Қоршаған ортаның жағымсыз факторларына өсімдіктердің бейімделу механизмдері (адаптация)



I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.Өсімдіктердің қолайсыз жағдайларға бейімделуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1. Өсімдіктердің жарыққа және көлеңкеге бейімделуі ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
II.Топырақ тұздылығының өсімдікке әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.1.Тұзды ортаға бейімдеушілік топтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
III.Өсімдіктердің экологиялық факторларына бейімделуі ... ... ... ... ... ... ... ... 22
3.1. Абиотикалық факторларға өсімдіктердің бейімделуі ... ... ... ... ... ... ... .24
3.2.Өсімдікке адамның әсер етуінің негізгі формалары ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Бейімделгіштік - адаптация дегеніміз тірі ағзалардың ағзалардың қоршаған ортаның нақтылы жағдайларында құбылысында, мінез-құлқы мен физиологиясында тірі қалуды жоғарылататын ерекшеліктерді иемдену қасиеті.
Эволюция нәтижелерінің бірі – тірі ағзалардың қоршаған орта жағдайларына бейімделгіштік.
Қорек талғауға бейімделу. Көптеген жануарлар қорек тапшылығынан және тіршілік үшін күрестің түр ішінде шиеленісуінен пайда болып, дарақтардың бір бөлігі қоректенудің жаңа көзіне ауыады.
Климаттық бейімделу. Ағзалардың төтенше табиғи жағдайларындағы тіршілікке байланысты қандай бейімделу пайда болды.
Қорғаныш рең. Қорғаныш реңді 3 негізгі типке бөлуге болады. Олар: қорғаныш реңі, еліктеу реңі және көрнекілеу реңі.
Қорғаныш реңінің мынадай түрлері бар: бүркемелену реңі – қоршаған ая түсіне ену; бөлшектену реңі – денедегі рең тұтастығы жойылады; көлегейлену реңі – жарық пен көлеңкенің құбыла көрінуі.
Еліктеу рең – қорғанышсыз жануарлар немесе өсімдіктердің біреуі екінші бір едәуір қорғанышы бар немесе жеуге жарамсыз түрге ұқсас болу нәтижесі.
Көрнекілеу реңі – бұл қарсыласын үркіту немесе абдырату жолы.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қоршаған ортаның жағымсыз факторларына өсімдіктердің бейімделу механизмдері (адаптация).
Курстық жұмыстың міндеттері:
-Өсімдіктердің қолайсыз орта жағдайларына бейімделуін анықтау.
-Суықтың өсімдікке әсері мен оған бейімделуі.
-Өсімдіктердің қоректік ортаға бейімділуі
1.Лебедев, С. И. Өсімдіктер физиологиясы, 1982 ж. - 464 б.
2.Либберт, Э. Өсімдіктер физиологиясы, 1976 ж. - 584 б.
3.Лир, Х. Өсімдіктер физиолгиясы, 1974 ж. - 424 б.
4.Өсімдіктер физиологиясы, 1979 ж. - 72 б.
5.Өсімдіктер физиологиясы, Гуняженко, И. В., 1974 ж. - 69 б.
6.Физиология устойчивости растений (морозоустойчивость, засухоустойчивость и солеустойчивость), .: И. И. Туманов, П. А. Генькель, Б. П. Строганов; 1960 ж. - 776 б.
7.Фотосинтез физиологиясы , А. А. Ничипорович; 1982 ж. - 317 б.
8.Физиология и биохимия зимостойкости древесных растений, Л. И. Сергеев 1974 ж. - 159 б.
9.Кобак, К. И. Өсімдіктер физиологиясы, 1977 ж. - 72 б.
10.Веретенников, А. В. Өсімдіктер физиологиясы, 2006 ж. - 480 б.
11.Попова, В. Т. Өсімдіктер физиологиясы. Фотосинтез бөлімі, 2006 ж. - 32 б.
12.Коновалов И. Н.Физиология интродукцируемых растений, 1963ж. - 64 б.
13.Өсімдіктер физиологиясы , К. И. Кобак, М. В. Барчукова, И. И. Погорелова; 1962 ж. - 296 б.

14.Кәдімгі қайынның физиологиясы, монография / Н. Е. Судачкова, Г. И. Гирс, С. Г. Прокушкин, Г. Ф. Антонова, Т. Н. Вараксина;1990 ж. - 248 б.
15.Физиология растений, журнал / 1977-1983(Т.Т. 24-30, № 1-6), 1984-1990(Т.Т. 31-37, № 1-6), 1991-1997(Т.Т. 38-44, № 1-6), 1998-2004(Т.Т. 45-51, № 1-6), 2005(Т. 52, № 1-6), 2006(Т. 53,1-6), 2007(Т.54, № 1-6), 2008(Т. 55, № 4-6), 2009(Т. 56, № 1-6).

Курстық жұмыс
Қоршаған ортаның жағымсыз факторларына өсімдіктердің бейімделу механизмдері (адаптация)

Мазмұны
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Өсімдіктердің қолайсыз жағдайларға бейімделуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .4
1.1. Өсімдіктердің жарыққа және көлеңкеге бейімделуі ... ... ... ... ... ... . ... ... .8
II.Топырақ тұздылығының өсімдікке әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...12
2.1.Тұзды ортаға бейімдеушілік топтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
III.Өсімдіктердің экологиялық факторларына бейімделуі ... ... ... ... ... ... . ... ...22
3.1. Абиотикалық факторларға өсімдіктердің бейімделуі ... ... ... ... ... ... . ... 24
3.2.Өсімдікке адамның әсер етуінің негізгі формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ..25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Кіріспе
Бейімделгіштік - адаптация дегеніміз тірі ағзалардың ағзалардың қоршаған ортаның нақтылы жағдайларында құбылысында, мінез-құлқы мен физиологиясында тірі қалуды жоғарылататын ерекшеліктерді иемдену қасиеті.
Эволюция нәтижелерінің бірі - тірі ағзалардың қоршаған орта жағдайларына бейімделгіштік.
Қорек талғауға бейімделу. Көптеген жануарлар қорек тапшылығынан және тіршілік үшін күрестің түр ішінде шиеленісуінен пайда болып, дарақтардың бір бөлігі қоректенудің жаңа көзіне ауыады.
Климаттық бейімделу. Ағзалардың төтенше табиғи жағдайларындағы тіршілікке байланысты қандай бейімделу пайда болды.
Қорғаныш рең. Қорғаныш реңді 3 негізгі типке бөлуге болады. Олар: қорғаныш реңі, еліктеу реңі және көрнекілеу реңі.
Қорғаныш реңінің мынадай түрлері бар: бүркемелену реңі - қоршаған ая түсіне ену; бөлшектену реңі - денедегі рең тұтастығы жойылады; көлегейлену реңі - жарық пен көлеңкенің құбыла көрінуі.
Еліктеу рең - қорғанышсыз жануарлар немесе өсімдіктердің біреуі екінші бір едәуір қорғанышы бар немесе жеуге жарамсыз түрге ұқсас болу нәтижесі.
Көрнекілеу реңі - бұл қарсыласын үркіту немесе абдырату жолы.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қоршаған ортаның жағымсыз факторларына өсімдіктердің бейімделу механизмдері (адаптация).
Курстық жұмыстың міндеттері:
-Өсімдіктердің қолайсыз орта жағдайларына бейімделуін анықтау.
-Суықтың өсімдікке әсері мен оған бейімделуі.
-Өсімдіктердің қоректік ортаға бейімділуі

1.Өсімдіктердің қолайсыз жағдайларға бейімделуі
Климаттық жағдайлар өсімдіктердің өсіп жетілуіне үнемі қолайлы әсер ете бермейді. Қатаң климат жағдайлары өсімдіктердің тіршілігіне қауіп төндіреді. Солтүстік және қоңыржай ендіктерде өсімдіктер аяздан, қысқы құрғақшылық пен температураның ауытқуынан зардап шегеді. Мұндай кезеңдерде күздік астық тұқымдастар мен жеміс ағаштары үсікке шалдығады. Тұзды топырақты жерлердің өсімдіктері тұздар концентрациясының күштілігімен күреседі. Алайда, барлық топырақ - климат жағдайларында да өсімдіктер орта жағдайларына бейімделеді.
Аязға төзімділік. Қыста өсімдіктер көбіне төменгі температура мен жылымық кезіндегі температураның күрт ауытқуынан зардап шегеді. Н.А. Максимов өсімдіктерде төменгі температураның әсерінен өтетін үрдістерді мұқият зерттеді. Ол 1912 жылы өсімдіктердің үсуі мен суыққа төзімділігі деген еңбегінде өсімдіктердің аязға төзімділігі жөніндегі болжамының негізгі мәнін анықтады. Өсімдік жасушаларында мұз қатып, протоплазманың коллоидтық құрылымы бұзылатындықтан, өсімдік аяздан үсіп, тіршілігін тоқтады. Демек, өсімдіктердің бойында су қанша аз болса, мұзда соншама аз қатады, яғни өсімдіктің аяздан зардап шегуі соншама кемиді. Өсімдіктің сусыздануымен қатар, онда қорғаныш заттары - қант пен тұздың жиналуы протоплазма коллоидтары төзімділігінің артуына себепші болады.
Л.И. Сергеев тұжырымдаған келесі көзқарас аязға төзімділік механизмін өсімдіктердің өзгеріп тұратын жағдайларға сәйкес зат алмасуын тез өзгертіп отыруға бейімділігі ретінде түсіндіреді. Өсімдіктердің зат алмасуы мен орта жағдайлары арасында үйлесімді байланыс бар. Бұл үйлесімділіктің бұзылуы Л.И. Сергеевтің пікірі бойынша, өсімдіктердің зақымдануы мен тіршілігін тоқтатуының себебі болып табылады. Сондықтан, ортаның аса қиын жағдайларында ағзаның тіршілікке қабілеттілігін оның төзімділігі емес, бейімделгіштігі анықтайды.
Ағаш тұқымдастардың аязға төзімді болуында транспирация зор роль атқарады. Ағаш тұқымдыс өсімдіктер қыста да көптеген мөлшерде суды буландырып отырады. Мұнда транспирация жапырақтардағы, бүршіктер, перидерма арқылы өтеді. Суды көп буландыратын ағаш тұқымдастар суыққа төзімсіз болады. Қысқы транспирация неғұрлым төмен болса, өсімдік соғұрлым аязға төзімді келеді.
Күзде вегетация мен өсу үрдістерін дер кезінде тоқтатудың зор маңызы бар. Ағаштың өсуін аяқтамаған өркендері толық жетіліп үлгермейді, онда көп мөлшерде су болады. Қысқы аяз түскенде мұндай өркендер үсіп кетеді. Өсімдіктердің аязға төзімділігі олардың тыныштық күйінің ұзақтығы мен тереңдігіне де байланысты. Шабдалы ағашы желтоқсан айында терең тыныштық күйінде болып, бүршіктері өспей тұрғанда -20° аязға шыдайды. Қаңтарда бүршіктері ісіне бастағанда -17-19°, наурызда бүршіктері шашақ түзе бастағанда - 7-8° аязға шыдайды да, ал сәуірде бүршіктері гүл жара бастағанда ол -2-3° аяздан-ақ үсіп кетеді.
Вегетация дәуірінде азот тыңайтқышын кеш енгізу және жиі суару сияқты агрономиялық шаралар вегетация мен өсу мерзімдерін ұзарта отырып, өсімдіктердің аязға төзімділігін кемітеді. Ал вегетация дәуірінің соңында фосфор-калий тыңайтқыштарын енгізу, керісінше, көмірсудың жиналуына және бір жылдық өркендердің тез өсіп жетілуіне жағдай жасай отырып, өсімдіктердің аязға төзімділігін арттырады. Күзгі-қысқы суару арқылы топарықтың ылғалдылығын реттеу жолымен өсімдіктің төзімділігіне әсер етуге болады. Егер, топырақ қыста ылғалды жеткілікті сіңіріп, өсімдіктер қысқы құрғақшылықтан зардап шекпеген болса, жеміс ағаштарының аязға төзімділігі артады. Өсімдіктердің аязға төзімділігін арттыру бағытында да зерттеу жұмыстары жүргізілетінін атап өткен жөн.
Өсімдіктердің аязға төзімділігін арттыру. И.И. Туманов өсімдіктерді төменгі температураға шынықтыру мәселесін зерттеп, аязға төзімділік ұзақ та күрделі даярлықтың нәтижесінде қалыптасатынын көрсетті. Ол аязға төзімді түрлерде табиғи жолмен өтетін қысқа даярлану үрдістерін зерттеу негізінде, өсімдіктердің төзімділігін одан әрі арттыруға мүмкіндік беретін тәсілдерді жасап шығарды. Ол үшін мынандай шарттар орындалуы тиіс. Қажетті генетикалық табиғаты бар өсімдіктерді ғана аязға төзімді етуге болады. Жылу сүйгіш өсімдіктерді қолдан аязға шынықтыруға болмайды.
Екінші шарт - тыныштық күйінің немесе ұзақ мерзімді яровизация сатысының болуы. Өсімдіктерде өсу үрдісі тоқтап, олар тыныштық кезеңінде тұрғанда ғана аязға шынықтыруға болады. Өсу және аязға төзімділік бір-біріне сиыспайтын ұғымдар. Өсу үрдісі жүріп жататын вегетациялық дәуірде, өсімдіктердің тіпті табиғатынан қысқа төзімді түрлері де нашар шынығады. Қарағайдың, қайың мен жөке ағашының бұтақтары күзде, олар тыныштық күйінде тұрған кезде аязға төзімділігін -36°, тыныштық кезеңінен өткен соң -15 градусқа дейін ғана арттыратыны тәжірибе арқылы анықталған.
Тыныштық кезеңінде тұрған өсімдікті шынықтыру екі фазадан өтеді. Шынықтырудың бірінші фазасы төменгі он температурада өтеді. Бұл жағдайда жасушаларда қорғаныш заттары - қант жиналады. Олардың жәрдемімен протоплазмада өсуді тежейтін немесе толық тоқтататын үрдістер жүреді. Шынықтырудың бірінші фазасы аяқталған соң екінші фазасы басталады. Екінші фаза теріс температурамен баяу салқындату жағдайында өтеді. Бірінші және екінші фазаның барысында протоплазманың су өткізгіштігі артады, мұз болып қатуға бейім судың бәрі жасуша аралығына ағып барады. Барлық суынан дерлік айырылу нәтижесінде протоплазманың құрылымы өзгереді. Төменгі температура бұл құрылымның сақталуына мүмкіндік береді. Шынықтырудың екі фазасынан ойдағыдай өткен өсімдіктерді аязға төзімді етіп шынықтыруға болады.
Өсімдіктердің суыққа төзімділігі. Аязға төзімді өсімдіктермен қатар, тек қана +3°, +5°С суыққа төзімді өсімдіктер де бар. Мұндай температура байқалатын көктемгі үсік кезінде қиярдың, қызанақтың, қауын мен қарбыздың және басқа да жылу сүйгіш өсімдіктердің жас өскіндері зақымданады. Өсімдіктердің суықтың әсерінен зақымдануы оның әсер ету дәрежесі мен ұзақтығына байланысты. Қысқа әсер ететін, неғұрлым төменгі температура ұзақ уақыт әсер ететін төменгі температураға қарағанда қауіпті емес. Көктемгі және күзгі үсіктің қауіптілігі мынада: олар суыққа бейімделмеген, суықтың әсеріне шынықтырылмаған өсімдіктерге зақым келтіреді. Салқын температурада ұстаудан екі-үш күн өткен соң қиярдың зақымданатыны байқалады. Алдымен оның тұқым жарнақтары мен ең алғаш шыққан жапырақтары, одан соң жас жапырақтары солып қалады. 3-6 тәулік бойы салқын температурада ұстау олардың тіршілігіне қауіпті болып табылады. Қызанақ пен асқабақ суыққа едәуір төзімді, соя бұдан да гөрі суыққа төзімді келеді. Суыққа төзімділік дәрежесі өсімдіктердің түрі мен сорттарының географиялық шығу тегіне, даму фазаларына байланысты. Ұзақ уақыт бойы суық температурамен әсер еткенде өсімдіктердегі ыдырау үрдістері синтез үрдістерінен басым болып, өсу мен фотосинтез тоқталатынын, жапырақтардың сумен қамтамасыз етілуі кемитіні дәлелденген.
Өсімдіктерді шынықтыру және оларда суыққа төзімділік қасиеттерді қалыптастыру әдістері белгілі. Қызанақ тұқымын 12 сағат сумен ылғалдап, бұдан соң оған бірде жылумен, бірде суықпен әсер етеді. Тұқым тәуліктің 6 сағатын +15° температурада, 18 сағатын 0°С температура суықта өткізеді. Тұқымды осылайша шынықтыру 1 айға созылады. Шынықтырылған тұқымдардан өсірілген өсімдіктер ерте өніп, жедел жетіледі, үсікке ойдағыдай төзіп, солтүстік жағдайында жақсы түсім береді, ал шынықтырылмаған өсімдіктер толығымен үсіп кетеді. Шынықтыру әдісі басқа да өсімдіктерге қолданылады. Алайда, бұл жағдайда сорттың ерекшелігін, оның ерте пісетіндігін, географиялық шығу тегі мен басқа да қасиеттерін ескеру қажет.
Өсімдіктердің ыстыққа төзімділігі. Табиғатта құрғақшылық жоғары температурамен ұштасады. Мұндай кезде өсімдіктер су тапшылығына ғана емес, сондай-ақ аптап ыстықтан да зардап шегеді. Сондықтан құрғақшылыққа төзімділікпен қатар, өсімдіктердің ыстыққа төзімділігін де ажыратады. Өсімдіктердің көпшілігі үшін тиімді температура 15-35°С шегінде болады. Аптап ыстықтың зақымдаушы әсері жасуша цитоплазмасының коагуляциялануында болып табылады, бұл құбылыс температура 50°С-ге жеткенде және одан артқан кезде байқалады. Алайда, зат алмасу барысында үрдістердің бұзылуы бұдан ертерек, температура 40-45°С-ге жеткенде-ақ басталады.
Ыстыққа аса төзімді өсімдіктер де бар. Ыстық су көздерінде өсетін бактериялар мен көкжасыл балдырлар тобы 70°С және одан да жоғары температураға бейімделген. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішінде кактустар мен жасаң тұқымдастар ыстыққа аса төзімді келеді, олар 50-60°С температураны да көтереді. Ал мәдени өсімдіктерден сорго, мақта, күріш және үпілмәлік ыстыққа айтарлықтай төзімді.
Транспирацияның жоғары болуы кейбір өсімдіктерге ыстықтың әсерінен қорғануға мүмкіндік береді. Мәселен, суды көптеген мөлшерде буландыра отырып, гемиксерофиттер жапырақтардың қызып кетуін бәсеңсітеді. Суккуленттердің ыстыққа төзімділігінің басқаша негізі бар: жасушалары мен цитоплазмасының мұндай қасиеттері олардың ыстыққа төзімділігін қамтамасыз етеді. Өсімдіктерге жоғары температура әсер еткенде зат алмасу реакциялары үйлесімділігінің бұзылуы улы заттардың жиналуына әкеліп соғады. Ақуыздар мен амин қышқылдарының ыдырауы нәтижесінде түзілетін аммиак осындай заттардың бірі болып табылады. Өсімдіктердің ыстыққа төзімді түрлерінде түзілетін аммиакты органикалық қышқылдар байланыстырады.

1.1. Өсімдіктердің жарыққа және көлеңкеге бейімделуі
Гелиофиттер немесе жарық сүйгіш өсімдіктер - күн сәулесі жақсы түсетін ашық кеңістікте өсетін өсімдіктер. Мысалы үшін оларға көптеген шабындық, дала, шөл және шөлейт өсімдіктері, орманның биік ағаштары жатады. Әдетте олардың жапырақтары қалыңдау, мезофилл және эпидермис клеткалары майда болып келеді. Бұған құрғақ аймақтарда (шөл, дала, саванна) өсетін астық тұқымдастары, амаранттар, алабұта тұқымдасына жататын және т.б. өсімдіктер жатады. Фактор ретiнде жарықтың өсiмдiкке әсерiнiң маңызы өте зор және алуан түрлi. Жарық ең алдымен фотасинтез үшiн қажет. Жасыл өсiмдiктердiң өмiрi жарықсыз мүмкiн емес. Өсiмдiктердiң басым бөлiгi үшiн жарық ортаның ең қажеттi факторы. Өсiмдiктiң тiршiлiк үрдiсiне жарықтың интенсивтiлiгi, тәулiк бойындағы жарықтандыру ұзақтығы, сонымен қатар жарықтың сапалылығы ерекше әсер етедi. Әрине барлық өсiмдiктер жарықта ғана өседi деген түсiнiк болуы тиістi емес, кейбiр өсiмдiктер көлеңкенi, ендi бiреулерi мүлде қараңғыны ұнатады.
Өсiмдiктердiң жарық ырғағына бейiмделуi бiздiң планетамыздағы жарықтың жағдайларының алуан түрлi: биiк таулы аймақтар, далалар, шөлейттер сияқты қатты жарықтандырылған мекен ету орталарынан бастап үңгiрлер мен терең сулар сияқты әлсiз жарықтандырылған суларға дейiн болуына байланысты. Әртүрлi мекен ету орталарында тек қана радиацияның интенсивтiлiгi ғана емес, олардың спектральдi құрамы, өсiмдiкке жарық сәулесiнiң түсу ұзақтылығы, әртүрлi интенсивтi жарықтың кеңiстiк және уақыттың таралуы және т.б. факторлар ескерiледi. Соған сәйкес өсiмдiктердiң әртүрлi жарық ырғақтарына бейiмделуi де әртүрлi болады.
Дегенмен өсiмдiктер жарық жағдайларына бiркелкi емес бейiмделген, яғни өсiмдiктiң жарыққа мұқтаждығына қарай З категорияға жiктеуге болады: а) ашық, күн сәулесi жақсы түсетiн жерлерде өсетiн өсiмдiктер - гелиофиттер (бұлар шөл, дала, тундра, биiк таулардың басында өсетiн өсiмдiктер); ә) күн сәулесi толық түсетiн жерлерде де, сондай-ақ көлеңкенi ұнататын өсiмдiктер - факультативтi гелиофиттер (шабындықта, орманның ашық алаңдарында өсетiн өсiмдiктер жатады). Мұндай өсiмдiктер жарықты әртүрлi кезеңде түрлiше қажет етедi; б) табиғатта ашық жерлерде мүлде өсе алмайтын өсiмдiктер - скиофиттер немесе сциофиттер (орманды жерде өсетiн емен желайдары, бойқалақай, күзгi шырыншөп т.б. жатады). Жарық сүйгiш, көлеңке сүйгiш және көлеңкеге төзiмдi деп бөлiнедi. Жарық сүйгiш өсiмдiктер тек толық, ашық жарық жағдайында қалыпты дами алады және көлеңкеленудi қаламайды (көптеген дала шөптерi, қарағай) және басқалар.
Қарағай (Pinus) - қарағай тұқымдасына жататын, мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаш кейде бұта. Еліміздің таулы аймақтарында бірнеше түрі кездесетін қылқанжапырақты мәңгіжасыл өсімдік. 500-600 жылға дейін өмір сүреді.

Балқарағай (лат. Lárix) -- қарағай тұқымдасына жататын қылқан жапырақты биік ағаш. Қазақстанда Алтайда, Тарбағатай және Сауыр тауларында өсетін бір ғана түрі -- Сібір Балқарағайы (Lárix sіbіrіca) бар.

Қайыңдар тұқымдасының Солтүстік жарты шарда кеңінен таралаған. Бұрынғы КСРО-ның Европалық бөлігінде Батыс Сібірде, Батыс Европада, Жерорта теңізі аймағы Балканда, солт Африкада, Алдыңғы және Орталық Азияда кездеседі. Қазақстан-ның жазық даласында: мысалы жалпы сырт сілемдері, Тобыл-Есіл, Ертіс, Семей, Көкшетау, Мұғалжар, Ембі, Батыс және Шығыс Сарыарқа жотасы, Зайсан, Алтай, Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Қырғыз Алатауы, Батыс Тянь-Шань т.б. 15 түрі өседі.[[1]] Ең көп тараған түрі - Сүйелді қайың (лат. Bétula péndula)
Қарағай (Pinus) - қарағай тұқымдасына жататын, мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаш кейде бұта. Еліміздің таулы аймақтарында бірнеше түрі кездесетін қылқанжапырақты мәңгіжасыл өсімдік. 500-600 жылға дейін өмір сүреді.

Балқарағай (лат. Lárix) -- қарағай тұқымдасына жататын қылқан жапырақты биік ағаш. Қазақстанда Алтайда, Тарбағатай және Сауыр тауларында өсетін бір ғана түрі -- Сібір Балқарағайы (Lárix sіbіrіca) бар.

Қайыңдар тұқымдасының Солтүстік жарты шарда кеңінен таралаған. Бұрынғы КСРО-ның Европалық бөлігінде Батыс Сібірде, Батыс Европада, Жерорта теңізі аймағы Балканда, солт Африкада, Алдыңғы және Орталық Азияда кездеседі. Қазақстан-ның жазық даласында: мысалы жалпы сырт сілемдері, Тобыл-Есіл, Ертіс, Семей, Көкшетау, Мұғалжар, Ембі, Батыс және Шығыс Сарыарқа жотасы, Зайсан, Алтай, Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Қырғыз Алатауы, Батыс Тянь-Шань т.б. 15 түрі өседі.[[1]] Ең көп тараған түрі - Сүйелді қайың (лат. Bétula péndula)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Сциофиттер немесе көлеңке сүйгіш өсімдіктер - жарық аз түсетін жерде өсетін өсімдіктер. Бұларға фитоценоздың төменгі ярусында өсетін саумалдық (Oxalis acetosella), құсықшөп (Asarum europaeum), жасыл мүктер, плаундар жатады. Жарықтың 0,1-0,2%-да тек мүктер мен селягинеллалар өседі. Плаундардың өсуі үшін күндізгі жарықтың 0,25-0,5% қажет. Ал гүлді өсімдіктер әдетте аспан бұлт кезде жарықтың мөлшері 0,5-1% кем болмайтын жерлерде өседі.Көлеңкесүйгiш өсiмдiктер тек көлеңкелену, шашыраңқы жарық жағдайында қалыпты дамиды.
Ормандағы төменгi ярустағы өсетiн өсiмдiктердiң көптеген топтары осы топқа жатады, әсiресе жапырақты орман өсiмдiктерi (папоротниктер, мүктер, самшит және т.б). Көлеңке сүйгiш ағаш өсiмдiктерi толық жарық жағдайында, бiрақ көлеңкеленуде де өсуге қалыптасқан (самырсын, жөке, вереск және т.б).
Бұл экологиялық топтағы өсiмдiктер жапырағының анатомиялық құрылысымен ерекшеленедi. Жарық сүйгiш өсiмдiктердiң жапырақтарының негiзiн қалың қатты жақсы жетiлген бағаналы паренхималы пластинка және механикалық ұлпалар құрайды. Кейде өте жақсы жарық жағдайында бағаналы ұлпа жапырақтың тек жоғары жағында ғана емес, төменгi бетiнде де дамиды, изолатеральды жапырақ түзедi.
Эпидермис ұсақ қалың қабырғалы жасушадан тұрады, кейде көп қабатты, мықты кутикула қабатымен қапталған. Ондай өсiмдiктердiң жапырағының төменгi бетiнде көптеген лептесiктер болады. Сабағының буын аралықтары қысқарған.
Көлеңке сүйгiш өсiмдiктердiң жапырақ алақаны жұқа, себебi бағаналы паренхима өте әлсiз дамыған немесе мүлдем болмайды. Борпылдақ ұлпа iрi хлоропластан тұратын аздаған жасуша санынан тұрады. Эпидермис бiрқабатты, iрi жасушалы, жиi хлоропласт болады. Эпидермис жасушаларының қабаты жұқа, кутикуласы болмайды. Лептесiктерi терең емес, кейде бiршама көтерiңкi жарықсүйгiш өсiмдiктердiң эпидермисінен iрiлеу, бiрақ олар недәуiр аздау. Сабағы ұзарған, буынаралықтары ұзын. Бұл топқа жапырақты орман шөптерi және шамшат, самшит және т.б. ағаш өсiмдiктері жатады.
Көлеңке сүйгiш өсiмдiктерде аздаған интенсивтi транспирация өткiзгiш шоқтары нашар дамыған. Оларға тағы да механикалық ұлпалардың әлсiз дамуы тән.

Қазiргi кезде папоротник тәрiздiлердiң 10000-нан астам түрлерi белгiлi. Суда өсетiндерi де бар. Австралия мен Жаңа Зеландияда өсетiн ағаш тәрiздi түрлерiнiң биiктiгi 20 м жетедi. Қазақстанда ағаш тәрiздi папоротниктердi тек ботаникалық бақтардан ғана көруге болады.
Қазiргi кезде папоротник тәрiздiлердiң 10000-нан астам түрлерi белгiлi. Суда өсетiндерi де бар. Австралия мен Жаңа Зеландияда өсетiн ағаш тәрiздi түрлерiнiң биiктiгi 20 м жетедi. Қазақстанда ағаш тәрiздi папоротниктердi тек ботаникалық бақтардан ғана көруге болады.
2. Топырақ тұздылығының өсімдікке әсері
Біздің планетамыздың топырағының шамамен 25% тұздыланған болып келеді. Топырақ ерітіндісінде болатын тұздылықтың артықшылығы өсімдіктерге токсинді болады. Әсіресе тез ерігіш тұздар зиянды, олар цитоплазмаға оңайлықпен енеді: NaCl, MgCl, CaCl2; ақырын еритін тұздар: CaSO4, MgSO4, CaSO3 аз токсинді. Көптеген тәжірибелерде көрсетілгедей өсімдіктерге сульфаттарға қарағанда хлоридті тұздылық қатты әсер етеді. Сульфатты тұздылықтың аз токсинділігі, Cl¯ ионына қарағанда SO4¯ ионының аз көлемде болсын өсімдіктердің минералды дұрыс қоректенуіне қажет болып, артып кеткен кезде ғана зиянды болады.
Тұздылықтың асқан концентрациясы осматикалық әрекет ретінде болып, өсімдіктердің қалыпты сумен қоректенуінің бұзылуына әкеліп, улануға әкелетін токсинді әсер етеді. Көбінесе, улану азот айналымының лезде бұзылуы нәтижесінде және ақуыз ыдырауынан түзілетіндердің жиналуынан пайда болады. Қатты тұздылық ақуыздың ыдырауын ақырындатып, өсу үрдісін басады. Топырақтың тұзды болуы топырақ микроағзаларының өлуіне (сонымен қатар, жоғары сатыдағы өсімдіктердің тіршілігінде пайдалы топтарға) әсер етеді. Ыстық және құрғақ климатта жер асты сулары болатын жерлердің басым болуынан үлкен аймақтарда (дала және жартылай дала территориялары, шөл аймақтарда) тұздылану жиі кездеседі. Бұл жерлерде тұздылану басым болып жер асты суларының тұздары ғана емес сонымен қатар минрералды тұздар аз мөлшерде болатын атмосфералық жауын-шашын болып табылады. Бұл жерлерде тұздалану суландырудың дұрыс жүргізілмегенінен де болады.
Ылғалды климатта топырақ үнемі шайылатындықтан тұздар жиналмайды және олардың топырақ тұнбасындағы құрамы жүздік немесе мыңдық пайыз бөлігінен аспайды. Теңіз және жер асты суларының қатты тұздылығымен болатын үнемі ылғалдылық кездесетін топырақтан басқалары (ол Балтық, Белое Солтүстік теңізі) жағалаулары тағы бір тұздардың кездесуі - теңіз тұздарының желмен теңіз жағалауы жартастарында жиналуы (импульверизация), көпшілік жағдайда жағалау өсімдіктерінің орташа құрамы мен орналасуына әсер етеді.
Әр түрлі типті тұзды топырақтың ішінен негізгісі - тұзды және сулы реттелуі бірдей емес болып келетін сор (солончак) және сортаңдар (солонцы).
Сор - жоғары деңгейіне дейін тұзды сулармен үнемі және қатты ылғалданған топырақтар (сулы солончактар, тұзды батпақ) мысалы, өзендердің ащы-тұзды айналысы. Жазда солончактар беті кеуіп, тұз қабыршығымен жамылады да топырақ ерітіндісінде концентрациясы бірнеше ондық пайызға жетеді. Натрий иондары ерітіндіде ғана кездесіп қоймай топырақтың сіңіру комплексінің коллоидтарын да қанықтырады.
Сортаңдар - беті тұздаланбаған, беткі қабаты сілтілі, құрамсыз. Төменгі горизонттары Na¯ тығызданған және қаныққан, кепкен кезде жолақтар мен түзулерге таралған болады. Су ырғағы лезде өзгерулермен сипатталады (көктемде су өткізбеушілік әсерінен ылғалдылық беткейде тұрақтануы жиі байқалады, ал жазда- қатты құрғақшылық). Топырақ түрлерінің аралық қатарында солончакты, солонецты топырақ. Жиі олар арасында кішірек жерлерде, солончакты-солонецты комлексін құрайды (Каспий маңы, Қазақстан т.б.).
Тұзды топырақтарда жоғары тұздылыққа бейімделген өсімдіктер тіршілік етеді - галофиттер. Олар спецификалық түрлермен ерекшеленеді. Осылайша толық галофитті тұқымдастар кездеседі (алаботалылар, свинчактылар, иттабандылар, жыңғылдылар). Галофиттер флорасы аридті зоналарда әртүрлі және бай болады. Галофиттерден басқа тұзды емес жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер - гликофит деп аталады.
Морфофизиологиялық ерекшеліктеріне және тұздылануға адаптациясына байланысты бірнеше галофит топтарын бөлуге болады. (Генгель П.А.)
1) Эугалофиттер (солянки). Бұл басым көпшілігі солончак пен тұздалған комплексті сор жерлерде өсетіндер. Мысалы: Европалық бұзаубас, бүршікті сарсазан, Salsola, Petrosimonia, Suaeda, Obione туыс түрлері т.б. Осы өсімдіктердің сырт пішіндері сәйкес келеді. Кейбіреулерінде суккулент ерекшеліктері байқалады: жапырақтар редукциясы, ассимиляциялық ұлпа болатын - 2 қабатты бағаналы (полисадты) паренхима, ортасында шырынды ылғалды сақтайтын ұлпамен толтырыла орналасқан мүшелі етжемді сабақтары. Басқаларында (obione, suacta) жапырақтары әдетте пластикалық, бірақ голоморфты пішінді құрылым: қатты тығызданған және суккулентті жапырақты пластинка салыстырмалы үлкен жасушалы болады.
Топырақ тұздылығында осы белгілердің байланысы, өткен ғасырда да хлорлы тұздар мен күкірт қышқыл ерітінділердегі анатомды-морфологиялық тездете өзгерістерінің тәжірибелерінде көрсетілген әлде де кейінгі жұмыстарда (мәдени өсімдіктерге де) көрсетілгендей тұздардың артықтығынан жапырақ пластинкасының жуандауы устицалар көбеюінен: жапырақ суккуленттене бастап, ал жапырақ пластинкасының көлемі кішірейеді. Бұндай жағдайлар тұздыланудың әр түрінде байқалады.
Цитоплазманың тұздылыққа жоғары тұрақтылығына байланысты эугалофиттер тұздардың көп мөлшерде сіңіріп және жинауға қабілетті (күлінің массасының 45-50%). Қазіргі көзқарастар бойынша тұздар тек цитоплазмада ғана емес, тұздар жиналатын орын ретінде алынатын жасушарардың инертті құрамында жиналады. Топырақ қаншалықты тұзды болса, тұз жинаушы өсімдіктер соғұрлым құрамында тұз көп болады. Өсімдік бойындағы иондар құрамы әдетте топырақ құрамындағы тұзға сәйкес, бірақ таңдамалы түрде жинаудың белгілері - дәнді дақылдар мен қияқөлеңдер натрийдан гөрі калийді көп жинақтайды, алаботалылар - NaCl, органикалық анион (бастысы оксолат) крестгүлділер - Na мен SO4. Бұзаубас өсімдігі ұлпаларда тіпті жапырақта тұз мөлшері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктердің суыққа төзімділігі
Экологиялық факторлар туралы ақпарат
Бидай сорттарын тұзда өсіру
Тіршілік ортасының экологиялық факторлары
Организмнің дене жүктемесіне бейімделуі
Негізгі тіршілік орталары. В. Шелфорттың толеранттылық заңы
Геннің әрекеті
Экологиялық фактор түсінігі
Организмдердің орта жағдайларындағы морфологиялық – экологиялық адаптациялары
Организмдердің тіршілігі үшін негізгі экологиялық факторлардың экологиялық мәні
Пәндер