Лизингтік бизнес. Қазақстан Республикасында лизингтік бизнесті басқару жүйесін талдау


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

1. Лизингтік бизнестің қалыптасуының теориялық
негіздері

1. 1 Лизингтік бизнестің экономикалық мәні 6

1. 2 Отандық нарықтардағы лизингтік бизнестің
қалыптасуы мен даму ерекшеліктері 16

1. 3 Лизингтік қатынастарды ұйымдастыру аспектілері 20

2. Қазақстан Республикасында лизингтік бизнесті басқару жүйесін талдау

  1. Қазақстандағы лизингтік қатынастардың дамуының ағымдықжағдайын талдау 32
  2. Лизингтік қатынастарды басқаруды реттеу жолдарын дамыту 46
  3. Лизингтік қатынастардағы тәуекелділіктерді басқару мәселелері. 58
  4. Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерінжетілдіру жолдары 68

Қорытынды 82

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 85

Қосымша 90

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан экономикасының барлық салаларында нарықтық қатынастарға негізделіп жүргізілген реформалар тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталғандықтан, қазіргі уақытта ҚР-ның экономикасының алдындағы маңыздылығы өте жоғары міндеттердің бірі соңғы жылдары өз уақытында жасалынған құрылымдық реформалардың және тиімді жүргізілген экономикалық реттеудің арқасында қол жеткізілген макроэкономикалық көрсеткіштерге тұрақтылық және жаңа сапалық сипат беру. Сондықтан да Ел басшысының Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында «экономиканы әртараптандыруға бағытталған Индустриалды-инновациялық стратегияны іске асыру қажет» деп айқындалып берілуі бекер болмаса керек [1, 156] .

Қазіргі кезде біздің мемлекетіміз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды, яғни отандық өндірісті дамытуға кірісе бастады. Ал отандық өндірісті, сол арқылы отандық өнімдердің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекелестік қабілеттілігін дамытудың маңызды шарттарының бірі өндіріске ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін енгізу негізінде оған қызмет көрсететін негізгі қорлардың сапалық жағдайын жоғарылату болып табылады. Себебі, нарықтық экономика жағдайында жұмыс істейтін кәсіпорындардың бәсекелестік қабілеттілігі және өндірілген өнімдері мен көрсетілген қызметтерінің сапасы, көбінесе олардың пайдаланатын негізгі қорларының технологиясы қаншалықты деңгейде қазіргі заман талаптарына сай екендігіне байланысты. Сондай-ақ, бізге ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудің классикалық факторларының бірі өндірістік база немесе өндірістік аппарат болып саналатындығы да белгілі. Сондықтан да, бүгінгі күнгі мемлекеттің ұзақ мерзімді болашақтағы стратегиялық мақсаты ҚР-ның тиімді және тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге қабілетті өндірістік аппаратты құру болып табылады. Осы арада Қазақстанның барлық негізгі қорларының шамамен 50-70%-ға дейінгі мөлшерінің ескіргенін және жақын уақыт аралығында айырбастауды талап ететінін ескере кеткен жөн. Пайдаланылуда жүрген негізгі қорлардың өте көп бөлігінің ескіруі және өнеркәсіптің өңдеу салаларына жұмсалып отырылған инвестициялар көлемінің өте төменгі деңгейі отандық өнімдердің бәсекелестік қабілеттіліктерінің төмендеуіне әкеліп соғады. Қазіргі кезде еліміздің ұлттық банктік жүйесінің экономика салаларының несиелік ресурстарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктері жылдан-жылға жоғарылағаны-мен, банктік несие есебінен кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңарту қажеттіліктерін толық қанағаттандыру мүмкін емес. ҚР Қаржы министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек еліміздегі кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңарту үшін қазіргі таңда 800 млрд. теңгеден аз емес мөлшерде инвестициялар талап етіліп отыр [2, 66] . Бүгінгі күні бұл көрсеткіш барлық коммерциялық банктерден бөлінген несиелер көлемінен шамамен екі есеге жуық жоғары. Осындай тығырықтан шығудың негізгі жолы, біздің ойымызша, лизингтік қатынастарды негізгі қорларды инвестициялаудың тиімді, ыңғайлы құралы ретінде дамыту болып табылады. Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде, лизингтік қатынастар экономиканың нақты секторына инвестиция тартудың негізгі құралдарының бірі бола отырып, прогрессивті технологиялар негізінде ескірген өндірістік базаны жаңартуға және шаруашылық субъектілері үшін тиімді шарттармен негізгі өндірістік қорларды сатып алуга мүмкіндіктер беретін инвестициялық қызметтің ерекше түрі ретінде кең түрде танылуда. Лизингтің басқа қаржылық құралдармен салыстырғандағы артықшылықтарына қарамастан, экономикалық қатынастардың бұл нысаны ҚР-да өте баяу қарқынмен дамуда және бұл мәселе біздің республикамызда әзірге кешенді зерттеулер объектісіне айнала қойған жоқ. Инвестициялардың жалпы көлеміндегі лизингтік операциялардың үлесі бүгінгі таңда тек 1, 9% ғана құрап отырғандығын, ал шет елдерде бұл көрсеткіш 15-30% аралығында екендігін және Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңі үшін лизингтік қатынастарды дамытудың өте өзекті болып табылатындығын ескерсек, сол қатынастарды дамыту жолдарын айқындау және оларды басқару тетіктерін жетілдіруді ғылыми негіздеу қажеттілігі туындайтыны түсінікті. Осы мақсатта еліміздегі лизингтік бизнес нарығындағы төменгі іскерлік белсенділіктерді және қазақстандық экономика үшін лизингтік бизнесті басқару тетіктерін зерттеу объектісіне айналдыру қажет. Дипломдық жұмыстың тақырыбы ретінде осы объектіні алуымыз да сондықтан.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындагы лизинг бизнесіне кешенді түрде талдау негізінде оларды басқару тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау болып табылады.

Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттерді шешу қарастырылады:

  • лизингтік қатынастардың экономикалық мәнін зерттеу және теориялық тұрғыдан негіздеу арқылы, оның өзіне тән барлық ерекшеліктерін ескере отырып, «лизингтік қатынастар» түсінігін нақтылау;

- әлемдік тәжірибедегі лизингтік қатынастардың қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін жете талдау арқылы, олардың кейбір тиімді жақтарын қазақстандық тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін анықтау;

- лизингтік қатынастарды ұйымдастырудың әртүрлі нысандарының экономикалық артықшылықтары мен іске асырылу ерекшеліктерін жан-жақты зерделеу;

  • Қазақстандағы лизингтік қатынастардың дамуының ағымдық жағдайына талдау;
  • инвестициялаудың бір нысаны ретіндегі лизингтің артықшылықтарын салыстырмалы түрде көрсету арқылы, лизингтік қатынастардың экономикалық тиімділігін бағалау;

- ҚР-дағы лизингтік қатынастарды әртүрлі деңгейлерде басқару қажеттіліктерін негіздеу арқылы, оларды реттеуді ұдайы жетілдіріп отыру керек екендігін дәлелдеу;

  • лизингтік келісімдегі тәуекелділіктерді ескере отырып, лизингтікқатынастарды басқару мәселелерін зерттеу;
  • Қазақстандағы лизингтік атынастарды басқару тетіктерін жетілдіру жолдарын анықтау.

Зерттеу пәні ретінде ҚР-ның экономикасының әртүрлі салаларындағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру жолдары қарастырылады.

Зерттеу объектісіне лизингтік операцияларды іске асыру нәтижесінде ҚР-ғы әртүрлі ұйымдар арасында пайда болатын лизингтік қатынастар және оларды басқару үдерістері алынды.

1. ЛИЗИНГТІК БИЗНЕСТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Лизингтік қатынастардың экономикалық мәні

Лизингтік қатынастар жақын уақыт аралығында пайда болған, бірақ коммерциялық қызметтің басқа түрлерімен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары мен тиімділіктерінің әсерінен өте кең таралған қатынастар қатарына жататындықтан, біз ең алдымен экономикалық әдебиеттерде әлі де болса пікір-талас тудыратын сұрақтардың бірі лизингтік қатынастардың теориялық негіздеріне тоқталайық. Лизингтік қатынастардың теориялық негіздері бойынша белгілі-бір нәтижеге, оның экономикалық мәнін дұрыс түсіну және ішкі қозғалысы мен даму заңдылықтарындағы қарама-қайшылықтарды айқындау арқылы ғана қол жеткізуге болады деп ойлаймыз. Сондықтан да, лизингтік қатынастардың экономикалық мәнін дұрыс түсіну үшін, ең алдымен оның қалыптасуына қандай алғы-шарттардың әсер еткенін анықтап алу қажет. Австриялық экономист В. Хойердің тұжырымдамасы бойынша «лизинг» туралы түсінік оған деген көзқарастардың әртүрлі болуына байланысты өзіне бірден жол аша алған жоқ. Бірақ қаржыландырудың басқа нысандарымен салыстыру кезінде қол жеткізілген жақсы нәтижелер және лизингтік қатынастардың артықшылықтары туралы белсенді түрде жүргізілген насихаттар оған экономикадағы тануды қамтамасыз етті [4, 1106] . Сонымен бірге, лизингтік қатынастардың кең таралуына әсер еткен себептердің қатарына «кәсіпорын неғұрлым тез қарқынмен үлкен табыстарға қол жеткізген сайын, олардың капиталдарға деген мұқтаждықтары да соғұрлым жоғарылайды. Кәсіпорын пайдасының қайтадан айналысқа қосылып отырғанына қарамастан, қосымша капиталдарға деген қажеттіліктердің көбеюі жалғаса береді» [5, 71-726] және экономикалық өсу қарқыны төмендеген сайын, өндірісті ұлғайту мүмкіндіктерінің қысқаруы, өндірісті жақсарту, арзандату, жетілдіру мақсатымен қолданылатын шаралар есебінен орны толтырылуы қажет, бұл болашақта өндірісті қайта жабдықтау үшін жаңа инвестициялар тартуды талап етеді. Сонымен бірге, жаңа технологияларды өндіріске енгізу қажеттіліктерінің үнемі жоғарылап отыруы, өз кезегінде өндірісті рационализациялауға инвестициялар бәсекелестігінің күшеюін тудырады делінетін экономика заңдарын мысал ретінде келтіруге болады [6, 196] .

Қазіргі уақытта шетелдік және отандық әдебиеттерде «лизингтік қатынастар» түсінігі өте кең мағынада түсіндіріледі. Бір жағынан, осы түсініктің экономикалық мәнін дұрыс түсінбеумен де байланысты. Сондықтан, бүгінгі таңда жақын шетелдік және отандық экономикалық әдебиеттерде "лизингтік қатынастар" түсінігінің өте көптеген анықтамалары кездеседі. Себебі, лизинг әртүрлі экономикалық қатынастарға қатысты болғандықтан, оның мәні мен ролі теориялық және тәжірибелік тұрғыдан әртүрлі қарастырылады. Соған байланысты, бүгінгі күні әдебиеттерде «лизинг» түсінігінің бірыңғай және оның барлық белгілерін толық қамтитын анықтамасы жоқ деуге болады. Оған себеп осы жаңа қаржылық құралдың барлық нысандары мен белгілерін толық түрде бір анықтамада қамту мүмкін емес. Өйткені лизинг түсінігі кең мағынада қаржылық-коммерциялық, сервистік және қүқықтық аспектілерді де қамтиды. Міне, осыған байланысты лизингтің кез-келген анықтамасы шектеулі болып саналады деген тұжырыммен толық келісуге болады [7, 336] .

«Лизинг» термині «to lease» делінетін ағылшын етістігінен аударғанда «жалдау», «жалға алу», «жалға беру» немесе «жалдау туралы келісім-шарт» деген мағынаны білдіреді. Соған байланысты, жалпы бүгінгі күні қоғамда «лизинг» түсінігімен байланысты түсініспеушіліктер өте көп кездеседі. Мысалы, отандық тәжірибеде осы екі термин белгілі-бір мағынада бір-бірінен бөлініп қарастырылады, яғни жеке нормативтік құжаттарда «жал» және «лизинг» деген жеке түсініктер енгізілген. Басқаша айтқанда, жал операцияларының бір бөлігі «лизинг» деген шетел сөзімен аталған. Сондықтан жалпы қоғамда экономикасы дамыған елдерде «жал» және «лизинг» деп аталатын бір-бірінен ерекшелінетін екі операция бар деген пікір қалыптасқан. Бірақ олай емес. Себебі, шынында отандық нормативтік құжаттарына «лизинг» деп аталатын ерекше операция енгізілгенімен, ол жал қатынастарының жеке элементі болып табылады. Сондықтан «lease» делінетін ағылшын тілді терминнің мәні көптеген елдерде жалпы түрде жал қатынастарымен теңестіріледі, ал Қазақстанда «лизинг» түсінігі жал қатынастарының белгілі-бір бөлігін көрсету үшін пайдаланылады. Оған дәлел ретінде, ҚР Азаматтық кодексінің ерекше бөлімінің 564-бабында мүлік жалдау шартының жекеленген түрлеріне және жекеленген мүлік түрлерін жалдау шартына лизингтің де жататыны көрсетілгенін айта кетуге болады [10, 1766] .

Жал қатынастары, олардың экономикалық тиімділіктері туралы теориялық сұрақтарды алғаш рет 1970 жылдардың басында американдық экономист М. Гордон зерттеген. Ол «жал - бұл жалға беруші, яғни мүліктің меншік иесі жалға алушыға алдын-ала анықталған мерзім аралығында және екі жақтың өзара келіскен жал төлемдерімен пайдалануға беру туралы келісім» деп түсініктеме береді [11, 45] . Сонымен бірге, жал операцияларының өте көптеген түрлерінің кездесетінің айта келіп, оның неғұрлым кең тараған үш түрін атап көрсеткен. Олар:

  1. тікелей жал;
  2. сату типі бойынша жал;
  3. тікелей қаржылық («тұтқалық») жал.

Тікелей жал операциясы жалға берушінің меншігі болып табылатын активтерді жалға алушыға пайдалануға мүмкіндіктер береді. Бұл үшін жалға алушы жалға берушіге жарналар төлейді. Тікелей жал туралы келісімде көбінесе, жалға берушінің активтерге қызмет көрсету де қарастырылады. Бұндай келісімдерді қызмет көрсетумен байланысты жал деп атайды. Осы тікелей жалдың тағы бір ерекшелік белгісі келісімді тоқтату туралы шарт болып табылады, яғни, жалға алушыға келісілген кезеңде жалдан бас тарту туралы шешім қабылдауға құқық береді.

Сату типі бойынша жал кезінде компания көп жағдайда өзі сатып алған активті басқа тұлғаға сатады, содан кейін олар сол активті сатушының қайтадан жалға алатыны туралы келісім-шарт бекітеді. Активтің жаңа иесі меншік құқығын және сонымен байланысты барлық тиімділіктерді иеленеді. Ал, жалға алушы өзіне қажетті активті қайтадан пайдалануға алады және оны сатудан түскен қаражаттарды да иеленеді.

Тікелей каржылық жал кезінде жал операцияларының басқа екі түрінде кездеспейтін қаржылық «тұтқа» пайдаланылады. Үшінші жақ - кредитор -жалға берушіге жалға беру үшін сатылып алынатын активтерді сатып алу үшін қажетті ақша қаражаттарының көп бөлігін береді. Жал қатынастары бойынша барлық келісімдердің 85% көбі осы тікелей қаржылық жал операцияларына жатады [12, 3016] . Бұл жерде кредитор ролін коммерциялық банктер орындағандықтан, көптеген банктердің баланстық есептерінде лизинг бойынша дебиторлық борыш деген жаңа жол пайда болды [13, 1216] .

М. Гордонның жал теориясын негізгі ала отырып және жал операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу ерекшеліктерін ескере отырып, әлемдік тәжірибеде жал операцияларының жалпы түрде қабылданған екі категориясы бөлініп көрсетіледі: қаржылық және операциондық.

Жоғарыда көрсетілген жал операцияларының алғашқысы операциондық жалға, ал қалған екеуі қаржылық жалға жатқызылады.

Көптеген елдерде: «қаржылық жал - бұл барлық тәуекелділіктер жалға алушыға өтетін келісім» дегенді білдіреді. Ал, осы тәуекелділіктердің және жалға алынған мүліктерді пайдаланудан түскен табыстардың жалға берушіден жалға алушыға өтетінің анықтау үшін бірқатар белгілер анықталған. Мысалы, АҚШ-та қаржылық есепті стандарттау басқармасы 1977 жылдан бастап лизингтің көмегімен іске асатын сатып алу операцияларын шектейтін қаулы шығарды. 1977 жылға дейін фирмалар әртүрлі құрылғыларды лизингке ала отырып, олардың құнын өз баланстарында көрсетпеуге құқылы болған, яғни, қарыз сомасы баланстан тыс есептерде жүргізіліп отырылған.

Егер жал туралы келісім осы шарттардың ең аз дегенде біреуін қанағаттандыратын болса, онда мүлік қарыздық міндеттемеге корреспонденцияланып актив ретінде жалға алушының балансында көрсетіледі. Сонымен бірге, баланс пассивінде «қаржылык жал» бойынша міндеттеме деп көрсетілуі қажет болды. Егер лизингтік келісім жоғарыда көрсетілген шарттардың ешқайсысын қанағаттандырмаса, онда мүлік жалға алушының балансына қосымша ретінде керсетілуі (есепке алынуы) қажет болды, яғни ол операциондық жал деп сипатталды [15, 216] . Сонымен, біздің түсінігіміздегі «лизинг» көптеген елдерде қолданылатын «қаржылық жал» түсінігімен сәйкес келеді деген қорытынды жасауға болады. Сондықтан да, біз өзіміздің алдымызға лизингтік қатынастарды жеке экономикалық категория ретінде экономикалық қатынастардың белгілі-бір ішкі құрылымын, яғни оның басқа ұқсас категориялардан ерекшелігін көрсететін мәнін неғұрлым толық ашуды міндет етіп қойдық.

Соңғы он бес жыл ішінде әртүрлі отандық және жақын шет елдердің экономистерімен лизингтік қатынастардың экономикалық табиғатын көрсететін көптеген теориялардың құрылғаны белгілі. Лизингтік қатынастарға байланысты пікірлер мен бағыттарға қарсы ойлар айтатын және соған байланысты өзіндік көзқарастарын негіздейтін жұмыстар өте жиі кездеседі. Мысалы, авторлардың белгілі-бір үлкен тобы лизингтік қатынастарды мүліктерді уақытша пайдалануға, яғни жалға беру үдерісінде қалыптастын қатынастар ретінде қарастыра отырып, «лизингтік қатынастар - бұл машиналарды, құрылғыларды және инвестициялауға бағытталған т. б. тауарларды ұзақ мерзімді жалға беру кезінде лизингке беруші мен лизингке алушының арасында қалыптасатын қатынастар және жалға берілген мүліктерге деген меншік құқығы жалгерлік мерзім аралығында лизингке берушіде сақталады» десе [16, 146], ал экономистердің тағы бір тобы лизингтік қатынастар - бұл мүліктерді уақытша пайдалануға беру үшін өз меншігіне сатып алу бойынша экономикалық қатынастар жүйесі деп қарастырады. Ал оқымыстылардың тағы бір тобы оны мүліктерді уақытша үзақ мерзімді жалға беру кезінде қалыптасатын қатынастар деп тұжырымдайды. Осы пікірлердің барлығы «лизингтік операцияларды іске асыру бойынша экономикалық қатынастар екі бағытта көрінеді: сатып-алу-сату бойынша қатынастар және мүліктерді пайдаланумен байланысты қатынастар. Екі бағыт бір-бірімен өте тығыз байланысты. Бірақ лизингтік төлемдер төлей отырып, мүліктерді уақытша пайдалануға беру бойынша қатынастар маңызды болып саналады» деген ойлармен негізделеді.

Біздің ойымызша "лизингтік қатынастар" түсінігінің мәнін ашатын жоғарыда келтірілген анықтамалар дұрыс болып саналғандығымен, олар толық болып табылмайды. Себебі, көрсетілген анықтамалар лизингтің көмегімен шешілетін негізгі мақсаттар мен міндеттерді толық ашып көрсетпейді. Соған байланысты лизингтік қатынастарды жалға беру қатынастарымен толық сәйкестендіретін анықтамалар біздің лизинг туралы түсініктерімізбен сәйкес келмейді. Өйткені, мұндай түсініктер лизингті өте тар шеңберде түсіндіреді және де бүгінгі шаруашылық қатынастарының нысанын толық түрде ашпайды. Сондықтан да, жалға беру және лизинг түсініктеріне ортақ және олардың бір-бірінен өзгешеліктерін көрсететін белгілерін қарастырғанды жөн санаймыз.

Жалға беру - бұл дәстүрлі түрде жалға беруші өз меншігіндегі активтерді белгілі-бір ақы төлеу шарттарымен жалға алушыға уақытша пайдалануға беруі деп түсіндіріледі [21] . Бұл жағдайда жалға берілетін актив жалға берушінің меншігі болып табылады. Осы көрсетілген анықтамаға байланысты, жалға беру және лизинг түсініктеріне ортақ келесідей белгілер бар:

- Екі жағдайда да міндетті түрде, бір жақтың - белгілі-бір құрылғыларды уақытша пайдалануға алуға тілектері болса, ал екінші жақтың - осы қызметтерді көрсетуге тілектері және мүмкіндіктері болады.

- Екі келісім-шарттың кез-келгені тек ақы төлеу шартымен ғана іске асырылады, яғни келісім-шарт бекіту кезінде өзара келісілген негізде көрсетілген қызметтер төленеді.

- Лизинг ретінде де жалға беру ретінде де жылжымалы (көлік құралдары, қүрылғылар және т. б. ) және жылжымайтын (ғимарат, жер, қондырғылар және т. б. ) объектілер берілуі мүмкін.

Міне, жалға беру мен лизингтік қатынастарды салыстыру кезінде осындай екеуіне де ортақ жалпы белгілерді бөліп көрсетуге болады. Бірақ біз үшін неғұрлым маңыздысы оардың араларындағы өзгешеліктерді көрсету болып табылады. Мүндай өзгешеліктерге темендегілерді жатқызуға болады:

- Жалға беру туралы келісім-шартта меншік қатынастары мүлдем көрсетілмейді. Керісінше, лизингтік қатынастар кезінде осы сұрақ маңызды мәселе ретінде міндетті түрде кездеседі.

- Лизингтік қатынастар кезінде лизингке алушы және лизингке берушімен бірге лизингке берілетін мүліктерді сатушы тұлға да қатысады.

- Лизингтік қатынастар кезінде лизингке алушы өте белсенді роль атқарады, бұл ерекшелік жалға беру қатынастарына тән емес. Яғни, лизинг кезінде лизингке алушыға мүлікті және оны сатушы немесе өндірушіні таңдау бойынша артықшылық құқықтар беріледі. Сонымен бірге, лизингке беруші міндетті түрде мүліктің белгілі-бір тұлғаға лизингке беру үшін арнайы сатылып алынатыны туралы сатушыны хабардар етуге тиіс. Жалға беру қатынастары кезінде мүлікті сатушы тұлға қатыспайды.

- Лизингтік қатынастар кезінде лизингке алушы түлғаньң сатып алушыға тән құқықтары мен міндеттемелері болады, бұл оның жалға беру қатынастарынан бір ерекшелігін көрсетеді. Классикалық лизингтік сызба кезінде мүлікті сатушы лизинг объектісін лизингке алушы орналасқан жерде тікелей береді, яғни мүлік лизингке берушіге берілмейді.

- Жалға беру және лизингтік қатынастар кезінде тәуекелділіктерді бөлу әртүрлі түрде жүзеге асырылады. Жалға беру туралы келісім-шарт бойынша жалға беруші мүлікті пайдалануға кедергі жасайтын барлық кемшіліктері үшін жалға алушының алдында жауап береді. Ал лизингтік қатынастар кезінде лизингке беруші лизингке берілген активтердегі ақаулар үшін ешқандай жауапкершіліктер алмайды. Тек лизингке алынған активтерді немесе жеткізушілерді лизингке беруші таңдаған жағдайларда ғана жауапкершіліктер алуы мүмкін. Сонымен бірге, лизингке беруші лизингтік келісім объектісінде табылған ақауларға байланысты кепілдемелік міндеттемелерді орындаудан толық босатылған. Бұндай міндет мүлікті өндірушіге жүктеледі және лизингке алушы ақауларды жөндеу туралы талаптарын тікелей мүлікті өндірушіге қоя алады.

- Лизингтік келісім-шарт мерзімі аралығында лизингке берушінің лизинг объектісінің меншік иесі болып қалатындығына қарамастан, көбінесе лизингке алушы меншік құқығына байланысты міндеттемелерді өзіне алады (мүліктің кездейсоқ жойылу немесе бүліну қауіпі, техникалық қызмет көрсету және т. б. ) . Жалға беру қатынастарына қарағанда лизингтік келісім кезінде тәуекелділіктерді осылай бөлу толық негізделген, себебі лизингке беруші мүліктерді лизингке алушының сұрауы және сонын мүддесі үшін сатып алады. Ал, жалға беру кезінде барлық тәуекелділіктер жалға берушіде қалады, сондықтан егер жалға алушыға байланыссыз себептермен мүлік пайдалануға жарамай қалса, онда жалға алушының келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзуды талап етуіне болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту бағыттары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІ ТАЛДАУ
Қазақстана шағын және орта бизнесті несиелендіруді талдау
Шағын және орта бизнестің дамуындағы алатын ролі
Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті несиелеу проблемаларын талдау
«Банк Центр Кредит» АҚ-ның мысалы негізінде Қазақстанда шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыруды жетілдіру
Қазақстандағы лизингтік қызмет жағдайын талдау және бағалау
Қазақстан Республикасында лизингтің дамуын талдау
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып, оларды шешу
Коммерциялық банктердің лизингтік қызметінің тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz