Коммерциялық банктерде активтер портфелін басқару


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Коммерциялық банктердің активтері және оларды жіктеудің негіздері . . . 5
- Активтер туралы түсінік және олардың банктің қаржылық жағдайын тұрақтандырудағы маңызы . . . 5
- Базель стандарты. Банк активтерін жіктеудің критерийлері . . . 8
- Коммерциялық банктердің портфелі және оларды басқару
(«Банк ЦентрКредит» АҚ-ның материалдарына негіздей отырып) . . . 26
- Банктің активтері және активтер портфеліне талдау . . . 26
- 2. 2. Банктің активтер портфелінің өтімділігі және оны талдаудың көрсеткіштері . . . 402. 3. Несиелік портфель және оның сапасына талдау . . . 522. 4. Инвестициялық портфель және оны басқару . . . 61
3. Коммерциялық банктерде активтер портфелін басқаруда жетілдірудің жолдары . . . 66
Қорытынды . . . 70
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 73
Кіріспе
Дипломдық жұмыс коммерциялық банктерде активтер портфелін басқару тақырыбына арналады.
Активтер дегеніміз - тұтыну құны бар және табыс табу көзі болып табылатын, материалдық және материалдық емес игіліктердің жиынтығы.
Коммерциялық банктердің активтері -бұл бухгалтерлік баланстың баптарында көрініс табатын коммерциялық банктердің ресурстарын орналастырумен және қолданумен байланысты болатын активтерді айтамыз.
Коммерциялық банк активтерін мынадай төрт топқа бөлуге болады:
- касса және оған теңестірілген ақшалай қаражаттар;
- несиелер;
- бағалы қағаздарға жұмсалған инвестициялар;
- банк ғимараты мен жабдықтары.
Коммерциялық банктің активтік операциялары деп - табыс табу және өтімділігін қамтамасыз ету мақсатымен банктің меншікті, тартылған және қарызға алған қаражаттарын орналастырумен байланысты операцияларын айтамыз.
Активтік операцияларды негізі төрт топқа бөлуге болады:
- несие-есептеу операциялары, оның нәтижесінде банктің несиелік портфелі қалыптасады; инвестициялық операциясы, ол инвестициялық портфельдің негізін құрайды; кассалық және есептеу операциялары - банктің клиенттерге көрсететін қызметтерінің бірі; басқада операциялар.
Ал банктің активтер портфелі деп - активтік операциялар арқылы табыс табу және өтімділікті қамтамасыз ету мақсатында ресурстарды орналастырудың нәтижесінде құралған банк балансындағы әр түрлі активтердің жиынтығы.
Банктік ең негізі мақсаты - максималды табыс табу болып табылады, ол банктің мобилизацияланған ақша ресуртарын неғұрлым тиімді орналастырып, пайдалану арқылы жүзеге асады. Активтерді басқару банктің сырттан тартылған және меншікті қаражаттарын орналастырудың тиімді жолдарын тиімді пайдаланумен байланысты. Банк активтерін дұрыс орналастырмайынша өзіне қажетті табысқа қол жеткізу мүмкін емес.
Қазіргі уақытта коммерциялық банктер сырттан тартылған және меншікті қаражаттарын орналастырған кезде тек нарықтық критерийлерге, яғни өтімділікке, табыстылыққа және тәуекелділікке негізделеді. Бұл өз кезегінде банктің активтер портфеліне әсер етеді.
Өтімділік деп - уақытысында құнды ақша қаражатына айналдыру мүмкіндігі.
Тәуекел деп - мүмкін болатын қауіпті жағдайлардың әсерін немесе солардың нәтижесінен туындайтын шығындар мен зияндардың себептері.
Осыдан, дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі болып қарастырылған банктік активтер, оларды бағалау, дұрыс, тиімді орналастыру және банктің активтер портфелін басқару әдістері банктің тұрақтылығының бір факторы болып табылады. Осының барлығы дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға әсер етті.
Осы жұмыстың мақсаты банктің активтер портфелінің теориясы мен практикасына талдау жүргізу, активтер портфельді басқару түрлерін, әдістерін анықтау және бағалау және олардың ішінен ең тиімдісін таңдау болып табылады. Осы мақсатты орындау үшін келесі міндеттер қойылды:
- Банктің активтері мен активтер портфелінің мәні және активтер портфеліне талдау жасау;
- Банк активтерін жіктеудің критерийлерін қарастыру;
- Банктің активтерінің және активтер портфелінің өтімділігі, тәуекелділігі және оларды талдаудың көрсеткіштерін қарастыру;
- Несиелік портфель және оның сапасына талдау жасау;
- Инвестициялық портфель және оны басқаруды арастыру.
Осы жұмыстың зерттеу объектісі болып - «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның активтері мен активтер портфелін басқару мәліметтері бойынша есептік көрсеткіштері мен практикалық тәжірибелері алынды.
Диплом жұмысының зерттеу пәні ретінде қазіргі кезде активтер мен активтер портфелін басқару тәжірибелері қарасытырылды.
Осы жұмыстың методологиялық негізі - активтер мен активтер портфеліне талдау жасаған шетел және отандық практик экономистердің, ғалымдардың монографиялары, ғылыми еңбектері, ал нормативтік негізі - Қазақстан Республикасының заңдары және нормативтік актілері, Ұлттық Банктің ережелері мен нұсқаулықтары алынды.
Дипломдық жұмыстың құрлымына тоқталсақ, онда дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Коммерциялық банктердің активтері және оларды жіктеудің негіздері
- Активтер туралы түсінік және олардың банктің қаржылық жағдайын тұрақтандырудағы маңызы
Активтер деген термин ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында қаржы нарығының жеткілікті дамып, қоғамда игіліктің, ақшалай формасының өте көп мөлшерде пайда болып қалыптасуының нәтижесінде қолданысқа кеңінен ене бастады.
Активтер ұғымының пайда болуына тағы да үлкен қозғау салып себеп болған - қарыз капитал нарығының бір ғана ұлттық мемлекеттің шеңберінен асып жаһандана бастауы. Ал бұл процеске өз кезегінде мына қоғамдық экономикалық құбылыстар ықпал етті:
- халықаралық тауар айналымының көбеюі;
- халықаралық деңгейде капитал қозғалысының етек алуы;
- халықаралық және дүниежүзілік экономикалық интеграциялық процестің дами түсуі.
Міне осы аталған өзгерістердің нәтижесінде дүниежүзілік нарықтарда әр түрлі қаржы инструменттері пайда болып, коммерциялық банктердің корреспонденттік қатынас шеңбері ұлғая түсті. Сөйтіп коммерциялық банктер үшін өз ресурстарын тиімді орналастыру объектілері көбейді. Осының нәтижесінде коммерциялық банктердің табыс табу мақсатында өз ресурстарын орналастыру мүмкіндігі артты.
Активтер деп - тұтыну құны бар және табыс табу көзі болып табылатын, материалдық және материалдық емес игіліктердің жиынтығы.
Активтерді әр түрлі белгілеріне байланысты былайша жіктеуге болады:
- активтердің функционалдық формасына байланысты;
- шаруашылық процеске активтердің қатысу сипатына және олардың айналымының ерекшелігіне байланысты;
- активтерді қалыптастырудағы қаржылық көздердің сипатына қарай; банктік активтерді иеленудің сипатына қарай; басқарудың объектісі ретінде активтердің агрегаттану дәрежесіне байланысты; активтердің өтімділік дәрежесіне байланысты; банктің ағымдағы шаруашылық қызметінде қалыптасқан активтердің қолдану сипатына қарай; банкке қатынасы бойынша активтердің орналасу сипатына қарай.
Енді жоғарыда аталған активтер жіктемесіне кеңірек тоқталып өтейік.
Функционалды формасына байланысты негізгі үш түрлі материалдық, материалдық емес және қаржылық активтерді қарастыруға болады.
Материалдық активтер - бұл банк мүлкінің құндылықтарын сипаттайды, оған заттай мазмұны бар активтер жатады.
Материалдық емес активтер - бұл заттай мазмұны жоқ, бірақ шаруашылық қызметке қатысатын және табыс әкелетін банктің құндылықтарын айтамыз.
Қаржылық активтер - бұл қолма-қол ақша қаражаттар формасындағы банктің мүліктік құндылықтары және әр түрлі эмитенттердің бағалы қағаздары.
Шаруашылық процеске активтердің қатысу сипатына және олардың айналым ерекшелігіне байланысты, активтерді айналым және айналымнан тыс активтер болып екі түрге бөлеміз.
Айналым (ағымдағы) активтері - бұл банктің ағымдағы коммерциялық қызметін көрсететін және бір операционды цикл кезінде түгелімен өткізілетін банктің мүліктік құндылықтарының жиынтығын сипаттайды.
Айналымнан тыс активтер - бұл банктің мүліктік құндылықтарының жиынтығы, яғни шаруашылық қызметтің жеке циклдер процесінде көп рет қатысатын және өз құнының белгілі бір бөлігін өнімге беретін активтерді айтамыз.
Активтерді қалыптастырудағы қаржылық көздердің сипатына қарай жалпы және таза активтер деп бөлуге болады.
Жалпы (жиынтық) активтер - бұл шаруашылық қызметті қаржыландыруға арналған меншікті және тартылған капитал негізінде қалыптасқан банктің құндылықтарының жиынтығын білдіреді.
Таза активтер - бұл тек меншікті капитал есебінен қалыптасқан банктің құндылықтарының құндық жиынтығын сипаттайды. Банктің таза активтер құнын келесі формуламен анықтауға болады:
ТА = А - ТК, (1)
мұндағы, ТА - банктің таза активтер құны;
А - банктің балансты құнының барлық активтерінің жалпы сомасы;
ТК - банктің қолданылған тартылған капиталының жалпы сомасы.
Банктік активтерді иеленудің сипатына қарай меншікті, жалға алынған және өтеусіз түрде қолданылатын активтер деп бөлеміз.
Меншікті активтер - бұл банктің тұрақты иелігінде болатын және оның балансының құрамында көрініс табатын, сонымен қатар оларға меншік құқығы бар банктің мүліктік құндылықтарын айтады.
Жалға алынған активтер - бұл шаруашылық қызметті жүргізу үшін жал құқығымен (оперативті лизинг негізінде) алынған банктің мүліктік құндылықтарын айтамыз.
Өтеусіз түрде қолданылатын активтер - бұл банкке уақытша шаруашылық жүргізу үшін тегін негізде басқа шаруашылық субъектілермен берілген мүліктік құндылықтарды айтамыз және бұл активтер банк балансында көрсетілмейді.
Басқару объектісі ретінде активтердің агрегаттану дәрежесіне байланысты жеке актив, кешенді басқарылатын активтер тобы және банктің активтерінің жиынтық кешені деп бөлуге болады.
Жеке актив - шаруашылық басқарудың жалғыз, минималды бөлшектенген объектісі (мысалы: кассадағы ақша, банктің алған жеке акциялары, материалдық емес активтердің нақты түрі және т. б. ) болып табылатын мүліктік құндылықтардың бір түрін (немесе әр түрлілігін) айтамыз.
Активтер тобы - бұл бірдей принциптермен ұйымдастырылған және бірдей қаржылық саясатқа бағынған (мысалы: банктің дебиторлық қарызы, бағалы қағаздар портфелі және т. б. ) функционалды басқарудың кешенді объектісі болып табылатын мүліктік құндылықтарының бөлігін айтамыз.
Банк активтерінің жиынтық кешені - бұл банктің қолданатын активтерінің жалпы құрамын айтады.
Өтімділік дәрежесіне қарай банк активтерін жоғары өтімді, өтімділігі орташа, өтімділігі төмен және өтімсіз активтер деп бөлуге болады.
Өтімділігі жоғары активтер - бұл ағымдағы қаржылық міндеттемелерді уақытылы төлеммен қамтамасыз ету мақсатында, тез арада ақша формасына (әдетте бір айға дейін) конверсияланатын және ағымдағы нарықтық құнын аз немесе тіптен жоғалтпайтын, банктің мүліктік құндылықтарының тобын білдіреді.
Өтімділігі орташа активтер - бұл өзінің нарықтық құнын аз жоғалтумен, ақша формасына бір айдан алты айға дейінгі мерзімде конверсияланатын, банктің мүліктік құндылықтарының тобын білдіреді.
Өтімділігі төмен активтер - бұл тек белгілі бір кезең өткеннен кейін (жарты жыл немесе одан жоғары) өзінің ағымдағы нарықтық құнын жоғалтпайтын, ақша формасына конверсияланатын, мүліктік құндылықтарының тобын айтамыз.
Өтімсіз активтер - бұл жеке болып өткізілмейтін (олар толық мүліктік құндылықтардың кешенінде ғана сатылуы мүмкін), баланста банктің мүліктік құндылықтарының жеке түрлері болып көрініс табатын активтер.
Банктің ағымдағы шаруашылық қызметінде қалыптасқан активтерді қолдану сипатына қарай қолданылатын және қолданылмайтын активтер деп бөлеміз.
Қолданылатын активтер - бұл банктің операциялық немесе инвестициялық қызметіне тікелей қатысатын және оның табысының қалыптасуын қамтамасыз ететін банктің мүліктік құндылықтарының белгілі бір бөлігін айтамыз.
Қолданылмайтын активтер - бұл шаруашылық қызметтің өткен сатыларында қалыптасқан, бірақ әр түрлі объективті және субъективті себептерге байланысты қазіргі уақытта қолданылмайтын банктің мүліктік құндылықтарының бөлігін білдіреді.
Банкке қатынасы бойынша активтердің орналасу сипатына қарай ішкі және сыртқы активтер деп бөлеміз.
Ішкі активтер - бұл тікелей территориясында болатын банктің мүліктік құндылықтарын білдіреді.
Сыртқы активтер - бұл шаруашылықтың басқа субъектілерінде, жолда немесе жауапты сақталуда болатын банктің мүліктік құндылықтарын білдіреді.
1. 2. Базель стандарты. Банк активтерін жіктеудің критерийлері
Шведцарияның Базель қаласында халықаралық есепайырысу банкісі жанынан Европалық экономикалық қауымдастыққа мүше мемлекеттердің Орталық банкінің ұйғарымымен 1988 жылы Базель комитеті құрылды. Бұл комитет банк қызметтерін реттеудің мынадай принциптерін бекітті:
- коммерциялық банктердің капиталдық базасының біркелкі құрамын, құрлымын анықтайтын және қадағалап отыратын бір халықаралық орган болуы керек; коммерциялық банктердің капиталдық базасы екі деңгейден тұру керек: бірінші деңгей банктің негізгі капиталын құрауы керек, ал екінші деңгейде банктің қосымша капиталын құруы керек; банкте қолданылатын құжаттамалар және есеп айырысу тәртібі біріңғай халықаралық стандартқа сай келу керек; банктің екінші деңгейдегі қосымша капиталының мөлшері бірінші деңгейдегі негізгі капиталға байланысты шектелініп отыруы керек; банктің активтері өтімділік дәрежесіне сәйкес халықаралық стандартқа келтіріліп тәуекелдік дәрежесіне қарай жіктелуі керек.
1994 жылы Базель стандарты жарық көрді. Бұл стандартқа сәйкес банк қызметтерін реттеудің принциптері жиырма беске жетті.
Қазіргі кезде Европалық Одаққа кіретін жиырма бес мемлекет банк қызметтерін ұйымдастыруда осы Базель келісімін басшылыққа алып отырады.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының банк жүйесін реттейтін заңдар мен нормативтік актілерін қарастырып өтейік. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерді реттейтін заңдар мен нормативтік актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен екі ережені қарастырып өтейік, оларға: Ұлттық Банк Басқармасының 2002 жылдың 16 қарашасында №465 қаулысымен бекітілген «Активтердің, шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларды күмәнді және үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы провизия құру туралы («2003 жылдың 01 қыркүйегінен батап №327 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының қаулысына енгізілген өгертулер туралы») » Ережесі және Ұлттық Банк Басқармасының 2002 жылдың 03 маусымындағы №465 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтерді бекіту туралы» («2002 жылдың 26 қарашасынан бастап №467, 2003 жылдың 21 сәуірінен бастап №97, 2003 жылдың 07 маусымынан бастап №151, 2004 жылдың 16 ақпанынан бастап №36, 2004 жылдың 24 маусымынагн бастап №149 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының қаулыларына енгізілген өгертулер туралы») » Ережесі жатады.
Ал енді жоғарыда аталып өткен Ұлттық Банк Басқармасының 2002 жылдың 16 қарашасында №465 қаулысымен бекітілген «Активтердің, шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларды күмәнді және үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы провизия құру туралы («2003 жылдың 01 қыркүйегінен батап №327 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының қаулысына енгізілген өгертулер туралы») » Ережеге толықрақ тоқталайық.
Осы ереже «Бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» және «Банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жасалған және осы ережеде активтердің және шартты міндеттемелердің жіктелу реттілігі мен шарттары белгіленеді және оларды күмәнді және үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы провизиялар құру барлық екінші деңгейдегі банктерге және банктік операциялардың кейбір түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға міндетті болып келеді.
Активтерді және шартты міндеттемелерді жіктеудің негізгі принциптері жоғарыда келтірілген ережеге сәйкес, активтер деп - барлық жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде банктерге де талаптар болып табылады.
Активтерді және шартты міндеттемелерді жіктеу және олардың банктің бухгалтерлік есебіндегі көрінісі банкпен оның қарызгері (дебиторы) арасындағы келісімнің шарттарын өзгертпейді, соның ішінде банктің негізгі сомасынан (қарыздың) және олар бойынша толық көлемде сыйақы алуға және қажет болған жағдайда қарызгердің (дебитордың) келісімнің шарттарын бұзғаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар алу құқығына әсер етпейді.
Жіктеуге келесі активтер жатады, яғни барлық жеке, заңды тұлғаларға және банктерге талаптар, сонымен бірге Қазақстан Республикасының Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің талаптарын және бюджетке төленетін салықтар мен басқада міндетті төлемдер үшін есептеулерді ескермегендегі шартты міндеттемелер жатады.
Активті жіктеудің негізгі критерийі, бұл есептелген сыйақымен оның толық немесе бөлшектеп өтелуі, ал шартты міндеттемелер үшін банктің өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігіне байланысты болып келеді.
Активтер және шартты міндеттемелер стандартты және жіктелген болып бөлінеді.
Жіктелген актив деп - келісім шартқа сәйкес талаптар орындалмайтын активтер немесе олар бойынша талаптар толық көлемде немесе тіптен орындалмайтынын білгенде немесе анықталған талаптар болып табылады.
Жіктелген активтерге және шартты міндеттемелерге жатпайтын активтер мен шартты міндеттемелер стандартты болып есептелінеді.
Несиелерді жіктеу олардың қамтамасыз етілуінің сапасына байланысты және қарыз алушының қаржылық жағдайына, оның несиелік тарихына, бұрын банктерде қарыз алушының алған несиелердің жіктеу категориясына және олардың толық қайтарылу мүмкіндігіне және олар бойынша сыйақыларды есептеуге әсер етеін басқа факторларға байланысты жүзеге асады.
Бағалы қағаздардың жіктелуі тек банк портфелінде бар қарыздық бағалы қағаздар үшін жүргізіледі, сонымен қатар бұл қарыздық бағалы қағаздар баланста әділетті құн (нарықтық катеровкалар немесе бухгалтерлік есеп стандарттарында және Қазақстан Республикасының өзге заңдарында белгіленген басқада амалдар) бойынша қайта бағаланбауы тиіс.
Жіктелімге банктің инвестициялары және заңды тұлғалардың акциялары жатпайды.
Шетел эмитентінің «А» тобы рейтингінен төмен емес жеке рейтингі бар бағалы қағаздар немесе Қазақстан Республикасының резиденті эмитент болып табылатын және оның рейтингі Қазақстан Республикасының егеменді рейтингінің бір позициясынан төмен болатын жеке рейтингі бар бағалы қағаздар, сонымен бірге кешіктіру шарттары болмаған немесе төлемдерді толық төлемеген кезде Қазақстандық қор биржасының «А» категориялы ресми тізіміне қосылған бағалы қағаздар стандартты болып есептелінеді.
Банктер ай сайын және бір уақытта айдың бірінші күндеріне баланспен қоса Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің банктік қадағалау бөліміне активтерді және шартты міндеттемелерді жіктеу және олар бойынша провизиялар құру туралы есептерін өткізуге тиіс және бұл есеп төмендегі формада болуы тиіс.
Кесте №1
Банкаралық (банктік операциялардың кейбір түрлерін жүзеге асыратын банктер және ұйымдарға берілген) несиелерді жіктеу және оларға қарсы Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің провизиялар құруы 1
«___»200__жыл
Банк
мың теңге
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz