Кәсіпорынның негізгі құралдарының есебі



1. Негізгі құралдардың есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.1 Негізгі құралдардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.2 Негізгі құралдардың бағалануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
Жалпы негізгі құралдар – деп өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын сақтай отырып құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.
Негізгі құралдарға – қозғалмайтын мүлік, жер учаскілері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың программалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалары жатады.
Көлемінің үлкенді-кішілігіне, бағасының азды-көптігіне қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына шаруашылық субъектісінің қоймаларындағы дайын бұйымдар болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар, жасалып (салынып) біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған қосымша ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды.
Барлық «негізгі құралдар» өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар - деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланылатын негізгі құралдарлды айтады. Олар: өндіріске арналған ұйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары.
1. «Оценка бизнеса»: В. Есипов, Г. Маховикова, В. Терехова, Питер -2003
2. «Қаржылық есеп»: Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов, А.Ә. Жантаева; Алматы, Экономика-2001
3. «Оценка и переоценка основных фондов»: Григорьев В.В.; М.:Инфра,1997.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Кәсіпорынның негізгі құралдарының есебі
Мазмұны

1. Негізгі құралдардың
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Негізгі құралдардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2. Негізгі құралдардың
бағалануы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...7
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 10

Негізгі құралдардың жіктелуі.

Жалпы негізгі құралдар – деп өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан
артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын сақтай отырып
құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп
бөліп-бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек
құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.
Негізгі құралдарға – қозғалмайтын мүлік, жер учаскілері, үйлер мен
ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және
реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және
олардың программалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, өнім және
жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да
басқалары жатады.
Көлемінің үлкенді-кішілігіне, бағасының азды-көптігіне қарамастан
пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың
қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына шаруашылық
субъектісінің қоймаларындағы дайын бұйымдар болып саналатын жабдықтар мен
машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды (құрастыруды,
орнатуды) қажет ететін жабдықтар, жасалып (салынып) біткен, бірақ әлі
пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-
монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған қосымша ғимараттар мен
тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды.
Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай
өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар
- деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланылатын
негізгі құралдарлды айтады. Олар: өндіріске арналған ұйлер, ғимараттар,
өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі
станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы
басқалары. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың
өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатады. Оларға
тұрмыстық үй-жай шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік
қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі
құралдар және тағы басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық
салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі
құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, тасымалдау,
байланыс, құрылыс, материалды-техникалық жабдықтау, және сату-өткізу
ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру,
ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар
бойынша топталады. Негізгі құралдарды халық шаруашылығының салаларына
қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса
орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы
негізге алынады. Егер шаруашылық субъектідегі негізгі құралдардың бәрі тек
қана субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін болса,
онда бұл субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық
субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.
Мысалы: өнеркәсіптік шаруашылық субъектісіндегі өнеркәсіп өнімдерін
өндіру процесіне тікелей байланысты негізгі құралдардың барлығы халық
шаруашылығының өнеркәсіп саласына жатады.
Егер шаруашылық субъектінің балансында осы субъектінің негізгі
қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері
болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына
сәйкес келетін халық шаруашылық саласы қызметі түріндегі топқа жатады.
Шаруашылық субъектісінің балансынлдағы тұрғын шаруашылығының негізгі
құралдары халық шаруашылығының тұрғын үй шаруашылығы және халыққа тұрмыстық
қызмет көрсету саласына жатады.
Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне
қарай мынадай топтарға бөлінеді:
1. үйлер (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма тағы басқалары);
2. ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды қоймалары,
эстокадалар, скважиналар, және тағы басқалары);
3. өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер,
құбырлар, тағы басқалары);
4. машиналар (бумен жұмыс істейтін және іштен жанатын двигательдер,
электроаппараттық трансформаторлар, эксковаторлар, грейдерлер,
бульдозерлер, бетон араластырғыш машина, көтергіш крандар, жүк
көтергіш шығырлар, су өлшегіш құралдар, монометрлер, таралылар,
кассалық аппараттар мен тағы басқалары);
5. тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын көліктер,
жеңіл көліктер, көлікке тіркемелер, (прицеп), тракторлар және
тағы басқалары;
6. құрал-саймандар мен жабдықтар (шкафтар, бактар, контейнерлер,
тағы да басқа негізгі құралдар);
7. шаруашылық құрал-жабдықтары (диван, креслолар, кілемдер,
сейфтер, тағы да басқалары);
8. жұмыс және өнім малдары;
9. көп жылдық өсімдіктер мен көшеттер;
10. жер (шаруашылық субъектісінің сатып алған жер көлемінің құны);
11. жерді жақсартуға (өңдеуге) жұмсалған күрделі шығын;
12. басқа да негізгі құралдар (кітапханақорлары және тағы
басқалары);
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай
меншіктік, яғни шаруашылық субъектінің өзіне тиісті және уақытша жалға
алынған болып екіге бөлінеді. Қазіргі кезде пайдалану барысына қарай
негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған –
деп үш топқа бөлінеді.
Жұмыс істейтіндерге өндіріс процесіндегі, яғни қолданыстағы негізгі
құралдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық есептілікте мынандай ақпараттар болуы міндет
Айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері
Бухгалтерлік шоттары
«Metrocom Service» ЖШС
Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін сипаттайтын
«Оңтүстік жарық" ЖШС-дегі іс-тәжірибе бағдарламасының жоспары:
Кәсіпорындағы қысқа мерзімді активтердің аудиті
Бизнес жоспар құрылымы мен көрсеткіштерін талдау
Ұйымдағы қаржылық есеп берудің маңызы
Басқадай ақша қаражаттар есебі
Пәндер