Қаржылық бақылаудың сыныптамасы мен әдістері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе3

І Бөлім. Қаржылық бақылау түсінігі4

1. 1. Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы4

ІІ Бөлім. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы мен әдістері7

2. 1. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы. 7

2. 2. Қаржылық бақылаудың әдістері 13

ІІІ Бөлім. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру. 16

3. 1. Аудиторлық бақылау16

3. 2. Қаржылық бақылаудың шетелдік тәжірибесі. 24

Қорытынды 26

Қолданылған әдебиеттер тізімі 27

Кіріспе

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік - экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.

Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымның мән - мағынасы болып табылады. Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа ұйымдары оның субъектілері болып табылады.

Қаржы туралы ғылымға және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің негізгі әдісі - материалистік диалектикалық - тарихи әдіс қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зерттеуді болжайды.

«Қаржы» курсының құрылымы, оның тақырыптары мен сұрақтарын қарау дәйектілігі қаржы теориясы туралы ғылымның мазмұнымен және оның міндеттерімен айқындалатыны белгілі.

Курстық жұмыста қарастырылып отырған өзекті мәселе: «Қаржылық бақылау». Бұл мәселеде курстың негізгі функцияларын, қағидаларын, әдіс - тәсілдерін қарастырамыз.

Курстық жұмыс негізінен көлемді үш бөлімнен тұрады. Курстық жұмыстың негізгі бөлімі орындалған жұмыстың әдістері мен негізгі нәтижелері, мәселенің мәні мен құрамын бейнелейтін мәліметтерден тұрады.

Қорытынды берілген сұрақ және мәселені зерттеудің қысқаша шешімдер мен жалпы нәтижелерден тұрады.

Қаржылық бақылау түсінігі

Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы

Қаржылық бақылау - қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызмет.

Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.

Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретінде қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: Бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын реттемелегенде шындыққа айналады.

Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің бірі ретіндегі қаржылық бақылау қондырмалық категория болып табылады. Практикада қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды.

Бақылау функциясы - қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану болып табылады.

Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады. Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда пайдаланылады.

Қаржылық бақылаудың өзгешілігі - оның ақша нысанында жүзеге асырылатындығында.

Қаржылық бақылау мыналарды тексереді: экономикалық заңдар талабының сақталуы; жалпы қоғамдық өнім мен ұлттықтабыстың құнын бөлу және қайта бөлу үйлесімдерінің оңтайлылығы; бюджетті жасау және оның атқарылуы (бюджеттік бақылау) ; шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа заңды тұлғалардың еңбек, материал және қаржы ресурстарының қаржылық жай-күйі және оларды тиімді пайдалану. Қаржылық бақылау сонымен қатар салықтық бақылауды да кіріктіреді.

Қаржылық бақылаудың іс - әрекетінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық, саяси бақылаумен жиі тура келуі мүмкін. Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы шаруашылық қызметпен тығыз байланысты болатындықтан қаржылық бақылауды шаруашылық бақылаудан бөліп алу қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржы операцияларының көбінде шаруашылық қызметтің басқа процесстері қамтып көрсетіледі.

Қаржылық бақылаудың функциялары:

  1. қаражаттардың жұмсалуын тексеру (шығыстардың сұралған сомаларға сәйкестігі және мемлекет қаражаттарының тиімділігі) ;
  2. қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресурстарға қаражаттарды жұмылдырудың уақыттылығы мен толымдылығын тексеру;
  3. есеп және есептеме қағидаларының сақталуын тексеру.

Бақылауды жүзеге асырудың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

  • бақылаудың реттілілігі, жаппайлылығы, әмбебаптылығы;
  • бақылаудың превентивтілігі, яғни оның алдын алу сипаты;
  • әрекеттілік, нақтылық, жариялылық - бұларға бақылау жұмысын дұрыс ұйымдастырғанда, негізделген әдістерді қолданғанда, істі ұқыпты зерделегенде, нақты ұсыныстар енгізгенде ғана жетуге болады;
  • бақылаудың алаламаушылығы (біреуге тартпаушылық) ;
  • бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі.

Қаржылық тәртіп - бұл белгіленген ұйғарымдардың және мемлекеттің, оның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.

Қаржылық бақылаудың міндеттерін, олардың түрлерін, нысандары мен әдістерін, субъектілері мен объектілерін бақылауды жүзеге асырудың деңгейіне қарай қарастырған жөн, яғни ол микро немесе макродеңгейде жүргізіледі.

Макродеңгейдегі қаржылық бақылау - бұл бүкіл мемлекет ауқымында қаржыны ұйымдастыру мен оның іс-әрекет етуін бақылау. Оның міндеттері мыналар болып табылады:

  • ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорларын қалыптастырып, тиімді пайдалану процесін қамтамасыз ету;
  • қаржы қатынастарын іске асырудың қолданылып жүрген нысандары мен әдістерінің объективті қажеттіліктеріне нысандар мен әдістердің сай келуін бақылау;
  • қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану, салалар мен аймақтардың қаржы ресурстарына деген қажеттілігін оңтайлы түрде және саралай отырып қанағаттандыру, азаматтардың әлеуметтік мәдени сферасының қызметтеріне деген қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатында оларды салалар мен аумақтар бойынша бөлудің алшақтықтарын анықтап, жою және басқалары.

Бұл деңгейде мемлекеттік қаржылар бақылаудың объектісі болып көрінеді.

Жиынтық қаржы жоспарлары (сметалары), аумақтық, салалық тұрғыда олардың атқарылуы туралы есептер бақылаудың предметі болып табылады. Әр түрлі қаржылық көрсеткіштер және жоспарлардың (сметалардың) және есептердің бірқатар өндіргіштік көрсеткіштері талданады, жинақтап қорытылады және осының негізінде қаржы қатынастарының нысандары мен әдістерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасалады.

Биліктің заң шығарушы органдары мен басқарудың мемлекеттік органдары бұл деңгейде бақылау субъектілері болып келеді.

Микродеңгейдегі қаржылық бақылау - меншіктің барлық нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер деңгейіндегі бақылау.

Микродеңгейдегі қаржылық бақылаудың міндеттері:

  • кәсіпорындардың қаржы саласында қолданылып жүрген заңдардың сақталуын қамтамасыз ету;
  • шаруашылық жүргізуші субъектілердің бюджет алдындағы міндеттемелерін орындауының дер кездігі мен толымдылығын қамтамасыз ету;
  • қаржы ресурстары өсуінің ішкі өндірістік резервтерін табу;
  • ресурстардың барлық түрлерін пайдалануға, бухгалтерлік есепті дұрыс жұргізуге, есептеме жасауға және басқаларға жәрдемдесу.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы - шаруашылық қызметі бұл деңгейде бақылаудың объектісі, ал қаржылық көрсеткіштер (табыс, пайда, өзіндік құн, аударысдар, салықтар және басқалар) оның предметі болып табылады. Қаржылық бақылауды кәсіпорындардың экономикалық службасы, оның жеке мамандары жүзеге асырады. Бұл мақсатқа тәуелсіз аудиторлық ұйымдар да тартылады.

Кейінгі (келесі) қаржылық бақылау қаржы операцияларын жасағаннан кейін (бюджеттің кірісі мен шығыс бөліктерінің орындалуынан кейін, шаруашылық органдардың ақшаны пайдаланғаннан кейін және т. б. ) жүргізілетін бақылау және алдын ала бақылау мен ағымдағы бақылау кезінде анықталмаған бұзушылықтарды ашуға жетелейді.

Қаржылық бақылаудың сыныптамасы мен әдістері

Қаржылық бақылаудың сыныптамасы

Қаржылық бақылаудың сыныптамасы субъектілердегі айырмашылықтарға, бақылау іс-қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне (әдістеріне) негізделген. Осы белгілерге қарай, қаржылық бақылау үш бағыт бойынша: түрлері, нысандары, оны жүзеге асырудың әдістері бойынша жіктеледі.

Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге асыратын субъектілерге (бақылауды жүзеге асыратын органдарға немесе ұйымдарға) қарай мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып ажыратылады.

Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталуы

Қ а р ж ы л ы қ б а қ ы л а у
Қ а р ж ы л ы қ б а қ ы л а у: М е м л е к е т т і к
Қ о ғ а м д ы қ
Қ а р ж ы л ы қ б а қ ы л а у:
:
:
Жалпымемлекеттік
Ведомстволық
Ішкішаруашылықтық
Парламенттік (депутаттық) бақылау
Қоғамдық ұйымдардың: кәсіподақтардың, партиялардың, жастардың, бұқаралық қозғалыстардың, ғылыми-техникалық, мәдени-ағартушылық, спорт, шығармашылық, ардагерлердің, түрлі қорлардың бақылауы
Қ а р ж ы л ы қ б а қ ы л а у:
Қ а р ж ы л ы қ б а қ ы л а у:
Қ а р ж ы л ы қ б а қ ы л а у:
Қ а р ж ы л ы қ б а қ ы л а у: А у д и т о р л ы қ б а қ ы л а у

Мемлекеттік қаржылық бақылау (сыртқы және ішкі) - мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептемені жүргізу, олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану бөлігіндегі қызметінің Қазақстан республикасының заңдарына сәйкестігін тексеру.

Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері - Қазақстан Республикасының Үкімет, жергілікті атқарушы органдар, бюджетке түсетін түсімдерді алуға және бақылауға жауапты мемлекеттік органдар, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер, олардың ведомстволық бағыныштағы ұйымдары, бюджет қаражаттарын алушылар, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар.

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган.

Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай типтерге бөлінеді:

  1. сәйкестікке бақылау жасау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісі қызметінің Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестігін бағалау;
  2. қаржылық есептемені бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің қаржылық есептемені жасауының және табыс етуінің анықтығын, негізділігін және уақыттылығын бағалау;
  3. тиімділікті бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаттарын, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуінен түскен ақшаны үнемділікпен, нәтижелікпен және өнімділікпен пайдалануын тексеру мен бағалау.

Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадайтүрлерде жүзеге асырылады:

  1. кешенді бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жаппай әдіспен тексеру және бағалау;
  2. тақырыптық бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша жаппай әдіспен тексеру және бағалау;
  3. үстеме бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісіне қатысты ақпарат алу қажеттігіне байланысты үшінші тұлғаларды бақылау, ол операциялардың бірдейлігіне қарай бір-бірімен өзара байланысты құжаттарды салыстырып қарауды білдіреді. Үстеме бақылау тек қана мемлекеттік қаржылық бақылаудың негізгі объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша және тексеріліп отырған мәселе шеңберінде жүргізіледі.

Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу құпиялылық режимін қамтамасыз ету ескеріле отырып, тәуелсіздік, объективтілік, анықтық, ашықтық, құзырлылық, жариялылық қағидаттары міндетті түрде сақталып жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қаржылық бақылауға қойылатын бірыңғай талаптар мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарымен айқындалады.

Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялар, ішкі бақылау службалары, олардың қызметкерлері мен мүшелері орындауға міндетті.

Бақылау нәтижелері бойынша мынадай актілер қабылданады:

  1. қорытынды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің және мәслихаттың тексеру комиссиясының бақылау актілері негізінде жасайтын құжаты;
  2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулысы - Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп комитетінің отырысында алқалы негізіндеқабылданатын және оның бақылау нәтижелері бойынша барлық актілерінің қолданылуын растайтын құжат. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулысын ол арналған барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар орындауға міндетті. Қаулыны қабылдаудың тәртібі Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қағидасымен және оның регламентімен айқындалады;
  3. мәслихаттың тексеру комиссиясының қаулысы - белгіленген тәртіппен қабылданған және тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын барлық атқарушы органдар мен тиісті жергілікті бюджеттер қаражаттарын пайдаланатын немесе жергілікті бюджеттер қаражаттарын игерудің барлық сатысында қаржылық қызмет көрсететін ұйымдар орындауға міндетті құжат;
  4. ұсыным - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен лауазымды адамдарға жұмыстағы кемшіліктерді жою үшін, сондай-ақ құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту мәселелері бойынша жіберетін құжаты;
  5. нұсқама - ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органның басшысы өз құзыры шегінде қабылдаған және бұзушылытар мен жұмыстағы кемшіліктерді жою туралы мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды адамдарына міндетті түрде басқа да ұйымдардың лауазымды адамдарына міндетті түрде орындау үшін жіберілген белгіленген нысандағы құжат;
  6. бақылау актісі - мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, ішкі бақылау службалары бақылау нәтижелері бойынша жасалған құжат;
  7. бақылау жүргізу туралы есеп - белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі бақылау бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы құжат.

Сыртқы бақылауды республикалық деңгейде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, жергілікті деңгейде мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асырады.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасының президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғарғы органы болып табылады.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы қағиданы Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Мемлекеттік қаржылық бақылау жалпымемлекеттік және ведомстволық бақылау арқылы жүзеге асырылады.

Жалпымемлекеттік қаржылық бақылау ведомстволық бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан бақылаудың кез келген объектісіне қолданылады. Бақылаудың бұл түрін мемлекеттік билік пен басқару органдары жүргізіледі.

Мемлекеттік қаржылар жүйесінде бақылау салықтық, бюджеттік бақылау, сақтық және банктік қадағалау, кедендік бақылау және т. б. болып ажыратылады.

Салықтық бақылау салық заңнамасының атқарылуы, бюджетке салық және басқа төлемдердің, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз етеді. Салықтық бақылаумен меншік нысандарына қарамастан, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер, сондай-ақ табыс табатын азаматтар қамтылған.

Бюджеттік бақылау тексерістік және таңдамалық қызметтің мынандай түрлерін кіріктіреді:

  • елдің негізгі қаржы жоспарының - мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша орындалуын бақылау;
  • қаржылық ақпаратты, соның ішінде салықтық бақылаудың нәтижесін жинау, бұл ақпаратты талдау және бюджетке қаржы ресурстарын қосымша тарту жөніндегі ұсыныстар жасау;
  • шығындардың белгіленген нормалары мен нормативтерін бақылау арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарын тиімді, ұтымды жұмсалуын қамтамасыз ету;
  • өндірістік емес, мақсатсыз шығындарды, иесіздікті, ысыраптар мен ұрлықтарды жою және одан сақтандыру.

Бюджеттік бақылау бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес сектордың жұмыс жасайтын, қызмет көрсететін, шаралар жүргізетін кәсіпорындарында жүзеге асырылады.

Банктік қадағалау кредит ресурстарын қалыптастыру және олардың қозғалысы барысында, күрделі құрылыс процесінде, кәсіпорындардың кассалық тәртәпті сақтауын тексеру кезінде, қолма-қол ақшасық есеп айырысқанда және басқа жағдайларда жүргізіледі. Банктік қадағалаумен, бақылаумен кредит - есеп - қисап қатынастарына қатысты барлық шаруашылық субъектілер қамтылған.

Сақтандыру сферасындағы қаржылық бақылау, қадағалау сақтық қорлар қаражаттарының дер кезінде, толық қалыптасуын, мақсатты жұмсалуын, сақтық операцияларының дұрыс жүргізілуін, сақтандыру туралы заңмананың талаптарын сақтық қатынастарға қатынасушылардың барлығының орындауын жүзеге асырады.

Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын, оларды есепке алуды кедендік рәсімдеу кезінде де, сондай-ақ кедендік тексермеде де құжаттар мен мәліметтерді тексеру нысанында кедендік бақылауды жүргізеді; олардың тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы орналастыратын субъектілердің қаржы және сыртқы экономикалық қызметін тексеруді белгілеуге немесе жүргізуге құқы бар.

Барлық өкілетті органдар қаржылық бақылауды тиісті бюджеттің жобасын және оның атқарылуы туралы есепті жыл сайын сессияларда қараған кезде жүзеге асырады. Өкілетті органдардың жоспар - бюджет және салалық тұрақты комиссиялары маңызды бақылау функцияларын орындайды, олар алдын ала, сессияға дейін бюджеттің жобасы мен оның атқарылуы туралы есепті қарайды.

Үкімет, жергілікті әкімшіліктің аппараты оларға қарасты органдардың бақылаушылық, соның ішінде қаржы - кредиттік қызметті ғана бағалап қоймайды, сонымен бірге өздері де тікелей қаржылық бақылауды жүзеге асырады. Республика үкіметі мемлекеттің бюджеттің жасалуы мен атқарылуын бақылап отырады, мемлекеттің қаржылық саясатын жүзеге асырады. Өздерінің өкілеттіліктеріне қарай бақылау функцияларын жергілікті жердегі атқарушы органадр орындайды.

Ведомстволық қаржылық бақылау жеке министрліктің, ведомствоның өкілдіктері шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы - шаруашылық қызметіне жүргізіледі. Оның негізгі міндеттеріне мыналар жатады: жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, материал және қаржы ресурстарын үнемді пайдалануын, меншіктің сақталымдылығын, бухгалтерлік есептің дұрыс қойылулығын, бақылау - тексеріс жұмысының мән-жайын бақылау, қарызсыздық, ысырапқорлық және нысапсыздық фактілерін бұлтартпау.

Ведомстволық бақылау шеңберінде ішкішаруашылықтық бақылау яғни нақтылы шаруашылық жүргізуші субъектілерде (фирмаларда, компанияларда, ұйымдар мен мекемелерде) жүзеге асырылатын бақылау жүргізіледі. Бақылау функциялары бұл жағдайда қаржы-шаруашылық қызметінің қажетті шарты ретіндегі оның күн сайынғы процесімен байланысты. Бақылаудың бұл түрі өндірістің бастапқы буындарының өндірістік капиталды, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға жауаптылығын арттыруға жәрдемдеседі, ысыраптарды, қаржы тәртібінің әр түрлі бұзылуларын азайтуға бағытталған.

Ішкішаруашылықтық бақылаудың мақсаты есеп саясатын да қоса алғанда, субъектінің экономикалық саясатының сақталуына сарапшылық баға беру, оның барлық құрылымдары жүзеге асырып келген ішкі бақылаудың жұмысына баға беру болып табылады. Таза бақылау сипатындағы міндеттерден өзге ішкі шаруашылықтық диагностика, маркетингтік зерттеулер, басқарушылық кеңестер міндеттерін және басқаларын шешеді.

Нарықтық қатынастар жағдайында ішкі шаруашылықтық бақылау оның бұрынғы ұғынысындағы өзінің мағынасын жоғалтып барады: оның орнын мемлекеттік кәсіпорындарда шаруашылық есеп ынталандырмалы және меншіктің басқа нысандарының кәсіпорындарында коммерциялық ынталандырмалар басуы тиіс. Шаруашылық есеп, коммерциялық есеп әр түрлі бұзулардан сақтануға көбірек кепілдік береді, өйткені жетістіктердегі қызметкердің, кәсіпкердің жеке ынталылығы өзін-өзі бақылаудың қажеттігін керек қылмайды.

Қоғамдық қаржылық бақылау - бұл түрлі қоғамдық ұйымдардың бақылауы. Бақылаудың объектісі тексерушілер алдына қойылған нақтылы міндеттерге байланысты болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ МӘНІ
Қаржылық бақылау әдістерімен қаржылық бақылаудың органдары
Қаржылық бақылауға жалпы сипаттама
ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРУ
Қаржылық бақылау туралы
Қаржылық бақылаудың әдістері
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақьшау жөніндегі есеп комитеті
Қаржы құқықтық қатынастары
Қаржылық есептің аудиті
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz