Әлеуметтік психологиядағы салыстырмалы – мәдени қатынас


Әлеуметтік психологиядағы салыстырмалы - мәдени қатынас.
Тәжірибелі әлеуметтік психологияның бүкіл тарихында, ең біріншіден американдық, зерттеушілер индивидтердің әлеуметтік тәрбиесінің, қарым-қатынасының және өзара іс жасауының универсальді заңдылықтарын іздеумен айналысты. Олардың жасаған теориялары мен модельдері - фрустрация-агрессия концепциясынан атрибутивті теорияға дейін :
«олар интраиндивидуальді механизмдердің немесе ақпаратты өңдеу үрдісінің құрылымы ретінде сипатталына алады. Бұлар стимулды жағдайлардың жауабына қарай белсенділеді және көп немесе аз жағдайда әлеуметтік когницияларды, аттитюдаларды және тәрбиені анықтайды». (Pepitone, Triandis, 1987, 479 бет) .
Осы секілді априорлы универсальді концептуальді жүйелерде көзге бірден түсетін контекстуальді, соның ішінде мәдени, өтпелі тіпті механизмдердің инварианттығы және үрдістердің жоқтығы барлық халықта, барлық мәдениетте көрініс табады. Сонымен, индифференттің когнитивті диссонансты теориясы когниция мазмұнына келеді, ал фрустрация - агрессия теориясы фрустрацияның және фрустаушы мақсаттың нақты мазмұнына сай.
Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер былай деген қорытындыңа келді : «шынайы» секілді болып келген әлеуметтік -психологиялық «заңдар» батыс мәдениетімен жиі шектеледі. Қазіргі әлеуметтік-психологияның мәдени шегін анықтайтын мысал, АҚШ-та өткен Израильдағы зерттеулерді қайталау. И. Эмир және И. Шарон 35 зерттеулерінің ішінен жалпыадамдық проблемаларға қатысы бар 6-ын алды. Бірақ, Израильдегі 64 мүмкін нәтиженің 30-ғы ғана анықталынды. Ал қалғандары мәдени контекстің әсеріне еліктелген (Amir, ghoron, 1987) .
Әлеуметтік психологтар АҚШ-тан әлеуметтік-психологиялық концепциялар тіпті көрші жатқан Канадаға «импортталмас» деген қорытындыға келген. Канадалық және израильдік мәдениетке қарағанда, АҚШ мәдетиетінен ерекшеленетін мәдениеттер жайлы не айтса болады ?
«Батыс мәдениетінің адамдарына қарағанда, жапондықтар когнитивті сәйкестілік проблемасымен азырақ айналысады. Ал батыс әлеуметтік-психологияда «когнитивті баланс» теориясы, «когнитивті диссонанс», «когнитивті конгруэнттік» және т. б. теориялар басты орын алады. Біз Батыста былай дейміз. «А егер шындық болса, онда Б шындық бола алмайды». Бірақ, бұл көзқарас, үнді мәдениетінде үлкен маңызға ие емес. Үнді мәдениетінде философиялық монизм кең таралған. Ол бойынша «бәрі бір, бүтін» және «ұлы шындықтың қарама-қарсысы да ұлы шындық болып табылады» (Triandis, 1994, 4 бет) .
Азия, Африка және Латын Америкасының психологтары үшін Батыс эталон болып ұзақ уақыт сақталынған. Сондықтан, олар былай есептеген: егерде олардың нәтижесі батыстық теорияға сәйкес келмесе, онда олардың өздерінің қорытындысы дұрыс емес, теорияға байланыссыз. Г. Триандистің көрсетуінше, толыққұнсыз комплексі солардың көбісінде қалыптасып қалған. Батысқа қарағанда, басқа мәдениеттерде қарапайымдылық бірінші орында тұрады. Сондықтан, «батыстық емес» психологтар өздерінің американдық коллегаларына ұзақ уақыт бойы былай деп келген: «Сіздердің теорияларыңыз қате болмаса да, универсальді емес». Бірінші болып оны жапондықтар айтты. Кейіннен басқа да елдер өздерінің жеке әлеуметтік психологияларды құруды жөн көрді (НО, 1998, 94 бет) .
Батыста да жаңа жағдайға үлкен назар аударылып, ендігі кезекте салыстырмалы - мәдени зеттеулерге салмақты көңіл аударылады. Салыстырмалы - мәдени психологияның алдында тұрған негізгі міндеттер бөлініп шығарылады. Солардың ішіндегісі - әлеуметтік-психологиялық теориялардың универсальдығын (немесе валидтығын) тексеру. Бұл міндетке Дж. Берри «тасымал және тексеріс» деген ат берді. Өйткені психологтар өздерінің гипотезаларын барлық мәдени контекстерде анықталуын тексеру үшін басқа этникалық топтарға тасымалдайды. (Berry et al, 1992) . Салыстырмалы -мәдени психологияның алдында тұрған тағы бір міндет - бұл батыс мәдени тәжірибеде жоқ психологиялық өтпелілерді зерттеу және зерттеу үрдісінің басты кезеңі (этап) бұл «жергілікті» психологияны құру
Осы міндеттерді жүзеге асырғаннан кейін бірақ, соңғы мақсатқа жетуге болады - нәтижелерді жинап және әрекетке түсіру; валидті мәдениетке болмаса да, мәдениеттердің кең ауқымына негіздеу.
Г. Триандистің пікірінше, өте жақсы нәтижелерді алу үшін etic - emic - etic деген комплексті жэақындасуды пайдалану қажет. Бұл жерде «etic категориясы және оларды өлшейтін еmіс тәсілін қолданады» (Triandis 1994, 69 бет) . Мұнда категорияның түпнұсқалы жүйесі (оригинальная система) әрбір мәдениетте операциялану қажет.
Мысал ретінде, әлеуметтік дистанцияны салыстырмалы-мәдени зеттеулер арқылы ғана шешуге болатын проблемаларды көрсетсек болады. АҚШ-та «әлеуметтік дистанция» түсінігін ғылыми айналымға 20 жылдары енгізген Е Богардус. Ол оны операциялай отырып, тәжірибеден өтушілерден былай деп сұраған: «басқа этникалық қауымдармен үйленуге, бірге жұмыс істеуге, жақындасуға, көрші болып тұруға жол берер ме іедіңіз?»
«Әлеуметтік дистанция» - универсальді (etic) құрылымы және барлық мәдениетте өзіндік орны бар екені сөзсіз. Алайда, Богардустың бұл оригинальді сұрақтары АҚШ үшін ғасыр басында мәдени-спецификальді болған. Ал мұны басқа зерттеушілер басқа уақыт пен мәдениеттерде пайдалана отырып, үлкен қателіктер жіберуде.
Біріншіден, мәдениеттер үшін маңызды әрі спецификті топтар бар және индивид өзін сол топтармен идентифицелейді : бір мәдениеттерде ол туклеарлы жанұямен тығыз байланысты болса, басқаларда - тайпамен, үшіншісінде - маңызды болып көршілер тобы шығады, енді басқаларда - элитарлы клуб. АҚШ пен Грецияда мәдени дистанцияны зерттеген Триандис осы жағдайды ескерген. Сондықтан, әрбір мәдениетте ол индивидтің барлық мүмкін топтармен байланысн анықтады. Содан екі түрлі бірақ өзара эквивалентті мәдениет үшін стандартты сұрақтар жинағын құрастыра білді. Басқа сөзбен айтқанда, сұрақтардың тек жартсысы ғана ағылшыннан грек тіліне аударылған, қалған бөлігі мәдени спецификаны көрсетті.
Екіншіден, контакткрдың кейбір формалары әлеуметтік дистанцияны өлшеуде маңызы болса, екіншісінде мүлдем болмайды. Үндістанда әлеуметтік дистанцияны өлшеуде emic түсінігі пайдалануы мүмкін, яғни «менің ыдысыма тию» түсінігі. Өйткені, бұл елде касталық жүйеге байланысты индивид өзінен төмен кастада тұрған адаммен өмір сүрсе де, оған өзінің ыдысына тиюге рұқсат берілмейді. Себебі, ол төмен деңгейдің адамы. Бірақ, Триандистің белгілеуінше, егер американдықтың ыдысына түрік тиіссе, онда оған американдықтың қатынасын анықтау мағынасы жоқ, мүлдем түсініксіз жайт (Triandis, 1994) .
Сонымен, салыстырмалы-мәдени зерттеуде нақты мәлімет алу үшін әдістерді бір тілден екінші тілге аударудың қажеті жоқ. Керісінше, әрбір мәдениетте қолданыстағы категориялардың emic эквивалентін іздеу керек. Бірақ, практика кезінде әлеуметтік-психологтарға аудармалы әдістемелерді қолдануға тура келеді. Бұл жағдайларға арнайы - қиын келген - психологиялық әдістерді аударатын техникалар жасалынған. Мысалға, О. Вернер және Д. Кэмпбеллдің ұсынысы бойынша, децентрирлеуші екі жақты аударма әдісі бар. Америка зерттеушілері өз әдістерін жасай отырып, бір ойды бірнеше тәсілмен жеткізуге болатындығын көрсетті. Сондықтан мағынасын өзгертпей, сөздерді бір-біріне ыңғайландыра отырып, формасын өзгерту зерттеулерді жүргізуде әлде қайда оңай.
Мысалға, А тексті бір тілден екінші тілге екі жақты аударылуы А текстінің шашырап кетуіне алып келуі мүмкін. Бұл жағдайда зеттеуші зерттеудің мақсатын қанағаттандыратындай етіп өтпелі тексті өэгертуі (децентривтеуі) қажет. Бірақ, А текстіне қарағанда А1 текстініне жақын келуі керек. Сол арқылы нәтижесінде зерттеуші децентривтелген А2 текстінің екі жақты аудармасын алады. Ақырында А3 текстін алып, маңызға ие болады. (Werner, Cambell, 1970) .
Салыстырмалы-мәдени зерттеулер нәтижесінің валидтығы мен сенімділігіне әсер ететін барлық уақытты (моментті) санап айтуға болмайды. Біріншіден, мәдениет аралық ерекшеліктерді ескеру қажет. Мысалға, әртүрлі мәдениет өкілдері сұраққа жауап берер кезінде мынадай нұсқаларды көп немесе аз жағдайда пайдаланулары әбден мүмкін. «мен толығымен келісемін»; кейде толығымен сенімді кезінде ғана жауап береді немесе толығымен барлық сұраққа жауап бере береді (Hui, Triandis, 1989) .
Сонымегн қатар, әрбір мәдениетте зерттеуге қиын келетін халықтық қабаттар бар екендігін естен шығармау қажет. Мысалға, батыс мәдениеттерінде бай әрі әсерлі топ өкілдері қол жетпейіндер, бірақ дәстүрлі мәдениетте зерттеудің негізгі обьектісі болып осылар табылады. Американдық зерттеушілер мектептерде зертеулер жүргізудің қиындығын айтып отыр. Оған қоса, әкімшіліктің өзі оқу орны үшін нәтижелер кері әсерін тигізер деп қорықады. Ал орыс зерттеулерінде мектеп жұмысында аса мұндай қиындықтар туындай бермейді.
Екіншіден, мәліметтерің жиналуына топ аралық қабылдаудың механизмдері әсер етеді. Әсіресе, қиыны бұл егерде этнопсихологтар жұмысында этноцентризм тенденциялары шыға бастаса және өз мәдениетінің стандартты универсальді сапада пайдаланса. Дж. Берридің көрсетуінше, этноцентризмді салыстырмалы-мәдени зерттеулерден бөлек әртүрлі деңгейлерде жиі кездестіруге болады. :
1. өз мәдениеті үшін спецификті универсальді категория әдістерін енгізу кезінде;
2. зерттеуші мәдениеттің ерекшелігін ескермей зерттеу затын алу кезінде. Мысалға, Батыста коммуникация мазмұнына басты назар аударылса, Шығыста контекст мағынасы ескерілмейді;
3. теориялар мен концепцияларды пішінге клтіру кезінде, өйткені әлеуметтік психологтар ойы және олардың қолданар түсініктері мәдениетпен тығыз байланысты. (Berrу et al., 1992) .
Психологиялық құбылыстардың әр елде әртүрлі болып, соларды салыстырып зерттеуде зерттеулердің кезігетін қиындығына қарамастан, қазіргі таңда бүкіл әлемде зерттеудің нағыз шарықтауы жүріп жатыр. Бұл адамзаттың мәдени әтрүрлілігінің әлеуметтік-психологиясы болып табылады.
Коммуникацияның мәдени контекстке байланыстылығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz