Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталу



Ж о с п а р

Кіріспе

I Қаржы туралы ғылым.

1.1 Коммерциялық шаруашылық жүргізуші
субьектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері

1.2. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары

1.3 Қаржы жүйесінің мәні

II Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталу

2.1 Мемлекеттің қаржылық қызметі

2.2 Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы

Қорытынды”

Пайдаланған әдебиеттер
К і р і с п е
Қаржы туралы ғылым оқу курсы ретіндегі “Қаржының” теориялық базасы болып табылатын экономикалық теорияның /саяси экономиканың / негіздері.Ол тауар - ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты мақсаты болып табылатын ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты функциялары туралы негізделеді.
Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдалануы қаржының обьектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа ұйымдары оның субьектілері болып табылады.
Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерттеу кезінде танып білудің негізгі әдісі – материалистік диалектикалық – тарихи әдіс қолданылады, ол нақты тарихи жағдйларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде болжауды зерттейді.
“ Қаржы” курсы теориялық курсы мен және “Корпарациялық қаржы”, “Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары” сияқты арнаулы оқу пәндерімен тығыз байланысты.
Сондықтан бұл пәнді ойдағыдай оқып алған білімді қаржылық жұмыстың практикасында қолдануға мүмкіндік береді және жоғарыда пәндерді тез ұғып алуды жеңілдетеді.
“Қаржы” - арнаулы пән қаржы қатынастарының теориясын зертейтің бұл курстың мақсаты – қаржы котегорияларын, ұғымдарын, терминдерін ұғып алуда, әлеуметтік – экономикалық процестеріндегі маңызы мен орнын біліп алудағы студенттердің теориялық және практикалық жағынан жұмысын қамтамасыз ету” сонымен бірге қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс - әрекетін және оның қоғамның әлеуметтік - экономикалық дамуының нақтылы жағдайларында қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізу пәннің міндеті болып табылады.
“Қаржы” курсының құрылымы, оның тақырыптары мен сұрақтарын құрау дәйектілігі қаржы теориясы туралы ғылымның мазмұны мен және оның міндеттерімен айқындалатыны белгілі.Осыған байланысты оқулықтың мазмұнын “Қаржы туралы жалпы ұғым және оны басқарудың негіздері”, “Мемлекеттің қаржысы”, “Қаржы жүйесінің мәні” деген сияқты.
Оқулық кафедраның “Қаржы” пәнінің оқу-әдістемелік әзірлемелері негізінде әзірленеді және оның құоылымы “Қаржы және кредит” мамандығы бойынша білім беруде.
Пайдаланған әдебиеттер

1 Құлпыбаев С және басқалары.Қаржы теориясы.Оқу құралы. – Алматы” Мерей 2001
2 Қлиясов Қ.Қ. Құлпыбаев С Оқулық. – Алматы 2003
3 Сеиітқасымов Ғ.С Ақша несие банктер” Оқулық – Алматы” Экономика 2005

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Ж о с п а р

Кіріспе
I Қаржы туралы ғылым.

1.1 Коммерциялық шаруашылық жүргізуші
субьектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері

1.2. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары

1.3 Қаржы жүйесінің мәні

II Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталу

2.1 Мемлекеттің қаржылық қызметі

2.2 Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы

Қорытынды”

Пайдаланған әдебиеттер

К і р і с п е
Қаржы туралы ғылым оқу курсы ретіндегі “Қаржының” теориялық
базасы болып табылатын экономикалық теорияның саяси экономиканың
негіздері.Ол тауар - ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты мақсаты
болып табылатын ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты
функциялары туралы негізделеді.
Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы,
қозғалысы және пайдалануы қаржының обьектісі, ал қоғамдық өмірдің
ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік
және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және
басқа ұйымдары оның субьектілері болып табылады.
Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерттеу кезінде танып білудің
негізгі әдісі – материалистік диалектикалық – тарихи әдіс
қолданылады, ол нақты тарихи жағдйларды ескере отырып, қаржы қатынастары
мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде
болжауды зерттейді.
“ Қаржы” курсы теориялық курсы мен және “Корпарациялық қаржы”, “Қаржы
жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары” сияқты арнаулы оқу
пәндерімен тығыз байланысты.
Сондықтан бұл пәнді ойдағыдай оқып алған білімді қаржылық жұмыстың
практикасында қолдануға мүмкіндік береді және жоғарыда пәндерді тез
ұғып алуды жеңілдетеді.
“Қаржы” - арнаулы пән қаржы қатынастарының теориясын зертейтің бұл
курстың мақсаты – қаржы котегорияларын, ұғымдарын, терминдерін ұғып
алуда, әлеуметтік – экономикалық процестеріндегі маңызы мен орнын біліп
алудағы студенттердің теориялық және практикалық жағынан жұмысын
қамтамасыз ету” сонымен бірге қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара
байланысы мен өзара іс - әрекетін және оның қоғамның әлеуметтік -
экономикалық дамуының нақтылы жағдайларында қолданудың әдістерін
түсінуге қол жеткізу пәннің міндеті болып табылады.
“Қаржы” курсының құрылымы, оның тақырыптары мен сұрақтарын құрау
дәйектілігі қаржы теориясы туралы ғылымның мазмұны мен және оның
міндеттерімен айқындалатыны белгілі.Осыған байланысты оқулықтың мазмұнын
“Қаржы туралы жалпы ұғым және оны басқарудың негіздері”, “Мемлекеттің
қаржысы”, “Қаржы жүйесінің мәні” деген сияқты.
Оқулық кафедраның “Қаржы” пәнінің оқу-әдістемелік әзірлемелері негізінде
әзірленеді және оның құоылымы “Қаржы және кредит” мамандығы бойынша
білім беруде.
Қазақстанның мемлекеттік қаржысының құрамы

1.1 Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысын
ұйымдастырудың негіздері.
Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субьектілер табыс алу мақсатында
құрылады.Олар өзінің қызметін мынандай нысандарда жүзеге асыра алады
”мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар”” шаруашылық қоғамдар мен
серіктестіктер ((өндірістік кооперативтер.Коммерциялық негіздерде
материалдық өндіріс сфералар кәсіпорындарының басым бөлігі және
материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелердін едәуір бөлігі жұмыс
істейді” коммерциялық банктер, сақтық ұйымдары, қаржы секторларынын басқа
мекемелері ( жинақ ақша - депозит мекемелері, инвестициялық қорлар, қор
биржалары, бағалы қағаздар рыногы мен ақша - кредит рыноктарына қызмет
көрсететін әр түрлі мекмелер``, сауда - делдалық кәсіпорындар, ерікті
қөғамдық қорлар,трасттық компаниялар және басқалары.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы қаржы жүйесінің
маңызды сфераларының бірі ретінде құн түріндегі ЖІӨ-жасалуы және
пайдалану процестерін қамтиды.Олар негізінең ЖІӨ мен ҰТ жасалатын
материалдық өндіріс сферасында іс - әрекет етеді.Сондықтан коммерциялық
кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы материалдық өндіріс кәсіпорындары
қаржысының мазмұнымен және оларды ұйымдастырудын қағидаттарымен бірдей
болып келеді.
Коммерциялық кәсіпорындармен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік
капиталдарды қалыптастыру, өнім өндіріп оны өткізу, меншікті қаржы
ресурстарын жасау.Қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу
және пайдалану процесіндегі экононмикалық процестерді айтады.
Мұндай экономикалық қатынастарды жиі ақша немнсе қаржы қатынастары
деп атайды.
Қаржы атынастары ақша қатынастарының бір бөлігі болып саналғанымен ол
ақша қозғалысы кезінде ғана пайда болады және орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастырып, пайдалану мен
қосарлана жүретінндігін атап көрсеткенбіз.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру
белгілі қағидаттарға негізделген, олардың қатарына мыналар жатады
”коммерциялық - шаруашылық есеп (қаржылық қызмет саласындағы дербестік
өзін - өзі өтеу, өзін - өзі қаржыландыру, қаржы - шаруашылық қызметінің
қорытындысына ынталылық, онын нәтижелері үшін жауаптылық, кәсіпорынның
қызметіне бақылау жасау”
Жоспарлық””

Меншіктің барлық нысандарының теңдігі”

1 коммерциялық ”шаруашылық” есеп - кәсіпорындар мен ұйымдардың
шаруашылық – қаржы қызметін жүргізудің негізгі алынатын қағидаты және
басты әдісі.Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпорынға оның қызметі үшін
оның жарғылық капиталын құрайтын қажетті негізгі және айналым құралдары
”капиталы” тұрақты пайдалануға бөліп берілетінің білдіреді.Шаруащылықты
жүргізүдін әдісі ретіндегі коммерциялық есеп қағидаты шығындарды
шаруашылық қызметтен алынған табыспен өлшеуде және табыс алуды талап
етеді.
Қаржы резервтерінің болуы.

Коммерциялық есептің өзіңдік ерекшелігі

Шаруашылық жүргізүші субьектілердін қаржылық тәуелсіздігі болады”
Қаржы қатынастары мемлекет тарапынан болатын майда реттемелеуден бос
болады”
Қаржы қатынастары субьектілерінің жұмыстың нақты нәтижелері және
міндеттемелердін уақтылы орындалуы үшін нақтылы экономикалық
жауапкершілігі болады”
Коммерциялық есеп жағдайында шаруашылық жүргізуші субьектілердің
банктермен,сақтық ұйымдары мен және мемлекетпен көптеген өзара қарым-
қатынастары қалыптасады.
Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпкерлікнысанында іске асырылады.
Нарықтық қатынастардың дамуы меншіктің барлық нысандарының теңдігі
қағидатын,мүлікке иеліктің бостандығын және қызмет сфераларын таңдауды іске
асырудың негізінде шаруашылық бастамаға және азаматтардың кәсіпкершілігіне
жағдайлар жасайды.
Коммерциялық есептің айқындаушы қағидаттары өзін-өзі өтеушілік пен өзін -
өзі қаржыландыру болып табылады.
Өзін - өзі өтеушілік - шаруашылық жүргізудің негіз қалаушы қағидаты, ол
кәсіпорынның өз өнімін орындалған жұмыстарды.Көрсетілген қызметтерді
өткізуден түсетін түсім - ақша есебінен оны өндіру және жеткізілім
жөніндегі бүкіл шығындарды өтеуде білдіреді.
Өзін-өзі өтеушіліктін төменгі шегі-залалсыздық, яғни кірістер мен
шығыстардың сандық теңдігі шығындарды өзін-өзі өтеушілікке жету-
кәсіпорынөнім өндіруді игеру, шаруашылық процестерді күйіне келтіру,
нарықтық ортаға бейімделу кезіңдегі кәсіпорын қызметінің бастапқы кезеніңің
мақсаты.Нарықтық қатынастар жағдайында жақсы даму перспективасы бар немесе
басым маңызы бар шаруашылықтар сыртқы қолдауды пайдалана алатындықтан
кәсіпорын рентабелді жұмыс істеуі тиіс””
біріншісінде - жағдайда олардың кредит ресурстарын пайдалану,
екіншісінде - бюджеттік қаржыландыру пайдалану мүмкіндігі бар.
Жеткізушілер - банктер, бюджет әр түрлі несиегерлер тарапынан кәсіпорынға
қойылатын талаптар мен міндеттемелерді кәсіпорынның уақытында
қанағаттандыруға төлем қаражаттарының жетіспеуімен байланысты тұрақты
қабілетсіздігі кезінде белгілі бір рәсімдерді ” сауықтыруды, қайта
ұйымдастыруды, тәуелсіз басқаруға беруді, сатуды немесе таратуды қолданумен
кәсіпорын заңмен белгіленген тәртіппен банкрот деп жарияланады.
Өзін - өзі қаржыландыру – нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың
шаруашылық қызметінің табысты болуының міндетті шарты.Бұл қағидат өнім
өндіру мен кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасын ұлғайту жөніндегі
шығындардың толық өтелуіне негізделеді, ол әрбір кәсіпорын өзінің
ағымдығы және курделі шығындарын меншікті көздері есебінен жауып
отыратындығын білдіред. Қаражаттардын уақытша жетіспеушілігі кезінде
қалған деген қажеттілік банктің қысқа мерзімді несиелері мен
коммерциялық несие есебінен ағымдағы шығындарға пайдаланылады және
ұзақ несие мерзімді есебінен күрделі жұмсалымға пайдаланылады
қамтамасыз етілуі мүмкін.Олар кәсіпорынның қарамағында қалатын айданың
есебінен өтелінеді.
Нарықтық экономика мен жекешелендірү процестерінің дамуы жағдайында
өзін - өзі қаржыландыру қағидатын қамтамасыз етуге акционерлік
капиталды бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен пайыздарды.Қаржы
операцияларынын алынған табысты пайдалану қол жетеді.
Бюджеттік және салалық қаржы көздері өзінің маңызың жоғалтты, және
олар негізінен экономиканын құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыруға
конверсияға қолданылады.
Өзін - өзі қаржыландыру кәсіпорындардың толық қаржы дербестігімен
және жауапкершілігімен тығыз байланысты.Оларға өздерінің меншікті
ресурстарын өз бетінше ұйымдастырып басқаруға, тартылатын және қарыз
қаражаттарын іздестіріп, айналымға салуға құқық берілген.Мемлекет
кәсіпорындардың қаржы ресурстарын қайта бөле алмайды.Қаржы қатынастарын
мемлекет тарапының реттеу бюджетке салық алудың, амортизациялық қорды
қалыптастырудың, валюталық түсім - ақшаны бөлудің, бағалы қағаздардың
өткізудің, шығындарды өзіндік құнға жатқызудың және т.б жүйесі мен
тәртібі белгілі арқылы жүзеге асырылады.
Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы бюджет, қорлар алдындағы
міндетті орындамағыны үшін заңнамада белгіленген қаржы санкцияларынын
жүйесімен анықталған.Бұдан басқа, кәсіпорындар өздерінің міндеттемелері
бойынша меншікті мүлкімен жауапты болады.
Кәсіпорындадың қаржылық жауаптылығы кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру
жүйесімен кәсіпорындардың қаржы ресурстарында сақтық компанияларынан
түсетін сақтық төлемдердің рөлінің артыруымен күшейіп келеді.
Нарықтық экономика меншіктің әр түрлі түрлеріне негізделген сан алуан
ұйымдық - құқықтық нысандар кәсіпорындардың қалыптасуын және дамуын,
жаңа меншік иесінің , жеке азаматтардың, сондай - ақ кәсіпорындар
еңбек ұжымдарының пайда болуын қажет етеді.Бұл-маңызды алғышарт және
қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижелеріне мүдделіктің себебі.Бұл
қағидатты іс жүзінде жүзеге асыру кәсіпорындарға берілген және
мемлеекттің қолданусыз өзінің шығындарын қаржыландыру қажеттігіне ғана
байланысты емес, сонымен қатар салықтарды төлегеннен кейін кәсіпорын,
ұйым, фирма қарамағында қалатын пайданың үлесіне де байланысты.
Шаруашылық қызметінің нәтижелігіне мүдделік бірдей дәрежеде
кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдарына, жеке қызметкерлерге әне жалпы
мемлекетке тәң нәрсе.Бұл қағидатты іске асыру лайықты еңбек ақы
төлеумен, мемлекеттін оңтайлы салық саясатымен таза табысты тұтыну мен
қорланмға бөлуде экономикалық жағынан негізделген үйлесімдерді сақтаумен
қамтамасыз етілуі мүмкін” кәсіпорындардың ұжымдарын қаржылық
ынталандырудың қуатты тұтқасын олардың өздері тапқан қаражаттары
есебінен әлеуметтік-мәдени мақсаттарға жұмсалатын шығындар болып
табылады.
Қаржылық жауапкершілік пен мүдделік – бір процестің - шаруашылық
жүргізудің тиімділігін арттырудың ынталандырмаларын жасау мен іске
асыру процесінің екі жағы.
Сөйтіп, екі экономикалық категорияның – экономиканың негізгі буыны
кәсіпорын, ұйым, басқа шаруашылық субьектісі сфеарасындағы қаржы мен
коммерциялық есептің өзара байланысы көрінеді.
2 Жоспарлық қағидаты - кәсіпорынның қаржылық қызметі өндірістің
мақсаттарына, міндеттеріне, оларға жетудің белгіленгенәдістеріне жетудің
дәйектілігі мен мезгіліне қарай оның параметрлерін есептеу арқылы алдын
ала қарастырылатынын білдіреді.Есеп - қисаптар негізінде және белгіленген
қаржы нормативтерін пайдалану арқылы арнаулы құжатта - қаржы жоспарында
қамтылып көрсетілетін қаржылық көрсеткіштер анықталады.Кәсіпорыннын
болжалды қызметі факторларынын тұрлаусыздығы жағдайында қаржылық
көрсеткіштерді егжей – тегжейлі пысықтаудың - жоспарлаудың орнына болжау
қолданылады, яғни қолда бар мәліметтерді зерделеудің,өзгермелі
факторларды ғылыми өңдеудің және қорытындылаудың негізіңде кәсіпорынның
қаржылық дамуының болжамы жасалады.Болжам кәсіпорындардың шаруашылық
қызметінің нұсқалары бойынша бағалау және кейінгі шешімдерді қабылдау
үшін қызмет етеді.
Кәсіпорын ірірек шаруашылық құрылымға - бірлестік, ассоциация, концерн
және т.с.с. кіргенде кәсіпорындардың қаржы жоспарларының көрсеткіштері
бұл ұйымдардың жиынтық қаржы жоспарларына біріктіріледі.
3 Кәсіпорындар мен ұйымдар меншігінің барлық нысандарының теңдігі
қағидаты қатынастардың тұрақтылығы мен меншіктің түрлі нысандары –
мемлекеттік, жеке меншік, шетел мемлекеттерін және олардын заңи ұйымдары
мен азаматтарының, халықаралық ұйымдардың нысандары дамуынын мемлекет
кепілдігінде жузеге асырылады меншіктенуші өз білгеніншк өзінін мүлкіне
иелік жасайды, пайдаланады және басқарып ұйымдастырады, оған қатысты
заңға қарсы келмейтін кез келген іс - әрекект жасайды, мүлікте кез
келген шаруашылық және заңмен тиым салынбаған өзге де қызмет үшін
пайдаланады.
4 Кәсіпорындардың қаржысы ұйымдастырудың қажетті қағидаты-басқарудың
барлық деңгйлеріндегі қаржы резервтерінің болуы.Қаржы резервтері әр түрлі
әдістермен өндірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен,
пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы
жасалуы мүмкін.Қаржы резерві уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын
жоюға және шаруашылықтардын қызметіне қажет қалыпты жағдайларды
қамтамасыз етуге, сондай - ақ, әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын
өндірістік және ілеуметтік дамумен байланысты шығындарды ойда болмаған
шығындарды қаржыландыруға арналған.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыруда
елеулі өзгерісте болады.Әріптес кәсіпорындардың деңгейлес байланыстар
күшейіп келеді, олардың банк жүйесімен өзара іс - қимылы нығайып
келеді.Бұл процестер салалық құрылымдардан бас тартып, жаңа үлгідегі
құрылымдарды - экономикалық мүдделермен, біріңғай акцилармен және
мемлекеттің мүлікткгі үлесім байланысты ұқсастық негіздегі және
көпсалалық құрылымдарды жасауда көрінеді, бұл құрылымдар рынок
жағдайында анағұрлым өміршең болып келеді.
1.2 Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары

“Қаржы жүйесінің”” ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және
нақтылана түсуі болып табылады.
Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып,
пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды
ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды.Қаржы жүйесінің ұғымы
кейде тар мағынада, тек мемлекеттін қаржы мекемелерінің жиынтығы
ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.
Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы
жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан - ол
мемлекетте іс - әрекет ететін бір - бірімен өзара қаржы байланысты
қатынастарының жиынтығы екенін естен шығармаған жөн.
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті.Қаржы
қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте,
тек бір ғана буынмен - мемлекеттік бюджетпен шектеледі.
Классикалық капитализм жағдайында батыстын көптеген өркениетті
елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО – ның қаржы жүйесін екі негізгі буын
- мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады.Олар ақша қорларын
қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмеімен мемлекет
мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.
Қаржы жүйесі терминнің жоғарыда келтірілген анықтамасында қаржысын
мәнділік сипаттамасын, оның қоғамдық - экономикалық процестегі орнын
негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы үлгісі қойылған.Осы
критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлікті қамтиды.
1 қаржы қатынастарының жиынтығы”
2 ақша қорларының жиынтығ”
3 басқарудың ақша аппараты.
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық
жүргізуші, субьектіле, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында
пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы
қатынастарын құрайды.
Қаржы қатынастары негізінең мына екі сфераны қамтиды.
1” мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған
ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономика
ақша қатынастары,
2” кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша ұорларының толық
айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.
Қаржы қатынастары өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік
қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу ең алдымен субьектілер
рөлі қаржы қатынастары жіктемесінің алғашқы обьективті белгісі ретінде
көрінеді.
Қаржы қатынастарының буындарына тәң болып келетін тиісті
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығы
қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды.
Қаржының материалдық мазмұны өзінің көрінісін қаржы ресурстарын
қалыптастырып, пайдалануда табады, бұл рессурстар бюджет, мемлекеттік
және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру,
амортизация, айналым қаражаттары, тұтыну резерв және басқа көптеген
сақталады, үшіншісі қорланады.
Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпатты жүйе болып табылады, оған кіретін
элементтердің тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірде -
бірі өзінше өмір сүре алмайтындығымен сипатталады” қаржы бір жағынан,
өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және осы қатынастар
жүйесінің элементі болып келеді, екінші жағынан, өзінің функциялық
өзіндік ерекшелігі бар өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе
болып табылады.Функциялық сыныптауға сәйкес қаржыларда функциялық
қосалқы жүйелер ретінде мыналарды айтуға болады.” салық, бюджет, сыртқы
экономикалық, қаржылық жоспарлаудың, қаржылықбақылаудың және басқа
қосалқы жүйелері.
Қаржы жүйесін сыныптаудың функциялық критерийінен басқа қаржы
субьектілерінің белгісі бойынша сыныптау қолданылады, бұл қаржы жүйесін
сфералар мен буындар бойынша”мемлекеттің қаржысына, шаруашылық жүргізуші
субьектілердің қаржысына, халықтын қаржысына шектеуге мүмкіндік береді.
Қаржы жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі бірдей емес,
бастапқы элемент жүйенің басқа элементтерінің арасында алдыңғы орында
алады, өйткені жуйе элементтері мен буындардың өзара байланысындағы
оның рөлі айқындаушы болып табылады.Бұл - бірінші кезекте мемлекеттік
бюджетпен көрінетін мемлекеттің қаржысы.
Мемлекет қаржысы – қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір
бөлігін бөлу және қайта бөлутуралы, мемлекет пен оның шаруашылық
субьектілерінің қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен және
мемлекеттің қаражаттарын олардың жұмыс істеуімен байланысты шығындарға
жұмсаумен байланысты ақша қатынастары.Мемлекеттің қаржысы өзіне
мемлекеттік бюджетті, мемлекеттік бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік
кредитті кіріктіреді.
Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік - мәдени мұқтаждарды,
қорғаныс пен мемлекеттік басқарудың мұқтаждарын қаржыландыруға арналған
елдің орталықтандырылған қорын жасаумен және пайдаланумен байланысты
ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңи және жеке
тұлғалар мен пайда болатын ақша қатынастарымен көрінетін экономикалық
категория.Мемлекеттік бюджет орталық және жергілікті бюджеттерді
кіріктіреді.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар - қорлардың ұйымдық дербестігі
негізінде кешенді пайдаланылатын бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді
қаржыландыру үшін тартылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен
пайдаланудың айрықшалықты нысаны.

Қалыптасу көздері

А арнаулы мақсатты салықтар, қарыздар”
Ә бюджеттен берілетін субсидиялар”
Б қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары”
В ерікті жарналар және қайырмалдықтар”
Бюджеттен тыс қорлар толық көлемде ресурстарды мақсатты пайдалануды
және аса маңызды әлеуметтік шараларды дер кезінде қаржыландыру
кепілдендіреді” олар қаржылық қиыншылықтар жағдайында мемлекеттік билік
органдары иек артатын қаржы резервті рөлін орындайды.
Мемлекеттік кредит – мемлекеттік билік органдарынын қарамағына уақытша
бос ақша қаражаттарын жұмылдырумен байланысты мемлекеттін заңи және жеке
тұлғалармен, соның ішінде шетелдіктермен және оларды мемлекеттің
шығыстарың қаржыландыруға пайдаланумен байланысты пайда болатын кредит
қатынастарының жиынтығы.
Қаржы жүйесіне жиі сақтандыруды да жатқызады, бірақ көптеген ғалымдар
оны дербес, бірақ қаржымен өзара іс - әрекет ететін категория деп
есептейді.
Сақтандыру - шаруашылық жүргізуші субьектілерге келтірілетін мүмкін
болған зиянды немесе болған сақтық жағдайларының салдарына байланысты
отбасыларының кірістеріндегі ысыраптарды өтеуге арналған ақша
жарналарының есебінен мақсатты сақтық қорларын құру туралы оның
қатысушылары арасындағы тұйық қайта бөлгіштік қатынастардың жиынтығы.
Сақтандыру - айрықшалықты, өзінің буындары бар сфера ”әлеуметтік
сақтандыру, жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру, жауапкершілікті
сақтандыру, кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандыру және т.б.
Материалдық өндіріс сфурасының шаруашылық жүргізуші субьектілеінің
қаржысы қаржылардың негізін құрайды, материалдық өндірісте нақтылы өнім
– қоғамнын қаржы ресурстарының негізгі көзі жасалынатындықтан ол қаржы
жүйесінің бастапқы сферасы болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының құрамына мыналар кіреді”
1 материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және нарықтық
экономика жағдайында өзінің экономика жағдайында өзінің қызметін
коммерциялық есеп негізінде жүзеге асыратын өндірістік емес сфераның бір
бөлігінің қаржысы.Коммерциялық есеп - шаруашылықты жүргізу әдісі, оның
мақсаты рентабелділік деңгейде шаруашылық жүргізуді жалғастыруға
жеткілікті ең аз шығындар мен ең көп табыс алу болып табылады.
2 Коммерциялық емес сферанын қаржысы.Коммерциялық емес қызмет белгілі
бір табыс алуды мақсат етпейді.Бұл сфераны қаржыландыру үшін
пайдаланылатын қаржы ресурстары.
Қаржы жүйесіндегі өндірістік емес сфера қаржысының орны мен рөлі
оның ұлттық табысты бөлу және пайдалану жөніндегі байланысымен
айқындалады.Бұл сферадағы қаржы қатынастарының бастапқы құрылымдарында
және олардың арасында, қаржы жүйесінің басқа буындарының, өзге
экономикалық жүйелердің” бағалардың кредиттің және басқа буындардың
арасында пайда болады.
Бұл қосалқы жүйеде қаржы қатынастары түрлі мақсатта сипаттағы сан алуан
ақша қорларын қалыптастыру арқылы одан әрі тұтыну мақсатында құнды қайта
бөлудің каналдары бойынша жасалынған құнның қозғалысына қызмет
көрсетеді.
Қоғамдық бірлестік – азаматтар мүдделерінің бірлігі негізінде
біріккен олардың өз еркімен көңіл білдіруі нәтижесінде пайда болған
ерікті құрылым.
Қоғамдық ұйымдар қаржысының экономикалық мазмұны өзіне ақша
қатынастарының мынадай түрлері мен топтарын кіріктіреді”
“түрлі жарналар төлеумен, материалдық көмек көрсетумен және басқалар
мен байланысты қоғамдық ұйымдар олардың мүшелері арасындағы ақша
қатынастары.”
“ қоғамдық ұйымдардың қорларына аударылуы мүмкін ерікті қайырмалдықпен
байланысты кәсіпорында мен және мекемелермен қоғамдық ұйымдардың ақша
қатынастары.”
“ мақсатты ақша қорларының қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі қоғамдық
ұйымдардың ақша қатынастары.”
“ қоғамдық ұйымдардың жоғарғы және төменгі құрылымдары арасындағы ақша
қатынастар.”
“ қоғамдық ұйымдар мен оған бағынышты өндірістік құрылымдар арасындағы
ақша қатынастары.”
Коммерциялық емес мекемелердің қаржы - шаруашылық қызметі қаржы
ресурстарын пайдаланудың үш әдісің үйлестіреді ”өзін - өзі
өтеушілік,сметалық қаржыландыру және шаруашылықты жүргізүдің шаруашылық
есеп әдісі.
Халықтың үй шаруашылығының қаржысықаржы жүйесінің ерекше бөлігі
болып табылады.Халық өзінің ақша қаражаттары мен жалпымемлекеттік қаржы
жүйесімен және меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші
субьектілерінің өндірістік және өндірістік емес сфераларымен қарым –
қатынас жасайды.Бұл сан алуан қатынастар халыққа еңбекке ақы төлеумен,
жинақтаушы зейнетақы жүйесінең ақша қаражаттарын төлеумен, материалдық
және материалдық емес игіліктерді алумен байланысты” басқа жағынан,
халық өзінің ақшалай табысынан салық төлейді, өндірістік және
өндірістік емес сфералардың мемлекеттік және басқа мекемелер мен
ұйымдардың қызметін төлейді.Мұндай қатынастар айырбасқа жататын сауда
органдарында, рыноктарда, халыққа қызмет көрсететін кәсіпорындар мен
ұйымдарда көлік, байланыс, тұрмыстық сектор және т.б тұтыну
тауарлар мен қызметтерді сатып алуға байланысты болатын ақша
қатынастарын қоспағанда, қаржы қатынастары болып табылады.
Сонымен бірге азаматтардың жеке - дара және шағын кәсіпкерлікпен
айналысумен байланысты бұл сферада көлемді қаржы қатынастары пайда
балады” мұндай қатынастар шаруашылық жүргізүші субьектілердің қаржылары
сферасында пайда болатын қатынастарға ұқсас.
Жеке меншік және мемлекеттік кәсіпорындардың қаржысы сфервсының
бастапқы табыстары, сондай - ақ азаматтардың табысы кез - келген
мемлекеттің қаржы жүйесі құрамының негізің қалайтының ескеру
қажет.Және бұл тек теорилық жайт қана емес, өйткені бұл ресурстардың
бүкіл жиынтығы Қазақстанның қаржы ресурстарының балансында қамтып
көрсетіледі.
Қаржы қатынастардыңнысандары мен ақша қорлары басқарылатын материалдық
обьектіні құрайды.Басқарушы субьект қаржыны басқарудың мемлекеттік
және қоғамдық аппараттарының жүйесі - қаржы аппараты болып
табылады.Қаржы қызметін ұйымдастыру мен жоспарлау процесіндегі
экономикалық және бақылау жұмысымен, қаржы қатынастары буындарының
байланысын жетілдірумен айналысатын қаржы аппараты қаржы жүйесінің
басқа бөліктерімен қабысып, етене ұштасып жатады.Бұл қаржы жүйесінде
базистік қатынастардың да, қондырмалық қатынастардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы түсінігі
Мемлекеттік салықтық бақылаудың құқықтық негіздері: құқықтық институт ретінде мән-жайы,мақсат міндеттері,қағидаттары
Ұзақ мерзімді активтер есебі туралы
Экономиканы мемлекеттік реттеу жайлы мәлімет
Өндірістік кәсіпорындағы жұмыс уақытын пайдалануды талдау
Капитал құрылымын оңтайландыру
Қазақстанның қаржы жүйесі
Жұмыссыздық және халық табысы
Негізгі құралдарды есепке алу және есептен шығарудың аудиті
Кәсіпорынның еңбек ресурстары
Пәндер