Банктердің инвестициялық портфелін қалыптастыру және басқару әдістерін зерттеп, оның жетілдіру жолдарын іздеу


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «2030 жылы Қазақстан өзінен-өзі пайда болмайды. Оны біз өз қалауымызбен және табысқа жетуге талпынған ерік-жігеріміз арқылы тұрғызамыз. Егер біз осы мүмкіндікті сәтімен пайдалана алмасақ, егер біз болашағымызға жоспар құрмай және бүгінгі күні нақты іс-қимылдарды іске асырмай, күндер мен апталарды уысымыздан шығарып алсақ, онда өзімізден басқа ешкімге кінә арта алмаймыз. Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен Қарулы Күштер құра алмаймыз, демографиялық, экологиялық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз. Экономикалық дамудың жоғары қарқынына қол жеткізу өз кезегінде саяси тұрақтылық пен тұрлаулылықты, қуатты әрі нысаналы реформаларды талап етеді», - деп Елбасымыз Қазақстанның болашақтағы гүлденуінің негізгі алғышарты экономикалық дамудың жоғары қарқыны мен нысаналы экономикалық реформалар екендігін айтқан болатын /1, 11б/.

Алғашқы жолдаудан бері арада он жылдай уақыт өтті. Осы уақыт аралығында жасалған жұмыстардың нәтижелері жақсы деп нық сеніммен айта аламыз. Президентіміз алға қойған мақсатқа жету үшін ауқымды шаралар жүргізудің арқасында қазіргі кезде біз экономикалық дамуға қол жеткіздік деп айтуға болады. Еліміздің экономикасы, сонымен қатар басқа да салалары жоғары қарқынды даму үстінде.

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2006 жылы
1 наурызында «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты жолдауында: «Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық “орнын” иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз.

Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те, өйткені олар біздің жаһандық экономикаға кірігуімізге жәрдемдеседі әрі сол арқылы біздің қолайлы экономикалық-географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарымызға сүйенеді»/2, 1б/.

2007 жылы ақпанның 28-ші жұлдызында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз осы заманғы әлемде Қазақстанға және қазақстандықтарға лайықты орын, бүкіл ел халқының әл-ауқатының өсуі мен тұрмыс деңгейінің елеулі жақсаруын қамтамасыз ету үшін сыртқы рыноктарға шығып, сенімді орнығуға міндеттіміз. Бұл жолда Қазақстан мен өңірдің нақты жағдайын ескеріп, әрі әлемнің озық мемлекеттерінің жетістіктерін өзімізде іске асыра отырып, біздің: біріншіден, қандай да бір табыстарға қолымыз жетіп үлгерген секторларды жаңғырта жаңарту қарқынын жеделдете түсуіміз қажет; екіншіден, жаңғырта жаңартуды ешқандай алалаусыз Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік өмірінің барлық салаларына тарату керек», - деп еліміздің дамуы, экономикамыздың өсуі үшін Қазақстанды жеделдете жан-жақты жаңғырта жаңарту жолын таңдап алғандығы жайында баяндап берді /3, 4б/.

Осындай секторлардың бірі қаржы нарығының негізі болып табылатын банк жүйесі деп айта аламыз. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін экономикалық салада бірнеше реформалар жүргізілді. Осы реформалардың нәтижесінде бұрынғы әкімшіл-әміршіл экономикалық жүйенің орнына Қазақстан нарықтық экономика жүйесіне көшті. Еліміздегі барлық экономикалық салалар өзгеріске ұшырады. Міне сол кезде Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасты.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар. Ұлттық Банк мемлекеттің орталық банкі болып табылады және ол банк жүйесінің бірінші деңгейіне жатады. Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, өзге банкілердің бәрі банк жүйесінің екінші деңгейіне жатады /4, 1б/.

Екінші деңгейлі банктер халыққа түрлі банктік қызметтер көрсетеді, сол операциялары нәтижесінде пайыздық және басқа да комиссиялық табыстарды алады.

Яғни, еліміздің экономикасының одан әрі жедел қарқынмен дамуы үшін біз қазіргі кезде жетіп үлгірген секторларды жаңғырта жаңару қарқыны жеделдетуіміз керек. Елбасымыздың бұл сөздерін еліміздің жеке секторлардың өкілдері де қолдайды. Қазақстанның алдыңғы қатарлы экономистерінің бірі, «Казкоммерц Инвест» АҚ-ның Басқармасының төрағасы Сарсенбаева Ж. И. : «Шетел инвесторлары Қазақстанды инвестициялық климаты бойынша тартымды елдер қатарына қосады. Ол дегеніміз Қазақстан Даму Банкіне қосымша жұмыс болып табылады», - деп айтқан болатын /5, 13б/.

Елдің экономикасы үшін екінші деңгейлі банктердің маңызы зор және сонымен қатар олардың қаржылық жағдайы мен тұрақтылығының деңгейінің де жоғары болуы маңызды. Егер де мемлекеттің қаржы нарығы тұрақты, банктерінің қаржылық жағдайы жақсы және сенімді болса, онда елдегі басқа да экономикалық салалар одан әрі дами түседі, өндіріс көлемі артады, яғни халықтың әл-ауқаты жақсарады.

Еліміздің беделді қаржыгерлердің бірі Бикбаев А. өзінің бір сөзінде: «Жаһанданудың күшеюі және Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жағдайында елдің бәсекеге қабілетті банк жүйесін дамыту бойынша жұмыстар жүргізу керек. Халықаралық нарықтарда Қазақстанның қаржылық институттарының белсенді қызметі әмбебап тәжірибе алуға мүмкіндік береді, елімізге деген инвестициялық қызығушылықты арттырады, арзан және ұзақ мерзімді қаржылық қаражаттарды тарту мүмкіндіктерін кеңейтеді. Осы мәселелерді ары қарай дамытуда Қазақстан Даму Банкінің орны еркше. », -деп отанымыздың қаржылық нарығының тұрақтылығы мен экономикамыздағы банктердің, соның ішінде, Қазақстан Даму Банкінің орнын көрсетті /6, 10б/.

Банктердің қаржылық жағдайы олардың қаржылық және шаруашылық қызметін, яғни олардың активтері мен пассивтерін басқару тиімділігінің жалпылама сипаттамасы болып табылады. Банктердің қаржылық жағдайын үш негізгі құрылымдық бөлімдер бойынша талдау - банктің активтерін сапалы басқаруды талдау, банктің пассивтерін сапалы басқаруды талдау және банктің қаржылық жағдайының негізгі көрсеткіштерін талдау - банктің қызметін жүйелі және комплексті тұрғыдан зерттеу және бағалауға мүмкіндік береді.

Инвестициялар бойыша бірнеше еңбектердің авторы Игонина Л. Л. : «Банктердің инвестициялық процестерге қатысуы, олардың қызмет түрлерінің көбеюімен қатар, өз пайдасын жоғарлату мүмкіндіктеріне ие болып және жалпы мемлекет экономикасын өркендетуде де маңызды орын алады», - деп жазған еді /7, 207б/. Бұл басқарудың стратегиялық мақсаты - сапалы, масштабты және үнемі өсіп отыратын таза пайыздық табыстың ағымын құру, яғни өтімділік пен тәуекелділіктің қажетті деңгейін ұстап тұрып қаражаттарды тарту мен орналастырудың пайыздық мөлшерлемелерінің айырмасын мейлінше өсіру.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - банктердің инвестициялық портфелін қалыптастыру және басқару әдістерін зерттеп, оның жетілдіру жолдарын іздеу болып табылады.

Мақсатпен байланысты дипломдық жұмыстың жазылуының келесідей міндеттерін бөлуге болады:

  • банктердің инвестициялық қызметін талдаудың теориялық негіздерін зерттеу;
  • «Қазақстан Даму Банкі» Акционерлік Қоғамының инвестициялық портфелін талдау және бағалауды жүргізу;
  • банктердің инвестициялық портфелін басқарудың жетілдіру жолдарын іздеу.

Жұмыстың зеттеу заты банктердің инвестициялық портфелін қалыптастыру мен басқару жолдарын анықтау болып белгіленді.

Жұмыстың зерттеу объектісі - «Қазақстан Даму Банкі» Акционерлік Қоғамының инвестициялық портфелі.

Дипломдық жұмыстың жазылу барысында Сейтқасымов Г. С., Мақыш С. Б., Печникова А. В., Игонина Л. Л., Лаврушин О. И., Коробовой Г. Г., Буевич С. Ю. және тағы басқа ғалымдардың жазған еңбектері, оқу-әдістемелік құралдары арқау негізінде қолданылды.

Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімі кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, 5 суреттен және 24 кестеден құралған. Сондай-ақ А және Ә қосымшалары бар.

1 БАНКТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНІҢ

ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Бұл бөлімде банктердің инвестициялық портфелін қалыптастыру және басқару теориялық негізде қандай сипатта болатынын көрсетіліп, банктің инвестициялық портфелін қалыптастыру мен басқаруды талдаудың маңызы көрсетілсе, сонымен қатар, банктің инвестициялық портфелінің сипаттамасы берілген. Сондай-ақ банктердің инвестициялық портфелін қалыптастыру және басқару қалай жүргізілетіні жайлы сипатталады.

1. 1 Банктің инвестициялық портфелін қалыптастыру мен басқарудың

мәні мен маңызы

Банктің инвестициялық портфельді қалыптастыру кезінде оның берілген мазмұнына сәйкес жаңа инвестициялық қасиеті құрылады. Сонымен, инвестициялық портфель құралында төмен тәуекел дәрежелі, белгілі өтімділіктің болуы негізінде табыстың болжанған көлемі алынады.

Инвестициялық портфель - мақсатты бағытталған, белгіленген инвестициялық стратегия негізінде инвестициялық объектіге салынған салымдар жиынтығы. Осыған байланысты, инвестициялық портфельді құрудың негізгі мақсаты инвестициялық саясат негізінде тиімді және тұрақты инвестициялық салымдарды таңдау арқылы ойларды іске асыру болып табылады.

Банк жүйесі мен жалпы экономиканың сәтті дамуы банктердің инвестицияық процессте беделді қызмет атқаруына себеп болады. Бір жағынан коммерциялық банктердің қызметінің міндетті шартты ретінде экономикалық аяның тұрақты болуы деп саналады, басқа жағынан алып қарасақ, экономикалық дамудың тұрақтылығы көбіне банктік жүйенің икемді және тұрақты болуынан, яғни оның нәтижелі қызмет көрсетуінен. Жеке банктердің қызығушылығы тәуекелдің төмен дәрежесінде неғұрлым көбірек пайда табу. Экономиканың инвестициялануына банктер тек қана жағымды, тиімді шарттар болғанда ғана қатысады.

Инвестициялық процессте банктердің жалпы алғанда негізгі бағыттары мынадай:

  • инвестициялық мақсаттағы банк өнімдерінің шоғырлануы;
  • инвестициялық мазмұндағы несиелердің берілуі;
  • салымдарды бағалы қағаздарға, пайға, үлестік қатысуларға салынуы (банк есебінен де, клиент тапсырмасынан да) .

Бұл бағыттар бір-бірімен өте тығыз байланысты. Капиталдарды, халықтың жинақтарын, және тағы басқа да бос ақша құралдарын шоғырландыра отырып, банктер олардан пайда табу мақсатында өз ресурстарын құрастырады. Ақша құралдарын жинастыру операцияларының көлемі мен құрлымы - банктің несиелік және инвестициялық портфельдеріне әсер ететін негізгі факторлар және олардың инвестициялық қызметке жарамдылығының негізі.

Банктің инвестициялық қызметі екі түрлі қызмет көрсететін бизнес ретінде қарастырылады: бағалы қағаздарды бірінші нарыққа шығару және орналастыру; екінші ретті нарықта сатушы мен сатып алушыларды жолықтыру брокерлік және диллерлік қызметтер арқылы.

Совет одағы кезінде банктердің инвестициялық қызметі ретінде қарыз алушыдарға ұзақ мерзімді несиелік капиталды ұсынуды және шоғырландыруды қарастыратын. Бұл тұрғыдағы мәселелер сол кезгі жағдаймен байланысты болып келген, ол кезде банктердің инвестициялық қызметі ретінде ұзақ мерзімді несиелеу болып қарастырылды. Бәріне белгілі себептермен ол кезде бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеуі мүмкін болған жоқ.

Инвестиция ретінде банк ресурстарын барлық бағыттар бойынша орналастыру, табыс табу мақсатында ақша қаражаттарын белгілі мерзімге негізделген операциялар жиынтығы деп қарастуруға болады. Бірінші жаірінші жағдайда банктің активті операцияларының барлығы қарастырылса, ал екіншісінде операциялардың құрлымы қарастырылады.

Банктік инвестициялардың өз экономикалық құрлымы бар. Банктің инвестициялық қызметін микроэкономикалық тұрғыда - оны экономикалық субьект ретінде қарастырса, онда банк инвестор ретінде өз қаржы құралдарын тікелей және жанама пайда табу мақсатында белгілі мерзімге қаржылық активтерді және нақты активтерді сатып алу үшін жұмсайды.

Сонымен қатар банктің инвестициялық қызметі қаржылық делдар ретінде макроэкономикалық қызметті де атқарады. Бұл қасиетте банк шаруашылық субьектердің инвестициялық сұранысын қанағаттандыру қызметін, нарықтық экономика жағдайында ақша-несиелік түрде жинақтар мен қорларды инвестицияға айналдырады. Сондықтан банктің инвестициялық қызметі макроэкономикалық тұрғыда экономиканың инвестицияға деген сұранысын қанағаттандыру қызметі деп есептеледі.

Сонымен банктің инвестициялық қызметі екі түрлі қарастырылады. Экономикалық субьект (банк) ретінде қарастырса инвестициялық қызмет банк табысын көбейтуге негізделген. Макроэкономикалық тұрғыда инвестициялық қызмет қоғам капиталының өсуіне бағытталған.

Экономиканың дамуы позициясынан банктің инвестициялық қызметі тек қана банктің пайда табуы емес, сонымен қатар қоғам деңгейінде де табысқа қол жеткізу болып табылады (қоғам табысын қайта бөлу кезінде болатын, банктің жеке табысын ұлғайтатын ивестициялық қызметтерден басқа) . Сонымен макроэкономиалық тұрғыдан банктің инвестициялық қызметі өндірістік негізде жүргізілгенде көрініс табады.

Банктің өндіріске инвестициясы өндірістер мен ұйымдардың құрылуы мен дамуына қажет, шаруашылық субьектердің капиталдық шығындарына банктің қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Бұл бірінші ретті нарықта орналасқан үлестер, пайлар, акциялар, басқа бағалы қағаздарды сатып алу, инвестициялық несиелендіру, инвестициялық жобаларды қаржыландыру арқылы жүргізіледі. Коммерциялық банктің инвестициялық қызметін екі тұрғыдан қарастыру бір-бірімен тығыз байланыста. Бұл байланыс негізінде объектерді жекешелендіру нарығы мен бағалы қағаздар нарығының дамуы жатыр, олардың құралдары тікелей немесе жанама түрде инвестициялық процесстің қызмет етуін құрайды.

Коммерциялық банктер инвестициялық қызмет барысында микроэкономикалық тұрғыда жекешелендірілген өндірістің бағалы қағаздарын орналастыру арқылы қатысады. Банктер басқару қызметін бірінші ретті нарықта орналасқан өндірістің бағалы қағаздарын, акцияларын, пайларын сатып алу түрінде жарғылық капиталға салым салу арқылы жүзеге асырады. Сондықтан инвестициялық қызмет экономикадағы инвестициялық процесстің негізі ретінде қарастырылады.

Қазақстан экономикасы жағдайында, бағалы қағаздар нарығының спекулятивтік салымдарға толы болуы, тұрақсыздығы мен экономикаға инвестициялаудың мәселерін шешуде ешқандай маңызды ролді ойнамауы, әлі ұзақ мерзімге дейін несиелік түрде инвестициялық сұранысты қанағаттандыру маңыздылығы сақталады. Сондықтан банктердің инвестициялық процесске қатысуын зерттеу кезінде банктің инвестициялық қызметінің екі жақтығын ескеру керек.

Банктің инвестициялық қызметінің индикаторлары ретінде келесі көрсеткіштер қолданылуы мүмкін:

  • коммерциялық банктердің инвестициялық ресурстарының көлемі;
  • инвестициялық ресурстардың нақты индекстік бағасы;
  • банк инвестицияларының көлемі;
  • инвестициялық салымдардың жалпы банк активтеріндегі үлесі;
  • объектілер бойынша банктік инвестициялардың құрлымдық көрсеткіштері;
  • банктің инвестициялық қызметінің тиімділік көрсеткіштері, соның ішінде, инвестиция көлеміне есептелген активтердің өсуі, инвестиция көлеміне есетелген пайданың өсуі;
  • табысты қаржылық активтерге салымдармен салыстырғандағы инвестициялардың өндірістік секторға альтернативті табыстылықғының көрсеткіштері.

Салымдардың объектісі бойынша нақты экономикалық активтерге салыидар және қаржылық активтерге салымдар деп қарастыруға болады. Банктік инвестицияларды дифференциялған түрде объектілер бойынша қарастыруға болады. Олар: инвестициялық несиелерге, қысқа мерзімді депозиттерге, пайларға және үлестік қатысуларға, бағалы қағаздарға, жылжымайтын мүлікке, қымбат бағалы тастар мен металдарға және тағы басқаларына салымдар деп бөлуге болады.

Банктік инвестициялар салыну мақсаты бойынша тікелей және портфельді болуы мүмкін. Тікелей инвестициялар инвестициялау объектісін басқаруға бағытталады. Ал портфельді инвестициялар инвестициялық объектіні тікелей басқару емес, пайыздар мен дивидентер арқылы немесе активтердің нарықтық бағасының көтерілуіне негізделген табыс табу мақсатында жүргізіледі.

Инвестициялардың салыну бағыты бойынша өндіріс пен ұйымның банк тарапынан шаруашылық қызметіне қатыспай, тек қана құрылуы мен дамуына бағытталуы мүмкін.

Инвестициялардың құралу көздері бойынша банктің өз инвестициялары және банк есебінен жүргізу, және клиент тапсырмасы бойынша және клиент есебінен банк жүргізуі мүмкін.

Инвестициялардың салыну мерзімі бойынша қысқа мерзімді (бір жылға дейін), орташа (үш жылға дейін) және ұзақ мерзімді (үш жылдан артық) болуы мүмкін.

Коммерциялық банктердің инвестициялары тәуекел түрлері бойынша, салыну аймағы бойынша, салыну саласы және тағы басқа түлері бойынша бөлінуі мүмкін.

Коммерциялық банктер өндіріс саласында инвестициялық қызметті атқармайтын болса, нақты инвестицияларды олар нарықта қызмет жасайтын жылжымайтын мүліктерге, бағалы металдарға, мүліктік және интелектуалдық құқықтарға немесе өзінің материалды-техникалық жабдықтарын жақсартуға жұмсауы мүмкін.

Жылжымайтын мүліктерге салым салу олардың нарықтық бағасының өсуі немесе оларды жалға беру арқылы табыс табуға болады. Бірақ жылжымайтын мүліктерге салым салу инвестицияны қаржыландыратын ұзақ мерзімді қаржы көздерінің болуын талап етеді, сондықтан бұл істі көбінесе ірі банктер жүзеге асырады.

Жылжымайтын мүлік нарығы негізгі үш тараптан тұрады: ғимараттар, шаруашылық объектілер және жер учаскелері. Бұл бағыттардың қай саласынада болмасын инвестициялар жасау банк қызметкерлерінің арасында әр саланың білікті мамандарының болуын қажет етеді. Сонымен қатар бұл салаға салым салу төмен өтімділікке әкеліп соғады. Сондықтан инвестициялық шешім қабылдау барысында барлық көрсетілген факторларды және барлық ақпараттарды талдап, жүйелі шешім қабылдау керек. Жылжымайтын мүлікке салым салу кезінде объектінің жарамдылығы, орналасқан жері, көлемі, оны сатып алу немесе салу керектігі, кейін оны ауыстыруға болатындығы талданып сараланады.

Бағалы металдар мен асыл тастарға салым салу банктің бірнеше мақсатына сүйенеді. Олардың нарықтық бағасының көтерілуіне, бұл активтердің белгілі уақытқа дейін өз құндылықтарын жоғалпауына, сақтану резервтері қызметін атқаратындығына, осы ерекшеліктеріне негізделіп банк салым салуы мүмкін.

Бағалы металдар мен асыл тастарға банк инвестицияларын салу тез арада пайда табуға негізделмеген. Бұл операцияларды ресурстық базасының жеткілікті болуы немесе дұрыс бағаланбаған немесе бағасы анықталмаған активтерге салым салу саясатын жүргізетін банктер жүзеге асырады, бірақ болашақта олардан үлкен табыс күтеді. Бағалы металдар мен асыл тастарға салым салу, жылжымайтын мүліктерге салым салудан қарағанда жоғары өтімді болып келеді, сондықтан күтпеген жағдайлар туғанда оларды тез арада сатып жіберуге болады.

Нақты инвестициялар жалпы банк инвестициясының көлемінің аз үлесін құрайды. Қаржы-несиелік иститут ретінде банкке негізінен қаржылық инвестицияларды жүргізгені абзал.

Банктің қаржылық инвестицияларына бағалы қағаздарға, басқа банктердегі қысқа мерзімді депозиттерге, несиелік инвестицияларға, пайлар мен үлестік қатысуларға салым салу жатады. Қор нарығының дамуы салдарынан бағалы қағаздарға: борыштық міндеттемелерге (вексельдерге, депозиттік сертификаттарға, мемлекеттік және муниципалды бағалы қағаздарға), үлестік бағалы қағаздарға (акциялар), туында бағалы қағаздарға (деривативтер) салым салу тиімді саналуда. Бағалы қағаздарға салымдарды банк өз есебінен (бактің инвестициялық операциялары) және клиент тапсырмасы мен соның есебінен (клиенттің инвестициялық операциялары) жүргізуі мүмкін. Банк басқа банктердегі қысқс маерзімді депозиттерге салым салуы мүмкін.

Банк несиелік инвестицияларды төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық, ол дегеніміз банк міндетті түрде қарыз сомасын және ол бойынша пайыздарды қайтарып алады, бірақ бірлескен шаруашылық қызметке араласпау негізінде ұзақ мерзімді несие түрінде береді. Сонымена қатар бұл несиелеу өзге несиелерден айырмашылығы бар, несиенің түпкілікті пайдалану мақсаты, басқаларға қарағанда ұзаұ мерзімге және тәуекел дәрежесі жоғары. Тәуекел дәрежесін төмендету мақсатында инвестициялық несиелеуді жүзеге асыратын банктер қарыз алушыларға қосымша міндеттемелер жүктейді. Ең көп таралған міндеттемелер келесідей болады:

  • ұйымның басқару құқығын беретін акция бөлігін иемдену;
  • үкімет немесе сенімді банктердің қаржылық кепілдік көрсетуі;
  • жоғары өтімді кепілдің болуы;
  • үлестік қатысу.

Инвестициялық несиенің ұзақ мерзімге берілуіне байланысты, несиелік арызды немесе инвестициялық жобаны қарастыру барысында инвестициялық тәуекелді анықтау кезінде, қарыз алушының несие кабілеттілігі және несие тарихы ғана емес, және ұйымның қаржылық жағдайының динамикасы талданады.

Үлестік қатысуға, пайларға, акцияларға салым салу, инвестициялық несиеден ерекшелігі, ұйымның шаруашылық қызметіне банктің араласуы болып табылады. Банк ұйымның жарғылық капиталының қаржылық және қаржылық емес мазмұнында қатысушысы және құрылтайшысы болып табылады.

Өндірістер мен ұйымдардың құрылуы мен дамуына банк инвестициялары екі негізгі түрден тұрады: басқа ұйымдардың шаруашылық қызметіне салымдар және банктің өз қызметіне салымдар. Банктің өндіріс немесе ұйымның шаруашылық қызметіне инвестициялар салуы арқылы, олардың капиталдық шығындарына, жарғылық капиталдарын құру немесе ұлғайту арқылы араласады. Ұйымның акцияларын, пайларын, үлестерін сатып алу арқылы жарғылық капиталға араласуы, банктер заң бойынша жарғылық капиталдың құрылтайшысы ретінде берілетін барлық құқықтарға ие болады. Еншілес ұйымды құру мен оны дамытуға салым салу банктің құрылтайшылық қызметіне араласуына негіз болады, өйткені банк оның қаржылық және қаржылық емес құрылтайшысы болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақстан Даму Банкі»АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫТАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ПРОЦЕСІН ТАЛДАУ
Банктік маркетингтің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық портфелінің даму стратегиясы
Екінші деңгейлі банктерде қаржы тәуекелін жүзеге асыру
Инвестициялық банктердің портфелін қалыптастыру
Депозиттік портфель - қаржы инструменттеріне инвестиция жұмсаудың қаражат көздері
Коммерциялық банк қаржысын банктік баланс негізінде талдау
Инвестициялардың жалпы сипаттамасы
Банктік тәуекелдердің экономикалық мазмұны
Коммерциялық банктердің несие портфелінің сапасын басқару мен бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz