Депозиттік рыноктың дамуы, банктердің депозиттік саясаты
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5.7
1. Тарау. Депозиттік операциялардың банк қызметіндегі ролі ... ... . 8
1.1. Депозит ұғымы және депозиттердің жіктелуі ... ... ... ... ... ... 8.18
1.2. Коммерциялық банктің депозиттік саясаты және депозиттерді қалыптастыруға әсер ететін факторлар ... ... ...
19.24
1.3. Қазақстан Республикасында депозиттік операциялардың құрылуы және дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
25.51
2.Тарау. ААҚ «Қазақстан Халық банкінің» экономикалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
52.57
3.Тарау. Коммерциялық банктердің депозиттік операциялары және оның өрістеуі (Жамбыл облысы Шу қаласындағы ААҚ «Халық банкі» филиалының мәліметтері негізінде) ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1. ААҚ «Қазақстан Халық Банкінің» депозиттік операциялары немесе депозиттер нарығының қалыптасуы ... ... ... ... ... ...
57
57.73
3.2. Депозиттерді сақтандырудың әлемдік тәжірибесі ... ... ... ... .
74.76
3.3. Қазақстан Республикасы халқының салымдарына кепілдік
қорын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
77.81
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 82.84
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 85.87
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 88.89
5.7
1. Тарау. Депозиттік операциялардың банк қызметіндегі ролі ... ... . 8
1.1. Депозит ұғымы және депозиттердің жіктелуі ... ... ... ... ... ... 8.18
1.2. Коммерциялық банктің депозиттік саясаты және депозиттерді қалыптастыруға әсер ететін факторлар ... ... ...
19.24
1.3. Қазақстан Республикасында депозиттік операциялардың құрылуы және дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
25.51
2.Тарау. ААҚ «Қазақстан Халық банкінің» экономикалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
52.57
3.Тарау. Коммерциялық банктердің депозиттік операциялары және оның өрістеуі (Жамбыл облысы Шу қаласындағы ААҚ «Халық банкі» филиалының мәліметтері негізінде) ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1. ААҚ «Қазақстан Халық Банкінің» депозиттік операциялары немесе депозиттер нарығының қалыптасуы ... ... ... ... ... ...
57
57.73
3.2. Депозиттерді сақтандырудың әлемдік тәжірибесі ... ... ... ... .
74.76
3.3. Қазақстан Республикасы халқының салымдарына кепілдік
қорын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
77.81
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 82.84
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 85.87
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 88.89
Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және ажырамас құрылымдарының бірі. Банктердің дамуы тауар өндірісімен және айналымымен қатар өсіп және тығыз араласып кеткен. Мұндайда банктер ақша есеп айырысуларын жүргізіп, шаруашылыққа кредит бере отырып, капиталдарды қайта бөлуде арадағы делдал ролін атқарып өндірістің жалпы тиімділігін елеулі түрде арттырып, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай туғызады.
Қазіргі банктік жүйе – бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық шаруашылығының маңызды саласы. Оның практикалық ролі мемлекетте төлемдер мен есепайырысулар жүйесін басақаратындығымен, өзінің коммерциялық мәмілелерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және кредиттік операциялар арқылы жүргізуімен анықталып, басқа да қаржы делдалдарымен қатар банктер халықтың жинақ ақшасын фирмаларға және коммерциялық құрылымдарға бағыттайды. Коммерциялық банктер мемлекеттің ақша-кредит саясатына сәйкес әрекет ете отырып ақша ағындарының айналымына, эмиссиясына, жалпы массасына, оған қоса айналымдағы қолма-қол ақша санына әсер ету арқылы қозғалысын реттейді.
Қазіргі банктік жүйе – бұл өз клиенттеріне сан салалы қызметтерді ұсыну – кәдімгі депозиттік, сонымен қатар ең басты несие және есеп айырысу-касса операцияларынан бастап банктік құрылымдар пайдаланып отырған ең жаңа ақша-кредиттік және қаржылық құралдар (лизинг, факторинг, траст және т.б.). Депозиттік рынок егер ол мықты дамып және салымдарды ең төменгі тәуекелдермен сенімді орналастыруға байланысты жиынтық ақша жинағында жеткілікті үлкен үлес салмағы болса, онда ерте деп есептеледі.
Халықтың бос ақша қаражаттарын елдің инвестициялық әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған нысандарға тартудың тиімді тетіктерін жасау өзінің ең бірінші кезектегі міндеті етіп экономиканың жалпы жинақ ақшаларын дұрыс қалыптастыру және тиімді пайдалануды қоюы тиіс. Яғни ақша жинақтау әдеттерін қалыптастырып және оларды қаржы рыногының инфрақұрылымы арқылы Қазақстан экономикасының даму мақсатында пайдалану келешекте макроэкономикалық ретеудің басым бағыттарының бірі болуы тиіс.
Қазіргі банктік жүйе – бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық шаруашылығының маңызды саласы. Оның практикалық ролі мемлекетте төлемдер мен есепайырысулар жүйесін басақаратындығымен, өзінің коммерциялық мәмілелерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және кредиттік операциялар арқылы жүргізуімен анықталып, басқа да қаржы делдалдарымен қатар банктер халықтың жинақ ақшасын фирмаларға және коммерциялық құрылымдарға бағыттайды. Коммерциялық банктер мемлекеттің ақша-кредит саясатына сәйкес әрекет ете отырып ақша ағындарының айналымына, эмиссиясына, жалпы массасына, оған қоса айналымдағы қолма-қол ақша санына әсер ету арқылы қозғалысын реттейді.
Қазіргі банктік жүйе – бұл өз клиенттеріне сан салалы қызметтерді ұсыну – кәдімгі депозиттік, сонымен қатар ең басты несие және есеп айырысу-касса операцияларынан бастап банктік құрылымдар пайдаланып отырған ең жаңа ақша-кредиттік және қаржылық құралдар (лизинг, факторинг, траст және т.б.). Депозиттік рынок егер ол мықты дамып және салымдарды ең төменгі тәуекелдермен сенімді орналастыруға байланысты жиынтық ақша жинағында жеткілікті үлкен үлес салмағы болса, онда ерте деп есептеледі.
Халықтың бос ақша қаражаттарын елдің инвестициялық әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған нысандарға тартудың тиімді тетіктерін жасау өзінің ең бірінші кезектегі міндеті етіп экономиканың жалпы жинақ ақшаларын дұрыс қалыптастыру және тиімді пайдалануды қоюы тиіс. Яғни ақша жинақтау әдеттерін қалыптастырып және оларды қаржы рыногының инфрақұрылымы арқылы Қазақстан экономикасының даму мақсатында пайдалану келешекте макроэкономикалық ретеудің басым бағыттарының бірі болуы тиіс.
1. «ҚР банктер және банк қызметі туралы» Заңы.
2. «Ұлттық банк туралы» Заңы.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 05.11.1999 ж. «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесін бекіту туралы» №340 қаулысы.
4. Мақыш. С. Б. «Коммерциялық банктер операциялары» /ТОО «Маркет издат», 2004
5. Мақыш. С. Б. «Ақша айналысы және несие» /ТОО «Маркет издат», 2004
6. Бабичевой. Ю. А. «Банковское дело» /М. Экономика, 1993ж
7. Маркова О.М. және басқалар. «Коммерческие банки и операции» / М Юнити,1195 ж.
8. П. Роуз П.С. «Банковский менеджмент Предостовление финансовых услуг»/ М:Дело ЛТД. 1995ж .
9. Сейткасимов Г.С., Шаяхметова К.О., Абдраймова Г.Т. «Бухгалтерский учет и отчетность в банках»/ Алматы: Қаржы – қаражат, 2000ж.
10. Ахметов А.Р. «Фонд гарантирования вкладов - гарант личной финансовой безопасности» / Банки Казахстана № 6, 2001 г.
11. Каценеленбаум З.С. «К вопросу о сущности банковского депозита» / Деньги и Кредит №4, 1991 г.
12. Одинцова Н.Ф. «Развитие банковской депозитной системы по Алматинскому региону в 200 году» / Банки Казахстана № 6, 2001 г.
13. Э. Перотти «Гарантирование банковских депозитов: мировая практика и про¬блемы» / Деньги и Кредит № 6,2000г.
14. «Банковское дело» / под ред. В.И. Колесникова, Москва «Финансы и статисти¬ка», 2000 г.
15. «Банковское дело» / под ред. О.И.Лаврушина, Москва «Финансы и статистика», 2000 г.
16. «Банковское дело» / под ред. Г.С. Сейткасымова, Алматы «Каржы- Каражат», 1998г.
17. «Деньги, Кредит, Банки» / под. ред. О.И.Лаврушина, Москва «ИНФРА-М», 1999г.
18. «Деньги, Кредит, Банки» / под ред. Г.С.Сейткасымова, Алматы «Экономика», 1999г.
19. Деловая неделя от 23.02.2003г., 16.11.2004 г.
20. Банки Казахстана №1,3,4,6,8,9 2003 г.
21.Банки Казахстана № 9, 10, 12 2004 г.
22. Банки Казахстана № 1,2,3 2004 г.
23. «Деньги и Кредит» № 4,1991 г., стр. 75-76
24. http: // www. national bank. kz
2. «Ұлттық банк туралы» Заңы.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 05.11.1999 ж. «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесін бекіту туралы» №340 қаулысы.
4. Мақыш. С. Б. «Коммерциялық банктер операциялары» /ТОО «Маркет издат», 2004
5. Мақыш. С. Б. «Ақша айналысы және несие» /ТОО «Маркет издат», 2004
6. Бабичевой. Ю. А. «Банковское дело» /М. Экономика, 1993ж
7. Маркова О.М. және басқалар. «Коммерческие банки и операции» / М Юнити,1195 ж.
8. П. Роуз П.С. «Банковский менеджмент Предостовление финансовых услуг»/ М:Дело ЛТД. 1995ж .
9. Сейткасимов Г.С., Шаяхметова К.О., Абдраймова Г.Т. «Бухгалтерский учет и отчетность в банках»/ Алматы: Қаржы – қаражат, 2000ж.
10. Ахметов А.Р. «Фонд гарантирования вкладов - гарант личной финансовой безопасности» / Банки Казахстана № 6, 2001 г.
11. Каценеленбаум З.С. «К вопросу о сущности банковского депозита» / Деньги и Кредит №4, 1991 г.
12. Одинцова Н.Ф. «Развитие банковской депозитной системы по Алматинскому региону в 200 году» / Банки Казахстана № 6, 2001 г.
13. Э. Перотти «Гарантирование банковских депозитов: мировая практика и про¬блемы» / Деньги и Кредит № 6,2000г.
14. «Банковское дело» / под ред. В.И. Колесникова, Москва «Финансы и статисти¬ка», 2000 г.
15. «Банковское дело» / под ред. О.И.Лаврушина, Москва «Финансы и статистика», 2000 г.
16. «Банковское дело» / под ред. Г.С. Сейткасымова, Алматы «Каржы- Каражат», 1998г.
17. «Деньги, Кредит, Банки» / под. ред. О.И.Лаврушина, Москва «ИНФРА-М», 1999г.
18. «Деньги, Кредит, Банки» / под ред. Г.С.Сейткасымова, Алматы «Экономика», 1999г.
19. Деловая неделя от 23.02.2003г., 16.11.2004 г.
20. Банки Казахстана №1,3,4,6,8,9 2003 г.
21.Банки Казахстана № 9, 10, 12 2004 г.
22. Банки Казахстана № 1,2,3 2004 г.
23. «Деньги и Кредит» № 4,1991 г., стр. 75-76
24. http: // www. national bank. kz
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-7
1- Тарау. Депозиттік операциялардың банк қызметіндегі ролі ... ... .8
1.1. Депозит ұғымы және депозиттердің жіктелуі ... ... ... ... ... ... 8-18
1.2. Коммерциялық банктің депозиттік саясаты және
депозиттерді қалыптастыруға әсер ететін факторлар ... ... ... 19-24
1.3. Қазақстан Республикасында депозиттік операциялардың
құрылуы және 25-51
дамуы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ...
2-Тарау. ААҚ Қазақстан Халық банкінің экономикалық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52-57
3-Тарау. Коммерциялық банктердің депозиттік операциялары және
оның өрістеуі (Жамбыл облысы Шу қаласындағы ААҚ Халық банкі
филиалының мәліметтері негізінде) ... ... ... ... ... ... ... ... 57
3.1. ААҚ Қазақстан Халық Банкінің депозиттік операциялары
немесе депозиттер нарығының қалыптасуы ... ... ... ... ... ... 57-73
3.2. Депозиттерді сақтандырудың әлемдік тәжірибесі ... ... ... ... . 74-76
3.3. Қазақстан Республикасы халқының салымдарына кепілдік
қорын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 77-81
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 82-84
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 85-87
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 88-89
Кіріспе
Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және ажырамас
құрылымдарының бірі. Банктердің дамуы тауар өндірісімен және айналымымен
қатар өсіп және тығыз араласып кеткен. Мұндайда банктер ақша есеп
айырысуларын жүргізіп, шаруашылыққа кредит бере отырып, капиталдарды қайта
бөлуде арадағы делдал ролін атқарып өндірістің жалпы тиімділігін елеулі
түрде арттырып, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай туғызады.
Қазіргі банктік жүйе – бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық
шаруашылығының маңызды саласы. Оның практикалық ролі мемлекетте төлемдер
мен есепайырысулар жүйесін басақаратындығымен, өзінің коммерциялық
мәмілелерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және кредиттік
операциялар арқылы жүргізуімен анықталып, басқа да қаржы делдалдарымен
қатар банктер халықтың жинақ ақшасын фирмаларға және коммерциялық
құрылымдарға бағыттайды. Коммерциялық банктер мемлекеттің ақша-кредит
саясатына сәйкес әрекет ете отырып ақша ағындарының айналымына,
эмиссиясына, жалпы массасына, оған қоса айналымдағы қолма-қол ақша санына
әсер ету арқылы қозғалысын реттейді.
Қазіргі банктік жүйе – бұл өз клиенттеріне сан салалы қызметтерді
ұсыну – кәдімгі депозиттік, сонымен қатар ең басты несие және есеп айырысу-
касса операцияларынан бастап банктік құрылымдар пайдаланып отырған ең жаңа
ақша-кредиттік және қаржылық құралдар (лизинг, факторинг, траст және т.б.).
Депозиттік рынок егер ол мықты дамып және салымдарды ең төменгі
тәуекелдермен сенімді орналастыруға байланысты жиынтық ақша жинағында
жеткілікті үлкен үлес салмағы болса, онда ерте деп есептеледі.
Халықтың бос ақша қаражаттарын елдің инвестициялық әлеуетін арттыру
мақсатында ұйымдастырылған нысандарға тартудың тиімді тетіктерін жасау
өзінің ең бірінші кезектегі міндеті етіп экономиканың жалпы жинақ ақшаларын
дұрыс қалыптастыру және тиімді пайдалануды қоюы тиіс. Яғни ақша жинақтау
әдеттерін қалыптастырып және оларды қаржы рыногының инфрақұрылымы арқылы
Қазақстан экономикасының даму мақсатында пайдалану келешекте
макроэкономикалық ретеудің басым бағыттарының бірі болуы тиіс.
Менің жұмысымның негізгі мақсаты депозиттік рыноктың дамуын,
банктердің депозиттік саясатын көрсету болып табылады. Осы мақсаттан
туындайтын негізгі міндеттер мыналар:
- депозиттер ұғымын зерттеу, олардың пайда болуы, мәні;
- депозиттік рыноктың баға саясаты мәселесін қарастыру;
- клиенттерге кепілдік беруді енгізудің мәселелерін қарастыру және т.б.
Жұмысты орындау барысында әдістемелік негіз ретінде келесілерді қолдандым:
Банктер жәнебанктік қызмет туралыҚазақстан Республикасының Заңы, екінші
деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын міндетті кепілдендіру
ережесі, басқа да Ұлттық банктің нормативі- құқықтық актілері, салымдарды
тарту мәселелеріне қатысты шетелдік және отандық авторлардың шығармалары,
басылымдар. Банктік жүйеге деген халық сенімін арттыру қазіргі күнде де
маңызды мәселе болып отыр. 2000 жылдың 16 ақпанынан бастап іске қосылған
жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру жүйесі халықтың банктерге деген
сенімін біршама арттырды.Алғашында бұл жүйе теңгедегі және шетел
валютасындағы тек мерзімді салымдарға ғана қатысты қолданылатын, ал 2002
жылдың 13 сәуірінен бастап халықтың және кәсіпорындардың теңгемен салынған
ағымдағы депозиттеріне қатысты қолданылатын болды. Осы депозиттерді
сақтандыру жүйесін дамыту және оның кемшіліктерінің жойылуы халықтың
әлеуметтік қоғалуын қамтамасыз етеді, олардың уақытша бос қаражаттарының
банктерге орналастырылуына ынта болады. Нәтижесінде банктердің несиелік
базасы, табыстылығы жоғарылайды. Бұл өз кезегінде нақты сектордың дамуына
жағдай жасайды. Оның үстіне банктік салымдардың мөлшеріне банктік жүйенің
және банктік қаржылық инструменттердің даму деңгейі де үлкен ықпалын
тигізеді. Себебі қаржылық нарықтық дамуымен қатар халықтық және
кәсіпорындардың уақытша бос ақша қаражаттары үшін банктер мен банктік емес
қаржылық мекемелер, несиелік серіктестер, мемлекеттік емес зейнетақы
қорлары, сақтандыру мекемелері, инвестициялық компониялар, ломбардтар және
мемлекет бәсекеге түседі.
Дипломдық жұмыстың актуалдылығы бүгінгі күнгі өзекті мәселе нарықтық
экономика жағдайында қосымша ресурстар тарту мүмкіндігі банктердің қаржылық
тұрақтылығы, олардың тартымдылығы, яғни қызмет көрсету деңгейі,
клиенттеріне деген қарым- қатынастары және әр түрлі қаржылық
инструменттердің болуына байланысты. Осы жұмыстың зерттеу объектісі заңды
және жеке тұлғалардың депозиттері болып табылады.
1 --Тарау. Депозиттік операциялардың банк қызметіндегі ролі
1.1. Депозиттердің ұғымы және жіктелуі.
Банк мекемесінің коммерциялық кәсіпорын түрлерінің бірі ретіндегі
ерекшелігі оның ресурстарының басым көпшілігі өзінің жеке қаражатынан емес
тартылған заемдық қаражаттардың есебінен қалыптастырылуында. Банктердің
қаражатты тартуының шегі бар және ол кез келген мемлекеттің Орталық банкі
тарапынан реттеліп отырады.
Депозит латынның (depositum) деген сөзінен алынған, ол сақтауға
берілген затты немесе депозиттік операциялардың субъектілері банкке
енгізетін белгілі ақша қаражатын немесе банктік және қаржылық операцияларды
жүргізу тәртібіне байланысты белгілі уақытқа банктердің есепшоттарында
болатын қаражатты айтады.
Қазақстан Республикасының Банктер және банк қызметі туралы Заңында
депозиттің анықтамасы былай деп берілген – бұл бір тұлғаның (депозитордың)
басқа тұлғаға – банкке (оның ішінде Ұлттық банкке) бірінші талап бойынша
немесе қандай да бір мерзімнен кейін қайтарылуы тиіс пе, тиіс емес пе, оған
қарамастан толығымен немесе бөлшектеліп, алдын ала айтылған үстеме ақымен
немесе онсыз, тікелей депозиторға немесе оның тапсырысы бойынша үшінші
тұлғаға ұлттық мәнде қайтарылу талаптарымен берілген ақшасы.
Демек, депозиттік нарық – салымдар және депозиттер рыногы – халықтың
ақша қаражатын пайда табу мақсатымен белгілі талаптармен әртүрлі қаржы
мекемелеріне салу жөніндегі экономикалық қатынастар саласын көрсетеді.
Депозиттік операциялар – банктердің ақша қаражатын салымдарға
(пассивтік депозиттерге) тарту немесе иеліктерінде бар қаражатты басқа
банктерге немесе кредиттік-қаржы институттарына (активті депозиттер)
орналастыру.
Нарықтық қатынастар жағдайында депозиттік банк мекемелерінің ролі өсе
түседі. Бұл операциялардың есебін және ұйымдастырылуын дұрыс және тиімді
жүргізу банк қызметінің коммерциялық мақсатпен пайда табуын қамтамасыз ету
үшін қажет.
Депозиттік есепшоттар әртүрлі болуы мүмкін, және олардың жіктелуінің
негізінде салымдар көздері, оларды мақсатты пайдалану, табыс табу дәрежесі
және т.б. критерийлер жатыр. Ең көп қолданылатындары төменде келтірілген.
Салымдар санаттарына орай депозиттер былай бөлінеді:
- заңды тұлғалардың (кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің және б.)
депозиттері
- жеке тұлғалардың депозиттері.
Экономикалық тағайындалуы бойынша депозиттер 4 топқа бөлінеді:
1. мерзімдік;
2. талап етілгенге дейін;
3. халықтың жинақ ақша салымдары;
4. бағалы қағаздар.
Мерзімдік депозиттер –банктер белгілі мерзімге тартатын депозиттер.
Мерзімдік депозиттердің өзі заңды және жеке тұлғалардың мерзімдік салымдары
және алдын ала хабарлаумен жасалатын мерзімдік салымдары деп бөлінеді.
Мерзімдік салымдар шартта көрсетілген мерзімге және талаптармен
банктің толық қарамағына қаражатты беру, ал ол мерзім аяқталған соң салымды
иесі кез келген сәтте алуы мүмкін. Клиентке мерзімдік депозит үшін
төленетін сыйақы мөлшері депозиттің мерзімінен, сомасынан және салымшының
шарт талаптарын орындауына байланысты болады. Салымның мерзімдері неғұрлым
ұзақ және (немесе) сомасы үлкен болса соғұрлым сыйақы мөлшері үлкен болады.
Мерзімдік депозиттер мерзімі бойынша: 3 айға дейін, 3 айдан 6 айға
дейін, 6 айдан бір жылға дейін, бір жылдан астам болып бөлінеді. Мұндай
мерзімдерінің егжей-тегжейлі бөлінуі салымшылардың өз қаражаттарын тиімді
ұйымдастыруға және оларды салымдарға орналастыруға ынталандырып, сондай-ақ
банктерге өздерінің өтімділігін басқару үшін жағдай туғызады.
Қаражатты алу жөнінде алдын ала хабарландырылатын салымдар дегеніміз
клиенттің банкті шарт бойынша белгіленген мерзімде алдын ала хабардар етуі
тиіс салым. Хабарлау мерзіміне байланысты салым бойынша проценттік ставка
анықталады.
Мерзімдік салымның сомасы дөңгелек сомалармен белгіленіп шарт күшінде
болатын барлық мерзім ішінде өзгертілмеуі тиіс. Мерзімдік салымдар ағымдағы
төлемдерді жүзеге асыруға қолданылмайды. Егер салымшы салым сомасын
өзгерткісі келсе – азайтқысы немесе ұлғайтқысы келсе, онда ол қолданыстағы
шартты бұзып, өз салымын алып, жаңа талаптармен қайта ресімдейді. Бірақ
салымшы салым бойынша қаражатты мерзімінен бұрын алған кезде ол шартта
көзделген проценттерден ішінара немесе толығымен айырылуы мүмкін. Әдетте,
мұндай жағдайларда проценттер талап етілгенге дейінгі салымдар бойынша
төленетін проценттер мөлшеріне дейін төмендетіледі.
Мерзімдік депозиттер банктің басшысы арқылы банк және клиент (салымшы)
арасында жасалатын шартпен ресімделеді. Банктер депозиттік шарттың нысанын
дербес даярлап, салымның жекелеген түрлері бойынша өзгеше үлгілері болады.
Шарт екі дана етіп жасалады: біреуі салымшыда, екіншісі – банктің кредиттік
немесе депозиттік бөлімінде (бұл жұмыс қандай бөлімге тапсырылғанына орай)
сақталады. Шартта салым сомасы, оның әрекет мерзімі, шарт мерзімі
аяқталғаннан кейін салымшы алатын проценттер, тараптардың құқықтары және
міндеттері, олардың шарт мерзімін сақтау туралы жауапкершіліктері, дауларды
шешу тәртібі белгіленеді. Көптеген банктер банктің ұсақ, орта және ірі
клиенттерге қызмет етуіне байланысты мерзімдік салымның ең төменгі мөлшерін
белгілейді. Банк өз тарапынан шарттың барлық талаптарын уақтылы орындауға
және оларды бұзғаны үшін жауап беруге міндеттенеді. Бұл депозит иелеріне
қаражатты немесе проценттер төлеуді уақытында бермегені үшін өсімпұл немесе
айыппұлдар төлеуде көрініс табады. Банк және салымшы арасында туындайтын
даулар төрелік сотта немесе сот тәртібімен (егер салымшы жеке тұлға болса)
шешілуі тиіс.
Талап етілгенге дейінгі депозиттер – белгісіз мерзімге салынатын,
салымшы кез келген уақытта банкті алдын ала хабардар етпестен алатын немесе
басқа тұлғаға аудара алатын қаражат.
Талап етілгенге дейінгі депозиттер қаражаттың сипаты және кімге
тиесілілігі бойынша бөлінеді:
• кәсіпорындардың және ұйымдардың есепайырысу, ағымдағы есепшоттарында
сақталған қаражаттары, әртүлі қорларда сақтауы бойынша арнайы
есепшоттардағы қаражаттары; кәсіпорындардың капиталдық салымдарға арналған
есепшоттарындағы, жергілікті бюджеттердің табыстары бойынша есепшоттардағы
қаражат;
• жергілікті бюджеттердің қаражаты;
• басқа банктермен есепайырысу бойынша корреспонденттік есепшоттардағы
кредиттік қаражат қалдықтары және шетелдік банк-корреспонденттердің
есепшоттарындағы қаражат.
Жекелеген топтарға арнайы есепшоттарда есепайырысуға (мысалы,
аккредитивтермен, чек кітапшаларымен) тартылған (арнайы қорларға) және
арнайы мақсаттарға (капиталды салымдарды және т.б. қаржыландыру үшін)
резервтелген қаражаттарды біріктіріледі.
Банктік өтімділікті басқару тұрғысынан банктерге ағымдағы және
бюджеттік есепшоттар, капиталдық салымдарды қаржыландыру жөніндегі
есепшоттар, арнайы мақсаттағы есепшоттар пайдалы болып есептеледі, өйткені
олардағы қаражат қозғалысы (сомалары, мерзімдері, төлемдер немесе
аударылған ақшалардың келіп түсуі) банкке алдын ала белгілі болуы мүмкін.
Сонымен қатар, ағымдағы және бюджеттік есепшоттардың иелері өз
мәртебелеріне орай (заңды тұлғаның құқығының болмауынан) кредиттерге
ұмтылмайды, ал бұл банктерге мұндай қаражатты өз қалауы бойынша активтік
операцияларда пайдалануға мүмкіндік береді.
Мерзіміне байланысты салымдар мыналарға бөлінеді: талап етілгенге
дейінгі салымдар (есепайырысу және ағымдағы есепшоттардағы қаражат),
мерзімдік (белгілі мерзімге, бірақ бір айдан кем емес мерзімге
орналастырылған қаражат) және квазимерзімдік (жеткілікті түрде ұзақ
уақытқа, бірақ белгісіз мерзімге тартылған қаражат).
Талап етілгенге дейінгі депозиттерге банктердің бір жақты тәртіппен
немесе бір бірінің тапсырмасы бойынша есепайырысу мен төлемдерді жүргізу
мақсатында Орталық Банкте немесе корреспондент банктерде ашылған
корреспонденттік есепшоттары да жатады. Банк басқа банкте ашқан
корреспонденттік есепшот НОСТРО есепшоттары деп аталады, ал банк басқа
банк үшін ашқан корреспонденттік есепшот ЛОРО есепшоты деп аталады. Бұл
есепшоттарды ашу есепшоттардың қызмет ету талаптары және олар бойынша
жүргізілетін операциялардың тізімі анықталған банктер арасындағы жасалған
шарттар негізінде жүргізіледі. Көрсетілген есепшоттардан сондай-ақ
клиенттердің есепшоттарынан да төлемдер олардағы қаражат шегінде жасалуы
тиіс екендігін есте ұстаған жөн.
Талап етілгенге дейінгі депозиттерге өзінің классикалық нұсқасында
отандық тәжірибеде қолданылмайтын, бірақ олардың қызмет етуі назар аударуға
болатын контокорренттік есепшоттар тәрізді арнайы есепшоттарды жатқызуға
болады.
Контокоррент (conto corrente италян тілінен – ағымдағы есепшот) – бұл
банктің клиентпен барлық операциялары есептелетін біртұтас есепшот. Бұл
есепайырысу және несиелік есепшоттарды бірге көрсететін активтік-пассивтік
есепшот. Контокоррентте бір жағынан банктің несиелері және клиенттің
тапсырмасы бойынша есепшоттан жасалған барлық төлемдер, ал екінші жағынан
есепшотқа қолма-қол ақша, аударымдар, қайтарылып келген қаражат және басқа
түрдегі қаражат көрсетіледі. Кредиттік сальдо дегеніміз клиенттің жеке
қаражаты бар екенін білдіреді, ал дебеттік сальдо дегеніміз айналымға
барлық заемдық қаражат қатыстырылған және есепшот иесі банкке кредит
бойынша борышкер екендігін білдіреді. Кредиттік сальдо бойынша банк
клиенттің пайдасына проценттер есептейді, ал дебеттік сальдо бойынша несие
берген секілді өз пайдасына проценттер өндіріп алады. Мұндайда банктің
пайдасына проценттер есепшот иесінің пайдасына қарағанда жоғары ставкамен
есептеледі. Мұндай есепшоттар ерекше сенім белгісі ретінде сенімді
кленттерге, жақсы заем алушыларға ашылады. Қаражаттың келіп түсуіне
қарағанда шығыстары асып түскен кезде есепшот иесі банкпен жасалған шартта
анықталған сомада әр жағдайда кредитті арнайы рұқсатсыз ала беру
мүмкіндігіне ие болады.
Әлемдік банк тәжірибесінде белгілі түрде контокоррентпен овердрафтты
ағымдағы есепшот (ағыл. overdraft) ұқсас келеді. Овердрафтты ағымдағы
есепшот – клиент және банк арасындағы келісімнің негізінде кредит алуды
білдіретін, қаражат қалдығының көлемінен есепшот бойынша есептен
шығарылатын соманың асып түсуінің есебінен белгілі мөлшерде жіберілетін
дебеттік сальдоны атаймыз. Бірақ бұл есепшоттардың арасында айырмашылық
бар. Овердрафт (контокоррентке қарағанда) кезінде мұндай қарыз алулар оқта
текте жасалады әрі олар тұрақты сипатта болмайды. Бұл үшін тиісінше
пассивтік (кредиттік) қалдық көбірек ұшырасады. Овердрафтты ағымдағы
есепшоттың бар екендігі клиенттің жеке операцияларды жүргізу үшін қосымша
депозиттік немесе несиелік есепшоттарды ашуына болады, ал контокорренттік
есепшотта банктің клиентке қатысты барлық операциялары шоғырландырылады.
Сонымен қатар контокорренттік есепшоттар заңды тұлғалардың шаруашылық
ұйымдардың атына ғана ашылады, ал овердрафтты есепшот заңды емес тұлғаға,
сондай-ақ жеке тұлғаға да қаражаттың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша
айырмашылықтарды өтеуі үшін ашылады.
Көптеген коммерциялық банктерде талап етілгенге дейінгі депозиттердің
тартылған қаражат құрылымындағы үлес салмағы ең жоғары болып табылады. Бұл
әдетте, банктік ресурстардың құрылуының ең арзан көзі. Қаражаттың жоғары
жұмылдыруына байланысты талап ету есепшоттарындағы қалдық тұрақты емес,
тіпті кейде мүлде өзгермелі деуге болады. Есепшот иесінің кез келген сәтте
қаражатты алу мүмкіндігі банктің айналымында өтімділігі аз, бірақ аса
жоғары табыс әкелетін активтердің үлесін азайту есебінен өтімділігі жоғары
активтердің үлесінің (кассадағы, корреспонденттік есепшоттағы және басқа
қаражат қалдықтары) мейлінше көп болуын талап етеді. Сол себепті талап
етілгенге дейінгі есепшоттардағы қалдықтар бойынша банктер олардың иелеріне
төмен процент төлейді немесе тіпті ешқандай табыс есептемейді. Дегенмен
талап етілгенге дейінгі есепшоттардағы қаражаттың жоғарғы жылжымалылығына
қарамастан, олардың ең төменгі, бірақ төмендемейтін қалдығын анықтаудың
және оны тұрақты кредиттік ресурс ретінде пайдаланудың мүмкіндігі бар.
Талап етілгенге дейінгі есепшоттардағы сақталатын қаражат үлесін
есептеу мерзімдік депозиттік есепшоттарға аударылуы мүмкін болатын мынадай
формуламен жүргізіледі:
А = ОсрОкр * 100(, мұндағы
А - депозиттік есепшоттарға ауыстырылуы мүмкін, есеп айырысу және
ағымдағы есепшоттарда жыл бойы сақталатын қаражат үлесі.
Оср - жыл ішіндегі есеп айырысу немесе ағымдағы есепшоттағы қаражаттың
орташа қалдығы.
Окр - жыл ішіндегі есеп айырысу немесе ағымдағы есепшот бойынша
кредиттік айналым.
Әлемдік банк тәжірибесінде мерзімдік депозиттер мен талап етілгенге
дейінгі депозтиттер арасында жинақтаушы депозиттер орын алады. Шетел
тәжірибесінде ақша жинақтау операциялары депозиттік операциялардан бөлек
қаралады және негізгі назар олардың айрықша ерекшеліктеріне бөлінеді –
салым жинақтаушының иесіне, көбінесе, жинақтау кітапшасы түрінде берілетін
салымның бар екендігін көрсететін куәлік беріледі. Депозиттің бұл түрі
құнттылыққа ынталандыратын - арнайы ұмтылудың туындауымен сипатталатын
мақсатты сипаттағы қаражаттарды жинақтау үшін немесе ақша жинақтарын салуға
қызмет етеді және табыстылық деңгейі жоғары, дегенмен мерзімдік салымдарға
қарағанда табыстылығы төмен болады.
Халықтың жинақтау салымдары мерзімдері және салым операцияларының
талаптары (мысалы, балаларға, мектеп оқушыларына арнап салынған салымдар,
зейнетақылық салым және б.) бойынша бөлінеді.
Бағалы қағаздар мынадай топтарға бөлінеді: банкке тиесілі кәсіпорындар
мен акционерлік қоғамдардың акциялары мен облигациялары; банкте сақтауда
тұрған акциялар мен облигациялар; шетел операциялары бойынша құндылықтар
мен құжаттар.
Банктердің депозиттік базасын нығайту мәселесін шешуде әртүрлі
депозиттердің көлемін ұлғайту ғана емес, сонымен қатар депозиттік
операциялардың ұйымдастырылуын жақсарту және салымдарды тартуды ынталандыру
жүйесін арттырудың да үлкен маңызы бар. Бұл ең алдымен банктердің дәстүрлі
емес банктік құралдарды: депозиттік және жинақтау сертификаттарды, чек
депозиттерді, банктік вексельдерді шығару есебінен қол жеткізілуі мүмкін.
Депозиттік сертификат – мерзімі 1 жылдан астам, бірақ оған қарағанда
бұл ақша қаражаттың депозитке салғандығы жөніндегі салымшының салымды
(депозитті) алу құқығын куәландыратын кредиттік мекеменің жазбаша куәлігі -
мерзімдік сертификаттың түрі. Онда депозиттік шарттың мөлшері, салымды алу
мерзімі, проценттік ставка секілді талаптар көрсетіледі. Депозиттік
сертификаттың артықшылықтары мынада: біріншіден, ол биржа ойынының заты
болып табылады, яғни сатып алушының рыноктағы оңтайлы өзгеруі нәтижесінде
қосымша пайда алуына болады; екіншіден, кәсіпорындардың депозиттері
тоқтатылып қалған жағдайда рынокта еркін қозғалыста болатын сертификатты
сатып алу олардың иелеріне біршама еркіндік береді.
Сертификаттарды салымшылардың санатына байланысты депозиттік және
жинақтаушы сертификаттарға бөлуден басқа сертификаттарды басқа белгілері
бойынша да жіктеуге болады:
• шығарылу әдісі бойынша:
бір рет қана шығарылатын;
сериялармен шығарылатын;
• ресімделу әдісі бойынша:
атаулы;
ұсынушыға;
• айналым мерзімдері бойынша:
мерзімдік;
талап етілгенгше дейін.
Депозиттік сертификаттар бойынша айналым мерзімі 1 жылдың шегінде
белгіленген, ал жинақтаушы сертификаттар бойынша 3 жыл шегінде белгіленген.
Егер депозитті немесе салымды алу мерзімі өтіп кетсе, онда мұндай
сертификат талап етілгенге дейінгі құжат болып есептеледі және иесінің
бірінші талабы бойынша төленуі тиіс. Банк мерзімдік серитификатты
мерзімінен бұрын ұсынылғанда төлеу мүмкіндігін сертификат сомасын төлей
отырып және проценттерін төмен ставка бойынша ала отырып төлеуді былай
қарастырады:
- төлеу талаптары бойынша:
- белгілі есептесу кезеңі өткенге дейін тұрақты проценттік ставкамен төлеу;
- сертификатты өтеу күніне проценттерді төлеу.
Сертификаттарды өтеу үш жолмен жүргізіледі:
- жаңа шығарылған сертификаттармен;
- салымдардың басқа түрлеріне немесе талап етілгенге дейінгі есепшотқа
қолма-қол ақшасыз аударымдар жасау арқылы;
- қолма-қол ақшамен (жеке тұлғалар үшін).
Сертификаттарды шығаратын банк өз сертификаттарының шығару және айналу
талаптарын дербес әзірлейді.
Чек депозиттері – бұл салымшыға төлемдер жасау үшін чек жазуға құқық
беретін есепшоттар.
Жаңа есепшоттар (нау-есепшоттар), Батыста көп таралған, мерзімдік
салымдарды және талап етілгенге дейінгі салымдарды сақтаудың және
пайдаланудың қағидаларын біріктіретін есепшоттар. Олар клиентке талап
етілгенге дейін салым ретінде пайдалы, өйткені төлем құралы күші бар құжат
көмегімен есеп айырысуға мүмкіндік береді, негізінен олар бойынша және
мерзімдік салымдар бойынша табыс алуға құқық береді. Банк үшін жаңа
есепшоттар оларда қаражаттың қатаң белгілі бір мезгілде сақталатындығынан
және сондықтан инвестицияларға пайдалануға мүмкін болатындықтан тартымды.
Банк векселі банктің белгілі тұлғаға немесе оның мұрагеріне
белгіленген мерзімде белгілі ақша сомасын төлеу жөніндегі ештеңемен
келісілмеген біржақты міндеттемесін білдіреді.
Банкаралық депозиттік операцияларда мерзімдік және талап етілгенге
дейінгі болып бөліндеі. Мұндай операциялар, әдетте, банк балансының
есепайырсуларын және өтімділігі деңгейін реттеу мақсатында жүргізіледі.
Депозиттік базаның тұрақтылығына қолдау көрсету үшін мынадай
көрсеткіштердің өзгеру серпінділігін анықтайтын депозиттердің талдауын
жүргізу керек:
1. Салынған теңгенің орташа сақталу мерзімі:
Ст = ОВ * Д ОВК, мұндағы
ОВ – салымдар қалдығының орташа мәні;
ОВК – кредиттерді беру бойынша айналым мәні.
Бұл көрсеткіш салымның тұрақтылығын көрсетеді, ал бұл оларды
қысқамерзімдік кредиттеу ресурстары ретінде бағалау үшін ерекше маңызды.
2. Салымдарға түскен қаражаттың шөгіп қалу деңгейі:
У = Овк – ОвнВп * 100%, мұндағы
Овк – жыл соңындағы салымдар қалдығы;
Овн – жыл басындағы салымдар қалдығы;
Вп – салымдарға түскен қаражат.
3. Кәсіпорын үшін шығынсыз жоспарлы мерзімде мерзімдік депозиттік
есепшотқа (d oc) орналастыруға болатын есепайырысу шотында шөгіп қалатын
жоспарлы қолма-қол ақша қаражатының үлесі:
d oc = Ппл * ОСПфакт * 100%, мұндағы
ОС - өткен жылдың тиісті кезеңіндегі есепайырысу шотындағы қаражаттың
орташа қалдығы;
Пфакт – есепайырысу шотына нақты түсімдер;
Ппл – жоспарлы кезеңдегі есепайырысу шотына күтілетін түсімдер.
4. Халықтың өз салымдарына көзқарасы. Бұл көрсеткіштің төмен мәні
коммерциялық банктің халық салымдарын тартуды кеңейту қажеттігін көрсетеді.
Сонымен қатар депозиттердің серпінділігін талдау қажет. Төленетін
депозиттердің орташа қалдықтарының серпінділігін талдай отырып бір жағынан
олардың банктердің ресурстық базасына тұрақты етсе, екінші жағынан бұлардың
өсуі проценттік ставкалардың көтерілуіне алып келетіндіктен салыстырмалы
түрде қымбат ресурстар екенін есте сақтаған абзал. Мерзімдік депозиттердің
пассивтердегі рұқсат етілетін деңгейі 60% болады.
Коммерциялық банктерге өз қызметі үшін ресурстар тарту мақсатында
коммерциялық банктердің жарғысында бекітілген жоғары пайда табу мен қажетті
банк өтімділігін сақтау мақсатына және міндеттеріне орай депозиттік саясат
стратегиясын әзірлеу маңызды.
1.2. Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты және депозиттерді
қалыптастыруға әсер ететін факторлар.
Банктің депозиттік саясаты қаражатты депозитке тарту және оларды тиімді
басқару жөніндегі банктің саясаты. Біз депозиттік саясатты банкке
салымшылардың және басқа кредиторлардың қаражатын тарту және ресурстардың
ең тиімді қисынын (өтімділік, пайдалылығы, сенімділігі тұрғысынан) анықтау
жөніндегі тактикасы ретінде айқындаймыз.
Кез келген коммерциялық банктердің депозиттік саясатын анықтайтын
рыноктың мүмкіндіктеріне орай банк ресурстарының тиімділік критерийлер
қисынын табуға болады. Мұндайда тиімділік критерийлері банктердің бәріне
ортақ және таңдап алынған банктің депозиттік саясатының ерекшеліктерін
көрсететін арнайы деп бөлуге болады.
Жалпы критерийлерге мыналарды жатқызуға болады:
А) банктің тұрақтылығын, қаржылай орнықтылығын қолдайтын депозиттік,
кредиттік және басқа операциялардың өзара байланысы. Атап айтқанда,
активтердің және пассивтердің (сомалары, мерзімдері, өтімділіктері, тәуекел
дәрежелері және табыстылығы бойынша) келісілуі қажет, яғни банк депозиттік
саясатты жүргізу кезінде депозиттер портфелінің тиімді қалыптастырылуына
аса маңызды назар бөлінуі қажет, ал депозиттер портфелін салымшылардың
банкке тәуекел дәрежесін, өтімділігін, табыстылығын анықтайтын
критерийлердің негізінде жіктелген талаптардың жиынтығы ретінде қарастырған
жөн;
Б) тәуекелді азайту мақсатымен банктің ресурстарын диверсификациялау;
В) депозиттік портфельді сегменттеу (клиенттер, өнімдер және рыноктар
бойынша);
Г) әртүрлі клиенттер топтарына сай келетін жол табу;
Д) банк өнімдері мен қызметтері бәсекелес банктің өнімдерінен айырмасы
болуы тиіс;
Е) ресурстардың тиімді қисынының қажеттілігі, жоғары тәуекел
жағдайында банктің депозиттік портфелінде тұрақты ресурстардың үлесі (оның
ішінде депозиттік операциялар бойынша) ұлғайған кезде тұрақты және
айнымалы ресурстардың тиімді ұштасуын қамтамасыз ету;
Ж) салымдардың түрлерін және негізінен депозиттік портфелді
қалыптастыру барысында өмір сүру циклының концепциясын есептеу.
Тиімді депозиттік саясаттың арнайы критерийлерін әр банк жеке (оның
мөлшеріне, қызметкерлердің біліктілігіне, олар орындайтын операциялардың
және көрсететін қызметтердің өзіндік құны және т.б. байланысты) анықтайды.
Басым бағыттарға орай коммерциялық банкке негізгі салымдар түрлерін
көрсете отырып депозиттік операциялар туралы ереже болуы тиіс, онда оларды
тарту талаптары, (проценттік ставкалардың деңгейі, салымшылардың санаты,
салымдар мерзімі), салымдарды тарту тәртібі, депозиттік шарттың ресми
нысандары болуы қажет.
Банктің депозиттік саясатын қалыптастыруға әсер етуші, сондай-ақ оның
депозиттік портфелінің және клиенттің тұрғысынан банк салымдарының түрлерін
дамыту қажеттілігін анықтайтын негізгі факторлар: экономикалық қатынастар
субъектілерінің мүдделерінің әртүрлілігін анықтайтын, оның ішінде ақша
жинақтау жағдайлары бойынша: географиялық жағдайы; ұлттық дәстүрлер;
әлеуметтік топтың ерекшеліктері; салымшылардың жасы; олардың рухани, саяси,
әлеуметтік мүдделері; семьялық жағдайы; білім деңгейі; мамандығы және т.б.;
банк тұрғысынан: бәсекелестік деңгейі (банкаралық және банктік емес
кредиттік институттардың); банк қызметтері спектрінің дамуы, кеңею үрдісі,
ұсынылатын қызмет сапасын арттыру; тәуекелдің диверсификациясы және
басқалар.
Негізінен депозиттік рыноктың қалыптасқан жағдайын талдау
салымшылардың өздерінің қаражаттарын орналастыру кезінде мынадай
тұжырымдарды басшылыққа алатындығын көрсетеді:
1) банктің сенімділігі;
2) проценттік ставкалар бойынша неғұрлым банк тұрақты және сенімді
болса, соғұрлым депозиттер бойынша проценттік ставка жоғары және керісінше
болатындығы мұнда тікелей көрінеді: танымал емес банктер алға шығу
мақсатымен жоғары проценттер есебінен жоғары ставкалар ұсынады;
3) банк мекемелерінің желісі және клиенттерге қызмет көрсету сапасы.
Банк филиалдары желісінің көп тармақтылығы мен жоғары деңгейдегі сервис,
бір клиентке қызмет көрсетудегі уақыт шығыны, есепайырысу мен төлемдерді
электрондық жүйелер арқылы жасау мүмкіндігін ұсыну.
Ресурстарды тару үшін банктер арасындағы бәсекелестік күресінің
негізгі құралы проценттік саясаттың әртүрлілігі болып табылады, себебі
салынған қаражатпен табыс табу клиенттерді салым жасауға елеулі
ынталандырады. Депозиттік проценттік ставкалар деңгейін әрбір коммерциялық
банк ҚР Ұлттық банкінің есептеу ставкасын бағдарға ала отырып, ақша
рыногының жағдайына және өзінің депозиттік саясатына орай жеке белгілейді.
Депозиттік есепшоттардың жекелеген түрлері бойынша табыс көлемі салымның
мерзіміне, сомасына, есепшоттың қызмет ету түріне, қосымша қызметтердің
көлемі мен сипатына және т.б. орай анықталады.
Талап етілгенге дейінгі есепшоттар жоғарыда айтылғандай иелерінің
ағымдағы операцияларды жасауы үшін қолданылып, қалдықтың тұрақсыздығымен
сипатталады, және осыған байланысты бұл есепшоттар тобы төменгі
табыстылығымен ерекшеленеді. Заңды тұлғаларға ашылған талап етілгенге
дейінгі есепшоттардағы қаражат қалдықтары бойынша проценттер тіпті
есептелмеуі де мүмкін. Мұндай жағдайда әдетте, клиенттен есепайырысу-
кассалық қызмет үшін төлем алынбайды. Дегенмен талап етілгенге дейінгі
есепшоттардағы табыстың жоқтығы олардың иелерін мұндағы қаражатты азайтуға
және артылған сомаларды табыстылығы жоғары салымдарға (мерзімдік салымдар,
бағалы қағаздар және т.б.) орналастыруға ынталандырады. Бұл есепшоттардан
қаражаттың басқа жаққа кетуіне жол бермес үшін көптеген банктер кезең
(әдетте тоқсан сайын) ішіндегі орташа қаражат қалдығына аздаған проценттер
есептеуді қолданады.
Кейбір банктер клиенттердің талап етілгенге дейінгі есепшоттардағы
қаражат қалдықтарын тұрақты ұстауын мынадай түрде ынталандырады: олар
есепшоттағы қаражаттың ең төменгі қалдығына жоғары проценттер ұсынады,
немесе клиенттерге төмендемейтін ірі қаражат қалдықтары үшін сыйлықақылар
ұсынады.
Жеке тұлғалар үшін ашылған талап етілгенге дейінгі есепшоттар бойынша
міндетті түрде проценттер белгіленеді, бірақ ол бойынша табыс мерзімдік
салымға қарағанда әрдайым елеулі мөлшерде төмен болады.
Мерзімдік салымдар бойынша проценттік ставка мөлшерін белгілеу кезінде
негізгі фактор қаражат орналастырылған мерзім болып табылады: неғұрлым
мерзімі ұзақ болса, соғұрлым процент деңгейі жоғары болады. Ең елеулі
мәселе табысты төлеу жиілігі болып табылады: неғұрлым жиі төленсе, соғұрлым
проценттік ставка деңгейі төмен болады.
Салымшыларды өз қаражаттарын банкке орналастыруға қызықтыру мақсатында
банк проценттерді есептеудің және төлеудің әртүрлі жолдарын қолданады.
Табысты есептеудің дәстүрлі түрі шартта көзделген процентке орай салым
бойынша есепайырысулар және төлемдер белгілі кезеңділікпен жасалады және
салымның нақты қалдығының есептеу базасы ретінде қолданылатын жай
проценттер болып табылады. Әдетте жай проценттер мерзімдері 1 жылға дейінгі
салымдарға есептеледі.
Жай проценттердің формуласы – S = P*(1+in), мұндағы
S – салым мерзімінің соңында күтілетін ақша қаражатының сомасы;
Р – проценттерді есептеудің бастапқы базасы;
і – проценттік ставка;
n - салым мерзімі.
Табысты есептеудің басқа түрі күрделі проценттер (процентке процент
есептеу) болып табылады. Мұндай жағдайда есептеу кезеңі өтісімен салым
сомасына процент есептеледі және алынған көлем салым сомасына қосылады.
Осылайша келесі есептеу кезеңінде проценттік ставка табыс базасына
есептелген жаңа өскен сомаға қолданылады. Күрделі проценттерді егер салым
мерзімінің әрекеті аяқталуы бойынша табысқа нақты төлем жүргізілетін
жағдайда пайдалану тиімді.
Күрделі проценттердің формуласы - S = P*(1+i) n, мұндағы
S – салым мерзімінің соңында күтілетін ақша қаражатының сомасы;
Р – проценттерді есептеудің бастапқы базасы;
і – проценттік ставка;
n - салым мерзімі.
Салымшыларға қаражаттың салымда сақталудың нақты уақытының
прогрессивті өсуіне байланысты проценттік ставканы қолдану тартымды болып
табылады. Табысты есептеудің мұндай тәртібі қаражаттың сақталу мерзімін
ұлғайтуды ынталандырып және салымды инфляциядан қорғайды.
Кейбір банктер инфляциялық шығындардың орнын өтеу мақсатымен
проценттерді алдын ала төлеуді ұсынады. Мұндай жағдайда салымшы қаражатты
белгілі мерзімге орналастыруда дереу оған есептелетін табысты алады. Егер
шарт мерзімінен бұрын бұзылса, онда банк салым бойынша проценттерді қайта
есептейді және артық төленген сомаларды салым сомасынан ұстап қалады.
Қаражат орналастыру мақсатымен банк таңдайтын салымшы үшін процент
көлемін есептеу тәртібі негізгі фактор (басқа талаптар тең болғанда) болып
табылады. Есептеу кезінде бір банктер жыл ішіндегі толық күндерге орай (365
немесе 366), ал басқалары сол шамада алынған санды (360) басшылыққа алады,
ал бұл табыс көлемінде көрініс табады. Әдетте, елдегі инфляция деңгейі
жоғары болса, банктер есептеу кезінде дәл проценттерді, ал инфляция деңгейі
төмен болса кәдімгі проценттерді (жылдың шамамен алынған санымен)
қолданады.
1.3. Қазақстан Республикасында депозиттік рыноктың құрылуы және дамуы.
1-кезең. 1996-1998 ж.
Негізінен жинақ және жинақтау рыногы туралы тек 1996 жылдың ортасынан
бастап қана айтуға болады. Себебі дәл осы кезеңде жинақтауға нақты
жағдайлар пайда болды. Тура осы кезеңде теңге бағамының біршама тұрақтап,
ай сайынғы инфляция деңгейі едәуір төмендеп, бюджеттіктерге бірнеше айлар
үшін төлемдер жасалынды. Осы уақыттан бастап экономикалық жинақтау
бейімділігі көрсеткішінің нөлдік деңгейден айырмашылығы көріне бастады,
кәдімгі сөзбен айтар болсақ, әрбір адам жинақтауға қанша ақша қалдыру
туралы ойланып және қандай салымдарға салудың пайдалы екендігіне талдау
жасай бастады.
Банктік депозиттік рынок депозиттер бойынша проценттік ставкалар оң
бола бастағанда 1996 жылдың соңында айқын байқала бастады.
Сол кездегі қаржы рыногында қалыптасқан жағдайды зерттеу кезінде
банктердің депозиттік саясатпен белсенді айналысуына мәжбүр еткен
себептерді көрсету керек. Бұл себептерді конъюнктуралық деп атауға болады,
өйткені олар қысқа кезеңде маңызды және жағдай өзгерген кезде қажеттілігі
жоқ болуы да мүмкін.
Халықтың бірқатар жинағы болғанын атап өткеніміз жөн. Ресми деректер
бойынша 1996 жылдың соңында қолдағы жиналған ақша мен қолма қол ақша 5096,2
млн. теңге болды. Шындығында біздің бағалауымыз бойынша азаматтар жинағының
нақты көлемі көрсетілген сомадан асып түсті, өйткені халық өз жинақтарын
қайта капитализациялады. Және осы сома бұл қаржыларды тарту үшін банктердің
қызығушылығын тудырарлықтай өте үлкен болатын. Мұны ең бірінші жергілікті
себептердің бірі деуге болады. (Қазақстан халқының жинақ көлемін бағалаудың
нәтижелері негізінен 1,5-2 млрд. АҚШ доллары шамасында деген тұжырымға алып
келді).
Халық өз жинақтарын салудың белсенді түрде тиімді және ең маңыздысы
сенімді жолдарын іздестіре бастағанын атап өткен дұрыс. Тәуекелдігі жоғары
әртүрлі салымдар халықтың сенімін жоғалтты. Әртүрлі трасттық, венчурлық
кәсіпорындардың сол кездері банкротқа ұшырау толқыны осы жөнінде куә деуге
әбден болады. Сондықтан 1996 жылдың соңында халық психологиялық тұрғыдан
тұрақты, заңды жария қаржы мекемелері болып табылатын банктерге ақша салуға
дайын болды. Осы оқиғалардан кейін біз нарықтық тұрғыдан есейіп шамадан тыс
жоғары проценттер беретін салымдарды іздеуден аулақ бола бастадық. Бұл
депозиттік саясаттың өзгерістерін және терең талдауды талап еткен
жергілікті екінші себеп десек болады.
Мұның бәріне бірқатар банктердің салымшылар үшін тартымды әртүрлі
бағдарламалар әзірлей бастағанын қоса айтып өту керек. Яғни қаржы рыногында
банктердің арасында бәсекелестіктің пайда болғанын көрсетеді. Депозиттік
рыноктағы бәсекелестік сол уақыттан бастап бұл салада банктердің жұмысы
ретінде күшейе түсті. Бұл белсенді, тіпті агрессивті депозиттік саясатты
жүргізу үшін үшінші жергілікті себеп болып табылады.
Сонымен қатар халық үшін қаражатты банктік депозиттерге салу кезінде
салықтық жеңілдіктер (бастапқыда уақытша ретінде ресімделген) аса тартымды
болды. Жеке тұлғалар депозиттер бойынша табыс салығынан босатылды.
Дамыған банктік жүйелерде банктер экономиканың дамуына қомақты ақша
массаларын жұмыс істеуге жұмылдыра отырып, халықтың, кәсіпорындардың жинақ
ақшасын тартудың маңызды ролін атқарады. Әлемдік ірі банктердің
пассивтеріне талдау жасау халықтың жинақ ақшасын және кәсіпорындардың
қаражаттарын банктердің міндеттемелерінде жинақталуы орташа шамамен 70-80%
болатындығын көрсетеді. Қазақстанда есеп айырысу шоттарындағы,
салымдардағы, депозиттердегі қаражаттарды қосқанда мұндай көрсеткіш 1996
жылдың соңында банктер үшін орташа шамамен бар болғаны 15-35% болды.
Банктердің пассивтеріндегі салымдардың және депозиттердің жалпы сомасы
орташа алғанда бірнеше проценттерден 25%-ке дейінгі аралықта болды. Бұл ол
кездері Қазақстан банктерінің халықтың және кәсіпорындардың қаражатын тарту
жөніндегі өз мүмкіншіліктерін толық пайдаланбағандығын көрсетеді.
Депозиттік рыноктағы содан кейінгі болған оқиғалар банктердің өз
жағдайларын күшейтуге белсене ұмтылғандығын көрсетеді. 1996 жылдың бірінші
жартысында қабылданған банктік жүйені реформалау бағдарламасына сай Ұлттық
Банк аукциондық ресурстарды тек өтімділік мәселелерін шешу үшін ғана беруге
тиіс болды. Бұл белсенді саясатты жүргізу жөніндегі мәселеге біршама
мәжбүрлі сипат берді.
1996 жылдың соңынан бастап банктер депозиттер түрлерін
диверсификациялады, бірнеше депозиттер түрлері бойынша қосымша лоторея
жүргізе бастады. Клиенттерге арналған құжаттардың кескіні өзгерді. Арнайы
карточкалық шоттарға клиенттердің қаражаттарын тарту қызығушылық тудыратын
бағыт болып отыр.
Сонымен қатар 1996 жылдың соңында инфляцияның едәуір төмендеуіне
байланысты салымдар және депозиттер бойынша банктік проценттер нақты
қатынаста оқиға оң үрдіс (сол кезеңдегі қаржы рыногының көптеген
сегменттері үшін ортақ сипатта) ала бастағанын атап өткен жөн. Бұл айғақ
банктер жүйесіне қаражат салымдарын жұмылдыруды тартымды етті. Қазіргі
уақытта банктер арасында әлеуетті клиенттер үшін проценттік күрес жүруде.
Әрбір банк өздерінің мүмкіншіліктеріне байланысты жоғары проценттік
ставкалар береді.
Мынадай қызғылықты фактор байқалады: егер бұрындары банктердің
проценттік ставкаларын құру кезінде едәуір дәрежеде қайта қаржыландыру
ставкасын бағытқа алса, қазір банктер проценттік ставкаларды есептеу
кезінде экономикалық тұрғыдан қолайлылықты бірінші кезекке қояды. Бұл айғақ
депозиттік және банкаралық рыноктарда ресурстар құнының айырмасымен
расталады.
Аймақтардағы депозиттер түріндегі ресурстар құнының әртүрлілігі
қызықты факті болып табылады. Бірінші кезекте бұл жергілікті рыноктарда
банктердің клиенттер үшін проценттік күресінің басталуымен анықталады,
соның нәтижесінде кейбір аймақтық депозиттік рыноктарда барабар емес
проценттік ставкалар қалыптасуда. Мысалы, сол кезде жалпы банктік жүйеде
проценттік ставка 50-60%-ті құраса, 1996 жылдың басында Семейде, Ақтауда 3
және 6 айлық депозиттерге айлық төлем 70-80%, ал жекелеген банктерде жылдық
төлем 90% болды.
1996 жылдың соңында банктердің пассивтерін талдау банктердің жақын
уақыттарда міндеттемелер портфельдерін өзгертуін жалғастыратынын және бұл
жекелеген ресурстар рыноктарында банктік бәсекелестіктің ұлғаюына алып
келетінін көрсетті.
Салымдар және депозиттер рыногының жағдайын талдау.
1996 жылдың соңындағы жалпы Қазақстан бойынша қалыптасқан депозиттер
құрылымын қарастырайық. 59,7%-ті немесе 4,6 млрд. теңге болатын негізгі
үлесті халықтың салымдары құраса; мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың
депозитіне 39,3% немесе 3 млрд. теңге болып; кәсіпкерлердің есепшоттарында
1% (75 млн. теңге) болды. Бұл айғақ халықтың жинақ ақшасының депозиттік
рынокта үлкен роль атқара бастауын көрсетеді.
Қысқа мерзімді депозиттердің және азаматтардың шетел валютасындағы
үлес салмағы едәуір ұлғайып: Әлембанкте олар мысалы, 1994 жылдың соңында
барлық депозиттердің тиісінше 62,3% және 26,97%, Тұранбанкте - 28% және
45,35%, Казкоммерцбанкте – 76% және 23%, Крамдсбанкте – 56,4% және 43,6%
болды.
1994 жылдың соңындағы банктердің пассивтік операцияларының жалпы
көлемдегі шет ел валютасындағы депозиттік міндеттемелердің үлес салмағы,
мысалы, Әлембанкте - 9,54%, Тұранбанкте – 12,2%, Кредсоцбанкте – 20,9%
болды.
1996 жылы халықтың ақша табысы салымдарға қарағанда 1,2 есе алда
болды, яғни халық өз ақша қаражатын жоғары табысты нысандарда сақтауды
дұрыс көрді. Халықтың ақшалай қаражатының қолма-қол емес нысанда сақталатын
үлесі халықтың барлық ақшалай табысында 1997 жылдың 1 қаңтарындағы 17,3%-
тен 1996 жылдың қаңтарында 7,1%-ке дейін және 1998 жылдың 1 қаңтарындағы
4,8%-ке дейін төмендеді.
Банктер бөлігіндегі және салымшылардың санаттары бойынша 1996 жылдың
соңындағы келтірілген ақпараты бар кестені келтірейік.
1-кесте. Банк жүйесі: салымдар және депозиттер, млн. теңге
Банктер Салымдар Әрбір Оның ішінде КәсіпорКәсіпор
және банктің . мен .
депозиттерүлес ұйымд. есепш-т
дің салмағы депозитары
барлығы (%) тері
Халық Мем.
салымдарыкәсіпорын.
мен ұйымд.
салымдары
БАРЛЫҒЫ: 7685,0 100 4950,6 156,2 1452,2 75,0
Халық банкі 2918,2 38 2918,2 -- -- --
Тұранбанк 783,4 10,2 465,9 195,3 111,5 10,7
Қазақстан 321,7 4,2 151,5 149,6 16,5 4,1
Кредсоцбанк 413,6 5,3 74,6 84,3 233,4 21,3
Крамдсбанк 747,9 9,6 215,3 148,5 367,5 3,6
Әлембанк 282,3 3,7 53,3 51,0 175,1 2,9
Басқалары 2230,9 29 711,8 938,5 548,2 32,4
Салымдардың үлкен бөлігі (38%) Халық банкі мекемелерінде
орналастырылды. Бұл айғақ Халық банкі филиалдары желісінің кең ауқымды
екендігімен түсіндіріледі. 1996 жылы шет аудандарда Халық банкі халықтың
жинақ ақшасын банк жүйесіне жинақтаудағы бірден-бір банк болып
табылғандығын атап өткен жөн. Тұранбанк 10,2%-пен екінші орынды иеленді.
Бұл Тұранбанктің депозиттік рыноктағы жеткілікті түрде кең сегментіне ие
болғандығын көрсетеді.
1997 жылғы банктік депозиттер.
1997 жылдың ішінде банктік жүйедегі депозиттік процент ставкалары
әлеуетті салымшылар үшін оң және аса тартымды болды. Ол жөнінде 1997 жылдың
1 қаңтарындағы 7,7 млрд. теңгеден 1997 жылдың 1 қарашасындағы 18,15 млрд.
теңгеге дейін депозиттердің ұлғаюы дәлел болады. Проценттік ставкалар қаржы
рыногындағы басқа индикаторлар тәрізді өзгерістерге душар болды. Проценттік
ставкалардың тұрақты төмендеуі жүріп отырды. Бұл жөнінде төменде
келтірілген кесте дәлел болады.
2-кесте. 1997 жыл ішінде депозиттер бойынша проценттік ставкалардың
өзгеруі
Банктер 1997 ж. 1997 ж. 1997 ж. 1997 ж.
1-тоқсаны 2-тоқсаны 3-тоқсаны 4-тоқсаны
талап ет. дейін
3 ай 6
Ақпан - 106,7 тамыз - 102,1
Наурыз - 105,1 қыркүйек - 102,4
Сәуір - 103,2 қазан - 104,1
Мамыр - 102,7 қараша - 104,4
Маусым - 102,3 желтоқсан - 103,6
Келтірілген деректерден инфляцияның ең жоғарғы деңгейі 108,9% -
қаңтарда және 106,7% - ақпанда, ең азы 102,1% - тамызда және 102,4% -
қыркүйекте байқалды. Бұл депозиттік рыноктағы біршама тұрақтанудың болғанын
байқатып және ұзақ мерзімде банк қызмтерін енгізуге жағдай туғызғанын
көрсетеді. Банктерге салымшылардың қаражаттарын ұзақтау кезеңге тартуға
мүмкіндік беретін көптеген банктердің қандай-да бір жинақтаушы, жинақтық
және басқа да осындай жобаларды ұсына бастауы қисынға келеді. Осы уақыт
ішінде банктердің депозиттік портфельдерінде талап етуге дейінгі салымдар
және қысқа мерзімді депозиттер елеулі үлесті құрады. Пассивтер мен
активтердің құрылымын бірқалыпты инфляция деңгейінде сәйкестендіру
қажеттілігі депозиттік рынокта банктерді белсенді позиция ұстануға мәжбүр
етеді.
Инфляция деңгейіне орай 3 айлық салымдар бойынша проценттік ставка 1-
тоқсанда 88,5%-тен, 2-тоқсанда – 33,7%-тен, 3-тоқсанда - 30%-тен, 4-
тоқсанда - 50%-тен астам болуы тиіс еді.
Яғни бірінші, екінші және үшінші тоқсандарда банктердің депозиттік
ставкалары инфляция барысын ескере отырып және инфляция деңгейінен едәуір
асып түсіп оң үрдіс танытты.
1997 жылы инфляция деңгейі 26-28% шегінде болды. Салымдардың ең
жоғарғы өсімі инфляцияның жылдық қарқынына тең болуы тиіс екенін ескере
отырып депозиттер бойынша айлық проценттік ставканы есептеп шығуға болады
(І):
128 = (1+I100)^12*100, I = 2,2104:
3 айлық депозит бойынша жылдық ставка 27,1% шамасында болады және
бағалардың деңгейінің өсуіне байланысты салымшылардың қаражаттарын құнын
жоғалтудан қорғап қалады. Инфляциядан қорғаумен қатар банк өзінің
депозиторлары үшін оның қаражатын пайдаланғанына сыйақы төлеуді
қарастырады.
Банктің депозиттер бойынша проценттік ставкасы екі шамадан құралады:
инфляция деңгейін жабатын процент және депозитордың қаражатын
пайдаланғанына төленетін процент. Екінші шаманың мөлшері депозиттің
мерзіміне және депозит мөлшеріне байланысты болады әрі жеңіл анықталады.
Бірінші шаманың жағдайы басқаша: инфляция деңгейін жабатын процентті
анықтау қиын, өйткені ол бірнеше факторларға қатысты. Дәл осы міндетті шешу
банктерге нарықтық объективті проценттік ставкаларды жасауға мүмкіндік
береді.
1997 жыл депозиттық рыноктың тұрақталуы және кеңейе түсуі болды деп
сеніммен айтуға болады. Дәл осы жылы банктер аздап болса да банк жүйесінің
бұрынғы абыройын банктердің жоғары сенімділігіне (басқа қаржы органдарымен
салыстырғанда) және басқа салым түрлеріне қарағанда проценттік ставкалардың
бәсекелес бола алатындығының арқасында қалпына келтірді. Банктер арасында
әлеуетті депозиторлар үшін бәсекелестік элементі байқалып, ол жарнаманы
белсенді қолдануда және банктің мүмкіншілігіне байланысты депозиттер
бойынша проценттік ставкаларды көтере бастауда айқын көрініс тапты.
Нақты проценттік ставкаларды талдау коммерциялық банктердің жылдың көп
бөлігінде едәуір дәрежеде қайта қаржыландыру ставкасының деңгейін бағытқа
алғандығын көрсетсе, бірақ жыл соңына ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz