Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы: негізгі элементтері мен реттеуші жүйелер



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
I БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ШЫҒАРУ МЕХАНИЗМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Бағалы қағаздарды шығару және оның элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Жекеменшіктендіру . бағалы қағаздар нарығын дамытудың негізі ... ... ... 7
1.3 Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.4 Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАғы БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.1 Бағалы қағаздар туралы Қазақстан Республикасының қазіргі заңдары ... .14
2.2 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы...17
2.3 Бағалы қағаздар нарығын реттейтін жүйелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.4 Қор нарығы және оның қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2.5 Биржалық операциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
ГЛОССАРИЙ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Бағалы қағаз нарығы - қаржы нарығының негізгі құрамдас бөлігіне жатқызылады. Бағалы қағаз нарығын дамыту елдің басыңқы бағыттарының бірі ретінде тануы - қазіргі уақытта осы нарыққа деген ғалымдардың, экономистердің аса көңіл аударуына септігін тигізді.
Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу, елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады. Макро деңгеймен қатар, бағалы қағаздар нарығының микро деңгейде де үлесі зор. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын атауға болады. Қаржылық ресурстар меншіктік, қарыздық және тартылған жіктелімі бар. Олардың арасындағы бәсекелестіктің болуы дамыған нарықтың бірден-бір факторы. Себебі, нарық субъектілері үшін қаржылық ресурстардың жедел, әрі арзан құралдарын қолдануы негізгі мақсатқа айналды.
Қазахстан Республикасының жоспарлы экономикадан түбегейлі жаңа, нарықтық, мемлекет реттейтін экономикаға өтуі, елімізге қаржы нарығын және оның қызметін қамтамасыз ететін институттардың құрылуын талап етеді. Бұл өте күрделі және ауқымды мақсат. Көптеген жылдар бойы елімізде шын мәнінде де ия қаржы нарығы, ия оның инфрақұрылымы, яғни 2-ші деңгейлі және инвестициялық банктер, биржалар, сақтандыру қоғамдары болған жоқ. Қаржы саласының барлығын мемлекет айрықша құқықпен өзіне қаратып, барлық кіріс көздерін халықтың қажетін өтемейтін міндеттерге жұмсап отырады.
Нарықтық экономика — адамзат өркениеттілігінің ең жоғарғы жетістігі және өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді түрі екендігін дүниежүзі мемлекеттерінің көпшілігінің өркендеу тәжірибесі дәлелдеген шындық.
1. Қазақстан Республикасының банктермен банк қызмет туралы заңдары 05.1995 ж.
2. Бағалы қағаздар нарығы. Б.А.Көшенова, Алматы, Экономика, 1999.
3. Банковское дело. Г.С.Сейткасымов, Алматы, Каржы-Каражат, 1998.
4. Бухгалтерский учет и отчетность в банках. Г.С.Сейткасымова, К.О.Шаяхметова, Г.ТАбдраимова, Алматы, Каржы-Каражат, 1998.
5. Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру. Н.А. Ғұмар, Р.Ж.Қалығұлова, Алматы, Арыс,2000.
6. Ценные бумаги и их регулирование в РК. Ф.Карагусов, Алматы, Каржы-Каражат, 1995.
7. "Банки Казахстана" журналы №5 2002ж.
8. Банк хабаршысы. 2001
9. Қ. Р Президентінің «Дағдарыстан жаңартулар мен дамуға шығу» 2009 жылы 6 наурыздағы жолдауы.
10. Қ.Р-ң «Азаматтық кодексі» (2005 жылғы 1-ші қаңтардағы өзгерістерімен)
11. Зейнетақы жүйесі: отандық және шетелдік тәжірибелер // ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми - сараптамалық журналы "Қоғам және Дәуір», -2006.- №2 (10). -25-28 бб., 0,5 б.т.
12. Отандық бағалы қағаздар нарығының өзекті сұрақтары: опцион және астық қолхаттары // Мемлекет және қоғам: өзара байланыстың жаңа аспектілері: Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. – Алматы: Тұран Университеті, 2006. – 328-333 бб., 0,3 б.т.
13. Бағалы қағаздар нарығындағы сандық-сапалық көрсеткіштердің рөлі және олардың Қазақстан Республикасында сипаты // Бәсекеге қабілетті ұлттық экономиканың мәселелері және келешегі: Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Алматы: Халықаралық бизнес университеті, 2006. - 1 бөлім. -118-122 бб., 0,3 б.т.
14. "Қаржы, ақша айналысы және несие" оқу құралы (Р.О. Смағұлова, К.А. Мадыханова, Ж.Ш.Сатыбалдиева), Алматы: Экономика, 2008. 28,9 б.т. (өз үлесі 3,75 б.т.)
15. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу: қажеттілігі, алғышарттары және мәселелері // Қаржы-қаражат журналы, 2008, -№5. - 67-72 бб., 0,44 б.т.
16. Бағалы қағаздар нарығының халықаралық үлгілері және Қазақстан нарығында мемлекеттік реттеуді жетілдірудің бағыттары // Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі: ұлттық экономиканы жеделдетілген жаңғырту және корпоративтік құрылымдардың дамуы: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Алматы: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 2008. - 2 бөлім. – 208-211 бб., 0,3 б.т.
17. Ақтау қаласында өткізілген «Бағалы қағаздар нарығы – жеке және заңды тұлғалар үшін капиталды тарту мен инвестициялау көзі ретінде» семинарында оқылған баяндамасы. (2008 жыл 29-30 мамыр)
18. Өскемен қаласында өткізілген эмитенттерге арналған семинар. (2008 жыл 17 маусым)

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2

I БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ШЫҒАРУ МЕХАНИЗМІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... .4
1.1 Бағалы қағаздарды шығару және оның
элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Жекеменшіктендіру – бағалы қағаздар нарығын дамытудың
негізі ... ... ... 7
1.3 Бағалы қағаздар нарығының кәсіби
мамандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..8
1.4 Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАғы БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР
НАРЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.1 Бағалы қағаздар туралы Қазақстан Республикасының қазіргі заңдары ... .14
2.2 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы...17
2.3 Бағалы қағаздар нарығын реттейтін
жүйелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.4 Қор нарығы және оның
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... 26
2.5 Биржалық
операциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..28

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .30

ГЛОССАРИЙ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33

КІРІСПЕ

Бағалы қағаз нарығы - қаржы нарығының негізгі құрамдас бөлігіне
жатқызылады. Бағалы қағаз нарығын дамыту елдің басыңқы бағыттарының бірі
ретінде тануы - қазіргі уақытта осы нарыққа деген ғалымдардың,
экономистердің аса көңіл аударуына септігін тигізді.
Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу,
елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының
дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады. Макро
деңгеймен қатар, бағалы қағаздар нарығының микро деңгейде де үлесі зор. Ең
алдымен, бағалы қағаздар нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын атауға
болады. Қаржылық ресурстар меншіктік, қарыздық және тартылған жіктелімі
бар. Олардың арасындағы бәсекелестіктің болуы дамыған нарықтың бірден-бір
факторы. Себебі, нарық субъектілері үшін қаржылық ресурстардың жедел, әрі
арзан құралдарын қолдануы негізгі мақсатқа айналды.
Қазахстан Республикасының жоспарлы экономикадан түбегейлі жаңа,
нарықтық, мемлекет реттейтін экономикаға өтуі, елімізге қаржы нарығын және
оның қызметін қамтамасыз ететін институттардың құрылуын талап етеді. Бұл
өте күрделі және ауқымды мақсат. Көптеген жылдар бойы елімізде шын мәнінде
де ия қаржы нарығы, ия оның инфрақұрылымы, яғни 2-ші деңгейлі және
инвестициялық банктер, биржалар, сақтандыру қоғамдары болған жоқ. Қаржы
саласының барлығын мемлекет айрықша құқықпен өзіне қаратып, барлық кіріс
көздерін халықтың қажетін өтемейтін міндеттерге жұмсап отырады.
Нарықтық экономика — адамзат өркениеттілігінің ең жоғарғы жетістігі
және өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді түрі екендігін дүниежүзі
мемлекеттерінің көпшілігінің өркендеу тәжірибесі дәлелдеген шындық.
Қаржы нарығы — мемлекеттің бүкіл ақша қорларының жиынтығы. Жалпы қаржы
нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ
әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан түрады:
1) Айналымдағы қолма-қол ақша нарығы.
2) Несие капиталының нарығы.
3) Бағалы қағаздар нарығы.
Осы үш нарықтың ішінде бағалы қағаздар нарығын қарастырайық. Қазіргі
кезде егемен жас мемлекеттер бюджет тапшылығын толтыру мақсатында бұрынғы
үйренген әдіс - ақша белгілерін шығарумен шұғылданбай, оның орнына
мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен айналысуда. Жергілікті басқару
органдары да дәл осы жолды пайдалануда.
Бағалы қағаздар нарығы экономиканың кез келген саласының өз қажетіне
ақша қорын құруына жол ашуда. Мысалы, акция шығарып осы қорды үнемі, яғни
кәсіпорын жабылғанша пайдалануға болады, ал облигацияны шығару несиені
банктен алудан тиімділеу жағдай жасайды. Бұл айтылғандар бағалы қағаздар
нарығын өрістетуге мүмкіндік береді.
Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан өзінің айрықша тауарымен
өзгешенеледі. Ол өзгеше тауар — бағалы қағаздар. Олар біріншіден меншік
белгісі, екіншіден қарыз міндеттемесі, яғни олар бойынша табыс алу құқы
және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады. Бағалы қағаздар ақша
капиталының немесе басқа материалды құндылықтардың орнына жүретін "символы"
болғандықтан, оны "қордың құндылықтары" деп есептейді. Себебі тек сол
құралды пайдаланып нақты құндылықтарға қол жеткізуге немесе сол
құндылықтарды бір субъектіден екіншісіне ауыстыруға болады. Сонымен бағалы
қағаз нарығы капитал нарығының, яғни ақша және басқа материалдардың
құндылықтарының нақты қызметін көрсетеді. Бағалы қағаздар нарығы - нарықтық
экономикада болатын кездейсоқ процестердің реттеушісі.

1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ШЫҒАРУ МЕХАНИЗМІ

1.1 Бағалы қағаздарды шығару және оның элементтері

Бағалы қағаздар — ең алдымен мүлікті иемденуде құқық беретін ақшалы
құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі.
Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрлі болуы мүмкін:
не заң жүзінде бекітілген жеке құжат түрі, не есепшотқа енгізілген жазу
түрі. Егер басқа адамға иемденуге берілсе бағалы қағаздардың екінші түрі
бойынша ерекше куәлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқын береті құжатты
сертификат деп атайды.
Шығарылуы жөнінен бағалы қағаздар нарықтық және нарықтан тыс болып
екіге бөлінеді. Нарықтан тыс бағалы қағаздар әлеуметтік-нарықтық
қатынастардың дамуы негізінде пайда болған қағаздардың ерекше түрі. Оларға
жинақ облигациялары, зейнетақы қорларының облигациялары, депозиттік (салым)
облигациялары, және сол сияқтылар жатады. Жинақ облигациялары негізінен
және тұлғалар арасында орналастырылады. Бұл бағалы қағаздар қазірге кезде
АҚШ-та кең тараған. Зейнетақы қорларының облигациялары және жеке зейнетақы
облигациялары, оларға, мысалы, АҚШ-та біреуге жалданбай-ақ өзалдына қызмет
істейтін адамдардың ақшасына шығарылған облигациялар жатады. Ал депозиттік
облигациялар қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді болып үшке
бөлініп, тек жергілікті басқару органдарына ғана сатылады. Бұл ұйымдар
шамалы болса да табыс әкелетін, бірақ салық төлеуден босатылған өздерінің
облигацияларын шығаруы мүмкін.
Нарықтан тыс бағалы қағаздар әртүрлі қорларға немесе банктерге, оның
ішінде шет ел банктеріне және кәсіпорын, ұйымдарға салған капиталдан түскен
табысты иемденуге құқық береді. Бұл бағалы қағаздарды шығару шарты бойынша
иемденуші — заңды немесе жеке тұлғалар — оларды басқа иемденушіге беруге
құқығы жоқ. Сондықтан бұл қағаздар нарықта еркін айналымға түсе алмайды.
Сонымен қатар, нарықтан тыс бағалы қағаздарға басқа мемлекеттердің
орталық банктерінде орналастыру үшін шығарылуы кең өрістеген облигациялар
жатады. Соңғы кездерде барлық дамыған елдерде нарықтан тыс бағалы
қағаздарды шығаруды кеңейту және олардың иемденушісін өзгерту әрекеттері
кеңінен таралуда. Бағалы қағаздарды шығарып, оны айналымға түсірушіні
эмитент деп атайды. Олар келесі кестеде көрсетілген:
Бағалы қағаздар шығарушылар:
Эмитент
Мемлекет
Мемлекет қолдауындағы мекемелер, ұйымдар
Республикалық басқару органдары
Жергілікті басқару органдары
Акционерлік қоғамдар
Жеке кәсіпорындар
Мемлекеттік рез.еместер

Бағалы қағаздарды шығарып, оларды бірінші иемденушілерге сату мына
түрде жүзеге асырылады;
1- Қоғам құрылып, олардың акцияларын құрылтайшылар арасында
орналастырылғанда;
2- Қоғамның алғашқы жарғылық капиталының көлемін жаңадан акция шығарып
өсіргенде;
3- заңды тұлғалардың, яғни мемлекеттің, мемлекеттік органдардың
облигация және басқа қаржы міндеттемелерін шығару арқылы қарыз капиталын
пайдаланғанда.
Сонымен қоғам құрылғанда оның жарғылық капиталы құрылтайшылар арасында
толығынан үлестірілуі қажет. Қоғам құрылған кезде оның акцияларына жазылуға
болмайды. Эмитент және сонымен қатар эмитетінің келісімімен бағалы
қағаздардың алғашқы иемденуші, инвестициялық институттар әрбір бағалы
қағаздарды сатып алушыға сату тәртібін түсіндіретін эмиссия проспектісін
алдын-ала шығаруы тиіс. Оны ақпарат құралдарында жариялау міндетті. Эмиссия
проспектісінің бірінші тарауында эмитент құралы жалпы деректер, яғни
эмитенттің аты мен ұйымдастыру-құқықтық формасы және эмиссия
проспектісіндегі деректердің дұрыстығына жауапты адамның аты-жөні
көрсетіледі. Ал екінші тарауында инвестициялық мәлімдеме жарияланып, онда
инвестицияның маңызы және инвестициялық саясаттың бағыты немесе бағалы
қағаздардың нарығындағы эмитенттің қысқаша жұмысы баяндалады. Үшінші
тарауында бағалы қағаздар шығару жөнінде мәліметтер жарияланады: Ол
мәліметтер арасында:
- кәсіпорын құрылған кездегі оның жарғылық капиталының мөлшері;
- шығарылатын бағалы қағаздардың түрі, оның номиналы, жазылу бағасы:
- акция сатуды бастау және сақтау күндері;
- бір инвестор сатып алуға рұқсат етілген акция саны; бағалы
қағаздарды сату түрі; кейбір инвесторларға сатып алуды шектеу; эмитенттің
адресі мен телефоны бар;
Эмиссия проспектісінің басқа тарауларын да бұдан бұрынғы эмиссия
туралы, эмитеттің құрылтайшысы, басқарушылардың аты-жөні және олардың
қоғамның жарғылық капиталындағы үлесі, сонымен қатар басқарушылардың
қазіргі уақыттағы жұмыс лауазымы мен соңғы 5 жыл ішінде қызмет орны, оның
ішінде басқару орнынан тыс жердегі қызметі туралы мәліметтер көрсетіледі.
Бұдан басқа, проспектіні тіркеу кезінде болған эмитент пен оның басшыларына
сотқа берілген арыз және жазалау шаралары көрсетіліп, қоғамның қаржылық
жағдайы жөніндегі есеп пен қызмет нәтижесі баяндалады. Эмиссия проспектісін
шығару эмитенттің сенімділігін, инвесторлар мүддесінің қорғалуын, сатып
келгенде бағалы қағаздар нарығы қызметін бақылауға көмектеседі.
Бағалы қағаздарды шығаруды мемлекет органдары қатаң бақылап отырады.
Оларды шығарушылардың барлығы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі
жанындағы бағалы қаржылар жөніндегі Ұлттық комиссияда тіркеуден өтіп,
мемлекеттіктіркеу номерін алуы қажет.
2008 жылы 17 маусымда Өскемен қаласында эмитенттерге арналған семинар
болып өтті. Семинарда ААҚО АҚ-ның Басқарма Төрағасының орынбасары Ерік
Есенбаев Қазақстан Республикасының қор нарығына шығуы туралы және
компаниялардың бірігуі жайында өз баяндамасын оқыды.

1.2 Жекешелендіру - бағалы қағаздар нарығын дамытудың негізі

Бағалы қағаздар нарығы тек әдеттегі тауар ақша қатынастары және меншік
қатынастары жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік меншікті жаңа нарық
қатынастарына сай өзгерту тек оны жекешелендіру арқылы ғана іске асады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы елдерде бағалы қағаздар нарығы жаңадан
қалыптасып келе жатқан жағдайда жекешелендіру акцияландырумен тікелей
байланысты. Себебі, көптеген кәсіпорындар да, халық та осындай жаға
құбылыстар арқылы нарыққа кең көлемде қатынасуға мүмкіндік алады.
Жекешелендіру бағалы қағаздардың жаңа түрі - жекеменшік чектерін (купондар)
өмірге келтіреді. Бұл мемлекеттік бағалы қағаздар, өз иесіне мемлекеттің
иелігінен алып, жекешелендірілген меншікті бір бөлігін қайтарымсыз
пайдалануына құқық береді. Жекешелендіру чектеріне кез келген
жекеменшіктендірілген кәсіпорынның акциясын сатып алуға болады. Ал
жекеменшіктендірілген кәсіпорын ұжымы мүшелері өз кәсіпорынның акциясын
жеңілдікпен сатып алуға құқы бар. Ондай сатып алуды да жекеменшіктендіру
чегімен төлеуге болады. Жекешелендіру чегіне басқа акционерлік қоғамға
айналған кәсіпорындардың акциясын сатып алу аукциондар да жүргізіледі.
Аукцион өтетіні туралы алдын ала ақпарат құралдарында жарияланады. Сонымен
бірге жекешелендіру чегіне арнаулы инвестициялық қорлардың акциясын сатып
алуға болады. Ондай қорлар чектерді өздерінде көптеп шоғырландырып, оған
басқа акционерлік қоғамдардың акциясын сатып алады, Инвестициялық қорлардың
акциясын сатып алушы сол қорлардың иемденушісінің біреуі болып есептеледі.
Қор оған өз пайдасының бір бөлігін төлейді. Инвестициялық қорлар - жеке
мекеме. Мемлекеттік инвестициялардың қорлаға салған чектерге кепілдік
бермейді.
Осы айтылғандардан басқа жекешелендіру чегін мұра етіп қалдыруға,
сыйлық ретінде беруге де болады. Біздің елімізде жекешелендіру 1994-1995
жылдары өтті. Ол кездерде көптеген инвестициялық қорлар ашылып, халық ол
қорларға чектерін тапсырғаны мен олардың орнына акция алғандары аз.
Жекешелендіру бір жағынан бағалы қағаздардың жаңа түрі — жекешелендіру
чегін нарыққа әкелсе, екінші жағынан кәсіпорындардың жаңа ұйымдастыру
құқықтың формасы — акционерлік қоғамдардың көптеп құрылуына және олардың
қалыптасуына жол ашты. Бұл жағдай жаңа акциялар мен облигацияларды
эмиссиялаумен қатар, бағалы қағаздардың басқа түрлерін шығаруға да себепті
болады. Сонымен, кәсіпорындарды жекешелендіру — бағалы қағаздар нарығының
қалыптасуындағы алғашқы кезең.

1.3 Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары.

Бағалы қағаздар нарығының жұмысын қамтамасыз етіп, оның міндетін
атқаратын кәсіби мамандар. Бағалы қағаздар келісім шарты екі түрде өтеді:
1. Тікелей;
2. Арадағы кісі арқылы.
1. Тікелей келісім шарт.
Сатушы

Бағалы Ақша
қағаздар
Сатып алушы

2. Арадағы кісі арқылы келісім шарт.
Сатушы

Келісім
Сатуға ұсыныс
шарттың
қорытындысы
бағалы қағаздар
Брокер

ақша

Келісім
Тауарға тапсырыс
шарттың
қорытындысы
Сатып алушы

Облигациялардың және акциялардың номиналы және нарықтық бағасы болады.
Облигацияның оның номиналына қатысты пайызбен көрсетілген нарықтық бағасы
облигацияның бағамы деп аталады. Егер облигацияның нарықтық бағасы
номиналынан жоғары болса, онда ол сыйлықақымен сатылады делінеді. Егер баға
номиналынан төмен болса, онда жаңа иесі оны дисконтпен сатып алады. Егер
сатып алушы номиналды төлесе, онда басымдық орын алады. Облигацияның
нарықтық бағасы қандай болса да, ол бойынша пайыз номиналына қатысты
есептеледі.
Баға белгілеу - қажетті хабарларды тарататын компьютерлік техниканы
қажет етеді. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары:
1. Брокерлер — делдал ретінде келісімге қатынасатын адамдар. Брокер
келісім жасасатын әрбір жақты табыстыруды көздейді. Брокер өкіл емес, ешбір
жақтың шарттық қатынастарына қатыспайды, жекелеген тапсырмалар негізінде
жүмыс істейді. Брокерге әрбір жеке келісімді жасауға арнаулы өкілеттік
беріледі. Ол тек сол өкіметтік шегінде әрекет етуге міндетті.
Бағалы қағаздар нарығындағы брокерлер құқықтың тұлға ретінде
тіркелген мамандандырылған фирма қызметкерлері. Батыс Еуропа
мемлекеттерінде олар не фирма, не акционерлік қоғам ретінде құрылады. Жаңа
егемен мемлекеттерде олар жауапкершілігі шектеулі серіктестік мекемесі
болып құрылған. Құрылымы жөнінен брокерлік фирма дирекция, әкімшілік бөлім,
кеңес беретін бөлім, бағалы қағаздар сату бөлімі және хабарлама-техникалық
бөлімінен тұрады. Шамамен мұндай фирмада 15-25 адам қызмет жасайды.
Брокерлік фирманың қызмет аясына мына міндеттер кіреді:
1. Консалтинг (кеңес беру).
2. Бағалы қағаздарды бірінші және екінші нарыққа орналастыру.
3. Инвестициялық қорларды құру және оны басқару.
Брокерлер өз қызметінде мына түпкі бастамаларды басшылыкқа алады:
1. Клиент брокерлік фирмамен шарт жасағанда барлық тапсырма бойынша
келісімге келеді, оның ішінде бағалы қағаздарды қайдан сатып алу жөнінде
(қор биржасынан ба, әлде биржадан тыс нарықтан ба).
2. Брокер клиенттің белгіленген сомасы шамасында әрекет жасайды.
Бірақ, алған тапсырма көлемінде бағалы қағаздарды таңдауда өз құқын
пайдаланады.
3. Брокер тапсырманы орындағаны туралы шартта көрсетілген
уақытта клиентке хабарлап және бағалы қағаздарды сатудан түскен қаржыны
клиенттің есепшотына аударады.
4. Брокер мәмілені ерекше кітапқа тіркеуі қажет. Клиент ол жөнінде
көшірме талап етуге құқы бар.
5. Клиент брокерге мәміледегі барлық тапсырманы тоқтатуға үкім бере
алады.
Сонымен бірге, брокерлік фирма мен клиент арасындағы келісім алғашқыда
ауызша болса, ол кейін жазбаша құжатта көрсетіліп, заңды күшіне енеді.
Брокерлік фирма өз клиенттерінен тапсырма алғанда олардан кепілдік беруді
талап етеді. Кепілдік ретінде мыналар берілуі мүмкін:
1. Мәміледегі бүкіл сомаға вексель.
2. Мәміленің 25%-тін немесе 100% құрайтын сома брокердің шотына
түсілуі керек.
3. Брокердің атына ағымдағы шот ашылуы мүмкін.
4. Брокерге сақтандыру полисі және с.с. кепілдер берілуі мүмкін.
Осылар жөнінде брокерлік фирма клиентке хабарлап тұруы қажет.
2. Джобберлер — бағалы қағаздар нарығы конъюнктура мәселелері жөнінде
кеңес берушілер. Ең алғашында олар London-city нарығында пайда болған.
Олардың іс әрекеті бағалы қағаздар нарығының құрылымы кең көлемде үнемі
өзгеріп отырғанда қажет. Джобберлер тек кеңес беріп қана қоймай, күрделі,
кейде комплексті мәселелерді шешуге көмектеседі .Джобберлер бағалы
қағаздардың кейбір түрлерінде ғана маманданғандықтан, оларды кең көлемде
жүргізілетін операцияларға брокерлер мен дилерлер пайдаланады.
Джобберлердің қызметі өте жоғары бағаланып, олар жоғарғы жалақы алатындар
қатарына жатады.
3. Дилерлер - делдалдар. Олардың брокерлерден айырмашылығы шарт
жасағанда өз капиталын жұмсауы. Бағалы қағаздар операциясына мамандалған
дилерлерді жауапкершілігі шектелуі дилер деп атайды. Дилердің атқаратын
қызметі:
- Бағалы қағаздарды шығару, олардың курсы және сапасы туралы хабар
тарату;
- Клиенттердің тапсырмасын орындау;
- Бағалы қағаздар нарығындағы өзгерістерді бақылап отыру. Егер бағалы
қағаздарды сату-сатып алу баяуласа, онда онда бағалы қағаздардың курсын
тұрақтандыру мақсатында өз есебінен операция жүргізеді.
- Сатып алушылар мен сатушыларды бір-біріне кездестіріп, бағалы
қағаздар нарығының жұмысына себепші болады. Олар нарықтың катализаторы
ретінде жүмыс істейді.
Бағалы қағаздар нарығында дилерлердің қызметі брокерлердің қызметінен
өзінің кең көлемділігімен ерекшеленеді. Дилер-фирмалардың алғашқы да өзінің
бірсыпыра капиталы болады, кейіннен ол делдалдың сыйақысымен және
инвестициядан түскен пайдамен үнемі толтырылып отырылады.
Осы мамандармен қатар бағалы қағаздар нарығына банк қызметкерлері,
инвестициялық қорлардың қызметкерлері және нарық қызметін реттейтін ереже,
заң шығаратын мемлекеттік шенеуніктер мен заң қызметкерлері қатысады.

1.4 Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар

Қазірге кезде бағалы қағаздар нарығына негізгі қатысушылар: мемлекет,
жергілікті әкімшілік, ірі ұлттық және халықаралық компаниялар. Мұндай
компаниялардың халық арасында жоғары атағы бар. Сондықтан олар шығарған
бағалы қағаздар ешбір қиындықсыз өтеді. Нарық ол қағаздарды көп мөлшерде
қабылдауға әрқашан дайын. Бұл қағаздар, әсіресе, мемлекеттік және
жергілікті әкімшіліктің қағаздары.
Екінші топ, инвестициялық институттар, немесе бағалы қағаздар
операциясын жүргізетін қаржы-несие институттары. Олар:
a) екінші деңгейдегі және инвестициялық банктер;
b) сақтандыру қоғамдары;
c) зейнетақы қорлары және сол сияқты ұйымдар.
Бұл институттардың көпшілігі әртүрлі инвесторлардың, яғни занды және
жеке тұлғалардың қаржысын біріктіріп, оларды табысты бағалы қағаздарға
жүмсау мүмкіндіктерін іздейді.
Үшінші топ - инвесторлар, яғни жеке адамдар, оның ішінде шағын
кәсіпорындардың бағалы қағаздары әрқашан қауыпты. Статистика деректері
дәлелдегендей олардың бір бөлігі ашылмай жатып жабылып қалады, тек 14
бөлігі ғана кейбір табысқа жетеді екен. Кейбір шағын кәсіпорындар табысты
және болашағы бар екенін дәлелдеді.
Төртінші топ, бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары, яғни
брокерлер мен дилерлер. Олардың қолындағы хабарлар, керекті байланыс
құралдары оларға бағалы қағаздар операциясын жүргізуге жеңілдік береді.
Әрбір елде бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды және оған қатысу
жағдайларын мемлекет белгілейді. Себебі мемлекеттің заң актілерінде елдің
экономикалық жағдайы аңғарылады. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығына
негізгі қатысушылар — оларды шығарушылар (эмитенттер) және инвесторлар
немесе инвестициялық институттар. Мемлекет эмитент заң жүзінде белгілейді.
Эмитент — заңды тұлға, ол мемлекеттік орган немесе жергілікті басқару
органы болуы мүмкін. Бағалы қағаздардың эмитенттері өздерінің ағымдағы және
күрделі шығыстарын қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржыландыруға мүдделі
және бұл ретте оған заемшы, берешек иесі және кәсіпкер ретінде сенуге
болатындығын дәлелдей алатын адамдар болып табылады.
Жалпы алғанда, бағалы қағаздардың эмитенттері бағалы қағаздар
түріндегі өз міндеттемелерін өздері орналастыра алады. Алайда бәсекелестік
жағдайындағы эмиссияның күрделі тетігі, бағалы қағаздарды кепілдікпен
орналастыру қажеттілігі зор шығыстарды ғана емес, сонымен қатар кәсіби
білімді, мамандануды, дағдыларды қажет етеді. Сондықтан эмитенттер көпшілік
жағдайда кәсіби делдалдардың – банктердің, брокерлердің, инвестициялық
компаниялардың қызметіне жүгінеді. Олардың бәрі осы жағдайда
ұйымдастырушылар және кепілгерлер ретінде бағалы қағаздар нарығындағы
делдалдар болып табылады.
Инвестор жеке адам немесе занды тұлға болуға құқылы. Олар бағалы
қағаздарды өз қаржысына сатып алады. Бір мезгілде делдалдар бола отырып
өздерінің клиенттеріне қысқа мерзімді қағаздарды ішінара орналастыратын
(мысалы, бір корпорациялардың коммерциялық банктері басқа корпорацияларға
ұсынады) банктер бағалы қағаздар нарығында инвесторлар ретінде басымдыққа
ие болады. Күрделі бағалы қағаздар нарығында жеке инвесторлардың басымдықта
болуынан институционалды инвесторлардың басымдығына өтудің тарихи
эволюциясы байқалады. Инвестициялық институттар — занды тұлға. Олардың
ұйымдық түрлері әртүрлі болады. Бағалы қағаздар нарығына қатысушы — занды
тұлғалар мемлекеттік лицензия, ал жеке адамдар мамандығы туралы аттестат
алулары қажет

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ

2.1 Бағалы қағаздар туралы Қазақстан республикасының заңдары

Бағалы қағаздар туралы Қазақстан Республикасының заңдары біраз
кезеңдерден өтті.1917 жылы Қазан революциясына дейін Қазақстан Ресей
империясының бір бөлігі болғандықтан ХVШ-ХІХ ғасырларда қазақ даласында
азаматтық жэне сауда қатынастары орыстың саудалық-қүқықтық ережелерімен
реттелді.
1977 жылы қабылданған КСРО Конституциясында да жеке меншік, еркін
кәсіпшілік іс-әрекеттері қаралмагандықтан айналымға акциялар, облигациялар
шығаратын акционерлік қоғамдар және баска шаруашылық кәсіпорындары мен
шаруашылық серіктестіктерін кұру туралы құқық болған жоқ. Алайда,
мемлекеттің өз ішінде айналымға түсетін мемлекеттік облигациялар
шығарылып, олар бағалы қағаздар деп аталды.
КСРО Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 19 маусымындағы шешімі Бағалы
қағаздар туралы Ережені бекітті, одан кейін 1991 жылғы 31 мамырда Кеңес
Одағы және Одақтас республикалар жаңа Азаматтық заңдардың негіздерін
қабылдады. Оның толық бір тарауы бағалы қағаздар туралы ұғымға және оның
түрлеріне, сол сияқты бағалы қағаздарды басқа біреуге беру ережесінің
негіздерін бекітуге арналған. Бағалы қағаздар туралы дәл осы негіздер 1993
жылдың 30 қаңтарында Қазақ КСР-ның Жоғары кенесінің Экономикалық реформа
жүргізу кезінде азаматтық құқықтық қатынастарын реттеу туралы қаулысы
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін қабылдағанша өз күшінде болды.
1991-1995 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында Азаматтық
заңдардың негіздерінде бірсыпыра құқықтық актілер қабылданды. Олар:
• 1991 жылдың 21 маусымындағы Шаруашылық серік-тестіктері және
акционерлік қоғамдар туралы Қазақ КСР-ның акционерлік қоғамдар және
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер құрып, олардың өз жұмысын
қаржыландыру үшін акциялар мен облигациялар шығаруына мүмкіндік беретін
заң;
• 1991 жылдың 11 маусымындағы Бағалы қағаздар айналымы және қор
биржасы туралы бағалы қағаздарды шығаруды реттеуге, оларды тіркеуге,
бағалы қағаздар нарығындағы делдалдық қызметті лицензиялауға,
қор биржасын құруға жэне оның жұмыс істеуіне рұқсат беретін заң;
1991 жылдың 13 қарашасындағы Қазақ КСР-ның Министрлер Кабинетінің
қаулысы бекіткен Бағалы қағаздар туралы ережесі- шығарылатын бағалы
кағаздардың түрлерін және олардың әрқайсысында жазылатын мағлұматтарды
белгіледі.
1994 жылдың 20 наурызындағы Республика Президентінің Бағалы қағаздар
нарығын қалыптастыру шаралары туралы жарлығы, бағалы қағаздар нарығындағы
қатынастарды реттейтін және бақылайтын мемлекеттік орган ретінде бағалы
қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның ережесін бекітті.
1995 жылдың 21 сәуіріндегі "Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы"
№2227 Президенттің заң күші бар жарлығы.
2. "Шаруашылық серіктестіктері туралы" №2255 Президенттің заң күші бар
жарлығы 2.05.95 ж.
3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы" №2155 Президенттің заң
күші бар жарлығы 30.03.95 ж.
4. "Акционерлік қоғамдар туралы" №281-1 "Қазақстан Республикасының
заңы 10.07.98 ж.
5. Басқа заңдар және нормативтік құқықтық актілер.
Оған бағалы қағаздарды шығару және айналымға түсіру мәселелерін,
Ұлттық комиссияның өкілдігін реттейтін Президенттің заңдық күші бар
жарлықтары жатады. Мысалы, валютаны реттеу туралы заң бойынша Ұлттық
комиссия валюта қатынастарын, соның ішінде, ішкі нарыққа шетел бағалы
қағаздарын түсірудің тәртібін реттейтін орган болып тағайындалады.
Басқа нормативті-құқықтық актілердің ішінде төмендегілерді атап айтуға
болады:
- бағалы қағаздар нарығының кейбір мәселелерін реттейтін ережелерді
бекіткен Қазақстан Республикасы қаулылары.
- бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның актілері - бағалы
қағаздар нарығын реттейтін ережелер.
- басқа орталық атқару органдарының бағалы қағаздар айналымына
байланысты актілері.
Жоғарыда айтылған құқықтық негіздерге сай қазіргі кезде Қазақстанда
бірсыпыра қор биржалары құрылды, брокерлік және дилерлік кеңселер ашылып,
олар акциялардың мемлекеттік бумалары және басқа мемлекеттік бағалы
қағаздар түрлерімен мәмілелерге қатысты.
2009 жылғы мәлімет бойынша Қазақстанның банк секторында шетелдік
капиталдың қатысумен 14 банк және шетелдік банктердің 23 өкілдігі жұмыс
істейді. Қазақстандық банктік қызмет көрсету нарығы олардың мемлекеттік
тиістілігіне тәуелділіктен тыс кез келген банктер үшін ашық. Шетелдік
қатысуымен тіркелген жарғылық капитал банктердің жиынтық жарғылық
капиталының 7,6% болды.
Сонымен қатар, Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың эмиссиясын
мемлекеттік тіркеуден өткізу іске асырылып, көптеген азаматтар бағалы
қағаздар нарығында қызмет істеуге мамандандыру куәлігін алды. Қазіргі
уақытта бағалы қағаздар туралы шыққан заңдар жетілген және бағалы қағаздар
нарығының құқықтық негіздерін қалыптастыру процесі аяқталды деуге болмайды.
Дегенмен, бүгінгі күні айтылған заңдарды пайдаланудың нәтижесінде
республикадағы бағалы қағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз етудің
жетістіктері мен кемшіліктері анықтауға мүмкіншілік бар.

2.2. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда
болуы

Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы еліміздің егемендігін
алғаннан басталды. ҚР-да бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді
негізінен 4 кезеңге жіктейміз. Бұл жіктеу бағалы қағаздар нарығында
мемлекеттік реттеуді жүргізетін және қадағалайтын органдарға байланысты. ҚР
заңнамада бағалы қағаздар түсінігі және бағалы қағаз мәртебесіне ие
құралдар қарастырылған.
ҚР Азаматтық кодексінің 91-бабына сәйкес, бағалы қағаз - мүлiктiк
құқықты куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлердiң
жиынтығы. Бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар және бағалы қағаздардың
осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен
айқындалған өзге де түрлерi жатады. Заңнамаларды салыстыру негізінде,
Азаматық кодекс пен Бағалы қағаздар нарығы заңдарының сәйкессіздігі
байқалады. Сонымен қатар, инвестициялық қор туралы ҚР заңында пайды бағалы
қағаз түрі деп бекітсе де, өзге құқықтық құжаттарда пай - бағалы қағаз
мәртебесі ретінде негізделмеген.
Бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі көп жағдайда халықтың әл-
ауқатына байланысты. Себебі бағалы қағаздарға сұраныс халықтың тұрмысын
айқындайды. Сондықтан халықтың табысының өсуі - Қазақстанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздарды шығару механизмі
Бағалы қағаздар нарығының мәні, қағидалары және оған әсер етуші факторлар
Бағалы қағаздар нарығын реттейтін жүйелер
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының жағдайы
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығы
Меншіктің акционерлік формасы
Бағалы қағаздар нарығының мамандары
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы туралы
Бағалы қағаздар нарығының жалпы түсінігі
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар теориясы
Пәндер