Қазіргі кәсіпорындардың қызметтерін дамытуды талдау.ШҚО Үржар ауданының «Ерхан» ет комбинатының қазіргі жағдайына сипаттама


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . .

1-тарау. Кәсіпорын қызметінің теориялық аспектілер . . .

1. 1 Кәсіпорын қызметінің теориялық негіздері мен маңыздылықтары . . .

1. 2 Кәсіпорын түрлері мен ерекшеліктері . . .

1. 3 Кәсіпорын қызметтерінің даму кезеңдері . . .

2-тарау. Қазіргі кәсіпорындардың қызметтерін дамытуды талдау . . .

2. 1 ШҚО Үржар ауданының «Ерхан» ет комбинатының қазіргі жағдайына сипаттама . . .

2. 2 ШҚО Үржар ауданының «Ерхан» ет комбинатының қызметтерін талдау

2. 3 ШҚО Үржар ауданының «Ерхан» ет комбинатының қызметтерін бағалау

3- тарау. Қазіргі кезеңдегі кәсіпорын қызметтерінің бәсекелестіктерін арттырудағы басты бағыттар . . .

3. 1 Қазіргі уақытта кәсіпорын бәсекелестіктерінде туындап отырған мәселелер

3. 2 ШҚО Үржар ауданы «Ерхан» ет комбинатының қазіргі бәсекелестікке қабілеттілігін арттырудағы жасалған бағыттар . . .

3. 3 Мемлекет тарапынан кәсіпкерлік бәсекелестігіне ықпал етуші іс шаралар

Қорытынды . . .

Қолданылған әдеби оқулықтар тізімі . . .

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі «2003-2015жж. ҚР индустриялық-инновациялық даму стратегиясының мақсаты-экономика саласын әртараптандыру жолымен еліміздің тұрақты дамуына қол жеткізу, сонымен қатар шикізат бағытынан қалдықтың болуына себепші болу, ұзақмерзімді сервистік-технологиялық экономикаға көшу үшін дайындыққа жағдай жасау».

Бұл бағдарлама ауылда шаруашылықты пайдалы жүргізу мен өндірістің құлдырауының алдын алу мақсатында, шұжық өнімдерін өндіруде кластерлік жүйені қолдануға, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Өндірістің пайдалылық көрсеткіштері кәсіпорын жұмысының жалпы тиімділігін, әртүрлі бағыттағы қызметтердің табыстылығын, түсімділігін сипаттайды, пайдаға қарағанда олар шаруашылықтың соңғы нәтижелерін анықтайды, себебі олардың шамалары тиімділігінің қолда бар немесе тұтынылған ресурстармен арақатынасын көрсетеді.

Дипломдық жұмыстың негізгі зерттеу обьектісі «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Ерхан ет комбинатының бәсекелестік қабілеттілігін арттыру жолдары».

Дипломдық жұмыстың мақсаты - "Ерхан" ет комбинатының бәсекелестік қабілеттілігін арттыру жолдары, бәсекелестік қабілеттіліктерін дамыту, шұжық өнімдерінің сапасын арттыру және клиенттердің төлем қабілеттіліктеріне сәйкес шұжық өнімдерін шығару.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

  1. пайдалылықты есептеудің теориялық негіздерін, оны анықтау әдістемесін қарастыру.
  2. ауылшаруашылық кәсіпорындарының қызметінің пайдалылығына талдау жасау.
  3. «Ерхан» ет комбинатының қаржылық-шаруашылық қызметін бағалау
  4. «Ерхан» ет комбинатының пайдалылығына талдау жасау.
  5. Ауылшаруашылық кәсіпорнының пайдалылығын арттыру бағыттарын негіздеу.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде ауылшаруашылық кәсіпорындарының пайдалылығы, мәні, анықтау әдістемесі, жалпы ҚР-дағы ауылшаруашылық кәсіпорындарының қаржылық экономикалық көрсеткіштеріне, пайдалылық деңгейіне талдау жасалған.

Дипломдық жұмыстың екінші бөлімінде «Ерхан» ет комбинатының қазіргі жағдайына сипаттамасы келтірілген, мұнда кәсіпорынның мінездемесі, айналысатын қызметі немесе өндірілетін өнімнің түрлері келтіріліп талданған, сондай-ақ пайдалылық көрсеткіштері анықталған.

Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардың пайдалылығын арттыру жолдары келтірілген.

Дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының статистикалық жинақтарының мәліметтері, монографиялар, оқу құралдары, кәсіпорынның мәліметтері пайдаланылған.

1. Кәсіпорын қызметінің теориялық аспектілері:

1. 1 Кәсіпорын қызметінің теориялық негіздері мен маңыздылықтары

1. 2 Нарықтық экономикадағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметінің пайдалылық деңгейіне талдау

1. 3 кәсіпорын қызметтерінің даму кезеңдері

Ауыл шаруашылығы өндірісінің пайдалылық көрсеткіштеріне талдау және бағалау жасағанда нәтиженің деңгейі мен өсуі өндірістің жағдайларына ғана емес, көптеген басқа да факторларға, соның ішінде топырақтың табиғи құнарлығына, климаттық жағдайларға, басқаруды ұйымдастыруға, кәсіпорынның мамандармен қамтамасыз етілуіне және олардың біліктілік дңгейіне де бағынышты. Нәтиженің көбеюі қолда бар ресурстарды интенсивті пайдаланудан да көрінуі мүмкін. Сондықтан өндіріс тиімділігінің барлық факторларын оларды бағалаған кезде былай жүйелеу орынды: ресурстар, өндіріс шығындары, негізгі факторлар және өндірісті интенсивтендірудің бағыттары бойынша.

Ресурстық тұжырымдама ұдайы өндіріс үдерісінде қолданылатын өндірістік ресурстардың барлық нысанын пайдаланудың тиімділігін бағалауға және өндіріс тиімділігін арттыру мен қоғамдық еңбекті үнемдеу қандлай ресурстардың есебінен болғанын анықтауға мүмкіндік береді.

Өндіріс ресурстары - қажетті тауарларды өндіру үдерісінде пайдалануға болатын табиғи, әлеуметтік, рухани күштердің жиынтығы. Өндірістік ресурстардың 4 түрі бар:

  1. табиғи - өндірісте пайдалану үшін тарауы мүмкін табиғи күштер мен заттар.
  2. материалдық - Адам жасап шығарған барлық өндіріс құралдары.
  3. еңбек - еңбекке жарамды жастағы халық, ресурстық тұрғыдан оны 3 көрсеткіш бойынша бағалайды: әлеуметтік, демографиялық, кәсіби-біліктілік және мәдени біліктілік.
  4. қаражат - кәсіпорынның қызметін одан әрі жалғастыру және кеңейту үшін қажетті қаржы ресурстары.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің, салалардың, жеке кәсіпорындар мен өнім түрлерінің пайдалылығының көрсеткіштерін талдау мен бағалау өзінің кешенді мәселе екенін көрсетеді. Оған жататындар:

  1. экономикалық тиімділіктің негізгі өлшемдері мен көрсеткіштер жүйесін олардың өзара қарым-қатынасында анықтау;
  2. бұл көрсеткіштерді анықтаудың әдістерін әзірлеу;
  3. жеке кәсіпорындардың шаруашылық қызметін, аудан, облыс, республиканың ауыл шаруашлығының қазіргі жағдайы мен даму серпінін талдаған және бағалаған кезде тиімділіктің рентабельділік көрсеткштерін қолдану.

Шетелдік тәжірибеде ең соңғы көрсеткіш табыс маржасы деп аталады. Оның экономикалық мазмұны - айналымдағы әр теңгеге таза табыстың үлес салмағы.

Шаруашылық есеп пайдалылығы - бұл жеке ауыл шаруашылығы кәсіпорнының немесе өнімнің жеке түрінің рентабельділігі. Ол өнімнің саны мен сапасына, сату бағасының деңгейіне және өнім өндіруге жұмсалатын шығынның көлеміне байланысты. Алайда мемелекеттік сату бағасы арқылы ауылшаруашылығында жасалған қосымша өнімнің бір бөлігін жалпы халықтық мұқтажы үщін өз қарамағына алады.

Бөлшек сауда бағасымен және оны өңдеу, дайын ауылшаруашылық өнімін сақтау мен сату сатыларында жұмсалатын қосымша шығынмен салыстырып өлшесе, онда осы тәсілмен алынған нәтиже халық шаруашылық рентабельділік болып табылады.

Ауылшаруашылық өндірісінің рентабельділігін ең алдымен оның өлшемдері мен көрсеткіштері арқылы сипаттауға болады.

Өлшем (критерий) - бұл терминнің ғылыми түсінігі бойынша анықтаушы белгіні, баға өлшемін білдіретін негізгі сапаны, басты қасиетті көрсеткішті білдіреді.

Өлшемдердің көрсеткіштерден айырмашылығы - ол ішкі, түпкілікті белгі, ол бойынша әлеуметтік-экономикалық түрлі пікір айтылады.

Көрсеткіштердің рөлі өндіріс рентабельділігі мен экономикалық тиімділік өлшемінің мазмұнын сандық тұрғыдан сипатталады. Ауылшаруашылық өндірісінің пайдалылығын есептеу үшін экономикалық тиімділік барлық көрсеткіштерін есептеу қажет.

Халықаралық қаржылық есеп беру стандартында, пайда іс-әрекеттің тиімділігі ретінде немесе басқадай өлшеу негізі үшін, инвестицияға пайда немесе акцияларға пайда немесе акцияларға пайда түрінде жиі қолданылады. Пайданы өлшеумен байланысты тікелей элементар табыс пен шығын анықтамалары.

Бухгалтерлік және таза экономикалық пайда арасындағы қатынас келесідей түрде көрініс табады.

Нақты шығындыр - аралық бұйым мен өндіріс факторларының жабдықтаушының тікелей (ақшалай) төлемдерін жасауға қатысатын альтернативті шығын.

Имплициттік (айқын емес) шығындарға ресурстарды пайдаланудың альтернативті шығыны, фирманың иесіне тиісті (немесе заңды тұлға ретінде фирманың меншігіндегілер) .

Таза табыстың (Р) мөлшері келесі формуласы бойынша анықталады:

Сонымен қатар барлық нәтижелі, қорытындылаушы көрсеткіштерді жер көлемінің бірлігіне есептеуге болады. Мысалы, жалпы, тауарлық өнімнің көлемі, жалпы табыс, таза табыс т. б. Жерді тиімді пайдаланудың натуралды көрсеткіштерінің бірі - ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі, өсімдік шаруашылығының негізгі өнім түрлерін өндіру (астық, қант қызылшасы, картоп т. б. ) 100 га жыртылған жерге, центнермен есептегенде, сүтті ірі қара мал етін, қой етін тірі салмақпен өндіру, 100 га ауылшаруашылығына есептегендегі жүн, ц; 100 га жыртылған жерге тірі салмақпен есептегенде шошқа еті, ц; құс етін өндіру, ц; жұмыртқа, мың дана; 100 га астық дақылдары егілген жерге есептелінген .

Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің өзіндік құны - өндіріске жұмсалған шығындармен жалпы өндіріс көлемі. Өзіндік құнды мына жағдайда төмендетуге болады:

  1. егер жалпы өнімнің белгілі бір көлеміне өндірістік шығындардың сомасы азаятын болса;
  2. егер шығындардың белгілі бір көлеміне өндірілетін жалпы өнімнің массасы көбейетін болса;
  3. жалпы өнімді шығындардың көлемі шығындардың көлемінің өсуінен көбірек дәрежеде өссе.

Экономиканың нарыққа көшкен жағдайында баға белгілеу маңызды рөл атқарады, нарықтық тетіктерді игеру мен пайдалану мүмкін болады. Баға- сатып алушылар мен сатушылардың іс-әрекетін бағдарлайтын ақпарат береді.

Экономиканың аграрлық секторындағы баға саясаты және оны жетілдіру жолдары

Шаруашылықтағы нарықтық механизмнің қызмет етуінде бағаның қалыптасуы маңызды рольге ие. Өйткені баға қоғамдық еңбек шығындарын өлшеуге, айырбастың эквиваленттігін қамтамасыз етуге, өндірісті ынталандыруға, сұраныс пен ұсыныстың қатынасын реттеуге, нақты тепе-теңдікке жетуге мүмкіндік береді.

Баға саясаты экономиканы монополияға қарсы реттеу және баға арқылы реттеу мемлекеттік органдарының, сонымен қатар салық және бюджет - несие заң актілерінің қызмет ету барысында жүзеге асады.

Еліміздегі мемелекеттік деңгейде өндірісті баға арқылы реттеу нарықтық қатынастарға сай келмейді: өзіндік құнды анықтау кәсіпорындарда нарықтық шаруашылық жүргізуге сәйкес емес; қызмет етіп тұрған салық жүйесі өндірістің дамуын ынталандырмайды; инфляция бағаның мәнін өзгеше етіп отыр.

Республикамыздың экономикасының аграрлық секторын зерттеу нәтижелері нарықтық механизмнің кезеңінде бағасы мемлекеттік бақылау керектігін көрсетеді. Ол өз алдына нарықтық бағаға бірте-бірте өтуге мүмкіндік береді. Мұнда мемлекет, біріншіден, өз құнынан үлкен мөлшерде ауытқу байқалған тауарлар бойынша нақты баға белгілейді. Екіншіден, нарықтық баға белгіленетін тауарлар тізімін анықтайды. Үшіншіден, баға бойынша шектеулер енгізеді (бағаның максималды деңгейі, өнім, қызмет рентабельдігі) .

Бағаны қалыптастыру - мемлекеттік реттеудің маңызы сұрақтарының бірі. Монополисттер бағаны белгілейтін ауыл шаруашылығында бағаны реттеу механизмінің толық жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейді.

.

1 - сурет - Табысты және зиянға шыққан ауылшаруашылық кәсіпорындарының жалпы санының серпіні

2. Қазіргі кәсіпорындардың қызметтерін дамытуды талдау:

2. 1 ШҚО Үржар ауданының Ерхан ет комбинатының қазіргі жағдайына сипаттама.

Компания туралы түсінік .

1994 жылы қалыптасқан компания, Нурсилинов А. Қ. және Рахымгалиев Ж. . Н. деген екі кәсіпкер өз кәсіптерін біріктіріп, меншікке бірдей үлес және басқаруда бірдей құқықтармен А. Қ (Акционерлік Қоғам «Айгерім» сауда үйін құрды. Компанияның негізгі қызмет бағыты жихаз жасау және мұнай өнімдерін сол кезде болған дүкендер мен жанармай станцияларына өткізу болған. Мемлекет және мемлекет аралық орталықтандырылған жабдықтау қызметінің тоқтауын компанияның жаңа бағытта, яғни ет дайындау және жеткізу қызмет көрсетуіне алып келді. Компания өз етін Қазақстанның мұнай өндіретін аймақтарына, Өзбекстанға және Россияға өткізетін. 1995 жылы АҚ «Айгерім» сауда үйі, Үржардың қой сою, көп мөлшердегі етті өңдеуге арналған Семей ет комбинатының филиалын өз меншігіне сатып алады. Онда 1000 тонна ет сақтауға арналған тоңазытқыш жасау сияқты жөндеулер енгізіп, ет комбинатына айналдырды. Дәл осындай мақсатпен Аякөз ет комбинаты акцияларының біршама мөлшерін сатып алып, онда тазалық сақтауды жақсарта отырып, ірі қараны сою және өңдеуге арналған. өндірісті қайта құрған.

Семей облысында колбаса өндіретін жалғыз семейдің үлкен ет комбинатының жұмысы тоқтауына байланысты, сауда нарығы тауарды қолдан жасайтын ешқандай өндіріске қабілеті жоқ ұсақ кәсіпкерлермен толықты. Бірақ олар өз сатып алушыларының сұранысын тауардың сапасы жағынан да, саны жағынанда еш қанағаттандыра алмайтын. Кәсіпорынның болашағы ет өңдеу дайындау сияқты қызмет көрсетуден жақсаратындығын білгеннен кейін бұл қызмет түрі бағалана түсті. 1996 жылы жұмыс орындарын жөндеуден өткізіп, алдында пайдаланылған жұмыс құралдарын жөндеуден өткізіп, ет комбинаты жаіа жұмыс құралдарымен жабдықтап оларды білікті мамандармен толықтырып, АҚ «Айгерім» шұжық өнімдерін шығаруын игерді (қызметін қолға алды) . өнімді дайындауға арналған шикі зат, яғни шошқа еті және ірі қара малдың етін мемлекет тұрғындары және шаруашылық жұмысшысынан сатып алса Ресей және Қазақстан кәсіпорындарынан басқада материалдан дәмдеуіштер сатып алып отырған. Содан кейін бұл цех Ресей мен Қазақстанда жасалған сүрлеу және қайнату камераларымен толықтырылды және жабдықтау машиналармен, басқада қажетті жұмыс құралдарымен толықтырылды. Өндіріске палиомитті және коллагенді термо қабық енгізілді. Бұл қабық өнімнің сақтау мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді. Могунция фирмасының қосымша толықтырғыштарын пайдалану өнімнің дімдеуіштік қасиеттерін төмендетпей, азайтпай өнімнің шығарылуын көбейтті.

Өнім сақтандыру комитетімен сертефикатталған және сатып алушылар арасында үлкен сұранысқа ие. Шұжық өнімдерін аз және көп мөлшерде сатуға арналған жүйе - Семей, Өскемен, Алматы қалаларында ашылған. Өндіріс көлемі 1 айда 50 тоннаға жеткен. Қайнатылған және жартылай сүрленген шұжықтың 30 түрі және деликатестің 15 түрі жіне басқада ұлттық тағам түрлері сонымен қатар; май, суб өнімі, сорпа түрлері шығарылады. Бірақ кәсіпорынның техникалық дамуы осымен тоқтады. Бірінші ет тауарын, содан соң шұжық өнімдерін өндіруге қалыптасқан өнеркәсіп ет комбинаты жаңартылған жоқ. . Көп пайдаланып ескірген және сапасы кете бастаған жұмыс құралдары өнімінің сапасын жоғарлатуға және оның тауарлық түрін жаұсартуға, өнім түрлерін көбейтуге және өнімділігін көтеруге үлес қоса алмайтын еді. Вакуумдық технология өнімі мен батонды толықтыруға арналған жаңа жұмыс машиналарының жоқ болуы өнімнің жасалуын және сақтау мерзімін ұзарта, көбейте алмайды.

АҚ Айгерім сауда үйі жабылған соң өндіріс орны ЖШС Нура Концерн кәсіпкерлігіне берілді. Бұл кәсіпкерлік АҚ «Айгерім» басқарушыларымен құрылды және басқарылды. Кәсіпкерліктің басты мақсаты өндіріс өнімін көбейтіп, сапасын жоғарлатып, тауар түрлерін жаңа заманға сай бәсекеге түсе алатын өнімдерді шығаруды қарқынын көбейту еді. Бұл пайдаланылып жатқан жұмыс құралдарын жаңарту жасау, сондай-ақ үлкен мөлшердегі инвестицияны қажет етті. 1999 жылы Наурызында ең негізгі қажетті жұмыс құралының үш түрі сатып алынды. (Куттер, клипсатор, мұз генераторы)

Бұл жоғары технологиялы Германияның негізгі өндіруші фирмаларының құралдары. Куттер К- 120 ДС, «Ультра» жұмыс құралы тартылған етті жақсы өңдейді. Біркелкілігін сақтайды дайын өнімнің сапасын жақсартады және оған деген қызығушылықты арттыра түседі. Еттің жоғары дәрежелі ұсақтаушы ақуыз торларының, энзимдер мен ферменттер бөлінуіне өз үлесін қосады. Бұл процестің вакуумделуі майдың қышқылдануымен ақуыздың жарылуын тоқтатады және өнімнің сақталу мерзімін ұзартады. Ал клипсатор болса батондарды жіппен қол көмегімен байлайтын сегіз қызметкерді жұмыстан босатады, дайын өнімнің сапасын жоғарлатады және тауардың сыртқы көрінісін жақсартады, өнімнің өзіндік құнын азайтады. Мұз генераторы технологиялық қабыршақты мұз дайындауға арналған энергиялық сыйымды компрессорды құрудан (сатып алудан) босатады. Ол сағатына 182 квт электро энергиясын пайдаланады және ауқымды түрде өндірістің шығынын төмендетеді. 2000 жылы 26 мамыр Үржардың ет комбинаты жеке меншік ЖШС «Үржар ет комбинаты» деп тіркелді. 2005 жылы 26 мамыр барлық жиналысқа қатысушылар компания басшыларының бірі Нурсилиновтың тұрақты мекен-жайын ауыстыруына байланысты жұмыстан кететіндігі туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты бұрынғы ЖШС «Үржар ет комбинаты» ЖШС «Шваб шұжықтары» деп жаңадан ашылды. ЖШС«Шваб шұжығы» Үржар «ет комбинатының» қабылдау құқығына ие, және ол ЖШС«Тарбағатай» компаниясының құрамында 3 560 000 теңге сомадағы жарғылық капитал мен қалады. 2005 жылы 3 маусым Үржардың ет комбинаты ЖШС«Шваб шұжығы» деп тіркелді.

1Кесте. Негізгі капитал құрамы мен құрылымы

Кәсіпорында өнім өндіруге және жағдай жасауға қажетті негізгі құралдар 2005 жылы 42179009 теңге болған, оның 18% үйлер мен ғимараттар, 81 % маашиналармен жабдықтар, 1 % басқа да негізгі қорлар құрап отыр. Ал есептік жылы базистік жылмен салыстырғанда 45093721 теңге басқа да негізгі қорлар сатып алынған

р\с
Негізгі құралдар
2005жыл
2006жыл
2007жыл

А. абс

(+; -)

теңге
%
теңге
%
теңге
%
р\с: 1.
Негізгі құралдар: Үйлер мен ғимараттар
2005жыл: 7465370
2006жыл: 18
2007жыл: 7465370
А. абс(+; -): 9
7465370
9
0
р\с: 2.
Негізгі құралдар: Машиналар мен жабдықтар
2005жыл: 34023027
2006жыл: 81
2007жыл: 34023027
А. абс(+; -): 39
34023027
39
0
р\с: 3.
Негізгі құралдар: Басқада негізгі қорлар
2005жыл: 690612
2006жыл: 1
2007жыл: 47267004
А. абс(+; -): 54
45784633
53
45094021
р\с: 4.
Негізгі құралдар: Барлығы
2005жыл: 42179009
2006жыл: 100%
2007жыл: 88755401
А. абс(+; -): 100%
87273030
100%

.

2 кесте. Негізгі капиталдық пайдалану тиімділігін сипаттағыш көрсеткіштер

р\с
Көрсеткіштер
2005жыл
2006жыл
2007жыл

А%уытқу

Абс. Салыст.

р\с: 1.
Көрсеткіштер: өнімді өткізуден түскен түсім, теңге
2005жыл: 94121059
2006жыл: 94121059
2007жыл: 209315971
А%уытқуАбс. Салыст.: 115194912
222, 390
р\с: 2.
Көрсеткіштер: Негізгі капитал, теңге
2005жыл: 42179009
2006жыл: 88755401
2007жыл: 87237030
А%уытқуАбс. Салыст.: 45058021
206, 825
р\с: 3.
Көрсеткіштер: Капитал қайтарылымы, теңге
2005жыл: 2, 231
2006жыл: 1, 060
2007жыл: 2, 399
А%уытқуАбс. Салыст.: 0, 168
107, 530
р\с: 4.
Көрсеткіштер: Капитал ағымдылығы, теңге
2005жыл: 0, 448
2006жыл: 0, 942
2007жыл: 0, 416
А%уытқуАбс. Салыст.: -0, 032
-7, 142

Негізгі капиталдың пайдалану тиімділігін капитал қайтарымдылығы капитал сиымдылығы көрсеткіштері сипаттайды . есептік жылы жұмсалған капиталдың әрбір теңгесіне 2 теңге 40 тиынның өнімі өндірілген. Ал 1 теңге өнімін өндіру үшін 42 тиынның негізгі капиталға жұмсалған. Алдыңғы жылмен салыстырғанда негізгі капитал тиімді пайдаланылған.

4 кесте. Рентабельділік көрсеткіштері

р\с
Көрсеткіштері
2005жыл
2006жыл
2007жыл

А. абс

(+; -)

р\с: 1.
Көрсеткіштері: өнімді сатудан түскен түсім, теңге
2005жыл: 94121059
2006жыл: 209315971
2007жыл: 235812116
А. абс(+; -): +141691057
р\с: 2.
Көрсеткіштері: өзіндік құн, теңге
2005жыл: 9130103
2006жыл: 22183871
2007жыл: 31085584
А. абс(+; -): +21955481
р\с: 3.
Көрсеткіштері: Пайда, теңге
2005жыл: 84990956
2006жыл: 187132100
2007жыл: 204726532
А. абс(+; -): +119735576
р\с: 4.
Көрсеткіштері: Р өнім
2005жыл: 90, 299
2006жыл: 89, 401
2007жыл: 86, 817
А. абс(+; -): -3, 482
р\с: 5.
Көрсеткіштері: Р өнд.
2005жыл: 930, 887
2006жыл: 843, 550
2007жыл: 86, 817
А. абс(+; -): -844, 07
р\с
Ағымдағы активтер
2005жыл
2006жыл
2007жыл
р\с:

1.

2.

Ағымдағы активтер:

Ақша қаражаттары

Қысқа мерзімдік қаржылық инвестиция

2005жыл:

6977588

374

2006жыл:

6977588

374

2007жыл: 10717588
р\с:
Ағымдағы активтер: 1 Топ барлығы
2005жыл: 10717588
2006жыл: 10717588
2007жыл: 10717588
р\с:

3.

4.

Ағымдағы активтер:

Дайын өнім

Дебиторлық қарыздар

2005жыл:

0

5139448

2006жыл:

0

5139448

2007жыл:

0

15054372

р\с:
Ағымдағы активтер: 2 Топ барлығы
2005жыл: 5139448
2006жыл: 5139448
2007жыл: 15054372
р\с: 5.
Ағымдағы активтер: материалдар
2005жыл: 11732983
2006жыл: 11732983
2007жыл: 24527584
р\с:
Ағымдағы активтер: 3 топ барлығы
2005жыл: 11732983
2006жыл: 11732983
2007жыл: 24527584
р\с: 6.
Ағымдағы активтер:

Ағымдағы актив

(1, 2, 3) топтың барлығы

2005жыл: 27590019
2006жыл: 27590019
2007жыл: 50318845
р\с: 7.
Ағымдағы активтер: Қысқа мерзімдік қаржылық міндеттемелер
2005жыл: 55113523
2006жыл: 39096074
2007жыл: 47267004

3 кесте. Жою дәрежесі бойынша ағымдағы активтерді топтастыру

Ертеректе игерілген өніммен қызмет түрлері .

Келісім бойынша ет тауарларын өндіру АҚ Айгерім сауда үйіне өнімді дайындау, сою, өңдеу уақытша сақтау және транспорттың ауқымды көлем сонымен қатар жеткізу қабілетін арттыра түсу және бағалау барысында ортақ келісімге келуге жол ашты. Соңғы ет өнімдерін дайындау технологияның дамуына, қосымша жұмыс құралдарын енгізуге, жаң ақосымша толықтырғыштармен жаңартылды. Бұл өнім түрлерінің көбеюіне сапасының жоғардауына, көлемінің өсуіне, бағаны төмендете отырып қол жеткізді. 2003 жылы 441 тонна шұжық пен деликатес жасалып шығарылды, барлық тауардың көлемі 105 млн. тенге құрады. Жасалған жүйе өнімді аз мөлшерде сататын Семей, Өскемен, Алматы сияқты бір апталық тапсырыс бойынша жоспарланатын болды. Ірі қараны өңдеуден өткізу фирмаға жаңа бағытта, яғни қалған аң терісінен және тондық бұйымдарды даярлайтын жеке меншік кәсіпкерлік құруға мүмкіндік береді.

Өндіріс бөлімі

Үржар ет комбинатының Семей және Өскемен қалаларында шығарылатын өніміне негізгі бәсекелестер Ленингорск ет комбинаты Павлодарлық ЖШС «Рубикон», Алматыда ЖШС «Беккерик», Қарағандыда «Тұлпар» «Бекон» фирмалары болып табылады. Одан басқа Өскеменде АО «Шығыс» ет комбинаты бар. Қарағанды да «Грин» фирмасының орташа цехі бар, ал Семейде ЖШС «Руц» ет комбинаты аз мөлшерде шұжық шығара бастады, ал -Алматыда тағы 40 аса шұжық шығаратын цехтар бар. Маркетингте қызмет көрсетуші орталық жүргізген Үржар ет комбинаты мен оның бісекелестік өнімінің бағасы мен салыстыру көрсеткіші.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс Қазақстан аумағының геоглогиялық құрылымы
Шағын қалалардың әлеуемттік - экономикалық даму жағынан артта қалуының экономикалық себептері
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕХНОГЕНДІ ЛАСТАНУ КӨЗДЕРІ
Өскемен қаласы тұрғындарының денсаулығы және қоршған ортаның компонеттер
Аягөз бірталай желді қала
Ластанған топырақтың мониторингі
Шығыс Қазақстан облысының 2015 жылға дейінгі даму стратегиясы
Шығыс Қазақстан облысының ерекше қорғалатын табиғи территорияларында туризмді дамытудың геоэкологиялық алғышарттары
Үржар топонимінің қалыптасу тарихы – лингво-мәдени аспектіде
Шығыс Қазақстан экономиклық ауданының әлеуметтік – экономикалық сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz