Коммерциялық банктерде несиелік процесті ұйымдастыру («Қазақстан Халық Банкі» АҚ тәжірибесінен)


Диплом жұмысы
тақырыбы: “Коммерциялық банктерде несиелік процесті ұйымдастыру”
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Коммерциялық банктерде несиелік процесті ұйымдастыру
кезеңдері мен ерекшеліктері
1. 1. Несиелік процесс, оның негізгі кезеңдері мен мазмұны . . . 5
1. 2. Несие беру жөнінде шешім қабылдау және несиені беру тәртібі . . . 13
1. 3. Клиенттердің алған несиені қайтару тәртібі . . . 16
2. Несиелік процесті коммерциялық банктерде ұйымдастыру
тәжірибесі («Қазақстан Халық Банкі» АҚ тәжірибесінен)
2. 1. Несиелік құжаттамаларға талдау . . . 21
2. 2. Қарыз алушы клиенттің несиелік қабілетін талдау . . . 30
2. 3. Несиелік шарт және оны жасаудың құқықтық негіздері,
несиелік мониторинг және несиенің мақсатты
пайдалануын бақылау . . . 55
2. 4. Несиелік процесті сапалы ұйымдастырудың несиелік
портфельді басқарудағы маңызы . . . 66
3. Несиелік процесті ұйымдастыруды жетілдіру жолдары
3. 1. Жеке тұлғаларды несиелеу процесін ұйымдастыруды жетілдіру . . . 71
3. 2. Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу процесін жетілдіру . . . 72
Қорытынды . . . 78
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 81
Қосымшалар . . . 83
.
К і р і с п е
Коммерциялық банктердің экономиканың нақты секторын және де сауда фирмаларын несиелендіруі - ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін әрі тиімді, әрі пайдалы.
Бүгінгі таңда капиталды жұмсау бәсекесінің артуы көрініс табады. Отандық банктер қарыз алушылар үшін несиелерді алуды жеңілдете бастады, несие беру процесі ықшамдалып, проценттік ставкалардың төмендеу тенденциясы байқалуда. Сонымен қатар коммерциялық банктер ұзақ мерзімді несиелерді бөліп отыр. Себебі, әдеттегі қысқа мерзімді, айналым капиталының толықтыру мақсатына бөлінген несиелер несиелік портфелінің көлемінің ауытқуына әсерін тигізеді. Банктер өздерінің ішкі несиелік саясаттарына сай несиелік талдаудың методикасын жасап, оны маркетингтік жоспарға сәйкес несиелендіретін салалардағы кәсіпорындардың несиелік қабілеттіліктерін сауатты анықтауда қолдануы қажет.
Диплом жұмысының өзектілігі. Біздің еліміздің банктік саласы - жоғары қарқынмен дамып келе жатқан экономикадағы салалардың бірі болып табылады. Банктік жүйе көпфункционалды - ол ақша-несие саясатын жүргізеді, тәуекелдерді бағалайды, есеп айырысуларды жүзеге асырады, клиенттерге көптеген дәстүрлі және дәстүрлі емес қызметтерді ұсынады. Соның ішінде халыққа несие ұсынады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында несие алу деген халықтың ойына кіріп-шықпаған болса, қазір керісінше несиесіз жұмыс жасау қиын. Кез келген кәсіпорын өзінің жұмысын бастау үшін немесе айналым-қаражаттарын толықтыру үшін банкке келіп, қорықпастан қарыз алады. Сондықтан несиені ұсынбастан бұрын банк дұрыс стратегия құруы қажет, яғни ол дегеніміз - біріншіден, дұрыс менеджмент; екіншіден, жалпы несие процесін дұрыс ұйымдастыру. Несиені қарыз алушыға ұсынған күннен бастап, сол несиені қайтару күніне дейін бақылау. Міне, осы жағдай маған осы тақырыпты таңдауға септігін тигізіп отыр.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты - несие процесін ұйымдастыруды талдап, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау.
Осы мақсатқа жету үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым:
- Несиелік процестің мазмұнын ашып көрсету;
- Несиелік процестің кезеңдерін толығымен ашып көрсету;
- Несиелік процесті сапалы ұйымдастырудың несиелік портфельді басқарудағы маңызын көрсету;
- Несиелік процесті ұйымдастырудың жетілдіру жолдарын қарастыру.
Диплом жұмысында зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің несие процесін ұйымдастыру.
Ал зерттеу мәселесі - несиелік құжаттамаларды талдаудан бастап, несиені қайтару тәртібіне дейінгі мерзімді қарастыру.
Бұл жұмысты жазуда теориялық негіз ретінде Қазақстан, Ресей және шетел экономистерінің жазған ғылыми еңбектері және Қазақстан Республикасының банкке байланысты нормативтік құжаттары қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы үш тараудан құрылған. Кіріспеде жұмыстың өзектілігін дәлелдей келе, мен, бірінші тарауда жалпы несие процесінің маңызын зерттеп, несиелеудің қызмет етіп жатқан механизмінің элементтерін қарастырадым.
Екінші тарауда несиелік процестің кезеңдерін ашып көрсетуге тырыстым.
Несиелік құжаттамаларға, қарыз алушы клиенттің несиелік қабілетіне талдау жасадым. Несиелік шарт және оны жасаудың құқықтық негіздері, несиелік мониторинг және несиенің мақсатты пайдалануын бақылау сияқты мәселелерді көрсеттім.
Екінші деңгейлі банктердің несиелік процесін жетілдіру қажеттілігі және даму перспективасы үшінші тарауда қарастырылып, бірқатар ұсыныстар жасалған.
1. Коммерциялық банктерде несиелік процесті ұйымдастыру кезеңдері мен ерекшеліктері
1. 1. Несиелік процесс, оның негізгі кезеңдері мен мазмұны
Екінші деңгейдегі коммерциялық банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен банкті ашу туралы рұқсат пен банктік операцияларды жүгізуге лицензия алған жағдайда ғана қызмет ете алады. Несиелеу келесідей заңдарға негізделіп жүргізіледі: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасында бантер және банктік қызмет туралы».
Банктер, несиелеу процесі кезінде, нарықтық қатынастардың орнығуына, қоғамдық өндіріс тиімділігінің артуына, еліміздің экономикасы мен қаржысының тұрақталуына, айналымдағы ақша массасының артылып кетуіне жол бермеуге, инфляциялық процесті тежеуге сонымен қатар, ұлттық валютаның тұрақталуына үлес қосулары керек.
Банктік қарыздар өндіріс тиімділігін яғни оның ғылыми-техникалық деңгейін арттыруға, өнімнің жаңа жоғарғы сапалы түрлерін шығаруға, халыққа түрлі қызметтерді көрсетуге, халыққа және экспортқа қажетті тауарлы-материалдық құндылықтарды шығаруға байланысты қызметтерді несиелеу үшін берулері қажет. Осыған қоса, банктер нарықтық инфрақұрылымның орнатылуын, сауда қарым-қатынастарының кеңеюін қолдап отыруы керек. Қарызды жоспарлауға, алуға, өтеуге байланысты сұрақтарға жауапты қарыз алушы өзі қызмет етіліп жатқан банктен таба алады. Яғни несиені бермес бұрын банк қарыз алушымен келісімшарт жасасады. Бұл келісімшартта несие процесі жайлы ақпарат толық әрі түсінікті берілуі қажет. Несиенің мерзімі, пайызы, сомасы сияқты мәліметтер келтіріледі.
Несиелеу мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік және қарыздың мақсатты жұмсалу шарттары негізінде беріледі. Банктер қарызды өздерінде бар ресурстар шегінде ұсынулары қажет.
Қысқа мерзімді несиелеудің қызмет етіп жатқан механизмі келесі элементтерді қарастырады:
- несиелеу объектілері;
- несиенің жоспарланған көлемі және оның мақсатты бағыттылығы;
- қарызды беру және өтеу шарттары, олардың қарыз алушы қызметінің жақсаруына үлесі;
- қарыз бойынша пайыздық мөлшерлемелер, олардың төмендеуі немесе ұлғаюы;
- қарыз алушының несие өтелмей қалған жағдайда ұсынатын кепілдігі (кепіл, кепіл зат, өкілділік және т. б. ) ;
- несиелеуге қажетті есептері мен мәліметтер тізімі, оларды қарыз алушыға ұсыну мерзімі және басқа да шарттары;
- несиелік келісімшартта берілген шарттардың ең болмаса біреуі бұзылған жағдайда қолданылатын жазалау шаралары.
Жалпы несие ұзақ, орта, қысқа мерзімді болуы мүмкін. Қысқа мерзімді несиелеу қарыз алушының ағымдағы қызметін ұлғайту үшін беріледі.
Несиелеу процесі мынандай кезеңдерді қамтиды:
- несиеге деген өтінішті қарау;
- несиелік қабілетін талдау;
- несиелік келісімшарт жасасу;
- несие беру;
- несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.
1 кезең. Банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау
Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі. Банктің қоятын талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік операциялар сипатына байланысты құжаттар беріледі. Клиенттердің әр түрлі топтары үшін әр түрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін. Мысал ретіндегі құжаттар пакетінің құрамына кіретіндер:
- құрылтайшылық құжаттардың, жарғының, жалға алу шартының, тіркелген куәліктерінің немесе патенттерінің; нотариалды түрде куәландырылған жерді пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар; азаматтардың төл құжаттары және клиенттің несие алуға құқығын растайтын басқа да құжаттардың көшірмесі;
- соңғы екі жылдық қарыз алушының балансы және оған қосымша беттер;
- несиеленетін шаралардың ретабельділік деңгейін және оның қайтарылу мерзімін сипаттайтын техникалық-экономикалық есебі;
- несиеленетін мәмілелерді растайтын келісімшарттар көшірмелері (материалдық құндылықтарды жабдықтауға және сатуға арналған шарттар, тауарлы-материалдық құндылықтар шотының көшірмелері және т. с. с. ) ;
- басқа банктерден алған несиелер туралы мәліметтер (шоттар бойынша көшірме) ;
- қамтамасыз ету мақсатында кепілге берілген мүлікке қарыз алушының меншік құқығын растайтын құжаттар;
- несиені қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын құжат;
- қызметін жаңадан бастаған, яғни қаржылық есептер және басқа да құжаттары жоқ кәсіпорынның бизнес жоспары.
Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз ететін басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады. Сонымен қатар, банкпен тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін. Қарыз алушы банкке несие алуға өтініш жасаған уақытта, банк несиелеудегі оның мүмкіндігін алдын ала бағалау үшін есеп карточкасын толтыруы мүмкін. Онда: фирманың жетекшісі мен қарыз алушының аты-жөні; қызметі және меншік түрі; клиенттің заңды мекен-жайы; ағымдық және валюталық шот ашқан банктің аты және реквизиттері; негізгі құрылтайшылары: ол сұрайтын несиенің мақсаты, сомасы және мерзімі; соңғы есептік күнге берілетін баланс құрылымы және басқа да көрсеткіштер.
Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз алушының алған несиесін қайтару қабілетін бағалаудың шешім қабылдау үшін аса маңызы бар. Бағалау техникалық-экономикалық есеп негізінде жасалады.
2 кезең. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі
Қарыз алушының несиелік қабілеті - қарыз алушының алған несиесі бойынша қарызды уақытылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне ықпал етеді.
Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынандай факторлар есепке алынады:
- несиеге қатысты қабілеттілігі. Қарыз алушыға несиені бере отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және нұсқаумен танысуға тиісті;
- қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сонымен қатар, келісімшартқа байланысты барлық міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі;
- табыс алу қабілеті. Банк қарыз алушының несиені қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.
Қарыз алушының табыс алу қабілетін анықтау барысында сату көлеміне, баға шығындарына, шығыстарға әсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл факторларға: қарыз алушы кәсіпорынның орналасқан жері, оның тауарлары мен қызметтерінің сапасы, шикізат құны, қызметкерлерінің біліктілігі жатады. Несиелеудегі шетелдік тәжірибеде бұл факторларға қоса жарнамалау тиімділігі, бәсеке сияқты факторлар ескеріледі.
3 кезең. Несиелік және кепіл туралы келісімшарт жасасу
Қазіргі несиелеудің басты ерекшеліктері бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісімшарт шешеді.
Несиелік келісімшарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және жауапкершіліктерін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі:
- несиелеу мақсаты және объектісі;
- несиенің мөлшері;
- несиені беру мерзімі және қайтару шарттары;
- несиені қамтамасыз ету формасы;
- несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі;
- несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі;
- несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі.
Несиелік келісімшарттың мазмұнын келісуші жақтардың өздері анықтайды.
Несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесінде кепіл туралы келісімшарттың орны ерекше. Кепіл туралы шарт кепіл затына байланысты ажыратылады.
Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктер және мүліктік құқықтар жатады.
Материалдық-заттық мазмұнына қарай кепіл заттары мынандай топтарға бөлінеді:
1. Клиенттің мүліктерінің кепілі:
1. 1. тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі:
1. 1. 1. шикізаттар, материалдар, жартылай өнімдер кепілі;
1. 1. 2. тауарлар және дайын өнімдер кепілі;
1. 1. 3. валюталық бағалылар (нақты валбталар), алтыннан жасалған бұйымдар кепілі;
1. 1. 4. басқа да тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі;
1. 2. бағалы қағаздар кепілі;
1. 3. сол банктегі депозиттер кепілі;
1. 4. жылжымайтын мүлік кепілі.
2. Мүліктік құқықтар кепілі:
2. 1. жалгерлік құқық кепілі;
2. 2. авторлық құық кепілі;
2. 3. жерге құқық кепілі.
Кепіл туралы келісімшартта мынандай мәселелер қарастырылады:
- келісімшарт жасасушы тараптар туралы мәліметтер;
- келісімшарт заты;
- кепіл берушінің құқықтары мен міндеттері;
- кепіл ұстаушының құқықтары мен міндеттері;
- талап ету құқықтары;
- кепілге қойған мүлікті қайта рәсімдеу, басқа мүлік есебінен;
- кепілге қойған мүліктің бұзылуына байланысты тәуекел жағдайлары мен кепіл затын ауыстыру;
- тараптардың жауапкершіліктері;
- ерекше шарттар;
- дауларды шешу;
- басқа шарттар;
- кепіл туралы келісімшарт жасасудың заңды мекен-жайы мен өзге де мәліметтер.
4 кезең. Несие беру кезеңі
Бұл кезең ағымдық шот ашу, несиені беруді құжаттау тәртібін (қосымша құжаттар толтырылуы мүмкін), несиені беру тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды.
Несиенің көлеміне байланысты әр түрлі берілу тәсілдері болады. Біріншісі - несие клиенттің шотына толығымен аударылып, қажет болған жағдайларда жұмсалынады. Екіншісі - несие алу құқығы қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктің туындауына байланысты біртіндеп іске асады. Үшінші - белгілі бір соманы алуға клиенттің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас тартады (мысалы, артық сыйақы төлегісі келмейді) .
Несиенің мөлшері оны беру барысында несиелеу ережелеріне сәйкес анықталады.
5 кезең. Несиені қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасау - несиелік операцияның маңызды кезеңі
Несиелер бойынша қарызды қайтару тәсілі банк қаражаттарының пайдалану ұзақтығына және олардың төлем айналымын құраудағы рөліне байланысты.
Несиенің берілуі сияқты несиені қайтарудың бірегей жасалған үлгісі жоқ.
Іс жүзінде несиені қайтарудың төмендегідей көптеген варианттары болады:
- мерзімді міндеттемелер негізінде эпизодтық қайтару;
- меншікті қаражаттардың жинақтауының және несиеге деген есеп айырысу шотына қажеттіліктің азаю шамасына қарай қайтару;
- алдын ала белгіленген сома негізінде жүйелі түрде қайтару;
- түскен түсімді бірден несиелік қарызды жабуға есептеу;
- несиенің қайтарылу мерзімін созу;
- мерзімі өткен қарызды «Мерзімі өткен несиелер» шотына аудару;
- банк резерві есебінен мерзімі өткен несиелерді шегеру.
Несиелік қарызды қайтару туралы қарастырылған варианттар бұл процесті мынандай белгілеріне байланысты жіктейді:
Қайтаруына қарай:
1) несиені толық қайтару;
2) несиені жартылай қайтару.
Қайтару жиілігіне қарай:
1) несиені бірден қайтару;
2) несиені бөліп-бөліп қайтару.
Қайтарудың жүзеге асырылу уақытына қарай:
1) несиені жүйелі түрде қайтару;
2) несиені эпизодтық қайтару.
Қайтару мерзімдеріне қарай:
1) несиені мерзімді қайтару;
2) несиенің уақытын созып қайтару;
3) несиенің мерзімін өткізіп барып қайтару;
4) несиені мерзімінен бұрын қайтару.
Қайтару көздеріне қарай:
1) клиенттің меншікті қаражаттары;
2) жаңа несиені пайдалану;
3) кепіл берушінің шотынан шегеру;
4) басқа кәсіпорын шотынан түскен қаражаттар;
5) бюджеттік түсім және т. б.
Несиенің қайтарылуын арнайы құжат арқылы жасауға да, жасамауға да болады. Несиенің қайтарылуын негіздейтін құжаттарға: клиенттің жазбаша үкімі, банктің өзінің үкімі, соттың бұйрықтары жатады. Клиенттің өзінің шотынан ақшалай қаражаттарды шегеру туралы берген үкімі жазбаша да және ауызша да болады. Несиенің қайтарылуы қағазсыз, яғни байланыс каналдары арқылы да жүзеге асырылады.
Несиенің қайтарылуына бақылау жасау үшін банкте несиелер бойынша мерзімді міндеттемелердің картотекасын жүргізеді. Банк қызметкерлері күнделікті қайтарылатын мерзімі жеткен несиелерді қарай отырып, қарыз алушының есеп айырысу шотынан қаражаттарды шегеруге үкім-ордерін береді. Жартылай қайтаруға байланысты төлемдер уақыты жеткен кезде мерзімді міндеттеменің келесі бетіне тиісті белгілерін жасайды. Егер де қарыз алушының ағымдық шоты басқа банкте ашылған болса, несие бойынша қарызды және сыйақыны қайтару қарыз алушының төлем тапсырмасы негізінде жүргізіледі. Жекелеген жағдайларда, қарыз алушының уақытша қаржылық қиындықтарға кезігуіне байланысты банк қайтару мерзімін кейінге қалдыруға рұқсат етуі мүмкін, бірақ бұл қарыз жоғарғы сыйақымен құжатталады.
Сыйақы мөлшері оны төлеу мерзімі және тәртібі, сондай-ақ оларды іздестіру механизмі несиелік келісімшартта анықталады. Сыйақы ай сайын, тоқсан сайын және т. б. есептелуі және қайтару кестесіне сәйкес іздестірілуі мүмкін.
Пайызды есептеу барысында шартты түрде айдағы күндер саны - 30, ал жылдағы 360 күнмен алынады.
Банк несиелік келісімшарттың орындалуына, қарыз алушының алған несиені пайдалануына және оны толық қайтаруына бақылау жасайды. Осы мақсатта қарыз алушының шаруашылық қызметіне, оның қаржылық жағдайына талдау жасап, қажет болған жағдайларда, орнында ақшалай және есеп ейырысу құжаттарын, бухгалтарлік жазуларды, есептік материалдарды тексереді. Осы жерде қарыз алушыдан алған барлық қаржы ақпараттар түрлері мен басқа да ақпараттар, сондай-ақ басқа да көздер пайдаланылады. әрбір банктің өзінің клиенттің несиелік ісін жүргізі жүйесі болады.
Несиелік келісімшартқа байланысты өз міндеттемелерін орындамаған қарыз алушыларға қатысты банк қарыз алушыға әрі қарай несиелеуді тоқтату туралы ескерту жасауға; несиелік шартында қарсатырылғандай беруді тоқтатуға құқығы бар. Қарыз алушы несиелік келісімнің шарттарын жүйелі түрде орындамаған жағдайда банк несиені мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.
Несиелеу процесіне жасалатын бақылау банктің несиелік портфелін мерзімді түрде тексеріп отырумен де толықтырылады. Өйткені банктің несиелік портфелі оның табыс көзі және несиелік операцияларды жүргізу барысындағы тәуекел көзі болып табылады.
1. 2. Несие беру жөнінде шешім қабылдау және несиені беру тәртібі
Кез келген банктерде сияқты, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да да клиентке қарызды беру несиенің мақсаты бағытына байланысты дербес шоттар арқылы жүзеге асырылады. Өнімді өткізуден түскен түсім және басқа да ақшалай қаражаттар қарыз алушының есеп-айырысу шотына келіп түседі. Несие несиелік келісімшартта көрсетілгендей қарыз алушының тауарлы-материалдық құндылықтар мен қызметтер бойынша есепті - қаржылық құжаттардың төлемін жүргізуге, аккредитивтерді ашу және қарыз алушының басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін есеп-айырысу шотында қаражаттар таусылған жағдайда беріледі. Ал кейбір жағдайларда, есеп-айырысу шотында қаражаттар болса да, банк басшысының рұқсатымен несие тауарлы-материалды құндылықтар мен көрсетілген қызметтер үшін шоттар бойынша төлем жүргізілуі мүмкін. Несиені ұсыну процесі несиелік келісімшартта көрсетілгендей бір жолғы, күн сайын және басқа мерзімде жүргізілуі мүмкін. Бір жолғы несиелер бір жолғы контракт пен келісімшарт үшін шоттар бойынша төлем жүргізуге беріледі.
Толық несиелерді толық алмау мақсатында ай сайын несиені қамтамасыздандыруды тексеріп отыру қажет. Егер ссудалық қарыздан қамсыздандыру қалдығы асып түссе, яғни қарыз алушының өтініші (ходатайство) бойынша қамсыздандырудың артықшылығы байқалса, онда банк қарызды ең алдымен кешіктірілген несиені жабу үшін беріледі, ал қалған қаражат есеп-айырусу шотына түседі.
Несиелік келісімшартта көрсетілген несиені беру және өтеу ережелері мен шарттарына сәйкес, банктің несиелік бөлімшесі несие беру туралы өкім дайындайды. Егер клиент шаруашылық субъект атынан бірінші рет келіп тұрса, ол кәсіпорын атынан жұмыс істеуге рұқсат қағазын тексеру керек. Несие әдетте қолма-қолсыз түрде беріледі. Алайда банк басшылығының шешімі бойынша кейбір жағдайларда, мысалы жеке тұлғаларды несиелендіру кезінде, сонымен қатар тұтыну несиесін ұсынған жағдайда қарыз қолма-қол түрде берілуі мүмкін.
Қазіргі кездегі несиелендіру тәжірибесінде банктік несиені арнайы ссудалық шоттар арқылы беруде. Бұл жағдайда түсім арнайы ссудалық шотқа келіп түседі, өткізілген тауар мен өнім бойынша шаруашылық органдардың есеп-айырысу шоттарына бөлінеді. Бұл тәртіппен сауда, дайындау, жадбықтау ұйымдары несиелендіріледі, өйткені мұндай ұйымдарда тауарлы-материалдық құндылықтар айналымы тез жүріп отырады.
Несиелеу процесі кезінде банк қарызды қамтамасыздандыруды, қорлар мен шығындардың нақты жағдайын, дебиторлық және кредиторлық берешектерді қадағалап отыру қажет. Егер банк қарыз алушының қорлар немесе шығындар бойынша қалдықтардың төмендегенін байқаса, онда ол қоймалық немесе бухгалтерлік есепті тексереді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz