Жалақы және жұмыссыздық түсінігі. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығын талдау



Кіріспе бөлім

1 бөлім. Жалақы және жұмыссыздық түсінігі. Еңбек рыногы.
1.1. Жалақының сипаттамасы.
1.2. Жұмыссыздық мәні және оның түрлері.
1.3. Еңбек рыногының жалпы сипаттамасы.
1.4. Еңбек рыногын реттеу.

2 бөлім. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығын талдау.
2.1. Қазақстан Республикасының тұрғындарының табысы.
2.2. Қазіргі ғылыми.техникалық революциялардың жұмыс күшіне әсері.
2.3. Қазақстан Республикасындағы жұмысшы күштерінің миграциясы мәселелері.

Қорытынды бөлім

Әдебиеттер
Кіріспе бөлім

1 бөлім. Жалақы және жұмыссыздық түсінігі. Еңбек рыногы.
1.1. Жалақының сипаттамасы.
1.2. Жұмыссыздық мәні және оның түрлері.
1.3. Еңбек рыногының жалпы сипаттамасы.
1.4. Еңбек рыногын реттеу.

2 бөлім. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығын талдау.
2.1. Қазақстан Республикасының тұрғындарының табысы.
2.2. Қазіргі ғылыми-техникалық революциялардың жұмыс күшіне әсері.
2.3. Қазақстан Республикасындағы жұмысшы күштерінің миграциясы мәселелері.

Қорытынды бөлім

Әдебиеттер
Жалақы тұтынушылар табысының басым көпшілігін құрайды, сондықтан ол тауарлардың сұраныс көлеміне және олардың бағасына елеулі ықпал етеді.
Осы мәселеге байланысты экономикалық теорияда екі тұжырымдама бар:
1) Жалақы еңбек бағасы (еңбек пен жұмыс күшінің айырмашылығы ескерілмейді), оның дәрежесі мен динамикасы рыноктық факторлар – сұраныс және ұсыныспен анықталады.
2) Жалақы жұмыс күші – тауардың құнының ақшалай көрінісі (бағасы), еңбектің бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола алмайды, жалақы өндіріс жағдайымен де (жұмыс күшінің құны), рыноктық факторлар сұраныс, ұсыныспен де анықталады, олардың ауытқуы жалақының жұмыс күші құнынан бірде жоғары, бірде төмен болатындығын көрсетеді.
Жалақының екі тұжырымдамасы да ағылшынның саяси экономикасының классиктері А.Смит пен Д.Рикардоның теорияларына негізделген. А.Смит еңбек пен жұмыс күші арасындағы айырмашылықты ашып көрсеткен емес. Оның пайымдауынша, еңбек табиғи бағасы бар (немесе «табиғи жалақы») «тауар» деп саналады. Ал, табиғи баға өндіріс шығындарымен анықталады, яғни жұмысшының және оның отбасының тіршілігіне қажетті құнмен есептеледі. А.Смит «табиғи жалақы» деп жұмыс күшінің құнын түсінді.Жалақы мөлшері жұмысшының тіршілігіне қажетті құн минимумен анықталады. Осыдан басқа жалақы тарихи және рухани элементтерді қамтиды, осымен байланысты Смит жалақы мөлшерінің ұлттық айырмашылығы болатынын түсіндірді. Жалақы дәрежесінің төмендігін және оның тіршілік минимумына өте жақын болу себебін А.Смит жұмысшы табының ұйымшылдығының жоқтығымен байланыстырды. Жалақы динамикасын (қозғалысын) экономика жағдайымен байланыстырды. Экономикалық өрлеу жағдайында еңбекке деген сұраныс өседі де рыноктық жалақы «табиғи жалақыдан» жоғары болады. Д.Рикардо да, А.Смит сияқты жалақыны еңбек бағасы деп ұғынды. Рикардо жалақы теориясын Мальтустың халық өсімі теориясымен байланыстырады. Жалақы, осы теория бойынша, халықтың табиғи өсу заңына сәйкес күнкөріс заттарының минимумына ұмтылады. Осыған орай жалақының тұрақтылық заңы орын алады. Оның мәні мынада: жалақының өсуі жұмысшының отбасында табиғи өсімді (тууды) көтермелейді де, еңбекке деген ұсыныстың өсуі жалақының төмендеуіне әсер етеді; керісінше, жалақының төмендеуіне әсер етеді; керісінше, жалақының төмендеуі жұмысшылар саны мен еңбекке ұсынысың қысқаруына, тиісінше жалақының өсуіне әсер етеді. Сонымен, еңбекке деген ұсыныстың ауытқуы ықпалымен жалақы тұрақтылық мөлшеріне күнкөріс заттарының физикалық минимумына ұмтылады. Жалақы жұмысшының, оның отбасының күнкөріс заттарының физикалық минимумы деген түсінік, жалақының «темірдей қатты заңының» негізін қалады.
1) 1) «Халықаралық экономикалық қатынастар», Р.Е.Елемесов, «Қазақ университеті» 2002 жыл.
2) «Әлеуметтік-экономикалық статистика» З.А.Болатханова, Алматы «Қазақ университеті» 2003 жыл.
3) «Экономикалық теория», С.Әкімбеков, А.С.Баймұханов, У.А.Жанайдаров, Алматы 2002 жыл.
4) Статистический ежегодник Казахстана: статистически сборник, Смаилов редакциясында – А:Агенство Р.К. 2004ж статистикасы бойынша.
5) «Экономикалық теория», Я.Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н.Жақыпова, Т.П.Табеев, Алматы «Қазақ университеті» 1999 жыл.
6) «Экономикалық теория негіздері», Алматы «Санат» 1998 жыл.
7) «Еңбек рыногы экономикасы» (3-4, 5-11), С.К.Жұмамбаев, Алматы 2003 жыл.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

Кіріспе бөлім

1 бөлім. Жалақы және жұмыссыздық түсінігі. Еңбек рыногы.
1.1. Жалақының сипаттамасы.
1.2. Жұмыссыздық мәні және оның түрлері.
1.3. Еңбек рыногының жалпы сипаттамасы.
1.4. Еңбек рыногын реттеу.

2 бөлім. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығын талдау.
2.1. Қазақстан Республикасының тұрғындарының табысы.
2.2. Қазіргі ғылыми-техникалық революциялардың жұмыс күшіне әсері.
2.3. Қазақстан Республикасындағы жұмысшы күштерінің миграциясы
мәселелері.

Қорытынды бөлім

Әдебиеттер

1 бөлім. Жалақы және жұмыссыздық түсінігі. Еңбек рыногы.

1.1.Жалақының сипаттамасы.

Жалақы тұтынушылар табысының басым көпшілігін құрайды, сондықтан
ол тауарлардың сұраныс көлеміне және олардың бағасына елеулі ықпал
етеді.
Осы мәселеге байланысты экономикалық теорияда екі тұжырымдама
бар:
1) Жалақы еңбек бағасы (еңбек пен жұмыс күшінің айырмашылығы
ескерілмейді), оның дәрежесі мен динамикасы рыноктық факторлар –
сұраныс және ұсыныспен анықталады.
2) Жалақы жұмыс күші – тауардың құнының ақшалай көрінісі
(бағасы), еңбектің бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола алмайды,
жалақы өндіріс жағдайымен де (жұмыс күшінің құны), рыноктық
факторлар сұраныс, ұсыныспен де анықталады, олардың ауытқуы
жалақының жұмыс күші құнынан бірде жоғары, бірде төмен болатындығын
көрсетеді.
Жалақының екі тұжырымдамасы да ағылшынның саяси экономикасының
классиктері А.Смит пен Д.Рикардоның теорияларына негізделген. А.Смит
еңбек пен жұмыс күші арасындағы айырмашылықты ашып көрсеткен емес.
Оның пайымдауынша, еңбек табиғи бағасы бар (немесе табиғи
жалақы) тауар деп саналады. Ал, табиғи баға өндіріс шығындарымен
анықталады, яғни жұмысшының және оның отбасының тіршілігіне қажетті
құнмен есептеледі. А.Смит табиғи жалақы деп жұмыс күшінің құнын
түсінді.Жалақы мөлшері жұмысшының тіршілігіне қажетті құн минимумен
анықталады. Осыдан басқа жалақы тарихи және рухани элементтерді
қамтиды, осымен байланысты Смит жалақы мөлшерінің ұлттық айырмашылығы
болатынын түсіндірді. Жалақы дәрежесінің төмендігін және оның
тіршілік минимумына өте жақын болу себебін А.Смит жұмысшы табының
ұйымшылдығының жоқтығымен байланыстырды. Жалақы динамикасын
(қозғалысын) экономика жағдайымен байланыстырды. Экономикалық өрлеу
жағдайында еңбекке деген сұраныс өседі де рыноктық жалақы табиғи
жалақыдан жоғары болады. Д.Рикардо да, А.Смит сияқты жалақыны
еңбек бағасы деп ұғынды. Рикардо жалақы теориясын Мальтустың халық
өсімі теориясымен байланыстырады. Жалақы, осы теория бойынша,
халықтың табиғи өсу заңына сәйкес күнкөріс заттарының минимумына
ұмтылады. Осыған орай жалақының тұрақтылық заңы орын алады. Оның
мәні мынада: жалақының өсуі жұмысшының отбасында табиғи өсімді
(тууды) көтермелейді де, еңбекке деген ұсыныстың өсуі жалақының
төмендеуіне әсер етеді; керісінше, жалақының төмендеуіне әсер етеді;
керісінше, жалақының төмендеуі жұмысшылар саны мен еңбекке ұсынысың
қысқаруына, тиісінше жалақының өсуіне әсер етеді. Сонымен, еңбекке
деген ұсыныстың ауытқуы ықпалымен жалақы тұрақтылық мөлшеріне
күнкөріс заттарының физикалық минимумына ұмтылады. Жалақы жұмысшының,
оның отбасының күнкөріс заттарының физикалық минимумы деген
түсінік, жалақының темірдей қатты заңының негізін қалады.
Маркстік тұжырымдамаға сәйкес жалақы еңбек бағасы емес, өйткені
еңбек тауар емес, олай болса оның құны да жоқ. Жұмыс күші тауар
бола алады, ал жалақы осы тауардың бағасы, яғни оның құнының
ақшалай көрінісі. Жұмысшы жалақы түрінде бүкіл еңбегі үшін емес,
тек қажетті еңбек мөлшерінің құнын алады. Жалақының экономикалық
мазмұны мынада, осы табыс арқылы өндірістің жеке факторының орны
толтырылады, адамның материалдық және рухани қажеттіліктері
қанағаттандырылады, білім алуы, еңбекке дайындығы жүзеге асырылады.
К.Маркс жұмыс күшінің құны мен жалақы күнкөріс заттарының физикалық
минимумымен емес, күнделікті қажетті тұтыну заттарының құнымен
анықталады деді. Жалақының мөлшері жұмыс күшінің құнына әсер ететін
еңбек өнімділігін, еңбектің қарқындылығына, еңбектің күрделілігіне
тәуелді. Жалақы сондай-ақ коньюктуралы еңбекке деген сұраныс пен
ұсыныстың арақатынасына тәуелді. Еңбек рыногында сұраныс пен ұсыныс
тепе-тең болғанда жұмыс күшінің құнына тең жалақы белгіленеді.
Жалақы еңбек бағасы. Олай болатыны жұмысшы жалақыны өз еңбегін
шығындағаннан кейін алады, жалақы мөлшері еңбектің әрекет ету
ұзақиығына тәуелді, бірдей жұмыс атқаратын жұмысшылардығ жалақысында
жекелей айырмашылық орын алады. Еңбек түгелдей төленген болып
көрінеді. Сондықтан да пролетарлық саяси экономияда жалақыны жұмыс
күші құнының өзгерген нысаны (яғни мәнін бұрмалайтын нысан),
шындығында жұмыс күшінің бағасы деп көрсетеді. Қазіргі батыстық
экономика ғылымында жалақыны еңбек бағасы деген көзқарас орын
алуда. Самуельсон мен Нодхаус жалақы рыноктық бағаның маңызды
категориясы, өйткені ол еңбек бағасы деп жазды. Жаңа классиктер
жалақының дәрежесі мен динамикасын рыноктық факторлар (сұраныс пен
ұсыныс) деп түсіндіреді.
Номиналды және нақты жалақыны ажырата білу керек. Номиналды
жалақы ақшаға шығарылып берілетін жалақы, оны жалдамалы қызметкер
күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алады. Номиналды жалақының
мөлшкріне қарай жалақы дәрежесі туралы түсінік алуға болады, алайда
ол тұтыну мен салық тұрмысының дәрежесін толық сипаттай алмайды.
Ол үшін нақты жалақыны білу қажет. Нақты жалақы жұмысшының
күнелтуіне қажетті заттарға шығарылған жалақысы, яғни жұмысшының
тапқан ақшасына өзі үшін және отбасы үшін қанша және қандай күн
көріс заттарын сатып алуға болатынын көрсетеді. Нақты жалақының
дәрежесі тікелей номиналды жалақыға және тұтыну заттары мен қызмет
көрсету бағасына тәуелді.
Жалақының негізгі нысандары. Жалақы негізгі екі нысанда
мерзімді және келісімді түрде орын алады. Мерзімді жалақы
өндірістегі еңбек шығынының ұзақтығымен анықталады, сондықтан ол
күндік апталық және айлық ақы болып бөлінеді. Жұмыс күнінің
ұзақтығы мен еңбек қарқындылығы әр қилы болғанда, нақты нақты
еңбек ақы төлеу де әр қилы болады. Бірдей мерзім үшін жалақы
алатын жұмысшылардың еңбек ақы дәрежесін салыстыру үшін еңбек
бағасын, яғни бір сағаттық еңбек ақысын анықтау қажет. Жалақының
мерзімдік, нысаны кәсіпкерге жұмыс күнінің ұзақтығы мен еңбек
қарқындылығын белгілеу мүмкіндігіне ие болады. Кесімді жалақыда
жұмысшының жалақысы шығарылған өнім санына тәуелді. Жалақының бұл
нысаны мерзімді жалақымен байланысты, өйткені бір өлшем өнімнің
бағасы мерзімді жалақыны (күндік) өндірілген, өнім санына бөлу
арқылы анықталады. Кесімді жалақының мөлшері бір өлшем өнім бағасы
өндірілген өнім көлеміне көбейту арқылы есептеледі. Кесімді
жалақының ерекшелігі, еңбектің саны мен сапасы өндіргіш өнім арқылы
байланып, өлшенеді. Ол еңбек өнімділігі мен қарқындылығын арттыруды
мүдделендіреді, жұмысшылар арасындағы жалақы мөлшерінің жекелей
айырмашылығының маңыздылығын күшейтіп, жұмысшылар арасындағы бәсекені
ұлғайтады.
Өнеркәсібі дамыған елдерде жалақының негізгі нысандары мен бірге
жұмысшының еңбек өнімділігі мен қарқындылығын ынталандыру мен
жетілдіруге, олардың творчестволық қабілетін дамытуға бағытталған
еңбекақы төлеудің басқа да жүйелері қолданылады. Осы жүйелерге
кесімді-прогрессивті, кесімді көтерме, көп факторлы т.б. жатады.
Жалақының мөлшері жұмысшының еңбек өнімділігіне, өнім сапасына,
шикізатты үнемдеу, жабдықтарды пайдалану коэффициенті т.б.
көрсеткіштеріне тәуелді.
Бір елдің өзінің ішінде әр қилы мамандықтағы қызметкерлер мен
әр қилы елдердің жалдамалы қызметкерлердің жалақы мөлшерінде үлкен
айырмашылық бар. Белгілі бір кезеңде экономика жағдайына байланысты
да жалақы өзгеріп отырады. Өнеркәсібі дамыған елдерде номиналды
жалақының өсу үрдісі байқалады. Нақты жалақының динамикасы күрделі,
өйткені ол тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетудің баға
динамикасымен байланысты бірде жоғары, бірде төмен ылғи өзгерісте
болып отырады. Көпшілік адамдар үшін жалақы табыстың көзі, әр
тұрмыс дәрежесінің көрсеткіші болғандықтан, оның мөлшері мен
динамикасы адамдардың ең бір мүдделі мәселесі.
Жалақы өндіріс жағдайы мен рыноктық конъюктураға да тәуелді.
Жалақы дәрежесіндегі айырмашылық ең алдымен өндіріс мөлшерінде
анықталады. Экономикасы дамыған елдердегі жоғары жалақы өндіріс пен
еңбек өнімділігі саласындағы жетістіктерге байланысты, өйткені алдын
ала өндірілгенді ғана бөлуге болады. Жалақының мөлшері мен
динамикасына ықпал ететін маңызды факторларға әсер ететін маңызды
факторларға табиғи ресурстар, қолдағы капитал, жұмыс күштерінің саны
мен сапасы, техника мен технология дәрежесі, өндіріс пен еңбекті
ұйымдастыру жатады. Осы факторлардың өзара байланысты әрекет етуі
еңбек өнімділігін сипаттайды. Өндірісі мен еңбек өнімділігі жоғары
елдерде жалақының дәрежесі де жоғары. Жалақы дәрежесі мен
динамикасын талдауда рыноктық категориялар – сұраныс пен ұсыныс,
олардың бәсекелік күрес ықпалымен ауытқу неліктен маңызды? Рынок,
сұраныс пен ұсыныс бүкіл өндірістік шығындардың дәрежесін көрсететін
объективті экономикалық тетік, ол бүкіл тауарлар өндірісі, оның
ішінде жұмыс күші шығындарын анықтаушы. Мұны көрсететін баға.
Тұтыну тауарларына баға қоюдың рыноктық тетігі жұмыс күшін ұдайы
өндіруді ынталандырады, сөйтіп осы тауардың бағасы жалақыға ықпал
етеді. Жалақының дәрежесі мен динамикасын анықтаудың экономикалық
тетігі қандай? Сұраныс пен ұсыныс жалақығ қалай әсер етеді? Бұл
сұрақтарға жауап беру үшін еңбек рыногындағы жетілген және
жетілмеген бәсеке жағдайын талдау қажет.
Еңбек рыногы рыноктың бір түрі, онда бәсеке жетілмеген сипатта
болады. Алайда теориялық талдау құбылыстарды таза күйінде
зерттеуді, байланыстар мен тәуелділіктерді мүмкіндігінше дәл
анықтауды ұсынады. Жетілген бәсеке жұмыс күшін сатып алу, сатудың
шарты толық, абсолютті тепе-теңдікте болғанда орын алады. Еңбекке
деген сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне сай болмауы жалақы
мөлшерінің тепе-теңдік нүктесінен бірде жоғары, бірде төмен ауытқуын
көрсетеді. Осы жағдайдың өзінде жалақы әр түолі болады, өйткені
өндіріс жағдайларының айырмашылығымен байланысты еңбекке деген
сұраныс дәрежесі еңбектің шектеулі өнім көлемінен, сол сияқты
өндірістің басқа факторларының шектеулі өнімі мен оның бағасына
тәуелді. Басқа сөзбен айтқанда еңбекке сұраныс мөлшері көптеген
факторларға тәуелді. Олар – табиғи ресурстардың көлемі, қызмет етуші
капитал көлемі, техникалық білім мен өндіріс технологиясының
дәрежесі, еңбекті ұйымдастыру т.б. Бұдан басқа жұмыс күшіне
сұраныс, экономиканың өрлеу немесе толқырау жағдайында бөлу жайымен
байланысты.
Жалақының мөлшері мен динамикасына еңбекке деген ұсыныс ерекше
ықпал етеді. Жұмыс күшін сату оның иесінің өмірлік тіршілігінің
бірден-бір көзі. Сондықтан жұмыс күшін сатушылардың арасында өткір
бәсеке күресі орын алады. Еңбекке деген ұсыныс халықтың жалпы саны
жұмыссыздар саны, жұмыс уақытының ұзақтығы, еңбектің сапасы
(қарқындылығы мен өнімділігі) сияқты көрсеткіштермен анықталады.
Еңбекке деген сұранысқа ықпал ететін көрсеткіш: жұмыс күшінің
ұзақтығы, ол еңбек қарқындылығының артуымен ұзарады және белгіленген
жұмыс уақытынан асса, еңбекке ұсыныс та артады, бірақ одан
жұмысқа қамту дәрежесі өспейді. Еңбекке сұраныс осындай дәрежеде
болғанда, оған деген ұсыныс жалақының төмендеуіне ықпал етеді.
Жалақы мөлшері еңбектің сапасына, мамандық және кәсіптік дайындыққа
тәуелді. Мысалы жоғары жалақыны дамыған елдерде, әдетте,
дәрігерлер, юристтер, оқытушылар алады. Бұл жалақы оларды оқыту,
дайындау үшін жинақталған байлықтан алынады, көп еңбек сіңіріледі,
ал жалақы осы шығындардың орнын толтыруы қажет.
Кейбір жұмыс түрлері адам үшін тартымсыз болуы мүмкін, алайда
жалақы қоғамға пайдалы осындай тартымсыз (лас, ауыр) жұмысқа
ынталандырады. Осындай еңбектің орнын толтыру қажеттігінен туындайтын
жалақыдағы айырмашылықты, теңестіруші айырмашылық деп атайды.
Еңбек сипаты мен жалақы мөлшерінде теңестіруші айырмашылық типіне
жатпайтын айырмашылықтар болады. Мұндай айырмашылықтар объективті
сапалы ерекшеліктерден, адамның қабілеті, талантынан туындайды.
Мұндай топтағы жалақы ставкасы да әр түрлі болады, аса талантты
адамдардың табысында рента элементтері орын алады (бұл туралы Жер
рентасы сұрағын қараңыз).
Жалақы мөлшеріндегі алшақтық объективті құбылыс, өйткені
қызметкерлердің кәсіптік құрамы мен әр түрлі мамандықтағы жұмысшы
топтарының еңбек рыногындағы қозғалысы әр қилы. Жалақы мөлшерінің
айырмашылығының ауқымын рыноктық тетік, еңбектің түрлеріне деген
сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы анықтайды. Нарықтық экономика
жағдайында әрбір еңбек категориясына жиынтық сұраныс, бәсекеден
туындайтын осы еңбек категориясының ұсынысына тең болады. Жалақыны
құрудың объективті рыноктық тетігі осындай тұрақты факторлардың
ықпалында болады, сонымен бірге әрбір категориядағы жұмысшының
жалақысы жеткен дәрежесінен ауытқып отырады. Еңбек рыногы мен
жалақы дәрежесі тек бәсеке арқылы ғана емес, монополия
элементтерімен де реттеледі.Жалақы дәрежесіндегі айырмашылыққа
талдауды қысқаша қорытындылай келе, әр түрлі қызметкерлер тобының
жалақы дәрежесіне ықпал ететін факторларды 2 типке бөлуге болады:
біріншісі, объективті, экономикалық әдістермен жоюға болмайтын
адамдар арасындағы айырмашылықтардан туындайды, екіншісі, ұқсас
жағдайдағы бірбеткей адамдарды кемісітушілік факторлары жалақы
мөлшері мен дәрежесін кемітуге этникалық, ұлттық, жынысы т.б.
факторлар ықпал етеді.

1.2.Жұмыссыздық мәні және оның түрлері

Еңбек нарығын қалыптастыру және дамытудағы жағдай – экономикалық-
әлеуметтік дамуы. Осы дамудың деңгейі мен қарқыны нарыққа өту
кезіндегі жіберіліп жатқан кемшіліктер мен қателіктердің оңды
сипатқа және нәтижелерге әкелер еді. Экономикалық өмірдің ауыр
салмағы халыққа оңай тиіп жатқан жоқ. Экономиканы толық
тұрақтандыру күн тәртібіне өткір қойылып отыр. Халықтың күнкөріс
әрекеті сырғақ бағытқа ие болды, әлеуметтік қорғау шараларының
жүзеге асуы өте баяу, заман талабына әлде қайда төмен жатыр.
Республикамыздағы нарықтық инфрақұрылымдардың дамуы қандай да бір
жеңіл-желпі санды көтере алмайды. Осы жағдайлар еңбек нарығының
дамуына белгілі дәрежеде тосқауыл болуда.
Еңбек нарығының негізгі мақсаты – еңбек ресурстарын тиімді және
нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамту аса
күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Нарыққа бет алған сайын
бұл мәселе экономикалық өмір тіршілігінде өткір және батыл қойылған
саяси экономикалық және әлеуметтік мақсаттарға жетудің шартты
жағдайларының бірі. Және де экономикалық-әлеуметтік мәселелердің
басты қатарына – жұмыссыздықты жатқызамыз. Жұмыссыздық нарықтық
қатынас туындайтын обьективті процесс, бұдан планетамыздың ешбір
мемлекет қашып құтылған емес.
Кеңес заманында жұмыссыздық мәселесі туралы қайта құру
кезеңінде шын әңгіме бола бастады. 1990 жылы жұмыспен қамтамасыз
ету туралы заң қабылданды. Ал бұның алдында жұмыссыз мәселесі тек
теориялық тұрғыдан, батыс елдер тәжірибесіне сілтеп, негативтік
түрде қарастырылды. Шынында, жұмыссыздық жеке адам және қоғам үшін
көптеген әлеуметтік – экономикалық мәселелерді өзімен алып келеді.
Жеке адам үшін ол өндірістен кету деген сөз, қызметкер еңбек
табысы көзінен айырылып, көтеріңкі психикалық жүк көтереді.
Жұмыссыздық мәселелері көптен бері зерттелуде, бірақ жұмыссыздық
қатарына кімді жатқызу керек, жұмыссыздық көрсеткіштері, жұмыссыздық
деңгейіне әсер ететін факторлар және т.б. сұрақтар талқыланып
жатыр. Қазақстан жағдайында бұл мәселелер шиеленісе түсті, өйткені
экономикалық дағдарыс және әлеуметтік еңбек қатынастары күрт
өзгеруіне байланысты адам қылықтарына елеулі өзгешеліктер енді.
Қазақстан заңдарында кімді жұмыссыз қатарына жатқызу керек
екені жазылған. Статистикалық жинақтарда да бұл түсінікке анықтама
берілген. Соларға қарамастан, жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың шың
күйін бағалау өте қиын. Мысалы, көптеген адамдар жұмыссыз қатарына
жатқызатын барлық критерийлерге сәйкес келеді, бірақ обьективті
және субьективті себеппен жұмыспен қамту жөніндегі қызмет
орындарында тіркелмейді. Оған себеп – осы қызмет орындарының жұмысқа
орналастыратын мүмкіншілігіне сенбеу, алыс жерде тұруы, азаматтардың
өз құқықтарын білмеуі және т.б. Екінші жағынан, халықтың жұмыспен
қамтылуын көрсететін сандар әртүрлі себеппен бұрмаланады: олар
демалыста болуы мүмкін, ауырып жұмысқа көпке дейін шықпайды,
кәсіпорын әкімшілігінің ынтасымен өндіріс біраз уақыт тұрып қалады
және т.б.
Жұмыссыз туралы көптеген анықтамаларды жинақтап қорытсақ оған
келесідей анықтама беруге болады: жұмыссыз – ол қазіргі жалақы мен
еңбек жағдайында жұмысы жоқ, бірақ жұмыс істей алады және жұмыс
іздеп жүрген адам. Ал жұмыссыздық – экономикалық белсенді халықтың
бір бөлігін жұмыссыздар құрайтын экономикадағы құбылыс.
Жұмыссыздық деңгейін (U), жұмыссыздар санын (V) бүкіл
экономикалық белсенді халық санына (L) болу арқылы табады және ол
пайызбен көрсетіледі:
U=VL=V(V+E)
E – жұмыс істеушілер саны.
Ол Халықаралық еңбек ұйымының әдісі бойынша және әр
мемлекеттің арнайы заң нормаларымен есептелінеді. Халықаралық еңбек
ұйымының әдісі бойынша, мемлекеттік жұмыспен қамту органдарынан
басқа қызмет орындары мезгіл-мезгіл халықтық сұрақтану жүргізеді.
Қазақстанда жұмыссыздық деңгейін есептеумен Статистика бойынша
агенство шұғылданады. Статистикалық мәліметтер соңғы кезде екі
көрсеткіш есептелініп жүр: жұмыссыздықтың ресми және жалпы деңгейі.
Жұмыссыздықтың масштабын азайту мақсатында жұмыссыздық ретінде
жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне жету көзделінеді. Өйткені
жұмыссыздықты мүлдем жою мүмкін емес. Жұмыссыздық нарықты
қатынастардан туады, сондықтан ол экономикадағы өзгеріспен тығыз
байланысты. Американдық экономист А.Оукеннің есептеуі бойынша, егер
ұлттық ішкі өнім (ҰІӨ) 2,7%-ға өссе, жұмыссыздық деңгейі
өзгермейді; ал ҰІӨ қосымша тағы 2%-ға өсуі жұмыссыздық деңгейін
бір пайызға азайтады және, керісінше, ҰІӨ-нің қосымша қысқаруы
жұмыссыздық деңгейін көтереді.
2003 жылдың маусымында экономикалық тұрғыдан белсенді 15 жас
және одан асқан халықтың саны 7,5 млн. адамды құрады.
Республиканың экономикасында 6,9 млн. адам жұмыспен қамтылған, бұл
өткен аймен салыстырғанда 66,3 мың адамға көп, жұмыссыздар –
тиісінше 643,5 адам не 12,9 мың адамға кем. Жұмыссыздық деңгейі
8,5% болып қалыптасты.
Қазақстан Республикасы және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің деректері бойынша биылғы қаңтар – маусымда жұмыспен
қамту жөніндегі уәкілетті органдарға жұмыссыздар ретінде 146,5 мың
адам, маусымда 24,9 мың адам өтініш білдірген тиісінше олардың
51,2 мыңы және 9,2 мыңы ауыл тұрғыны.
2003 жылғы маусымның соңында жұмыспен қамту органдарында
жұмыссыздар ретінде есепте тұрған адамдар саны – 172 мың, бұл өткен
айдағыдан 11,5 мың адам (6,3%). 2002 жылы тиісті кезеңдегіден
84,1 мың адам (32,8%) кем. Тіркелген жұмыссыздардың экономикалық
белсенді халық санындағы үлесі үстіміздегі жылдың мамырындағы 2,5%-
дан маусымда 2,4%-ға қысқарды.
Келесі көрсеткіш – жұмыссыздық ұзақтығы: жұмыссздың іздеу уақыт
мерзімін көрсетеді.
Кестеде байқайтынымыз: әйелдер, жастар және ауыл тұрғындары
әлеуметтік әлсіз топтары болып келеді. Абыржытатын жағдай – ол бір
жылдан астам жұмыссыз жүрген адамдар үлесінің артуы. Ұзақты
жұмыссыздық адамның кәсіби және әлеуметтік азуына әкеледі.
Жұмыссыздықты әр автор өзінің жүргізетін зерттеулер тұрғысынан
жіктейді. Көп жіктеудің бір түрін келтірейік. Ол жұмыссыздықтың
және еркін түрін ажыратады. Амалсыз жұмыссыздықта адам берілген
жалақы деңгейінде жұмыс істейді және ол қалынан келеді, бірақ оған
жұмыс табылмайды.
Еркін жұмыссыздықта (кейде күту жұмыссыздығы деп аталынады)
адам жұмыс таба алар еді, бірақ жұмыс істемегенді қалап, айлығы,
ұсынылған жалақыдан жоғары жұмыс орнын іздеуді жалғастырады.
Жұмыссыздықты тудыратын экономикалық себеп бойынша
жұмыссыздықтың төрт түрі болады:
- Фрикциондық жұмыссыздық, қызметкер бір жұмыс орнынан
екіншісіне ауысқанда болады;
- Құрылымдық жұмыссыздық, экономика құрылымында ұзақ уақыт бойы
өзгерістер болуынан туады: нәтижесінде қызметкер мен жұмыс
орын арасында біліктілік деңгейі және маман түрі бойынша
сәйкестіксіз пайда болады;
- Циклдық не сұраныс тапшы жұмыссыздық түрі тұтас сұраныс
жеткіліксіз жағдайында туады;
- Маусымдық жұмыссыздық кейбір салаларда экономикалық
белсенділігінің жыл бойында теңселумен байланысты болады.
Көріну сипаты жағынан жасырын жұмыссыздық түрін ажыратады.
Бұған берілген уақыт кезінде экономикалық белсенді халық санына
кірмейтін адамдар жатады, бірақ олар егер де ұсынылған жұмыс
қолайлы келсе, жұмыс күші қатарына қосылуға даяр. Қазақстанда
жасырып жұмыссыздық көкейкесті мәселе ретінде қарастырылады. Оған
жұмыс істемейтін, бірақ еңбек қатынасын кәсіпорынмен ресми түрде
үзбеген және мөлшерленген жұмыс уақытына жартылай жұмыс істейтін
адамдар жатады. Ал халықаралық тәжірибеде бұл жайтты толық жұмыс
істемеушілік деп атайды.

1.3. Еңбек рыногының жалпы сипаттамасы.

Еңбек адамның мақсатқа сай қызметі, еңбектің көмегімен адам өз
қажетін өтеу үшін табиғатты өзгертеді, өзіне лайықтап икемдейді.
Адамның тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі де еңбек. Адамды
адам еткен еңбек деп айтудың өзі де жайдан-жай емес. Адам еңбек
арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп шықты, табиғат күштерін игере
отырып, оны өз мүддесіне пайдаланады, еңбек құралдарын жасауды
игерді, қабілетін дамытты, білім алып, оқу-өнер, ғылымды игерді.
Еңбек туралы айта отырып, еңбек өнімділігі мен еңбек
қарқындылығы деген ұғымдарға да тоқталған дұрыс болар. Еңбек
қарқындылығы – белгілі бір уақыт ішінде жұмсалған еңбектің мөлшері
мен еңбек пәриенділігі. Конвейерлі (тізбекті) жұмыс әдісін
шапшаңдатқана, бір мезгілде жұмыс істейтін жабдықтарды көбейткенде,
уақыт ұтып еңбек қарқындылығын арттыруға болады. Ғылыми-техникалық
революция жағдайында, өндірісті кешенді механизациялау және
автоматтандырумен байланысты жұмысшының дене күшін жұмсауы азаяды,
есесіне ой – ми энергиясын жұмсауы ұлғаяды. Жұмыс күнінің ұзақтығы
қысқартылса, еңбек қарқындылығы артады, керісінше, жұмыс күнінің
ұзақтығы артатын болса, еңбек қарқындылығы төмендеуі мүмкін. Ғылыми-
техникалық революция еңбек сипатын өзгертті. Еңбектің мамандық
дәрежесі өсті, кадрларды кәсіптік жағынан даярлауға кететін уақыт
көбейді, өндірісте күрделі машиналар мен механизмдерді пайдаланумен
байланысты адамдардың дене еңбегінің үлесі барған сайын азаюда,
жұмысшы технологиялық процестің мәнін ұғынып, қымбат та күрделі
жабдықтармен жұмыс істей алатын, өздігінен бастама көрсететін
дәрежеге көтерілді. Жұмыс күні бойынша еңбек қажетті және қосымша
болып бөлінеді. Жұмысшы жұмыс уақытының бір бөлігін өзіне қажетті
өнімдерді өндіруге жұмсайды. Бұл уақыт ішінде жұмсалған еңбек
қажетті еңбек болып табылады. Алайда жұмысшы тек осындай көлемде
өнім өндірумен шектелсе, қоғам одан әрі дами алмаған болар еді.
Өндіріс көлемін ұлғайту және барған сайын жетілдіру, ұлғаймалы
ұдайы өндірісті қамтамасыз ету, еңбекке жарамсыз адамдарға көмек
көрсету, материалдық емес өндіріс салалары қызметкерлерінің
қажеттіліктерін өтеу қоғамның міндеті. Сондықтан жұмысшыға қажетті
жұмыс уақытынан тыс еңбек етуге де тура келеді. Мұндай уақыт
ішінде жұмсалған еңбек – қосымша еңбек деп аталады. Бір ескеретін
жәйт еңбектің қажетті және қосымша болып бөлінуі маркстік
әдебиеттерге ғана тән, ал қазіргі батыстық экономикалық әдебиеттерде
бұл жоқ. 3, 64-65 бет
Еңбек рыногында жұмыс күші бір жағынан сатылады, ал екінші
жағы оны сатып алады. Сондықтан жұмыс күші деген ұғымға
тоқталайық. Жұмыс күші дегеніміз адамның физикалық және ой
қабілеті, осы қабілетін ол материалдық және рухани игіліктерді
өндіруде пайдаланады. Жұмыс күші деген ұғым тек экономикада
жалданып жұмыс істеп жүргендердің нақтылы еңбекте пайдаланатын
қабілеттер. Бұл ұғымға жұмыс істеген жұмыссыздардың және де жақын
болашақта жалданатын еңбек резервтер қатарына жататын адамдардың
еңбектену қабілеттері жатады. Жұмыс күшінің еңбекке деген қабілеті
әр түрлі болады, алайда еңбек кезінде оның барлығы бірдей
қолданылмайды. Сондықтан, жұмыс күшінің нақтылы еңбекке қажет
қабілеттері бағаланады, белгілі кәсіп жасауға жұмсалынған жұмыс істеу
қабілеттері өмірге, тіршілікке қажет заттарға айырбасталынады.
Демек, еңбек рыногы дегеніміз жұмыс істеп жүрген жұмыс күші
рыногы. Ол қоғамда туған жұмыс күшіне деген сұраныспен, кәсіптік
қабілет пен оны бағалаумен, жұмыс күшті белгілі уақыт ішінде
пайдалану қатынастармен байланысты. Бұл жерде айырбастау, сату-сатып
алу объекті ретінде еңбекке деген қабілеттің істе көрінуі, басқаша
айтқанда, іске қосылған жұмыс күші болмақ.
Еңбек рыногы пайда болуы және іске кірісуі үшін ең кем
дегенде оның құрылымында мына бөліктер болу қажет:
- еңбек рыногының субъектілері (жалданған еңбеккерлер және
олардың кәсіподағы, жұмыс берушілер және олардың одақтары, мемлекет
және оның органдары);
- субъектілер қабылдаған экономикалық бағдарламалар, шешімдер мен
заң нормалары;
- рынок механизмі (жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс, оның
бағасы, бәсекелестік);
- жұмыссыздық және оған байланысты әлеуметтік төлемдер;
- рынок инфроқұрылымы.
Еңбек рыногының жоғарыда аталған бөліктері бірлесіп жұмыс күшіне
деген сұраныс пен оның ұсынысын теңестіруге, адамдардың еңбекке
және қызмет түрін ерік таңдау құқын іс жүзінде асыруға, белгілі
әлеуметтік қорғау жүйесін құруға бағытталады.
Қазақстанда еңбек рыногы бөліктері көзге көрінгенмен, әлі де
болса өркениетті елдердегідей қалыптаса қоймаған. Бұл аталған
елдердің өзінде еңбек рыногы механизмінің бөліктерінің бір-бірімен
үйлесуінде біраз айырмашылықтар бар. Осының нәтижесінде еңбек
рыногының көп түрлерін ажыратуға болады:
- біріншісі жұмыс күшінің территория жүзінде жылжуға
бейімделген, яғни жұмыс орындарын еңбеккерлермен фирма арасында
ауыстыру жолымен толтырады. Мұндай рынокты сыртқы рынок деп атайды;
- екіншісі еңбеккерлердің фирма ішінде жылжуына бейімделген. Бұл
рынокты кейде ішкі рынок деп атайды.
Қазақстан тәжірибесінде Ресеймен салыстырғанда, еңбек рыногын
қалыптастыруда біраз алда болса керек. Жұмыс күшінің жылжымалдылығы
жоғары, әр түрлі кадрлар дайындауда жеке меншіктегі оқу орындары
кәдімгідей үлкен роль атқарады. Ал әлеуметтік объектілерге келсек,
Қазақстанда пәтер-үй мен коммуникалдық шаруашылық саласында реформа
жасалғанына біраз жыл болып қалды. Сонымен қатар, зейнет
жүйесіндегі реформа, жалпы экономикалық реформа, Ресейге қарағанда,
жақсы нәтижелер беріп отыр. Сондықтан, екі елдегі еңбек рыногының
ұқсастығынан гөрі айырмашылықтары уақыт өткен сайын көбейіп жатыр.
Рыноктың даму дәрежесіне қарай, талдау мақсаты және де басқа
қолданылатын критерийлер бойынша рынокты әр түрлі сегменттерге
бөлуге болады. Мысалы, еңбек қатынасының тұрақтылығына қарай еңбек
рыногын үш секторға бөледі:
Бірінші сектор – бұл секторда еңбеккерлер тұрақты және толық
уақыт жұмыс істейді, олардың жалақысы жоғары болып келеді.
Қызметкерлердің шеберлігін арттыруға, өндірісті басқаруға қатысуына
жағдай жасалынады. Жұмыс орнында озық технология қолданылады,
кәсіподақ ролі күшті болып келеді;
Екінші секторда – адамдар жартылай жұмыспен қамтылады, маусымдық
жұмыс тараған, жұмыс орындары қарапайым және мәртебесі төмен,
еңбек ақы мардымсыз, әлеуметтік қорғау жүйесі жете дамымаған,
кәсіподақ орын теппеген;
Үшінші секторда – жұмыссыздарды біріктіреді.
Мемлекеттің еңбек рыногына ықпал жасау дәрежесіне қарай екі
сегментті айыруға болады:
1) Мемлекеттің жұмыспен қамту жөніндегі қызмет орындары
реттейтін рынок. Сан тұрғысынан оған ресми тіркелген жұмыссыздар,
жұмыс іздеп жүргендер және кәсіптік бейімделуге, дайындауға және
қайта дайындауға құштар жұмыссыздар жатады. Осы контингент жұмыс
күшінің ұсынысын қалыптастырады.
2) Бақылаудан тыс қалған жұмыс күші рыногы. Бұған жұмысқа
орналасумен айналысатын ресми органдарының бақылауынан тыс қалған
жұмыс күшінің ұсынысының бір бөлігі және бос жұмыс пен оқу
орындарының бақылауынан тыс қалған жұмыс күшінің ұсынысының бір
бөлігі және бос жұмыс пен оқу орындары жатады. Олар жұмысқа жұмыс
берушілермен тікелей түйісу арқылы орналасады.
Еңбек рыногының өзгеше сегменті ретінде жасырын еңбек рыногын
атауға болады. Бұл рынокқа ресми секторда жұмыс істеп жатқан,
бірақ олар толық жұмыс уақытын әр себеппен пайдаланбайды.
Жасырын рынокты екіге бөлуге болады: ресми және бейресми
түріне. Ресми түріне статистика тіркейтін, жұмыс уақытын амалсыз
толық пайдаланбаған адамдар жатады. Ал бейресми бөлігін әлеуметтану
зерттеулер әдістерімен анықтауға болады.
Жұмыс күшін жынысы мен жасы, денсаулығы мен біліктілік
деңгейіне орай бөлек-бөлек сегменттерді белгілеуге болады. Әсіресе,
зерттеу жүргізген кезде және әлеуметтік саясатын құрған кезде мына
сегменттерге ерекше көңіл бөлінуі тиісті:
- әйелдер жұмыс күші;
- жастар жұмыс күші;
- егде адамдар жұмыс күші;
- мүгедектер жұмыс күші.
Ғылыми-техникалық прогрестің кезеңінде экономикада және еңбек
рыногында маңызды өзгерістер болып жатыр. Қызметкерлердің кәсіптік
білімі дамуы, компъютерлік, информациялық технология материалдық
өндірісте және қызмет істеу саласында жұмыс орнын қысқартып,
жұмыссыздықты көбейттіріп отыр. Осы жағдайда еңбеккерлер өз құқын
қорғауды күшейте түсті, үкімет пен жұмыс берушілерді өз талаптарына
көндіруге мәжбүр етті: жұмысты икемді графикпен істеу, әлеуметтік
қорғау жүйесін күшейту, жұмыстан босату тәртібін қатаңдату және
т.б. Оның үстіне экономика дамуының жаңа тенденциялары бұрыңғы
еңбек жағдайын реттеу шарттарына қайшы келді, өмірге еңбекті
ұйымдастыру және жалақы төлеудің жаңа түрлері енді. Осының барлығы
дүниеге жаңа түсінік – еңбек рыногының икемділігі түсінігін әкелді.
Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұраныс пен ұсыныстың тепе - теңдігі
Жалақының теңестірілген деңгейі
ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Еңбек нарығының қалыптасуы мен қызмет етуінің теориялық негізі
Еңбек нарығы. Жалақының мәні, түрлері мен жүйесі
Қазақстан Республикасының еңбек нарығы: негізгі тенденциялары және даму мәселелері
Еңбек нарығы және жұмыссыздық
Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы туралы
Еңбек пен жұмысбастылық
Еңбек ресурстарын басқарудың теориялық аспектілері
Пәндер