Банк Центркредит АҚ-ы мысалының негізінде проблемалық несиелерді талдау және оларды ҚР-да шешу жолдары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 2-3
1. ПРОБЛЕМАЛЫҚ НЕСИЕЛЕРДІҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1. 1. Проблемалы несиенің мәні және оның пайда болу
себептері . . . 4-13
1. 2. Банктік несиенің түрлері және несиелердің жіктелінуі . . . 14-19
1. 3. Несиелік бақылау (мониторинг) және несиенің
рейтинг жүйесі . . . 20-26
2. "БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ" АҚ-ы МЫСАЛЫНЫҢ
НЕГІЗІНДЕ ПРОБЛЕМАЛЫҚ НЕСИЕЛЕРДІ ТАЛДАУ
2. 1. "Банк ЦентрКредит" АҚ-ң несиелеу ұстанымдары . . . 27-33
2. 2. Қарыз алушының несие өтеу- қабілеттігін бағалау………. …34-41
2. 3. Несиелердің бар болуы, қамтамасыз етілуі, өтелу
формалары және -таңдау . . . 42-46
3. ПРОБЛЕМАЛЫҚ НЕСИЕЛЕРМЕН БАНКТІҢ ЖҰМЫС
ІСТЕУІН ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚР-ДА
ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Проблемалық несиелермен банктің жұмыс
істеуін жетілдіру . . . 47-69
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 70-71
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 72-73
Кіріспе
Ақшадан кейін ізінше несиені ойлап шығару - адамзаттың данышпандық табысы. Себебі несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін және жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы кәсіпорын несие алу арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не болмаса қажетті заттарды болашақта емес қазір алуға мүмкіндігі туады.
Несие - үдайы өндірістің ажырамас бөлігі. Тауарлы өндіріс - несие қатнастарының пайда болатын табиғи негізі. Себебі тауардың пайда болуына маңызды екі жағдай әсер етеді.
1) өнім тауар болуы үшін оның заттай түрі және, қүны болуы қажет.
2) өнім бір өндірушіден екінші өндірушіге ауысуы қажет, ал ауысу тек айырбас кезінде, яғни, нарықта болады. Сонда тауар айырбасы несиенің пайда болатын ортасы. Бірақ несиенің пайда болатын ортасын өнімді өзі қолданатын өндірістен емес, өнімдерді бір-біріне алмастыратын айырбас ортасынан іздеу керек. Себебі: тауарлар қолдан қолға өтетін айырбас процесі -несие қатнастарының туындайтын көрінісі.
Қазақстан Республикасының барлық коммерциялық банктері несие беру жэне қайтару туралы барлык сұрактарды өз еріктерімен шешуге толық құқылы. Әр несие берілу кезінде тәуекел элементі орын алады. Қазіргі кезде несиенің қайтарылмауы өзекті проблема болып отыр. Банк осыны ескере отырып тәуекелді бақылай алады:
1. Тұлғалар мен мекемелерді несиелендіру кезінде банк қол жеткізе алатын олардың адалдылығы мен мінездемесі жолы арқылы;
2. Әр проблемалы несиеге терең эрі жүйелі жүмыс жүргізе отырып;
3. Қарыздың рәсімделуіне аса назар аудара отырып;
4. Портфельге терең мониторинг жүргізу арқылы;
5. Проблеманы бастапқы кезеңінде әшкерелеу;
6. Жөндеу жүмыстарын ерте қол дану;
7. Эр талданған проблемалы несиеге шұғыл жұмыс жүргізу арқылы;
Проблемалы несие болып өтелуі - Банк деңгейін қанағаттандырмайтын кез-келген несие болуы мүмкін. Корпоративті несиелендіру шоттарының менеджерлері несие бойынша төлемдердің, клиент мүмкіншілігі деңгейінде және Банк саясаты шегінде болуын аныктай отырып, несие бойынша шарттарды таңдайды.
Белгілі клиент несиені өтеу графигіне сәйкес төлей алмай және оны кері куәләндыратын нақты жұмыстар атқармай, несие проблемалы болып табылады. Проблемалы несиелерді ертерек әшкерелеу, оны шешу жолдарыныңда оңай болатынын анықтайды. Шот менеджері проблемалы несиелерді бастапқы кезеңінде әшкерелейтін банктегі жалғыз адам болып табылады. Осыған байланысты проблемалы несиелерді ерте танып білу және оларға есеп беру шот менеджерінің тікелей міндетіне кіреді. Банк проблемалы несиені ешқашан жеке шот менеджерлерінен басқа адамдардан білмеуі тиіс. Несие инспекторы проблемалы несиені әлі табылмаған және басшылыққа хабарланбаған шот менеджерінің корпоративті портфелінен іздемеуі керек. Мен осы проблеманы шешу жолдарын өзімнің дипломдық жүмысымда қарастырдым.
Бірінші бөлімімде проблемалы несиенің экономикалық мазмұнын, атап айтсақ проблемалы несиенін мәнін және пайда болу себептерін, қарыздың жіктелуін, сонымен қатар проблемалы несиелерді әшкерелеуді және де несие рейтингінің жүйесін қарастырдым.
Екінші бөлімімде проблемалы несиелерді басқаруды талдау, проблемалы несиелерді басқарудың механизмдерін, проблемалы несиені басқарудағы колданылатын шетелдік тәжірибелер және "Түран Элем Банк" акционерлік қоғамы негізінде проблемалы несиені талдауды қарастырдым.
Ал, үшінші бөлімімде банктік несиені қайтарудағы проблемалар және оның Қазакстан Республикасында шешу жолдарын қарастырдым.
1. ПРОБЛЕМАЛЫҚ НЕСИЕЛЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1. 1. Проблемалы несиенің мәні және оның пайда болу себептері.
Несиелік мәмілеге екі субъект катысады - кредитор жэне қарыз алушы. Несиенің кайтарылуы несиелік қатнастың негізі болып табылады. Несиені қайтаруды үйымдастыру механизмі, осы процестің орындалу барысында олардың әрқайсысының орнын ескереді. Кредитор несие процесінің ұйымдастырушысы болып табылады. Қарыз каражатын салғанда өз мүддесін қорғау үшін, ол қарыздың уақытылы және толықтай қайтарылуын куәләндыратын қарыз колемінің кол жетерлігі, оны өтеу әдістері, несиелік келісімнің шарттары сияқты сфераны таңдайды. Дегенмен, қарыздың кері қозғалысы, қарыз алушының несие қабілеттілігіне, оның адалдығына, қаржы нарығының жағдайына байланысты. "Несиенің қайтарылуы Заңдарда жэне Несиелік келісімде қарастырылғандай кепілмен, гарантиямен, тапсырушылқпен қамтамасыз етіліне алады".
Банк Несие келісімі шарттарының орындалуына бақылау жасайды, оның негізгі максаты - қарызды өтеудегі қезекті жарналардың және қарыз бойынша пайыздардың уақытылы төленуін қамтамасыз ету. Әрине, әртүрлі жағдайлармен қарызды өтей алмау тәуекелі туындайды. Банк өз несиелендіру бағдарламасына қосқан сақтандыру элементтеріне қарамастан, қейбір несиелер шарасыз проблемалы несиеге ауысады.
Проблемалы несиелер - бұл қайтарылуы күмән тудыратын және қарыз алушының ақшалай қризисінің нәтижесі болып табылатын несиелер. Сондықтан, банк несие бергеннен кейін, несие бойынша шығындардың болмауына шаралар қолдануы қерек.
Банк тек сенімді қарыз алушыларға несие беру саясатын жүргізуі мүмкін, бірақ ол көптеген пайдалы мүмкіншіліктерден айырылады. Егер, несиені қайтару қезінде қиыншылықтар туындайтын болса, ол банкке өте қымбат түсуі мүмкін. Сондықтан, зейінді несиелік саясат, табыс әкелетін ресурстардың барлық потенциалды мүмкіншіліктерін максималды пайдалануды және сақтық арасындағы балансты қамтамасыз етуге бағытталған.
Қарызды өтеудегі қиыншылықтар кездейсоқ және бірден пайда болмайды. Бұл процесс белгілі бір уақыт аралығында дамиды. Банктің тәжірибелі жұмысшысы клиенттің қаржылық процесіндегі қиыншылықтарын бастапқы кезеңінде байқап, банк мүддесін қорғау үшін, мән-жайды түзеуге шаралар қолдануы керек. Бұл шараларды мән-жай бақылаудан шықпайынша және шығындар бірқалыпты болмайынша неғұрлым ертерек қолдану керек.
Өйткені несиенің қайтарылмауы коммерциялық банктердің ресурстық портфелін жэне жаңа ақшалай қаражаттардың берілуінің деңгейін төмендетеді. Банктік несиенің қайтарылмауы капитал айналымының аяқталмауымен, барлық ақшалай түсімнің және тауар, жүмыс, көрсетілген қызмет үшін пайданың алынбауымен негізделеді. Осыған орай банк шығындары тек қарыздар мен пайыздардың өтелмеуімен шектелмейтінін ескеру қажет. Банкке келтірілген залал әлде қайда көп әрі басқа жағдайлармен байланысты болуы мүмкін:
• қезеңі. өтқен жэне өтелмеген несиелердің басым бөлігі салымшылардың сенімін төмендетуіне байланысты, банк репутациясы үзіледі;
• әкімшілік шығындар ұлғаяды, себебі проблемалы несиелер несие персоналының ерекше назарын және статусты қолдауда өндіріссіз уақыт шығынын талап етеді;
• білікті кадрларды ынталандыратын пайдалы операциялар деңгейінің төмендеуі, олардың кету қаупін туғызады;
• қарыз алушы несиені алу кесірінен банкротқа ұшарағаны туралы кері шағымдану қаупі туады;
Осы шығындардың барлығы банкке өте қымбат түсуі және қарыздың өтелмеу шығындарынан әлде қайда жоғары болуы мүмкін.
Несие бойынша төлем мерзімі келгеннен кейін барлық мерзімі өткен берешектер екі себеппен туындауы мүмкін.
1. қарыз алушы несие өтеу кезінде төлем қабілеттігі жоқтығынан - төлей алмайды;
2. қарыз алушы алдын-ала қарызды өтеуге ниеті болмағандықтан -төлегісі келмейді
Несие бойынша төлем қабілетсіздігінің туындауы несие офицерінің талдау кезінде жіберген қателігімен немесе несие берілгеннен кейін туындаған қаржылық жағдайлармен түсіндіріледі ("төлей алмайды") .
Қарыз алушының несие бойынша төлемдерді төлегісі келмейтінін, несиені беру кезінде анықтау өту қиын әрі күрделі(төлегісі келмейді) . Қарыз алушы жағынан қасақана алдауы, оның о бастан қарызды төлеуге ниетінің болмауымен түсіндіріледі. Мүндай жағдайды болдырмау үшін қүжаттарды экономикалы және заңды сараптаудан бөлек, басшылардың жеке қасиеттеріне, олардың несие алуға көз-қарасына, несиені қайтарудағы әртүрлі пиғылдарына және т. с. с назар аудару керек.
Қарызды төлеуде туындайтын негізгі себептер төменде көрсетілген:
Несие сүранымын қарастырғанда, келісім шарттарын жасағанда және кейін бақылау жүргізгенде банк персоналының жіберген қателері. Қарыз алушы мен банк арасында Несиелік келісімге кол койылғаннан кейін не болады? Ол папкаға тігіліп өтеу мерзімі келгенше және қарыз алушы соңғы төлемін жасағанша одан алынбауы тиіс пе? Банк көзқарасы бойынша бүл мүмкін емесі айқын. Өйткені, несие берілген кездегі шарт әрдайым ауысып отырады, бүл қарыз алушының қаржылық жағдайына және несие өтеу мүмкіншілігіне әсер етеді. Экономикалық шарттардың өзгеруі кейбір фирмалардың позициясын әлсіздетеді және басқалардың несиелік қажеттіліктерін үлғайтады: жеке түлғалар жүмыстан босауы немесе денсаулықтарының нашарлауы, олардың несие өтеу мүмкіншілігіне кері әсер етуі мүмкін.
Банктің Несиелік басқармасы мүндай өзгерістерді ескере отырып, өтеу мерзімі әлі келмеген барлық несиелерді тексеруі керек. Несиелерді тексеру молшылық емес, банктік несиелендірудің бағдарламасын жасаудағы қажеттілік. Бүл менеджерлерге проблемалы несиелерді тез арада әшкерелеуге ғана емес, сонымен қатар несиелік инспекторлардың қызметі банктің несиелік саясатына сәйкес келуін тексеруге септігін тигізеді. Әлсіз менеджмент бірқатар қате саясаттар мен процедураларды білдіреді, соның ішінде көбі-несиелендірудегі қателіктер, ішкі бақылау, бизнес, басқару облыстарындағы жетіспеушілік.
Бүгінгі күні банктік тәжірибеде несиелік тексерудің әртүрлі әдістерін қолданғанымен, қауіпті несиелік саясат жүргізу немесе тәртіп бұзу индикаторларының келесі түрлері кездеседі:
- қарыз алушылармен байланысты тәуекелдің дүрыс бағаланбауы (мысалы, қаржылық талдауың дүрыс жүргізілмеуі) ;
- болашақта мүмкін оқиғаға негізделген несиелендіру (мысалы, бірігу)
- клиент ірі депозит шығару уәдесімен берілген несие;
- несие жүмысшысы кәсіпорын қажеттілігімен және сала спецификасымен дүрыс таныспау салдарынан қарыздың нашар құрылуы;
- қарыз алушыға аса ірі сома беру;
- банк қызмет корсету территориясынан тыс орналасқан қарыз алушыларға берілген несиенің жоғары үлес салмағы;
- банкпен байланысты түлғаларға берілген несиенің басым үлес салмағы (қызметкерлерге, директорларға, акционерлерге)
- қарыз алушыға катал көзқарастың болмауы (мысалы, достық қатнаспен сұранымды қолдау) ;
- қарызды рәсімдеудегі құжаттық қате немесе несиелік істегі сандық жетіспеушілік (мысалы, банк мүддесін қорғауды қамтамасыз ететін маңызды шарттардың мәміледе ескерілмеуі немесе клиенттің қаржылық есеп беруінің болмауы) ;
- кепілге қойған мүлікті рәсімдеуде жіберілген қате, демек бүл кепілді өткізудегі заңсыздық;
- несиелендіру бағдарламасын бақылаудағы жөнсіздік;
- қарызды қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі (мысалы, кепілді жоғары бағалау) ; .
- іскерлік цикл сатысының өзгеруі кері әсер етуін елемеу;
- бәсекеге аса қызу реакция беру (клиенттің басқа банкке ауысуын болдырмау үшін, темен сападағы несиенің берілуі) ;
- спекулятивті мүліктенуді несиелендіру (алыпсатарлық) ;
- экономикалық шарттардың өзгеруіне жеткіліксіз сезімталдық;
Проблемалы несиелердің барлық себептерін тізу мүмкін емес, демек, олардың басымы төмендегілердің салдарынан болады:
Өз пайдасы үшін жасалынған іс-әрекеттер - банк проблемаларының көптеген себептерінің бірі болып табылады. Бүл көбінесе өз дәрежесін жеңілдікпен несие алу үшін пайдаланатын директорларға, ірі акционерлерге және солармен байланысты түлғаларға берілген несиелер. Олар бүл несиелерді өзін ақтамайтын несие түрінде алады (қаламақы, ақшалай сыйақы, тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін төлем түрінде) . Директорлар кеңесінің және акционерлердің шешімімен сайланған лауазымды қызметкерлер объективті бағалауға жэне осындай несиелерді беруден бас тарта алмайды. Мұндай жағдайда, басшылык әдетте банкке таңылған залал әкелетін өзінің жеке меншігін, несиенің қисынсыз берілуін және "өз-өзімен" пайдакүнемдік үшін жасалған мәмілелерді жақтайды. "Өз-өзімен" мәміле жасау кезінде проблеманың қайнар көзі де, себебі де банк ішінде тамыр алады.
Пайда маңызын ұлғайту. Несиелік портфель әдетте пайда алудың маңызды қайнар көзі болып табылады. Алайда, рентабельділікті көтерудегі
пікір, өзіне қанағаттандырмайтын шартпен берілген немесе ақталмаған тәуекелі бар несиедегі саналылықты қайта тартуды болдырмау керек. Қисынсыз берілген несиелер әдетте, олардан түскен түсімнен қымбат болады.
Несиелендіру принциптерін келісіммен бұзу. Банк басшылығы тәуекелі ақталмайтын несиелерді немесе қанағаттандырылмайтын шартпен берілген неисиелерді тек, толық мөлшерде қисынды несиелендіру принциптерін бұзатынын ескере отырып, бере алады. Заңдарға сүйене отырып, қарыз қайтарылуы және төленуі шартымен беріледі. (2. )
Несиелендіру принциптерінің бұзылуының негізгі себебі болып беделді адамдармен келісімге отырудағы жалтақтық, мүдде арасындағы конфликт және достық қарым-қатынастың болуы. Пайдакүнемдік, пайда көрудегі құмарлық, бәсекедегі қысым да несиелендіру принциптерінің компромистік бұзылуына әкеледі.
Қарыз алушы жайлы ақпараттың толық болмауы. Толық несиелік досье қарыз алушының қаржылық жағдайын анықтаудың қол жеткізерлік және дәл әдісі болып табылады. Қаржылық мәліметтердің, жұмыстың ағымдағы жағдайының мағұлматтарының және басқа да керекті статистика-лық мәліметтердің тапшылығы "проблемалы несиелердің" туындауының негізгі себебі болып табылады. Сонымен қатар несиелік істе басқа да маңызды ақпараттар мазмұндалуы керек. Олар: несиенің мақсаты, технико-экономикалық негіздеулер, болжамдалган қарыз өтеу көзі, несиелік қаражаттар орындалып, атқарылган жұмыстар туралы есеп беру, инспеқторлық тексерулер, несие бойынша жиналыста алынган сыртқы ақпарат және мәліметтер бойынша меморандум. Несиелерді басқару және несиеге тура баға беру, осы ақпараттың барынсыз мүмкін емес.
Несиені қайтарудағы келісімнің жеткіліксіз орындалуы. Ең көп таралган қолайсыз жағдай - бүл банктің қарыз алушымен үнемі қарызды ликвидациялауга және өтеуге байланысты келісімнің болуы.
Мүндай қарыздар проблемаларға айналады. Қарыз алушы жасауға келіскен несиелік шығындарды талдау, амортизация еш уақытта негігі қарыз сомасына тең болмайтынын көрсетеді. Несиелендірудің жақсы сызбалары қарыз өтеудегі тізбектікті қарастырады.
Өз күшін тым артық бағалаушылық. Әрдайым келесі жағдайлардан аулақ болу керек:
-бұрынғы және жақсы танитын қарыз алушыларды тиісті қадағалаудың болмауы;
-қарыз алушының сенімді қаржылық көрсеткішерінің орнына ауызша ақпаратқа сүйену;
-алдында тәуекелді бірнеше рет жеңгеніне негізделе отырып, несиенің бізге мэлім элсіз жақтарын оптималды интерпритациялау;
Инспекторлың қадағалаудың болмауы. Көптеген бастапқы кезде сәтті несиелер, банктің несиелік бөлімі жағынын тиісті қадағалаудың болмау салдарынан проблемалы жағдайлардың және шығындардың туындауына әкеліп соқтырады. Бұл көп жағдайда несие кезеңінде қарыз алушы қызметі туралы мағұлматтың болмауының нәтижесі.
Техникалық қабілетсіздік, Банктің барлық икемді әрі тәжірибелі жұмысшылары қаржылық есеп беруде, несие жайлы басқа да ақпараттарды жинауда және баға беруде, банктің займдарды орналастыру және оларды қадағалауды қамтамасыз ету мақсатымен техникалық білімді болулары қажет. Персонал компетентсіздігі әдетте ақталмайтын шығындарды әкеледі және бұл жайлы мағұлматты міндетті түрде директорлар кеңесіне хабарлау керек.
Тәуекелмен байланысты қарыздардың нашар іріктелуі. Көптеген банктерде кейбір жетіспеушіліктері бар кіші және ірі несиелердің белгіленген саны бар. Банк оларды өз несиелік саясаты ережесі есебінен ерекше деп мойындайды, бірақ жалпы оларды қол жетерлік деп санайды. Банк қарыздарды несиелендірудің қисынды принциптерден ауытқуын және олардың сомалық көлемі көп емес деп санағандықтан, қадағалау инспеторына аса алаңдаудың қажеті жоқ. Демек, мүндай ауытқулар мойындалуынан бүл тәуелсіз тәртіпке айналатын болса, банк үлкен проблемаларға үшырауы мүмкін. Төменде нашар іріктелген және көтеріңкі тәуекелмен түйіндес категорияға кіретін қарыздардың жинақталған тізімі берілген:
• пропорцияланған кәсіпорындарды қайта құруды қаржыландыруға арналған қарыз, қолда бар капитал деңгейінен айтарлықтай жоғары;
• несие нақты түсімдер ауқымынан бұрын, кәсіпорынның ойдағыдай аяқталу болжамымен берілген;
• несие бағалы қағаздардың немесе товарлардың спекулятивті келісімдерін қаржыландыру үшін берілген;
• кепілмен жеткіліксіз қамтамасыз етілген несиелер;
• кішігірім акционерлік капитал астындагы қозғалмайтын мүлікпен байланысты операциялар үшін берілген несие;
• банктегі ірі депозит қалдықтарын бақылаудагы артықшылық үшін берілетін несие;
• моральді тәукекелмен түйіндес несие;
• өтімділігі күмән туғызатын кепілмен қамтамасыз етілген қарыз.
Егер мұндай қарыздар аз және банк басшылыгы оларды өздеріне тән жетіспеушілік деп санаса, онда бұл жерде проблема туындамайды. Бірақ, егер мұндай қарыздардың берілуі тәртіпке айналса, банк қатерлі проблемаларға душар болуы мүмкін.
Аса ірі несиелердің берілуі. Кей мағынада бұл техникалық - компетентсіздікпен байланысты. Ақырғы шығын тәуекелі қөзқарасы бойынша аса ірі қаражаттың сенімсіз қарыз алушыларга берілуі қалай қауіпті болса, солай қаржыдық жағдайы сенімді қарыз алушыларға да берілуі қауіп туғызады. Қарыз алушының берешекті өтеу мүмкіндігі шегінен шығатын несиелерді беру қисынсыз. Сенімді қарыз алушыга берілетін несие көлемін анықтау кезіндегі техникалық компетентсіздік басқа еш жерде дәл осылай бағаланбайды.
Бәсекелестік. Банктер арасында осы аймақта ықпалын кеңейту үшін күрес, несиелендіру принциптеріне және қисынсыз несие беруге қатысты компромисті шешім қабылдауына әкелуі мүмкін. Қисынсыз несиенің бағасы әрқашан кез-келген уақытша ұтыстан жоғары болады.
Әлбетте маңызды рөлді банк бакылауынан тыс факторлар атқаруы мүмкін: экономикалык және әлеуметтік тұрақтылыктың нашарлауы, өзара төлемеулер, өндірістің түсуі, саясаттық ығысулар, заңдардың өзгеруі, технологиялық олкылық және тағы басқалар.
Қарыз алған компанияның тиімсіз жұмысы:
Жетілдірілмеген менеджмент. Фирмалык күйреулердің басымы -нашар ұйымдастырылған менеджменттің нәтижесі. Типтілік проблемалар -басқару экспертизасының тереңдігінің және түрлілігінің жетіспеушілігі, қанағаттандырмайтын жоспарлы және бухгалтерлік қызметтер, жалпы компетентсіздік. Жеткіліксіз менеджмент динамикалы дамып келе жатқан компания, шаруашылык процестің барлық детальдарын қамти алмайтын, мықты орталықтандырылған басқарманың ақауымен соктығысқандағы, шығындардың өсімімен байланысты.
Фирманың парапарсыз бастапқы капиталы. Шағын компаниялар бастапқы салымдары жетпеу проблемасымен жиі кездеседі. Бұл, осы бизнесте озу жолында компания, бизнестің жалпы құнын және табыс алу мерзімін дұрыс бағаламауының нәтижесі. Бұл проблема компаниямен акционерлік капитал саркылғаннан кейін, ал кредиторлар косымша қаржыландырудан бас тартқаннан кейін ғана мойындалады.
Ағымдағы шығындар коэффициентінің және қаржылық коэффициенттің жоғары деңгейі. Қаржылық коэффициент - сыртқы ұзақ мерзімді міндеттемелерінің корпорацияның меншікті капиталына қатынасын бейнелейді. Жоғары каржылық коэффициент және өткізу көлемінің төмендеуі кезінде, карызды күту шығындары бірден өседі.
Ағымдағы шығындар коэффициенті орнатылған шығындардың жалпы шығындарға қатнасымен түсіндіріледі. Сәйкесінше, жоғары коэффициент және өткізу көлемі төмендеген кезде, компания пайданың кенет азайғанын сезеді.
Өткізілетін өнім өсімінің жоғары қарқындылығы. Компания өз өнімін сатуды кенет үлғайтатын болса, оның төленбеу тәуекелі де ұлғаяды. Мұның себебі, компания сатып алушыларды таңдаған кезде, олардың төлем қабілеттігіне назар аудармай өз сақтығын жоғалтады. Мұндай жағдайда банк, фирма төлем қабілеттігі күмән туғызатын сатып алушыларға өнім өткізуді тоқтату ойымен, активтер өсімін тоқтатуға бағытталған рестриктивті шаралар қолданады.
Бәсекелестік. Жаңа компаниялар нарыққа шығу барысында үлкен проблемалармен соқтығысады. Бәсекелестік күресте фирма әрі шабуыл әрі қорғаныс тактикасын таңдайды алады. Шабуыл тактикасы тіпті уақытша табысты жоғалтуға әкелетін әртүрлі шаралар (бағаны төмендету, өткізу көлемін ұлғайту және тағы басқа) көмегімен нарықты жаулауымен байланысты. Қорғану тактикасының мақсаты - өткізу көлемін мүмкінінше қысқарту жолымен табысты түрақтандыру.
Егер, фирма бәсекелестік күрес шартына бейімделмейтін болса, ол жойылады.
1. 2. Банктік несиенің түрлері және несиелердің жіктелінуі
Несиенің түрі - бүл несиелік қатнастар қүрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан ішкі және сыртқы өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыствр қалай өзгергенімен де, несиенің түрі сол күйі сақталады.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Оларды мынандай белгілеріне байланысты жіктейді:
I. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
- мақсатты қорларға;
- банктерге;
- қаржы -несиелік мекемелерге;
2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
- өнеркәсіп салаларына;
- ауыл шаруашылығына;
- саудаға;
- дайындау үйымдарына;
- жабдықтау - сату ұйымдарына;
- кооперативтерге;
- жеке кәсіпкерлерге;
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
II. Мерзіміне қарай:
- қысқа мерзімді (1 жылға дейін)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz