Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесі: ерекшеліктері, жетілдіру бағыттары


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және бизнес факультеті
Экономикалық теория кафедрасы
Диплом жұмысы
Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесі:
ерекшеліктері, жетілдіру бағыттары.
Орындаған Әбсадықова Әзиза Әбіләшімқызы
4 курс студенті
Ғылыми жетекші Дәулиева Ғалия Рахметқызы
э. ғ. к, доцент ( қолы, күні )
Норма бақылаушы Әбділова Әлия Шығарайқызы
( қолы, күні )
Қорғауға жіберілді,
Кафедра меңгерушісі Төлегенова Мәдина Сәкенқызы
э. ғ. д, профессор ( қолы, күні )
Алматы, 2009
РЕФЕРАТ
Қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіндегі өзгерістер өз кезегінде білім беру ісіне ықпал етеді және одан жаңа тарихи кезеңнің шақыруларына жұмыла үн қосуды әрі соған сай жауап беруді талап етеді және де тұтастай алғанда экономиканың даму қажеттіліктеріне сәйкес келуге тиіс. Қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне ұлттық ерекшеліктерімен кірігуі өзекті мәселе болып келеді. Осы жерден тақырыптың бүгінгі күнде айрықша өзекті болып отырғанын байқауға болады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты - білім беру жүйесінің бүгінгі жағдайын ғылыми-теориялық тұрғыда талдап, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын, бағыттарын анықтау және ұсыну. Алға қойған мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер орындалады:
- білім экономикасының теориялық мәселелері мен оны мемлекеттік реттеу шараларын ғылыми тұрғыда зерттеу;
- дамыған шетелдік тәжірибені талдау барысында, оларды отандық білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда қолдануға ұсыныстар жасау;
- ұлттық білім беру жүйесінің ерекшеліктерін көрсету.
Диплом жұмысының зерттеу обьектісі . Жұмыстың объектісі ретінде әлемдік білім беру жүйелері және республиканың білім беру саласы алынады.
Диплом жұмысының зерттеу пәні. Әлемдік білім беру кеңістігіне ену жағдайында білім беру саласының ұлттық ерекшеліктерін айқындау шаралары және сол саладағы экономикалық қатынастар диплом жұмысының зерттеу пәні болып табылады.
Түйін сөздер: білім; білім беру жүйесі; ұлттық білім беру жүйесі; білім беру қызметі; білім қоры; білім сапасы; адам капиталы; қоғамдық игілік; мектеп алды даярлық тобы; бастауыш білім; жалпы орта білім; негізгі білім; кәсіптік білім; жоғарғы білім; білім беру жүйесін қаржыландыру; білім беру жүйесін мемлекеттік реттеу.
Қысқарған сөздер:
БҰҰ - Біріккен ұлттар ұйымы
ДБ - Дүниежүжілік банк
БСҰ - Бүкіләлемдік сауда ұйымы
ЕЫҚҰ - Еуропа ынтымақтастық ұйымы
ЖОО - жоғары оқу орындары
ҒТР - ғылыми техникалық төңкерісі
БХСЖ - білімнің Халықаралық стандарттық жіктелімі
ОӘК - оқу әдістемелік кешен
ҚР БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Диплом жұмысының иллюстациясы - екі график, үш кесте және бір сызбадан тұрады.
Диплом жұмысының көлемі - 52 бет.
ГЛОССАРИЙ
Білім - белгілі бір әлеуметтік тұлғалар және қоғаммен анықталған білім ретінде танылған және әлеуметтік мәні бар қандай да бір критериийларға (нормаларға) сәйкес рәсімделген белгілі әдіспен алынған, селективті ақпарат.
Білім қоры - құндық формада бейнеленген жұмыс күшінің білім әлеуетінің жинақталуы.
Ашық білім - білім алушының тұрғылықты жеріне тәуелсіз білімнің жалпыға бірдейлігі, оқудағы қолайлылық, оқытушы мен оқу мекемесін таңдау еркіндігі.
Қоғам элитасы - қоғам өмірінің түрлі аясында стратегиялық шешімдерді өзі қабылдайтын адамдар.
Білімнің фундаментализациясы - әмбебеп білімге бағыттылық, жалпы мәдениеттің қалыптасуы мен ойлай білуді дамыту, оқу курстарын құрылымдық және мазмұндық қайта өңдеу, оларды біріңғай білім алаңын жасау үшін келісу.
Интерактивті әдістер (ағыл. Interaction - динамикалық әсер ету) - педагог пен оқушының өзара әсер ету әдістері.
Оқыту әдістері - іс жүзінде мақсаттарды, міндеттерді, мазмұндарды, оқыту қағидасын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ой-пікірлерді іске асыратын тетіктер.
Тәжірибе - азаматтың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дәлірек айтсақ, адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық және т. б. нормалар.
Оқыту нысанасы (лат. forma - түр, оқыту ) - оқу-тәрбиелік үрдістің сыртқы түрі, қолданылу тәсілі және мазмұнының көрінісі.
Қашықтан оқыту - бұл қазіргі заманғы телебайланыс, электрондық пошта, теледидар және интернет көмегімен оқу мекемесіне қатыспай-ақ білімдену қызметтерін пайдалану. Қашықтан оқу қандай да себептермен білім иеленуге қол жеткізе алмай жүргендердің бәріне бірдей үйде отырып оқу мүмкіндіктерін ашады.
Оқытудың кредиттік технологиясы - өз білімін көтеру мақсатымен білім беру технологиясы және жеке негізде шығармашылық білім алу, оқу үрдісін белгілеу шеңберіндегі білім берудің жолын таңдау және кредит түріндегі білім алудың есебі.
Ғылыми техникалық төңкеріс - технологиялық өндіріс тәсілінің ауысуына әкелетін өндіріс техникасының салыстырмалы жылдам революциялық өзгеруі.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І БІЛІМ БЕРУ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Білім беру жүйесі - экономика ғылымының зерттеу нысаны ретінде . . . 5
1. 2 Білім берудің қоғамдық игілік ретіндегі әлеуметтік-экономикалық белгілері . . . 10
1. 3 Әлемдік білім беру жүйелерін салыстырмалы экономикалық талдау . . . 16
ІІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ МОДЕЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
2. 1 Білім беру жүйесінің құқықтық қамтамасыз етілуі . . . 21
2. 2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік білім беру саясаты: басымдықтары, негізгі бағыттары . . . 24
ІІІ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ОТАНДЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3. 1 Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы . . . 32
3. 2 Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін қаржыландыру мәселелері . . . 36
3. 3 Отандық білім беру жүйесін жаңашаландыру бағыттары . . . 40
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 45
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 47
ҚОСЫМШАЛАР . . . 49
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Бүгінде Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне ене отырып, өз алдына БСҰ-ға мүшелікке ену, әлемнің барынша дамыған 50 елінің қатарына қосылу, 2010 жылы ЕЫҚҰ-на төрағалық ету секілді маңызды міндеттер қойып отыр. Бұл мақсаттардың жүзеге асуы ең алдымен экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды талап тетеді. Тұтас экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің артуы өз кезегінде білім беру жүйесінде тұрақты дамуға қол жеткізуге байланысты. Білім берудің жаһандану жағдайында еліміздің интеллектуалды қорын дамыту деңгейі үлкен маңызға ие болып, ал білім беру сапасы ішкі саясаттың жетекші құралының бірі ғана емес, сонымен бірге еліміздің халықаралық мәртебесінің елеулі факторы болып табылады. Осыған орай қоғам өмірінің жаңа сапасының негізін құрайтын және елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің аса маңызды факторлары әрі базасы болып табылатын, қоғамдық даму деңгейінің өлшемдері ретінде, қазіргі білім беру жүйесінің, адам капиталының рөлі мен мәні арта түсуде.
Экономикамызды әртараптандыру кезеңі және БСҰ-ға кіруге бағытталып жатқан қадамымыз еліміздің негізгі салалары бойынша, соның ішінде әсіресе экономика, басқару және ақпараттық технологияға қатысты жоғары білікті мамандар даярлауды қажет етеді.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз Жолдауларының бірінде “Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет”, - деп айқын атап көрсетті. [1]
Жаңа ғылыми идеяларды шығармашылықпен қабылдай алатын және қазіргі заманғы озық технологияларды тиімді басқаратын бастамашыл мамандар даярлау ісі өзекті мәселелер қатарын құрайды. Бұл ретте кәсіби білім берудің мазмұны мен бағыты ұдайы дамудағы экономикалық ахуал мен жұмыс берушінің сұранысына сәйкес анықталып отыруы тиіс. Нәтижесінде межеленген Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыруды қамтамасыз ететін кәсіби-техникалық білікті маман даярлауға қолайлы жағдай қалыптасады.
Әлемдік білім кеңістігінің көш басында жүрген академиялық институттар мен ғылыми орталықтарды елімізге тарту үшін жасалған алғы шарттар ҚР-ғы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен үндес, бұл Елбасы саясатынын білім беру жүйесін ілгерілетудегі бірізділікті аңғартады.
Жаңа жүзжылдықтың басында елдегі экономикалық ахуалдың жақсаруы тұтастай алғанда білім беру жүйесіне оң әсерін тигізді. Жаңа мектептер салу ісі жандандырылды. Білім беру ұйымдарының материалдық - техникалық базасын нығайтуға қаражат бөліне бастады. Алайда бұл білім беру жүйесіндегі жағдайды түбірімен өзгертуге жеткіліксіз. Білім беру жүйесінің нарықтық экономиканың, ашық азаматтық қоғамның қажеттіліктерінен қалыс қалуы айқын көрініп отыр.
Білім беру жүйесіндегі мұндай жағдайдың негізгі себептері мыналар:
- Жүйеде білім берудің барлық денгейлерінде келеңсіз сәттерді тудыратын білім берудің сапасын субъективті түпкілікті бағалаудың басым болуы;
- Білім беру жүйесінің жаңа енгізілімдерді қабылдауға қауқарсыздығы және оқыту сапасының жүйесін енгізуге дәлелдемелердің болмауы;
- Материалдық-техникалық базаның, оқу лабораториялық жабдықтың, оқу және әдістемелік әдебиеттің қазіргі талаптарға сәйкес келмеуі.
Осы мәселелерді шешу жолдары диплом жұмысын зерттеудегі мақсаттар мен міндеттерді айқындап береді.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Адам капиталы теориясының бөлігі ретінде білім беру экономикасын ХХ ғасырда америкалық Т. Щульц, Г. Беккер, П. Друкер зерттеді. Одан өзге ұлттық білім беру саласын модернизациялау бағытындағы оқыту мен экономикалық тәрбие мәселелері, отандық экономист-ғалымдар Н. К. Мамыровтың, К. И. Нәрібаевтың, Я. Ә. Әубәкіровтың, Ө. Қ. Шеденовтың, М. Д. Есқалиевтің, Т. С. Сарбасованың, С. К. Жұмабаевтің, Ғ. Р. Дәулиеваның, Л. А. Бимендиеваның және Тайжанованың еңбектерінде зерттелініп келеді.
Диплом жұмысының әдіснамалық, теориялық және іс-тәжірибелік негізі . Білім беру экономикасы тақырыбына жазылған шетелдік және отандық монографиялық еңбектер мен оқулықтар, сондай-ақ оқу құралдары, шетелдік және отандық ғалымдардың диссертация жұмыстары мен ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференциялар материалдары, Қазақстан Республикасының Конституциясы және соған сәйкес Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар мен пактілер, ҚР Ұлттық Статистика Агентінің статистикалық деректері, ҚР БҒМ материалдары, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары, мерзімді басылым мақалалары зерттеудің әдіснамалық, теориялық сондай-ақ іс-тәжірибелік негізін құрайды. Зерттеу жұмысында дәстүрлі салыстыру, статистика-экономикалық талдау және логикалық талдау әдісі қолданылады.
Диплом жұмысының жариялылығы. Бітіру жұмысы кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Диплом жұмысының сынақталуы. Осы тақырыпта дайындалған жұмыс факультетте 2008 жылдың 3-4 желтоқсан аралығында өткен “Жаһандану жағдайындағы ұлттық экономиканың инновациялық дамуы” атты жас ғалымдар мен студенттердің IX-ші ғылыми-теориялық конференциясында І орынды иеленген.
I БІЛІМ БЕРУ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Білім беру жүйесі экономика ғылымының зерттеу нысаны ретінде
Жалпы білімнің жүйесі - қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп отырады. Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі. Сансыз көп теорияларда білім не еңбек тиімділігін арттырудың факторы, немесе ғылым және техникалық прогрестің қозғаушысы ретінде қаралып келді, бірақ барлық жағдайда да оған қосалқы, көмекші рол берілетін еді. Қоғамға білімді шындап бағалауға оған тек капитал ретінде қарау ғана көмектесті.
Осындай ұғымды біз сонау ХVІІІ ғасырдан кездестіреміз. Әйгілі Ағарту заманында Вольтер, Руссо, Дидро және Гельвеций білім мен ғылымның қоғам дамуындағы нағыз құдіретті күші туралы айтты. [2]
Соңғы екі жүзжылдықта классикалық саяси экономиканың көп экономистері білімнің қоғам дамуындағы орны, білімнің экономикалық аспектілері және оның әсер етуі жөнінде пікір білдіріп келеді.
Адам Смит білім негізін адам мінез-құлқын қалыптастырушы фактор ретінде алды. Ол білімді түрлі дарындарды дамытушы, саналуан мамандықтарды өмірге әкелуші, сол мамандықтарға сәйкес тауар түрлерінің өсіміне әкеледі деп санады. Білім қоғамдық капиталдың қайнар көзі ретінде саналып, ал оқу, үйрену негізінде қорланған білім мен әдет - ұлттық байлық құрамына енеді.
Смит білім саласындағы маңызды орынды мемлекет алдындағы жеке секторларға беріп, білім сапасын жақсарту тиімді бәсекеде орын алатынын білдірді. Мемлекеттік оқу орындарының тиімді қызмет көрсетуімен қатар, жаңалықтар ашу деңгейін де сынға алды. Мемлекеттік және жеке оқу орындарына деген пікірінде біріншісінің тиімсіз қызмет етуі соңғысының қызметін қиындататынын ескертті. Дегенмен сол кездің өзінде Смит мемлекеттің білім өндірісіне анықталған шекте ықпал ету қажеттігін көрсетіп берді. Бұл өз кезегінде еңбек бөлінісінің экстенсивті дамуындағы теріс әсерлердің нейтралдануына байланысты. Мемлекет еңбекке қабілетті адамдар арасында оқу үрдісін жылдамдатуды, яғни қарапайым халық ұйымдастыра алмайтын уақыт пен қажетті негіздерді қолына алуын атап көрсетті. Мемлекет арқасында бастауыш мектеп жүйесінің құрылымын құру мен азаматтар арасында білім алу үшін шығындарды бөлу іске асады. Бұл тек жұмыскерлер тобын біліммен қамтамасыз етуде айтылған пікірлер. А. Смиттің пікірінше мемлекет мектептерді ғимараттармен, сондай-ақ оқытушыларды жалақымен қамтамасыз етуге ықпал етсе, ата-аналар оқу орнының ағымдық шығындары мен олардың да оқытушылар еңбегіне ақы төлеуге қатысу мәселесін көтерді. Осылайша А. Смит шығындарды бөлуді білім беруден пайда көретін екі жаққа да тиімді жол деп осыны ұсынады. А. Смит білім беру жүйесіне сырттан келетін қосымша қаржы көздерін (қайырымдылық секілді) қарастырмаған. Жалпыға бірдей бастауыш білім идеясын көтермесе де, қосалқы бастауыш біліммен жаппай қарулану қажеттігін айтады. Өз ісін бастамашыларға, болмаса ұйымдарға жұмыс іздеп келушілердің дағдылары мен білімін тексеру жүйесін ұйымдастыруды ұсынады.
Джон Стюарт Милль білімді ұлттық, жекелік, әлеуметтік, моралдік, саяси және экономикалық дамудың маңызды факторы деп қарастырады. Білім алудан келетін пайда экономикалық терминдерде қолданылатын болғандықтан, білім үшін шығын капитал салумен теңестіріледі. Сол кездің өзінде білімнен келетін пайданың өндіруден артық, сол өндірудің көзі болатындығын түсіндіреді. “Жұмыскерлер меңгерген білім, бұл табиғи монополия” деп көрсетеді. Негізінде неғұрлым оқыған, білімді барынша меңгерген жұмыскерлердің жоғары жалақылы жұмыс орындарына жол табатыны жатыр. Осымен байланысты қоғамның барлық топтарына білім алуға тиімді жол ашу қажеттігін маңызды деп көрсетеді. Көрсетілген мәселенің шешімін білімнің қанағаттанарлық сапасы мен көлемінен іздеді. Іс-әрекетінің сапасы мемлекеттің қатысуымен бақылауда болатын көп емес ірі оқу орындарын құруды ұсынған Милль А. Смит секілді мемлекеттік оқу орындарының іс-әрекетіне қарсы болды. Дегенмен, мемлекеттік және жеке оқу орындарына мемлекеттік бақылаудың болуын талап етті. Бұл бақылау жеке тұлғаның еркіндігіне нұқсан келтіретін іргелі қағидаға қарсы келгенімен, білім жүйесі рыноктық механизмдер арқылы реттеле алмайтынын, яғни тұтынушы білім беру қызметтеріне төлем қабілетсіздігін, сондай-ақ ол қызметті бағалауға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауымен түсіндіреді. Сондай-ақ ол “білімсіз адам білім беру үрдісін бағалай алмайтындығын” атап көрсетті. Осымен байланысты Дж. С. Милль мемлекеттің білім жүйесіне әсерін нақтылап береді. Бірақ Дж. С. Милль білім беру қызметін тек мемлекеттің көрсетуіне қарсы болып, сол қызметтің тек бастапқы сатылары ғана емес, неғұрлым тереңдеген сайын тегін көрсетілуі тиіс, ал тегін бастауыш білім қызметін мемлекет тек аз қамтылған азаматтарға көрсетуі тиіс деген пікір айтады.
Жалпы автор білім беру жүйесін мемлекеттің қолдауы туралы политэкономия классиктерінің пікірін, білім беру жүйесін толықтай мемлекеттендіру туралы ұсыныс секілді түсінуге жатпайтынын айтады.
1832 жылдан бастап бастауыш мектептерді қолдау мақсатында мемлекеттен бөлінетін жыл сайынғы субсидияны енгізу экономисттер арасында тегін білім беру жүйесін құру секілді ойлар туғызды. Сол уақытта Дж. С. Миллдің білім беру жүйесіне жеке секторларды енгізу және сол салада бәсекелестікті дамыту туралы ашық пікір білдірді. Оқытушылардың еңбегін бағалау, олардың іс-әрекеттерінің нәтижесіне байланысты болуын және бұл сонымен қатар мемлекеттік оқу орындарында қызмет еттіндерден тыс қалмауы тиіс екенін айтты.
Альфред Маршалл - ХІХғ аяғы - ХХ ғ. І жарты жылдығындағы танымал экономисттердің бірі- білім экономикасына байланысты коптеген пікірлердің иесі. Білімнің жеке тұлға үшін маңызын қарастыра отырып, қоғамда жалпы білім беру ісін дамытуға атсалысты.
ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында техникалық білімге көп көңіл бөлінгеніне қарамастан, А. Маршалл білім беруді шектен тыс мамандандыруға қарсы болды. Себеп жұмыс берушілердің уақыт ағымына байланысты өзгерістерге бейімделу мүмкіндіктерінің төмендігінде еді. Ал қоғамдық білімнің маңызы жеке тұлғаның интелектуалдық мүмкіндіктерін шыңдап қана қоймай, жұмыс күшінің әлеуметтенуіне, жағымды мінез-құлқының қалыптасуына көмектесетінін айтты.
“Сауда және өндіріс” атты еңбегінде белгілі өндіріс ошақтарының экономикалық үрдісіндегі білімнің орны туралы айтады. Индустрияланудың жаңа талаптары жалпы моралдік, интелектуалдық біліктіліктерді, күрделі өндіргіш іс-әрекеттерді дамытуға бағытталған, ал тек элиталы қоғамда өмір сүру маңызын жойғанын айтады.
Жұмыс күшін даярлауға, оларға арнайы білім беруді қоса алғанда, кететін шығынды тікелей өндірістік инвестициялаумен байланыстырмаса да, білім беру үрдісін қаржыландыруды сол салаға салынған ұзақ мерзімді инвестиция деп санады. А. Маршалл білімге деген қызығушылық түрлі құштар түрткілерден бастау алады, ол жерде ешқандай экономикалық мақсат алғашында көрінбейтіндігін айтады.
Классикалық политэкономияның интелектуалдық дәстүрін жаңартып, рыноктық тақырыпта білім экономикасын талқылаған америкалық экономист Милтон Фридман болды. Ол білім беру жүйесіне мемлекеттің қатысуын шектеу қажеттігін дәлелдеуге ұмтылды. Ол ХІХғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы білім беру жүйесіндегі мемлекет рөлінің басыңқылығы білімді нақты ұлттандыруға әкелетінін айтты. АҚШ-та, өзінің “Капитализм және еркіндік” атты еңбегінде білім беру жүйесіндегі мемлекет рөлі жалпы құндылықтарды жандандыратын құрал және жалпыға міндетті білімді дамыту үшін азаматтық құқықты іске асырушы ретінде көрінуі тиіс деп жазды. Сөз жеке тұлғаның өнімділігін жоғарлатуға байланысты арнайы білім беру жайында болса, онда мемлекет рөлінің қажетсіздігі байқалады. Егер жеке тұлға осындай арнайы білім негізінде әл-әуқатын жақсартса, ол осы жолда негізгі шығынды көтеруі тиіс. [3]
АҚШ-тағы мемлекет рөлінің мектеп деңгейіндегі әсерінен жоғары білімдегі ықпалы төмен болғандықтан, Фридман студенттерге ваучерлік көмекпен қаржылық қолдау көрсетуді ұсынады. Ваучерлік жүйе оқу орындарының арасында бәсекелестікті арттырады, мемлекеттен бөлінген қаржыны неғұрлым тиімді пайдалануға әкеледі делінген. Бұл негіздер соңғы екі онжылдықта рыноктық бәсекеге және жоғары білімнің заңдастырылуына үлес қосып жүрген саясаткерлер мен оқымыстылардың зерттеу нысаны болып келеді.
Осындай салыстырмалы ой пікірлер нәтижесінде экономикалық қатынастардағы білім ролін экономикалық теорияның екі маңызды бағыты А. Смит (классикалық экономикалық теория) пен К. Маркс (өндіріс шығындарының теориясы) арқылы нақтыланды.
Карл Маркс берілген салада экономикалық қатынастарды бағалаудың тиімділігін жұмысшылардың біліміне шығынды өндірістік сипаттан бөлек қарастыра отырып, жұмысшылардың екі ірі тобын бөліп көрсетті: оқыған (күрделі квалификациялық еңбекке жарамды) және оқымаған (қарапайым, квалификацияланбаған) .
Соңында өндіріс шығындарының маркстік теориясы білімдегі экономикалық қатынасқа байланысты екі теориялық бағыттың негізі болды: білімді капитализмнің эволюциялық даму этапындағы мәселелермен теңестіре бағалаған кейнсиандық және жоспарлы топтық-ұйымдық теория концепциясын дамыту мақсатындағы кеңес экономикалық теориясы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz