Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің несиелік портфель және оның сапасын бағалауды теориялық және тәжірибелік жағынан зерттей отырып, несиелік портфель құрылымын қарастыру



КІРІСПЕ 3
1. БАНКТІҢ НЕСИЕЛІК ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ САПАСЫН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1. Банктің несиелік портфелі: мәні және құрылымы 5
1.2. Банктің несиелік портфелін басқару ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ..18
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ
БАНКТЕРІНІҢ НЕСИЕЛІК ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ
БАҒАЛАУ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
2.1. Банктің несиелеу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.2. Несие беру және оның қайтарылуын қамтамасыз ету саясаты ... ... ...32
2.3 Банктің несиелік портфелін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49
3. БАНКТІҢ НЕСИЕЛІК ПОРТФЕЛІНІҢ САПАСЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55
3.1 Проблемалық несиелермен банктердің жұмысы 55
3.2 Несиелік тәуекелді басқару әдістері 61
ҚОРЫТЫНДЫ 65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .67
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...69
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің қызмет ету сапасы соңғы жылдары едәуір жоғары деңгейге көтеріліп, экономика секторларының барлығына толық қызмет көрсетуде. Бүгінгі таңдағы бұл жетістіктерді олардың несиемен қамтамасыз етуінен көруге болады. Жалпы несие дегеніміз – бұл пайыз төлеп қайтару шартында уақытша пайдалануға, яғни қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысын білдіреді. Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға беріледі.
Сөйтіп, несие қазіргі кездегі банктік жүйенің ең маңызды элементі болып табылғандықтан, оның қажеттілігі күннен күнге өсіп жатыр. Өйткені еліміз нарық экономикасына көшкен кезде көптеген шағын және орта бизнестер дами және көбее бастады. Сондықтан да қазіргі кезде жақсы бізнес жобасы бар көптеген тұлғалардың, банк жүйесіндегі алдыңғы қатардағы кез келген банктен әртүрлі шартпен, әртүрлі мерзімге несие алу мүмкіндігі бар.
Бітіру жұмысының мақсаты: Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің несиелік портфель және оның сапасын бағалауды теориялық және тәжірибелік жағынан зерттей отырып, несиелік портфель құрылымын қарастыру болып табылады.
Бітіру жұмысының міндеттері:
- банктің несиелік портфелінің мәні мен құрылымына теориялық жағынан түсініктер беру;
- банктің несиелік портфелін басқаруда теориялық негізде түсініктер беру;
- банктің несиелеу тәртібіне талдау жасау;
- банктің несиелік портфелін бағалауға теориялық және тәжірибелік материалдар негізінде талдау жүргізу;
- проблемалық несиелермен банктердің жұмысын анықтау;
- несиелік тәуекелдерді басқару әдістерін анықтап беру.
Бітіру жұмысының объектісі. Екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелі.
Бітіру жұмысының теориялық және әдістемелік негізі. Қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің несиелік портфеліне қатысты мәселелерді дамыту және несиенің рөлі мен экономикалық мәнін анықтайтын еңбектері пайдаланылды. Бұл ғалымдар: Мақыш С.Б., Сейтқасымов Г.С., Бабичев Ю.А., Лаврушин О.И.
Статистикалық және ақпараттық база ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің активтердің жіктелуі туралы ережесі, Банк ЦентрКредиттің жылдық есеп деректері, нормативтік құжаттары, әртүрлі ережелері, банктің жекелеген клиенттерінің мәліметтері пайдаланылды.
Бітіру жұмысының құрылымы: :кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Жалпы жұмыс мазмұны 70 беттік компьютерлік терім мәтінде жазыла отырып, 11 кестені, 1 суретті қамтиды.
1. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 «Қазақстан Республикасының Банктер және банк қызметі туралы» Заңы, (1995 ж 31 тамызынан бастап 2003 ж 8 мамырдағы № 411-II Заңдарымен енгізілген өзгертулер және толықтыруларымен.
2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 ж 30 наурыздағы № 2155 Заңы (1995 ж 30 наурызынан бастап 2001 ж 3 мамырдағы № 182-II Заңы мен заңға енгізілген өзгертулер және толықтырулар.
3. “Қаржы лизингі” туралы ҚР заңы. 05.07.2000 жыл
4. Положение Нацбанка РК от 16.11.2002. №465 “О классификации активов банка и условных обязательств и расчете провизий по ним банками II-го уровня РК.”
5. Положение Банк ЦентрКредита “О порядке мониторинга кредитов”.
6. Положение Банк ЦентрКредита “О работе с проблемными кредитами”.
7. Банк ЦентрКредиттің жылдық есебі. 2003 – 2004 жылдар
8. Банковское дело / Под ред. Г.С.Сейткасымова. – Алматы: “Қаржы-Қаражат”, 1998 жыл
9. Коммерциялық банктер операциялары / С.Б.Мақыш. – Алматы: “ИздатМаркет”, 2004 жыл
10. Ақша айналысы және несие / С.Б.Мақыш. – Алматы: “Қазақ Университеті”, 2000 жыл
11. Межбанковский кредит: дилинговые операции на рынке “Коротких денег” / Под ред. С.В.Гагарина, Г.А.Шамаева. – Москва, 1995.
12. Управление рисками коммерческих банков / Под ред А.Б.Садвакасова, А.Б.Хаджиева. – Алматы: “Қазақ Университеті”, 2000 жыл
13. Банковское дело / Под ред. О.И.Лаврушина. – Москва: “Финансы и статистика”, 1998 жыл
14. “Ақша, несие, банктер” Г.С.Сейтқасымов. – Алматы, 2001 жыл
15.“Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау” / К.Ш.Дүйсенбаев, Ж.Г.Жумагалиева. – Алматы: “Экономика”, 2001 жыл
16.Банктік тәуекелдер / К.О.Шаяхметова. – Алматы: “Қазақ Университеті”, 2004 жыл
17. Банковское дело / Под ред. Г.Г.Коробовой. – Москва, 2004 жыл
18. Банки и банковские операции / Под ред. Е.Ф.Жукова. – Москва, 1997 жыл
19. Банковское дело: стратегическое руководство / Под ред. В.Платонова, М.Хиггниса. – М.: “Консалтбанкир”, 1998 жыл
20. Банки Казахстана №1, Алматы 2004 жыл
21. Финансы и Кредит 23 (113), Москва 2002 жыл
22. Управление кредитным риском / Вестник КазГУ № 6 (40) 2003 жыл
23. АҚ “Азамат”-тың қаржылық құжаттары, 2003-2004 жылдар
24. Вестник Нацбанка, 1999-2005 жылдар
25. Годовой отчет Нацбанка РК за 2002, 2003, 2004 жылдар
26. Деньги, кредит, банки / Под ред. Сейткасимова Г.С. – Алматы: Экономика, 1999 жыл
27. Долан Э.Дж., Кэмпбелл К.Д., Кэмпбелл Р. Дж. Деньги. Банковское дело и денежно-кредитная политика. – М.-Л., 1991 жыл
28. Дробышевский С. и др. Сравнительный анализ денежно-кредитной политики в переходных экономиках. - М.: Институт экономики переходного периода, 2003 жыл
29. Зиябеков Б. О развитии банковской системы Республики Казахстан // Банки Казахстана. № 5. 2003 жыл
30. Абдрахманова Г.Т., Нурсеитова Р.А. Тенденции и перспективы развития финансового сектора в Казахстане // Банки Казахстана. № 12. 2003 жыл
31. Айманбетова Г.З. Инфляционное таргетирование: проблемы переходного периода и перспективы внедрения // Экономическое обозрение НБК. № 1. 2004 жыл
32. Аубакиров Я.А. и др. История развития денежно-кредитных отношений в Казахстане // Экономическое обозрение Национального Банка Казахстана. Вып. 2, 1999 жыл
33. Банковская система за десять лет независимости Казахстана. – Алматы: Национальный Банк Республики Казахстан, 2001 жыл
34. Залунина Л .В. Традиционный инструмент денежной политики // Банковское дело. № 10, 2003 жыл

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3

1. Банктің несиелік портфелін қалыптастыру және сапасын бағалаудың
теориялық негіздері 5

1.1. Банктің несиелік портфелі: мәні және құрылымы 5

1.2. Банктің несиелік портфелін басқару
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ..18

2. Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі

банктерінің несиелік портфелін қалыптастыру және

бағалау
тәжірибелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...24

2.1. Банктің несиелеу
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..24

2.2. Несие беру және оның қайтарылуын қамтамасыз ету
саясаты ... ... ...32

2.3 Банктің несиелік портфелін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49

3. Банктің несиелік портфелінің сапасын жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 55

3.1 Проблемалық несиелермен банктердің жұмысы 55

3.2 Несиелік тәуекелді басқару әдістері 61

Қорытынды 65

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 67

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..69

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының коммерциялық
банктерінің қызмет ету сапасы соңғы жылдары едәуір жоғары деңгейге
көтеріліп, экономика секторларының барлығына толық қызмет көрсетуде.
Бүгінгі таңдағы бұл жетістіктерді олардың несиемен қамтамасыз етуінен
көруге болады. Жалпы несие дегеніміз – бұл пайыз төлеп қайтару шартында
уақытша пайдалануға, яғни қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысын
білдіреді. Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз
ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік
қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың
уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде
жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға беріледі.
Сөйтіп, несие қазіргі кездегі банктік жүйенің ең маңызды элементі
болып табылғандықтан, оның қажеттілігі күннен күнге өсіп жатыр. Өйткені
еліміз нарық экономикасына көшкен кезде көптеген шағын және орта бизнестер
дами және көбее бастады. Сондықтан да қазіргі кезде жақсы бізнес жобасы бар
көптеген тұлғалардың, банк жүйесіндегі алдыңғы қатардағы кез келген банктен
әртүрлі шартпен, әртүрлі мерзімге несие алу мүмкіндігі бар.
Бітіру жұмысының мақсаты: Қазақстан Республикасының коммерциялық
банктердің несиелік портфель және оның сапасын бағалауды теориялық және
тәжірибелік жағынан зерттей отырып, несиелік портфель құрылымын қарастыру
болып табылады.
Бітіру жұмысының міндеттері:
- банктің несиелік портфелінің мәні мен құрылымына теориялық жағынан
түсініктер беру;
- банктің несиелік портфелін басқаруда теориялық негізде түсініктер
беру;
- банктің несиелеу тәртібіне талдау жасау;
- банктің несиелік портфелін бағалауға теориялық және тәжірибелік
материалдар негізінде талдау жүргізу;
- проблемалық несиелермен банктердің жұмысын анықтау;
- несиелік тәуекелдерді басқару әдістерін анықтап беру.
Бітіру жұмысының объектісі. Екінші деңгейлі банктердің несиелік
портфелі.
Бітіру жұмысының теориялық және әдістемелік негізі. Қазіргі кездегі
отандық және шетелдік экономистердің несиелік портфеліне қатысты
мәселелерді дамыту және несиенің рөлі мен экономикалық мәнін анықтайтын
еңбектері пайдаланылды. Бұл ғалымдар: Мақыш С.Б., Сейтқасымов Г.С., Бабичев
Ю.А., Лаврушин О.И.
Статистикалық және ақпараттық база ретінде Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкінің активтердің жіктелуі туралы ережесі, Банк ЦентрКредиттің
жылдық есеп деректері, нормативтік құжаттары, әртүрлі ережелері, банктің
жекелеген клиенттерінің мәліметтері пайдаланылды.
Бітіру жұмысының құрылымы: :кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Жалпы жұмыс
мазмұны 70 беттік компьютерлік терім мәтінде жазыла отырып, 11 кестені, 1
суретті қамтиды.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, бітіру жұмысының мақсаты мен
міндеттері негізделген.
“Банктің несиелік портфелін қалыптастыру және сапасын бағалаудың
теориялық негіздері” деп аталатын бірінші тарауда банктің несиелік
портфелінің мәні мен құрылымы, банктің несиелік портфелін басқару жолдары
жан-жақты зерттелді.
“Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің несиелік
портфелін қалыптастыру және бағалау тәжірибелері” деп аталатын екінші
тарауда Банк Центр Кредиттің несиелеу тәртібі мен несиелік портфелін
бағалауға талдау жүргізілді.
Үшінші тарау “Банктің несиелік портфелінің сапасын жетілдіру жолдары”
деп атала отырып, проблемалық несиелермен банктердің жұмысы және несиелік
тәуекелді басқару әдістерін ашып көрсетілді.
Қорытындыда бітіру жұмысының нәтижелерінен шығатын түйіндер мен
ұсыныстар тұжырымдалған.

1. Банктің несиелік портфелін қалыптастыру және

сапасын бағалаудың теориялық негіздері

1.1. Банктің несиелік портфелі: мәні және құрылымы

Несиелік портфель белгілі күнге коммерциялық банктің балансы бойынша
несиелік берешектің қалдығын білдіреді. Қазақстандық экономикалық
әдебиеттерінде: несиелік портфель белгілі критерий негізінде жіктелінген
несиелер бойынша банктің талаптар жиынтығы негізінде анықталады. Отандық
және шетелдік тәжірибедегі критерийлердің бірі – несиелік тәуекел деңгейі
болып табылады. Осы критерий бойынша несиелік портфель сапасы анықталады.
Банк менеджерлері несиелік портфельдің сапасын бағалау және талдау
негізінде өздерінің несиелік операцияларын басқарады.
Отандық тәжірибеде несиелік портфельді несиелік сипаттаманың мәмілесі
бойынша жасалынған өзара шарт жиынтығымен анықтайды. Оған ссуда,
факторингтік операциялар, лизинг, берілген банктік кепілдеме және
кепілгерлік бойынша міндеттерді орындау жатады.
Несиелік портфель – бұл белгілі критерийлер бойынша жіктелінген және
берілген несиелердің сапасы мен құрылымының сипаттамасы. Сонымен қатар
несиелік портфель – бұл несиені ұсыну бойынша банк қызметінің нәтижесі,
яғни белгілі уақыт кезеңіндегі банктің берген барлық несиелер жиынтығы.
Банктік несие – бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай
түрде берілетін несиені білдіреді
Банктік несие – бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік
қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік
қатынастардың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады.
Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал
қарыз алушылар ретінде кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы
ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады.
Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты – бұл пайыз түрінде табыс алу.
Банктік несие – бұл банктердің, арнайы несие қаржылық мекемелерінің
қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі. Банктік несие
коммерциялық несиелердің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез
келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие кез келген бағытта
қозғала алады.
Банктік несие сферасы коммерциялық несие сферасына қарағанда несиені
қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет етеді, ал
банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және
жинақтарынан капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет
етеді.
Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені банк арқылы қайта
бөлінген қарыз капиталы экономиканың барлық секторларында қолданыс табады.
Бұл ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмілесінің
дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан
бөлектенген.
Банктік несие өзінің маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, сандық
және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Олардың біреуі қарыз мәмілесінің
қатысушыларымен байланысты. Бір жағынан, қарыз капиталын беруді банктерден
басқа әр түрлі мекемелер (қаржылық компаниялар, өзара несие банктері)
жүзеге асырады. Екінші жағынан, қарыз алушылардың құрамы өзгереді. Қарыз
алушылар – несиелік-қаржылық мекемелер, тұрғындар, үкімет, жергілікті
үкімет органдары болып табылады.
Банктік несиенің шамасына ақшалай-чектік эмиссиямен толтырылған
нақтылы ресурстардың көлемі ғана емес, оған өнеркәсіптік компаниялар, жеке
тұлғалар және мемлекеттік мекемелер тарапынан қарыз қаражаттарына деген
сұраныс та әсер етеді.

Банктік несиелер әртүрлі белгілеріне байланысты жіктелінуі мүмкін:

I. Несие беру мерзімі бойынша:
- қысқа мерзімді;
- орта мерзімді;
- ұзақ мерзімді.
Қысқа мерзімді несиелер – қарыз алушының уақытша қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін бір жылға дейін берілетін несиелер. Қазіргі жағдайда
мақсатты қысқа мерзімді несиелер кең тараған болып табылады. Қысқа мерзімді
несиелер нақты келісім шарттарға қызмет көрсетеді. Мақсатына қарай қысқа
мерзімді несиелерді өндірістік мақсаттарға, сауда-делдалдық операцияларға,
уақытша қажеттіліктерге бөлуге болады.
Өндірістік мақсаттағы несиелер шикізаттарды сатып алуды қаржыландыру
үшін берілетін несиелер.
Сауда-делдалдық операцияларға несиелер қысқа мерзімді сипатта болады
және клиенттің дебиторлық қарызының пайда болуымен байланысты. Қарыз
алушыны несиелеу өндірістік мақсаттарды несиелеумен көрінеді. Қарыз алушы
ретінде көтерме сауда және бөлшек сауда кәсіпорындары болып табылады.
Уақытша қажеттіліктерге несиелер клиенттің қажеттілігін ақшалай
қаражаттарда қысқа мерзімді қанағаттандыру үшін, яғни еңбекақы және
бюджетке төлемдерді төлеуді ұсынады.
Орта мерзімді несиелер – бір жылдан бес жылға дейінгі өтеу мерзімімен
сипатталады. Орта мерзімді несиелер жабдықтау, көліктерді сатып алу, жаңа
кәсіпорындарды, бағдарламаларды, жобаларды бастапқы қаржыландыру үшін
қолданылады.
Ұзақ мерзімді несиелер елдің экономикасында маңызды рөл атқарады.
Ұзақ мерзімді несиелер экономиканың нақты секторына қаражаттарды салумен
байланысты және өндірістің техникалық деңгейін көтерудің негізгі көзі болып
табылады.
Ұзақ мерзімді несиелер – бес жылдан жоғары мерзімге берілетін несиелер
болып табылады. Ұзақ мерзімді несиелер жылжымайтын мүлікке несие жұмсаумен
байланысты. Бұл несиелік операциялар саласы негізінен өндірісті, қоғамды,
жеке құрылысты қаржыландыру үшін және кәсіпорынның негізгі капиталын құру
үшін қажет. Бұл несиенің ерекшелігіне: ұзақ мерзімді өтеу, қарыз алушының
қорланым қаражатының ең төменгі деңгейі, мүліктік кепілдікке берілген
несиелердің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету қажеттілігі, мүліктің құнынан,
яғни кепілдік құнынан (60-70%) несие мөлшерінің тәуелдігі, қысқа мерзімді
несиемен салыстырғанда несие пайызы мөлшерінің төмен болуы, банктің
ресурсын ұзақ мерзімге оқшауландыру, банк пен қарыз алушының несиелік
қатынастарының дамуына болжау жасау қиындығы жатады.
Несиелердің мерзімі несиелік тәуекелге және банктің өтімділігіне әсер
етеді. Егер несиенің мерзімі неғұрлым ұзақ болса, онда қысқа мерзімді
несиемен салыстырғанда соғұрлым өтімді болады. Несие мерзімінің ұзартылуы
тәуекелдің өсуіне әкеледі. Сондықтан да банктің маңызды міндеті –
несиелерді беру мерзімі бойынша оңтайлы жиынтық құру болып табылады.
Қазіргі кезде ұзақ мерзімді несиелер банктік тәжірибеде дамып отырған
жоқ. Оның негізгі себептері:
- несиелеу үшін сәйкес ресурстың жоқтығы;
- несиелік тәуекелдің жоғарылығы;
- несиелеу қағидаларының сақталмағандығы;
- несиені өтеу көздерінің дұрыс таңдалмауы;
- несиелеу механизмінің жетілмеуі.

II. Қарыз алушылардың түрлері бойынша:
- кәсіпорындар мен ұйымдарға несиелер;
- жеке және заңды тұлғаларға несиелер;
- банкаралық несиелер.

III.Экономика салалары бойынша:
- өнеркәсіп салаларына;
- ауыл шаруашылығына;
- құрылыс;
- көлік;
- байланыс.
Өнеркәсіп саласына берілетін несиелер – бұл кәсіпорындар мен ұйымдарға
өндірісті дамыту үшін, материалдарды сатып алу үшін ұсынылады.
Ауыл шаруашылығына берілетін несиелер – бұл фермерлерге, шаруа
қожалықтарына жерді өндеу бойынша, егін жинау мақсатында берілетін несие.

IV.Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай:
- негізгі қорларға жұмсалатын;
- айналым қаражатына жұмсалатын.

V. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
1. Қамтамасыз етілген:
- кепілхатпен;
- кепілдемемен;
- кепілдікпен.
2. Сақтандырылған.
3. Қамтамасыз етілмеген:
- сенім несиесі.

VI.Қайтарылу дәрежесіне қарай:
1. Стандартты несие – қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында
ешқандай күмән жоқ несиелер.
2. Күмәнді несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі
ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған
активтердің жіктеу ережесіне сәйкес күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-
санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 4-
санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді.
3. Үмітсіз несиелер – қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен
несиелер шотына жазылған несиелер.

VII. Валютамен берілуіне қарай:
- ұлттық валютамен;
- шетел валютасымен.

VIII. Берілу шартына қарай:

1. Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу
үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несиені беріледі.
Тұтыну несиесінің басты тағайындалуы халыққа тауарлар сатуды
ынталандыруға бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты:
бір жағынан тауар айналымының ұлғаюына сай несиенің көлемі өседі, сонымен
қатар, тауарды несиеге алу сұранысы туындайды; екінші жағынан, халықты
несиелеудің өсуі, сұраныстың төлем қабілеттігін ұлғайтады. Мұндай
тәуелділік, әсіресе бүгінгі тауарлар нарығын толтыру жағдайында пайда
болуда.
Несиенің бұл түрі әр түрлі елдерде әр түрлі дәрежеде қалыптасуда.
Италия мен Жапонияда халықтың қарызының жалпы сомасы, сол елдің ішкі
жиынтық өнімінің 10%-ын, Германия мен Францияда 30%-ын, Ұлыбритания мен АҚШ-
та 60%-ын құрайды. Бұл елдің тәжірибелерінде тұтыну несиесін ең қымбат
тауарларды: автомобиль, электр тұрмыстық құралдары, жиһаздарды және т.с.с.
сатып алу барысында жиі пайдалынады. Бұл елдердің тұтыну несиесінің
жартысынан көп бөлігі автомобильдерді сату үлесіне тиеді.
Экономикалық мазмұны жағынан тұтыну несиесі банктік несиенің бір
бөлігі ретінде, оның басты бағыты тек жеке тұлғалармен тікелей байланысты
болып келеді. Сондықтан да, несиенің бұл формасының экономикасы дамыған
елдерде кеңінен пайдалануының екі түрлі себебі бар: біріншісі, субъективті,
яғни бұл несие халыққа ең жоғарғы деңгейде материалдық игіліктерге қол
жеткізуге қолайлы жағдай жасаса; екіншісі, объективті, яғни кез келген
қоғамның дамуының басты бір экономикалық мәселесі – бұл дайын өнімді өткізу
десек, ендеше тұтыну несиесін қолдану аталған мәселені шешуге мүмкіндік
береді.Тұтыну несиесі көптеген елдердің экономикасында маңызды рөл
атқарады, сондықтан да, оны мемлекеттік ұйымдар тарапынан белсенді түрде
реттеп отыру отыру қажет. Мұндай реттеуді екі түрге бөледі: берілу және
пайдалану деңгейінде реттеу. Берілу деңгейінде мемлекет тұтынушыларыды
ынталандыруға тиіс.
Сондай-ақ тұтыну несиесі жеке тұлғаларға тұрғын үй сатып алуға және
құрылысына ұзақ мерзімді банктік сауда формасында да берілуі мүмкін.
Бүгінгі таңда тұтыну несиесінің біздің елімізде жете қолданылмай келудің
себебі, отандық өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өндірісінің қиындықтар кешуі
нәтижесінде нарықтағы халық сұранысы мен төлем қабілеттігінің өсуі және
олардың тауарлы-материалдық бағалылықтарымен өтеудің кері кетуі арасындағы
теңсіздікке байланысты. 8

2. Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді,
өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге
берілетін несиені білдіреді.7
Ипотека несиені қамтамасыз етудің сенімді әдістерінің бірі болып
табылады. Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты біздің мемлекетімізде
ипотекалық несиенің дамуы өсе береді. Бірақ ипотеканың дамуы экономикаллық
шарттардың болмауынсыз мүмкін емес, яғни мүлік иелерсіз. Кепілдік құқықтың
әмбебап мөлшері бойынша мүлікті тек меншік иесі ғана кепілге сала алады.
Қазіргі кезде ипотеканың дамуын ұстап тұрған фактор – бұл жерге жеке
меншіктің болмауы. Ал кепілге салынған осы мүліктер меншік иесіне тиісті
емес ғимараттар мен жер телімдері (участок) ипотеканың дамуына не
способствует. Жердің өзі кепілдің ең сенімді объектісі болып табылады.
Ипотекалық несиелендірудің дамуының жақын келешегі Қазақстандағы
жылжымайтын мүлік нарығының құрылуына байланысты болады, оны негізгі
белгілері қарастырылуда.
Біріншіден, бұл өте үлкен сиымдылық: бүгінгі күні сатылуға арналған
жылжымайтын мүліктердің құны жүздеген миллиард теңгеге бағаланып отыр.
Екіншіден, оның қатысушыларының кәсіби біліктілігі өсті. Енді
жылжымайтын мүлік нарығының әрбір сегментінде өздерінің жетекшілері бар,
яғни олар өздерінің белсенділігі мен қызметі бойынша бәсекелестеріне
қарағанда алда келе жатыр.
Үшіншіден, көпқырлылығы. Қазіргі кезде жылжымайтын мүлік нарығында
пәтерлер, тұрғынсыз үй-жайлар, коттедждер және офистер салу үшін телімдер,
аяқталмаған құрылыс объектілері, жерге жалға беру құқығы, бау-бақша
телімдері айналыста жүр.
Ипотеканың басты артықшылығы – бұл жерде адамдар тұрғын үйлерін бірден
алады. Құрылысжинақ жүйесіне қарағанда, олар пәтерлерін сатып алғаннан
кеін, бірден ішіне кіріп, банкке қарызын бірте-бірте пайызымен бірге
қайтарады. Ал құрылысжинақ – бұл жүйе бойынша қарыз алушы алдымен несие
алатын банкте қажетті соманың жартысын жинақтап алу керек, содан кейін ғана
барып банктен жетпеген қаражаттарды несиеге алып, пәтерді сатып алып ішіне
кіреді және қарызын қайтара бастайды. Сонымен қатар жинақтау процесі қатаң
анықталған уақытта болу керек, яғни 2-3 жылдан кем емес.
Ипотекалық несиелендірудің ұзақ мерзімді проблемаларын шешудің негізгі
жолдары – нарықтық механизмдердің дамуы үшін жағдайлар жасау және қоғамның
бюджеттен тыс ресурстарын жұмылдырып қаржы-несиелік салаға оларды бағыттау
болып табылады.
Қазақстандық Ипотекалық Компаниясының жұмысының барысында қызмет етіп
жатқан заңдардың ішінде кейбір проблемалр табылған. Ипотекалық несиелендіру
жүйесінің енгізілуі кезінде мәмілелерді мемлекттік тіркеу жүйесінің
дамымауы байқалған, яғни тіркеу үшін алынған төлемақының үлкен болуы
халыққа берілетін несие қымбат болуына әкеледі, сонымен қатар азаматтарға
салық жеңілдіктері болған жоқ.
Ипотекалық несиенің негізгі проблемасы болып – ипотекалық
несиелендіруге қаражат тартуы табылады. Оның шешілуіне тұрғын үй
несиелендіру жүйесінің дамуы байланысты болады.
Осыған байланысты қаражаттарға ішкі нарықтан Қазақстандық Ипотекалық
компаниясымен қамтамасыз етілген ипотекалық облигацияларды шығару арқылы
тарту болып табылады. Ал негізгі отандық институционалдық инвесторлары –
жинақтаушы зейнетақы қорлары және сақтандыру компаниялары болып табылады.
Қазақстандағы ипотекалық несиелендірудің дамуына кедергі жасайтын
фактор – бұл несиелендірудің салыстырмалы жоғары емес орта мерзімі болып
табылады. Себебі банктердің міндеттемелерінің үлкен бөлігі қысқа және орта
мерзімді сипатта болады. Осыған сәйкес банктерде ипотекалық несиені осындай
мерзімге береді. Нәтижесінде бұл қарыз алушылардың қаржылық салмағын
өсіреді және потенциалды қарыз алушылардың санын қысқартады.
Қазақстандағы ипотекалық несиелендірудің дамуына әсер ететін, шешілуге
қажетті проблемалар:
- салық салу жүйесі, мысалы, ипотекалық бағалы қағаздар бойынша
инвесторлардың табысына салық салу, ал мұның өзі халыққа берілетін
несиелердің құнын анықтайтын негізгі элемент болып табылады;
- ипотекалық несие көмегімен тұрғын үйді сатып алу үшін мәмілелерді
мемлекттік тіркеу процедураларының қымбат және ұзақ болуы;
- бағалы қағаздар эмитентінің жойылу жағдайында ипотекалық бағалы
қағаздардың инвесторларын, талаптарды қанағатандыру бойынша бесінші
топқа енгізу.
Бұл проблемалардың жиынтығын шешуі ипотекалық несиелендірудің көлемін
өсіруге мүмкіндігін береді.
Сонымен қатар ипотекалық несиені сақтандыру жүйесін құру арқылы да бұл
несиені алатын халықтың санын өсіруге себебін тигізеді. Осыған байланысты
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен мұндай сақтандыру компаниясының
қызметін нормативтік-құқықтық базасымен қамтамасыз етілуі дайындалып,
ипотекалық несиелерді сақтандыру компаниясының құрылуы қарастырылуда.
Ипотекалық несие – бұл массалық өнім емес, ол тек қана орта табыс
алатын азаматтарға тиесілі болу қажет.
3. Овердрафт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік
қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
Бүгінгі күнге овердрафт – клиенттердің бөлек категориялары үшін
несиелендірудің перспективті формасы болып табылады.
Овердрафттың мақсаты – кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі кезінде
пайда болған төлем қабілетсіздікті жою.
Овердрафт түріндегі несиелік шығындар көлемінің есеп айырысу шотына
түскен қаражаттарға қарағанда уақытша жоғарлауы кезінде есеп айырысуларды
уақытылы жүргізуге мүмкіндігін береді, сондай-ақ бұл несие клиенттердің
ақшалай қаражат түріндегі уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында
беріледі, оның ішінде айнымалы қаражаттарды толықтыруға (тауарлы-материалды
құндылықтарды алу, тауарлар запастарын құру), жалақы төлеуге, бюджетке
міндетті төлемдер, басқа да өндірістік шығындарға бағытталады.
Овердрафттық қаржыландыру (несиелендіру) – банкпен алдын-ала
келісілген банктегі клиент шоты бойынша рұқсат етілген овердрафты жабу үшін
берілетін қысқа мерзімді банктік несиенің түрі, яғни есеп айырысу шотындағы
қаражаттардың жетіспеуі немесе жоқ болуы кезінде төлем құжаттары бойынша
жедел төлем жүргізу үшін алынатын несие.
Овердрафт – бұл клиент шоты бойынша, банк шотындағы қалдықтан асатын
сомаға төлемдер жүргізу нәтижиесінде клиенттің есеп айырысу шотында пайда
болған теріс баланс немесе дебеттік сальдо. Овердрафт тек операциондық
күннің ішінде ғана құрылуы мүмкін. Ағымдағы операциондық күнді жапқан кезде
клиент шоты бойынша пайда болған теріс сальдо анықталса, рұқсат етілген
овердрафт кезінде шот несиелік ресурстар есебінен жабылады.
Клиент “овердрафт” формасындағы несиелендіруді қажеттілігіне
байланысты қолданғандықтан, мерзімді несиеге қарағанда ол бойынша пайыз
көлемі аз болады.
Қарыз алушы банкке ұсынылатын овердрафт режимінің шарттарына:
- “клиент-банк” статусы;
- овердрафттың рұқсат етілген лимиті;
- овердрафт бойынша пайыз мөлшерлемесі;
- овердрафт мерзімі;
- несиенің валютасы.
“Клиент-банк” статусы – коммерциалық банк овердрафт режиміндегі
несиелерді тек, бұл банкте шоттары ашылған және олар бойынша есеп айырысу-
кассалық қызмет жүргізіп жатқан клиенттерге ғана берілетіндігін білдіреді.

Овердрафттың рұқсат етілген лимиті – бұл алдын-ала банктің келісім
шартында қарастырылған овердравт режиміндегі берілетін несиенің көлемі.
Овердрафт лимиті – банктегі клиенттің есеп айырысу шотына келетін ақшалай
қаражаттардың орта айлық “таза” түсімдерінің сомасына пайыз түрінде
белгіленеді. Әдетте орта айлық түсімдердің сомасы соңғы 3-6 айлары бойынша
анықталады. Жалпы бұл нарық бойынша лимит мөлшерлемесі шотқа орта айлық
“таза” түсімдерінің мөлшерінен 20-50%-ға дейін ауытқиды. Бұл жердегі “таза”
түсімдер – клиенттің негізгі қызметінен келген түсімдер.
Банк – бұл несие бойынша пайыздарды күн басындағы нақты ссудалық
қарыздың сомасына күн сайын есептеп отырады.
Егер қарыз алушы ссуданы уақытылы өтемеген жағдайда банк қарыз
алушының есеп айырысу шотына түскен ақшалай қаражаттарды автоматты түрде
берілген қарызды өтеуге бағыттайды.
Овердрафттың мерзімі – бұл жалпы түсінік, оны үш бөлімшеге бөліп
қарастыруға болады:
- несиелік келісімнің жалпы мерзімі, яғни бұл мерзім ішінде лимит
белгіленіп, қызмет етеді (1 жылға дейін);
- несиені беру мерзімі (бұл лимитті қолдану күнінен бастап негізгі
қарыз бен пайыздарды толық өтеу күніне дейін, яғни 30 күнді
құрайды).
- пайыздарды өтеу мерзімі (күнделікті есептелініп отыратын
пайыздардың сомасы клиенттің шотына түсетін ақшалай қаражаттардың
есебінен өтеліп отырады).
Несиенің валютасы түрінде келесілер қолданылуы мүмкін:
- несиеленетін шоттың (есеп айырысу шоттының) валютасы, яғни
Қазақстан үшін – бұл теңге.
- Шетел валютасы (АҚШ доллары, евро);
- Валюталық қоржын.
Әдетте клиентке овердравт лимиттін ашу үшін банктер қамтамасыз етуді
талап етпейді. Яғни овердрафт – бұл клиентке сенімді несие болып табылады.
Овердрафттық қаржыландырудағы негізгі қамтамасыз ету көзі болып – қарыз
алушының шотындағы тұрақты қалдықтары мен ақшалай қаражаттарының түсімі
табылады. Бірақ кейбір банктер өздерін сақтандыру үшін белгілі бір кепілді
талап етеді.
Қазіргі кезде овердрафтты тәжірибеде қолданған кезде алдымен заңи
проблемаларды реттеу керек. Нәтижесінде коммерциалық банктер бақылау
органдарымен келіспеушілікке түспей, сондай-ақ айыппұлдарды төлемей
овердрафт несиесін клиенттеріне бере алады. 19

4. Овернайт несиесі – өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге
берілетін банкаралық несиенің түрі. Овернайт несиесінің басты бір
ерекшелігі өзінің атына байланысты бір түнге ғана беріледі. Бұл несиенің
банктер көбіне аяқ асты қаржылық қиындықта туындай қалған жағдайларда
алады.

5. Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа
мерзімді несие. Онкольдық несие келесідей жолмен жүзеге асырылады. Банк
бағалы қағаздарды немесе тауарлы-материалдық құндылықтарды кепілдікке ала
отырып, қарыз алушыға арнайы ағымдық шот ашады. Қамтамасыз етілген несие
шегінде банк кәсіпорынның барлық шоттарын төлейді. Несиенің өтелуі банктің
алғашқы талабы бойынша қарыз алушының қаражаты есебінде төленеді. Қарыз
алушыны алдын-ала, яғни 2-7 күн ішінде ескерте отырып, онкольдық несие
өтеледі. Мерзімді несиеге қарағанда онкольдық несиенің пайыздық
мөлшерлемесі төмен. Онкольдық несие қайтару мерзімі және қамтамасыз ету
сапасына байланысты банктің актив бабындағы кассадағы қолма-қол ақшадан
кейінгі өтімді бап болып табылады.

6. Банкаралық несие – банктердің бір-біріне беретін несиесі.
Банкаралық несиенің ролі мен орны коммерциялық банктердің тарихи
қалыптасқан функцияларымен анықталады:
- ағымдық (есеп айырысу) шоттарына және мерзімді салымдарға қаражат
тарту;
- төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық қағидаларына сәйкес
қаражаттарды ссудаларға беру;
- есеп айырысуларды жүргізу.
Жалпы банкаралық несиенің несиелік қатынастар жүйесіндегі орны ерекше,
сондай-ақ банктік жүйенің дамуына үлкен әсерін тигізеді. Кәзіргі банктік
жүйеге сәйкес банкаралық несиенің екі деңгейі бар. Біріншісі, Ұлттық Банк
пен коммерциялық банктер арасындағы және екіншісі, коммерциялық банктер
арасындағы ақшалай қаражаттардың қозғалысын көрсетеді. Сондықтан да банктік
жүйенің тұрақты болуының міндетті шарты – банкаралық несиенің бірқалыпты
қызмет етуі болып табылады.
Банктердің ақшалай қаражаттарды тарту және орналастыру операцияларын
жүргізудің спецификасы бойынша банктер белгілі бір мерзім сайын несиелік
ресурстарға деген қажеттілігі немесе артық болуы мүмкін. Банкаралық
несиелендіру қаржылық нарықтың ірі сегменті болып табылады, бұл жерде
банкаралық несиелер және банкаралық депозиттер түріндегі несиелік
ресурстардың сатылуы мен сатып алынуы ұйымдастырылады.
Банкаралық несиенің негізгі сипаттамасы – несие субъектілері
арасындағы ресурстарды қайта бөлу болып табылады, яғни субъектілер ретінде
банктерді қарайды. Несие субъектілерінен басқа банкаралық несиенің мәні
оның элементтерімен анықталады – банктік ресурстар мен кепіл құнымен;
банкаралық қозғалыс сипатымен, банкаралық несиені беру кезіндегі
қозғалыстың бағыты мен оның өтелуі. Банкаралық несиенің мәні – бұл банк-
кредитор мен банк-қарыз алушы арасындағы несиелік және кепіл формаларының
айырбасталуы.
Банкаралық несиенің функционалдық ерекшеліктері өндіріс саласын
несиелендіру үшін ресурстық базасын кеңейтуде, несиені мультипликациялау
процесін жеделдетуде, қаржылық нарықтың сегменттері арасында банктік
ресурстарды қайта бөлуде көрінеді.
Қазіргі кезде материалдық өндіріс саласын несиелендіру үшін ресурстық
базасын кеңейту мақсатында банкаралық несиені қолдану кеңінен таралған жоқ.
Бұл ең алдымен банкаралық несиенің қысқа мерзімді сипатта тартылуына
байланысты. Ал экономиканың нақты секторы ұзақ мерзімді несиелендіруді
қажет етеді.
Банкаралық несиенің несие мультипликациясының жеделдету ерекшелігі,
керісінше, банкаралық ссудалардың берілу мерзімін қысқа және тым қысқа
мерзімді етеді, ал бұл өз кезегінде банктік жүйенің банкаралық несиен
нарығының тұрақтылығына тәуелділігін күшейтеді.
Қаржылық нарықтың сегменттері арасында банктік ресурстарды қайта бөлу
ерекшелігі – банкаралық несие балансталмаған өтімділік тәуекелін төмендету
және банк-қарыз алушының төлем қабілеттілігінің жоғарлауы арқылы көрінеді.
Сонымен банкаралық несие банктің ағымдағы төлемділік позициясын және
өтімділігін бір қалыпты ұстап тұрудағы қаражаттардың жедел қайнар көзі
болып табылады.
Егер банк банкаралық несиелер нарығында кредитор ретінде шықса, банк
әдеттегідей қарыз алушыға баға береді және несиенің қамтамасыз етілуін
қарастырады.
Несиелендіру үш бір-бірімен байланысқан бағыттары бойынша қабылданған
шешіммен байланысты болады:
- қарыз алушыға баға;
- несиелендіру объектісіне баға;
- несиені қамтамасыз етуге баға.
Банк-қарыз алушының бағасы келесі бағалардан құрылады:
- банк-қарыз алушының қаржылық нарықтағы жағдайы және мемлекеттік
органдар мен кәсіби бірлестіктердің ұсынған ақпараттары мен
жарияланған сенімділік рейтингтерінің нәтижиелері бойынша оның
беделі;
- берілген құжаттар бойынша, қаржылық жағдайының талдауы бойынша банк-
қарыз алушының қаржылық жағдайы;
- бұрын алынған несиелер мен олар бойынша есептелген пайыздарды
өтеуінің нәтижелері бойынша банк-қарыз алушының несиелік тарихы.
Банкаралық несиелендіру негізінен қысқа мерзімді болып келеді, сондай-
ақ келісім шартты жасау мерзіміне үлкен талаптарды қояды. Осыған байланысты
банкаралық несиелендіру келісім шарты өзара корреспонденттік қатынастары
бар банктер арасында жасалады. 9

7. Ломбардтық несие – екінші деңгейдегі банктерге қысқа мерзімді
өтімділігін қолдап отыру мақсатында, мемлекеттің бағалы қағаздарын кепілге
ала отырып, Ұлттық банктен берілетін банктік несиенің бір түрі болып
табылады.
Ломбардтық несие Ұлттық банктің ақша-несие саясатын жүзеге асырудағы
бірден бір маңызды құралдардың біріне жатады. Ломбардтық несие келісім шарт
негізінде жүзеге асырылады. Ломбардтық несиенің валютасына теңге жатады.
Ломбардтық несиелер Ұлттық банктен банктік операцияларды жүргізуге
алған рұқсат қағазы бар, активінде мемлекеттің бағалы қағаздары болатын кез
келген резидент банктерге беріледі.
Ломбардтық несиеге деген сұраныс Ұлттық банктің бір айлық белгілеген
шегі негізінде қанағаттандырылады. Ломбардтық несие екінші деңгейлі
банктерге 28 күнге жуық мерзімге ғана беріледі. Ломбардтық несиені өтеу
мерзімі мемлекеттік бағалы қағаздарды өтеу мерзімінен 10 күн бұрын болуға
тиіс. Сатып алынған ломбардтық несиені банктер өздерінің қалаулары бойынша
пайдалана алады.

8. Лизингтік несие – құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты
берілетін несие.
“Лизинг ” термині ағылшын “to lease ” сөзінен аударғанда – “жалға
беру” дегенді білдіреді. Ал лизингтің жалға беруден, яғни “арендадан”
айырмасшылығы:
1) Қатысушы субъектілеріне байланысты болады, яғни аренда екі қатысушы
(жалға алушы және жалға беруші ), ал лизингте кемінде 3 қатысушы болады
(лизинг беруші,лизинг алушы, жабдықтаушы, несие беруші ұйым (банк).
2) Жалға беру объектілеріне байланысты болады, яғни лизингте көбінесе
құрал жабдықтар болса, арендада – кез-келген меншіктегі мүліктер
(тұрған үйлер) болады.
Лизинг дегеніміз – лизингтік фирмалармен жүзеге асырылатын машиналар
мен құрал-жабдықтарды ұзақ мермезімге жалға алуды білдіріп, тауарға меншік
құқығын жалға берушіге қалдыратын инвестициялаудың ерекше әдісі болып
табылады.
Біздің елімізде лизингтік қатынастар 2000 жылдың 5 шілдесінде
қабылдаған “Қаржылық лизинг туралы” заңға сәйкес жүргізіліп реттеледі.
Лизингтік келісімге қатысушылар ретінде лизингке беруші, лизинг алушы
және лизингке берілетін мүлікті сатушы ретінде көрінетін жеке
кәсіпкерлікпен айналысатын жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
Лизинг беруші – бұл өзіндік және сырттан тартылған қаражаттар есебінен
лизингке берілетін мүлікті өз меншігіне сатып алатын және оны лизингтік
келісім-шарт негізінде лизинг алушыға беретін лизингтік келісімнің
қатысушысы. Лизинг беруші бір мезгілде басқа лизингтік келісімге қатысушы
ретінде көрінуге құқығы жоқ.
Лизинг алушы – лизингтік келісім-шарт негізінде кәсіпкерлік мақсат
үшін лизингке берілетін мүлікті қабылдайтын лизингтік келісімге қатысушы
тұлға.
Лизинг беруші лизинг алушыға негізгі капитал элементтерін келісім-
шартта көрсетілген мерзімге және белгілі бір төлем ақымен бере отырып, шын
мәнінде несиелік келісімге тән мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік
қағидаларын іске асырады.Бірақ екінші жағынан лизинг беруші мен лизинг
алушы өндірістік формадағы капиталмен жұмыс жасайды. Мұндай жағдай лизингті
инвестиция түсінігімен жақындастырады және лизингтің халық шаруашылықтағы
мағынасын арттырады.
Жалпы айтқанда, банктердің лизингтік операциялары несиелік
операциялармен ұқсас болып келеді. Әсіресе несие түрлерінен коммерциялық
несиеге жақын. Комерциялық несие тауар формасында беріледі және ақша
формасында өтеледі. Лизингтік келісім негізінде несие тауар формасында
беріледі. Келісім-шарт мерзімі аяқталғаннан кейін келісім объектісі лизинг
берушіге, қайтадан, лизинг берушіге заттай формада қайтарылады.
Сонымен, қаржылық лизинг банктік несиелеудің балама түрі болып
табылатын күрделі қаржыны қаржылаудың ерекше формасы. Ол өндірісті
компанияларға көп шығын жұмсай-ақ қажетті тауарларды алуға және өндірістік
құрал-жабдықтардың ескеруімен байланысты тәуекелдіктерден сақтауға
мүмкіндік береді. Яғни, лизинг – уақытша пайдалануға негізделген мүліктік
қатынастар кшені болып табылады.
Сонымен қатар, лизингтің жалпы қызметіне байланысты оның
артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастыруға болады.
1) лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды
несиелеуге мүмкіндік береді;
2) лизинг 100%-ға дейін неселеуді ұсынады, яғни ірі қаржылық
ресурстары жинақтамай-ақ жаңа өндірісті ұйымдастыруға көмектеседі ;
3) Салықты лизинг беруші төлейтіндіктен, лизинг алушы салықтан
босатылады. Яғни ол тек қана амортизациялық аударымдарын жасайды (егер ол
қаржылық лизинг болса) және лизингтік келісім шартында көрсетілгендей
сәйкес төлемдерін жүргізеді ;
4) Маусымдық және күтпеген өндірістік мәселелері шешудің жеделдігі;
5) Банк мекемесі лизинг бойынша көрсеткен қызметі үшін белгіл бір
мөлшерде комессиондық төлемдерді алады.
Ал кемшіліктеріне :
1) лизинг алушы құрал – жабдықтан қалдық құнының жоғарлауынан (әсіресе
инфляциядан ) ештеңе ұтпайды;
2) ұйымдастырудың күрделілігі;
3) лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бірақта ескірген құрал-
жабдықтан туындайтын тәуекелдіңлизинг берушінің басында болатынын ұмытпау
қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін коммисияны
көбірек алуға тырысады.
Жалпы лизингтік компаниялардың басым көпшілігі лизингті қолданудың
тиімділігін арттыру үшін банктердің көмегімен дербес қаржы көздерін тарту
және өзара бірлестіктер мен одақтарға бірлесу арқылы ірілену саясатын
жүргізуде. Лизингтік қызметтерді көрсететін компаниялар мен банктердің
көбеюі бір жыл ішінде жасалатын лизингтік операциялар көлемінің артуына
себепші болып, соңғы жылдары лизингтік мәмілелер мен операциялар саны
қарқынды түрде арта түсті.
Қазіргі кезде, Қазақстанда лизинг 4 жолмен дамып отыр:
1.Аймақтың көтерме–делдал фирмалар мен Қазақстан келісім–шарт
корпорацияларындағы компаниялардың басқаруындағы техникалық құралдарын
жалға берумен айналысатын кәсіпорындар мен пунктер; (Қазіргі таңда қызмет
көрсетіп жатқан лизингтік компаниялардың арасында “Лизинг-центр” ЖШС,
“Жалын-лизинг” АҚ, “Спутник” ЖШС, “Казтехлизинг”, “Инвестлизинг” АҚ,
“Астана-инвест” АҚ, “Агро-лизинг” АҚ сияқты компанияларды ерекше айтып
кетуге болады. Сонымен қатар, “БТА-лизинг”, “Валют-транзит Банк”, “АТФ
банк”, “Тексака банк”, “Лариба банк” банктерінде лизингтік қызметтерді
ұсынады.)
2. Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары;
3. Жаңадан құрылып жатқан маманданған лизингтік фирмалар;
4. Халықаралық лизинг формаларының дамуы.
Тағы да бір айта кететін жағдай, республикамызда көрсетілген лизингтік
қызметтердің жалпы көлемінің артуына қарамастан лизингтің даму деңгейі әлі
күнге дейін қойылған талаптарға сай емес. Бұл, ең алдымен, лизингтің
ұйымдық- экономикалық тетіктерінің тиімсіз әрекеттілігіне, лизингтік
қызметтердің құрамы мен түрлеріне қатысты ақпараттардың тапшылығына, осы
саладағы мамандардың білімдері мен тәжірибелерінің жеткіліксіздігіне және
лизингтік компаниялардың басым көпшілігінде инвестициялық мүмкіншіліктің
төмендеуіне тікелей байланысты болып отыр. Жалпы алғанда, шағын және орта
кәсіпорындар мен банктердің үлесі бар компаниялар лизингтік қызметтерді
ұсынады. Ал жеткілікті потециалы, күші бар ірі жеке және мемлекеттік
кәсіпорындар лизингтік жобаларды инвестициялау ісіне көп назар аудармауда.
Тағы да осыған қоса айта кететіні – бұл лизингтің біздің елімізде
халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету үшін
халықаралық тәжірибеде қолданылатын лизингтік мәмілелерінің келесі
формаларын қолдануын ұсыныс ретінде қарастыруға балады:
1. “Стандарт” лизинг, яғни жабдықтаушы қаржыландырушы қоғамға мәміле
объектісін сатады, ал бұл қоғам, өз кезегінде, оны лизингтік компаниясы
арқылы тұтынушыларға жалға береді;
2. Қайтарылатын лизинг (lease-back), яғни құрал-жабдықтардың немесе
қондырғылардың иесі оларды лизингтік фирмаға сатады және соларды
қайтадан, бірақ жалға алады;
3. Компенсациялық лизинг, яғни лизинг алушы арендалық төлем ақысын
жалға алынған мәміле объектісінде өндірілген өнімдермен төлеуі;
4. Қайта қамтамасыз етілетін лизинг, яғни лизингтік мәміледе алдын ала
ескерілетін лизинг алушының тапсырмасы бойынша мерзім ішінде жалға
алынған қондырғыларды жаңа үлгілеріне ауыстыруды білдіреді;
5. Экспорттық лизинг, яғни лизингтік фирма қондырғыларды ұлттық
фирмадан сатып алады да, шетел лизингалушыға жалға береді;
6. Импорттық лизинг, яғни лизингтік фирма қондырғыларды шетел
фирмасынан сатып алып, ұлттық лизинг алушыға жалға береді.
Қорыта келгенде, лизинг ұғымы Қазақстан экономикасына жаңадан келген
ұғым. Оны біз Қазақстанның нарықтық экономикаға көшумен байланыстырамыз.
Жоғарыда атап өткеніміздей, отандық өндірушілер үлкен тоқырауда тұрған
кезде лизинг инвестициялар тартудың тиімді құралы ретінде еліміздің
экономикасына инвестициялар тартуға мүмкіндік береді. Яғни, автопарктардағы
тозығы жеткен көлік құралдарын, аэропорттардың ұшуға жарамай қалған
ұшақтарды жаңаландыру үшін лизинг операцияларын сауатты пайдалана білуіміз
керек. 1

9. Рамбурстық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай
фабрикат пен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын
несие.
10. Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары
клиенттерге берілетін несие.

11. Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді
алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.

12. Консорциалдық несие – ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің
өзара қосылып беретін несиелері.
Нарықтық қатынастарға өту кезінде несиелік қатынастар саласындағы
ерекшеліктер мен нарық секторының айырмашылығында банк қызметтерінің
бірлесу қажеттілігі пайда болды. Бірлесу мақсаттары ірі жобаларды
қаржыландырумен, банк операциялары бойынша тәуекелдерді қысқартумен, бір
баніктің күші келмейтін міндеттерді шешумен байланысты.

2 Банктің несиелік портфелін басқаруды ұйымдастыру

Несиелік портфельді басқару – бұл банк қабылдауға дайын болып отырған
тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды және олардың ең жоғарғы жететін
деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылады.
Несиелік портфельді басқаруды іске асырудың ортақ алғы шарттарына
жататындар:
- нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі
банктік лимитін белгілеу;
- несиелік рейтингпен байланысты болатын, жекелеген қарыз алушылардың
тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау формасын
жасау;
- әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;
- төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды анықтау;
- жоғарғы тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты
қатаңдату;
- несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.
Несиелеу лимиттерін белгілеу – несиелік портфельді құруға бақылау
жасауда тәуекелдерді төмендету және ұзақ мерзімді өміршеңдік қабілетті
жақсарту үшін пайдаланылатын басты тәсіл. Осы тәсіл негізінде банктер:
1. Кез келген тәуекел түрлерін шоғырландыру үшін төлем қабілет зиянынан
бас тартуды жүзеге асырады.
2. Тұрақты пайданы қамтамасыз ету және шоғырландыруды қысқарту мақсатымен
несиелік портфельді әртараптандыруды жүзеге асырады.
Несиелік портфельді басқару – бұл несиелік портфельдің барлық
тәуекелдігін тежеу және баланстау, сонымен қатар тәуекелдерді басқару болып
табылады.
Несиелік портфельді қалыптастыру және басқару – банк қызметіндегі
негізгі мезет болып табылады. Оңтайлы және сапалы несиелік портфель банктің
өтімділігі мен сенімділігіне әсер етеді. Банктің сенімділігі акционерлер,
кәсіпорындар, халық, яғни банктің салымшысы және банк қызметін пайдаланушы
үшін өте маңызды болып табылады.
Оңтайлы несиелік портфельді құру үшін банк өзіне маңызды және сәйкес
несиелік саясат құру керек, яғни нарықтық сараланымды дұрыс таңдау және
қызмет құрылымын анықтау болып табылыды. Сонымен қатар несиелік портфельдің
сапасына көңіл аудару керек. Сапасыз несиелік портфель, несиелік саясаттың
бұзылуымен берілген несиелер, сенімсіз қарыз алушыларға несие беру банктің
тұрақсыз қаржылық себебі болуы мүмкін. Несиелік портфельді басқаруда актив
және пассив мерзімін басқару жүйесінің өзгеруі маңызды болып табылыды.
Несиелік портфельді басқарудың ең маңызды элементі – несиелік саясат
болып табылады. Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін,
оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті
ұйымдастыру принциптері мен тәртібін белгілейді. 10
Несиелік саясат – банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және
несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.
Кең мағынада, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар
тұрғысынан қарастыруға болады.
Тар мағынада, несиелік саясат – бұл несиелік процесті
ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.
Несиелік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына
сай ұйымдастыру негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті
құжаттар жүйесін жасау шарттарын білдіреді.
Жалпы несиелік саясат мынадай сипатта болуға тиіс:
- нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;
- несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауға мүмкіндік
береді;
- нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;
- оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқаулықтарды
қамтитын құжаттардан тұрады.
Несиелік саясат банктің стратегиясын, оның тәуекелді басқару
облысындағы саясаттарын ескере отырып жасалады. Несиелік саясат несиелік
қызметтің мынадай негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:
- несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап беретін
банк қызметкерлері жетекшілікке алатын объективтік стандарттар мен
критерийлерін;
- несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын
тұлғалардың басты іс-әрекеттерін;
- сыртқы аудит қызметтерінің жұмысын және банктегі несиелік
қызметтің сапалығын;
- ішкі бақылау қағидаларын.
Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс - әрекеттердің
тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің міндеттерін
анықтау үшін қажет. Сонымен қатар несиелік саясат банк қызметкерлерінің
несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, несие беру
мүмкіндігі туралы сұрақтарды шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар
басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап “өз клиентін”
таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.
Несиелік саясаттың маңызды элементі банктегі бақылауды ұйымдастыру
болып табылады (потенциалды қарыз алушыны несиелеу мүмкіндігі туралы
сұрақты шешу барысында несиелік стандартты дұрыс қолдануға бақылау жасау;
жекелеген несиелік қызметкерлердің құзіретін сақтауға бақылау жасау;
банктің несиелік портфелінің жағдайына және оның ішінде проблемалық
несиелерге қойылатын жалпы бақылау).
Ішкі несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несиелеу мақсатын
қалыптастыруды және бұл мақсаттардың банктің жалпы міндеттері мен
стратегиялақ мақсаттармен қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етеді.
Несиелеу мақсаттары анықталғаннан соң, соның негізінде банк
қызметкерлерінің қажетті несиелік операциаларды атқаруына мүмкіндік
беретінбанктің несиелік саясатын және оған қоса несиелеу стандарты мен
несиелік нұсқаулықтары жасалады.
Несиелік саясат несиелік портфель үшін мынандай көрсеткіштер
белгілейді:
1. Банктің қандай ресурс үлесі несиені беру үшін қолдануы мүмкіндігін;
2. Несиенің қандай тұрпаты берілуі мүмкіндігін;
3. Берілген несие тұрпаты қандай несие портфелінің құрылымын құру
мүмкіндігін;
4. Жеке салалар мен қарыз алушылар бойынша несиені шоғырландыру
мүмкіндігін;
5. Бизнестің негізгі географиялық аймағын анықтау мүмкіндігін;
6. Несиені алу үшін қажетті лимитті бекіту мүмкіндігін.
Несиелік саясат несиелеу лимиттерін, тәртібін, кейде несиелеу бойынша
жекелеген ережелерді де қамтиды. Мысалы, несиелік саясатта бір қарыз
алушыға келетін тәуекел лимиті анықталады. Сонымен қатар, несиелік
саясатта барлық несиелердің несиелік құжаттары көзделген мақсаттарға сай
белгілеуі де қарастырылуы мүмкін.
Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ереже де қамтылады. Несиелік
комитет несие беру барысында қорытынды жасап, несиені беруге байланысты
мәселелерді қамтиды.
Отандық банктер тәжірбиесіндегі несиелік комитеттің шешетін мәселелері
мынадай:
- несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметтердің несие
беру туралы қорытындысын қарайды;
- несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
- несиелік тәуекелдерге байлансты несиелеу формаларын анықтайды;
- несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
- несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;
- несиелей шартын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желі);
- берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
- банктің несиелік стратегиясын жасайды;
- несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
- несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды және
хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.
Несиелік саясатта қарыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты
тәуекелдігі жоғары операцияларды немесе жобаларды қаржыландыру үшін
тағайындалатын несиелер туралы да айтылуға тиіс.
Несиелік саясатпен банк қызметкерлерін таныстыру, оларды соған сай
келетін ережелер мен нұсқаулықтарға үйрету, банкте несиелік саясатты
енгізудің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің несиелік портфелін басқару
Коммерциялық банктердің несие портфелінің сапасын басқару мен бағалау
Проблемалық несиелермен банктердің жұмысы
Коммерциялық түрдегі банктердің несиелік портфелін басқару
Банктің несиелік портфелін қалыптастыру және сапасын бағалау
Қазақстандағы несие нарығы: қазіргі жағдайы мен даму перспективасы
Банктің несиелік саясатының қағидалары
Банк қызметкерлеріне банктік несиелерді ұсыну шарттары
Банктің несиелік портфелі және оның сапасын бағалау әдістері
Банк қызметіндегі қаржылық менеджменттің ролі
Пәндер