Қаржылық бақылау



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І Қаржылық бақылау функциясының теориялық негіздері
1.1. Қаржылық бақылаудың ұғымы мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Қаржылық бақылау сыныптамасы мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

ІІ Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылаудың даму ерекшеліктері
2.1. Қазақстандағы қаржылық бақылауды талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.2. Аудиторлық бақылау қызметінің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

ІІІ Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылау функциясын дамыту тенденциялары
3.1.Қаржылық бақылаудың әлемдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
3.2. Қаржылық бақылау функциясының қызметін жетілдіру жолдары...35

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45
Кіріспе

Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Қаржылық бақылаудың болу экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарпынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын реттелмегенде шындыққа айналады.Қаржылық бақылау ақша нысанында жүргізілетін экономикадағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде тиімді жұмыс атқаратын функция.
Қаржылық бақылау туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуде қаржылық бақылаудың рөлін арттыру тиімді шара болмақ»-деп атап өткен. /1/
Курстық жұмыстың жазылу мақсаты Қаржылық бақылау функциясы мен қаржылық бақылауды талдау және жетілдіру жолдарын іздестіру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
− Қаржылық бақылау функциясының теориялық негіздерін қарастыру
− Қазақстандағы даму ерекшеліктерін талдау
− Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылау функциясын дамыту тенденцияларын іздестіру
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі қаржы ресурстары мен ақшалай қорлар, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы, сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері – Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар, бюджетке түсетін түсімдерді алуға және бақылауға жауапты мемлекеттік органдар, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер, олардың ведомстволық бағыныштағы ұйымдары, бюджет қаражаттарын алушылар, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңи тұлғалар.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні қаржылық бақылаудың басты назарды ұстайтын нысандары: табыс, пайда, өзіндік құн, мемлекеттік бюджеттің кіріс-шығысы, олардың тиімді бөлінуі. Қоғамдық өнімді бөлумен және оның негізінде ақшалай қорларды жасаумен, оларды қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруды бақылайтын қаржылық бақылау.
Курстық жұмысты жазудағы ақпарат көздері курстық жұмыстың жазылу барысында қаржылық бақылау, құрылымы және қызмет етуі туралы жазған экономикалық ілім классиктері мен шетелдік және қазіргі отандық экономистердің еңбектері негізге алынды: Ільясов, Кулпыбаев, Шеденов, Фишер, Сейтқасымов, Ғабитов, Мақыш, Құдайбергенов және тағы басқалар. Сонымен қатар, экономикалық қаржылық сферадағы деректер мен жаңалықтарды жариялап отыратын мерзімді баспасөз құралдары.
Қолданылған әдебиеттер

1. . Қазақстан 2030. - Ел басының Қазақстан Халқына жолдауы
2. Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Үкіметінің актілер жинағы
3. Әмірханов Р.Ә. Қаржы менеджменті: Оқу құралы.-Алматы, 1999.- 188б.
4. Бабич А.М. Финансы: Учебник. - М., 2001
5. Галицкая С. В. Денги, кредит, финансы. – Москва:Экзамен, 2003.
6. Ильясов Қ.Қ. Қаржы.- Алматы, 2005
7. Құлпыбаев С. Қазақстанның қаржы жүйесі: Оқу құралы.-Алматы,2001
8. Қаржы және оны басқару: Оқу құралы./ Құлпыбаев С. - Алматы, 1999
9. Мельников В.Д. Общий курс финансов: Учебник.-Алматы,2004
10. Теория финансов: Учебное пособие / Н.Заяц. - Мн., 2000
11. Финансы: Учебное пособие / О.В.Соколовой.- М.,2001
12. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында.- Алматы, 2006
13. Қаржы жүйесінің дамуы // Қазақстан Ресnyбликасы статистика агенттігі, 2006, №1

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Тақырыбы:
Қаржылық бақылау

Орындаған:
Тексерген:

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І Қаржылық бақылау функциясының теориялық негіздері
1.1. Қаржылық бақылаудың ұғымы мен мәні ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Қаржылық бақылау сыныптамасы мен
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ...10

ІІ Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылаудың даму ерекшеліктері
2.1. Қазақстандағы қаржылық бақылауды
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .20
2.2. Аудиторлық бақылау қызметінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 28

ІІІ Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылау функциясын дамыту
тенденциялары
3.1.Қаржылық бақылаудың әлемдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 34
3.2. Қаржылық бақылау функциясының қызметін жетілдіру жолдары...35

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .42

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
4

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 45

Кіріспе

Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Қаржылық бақылаудың болу
экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән
болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функция арқылы қаржы
бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара салмағы, оларды
қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қаржының
бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және
тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарпынан ықпал жасауға
мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана
адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде:
бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен
толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын реттелмегенде шындыққа
айналады.Қаржылық бақылау ақша нысанында жүргізілетін экономикадағы
тұрақтылықты қамтамасыз етуде тиімді жұмыс атқаратын функция.
Қаржылық бақылау туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы 28
ақпандағы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты жолдауында: Экономикалық
тұрақтылықты қамтамасыз етуде қаржылық бақылаудың рөлін арттыру тиімді
шара болмақ-деп атап өткен. 1
Курстық жұмыстың жазылу мақсаты Қаржылық бақылау функциясы мен
қаржылық бақылауды талдау және жетілдіру жолдарын іздестіру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
− Қаржылық бақылау функциясының теориялық негіздерін қарастыру
− Қазақстандағы даму ерекшеліктерін талдау
− Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылау функциясын дамыту
тенденцияларын іздестіру
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі қаржы ресурстары мен ақшалай
қорлар, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы, сонымен бірге,
Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік қаржылық бақылау
объектілері – Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы
органдар, бюджетке түсетін түсімдерді алуға және бақылауға жауапты
мемлекеттік органдар, республикалық және жергілікті бюджеттерден
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер, олардың ведомстволық
бағыныштағы ұйымдары, бюджет қаражаттарын алушылар, мемлекеттің
гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды
пайдаланатын жеке және заңи тұлғалар.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні қаржылық бақылаудың басты назарды
ұстайтын нысандары: табыс, пайда, өзіндік құн, мемлекеттік бюджеттің
кіріс-шығысы, олардың тиімді бөлінуі. Қоғамдық өнімді бөлумен және оның
негізінде ақшалай қорларды жасаумен, оларды қоғамдық дамудың
қажеттіліктерін қанағаттандыруды бақылайтын қаржылық бақылау.
Курстық жұмысты жазудағы ақпарат көздері курстық жұмыстың жазылу
барысында қаржылық бақылау, құрылымы және қызмет етуі туралы жазған
экономикалық ілім классиктері мен шетелдік және қазіргі отандық
экономистердің еңбектері негізге алынды: Ільясов, Кулпыбаев, Шеденов,
Фишер, Сейтқасымов, Ғабитов, Мақыш, Құдайбергенов және тағы басқалар.
Сонымен қатар, экономикалық қаржылық сферадағы деректер мен
жаңалықтарды жариялап отыратын мерзімді баспасөз құралдары.

І бөлім Қаржылық бақылау функциясының теориялық негіздері
1.1. Қаржылық бақылау ұғымы мен мәні

Қаржылық бақылау – қаржы жүйесінің барлық буындарының
ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге
бағытталған айрықшылық қызмет.
Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің
бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару
сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге
асырылады.
Қаржылық бақылаудың болу экономикалық категория ретіндегі қаржыға
бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл
функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара
салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп
отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру,
айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет
тарпынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек
қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір
шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды
білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын
реттелмегенде шындыққа айналады.
Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде
пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану
қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады.
Егер қаржы экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік
қатынастардың бір бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің бірі
ретіндегі қаржылық бақылау қондырмалық категория болып табылады.
Практикада қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылау нысанында жүзеге
асырылады, бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды.2, 114б
Бақылау функциясы – қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау
қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық
қолдану болып табылады.
Ғылым негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін
қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады.
Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-
шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан,
қаржылық бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті
басқаруда пайдаланылады.
Қаржылық бақылаудың өзгешелігі – оның ақша нысанында жүзеге
асырылатындығнда.
Қаржылық бақылау мыналарды тексереді: экономикалық заңдар
талабының сақталуы; жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құнын бөлу
және қайта бөлу үйлесімдерінің оңтайлылығы; бюджетті жасау және оның
атқарылуы (бюджеттік бақылау); шаруашылық жүргізуші субъектілердің,
мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа заңды
тұлғалардың еңбек, материал және қаржы ресурстарының қаржылық жай-күйі
және оларды тиімді пайдалану. Қаржылық бақылау сонымен бірге салықтық
бақылауды да кіріктіреді.
Қаржылық бақылаудың іс-әрекетінің сферасы бақылаудың басқа
түрлерімен:әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық, саяси
бақылаумен жиі тура келуі мүмкін. Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы
шаруашылық қызметпен тығыз байланысты болатындықтан қаржылық бақылауды
шаруашылық бақылаудан бөліп алу қиынға түседі, ал кейде мүмкін
болмайды, өйткені қаржы операцияларының көбінде шаруашылық қызметтің
басқа процестері қамтып көрсетіледі.

Қаржылық бақылаудың функциялары:
1) қаражаттардың жұмсалуын тексеру (шығыстардың сұралған
сомаларға сәйкестігі және мемлекет қаражаттарының
тиімділігі);
2) қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік
ресурстарға қаражатарды жұмылдырудың уақыттылығы мен
толымдылығын тексеру;
3) есеп және есептеме қағидаларының сақталуын тексеру.3,
69б
Бақылауды жүзеге асырудың негізгі қағидаттары мыналар болып
табылады:
бақылаудың реттілігі, жаппайлылығы, әмбебаптылығы;
бақылаудың превентивтілігі, яғни оның алдын алу сипаты;
әрекеттілік, нақтылық, жариялық – бұларға бақылау жұмысын дұрыс
ұйымдастырғанда, негізделген әдістерді қолданғанда, істі ұқыпты
зерделегенде, нақты ұсыныстар енгізгенде ғана жетуге болады;
бақылаудың алаламаушылығы (біреуге тартпаушылық);
бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі.
Қаржылық тәртіп – бұл белгіленген ұйғарымдардың және мемлекеттің,
оның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын жасаудың,
бөлудің және пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.
Қаржылық бақылаудың міндеттерін, олардың түрлерін, нысандары мен
әдістерін, субъектілері мен объектілерін бақылауды жүзеге асырудың
деңгейіне қарай қарастырған жөн, яғни ол микро- немесе макродеңгейде
жүргізіледі.
Макродеңгейдегі қаржылық бақылау – бұл бүкіл мемлекет ауқымында
қаржыны ұйымдастыру мен оның іс-әрекет етуін бақылау. Оның міндеттері
мыналар болып табылады:
ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорларын қалыптастырып,
тиімді пайдалану процесін қамтамасыз ету; қаржы қатынастарын іске
асырудың қолданылып жүрген нысандары мен әдістерінің объективті
қажеттіліктеріне нысандар мен әдістердің сай келуін бақылау;
қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану, салалар мен
аймақтардың қаржы ресурстарына деген қажеттілігін оңтайлы түрде және
саралай отырып қанағаттандыру, азаматтардың әлеуметтік-мәдени
сферасының қызметтеріне деген қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру
мақсатында оларды салалар мен аумақтар бойынша бөлудің алшақтықтарын
анықтап, жою және басқалары.
Бұл деңгейде мемлекеттік қаржылар бақылаудың объектісі болып
көрінеді.
Жиынтық қаржы жоспарлары (сметалары), аумақтық, салалық тұрғыда
олардың атқарылуы туралы есептер бақылаудың предметі болып табылады. Әр
түрлі қаржылық көрсеткіштер және жоспарлардың (сметалардың) және
есептердің бірқатар өндіргіштік көрсеткіштері талданады, жинақтап
қорытылады және осының негізінде қаржы қатынастарының нысандары мен
әдістерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасалады.
Биліктің заң шығарушы органдары мен басқарудың мемлекеттік
органдары бұл деңгейде бақылау субъектілері болып келеді.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылау - меншіктің барлық нысанындағы
шаруашылық жүргізуші субъектілер деңгейіндегі бақылау.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылаудың міндеттері:
кәсіпорындардың қаржы саласында қолданылып жүрген заңдардың
сақталуын қамтамасыз ету;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің бюджет алдындағы
міндеттемелерін орындаудың дер кездігі мен толымдылығын қамтамасыз ету;
қаржы ресурстары өсуінің ішкі өндірістік резервтерін табу; ресурстардың
барлық түрлерін ұтымды пайдалануға, бухгалтерлік есепті дұрыс
жүргізуге, есептеме жасауға және басқаларға жәрдемдесу.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бұл
деңгейінде бақылаудың объектісі, ал қаржылық көрсеткіштер (табыс,
пайда, өзіндік құн, аударымдар, салықтар және басқалары) оның предметі
болып табылады. Қаржылық бақылауды кәсіпорындардың экономикалық
службасы, оның жеке мамандары жүзеге асырады. Бұл мақсатқа тәуелсіз
аудиторлық ұйымдар да тартылады.2, 118б
Сонымен, қаржылық бақылау – қаржыны басқарудың функциялық
элементтерінің бірі болып табылады.

1.2. Қаржылық бақылау сыныптамасы, әдістері

Қаржылық бақылаудың сыныптасы субъектілердегі айырмашылықтарға,
бақылау іс-қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің
тәсілдеріне (әдістеріне) негізделген. Осы белгілерге қарай, қаржылық
бақылау үш бағыт бойынша: түрлері, нысандары, оны жүзеге асырудың
әдістері бойынша жіктеледі.
Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны
жүзеге асыратын субъектілерге (бақылауды жүзеге асыратын органдарға
немесе ұйымдарға) қарай мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау
болып ажыратылады. (1 кестені қараңыз).

1 кесте Қаржылық бақылаудың түрлері бойынща сыныпталуы
Қаржылық бақылау
Мемлекеттік Қоғамдық
Жалпы-мемлекВедомстволық Қоғамдық ұйымдардың: кәсіподақтардың,
еттік партиялардың, жастардың, бұқаралық
қозғалыстардың, ғылыми-техникалық,
мәдени-ағартушылық, спорт,
шығармашылық, ардагерлердің, түрлі
қорлардың бақылауы
Ішкі-шаруашылықты
қ
Парламенттік (депутаттық)
бақылау
Аудиторлық бақылау

Мемлекеттік қаржылық бақылау (сыртқы және ішкі) – мемлекеттік
қаржылық бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті
бюджеттердің атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен
есептемені жүргізу, олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттің гранттарын,
активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды мемлекеттік мекемелердің
тауарларды (жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін өз
иелігінде қалатын ақшаны пайдалану бөлігіндегі қызметінің Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкестігін тексеру.
Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері – Қазақстан
Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар, бюджетке түсетін
түсімдерді алуға және бақылауға жауапты мемлекеттік органдар,
республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік
мекемелер, олардың ведомстволық бағыныштағы ұйымдары, бюджет
қаражаттарын алушылар, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет
кепілдік берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңи тұлғалар.
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары – Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және ішкі бақылау жөніндегі
орталық уәкілетті орган.
Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай типтерге бөлінеді:
1) сәйкестікке бақылау жасау – мемлекеттік қаржылық бақылау
объектісі қызметінің Қазақстан Республикасы заңдарының
талаптарына сәйкестігін бағалау;
2) қаржылық есептемені бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау
объектісінің қаржылық есептемені жасауының және табыс
етуінің анықтығын, негізділігін және уақыттылығын бағалау;
3) тиімділікті бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау
объектісінің республикалық немесе жергілікті бюджет
қаражаттарын, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік
берген қарыздарды, мемлекеттік мекемелердің тауарларды
(жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуінен түскен
ақшаны үнемділікпен, нәтижелікпен және өнімділікпен
пайдалануын тексеру мен бағалау;
Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай түрлерде жүзеге асырылады:
1) кешенді бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің
нақты кезеңдегі қызметін жаппай әдіспен тексеру және бағалау;
2) тақырыптық бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің
нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша жаппай
әдіспен тексеру және бағалау;
3) үстеме бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау объектісіне
қатысты ақпарат алу қажеттігіне байланысты үшінші тұлғаларды
бақылау, ол операциялардың бірдейлігіне қарай бір-бірімен өзара
байланысты құжаттарды салыстырып қарауды білдіреді.Үстеме
бақылау тек қана мемлекеттік қаржылық бақылаудың негізгі
объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша және
тексеріліп отырған мәселе шеңберінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу құпиялылық режимін
қамтамасыз ету ескеріле отырып, тәуелсіздік, объективтілік, анықтық,
ашықтық, құзырлылық, жариялылық қағидаттары міндетті түрде сақталып
жүзеге асырылады.4, 79б
Мемлекеттік қаржылық бақылауға қойылатын бірыңғай талаптар
мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарымен айқындалады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік қаржылық
бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, ішкі бақылау
службалары, олардың қызметкерлері мен мүшелері орындауға міндетті.
Бақылау нәтижелері бойынша мынадай актілер қабылданады:
1) қорытынды – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитетінің және мәслихаттың тексеру
комиссиясының бақылау актілері негізінде жасайтын құжаты;
2) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитетінің қаулысы – Республикалық бюджеттің атқарылуы
жөніндегі есеп комитетінің отырысында алқалы негізде
қабылданатын және оның бақылау нәтижелері бойынша барлық
актілерінің қолданылуын растайтын құжат. Республикалық
бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің
қаулысын ол арналған барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар
мен лауазымды адамдар орындауға міндетті. Қаулыны
қабылдаудың тәртібі Республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитетінің қағидасымен және оның
регламентімен айқындалады;
3) мәслихаттың тексеру комиссиясының қаулысы – белгіленген
тәртіппен қабылданған және тиісті жергілікті бюджеттен
қаржыландырылатын барлық атқарушы органдар мен тиісті
жергілікті бюджеттер қаражаттарын пайдаланатын немесе
жергілікті бюджеттер қаражаттарын игерудің барлық
сатысында қаржылық қызмет көрсететін ұйымдар орындауға
міндетті құжат;
4) ұсыным – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитетінің мемлекеттік органдарға,
ұйымдар мен лауазымды адамдарға жұмыстағы кемшіліктерді
жою үшін, сондай-ақ құқық қорғау органдарына Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту
мәселелері бойынша жіберетін құжаты;
5) нұсқама – ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті
органның басшысы өз құзыры шегінде қабылдаған және
бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктерді жою туралы
мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды
адамдарына міндетті түрде орындау үшін жіберілген
белгіленген нысандағы құжат;
6) бақылау актісі – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары,
мәслихаттардың тексеру комиссиялары, ішкі бақылау
службалары бақылау нәтижелері бойынша жасалған құжат;
7) бақылау жүргізу туралы есеп – белгілі бір уақыт кезеңі
ішіндегі бақылау бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелері
туралы құжат.
Сыртқы бақылауды республикалық деңгейде Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, жергілікті деңгейде
мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асырады.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп
беретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғарғы органы болып табылады.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
туралы қағиданы Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.2, 119б
Мемлекеттік қаржылық бақылау жалпымемлекеттік және ведомстволық
бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Жалпымемлекеттік қаржылық бақылау ведомстволық бағыныштылығы мен
меншік нысанына қарамастан бақылаудың кез келген объектісіне
қолданылады. Бақылаудың бұл түрін мемлекеттік билік пен басқару
органдары жүргізеді.
Мемлекеттік қаржылар жүйесінде бақылау салықтық, бюджеттік
бақылау, сақтық және банктік қадағалау, кедендік бақылау және т.б.
болып ажыратылады.
Салықтық бақылау салық заңнамасының атқарылуы, бюджетке салық және
басқа төлемдердің, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы
жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз етеді.
Салықтық бақылаумен меншік нысандарына қарамастан, барлық шаруашылық
жүргізуші субъектілер, сондай-ақ табыс табатын азаматтар қамтылған.
Бюджеттік бақылау тексерістік және таңдамалық қызметтің мынандай
түрлерін кіріктіреді: елдің негізгі қаржы жоспарының – мемлекеттік
бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша орындалуын бақылау; қаржылық
ақпаратты, соның ішінде салықтық бақылаудың нәтижесін жинау, бұл
ақпаратты талдау және бюджетке қаржы ресурстарын қосымша тарту жөнінде
ұсыныстар жасау; шығындардың белгіленген нормалары мен нормативтерін
бақылау арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарының тиімді, ұтымды
жұмсалуын қамтамасыз ету; өндірістік емес, мақсатсыз шығындарды,
иесіздікті, ысыраптар мен ұрлықтарды жою және одан сақтандыру.
Бюджеттік бақылау бюджеттен қаржылынатын мемлекеттік кәсіпорындарда,
мекемелерде және ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес сектордың жұмыс
жасайтын, қызмет көрсететін, шаралар жүргізетін кәсіпорындарында жүзеге
асырылады.
Қаржылық бақылау әр түрлі әдістермен (тәсілдермен немесе
амалдармен, оны жүзеге асырудың құралдарымен) жүргізіледі. Нақтылы
әдісті қолдану қаржылық бақылауды жүзеге асырушы органдар қызметінің
нысандарының ерекшеліктері, бақылаудың объектісі мен мақсаты, бақылау
іс-қимылының пайда болуының негізі сияқты бірқатар факторларға
байланысты болады.
Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай әдістері пайдаланылады:
тексеріс (барлық құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметін
тексеру), инспекция (кәсіпорынның қаржылық жай-күйін орнында дүркіндік
тексеру), қадағалау (кәсіпорында қаржы-қаражаттың жай-күйімен жалпы
танысу), тексеру (құжаттаманы, есепке алуды және есептемені шоттық
тексеру), қарап шығу, қаржы жоспарларының жобаларын, өтінімдерді, қаржы-
шаруашылық қызметі туралы есептерді қарау, баяндамаларды тыңдау,
лауазымды адамдардың ақпараттары және басқалары. Бұл әдістердің
әрқайсысы аралық міндеттерді шешуге жағдай жасайтын тым көп жекеленген
әдістерге бөлінеді.4, 81б
Тексерулердің тікелей предметі табыс, қосылған құнға салынатын
салық, пайдалылық, өзіндік құн, айналыс шығындары, әр түрлі мақсаттар
мен қорларға аударылатын аударымдар сияқты қаржылық (құндық)
көрсеткіштер болып табылады. Бұл көрсеткіштердің жинақталмалы сипаты
болады, сондықтан олардың орындалуын, динамикасын, тенденцияларын
бақылау бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің, өндірістік,
шаруашылық және коммерциялық қызметінің барлық жақтарын, сондай-ақ
қаржы-кредиттің өзара байланыстарының механизмін қамтиды.
Кейнгі қаржылық бақылау бірнеше әдіспен жүзеге асырылады. Оларға
жататындары: тексеру, экономикалық талдау, тексеріс ревизия. Тексеру
шоттық немесе тақырыптық болуы мүмкін.
Шоттық тексеру – бұл бухгалтерлік есептердің, баланстардың, салық
есеп-қисаптарының ақиқаттығын тексеру.
Тақырыптық тексеру – бұл бақылауға жататын объектінің шаруашылық –
қаржы жұмысының жеке жақтары мен учаскелерін зерделеу, мысалы, жалқыдан
ұстап қалудың дұрыстығын тексеру; шығындарды өнімнің өзіндік құнына
жатқызудың дұрыстығын тексеру және т.б.
Экономикалық талдау – бұл объектінің шаруашылық-қаржы қызметіне
баға беру; қызметтің түрлі нәтижелерін анықтау және осының негізінде
экономикалық жағдайды жақсартудың жолдары мен факторларын негіздеу.
Экономикалық талдауды шаруашылық органдардың өздері де, сонымен
бірге бақылаудың сыртқы органдары – банктер, қаржы, аудит фирмалары да
жүргізеді.
Тексерулер мен қарап шығуды бақылау органдары шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің белгілі бір мәселелері
бойынша немесе жұмыс орнында қаржылық қызметтің жеке жағымен
учаскесімен танысу жолымен бір мәселе тақырып бойынша жүргізеді.
Сондықтан тексерулер негізінен тақырыптық болып келеді.
Қаржылық бақылаудың негізгі әдісі – тексеріс – кейінгі келесі
бақылаудың кешенді әдісі және өткен белгілі бір кезеңдегі шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің барлық жақтары мен
учаскелерін мұқият зерделеу, терең тексеру, оны неғұрлым толық қарап
шығу. Тексерісті әр түрлі органдар жүргізеді. Тексеріс бұл органдардың
жоспары бойынша да, сондай-ақ басқа құзырлы органдар – жоғарғы, тергеу
органдарының нұсқауы бойынша да жүргізілуі мүмкін.
Тексеру объектісі бойынша құжаттық, нақтылы, толық жаппай,
іріктемелі ішінара тексеріс болып ажыратылады. Ұйымдық белгісі бойынша
олар жоспарлы және жоспардан тыс, кешенді болуы мүмкін.
Құжаттық тексерісті жүргізген кезде есептер, сметалар ғана емес,
сондай-ақ құжаттар, әсіресе бастапқы ақша құжаттары (шоттар, төлем
тізімдемелері, ордерлер, чектер, бағалы қағаздар) тексеріледі.
Нақтылы тексеріс құжаттарды ғана емес, сонымен бірге қолда бар
ақшаны, материалдық құндылықтарды да тексереді.
Толық тексеріс деп белгілі бір кезеңдегі шаруашылық жүргізуші
субъектілердің бүкіл қызметін тексеруді айтады.
Іріктемелі тексеріс кезінде бақылау қаржы-шаруашылық қызметінің
әйтеуір бір жағына бағытталады.
Тақырыптық тексерістер бір үлгідегі бірнеше кәсіпорындарда,
мекемелерде немесе бірнеше министрліктер мен ведомстваларда қаржы-
шаруашылық қызметінің жеке мәселелері бойынша жүргізіледі. Олар сонымен
бірге шаруашылық жүргізуші субъектілердің белгілі бір учаскелерінің мән-
жайын тексеруге және бұл мәселе бойынша көлемді материал алуға, оны
талдауға, тұжырым жасауға, жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеуге
мүмкіндік береді.
Тексерістердің тәсілдері: материалдық құндылықтарды түгендеу,
кассадағы нақтылық ақшаны тексеру, тексерілетін объект қызметінің
жоспарлы, нормативтік және есептік көрсеткіштерін салыстыру, құжаттық
және ыңғайласпа тексерулер.
Әзірлік жұмысының негізінде тексеріс немесе тексерудің
бағдарламасы, оның негізінде тексеріс пен тексерудің жұмыс жоспары
жасалады.
Тексеріс немесе тексеруді жүргізудің нәтижелігі көбінесе
жасалынған актінің сапасына байланысты болады. Тексеріс актісі
анықтамасы – бұл қаржы-шаруашылық қызметінде жіберілген бұзушылықтың
жай тізбесі емес, бұл тексерілетін объект жұмысының сапасы, заңдылығы,
мақсаты, сәйкестігі туралы дұрыс түйіндердің жинағы болып табылатын
құжат. Оның негізінде ашылған бұзушылықты жою мақсатында нақтылы
ұсыныстар, ұйғарымдар жасалынады, кінәлі адамдарға шара қолданылады.2,
121б
Сонымен, қаржылық бақылаудың сыныптамасы – мемлекеттік қаржылық
бақылау объектісінің республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуы,
олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептемені жүргізу, олардың
атқарылуын бағалау болып табылады.
Сонымен, біріккен бөлімді қорытындылай келгенде, қаржылық бақылау
теориялық тұрғыдан қарастырылды: қаржылық бақылау функциясы – қаржының
ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн
ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану болып табылады.
Сонымен қатар бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде
пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану
қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады.
Егер қаржы экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік
қатынастардың бір бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің бірі
ретіндегі қаржылық бақылау қондырмалық категория болып табылады.
Практикада қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылау нысанында жүзеге
асырылады, бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды және қаржылық
бақылау экономиканың өсуінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды
рөлге ие.

ІІ бөлім Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылаудың даму
ерекшеліктері
2.1. Қазақстандағы қаржылық бақылауды талдау

Қаржылық бақылаудың анықтамасы субъектілердегі айырмашылықтарға,
бақылау іс қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне
(әдістеріне) негізделген. Осы белгілерге қарай, қаржылық бақылау үш бағыт
бойынша түрлері, нысандары, оны жүзеге асырудың әдіcтepі бойынша жіктеледі.
Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге
асыратын субъектілерге (бақылауды жүзеге асыратын оргaндарға немесе
ұйымдарға) қарай мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып
ажыратылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау (сыртқы және ішкі) мемлекеттік қаржылық
бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы
олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептемені жүргізу, олардың
атқарылуын.бағалау, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік
берген қарыздарды мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар мен
істетілген қызметтерді) өткізуден түceтін өз иелігінде қалатын, акшаны
пайдалану бөлігіндегі қызметінің Қазақстан Республикасының зандарына
сәйкестігін тексеру.
Мемлекeттік қаржылық бақылау объектілері - Қазақстан Республикасының
Yкімeті, жергілікті атқарушы органдар, бюджетке түceтін түсімдерді aлyға
және бақылаyға жаyaпты мемлекeттік органдар, республикалық және жергілікті
бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекeттік мекемелер, олардың ведомстволық
Бағыныштaғы ұйымдары, бюджет қаражаттарын алушылар, мемлекеттің грaнттaрын,
aктивтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдаланатын жеке және
заңды тұлғалар.
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары - Республикалық бюджeттін
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және ішкі бақылау жөніндегі
орталық уәкілетті орган. Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай типтерге
бөлінеді:
4) сәйкестікке бақылау жасау - мемлекeттік қаржылық бақылау
объектісі қызметінің Қазақсган Республикасы зандарының
талаптарына сәйкecтігін бaғaлау;
5) қаржылық есептемені бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау
объектісінің қаржылық есептемені жасауының және табыс
eтyінің анықтығын, негізділігін және уақыттылығын бағалау;
6) тиімділікті бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау
объектісінің республикалық немесе жергілікті бюджет
қаражаттарын, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік
берген қарыздарды, мемлекеттік мекемелердің тауарларды
(жұмыстарды, көрсетілгeн қызметтерді) өткізyінен түскен
ақшаны үнемділікпен, нәтижелікпен және өнімділікпен
пайдалануын тексеру мен бaғалау.
Мемлекeттік қаржылық бақылау мынадай түрлерде жүзеге асырылады:
1) кешенді бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің нақты
кезендегі қызметін жаппай әдіспен тексеру және бағалау;
2) тақырыптық бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектіcінің нақты
кезендегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша жаппай әдіспен тексеру
және бағалау;
3) үстеме бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісіне қатысты
ақпарат алу қажеттігіне байланысты үшінші тұлғаларды бақылау, ол
операциялардың бірдейлігіне қарай бір бірмен өзара бaйланысты
құжаттарды салыcтыpып қapayды білдіреді. Үстеме бақылау тек қана
мемлекеттік қаржылық бақылаудың негізгі объектісімен өзара қaтынастар
мәселелері бойынша және тeкcepіліп oтыpғaн мәселе шеңберінде
жүргізіледі.
Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу құпиялылық режімін қамтамасыз
ету ескеріле отырып, тәуелсіздік, объективтілік, анықтық, ашықтық,
құзырлық, жариялылық қағидаттары міндeтті түрде сақталып жүзеге
асырылады.[1] 13; 6-7
Мемлекеттік қаржылық бақылаyға қойылатын бірыңғай тaлаптар мемлекeттік
қаржылық бақылау cтaндapттapымeн айқындалады.
Мемлекeттік қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік қаржылық
бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, ішкі бақылау
службалары, олардың қызметкерлері мен мүшелері орындаyға міндeтті.
Бақылау нәтижелері бойынша мынадай актілер қабылданады:
1) қорытынды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитетінің және мәслихаттың тексеру комиссиясының бақылау aктілері
негізінде жасайтын құжаты;
2) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің
қаулысы - Республикалық бюджеттің атқарылyы жөніндегі есеп комитетінің
отырысында алқалы негізде қабылданатын және оның бақылау нәтижелері
бойынша барлық актілерінің қолданылуын растайтын құжат. Республикалық
бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулысын ол
арналған барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар
орындаyға міндeтті. Қаулыны қабылдаудың тәртібі Республикалық бюджеттің
атқарылуын бaқылау жөніндегі есеп комитeтінің қaғидасымен және оның
регламентімен айқындалады;
3) мәслихаттың тексеру комиссиясының қаулысы - белгіленген тәртіппен
қабылдaнған және тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландыратын барлық
атқарушы органдар мен тиіcті жергілікті бюджеттер қаражаттарын
пайдаланатын немесе жергілікті бюджет қаражаттарын игерудің барлық
сатысында қаржылық қызмет көрсететін ұйымдар орындаyға міндeтті құжат;
4) ұсыным - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитетінің мемлекеттік opгaндapғa, ұйымдар мен лауазымды адамдарға
жұмыстағы кемшіліктерді жою үшін, сондықтан құқық қорғау органдарына
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту
мәселелері.бойынша жіберетін құжаты;
5) нұсқама - ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органның басшысы өз
құзыры шегінде қабылдaған және бұзушылықтар мен жұмыстағы
кемшіліктерді жою туралы мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың
лауазымды адамдарына міндeтті түрде орындау үшін жіберілген белгіленген
нысанындағы құжат;
6) бақылау aктіcі - мемлекеттік қаржылық бақылау органдары,
мәслихаттардың тексеру комиссиялары, ішкі бақылау службалары бақылау
нәтижелері бойынша жасaлған құжат;
7) бақылау жүргізу туралы есеп - белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі
бақылау бойынша жүргізілгeн жұмыс нәтижелері туралы құжат.
Сыртқы бақылауды Республикалық деңгейде Республикалық бюджеттің
aтқapылyын бақылау жөніндегі есеп комитеті, жергілікті деңгейде
мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асырады.
Республикалық бюджеттің aтқapылyын бақылау жөніндегі есеп комитеті
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бaғынатын және есеп беретін
мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғаpғы органы болып табылады.
Республикалық бюджеттің aтқapылyын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы
қaғидaны Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Мемлекеттік
қаржылық бақылау жалпы мемлекeттік және ведомстволық бақылау арқылы жүзеге
асырылады.
Жалпы мемлекеттік қаржылық бақылау ведомстволық бaғыныштылығы мен
меншік нысанына қарамастан бaқылаудың кез келген объекгісіне қолданылады.
Бақылаудың бұл түpін мемлекеттік билікпен басқару органдары жүргізеді.
Мемлекeттік қаржылар жүйеcінде бақылау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық қызметінің аудиті
Қаржылық бақылау түсінігі
Қазақтан Республикасында қаржылық бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктерінің теориялық негіздері
Қаржылық бақылауды ерекшеліктері
ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРУ
Қаржылық бақылау түрлері және қаржылық бақылаудың органдары
Мемлекеттік мекемелердегі бюджеттік есеп
Қазақстан Республикасында қаржылық бақылау қызметі
Қаржылық бақылаудың әдістері
Қаржылық бақылауды ұйымдастыру
Пәндер