Банктік қызметтер нарығын кешенді зерттеу негізінде, отандық және шетел тәжірибесін талдай отырып, халыққа банктік қызмет көрсетуді жетілдіруге бағытталған әдістемелік және тәжірибелік ұсыныстары



КІРІСПЕ
1. БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕР: МАҢЫЗЫ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.2. БАНКТЕРДІҢ БӨЛШЕК САУДА НАРЫҒЫНА ҰСЫНАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ БӨЛШЕК САУДА НАРЫҒЫНДАҒЫ
ҚЫЗМЕТТЕРІ («ТЕМІРБАНК» АҚ.ң материалдарын талдау негізінде)
2.1 ДЕПОЗИТТЕР . БӨЛШЕК САУДА НАРЫҒЫНДА КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ТҮРІ РЕТІНДЕ
2.2. НЕСИЕЛЕНДІРУ . БАНКТІҢ НЕГІЗГІ ТАБЫС КӨЗІ РЕТІНДЕ
2.3. БАНКТІҢ БӨЛШЕК САУДА НАРЫҒЫНА КӨРСЕТЕТІН БАСҚА ДА
ҚЫЗМЕТТЕРІ
3. ҚАЗАҚСТАНДА ҰСЫНЫЛАТЫН БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІН КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ САПАСЫН ЖОҒАРЫЛАТУ ЖОЛДАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Тақырыптың өзектілігі. Мемлекеттің банктік жүйесі – ең бір маңызды, әрі нарықтық экономиканың ажырамас құрылымдарының бірі. Тарихи тұрғыдан тауар өндірісі мен тауар айырбасы және банктер бір-бірімен қатар және біріне-бірі аралас дамыды. Онда банктер есеп айырысуда, шаруашылықты несиелеуді жүргізу арқылы капиталды қайта бөлуде делдал ретінде өндірістің жалпы тиімділігін арттырып және қоғамдық еңбектің өнімділігін өсіруге әсер етеді.
Қазіргі дамыған тауар және қаржы нарығы жағдайында банктік жүйе құрылымы аса күрделене түсуде. Қаржы-несие мекемелерінің жаңа түрлері, сондай-ақ клиентке қызмет көрсетудің жаңа әдістері мен несие құралдары пайда болуда.
Қазақстанның нарықтық жүйеге өту кезінде шетел банктік практикасына қызығушылық арта түсуде. Коммерциялық табысқа бағытталып, жеке және ұжымдық меншікке негізделген динамикалық, икемді несие жүйесі қалыптасуда. Қазіргі кезде капитал нарығында тиімді қызмет ететін механизм, несие жүйесінің институциональдық құрылымының оптимальды формасы және коммерциялық құрылымдарға қызмет көрсетудің жаңа тәсілдері іздестірілуде. Солардың бірі – коммерциялық банктердің бөлшек сауда нарығындағы қызметтері.
Банктік қызмет нарығының дамуы – көп жағдайда көрсетілетін банктік қызмет түрлерінің оптимальды арақатынасына және әртүрлі шаруашылық субъектілер қызметіне тәуелді, сонымен қатар өзара байланысты. Банктік қызмет нарығының дамуын тежейтін мәселелердің бірі аймақтарда банк желісінің қысқартылуы болып табылады. Осыған орай, республика территориясында банктердің әркелкі орналасуынан банктер тартқан қаражат пен берілген несиелердің аймақаралық диспропорциясының нәтижесінде Қазақстанның кейбір облыстарының жекелеген үлкен елді мекендері банктік қызметтермен толық қамтамасыз етілмеуі байқалады.
1. «Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 1995ж., 31 тамыз.
2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 1995ж., 30 наурыз.
3. «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдардағы индустриалды-инновациялық даму стратегиясы» №1096 2003 жылдың 17 мамырында Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен бекітілген.
4. Банки и банковские организации в Республики Казахстан: Основные законодательные акты.- Алматы, 2001.-101с.
5. Банковское дело. Под ред. Г.С.Сейткасимова.-Алматы:1998.-576 с.
6. Банки и банковское дело. Под ред. Балабанова И.Т..- Санкт-Петербург; Питер, 2001.-304с.
7. Банковское дело: Толковый словарь под ред.Островской О.М..-Москва: Гелиос АРВ, 1999.- 400с.
8. Борисов А.Б. Большой экономический словарь.-Москва: Кн.Мир, 1999.-892с.
9. Деньги, кредит, банки. Под ред. Г.С.Сейткасимова.-Алматы: Экономика, 1999.- 432с.
10. Деньги, кредит, банки:Учебник для вузов под ред. Е.Ф.Жукова.-Москва: ЮНИТИ, 2001.- 623с.
11. Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы/-Алматы: Экономика, 2000 – 328 бет.
12. Котлер Ф. Маркетинг, менеджмент. Анализ, планирование, внедрение, контроль.- Санкт-Петербург: Питер, 1998. - 896с.
13. Кох Р. Менеджмент и финансы от А до Я.-Санкт-Петербург: Питер, 1999.- 493с.
14. Мамыров Н.К. Менеджмент и рынок: казахстанская модель.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998.- 432с.
15. Маркова В.Д. Маркетинг услуг.- Москва: ИНФРА, 1996.-126с.
16. Песоцкая Е.В. Маркетинг услуг.- Санкт-Петербург: Питер, 2000.- 160с.
17. Рубинштейн Т.Б., Мирошкина О.В. Развитие банковской системы и инновационные банковские продукты (пластиковые карты).-Москва: Гелиос АРВ, 2002.- 192с.
18. Севрук В.Т. Банковский маркетинг.-Москва: Дело ЛТД, 1994.- 128с.
19. Словарь банковских и финансового-экономических терминов. Под ред. Мамырова Н.К..- Алматы: Экономика, 1999.- 710с.
20. Современный маркетинг/ Под ред. Хрупкого В.Е..- Москва: Финансы и статистика, 1991.- 256с.
21. Стоянова Е.С. Финансовый менеджмент.- Москва: ИНФРА, 2001.- 625с.
22. Зиябеков Б. Вопросы обеспеченности регионов банковскими услугами//Банки Казахстана.-2002,№5.-С.12-14
23. Куршакова Н.Б. Маркетинг отношений:формирование спроса на банковские услуги//Банковские услуги.-2001,№6.-С.18-21.
24. Лисак Б.И., Ким А.Б. О стандартах качества обслуживания клиентов в банках//Банки казахстана.-2003,№8.-С.44-55.
25. Лопатинская И.В. Лояльность как основной показатель удержания потребителей банкковских услуг//Маркетинг в России и за рубежом.-2002, №3.-С.20-31.
26. Могильницкая Г.О., Никулина И.Е. Паблсити банковских услуг//Банковское дело.-2000,№9.-С.30-35.
27. «Темірбанк» АҚ-ның Бөлшек бизнес басқармасының 2001-2005 жылдардағы есебі.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Мемлекеттің банктік жүйесі – ең бір маңызды,
әрі нарықтық экономиканың ажырамас құрылымдарының бірі. Тарихи тұрғыдан
тауар өндірісі мен тауар айырбасы және банктер бір-бірімен қатар және
біріне-бірі аралас дамыды. Онда банктер есеп айырысуда, шаруашылықты
несиелеуді жүргізу арқылы капиталды қайта бөлуде делдал ретінде өндірістің
жалпы тиімділігін арттырып және қоғамдық еңбектің өнімділігін өсіруге әсер
етеді.
Қазіргі дамыған тауар және қаржы нарығы жағдайында банктік жүйе
құрылымы аса күрделене түсуде. Қаржы-несие мекемелерінің жаңа түрлері,
сондай-ақ клиентке қызмет көрсетудің жаңа әдістері мен несие құралдары
пайда болуда.
Қазақстанның нарықтық жүйеге өту кезінде шетел банктік практикасына
қызығушылық арта түсуде. Коммерциялық табысқа бағытталып, жеке және ұжымдық
меншікке негізделген динамикалық, икемді несие жүйесі қалыптасуда. Қазіргі
кезде капитал нарығында тиімді қызмет ететін механизм, несие жүйесінің
институциональдық құрылымының оптимальды формасы және коммерциялық
құрылымдарға қызмет көрсетудің жаңа тәсілдері іздестірілуде. Солардың бірі
– коммерциялық банктердің бөлшек сауда нарығындағы қызметтері.
Банктік қызмет нарығының дамуы – көп жағдайда көрсетілетін банктік
қызмет түрлерінің оптимальды арақатынасына және әртүрлі шаруашылық
субъектілер қызметіне тәуелді, сонымен қатар өзара байланысты. Банктік
қызмет нарығының дамуын тежейтін мәселелердің бірі аймақтарда банк
желісінің қысқартылуы болып табылады. Осыған орай, республика
территориясында банктердің әркелкі орналасуынан банктер тартқан қаражат пен
берілген несиелердің аймақаралық диспропорциясының нәтижесінде Қазақстанның
кейбір облыстарының жекелеген үлкен елді мекендері банктік қызметтермен
толық қамтамасыз етілмеуі байқалады.
Қазақстанда несиелік қатынастардың дамуына жағдайлар жасалған, бірақ
оларды бірқатар себептерге байланысты шектеулі түрде пайдаланады. Осы
себептердің қатарына жататындар: экономиканың нақты секторының
қажеттіліктерін толық қанағаттандырылмауы; қарыздардың әртүрлі топтарына
несиенің нақты проценттік мөлшерлеме деңгейінің жоғарлылығы; берілу
мерзімінің өзгермеуі; банк секторының несиелік және валюталық тәуекелдерге
ұшырағыштығы; несие валютасындағы үлкен айырмашылықтар; банктердің валюта
түрлері бойынша несиелік және депозиттік портфелінің теңгерімсіздігі.
2003 жылы үкімет қабылдаған ˝2015 жылға дейінгі Қазақстан
Республикасының индустриалды-инновациялық даму стратегиясында˝ аталып өткен
несиелендірудің үш деңгейлі жүйесінің дамуы банктік қызметтерді ұсынудың
сапасын жақсарту шараларының бірі деп айқындалды. Нарықтық қатынастар
жағдайында Қазақстанда банктер мен клиенттердің арасындағы ынтымақтастығы,
ал клиенттердің банкті таңдаған кезде қызмет сапасы мен деңгейі сияқты
критерийлерді басшылыққа алуы қажет. Алайда, көптеген банктер тек өз
мүдделерін ғана басшылыққа алады. Клиенттермен серіктестік қатынастардың
құрылуына кедергі болатын себептердің бірі клиенттердің әртүрлі және
қомақты қаржылық қажетін қанағаттандыру үшін стандартты қызмет пакетін
қайта жасақтауға ынтасының болмауы болып табылады. Шетел банк тәжірибесін
талдау кезінде тек өз мүдделерін ғана ойлайтын банктерге қарағанда
клиенттерге қызметтерді ұсыну барысында көрсетілетін қызмет сапасына көп
көңіл бөлетін банктердің елеулі бәсекелік артықшылығы бар. Қазіргі кезде
Қазақстанның банктік қызмет нарығының жағдайы нарықтық экономиканың
талаптарына сәйкес банктік бизнес-процестерді қайта құруды (реинжиниринг)
талап етеді. Көрсетілетін қызметтің сапасын жоғарылату мақсатында
клиенттерге қызмет көрсетудің жеке банктік технологиясын құру бүгінгі
таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті. Диплом жұмысының мақсаты –
банктік қызметтер нарығын кешенді зерттеу негізінде, отандық және шетел
тәжірибесін талдай отырып, халыққа банктік қызмет көрсетуді жетілдіруге
бағытталған әдістемелік және тәжірибелік ұсыныстарды оқып үйрену, оларды
болашақта пайдалана білу.
Қойылған мақсатқа жету үшін диплом жұмысының құрылымын анықтайтын
белгілі бір міндеттер қойылған:
- банктік қызметтер нарығының қызмет етуінің теориялық негіздерін оқып,
меңгеру;
- бөлшек сауда нарығына көрсетілетін банктік қызметтердің түрлерін
анықтау;
- Қазақстандық банктердің бөлшек сауда нарығында көрсететін
қызметтеріндегі ˝Темірбанк˝ АҚ-ның алатын орнын сараптап, анықтау;
- банктер көрсететін қызметтердің сапасын жоғарылатуға ұсыныстар жасауға
ұмтылу.
Диплом жұмысының пәні – Қазақстанның қазіргі жағдайдағы банктік
қызмет нарығына қатысушыларының өзара қарым-қатынастары жиынтығын талдау.
Диплом жұмыстың объектісі болып ˝Темірбанк˝ Акционерлік қоғамының
бөлшек сауда нарығында көрсететін қызмет түрлерінің сандық көрсеткіштері
табылады.
Диплом жұмысында банктік қызмет нарығының базалық қағидаларын
баяндауға арналған. Оның ішінде қазіргі коммерциялық банктердің банктік
қызметтің дәстүрлі және жаңа тәсілдерінің практикалық жағын көрсетуге көп
көңіл бөлінген. Логикаға сай зерттеу жұмысы үш тараудан, бес баптан
құрылған.
Бірінші тарауда банктік қызметтің теориялық негіздері қаралса, екінші
тарауда коммерциялық банктердің бөлшек сауда нарығындағы қызметтері
Темірбанк АҚ-ның сандық материалдарын талдауға арналған. Ал үшінші
тарауда Қазақстанда ұсынылатын банктік қызметтердің түрлерін көбейту және
олардың сапасын жоғарылату жолдары қарастырылған.
Диплом жұмысының ақпараттық базасын Қазақстан Республикасының заңдық
актілері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің статистикалық
материалдары, отандық және шетел ғалымдардың экономика саласындағы
әдебиеттері, Қазақстанда және шетелдерде жарыққа шығатын газеттер мен
журналдар, Темірбанк Акционерлік қоғамының Бөлшек сауда бизнес
басқармасының сандық материалдары құрады.

1. БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕР: МАҢЫЗЫ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Нарықтық қатынастардың дамуы дамыған банк қызмет көрсету нарығының
болуын талап етеді. Нарық − ол нақты бір тауар немесе қызметке сұраныс және
ұсыныс.
Қазақстандық экономистер осы нарықты - нарықты экономиканың басты
элементі ретінде көрсетіп және оны әртүрлі критерийлер бойынша, соның
ішінде келесілерді ерекшелейді: нарықтық қатынастар объектілерінің
экономикалық бағыты (тауарлар мен қызметтер нарығы, еңбек нарығы, ноу-хау
нарығы және т.с.с.); географиялық орналасуы жағынан жіктелуі; сала мен
аймақ бойынша және т.б.[1]
Банктік қызмет нарығының қызмет етудің теориялық негіздерін қарастыру
негізгі түсініктерін нақтылаудан бастау қажет.
Қазіргі кездегі отандық және шетел әдебиеттерінде ˝банктік
операциялар˝, ˝банктік қызметтер˝ және ˝банктік өнімдер˝ деген
түсініктерге әртүрлі анықтамалар мен сипаттамалар ұсынылған. Көптеген
авторлар осы категориялар арасында айтарлықтай өзгешеліктер жасамайды.
Зерттеу объетілерін анықтау мақсатында және оның ˝банктік операция˝ мен
˝банктік өнім˝ түсініктерінің арасындағы өзара байланысты анықтау үшін
˝банктік қызмет˝ түсінігін нақтылап, ашу керек. Ол үшін экономикалық
әдебиеттерде жиі кездесетін ˝банктік операция˝ түсінігін нақтылаудан
бастау керек.
Н.Қ.Мамыровтың редакциясындағы Банктік және қаржылық-экономикалық
терминдер сөздігінде келесі анықтама келтірілген: ˝Банктік операция - бұл
коммерциялық банктермен жүргізілетін операциялар, олар пассивті (банк
шотына ресурстарды түсіру), активті (банктік ресурстарды орналастыру
бойынша) және комиссиялық болып бөлінеді˝.[2]
Қазақстан Республикасы Президентінің ˝Қазақстан Республикасындағы
банктер мен банктік қызмет туралы˝ Заң күші бар Жарлығының 30 баптың 2б.
сәйкес, банктер бірқатар операцияларды жүргізе алады. Банктік операцияларға
жатқызылатын көптеген операциялар (есеп-айрысу, кассалық, несиелік,
сенімді басқару және т.б.) арнайы уәкілетті органның сәйкес рұқсатымен тек
банктер ғана емес, сонымен бірге басқа да несиелік ұйымдар жүргізе алады.
Алайда, банктердің ерекше қызметі бар - ол төлем құралдарын құру,
оларды айналымға шығару және алып тастау. Сонымен бірге, кейбір ресейлік
экономистердің пікірі бойынша айналымды төлем құралдармен қамтамасыз ету -
банктердің қызметінде жекеленген бағыты болып табылмайды, ол депозитті,
есеп-айырысу, несиелік және басқа операциялар арасындағы үздіксіз
байланысты айқындайды.
Жоғарыда аталғанды ескере отырып, банктердің табиғатын анықтайтын
операцияларға келесілерді жатқызуға болады: заңды және жеке тұлғалардан
депозиттерді қабылдау; несие беру; инкассация мен кассалық қызмет көрсету.
˝Банктік операция˝ түсінігінің әртүрлі түсіндірмесін қарастырғаннан
кейін, оны келесі түрде нақтылауға болады: банктік операция - елдің Орталық
банкісімен лицензияланған, банктердің меншікті және келтірілген
ресурстарды жасау және орналастыру бойынша, сондай-ақ банктердің
комиссиялық сыйақы үшін клиенттердің тапсырмасын орындау.
Енді, ˝қызмет˝ және ˝банктік қызмет˝ түсінігін қарастыру қажет.
Үлкен экономикалық сөздікте келесі анықтама берілген: ˝қызмет - зат
түрінде емес, әрекет түрінде берілетін игілік˝[3]. Р.Кохтың пікірінше,
қызмет, сервис, - материалдық өнім емес, материалды емес немесе дайын
өнімнің құнын жоғарлататын бизнес. ˝Сервис - сатып алушыларға қамқорлық
көрсету, олардың талаптарын қанағаттандыруға дайындық. Сервис деңгейі - кез-
келген компанияның маңызды сипаттамасы, бәсекелестік күрес, негізгі қаруы,
өзінің нарықтағы үлесін жоғарлатуға және үлкен табыс алуға мүмкіндік
береді˝[4].
Экономикалық көзқарас бойынша, қызмет (сервис) - бұл еңбек, кеңес
беру, басқару өнері түріндегі тауар немесе игілік.
˝Банктік қызметті клиенттің мүддесі үшін банкпен нақты іс-әрекеттерді
орындау деп сипаттауға болады˝.[5]
Банктік қызмет – банк қызметінде клиенттердің қажеттілігін
қанағаттандыруға бағытталған жеке банктік операциялар. Көпшілік банктік
қызметтер материалды емес, идеалды өнім болып табылады, сонымен бірге,
олар тағы бір ерекше өнім - ақшамен байланысты, олардың құнын дәстүрлі
түрде анықтауға болмайды.
Е.С.Стоянованың пікірінше, банктік қызмет - клиенттердің
қажетсінулерін қанағаттандыру формасы, ал банктік өнім - клиентке қызметті
көрсету әдісі. Осыдан барып, банктік өнімдерді, бір ғана қызмет көрсету
арқылы банктің бір функционалдық бөлімшесі жүзеге асыратын қарапайым
өнімдер, және күрделі өнімдер, оларды жүзеге асыруда клиентке кешенді
қызмет көрсету арқылы ұзақ уақыт аралығында банктің бірнеше бөлімшелері
тартыла алатын өнімдер деп бөлінеді.
Е.С.Стоянова ˝Финансовый менеджмент˝ деген еңбегінде ˝банктік
триада˝ терминін енгізеді - ˝өнім - операция - қызмет˝ үш түсініктің
ұштасуы. ˝Банктік триада˝ түсінігін енгізудің мақсаты - оның көмегімен
˝клиенттерге қызмет көрсетудің банктік технологиясы˝ түсінігін нақтылауға
болатындығы.
Күрделілік дәрежесі бойынша Е.С.Стоянова триаданы 3 топқа бөледі:
қарапайым, құрамдастырылған және біріктірілген. Олар келесі кестеде
көрсетілген[6]:
Триадалар Өнім + Операциялар + Қызметтер
элементарлы қарапайым типтік бұқаралық
құрамдастырылған күрделі кешенді топтық
біріктірілген жүйелі процесске жеке
біріктірілген

Е.С.Стояновамен барлық үш түсінікті - ˝банктік операцияны˝, ˝банктік
өнімді˝ және ˝банктік қызметті˝ триада көзқарасынан қарастыру қажет,
алайда ˝банктік операция˝ түсінігі ˝банктік қызмет˝ түсінігінен кең
болғаны дұрыс емес. Өйткені, банктік операциялардың әрбір тобына көптеген
әр түрлі қызметтер сәйкес келеді, ал банк әрбір банктік қызмет бойынша
белгілі бір банктік өнімдерді жасайды. Мысалы, пассивті операция бойынша
банктік қызметтің бірі - жеке тұлғалардан депозиттерді қабылдау болып
табылады. Нақты бір клиентпен белгілі бір мерзімге және белгілі бір
проценті бар сомаға депозиттік келісімшарт жасасу - банктік өнім болып
табылады. Сонымен, жоғарыдағы мысалда: операция - пассивті, банктік қызмет
- жеке тұлғадан депозитті қабылдау, банктік өнім - рәсімделген депозиттік
келісімшарт.
Демек, банктік триаданы, ˝операция - қызмет - өнім˝ дәйектілікпен
қарастырған дұрыс.
Отандық және Ресей әдебиеттері мен тәжірибесінде ˝банктік өнім˝
термині нарықтық экономикаға өтумен пайда болды. ˝Кез-келген банктік
өнімнің негізіне қандай да бір қажетсінуді қанағаттандыру қажеттілігі
жатыр˝[7].
Американың экономикалық әдебиеттерінде банкпен жасалған кез-келген
қызметті немесе операцияны ескере отырып, банк өнімі (bank product) туралы
айту қалыптасқан. Банктік өнім-клиенттерге типтік шартта ұсынылатын, жеке
банктік қызмет немесе банктік қызметтердің жиынтығы. Мысалы: бағдарламалық
несие, мақсатты салым, депозиттік сертификат, пластикалық карточкалар.
Ресейлік ғалымдар, маркетинг мамандары банктік өнімді банктің активті
және пассивті операциялары бойынша қызметтер кешені ретінде қарастырып,
банктік өнімнің 3 деңгейін бөліп көрсетеді[8]:
- бірінші деңгей - негізгі өнім, басқаша айтқанда, базалық ассортимент:
несиелеу, есеп-айырысулар, валютамен операциялар бойынша және т.б.
қызметтер;
- екінші деңгей - нақты өнім, немесе банктің негізгі бағытына әсерін
тигізбейтін, үнемі өзгеріп отыратын ағымдағы ассортимент;
- үшінші деңгей - кеңейтілген банктік өнім. Осы деңгейдің қызметтері
клиенттермен достық қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған, оған жан-
жақты көмек көрсету, сыртқы экономикалық байланыстарға қызмет көрсету,
қаржы, менеджмент облысындағы шығармашылық ойлар, банкирдің жеке кеңесі,
бейресми қатынас.
Екінші және үшінші деңгейдегі қызметтерді бөлу шартты болып табылады,
банктік өнімнің - базалық және кеңейтілген екі деңгейі туралы айтқан
дұрыс.
Өкінішке орай, банктік өнім мен банктік қызметтің қазіргі кездегі
экономикалық категория ретіндегі түсіндіруі қайшы келеді. Қайшылық
-атауларында, бір жағынан, бұл түбегейлі емес, алайда ары қарай зерттеу
мақсатында оларды нақтылау қажеттілігі туады. Әр түрлі авторлардың көз-
қарастарын зерттеп және талдау жасағаннан кейін, қазіргі кездегі банктік
қызметтің жиі кездесетін анықтамасы келесідей. Банктік қызмет - бұл клиент
мүддесі үшін клиентке қызмет көрсетудің бірыңғай технологиясымен
біріктірілген банктің іс-әрекет жиынтығы, басқаша айтқанда, клиенттің
банктік қызмет көрсетуде қажеттілігін қанағаттандыруға, сонымен бірге банк
рентабельділігін жоғарлатуға бағытталған банктің қызметі.
Экономикалық категория ретінде банктік қызмет банк (қызметтерді
өндіруші) пен клиент (қызметтерді тұтынушы) арасындағы белгілі бір
экономикалық қатынастарды білдіру қажет. Атап өту керек, нарықтық
экономикада осы қатынастар келісім негізде құрылады. Сонымен қатар,
тараптардың әр қайсысы белгілі бір мақсатты көздейді. Клиент үшін - бұл
қандай да бір қаржылық қажеттіліктерді (мысалы, өзінің бос ақша
қаражаттарын сақтап, пайыздық табыс алу үшін орналастыру, немесе керісінше,
қосымша қарыз ақша қаражаттарына деген қажеттілікті қанағаттандыру)
қанағаттандыру, коммерциялық банк қызмет көрсету арқылы клиентпен пайда
алуға жәрдемдесу. Банк осы қатынастарға табыс алу мақсатында, моменталды
(комиссиялық операциялар бойынша қызмет көрсету кезінде, мұнда комиссиялық
сыйақы түріндегі табыс шотына есепке жатқызылады) немесе болашақтағы
(несиелеуден пайыздық табыс) табыс алу үшін кіріседі. Банк пассивті
операциялар бойынша қызметтерді көрсету кезінде болашақ активті
операциялардың фундаментін қалыптастыратын, өзінің ресурстық базасын
құрайды және кеңейтеді. Нарықтық экономика жағдайында әрбір банктік қызмет
табыс алып келуі тиіс, өйткені коммерциялық банктерді құрудың басты мақсаты
- пайда алу болып табылады.
Жоғарыда аталғанды қорытындылай келе, банктік қызметтер банк
персоналының іс-әрекеттері арқылы ресурстық базаны кеңейтуге және банкке
табыс әкелуге бағытталған, клиенттердің қаржылық қажеттілігін
қанағаттандыру жөніндегі банк пен клиент арасындағы экономикалық
қатынастар.
Банктік өнім - аяқталған сипаты бар және банктің клиентке қаржылық,
заңдық және ұйымдастырушылық іс-шаралар арқылы қызмет көрсету кезінде өзара
іс-қимылды реттейді. Яғни, банктік өнім банк қызметінің клиенттерге қызмет
көрсету бойынша нәтижесі болып табылады. Мысалы, нақты бір заңды тұлғамен
рәсімделген несиелік келісімшарт банк пен қарызгердің қолы қойылып, мөрмен
расталған болса, банктік өнім болып табылады, яғни банк қызметінің
несиелеу бойынша қызмет көрсетудің нәтижесі.
Банктік қызмет пен банктік өнімнің ұқсастығы, клиенттің қаржылық
қажеттілігін қанағаттандырады. Алайда, айта кету керек, банктік қызмет
бірінші ретті сипатта, ал банктік өнім - екінші ретті. Банктік қызмет
материалдық жақтан болмашы, ал өз кезегінде банктік өнім елеулі.
Енді қазіргі кездегі әдебиеттерде кездесетін банктік қызметтердің
жіктелуін (классификация) қарастырайық.
Қазіргі кездегі экономикалық әдебиеттерде көрсетілген банктік өнімді
жіктелуі үлгілерінің елеулі жетіспеушілігі бар: ол жіктелудің бір ғана
критерийін болуы. Бұл нарықтық экономика жағдайында қолданылуы мүмкін емес,
өйткені нақты банктік қызметтің түрін белгілеуге мүмкіндік бермейді, ал
бұл жағдай оны жетілдіру жолдарын жасауды күрделендіреді.
Мысалы, американдық маркетологтар банктік қызметтердің 4 деңгейін
бөліп көрсетеді[9].

пайдалы кешенді кеңейтілген
күрделі

Жоғарыдағы суретте банктік қызметтердің келесі жіктелімі көрсетілген:
- 1 деңгей - көпшілік тұтынушылармен, басқа адамдардың көмегінсіз
бағалана алатын пайдалы қызметтер;
- 2 деңгей - кешенді түрде көрсетіле алатын, оларды түсіну үшін арнайы
дайындық деңгейін талап етпейтін қызметтер;
- 3 деңгей - жете техникалық білімді немесе мамандандырылған кеңесті алу
мүмкіндігін талап ететін кеңейтілген қызметтер;
- 4 деңгей - өнімді сатып алу жағдайын ескере отырып, тұтынушының
айналасындағы банктік өнімдер туралы арнайы білімді қажет ететін күрделі
қызметтер.
Ресей экономистері сондай-ақ банктік қызметтердің 4 деңгейін бөліп
көрсетеді, алайда оларды өткізу жағынан жіктейді[10]:

Жоғарыдағы суретте банктік қызметтердің келесі жіктелімі көрсетілген:
- түпкі ой бойынша қызмет, бұл банк өзінің және өзінің клиенттерінің
пайдасына жүзеге асырылған қызметтер;
- нақты орындаудағы қызметтер (қызметтер жиыны), бұл банк ұсынатын және
өзінің клиенттеріне ұсынатын қызметтер;
- қосымша күші бар қызметтер, яғни клиенттерге сервистік қызмет көрсетудің
барлық түрін кіріктіретін қызметтер, мысалы траст, лизинг т.б. сияқты
дәстүрлі емес банктік қызметтерді рәсімдеген кезде ерекше жағдайлар;
- қоғамдық мойындауын алған қызметтер, яғни сәтті бәсекелестік күресті
сипаттайтын, банктің беделін қалыптастыратын, қызметтерді дамытуға және
пайда әкелуге мүмкіндік беретін қызметтер.
Кейбір экономистер банктік қызметтерді жіктеудің келесі нұсқасын
ұсынады:
- банктердің материалдық қызметтері - бұл ақша-несие айналымы жүйесінде
несиелік ұйымдардың функционалдық ролін сипаттайтын қызметтер. Банктік
қызметтердің кешенді сипаты банк қызметінің әмбебаптығын көрсетіп,
банктер бір қызметті көрсету кезінде, бір уақытта клиенттерге бірқатар
өзара байланысты қызметтерді көрсетеді. Коммерциялық банктердің
материалдық қызметтеріне жататындар: несиелік, операционды,
инвестициялық, есеп-айырысу, факторингтік, лизингтік, траст және т.б.
- банктердің таза қызметтері - бұл тұлғаға бағытталған қызметтер
(кадрларды даярлау, кеңес беру қызметтері, талдамалы зерттеулер).
Әр түрлі авторлардың көзқарастарын қарастырғаннан кейін, нарықтық
қатынастар жағдайында банктік қызметтерді келесі критерийлер бойынша
жіктеуге болады:
Банктік қызметтің ерекшелігіне байланысты:
- арнайы - банктерді қаржылық-несиелік институттар негізінде сипаттайтын
өзгешелік;
- арнайы емес, немесе көмекші сипаттағы қызметтер, мысалы экономикалық
және заңды, ақпараттық-анықтамалық, аналитикалық және т.б. сұрақтар бойынша
кеңес беру;
Банктік операциялардың сипатына қарай:
- пассивті операциялар бойынша қызметтер;
- активті операциялар бойынша қызметтер;
- делдалдық операциялар бойынша қызметтер.
Алатын табыстардың және жасалатын шығындардың түрлеріне қарай:
- проценттік операциялар бойынша;
- проценттік емес операциялар бойынша қызметтер.
Клиенттердің категорияларына қарай:
- жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтер;
- заңды тұлғаларға көрсетілетін қызметтер.
Клиентке жеке қызмет көрсету дәрежесіне байланысты:
- жеке қызметтер, яғни нақты бір клиентке көрсетілген қызметтер;
- бұқаралық тұтынуға арналған әмбебап қызметтер.
Күрделілік дәрежесіне қарай:
- қарапайым - банктің бір функционалдық бөлімшесін жүзеге асыратын
қызметтер;
- кешенді - жүзеге асыруда банктің бірнеше бөлімшелері қатысатын
қызметтер.
Табыстылық дәрежесі бойынша:
- моменталды табыс әкелетін қызметтер, мысалы, коммуналдық төлемдерді
қабылдау (қазіргі кезде банктер коммисиялық сыйақының тұрақты мөлшерін
белгілеп, қызмет көрсету кезінде ˝Банктік табыс˝ шотына есепке
жатқызылады;
- белгілі бір уақыт аралығында табыс әкелетін қызметтер (мұндай
қызметтерге несиелеуді жатқызуға болады, өйткені несие бойынша
проценттік табыс белгілі уақыттан кейін, несиелік шартта белгіленген
проценттік төлем графигіне сәйкес алынады);
- табыс әкелмейтін табыстар. Оларға депозиттерді қабылдау бойынша
қызметтерді жатқызуға болады, олар банкке тікелей табыс әкелмейді, тек
ресурстық базаны кеңейту мақсатында жасалады.
Қызметтер үшін төлем;
- ақылы;
- тегін. Мұндай қызметтерге жарнамалық мақсаттарда немесе тұрақты
клиенттерге мадақтаулар жасау арқылы және шектелген уақыт аралығында
тегін көрсетілетін қызметтерді жатқызуға болады; мысалы, тегін банктік
шотты ашу, ақша аударымын жасау, пластикалық карточкаларды рәсімдеу
және т.с.с.
Табыстылықтың тәуекел дәрежесі бойынша:
- тәуекелі жоқ қызметтер - оларға көбінесе комиссиялық операциялар бойынша
қызметтер немесе кеңес беру қызметтері, кассалық, сейфтік және т.с.с.
қызметтер жатады;
- тәуекелдің белгілі бір үлесі бар қызметтер, депозиттерді келтіру,
инкассация, айырбастау операциялары;
- жоғары дәрежелі тәуекелі бар қызметтер, оларға несиелерді беру
бойынша, лизинг, факторинг, форфейтинг қызметтері жатқызылады.
Беру мерзіміне байланысты банктік қызметтер банк пен клиенттің
ынтымақтастық мерзіміне байланысты жіктеу қажет:
- моменталды, оларға банк пен клиенттің ынтымақтастығы бір жолғы сипатта
болатын қызметтер жатады, мысалы валюта айырбастау, коммуналдық
қызметтер, банктік шотты ашпастан ақша аударымын жүргізу және т.с.с.
- қысқа мерзімді қызметтер банк пен клиенттің 1 жылға дейінгі мерзімдегі
ынтымақтастығы;
- орта мерзімді - 1 жылдан 3 жылға дейін;
- ұзақ мерзімді - 3 жылдан астам.
Қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді қызметтерге банк пен
клиенттің жасасқан келісімшарттары бойынша (несиелік, депозиттік, есеп
айырысу-кассалық қызмет көрсету, ипотека, лизинг, сейфтік қызмет көрсету
және т.с.с.) осы келісімшартта көрсетілген тұрақты уақыт мерзімінде
жатқызылған.
Жаңашылдық дәрежесі бойынша:
- дәстүрлі банктік қызмет;
- жаңарған;
- инновациялық.
Инновациялық банктік қызметтерге егжей-тегжейлі тоқталу орынды.
Инновациялық банктік қызмет жоғары пайда табуға, коммерциялық банктің
дамуын ынталандыратын және инвестициялайтын, тұтынушылардың жаңа
қажеттіліктеріне бағытталған жаңа және жетілдірілген банктік қызметті
жасауға бағытталған банктік қызметтің инновациялық түрі болып табылады.
Н.К.Мамыров атап өткендей, инновацияның дамуына әсер ететін механизм,
бірінші кезекте, нарықтық бәсеке.
Банктік қызметтер нарығында банктік инновацияның пайда болуы бірқатар
себептермен байланысты:
- банктік саланың, сондай-ақ банктер мен қаржылық-несиелік ұйымдардың
ішінде бәсекенің күшеюі;
- банктік қызметтерден жаңа табыс көздерін іздеу;
- шетелдерде банктік қызметтердің қызмет етуі туралы ақпарат;
- банктік менеджерлердің банк қызметін әмбебап етуге бағытталған
мақсаттары;
Қазақстан Республикасында инновациялық банктік қызметтердің пайда
болуы мен кеңеюінің себептеріне, сондай-ақ келесілерді жатқызуға болады:
- Қазақстанның БСҰ (Бүкіләлемдік сауда ұйымы) кіруі;
- Қазақстан банк жүйесінің Еуропалық Одақпен интеграциясы;
- қазақстандық банктердің әлемдік ірі банктермен ынтымақтастығы;
- екінші деңгейдегі банктер қызметін реттеудің күшеюі.
Жоғарыда аталып өткендей, нарықтық қатынастар кезінде инновацияның
басты стимулы - коммерциялық банктерде көрсетілген қызметтер түрінде
айқындалатын бәсеке болып табылады. Банктік қызметтер әртүрлі параметрлер
бойынша ерекшеленеді: проценттік мөлшерлеме деңгейімен, несие мен
депозиттер мерзімі және т.б. Т.Е.Рубинштейн мен О.В.Мирошкинаның пікірінше,
және, инновациялық қызмет анықтамасынан шығатын, банктік қызметтердің
бірқатар параметрлерінің өзгеруі инновация болып табылмайды. Мысалы,
салымдар бойынша проценттік мөлшерлеменің өзгеруі, депозиттер мерзімінің
өзгеруі және т.с.с. инновациялық қызмет болып табылмайды, өйткені мұндай
әрекет нәтижесінде жаңа қызметтің пайда болуына алып келмейді[11]. Демек,
коммерциялық банктердің инновациялық қызметі жаңа қызметтерді жасау мен
енгізумен айқындалады, ия көрсетілетін қызметтердің мәліметтерді өңдеу
технологиясын өзгертуге алып келетін параметрлерін өзгерту. Мысалы,
электрондық есеп-айырысудың пайда болуы күндіз-түні өз шоттарының жағдайы
туралы ақпарат алуға және төлем-есепайырысудың барлық түрін жүргізуге
мүмкіндік туғызатын банк-клиент қызмет көрсету жүйесінің пайда болуына өз
септігін тигізді. Берілген инновациялық банктік қызмет пен қызмет көрсету
технологиясының арасындағы өзара байланыс инновацияның бірінші түрі -
инновациялық қызметтерді бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары Қазақстанның алдыңғы қатарлы банктері әртүрлі
инновациялық қызметтер арқылы көрсететін қызметтер аясын кеңейтті:
- Қазақстан мен ТМД елдері бойынша жедел электрондық аударымдар;
- Western Union мен Money Gram жүйелері арқылы аударымдар;
- теле банкинг;
- интернет-банкинг;
- желілік банкинг.
Е.В.Песоцкая қызметтің өмір циклін қызмет нарықта өмір сүру
қабілеттігі бар және оны өндірушілерге мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін
уақыт аралығы[12] деп анықтайды. Жаңа банктік қызметтің өмір циклі төрт
кезеңді кіріктіреді:
- жаңа банктік қызметті жасау;
- банктік қызметті жүзеге асыру;
- нарықтың тұрақтылығы;
- нарықтың күйреуі.
Жасау кезеңі идеяны іздеу, маркетингтік зерттеулер жүргізуді,
қызметтің құру мен жүзеге асыру алгоритмін жасауды кіріктіреді.
Жүзеге асыру кезеңі қызметті банк ішінде және банктік қызметтер
нарығында жүзеге асырумен байланысты.
Банктік қызметтің өмір циклінің және оның жекеленген кезеңдерінің
ұзақтығы банк пайдалылығының деңгейі мен оның стратегиялық
перспективаларына себепші болады. Қызметтің өмір циклін бағалаудағы
қолданылатын негізгі белгісі - қызметті өндіру, жүзеге асырумен және
жоспарланған пайданы алумен байланысты болатын барлық шығындарды өтеуді
қамтамасыз ететін жүзеге асыру көлемі болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызмет ету дәрежесі
жаңа банктік қызмет көрсету мен оны енгізу өте сирек болатынын көрсетеді.
Соңғы жылдары қазақстандық банктермен енгізілген жоғарыда аталған
инновациялық қызметтер шетелдік банктердің тәжірибесінен алып
пайдаланылады; демек, қазақстандық банктердің инновациялық қызметіне деген
негізгі амалы, шетел тәжірибесін игеру мен бейімделуінде болуы керек.
Енді банктік қызметтердің ерекшеліктерін анықтау қажеттігі бар. Банк
ерекше түрдегі тауарды шығара отырып, қызмет көрсету саласында жұмыс
істейді, демек банктік қызметтерге, бірінші кезекте, қызметтердің барлық
түріне лайық болатын ерекшеліктер тән.
Банктік маркетинг туралы әдебиетте банктік қызметтердің келесі
ерекшеліктері көрсетіледі:
- абстрактылык;
- уақытқа байланысты ұзартылуы.
Банктік қызметтер, оларды ұсынғанға дейін болмағандықтан,
мерзімділігіне байланысты анықсыздық дәрежесімен сипатталады.
Маркетинг облысындағы маман - Ф.Котлердің жұмысында қызметтерді тауар
ретінде сипаттамасын талдауға негізгі акцент жасалады, соның ішінде
төмендегілерді бөліп көрсетуге болады.
Сезілмеу, яғни банкпен ұсынылатын қызметтер материалды объект ретінде
сезілмейді, сонымен қатар қызметті көрсеткенге дейін нәтижені бағалауға
болмайды. Банктік қызметтердің сезілуін жоғарлатудың негізгі жолдары:
- клиенттермен өзара тиімді өзара қарым-қатынастарға назар аудару;
- жарнамаға беделді ұйымдарды тарту.
Банктік қызметтерді сақтау мүмкінсіздігі - оларды тауар ретінде
сақтауға және кейін сатуға қолдануға болмайды. Банк қызметті алдын-ала
жасап және қажет уақытқа дейін қоймаға сақтай алмайды. Сондықтан, нақты
бір қызметке сұраныстың жоғарлауы кезінде алдын-ала жоспарлау маңызды, банк
кезектердің болмауы үшін не жасайды: басқа бөлімдерден қосымша жұмысшыларды
келтіру, банкке басқа уақытта келуін ынталандыру және т.с.с.
Банктік қызмет сапасының тұрақсыздығы банктің ұйым ретінде жұмыс
сипатының тұрақсыздығы мен банктік өнімді өндірумен айналысатын банк
қызметкерлерінің жұмыс сипатының тұрақсыздығымен байланысты.
Қызметтерді көрсету көзінен банктік қызметтердің бөлінбеуі: банктік
қызметтерді жасау мен жүзеге асыру бір уақытта жасалады. Банктік
қызметтердің банктен бөлінбеуі дегеніміз қызметтер банктен тыс қызмет
етпейді.
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, шетел экономистері қызметтердің
тауар ретінде ерекшелігін талдауға көп көңіл бөледі, алайда банктік
қызметтер аса күрделі болып табылады: банктердің өзіндік табиғатымен,
олардың ақша-несиелік қатынастарды ұйымдастырудағы функционалдық ролімен,
клиенттермен өзара қарым-қатынастар түрімен сипатталатын өзіндік
ерекшеліктер тән.

1.2. БАНКТЕРДІҢ БӨЛШЕК САУДА НАРЫҒЫНА ҰСЫНАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ

Жоғарыда аталған банктік қызметтердің ерекшеліктерін, сипаттамаларын
ашып көргеннен кейін, коммерциялық банктердің бөлшек сауда нарығына
көрсететін қызметтердің кең тараған түрлерін келесідей бөліп көрсетуге
болады.
Банктердің депозиттік операциялары – бұл заңды және жеке тұлғалардан
салымдарға, немесе белгілі бір мерзімге, немесе талап ету бойынша ақша
қаражаттарын тарту. Депозиттік операциялардың субъектілері ретінде барлық
ұйымдастырушылық-құқықтық формадағы кәсіпорындар мен жеке тұлғалар бола
алады. Депозиттік операциялардың объектілері депозиттер болып табылады,
яғни депозиттік операциялардың субъектілерімен банктік шоттарға салынатын
ақша қаражаттарының сомалары.
Депозиттік операцияларды жүзеге асыру әрбір несиелік ұйыммен жеке
депозиттік саясатты жасауды қарастырады. Коммерциялық банктің депозиттік
саясатына банктік ресурстарды қалыптастыру жөніндегі банк қызметінің
формаларын, мақсаттарын, мазмұнын анықтауға және оларды жоспарлау мен
реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы кіреді. Кез-келген коммерциялық
банктің тиімді депозиттік саясатты өндірім мен жүзеге асырудың соңғы
мақсаты – банк шығындарын қысқарта отырып, ресурстық базаның көлемін
ұлғайту және тәуекелдердің барлық түрін ескере отырып, өтімділіктің қажетті
деңгейін қолдау. Коммерциялық банктің депозиттік саясаттың негізгі
элементтеріне төмендегілер жатады:
1) депозиттік процесстің негізгі бағыттарын жасау жөніндегі банктің
стратегиясы;
2) ресурстық базаны құруды ұйымдастыру жөніндегі банктің тактикасы;
3) депозиттік саясатты жүзеге асыруына бақылау жасау.
Алу формасына қарай депозиттер келесі түрлерге бөлінеді:
- талап етілмелі (нақты мерзімі жоқ міндеттемелер)
- мерзімді (белгілі бір мерзімі бар міндеттемелер)
- шартты
Талап етілмелі депозит - алдын-ала ешбір хабарламаны ұсынбастан клиент
тарапынан талап етіле алатын қаражаттар. Оларға жататындар:
- есеп-айрысу, ағымдағы және тағы басқа есеп-айырысуларды жүзеге асырумен
немесе қаражаттарды мақсатты пайдаланумен байланысты болатын шоттардағы
қаражаттар;
- Қазақстанның банкаралық есеп-айырысулар орталығында ашылған банктің
корреспонденттік шотындағы қаражаттар;
- басқа банктермен корреспонденттік қатынастар белгілеу кезінде ЛОРО
шотындағы қаражаттар;
- талап етілмелі салымдар.
Көптеген коммерциялық банктердің талап етілмелі депозиттері тартылған
қаражаттар құрылымында қомақты үлесті алады. Бұл банктік ресурстарды
қалыптастырудың арзан көзі болып табылады. Шот иесінің кез-келген уақытта
қаражаттарды алу мүмкіндігі аса өтімді емес, бірақ жоғары табыс әкелетін
активтерді қысқарту арқылы өтімділігі жоғары активтердің үлесін банк
айналымында ұлғайтуды талап етеді. Сондықтан, банктер талап етілмелі
шоттардың қалдықтары бойынша өте төмен процент есептейді, немесе мүлдем
есептемейді. Кейбір елдерде осы салымдар бойынша проценттерді есептеу заң
жүзінде тыйым салынған, өйткені бәсекелестік ортада банктер клиенттердің
шоттары бойынша пассивтерге проценттік мөлшерлемені жоғарлата отырып, бір
мезгілде пайданың төмендеуіне жол бермеуге тырысып, бұл мәселені жоғары
табыс әкелетін тәуекелі жоғары несиелік жұмсалымдар есебінен шешеді, бірақ
тәуекелі жоғары несиелер банк өтімділігіне теріс әсер етеді.
Талап етілмелі шоттардың барлық түрін ашу мен қызмет көрсету банк
пен клиент арасында сәйкес шартты жасау мен рәсімдеуді қарастырады. Жеке
тұлғаға ашылатын шоттар банктің талап етілмелі салымы шартымен жасалынады.
Мерзімді салымдар – белгілі бір мерзімге тартылатын депозиттер.
Мерзімді салым бойынша клиентке төленетін сыйақы мөлшері мерзіміне,
депозит сомасына және салымшы мен банк арасындағы өзара міндеттемелерге
байланысты. Нақты белгіленген сақтау мерзімі коммерциялық банктің баланс
өтімділігін сақтауға өте маңызды. Әрине, бұл банктерге мерзімді салымдар
бойынша жоғары проценттерді белгілеуге мүмкіндік береді. Мерзімді салымның
сомасы мерзімді депозиттік салым шартының қызмет етуінің мерзімінде
өзгеріссіз қалады. Ол соманы төмендетуге немесе ұлғайтуға болмайды.
Мерзімді салымдарды ағымдағы төлемдерге қолдануға болмайды. Мерзімі
өткеннен кейін салымшы кез-келген уақытта салымды ала алады.
Әлемдік тәжірибеде банктік несиелердің бірыңғай жіктелімі жоқ. Бұл
жағдай әртүрлі елдердегі банк жүйесінің даму деңгейіндегі несиені беру
әдістерінің қалыптасқан ерекшеліктеріне байланысты. Алайда, экономикалық
әдебиеттерде несиелерді келесі белгілеріне қарай жіктейді:
- мақсатына қарай;
- пайдалану саласы;
- пайдалану мерзімі;
- қамтамасыз етілуіне қарай;
- өтеу тәсіліне қарай;
- проценттік мөлшерлеменің түріне қарай.
Мақсатына қарай банк несиелері келесі топтарға бөлінеді:
өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, сауда, инвестициялық, тұтыну, ипотекалық.
Осы аталған несиелердің ішінен бөлшек сауда нарығында кең орын алатын
келесі түрлері:
ауылшаруашылық несиелер фермерлерге, шаруа қожалықтарына жерді өңдеуге,
егінді жинауға және тағы сол сияқты мақсаттарға жәрдем беру үшін
беріледі;
тұтыну несиелері жеке тұлғаларға мұқтаждық үшін, үйді сатып алу мен
жөндеуге және тағы сол сияқты қажеттіліктерге беріледі. Қазақстанның бөлшек
сауда нарығында берілетін несиелердің ішінен тұтыну несиелері, соның ішінде
қысқа мерзімді несиелер үлкен сұранысқа ие.
ипотекалық несиелер - жылжымайтын мүлікті кепілге ала отырып, тұрғын
үйді тұрғызу, сатып алу немесе қайта құру мақсаттарына беріледі. Қазіргі
кезде, бөлшек сауда нарығында ұзақ мерзімді ипотекалық несиелерге сұраныс
күннен күнге өсу үстінде.
Пайдалану мерзіміне қарай банк несиелері онкольді және мерзімді болып
бөлінеді. Онкольды несиелер дегеніміз - несие берушінің ресми хабарламасын
алғаннан кейін, тұрақты мерзімді қайтарылатын несие.
Мерзімді несиелерді қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді
деп бөлуге болады. Қазіргі кезде бөлшек сауда нарығында қысқа мерзімді
несиелер пайдалынады.
Қамтамасыз етілуіне қарай несиелер - қамтамасыз етілмеген (бланкілік)
және қамтамасыз етілген деп бөлінеді. Бланкілік несиелер – бір класты
немесе VIP клиенттерге несие қайтаруды қамтамасыз етудің қандай да бір
формасын пайдаланбай берілетін несие.
Қамтамасыз етілген несиелер қазіргі кездегі банктік несиенің негізгі
түрі болып табылады. Қамтамасыз ету түріне байланысты оларды – кепіл,
кепілдікпен қамтамасыз етілген және сақтандырылған деп бөлу қалыптасқан.
Қамтамасыз етілген несие – кепілзат түрінде қамтамасыз етілген несие және
ол келесі талаптарға жауап беруі тиіс:
- оның нақты (нарықтық) құны несие бойынша қарыздың негізгі
сомасын, келісімшартқа сәйкес барлық проценттерді, сондай-ақ
кепілзат құқықтарын сатумен байланысты шығындарды өтеуге жететін
болса;
- банктік кепілзат құқықтарына қатысты барлық заңдық құжат
айналымы банкке кепілзатты сату қажеттілігі туған жағдайда,
кепілзатты сатуға қажетті уақыт 150 күннен аспаған жағдайда;

Жартылай қамтамасыз етілген несие – кепіл түрінде қамтамасыз етілген
несие және ол жоғарыда аталған талаптардың біреуіне сәйкес келуі тиіс.

Өтеу әдістеріне қарай банктік несиелер бір жолғы және мерзімін
ұзартып өтелетін несиелер деп бөлінеді. Бір жолғы төлеммен өтелетін
несиелер қысқа мерзімді несиені қайтарудың дәстүрлі формасы болып
табылады, өйткені заңдық рәсімдеу тарапынан ыңғайлы. Мерзімін ұзартып
өтелетін несиелер несиелеудің толық мерзімінде екі немесе одан да көп
төлеммен өтеуді ұйғарады. Қайтарудың нақты шарттары несиелік келісімшартпен
анықталынып, несиелендірудің объектісіне, несие мерзіміне, инфляцилық
процесстерге және тағы да бірқатар факторларға байланысты болады.
Проценттік мөлшерлеменің түрлері бойынша банктік несиелерді тұрақты
немесе өзгермелі деп бөлуге болады. Тұрақты проценттік мөлшерлемесі бар
несиелер несиелендіру мерзімінің ішінде қайта қарастыру құқығынсыз
проценттік мөлшерлемені белгілі бір мөлшерде бекіту. Бұл жағдайда қарыз
алушы капитал нарығындағы өзгерістерге қарамастан, алдын-ала келісілген
мөлшерлемемен проценттерді төлеу міндеттемесін қабылдайды. Қазақстандық
банктік несиелендірудің тәжірибесінде тұрақты проценттік мөлшерлемені жиі
қолданады.
Жаңа технологиялардың дамуымен, адамдардың уақытын үнемдеу мен
қаражаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ескере отырып, банктердің
бөлшек сауда нарығына бағытталған қызметтердің бірі – пластикалық
карточкалар. Пластикалық карточка – мақсаты бойынша, көрсететін қызмет түрі
бойынша, өзінің техникалық мүмкіндіктері бойынша және оларды шығаратын
ұйымдар бойынша ерекшеленетін, карточкалардың барлық түрін біріктіретін
термин. Жетілдіруіне қарамастан, барлық карточкалардың маңызды ерекшелігі
– онда әр түрлі қолданбалы бағдарламаларда қолданылатын, белгілі бір
ақпараттар жиынтығы сақталынады. Ақша айналымы саласында пластикалық
карточкалар қолма-қолсыз есеп-айрысуларды ұйымдастырудың прогрессивті
құралы болып табылады. Электронды ақшалай есеп-айрысулар жүйесін құру
процесінде Батыста пластикалық карточкалардың сыртқы түріне белгілі бір
стандарттарды жасаған ISO (International Standarts Organisation) ұйымы
құрылды; шоттарды нөмірлеу тәртібі; магниттік таспалардың формасы:
карточка иесіне жасаған операциялары туралы жіберілетін ақпарат формасы.
ISO мүшелері болып VISA, Master Card, American Express сияқты
карточкалардың ірі эмитенттері табылады.
Есеп-айырысуларға арналған барлық пластикалық карточкалар жеке және
корпоративтік болып бөлінеді. Функционалдық белгісіне қарай карточкаларды
келесі түрлерге бөлуге болады:
- магниттік карталар - ең қарапайым карточкалар. Олардың бетінде
шығарушының атауы, оның фирмалық белгісі, карточка иесінің аты
және оның идентификациялық коды көрсетілген. Екінші жағында 100
символ (байт) ақпаратты сақтауға мүмкіндігі бар магниттік таспа
бар. Магниттік таспадағы ақпарат бет жағындағы ақпаратпен
сәйкес келеді және өңдеу машиналарда арнайы санау құрылғысымен
саналады. Қазіргі кезде Қазақстанда айналымда 2 миллионнан астам
карточка бар.
- банктік несие карточкасы – карточка иесіне тауарларды немесе
қызметтерді сатып алу кезінде төлеуді кейінге қалдыруға
мүмкіндік береді. Карточканың әрбір иесіне клиенттің банктегі
қарапайым шоттарына тәуелді болмайтын (ағымдағы, жинақ және тағы
басқа шоттарынан) несие шоты бойынша несиелендірудің лимиті
белгіленеді.
- төлем немесе дебеттік карточкасы –төлеушінің банктік шотынан
қаражаттарды тікелей есептен шығару арқылы тауарлар мен
қызметтерге төлем жүргізу. Бұл карточкалар қолма-қол ақшаларды
ең қарапайым және әмбебап ауыстырушысы болып табылады.
Карточкалар клиент шотында қаражаттар болмаған кезде сатып
алуларды жүргізуге мүмкіндік бермейді. Тек клиентте овердрафт
мүмкіндігі бар ағымдағы шот болған жағдайлар ескерілмейді. Онда,
төлем карточкасы бойынша несиені шот бойынша рұқсат етілген
көлемде алуға болады. Мұндай карточкалардың иелері ай сайынғы өз
шотындағы қаражаттардың қозғалысы туралы анықтаманы алғаннан
кейін, толық сома көлемінде төлеуі тиіс, тек осы талаптарды
орындаған кезде ғана қосымша төлем алынбайды.
Бөлшек сауда нарығында банктердің көрсететін тағы бір өнімі – чектер.
Чек –ағымдағы шотын жүргізетін банкке клиенттің чекті ұсынған тұлғаға
немесе чекте көрсетілген тұлғаға белгілі бір соманы төлеу бұйрығы. Шот
иесі чек кітапшасын алады және шоттағы қаражаттардың қалдығы көлемінде
(немесе, егер овердрафт туралы келісім болатын болса, осы қалдықтан асатын
көлемде) чекті жазып береді.
Чекке қажетті реквизиттер: банк атауы, соманы төлеу туралы бұйрық, ақшаны
алушы, чекті жазып берген күні мен орны, чек берушінің қолы. Чек еркін
формада болуы мүмкін және жай қағазда жазылуы мүмкін. Бірақ, стандартты
форма қолданылады. Чек кімнің пайдасына жазылып беруіне байланысты чектерді
келесі түрлерге бөледі:
- атаулы - тек қана N төлесін;
- ордерлі - N немесе оның бұйрығы бойынша төлесін;
- ұсынушылық - ұсынушыға төлесін.
Ордерлі чек ұстаушыға ақша алуды табыстау жазбасы - индоссамент
арқылы басқа тұлғаға қайта табыстауына мүмкіндік береді. Мысалы, ордерлі
чекте Оспанов Азаматқа немесе оның бұйрығы бойынша төлеңіз көрсетілді деп
ұйғарайық. Екінші жағында Азамат Сапарбаев Батырханға төлеңіз деп
көрсетіп, қолы мен күнді қояды. Бұл дегеніміз чек бойынша ақша алу
құқығы басқа тұлғаға (Батырханға) ауысты деген сөз. Қазақстан
Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің бөлшек сауда нарығында ұсынған
чектердің ішінен клиенттер арасында кең тарағаны - American Express жол
чектері. American Express жол чектері дегеніміз - чек ұстаушыға сату
кезінде чекте қойылатын қол қою үлгісі бойынша чекте көрсетілген соманы
төлеудің бір банктің жазбаша бұйрығы болып келетін American Express
компаниясымен айналысқа шығарылатын төлем құралы. Қазақстан банктерінде бұл
чектер жеке тұлғаны куәландыратын куәлікті және салық төлеушінің тіркеу
нөмірі туралы ақпаратты көрсеткеннен кейін, жасы 18 жеткен тұлғаларға
азаматтығына қарамастан сатылады.
Қазақстан экономикасының өркендей түсуімен халықтың тұрмыс-жағдайы
жақсарып келуде. Халықтың табысы жоғарлағандықтан, оларды тиімді қаржы
құралдарына салу қажеттілігі туды. Алайда, банктердің депозиттер бойынша
ұсынатын сыйақы мөлшері табысы мол азаматтарды қанағаттандырмады.
Сұраныстың жоғарлауына байланысты банктер жаңа өнім - траст операцияларын
ұсына бастады. Траст операциялары дегеніміз - өзінің бос қаражаттарын
жоғарғы тиімділікпен иемденуге ұмтылатын клиенттерге банктердің көрсететін
қызметі, және мұндай жағдайда банктер сенімгердің немесе үшінші бір
тұлғаның пайдасына меншікті пайдалану бойынша міндеттемесін алады.
Клиенттің банкке өзінің мүлкін басқаруға берудегі ынтасын осы қызметтерді
ұсынатын банк қызметкерлердің мол тәжірибесі мен жоғары біліктілігін
пайдалана алу мүмкіндігімен түсіндіріледі. Траст келісімшартын жасаса
отырып, сенімгер өзінің уақытша бос ақша қаражаттарын жоғары табыс алу
мақсатында банкке тапсырады. Сонымен қатар, клиент осы меншіктің иесі
болып қалады. Траст операциялары үш негізгі категорияларға бөлінеді:
1) дербес траст қызметтері (жекеленген тұлғалар үшін);
2) институционалды траст қызметтері;
3) мастер-траст түріндегі қызметтер.
Қазақстан банктерінің бөлшек сауда нарығында ұсынатын және кең таралған
түрі - дербес траст қызметі. Олардың мынандай түрлері кең таралған:
- өсиетнамалық траст – азаматтың өсиетнаманың негізінде рәсімделеді;
- қайтарып алынбайтын траст – келісімшартпен рәсімделеді және оған
сәйкес сенімгер келісімшартты бұзып, сенімге берген меншікті қайтарып
ала алмайды;
- қайтарып алынатын траст – сенімгермен кез-келген уақытта бұзылатын
келісімшартпен рәсімделеді.
Сенімге берілетін меншікті иелену сипатына қарай трасттар активті және
пассивті болып бөлінеді. Активті трастта болатын меншікті сенімгердің
қосымша келісімсіз сатуға, қарызға беруге, кепілге қоюға болады. Пассивті
траст - сенімді тұлғамен сатылып немесе кепілге беріле алмайтын белгілі бір
мүлікті басқару жөніндегі қызметтерді атайды. Қазіргі кезде, коммерциялық
банктердің бөлшек сауда нарығында кең таралған траст қызметтеріне
төмендегілерді атап айтуға болады:
- клиенттің жеке банктік шоттарын жүргізу;
- тиімді өткізу, кепілдендірілген табысты алу, бағалы қағаздардың бір түрін
басқа түрлеріне ауыстыру мақсатында клиенттің бағалы қағаздарын басқару;
- табыстарды клиенттің пайдасына өндіріп алу;
- депозитарий қызметтерін жүзеге асыру, сондай-ақ осы қызметпен қатар
жүретін операцияларды орындау.
Жаңа технологиялардың дамуымен, банктер арасында бәсекенің күшеюімен,
банктердің өз клиенттердің уақытын үнемдеу мақсатында жаңа банктік өнім –
интернет-банкинг қызметін көрсете бастады. Жеке тұлғаларға Интернет
желісінде электронды дүкендермен пластикалық карточкалармен, сонымен бірге
олардың көмегінсіз есеп-айырысуларды жүргізу. Бірқатар Қазақстандық банктер
бөлшек сауда нарығында Home banking банктік қызмет көрсетуді ұсынады. Үй
банкі жүйесі клиенттердің нақты банктік шоттарын Интернет желісі арқылы
басқарып, әлемнің кез-келген нүктесінде нақты уақыт режимінде күндіз-түні
өз пайдаланушыларына банктік қызметтердің толық кешенін көрсетеді. Клиент
үй банкі арқылы Интернет желісінде нақты уақыт режимінде мына
операцияларды жүзеге асыра алады:
1) валютаны сатып алу және сату – жеңілдетілген бағаммен күндіз-түні валюта
айырбасын жүзеге асыра алады;
2) коммуналдық қызметтерді төлеу: пәтерақыны, телефон сөйлесулерін және
тағы басқа қызметтерді төлеу; төлем құжаттары мен түбіртектерді электронды
түрде сақтау, қажет болған жағдайда банк мөрімен куәландырылған
түбіртектерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сегменттеу – банктік маркетинг тиімділігін арттыру ретінде
Қазақстандағы банктердің маркетингтік қызметінің ұйымдастырылуы жөніндегі мәліметтерді жүйелеп, жинақтап және барынша нақты жағдайын айқындап көрсету, сонымен қатар, әлемдік тәжірибелерді Республикамыздың банк жүйесіне қолданылу мүмкіншіліктерін қарастыру
«Нұрбанк» АҚ-ның қаржылық қызметін талдау
Экономикалық факторлар тербелістерінің қаржы нарығына әсерін бағалаудың теориялық негіздері
Банктің қаржылық қызметтері
Қазақстан Республикасындағы банктік қызметтер нарығы
Икемді және тиімді банктік маркетинг
Несиелік тәуекелдерді басқару әдістері
Нарыққа өту жағдайында біздің елде банктердің және басқада несиелік институттардың даму болашағы мәселесі
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДIҢ ДЕПОЗИТТIК САЯСАТЫНА ТАЛДАУ ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКI АҚ МЫСАЛЫНДА
Пәндер