Қазақстан республикасының банктері



1. Қазкоммерцбанк
2. Тұранәлем банкі
3. Қазақстан халық банкі
4. Альянс банк
5. Қазақстан республикасының ұлттық банкі
6. Цеснабанк
1990 жылы құрылған Қазкоммерцбанк қазіргі уақытта активі, несие қоржыны және пайда мөлшері бойынша ірі жекеменшік қаржы институты болып табылады. Мысалы, 2005 жылғы 31 желтоқсандағы қаржылық есеп-қисаптың халықаралық стандарттары бойынша есептелген банк активтері 1,195 триллион теңгеге (8,9 млрд.$) теңесті. Ал осы көлемнің 60%-н (5,4 млрд. $) қарыз «қоржыны» алады. 2005 жылы банк 20,563 миллиард теңге мөлшерінде (154,7 млн. $) пайда тапты. Бұл бір акцияға есептегенде 51,17 теңгені құрайды. Ал банктің меншік капиталы 2005 жылы 87,4 миллиард теңгеге дейін (652,1 млн. $) артты.Банктің негізгі қызметі дәстүрлі депозиттер қабылдау, теңге мен шетел валютасында қарыз бен несие беру болып табылады. Банк сонымен бірге клиенттердің дебеттік және кредиттік карточка, инкассация сияқты төлемдерін, сондай-ақ, бөлшек сауда банкингі сияқты ағымдағы шоттарына қызмет көрсету бойынша қызметтердің кең спектрін ұсынады. 2006 ж. 1 шілдедегі жай-күйі бойынша, Банк бас офистен басқа, Қазақстандағы 22 әмбебап филиалға және 69 операциялық бөлімшеге иелік етеді (ОБ ұғымы бұрынғы КЕБ пен БҚО-ны біріктірді).
Банк VISA және Europay/MasterCard (Cirrus/Maestro карточкаларын қосқанда) халықаралық жүйенің кредиттік және дебеттік карточкаларын шығарады. 2005 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша Банк шығарған 409 960 карточка айналыста болды. Сондай-ақ, Банк American Express және Diners Club карточкаларын тарату жөніндегі уәкілетті агент болып табылады. 2001 жылы қазақстандық банктердің ішінде бірінші болып Қазкоммерцбанк магниттік лента мен чип құрамдастырылған смарт-карталар, ал 2005 жылы тағы да бірініші болып GoCard несиелік бонустық карталарын шығарды. Банк, сондай-ақ, Қазақстанда өз клиенттеріне қаржылық порталдар арқылы оқшауланған банктік қызметтер көрсету бойынша жетекші банк болып табылады: Homebank.kz – жеке тұлғалар үшін, Onlinebank.kz – заңды тұлғалар үшін.
«ТұранӘлем Банкі»АҚ қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ - Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 24,0 млрд., ал банктің меншікті капиталы 2,97 млрд. АҚШ долларына жетті. ТұранӘлем Банкі Қазақстанда саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. 2007 жылы ТМД-дағы банктің активтерін топтастырып, дейін 50 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу көзделген. Банк географиялық әртараптандыру мен банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, негізгі көрсеткіштерін тұрақты және қарқынды дамытуды көздейді.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ — өз клиенттерінің игілігі үшін 80 жылдан астам уақыт табысты қызмет етіп келе жатқан Қазақстан Республикасындағы аса ірі әмбебап коммерциялық банк, еліміздегі ең сенімді әрі қызметі барынша сараланған қаржылық құрылымдардың бірі.

«Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамы бұрынғы Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің негізінде қайта құрылды және біраз жылдар бойы ҚР Үкіметінің зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі агенті болып келді. Активтері мен меншікті капиталының көлемі жағынан Халық банкі Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі ірі банктердің үштігіне кіреді. 2007 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Банктің активтері 1,27 трлн. теңге, міндеттемелері – 1,13 трлн теңге, меншік капиталы (баланстық) – 132 млрд теңге, жарғылық капиталы 65,6 млрд теңгені құрады.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗКОММЕРЦБАНК
1990 жылы құрылған Қазкоммерцбанк қазіргі уақытта активі, несие
қоржыны және пайда мөлшері бойынша ірі жекеменшік қаржы институты болып
табылады. Мысалы, 2005 жылғы 31 желтоқсандағы қаржылық есеп-қисаптың
халықаралық стандарттары бойынша есептелген банк активтері 1,195 триллион
теңгеге (8,9 млрд.$) теңесті. Ал осы көлемнің 60%-н (5,4 млрд. $) қарыз
қоржыны алады. 2005 жылы банк 20,563 миллиард теңге мөлшерінде (154,7
млн. $) пайда тапты. Бұл бір акцияға есептегенде 51,17 теңгені құрайды. Ал
банктің меншік капиталы 2005 жылы 87,4 миллиард теңгеге дейін (652,1 млн.
$) артты.Банктің негізгі қызметі дәстүрлі депозиттер қабылдау, теңге мен
шетел валютасында қарыз бен несие беру болып табылады. Банк сонымен бірге
клиенттердің дебеттік және кредиттік карточка, инкассация сияқты
төлемдерін, сондай-ақ, бөлшек сауда банкингі сияқты ағымдағы шоттарына
қызмет көрсету бойынша қызметтердің кең спектрін ұсынады. 2006 ж. 1
шілдедегі жай-күйі бойынша, Банк бас офистен басқа, Қазақстандағы 22
әмбебап филиалға және 69 операциялық бөлімшеге иелік етеді (ОБ ұғымы
бұрынғы КЕБ пен БҚО-ны біріктірді).
Банк VISA және EuropayMasterCard (CirrusMaestro карточкаларын қосқанда)
халықаралық жүйенің кредиттік және дебеттік карточкаларын шығарады. 2005
жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша Банк шығарған 409 960 карточка
айналыста болды. Сондай-ақ, Банк American Express және Diners Club
карточкаларын тарату жөніндегі уәкілетті агент болып табылады. 2001 жылы
қазақстандық банктердің ішінде бірінші болып Қазкоммерцбанк магниттік лента
мен чип құрамдастырылған смарт-карталар, ал 2005 жылы тағы да бірініші
болып GoCard несиелік бонустық карталарын шығарды. Банк, сондай-ақ,
Қазақстанда өз клиенттеріне қаржылық порталдар арқылы оқшауланған банктік
қызметтер көрсету бойынша жетекші банк болып табылады: Homebank.kz – жеке
тұлғалар үшін, Onlinebank.kz – заңды тұлғалар үшін.
Банк орташа және ірі қазақстандық және Қазақстанда өз қызметін жүзеге
асыратын халықаралық бірлестіктерге түрлі өнім мен қызметтер ұсынады;
сауда, жобалық қаржыландыру, инвестжобаларды қаржыландыру, активтерді
басқару, сондай-ақ, қысқа мерзімді несиелеу мен басқа да жалпы банктік
қызметтерді қосқанда. Банк өз саясатына сәйкес, жоғары өтімділік деңгейін
қолдау мақсатында, әдетте, корпоративтік клиенттер үшін 18 айға дейінгі
орташа мерзімге несие, сондай-ақ, қазіргі уақытта ресурстарына байланысты
ұзақ мерзімді қаржыландыру ұсынады. Банк Қазақстандағы өзінің негізгі
клиенттері үшін шетелдік банктермен бірлестірілген несиелер ұйымдастырады
және Ресей мен Қырғызстанның ірі корпоративтік клиенттерін қаржыландырады.
Қазкоммерцбанктің 12.09.2005 ж. жай-күйі
бойынша кредиттік рейтингілері
Атауы А ғымдық рейтинг
Fitch
Ұзақ мерзімді BB
Жеке CD
Қысқа мерзімді B
Заңды 4T
Moody’s
Депозиттер бойынша ұзақ Ba1
мерзімді
Қысқа мерзімді D
Standard & Poor’s
Ұзақ мерзімді BB
Қысқа мерзімді серіктес B
Рейтинг туралы пікір Stable

ТҰРАНӘЛЕМ БАНКІ

ТұранӘлем БанкіАҚ қаржы нарығының барлық сегменттеріне қатысатын
негізгі қаржы тобын құрайды. ТӘБ - Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД
елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 24,0 млрд., ал
банктің меншікті капиталы 2,97 млрд. АҚШ долларына жетті. ТұранӘлем Банкі
Қазақстанда саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру,
ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. 2007
жылы ТМД-дағы банктің активтерін топтастырып, дейін 50 млрд. АҚШ долларына
дейін жеткізу көзделген. Банк географиялық әртараптандыру мен банк
өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, негізгі көрсеткіштерін тұрақты және
қарқынды дамытуды көздейді.

ТӘБ-те бүгінде: шамамен 750000 клиенттері; Қазақстан бойынша 22 филиалдар
мен 256 есеп-айырысу бөлімдері; Украинада, Ресейде, Біріккен Араб
Эмираттарында және Қытайда халықаралық өкілдіктері бар; Ресейде,
Украинада, Беларуссияда, Қырғызстанда, Арменияда, Грузияда 9 коммерциялық
банктер – стратегиялық әріптестері бар.

ТӘБ халықаралық рейтінгілер агенттігімен бағалайды.

Standard & Poor's

Ba1 Шетел валютасындағы ұзақ мерзімді депозиттер
Not Шетел валютасындағы қысқа мерзімді депозиттер
prime
D Қаржылық тұрақтылық рейтингі
Тұрақты Рейтинг болжамы
Standard and Poor`s
B В+ Контрагенттің ұзақ мерзімді рейтингі
B Контрагенттің қысқа мерзімді рейтингі
Тұрақты Рейтинг болжамы
Fitch Ratings
BB+ шетел валютасындағы эмитенттің дефолт ұзақ мерзімді
рейтингі
B шетел валютасындағы қысқа мерзімді рейтинг
CD Жеке рейтинг
3 Қолдау рейтингі
Тұрақты Ұзақ мерзімді рейтингке болжамы

АЛЬЯНС БАНК
Бүгінгі күні Банк бес жыл бұрын алдына қойған мақсаттар мен міндеттерге
сәтті қол жеткізді деп сеніммен айтуға болады. Қазір Альянс Банкі банктік
қызметтер рыногында оң орындар алады және халық арасында танымалдылыққа ие.

Бұрын банкіміз қарқынды өсу стратегиясына сәйкес дамыса, қазіргі кезде
Альянс Банкінің стратегия векторы алған орындарды сақтап қалып және
жақсарта отырып, кірістілік пен жұмыс сапасын арттыру жағына қарай
өзгеруде.
Корпоративті кредит беру және ШОБ субъектілеріне кредит беру бөлігінде
пайыздық және пайыздық емес кірістерге бөле отырып, операциялардың
жиынтықты орташа кірістілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Бөлшек
кредит беру бағытында банк көшбасшылық орындарды сақтауға, кредиттік
карталар арқылы кредит беру үлесін біртіндеп ұлғайтып, кредиттік өнімдерді
сату көлемін ұлғайтуға бағытталған.
Карточкалық бизнесті дамытуға бағытталған өткен жылғы әзірлік шараларының
нәтижелері Банктің төлем карталары рыногында сәтті дамуын болжауға
мүмкіндік береді. Карточкалық бизнесті дамыту шеңберінде банкоматтар мен
POS-терминалдар желісін бұдан былай кеңейту, банкоматтарда карта
ұстаушыларға ұсынылған қызметтерді кеңейту болжанады.
Осылайша, Альянс Банкі қазақстандық төлем технологиялары рыногында жаңа
биіктікке жетуді жоспарлап отыр, бұл клиенттерге жаңа және қызықты өнімдер
мен қызметтер (кредиттер, депозиттер, аударымдар, шотты басқару, т.б.)
ұсынуға мүмкіндік береді.
Бизнесіміздің даму қарқындарына жауап беретін, Infosys компаниясының
заманауи, өндіргіштігі жоғары, кең ауқымды, технологиялық Finacle
платформасына өтуге ерекше көңіл бөлінуде. Аталған платформа банк ұсынатын
қызметтер сапасын жақсартып, банк ішіндегі өзара әрекет тиімділігін
арттыруға және шығындар мен шығыстарды азайтуға мүмкіндік береді.
Депозиттер тарту рыногындағы басты міндет депозиттік өнімдер бойынша
тартымды шарттар есебінен халықтың депозиттер көлемі, желіні кеңейту және
сапалы қызмет көрсету бойынша көшбасшылардың бірінші үштігіне кіру болып
табылады.
Бүгін Банк жетекші рейтингтік агенттіктер тарапынан берілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Депозит және депозиттік салымдарды кепілдендіру туралы түсінік
Банктерді ерікті және еріксіз қайта құру
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптастыруы
Дамыған мемлекеттердің орталық банктерінің функциялары
Қазақстан Республикасы ислам қаржы жүйесіне ислам банкінің енгізудің тиімділігі
Банк жүйесінің дамуы
Банктің басқармасы
Қазақстан Республикасының төлем жүйесі
Несие жүйесінің түсінігі
Электрондық банктік қызметтерді көрсету талаптары
Пәндер