Шаруашылық жүрпзуші субъектілердің қаржысы



1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысынын негіздері 4
2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердін сыныптамасы. 8
3. Негізгі ұйымдық.кұқықтық нысандарынын шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері 13

ҚОРЫТЫНДЫ 20

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 21
Шаруашылық, жургізуші субъектілердің қаржысы — бірыңғай қаржы жүйссінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Елдегі ақша қатынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, жасалатын қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты — халықтың қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін алғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржы жүйесінің сферасы ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда материалдық және материалдық емес игіліктер жасалады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасы шеңбсрінде материал, еңбек және қаржы ресурстарын көпшілік бөлігі шоғырландырылады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының болуы, жалпы мемлекетгің қаржысы сияқты, тауар-ақша қатынастарының өмір сүруімен және экономикалық зандардың іс-әрекетімен байланысты.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық зандардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды белу және пайдалану үшін қолданылады. Даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы өзіне қоғамдық -пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялык, барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылықаралық, салааралык,, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРПЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ

МАЗМҰНЫ

1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысынын негіздері 4
2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердін сыныптамасы. 8
3. Негізгі ұйымдық-кұқықтық нысандарынын шаруашылық жүргізуші субъектілері
қаржысының ерекшеліктері 13

ҚОРЫТЫНДЫ 20

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 21

1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысынын негіздері

Шаруашылық, жургізуші субъектілердің қаржысы — бірыңғай қаржы
жүйссінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның
орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес
игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі
қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Елдегі
ақша қатынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, жасалатын қоғамдық
өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты — халықтың қажеттіліктерін,
өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін
алғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі,
бастапқы бөлігі болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржы жүйесінің сферасы
ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда
материалдық және материалдық емес игіліктер жасалады. Шаруашылық жүргізуші
субъектілер қаржысының сферасы шеңбсрінде материал, еңбек және қаржы
ресурстарын көпшілік бөлігі шоғырландырылады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы
өндіріс процесін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының болуы, жалпы мемлекетгің
қаржысы сияқты, тауар-ақша қатынастарының өмір сүруімен және экономикалық
зандардың іс-әрекетімен байланысты.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы
ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық
зандардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол
ұлттық шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен
қорланымдарды белу және пайдалану үшін қолданылады. Даму ұлттық
шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті,
экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық
жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін
емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік
қатынастардың жиынтығында басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің
тиімділігіне тікелей әсер етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы өзіне қоғамдық -пайдалы
қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс,
көлік, жабдықтау-өткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялык, барлау,
жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-
коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім,
медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын
кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың,
салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылықаралық,
салааралык,, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді.
Ұлттық шаруашылықтың әрбір саласы қаржысының бұл саланың тсхникалық-
экономикалық срскшеліктерінен туындайтын елеулі айырмашылықтары бар. Бірақ
сонымен бірге барлық салалардың қаржысының мәні мен оны ұйымдастырудың
негізгі қағидаттары бірдсй, бұл шаруашылық жүргізудің ортақ қағидаттарына
жәнс бірыңғай экономикалық зандарға байланысты. Мұның бәрі олардың барлығын
қосалқы категорияға — жалпы "қаржы" категориясы сияқты оның функцияларын
орындайтын шаруашылық жургізуші субъектілердің қаржысына біріктірудің
мүмкіндігі мсн қажеттігін алдын ала анықтайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы жалпы қаржылар сияқты белу
және бақылау функцияларын орындайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілср қаржысының бөлгіштік функциясының
срекшелігі қаражаттардың жеке-дара ауыспалы айналымының процесінде
өндірілген өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер (салық
мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары, несие үшін пайыз)
нсгізіндс бөлінетігінде болып отыр, мұның өзі қаржының ұдайы өндіріс
процесінде құнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды. Ақшалай қорлар
мен қорланымдарды экономикалық тұрғыдан нсгіздеп бөлу қаржының ұдайы
өндірістік тұжырымдамасын да іскс асырудың басты шарты болып табылады.
Оның мазмұны жай және ұдайы өндіріс кезінде матсриалдық және ақша
қаражаттарының ауыспалы айналымы процесінде олардың қозғалысы арасындағы
сәйкестікті қамтамасыз етуде болып табылады. Бұл үшін кәсіпорындар өнім
ендіру мен оны өткізудің жоспарлары, болжамдары мен ниеттері негізінде,
белгіленген экономикалық нормативтер негізіндс уақыттың белгілі бір
мерзіміне кірістер мен шығыстардың келемін жасайды; шығыстардың шамаланған
меншікті қаржы рссурстары, басқа ұйымдар мен өз қызметкерлерінің уақытша
тартылған қаражатгары, банк несиелері есебінен, ал айырықша жағдайда
бюджеттен бөлінетін қаражаттар есебінен жабылатынын анықтайды.
Бөлу - өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бұл процесс
кәсіпорындардың өнім өткізуден түсім-ақша алуы және оны өндірістің
жұмсалынған қаражаттарын өтеугс жәнс таза табысты (пайданы) жасауға
пайдалану арқылы болып жатады. Табыстың (пайданың) бір бөлігі қайта бөлу
ретінде орталықтандырылған қорларға - мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс
қорларга түседі, ал қалған бөлігі еңбекке ақы телеугс, әлеуметтік
мұқтаждарға, өндірісті кеңсйту жоне дамыту жөніндегі шығындарды
қаржыландыруға шаруашылықтың қарамағында қалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілср қаржысының бақылау функциясы
кәсіпорын экономикасында маңызды рөл атқарады: есепсіз және бақылаусыз
шаруашылық жүргізуге болмайды. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші
субъсктілсрдің ішінде ғана емес, сонымен біргс оның басқа субъектілерімен,
жоғарғы ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара қарым-
қатынастарында да жүзегс асырылады. Субъектілер арасындағы өзара
қатынастарда бақылау жеткізілім тауарларға, көрсстілген қызметтерге және
орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезіндс болады. Қаржы-кредит органдарымен
өзара іс-әрекет кезінде бақылау бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы
кезінде, банк несиелерін алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы сферасындағы сан алуан
қатынастар олардың шаруашылық қызметі процесінде басқа шаруашылық жүргізуші
субъсктілермен болатын мынадай топтарға ірілендірілген ақша қатынастарына
саяды:
басқа әр түрлі косіпорындармен және ұйымдармен (олар: өнім откізуден
түсім-ақша алу, өткізуден тыс табыстар түсіру, материалдық шығындарды
телеу, шарт міндеттерін бұзған кезде айыппұл төлеу және алу, бағалы
қағаздарды өткізу, басқа кәсіпорындардың акциялары мен облигацияларына
қаражаггарды инвестициялау, олар бойынша дивидендтер мен пайыздар төлеу
жәнс алу процесінде, коммерциялық несиелеу кезінде қалыптасады);
өзінің еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбекке ақы төлеуді, сыйлық
қорын жасауды, табысты (пайданы) бөлу және тұтыну қорынан қызметкерлерге
жәрдемақылар төлеуді, сонымен бірге қызметкерлердің қаражаттарын тартуды
(бағалы қағаздар сату, кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін
үлестік жарналарды) ортақтастырады;
мемлекетпен — бюджетке салықтар телеу, бюджеттен қаржыландыру кезінде,
мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде, сондай-ақ олар бойынша
төлемдер алғанда, валюта қорлары мен ресурстарын қалыптастырғанда;
банктермен (қаржы қатынастарының бұл тобы банк несиелерін алу, оларды
қайтару, несиелер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға
белгілі бір төлем мен бос ақшаны беру, банк өткізетін бағалы қагаздармен
жасалатын операциялар нысаны түрінде іске асады);
сақтық органдарымен - мүлікті, қызметкерлерді, коммерциялық және
коммсрциялық емес тәуекелді сақтандыру жөнінде;
жоғары ұйымдармен — ішкісалалық қайта бөлу шегінде (пайданы,
табыстарды, капиталды қайта бөлу кезінде, жалгерлік төлемдер бойынша және
басқалары);
құрымтайшылармен (бұл қатынастар құрылтайшылардың жарғылық капиталды
қалыптастыру үшін қаржы жарналарын (салымдарын) төлеу кезінде, сондай-ақ
кәсіпорынның пайдасын бөлгенде жәнс оның бір бөлігін шартқа сәйкес
құрылтайшыға аударған кезде қалыптасады) және т.с.с.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, бір жағынан, жалпы
қаржылардың экономикалық табиғатын сипаттайтын белгілер, басқа жағынан,
қоғамдық өндірістің түрлі сферасындағы қаржылардың қызмет етуіне байланысты
ерекшеліктер тән. Сонымен бірге бұл қаржыға тән мынадай негізгі белгілерді
атауға болады:
1) қаржы қатынастарының көпқырмылығы, олардың нысандары мен мақсатты
арналымының сан алуандығы;
2) өндірістік құралдардың (капиталдардың) міндстті болуы және оларды
қалыптастырумен, кебейтумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың
пайда болуы. Өндірістік капиталдар - бұл өндірістің серпінді элементі, олар
өндірістің өзі сияқты үздіксіз қозғалыста болады; сонымен қатар құн
нысандарының тұрақты ауысымы болып отырады. Кәсіпорын қызметінің кез келген
мезетінде өндірістік құралдар материалдық-заттай және ақша нысанында болуы
мүмкін;
3) жоғары белсенділік, шаруашылық қызметінің барлық жағына әсер ету
мүмкіндігі;
4) шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы бүкіл қаржы жүйесінің
айқындаушы негізі болып табылады.
Сейтіп, шаруашылық, жургізуші субъектілердің қаржысы деп өнім (жұмыс,
қызметтер көрсету) өндіріп, сату кезінде ақшалай табыстарды, қорланымдарды
және қорларды жасаумен, болумен жоне пайдаланумен байланысты экономикалық
қатынастарды айтады.

2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердін сыныптамасы.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрамына материалдық өндірістің
барлық кәсіпорындары және нарықтық экономика жағдайында өзінің қызметін
коммерциялық есеп негіздерінде жүзеге асыратын өндірістік емес сфераның бір
болігі кіреді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер — кәсіпорындар мен ұйымдар (фирмалар,
компаниялар, фермер шаруашылығы, шаруашылық серіктестіктері, ассоциациялар
(бірлестіктер), ұлттық компаниялар жәнс басқалары), мекемелер әр түрлі
бслгілсрі бойынша сыныпталады және оларды не ол, не бұл түрі бойынша
айырудың негіздемелері қаржыны ұйымдастырудың сипатына елеулі әсер етуі
мүмкін (7.1 сызбаны қараңыз).
Межелеудің ең жалпы белгісі кәсіпорындар мен ұйымдарды қызмет
сфсраларының біріне - матсриалдық немесе матсриалдық емес (өндірістік смес)
сфераға жатқызу болып табылады. Қызметтің материалдық сферасының
кәсіпорындары бүкіл қоғамның тіршілік әрекетінің негізі болып табылатын
материалдық онімдер мен игіліктерді жасайды. Бүл сферада жасалған онімнің
бір бөлігі оның салалары ішінде (өндірістік тұтынудың онімдері) тұтынылады,
басқа бөлігі түпкілікті тұтынуга, соның ішіндс өндірістік емес сфераға да
бағытталады. Өндірістік емес сфера қызметінің нәтижелері қызмстгердің
нысанын қабылдайды, қызметтерді жасаудың процесі, әдеттегідей, оларды
тұтыну процесімен тоқайласады, яғни олар қордалауға, сақтауғажатпайды.
Қоғамдық өндірістің екі сферасының аталған қағидалы айырмашылықтары
бұл сфералардың қаржысын ұйымдастыруға — қаржыландыру, өнімдер мен
қызмсттср құнының жасалу процестеріндегі қаржы қорларының қозғалысы кезінде
де, сон-дай-ақ қызметтің қаржы нәтижелерін қалыптастыру — қорланымдарды,
табыстарды немесе пайданы бөлу және пайдалану кезінде де әссрін тигізеді.
Мысалы, материалдық сфера қорларының қозғалысында өндірістік босалқы
қорларды, аяқталмаған өндірісті жасаумен, дайын өнім және өндірістік емес
сфераға сипатты емес бірқатар басқа процесстердің қозғалысымсн
байланыстылары елеулі орын алады.

1 сызба. Шаруашылық жүргізуші субъектілер сыныптамасы

Сыныптаманың басқа белгісі шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржылық қызметінің сипаты — коммерциялық және коммерциялық смес қызметі
болып табылады.
Коммерциялық және коммерциялық емес қызмет болып межелену Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексіндс бекітіліп берілген, онда заңи тұлға
ұғымы анықталады. Заңи тұлга деп меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел
басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен ез міндеттемелсрі
бойынша жауап беретін ұйымды айтады. Өз атынан мүліктік және мүліктік смес
жеке құқықтық міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алады, сотта
талапкер және жауапкср бола алады.
Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді көздейтін
(коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын жәнс
алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым
заңи тұлға бола алады.
Коммерциялық, ұйым болып табылатын заңи тұлға мемлекеттік кәсіпорын,
шаруашылық серіктестігі, өндірістік кооператив нысандарында құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңи тұлға мекеме, қоғамдық
бірлестік, тұтыну кооператиізі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында жәнс
заң қүжаттарында козделген езге дс нысанда құрылуы мүмкін жоне ол
кәсіпкерлік қызмстпен өзінің жарғылық мақсаттарына сай келуінс қарай ғана
айналыса алады.
Сыныптаудың бұл белгісіне қатысты қаржыны ұйымдастыру қызметгі
қамтамасыз етудің түрлі қағидатгарына: коммерциялық, есепке немесе белгілі
бір деңгейде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қажеттіліктерін жабатын
бюджеттік қаржыландыруға есептелгсн. Егер мекеме коммерциялық және
коммерциялық емес қызметті ұштастыратын (үйлестіретін) болса, онда бұл
қызмет тиісті қаржылық зардаптарға ұшыратады: мұндай қызметтің өзін-езі
қаржыландырылуын ұйымдастыру, салықтар мен басқа міндетті толемдерді төлеу,
алынған табыстарды немесе пайданы бөлу.
Коммерциялық қызметтің мақсаты табыс алу болып табылады. Коммерциялық
негізде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым белігі және
матсриалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс
істейді.
Өндірістік емес сфера мекемслерінің едіуір бөлігі: мемлскеттік
басқару, қорғаныс, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жоне қамсыздандыру,
құқық тәртібін қорғау, айналадағы ортаны қорғау, денсаулық сақтау мен білім
берудің, мәдениеттің және шығармашылықтың үлкен тобы, іргелі ғылым
коммерцияпық емес секторда қалып отыр. Коммерциялық емес қызмет табыс
(пайда) алуға емес, бүкіл қоғам үшін, соның ішінде халықты әлеуметтік
қорғауды қамтамасыз етуге қажет функциялар мен іс-қимылдарды орындауға
бағытталған.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сыныптаудың маңызды белгісі
меншіктің белгілі бір нысанына тиістілігі (қатыстылығы) болып табылады.
Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасында мсншіктің екі нысаны
қабыдданған: жеке меншікжәне мсмлекеттік меншік. Жеке меншік азаматтардың
және (немесе) мемлекеттік вмес заңды тулеалар мен олардың бірлестіктері
ретінде болады, жеке меишіктщ айырықша түрі ретінде қоғамдык, ұйымдардың
меншігі болады.
Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдык, меншік болып
ажыратылады.
Мсншіктің аталған нысандарының ішінде шаруашылықты жүргізудің ұйымдық-
құқықтық нысандарының көптеген түрлерін (санын) туғызатын әр түрлі
шаруашылық құрылымдары қалыптасуы мүмкін:
1. Мемлскеттік меншікке негізделген мемлекеттік кәсіпорындар,
соныңішінде:
республикалық — Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік
дамуының жалпымемлекеттік міндеттерін шсшу үшін;
коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар — тиісті аумақтың халқының
әлеумсттік-экономикалық қажеттіліктерін қанагаттандыру жөніндегі
міндеттерді шешу үшін, жергілікті бағынышта болады.
2. Заңи тұлғалардың жвке меншігіне негізделген кәсіпорындар: әр түрлі
тұрпаттағы шаруашылық серіктестіктері, соның ішінде акционсрлік қоғамдар,
кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдар.
3. Қогамдык, бірлестіктердің меншігіне негізделген кәсіпорындар.
4. Құрылтайшылардың, соның ішінде шетелдік заңды тұлғалар мен
азаматтардың мүлкін біріктіру негізіндегі бірлескен кәсіпорындар.
5. Азаматтардың меншігіне негізделген жеке меншікті кәсіпорындар.
6. Меншіктің жоғарыда келтірілген әр түрлі нысандарының қатысуындагы
аралас кәсіпорындар.
Мсншіктің барлық нысандарының теңдігі мен меншік субъектілерінің
құқығын теңцей қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасымен кепілденілген.
Шаруашылык, жүргізудіқ ұйымдық-құқықтық нысаны Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексімен анықталған, ол шаруашылық жүргізуші
субъектілердің құқықтық тәртібіне айтарлықтай өзгерістер енгізді.
Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары мен олардың мөлшерін
ажырата білген жөн. Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары меншік
нысанымен — мемлекеттік, жеке (әр түрлілігімен) меншікпен анықталады.
Мөлшері бойынша кәсіпорындар және кез келген нысан шағын, орта жөне үлкен
болуы мүмкін. Заңнамалық тәртіппен қызметтің әр түрлі сфералары шагьш
кәсіпорывдарыньщ өндірістік және ұйымдық міндеггерді жедел шешуге мүмкіндік
беретін тиімді құрылымдар ретінде олардың дамуын ынталандыру мақсатында
параметрлері анықталуы мүмкін.
Жалпы меншіктің әр түрлі нысандары кәсіпорындарының қаржысы ортақ
қадатгарға негізделген. Алайда бұл кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық
мәртебесіндегі айырмашылықтар кәсіпорындарды басқару механизмінің кейбір
ерекшеліктерін, мүліктік жауапкершілік сипатын және осымен байланысты
болатын қаржы ресурстарын қалыптастырып, бөлудің нысандарын анықтайды.
Бұл ең алдымен жарғылық капиталды қалыптастыру көздеріне, табысты
бөлуге және бюджетпен өзара қатынастарды ұйымдастыруға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес менеджментін дамыту тиімділігі
Кәсіпорында қаржылық жоспарлау жүргізу
«Қаржы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Туристік кәсіпорындарда жарнама қызметі
Қаржы жүйесі туралы жалпы түсінік
Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесінің құрылымы
Мемлекеттік қаржылар. Қаржы жүйесінің құрамы
Қаржы жүйесінің құрамы
Қаржы жүйесінің мәні
ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕР
Пәндер