Фитогормондар. Өсімдік гормондары



І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2.1 Ауксиндер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2.2 Гиббереллиндер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.3 Цитокининдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.4 Абцистік қышқыл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.5 Этилендер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
ІІІ.Қорытынды бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Өсімдік өсуін реттеуіштер және олардың эндогенді дамуының шығу тегі (ауксиндер, гиббереллиндер, кининдер,этилен және басқалар) өсімдіктер тіршілігіндегі заттардың алмасуын басқаруға қатысып, барлық сатыларында ұрықтың дамуынан бастап, олардың тіршілік ету циклының аяқталуына, яғни солып қалуына дейінгі кезеңді қамтиды. Олар өсімдіктердің жаңадан пайда болған органдарын ретке келтіріп, гүлдену мерзімдерін, вегетациялық бөліктерінің қартаюын, олардың тынығу күйіне енуін, одан шығуын т.б. жағдайларын анықтайды. Фитогормондардың қызмет ету қабілетіндегі ерекшелігі – өзіне тән айрықша қасиеті олардың әрекеттесуі, бір-бірімен ауыстырылмайтын физиологиялық процестерге әсер етіп, өсіру жағдайына қатысуы. Олар реттеуіштер белсенділігін арттыруда оларды бір-бірімен тығыз байланыста болуын, сондай-ақ жалпы жүйедегі метоболизмнің (ингибиторларында) басытқыларын гормональды жүйеде реттеп, келісіп, қалыптасқан өсімдік организімдерінің түгелдей функциялы жүйелерін ретке келтіреді.
Өсімдіктердің өсуін және дамуын ретке келтіруде жасанды түрде шығарылған реттеуіштер арқылы химиялық жолмен алынатын құрлымы белгілі фитогормондардың ауксин тобын, гиббереллиндерді , кининдерді алуға мүмкіндік туғызды, әрі заттардың физиологиялық белсенділігі туралы теорияның дамуына байланысты, құрылымы эндогенді фитогормондарға ұқсас заттарды табуға болатындығы дәлелденді. Мұның өзі өсімдіктердің өсу сатысында тізбектелген әрбәр айрықша қосалқы (активатор және ингибитор) жолымен бақылауға алуға көмектеседі. Фитогормондардың қосарланған компоненттері анықталып, олардың кейбіреулері тұрақты түрде қолданылатын болса, кейбіреулері өсімдіктің өсуін реттеуіштермен алмастырып тұрады.
Жасады (синтетикалық) реттеуіштердің басым көпшілігі эндогенді фитогормондардың физиологиялық ұқсас туындысы немесе қарама-қарсы (антагонисті) бағыттарда әсер етіп, жалпы өсімдіктердің гормональды дәрежесін өзгертеді.
Өсімдіктердің өсуін ретке келтіретін реттеуіштер өзінің әсері жағынан мына төменгідей 5 топқа бөлінеді:
1.Ауксиндер метоболизмнің және олардың физиологиялық белсенділігінің жұмсалуына байланысқан препараттар (ауксинге ұқсас заттар, антиауксиндер, ауксиндерді тасымалдайтын басытқылары (ингибиторлары);
2.Метоболизммен байланысқан заттары мен гиббериллиндердің физиологиялық белсенді заттардың жұмсалуы (ұқсас заттар биосинтезінің ингибиторлары);
3.Этиленмен алмасып байланысатын препараттар;
4.Цитокининге ұқсас қосылыстар;
5.Метоболизмнің күшейткіштері (активаторлы және ингибиторлары ) тыныс алу реттеуіштері, фотосинтез, каротиноидтерден жасалған ингибиторлар, хлорофилдер т.б.).

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Фитогормондар. Өсімдік гормондары

МАЗМҰНЫ
І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2.1 Ауксиндер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
Гиббереллиндер ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Цитокининдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Абцистік қышқыл ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Этилендер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
ІІІ.Қорытынды бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Кіріспе.
Өсімдіктің өсуін реттеуіштерді өсімдік шаруашылығында қолданудың теориялық негіздері
Өсімдік өсуін реттеуіштер және олардың эндогенді дамуының шығу тегі (ауксиндер, гиббереллиндер, кининдер,этилен және басқалар) өсімдіктер тіршілігіндегі заттардың алмасуын басқаруға қатысып, барлық сатыларында ұрықтың дамуынан бастап, олардың тіршілік ету циклының аяқталуына, яғни солып қалуына дейінгі кезеңді қамтиды. Олар өсімдіктердің жаңадан пайда болған органдарын ретке келтіріп, гүлдену мерзімдерін, вегетациялық бөліктерінің қартаюын, олардың тынығу күйіне енуін, одан шығуын т.б. жағдайларын анықтайды. Фитогормондардың қызмет ету қабілетіндегі ерекшелігі - өзіне тән айрықша қасиеті олардың әрекеттесуі, бір-бірімен ауыстырылмайтын физиологиялық процестерге әсер етіп, өсіру жағдайына қатысуы. Олар реттеуіштер белсенділігін арттыруда оларды бір-бірімен тығыз байланыста болуын, сондай-ақ жалпы жүйедегі метоболизмнің (ингибиторларында) басытқыларын гормональды жүйеде реттеп, келісіп, қалыптасқан өсімдік организімдерінің түгелдей функциялы жүйелерін ретке келтіреді.
Өсімдіктердің өсуін және дамуын ретке келтіруде жасанды түрде шығарылған реттеуіштер арқылы химиялық жолмен алынатын құрлымы белгілі фитогормондардың ауксин тобын, гиббереллиндерді , кининдерді алуға мүмкіндік туғызды, әрі заттардың физиологиялық белсенділігі туралы теорияның дамуына байланысты, құрылымы эндогенді фитогормондарға ұқсас заттарды табуға болатындығы дәлелденді. Мұның өзі өсімдіктердің өсу сатысында тізбектелген әрбәр айрықша қосалқы (активатор және ингибитор) жолымен бақылауға алуға көмектеседі. Фитогормондардың қосарланған компоненттері анықталып, олардың кейбіреулері тұрақты түрде қолданылатын болса, кейбіреулері өсімдіктің өсуін реттеуіштермен алмастырып тұрады.
Жасады (синтетикалық) реттеуіштердің басым көпшілігі эндогенді фитогормондардың физиологиялық ұқсас туындысы немесе қарама-қарсы (антагонисті) бағыттарда әсер етіп, жалпы өсімдіктердің гормональды дәрежесін өзгертеді.
Өсімдіктердің өсуін ретке келтіретін реттеуіштер өзінің әсері жағынан мына төменгідей 5 топқа бөлінеді:
1.Ауксиндер метоболизмнің және олардың физиологиялық белсенділігінің жұмсалуына байланысқан препараттар (ауксинге ұқсас заттар, антиауксиндер, ауксиндерді тасымалдайтын басытқылары (ингибиторлары);
2.Метоболизммен байланысқан заттары мен гиббериллиндердің физиологиялық белсенді заттардың жұмсалуы (ұқсас заттар биосинтезінің ингибиторлары);
3.Этиленмен алмасып байланысатын препараттар;
4.Цитокининге ұқсас қосылыстар;
5.Метоболизмнің күшейткіштері (активаторлы және ингибиторлары ) тыныс алу реттеуіштері, фотосинтез, каротиноидтерден жасалған ингибиторлар, хлорофилдер т.б.).
Көп жағдайларда мұндай бөлінген топтар кейбір қосылыстарда шартты түрде , көбіне метоболизмнің реттеуіштеріне дәл келеді, ал көп жақты өтетін процестерде әрекеттері өте күрделі болып келеді. Осы жоғарыда аталған топтардағы жасанды препараттар әр түрлі елдерде тәжірибеде және өндірістік алқаптарда тексеріліп сыналады. Мұндай жағдайларда препараттар салынған ыдыстардың сыртына жазылған текстерде практика жүзінде қолданылмаса да ір түрлі дақылдарға сыналатын препараттар жұлдызшамен (*) белгіленеді. Мысалы, бірінші топтарға жататын препараттар 2-амино 6 метилбензол қышқылы* томаттардың, сүйекжемістілердің пісуін, алма, жеміс ағаштары жемісінің түйін салуын реттейді; бидайдың, жүгерінің, жүзімнің суықққа төзімділігін арттырады. Ал, Жапонияда шығарылған этихлозат* препараты алма ағашының қайталанып жеміс салуын тоқтатады. Бұл препарат тек өнім көп болғанжағдайда, көптеген түйіндердің қалыптасуына байланысты қолданылады. Ал екінші топтардағы препараттарға қазіргі кезде көптеп қолданылатын ретарданнтер, оның ішінде, хлорхолинхлорид жатады. Олардың онийлы қосылыстарының ретардантты әрекеті кауренсинтеза ферментінің басытқылары (ингибирлеу) арқылы жүзеге асырылады.
Олардың ішінде жаңадан шығарылған полиаминоэтиленнің * төртінші рет алмастырылған тұздары гүлді дақылдарға ретардант ретінде пайдаланса, пипроктанилийбромид* мақта мен томаттарға қолданылады. Ал антигиббереллиндерден - қышқыл гидразидтері ретінде паклобутразол* жоғарғы агротехникамен өсірілген дәнді дақылдарды жатып қалудан сақтайды жіне өнімділігін, алманың суыққа, құрғақшылыққа төзімділігін, жемістің тауарлық сапасын арттырады. Гүлзарлар, әсемдік бақ шаруашылығы үшін перспективасы зор препараттардыі бірі - дикегулак* (атринал). Бұл топтарда алынған және көптеп қолданылатын қоспа препараттар аротекс - 5с, терпел т.б. Барлық жағдайларда жоғарыда аталғанн бір компонентті және аралас перпараттар тиімділігі жоғары дәрежелі агротехникалық шараларды жүзеге асырғанда ғана зор болады. Үшінші топтардағы реттеуіштер қатарына өсімдіктердің құрамындағы этилен олардың алмасуы жатады. Оларға гидрел, дигидрел, компазон - М, сондай-ақ таяу арада жасанды түрде шығарылған аминоциклопропан қышқылы*, релиз* және диметипин* препараттары жатады. Бұл препараттар жемістер картоп құрамында еркін қозғалады, олардың бөлінетін қабатының қалыптасуына әсер етеді. Кейбір елдерде мақта үшін дефолиант, картоп үшін десикант реттеуіш ретінде сыналып, олар жеміс пен жүзімнің, цитрусты дақылдардың жиналуын жеңілдету үшін қолданылады. Цитокининге ұқсас реттеуіштер практикада қымбат болумен қатар технологиялық өндеу жұмыстарының аса күрделілігіне байланысты сирек қолданылады. Қазіргі кезде табиғи эндогенді цитокининдердің экстрактарын ( сүзінділерін) көп кездесетін өсімдітердің шикізаты мен балдырлардан алуды іздестіруде үлкен қадамдар жассалуда, бірақ әлі де болса тәжірибе жұмыстарының үлкен қадамдар жасалуда, бірақ әлі де болса тәжірбе жұмыстарының көлемінен аса алатын емес.
Бұл айтылған топтағы реттеуіштерден басқа белгілі физиологиялық белсендігігі жоғары өсімдіктердің метоболиттері химиялық жолмен өнеркәсіпте шығару және олардың реттеуіштерін қосып дайындау үшін өте қолайлы. Өсімдіктерге әсеері жағынан жасанды реттеуіштер үш топқа бөлінеді:
1.Эндогенді фитогормонндардың ферментті жүйедегі құрамымен алғаш рет әрекеттесуі;
2.Өсімдіктердің индукциялы фермент жүйелерінің пайда болып, қызмет атқаруы олардың гормондық дәрежесінің өзгеріске ұшырауы;
3.Өсімдіктердің жалпы метоболизмнің екінші рет өзгеруі олардың өсуіне, өнімнің көлемі мен сапасына әсер етеді.
Сонымен шаруашылық және зерттеу жұмыстары жағынан алып қарағанда жасанды препараттар өзімізге қажетті өсімдік дәрежесін өзгертіп, өнімнің сапасын, көлемін өзгертуде үлкен роль атқарады. Олардың ішінде антистресті препараттар болса, қоршаған ортадағы қолайсыз жағдайларға төзімділігін арттыларды.

Өсімдік өсуін эндогендік реттеуіштер.
Ауксинге ұқсас өсімдік өсуін үдеткіштер
Индолилсірке қышқылы (ИУК) бірінші ашылған өсімдік өсуін табиғи тездеткіш. ИУК және басқа жасанды ауксиндердің теориялық және шаруашылыққа қажеттілігін көптеген ғылымдар жан-жақты зерттеп, 40-жылдардың аяғында олардың пайдалылығы толық дәлелденді. Олар қалемшелердің тамырлануын және ағаш тұқымдастардың тамырының өсуін тездетеді, томат түйнектерінің, алманың. Армұрттың жинау алдында түсуін азайтады, картоптың көктеп кетуін тоқтатады.
Индолилсірке қышқылының ауксиндік әрекеті ашылғалы бері көптеген инол туындылары, бір не сақиналы ароматты өосылыстар, тағы басқа көптеген заттар жанадан шығарылып,олардың өсімдік өсуін үдеткіш қасиеттері тексеріледі. Осы жұмыстардың нәтижесінде жаңа индол, бензол және нафталин қышқылдарының , тұз немесе эфирлерінің өте әсерлі өсімдік өсуін тездеткіштері анықталады. 50 жылдары бұынғы Совет Одағында альфа-нафтилсірке қышқылын ( АНУ және оның калий тұзы (КАНУ) мен метил эфирін М-1), индолилсірке қышқылының (ИУК), хлорланған феноксисірке қышқылдарын және оның туындыларын өндірістік көлемде алу басталды. Осы кезден бастап көптеген колхоздар мен совхоздарда АНУ мен КАНУ алма мен алмұрттың жинар алдында жерге түсіп, ысырап болуын 2-5 есе азайту үшін қолданылып келеді. Көктемде және жазда сақтауға арналған картоп 50% М-1 препаратымен өңделеді. Бұл келтірілген мысалдар өсімдік өсуін реттеуіштердің халық шаруашылығындағы маңыздылығын көрсетті.

2.1. Ауксиндер
Ауксиндер өсімдіктердің барлық басқа гормондарынан бұрын белгілі болады. Олар үстіміздегі ғасырдың 20 жылдарында, яғни жануарлардың алғашқы гормондарынан әлдеқайда кейінрек ашылды. Алайда өсімдік гормондарының болатындығы жайлы пікір өткен ғасырда жүргізілген әр түрлі зеттеулердің өзінде-ақ айтылған болатын.
Юлиус Сакс (1880) мүшелердің түзілуіне септігін тигізетін ерекше заттар тамыр мен гүлдердің қалыптасуына қатысады деген жорамал айтты. Өсімдік гормонының болатынын алғаш рет айқын дәлелдеген ғалым- Фиттинг (1909, 1910). Ол орхидеяның тозаңынан тозаң грмонын тапқан. Кейінірек тозаң гормонының ауксинге ұқсастығы анықталады. Ауксиндердің бар екендігіне бүкіл ғылыми дүниенің көзін жеткезген шешуші тәжірибе астық тұқымдастардың колеотиліне жүргізіледі. Роасеае тұқымдас өсімдіктердің бірінші жапырағының қабықшасы, немесе калеоптилді саусақсақты қолғап секілі, боялмаған мүше. Колеотиль бүріскен басттапқы жапырақты сыртынан қаптап, оны өніп шыққан соң топырақ қабатын тесіп өтуде жарақаттанудан сақтайды. Қарңғыда өске колеотильдің ұзындығы бірнеше сантиметрге жетеді. Жарықтың әсерінен колеоптильдің өсуі ерте тоқталады да, осыдан кейін белгілі бір жерден бастапқы жапырақ тесіп шығады. Калеоптиль негізінен алғанда өзінің созылыңқы паренхима клеткаларының өсуі есебінен ұзарады. Оның геотропимдік және фототропизмдік сезгіштігі бар. Тіпті кезінде Чарльз Дарвин де (1880) фототропизмдік иін туғызатын бүйір жарықты негізінен калиоптильдің ұшы қабылдайтынын, ал бұл кезде реакция, яғни өсу иіні одан төменректе пайда болатынын байқады. Бұл мұнда тітіркендіру әсерінің болғандығын көрсетеді. Дания ботанигі Бойсен-Иенсен колеоптильдің жарық түсетін және түспейтін жақтарына әр түрлі бағытта слюда пластиннка орнатқанда негізінен алғанда көлеңкеленген жақтан тітіркенетіндігі және бұл әлдебір еритін заттың тасмалдануына байланысты екендігі туралы қорытынды жасады. Осыған ұқсас сыңақтарды Пааль (1919) мен Зединг (1925) те жүргізді.Олар колеоптильдің ұшында пайда болатын әлдебір фактордың одан төмен орналасқандарының өсуіне әсер ететінін көрсетті. Бұл әсерді бақылай келе, Палль өсу реттеуіштері туралы, ал Зединг - өсу гормондары туралы сөз қозғады.
Бұл гормондардың бар екені жөнінде орыс ғалымы Н.Г.Холодный мен Голландия ғылымы Вент (1928) әбден дәлелдеп , барша жұртты мойындатты. Олар калеоптильдің кесіп алған ұшын агар блоктарға орналастырып, одан соң бұл блоктарды өсу нүктесі жойылған калеоптиль кесіндісінің бетіне бір жағынан қондырады. Гормон агардан тканьге өтіп, оны илеуге мәжбүр етеді, ол иін бұрышының шамасы бір агар блогындағы калеоптильдер ұшының санына байланысты болады. Бұл сынақ гормон санын анықтау бағытындағы биоқамырларды жасауда тамаша жоба болды. Осы әдіс күні бүгінге дейін қолданылуда. Ғалымдар гормоонды өсу заты деп атауды ұсынып, өсу заты болмайынша өсімдік өспейді деген тұжырым жасады.
Калеоптильдің ұшында түзілетін өсу заты да ауксинн (грекше өсу деген ұғым) деп атала бастады. Қазір ауксиннің барлық жоғары сатыдағы өсімдіктерде кездесетіні және олардың өсу процесі үшін шешуші маңызы бар екені анықталды.
Өсімдіктерде ауксин өте аз мөлшерде кездесетіндіктен, алғашқы кезде бұл заттың химиялық құрамын анықтау өте қиын болды. Кегль мен оның қызметкерлері (1931) тұңғыш рет адамның несебінен кристалдық ауксин алды. Оның үстіне ауксин әр түрлі үш қосылыс түрінде табылды, олар α ауксин в ауксин және гетероауксин деп аталады. Гетерауксин индолил-3-сірке қышқылына ұқсас, ал 1966 жылы α және в ауксиндердің бастапқы препараттары негізінен активсіз қосылыстар - холь қышқылы мен тиосемикарбазидтен тұратын болып шықты. Индолил-3-сірке қышқылын Хааген-Смит өсімдіктен 1946 жылы бөліп алды.
Басқа фитогормондар секілді, ауксиндерде алуан түрлі физиологиялық әсер туғызады. Көптеген нысана тканьдер реакциясының өзгергіштігі осыны дәлелдейді. Олардың гормондық сигналға қайтаратын жауабының сипаты физиологиялық күйіне байланысты түрліше болуы мүмкін. Алаайда бүкіл өсімдікті, оның бір бөлігін немесе тіпті бір клеткасын гормонмен өңдеу кезінде байқалатын физиологиялық әсердің алуан түрлілігі интакт өсімдіктердегі тиісті процестерді үнемі тек осы гормондар реттеп отырады деген қорытынды жасауға негіз бола алмайды. Бірқатар процестерін реттеуге көптеген гормондар қатысады және мұның нәтижесі олардың күрделі әрекеттесуіне байланысты болады.
Ауксиндердің клеткаларының созылып өсуіне қолайлы әсер ететіні бәріненде жақсы байқалса, жасыл тканьдерде нашар білінеді. Клетканың өсуіне қолайлы жағдай тууы үшін ауксиндердің тканьдеріндегі концентрациясы 10-8 - 10-6 мольл боуы қажет. Ал бұдан жоғары концентарциясы өсуді тежейді. Бұл факті де көптеген сынақтық мағлұматтардың негізінде клетканың созылуын ауксиндер реттеп отырады деген түсінікті растайды.
Ауксин реттеп отыратын клетканың созылып өсу процесі өскіннің колеотилі мен өркендерінің өсуі үшін ғана емес, сондай-ақ оларды жарыққа (фототропизм) және ауырлық күшіне (геотропизм) қарай бағдарлау үшін де маңызды. Мұнда ауксин жарық және көлеңке жақтағы немесе үстіңгі және астыңғы жақтағы әркелкі жылдамдығын реттеуде маңызды рөл атқарады.
Ағаштардың көктемде бүршік жарып, жас өркендердің тез өсуі де өсу процесіне мысал бола алады. Бұл процесс негізінен ауксиндердің әсерінен тәуелді болып, алдымен бөртіп, одан соң жарылған ағаш бүршіктері мен жас өркендер ауксинге бай келеді және алғашқы сатысында негізінен алғанда, клеткалардың созылуы есебінен өседі.
Ауксиндер клетканың созылып өсуіне ғана емес, сонымен бірге оның бөлінуіне де белсенді әсер ететіні ертеден белгілі. Бүршіктерінің жарылуы мен ағаш камбийінің қызметі арасында өзара тығыз байланыс болатыны ауксиндер ашылғанға дейін-ақ белгілі еді. Камбийдің қызметі көктемде ашылатын бүршіктен төменрек басталып, бірте-бірте негізгі бағыттарға таралады. Бүршікті сылып тастау жуандап өсуді тоқтатады. Бұл тұрғыдан қарағанда бүршіктің орнын ауксин пастасын жағумен толтыруға болады. Бүршік бөліп шшығаратын камбий активаторы - негізінен ауксин болып табылады. Активті камбийдің құрамында ауксин көп мөлшерде кездеседі. Қос жарнақты шөптесін өсімдіктер де жас жапырақтар мен төбе бүршіктен келетін ауксинның әсерінен жуандап өседі. Камбийдің қызметіне басқа да гормондар, атап айтқанда, гиббереллиндер де қатысатыны сөзсіз.
Өркендердің ұшынан келетін ауксиннің басты өркенде камбийдің белсенділігін көтеру заттың гормондық қызмет атқаратынын дәлелдейді. Ауксиннің жанама бүршіктердің дамуына тигізетін әсері туралы да осыны айтуға болады. Көптеген шөптесін және ағаш тектес өсімдіктердің жапырақ қолтығындағы жанама бүршіктер дамуның төбе бүршігі қызметінің басымдылығынан тежелетіні апикальдық басымдық немесе бүршіктердің салыстырмалы тежелуі құбылысы ретінде ертеден-ақ белгілі болды. Ауксиндер ашылған соң көп кешікпей аталған күрделі байланыстардағы олардың гормондық делдал ретіндегі айқын рөлі анықталады. Тиман мен Скуг (1934) үрме бұршақтың өсу нүктесі жойылған кесіндінің бетіне орналастырылған, ішінде ауксині бар агар блогы төбе бүршіктегі секілді жанама бүршіктердің дамуын тежей алатынын көрсетті.
Бүршіктердің дамуын тежейтін мұндай себептерді түсіндіру үшін бірнеше болжам бар. Апикалды басымдық проблемасы айрықша күрделі және бүгінге дейін толық шешілмеген.
Ауксиндер қалемшелерде (кесілген өркендерде) тамыр түзілуіне септігін тигізеді, олар мұндай маңызды физиологиялық қасиетінің практикада айрықша маңызы бар. Жас жапырақтардың немесе өсіп келе жатқан жанама бүршіктердің қалемшенің тамырлануына жәрдемдесетіні ертеден-ақ белгілі: мұндай жәрдем ауксиннің түзіліп, тасмалдауына байланысты жайт, ол қалемшенің негізгі ұшына жиналып, біркелкі концентрацияға жеткен соң жаңадан бастапқы тамыр клеткаларына жинақталады. Кесіндінің негізгі бетін ауксинмен өндегеннен кейін де осындай әсер байқалады, мұны 1934 жылы тұңғыш рет Вент дәлелдеп көрсетті. Ауксинмен түрліше вариантта өңдеу, сондай-ақ әр түрлі жасанды ауксиндерді пайдалану, тіпті әдеттегі жағдайларда нашар тамырланатын (көптеген ағаштарда ) қалемшелерді де тамырландыруға мүмкіндік береді.
Ауксиндер және олардың өздері тәріздес белсенді туындылары
Ғажайып өсугормонының көптен белгілі 3-индолилсірке қышқылы химиктер мен биологтарды осы қышқылға ұқсас көптеген қосылыстар шығарып, олардың өсімдікке әсерін зерттеуге жол ашты. Соның нәтижесінде көптеген әсері ауксиндерге жақын, немесе олардан да күшті, құрамында индол сақинасы бар да , индол сақинасы жоқ та, органикалық химияның әртүрлі кластарына жататын сан алуан жаңа препараттр табылды. Қазіргі кезде бұл салада жүргізілген жұмыстар одан әрі дамытылып іріктеліп алынған заттар лабораториялық, тәжірибелік, жартылай өндірістік сынақтардан кейін ауыл шаруашылығына ұсынылып келеді.
Индол сақиналы ауксиндер. Индолил-3-сірке қышқылы (ИУК) (І) ауксиндердің ішінде басты орын алады. Өсімдіктерде бұдан басқа да көптеген индолдық ауксиндердің ішінде басты орын алады. Өсімдіктерге бұдан басқа да көптеген индолдық ауксиндердің, мысалы индолилацетальдегидтің (ІІ), индолилпирожүзім қышқылының (ІІІ), индолилэтанолдың (ІV), индолилацетонитрил (V), триптаминнің (VI), индолилсүт қышқылы (VIІ) мен триптофанның (VIІІ) және тағы басқа күрделі индол туындыларының кездесетіні дәлелденді. Бұл қосылыстардың бәрі сірә ИУК-пен биогенетикалық байланыста болса керек және бұлардың әсерін олардың тез арада ИУК-қа айналатындығымен түсіндіруге болады.
Индолилсірке қышқылы және оның туындылары: І-индолил-3-сірке қышқылы (ИУК); ІІ-индолил-3-ацетальдегиді; ІІІ-индолил-3-прожүзім қышқылы; ІV - индолил -3-этанол; V - индолил-3-сүт қышқылы; VIІІ - триптофан.
ИУК синтетикалық жолмен өндіріс көлемінде алынады және қазіргі кезге дейін өсімдіктердің өсуі, сондай-ақ морфогенетикалық процестерін реттеуде кең көлемде пайдаланылады. Дегенмен ИУК-тың өсімдік организімінде және судағы ерітінндісінің онша тұрақты болмауына байланысты оны әсерлігі мол және тұрақты басқа затпен алмастыру қажеттілігі туындап, айқындалады.
Индолилсірке қышқылының химиялық активті кемшіліктерін жөндейтін синтетикалық ауксин - гамма-индолил-3-май қышқылы (ИМК). Ол табиғатта кездеспейді. Бірақ физиологиялық әсерлі ИУК-тың әсеріндей болғанмен одан әлдеқайда тұрақты.
ИМК-124 °С балқитын ақ түсті кристалды зат. Ол этил спиртінде және басқа органикалық еріткіштерде жақсы ериді. ИМК-ның 0,25-0,5 % ерітіндісі тамырлану процесін жеделдету үшін кеңінен қолданылады.
Өсімдіктерде индолды ауксиндермен қатар құрамында индол сақинасы жоқ, бірақ ауксиндік әсері бар біршама қоосылыстар кездеседі. Оларға фенилсірке қышқылы, бетта-ситостерол және кампестерол жатады. Аталған аттардың ауксиндік активтілігі әлсіз. Бірақ ИУК-тың ісерін күшейтеді. Бұ тұрғыда зерттеу жұмыстары әлі дде жалғастырыуда.
Индол сақинасыз синтездік ауксиндер. Табиғи ауксиндер ашылған кезден бері олар секілді күшті әсер ететін көптеген таза жасанды заттар алынды. Олар әр түрлі қосылыстар кластарына жатады. ИУК-тың құрлымы анықталған соң бірнеше жылдан кейін нафтилсірке қышқылы мен нафтилооксисірке қышқылының сондай-ақ олардың туындыларының ауксиндік белсенділігі байқалды.Осының ізінше екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 2,4-дихорфеноксисірке қышқылы мен оның туындыларының , кейінрек бензол қышқылының және пиколин қышқылы туындыларының жоғары белсенділігі анықталды. Бұл қосылыстардың кейбіреулері , ең алдымен альфа-фа-нафтилсірке. 2,4 - дихлорфеноксисірке, 2,4,5 - үшхлорфеноксисірке қышқылдары мен олардың туындылары ауыл шаруашылығы мен бақ шаруашылығында, мысалы, арам шөптерді жою, қаламшелерді тамырландыру және жемістің түзілуін реттеу үшін кеңінен пайдаланылады.
Альфа-нафтилсірке қышқылы (ИУК) аксин тәріздес өсімдік өсуін реттеуіштер ретінде қолданылады. Өндірісте калий тұзы, амид не метил эфир түрінде шығарылады. Олардың ортасынан альфа-нафтилсірке қышқылының калий тұзының (КАНУ) маңызы зор. НУК 25°С судың 100мл 41 - 42г еритін, балқу температурасы 131-132°С ақ түсті кристалды зат.
Судың жақсы еритін альфа-нафтилсірке қышқылының тұздары және амидтері 70 - 80 гга мөлшерінде алма гүлдері мен түйнектерін сирету үшін пайдаланылады. Алмалар мен алмұрттың жемісін жинау алдында жерге түсетін азайту үшін де осы реттеуш қолданылады.
НУК-тың метил эфирі (препарат М-1) сақтаулы тұрған картоптың өскін беруін тежегіш ретінде кеңінен пайдаланылады. 1 тонна картоп өңдеу үшін 100 г М-1 препараты қажет. Бетта-нафтилоксисірке қышқылы (НОУК) ауксиндік белсенді өсімдік өсуін реттеуіш зат. 15 - 20 г НОУК-ты гүлдеп тұрған томат пен бүлдіргенге гүлдеу кезінде шашса олардың жеміс байлауы жақсарып, пісуі жеделдейді әрі сапасы артады. Бетта-нафтосиссірке қышқылының этил эфирі (зуетин) томат өнімін 1,5 - 3 есе арттырады. Мұндай әсер алу үшін томат гүлшоқтарын 0,2% уетин ерітіндісіне батыру керек.
2,4- дихлорфеноксисірке қышқылы (2,4-Д) эндогенді ауксин белсенді реттеуіштердің қатарына жатады. Бірақ оны өсімдіктің өсуі мен дамуын реттеуіш ретінде пайдалану, қолдану мөлшеріне өте тығыз байланысты. Егер реттеуіштік белсенділік көрсететін мөлшерден 2,4-Д-ның концентрациясы аздап та болса асса, немесе сол мөлшердің өзінде де өсімдікке зиян келеді.Сонықтан 2,4-Д және оның туындылары негізінде гербицидтер ретінде пайдаланылады. 4-хлорфеноксилсірке қышқылы (4Х, парафин) 2,4-Д-ға қарағандаөсімдік организміне әлде қайда жұмсақ әсер етеді. Парафиннің 50 мгл мөлшерін гүлдеп тұрған томат өсіндісіне шашса оның жемістерінің пісіп-жетілуі жеделдеп, өңімділігі артады.
2-амино-6 мелилбензол қышқылы (АСР-1308) 10 - 100 мгг мөлшерде алма ағашының түйнектенуін тездетеді, ал бұдан көп мөлшерде томаттың пісуін жылдамдатып, қант қамысының қаттылығын жоғарлатады, темекі, бидай, жүгері және жүзім өсімдіктерінің суыққа төзімділігін арттырады.
Соңғы кезде көптеген гетеросақиналы карбон қышқылдары қатарынан өсімдіктерге ауксин тәріздес әсер ететін реттеуіштер табылады. 4,5 - дихлоризотиазолил - 2 карбон қышқылы (ТД-1123 препараты) АҚШ-та мақтаны жинау алдында оның жас түйнектер байлауын тоқтатқыш ретінде өндірістік сыннан өтуде.
Жапония фирмасы Такеда активтілігі альфа - нафтилсірке қышқылынан артық 1-(2,4-дихлорфенокси) ацетил - 3,5-диметилпиразол (ТН-656) реттеуіштерін өндірістік сынақтан өткізу үстінде.
Томакон томаттың тұқымсыз жеміс түзуі үшін қажет. ТН - 656 реттеуші мандарин түйіндерін сирету үшін қолданылады. Мұндай әсерді 5-хлор-ІН-индазол-3-сірке қышқылының этил эфирі (J 455, этилхлозану ) де көрсетті.
Сонымен ауксиндер дегеніміз - калеоптильдің, өркеннің, жас жапырақтардың ұшында, жемістерінде, активті камбийде, сондай-ақ тамырдың ұшында түзілетін фитогормондар. Олар негізінен алғанда өркеннің ұшынан тамырдың ұшына қарай қозғалады. Ауксиндер клеткалардың созылуына септігін тигізіп, камбий қызметін жандандырады, жанама өркендер мен тамырлардың өсуіне, сонымен қатар жапырақтар мен жемістердің түсуіне әсер етеді. Клеткалардың созылуына бұлайша жағдайдың тууы не себептен? Ол молекулалық деңгейден қарағанда протондардың клетка қабырғасында цитоплазмадан күшпен шығарылуына байланысты болар.Өйткені бұл процесте клетка қабырғасы жұмсарады да, тургордың әсерінен созылады.

2.2. Гиббереллиндер
Гиббереллиндер - дитерпноидтар қатарына кіретін төрт сақиналы карбон қышқылдары. Оларды химиялық жолмен алу өте күрделі болғандықтан ғылыми және шаруашылық қажеттеріне керекті гиббереллиндерді Fusarium moniliforme sheld деген саңырауқұлақтың көмегімен микробиологиялық әдіс арқылы алынады.
Қазіргі кезде гиббереллин қышқылдарының биосинтезін реттеуде айтарлықтай ілгерілеу бар. Бұл процесте каурен-синтезаның шешуші роль атқаратыны дәлелденді. Каурен-синтеза гиббереллин биосинтезінің екі стадиясын жылдамдатады: геранил пирофосфатын копалил пирофосфатына айналдырады (бұны А-белсенділік дейді) және копалил пирофосфатын энт-кауренге айналдырады (бұны Б-белсенділік деп атайды). Энт-каурен гиббереллин қышқылдарының ізашары болып табылады.
Гиббереллиндер өсімдік өсуі практикасында және тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады. Жүзімнің тұқымсыз сорттары жалпы гүлдеу және түйнек сала бастаған кезде гибберелл қышқылының (А3) 0,01% ерітіндісімен 150 гга мөлшерінде өңделеді. Сонда жүзімнің өнімі 30 - 50% артып, сапасы жақсарады. Томатты гиббереибпен (әр түрлі гиббереллин қышқылдарының натрий тұздарының қоспасы) өңделсе оның өнімділігі 12 - 30% артып, 5 - 7 күн ерте піседі. Гиббереллиндер халық шаруашылығының басқа да салаларында қолданылады.
Әр түрлі екпе өсімдіктердің (мысалы, жүгері мен бұршақтың, үрме бұршақтың) аласа мутанттары гиббереллиннің әсерімен қалыпты формаларына қарағанда тезірек ұзарып, өсетіні жөніндегі мағлұматтар гиббереллиндердің жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің табиғи гормондық аппаратына жататынын білдіретін алғашқы нұсқаулық болды.
Финнидің мағлұматтары бойынша (1956) аласа жүгерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абсциздік қышқыл
«Фитогормондар»
Цитокини медиоторының жоғары сатыдағы өсімдіктер морфогенезіне әсерін зерттеу
Ауксинге ұқсас өсімдік өсуін үдеткіштер
Сұйық ортада жасушаларды қолдан өсіру
Бидай алейрон қабаттарындағы альдегидоксидаза ферментінің гормондар арқылы реттелуін зерттеу
Зертханалық жұмыстарға дайындалу
Клетканың бөліну кезеңіндегі физиологиялық және биохимиялық өзгерістер
Стевия өсімдігін тиімді көбейту әдісін дамыту
Стевия өсімдігі
Пәндер