге ғылыми түрде талдаулар жүргізілді. Ескерткіш материалдары Орталық Азиядағы тұрақ коллекциялары мен жан-жақты салыстырылып, бірқатар ғылыми мәселелердің шешімі табылды. Алайда қай дәуір болмасын, көптеген зерттеушы ғалымдар өз ізденістерінде зерттелу тарихына көп мән бермей, әрдайым әрбір археологиялық нысандардың тас коллекциясын өздігінше сипаттап, тас бұйымдары мен құралдарына техникалық-типологиялық сараптамасын жасауға, ескерткіштер хронологиясы мен қай кезеңге жататындығын анықтауға басты назар аударған еді.
Қазақстандық және шетелдік ғалымдар, зерттеушілердің С. С. Черников, Л. А. Чалая, Л. Б. Вишняцкий, О. А. Артюхова, А. Ю. Чиндин, В. К. Мерц, В. Н. Логвин, И. Вилкова, Ғ. Т. Бексейітов, Ғ. Ысқақов ғылыми еңбектері мен диссертациялық жұмыстарында Қазақстан тас дәуірі мәселелері біршама қарастырылған еді. Аты аталған зерттеушілер өз еңбектерінде азды-кемді тарихнамалық мәселелер көтерілген.
Қазақстан жерінің энеолит кезеңінің 70 жылдық зерттелу тарихына қарамастан, Қазақстанның басты екі энеолит аймағы территориясына нақты түрде толық кешенді зерттеу жұмыстары жүргізіле қойған жоқ. Қазба жұмыстарын жүргізген мамандар тек қана қысқада тарихнамалық очерктер мен ғана шектелген. Солтүстік Қазақстан өңіріне С. С. Калиева мен В. Н. Логвин өз еңбектерінде зерттелу тарихына назар аударған еді. Ескерткіш территориясы Солтүстік Қазақстан территорясының, Ақмола, Қостанай, Павлодар жерлерін қамтиды. Солтүстік Қазақстан жерінде зерттеу жұмыстарын жүргізу нәтежиесінде Ботай мәдениеті, Красный Яр, Қожай-1 сынды ірі тарихи тұрақтардың орны ашылуы мен ерекшеленді. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстанның энеолит ескерткіштері мен Орал маңы ескерткіштерінің өзара ұқсастықтарын қазба кезінде алынған заттай деректерге қарап, өзара екі мәдениетті салыстыра отырып, ортақ бір мәдениеттің болғанына ғылыми түрде көз жеткізу.
Энеолит, тарихи кезең ретінде, солтүстік Қазақстан мен Орал маңы территорияларында ғана кеңінен таралған. Ең негізгі мәселесі: екі территорияда орналасқан ортақ мәдениетті жан-жақты, толыққанды зерттеу жұмыстарын жүргізу, кезеңдеу болып табылады.
Еліміздің территориясын мекендеген байырғы тұрғындарының неолит-энеолит кезеңіндегі тарихи үрдісін зерделеу барысында ғылыми-методологиялық негізде жан-жақты түрде талдана жазылған еңбектер жоқтың қасы. Әсіресе, ана тілімізде бұл еңбектер жуық арада шыға қоймайтын сияқты. Қазіргі таңда отандық археология саласында ең алдымен қазақша әдебиеттер тізімі жарық көргені дұрыс.
Диплом жұмысының деректік негіздері. Көне тарихтың мәселелеріне арналған отандық және шетелдік зерттеушілердің теориялық-концептуалдық көзқарастары көрініс тапқан мақала, монография, рецензия, шолу және басқа да ғылыми шығармалардың формалары жұмыстың деректік негізін құрайды. «Қазақстанның неолит-энеолит ескерткіштерінің зерттелу тарихы» тарихы басқа дәуірлерге қарағанда, негізінен, археологиялық материалдар бойынша ғана толымды түрде өрбітіліп келеді. Сол себепті де зерттеудің деректік негізін ең алдымен археологиялық дереккөздерін талдаған зерттеушілердің еңбектері, содан кейін барып көне жазба деректері бойынша ой толғамдарын жасаған ғалымдардың ізденістері құрайды.
Басты дерек негізін Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институты мұрағатының қорлары және ғылыми басылымдарда жарияланған бірқатар археологиялық экспедициялар мүшелерінің еңбектері құрайтындығын айта кету керек. Осы орайда өткен ғасырдың алғашқы жартысынан бастап Қазақстан аумағында далалық ізденістер жүргізген археологиялық экспедицияларды атап кетуге болады: Арал-Хорезм археологиялық-этнографиялық экспелициясы (жетекшісі-С. П. Толстов), 1947 жылы КСРО ҒА Материалдық мәдениет тарихы институты мен ҚазКСР ҒА Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты ұйымдастырған Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы (мүшелері- С. С. Черников, А. А. Крылова, Э. Р. Рыгдылон, И. И. Гохман), 1958-63 жылдар аралығында ҚазКСР ҒА-ның Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының Қаратау отряды (жетекшісі- Х. Алпысбаев), ҚазКСР ҒА Қ. Сәтпаев атындағы ГҒИ-ның Солтүстік-Балқаш маңы геологиялық-геоморфологиялық экспедициясының (жетекшісі- А. С. Сәрсеков) палеолит отряды 1963 жылы Сарыарқадағы Балқаш-Ертіс отряды, 1963 жылы КСРО ҒА-ның Закаспий экспедициясының Маңғыстау отряды, 1967-1969 жылдары КСРО ҒА АИ-ның Ленинград бөлімшесінің Астрахань экспедициясы (жетекшісі- А. Н. Мелентьев) Батыс Қазақстан барлау экспедициясы, Орталық Қазақстандағы Нұра мен Сарысу өзендерінің алабында орталыққазақстандық геология басқармасының Сокур отряды ( жетекшісі- М. Н. Клапчук), 1983-89 жылдар аралығына Қарағанды мемлекеттік университетінің археологиялық экспедициясын басқарған А. Чиндиннің отряды, Орталық Қазақстан археологиялық тас дәуірі ескерткіштерін зерттеу отряды (жетекшісі-Ж. Қ. Таймағамбетов), 1985 жылы Маңғыстау тарихи-өлкетану мұражайы мен Ш. Ш. Уәлиханов атындағы ТАЭИ-ның тас дәуірі ескерткіштерін зерттеу отряды (жетекшісі- Ж. Қ. Таймағамбетов), 1989-90 жылдары Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы отрядының мүшелері (З. Самашев, Ж. Қ. Таймағамбетов), Өткен ғасырдың 90-шы жылдарында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Ә. Марғұлан атындағы Археология институтына тиесілі Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясының Маңғыстау отряды, 1968 жылы М. Н. Клапчук басшылық еткен археологиялық экспедиция, ҚазКСР ҒА-ның ТАЭИ-ның Шүлбі археологиялық экспедициясы, Мәскеу Мемлекеттік университетінің Хакас археологиялық экспедициясының Солтүстік Қазақстан отряды (жетекшісі- Л. А. Чалая), 1977 ҚазКСР ҒА-ның ТАЭИ-ның Шүлбі археологиялық экспедициясы, 1978 жылы ҚазКСР ҒА-ның Қ. И. Сәтбаев атындағы Геология институтының Оңтүстік Торғай экспедициясы, 1981 жылы Ш. Ш. Уәлиханов атындағы ТАЭИ-ның Семей археологиялық экспедициясы (жетекшісі- Ж. Қ. Таймағамбетов), 1973 жылы Қостанай педиституты экспедициясының энеолит отряды ( жетекшісі- В. Н. Логвин), 1984 жылы Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы, ХХІ ғасырдың басында жүргізілген Орталық Қазақстан археологиялық ( нақты айтқанда 2001 жылы) экспедициясының ( жетекшісі- Ж. Қ. Құрманқұлов) отряды ( Д. Байқонақов, О. Артюхова, Ғ. Бексейітов), 1992 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданындағы Қараүңгір тұрағында қазба жұмыстарын жүргізген біріккен Қазақстан-Ресей археологиялық экспедициясы, Шымкент облыстық мұражайы мен Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ- біріккен археологиялық экспедициясының отряды, Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы ( жетекшісі- В. Н. Логвин, С. С. Калиева) т. б. ғылыми экспедициялардың нәтежиесінде зерттеу жұмыстары жүргізіліп, олардан алынған материалдар көбінесе күрделі бір жағдайды анықтауға қолданылды. Түйіндері түйіткілді жайттарды шешуге атсалысқан мамандардың ізденістері, әсіресе Қазақстанның неолит-энеолит дәуірлеріндегі жинақталған мәселелерді кеңінен шешуге атсалысты.
Диплом жұмысының теориялық-методологиялық негізі. Алға қойылған мәселелерді ғылыми тұрғыдан талдап, көрсету үшін археология ғылымының методологиялық зерттеу тәсілдері пайдаланылды. Атап айтқанда археологиялық деректерді тарихи, объективтілік тұрғыдан қарастыру, салыстырып талдау принціпі қолданылды. Қазақстандағы және Кеңес өкіметі кезіндегі жиналған археологиялық деректерді, дерек көзі ретінде сынау, яғни алғышарттарын, сақталу формалары мен ерекшеліктерін көрсету, олардағы мәліметтерді сыннан өткізу арқылы археологиялық деректердің бейнелену дәрежесін, ақпараттардың шынайлық деңгейімен толықтығын анықтау сияқты теориялық-методологиялық қағидаларға, ғылыми зерттеудің обьективтілік, жалпы ғылыми принціптеріне, арнайы және нақты ғылыми таным заңдылықтары мен тәжірибелерге негізделген.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақстан территориясында орналасқан ежелгі неолит-энеолит ескерткіштерін кешенді түрде зерттеу, олардың хронологиялық ерекшеліктерін жан-жақты сипаттай отырып, ғылыми тұрғыда талдау. Бұрынғы және қазіргі танда жүргізіліп жатқан археологиялық экспедициялардың қорытынды мәліметтері мен қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге сүйене отырып, Қазақстанның барлық территорияларынан кездесетін неолиттік тұрақтар мен энеолитттік Солтүстік Қазақстан мен Орал маңы территорияларында орналасқан тарихи мәдениеттерді археологиялық тұрғыдан салыстырмалы түрде зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға келесідей міндеттер қойдық:
- Қазақстан жеріндегі неолиттік-энеолиттік ескерткіштерінің аймақтық таралу ерекшеліктерін сипаттау;
- Тұтас Қазақстан территориясын қамти отырып, неолит-энеолит ескерткіштерін жекелеген аймақтар (Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік, Орталық, Солтүстік және Батыс өңірлері) бойынша жүйелеп, баяндау;
- Қазақстандағы неолит-энеолит ескерткіштерінің негізгі ортақтастықтары мен ерекшеліктерін жан-жақты сипаттап, талдау;
- Қазақстандағы неолит-энеолит ескерткіштерін кезеңдеу мен мерзімдеу мәселелерін айқындап, саралау.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шегі. Жұмыс XIX ғасыр ортасынан XXI ғасырдың басына дейінгі аралықты қамтиды.
Жұмыстың территориялық шеңбері. Зерттеу жұмысына қазіргі Қазақстан Республикасының жер аумағы түгелдей кіреді. Кейбір жайттарға байланысты мәселе көтерген кезде оған аумақтық тұрғыдан шектеу қоюға болмайтындығы да белгілі. Өйткені негізгі мәселелерді шешу және оларға қатысты қосымша сауалдарды айқындау, нақтылау және толықтыру барысында республикамен шектесіп жатқан барлық өңірлердегі тарихи процестерге назар аударылмаса, мәселенің байыбына бара қою қиын екендігі де анық. Сол себепті де іргелес өңірлердегі тарихи дамуға да көңіл бөлінді.
Диплом жұмысының құрылымы. Зерттеу оның мақсаты мен міндеттерін, тақырып мазмұнын жан-жақты ашуға мүмкіндік беретіндей етіп құрылған. Диссертация кіріспе бөлімнен, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
1. ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕГІ МЫСТАС ДӘУІРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
Негізінен ең алғашқы Қазақстан жеріндегі энеолиттік ескерткіштер, нысандар XIX ғасырдың орта тұсынан бастап белгілі бола бастады. Жергілікті ескерткіштерді зерттеуге патшалық Ресейдің қазақ жерін өзіне толығымен қосып, республиканың табиғи байлықтарын игеруі де өз әсерін тигізгені анық. Қазақ жерінен ең алғашқы тас бұйымдар жайлы мәліметтер 1850 жылы белгілі болған. Жаз айында оңтүстік қазақтары шаруашылық жүргізіп жатқан кезде яшма тәрізді тастан жасалған садақ ұштарын тауып алған[ ],
Ал ғылыми тұрғыдан алғанда 1869 жылы А. Тебель қазіргі Ақтау қаласы маңынан тас тіліктерді тапқан. Сондай-ақ 1882 жылы Батыстың Рың құмынан түрлі неолит бұйымдары, нақтырақ айтқанда 73 данасы тіркелген. Ал 1883 жылы Семей қаласында Михаэлистің бастамасымен алынған өлкетану музейінде 80-ге жуық ежелгі тас құралдар жинақталған. Бұл заттай деректердің басым бөлігі энеолит дәуіріне тиесілі болған [ ] . Осы мәліметтерге қарап-ақ тас дәуірінің сонау XIX ғасырда зерттеле бастағанын аңғарамыз.
Қазақстанның тас дәуірі ескерткіштерінің ашылғалы бір жарым ғасырдай уақыт өтті. Осы уақытқа дейін зерттелудің 4 кезеңін бастан кешіріпті. Нақтырақ тоқталайық:
1. Революцияға дейінгі кезең. Бұл кезеңнің тас дәуірін зерттеуге- Патшалық Ресейдің Қазақстанды шикізат базасына айналдыруы, соның нәтежиесінде әр аймақтарында ғылыми мекемелердің құрылуы тікелей әсер еткен. Патшалық Ресей тұсында аталмыш дәуір мұраларын Орыс Географиялық Қоғамы, Орынбор мұрағаттық ғылыми комиссиясы, Түркістан археологиясы сынды мекемелер зерттеп бастаған еді. Осы кезеңді С. Рытков, А. Симонов, Ф. Н. Педащенко, И. А. Кастанье, Г. Н. Кириллин, П. С. Назаров сынды зерттеушілер алғашқы болып зерттеп бастаған.
2. Революциядан кейінгі және XX ғасырдың 40-50 жылдар аралығын қамтиды. Бұл уақытта ескерткіштерді зерттеу біршама ілгерілгенімен, олардың хронолгиясы мен техникалық-типологиялық сипаты нақты жасала қойған жоқ. Кеңес дәуірі кезінде табиғи байлықтарды игеру басталғанда, елімізге түрлі сала мамандарының ағылып келуі мен тікелей байланысты еді. Тас зерттеуге: М. П. Грязнов, М. Н. Комарова, В. Н. Селевин, С. И. Руденко, И. В. Синицын, А. А. Марушенко, А. Ф. Соседко, П. Драверт, Б. Н. Гранов секілді ғалымдар үлес қосты. Бірақ, бұл ғалымдар шыққан заттар түрлеріне арнап зерттеулерді толық ұйымдастыра қойған жоқ еді. Әйтсе де, мамандардың ізденістері кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар бере алды.
3. Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезең. Ғылым академиясы құрылғаннан кейінгі, археология бөлімі Ш. Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының ашылуы мен Отандық археология ғылымының негізі қаланған еді. Бұдан кейінгі зерттеу жұмыстары ғылымға тың серпін әкелді. Осы кезеңнің ерекшелігі: археолог мамандардан өзге ботаник, геолог т. б. ғылым салаларының мамандары: А. Л. Яншин, Г. Е. Черявский, И. С. Загороднов, А. Н. Формозов, А. А. Рыжковалар зерттеді. Бірлескен археологиялық экспедициялар: Орталық Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қаратау палеолит отрядтары ұйымдастырылып, тас ғасырын толыққанды зерттеле басталды. Елеулі жұмыстар жүргізген ғалымдар: Ә. Х. Марғұлан, Н. В. Валакунский, С. С. Черников, Е. А. Агеева, К. А. Ақышев, Х. А. Алпысбаев, М. Н. Клапчук, А. Г. Медоев, Г. Я. Ярмак секілді ғалымдар отандық археология саласына өлшеусіз үлес қосты. Қазақ жерінің біраз территориялары зерттеліп, жер-жерден көне дүние мұралары туралы мәліметтер көбейіп, Қазақстан территориясына алғаш адамдардың қоныстануы, тас құралдары типологиясын жасау, ескеркіштер жасын анықтау, индустриялар эволюциясын ашуға кеңінен жол ашылды.
4. Тәуелсіздік алғаннан, осы уақыт аралығын қамтитын кезең.
Осы кезде көптеген ескерткіштер мен тұрақтардың жастары анықталып, нақты сараптамалар мен болжамдар жасалды. Осы кезеңнің ерекшелігі, жалпы жетістіктерінің бірі- бірнеше халықаралық экспедициялардың құрылуы еді. Бірнеше мамандар біріге отырып, тас дәуірінің ескерткіштерінің коллекцияларына жоғары дәрежедегі ғылыми талдаулар жүргізілді. Жаңа обьектілер ашылып, тас дәуіріне қатысты мәліметтер саны арта түсті. Бұл кезеңдегі белгілі ғалымдары, тас тас ғасырымен айналысқан, зерттеген, көптеген мәселелерді шешуге атсалысып келе жатқан: Ж. Қ. Таймағамбетов, Б. Ж. Аубекеров, В. Ф. Зайберт, О. А. Артюхова, В. Н. Логвин секілді ғалымдардың алар орны ерекше. Айта кетер бір жайт, бұл зерттеушілер тәуелсіз Қазақстан кезеңінен бұрын, өткен ғасырдың 1980-90 жылдары да тас дәуірін зерттеу барысында да бірқатар жетістіктерге жеткен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz