Жетібай мұнай кенішінің топырақ, өсімдік құрамындағы мұнай және мұнай өнімдерін, ауыр металдарды анықтап, қоршаған ортаны ластау деңгейін зерттеу



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Маңғыстау облысындағы Жетібай мұнай кеніші орналасқан жердің физико . географиялық, климаттық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Топырақ жамылғысының ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3 Өсімдіктер мен жануарлардың әралуандылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.4 Мұнайдың физико . химиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.5 Мұнаймен ластану көздерінің мінездемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2. Мұнай және ауыр металдардың тірі ағзаларға әсері ... ... ... ... ... ... 16
2.1 Адам ағзасына тигізетін әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Өсімдіктер және жануарлар дүниесіне әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.3 Топыраққа әсері 22
2.4 Атмосфералық ауаның ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
3. Зерттеу нысандары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
3.1 Зерттеу нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
3.2 Зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
3.3 Топырақ құрамындағы мұнайды анықтау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
3.4 Мұнайдың химиялық құрамын анықтау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
3.5 Топырақ құрамындағы ауыр металдар мөлшерін анықтау әдістері ... ..30
3.6 Өсімдік үлгісін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
4. Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
4.1 Топырақ құрамындағы мұнай қалдықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
4.2 Топырақ құрамындағы ауыр металдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
4.3 Өсімдік құрамындағы ауыр металдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
4.4 Зерттеу нәтижелерін талқылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..46
Қазіргі кезде ғылыми – техниканың қарыштап алға басуы, адамзат өмірін жақсартуға тікелей игі ықпал етумен қатар, қоршаған орта - табиғатқа орны толмас зор зиян тигізіп отыр.
Бүгінгі танда экологиялық жағдайдың нашарлауы мұнай және газбен ластану есебінен де жүріп отыр. Жылу - энергетикалық ресурстарды тым артық пайдалану, соның бірі - мұнай, қоршаған ортаның ластануына, яғни экологиялық жағдай қаупі дәрежесінің артуына әкеліп отыр.
Мұнай кеніштерін өңдеу барысында топырақ және ландшафтарға әсер ету факторлары механикалық бұзылу және химиялық ластану болып табылады. Топырақ жамылғысының механикалық бұзылуы іздеу, үңғілерді барлау және технологиялық объектілер қүрылысы кезінде жүреді. Нәтижесінде өсімдік түрлері жойылады, топырақ горизонттарының жоғарғы бөлігі тығыздалады және бұзылады, ал ол өз кезегінде эрозия үрдісінің дамуына әкеліп, екінші ретті тұздалуының себебі болады.
Қазақстан - мұнай және табиғи газға бай елдердің бірі. Мұнай қоры бойынша әлемде 12 - ші орында, ал мұнайды өндіру бойынша 23 - орынды алып отыр. Республикамызда қазіргі кезде 208 - дей мұнай кеніштері бар, олар территориямыздың 62% - ын алып жатыр. Осы мұнай кеніші қатарына Маңғыстау облысы да жатады.
Ластанудың негізгі себептері:
• Ластаушы заттармен атмосфераның, жер бетіндегі және жер астындағы сулардың, топырақтың ластану.
• Технологиялық құрал - жабдықтардың төменгі сапасы мен олардың апатқа ұшырау мүмкіндігінің жоғарлылығы.
• Топыраққа түсетін ауыр техниканы пайдалану
• Шөл зонасы топырағының төменгі өнімділігі,және антропогенді әсерлерге төзімсіз
1. Бикмухаметов М.А. Пустынные почвы северо - западной части Кызыл - Ординской области // Почвенно - географические мелиоративные иследования в Казахстане / Труды Института почвоведения АН КазССР. - Алматы, 1962. 114 - 129с.
2. Почвенная карта Кызыл - Ординской области. Масштаб 1:300000. -Алматы, 1959.
3. Казахстан. Общая физико - географическая характеристика, 1950. -492с.
4. Рамзов К.М. Почвы пустынной зоны Казахстана. Алматы, 1983. - 239с.
5. Методы оценки и картографирования современного состояния пустынных экосистем. - Улан - Батыр, 1990. 52с.
6. Жакбасова А. Сайыкова Г.А. Экология. Алматы, 2003. 84 - 2806.
7. Бижанова Г.К. Картографирование антропогенной трансформации псаммофитной растительности // Материалы международной научной конференции, посвешенной 700 - летию Института Ботаники и фитоиндустрии, Алматы, 2002. 227с.
8. Птицы Казахстана. Алматы: Наука, 1960 - 1974.
9. Млекопитающие Казахстана. Алматы: Наука, 1969 - 1985. Ю.Губкин И.М. Учение о нефти. Москва: Издательство. 1937. 89 - 126с. П.Суербаев Х.А., Шалмагамбетов К.М., Қоқанбаев Ә. Қ. Мұнай өңдеу
өнеркэсібінің каталитикалық процестері. Алматы: «Қазақ
университеті», 2004ж. 12.3вегинцев Д. Г., Гусев В.С., Левин С.В, Селецский Г.И.
диагностические признаки уровней загрязнения почвы нефтью //
Почвоведение. 1969. 72 - 78с. ІЗ.Пиковский Ю.И. Трансформация техногенных потоков нефти в
почвенных экосистемах // Восстановление нефтезагрязненных
почвенных экосистем. М: Наука, 1988. 1 - 12с.
Н.Мелешкин В.Н. Промышленные отходы и окружающая среда. Киев:
1980. 561-578с. 15.Панов Е.Е., Петряшен Л.Ф. Охрана окружающей среды на
предприятиях нефтяной и газовой промышленности. Москва: Наука,
1986. 329-414с.
16. Джарбусынов Б.У., Сарсенбаев Е.К. Нефть: Экология и здоровье. Алматы: Ғылым. 1993, 103 - 108с.
17. Протеев В.Ф. Экология, здоровье и охрана окружающей седы. Москва: 2000г.
18.Сарсенбаев Е. Заболеваемость злакачественными опухолями населения некоторых нефтяных районов Заподного Казахстана и экологические проблемы Казахстана. Алматы: Наука, 1990г. 36 - 37с.
19.Белов П.С., Голубева И.А., Назарова С.А. Экология производства химических продуктов из углеводородов нефти и газа. Москва: Наука. 1998. 123с.
20. Надиров И.К. Высоковязкие нефти и природные битумы./ Добыча. Подготовка. Транспортировка. Алматы: Ғылым 2001г.
21. Викторова Т.В. Частоты хромосомных аббераций и состовление ядрышкообразных действий металлов. / Гигиена и санитария. 1986г. №2 18-21с.
22. Белозеров Э.С., Хасыбаев Т.С. Социально - экологические аспекты здоровья человека. Алматы: Ғылым 1993г. 3 - 111с.
23. Тулебаев Р.К. хроническая свинцовая интоксикая. Алматы: Ғылым 1995г.9-11с.
25. Леина Э.Г. Общая токсикология металлов. Л - 1972г 183 с. 26.Кесельман Г.С. Защита окружающей среды при добыче, транспортировки и хранений нефти и газа. М : Наука 1981 г. 256 с. 27.Сергейчих С.А. растения и промышленная среда, Днепропетровск . Алматы : Наука, 1990 г. 244 с.
28.Панов Г.Е., Петрягин Л.Ф. Охрана окружающей среды на
предприятиях нефтеной и газовой промышленности / М : Недра. 1986г
244с.
29.Акиянова Ф.Ж., Нурамаганбетовам Э.И. и др. Опыстывание
Казахстанской части Прикаспия. // Проблема освоения пустынь. 2001. № 2
38с.
30. Ізһагоуа М, Ві§а1іеу А.В. Есо1§іса1 аззеззтепі оі* те ітрасі оі" оіі роіііііоп оп Іһе зоіі оі* Теп§іг сіерозіт: ог" Аилгаиз ргоуіпсе // \Уогкзһор Есо1о§іса1 ргоЫетз оі" Сазріап 8еа апсі есо1о§іса1 есіисаііоп іп Сазріап Соитгіез7 Вакиб АгегЬауап7 1987. 18-20 МоуетЪег. Р. 50-517
31. Лавриенко И.А., Лавриенко О.В. Аккумуляция растениями тяжелых металлов в условиях нефтезагрязнения. Новосибирский экологический журнал, 1988 г № 3-4 299-309с.
32.Мокрый Е.Н и др. Охрана окружающей среды в
нефтеперерабатывающей промышленности / Львов 1989 г 158 с /
33. Смирнов Л.А. Животный мир Казахстана. Алматы : Наука. 1995 г. 56с.
35. Габбасова И.М., Абдрахманова Р.Ф. и др. Изменение свойств почв и состава грунтовых вод при загрязнении нефтью и рпомысловыми сточными водами в Башкарии // Почвоведение, 1997 г № 117 362-372 с7
36. Нефтегазовый комплекс Казахстана // Нефть и газ. Надиров И.К. 2001г.-29с.
37. Ахмедова З.А., Бахшиева Ч.Т. Экология и охрана почв засушливых территории Казахстана. Алматы: Наука. 1991 г. 171 - 180с.
38. Солонцева И.П. Общие закономерности тролеформации почв в районах добычи нефти. / М: 1988г. 23 - 42с/.
39. Асанбаев И.К. Антропогенное изменение почв и их экологическое последствия. Алматы, 1998г.
40. Алексеев Ю.В. Тяжелые металы в почвах и растениях. Л: - 1989г. 204с.
41. Сборник методик по расчету выбросов вредных веществ в атмосферу различными производствами . Л., 1987г.

Реферат
Бітіру жұмысы 48 беттен тұрады, оған 6 кесте және жұмыс жазу
барысында қолданылған 41 әдебиет көзі кіреді.
Негізгі түйінді сөздер: мұнай, ШРК, атомдық - абсорбциялық
спектрометрия, ауыр металдар, топырақ, өсімдік.
Жұмыстың мақсаты: Жетібай мұнай кенішінің топырақ, өсімдік
құрамындағы мұнай және мұнай өнімдерін, ауыр металдарды анықтап, қоршаған
ортаны ластау деңгейін зерттеу.
Зерттеу объектісі: Жетібай мұнай кен орны аймағынан бес пунктінен
алынған топырақ және бес түрлі өсімдіктер үлгілерін зерттеу.
Зерттеу нәтижелері: Топырақ және өсімдік құрамындағы ауыр металдар
мөлшері шекті концентрациядан асатыны анықталды. Зерттелетін өңірдің
топырағында да мұнай және мұнай өнімдерінің концентрациясы жоғары екендігі
анықталды. Зерттеу жұмыстары экология және топырақтану кафедрасында жүзеге
асырылды.
Жетібай мұнай кенішінің биогеоценоз құрылымына зиянды әсер тигізеді, ең
негізгісі техногендік бұзылу және мұнай химиялық ластану. Техногендік қысым
нәтижесінде топырақ жамылғысы бұзылып, генетикалық топырақ қабаттары
араласып, тығыздалып, гумус және басқа да қоректік заттар азайып, топырақ
жел эрозиясына ұшырайды.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 6
1.1 Маңғыстау облысындағы Жетібай мұнай кеніші орналасқан жердің физико
- географиялық, климаттық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Топырақ жамылғысының
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Өсімдіктер мен жануарлардың
әралуандылығы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..11
1.4 Мұнайдың физико - химиялық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.5 Мұнаймен ластану көздерінің
мінездемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2. Мұнай және ауыр металдардың тірі ағзаларға
әсері ... ... ... ... ... ... 16
2.1 Адам ағзасына тигізетін
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2 Өсімдіктер және жануарлар дүниесіне
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .19
2.3 Топыраққа әсері
22
2.4 Атмосфералық ауаның
ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 4
3. Зерттеу нысандары мен
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
3.1 Зерттеу
нысандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..26
3.2 Зерттеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...26
3.3 Топырақ құрамындағы мұнайды анықтау
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
3.4 Мұнайдың химиялық құрамын анықтау
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
3.5 Топырақ құрамындағы ауыр металдар мөлшерін анықтау әдістері ... ..30
3.6 Өсімдік үлгісін
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .36
4. Зерттеу нәтижелері және оларды
талқылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
4.1 Топырақ құрамындағы мұнай
қалдықтары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .38
4.2 Топырақ құрамындағы ауыр
металдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
4.3 Өсімдік құрамындағы ауыр
металдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 40
4.4 Зерттеу нәтижелерін
талқылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 43
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .44
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 46

Кіріспе
Қазіргі кезде ғылыми – техниканың қарыштап алға басуы, адамзат өмірін
жақсартуға тікелей игі ықпал етумен қатар, қоршаған орта - табиғатқа орны
толмас зор зиян тигізіп отыр.
Бүгінгі танда экологиялық жағдайдың нашарлауы мұнай және газбен
ластану есебінен де жүріп отыр. Жылу - энергетикалық ресурстарды тым артық
пайдалану, соның бірі - мұнай, қоршаған ортаның ластануына, яғни
экологиялық жағдай қаупі дәрежесінің артуына әкеліп отыр.
Мұнай кеніштерін өңдеу барысында топырақ және ландшафтарға әсер ету
факторлары механикалық бұзылу және химиялық ластану болып табылады. Топырақ
жамылғысының механикалық бұзылуы іздеу, үңғілерді барлау және технологиялық
объектілер қүрылысы кезінде жүреді. Нәтижесінде өсімдік түрлері жойылады,
топырақ горизонттарының жоғарғы бөлігі тығыздалады және бұзылады, ал ол өз
кезегінде эрозия үрдісінің дамуына әкеліп, екінші ретті тұздалуының себебі
болады.
Қазақстан - мұнай және табиғи газға бай елдердің бірі. Мұнай қоры
бойынша әлемде 12 - ші орында, ал мұнайды өндіру бойынша 23 - орынды алып
отыр. Республикамызда қазіргі кезде 208 - дей мұнай кеніштері бар, олар
территориямыздың 62% - ын алып жатыр. Осы мұнай кеніші қатарына Маңғыстау
облысы да жатады.
Ластанудың негізгі себептері:
• Ластаушы заттармен атмосфераның, жер бетіндегі және жер астындағы
сулардың, топырақтың ластану.
• Технологиялық құрал - жабдықтардың төменгі сапасы мен олардың апатқа
ұшырау мүмкіндігінің жоғарлылығы.
• Топыраққа түсетін ауыр техниканы пайдалану

• Шөл зонасы топырағының төменгі өнімділігі,және антропогенді әсерлерге
төзімсіз
• Ластанудың алғы шарты болып табиғи жағдайларда жазықтың бедер әсері,
климат аридтілігінің жоғарғы деңгейі, тұздану, карбонаттылық,
құрылымсыздық, топырақтың құнарлы қабаттарының жұқалылығы жатады.
Жұмыстың мақсаты: Жетібай мұнай кенішінің қоршаған ортаға тигізер әсерін
зерттеп, оның ластану деңгейін бақылап, бағалау.
Жұмыстың міндеті:
• Алынған үлгілерге зерттеу жүргізу арқылы мұнаймен бүлінген топырақтың,
өсімдіктің ластану деңгейін анықтау.
• Топырақ және өсімдік үлгілерінің құрамындағы ауыр металдар мөлшерін
анықтау.
• Мұнай құрамын анықтау.

1.1. Маңғыстау облысының Жетібай мұнай кеніші орналасқан жердің физико -
геогафиялық ерекшеліктері мен климаттық жағдайы
Жетібай мұнай-газ кешенді аумағы Маңғыстау облысының Қарқия ауданының
шегіндегі Қазақстан Республикасының оңтүстік-батысында орналасқан.
Географиялық координаттары 52,30,-53,20 с.е және 43,20,-43,30 ш.б.
айқындалады. Аумақ 15 км дейін солтүстіктен оңтүстүкке қарай және 50 км
батыстан шығысқа қарай созылып жатыр. Кен орын Үстірт шоқысының Батыс
шыңқының кертпештеріне жанасатын Басқұдық – Түйесойған құм алқабы мен аласа
таулы Маңғыстаудың түйіскен жеріндегі шоқы – жазықта орналасқан. Мұндағы
мұнай-газ кен орындары 1961-1968 жылдардан бастап қазбаланып, зерттеліп
жатқан өңір (94). Өнімді қабаттарда 25-ке жететін мұнай қорлары 210
млрд.тоннаға бағаланылатын, жылдық өндіру мөлшері 3 млн.тоннадан асатын ,
газының көлемі 1,2 млрд.м 3 және кондесаты-40 мың тоннаға жуық. Бұл
өңірдің егеменді еліміздің экономикасының дамуына қосатын үлесі орасон зор.

Заттардың жалпы ШРК - сы төменгі 4 - кестеде көрсетілген.
Заттардың аты ШРК р.з ШРК м.р ШРК с.с мгм3 Қауіптілік
мгм3 мгм3 Класы
Күкірт 10 0,5 0,005 3
диоксиді
Азот оксиді 2 0,085 3
Күкіртті сутек10 0,008 2
Бензол Толуол 1,5 0,01 0,2 0,1 2 3 2 4
Фенол Аммиак 0,6 0,6
Ксилол 0,003 0,003
0,1 0,04
0,2 0,2

Күкірт қышқылы күкірт диоксидінен су буынан түзіледі, мутагенді
қасиеті өте жоғары, цитогенді дезаминдейді. Натрий дисульфиді -канцероген,
ол ДНҚ - ның бір тізбекті полинуклеотидтердің
пиримидиндерімен әрекеттесіп, цитогенді урацилге айналдырады.
Көмірқышқыл газының (СО)- адам қанындағы ерігіштік коэффиценті,
0,1709. Ол гемоглобинмен әрекеттесіп, карбоксигемоглобин түзеді. Бүл
қосылыс оттегіні тасымалдай алмай, аноксимия тудырады.
Көмірқышқыл газы (СОг)- ауада 4-5% болғанда тыныс алу мүшелерін
тітіркендіреді. Адамда наркотикалық әсер етіп, оның іс - әрекетін өзгертеді
және қандағы адреналин мөлшерін көбейтеді.
Күкіртсутек организмге тыныс алу мүшелері арқылы кіріп, орталық жүйке
жүйесіне әсер етеді. Көп мөлшерде болған жағдайда сал ауруын туғызады,
тотығу процестерінің механизмін бұзады, қанның оттегімен қанығу қабілеті
төмендейді (15%) 19.
Ал ауыр металдар әсеріне келетін болсақ, олар өз әсерін әр түрлі
мүшелерде жиналуы арқылы әсер етеді. Мұнайдағы ауыр металдардың 90-95%-і
қорғасын, хром, мышьяк үлесіне тиеді. Ауыр металдар тыныс алу, ас қорыту
мүшелері арқылы өтіп, қанға, ұлпаға жэне клетка аралық сұйықтықтарға
таралады. Металдардың клетка мембранасының өткізгіштік қасиетін бұзып,
клеткаларға ену қабілеті бар.
Мысалы, қорғасынмен уланған адамдарға жүйке жүйесі, ас қорыту жүйесі
зақымдалады. Бұл улану түрін - интоксикация деп атайды. Уланған адамдардың
түсі сұр түске өзгеріп, ағзада әлсіздік, тез шаршау, тәбеттің төмендеуі
байқалады. Бұл элемент көбінесе бауырда , ұйқы безде, бүйректе жиналады.
Мырыш айтарлықтай дәрежелі лейкоциттерде, эритроциттерде, біраз бөлігі
қанның белоксіз фильтратында жинақталады. Сонымен қатар бүйрек үсті безі,
қарын асты безі және ұрық безінде жиналады. Сөйтіп өз әсерін тірі ағзаға
тигізнді.
Кадмий тірі ағзаларға бүйректе, сүйектерде, ішкі секреция бездеріне,
қалқанша жэне ұрық безде жинақталады. Бұл элемент адамда трахит, бронхит,
демікпе ауруларын тудырады 24,25.

3.Зерттеу нысандары мен әдістері

3.1 Зерттеу нысандары

3.2 Зерттеу әдістері
3.3 Топырақ құрамындағы мұнай мөлшерін анықтау әдістері
3.Зерттеу нысандары. Бұл тауда, Каспи өңіріндегі сұр-құба топырақ
жабындықтарының ластанғанға дейінгі табиғи жағдайда қалыптасқан шөл дала
топырақ жабындықтарының құрылымдары, құрамы және негізгі қасиеттері
зерттеліп, климаттық жағдайлары және жер бедері туралы толық мағлұматтар
беріліп, алынған мәліметтерге байланысты зерттеулердің нәтижелері төмендегі
тараушыларда қарастырылды:
1.физика-географиялық жағдайлары, геологиялық құрылымы, жер бедері және
топырақ түзуші аналық тау жыныстарына сипттама;
2.климаттық, гидрогеологиялық және геологиялық жағдайларына сипаттама
жасалынды;
3.топырақ жабындықтары мен өсімдік жамылғылары зерттелген нұсқаларға
негізделіп тұжырымдалды.

3.1 Зерттеу
әдістері

Зерттеу процесінде салыстырмалы –экологиялық, тәжірбие-
эксперименталдық, статистикалық және графикалық әдістер пайдаланылды.
Топырақ үлгілері келесі әдістермен Ө.О.оспанов атындағы Топырақтану және
агрохимия ғылыми-зерттеу институтының химия зертханасында талданды: гумус
–Тюрин, жалпы азот-Къелдал, гидролизделетін азот –Тюрин-Кононова, жылжымалы
фосфор-Мачигин, жылжымалы калий-Гусейнов-Протасов, гипс-Гейдройц,
корбанаттардың көмірқышқылы –Гейслер және Шейблер , сіңірілген кальций және
магний –Шмук бойынша анықталып, сіңірілген натрий-жалынды фотометрде , су
суспензиясының рН—электрометрінде , топырақтың су ерітіндісі-Гедройц
бойынша , механикалық құрамы – Качинский әдістемесірндегі пипеткалық
тәсілмен және абсолютті құрғақ топырақты пирофосфорқышқылды натриймен
өңдеу арқылы анықталды. Ауыр металдардың мөлшерін зерттеу эмиссиондық –
спектриальдық талдау және атомдық – обсорбциялық спектроскопия әдістерімен
жүргізілді.

Өсімдік жамылғысы. Жетібай мұнай-газ аймағының өсімдік жамылғысы өте қатаң
топырақ жағдайларында болады: климттың құрғақтығы, жылу ресуртарының
көптігі , буланудың жоғарлылығы және топырақтың карбонатты-гипсті қабатының
қалындығының аздығымен және топырақтүзуші жыныстың тұздылығымен үйлесімдегі
ылғалдың жетіспеушілігі негізінен сораң-жусанды шөл өсімдіктерінен тұратын
ксерогалофитті және гиперксерофильді өсімдіктердің кең таралуын
айқындайды. Олар өсімдіктің түр құрамының аздығымен және бір түрлілігімен
, өсімдік жамылғысының сиректігімен , эфемерлер және эфемероидтардың
аздығымен өзгешеленеді. Аумақтың көп бөлігінде сұр-құба шөл топырақтарында
өсімдік жамылғысы бұйырғын- жусан және жусан-боялыш кешенді
фитоценоздардын қалыптастырады (1-сурет). Өсімдік топтарының эдификаторы
арасында түйесіңір, мортық, ебелек, таспашөп, сораң, қарасоған, қоңырбас
және басқалар кездеседі.

Топырақ құрамындағы мұнай мөлшерін анықтау әдістерінің көбісі полярлы жэне
полярсыз көмірсуларды топырақ үлгісінен органикалық еріткіштермен бөліп
алып, ерітіндідегі олардың концентрациясын анықтауға негізделген.

Кең таралған еріткіштер арасынан диэтил эфирі, гексан, пентан,
петролий эфирі, хлороформ, төрт хлорлы көміртегі көп қолданылады.
Соңғысының артықшылығы - жанғыш заттар болмағандықтан суда аз ериді, еріген
көміртегіні де, органикалық және минералды заттармен сорбцияланған
көміртегілерді де жақсы бөледі. Сонымен қатар төрт хлорлы көміртегі,
салыстырмалы түрде, бөтен заттарды аз экстракциялайды.43.
Гравиметриялық әдіс.
Гравиметриялық әдістің маңызы органикалық еріткіштермен экстрациялап,
гравиметриялық анализ жасауда. Гравиметриялық анализ кезінде көмірсулардың
минимальді қайнау температурасынан шектеулер бар. Әдіетің әртүрлі
модификацияларын пайдаланғанда мұнайдың жеке компоненттерін анықтауға
болады.
Жұмыс барысы:
Топырақ үлгілерінің әрқайсысынан 30 г топырақ өлшеп алып, тұрақты
салмағы қалыптасқанша кептіреді. Сосын фарфорлы келіде (ступкада) үгітеді
және 0,50 мм елегіштен өткізеді.

Дайын топырақ үлгілерін 150 мл сыйымдылықты колбаға салып, хлороформен
ылғалдайды да бір тәулікке бөлме температурасына қояды. Сосын түссіз
экстраттың соңғы бөлігіне дейін 10 - 15 мг хлороформ қосу арқылы бірнеше
рет экстрациялайды. Экстракты Либих холодильнигімен байланысқан 250 мл
колбаға ауыстырады. Одан кейін оны уландыру үшін су моншасына қояды.
Колбада 20-25 мл экстрат қалғанда отгонканы тоқтатамыз да экстрат
қалдықтарын колбаға құйып, тяганың астына қойып, хлороформды буландырады.
Алынған экстракты тазалау үшін биіктігі 10-15 см, диаметрі 1 см, ұшы иілген
шыны колонка дайындалады. Колонканың төменгі жағына қалыңдығы 1 см
болатындай етіп шыныталшықтар қабытын салады. Сосын колонкаға 600°С-та
сусызданған алюминий тотығын (полярлы байланыстар сорбенті) 2-8 см
биіктікте салады (мөлшері мүнайдың сапасына тәуелді) да 4 сағатқа
қалдырады. Дайын болған колонканы штативке бекітіп, оған 3-5 мл гексан
құяды. Колонканың астына 50 мл- лік салмағы тұрақты стакан қояды.
Хлороформның буланудан қалған түнбасын 5-10 мл гексанмен ерітіп, колонкаға
көшіреді. Фильтрация біткеннен кейін колонканы 2-3 мл-ден 2-3 рет шаяды.
Полярлы байланыстардан босаған мұнайдың гександағы ерітіндісін бөлме
температурасында ауа ағынымен буландырып гексаннан айырады. Гексан толық
ажыратылғаннан кейін стаканды өлшейді. Үлгідегі мұнай өнімдерінің мөлшерін
анықтау үшін келесі формуланы пайдаланамыз:
С = (а-в) с х 1000
Мұнда - С топырақтағы мұнай өнімдерінің концентрациясы, мгкг. а-
мұнай өнімдері бар стакан салсағы, мг в- стаканның тұрақты салмағы, мг с-
анализге алынған үлгі салмағы, г 1000-1 кг шаққандағы коэффициент 43.

3.4 Мұнайдың химиялық құрамын анықтау әдістері.
Мұнайды сандық жағынан бағалау үшін көптеген әдістер белгілі, бірақ
олардың ешқайсысы сезімталдылық, қарапайымдылық жэне нақтылық жағынан
талаптарға сәйкес келмейді. Ең көп таралған ИҚ- және УК-
спектрофотометриялық, люменесценциялық және газдық хромотографиялық әдістер
болып саналады 43.
Хромотографиялық әдіс.
Мұнайды басқа химиялық кластардан бөлуде хромотографиялық әдіс
негізінен колонкалық және жұқа қабатты хромотографиялық әдіс пайдаланылады.
Колонкалы хромотографиялық әдіс экстрактты алдын-ала дайындықсыз және
ұшқыш компоненттердің шығынсыз мұнайды бөледі. Жұқа қабатты
хромотографиялық әдістің сезімталдылығы жоғары болғандықтан, аз көлемді
экстракттарды алу үшін қолданылады. Сонымен қатар олар шайыр, асфальттен
фракцияларына кіретін басқа да қосылыстары туралы қосымша мәліметтер
береді.
Люминесценция әдісі.
Қоршаған ортадағы битумдық заттарды анықтау үшін қолданылады.
Люминесценция әдісі аз мөлшерде (1-2) полициклдік конденсацияланған
көмірсулардың болуына пайдаланылады. Бұл әдістің спецификалылығы төмен және
мұнай құрамының ауытқуына тәуелді болғандықтан, қауіпті және түрақты
көмірсуларды анықтайды.

Спектрометриялық әдіс.
Спектрометриялық әдістің маңызы - эмульцияланған, еріген және мұнаймен
сорбцияланған төрт хлорлы көмірсумен экстракциялау. Әдіс топырақ, табиғи
және қалдық сулардағы мұнай көмірсуларының концентрациясы 0,1- ден 50 мгкг-
ға дейін болған жағдайда қолданылады. Әдіс еріткішті айдауды және
экстракты қыздытуды талап етпейтіндіктен, қайнау температурасы төмен
көмірсуларды шығындамайды. УК- спектрометриялық әдіс ультракүлгін сәуле
аймағында көмірсуларды сіңіруге негізделген. Олар жалпы көмірсу мөлшерінің
30% үлесін күрайды. Ароматты және қанықпаған көмірсуларды анықтау үшін 270
нм толқын ұзындығында экстракциялау тиімді.
ИҚ- спектрометриялық әдіс
ИҚ - спектрометриялық әдіс алифатикалық, нафтендік көмірсуларды (олардың
жалпы көміртегілеріндегі үлесі 70-90%) анықтайды және универсалды болып
табылады.
Зерттелген мұнайдың ИҚ- спектрінде ондаған СН2 топтарынан және соңғы
топтары - СНз немесе СН2- ОН болатын ұзын тізбекті алифатикалық
көмірсуларды сіңіру сызықтары көрсетіледі. Бұдан басқа тотыққан
көмірсулардың 1728 см _1 жиілікте сіңірілген сызықтары белгіленеді.
Мұнайдың сақталу уақытына қарай оның химиялық құрамы өзгереді.
Артыкшылығы - стандарт есебінде жасанды көмірсутек қосылысын
пайдалануға болатындығы. С-Н-байланыстарының белсенділігіне негізделген.
Топырақтағы мұнайды сезгіштік коэфициенті құрғақ үлгінің 0,02 гкг
кұрайды31

3.5 Топырақтың құрамындағы ауыр металдар мөлшерін анықтау
әдістері. Эмиссиялық әдіс
Эмиссиялық әдіс- металдарды анықтау жалындық фотометриялық әдісі, онда
тотықтырғыш және жанғыш газ (ацетилпропан) орналасқан. Талдауға арналған
ерітіндінің өте ұсақ тамшыларынан құралатын аэрозольді газ жолындағы
атомдар эмиссиясына негізделген. Жоғарғы температура әсерінен металдардың
оңай иондалатын атомдары белгілі толқын ұзындығы бар сәулелерді шығара
бастайды. Сәулелену екпінділігіне байланысты ерітіндідегі элемент мөлшерін
анықтауға мүмкіншілігі бар.
Жалындық фотометриялық әдісі сілтілі топырақ элементін анықтауға
қолданылады. Осы әдіс арқылы рубидий, цезий, стронцийді анықтауға болады.
Әдістің кемшіліктері : аспаптың көрсетудің жолын, температурасына
тәуелділігі, көрші спектр сызығының танылуы (бұл 25%-ті құрайды). Осы жерде
белгілі элементті анықтау үшін басқа элемент кедергі келтіруі мүмкін (оның
концентрациясы анықталатын элементтің концентрациясынан анағұрлым жоғары
болған кезде) 41
Полиграфиялық әдіс
Элементтерді және олардың концентрациясын полиграфиялық әдіспен
анықтау поляризациялық қисықтарды зерттеуге байланысты. Олар ерітінділерді
электролиздену кезінде алады. Бойында электрді қалпына келтіретін және
электр тотқықтырғыш заттар бар. Бұл жағдай арнаулы электродтарды қолдану
арқылы іске асады. Полиграфияға іс жүзінде металдардың барлық иондары бой
ұрады.
Артықшылығы: біріншеден, ерітінді құрамындағы алдын-ала
бөлінбеген қатарынан бірнеше элементтерді аналитикалық
жолмен анықтауға мүмкіншілік береді; екіншіден, бір үлгіні қайта пайдалану
арқылы қайталанған анықтауларды жүргізіп ала беруге болады. Себебі талдау
процесінде жоғалмайды, өзгермейді.
Радиометриялық әдіс
Бірқатар ауыр металдардың ыдырауы негізінде пайда болған ауыр
металдардың және радионуклеотидтердің радиоактивтілігі бар. Олардың
қатарына уран, торий, лаптонид жэне рубидийді жатқызуға болады. Бүл
элементтердің радиоактивтілігі олардың атомдарының ұсақ бөлшектер мен
кванттарға ыдырау сәтінде энергия бөлу арқылы айқындалады. Радиоактивті
ауыр металдарға сәуле шығарудың барлық түрлері жатады: альфа, бетта, гамма
жэне нейтрондық сәулелер. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай мен ауыр металдың тірі ағзаларға әсерлері
Кентау қаласы қоршаған ортасының экологиялық жағдайы
Өсімдіктер мен жануарлар әлеміне антропогендік әсер
Көмірсутекті шикізаттарды пайдаланудың экология-экономикалық мәселелері
Экологиялық биотехнология туралы
Сурьманың қосылыстары улы заттар
Мұнай ұңғыларының ұңғы
Маңғыстау өңіріндегі экожүйелер компоненттерінің мұнай және мұнай өнімдерімен ластануын экологиялық сараптау
Өскемен қаласының атмосфералық ауасы және агроценоздарының ластануын бағалау
Өскемен қаласының қоршаған ортаға әсерін бағалау
Пәндер