Қазақ, орыс, ағылшын әдеби шығармаларындағы реалийлердің аударылу жолдары
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Бөлім Көркем әдебиет мәтініндегі реалийлер және олардың аударылу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1Реалий терминін анықтау жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2Реалийлердің жіктелу мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Бөлім Реалийлерді аудару әдістері мен берілу жолдары..
2.1 Көркем әдебиет мәтіндеріндегі реалий сөздерінің аударылу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Тұпнұсқаның мағынасын дәл беру мәселесі әрқашан реалийлердің аударылуымен тығыз байланысты. Жалпы теориялық мәселелер қатарында баламасыз лексиканың немесе реалийлердің аударылуы үлкен сұрақ тудыруда. Бір кездерде «реалийлер» аударылмайды деген пікір болған. Және осы уақытқа дейін реалийлердің шет тілдерден аударылу жолдарына ортақ пікірлер қалыптаспаған. Көркем әдебиет мәтіндерінің құрамдас бөлігі болып табылатын «реалийлер» қазіргі кезде үлкен көңіл бөлгенді талап етіп отыр.
Реалийлерді аудару барысында көптеген зерттеушілер ұлттық және тарихи ерекшеліктерді сақтап қалуға тырысу қажет.
Қазіргі аударматануда «реалий» терминімен қатар «баламасыз лексика» деген түсінік қолданылып жүр. ( Е. Верещагин, В. Костомаров), «экзотикалық лексика» (В. Берков, А. Супрун), «варваризмдер» (А. Реформатский), «этнолексемалар», «мәдениконативті лексика», «елтану лексикасы», «нолдік баламалы сөздер» ж.т.б.
Айта кететін тағы бір жайт, бұл тілдік бірліктерге тек отандық зерттеушілер ғана емес, сондай-ақ шетел зерттеушілері де ерекше көңіл бөліп, зерттеп жүр. С. Влахов және С. Флориннің айту бойынша реалийлерге, ұлттық ерекшеліктердің колоритін сақтаушы сөздер ретінде алғаш рет 50ж басында көңіл бөлінді. [8.14] Және де осы зерттеушілер Л.Н. Соболев, Г.В. Чернов, Т.В. Шатков, А.С. Супрун, С. Влахов және С. Флорин сияқты ғалымдардың еңбектерінде реалийлер яғни, баламасыз лексика туралы жарты ғасыр бұрын айтылғандығын айтып кетеді. (1960ж «Реалии» атты мақала шықты). Кейінірек «Непероводимое в переводе» атты кітап жарық көрді. Кітапта реалийлердің сипаттамасы, жіктелуі, аударылу әдістері толығымен қарастырылған. Реалийлер-американизмдер Томахиннің зерттеулерінің негізгі обьектісі болып табылады. Л.С. Бархударов, В.Н. Комиссаров, Н. Крупнов, Л.К. Латышев, Т.Р. Левицкая, А.М. Фитерман, А. Лилова, А.В. Федоровтың аударма теориясына жазған әдебиттерінде де мәдени-таңбаланған сөздер туралы ақпарат берілген.
Е.М. Верещагин және В.Г. Костомаров сондай-ақ тіл және мәдениет қарым-қатынас мәселесін қарастырады. Н. Поморозская және В.С Виноградов көркем әдебиетте реалийлер сөздерінің роліне ерекше көңіл бөледі. С. Влахов және С. Флориннің еңбектері бойынша, реалийлер ұлттық ерекшеліктердің коларитін жамылған сөздер ретінде тек қана 50ж басында қарастырыла бастады. У.Л.Н. Соболевтің 1992ж шыққан «Пособии по переводу с русского языка на французкий» еңбегінде «реалии» терминінің тек қана қазіргі кезге сай қолданысы ғана емес, сонымен қатар оның дифинициясына да ерекше көңіл бөлінген. Сонымен қатар В. Черновтың 1958ж жазылған «К вопросу о передаче безэквивалентной лексики при переводе советской публицистики на английский язык» деген еңбегінде «реалии» термині қолданыс табады. Бұл еңбегінде автор «реалии» және «баламасыз лексика» деген терминдерді синонимдер ретінде жиі қолданады.

1. Розенталь Д.Э., Теленкова М.А. Словарь-справочник лингвистических терминов.- М.: Наука. -Изд -1976
2. Бреус Е.В. Основы теории и практики перевода с русского языка на английский. -М.: Наука,1993
3. Влахов С., Фолрин С. Непереводимое в переводе. -М.: Высшая школа.-1986
4. Уваров В.Д. Материальные и психологические реалии и их значение для перевода. -М.. МГПИИЯ. -1982.
5. Забронок Ю.С. Передача имен собственных и географических названий. Киев. - Наукова думка.-1997
6. Супрун А.С. Экзотическая лексика/ Филологические науки.-1978
7. Реформатский А.А. Введение в языкознание. -М.: Наука-1967
8. Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. Язык и культура: Лингвострановедение в преподавании русского языка как иностранного. -М.: Русский язык,-1983
9. Виноградов В.С. Лексические вопросы перевода художественной прозы. -М.: Издательство Московского университета,-1978
10. Томахин Г.Д. Реалии американизмы. -М.: Высшая школа,-1988
11. Бархударов Л.С. Язык и перевод. -М.: Международные отношения,-1975
12. Крупное В.Н. В творческой лаборатории переводчика. -М.: Международные отношения,-1976
13. Федоров А.В. Введение в теорию перевода. -М.: Издательство литературы на иностранных языках.-1958
14. Рефорпматский А.А. Перевод или транскрипция?// Сб. Восточно славянская ономастика. -М.:-1972
15. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. -М.: Наука.-1966
16. Шанский Н.М. Лексикология современного русского языка, -М.: наука.-1972
17. Рецкер И.Я. О закономерных соответствиях при переводе на родной язык// Сб. Вопросы теории и методики учебного перевода. -М.: Наука.-1970
18. Рецкер И.Я. Теория перевода и переводческая практика. -М.: Наука.-1974
19. Набоков В.В. Искусство перевода. -М.: Изд Независимая газета.-2001
12. Томахин Г.Д. США. Лингвострановедческий словарь. -М.: Русский язык.-1999
21. Медникова Э. Послесловие. Комментарий//Capole T. The Grass Harp. Breakfast at Tiffany’s. Moscow: Progress publishers, -1974.

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
1. Бөлім Көркем әдебиет мәтініндегі реалийлер және олардың аударылу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1Реалий терминін анықтау
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2Реалийлердің жіктелу
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2. Бөлім Реалийлерді аудару әдістері мен берілу жолдары..
2.1 Көркем әдебиет мәтіндеріндегі реалий сөздерінің аударылу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
Кіріспе
Тұпнұсқаның мағынасын дәл беру мәселесі әрқашан реалийлердің
аударылуымен тығыз байланысты. Жалпы теориялық мәселелер қатарында
баламасыз лексиканың немесе реалийлердің аударылуы үлкен сұрақ
тудыруда. Бір кездерде реалийлер аударылмайды деген пікір болған.
Және осы уақытқа дейін реалийлердің шет тілдерден аударылу
жолдарына ортақ пікірлер қалыптаспаған. Көркем әдебиет мәтіндерінің
құрамдас бөлігі болып табылатын реалийлер қазіргі кезде үлкен
көңіл бөлгенді талап етіп отыр.
Реалийлерді аудару барысында көптеген зерттеушілер ұлттық және
тарихи ерекшеліктерді сақтап қалуға тырысу қажет.
Қазіргі аударматануда реалий терминімен қатар баламасыз
лексика деген түсінік қолданылып жүр. ( Е. Верещагин, В.
Костомаров), экзотикалық лексика (В. Берков, А. Супрун),
варваризмдер (А. Реформатский), этнолексемалар, мәдениконативті
лексика, елтану лексикасы, нолдік баламалы сөздер ж.т.б.
Айта кететін тағы бір жайт, бұл тілдік бірліктерге тек отандық
зерттеушілер ғана емес, сондай-ақ шетел зерттеушілері де ерекше
көңіл бөліп, зерттеп жүр. С. Влахов және С. Флориннің айту
бойынша реалийлерге, ұлттық ерекшеліктердің колоритін сақтаушы сөздер
ретінде алғаш рет 50ж басында көңіл бөлінді. [8.14] Және де осы
зерттеушілер Л.Н. Соболев, Г.В. Чернов, Т.В. Шатков, А.С. Супрун, С.
Влахов және С. Флорин сияқты ғалымдардың еңбектерінде реалийлер
яғни, баламасыз лексика туралы жарты ғасыр бұрын айтылғандығын
айтып кетеді. (1960ж Реалии атты мақала шықты). Кейінірек
Непероводимое в переводе атты кітап жарық көрді. Кітапта
реалийлердің сипаттамасы, жіктелуі, аударылу әдістері толығымен
қарастырылған. Реалийлер-американизмдер Томахиннің зерттеулерінің
негізгі обьектісі болып табылады. Л.С. Бархударов, В.Н. Комиссаров,
Н. Крупнов, Л.К. Латышев, Т.Р. Левицкая, А.М. Фитерман, А. Лилова,
А.В. Федоровтың аударма теориясына жазған әдебиттерінде де мәдени-
таңбаланған сөздер туралы ақпарат берілген.
Е.М. Верещагин және В.Г. Костомаров сондай-ақ тіл және мәдениет
қарым-қатынас мәселесін қарастырады. Н. Поморозская және В.С
Виноградов көркем әдебиетте реалийлер сөздерінің роліне ерекше көңіл
бөледі. С. Влахов және С. Флориннің еңбектері бойынша, реалийлер
ұлттық ерекшеліктердің коларитін жамылған сөздер ретінде тек қана
50ж басында қарастырыла бастады. У.Л.Н. Соболевтің 1992ж шыққан
Пособии по переводу с русского языка на французкий еңбегінде
реалии терминінің тек қана қазіргі кезге сай қолданысы ғана емес,
сонымен қатар оның дифинициясына да ерекше көңіл бөлінген. Сонымен
қатар В. Черновтың 1958ж жазылған К вопросу о передаче
безэквивалентной лексики при переводе советской публицистики на
английский язык деген еңбегінде реалии термині қолданыс табады.
Бұл еңбегінде автор реалии және баламасыз лексика деген
терминдерді синонимдер ретінде жиі қолданады.
1953ж бастап А.В. Федоровтың Введение в теорию перевода атты
кітабы жарық көрді. Кітапта аударманың лингвистикалық теориясын
қалыптастыру қажеттілігі туралы алғаш рет сөз етілді. Онда көбінесе
аударманың әдеби аспектілеріне көңіл бөлінген, бірақ аударма ісін
тілдік анализден өткізу маңыздылығы туралы да айтылып кеткен.
Федоров өзінің еңбегінде реалийлерді егжей-тегжейлі қарастырып,
олардың дұрыс аударылу жолдарын көрсетеді. Бұл еңбек қазір де өз
құнын жоғалтпай отыр. Тағы да айта кететін бір жайт, ол аударманың
лингвистикалық теориясының қалыптасуында ерекше рольге ие болды.
Және де кеңестік және шетел тілшілерінің көңілін аударма
мәселелеріне аударып қана қоймай, сонымен бірге лингвистикалық
әдебиетте бұл мәселелердің шешілуіне бастама болды.
1958ж реалий мәселесі А.Е. Супрунның мақаласында қаралады.
Супрун оларды экзотикалық лексика ретінде қарастырады. Ал бұған
дейін Вл. Россельс Реалии атты мақаласында реалийлердің бірнеше
маңызды ерекшеліктерін атап көрсетеді. Ол кезде реалий сөзі кең
қолданыста еді.
В.Д. Уварованың Материальные и психологические реалии атты еңбегі
өте құнды болып есептеледі. Бұл еңбегінде автор психологиялық
реалийлерді жеке топ бірліктері ретінде қарастырады.
Ж Басында В.Н. Комиссаровтың Слово о переводе деген кітабы
шықты. Және де автордың Лингвистика перевода атты кітабы да көп
ұзамай жарық көрді. Бұл еңбектерінде автор аударманың әр түрлі
линвистикалық аспектілерін аударма лингвистиасының құрамдас бөліктері
ретінде қарастыра отырып, оларды біріктіру арқылы ортақ теория
концепциясын жасағысы келеді. Автор көбінесе аударманың
лингвистикалық анализінің принциптеріне және баламалы аударма
мәселесіне көңіл бөлген. Реалий аудармасына автор терең үңіле
қоймаған.
1974ж Я.И. Рецкердің Теория перевода и переводческая практика
атты кітабы басылып шықты. Еңбегінде автор заңды сәйкестіктер
теориясының негізін қалады. Сонымен қатар сәйкестіктерді жіктеу
түрлері қарастырылып, аударма кезіндегі лексикалық және грамматикалық
трансформациялар түрлері сипатталады. Автор сондай-ақ реалийлер мен
фразеологизмдерді аудару мәселесіне ерекше көңіл бөледі.
1.Бөлім Көркем әдебиет мәтініндегі реалийлер және олардың аударылу
жолдары.
1.1 Реалий терминін анықтау жолдары.
Реалийлердің аударылу мәселесіне арналған зерттеулерді В.С
Виноградов, Э. Медникова, Н.И.Паморозская, С. Флорин, С. Влахов, Е.В.
Бреусовтың еңбектерінен көруге болады, алайда бұл мәселе әлі де
толығымен шешілмей отыр. Мәселенің өзектілігі деп реалийлердің
түрлері мен аударылу жолдарының ерекшеліктерін айтуға болады.
Сонымен қатар, халықаралық коммуникация үдерісінде реалий сөзінің
ролі ерекше.
Мәтіндегі реалийлер аудармасының анализіне көшпестен бұрын,
алдымен реалий терминінің анықтамасына тоқталып кеткенді жөн
көрдік. Реалий сөзі негізінен латын тілінен енген және сөзбе сөз
аударар болсақ нақтылық дегенді білдіреді.[1.78] Е.В. Бреусовтың
анықтамасы бойынша: Реалий белгілі бір ұлттың рухани және мат-
ериалды мәдениетіне, тарихына, дәстүріне, өміріне қатысты түсініктер
[2.48]. Алайда, реалий сөзіне дәлірек анықтама берген С.Влахов пен
С.Флорин болып табылады. Олардың анықтамасы бойынша: Реалий бір
ұлттың әлеуметтік және тарихи дамуын, мәдениетін, тұрмысын
сипаттайтын және басқа ұлт өкілдеріне жат сөздер деп қарастырады;
реалийлер ұлттық және тарихи колориттегі сөздер болып табылған соң,
олардың басқа тілде сәйкестіктері болмайды яғни, аударманың
негізгі теориясына бағынбай, ерекше көңіл бөлгенді талап етеді
[3.55].
В.Д.Уваров реалий терминінің мағынасын кеңейте түсті. Ол
реалийлердің құрамына ұлттық сипаттағы ерекшеліктерді яғни, ұлттың
психологиялық ерекшеліктерін, тек қана бір ұлтқа тән
ерекшеліктерді жатқызды [4.68]. Бірақ бұл жерде Уваровпен келісе
алмаймыз себебі бұл пікір негізделмеген және реалийлердің
категориялар қатарына жатқыза алмаймыз.
Мәселелердің тағы да бірі - реалийлер мен жалқы есімдердің
ұқсастығы. Кейбір жағдайларда жалқы есімдер реалийлер ролінде келуі
мүмкін себебі олар бір-біріне тым ұқсас болып келеді. Сонымен осы
жерде сұрақ туады: Жалқы есімдерді реалийлерге жатқызуға бола ма?
Ю.С.Заброноктың ойынша: Жалқы есімдер әрқашан да реалийлер болып
келеді.
С.Влахов, С.Флорин жалқы есімдерді баламасы жоқ лексика ретінде
қарап, оларды реалийлердің аударылу тәсілдерімен береді [3.22].
Ю.Виноградовта жалқы есімдерді реалийлер катигориясының қатарына
жатқызады. Бізде Виноградовтың пікірін ұстана отырып, жалқы
есімдерді реалийлер қатарына жатқызамыз. Біздің ойымызша олардың
ұқсастығы - ұлттық және тарихи колоритті беретін коннотативті
мағынасы болып табылады.
С. Влахов пен С. Флорин Непереводимое в переводе атты еңбегінде
реалий және реалий емес сөздердің арасын анықтап алуды мақсат
етті. Зерттеушілер реалийді терминнен айыру қиындығын реалийлердің
терминге жеңіл айналуы және терминнің де реалийге жиі ауысуымен
түсіндіреді. Авторлардың ойынша реалийлерді терминдерден айырудың бір
жолы жергілікті және уақыт ерекшеліктеріне (ұлттық және тарихи
колорит), әдебиет стилі (көркем, ғылыми) байланысты болып келеді.
Көптеген ғалымдар қаратпа сөздерді реалийлерге жатқызады. С.
Влахов пен С. Флорин оларды реалийлерден мынадай себептер бойынша
бөліп қарастырады. Біріншіден барлық қаратпа сөздерді реалийлерге
жатқызуға болиайды, екіншіден олардың көбісі екі ролде де келе
алады, үшіншіден олар аудара барысында ерекше көңіл бөлгенді қажет
етеді. Біздер өз жұмысымызда С. Влахов пен С. Флориннің көзқарасын
ұстанған соң, қаратпа сөздерді реалийлер қатарына жатқызған жоқпыз.
Сонымен қатар көптеген реалийлер әдеби нормадан ауытқулары
мүмкін. Реалийлер көбінесе диалектілер қатарында көптеп кездеседі және
жергілікті заттардың атауын білдіреді. С. Влахов пен С. Флориннің
зерттеулеріне сүйенсек, кейбір реалийлер салыстырмалы түрде
қарапайым стильдер қатарына, яғни, ауыз екі сөйлеу стиліне және
жаргонды лексикаға жатады [3.22] Авторлар реалийлердің мынадай
түрлерін бөліп қарастырады: ұлттық және жергілікті. Сонғысына
авторлар формасы жағынан олрыс сөздерін және толығымен әдеби
сөздерді жатқызады. Алайда, әдеби тілде мазмұнымен ерекшеленетін
сөздерді мысалы диалекті сөздер: мамука, бабука, дедюка, нянюка. Бұл
сөздер қаратпа сөздер және де жергілікті колориттегі сөздер болып
табылады.
Сонымен бірге реалийлер қатарына шет тілінен енген сөздер жатуы
мүмкін. Француз тіліндегі сөздердің төменгі қалалар тілдеріндегі
сөздермен араласып айтылуы көбінесе реалийлер болып табылмайды.
Алайда, Францияда ұзақ уақыт тұрған орыс адамы өзінің сөйлеу
барысында француз халқының тұрмыс тіршілігіне тән сөздерді
қолданса, яғни, -зайдем в быстро, цены в нашем призюнике және
т.б -бұл жерде ұлттық колоритті жеткізу мақсатында қолданылып тұрған
реалийлер болып табылады. С. Влахов пен С. Флорин ақыр аяғында
былай деп жазады, - реалийлер мен шет тілінен енген сөздер арасын
айыру ол автордың бұл түсініктерге қандай мазмұн бергендігіне
байланысты болып келеді [3.25].
1.2 Реалийлердің жіктелу мәселесі.
Реалийлерді жіктеу мәселесіне көшер болсақ, қазіргі таңда
зерттеуші ғалымдар жіктеудің бірнеше түрлерін ұсынып отыр.
А.Е.Супрун Экзотикалық лексика деген еңбегінде реалийлерді заттық
ерекшеліктеріне байланысты бірнеше семантикалық топтарға бөледі
[6.42]. В.И.Репиннің жіктеуі де осы негізде жасалған.
А.А.Реформатордың жіктеуі бойынша орыс тіліне басқа тілдерден енген
сөздерді, мағынасы бойынша: а) жалқы есімдер, б) тиындар, в)
атақтар, г) костюмдер мен әшекейлер детальдары, д ) тағамдар мен
сусындар, е) қаратпа сөздер мен титулдар деп бөледі. [7.86].
Е.М.Верешагин және В.Г. Костомаров орыс тілінің негізінде
реалийлерді жіктеудің жеті түрін көрсетеді:
1) Кеңес одағы кезіндегі сөздер яғни Қазан төнкерілісінен кейін,
қайта құру кезіндегі пайда болған сөздер. (мысалы: Верховный суд,
депутат) [8.66].
2) Кеңес кезінде пайда болған сөздерге тез сінісіп кеткен
түсініктер. (мысалы: парк культуры, субботник, зачетка) [8.6].
3) Дәстүрлі тұрмыстағы заттар. (мысалы: щи, бублик, гармошка) [8.62]
4) Тарихи сөздер ( мысалы: уезд, кафтан, верста) [8.62].
5) Фразеологиялық бірліктер. (мысалы: бить челом, узнать всю
подноготную) [8.63].
6) Фольклор сөздері. (мысалы: добрый молодец, не по дням, а по
часам; суженый, жарптица, домовой) [8.63].
7) Басқа тілден енген сөздер. (мысалы: тайга, базар, аркан, халат,
изюм, плов) [8.64].
Е.М. Верещагин мен В.Г. Костомаровтың жіктеуінен реалийлерді
фондық ақпаратты қамтитын лексика қатарына жатқызатындығын байқаймыз.
В.С. Виноградов реалийлер қатарына жататын сөздер ұлттық
колоритті және баламасыз лексика қатарына жататын сөздер деп
көрсетеді. Виноградов реалийлер мәселесін латын-американдық материал
негізінде қарастырады. Фондық ақпарат беретін бұл лексика қорын
ғалым бірнеше тематикалық топтарға бөледі:
1. Тұрмыстық реалийлер қатарындағы лексика
а) Тұрғын үй, мүлік;
б) Киімкешек, құралжабдық;
в) Тағам, сусындар;
г) Еңбек және кәсіп түрлері; [9.91]
д) Ақша және өлшем бірліктер;
е) Музыкалық инструменттер, ұлттық билер мен әндер;
ж) Ұлттық мейрамдар, ойындар;
з) Қаратпа сөздер; [9.92]
2. Этнографиялық және мифтік реалийлер қатарына жататын лексика
а) Этникалық және әлеуметтік қоғамдар мен олардың мүшелері;
б) Құдайлар, ертегі кейіпкерлері, аңызды жерлер;
3. Табиғат әлеміндегі реалийлер қатарына жататын лексика
а) Хайуандар;
б) Өсімдіктер;
в) Ландшафт, пейзаж; [9.93]
4. Мемлекеттікәкімшілік құрылым мен қоғамдық өмірдегі реалийлер
қатарына жататын лексика (өзекті және тарихи)
а) Әкімшілік бірліктер мен мемлекеттік институттар;
б) Қоғамдық мекемелер, партиялар және олардың қызметтері мен
мүшелері;
в) Өндірістік және аграрлық кәсіптер, сада орындары;
г) Негізгі әскери және полициялық бөлімшелер мен чинде;
д) Азаматтық борыштар мен мамандықтар, титулдар және атақтар; [9.94]
5. Ономастикалық реалийлерді білдіретін лексика
а) Антропонимдер;
б) Топонимдер;
в) Әдебиет кейіпкерлерінің есімдері;
г) Компания, мұражай, театр, мейрамхана, дүкен, жағажай, әуежай және
т.б. атаулары; [9.95]
6. Ассоциативті реалийлерді білдіретін лексика
а) Вегетативтік символдар
б) Анималистикалық символдар (мысалы кабуре қанаты танғажайып
сыйқырлы күшке ие құс)
в) Түсті символика (мысалы: жасыл үміт түсі (Панама, Чили), болашақ
символы; сары қайғы түсі (Испания);
г) Фольклорлық, тарихи және әдеби аллюзиялар. [9.96]
д) Тілдік аллюзиялар. Олар көбінесе фразеологизмдерге, мақалмәтелдерге
жақын болып келеді. [9.97]
Ассоциативті реалийлер ұлттық, тарихи, мәдени құбылыстармен өте
тығыз байланыста болады. Бұндай реалийлер арнайы сөздер, баламасыз
лексика қатарына жатпай, қарапайым сөздер қатарына мысалы (түстер,
символдар) жатады. Г.Д. Тоамхин де реалийлердің бұл типін атап
көрсетеді бірақ оларды коннотативті реалийлер деп атайды қарапайым
түсініктерді білдіретін және де мағыналы және эмоционалды фондық
реңктегі лексикалық бірліктер[10.41-42]. Коннотативті реалийлер
семантикалық құрылымы фондық және лексикалық ақпаратқа толы
денотативті лексикалық бірліктерге қарама-қарсы қойылған[54.41].
Яғни, күн, ай, теңіз, қызыл және т.б. сөздер жалпы
адамзаттың фондық білімдерінде көрініс табады[10.42].
Сонымен, В.С. Виноградов фондық ақпарат беретін мұндай сөздерді
қарастырып, жүйелейді және де олардың қаншалықты ұлттық тілге
сінісіп кететіндігін көрсетеді[9.99].
Кейбір зерттеушілердің еңбегінде реалийлер басқа разрядты
баламасыз лексикаға жатқызылған.
Сонымен, В.С. Бархударов баламасыз лексиканың мынадай категорияларын
атап көрсетеді.
1. Жалқы есімдер, географиялық атаулар, ұйымдар, үнқағаз, мекемелер
атаулары, яғни, басқа тілде олардың сәйкестіктері болмайды.
2. Басқа тілде сөйлейтін адамдардың тәжірибесінде, өмірінде
кездеспейтін, кейбір заттарды, түсініктерді білдіретін реалий сөздер.
3. Кездейсоқ лакуналар екінші бір тілдің сөздігінде сәйкестігі жоқ
сөздер[11.94-95].
С. Влахов пен С. Флориннің монографиясындағы реалийлердің жіктелуі:
ПӘНДІК БӨЛУ А
Географиялық реалийлер:
1. Физикалық география объектілерінің атаулары, бұған метеорология
да кіреді.
2. Адамзат кәсібімен тығыз байланыстағы географиялықобъектілердің
атаулары.
3. Эндемиктердің аталуы (хайуандар мен өсімдік атаулары); [3.59].
Б. Этнографиялық реалийлер:
1. Тұрмыс:
а) Тағам, сусындар;
б) Киім;
в) Тұрғын үй, жиһаз, ыдыс-аяқ;
г) Транспорт;
д) Басқалары; [3.60].
2. Еңбек
а) Еңбек қайраткерлері;
б) Еңбек құралдары;
в) Еңбек ұйымы; [3.61]
3. Өнер және мәдениет
а) Ән мен би;
б) Музыкалық аспаптар;
в) Фольклор;
г) Театр;
д) Басқа мәдени ұйымдар;
е) Орындаушылар;
ж) Әдетғұрып, салт жоралары;
з) Мейрамдар, ойындар;
и) Миф;
к) Дін басылары мен жолын қуушылар;
л) Күнтізбек;
4. Этникалық объектілер
а) Этнонимдер;
б) Лақап аттар
в) Тұрғын мекеніне байланысты адамдардың аталуы; [3,61]
5. Өлшемдер мен ақша
а) Өлшем бірліктер;
б) Ақша бірліктері;
В. Қоғамдық саяси реалийлер;
1. Әкімшілік жергілікті құрылғы
а) Әкімшілікжергілікті бірліктер;
б) Елдімекен;
в) Елдімекен бөлімдері;
2. Билік басындағылар мен органдар
а) Билік органдары;
б) Билік басындағылар;
3. Қоғамдық саяси өмір
а) Саяси ұйымдар мен саясатшылар;
б) Патриоттық және қоғамдық қозғалыстар;
в) Әлеуметтік құбылыстар мен қозғалыстар; [3.63].
г) Атақтар мен дәрежелер;
д) Мекемелер;
е) Оқу орындар мен мәдени орталықтар;
ж) Сасловиелер мен қоғамдық топтар;
з) Сословиялық белгілер мен символдар;
4. Әскери реалийлер
а) Бөлімшелер;
б) Қару;
в) Формалы киім;
г) Әскери қызметкер; [3.64]
ЖЕРГІЛІКТІ БӨЛУ А. Бір тілдің төңірегінде.
а) Ұлттық реалийлер белгілі бір ұлтқа, халыққа тән заттардың атауы,
яғни, басқа ұлттарға бейтаныс сөздер; [3.67].
б) Жергілікті белгілі бір халықтың тіліне тән емес, әлеуметтік кіші
топтар тілінде немесе диалектілерде кездесетін сөздер; [3.70].
в) Микрожергілікті яғни, бұндай әлеуметтік негізі тар өрісті сөздер
бір қала немесе ауыл тұрғындарының тілінде кездеседі; [3.71].
2. Шет реалийлер басқа тілден енген немесе транскрипция әдісі
арқылы енген сөздер.
а) Халықаралық бұл реалийлер көптеген тілдердің лексикасында
кездеседі және сөздіктерге енген және де әдетте бастапқы ұлттық
реңкін сақтап қалады; [3.69].
б) Аймақтық бір елдің лексикасынан бірнеше ұлттардың көбінесе
көршілес жатқан елдердің арасында тарауы. Яғни, лоар бірнеше
тілдердің лексикасының құрама бөлігі болып табылады; [3.68].
Б. Екі тілдің төңірегінде қаралуы:
1. Сыртқы реалийлер екі тілге де жат сөздер;
2. Ішкі реалийлер тілдің біреуінің лексикасында кездесіп, екіншісіне
тән емес сөздер; [3.65].
Бұл жерде айтып кететін жайт, барлық бөлулер шартты түрде ғана
жасалған, себебі, бір бірлікті әр түрлі жіктеу тарауларына жатқызуға
болады [3.72].
МЕРЗІМДІК БӨЛУ.
А. Қазіргі
Б. Тарихи сөздердің қалыптасу мерзіміне байланысты бөлу;
1. Таныс (сөздікке енгізілген);
2. Бейтаныс (сөздікке енгізілмеген); [3.81].
Тарихи сөздерге сәнді және эпизодтық реалийлерді жатқызады.
Сәнді яғни, бір тілге күтпеген жерден келіп енеді. Қоғамдық
орталардың көңілін жаулап алады әсіресе жастар қоғамына тез еніп,
тез ұмытылады.
Эпизодтық реалийлер бұл сөздер сөздікте кездеспейді. Авторлар
мен аудармашылар бұндай сөздерді контекстің мағынасы бойынша
қосулары мүмкін. Сонымен ол басқа тілдерге кең таралмайды және
тілде бекітіліп, қалыптасып кетпейді [3.88].
Сонымен болгар ғалымдары ұсынған жіктеу бірнеше принциптерге
негізделіп жасалған. С. Влахов пен С. Флорин тек қана тақырыптық
принциптерін қарастырып қоймай, сонымен қатар жергілікті жәнекезендік
бөлу принциптерін қарастырады. (бір немесе бірнеше тілдер шеңберінде).
Бұл реалийлердің жіктелуі толық және аяқталған болып есептеледі.
Жіктеу авторлардың бастапқыда ұсынылған жіктеулерінен тарауларының
көбеюімен, реалийлердің категорияға бөлінуінің өзгеруімен
ерекшеленеді.
Жіктеуді көрнекілік үшін тағы да кесте түрінде берейік:
С. Влахов пен С. Флориннің реалийлерді жіктеуі.
I.Пәндік бөлу A.Географиялық
Б.Этнографиялық
BҚоғамдық саяси
II.Жергілікті бөлу A.Бір тіл тұрғысында
Б.Екі тіл тұрғысында
III.Кезеңдік бөлу A.Қазіргі
Б.Тарихи
IV. Тәжімәлік бөлу
С. Влахов пен С. Флориннің жіктеуін негізге ала отырып, В. Н.
Крупнов қлттық таңбаланған сөздердің жіктелуін ұсынады. Оның
реалийлерді жіктеуі С. Влахов пен С. Флориннің жіктеуімен сәйкес
келеді. Айырмашылығы Крупнов бір топ реалийлермен толықтырады, яғни,
жарнамалық реалийлер. В.Н.Крупновтың ойынша жарнама тілі ерекше
лексиканы құрайды [12.152]. Жарнамалық реалийлерді аудару барысында
аудармашы көптеген қыйындықтармен кездеседі.
Томаиннің реалийлерді жіктеуі американдық реалийлерді көрсетумен
өте қызықты.
I. Этнографиялық реалийлер. Тұрмыс реалийлері. Сөйлеу мәнері және
мінезқұлық ережесі.
1. Тұрмыс реалийлері. Тұрғын үй;
2. Киім;
3. Тағам, сусындар;
4. Тұрмыс орындары;
5. Транспорт реалийлері;
6. Байланыс: почта, телеграф, телефон;
7. Демалыс, уақыт өткізу;
8. Әдетғұрып, дәстүрлер, мейрамдар;
9. Өлшемдер, ақша;
10. Ескішілікке негізделген мінезқұлық;
11. Сөйлеу мәнері; [10.46-83]
II. Географиялық реалийлер
1. Географиялық реалийлердің жіктелуі: (жаға линиясының аталу
ерекшеліктері, рельефтердің аталу ерекшеліктері, гидрогеографиялық
атаулар);
2. Флора;
3. Фауна;
4. Мәдени өсімдіктер;
5. Табиғи ресурстар және оларды меңгеру ерекшеліктері; [10.84-110]
III. Қоғамдық саяси реалийлер
1. Мемлекеттік символдар; штаттар символдары;
2. АҚШ конституциясымен тығыз байланыстағы реалийлер;
3. Заң шығарушы органдар реалийлері;
4. Президент және Ақ үй аппараты;
5. Орындаушы ведомстволар;
6. Агенттік;
7. Мемлекет қызметкері;
8. Сот жүйесі;
9. Штаттар әкімшілігі және жергілікті басқару;
10. Сайлау;
11. Саяси партиялар және қоғамдық ұйымдар; [10.111-167]
IV. Білім беру жүйесіндегі реалийлер, салт жоралар, мәдени
реалийлер
1. Білім беру жүйесі;
2. Салт жоралар;
3. Әдебиет;
4. Театр және кино;
5. Бұқара ақпараттар құралдары;
6. Бейнелеу өнері;
7. Музыкалық мәдениет; [10.168-196]
V. Онамастикалық реалийлер [10.197]
Реалийлерді жіктеу мәселесіне арналған көзқарастарды қарастыра
отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: Реалийлерді топтастыру
тақырыптық принципте құралған. Ұлттық ерекшелікке толы мұндай сөздер
аударма барысында көптеген қиыншылықтар тудыруы мүмкін [10.38].
2.Бөлім Реалийлерді аудару әдістері мен берілу жолдары.
Реалийлердің аударма барысында қиындық тудыру себебі, яғни
олар белгілі бір ұлт немесе халықтың тұрмыс тіршілігіне тән
құбылыстар болып келеді.
Реалийлерді аударудың екі жолы: транскрипциялау (аударылып
жатқан тілдің графикалық ерекшеліктерін сақтай отыра, фонетикалық
формасын беру) және аударма. Гердердің айтуы бойынша: 1) аударма
басқа тілдің ерекшеліктерін өзінікі етіп шығарса, ) транскрипция
өзінің тіл амалдары арқылы басқа тіл ерекшеліктерін сақтап
қалады.
Бұндай жағдайда аударма мен транскрипция антиподтар ретінде қаралуы
тиіс [14.312]. Алайда, Непереводимое в переводе кітабының
авторлары Гердердің бұл формуласымен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz