«Ғылыми зерттеулердің методологиясы» пәнінен дәрістердің қысқаша курсы


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

«ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ» ПӘНІНЕН ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ.

1 Тақырып. Ғылыми зерттеулердің жалпы негіздері

Ғылым қоғамдық сананың формасы ретінде. Ғылымның құрылымы. Ғылымның қызметі

Ғылыми методология. Ғылыми методологияның деңгейлері

Теория. Теориялық қызметтің кезеңдері. Теорияның қызметі. Теорияның құрылымы. Тәжірибе

  1. Ғылым қоғамдық сананың формасы ретінде. Ғылымның құрылымы. Ғылымның қызметі

Ғылым - бұл қоғамдық сананың формасы. Ғылымның негізгі компоненті - теориялық. Ол белсенді - ізденуші сипатта болады.

Ғылым - бұл объективті шындықты қайта құру мен танып білудің құралдары мен әдістері.

Ғылым оқиғаларды алдын ала болжау арқылы адамдардың мақсатты қызметінің негізін құруға мүмкіндік беретін, әруақытта ақиқаттың объективті мәнді байланыстардың танымдық тәжірибесіне сүйеніп дамып отыратын жүйелік білімнің негізгі формасы.

Ғылымның құрылымы:

- теориялар (фактілер, құбылыстар және үрдістер жөніндегі ғылыми мәліметтерді жүйелеу) ;

- заңдар (көлемді ғылыми білімді анағұрлым ықшамды формада мазмұндау) ;

  • ғылыми фактілер (ғылыми қорытынды, жалпылау, заңдар үшін негізгі материал) .

Ғылымның қызметтері

Жалпы қызметі - адамдардың іс-әрекеті мақсатты және тиімді болуы. Ол басқа қызметтерді қарастырады:

  1. танымдық (объективті әлем заңдарын танып білу) ;
  2. мәдени-тәрбиелік (ғылым жалпы адами мәдениетті дамыту мен тұлғаны тәрбиелеу факторы ретінде) ;
  3. әрекетті тәжірибелік (ғылым адамның қалыптасуы, табиғат пен қоғамның қайта құруларының тікелей күші ретінде) .

Ғылымның даму процессінің логикасы:

  • ғылыми мәселенің қойылуы (қайшылықтарды анықтау) ;
  • ғылыми фактілерді өңдеу мен жалпылау;
  • гипотеза құру және ғылыми мәселелерді нақтылау;
  • бақылауды, эксперименттерді, нақты зерттеулерді алынатын ғылыми нәтижелерін сәйкес рәсімдеу арқылы ұйымдастыру;
  • алынған мәліметтердің анализі мен синтезі;
  • анықталған тәуелділікті, үдерісті, заңдылықты, заңдар мен принциптерді негіздеу;
  • ғылыми нәтижелер жөнінде ақпарат беру;
  • алынған ғылыми мәліметтер мен нәтижелерді тәжірибеде тексеру.

2. Ғылыми методология. Ғылыми методология деңгейлері

Ғылыми методология кез келген ғылымның қалыптасу негізі мен дамуының бастапқы базалық принциптерін қамтиды.

Ғылыми методология (грек. тілінен Methodos - зерттеу, танып білу жолы және logos - сөз, ұғым, ілім) - бұл зерттеушінің өзіндік ұстанымын көрсететін анағұрлым жалпы дүниетанымдық жағдайлары мен принциптерінің жиынтығы, сонымен қатар зерттелетін құбылыстар мен объективті шындықтың таным әдістерін ғылыми негіздеу.

Басқаша, методология - ғылым сферасында теориялық және практикалық қызметті құру мен ұйымдастырудың принциптері, әдістері мен ережелер жүйесі.

Ғылыми методология деңгейлері:

- гносеологиялық. Оның мазмұнын материалистік диалектиканың негізгі заңдары, категориялары, принциптері құрайды;

- дүниетанымдық. Оның негізінде ғылыми идеялар жатыр;

- ғылыми-мазмұндық. Оның мәнін педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері құрайды;

- логико-гносеологиялық. Ол өзінің құрамына психология мен педагогиканы ғылым ретіндегі даму мәселелерін қамтиды;

- методикалық. Психологиялық және педагогикалық зерттеулердің ғылыми әдістері жөніндегі ілімді қамтиды.

3. Теория. Теориялық қызметтің кезеңдері. Теория қызметтері. Теория құрылымы

Теория - объективті шындықтықтың белгілі бір пән шеңберіндегі жағдайы мен генезисі жөніндегі жинақталған, өзарабайланысты және ғылыми негізделген әруақытта дамып отыратын ілім жүйесі.

Теориялық қызметтің кезеңдері:

Бірінші кезең. Жинақталған ғылыми фактілермен, барлық кездейсоқ, екінші кезектегісінен абстракцияланудың міндетті шартымен анықталған үрдістерді салыстырумен байланысты, сонымен қатар гипотезалар(ғылыми ұсыныстар) ұсынумен, ұғымдарды, заңдылық пен заңдарды сипаттауға мүмкіндік беретін таным процестері мен формалары.

Екінші кезең. Бірыңғай пайымдау, ұғымдар, заңдар мен заңдылықтардың концептуалды жүйесін құру, немесе ғылыми білімнің нақты жүйесі.

Теория қызметтері:

- синтездеуші (білімді жүйелеу) ;

- методологиялық;

- түсіндіруші;

- прогностикалық;

- ақпарттық;

- практикалық.

Теория құрылымы:

- бастапқы идея - кез келген тұжырымдаманың негізгі, бастапқы базалық элементі болып табылады;

- заңдар - құбылыстар мен процестердің арасындағы объективті, мәнді, тұрақты және қайталанатын байланыстар;

- ұғымдар - білімді көрсету формасы;

- ғылыми фактілер - зерттеу қызметінің объективті нақты және тұрақты бекіген нәтижелері;

- пайымдаулар - білімді көрсету;

- формаланған символдар.

4. Тәжірибе

Ғылым, оның методологиясы, теория нақты практиканың, объективті шындықтың, эмпирикалық мәліметтің, адамдардың ғылыми ойлану және жалпыланған түріндегі практикалық қызметінің рухани, идеалды көрінісі.

Тәжірибе - білім көзі, таным үрдісінің негізі, ғылыми білімнің ақиқаттылығының белгісі.

2. Тақырып. Ғылыми зерттеу кезеңдері

Ғылыми зерттеу. Ғылыми зерттеугеп талаптар. Ғылыми зерттеудің негізгі кезеңдері

Ғылыми мәселе. Зерттеу заты

Гипотеза. Зерттеу мәселелері. Зерттеу әдістері

  1. Ғылыми зерттеу. Ғылыми зерттеу талаптары. Ғылыми зерттеудің негізгі кезеңдері

Ғылыми зерттеу іскерліктің ерекше топтарына жатады және олар келесі спецификалық белгілермен негізделеді:

1. Ғылыми зерттеу - зерттеу мәселелерінің құрылу мен қалыптасуына негіз болатын мақсаттарға жетуге бағытталған процесс.

  1. Ғылыми-зерттеулілік іс жүйелі характерлі болып, кезкелген құбылысты жүйе ретінде қарастырады.
  2. Ғылыми зерттеу зерттеуде болған фактілер мен құбылысты, шығарылған қорытындылардың ғылыми дәлелделуін, зерттеу нәтижелерін қатаң реттеу демек.

Ғылыми зерттеу - бұл объекттің, процесстін, және құбылыстын, олардын структурасы мен байланыстарын және адамға пайдалы нәтижелерін алумен практикаға еңгізу үшін жанжақты зерттелуіне бағытталған іскерлік. Оның объекті боларақ материалды немесе идеалды жүйе саналады. Ал заты - жүйе структурасы, оның элементтерінің қарымқатынасы, түрлі даму заңдылығының қасиеттері және т. б.

Ғылыми зерттеу жұмыстарын өткізу кезеңдері :

1. Дайындалу: тақырып таңдау, оны зерттеу керектігін негіздеу, гипотезаны бедгілеу, мақсаттарды белгілеу, олардың жобасы немесе бағдарламасын әзірлеу, зерттеу құралжабдықтарын дайындау.

2. Теоретикалық және эмпирикалық зерттеу өткізу: тақырып бойынша әдебиеттерді, статистикалық деректерді және қор материалдарын зерделеу, теоретикалық және эмпирикалық зерттеулер өткізу, нәтижеде алынған талдауларды топтап өңдеу, жаңа ғылыми фактілерді түсіндіру, қорытындылар мен практикалық мінездеме мен ұсыныстарды дәлелдеу және қалыптастыру.

3. Жазбашамен жұмыс істеп оны көркемдеу: жұмыстың композициясың белгілеу (оның ішкі структурасын, құрамын), басқа тақырыпты белгілеу, параграфтын атаулуын белгілеу, жазбашаның бұрынғы парақтарың дайындап, оны тексеру, мақаланы көркемдеу. Және де пайдаланылған әдебиет парағын көркемдеу.

4. Ғылыми зерттеу нәтижелерін еңгізу.

2. Ғылыми мәселе. Зерттеу заты

Ғылыми мәселе - бұл ғылым практикасы мен теориясына үлкен үлес болатын зерттеу тақырыбынын ортасын негіздейтін бір бірімен байланысты сұрақтардың бірігімі. Оны белгілеуден шынайылық ғылыми іздену басталады, өйткені ол білімнің эмпирикалық және теоретикалық деңгейлерінің арасындағы басты байланыстыру звеносы болып табылады. Ғылыми зерттеу объекті - тек қана құбылыстар мен заттарды ғана емес, сонымен қатар ұқсас заттардың, құбылыстардың бүтін топтарын диалектикалық бірлікте байланыстыратын нақтылықтын бөлігі. Зерттеу заты - объекттен ерекшелігі, ол субъективті характерлі болады. Оның характері зерттеушімен белгіленеді: болған құбылыс немесе мәселе процессі, белгілі бір істін үлгісі, жүйесі, немесе оның бөліктері.

3. Гипотеза. Зерттеу мәселелері. Зерттеу әдісі

Гипотеза - ғылыми зерттеудегі ғылыми көріпкелдік формасы.

Гипотеза - талқылауда болған процесстер мен құбылыстар байланыс қарымқатынастарының характері туралы логикалық дәлелденген болжауы. Бұл жаңа білім алу жолындағы өткізілген зерттеу мен теория арасындағы байланыстыру звеносы.

Зерттеу мақсаты - бұл зерттеудің жобаланған соңғы нәтижелері.

Зерттеу мәселелері - жасалуы зерттеу мақсаттарын жетістіктерге әкелетін зерттеу мәселелерінің жеке аспекттерін зерделеуінің негізгі бағыттары.

Зерттеу әдісі - бұл шындықта болған процесстер мен құбылыстар білімінің тәсілдері. Әдіс мазмұны - бұл зерттеуші әрекеттері мен ережелерінің бірігімі. Және олардың әзірленуі.

3 Тақырып. Ғылыми зерттеудің методологикалық негіздері

Теоретикалық талдау. Талдау. Синтез. Салыстыру. Абстрагирлеу. Нақтылау. Жалпылау. Үлгілеу.

Бақылау ғылыми зерттеу әдісі ретінде. Бақылау нәтижелерін бағалау критерийлері. Бақылау түрлері. Эксперименттің мәні және әдістемесі. Эксперимент түрлері.

Сұрастыру ғылыми зерттеу әдісі ретінде. Сұрастыру түрлері. Әңгіме-интервью. Сұрастыру. Тестілеу. Математикалық және статистикалық әдістер.

1. Теоретикалық талдау - ол зерттеуде болған құбылыстардың, олардың байланыстары мен қарымқатынастарың жанжақты және терең түсіну, ойлану процессі. Ол келесі логикалық операциялар арқылы жасалады:

- талдау - ойша қарастырылуда болған заттарды немесе құбылыстарды бөліп, содан кейін оның структурлық элементтерін, байланыстары мен қарым-қатынастарын аңықтау;

- синтез - ойша элементтерді бүтін құбылыспен бірге қойып, бұл бүтінді талдау кезінде болған байланыстар мен қатынастар негізінде қарастыру;

- салыстыру - ойша түрлі объектілер, құбылыстар, процесстер, олардың қасиеттері мен қатынастары арасындағы ұқсастықты және ұқсастар арасындағы өзгешеліктерді аңықтау;

- абстрагирлеу - ойша белгілі бір затты, құбылысты немесе процессті басқалардан бөліп, оны «таза қалыпта» зерттеу;

- нақтылау - абстрактті ұғымдардан және түсініктерден белгілі бір процесстер, құбылыстар, заттарға ауысу;

- жалпылау - белгілі бір ұғымдар, түсініктер, категориялар мен заңдармен белгіленетін көптеген процесстер мен құбылыстарға тән ұқсас қатынастар мен қасиеттерді біріктіру;

- үлгілеу - ойша құбылыстар мен процесстердің ең үнемді үлгілерін қалыптастыру. Оларды түрлі жағдайда зерттеу.

2. Бақылау ғылыми зерттеу әдісі ретінде

Бақылау - белгілі бір адамдардың жағдайын, әрекеттерін, процесстерді, қатынастарын алдын ала қабылдау.

Содан нәтижелердің ғылыми талдауын жасау. Ғылыми бақылау күнделікте болатын фактілер мен құбылыстардан ерекшелігі процесстерді мақсатты және жобалы, жүйелі қабылдау. Және оларды терең талдау.

Бақылау нәтижелерінің бағалануы үшін критерий жүйесі :

1. Толық емес критерий жүйесі - ол соңғы альтернативті бағалау, мәселең, эффективті немесе эффективсіз.

2. Континуалды (үздіксіз) критерий жүйесі құбылыстарды баллмен бағалауға жол береді.

3. Дисконтинуалды (байланыссыз, үзілген) критерий жүйесінде үздіксіз критерийлер жоқ, критерий жүйесі әрекеттер кезеңдері жүйесіне ауысады. Онда әр кезең баллмен бағаланады.

4. Қиын критерий және көрсеткіш жүйесі.

5. өзіне сай сипаттамалардың деңгей критерийлері (цифрлі көрсеткіштермен олар шкалдандырумен толықтырылады) .

Бақылау түрлері :

- қосылуда болған бақылауда зерттеуші процесстін қатысушысы ретінде де бола алады;

- орталықты - белгілі бір адамдар арқылы берілген тапсырма немесе зерттеуші бағдарламасы арқылы өткізіледі;

- монографиялық - толық мағлұмат жинау үшін қарымқатынастарын белгілеу мақсатында байланысты құбылыстар мен процесстердегі түрлі дәрежелердегі оптималды санды жалпылайды;

- бүтін (үздіксіз) бақылау - белгілі бір уақытта зерттеуде болған құбылыстар мен процесстердің аспектілерін тіркейді;

- таңдамалы (дискретті) - белгілі кішігірім сұрақ немесе құбылыстың бір ерекшелігі зерттеледі;

- ашық - бақылау объекті өзінің бақылауда болғанын біледі;

- жабық - адам немесе әлеуметтік топ бақылау жасалып жатқаны туралы хабарландырылмайды.

3. Эксперименттің мәні мен әдістемесі. Эксперимент түрлері

Эксперимент - алдын ала біле тұрып зерттеуде болған процесстер мен құбылыстардың функциондалу жағдайларын өзгерту(варьирование) . Эксперимент жаңа теоретикалық білімді практикалық іскерлікпен қосу деген.

Эксперимент кезкелген факторды, элементті, жүйені, ортаны, жағдайлардын әрекеттерін қатаң топтастырады. Ол зерттеудегі жүйенің, үлгісінің, әдістемелерінің әрекеттерінің пайдалылығынын нақты есебін жүргізеді. Қарастырылуда болған құбылыс, процесстердің басқалармен байланысынын бірігімін аңықтауға көмектеседі және де зерттеліп жатқан құбылыс, процесстін мінездемесін тереңдетіп, объективті және субъективті жағдайлар жасайды. Сонымен өзгеріс жүйенің жақсаруы және практикаға жаңа әдістемелерді, үлгілерді, жүйелерді еңгізуге жол береді.

Эксперимент түрлері:

- кең (көптеген объектілерді, зерттелудегі мәселенің жанжағын қамтиды) және тар (зерттелуде болған объектілері немесе олардың жандарынын ең аз саны) ;

- ұзақ және қысқамерзімді;

- жай (үлгінің, жүйенің, әдістеменің бір ғана варианты зерттеледі) және қиын (2-3 варианттардан таңдау) ;

- табиғилық және лабораторлы;

- констатирлі (болмыш шарттарда пайда болған құбылыс ерекшеліктерін аңықтау үшін) және қалыптастырушы (жаңа жағдайлар еңгізеді) .

4. Сұрастыру ғылыми зерттеу әдісі ретінде. Сұрастыру түрлерінің. Интервью-әңгіме. Анкеталау. Тестілеу

Сұрастыру көптеген адамдарды қамтып, көптеген сұрақтарға жауап алуға көмектеседі.

Сұрастыру түрлері:

- бүтін және таңдаулы;

- іштей және сырттай;

- жеке және топты;

- ашық (сербес) (сұрақтарға жауап кез келген түрде беріледі) және жабық (жауап варианттары бұрын қарастырылған) ;

- ауызша және жазбаша.

Ауызша сұрастырудың түрлерінің арасында ең кең таралған болып интервью-әңгімелесу табылады, жазбаша түрлер арасында - анкеталар мен тестілер.

Интервью - әңгіме - ауызша, іштей сұрастыру деген. Ол түрлендірілген бола алады ( сұрақ қою процессі және олардың жауап тіркеу стандарттары) және түрлендірілмеген (қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік береді) .

Анкеталау - бұл сұрақ жүйесі бар, ол сұрақтардың әрқайсысы ортақ зерттеу мәселесімен логикалық байланыста болған анкета арқылы жасалатын жазбаша сұрастыру.

Тестілеу негізінде тесттер жатыр (ағылшыншадан test - сынақ) .

5. Математикалық және статистикалық әдістер

Математикалық әдістердің кең қолданылуы экономикалық талдаудың негізгі даму бағыты болып есептеледі. Математикалық әдістердің қолданымы:

  1. Кәсіпорын ісінің түрлі талаптары арасындағы көптеген қарымқатынастарын есепке алып, кәсіпорын экономикасын зерттеуге жүйелі жақындау;
  2. Экономикалық талдау арқылы шешілетін экономикалық процесстердің сан мінездемесін көрсететін экономикалық - математикалық үлгілер тобын жасау;
  3. Экономикалық талдау үшін экономикалық хабарландыру беретін және оны сақтаудың техникалық құралдардың болуы.

Математикалық талдау әдістері көп және ол арнайы әдебиетте көрсетілген.

Экономикалық зерттеу жасау үшін ғылыми дәлелденген хабарлау базасы болуы шарт. Ол статистикалық бақылау арқылы құрауды ( әлеуметтік-экономикалы құбылыстар мен процесстер жинау, жобалы және ғылыми нақтылықты) талап етеді.

4 Тақырып. Бағыт таңдау және ғылыми зерттеу тақырыбын негіздеу

Ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау. Ғылыми зерттеу тақырыбынын актуалдығы

Тақырыптың технико-экономикалық негізі. Экономикалық әдебиетте тақырыптың дайындалу дәрежесін аңықтау

Ғылыми зерттеудің жергілікті ұлттық экономикаға бағытталудың керектігін

1. Ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау. Ғылыми зерттеу тақырыбының актуалдығы

Ғылыми зерттеу тақырыбы ғылыми бағытқа немесе ғылыми мәселеге жатады. Ғылыми бағыт деп зерттеу болып жатқан саладағы ғылыми мәселе немесе бірқатар ғылымдары болған ғылым саналады.

Мысалы, «Экономика» экономикалық бағытта жасалатын, экономистермен жасалатын ғылыми зерттеулер(экономикалық ғылымдар) . Оның ішінде арнайы экономикалық ғылымдарының негізделген нақты бағыттарды айтуға болады: экономикалық теория, бухгартерлік есеп, халықаралық экономика қатынастары, қаржы т. б.

Ғылыми мәселе - ол қиын теоретикалық және практикалық мақсаттардан құралады. Мәселе салалы, салааралы және глобалды бола алады.

Ғылыми зерттеу тақырыбы мәселенің негізгі бөлігі.

Зерттеу нәтижесінде тақырып бойынша мәселенің бөлігін қамтитын сұрақтарға жауап алады.

Актуалды бағыттары мен зерттеудің комплксті мәселелері мемлекеттің дерективті құжаттарында қарастырылады. Зерттеу бағыттарын нақтылау осы күнде бағыттардағы болған зерттеудің жағдайын және әлеуметтік маңыздылығы, өндіріс талаптары жағдайын зерттеу нәтижесінде болады.

Ғылыми зерттеу мәселесі және тақырыбын таңдау кезінде /зерттеу бағыттарының қайшылықтарын талдау негізінде/ мәселе қалыптасады және нәтижесі белгілі болып, олардың актуалдығы қарастырылады. Тақырып актуалды болуға тийс /үнемлі, тез шешуді талап ететін/, ғылыми жаңалығы болуын талап етеді. Ол ғылымға үлес қосатындай және халықшаруашылығына экономикалы тийімді болуы керек.

Тақырып таңдауға жергілікті және шетел әдебиеті үлкен үлес қосатыны аңық.

2. Тақырыптың технико-экономикалық негізделуі. Экономикалық әдебиетте бұл тақырыптың жасалғандығының деңгейін аңықтау

Тақырыптың технико-экономикалық негізделуі (ТЭН) - бұл негізгі жоба алдыңғы құжат. Тек ол болғаннан кейін әрі қарай тақырыпты жобалау және қаржыландыру жасалады.

ТЭН-де мыналар көрсетіледі:

Оның не үшін керек болғандығы, қысқаша әдебиетке шолу жасалады. Өйткені әдебиетте бұрыннан жасалған зерттеулердің не деңгейге жеткені және алынған нәтижелер туралы айтылады, бір сала немесе халықшаруашылығы үшін жасалған зерттеулердің керектігі және актуалдығы; зерттеудің мақсаттары мен стадиялары, есептері, әдістері, зерттеу немен аяқталатындығы; экономика саласына пайдалы болатын нәтижелер қолдану.

  1. Жергілікті экономика үшін ғылыми зерттеу бағыттарының маңыздылығы

Зерттеу тақырыбын таңдауда ғылыми мәселелерден өтірік мәселелерді айыру қажет. Өтірік мәселелердің көбі ғылыми ісшілердің байланысты. Соңдықтан кейде бұрыннан алынған нәтижелерді жасау мақсат етілген мәселелер шығады. Ол бос уақыт, еңбек және қаржы зиянына әкеліп соғады.

Соңдықтан мананы біліп алу қажет:

  1. Бұрыннан бұл тақырыпқа зерттеу жұмыстары өткізілді ме;
  2. Зерттеу нәтижелерің еңгізетін қандай халықшаруашылық әсеріне әкеледі;
  3. Нақты осы тақырыпты қарастыру қажет пе.

5 Тақырып. Ғылыми зерттеу жобасын жасау

Кіріспе. Зерттеу тақырыбының актуалдығы. Мәселенің қарастырылу деңгейі. Ғылыми зерттеу мақсаты. Зерттеу заты. Зерттеу объекті. Диссертациялық зерттеудің теоретикалық және методологикалық негізі.

Ғылыми жаңалық. Қорғауға шығарылатын деректер. Жұмыстың ғылыми-практикалық мәнділігі. Апробация және зерттеу нәтижелерінің жасалуы. Зерттеу нәтижелерін мақала ретінде шығару. Диссертацияның көлемі мен структурасы.

Бірінші тарау. Жұмыстың теоретикалық бөлігі

Екінші тарау. Жұмыстың практикалық бөлігі.

Әлм тәжірибесі мен жергілікті практика

Үшінші тарау. Жақсартудың жолдары мен әдістері, эффективті үлгі, критерий және көрсеткіштер. Ортақ концепция.

Соңғы сөз. Қорытындылар мен тұжырымдар.

1. Кіріспе

Кіріспе мәтіннің 10 пайызын құрайды. Оны бір қарастырылған пункттен басқаға ауыстыра отырып стандарттарға сәйкес жазу қажет: зерттеу тақырыбының актуалдығы. Мәселені жетілдендіру дәрежесі. Ғылыми зерттеу мақсаты. Зерттеу заты. Зерттеу объекті. Диссертациялық зерттеудің теоретикалық және методологикалық әдістеме негізі. Ғылыми жаңалық. Қорғауға шығарылған тараптар. Жұмыстың ғылыми-практикалық қажеттілігі. Зерттеу нәтижелерін жасау және апробация. Зерттеу нәтижелерін жарыққа шығару. Диссертацияның көлемі мен структурасы.

Кіріспе таңдалған тақырыптың актуалдығын аңықтаудан басталады (тез шешімді қалайтын қажеттілікті) .

Тақырыпты жетілдіру дәрежесі қолданылған әдебиеттерде. Тақырып жетілдірудегі бағыт, мектеп, түрлі авторлардың үлесін айта кету керек. Сонымен қатар тақарап қарастырудағы «ақ тамшылар» мен бостықтарды да көрсету қажет.

Ары қарай зерттеу мақсаттары қалыптастырылады, зерттеу заты және объект мақсатымен белгіленетін мақсаттар қойылады.

Барлық қалыптасулар қысқа, нақты, логикалы тізбектелген, мақсат субординация принципі бойынша жасалу керек.

Жұмыста әдістеме және әдістер қолдану туралы айта кетсек, онда оларды атап және мүмкіндігінше ол әдістерді қолдану керектігін дәлелдеу қажет.

Ғылыми жаңалық. Қорғауға шығарылған тараптар. Ғылыми жаңалыққа диссертант алынған жаңа теоретикалық немесе практикалық нәтижелерді, немесе жаңалық элементтері бар нәтижелерді қосады. Мұнда ұғымды аңықтау, зерттеу өткізудің жаңа әдістемесі, дәлелденген формалар, критерийлер, автор ұсынған принциптер болуы мүмкін. Сонымен қатар мәселені жетілдіретін немесе көрсететін шаралар. Қорғауға ғылыми жаңалықта автор көрсеткен жаңа тараптар шығарылады.

«Жұмыстың ғылыми-практикалық қажеттілігі» бөлімінде диссертация нәтижелерін тәжірибеде қолдану бағыттары белгіленеді: экономикалық саясат өткізу үшін мемлекеттік структураларда, салаларда, өнеркәсіп немесе оқу процесстерінде.

«Апробация және зерттеу нәтижелерін жасау» бөлімінде зерттеу нәтижелері қандай ғылыми-тәжірибелік конференцияларда қарастырылғаны туралы айтылады. Және де ізденуші қандай еңгізу актін алғаны туралы.

Содан кейін зерттеу нәтижелерінің жарыққа шығарылуы туралы айтылады: қанша монография, мақала, олардың көлемі.

Кіріспе сонында диссертацияның көлемі мен структурасы қысқаша аталып өтеді.

2. Бірінші тарау. Жұмыстың теоретикалық бөлімі

Диссертацияның негізгі бөлімі үш тараудан құралады. Оның әрқайсысы тағы 3-4 бөлікке бөлінеді. Негізгі бөлімнің әр структурлық элементінің көлемі басқа элементтермен дұрыс пропорцияда болуы қажет.

Бірінші тараудың мазмұны теоретикалы-әдістемелі болады. Ең алдымен негізгі мәселе ашылады, оның теоретикалық қайнақтары көрсетіледі, содан кейін оны шешу үшін арналған түрлі варианттар қарастырылады, көзқарас, әдістеме ұқсастығы бойынша топталады, жұмыс авторы жағынан бағаланады. Содан кейін автордың мәселеге және оны шешуге өз көзқарасы көрсетіледі.

Олар дәлелденеді және жергілікті мен шетел қайнақтарына байланыстыра отырып теоретикалық пікірлендіріледі.

3. Екінші тарау. Жұмыстың практикалық бөлімі. Әлем тәжірибесі мен жергілікті практика

Екінші тарауда бұл мәселе туралы әлем практикасы қарастырылады, автор жағынан қойылған мақсатты шешу үшін жасалған кемшіліктер мен жақсылықтар қарастырылады. Содан кейін Қазақстан Заңы, ҚР Парламентінің бұйрығы және басқа заңды актілер талданады. Экономика, сала, жеке өнеркәсіптердегі практикалық жағдай қарастырылады. Кемшіліктер белгіленіп, нәтижелер талданады.

4. Үшінші тарау. Жетілдіру жолдары мен әдістері, үлгісі, критерий және тиімділік көрсеткіштері, орта концепция

Үшінші тарауда авторлық үлгі мен мәселенің даму концепциясы ұсынылады. Оның тиімділігі талқыланады. Тарау соңғы, аяқтаушы болғандықтан онда қорытындылар болады, бұрынғы екі тараудан шығарылған ұсыныстар дәлелденеді.

  1. Қорытынды
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрондық оқулықтың сипаттамасы
«Ақпараттық менеджмент және сапалы басқару» пәні бойынша электронды-әдістемелік құралды құрастыру
Ғылыми зерттеу әдістері пәнінің лекциялары
Инфoрмaтикaның нeгізгі ұғымдaры жәнe oны oқыту әдістeрі
АНТРОПОӨЗЕКТІК ПАРАДИГМА БАҒЫТТАРЫ
Электрондық оқу-әдістемелік кешендері
Педагогикадан дәрістер
АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗУ ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
Ғылыми зерттеудің бағытын таңдау
Колледждегі математика курсына қатысты аталмыш проблема
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz