Ислам банкілері қызметінің жаңа тенденциялары (аравиялық монархиялар үлгісінде)


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Ислам банкілері қызметінің жаңа тенденциялары

(аравиялық монархиялар үлгісінде)

Аравиялық монархиялардың экономикасын сараптай отырып, зерттеушілер әдеттегідей олардың мұнай-газ өндірісіне тоқталады. Оған таң калмау керек, себебі ПШАМЫК -тың (Парсы шығанағындағы араб мемлекеттері ынтымақтастығының кеңесі) 6 елі әлемдік мұнай қорының 40%-дан астамы мен газдың 25%-на ие. Алайда осы уақытқа дейін олар экономикасын диверсификациялауда айтарлықтай жетістіктерге жетіп, тек мұнай-газ саласында ғана емес, басқа да өндірістерде алдыңғы қатарларға шықты. Дубай - әлемдегі ең ірі құрылыс алаңдарының бірі, мұнда ғаламшарымыздағы ең биік ғимарат бой көтеруде. Жолаушыларға қызмет көрсетудің жоғары сапасымен танымал Emirates және Qatar Airways авиакомпаниялары әлем нарығында ұшаққа тұрақты тапсырыс берушілер қатарында. Бахрейн Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия мен Еуропа арасындағы үлкен кеңістіктегі ең маңызды қаржы орталығы болып саналады. 1997-2006жж. 9. 4%-ға жеткен Катардың экономикалық өсуінің жылдық орташа динамикасы бұл саладағы чемпион - Қытай көрсеткіштеріндей жоғары. 2010 жылға дейін бұл аймақ ЕО-тан кейін екінші болып ортақ валютаға қол жеткізеді. Бірақ бәлкім зерттеуші үшін Аравиялық монархиялар шаруашылығының исламдық экономика мен оның банк секторын дамыту сияқты бірегей сипаты қызығырақ болар. Сонымен қатар олар өзіне ресейлік несие-қаржылық институттармен тиімді іскерлік ынтымақтастық орнату қабілетімен де тартады.

Исламдық экономиканың теориялық негіздері

Исламдық экономика деп исламның моральдық құндылық және құқықтық нормаларына негізделген шаруашылық жүйесін атайды. Бұл жүйенің идеологиялық негізін Құран ережелеріне сәйкес мұсылман ғалымдардың экономикалық танымдары мен шариат (исламдық құқық) құрайды. Ең маңыздысы - шаруашылық субъектілері арасындағы қарым-қатынастың әділдігі. Шариат бойынша, үстеме қосу, анық болмай, құмарлық кездесетін кез келген экономикалық іс-әрекетке жол жоқ. Осылайша, исламдық құқық дәстүрлі банкілер, сақтандыру компаниялары мен казино қызметіне жол бермейді. Исламдық банкілердің басты ерекшелігі - риба жарналық пайызын қоймау. Шариатқа сәйкес риба - әділетсіз пайда, себебі оны алу үшін кредитор ешқандай күш салмайды.

Үлесті қаржыландырудың қлассикалық исламдық түрі (мудараба мен мушарака) қаржы иесі мен қарыз алушының да жобаға қатысуын талап етеді.

Қатысу (серіктестік сияқты) қаржыландыру, басқару, кіріс пен шығындарды бөлу арқылы жүзеге асады. Дәстүрлі банкілер несие-қарыз қатынастарына жүгініп, нарықтағы ақшаны сату-сатып алу операцияларын жасайды. Исламдық банкілер қолданатын схеманы инвестициялық банкілер, венчурлік қорлар қызметімен және жобалық қаржыландырумен салыстыруға болады. Мудараба схемасы бойынша, екі жақ біріге күш жұмсап, кәсіпорын құрады. Бір жақ - исламдық банк, ақша салады, ал екінші жақ - қарыз алушы, басқарумен айналысады, өндірістік қормен және жер учаскесімен қамтамасыз етеді тсс. Олар пайданы бөлу туралы алдын ала келіседі. Исламдық банкінің кәсіпорынға салған ақшасы дәстүрлі банк несиесі сияқты болып келеді. Дәстүрлі несиеге қарағанда, кредитор пайдасы алдын ала белгілі болмайды, себебі ол басқару тиімділігіне байланысты.

Кәсіпорын шығынға ұшыраса, ол жүк ақша салған жаққа артылады, өйткені екінші жақ өз үлесін жұмыс уақыты мен күш жұмсау арқылы өтеді деп саналады. Мушарака схемасына негізделген операцияларда банк те, клиент те қаржы жұмсайды. Сонымен қатар шығындар да екеуіне бөлінеді.

Түскен пайданың бір бөлігі клиентке кәсіпкерлік қызметін өтеу ретінде ұсынылады да, қалғанын алдын ала айтылған көлемде бөледі.

Исламдық қарыздық қаржыландырудың әдеттегі қарыз беруден айырмашылығы, банк тауарды кейіннен сату үшін алады немесе клиентке қолдануға беру арқылы жүзеге асады. Мурабаха мен Иджара схемалары осы принциптерге негізделген. Мурабаха механизмі банкінің тұтынушы атынан ол кейіннен қайта сатып алатын тауарды сатып алуы арқылы жүреді. Төлеу белгілі бір уақыттан кейін немесе бөлікпен жүргізіледі. Толық сома төленбегенше, банк меншік құқығын сақтайды. Бұл механизм әдетте сауданы қысқа мерзімді қаржыландыру үшін қолданылады және қаржыландырудың исламдық әдісінің ең көп тараған түрі. Иджара - лизингтің аналогы: банк актив сатып алады да, оған меншік құқығын сақтай отырып, белгіленген соманы банкке төлеп, активті өнімді қолданатын клиентке береді. Иджара ва ль-иктина бойынша белгілі бір уақыт өткеннен кейін актив басқарушы меншігіне өтеді.

Исламдық экономикада халық салымының екі түрі бар. Бірі - ағымдағы немесе жинақтаушы есеп-шот. Оларға пайыз төленбейді, десе де кейбір Исламдық банкілер инфляцияға сәйкес номиналды пайыз төлейді. Осы күнге дейін исламдық экономика теоретиктерінің арасында аталған пайыздың болу, болмауына қатысты ортақ пікір жоқ. Салымның екінші түрі - инвестициялық есеп-шоттар. Олардың иегерлері белгіленген соманы емес, банк түсімінің алдын ала келісілген үлесін алады немесе жағдай нашарлағанда, шығындарды бірге көтереді.

Кең тараған пікірлерге қарамастан исламдық экономика, нақтырақ айтқанда, исламдық экономикалық моделі исламдық банк қызмет түрлерімен шектелмейді, мұнда исламдық сақтандыру компаниялары орналасқан және исламдық қор индекстері есептеледі. Бірақ дәл исламдық банкілер осы экономикалық модельдің алқа сүйреуіші ролін атқаруда. Сонымен қатар ХХғ. исламдық банк ісі ұлттық исламдық экономикалардың пайда болуына негіз болды. Қазіргі кезде тек Иран, Судан және Пәкістан мемлекеттерінде ғана шариатқа сәйкес экономикалық жүйе құрылған. Алайда мұсылмандық экономикалық доктрина әлемнің ешбір жерінде толыққанды іске асқан жоқ.

Ислам принциптеріне негізделген ең алғашқы қаржылық ұйым 50-жылдардың соңында Пәкістанда құрылды, алайда оның қызметі ұзаққа созылған жоқ. 1963 жылы Мысырда бүгінде Nasser Social Bank атауымен белгілі Mit Gamr Bank құрылды. Дәл осы жылы Малайзияда мұсылмандарға арналған инвестициялық қор ретінде қызмет ететін Жинақтаушы корпорация құрылған болатын. Исламдық принциптерге сәйкес басқарылатын активтердің көп бөлігі Ислам тараған жер - Аравия түбегі елдерінде шоғырланғаны да бекер емес болар. Иран, Малайзия, Бруней, Пәкістан, Ливан, Ұлыбритания және Түркия исламдық банкілер мен басқа да қаржылық ұйымдардың ірі даму орталықтары болып саналады. Қазіргі таңда осы түрдегі қаржы институттары барлығы 47 елде қызмет етеді.

Исламдық банкілердің қарқынды дамуы ХХғ. 70-жылдарының ортасында басталды. Ол кезде әлем бойынша мұнай бағасы көтерілуі нәтижесінде араб елдеріне мұнай доллары ағыла бастады. Сол уақыттан бері Исламдық банкілер мұсылман елдерінің банк саласында қозғаушы ролін атқарып келеді. 1975ж БАӘ-де қазіргі кезде Парсы шығанағындағы ең ірі банк саналатын Dubai Islamic Bank құрылды. Дәл сол жылы Ислам Конференциясы Ұйымы негізінде Исламдық даму Банкінің (ИДБ) құрылуы маңызды оқиға болып саналды. Бұл туралы ерекше айтып өту керек. ИДБ құрудағы мақсат ХВҚ, ДБ және басқа сол сияқты батыстық институттарға ұқсас халықаралық исламдық қаржы орталығын қалыптастыру. Банк атқаратын барлық операциялар ислам принциптеріне негізделген. Оның қызметінің мақсаты мүше елдер мен басқа мемлекеттердегі мұсылман қауымының экономикалық және әлеуметтік дамуы. Банк өз қаражатымен мүше елдердің әртүрлі өндірістік жобаларына қатысады, оларға қарыз береді, түрлі қорлар, оның ішінде мұсылман қауымдастығына көмек ретінде ұйымдастырады, сенімді басқарумен айналысады, мүше елдерге қаржылай көмек көрсетеді, зерттеу жұмысын жүргізіп, кадрлар дайындауды іске асырады. ИДБ-нің 1976-2006жж. мүше елдердің дамуына бағытталған қаражаттың жалпы көлемі 45. 9 млрд долларды құрады. Қызмет барысы мен құрылтайшылар құрамымен ИДБ басқа мұсылман елдерінің банкілерінен орны бөлек. Өйткені ол - толыққанды халықаралық қаржы ұйымы. Дегенмен ИДБ құрудағы мақсаттардың барлығы орындалды деу қиын. Оған себеп ол орындаған операциялар көлемінің аздығы.

1981ж. 15 елде жұмыс істеген 30 исламдық банкілер болды. Соңғы жылдары әлемдегі исламдық банкілер саны мен олардың активінің өсуін 1-кестеден көруге болады.

1-кесте

1993
1997
2005
2007
: Банкілер саны
1993: 100
1997: 176
2005: 270
2007: 315 (баға)
: Активтері, млрд. долл.
1993: 54
1997: 148
2005: 320
2007: 500-ден аса

2007ж. The banker журналының айтуынша, әлемде 362 исламдық қаржы ұйымдары (коммерциялық және инвестициялық банкілер, активтерді басқаратын компаниялар, сақтандыру компаниялары) және 163 исламдық принциптерге сәйкес басқарылатын дәстүрлі қаржы ұйымдарының бөлімшелері бар екен. Исламдық активтердің жалпы көлемі 500 млрд. доллардан асады, ол әлемдік ЖІӨ-нің 1%-на жуығын құрайды. Исламдық банкілер әлемдік қаржы жүйесінің маңызды сегментіне, оның дамуының факторына айналды. Көптеген мұсылман елдерінде олар кәдімге банкілерге айтарлықтай бәсеке тудырады.

Әлемде исламдық банк секторының даму қарқыны жылына 15-20%-ға тең (2007ж. - 30%) . Оның үстіне, біздің ойымызша, Жердегі мұсылмандар санын (1. 6 миллиард) ескеріп, оның үлкен әлуетке ие екенін айтуға болады.

Аравиялық монархиялардағы ислам банкілері

Аравиялық монархияларда исламдық банкілер сан жағынан дәстүрлі банкілерден аз келеді. Сауд Аравиясы, БАӘ, Кувейт және Катар көптеген ұсақ банкілерге қарағанда, саны біршама аз, бірақ ірі және орташа болғанын қалап, олардың санын көбейту жолына көшті. Бұл елдердің реттеуші құрылымдары бірнеше исламдық банкілер қызметіне лицензия беріп, осы сектордың нәтижелерін бағалау мүмкіндігіне ие болу үшін біраз уақыт күту позициясында болғанды қалады. «Аравиялық алтылықта» ислам банкі құрылмаған жалғыз ел - Оман.

Бахрейнде ПШАМЫК-тің басқа елдеріне қарағанда мұндай банкілер құруға шектеу қойылмайды. Ол тең құқылы дәстүрлі және исламдық банкілерді қосқанда «екіжақты» банк жүйесі бар әлемдегі бірнеше ғана мемлекеттер қатарында. Бахрейн исламдық банкілердің қызметін реттейтін Заң шығарған бірден-бір «Аравиялық алтылық» мүшесі. Жергілікті билік Бахрейннің әлемдік исламдық қаржы орталығы статусын күшейтуді мақсат етті. Бұл корольдікте 6 оншорлы, 3 офшорлы және 17 шетел банкілерінің, оның ішінде алдыңғы қатарлы халықаралық несие-қаржы институттарының исламдық бөлімшелері тіркелген. Бахрейнде жаңа исламдық қаржы өнімдерін, осы салада қызмет атқаратын банкілердің есеп беру стандартын дайындайтын, исламдық қаржы саласында оқытумен айналысатын түрлі ұйымдар құлылған.

3 жылдай бұрын Аравиялық монархиялардың исламдық банк секторында дүмпу орын алды.

2-кесте.

ел

Банкілер,

барлығы

исламдық коммерциялық
исламдық
банкілер
үлесі, %

исламдық банкі

лердің атауы

(құрылған жылы)

Активтер бойынша
салымдар бойынша
несиелер бойынша
ел:

Сауд Ар

авиясы

Банкілер,барлығы: 16
исламдық коммерциялық: 2
исламдық: 13. 1
банкілер: 13. 8
үлесі, %: 18. 4
исламдық банкілердің атауы(құрылған жылы): Al-Rajhi Banking&Investment Corporation (1988), Al-Bilad Bank(2005)
ел: БАӘ
Банкілер,барлығы: 47
исламдық коммерциялық: 6
исламдық: 16. 4
банкілер: 17. 0
үлесі, %: 20. 0
исламдық банкілердің атауы(құрылған жылы): Dubai Islamic Bank(1975), Abu-Dhabi Islamic Bank(1977), Sharjah Islamic Bank(2002), Emirates Islamic Bank(2004), Dubai Bank(2006), Noor Islamic Bank(2006)
ел: Бахрейн
Банкілер,барлығы: 29
исламдық коммерциялық: 6
исламдық: 22. 8
банкілер:
үлесі, %:
исламдық банкілердің атауы(құрылған жылы): Bahrain Islamic Bank(1979), Al-Baraka Bank(1984), Shamil Bank of Bahrain(2000), Kuwait Finance House Bahrain Khaleeji Commercial Bank(2000), Al-Mastraf(2006)
ел: Кувейт
Банкілер,барлығы: 14
исламдық коммерциялық: 3
исламдық: 26. 5
банкілер: 25. 3
үлесі, %: 26. 1
исламдық банкілердің атауы(құрылған жылы): Kuwait Finance House(1977), Bubiyan Bank (2004), Kuwait Real Estate Bank(2004),
ел: Катар
Банкілер,барлығы: 15
исламдық коммерциялық: 3
исламдық: 14. 6
банкілер: 15. 3
үлесі, %: 15. 0
исламдық банкілердің атауы(құрылған жылы): Qatar Islamic Bank(1983), Qatar International Islamic Bank Al-Rayan(2006)
ел: Оман
Банкілер,барлығы: 15
исламдық коммерциялық: 0
исламдық: 0
банкілер: 0
үлесі, %: 0
исламдық банкілердің атауы(құрылған жылы):

2004 жылға дейін Бахрейннен басқа елдерде 2 ғана исламдық коммерциялық банкілер болды. 2004-2006жж. бұл елдерде осы түрдегі 6 коммерциялық банкілер ашылды. Олардың жартысы дәстүрлі банкілердің трансформациясы нәтижесінде (Sharjah Islamic Bank, Emirates Islamic Bank, Kuwait Real Estate Bank, Dubai Bank), ал жартысы жаңадан құрылды (Bubiyan Bank, Al-Bilad Bank, Al-Rayan Bank, Noor Islamic Bank) . 2005ж. Al-Bilad банкінің IPO-cы қор нарығы тарихындағы араб әлемінің ең ірісі атанды. 2 млрд. доллардан астам қаражат тартылып, акционерлер саны 8млн-ға жетті.

Ол кездегі корльдік халқының саны 23. 1 млн. екенін ескерсек, Сауд Аравиясының әрбір үшінші тұрғыны - исламдық банкінің акционері болды деген сөз. Катарлық Al-Rayan Bank 2006ж. IPO нәтижесінде бұл ел үшін өте үлкен сома - 300млн. долл. тартты.

Исламдық банкілер саны өсуінің 3 себебі бар. Біріншіден, мұнай бағасы жоғары болғандықтан, Аравиялық монархиялардың экономикасына қомақты қаражат қосылуда. Екіншіден, тұтынушылар мен іскерлік ортаның исламдық банк секторына деген қызығушылықтары артуда. Үшіншіден, ХХғ. аяғы мен ХХІғ. басында ПШАМЫК елдерінің ДСҰ-на кіруі. Осыған байланысты олардың банк секторын реформалау басталып, ол банкілердің (дәстүрлі, исламдық, шетел несие-қаржы институттарының бөлімшелері) жалпы санының өсуіне әкелді.

Исламдық банкілер өз елінің банк секторында маңызды роль атқарады.

Оларға әрбір монархияның (Оманнан басқа) 13-26% активтері, салымдары мен несиелері тиесілі.

3-кесте.

орын
Банк, ел
1-кезек капиталы, млн. долл.
Активтер
Әлемдегі орны
орын: 1
Банк, ел: National Commercial Bank, Сауд Аравиясы
1-кезек капиталы, млн. долл.: 6408
Активтер: 41577
Әлемдегі орны: 11
орын:
Банк, ел: Исламдық банкілер
1-кезек капиталы, млн. долл.:
Активтер:
Әлемдегі орны:
орын: 2
Банк, ел: Al-Rajhi Banking&Investment Corporation
1-кезек капиталы, млн. долл.: 5388
Активтер: 28093
Әлемдегі орны: 124
орын: 7
Банк, ел: Kuwait Finance House
1-кезек капиталы, млн. долл.: 2600
Активтер: 21839
Әлемдегі орны: 211
орын: 12
Банк, ел: Dubai Islamic Bank, БАӘ
1-кезек капиталы, млн. долл.: 2403
Активтер: 17545
Әлемдегі орны: 224
орын: 30
Банк, ел: Qatar Islamic Bank
1-кезек капиталы, млн. долл.: 933
Активтер: 4090
Әлемдегі орны: 437
орын: 32
Банк, ел: Al-Bilad Bank, Сауд Аравиясы
1-кезек капиталы, млн. долл.: 807
Активтер: 3012
Әлемдегі орны: 482
орын: 37
Банк, ел: Sharjah Islamic Bank, БАӘ
1-кезек капиталы, млн. долл.: 566
Активтер: 2081
Әлемдегі орны: 620
орын: 42
Банк, ел: Bubiyan Bank, Кувейт
1-кезек капиталы, млн. долл.: 413
Активтер: 1745
Әлемдегі орны: 731
орын: 44
Банк, ел: Shamil Bank of Bahrain
1-кезек капиталы, млн. долл.: 382
Активтер: 1693
Әлемдегі орны: 760

3-кесте мәліметтері Аравиялық монархиялардың алдыңғы қатарлы 50 банкінің арасында исламдық банкілердің орнын айқындауға түсінік береді.

Қазіргі таңда осындай банкілердің саны -8 (2005ж. саны 6 болған) . исламдық банкілердің даму қақыны дәстүрлі түрге қарағанда жылдам болғандықтан, жақын арада ірі аравиялық банкілердің арасында олардың өкілдіктері көбеюі әбден мүмкін.

4-кесте.

көрсеткіш
Әлемдік бестік
Аравиялық монархиялардың исламдық бестігі
Ресейлік бестік
көрсеткіш: Капитал/активтер
Әлемдік бестік: 5. 2
Аравиялық монархиялардың исламдық бестігі: 16. 3
Ресейлік бестік: 10. 9
көрсеткіш: Капиталдың рент
Әлемдік бестік: 27. 0
Аравиялық монархиялардың исламдық бестігі: 28. 0
Ресейлік бестік: 28. 8
көрсеткіш: Активтің рент
Әлемдік бестік: 1. 4
Аравиялық монархиялардың исламдық бестігі: 4. 6
Ресейлік бестік: 3. 1

5-кесте.

банк
2006ж. пайда, млн. долл.
Бір жылда пайданың көбеюі, %
2006
2005
2004
банк: Al-Rajhi Banking & Investment Corp
2006ж. пайда, млн. долл.: 1947
Бір жылда пайданың көбеюі, %: 30
92
44
банк: Kuwait Finance House
2006ж. пайда, млн. долл.: 687
Бір жылда пайданың көбеюі, %: 54
73
28
банк: Dubai Islamic Bank
2006ж. пайда, млн. долл.: 431
Бір жылда пайданың көбеюі, %: 49
131
97
банк: Qatar Islamic Bank
2006ж. пайда, млн. долл.: 278
Бір жылда пайданың көбеюі, %: 99
39
70
банк: Al-Bilad Bank
2006ж. пайда, млн. долл.: 48
Бір жылда пайданың көбеюі, %: -
-
-
банк: Sharjah Islamic Bank
2006ж. пайда, млн. долл.: 55
Бір жылда пайданың көбеюі, %: 8
163
16
банк: Bubiyan Bank
2006ж. пайда, млн. долл.: 36
Бір жылда пайданың көбеюі, %: 47
-
-
банк: Shamil Bank of Bahrain
2006ж. пайда, млн. долл.: 64
Бір жылда пайданың көбеюі, %: 64
34
31

Бұдан 10жыл бұрын әлемде исламдық инвестициялық банкілер болған жоқ. Қазіргі таңда тек Аравиялық монархиялардың өінде олардың саны 33-ке жетеді. Оның ішінде Бахрейнде - 16, Кувейтте - 9. Олардың көбісі тіпті ұлттық нарық үшін кішкентай болып табылады. Оған қоса, Аравиялық монархиялардың ірі исламдық инвестициялық банкілерінің қызметі (бахрейндік Arcapita, Unicorn, Gulf Finance House, саудтық Al-Taufiq Company for Investment, кувейттік International Investor жтб. ) Таяу Шығысты ғана емес, АҚШ, Жапония және көптеген еуропалық елдерді қамтиды.

Мәселен, 2006ж. төленген капиталының көлемін 800млн. долл. -ға көбейткен Arcapita банкі инвестициясының 40% - АҚШ-та, 30% - Еуропада, 30% - Азияда. 10 жыл қызметі барысында банк жалпы сомасы 15млрд. долл. болатын іскерлік қатынастар орнатты.

Исламдық қаржы нарығының жаһандануы

Соңғы жылдары ұлттық нарықта едәуір пайдаға кенелген Аравиялық монархиялардың исламдық банкілері енді белсенді түрде шетелге шығуда.

Олар Түркия, Пәкістан, Иран сияқты көрші араб және басқа да Таяу, Орта Шығыс елдері нарығына кіру арқылы үлкен мүмкіндіктер күтеді. Исламдық қаржының екі орталығы - Аравиялық монархиялар мен Малайзия арасындағы байланыс нығайып келеді. Ол елде осындай 9 банк бар, оның алғашқысы 1983ж. құрылған. 2004ж. малайзиялық билік алғаш рет 3 шетел исламдық банкілеріне лицензия берді. Олардың шығу тегі осы Аравиялық монархиялар болатын.

Алайда аравиялық исламдық банкілер қызметі тек мұсылман әлемімен шектелмейді. Соңғы кезде қаржыгерлерінің исламдық банк секторына деген қызығушылығы артып жатқан Батыс елдері нарығына белсенді түрде енуде.

Осындай инвестициялық банкілер Еуропада 1978жылдан, Люксембургте Islamic Banking System ( бүгінде Islamic Finance Bank) ашылғаннан бастап жұмыс істейді. 1981ж. Швейцарияда Dar al-Mal al-Islami (қазіргі кезде Faisal Private Bank) құрылды. Ол бахрейндік Ithmaar Bank меншігінде және 1млрд. долл. қаражатты басқарады.

Лондон исламдық қаржының маңызды орталығы болып келеді. Бұл процесте британдық қаржылай қызмет көрсету Агенттігінің белсенді саясаты үлкен роль атқаруда. Ол 2004ж. Еуропада алғашқы болып исламдық бөлшек банкіне (Islamic Bank of Britain) лицензия берді. Qatar International Islamic Bank оның ірі акционері болып табылады. Ал бастапқы капиталды бахрейндік инвесторлары ұсынды. Содан кейін Ұлыбританияда Аравиялық монархиялардың инвесторлары бақылайтын European Islamic Investment Bank, бахрейндік Arab Banking Corporation бөлімшесі болып табылатын Al-Buraq ашылды. ал британдық HSBC және Lloyds TSB исламдық принциппен салым қабылдай бастады. WestLB герман банкінің лондондық бөлімшесі исламдық қаржы нарығында белсенді қызмет атқарып жүр. Ол 2006ж. 500млн. долл. -дан аса қаржы тартуда кеңесші болды.

Соңғы жылдары исламдық қаржы нарығына әлемнің алдыңғы қатарлы банкілері шығуда. Осы ретте Citigroup, HSBC, JP Morgan Chase, BNP Paribas, Barclays, ING, UBS, Deutsche Bank, ABN Amro, Societe Generale, Lloyds TSB сияқты банк ісінің үздіктерін атауға болады. Саланың актив көлемдері көрсететіндей, бұл жәйт та исламдық қаржының қуаттанып келе жатқандығының дәлелі. Аталған банкілердің көбі ислам принциптеріне негізделген құнды қағаздар шығарылуына қатысуда, ал кейбірі тіпті өз құрылымында исламдық бөлімшелер ашуда.

Citibank исламдық қаржы принциптеріне негізделген алғашқы сделкасын сонау 1983ж. энергожобаларды қаржыландыру үшін жүргізді. Ол 1997ж. Бахрейнде қосалқы Citi Islamic Investment Вank құрды. Бұл оқиға, яғни ең ірі әлем банкі өз құрамында исламдық бөлімше ашқаны - қаржы әлемін дүр сілкіндірді. Парсы шығанағы елдері бойынша белгілі маман Ж. -Ф. Сезнеканың (Колумбиялық университет, АҚШ) айтуынша, «исламдық қаржы сапа белгісіне ие болды». HSBC БАӘ-де тіркелген HSBC Amanaһ (арабтың «аман» - сенімділік сөзінен шыққан) бөлімшесін құрды. 2003ж. швейцариялық UBS Бахрейнде қомақты қаражаты бар клиенттермен жұмыс жасау үшін қосалқы Noriba Вank ашты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік қызметтер нарығының теориялық негіздері
Біріккен Араб Әмірліктері
Визалар және кедендік ережелер
Азия және Араб елдерінің өркенденуі
Үкіметтің саяси жауапкершілігі тек парламент алдында
Кондитерлік дәрілік формалар
Мемлекеттің түсінігі және мәні
Европа халықаралық туризмнің басты ауданы
МЕМЛЕКЕТТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫҢ МАЗМЫНЫ
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері. Мемлекеттің пайда болуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz