Коммерциялық банк қызметтерінің қазіргі нарығы (Банк Центр Кредит мысалында)



КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДIҢ ДАМУ ТАРИХЫ ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Коммерциялық банктердің даму тарихы мен маңыздылықтары ... ... ... ...6
1.2 Коммерциялық банктердің мәні мен құрылымдары және операциялары ... 12
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ НАРЫҒЫ (БАНК ЦЕНТР КРЕДИТ МЫСАЛЫНДА) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
2.1 Банк қызметінің қазіргі нарығының тенденциялық жағдайлары ... ... ... ... ...28
2.2 Банк Центр Кредиттің пассивтік операцияларына экономикалық талдау ... 35
2.3 БанкЦентрКредиттің активтік операцияларына экономикалық талдау ... ... 40
3 БАНКТIК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ҚАЗIРГI КЕЗЕҢДЕГI ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44
3.1 Қазақстан Республикасының депозит нарығы және салымдарын сақтандырудың мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44
3.2 Қ.Р банктерінің пассивті және активті операцияларын жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50
3.3 Әлемдік дағдарыстың Қазақстан қаржы нарығына әсері ... ... ... ... ... ... ... ... 57
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...64
ӘДЕБИ ОҚУЛЫҚТАР ТIЗIМI ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .67
Дипломдық жұмыстың өзектілігі коммерциялық банктер әмбебеп қаржылық институт ретінде нарықтық экономикаға белсенді қатысушысы құрылымдар болып табылады. Қазіргі кезде коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен операциясынан және инвестициялық қызметтерінен түскен табыс пайдасының қалыптасуы үлкен роль атқарады.
Қаржы нарығында коммерциялық банктердің қатысу формасының кеңеюі мен диверсификациялануы ірі қаржы банктік топтардың ұйымдасуына алып келді. Олар қаржы нарығының кәсіпқой қатысушылары ретінде эмитент, инвестор және делдал ретінде ролі маңызды.
Коммерциялық банктер қор биржасында мүмкіндік беретін еншілес қаржылық компаниялар құру және брокерлік фирма қызметінде тікелей қатысу арқылы белсенеді. Банктердің операциясының кеңеюі олардың жоғары табыстылығымен және тікелей банктік несиелерді тиімді қолдану сферасының қысқаруымен ынталандырылып отырады.
Соңғы жылдары Қазақстанның банкі жүйесі – ТМД елдерінің ішінде ең озық та динамикалық қарқынды түрде дамып келе жатқан банк жүйелерінің бірі. Еліміздің екінші деңгейлі банктері сенімділік және тұрақтылық дәрежесін арттыру үшін барлық шараларды қолданып, арнайы стратегиялық жоспарларды жүзеге асыруда.
Коммерциялық банктер қор биржасында мүмкіндік беретін еншілес қаржылық компаниялар құру және брокерлік фирма қызметінде тікелей қатысу арқылы белсенеді. Банктердің бағалы қағаздармен операциясының кеңеюі олардың жоғары табыстылығымен және тікелей банктік несиелерді тиімді қолдану сферасының қысқаруымен ынталандырылады.
Қаржылық институттар, әсіресе банктер жабдықтаушы мен несиелік ресурстарды тұтынушылар арасында делдалдық қызмет көрсетеді, сонымен бірге, банктер уақытша бос ақша-қаражаттарды жинақтап және оны белсенді қызмет ететін капиталға айналдырады. Коммерциялық банктер үлкен қаржылық институт болғандықтан оның қаржы нарығындағы қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк тарапынан заңдық актілер арқылы реттеледі.
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздары жеке және корпоративті инвесторлардың назарын аударуда. Бұл оның банк-эмитент және салымшы қатынастарын реттейтін нормативтік базаның болумен байланысты.
Әйгілі экономист К.Маркстің айтуынша: « Банктер біреуге несие беріп қана қоятын ерекше ұйым емес, басқадай ақша қаражаттарын тартатын және солардың сақталуына жауап беретін ұйым».
Инвестициялы - банктік филиалдар мен еншілес компаниялардың жүйесін құру арқылы коммерциялық банктер халықаралық бағалы қағаздар нарығына шығады.
Қаржылық институттар, әсіресе банктер жабдықтаушы мен несиелік ресурстарды тұтынушылар арасында делдалдық қызмет көрсетеді, сонымен бірге, банктер уақытша бос ақша-қаражаттарды жинақтап және оны белсенді қызмет ететін капиталға айналдырады. Коммерциялық банктер үлкен қаржылық институт болғандықтан оның бағалы қағаздар нарығындағы қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк тарапынан заңдық актілер арқылы реттеледі.
1. Банковское дело / Под редакцией профессора О.И. Лаврушина. – М.: «Финансы и статистика», 1999. - 448с.
1. Банковская социология / Под редакцией И.Ю. Варьяш – СПб.: Изд. «Альфа», 1999. – 253с.
2. Пластиковые карты: принципы построения платежных систем / Под редакцией А.В. Вавилов, И.И. Ильин – М.: «Европеум – Пресс», 1999. – 123с.
3. Антонов Н.Г., Пессель М.А. Денежное обращение, кредит и банки. – М.: АО «Финстатинформ», 1995. – 296с.
4. Банки и банковские операции: Учебник для вузов / Под ред. проф. Е.Ф. Жукова. – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1997. – 471с.
5. Введение в банковское дело: Учеб. пособие / Под руководством проф. Г. Асхауэр. – М.: 1997. – 627с.
6. Финансы. Денежное обращение. Кредит.: Учебник для вузов / Под редакцией профессора Л.А. Дробозиной. – М.: Финансы, «ЮНИТИ», 1997. – 479с.
7. Общая теория денег и кредита: Учебник / Под редакцией Е.Ф. Жукова. – М.: Банки и биржи, «ЮНИТИ», 1995.
8. Менеджмент и маркетинг в банках. / Под редакцией Жукова Е.Ф. — М.: Банки и биржи, «ЮНИТИ», 1997. —191 с.
9. Маркетинг услуг. / Под редакцией Марковой В.Д. — М.: «Финансы и статистика», 1996. — 127 с.
10. Мақыш «Коммерциялық банктер операциялары» Алматы 2003 ж.
11. АҚ «Қазақстандық жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру туралы» шешім 2005 ж.
12. Сейткасымов «Ақша, несие, банктер» Алматы 2001 ж.
13. «Банки и банковское дело» Балабанов Спб 2001 г.
14. Банковская система в РК. Алматы <> 2008 г.
15. www.halykbank.kz
16. www.kkb.kz
17. www.bta.kz
18. «Социально –экономические процесы в современном Казахстане» Материалы межвузовской студенческой конференции КазНАУ. 2007г.
19. Лим А. Депозит –капитал, приносящий доход. // Финансы Казахстана. 2007.-№11-12.-с.69-70.
20. Жакыпова Ф.П. Развитие депозитного рынка в РК: Основные тенденции и перспективы //Вестник КазГУ.2005.№2.-с.148.
21. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан -2030. Қазақстан халқына жолдауы.
22. Н.Ә. Назарбаев. “Бәсеке қабілетті Қазақстан”, “Бәсеке қабілетті экономика” және “Бәсеке қабілетті халық ”деген Қазақстан халқына Жолдауы ./ Егемен Қазақстан, 19 наурыз, 2004ж.
23. Н.Ә. Назарбаев. “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында”, “Бәсеке қабілетті экономика” Қазақстан халқына Жолдауы./ Егемен Қазақстан, 18 ақпан, 2005ж.
24. Баян Көшенова., Ақша несие, банктер, валюта қатынастары. Оқу құралы, - Алматы: “Экономика”, - 2000 ж.
25. Банки Казахстана, 2004г. №12; “Банковская система Казахстана – крупнейший институтциональный инвестор национального фондового рынка” / Донцов С.
26. Банки Казахстана, 2004г. №1; ““О некоторых аспектах развития филиальных сетей коммерческих банков” / Кил А.Б.
27. Вестник КазНУ, экономическая серия, 2004г №4 “Проблемы стабильности банковской системы РК” / А.А. Ильясов
28. Мақыш С.Б. “Коммерциялық банктің делдалдық операциялары: факторинг және форфейтинг” / ҚазЭУ хабаршысы. 2003. - №2 -70-75 б.
29. Мырзабеков Ш. “Қазақстанның банк жүйесі ТМД көлемінде бірінші орында: “ Центркредит” банкінің директорымен сұхбат / Дала мен қала. 2004. -1 қазан (№39). -13б.
30. Банки и банковские операции: Уч-к для ВУЗов / Под ред. Жукова Е.Ф. - М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 2000. - 471с.
31. Банковское дело / Под ред. Колесникова В.И. - М.: Финансы и статистика, 2003. –562с.
32. Банковское дело / Под ред. Лаврушина О.И. - М.: Финансы и статистика, 2000.
33. Банковское дело / Под ред. Сейткасимова Г.С. - Алматы: Каржы-каражат, 1998. - 576с.
34. Жуков Е. Ф. Банки и банковские операции. – СПб.: Питер, 2001. – 234с.
35. Казимагомедов А.А. Банковское обслуживание: зарубежный опыт. - М.: Финансы и статистика, 1999. –321с.
36. Казимагомедов А.А. Услуги коммерческих банков населению: Уч. Пособие. - СПб.: Изд-во СПбУЭФ, 1999. -75с.
37. Панова Г.С. Банковское обслуживание частных лиц. - М.: АО ДИС, 1999 - 352с.
38. Полфреман Д., Форд Ф. Основы банковского дела. М.: Инфра-М, 2004.-636с.
39. Социально-экономическое развитие РК. Январь-февраль 2008 г., Алматы 2007г.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДIҢ ДАМУ ТАРИХЫ ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Коммерциялық банктердің даму тарихы мен маңыздылықтары ... ... ... ...6
1.2 Коммерциялық банктердің мәні мен құрылымдары және операциялары ... 12

2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ НАРЫҒЫ (БАНК ЦЕНТР КРЕДИТ
МЫСАЛЫНДА) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
2.1 Банк қызметінің қазіргі нарығының тенденциялық
жағдайлары ... ... ... ... ...28
2.2 Банк Центр Кредиттің пассивтік операцияларына экономикалық талдау ... 35

2.3 БанкЦентрКредиттің активтік операцияларына экономикалық
талдау ... ... 40

3 БАНКТIК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ҚАЗIРГI КЕЗЕҢДЕГI ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44
3.1 Қазақстан Республикасының депозит нарығы және салымдарын сақтандырудың
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 4
3.2 Қ.Р банктерінің пассивті және активті операцияларын жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50
3.3 Әлемдік дағдарыстың Қазақстан қаржы нарығына
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ..57

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...64

ӘДЕБИ ОҚУЛЫҚТАР
ТIЗIМI ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...67

КIРIСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі коммерциялық банктер әмбебеп қаржылық
институт ретінде нарықтық экономикаға белсенді қатысушысы құрылымдар болып
табылады. Қазіргі кезде коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен
операциясынан және инвестициялық қызметтерінен түскен табыс пайдасының
қалыптасуы үлкен роль атқарады.
Қаржы нарығында коммерциялық банктердің қатысу формасының кеңеюі мен
диверсификациялануы ірі қаржы банктік топтардың ұйымдасуына алып келді.
Олар қаржы нарығының кәсіпқой қатысушылары ретінде эмитент, инвестор және
делдал ретінде ролі маңызды.
Коммерциялық банктер қор биржасында мүмкіндік беретін еншілес
қаржылық компаниялар құру және брокерлік фирма қызметінде тікелей қатысу
арқылы белсенеді. Банктердің операциясының кеңеюі олардың жоғары
табыстылығымен және тікелей банктік несиелерді тиімді қолдану сферасының
қысқаруымен ынталандырылып отырады.
Соңғы жылдары Қазақстанның банкі жүйесі – ТМД елдерінің ішінде ең
озық та динамикалық қарқынды түрде дамып келе жатқан банк жүйелерінің бірі.
Еліміздің екінші деңгейлі банктері сенімділік және тұрақтылық дәрежесін
арттыру үшін барлық шараларды қолданып, арнайы стратегиялық жоспарларды
жүзеге асыруда.
Коммерциялық банктер қор биржасында мүмкіндік беретін еншілес қаржылық
компаниялар құру және брокерлік фирма қызметінде тікелей қатысу арқылы
белсенеді. Банктердің бағалы қағаздармен операциясының кеңеюі олардың
жоғары табыстылығымен және тікелей банктік несиелерді тиімді қолдану
сферасының қысқаруымен ынталандырылады.
Қаржылық институттар, әсіресе банктер жабдықтаушы мен несиелік
ресурстарды тұтынушылар арасында делдалдық қызмет көрсетеді, сонымен бірге,
банктер уақытша бос ақша-қаражаттарды жинақтап және оны белсенді қызмет
ететін капиталға айналдырады. Коммерциялық банктер үлкен қаржылық институт
болғандықтан оның қаржы нарығындағы қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банк тарапынан заңдық актілер арқылы реттеледі.
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздары жеке және корпоративті
инвесторлардың назарын аударуда. Бұл оның банк-эмитент және салымшы
қатынастарын реттейтін нормативтік базаның болумен байланысты.
Әйгілі экономист К.Маркстің айтуынша: Банктер біреуге несие беріп
қана қоятын ерекше ұйым емес, басқадай ақша қаражаттарын тартатын және
солардың сақталуына жауап беретін ұйым.
Инвестициялы - банктік филиалдар мен еншілес компаниялардың жүйесін
құру арқылы коммерциялық банктер халықаралық бағалы қағаздар нарығына
шығады.
Қаржылық институттар, әсіресе банктер жабдықтаушы мен несиелік
ресурстарды тұтынушылар арасында делдалдық қызмет көрсетеді, сонымен бірге,
банктер уақытша бос ақша-қаражаттарды жинақтап және оны белсенді қызмет
ететін капиталға айналдырады. Коммерциялық банктер үлкен қаржылық институт
болғандықтан оның бағалы қағаздар нарығындағы қызметі Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банк тарапынан заңдық актілер арқылы реттеледі.
Коммерциялық банктердің жекелеген операциялары және корпоративті
инвесторлардың назарын аударуда. Бұл оның банк-эмитент және салымшы
қатынастарын реттейтін нормативтік базаның болумен байланысты.
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі: Қазақстан
Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтер мен даму болашақтары
қазіргі дағдарыс кезеңінде өзектілігі орасан зор артуда.
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты коммерциялық банктердің қаржы
нарығында кәсіпқой қатысушы ретіндегі қызметі мен дамуы, оның негізгі
бағыттары, міндеттері және мәселелері, оларды жетілдіру жолдары туралы
мәліметтердің негізінде қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың міндеті қаржы нарығындағы банктердің ролін анықтау
және қызметіне Банк Центр Кредит мысалында толық жәнеде көздеген мақсатқа
жету үшін ғылыми әдебиеттерді, басылымдарды пайдалана отырып, пассивтік
операцияларға толық сипттама беріп, олардың қазіргі кезде еліміздегі даму
жағдайын талдау жасау.
Дипломдық жұмыстың құрылымы үш тараудан тұрады:
Бірінші бөлімде коммерциялық банктердің даму тарихы мен
маңыздылықтарына, коммерциялық банктердің мәні, құрылымдары мен
операцияларына, Қ.Р. коммерциялық банктерінің қазіргі кезеңдегі даму
тенденцияларын қарастырылды.
Екінші бөлімінде Коммерциялық банктердің экономикалық қызметтеріне
талдау жасау (БанкЦентрКредит мысалында), банкттердің инвестициялық
операцияларына, яғни инвестициялық операциялар және бағалы қағаздар мен
жүргізілетін операцияларына, БанкЦентрКредиттің пассивтік операцияларын
экономикалық талдау, БанкЦентрКредиттің депозиттік операцияларына сипаттама
жасаудан тұрады.
Үшінші бөлімде нарықтық экономикадағы коммерциялық банктердін жағдайын
және қызметін және банктердің операцияларын талдау жүргізілді.
Коммерциялық банктердің қызметін дамыту жолдары баяндалды.
Жұмыс барысында банктін пассивті операцияларының қызмет ету
ерекшелігіне байланысты кестелер сызылған және жұмысты аяқтай келе
еліміздегі банктік жүйенің дамуы мен екінші деңгейлі банктердің пассивті
маңыздылығы тұралы жалпы банк жүйесінің болашағы тұралы ұсыныстарым бар.
Бұл дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі Қазақстан Республикасындағы
коммерциялық банктердің қазіргі нарықтағы қызметтері мен даму болашақтары.

Жұмыстың тақырыбы оқу және ғылым әдебиеттерде қарастырылу дәрежесі
кең. Осы дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақстан Републикасының
Конституциясы, Қазақстан Републикасының банктердің қызметін реттейтін
Заңдар және басқа нормативтік-құқақтық актілер, Қазақстан Республикасы
Президенттің Жарлықтары, Ұлттық Банктің Қаулылары, Ережелері, АҚ АСҚ
БанкЦентрКредит ішкі ережелері, оқу әдебиеттері пайдаланды.
Банктің пассивті операциялары негізінде банктің ресурстары
жинақталады. Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер
қызметіндегі ролі жоғары. Қаржы және несие сөздігінде: Пассивті
операциялар - бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға
арналған банктің өз ресурсын құру операциясы,- делінеді.
Пассивтік операциялардың 80-90 пайызын тартылған қаражаттар құраса,
оның 60-70 пайызын депозиттер құрайды.Сондықтан банктердің депозиттерін
дұрыс орналастыру, оларды тарту әрбір банктің көздеген мақсаттарының бірі
болып табылады.
Қазіргі банктік тәжірбиеде салымдардың және депозит шоттарының әр
түрі кездеседі. Бұл банктердің жоғары бәсекелестік нарықта банк
қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және
олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға
ұмтылуына жағдай жасайды.
Қазіргі кезде банктің пассивті операцияларын тиімді басқару, яғни
банк ресурстарын қалыптастырудағы негізгі проблемалар, капиталдың
халықаралық стандарттарына сәйкес банк капиталының негізгі көздерінің
классификациясын жасау, банк пайдасын бөлудің эффективті тәсілдерін
қолдану, жаңа клиентураны тарту үшін депозиттердің жаңа түрлерін ұсыну,
депозиттік операциялар есебін дұрыс ұйымдастыру банк ісіндегі өзекті
мәселелердің бірі болып табылады.

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДIҢ ДАМУ ТАРИХЫ

1.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің даму тарихы мен
маңыздылықтары

Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі қалыптаспады,
оның себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған банктік-несие
жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік
жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз
байланысты болды. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: Мемлекеттік банк,
акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа
да несиелік банктер кірді.
Ресейдің мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылдан бастады) барлық
несие жүйесінің Орталық банкі болып саналды. Ол айналымға қағаз ақша
шығарудың монополиялық құқығына ие бола отырып қызмет атқарды.
1917 жылы Қазан революциясынан кейін банк ісін ұйымдастыруда
мемлекеттік монополия қағидасы іске асырылып отырды. Елде Мемлекеттік банк
құрылып оның бір құрамдас бөлігі ретінде мемлекеттік еңбек жинақ кассалары
болды.
КСРО-да банктік реформа 1987-1988 жж. жүргізіліп нәтижесінде, КСРО
Мембанкі мен КСРО Құрылыс банкін (Стройбанк) құру негізінде: Өнеркәсіп
құрылыс банкі (Промстройбанк), Агроөнеркәсіп банкі және Тұрғын үй-
әлеуметтік (Жилсоцбанк); КСРО Мембанкінің құрамына кіретін жинақ кассалары
жүйесінің негізінде: Жинақ банкі, ал Сыртқы сауда (Внешторгбанк) негізінде:
Сыртқы экономбанк (Внешэкономбанк) құрылды. КСРО Мембанкі кәсіпорындар мен
ұйымдарға кассалық және несиелік-есеп айырысу қызмет көрсетуін тоқтатып ол
елдің Орталық банкі деп жарияланды.
КСРО Мембанкінен бөлінген коммерциялық банктер негізінен
мамандандырылғандар банктер қызмет жүргізді, жәнеде әр банк белгілі бір
экономика салаларында (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық, сыртқы сауда)
монополияға ие болып отырды. Олар өз кәсіпорындарын қаржыландырып,
неселендіріп отырып, көбіне осы кәсіпорындардың өміршеңділігін,
пайдалылығын, ескермей төмен пайыздармен қаржыландырды. Осы банктердің
активтерінде залалды мемлекеттік кәсіпорындардың уақыты өткен сапасыз
қарыздардың мөлшері басымырақ болды.
Өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан
бірден нарықтық экономика талаптарына жауап беретін меншікті банктік
жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында, елдегі банктік реформаның
бастамасы болып табылатын, Қазақ КСР-дағы банктер және банктік қызмет
туралы Заң қабылданды. Республикалық мемлекеттік банк облыстық
басқармалары мен бөлімшелері бар ҚР Ұлттық банкіне айналды. Республикалық
Өнеркәсіп құрылыс банкі акционерлік-коммерциялық Тұран банкіне,
Агроөнеркәсіпбанк – Қазақстан Республикасы акционерлік- коммерциялық
Агробанкіне, Республикалық Жинақ банкі – ҚР акционерлік –коммерциялық Жинақ
банкіне ауысты. 1993 жылы бұл банктер акционерлік банктер болып қайта
өзгерді, ал Жинақ банкі ҚР Халықтық банк деген атқа ие болды.
1989 жылдың басынан бастап, алғашқы коммерциялық, аралас,
кооперативтік, жеке банктер пайда бола бастады. Осы жылы Интеринвестбанк
КРАМДС банк сияқты және тағы басқа коммерциялық банктер құрылды.
1995 жылы 15 ақпан айында Қазақстан Республикасы Президентінің
қаулысымен бекітілген, 1995 жылға арналған Қазақстандағы банктік жүйені
реформалаудың бірінші бағдарламасы жасалынды.
Банктердің қайта қаржыландыру механизмдерінде маңызды өзгерістер
болды. 1995 жылдың қаңтар айынан бастап директивті несиелерді беру
тоқтатылды. Орталықтандырылған қаржы көздері есебінен берілетін несиелердің
көлемі және мерзімі қысқарып отырды. Экономика салалары мен шаруашылық
субъектілерін несиелеу қызметі негізінен Ұлттық банктен екінші деңгейлі
банктерге көшті және олар өз кезегінде экономиканы несиелеуді шаруашылық
жүргізуші субъектілердің бос қаражаттарын, халықтың жинақ ақшаларын тарту
және сыртқы қарыздарды өздері тарту есебінен қамтамасыз етуге бейімделеді.
1995 жылы Ұлттық банк мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының дамуын
қамтамасыз етті, ашық нарықтағы операциялар басталды. Бұл жерде бірінші
және екінші нарықтардың қызмет етуі қамтамасыз етілді.
1995 жылы алтын валюталық резервтерді басқару бойынша көптеген
жұмыстар жүзеге асырылды. 1995 жылдың сәуірінде Ұлттық банктің алтын валюта
резервтерін басқару тұжырымдамасын бекітті.
1995 жылы екінші деңгейдегі банктер жүйесінде өзгерістер болды.
Банктерді тарату немесе біріктіру процесі жалғасты. Бұған ұлттық банк
тарапынан екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі мен олардың
капиталдануына қоятын талаптардың күшеюі әсер етті. Нәтижесінде, бір жыл
ішінде банктердің саны 191-ден 130-ға қысқарды. Сондай-ақ, олардың құрылымы
да өзгерді. Мемлекетаралық банк құрылды, оның саны (4-тен 6-ға дейін),
шетелдік және бірлескен банктердің саны (6-дан 7-ге дейін) өсті.
Айрықша өзгерістер банктің жарғылық қорын қалыптастыруда орын алды.
Егер жыл басында 60 % банктерде жарғылық қор 5 млн. теңгеге дейін болса,
1996 жылы олардың саны 35% кем болды. 80 млн. теңге және одан да көп
жарғылық қорлары бар банктердің үлесі 11%-дан 30%-ға дейін өсті.
Екінші деңгейлі банктердің қаражаттарын тиімді пайдалану әрі олардың
өтімділігін арттыру үшін ҚР Ұлттық банктің жанынан Алматы клирингтік
палатасы және Ұлттық банктің Павлодар, Көкшетау, Шығыс Қазақстан облыстық
басқармаларында да клирингтік палаталары құрылды.
Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Ұлттық банк жүйелері өздерінің
дамуы барысында мынадай қызметтер атқарады:
1. Ақша-несиелік реттеуді тереңдету. Ол үшін банк беретін қайта
қаржыландыру несиелерінің көлемін реттеу, қайта қаржыландыру несиелерінің
көлемін реттеу, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау, міндетті
резервтік нормаларды бекіту, валюталық нарықтағы интервенцияларды, сонымен
қатар, Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарымен де, бағалы
қағаздармен де операциялар жүргізу сияқты классикалық ақша-несиелік
құралдарын неғұрлым тиімді пайдалану.
2. Валюталық реттеуді жүзеге асыру және алтын валюта резервтерін басқару.
Шетел тәжірибесін ескере отырып, оның ішінде негізгі ұлттық валюталық
нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасын көрсететін теңгенің валюталық
бағамына және экономикалық бәсекелестік қабілеттілігіне, баға деңгейінің
өзгеруімен басқа да факторларға қатысты саясатты Ұлттық банк одан әрі
жүргізуге дайындығын қарастырды.
3. Банк қызметін реттеу қағидалары мен банктік қадағалау жүйесін түбегейлі
жақсарту жолдарын іздестірді. Ұлттық банктің Қазақстандық банктерге қоятын
талаптары банктік қадағалаудың халықаралық стандарттарды қолдану банктердің
капиталдандыруына және банктердің тәуекелдерге бейімделуіне нақты баға
береді, ал бұл өз кезегінде банктердің акционерлері мен жетекшілік және
екінші деңгейдегі банктермен қарым-қатынастағы Ұлттық банктің
жетекшілігінің әлдеқайда негізделген шешімдер қабылдауына мүмкіндік
беріледі.
4. Банк жүйесінің бүхгалтерлік есебі мен статистикасын реформалауды аяқтау.
1995 жылдың орта мерзім кезеңінде басталған Қазақстан Республикасының
банктері мен басқа да несиелік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен есеп
беру жөніндегі біртұтас әдістемелік саясатты қамтамасыз ететін банктік
жүйедегі бухгалтерлік есептің реформалануы аяқталды.
5. Ұлттық банктің облыстық (аумақтық) басқармаларының мақсаттары. Орта
мерзімдік кезеңінде банктің облыстық (аумақтық) басқармаларына айрықша мән
берілді. Іс жүзінде барлық жүргізілетін өзгерістер Ұлттық банктің облыстық
басқармалары арқылы жүзеге асырылады.
6. Екінші деңгейдегі банктер жүйесінің одан әрі дамуы мен өзгерістері. 1998
жылдың соңында Қазақстанның банктік жүйесінің деңгейі – ломбардтар,
несиелік бірлестіктер, трасттық, лизингтік, факторингтік фирмалар,
клирингтік палаталар тағы басқа түрлерінде көрініс табатын банктік емес
қаржылық мекемелердің жүйесімен толықтырылды және екінші деңгейдегі
банктерден тұратын болды.
Екінші деңгейдегі банктер капиталдандырудың қажетті деңгейіне жетуі
тиіс және корпаративті бағалы қағаздарға күрделі қаржы жұмсау тек олар
бойынша диллерлік операциялардан, басқа банк қызметінің барлық түрлері
жүзеге асырылатын болады.
Коммерциялық банктер жүйесімен қатар, өздерінің белгіленген өзіндік
қызметтері бар бірқатар мемлекеттік банктер пайда болды және олардың
қызметін реттейтін арнайы нормативті база құрылды.
Қазіргі кезде мемлекеттік мамандандырылған банктерге: Тұрғын-үй
құрылыс банкі және Сауықтыру банкі жатады.
Ондай банктер қатарында Халықтық жинақ банкі де бар, әзірше ол халыққа
қызмет көрсетуге мамандандырылып, мемлекеттің бақылауында болуда. 1998
жылдан бері, оның салымшыларымен акционерленуі басталды.
1998 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Екінші деңгейдегі
банктердің халықаралық стандарттарға көшуі туралы ережесін қабылдады.
Осыған сәйкес екінші деңгейдегі банктердің отызы бірінші топқа кірді. Әрі
олар 1998 жылдың соңына дейін халықаралық стандарттарға өтті, ал қалған
отыз банк екінші топқа кірді, оларға 2000 жылға дейін халықаралық
стандарттарға өту жүктеліп олар қазіргі уақытта бұл межедегі міндеттерді
іске асырды. Қалған 17 банктер несиелік серіктестіктерге, ие болып олар
ірі банктермен қосылды.
Ұлттық банктің статистикалық көрсеткіштері бойынша 2000 жылдың басында
республикада екінші деңгейдегі 55 банк тіркеліп: оның ішінде 1 мемлекеттік
банк, яғни жартылай капиталының 100% - і республика үкіметінің қатысуымен
құрылған (резидент емес банктердің еншілес банктерін қосқанда) банктер,
Республикада шетел банктерінің 17 өкілдігі ашылған. Републикада сондай-ақ
тіркеуден өткен 44 ломбард, 7 несие серіктестігі және кейбір банктік
операция жүргізетін 46 басқа мекемелер бар, атап айтқанда, Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің Қазыналық департаменті, оның 14 облыстық
басқармасы мен Алматы қалалық басқармасы; Ұлттық банктің Қазақстандық
банкаралық есеп айрысу орталығы; “Қазақстан Республикасы еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнет ақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік
орталығы”, Республикалық Мемлекеттік Қазыналық кәсіпорын; “Қазақстандық қор
биржасы” АҚ; “Бағалы қағаздар Орталық депозитарий” АҚ; “Шағын кәсіпкерлікті
дамыту қоры” АҚ; “Қауымдастықтарды несиелеудің қазақстандық қоры” Қоғамдық
Қор; “Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры” ЖАҚ; “Ақмола қоры” ЖАҚ;
“Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және жабу жөніндегі агентігі” ААҚ; “
Шағын несие” үкіметтік емес ұйым Қоғамдық қоры және т.б.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының нарықтық жүйесіндегі әр
түрлі меншік формасындағы банктер мен несие мекемелері қызмет істеуде.
Солардың әрқайсысына жекелеп сипаттама берелік.
Шетелдік банктердің қатысуымен – акциясының 50 пайыздан астамы
төмендегі иеленушілердің қарамағында, меншігінде жәненемесе басқаруында
екінші деңгейдегі банктер:
- Қазақстан Республикасының резиденті емес;
- Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлға, акциясының 50
пайызынан көбісі республиканың резиденті еместің қарамағында, меншігінде
жәненемесе басқаруында;
- Қазақстан Республикасының резиденттері еместің қаражатын басқаратын
сенімді адамы Республиканың резиденті.
Халықаралық ұйымдардың бағалаулары бойынша, бүгінгі күні Қазақстан
Республикасының банк жүйесі ТМД-да ең серпінді дамушы жүйе болып табылады.
Қазақстан банктері бірте-бірте тұрақтырақ, айқындау болып, өзінің
қоғам алдындағы міндеттерін нақтырақ орындап жатыр.
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет
көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын
дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық,
кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер
деген жалпы атпен біріктіріледі.
Коммерциялық банк термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде,
банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет
көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған.
Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге
де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің коммерциялық
деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің іскер деген
сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне
қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады.
Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет
көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан
өнімдер мен қызмет көрсетуде алайда көптеген шетелдік дамыған елдерде
коммерциялық банктер 1000-даған әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетеді.
Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай
отырып, қолайсыз жағдайда өзіне пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып, коммерциялық
банктер қаржы делдалы ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да
пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі
мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз
әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кейде
көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге
салғаның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер ретінде
іскерлік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін
емес.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің қаржыларын сақтауға қолайлы әр
түрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз
етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін
қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға
жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Банктік несие – ең қолайлы және көптеген жағдайда орны ауыстырылмайтын
қаржылық қызметтердің формасы ретінде, ол нақты қарыз алушының қажеттілігін
ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көндігуіне мүмкіндік береді.
Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің
басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек.
Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері
өзгеруде.
Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер
қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие
беру.
Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және
ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде
ақша деп, тек қолма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі
салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте
маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне
қажетті жағдай туғызады.
Коммерциялық банктер өздерінің депозиттік және несиелік
операцияларының көмегімен олар уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтайды
және несие түрінде оларды бере отырып, халық шаруашылығының қажеттілігін
қанағаттандырады, яғни жаңа төлем құралдарын жасайды.
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995
жылы 30 наурызда қабылданған ҚР Ұлттық банкі және 1995 жылдың 31
тамызында қабылданған ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы ҚР
заңдарын басшылыққа алады.
Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар
банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең
көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап
қалыптасты, яғни қазақстандық банктік жүйенің небары 18 жылдық тарихы бар.
Коммерциялық банктердің соңғы төрт жылдық сандық құрамы 1 - кестеде
көрсетілген.
Халықаралық ұйымдардың бағалауы бойынша, бүгінгі күні Қазақстан
Республикасының банк жүйесі ТМД-да ең серпінді дамушы болып табылады.
Қазақстан банктері бара-бара тұрақтырақ, айқындау болып, өзінің қоғам
алдындағы міндеттерін нақтырақ орындап жатыр.
Қазіргі уақытта, республикада Қазақстанның Даму банкі АҚ қоса
алғанда, екінші деңгейдегі 37 банк жұмыс істеп жатыр.
Банктердің көбісі Алматы қаласында орналасқан (28 банк), бұл арада
Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша банктік қызмет көрсетудің қол жетерлігі
тармақты филиалдық желісімен қамтамасыз етіледі. Соңғы төрт жыл ішінде
филиадардың жалпы саны 50-ге артты және 2006 жылдың 1 қаңтарында 418-ге
жетті. Халық пен ұйымдарға коммерциялық банктердің 1312 есептік-кассалық
бөлімдері қызмет көрсетеді, соның ішінде 206 бөлімше 2005 жыл ішінде
ашылған.
19 90-шы жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл
олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезеңінен
бастап, күні бүгінге дейін банктеріміздің саны біртендеп азаюда, ал бұл
құбылысты олардың қарқынды өсуімен байланысты болуда, дегенмен қазіргі
уақытта банктердің саны елімізде 37-банкке азайды.

1 кесте - ҚР-дағы коммерциялық банк секторларының құрылымы
Банк түрлері 01.01.0501.01.0601.01.0701.01.0 8
Екінші деңгейдегі банктердің саны, 35 34 35 37
Оның ішінде:
Шетел қатысқан банктер 17 16 15 14
Жарғылық капиталда мемлекеттің 100% 1 2 1 1
қатысқан банктер
Екінші деңгейдегі банктердің 368 355 385 418
филиалдарының саны
Екінші деңгейдегі банктердің 1020 1023 1106 1312
есептік-кассалық бөлімдерінің саны
Екінші деңгейдегі банктердің шетелдегі 8 10 11 17
өкілдіктерінің саны
Қазақстан Республикасында резидент емес 14 20 18 18
банктері өкілдіктерінің саны
Заңды тұлғалар салымдарын 21 29 34 33
(депозиттерінің) міндетті ұжымдық
кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің
қатысушы-банктерінің саны
Кастодиалдық қызметті жүзеге асыруға 10 10 9 11
лицензиясы бар банктер саны
*Сандық мәліметтер ҚР Ұлттық банкінің №1 2005-2009 жж. статистикалық
бюллетенінен алынған

Экономикалық ортадағы және банктік қызмет жағдайларындағы оң
өзгерістер шетелдік банктерді Қазақстанға тартуда. Республикада резидент
емес банктердің 18 өкілдіктері жұмыс істейді. Сонымен бірге, қазақстандық
банктер өз қызметін сыртқы қаржылық нарықта кеңейтіп жатыр. Республика
шегінен тысқары отандық банктердің 17 өкілдіктері жұмыс істеуде.

1.2 Коммерциялық банктердің мәні мен құрылымдары және операциялары

Банктер қызметін басқа ұйымдардан айырмашылығын функционалдық
міндеттемелерін орындаудан көрініс табады.
Банк қызметін – банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді
орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде қандай да
бір мақсаттарын қанағаттандыру қажеттілігінде жатады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту
мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы
операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет
төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық
қызметтерінің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын
ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықтарды жаулап алу
және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір
қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал
етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша
қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік
қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық
негізі болып табылады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық
қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және
қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы
Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
1. Ақылы негізде депозиттерді тарту;
2. Клиенттер мен банк-корреспонденттерінің шоттарын жүргізу және оларға
кассалық қызмет көрсету;
3. Қайтарамдылық, мерзімдік және төлемдік шарттарымен заңды және жеке
тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
4. Инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілерінің
тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
5. Заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді,
вексельдерді, аккредетивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және
басқа да қаржылық міндеттемелерді);
6. Төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да
операцияларды жүргізу;
7. Ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме
және өзге де міндеттемелерді беру;
8. Тауар тасымалын талап ету құқығын, сатып алу және қызмет көрсету,
осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассациялық
(факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;
9. Банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің
тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
10. Клиенттер үшін құжаттар мен құндылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер
(сейфтік бизнес);
11. Коммерцмялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз
(форфейтинг);
12. Клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды
қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);
13. Банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
14. Лизингтік операцияларды жүзеге асыру;
Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары арқылы, банктер басқа да банктік
қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен
операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды
аударуға байланысты қызметтерді көрсету (инкассация).
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі
қызметтерді былай құруға болады:
1. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);
2. Экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);
3. Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және жүргізу;
4. Инвестициялық қызметті;
5. Клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.
Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару
құрылымына және оның функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің
құрылымына бөлінеді.
Басқару ұйымы пайда табу мақсатында коммерциялық банктің қызметіне
тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары басқару
ұйымына тікелей қатысады.
Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғарғы ұйымы акционерлердің жалпы
жиналысы болып табылады.
Акционерлердің жалпы жиналысы жылына бір рет шақырылып отырады. Бұл
жиналыста мынадай міндеттер шешіледі:
1. банктің жарғысына өзгерістер енгізу;
2. банктің жарғылық капиталын өзгерту;
3. банктің Кеңесін сайлау;
4. банктің жылдық есебін бекіту;
5. банктің табысын бөлу;
6. банктің құрылымдық немесе еншілес бөлімшелерін құру және тарату.
Екінші басқару органы банктің қадағалау кеңесі болып табылады. Банктің
бақылау кеңесі банк қызметіне бақылау жасау органы ретінде мынандай
міндеттерді атқарады:
1. нормативтік актілерді бекітеді;
2. Басқарма немесе басқарма төрағасының шешімі бойынша жасалған
мәмілелерді бекітеді.
Келесі басқару органы – бұл басқарма (банк кеңесі). Басқарма (банк
кеңесі) – атқарушы немесе өкілетті орган, яғни ол банктің иелерінен, оның
акционерлерінен құралады және олардың мүдделерін қорғайды.
Басқарманың міндеттеріне мыналар жатады:
1. банктің стратегиялық мақсатын анықтау;
2. банктің саясаттарын жасау;
3. жетекшілік қызметке кадрлар даярлау;
4. комитеттерді құру;
5. ссудалық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау.

Акционерлердің
жалпы жиналысы
Несиелік Ревизиялық
комитет комиссия

Бақылау
Кеңесі

Басқарма

Басқарма
төрағасы

Төраға орынбасары

Департаменттер,
бөлімдер

Басқару Қызметтер
бөлімдері

1 сурет. Акционерлік банктерді басқару құрылымы

Коммерциялық банктің басқару құрылымы
Басқарма төрағасы банктің бірінші жетекшісі болып табылады және ол
банк қызметіне жетекшілікті жүзеге асырады. Банк төрағасына мынадай
міндеттер жүктеледі:
1. банктің қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша бұйрықтар шығару және
нұсқаулар беру;
2. барлық мемлекеттік және басқа да органдарда, басқа банктерде, оның
ішінде, шетелдік банктерде банк қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша
өкілеттілікті жүзеге асыру;
3. банктің мүлкіне және қаражаттарына ие болу;
4. банктің штаттық жұмысшыларының саны мен құрылымын бекіту,
5. еңбек келісімшарты бойынша банктің лауазымды тұлғаларымен келісімдер
(контрактілер) жасасу.
Ревизиялық комиссия банк қызметіне қаржылық есептің дұрыстығы жағынан
бақылау жасаушы орган болып табылады.
Несиелік комитет – бұл несиенің берілуіне байланысты қорытынды жасаушы
ұйым.
Несиелік комитет мынандай міндеттерді орындайды:
1. несие алуға клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие беру
туралы қорытындысын қарайды;
2. несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
3. несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;
4. несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
5. несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;
6. несиелеу шартын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желі);
7. берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
8. банктің несиелік стратегиясын жасайды;
9. несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
10. несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды және
хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.
Қызмет бөліміне: маман бөлімі, заң бөлімі, күзет бөлімі, әкімшілік-
шаруашылық бөлімі және тағы басқалар кіреді.
Ал банктің функционалдық құрылымына барлық департаменттер мен бөлімдер
жатады.
Жалпы коммерциялық банктердің операциялары екіге бөлінеді: активтік
операциялар және пассивтік операциялар.
Активтік операциялар – бұл банктердің табыс алу және өзінің
өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды
орналастыру жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.
Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде
тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.
Активтік банктік операциялар өзінің формасына және тағайындалуына
қарай әртүрлі болып келеді. Банктердің активтік операцияларының ең көп
тараған түрлеріне мыналар жатады:
1. ссудалық операциялар (несиелік);
2. инвестициялық операциялар;
3. депозиттік операциялар;
4. қаржылық операциялар;
5. басқа да операциялар;
Банк активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік
(ссудалық) операциялары негізінде алады. Банктің ссудулық операциялары
негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктік ссудалар біршама табысты және
жоғары тәуекелді болып бөлінеді. Бұл актив топтары банктің басты пайда көзі
ретінде қызмет етеді.
Ссудалық операциялар банктің ресурстық базасын орналастыруда және
банктің активтік қызметінің негізгі бөлігін (мысалға, 80%-ға жуығын)
құрайды.
Банктің инвестициялық операциялары – несиелік операциялардан кейін
банкке табыс әкелетін операциялар. Банктің инвестициялық операциялары
негізінде бағалы қағаздар портфелі қалыптасады. Банктің бағалы қағаздар
портфелін қалыптастыруының екі мақсаты болады: біріншісі – банкке табыс
әкелу, екіншісі - өтімді активтер қатарын толықтыру.
Банктің активтік депозиттік операциялары өтімділікті қолдау және
банктермен корреспонденттік қатынас орнату негізінде дамиды. Мұндағы
корреспонденттік қатынас банктердің бір-бірінде ашатын корреспонденттік
шоттары арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар банктер активтік депозиттік
операциялар негізінде банкаралық несиенің дамуына мүмкіндік жасайды.
Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке
табыс әкелетін активтік операцияларды сипаттайды. Оларға: лизинг, факторинг
және форфейтинг операциялары жатады.
Лизинг сөзі to lease ағылшын тілінен аударғанда, жалға беру
дегенді білдіреді. Лизинг – бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне
тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын,
өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг
алушыларға (жалгерге) лизингтің төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге
пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.
Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық
лизингтер.
1. Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның
пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін
сипаттайды.
2. Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі
ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі
өтеуімен байланысты сипатталады.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып
келеді. Алайда лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісім шартта
көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг
объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал
несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі
қалады.
Коммерциялық банктердің ең көп таралған делдалдық қызметінің бір түрі
– факторинг.
Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшін уақытын
кешіктіріп төлеуге беретін тауар формасындағы және ашық шот түрінде
рәсімделетін коммерциялық несиенің болуын сипаттайды. Факторинг – клиенттің
айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда-комиссиондық операциясының
бір түрі. Бұл жерде факторингтік компания клиенттердің шотын 90%-ға дейін
төлеу шартымен сатып алады. Факторингтің – мақсаты кез келген несиелік
операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелді қалпына келтіруін
шешуге бағытталады.
Факторинг операциясы - жабдықтаушының (банк клиентінің) жабдықтаған
тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем құжаттарын (шот-
фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық – делдалдық операция.
Факторинг операциясына үш тарап қатысады:
1. Факторингтік компания (банктің фактор бөлімі) - өздерінің клиенттерінен
шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.
2. Клиент (тауарды жабдықтаушы, несие беруші) – факторинг компаниясымен
келісімшарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.
3. Кәсіпорын (қарыз алушы) - тауарды сатып алушы фирма.
Форфейтинг сөзі француз тілінде “a forfeit” , аударғанда, құқықтан
бас тарту дегенді білдіреді. Форфейтинг – тауарларды жабдықтау немесе
қызметтерді көрсету барысында пайда болатын және алдағы уақыттарда өтелуге
тиісті міндеттемелерді сатып алуды білдіру үшін пайдаланылатын термин.
Форфейтинг операциясы – форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе
арнайы компанияның экспортерға төлеуге тиісті импортердің берген төлем
құжатын сатып алуы.
Форфейтинг мәмілесінде үш қатысушы болады:
1. Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші;
2. Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;
3. Форфейтор, яғни мәмілені қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым.
Форфейтинг операциясының мерзімі 180 күннен 5 жылға дейінгі аралықты
құрайды, кей жағдайларда – 7 жыл.
Форфейтингтегі дисконт мөлшерлемесінің құрамдас элементтеріне мыналар
жатады:
1. еуровалюталар нарығындағы несиенің құны (ЛИБОР – Лондондық банкаралық
пайыз мөлшерлемесі);
2. импортер елінің тәуекел құны және валютаны аударуға байланысты тәуекел
құны 0,5-тен 6 %-ға дейін жылдық мөлшерде ауытқиды;
3. несиені басқаруға форфейтордың шығындары (0,5%-ға дейін жылдық);
4. міндеттеме үшін алынатын комиссия (1-1,5% жылдық).
Банктің пассивті операциялары негізінде банктің ресурстары
жинақталады. Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер
қызметіндегі рөлі жоғары.
Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құрылатындықтан,
оған анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде: пассивті
операциялар – бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға
арналған банктің өз ресурсын құру операциялары - деп түсіндіріледі.
Ал соңғы оқулықтарға сүйенсек, пассивтік операциялар – бұл нәтижесінде
пассивтік шоттағы немесе активтік – пассивтік шоттағы қаражаттардың өсуін,
яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретін операцияларды сипаттайды.
Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды
сатып алады.
Пассивтік операциялардың мынадай формалары болады:
1. коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды бастапқы эмиссиялануы;
2. банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;
3. басқа да заңды тұлғалардан несие алу;
4. депозиттік операциялар.
Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге
тартуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы
негізінде банктік ресурстардың бірінші ірі тобы, яғни меншікті ресурстар
көзінен құралады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ – заемдық
немесе тартылған ресурстар көзі құрылады.
Сонымен банктің ресурстары екі топқа бөлінеді:
1. банктің меншікті қаражаттары;
2. банктің тартылған қаражаттары.
Банктің меншікті қаражаттары қатарына меншікті капиталы мен оған сай
келетін баптар кіреді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі
мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдарға
қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие болып келеді. Банктің меншікті капиталы
арқылы, оның барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10 %-ы өтеледі. Шын
мәнісінде, меншікті және тартылған қаражаттардың арасында шекті ең төменгі
мөлшерде шекарасы болады.
Банктің меншікті қаражаттарының маңыздылығы банктің үнемі тұрақтылығын
ұстап тұруға қажет және маңыздылығы зор. Банктің бастапқы құрылуы
барысында, осы меншікті қаражаттары алғашқы шығындарды, яғни жерге,
ғимаратқа, жабдықтауға, жалақыға жұмсалатын шығындарды жабады. Себебі,
меншікті қаражатсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті
қаражаттар есебінен банкте қажетті резервтер құрылады. Ең соңында, банктің
меншікті қаражаты – бұл ұзақ мерзімді активтер жұмсалымдарының басты көзі
болып табылады.
Банктің меншікті қаражаттары – банктің экономикалық дербестігін және
қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар (капиталдар) мен
бөлінбеген пайда жиынтығынан тұрады.
Қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптардың
негізінен тұрады:
1. жарғылық капитал;
2. резервтік капитал;
3. қосымша капиталдар;
4. банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған
қорлар (резервтер);
5. бөлінбеген банк пайдасы.
Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде
құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық
капиталдың төменгі мөлшері Қазақстанның Ұлттық банкінің пруденциалдық
нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның
құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер мынадай екі ұйымдық формаларда
құрыла алады:
1. акционерлік банк формасында;
2. пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында.
Пай қосу арқылы құрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшылық
құжатта мөлшері анықталған пайшыларының жарнасынан құралып, олар қосқан
жарналары көлемінде жауапты болып саналады. Мұндай банктердің жарғылық
капиталын ұлғайту, тек қана пай қосушылардың қосымша қосқан жарналары және
пай қосушылардың санының өсуі есебінен жүзеге асырылады. Алайда,
акционерлік банктер өздерінің жарғылық капиталын ұлғайту үшін қосымша
акцияларын эмиссиялайды, сол сияқты бұрынғы шығарылған акцияларының бағасын
өсіреді.
Меншікті капиталдың құрамдас бөлігі – акционерлік капитал. Бағалы
қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің
акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акция
ұстаушылар – акционерлер қосқан жарналардан құралады. Акционерлік банктің
акциясы – банктің жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын,
дивиденд алуға және банкті басқару ісіне араласуға құқық беретін бағалы
қағаз.
Акционерлік капиталдың құрылымы әр банктерде әр түрлі келеді.
Акционерлік капитал мынадай түрлерге бөлінеді:
1. меншікті акционерлік капитал, яғни бұл жай және артықшылығы бар
акцияларды сатудан түскен қаражаттардан, үнемделген капитал және бөлінбеген
пайдадан тұрады,
2. банктік резервтер, яғни алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға,
дивидендтер төлеуге, қайтарылмаған қарыздың орнын жабуға арналады;
3. банктің ұзақ мерзімді міндеттемесі (ұзақ мерзімді вексельдері,
облигациялары).
Ашық типтегі банктің акциясы қолдан-қолға басқа да акционерлердің
келісімінсіз өтеді. Жабық типтегі банктің акциясы қатаң түрде белгіленген
тізім бойынша немесе құрылған құрылтайшылардың арасында бөлінеді.
Банктің жай акциясын иемденушілер, банктің таза табысынан дивиденд
алып отыруға, оның жойылуы барысында тиісті мүлкіне ие болуға және
акционерлердің жиналысына қатысып дауыс беруге құқылы.
Банктің артықшылығы бар акцияларын иемденушілер тұрақты пайыз түрінде
табыс алып отыруға, бірінші кезекте банктің жаңа акцияларын сатып алуға
және оның жойылуы барысында бірінші болып өзіне тиісті мүлкін алуға құқылы.
Сонымен қатар, банктер қаражат тарту мақсатында облигацияларды
шығарады.
Жалпы, банктің акционерлік капиталының құралуы мынадай кезеңдерден
тұрады:
1. бағалы қағаздардың жобаларын эмиссиялауға дайындау және оны сараптамадан
өткізу;
2. бағалы қағаздарды эмиссиялауды тіркеу;
3. банк-эмитенттің бағалы қағаздарын тіркеу;
4. шығарылатын және орналастырылатын бағалы қағаздардың нәтижелерін тіркеу.
Акционерлік банктер акцияларды мынадай жағдайларда шығарылады:
1. банкті акционерлік формада құру;
2. банктің жарғылық қорын ұлғайту үшін қосымша акциялар шығару.
Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады. Резервтік
қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында
құрылған қаражат қоры.
Сондай-ақ, резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз
етеді. Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір
пайыз мөлшерінде, айталық, 25% мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері
жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады.
Резервтік қордың құралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде
банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы
бар акциялары бойынша пайыздар төленеді.
Қосымша капиталдар – негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған
аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу
нәтижесінде құрылатын қаражаттар.
Арнайы қорлар – негізгі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық
қаражаттарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттық валюта мен шетел валюталары
арасындағы айырма нәтижесінде құрылады. Валюталық қаражаттарды қайта
бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру барысында
маңызды.
Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету
мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік
тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған
резервтер жатады.
Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидендті төлегеннен кейін және
резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.
Банктің меншікті капиталын ұлғайту жолдарына мыналар жатады:
1. банк пайдасы;
2. акциялар шығару;
3. құрылтайшылар және пай қосушылар санын арттыру;
4. облигациялар шығару жатады.
Банктік капитал банктің дербестігін қамтамасыз ете отырып, оның
қаржылық тұрақтылығына кепіл болады және банктің басынан кешетін әр алуан
тәуекелдердің зардаптарын ретке келтіретін басты көз болып табылады. Осы
мақсатта банктің меншікті капиталы мынадай қызметтер атқарады:
1. қорғаныс қызметі;
2. шұғыл қызмет;
3. реттегіштік қызмет;
4. айналым қызметі;
5. резервтік қызмет.
Банктің меншікті капиталының қорғаныс қызметі оның капиталының
шамасының банктің төлем қабілетінет және тұрақтылығына тікелей
байланыстылығын сипаттайды. Банктің меншікті капиталы қаншалықты жоғары
болса, соғұрлым банк өтімді болып саналады. Банк банкротқа ұшырай қалған
жағдайда, оның акционерлерінен басқа ешкім зиян шекпейді.
Банк капиталының қорғаныс қызметі – банктің салым иелеріне жәрдем ақы
төлеу мүмкіндігін ғана емес, сол сияқты ағымдағы табыс болмаған жағдайда
зияндарды жабуға қызмет етуін сипаттайды. Сондықтан да, оның азаюы банктің
банкротқа ұшырауына жол беріледі. Қорғаныс қызметі – меншікті капиталдың ең
басты қызметін білдіреді.
Банк капиталының шұғыл қызметі қорғаныс қызметіне қарағанда екінші
дәрежелік маңызға ие болып табылады. Оперативтік қызметі, жер, ғимарат,
құрал-жабдықтар алуға қажетті меншіктік қаражаттарды жұмылдыруды, сондай-ақ
көзге көрінбейтін зияндар жағдайына байланысты резервтер құруды сипаттайды.
Бұл қаржы ресурстар көздері әсіресе, банктік қызметтің басталуы үшін
маңызды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің пассивті операциялары
Пассивті операциялар жайлы
Банктік маркетинг банктің бәсекелестіктің негізі ретінде
Жеке тұлғаларға тұтынушылық несие және жеке несиелер
Қазақстан Республикасында банк қызметтерін ұйымдастыру
Банктердің пассивтік операцияларын талдау
Банк менеджменті және оның даму ерекшеліктері
Коммерциялық банктердің операциялары мен қызметтері туралы
Қазақстанның банктік қызметтер нарығының жағдайын талдау
ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің несиелік тәуекелді басқарудың мазмұны мен құрылымдық элементтерін нақтылай отырып, несиелік тәуекелді тиімді басқару жүйесін дамыту және жетілдіру жолдарын іздестіру
Пәндер