Конфуцияшылдық, даосизм, моизм және легизм



І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Конфуцияшылдық.
2. Даосизм.
3. Моизм.
4. Легизм.
ІІІ. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиет.
Чжань-го немесе Соғысушы патшалықтар кезеңі б.д.д. V – III ғасырларды қамтитын Қытай тарихының күрделі әрі аз зерттелген беттерінің біріне жатады. Ол кезде Қытай территориясы көптеген жеке патшалықтарға бөлінді. Олардың ішіндегі ең ірілері – Цинь, Чу, Ци, Хань, Чжао, Вэй және Янь патшалықтары болды.
Ел территориясың өзара бақталасушы патшалықтарға бөлінуі елдің экономикалық дамуына кері әсерін тигізді. Патшалықтар арасындағы үздіксіз соғыстар әсерінен, сол кезде кең таралған қала қолөнері мен сауда, жер игеру дамуы тежелді. Сондай-ақ елдің әр түрлі аймақтары арасындағы су және құрлық байланыстары, ирригациялық жүйелер бүлінді. Бұның бәрі де қала қолөнершілері мен саудагерлердің тұрмысын нашарлатты. Әсіресе, өзара қырқыстың әсерінен ең ауыр зардап шеккен жер игерушілер болды. Себебі, соғстар жүргізудің барлық қиыншылығы солардың мойнына түсті. Үздіксіз салықтар, соғыс және көп жылға созылған әскери борыш жер игеру шаруашылықтарының күйреуіне әкеп соқты. Халық арасында өзара қырғын соғыстарға қарсынаразылық өрши түсті.
Буырқанған Чжань-го дәуірі әскери-саяси оқиғалар мен түбірлі қоғамдық өзгерістерге қоғамдық өзгерістерге толы болды. Бұрын соңды Қытай қоғамы бұндай ақыл-ойдың жылдам дамыған кезенің бастан кешірмеген еді. Моральдық-этикалық, идеялық-саяси және философиялық ілімдер қарқынмен дамыған кез болды. Қала көшелері мен алаңдарында, билік иелерінің сарайлары мен үйлерінде пікірталастар, талқылаулар көпшіліктің кеңінен қатысуымен өтті. Осы дәуірде ежелгі Қытайдың әдеби- философиялық бағыты қалыптасты, оның негізінде қытай өркениетінің мәдени мұрасы ретінде сақталып келген керемет әдеби шығармалар дүниеге келді. Дәл осы кезеңде қоғамдық сананың архаикалық түрін жоғалта отырып, ежелгі Қытай қоғамында жаңа әлеуметтік-психологиялық жеке тұлғаның бейнесі қалыптасады. Сонымен бірге сыни философия мен теориялық ғылыми ой-сана да дүниеге келді.
1. Сидихменов «Китай. Страницы прошлого.»
2. Древнекитайская философия. Энциклопедический словарь.
3. «Религиоведение», научный редактор А.В.Солдатов.
4. Го Мо-жо «Философы Древнего Китая».
5. Л.С.Переломов «Конфуцианство и легизм в политической истории Китая».
6. Васильев «Религии Древнего Востока».

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім:

1. Конфуцияшылдық.
2. Даосизм.
3. Моизм.
4. Легизм.

ІІІ. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиет.

Кіріспе

Чжань-го немесе Соғысушы патшалықтар кезеңі б.д.д. V – III ғасырларды
қамтитын Қытай тарихының күрделі әрі аз зерттелген беттерінің біріне
жатады. Ол кезде Қытай территориясы көптеген жеке патшалықтарға бөлінді.
Олардың ішіндегі ең ірілері – Цинь, Чу, Ци, Хань, Чжао, Вэй және Янь
патшалықтары болды.
Ел территориясың өзара бақталасушы патшалықтарға бөлінуі елдің
экономикалық дамуына кері әсерін тигізді. Патшалықтар арасындағы үздіксіз
соғыстар әсерінен, сол кезде кең таралған қала қолөнері мен сауда, жер
игеру дамуы тежелді. Сондай-ақ елдің әр түрлі аймақтары арасындағы су және
құрлық байланыстары, ирригациялық жүйелер бүлінді. Бұның бәрі де қала
қолөнершілері мен саудагерлердің тұрмысын нашарлатты. Әсіресе, өзара
қырқыстың әсерінен ең ауыр зардап шеккен жер игерушілер болды. Себебі,
соғстар жүргізудің барлық қиыншылығы солардың мойнына түсті. Үздіксіз
салықтар, соғыс және көп жылға созылған әскери борыш жер игеру
шаруашылықтарының күйреуіне әкеп соқты. Халық арасында өзара қырғын
соғыстарға қарсынаразылық өрши түсті.
Буырқанған Чжань-го дәуірі әскери-саяси оқиғалар мен түбірлі қоғамдық
өзгерістерге қоғамдық өзгерістерге толы болды. Бұрын соңды Қытай қоғамы
бұндай ақыл-ойдың жылдам дамыған кезенің бастан кешірмеген еді. Моральдық-
этикалық, идеялық-саяси және философиялық ілімдер қарқынмен дамыған кез
болды. Қала көшелері мен алаңдарында, билік иелерінің сарайлары мен
үйлерінде пікірталастар, талқылаулар көпшіліктің кеңінен қатысуымен өтті.
Осы дәуірде ежелгі Қытайдың әдеби- философиялық бағыты қалыптасты, оның
негізінде қытай өркениетінің мәдени мұрасы ретінде сақталып келген керемет
әдеби шығармалар дүниеге келді. Дәл осы кезеңде қоғамдық сананың архаикалық
түрін жоғалта отырып, ежелгі Қытай қоғамында жаңа әлеуметтік-психологиялық
жеке тұлғаның бейнесі қалыптасады. Сонымен бірге сыни философия мен
теориялық ғылыми ой-сана да дүниеге келді.
Чжань-го дәуірінің мәдени және қоғамдық-саяси өмірінің ерекше
белгілерінің бірі – идеологиялық мектептердің кескілескен күресі болды.
Чжань-го дәуірі Қытай философиясының алтын ғасыры саналады. Дәл
осы уақытта Қытайда алғаш рет нағыз философиялық ілімдер пайда болады.
Осы курстық жұмыста олардың ең маңыздылары – конфуцияшылдық, даосизм,
моизм және легизмнің аталған дәуірдегі дамуын қарастырамыз.
Чжань-го дәуірінің мәдени және қоғамдық-саяси өмірінің
ерекшнліктерінің бірі – осы идеологиялық мектептердің кескілескен күресі
болды. Берілген жұмыстың мақсаты – оқырманды осы идеологиялық мектептердің
әрқайсысымен таныстыру.
Жұмысты жазу барысында көптеген әдебиеттер қарастырылып, түйінделген
ой нәтижесінде осы жұмыс жазылды.
Бұл жұмыстың негігі бөлімі тақырыптардың көлемділігіне байланысты
төрт бөлімнен тұрады.

Конфуцийлік
Қазаргі Шандунь Оңтүстік Швғысында, Қытайдың бірнеше ұрпағы жерленген
көптеген қорғандар мен шетсіз күріш алқаптарының арасында ежелгі қалашық
Цюйфу ораналасты. Біздің заманымызға дейін 551 жыл, яғни 2500 жыл бұрын,
сонда кішкентай Лу князьдығында Европа әдебиетінде Конфций атымен белгілі
ежелгі Қыытайдың көрнекті ойшылы дүниеге келіп, өмір сүрді. Қытайша оның
фамилиясы Кун, ал аты Цю, бірақ оны Кун-Цзы (Кун мұғалімі) деп жиірек
атайды. Бізге Конфуцийдің өмірбаяны толықтай жеткен, бірақ оның шындығын
жалғаннан айыру қиын.
Конфуций ұсақ шенеуніктің отбасында дүниеге келген. Әкесінен ерте
айырылған ол, анасының қамқорлығында қалды. Жеті жасар баланы мектепке
береді. Ол онда үлкен ықыласпен он жыл оқыды, кейіннен конфуцийлікте үлкен
орын алған әдет-ғұрыптар мен салттардан жолын ұстанып, пұтханаларда
құрбандық шалу кездерінде үлкендерге шың көңілмен електеді. Оның
өмірбаяншыларының мәлімдеуінше, Конфуций 19 жасында үйленіп, бидай
қоймаларының күзетшісі қызметіне тағайындалды.
Әр түрлі князьдықтар билеушілерінің қол астында әр түрлі қызметтерде
біршама ұзақ уақыт қызмет еткеннен кейін, Конфуций шенеулік мансабын
тастап, өзінің этикалық – саяси көзқарасытарын уағыздаумен айналысты. Ол
удеулдық князьдықтарды аралап, олардың билеушілеріне қол астындағы
адамдарын қалай оқылды басқару жайында кеңес береді.
Ресми, Қытай әдебиетінде Конфуций өнегелі ұл, ескі әдет-ғұраптардың
қызу жақтаушысы, жалықпайтын зерделі қызметшісі, ескеліктің үздік білгіші
ретінде бейнеленді. Шамасы, Конфуций өзі де өзін өткен кезеңдердің бар
ақылын меңгерген адам деп санаған. Ол өз замандастарының алдында ежелгі
дәстүрлердің түсіндірушісі әрі сақтаушысы ретінде көрінуге тырысты.
Данышпан өзінің мағынасын жоғалтқан немесе ұмытылған ескіліктің
қасиеттерін жаңартушысы және жақтаушысы атағын жан-тәнімен қорғады.
Оның уағыздары елде, әсіресе қызмет етуші шенеуліктер арасында әйгілі
болды. Білімдерін толықтырғысы келгендер оның шәкірттеріне айналды. Бұлар
әр түрлі князьдықтардан шыққан, әр түрлі жастағы, әр түрлі істермен
айналысатын, данышпанға шың ғибратты, әңгімелерін тыңдауға келетін адамдар
болды, деректер бойынша 72 шәкірті Конфуцийға аса жақын болған, олардың он
екісі әрқашан оның қасында болған.
Конфуций 66 жасына дейін өз ілімін уағыздап, Қытайды саяхаттаған.
Кейін өзінің туған үделі Лу князьдығына аралап, өмірінің аяғына дейін
ешқайда шықпаған.
Конфуцийлік 72 жасында біздің заманымызға дейін 479 жылы Цюйдің
қаласында дүниеден өтті. Оның үйінің орнына хром салынып, кейін ол бірнеше
рет қайта салынып, кеңейтілді. Біртіндеп ол жерде үлкен хромдық
ансамбль салынып, ал данышпан мен оның шәкірттері жерленген орын үлкен
мазарға айналдырды.
Конфуций қиын әрі аласыпыран кезде, Қытайды ішкі сағыстар мен
жанжалдар дүрліктірген кезеңде өмір сүрді. Біздің заманымызға дейін пайда
болған Чжоу әулеті өзара тартыс кезеңін бастан кешіріп жатырды. Қытай,
әулет билеушісінің орталық билігін номиналды түрде ғана біріктірген,
көптеген князьдықтарға бөлініп қалған болатын. Өз көрішілері есебінен
еліктерін кеңейтуге тырысқан князьдар бір-бірімен толасыз соғыстар
жүргізді. Халық алым-салықтардан, соғыс контрибуцияларынан азап шекті.
Өз замандастары сияқты, мықты князьдар ежелгі билеушілер ұстанған
жоғарғы қағидаларды ұмытты деп санаған Конфуций сол қағидаларды жаңғыртуды
өз мақсатына айналдырды. Осылайша ол мықты князьдарға жоғалған беделі
мен ықпалын қайтаруға әдет-ғұрыптарды жақсартып, халықты бақытты қылуға
тырысты.
Конфуций өзін ежелгі мифтік билеушілер Ле, Шунь және Юнедің даналығын
түсіндірушісі және сақтаушысы санады. Ол өзі жайында: мен түсіндірушімін,
бірақ жаратушы емеспін, - деді. Сондай-ақ: менің ілімім ертедегі адамдар
үйретіп, қалдырып кеткен ілім ғана; бұл ілімге мен еш нәрсе қоспаймын, одан
еш нәрсе алмаймын да, оны алғашқы күйінде табыс етемін. ол ілім өзгеріссіз
– оның жаратушысы Аспан өзі мен тек жерге дін тастап, оны суратын диқан
ғана сияқтымын бірақ өздігінен сол егілген дәнге бұршақ шығартып, оған
белгілі – бір өсімідіктің түрін қабылдата алмаймын.
Конфуций ілімі бойынша атақты адамдар дана және Аспанның өзі оларға
билік берген; қарапайым халық ақылсыз, сондықтан оның жазмышы – егістікте
еңбек етіп, өзінің асыл қожайындарын асырау – Конфуцийдің этикалық – саяси
ілімін алғы шарттары осындай. Ал қарапайым халық өзінің ауыр жағдайыа
ашуланып, көтерілмеуі үшін, оны көнгіштік рухында тәрбиелеу керек.
Көнгіштік идеясы Конфуцийдің бүкіл ілімін қамтиды: ұлы әкесіне, әйелі
күйеуіне, төменде тұрған шенеунік жоғарыда тұрған шенеунікке, ал олардың
барлығы билеушіге бағынады. Бұл идея берілгендік ұғымыныда бейнеленеді.
Конфуций қоғамдағы әлеуметік теңсіздікті, адамдардың жоғарыдағылар мен
төмендегілерге, байлар мен кедейлерге бөлінуін көрді. Бұл әділетсіздікті
қалай тоқтатуға болады?
Оның ілімі бойынша бұған адамдарды, олардың әдеуметтік жағдайына
қарамастан, моральдық – этикалық тәрбиелеу жолымен, жеке адамды іштей
жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады: егер езуші мен езәлушілер, қанаушы
мен қаналушылар, билеуші мен оның қол астындағылар орнатылған моральдық-
этикалық қағидаларды ұстанса, онда жер бетінде әділеттілік орнайды.
Осыған сәйкес, Конфуций мен оның ізбасарлары әлеуметтік мәселелерді
экономикалық тәсілдермен емес, морализаторлық үйретулер мен этикалық
догмаларды қатаң сақтау арқылы шешеуге тырысты. Конфуцийшілдер арасында
Аштан өлу – кішкентай оқиға, ал адамгершілігін жоғалту - үлкен оқиға
деген пайымдау кең тарады.
Конфуцийдің этикалық –саяси ілімі бойынша қоғамы жоғары моральдық
–этикалық қасиетке ие таңдаулы топ ізгі адамдар (Цзюньзы) мен осы элита
басқарған бишара адамдарға (сяожэнь) бөлінеді. Ізгі адамның барлық
қасиеттерінің рухани негізі аспандық тегі бар ұлы мораль (да дэ) туралы
ілімнен тұрады. Аспан адамға құнды қасиет сыйлай алады, бұл қасиеттер ізгі
адамның бойында нақты көрсетілген – ол аспан мандатын күзетеді, оны
мұндай қасиеттерге ие бола алмаған басқа адамдардың бұзушылыған қорғайды.
Конфуций ұсынған абстаркты –утопиялық идеалды бейне – ізгі адам
шыншыл және адал, әділ әрі батыр, бәрін түсінетін және көретін, сөзіне сақ
және ісіне ұқыпты адамның қасиеттеріне иеленді. Ізгі адам тамаққа,
байлыққа, материалдық пайда мен өмірлік ыңғайлыққа толғаусыз болып, өзін
жоғары идеяларға, адамдарға қызмет етуге, ақиқатты ізденуге арнау керек.
Моральдың және этикалық мүлтіксіздіктің эталоны бола отырып, ол барлық
адамдар үшін үлгі болу керек.
Ізгі адам бес рақымшылдыққа ие болды: адамзаттың сүю (жэнь), парыз
(и), әдет-ғұрып нормалары (ли), білім (чжи), адалдық (синь), сонымен қатар
балалық қадірлеушілік (сяо).
Бес рақымшылдық мәні келесіден тұрады.
Адамзатты сүю (жэнь). Жэнь иероглифі екі мағыналық элементтен тұрады:
адам және екі (сан). Конфуций бойынша, адамға адамзатты сүю қасиеті
туа бітеді, бірақ ол басқалармен араласқанда ғана жанданып пайда болады.
Жэнь сөзі кең мағынасында адамдар арасындағы қарым-қатынастар
қағидаларының этикалық және әлеуметтік жиынтығын білдіреді. Мейірімділік,
ұстамдылық, сыпайлық, мейірбандық, аяушылық, адамдарға деген сүйіспеншілік,
қамқорлық және басқа жоғары өнегелі қасиеттер.
Жэнь қағидасын конфуций ең алдымен билеуші топ арасындағы қарым-
қатынастарды реттеу үшін ұсынды: ақсүйек адамдар өз араларында
сүйіспеншілік пен ынтымақтастық білдіру керек. Қарапайым адам адамзатты
сүюшілікке қол жеткізе алмайды. Адамзатты сүюге ие болмаған ізгі адамдар
бар жоқ ,– дейді философ.
Қытайдың мифтік билеушілері Ло, Шунь, Юй ие болған қасиеттер Жэнь
бойында синтезделген. Конфуций өз замандастарын олардан үлгі алып, Жэньді
басшылыққа алуға, яғни өнегелі кемелділікке ұмтылуға шақырды. Ол адамның
барлық жақсы қасиеттері қоғам негізделетін негізгі қағида –Жэньнен бастау
алады деп санады.
Парыз (и) Жэньнің жоғарғы заңы парыз (и) арқылы жүзеге асады. И
ұғымның өзі көп мағыналы. Ол рақымшыл адам өз еркімен қабылдайтын белгілі
моральдық міндеттемелерді жинақтайды.
Әдет-ғұрып нормалары (Ли) конфуций ілімі негізінің негізін құрады.
Олар өз бойына рәсім, сыпайылық, этикет тәртіптері, ырымдар-
ұғымдар кірістіреді. Бірақ, бұл ұғымдардың барлығы Ли мәнін шамалып қана
береді.
Адамдар арасындағы кез-келген қарым-қатынастарға арқау болатын
экономикалық қарым-қатынастарды Конфуций өзінің Лидің мәнісі ілімінде
көрсетілген моральдық – этикалық категориялармен ауыстырды.
Қытайлықтың сынасына әр түрлі рәсімдері енгізу оны әр түрлі
қақтығыстардан, ұрыс-керістерден, қылмыстан құтқарды,–дейді орыс
қытайтанушысы В.П Васильев, – сондықтан мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп
келе жатқан және туғаннан әрбір қытайлықтың бойына әбден сінген салтанаттың
арқасында, оны ашуландыру оңай болмады.
Қытай философтары өз шығармалардында салтаннатты рәсімдердің,
сәлемдесулердің, тәжэім етудің, үлкендік тәртіптері мен көшеде сақталатын
тәртіптердің, егер бұларға өздері әдетте байланысатын шарттардан тыс
қарайтын болсақ, шын мәңінде ешқандай құндылығы жоқ, екенін мойындайды,–
дейді ағылшын қытайтанушысы Г.Д Джайлс,– сонымен қатар олар бұндай шартты
жүгендеусіз, нәтижесінде, ретсіздіктен басқа ештеңе болмайтыныдығын
дәлелдейді.
Конфукийшілдіктердің түсінігінше, адам өз әрекеттерінде опасыз
ниеттерге, табиғи ұмтылысатрға берілмеу керек: ашуын немесе қуанышын,
сүйіпеншілігін немесе өшпеніділігін көрсету керек. Ол қанша қиналса да,
алдын – ала бейнеленген моральдың догмаларға сүйену керек.
Ли қағидасы адамдар арасындағы қарым-қатынастарды, адамның қоғамдағы
жүріс-тұрысын реттеді. Қытай этикеті бағзы заманнан қарым-қатынастың үш
түріне: билеуші мен оның қол астындағы адам, үлкен мен кіші, әкесі мен
баласы қарым-қатынастарына негізделген. Сонымен қатар,ғ үлкендер мен
кішілер, әкесі мен баласы арасындағы қарым-қатынастар топтық мазмұннан бос
балғанмен, конфукцийшілдіктің бұл догмалары кемелденген әрі оқымысты
билеуші басышылық ететін патриохалдық отбасылық және әлеуметтік жүйені
ғасырлар бойы сақтауға шақырды.
Білім (гжи) Конфуцийдің этикалық – сасяси ілімі қандай да бір
танымдық-теориялық философияға негізделмейді. Конфукций білім мен оның
қайнар көзі мәселесін көне кітаптарды оқып үйрену мен ата-бабалар
тәжірибесін пайдалануға салды. Оның ойынша, білім алудың негізгі әдісі–
оқу, ал білімнің қайнар көзі – көне аңыздар мен шежірелер. Мәне сондықтан,
конфукцийшілдіктер қоғам дамуының ескі және жаңа тәжірибелерінің сын
түсінідемелерін алмақ болды, ал жаратылыстану ғылымадарын олар тіпті де
ескермеді. Олар тек дәстүрлі заңдарды, ұлы адамдардың нақыл сөздерін
меңгеру мен ертедегі данышпан билеушілерге ұқсау арқылы ғана білім алды.
Кез-келген жаңа құбылыс ескі тәжірибелік көзқарастан бағаланың ескілікке
тықпаланды. Сөйтіп, конфуцийлік ілім кертартпалықтың тірегі болып,
Қытайдағы жеке адамның азат етілуі мен ғылымның дамуы жолында маңызды
кедергі болды.
Адалдық (синь). Билеушілге қатысты көнгіштік пен шыншылдыққа
негізделген сол билеушінің қол астындағы адамның адалдығы – конфукцийдің
этикалық – саяси ілімінің ажырамас бөлігі.
Конфуций іліміндегі негізгі өсиеттердің бірі – балалық қадірлеушілік
(сяо), яғни баланың ата-анасына, ең алдымен әкесіне деген махаббаты.
Балалар ата-анасының еркін орындап қана қоймай, оларға адал қызмет ету
керек, ата-анасын шын сүйіп, оларға жан-тәнімен берілген болу керек.
Егер адам ата-анасын сүймесе, өзінің балалық міндеттемелерін
орындамасы, онда ол есерсоқ ол - өз өмірін саналы түрде қысқартып, қиғанмен
тең.
Конфуцийдің балалық қадірлеушілік туралы идеясын адамдар санасына
сіндіру үшін, Қытайда әр түрлі уақыттарда бұл тақырыпқа кітаптар басылып
шығарылды. Егер балалық таңдаулық әлсіресе, онда барлық рақымшылдыққа
қауіп төнеді; Біреуді өз әкесінен артық сүйетін адам ұл деп аталуға
лайықсыз; өз өмірін қиып, әкесін құтқару - әрбір ұл үшін ол ең бақытты
өлім, Әркімнің билеушісіне деген сүйіспеншілігі оның ата-анасына деген
махаббатына тең; Әрбір зұлым жаман ұл болудан бастайды деген сияқты
нақыл сөздер кең тарады.
Балалық қадірлеушілік қағидсаы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасқа
емес, бүкіл қоғамға: патша мен министерлердің өзіне қарасты адамдардың
әкесім мен анасы атанған жергілікті шенеунік пен соның қол
астындығылардың қарым-қатынасына да кең тарады. Балалық тақуалық
патриахалдық нормалардың қалдықтары мен фоедалдық қоғамдық қарым-
қатынастардың шиеленісуін бейнеледі, сондықтан ол отбасылық қарым-
қатынастарға да кең тарады.
Бойына жоғары моральдық-этикалық қасиеттерді сіңірген ізгі адамға
бұл қасиеттерден жұрдай бишара адамдар қарама-қарсы қойылады.
Ол – Аспан манадатын мойындамайтын кескінсіз мәдениетсіз надан тап.
Конфукцийлік түсініктер бойынша бишара адамдар өзінің опасыз, дөрекі
құмарлықтары мен қажеттіктерін қанағаттандыруға ұмтылады, жоғары идеалдар
оны қызықтырмайды: ол ізгі адам кемелділікке ұмтылады.
Алғаш қарағанда, қоғамның ізгілер мен бишараларға бөлінуі
адамдардың әлеуметтік жағдайына емес, моральдық-этикалық құндылықтарға
негізделеді. Адамға ізгі адам атану құқығын оның мүліктік жағдайы мен
ақсүйектік тегі емес, ұзақ тәрбме мен оқу нәтижесінде бойына сіңірген
білімі мен жоғары моральдың қасиеттері береді. Шындығында, адамдардың
осылайша асылдар мен арамдар болып бөлінуінде шаттық тәсіл көрінеді,
өйткені асылдыққа тек қанаушылар ғана қол жеткізеді алды.
Конфукцийіліктер: Адам тумысынан мейірімділікке жақын болады;
Тумысынан адамдардың бәрі бірдей және бәрі де мейірімді болып туады; кейін
олар әдеттері бойынша ажыратылады – адамды үйретпесе, онда оның мейірімді
табиғаты бұзылады, - деп үйретті. Неге адам есейгенде, оның бойында жаман
бейімділіктер пайда болады? Конфуций мен оның ізбасарлары мұны әлеуметтік
ортамен емес, қажетті моральдық-этикалық тәрбиенің жоқтығымен түсіндіреді.
Конфуций армандаған иерархиялық бағыну келесі формулада нақты
білінеді: Патша – патша, шенеунік – шенеунік, әке - әке, бала – бала болу
керек. Төмендегі тұрған адамның жоғарыдағы тұрғанға бағыну қағидасы
бойынша құрылған қоғамның мұндай көп сатылы, көп қабатты әлеуметтік
құрылымы конфуцийліктің таптық мәнін бүркемелеп, конфуцийлік әдістің
қоғамдық құбылыстарға қатысты әділдігі жайында қиял тудырды.
Ізгі адам мен бишара адам арасындағы қарама-қайшылық оны қаншама
моральдық-этикалық тұрғыдан қарастырса, шындығында әлеуметтік жағдаймен
тудырылды. Әрқашан қарапайым адамдар, шаруалар бишара адам, ал ізгі
адам қанаушы таптың өкілі болып шықты; халық надан, ол өзіне не керек
екенін түсінбейді, тек ізгі адам ғана қажеттіліктерін түсініп, оларды
қанағаттандыра алады. Конфуций ізгі адамдарды: Халықты артынан ертуге
болады, бірақ не үшін екенін білгізуге болмайды, - деп үйретті. Бұдан
шығатыны: халық - өздігінен әрекеттене алмайтын қараңғы тап.
Конфуций таптық қоғамда өмір сүрді, сондықтан оның өнегелі өсиеттері,
ең алдымен, оның өзі шыққан таптың – мұралық ақсүйектердің мүддесін
білдірді. Ол кезде бұл таптың орнына жаңа билеуші тап жериеленушілер,
құмиеленушілер, қала байлары келіп жатты. Мұралық ақсүйектердің бұрынғы
үстемдігін қайтадан қалпына келтіру, Конфуций бойынша, әдет-ғұрып
нормаларын (ли) сақтау арқылы мүмкін болды. Осыған орай ол жаңа идея –
есімдерді түзету (чжән мин) идеясын ұсынды.
Есімдерді түзету ұғымының мағынасын ашатын болсақ, оны мәні: әрбір
адам қоғамда өзіне тиесілі орынды иемденіп, өз қылықтарын соған қатысты
сәйкестеу керек, яғни қоғамда өзінің статусы болу керек – патшағ немесе
князь, немесе төре, немесе шенеунік, немесе қарапайым адам болу керек.
Есімдерді түзету Конфуций заманында беделі түскен Қытай қоғамының
иерархиялық бөлінуін қайта жандандыру мен нығайтуға үндеді.
Ізгі адам өзіне белгісіз нәрсеге қатысты мұқияттылық танытады. Егер
есімдер дұрыс емес болса, онда сөздер негізсіз болады. Егер сөздер негізсіз
болса, онда істер жүзеге аспайды. Егер істер жүзеге аспаса, онда салты мен
мызыка гүлденбейді. Егер салт пен музыка гүлденбесе, онда жаза тиісті түрде
қолданылмайды. Егер жаза тиісті түрде қолданылмаса, онда халық өзін қалай
ұстауды білмейді.
Конфуцийдің есімдерді түзету саяси қағидасы қоғамдағы ғасырлық
иерархияны сақтауды, мұралық ақсүйектердің ерекше пұрсатты жағдайының
заңдылығын негіздеуді мақсат етті.
Конфуций ілімінде Аспанға табыну маңызды орын алады. Аспанға табыну
Аспанасты мемлекетінің қарапайым адамнан патшаға дейінгі барлық
тұрғындарының тағдырын шешетін жоғары мақсатты күш ретінде қарастырылды.
Аспанның құдіреттілігі жайында түсінік Конфуцийға дейін де болды, бірақ
оның ілімінде ол жалпы қорытындысы мен кейінгі дамуын алды.
Конфуций бойынша, Аспан – құдіретті күш, парасат пен жоғары
әділеттіліктің бейнесі. Бірақ жер юетінде Аспан әмірін кім орындайды, кім
Аспан атынан адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге лайықты? Жер
бетіндегі Аспанның ондай өкілі болып ізгі адамның барлық қасиеттерін
бойына сіңірген билеуші саналады. Бұл жайында конфуциандық Шуцзин
кітабында былай айтылады: Аспан адамға өмір бере тұрып, құмарлықты да
берген. Егер адамдар билеушісіз қалса, онда бүлік болар еді – сондықтан
Аспан қажетті уақытта билеуші бола алатын жоғары саналы адамды жаратты.
Осылайша, Конфуций мен оның ізбасарлары патша билігін құдайдай көрді.
Патша жер бетіндегі Аспанның уәкілі ғана саналмай, адам дүниесі мен
құдайлар мен рухтар дүниесі арасындағы делдал саналды. Тек патша ғана
Аспанға халық атынан тікелей жүгінуге құқылы болды.
Конфуций билеуші мен халық арасындағы қарым-қатынастарға үлкен көңіл
бөлді. Оның бұл жайындағы түсінгендігі негізгі идея: билеуші – ойлайтын
тұлға, ал оның қоластындағылар оған бағынуға қажетті кескінсіз сұр топ.
Конфуций қарапайым халық оның ілімін меңгеруге қабілетті дегенге
сенбеді. Бишара адам, - деді, – Аспан мандатын тануға қабілетсіз және одан
қорықпайды, ол ұлы адамдардан тайсалмайды және даналардың сөздеріне көңіл
бөлмейді.
Конфуциандық Цзя-юй кітабында билеуші мен халық арасындағы қарым-
қатынастар салт атты адам мен ат арасындағы қарым-қатынастарға
ұқсастырылады. Салт атты - ол ұлы данышпан император, ол ат - ол
өздігінен іс істей алмайтын халық. Император халықты тікелей емес, жүген
мен бажы - шенеуніктер мен заңдар арқылы басқарады. Кітапта былай
делінеді: Ежелгі билік мынандай болған – Аспан Ұлы сарай ақсүйектерін -
өзінің қолдары, рақымшылық пен заңды-ж.ген, шенеуніктерді – бажы, қылмыстық
жазаларды ынта, халықты ат санаған. Атты жақсы жүргізу үшін оны дұрыстап
жүгендеу керек, бажыны түзу ұстап, ынтаға иек артып, аттың күшін мөлшерлеу
керек және шабысын бақылау керек; бұл жағдайда билеушіге бірде-бір дыбыс
шығармай, бажыны соқпай және ынтамен құтыртпай-ақ қоюға болады – аттар
өздері-ақ шабады.
Конфуций мен оның ізбасарларының ортодоксальдық конфуцийлік
формасындағы этикалық-саяси көзқарастары Көне Қытайдың рухани өмірінің
негізін қалады. Бұл өмірдің қай жағын қарастырсақ та – адамдар арасындағы
қарым-қатынастар, тәрбие мен оқу, тұрмыс пен әдет-ғұрып, ырымдар, дағды –
барлығында конфуцийлік идеялардың ықпалы байқалады.
Әрбір Қытай конфуциандық моральды басшылыққа алу керек болды, мейлі ол
көне конфуцийлік кітаптардағы қиын нақыл сөздерді оқи алмасын, бастысы ол
болған жоқ. Бастысы әрбір адамда конфуцийлік қағидаларды тәрбиелеу болды.
Конфуций ілімі Қытайдың бүкіл қоғамдық өмірінен ғасырлар бойы өтіп, халық
қанына сінді, - деп жазды академик В.М. Алексеев.

Конфуцийдің мифтік құдайлардан айырмашылығы – ол нақты адам болды.
Сонымен қатар басқа діндер діншілерге ана өмірдегі игіліктерді уәде етсе,
ол конфуцийлік, ең алдымен, адамдардың бұл дүниедегі өмірін ұйымдастыруды
ойлады. Қоғамның төменгі топтары Конфуций уағыздаған адамгершілікке,
қайырымдылық, әділеттілікке сеніп, мейірімсіздікке, ашкөздікке, екі
жүзділікке қарсы конфуцийлік наразылықты қолдады.
Қанаушы тап конфуцийтен сол кездегі қоғамдық бастауларды, таптық
қоғамда орнатылған тәртіптерді сақтау, төменгі таптың жоғарғы тапқа
бағынуын ақтайтын кепілдікті көрді. Қытай еңбекшілерін қатал қанау
конфуцийлік қатаң тәртіп пен халыққа деген сүйіспеншілік уағызымен
тасаланды.
Конфуций ілімін оның шәкірттері қайта ойлап, әрі дамытты. Конфуцийдің
көрнекті ізбасарларының бірі Мэн-цзы болды (372-289). Ол қазіргі Шаньдун
провинциясының орнында, Цзоу облысында дүниеге келді. Тап осы жерде, Лу
князьдығында, осыдан 200 жыл бұрын оның ұлы жол салушысы Конфуций өмір
сүрген болатын. Мэн-цзы өз ілімінің мәнін баяндаған әңгімелер жүргізіп,
елді көп аралайды. Оның билеушілерді өзінің жолына түсіру әрекеттері онша
сәтті болмайды. Сөйтіп, ол Лу князьдығына оралып, өмірінің соңғы жылдарын
өз ілімін дамытуға арнайды. Оның ілімі Мэн-цзы атты еңбегінде
сақталынған. Бұл еңбегінде Мэн-цзы Конфуций ілімінің көптеген ережелерін
дамытып, жаңа мәселелерді шешуге тырысады.
Мэн-цзы адамдардың ізгі адамдар мен бишара адамдарға бөлінісінің
мызғымайтындығын жақтады. Оның трактатында былай делінеді: Біреулер ой
еңбегімен, ал екіншілері дене еңбегімен айналысады. Ой еңбегімен
айналысатындар адамдарды басқарады, ал дене еңбегімен айналысатындар
адамдармен басқарылады. Билеушілер адамдарды асырайды, ал билеушілерді
адамдар асырайды.
Мэн-цзы Конфуцийлік Аспан Ұлы жайындағы ілімді дамытты. Аспан елді
билеушіге мандатын халықты сүйетін, ата-анасы үшін конфуциандық
оқымыстылар Аспан құбылыстарын күні бұрын болжап, билеушіге ықпалын тигізіп
отыруы керек. Конфуцийлік этикалық-саяси нормаларды бұзған билеушіні тақтан
түсірудің заңдылығы осылайша орнықтырылды.
Конфуцийдің этикалық-саяси ілімі көрнекті ойшыл Сюнь-цзының еңбегінде
кейінгі дамуын тапты. Оның Сюнь-цзы еңбегі ежелгі ҚЫтайдың философиялық
және қоғамдық-саяси ойының синтезін ұсынады.
Конфуций сияқты Сюнь-цзы да Аспанды барлық заттардың, соның ішінде
адамның да пайда болуының жалғыз көзі есептеді. Алайда, егер Конфуций
Аспанға дам тағдырын анықтауда фатальды қабілетті алмай берсе, ал Сюнь-Цзы
Аспан еркін, оның құдіретті күшін қабылдамай, мемлекеттік істердің жағдайын
анықтаудағы Аспан қабілеті мен халқына қатысты адамгершілігі мол адамға
береді, яғни Аспан өз еркімен Аспанасты мемлекетін билеуді лайықты адамға
береді. Билікке ие болған адам ол билікті Аспан рұқсатысыз, өз еркімен
басқа біреуге бере алмайды. Осылайша қоғамдағы әлеуметтік-таптық
қайшылықтарды жұмсартып, билеушінің абсолютті билігін шетсіз ету
болжалынды.
Мэн-цзы монархиялық құрылымды мақұлдады, ал Конфуцийдің: Аспанда
қалай екі күн бола алмаса, жер бетінде де солай екі билеуші бола алмайды ,
- деген сөзін жиі қайталады. Алайда, ол Конфуций сияқты, патша билігін
конфуциандық шенеуніктер мен Аспан еркі көмегімен шектеуді жақтады: жоғары,
мақсатты күш – Аспан – ол сөйлемейді, өз еркі мен бұйрықтарын Аспан Ұлы
арқылы жібереді. Егер Аспан Ұлы дұрыс билік етпесе, Аспан қаһарын шақыруы
мүмкін. Бұлай болмау үшін конфуциандық оқымыстылар Аспан құбылыстарын күні
бұрын болжап, билеушіге ықпалын тигізіп отыруы керек. Конфуцийлік этикалық-
саяси нормаларды бұзған билеушіні тақтан түсірудің заңдылығын осылайша
орнықтырылды.
Конфуцийдің этикалық-саяси ілімі көрнекті ойшыл Сюнь-цзының еңбегінде
кейінгі дамуын тапты. Оның Сюнь-цзы еңбегі ежелгі Қытайдың философиялық
және қоғамдық-саяси ойының синтезін ұсынады.
Конфуций сияқты Сюнь-цзы да Аспанды барлық заттардың, соның ішінде
адамның да пайда болуының жалғыз көзі есептеді. Алайда, егер Конфуций
Аспанға адам тағдырын анықтауда фатальды қабілетті алмай берсе, ал Сюнь-цзы
Аспан еркін, оның құдіретті күшін қабылдамай, мемлекеттік істердің жағдайын
анықтаудағы Аспан қабілетін мойындамайды. Ол айтады: Аспанды дәріптеп, ол
туралы ойлағанша, заттарды өзіміз көбейтіп, Аспанды өзімізге бағындырған
жақсы емес пе? Аспанға қызме етіп, оны мадақтағанша, Аспан тағдырын жеңіп,
оны өз мүддемізге пайдаланған жөн емес пе?
Сюнь-цзы аңғырт-материалдық тұрғыдан адамдардың Аспанға бас ию себебін
олардың табиғатта болатын жасырын процесстерді түсіну қабілетсіздігімен
түсіндіруге тырысты. Адам , - дейді ол, - заттардың дамуын ғана біледі,
бірақ ол сол өзгерістердің қалай жүзеге асатынын білмейді, сондықтан ол оны
жер үстінде жоқ деп атайды. Аспанды дәріптеу себебін былайша
материалистік түсіндіру, шындығында, Конфуций мен Мэн-цзының Аспанды адам
тағдырын анықтайтын құдіретті күш деген іліміне зиян келтірді.
Қытайдың қоғамдық өмірінің жаңа әлеуметтік-экономикалық және саяси
құбылыстарына сәйкес, Конфуцийдің этикалық-саяси ілімін философиялық
тұрғыдан қайта ойластырып, Сюнь-цзы Қытай философиясының кейінгі дамуына
үлкен ықпал етті.
Конфуций мен ізбасарлары б.д.д. V-ІІІ ғасырларда өндіріп шығарған ерте
конфуцийлік ілім Қытай қоғамындағы күшті таптық және идеялық күрес кезінде
пайда болды және дамыды.
Конфуций өз заманының ұлы болды, сондықтан оның іліміне жақындау да
тарихи болу керек. Бұл ойшының қызметін қазіргі замандық тұрғыдан бағалау
немесе одан бетер, оның ілімін қандай да бір үлгіге жасанды сығылыстыру
заңсыз әрі ғылыми емес. Конфуций, - деп жазды белгілі Қытай тарихшысы Фан
Вэнь-лань, - шынында да феодалдық қоғамның ірі ойшылы, Қытайдың ежелгі
әдебиетінің ұлы өкілі болды.
Конфуцийлік ілімнің прогрессивтік демократиялық жағы бар, ол ең
алдыменғ адамды сүю жайындағы ілім, бірақ бұл ілімге консервативтік,
реакциялық догмалар даескіні идеалдандыру. Аспан Ұлы – императорды
дәріптеу, барлық қытайлық нәрсені мадақтап, барлық Қытай еместік нәрсені
қаралау кіреді.
Қытай феодалдарының билеуші табы конфуцийлік ілімнің консервативтік,
реакциялық жағын негізге алып, бұл ілімді өз мүдделеріне бейімдеді.
Феодалдық таптың идеологиясына айналып, конфуцийлік ілім ғасырлар
бойына жабайы деспоттықтың моральдық негізі қызметін атқарды. Маньчжурлер,
Қытайды жаулап алғанна кейін, конфуцийлік ілімнен бас тартқан жоқ.
Керісінше, олар оны өз үстемдігін нығайтуға бейімдеп алды.
Маньчжурлық жаулап алушылардың саясаты көптеген конфуцийлік уағыздарға
қайшы келсе де, олар бұдан қысылған жоқ. Оларға маңызды басқа болды –
Конфуций есімінің абыройын, оның ілімінің үлкен ықпалын өз мақсаттарына
қолдану. Маньчжурлік императорлар Конфуцийді құрметтеу ритуалын мұраланып,
оны мүлтіксіз сақтады, тіпті оны бұрыннан да салтанатты етті.

Даосизм

Даосизм – Чжоулық Қытайда шамамен Конфуцийлік іліммен бір уақытта
пайда болған философиялық ілім. Дәстүр бойынша, оның негізін қалаушы
б.д.д. VII ғасырдың аяғы - б.д.д. VI ғасырдың басында өмір сүрген Лао-цзы
есептеледі. Оның өмірі мен қызметі жайында нақты дерек сақталмаған.
Сыма Цянның Тарихи жазбаларындағы (б.д.д. II ғасыр) Лао- цзының
қысқа ғана өмірбаянында, ол Чу мемлекетінің тұрғыны делінеді. Аты Ли Эр,
оны Дань деп те атаған. Ол Чжоу сарайында архивші қызметін атқарып,
Конфуцийімен кездескен дейді-міс. Алайда ол жайындағы деректердің аздығы
мен қарама-қайшылығы соншама, тарихшы ғалымдар ол адамның реалдығына күмән
келтіреді.
Маңыздылығы мен даңқтылығы бойынша ол Конфуцийден кейінгі Қытайдың
екінші философы есептеледі. Оның ілімі атақты Даодэцзин трактатында
баяндалған, Даодэцзин Қайырымдылық пен жол кітабы деген мағынаны
береді. Қытайда қабылданған аңыз бойынша Даодэцзинді Лао- цзы батысқа
бағытталған саяхатының алдында жазып, шекарадағы күзетшіге тастап кеткен.
Кейін бұл аңыз Лао-цзыға табынудың ажырамас бөлігі болып, оның бұқа
үстіндегі қария-данышпен түріндегі иконографиясының себебі болды.
Даодэцзин - екі бөліктен тұратын кішкентай трактат – Лао-цзы
ілімінің негізгі философиялық мәнін түсіндіреді.
Философиялық даосизмнің негізгі категориясы – дао (жол) –
табиғаттың жалпы заңдылығы, барлық болмыстың алғашқы себебі, материалдық
және рухани өмірдің барлық құбылыстарының қайнар көзі ретінде
түсіндіріледі. Дао әлем дамуының заңдылықтары жайындағы жалпыланған
түсінігі болып табылады. Барлық жанды заттар даодан таралды, олар айналым
жасап, оған қайтып оралады, делінеді Даодэцзинде. Дао алғашқы себеп қана
емес, сонымен қатар ақырғы мақсат пен болмыстың аяқталуы.
Даоны сезінуге болмайды: естуге, көруге, сезуге, түсінуге
болатынның барлығы – ол дао емес. Даоны ешкім жаратқан жоқ, бірақ барлығы
содан пайда болып, оған қайтып оралады. Алайда, дао жаратқанның барлығы дэ
(қайырымдылық) арқылы байқалады, сондықтан егер дао – әлемнің жалпы
мәнділігі болса, онда дэ – оның болмыстағы көрінісі.
Адамның міндеті – даоны тану, табиғилық (цзы-жань) жолына тұру,
яғни бұл жерде әлем үндестігі – адамның табиғатпен қосылуы дегенді
білдіреді. Қоғамдағы әлеуметтік әділетсіздік үндестікті бұзудың бірі
ретінде қарастырылады. Қоғамдық әділетсіздікке қарсы наразылықтың өзіне тән
бейнесі болып сопылық пен тақуалық табылады, басқаша айтқанда –
табиғылыққа оралу. Тақуа-даостар қай заманда да табиғат аясында
оңашаланды, және әлемді үндесуін аңғару үшін онымен қосылуға ұмтылды.
Даодэцзин еңбегінде әрекетсіздік (у-вэй) қағидасы үлкен
орын алады, ол адамды кез-келген әрекеттен бас тартып, өмірге белсенді
араласпауды бұйырады – өмір өзімен-өзі, табиғи даму керек. Конфуций адам
табиғатының күштілігіне, дұрыс тәрбиеленген жағдайда оның әрқашан дұрыс
жолда болатынына сенді. Лао-цзы болса, адам табиғаты оны өз еркіне қойғанда
ғана таза күйінде сақталады ден санады. Оның осы тезисі әрекетсіздік
доктринасының негізін қалады.
Лао-цзы халықты ол надан болғанда, оны басқару жеңіл деп
сеніп, білімге құштарлықтың көзін шұқыды. Ерте заманда, дейді
Даодэцзинде, даоға қызмет ете білгендер халықты ағартқан жоқ, оны надан
қылды. Халықтың білімі көп болса, оны басқару қиын. Сондықтан, мемлекетті
білім арқылы басқару – мемлекеттің жауы, білімсіз басқару – мемлекеттің
бақыты.
Лао-цзы, адамдардың бағзы заманнан бергі тәнін сақтап,
сезімдерін қанағаттандыру қамы олардың рухани дамуына зиян келтіреді, деп
налиды. Алайда, сыртқы мен сезімталдың барлығы адамшы әрі өткінші. Данышпан
үшін сезімталдық тәжірибені жалпылаудың қажеті жоқ, фактілерді зерттемей-
ақ ол ақиқатты, табиғат пен қоғам заңдылықтарын ақыл- есімен, пайымдаумен
тани алады. Үйден шықпай-ақ,– дейді Лао-цзы, данышпан дүниені таниды.
Терезеден қарамай-ақ, ол табиғи даоны көреді. Ол көп жүрген сайын аз
біледі. Сондықтан дана адам жүрмейді, бірақ таниды. Заттарды көрмей-ақ, ол
оларды атайды.
Әлемнің (дао) универсалды абстракты заңын шектен тыс жоғары дәрежеге
көтеріп, оны өмірдің материалды негіздерінен ажырату, қоршаған болмысқа
сырттай көңіл бөлу, рационалдық элементтің мәнін шамадан тыс арттыру және
танымдағы сезіну элементін кемсіту – Лао- цзы іліміндегі бұл идеалистік
ерекшеліктер даостық философияның дін болып қайта тууына негіз салды.
Сөйте тұра, көптеген зерттеушілер даосизм пастулаттарынан (әсіресе,
оның табиғатты қарама-қарсы бастаулардың күресін мойындауынан) аңғырт
материализм мен диалектиканың элементерін әділ көреді. Даодэцзинде қарама-
қарсылықтардың бірлігі идеясы мына сөздермен берілген: Аспанасты
мемлекетінде әсемдіктің әсемдік екенін білгенде, кейіпсіздік те пайда
болады. Барлығы қайырымдылықтың қайырымдылық екенін білгенде, зұлымдық та
пайда болады. Сондықтан болмыс пен болмыстың жоқтығы бірін-бірі туғызады,
қиын мен жеңіл бір-бірін жаратады, жоғары мен төмен өзара анықталады, ұзақ
пен қысқа өзара ара қатыста болады, дыбыстар тұтасып, үндестікке келеді,
алдыңғы мен кейінгі бір-бірінің артынан ереді.
Айтылғандай-ақ, конфуцийлік, ресми мемлекеттік идеология бола отырып,
ең алдымен әлеуметтік және отбасылық қарым-қатынастармен істес болды.
Қытай халқының әр түрлі анайы табынулары мен көне наным-сенімдері
Конфуцийлік ілім шегінен тыс қалды. Осы көне наным-сенімдердің,
ырымшылдықтың, шамандар мен балгерлердің әдет-ғұрыптарының барлығын діни
даосизм өзіне сіңірді, ал ежелгі философ Лао-цзы діншілдердің санасында
бейнесі әдетте храмдарда қойылған құдайға айналды.
Даостық діннің елеулі элементі – өлмейтіндік туралы ілім. Қытайлар
ежелден ұзақ өмір сүруді адам бақытының символы есептеді. Біреуді туған
күнімен құттықтағанда, олар әр түрлі ұзақ өмір сүру амулеттерін сыйлады.
Шоу (ұзақ өмір) цероглифіне мистикалық мән берілді. Қытайлар ол белгіні
қабырғаға жабыстырып, мойнына тағып жүрді.
Өлмейтіндіке жету идеясы Қытай билеушілері мен даостардың басты
назарына айналды.
Канондық даосизмде өлмейтіндік мәселесі былай түсіндіріледі.
Адамға көп мөлшерде (36 мың ) аруақтар әсер етеді, олар организмнің дамуына
ықпал етеді. Аруақтар әрқайсысының белгілі-бір міндеттері бар топтарға
бөлінген. Адам бұл аруақтарға құлақ қоймайды, сондықтан олардың бар екенін
білмейді. Бұл мезгілсіз өлімге алып келеді. Аруақтардың адам денесінің
тиісті мүшелерімен байланысын танып қана, өлмейтіндікке қол жеткізуге
болады. Аруақтарды тәннан кетірмей, олардың күшін көбейту керек.
Аруақтардың адам тәнін билеуге толық қолы жеткенде, тән дематериалданады
да, адам өлмейтін болып аспанға көтеріледі.
Қытай алхимиктері өлмейтіндік эликсирін табуда көп еңбектенді.
Жалпы Қытайда алхимияның алғышарттары шамамен б.д.д.VIII-VII ғасырларда
пайда болған. Өлмейтіндік эликсирін дайындау үшін киноварь (күкіртті
сынап), күкірт, тазартылмаған селитра, мышьяк, слюда және тағы басқа,
сонымен қатар тас ағашы мен шабдалы ағашы, тұт ағашының күлі, әр түрлі
шөптер мен олардың тамырлары пайдаланылды. Оған қоса алтын мен нефриттен
мистикалық формулалар көмегімен жасалған алтын эссенциясы, нефрит
эссенциясы пайдаланылды.
Өлмейтіндік пен зақым келмейтіндікке қол жеткізу үшін
гимнастикалық жаттығулар жинағын меңгеріп, дуалардың бірсыпырасын жаттау
керек болды. Киеліліктің алғашқы сатысын жүз күнге созылған гимнастикалық
жаттығу арқылы, ал киеліліктің екінші сатысын төрт жүз күн дуа жаттау
арқылы иеленді.
Дем алудың әр түрлі тәсілдері ойлап шығарылды: адамнан ұзақ өмір
сүретін бақа, тасбақа, құтан сияқты дем алу. Даостардың пікірінше, мұндай
жаттығулар адам денесіндегі аруақтарға өз-өздеріне шоғырлануға мүмкіндік
берген, адам жердегі нәрселерден қол үзіп, ғажайып күштермен жанаса алды.
Тұлғаный былай, бір-бірімен жанасу нүктелерінің бәрін жойып, материя және
рух болып екі бөлікке бөлінуі,– деп жазды белгілі орыс қытайтанушысы
А.В.Рудаков,– ең алдымен, бұл жағдайларда не трансқа ұшырап, не есалаң
кейпіне түсетін, индивидтің тәніне әсер етеді.
Даостардың нанымы бойынша әрбір азық тез қартаюға мүмкіндік
туғызады, сондықтан, ұзақ өмір сүру үшін еттен, татымдылықтылардан,
көкөністен, шараптан бас тарту керек.
Дәнді дақылдардан дайындалған тағамды жеуге болмайды: дененің
ішіндегі аруақтар бұндай тамақтан пайда болатын иістерді жақтыртпайды,
сондықтан олар адамды тастап кетуі мүмкін. Дұрысы, өзінің сілекейімен
қоректену. Сілекй, даостардың сенімі бойынша, адамға күш беретін тірілткіш
дәрі саналады.
Мистика даостық діннің жаны болды, ол әсіресе, әр түрлі
тұмарларда байқалды. Бойтұмарлар жіңішке сары жолақ қағаздарға жазылды.
Бұндай қағаздардың сол жағына кабалистикалық белгілердің (түсініксіз
жазылған иероглифтер мен әр түрлі сызықтар) суреті салынды. Діншіл
кабалистикалық белгілердің мағынасын түсіне алмады, бұл құпиялықты туғызды.
Қағаздың оң жағында тұмардың міндеті мен оны қалай қолдану керектігі
түсіндірілді. Әдетте, тұмар өртелініп, одан қалған күлін қандай да бір
сұйықтықпен араластырып, оны барлық аурулар мен бәлелерден қорғайтын
микстура ретінде ішті.
Діни даосизм пантеонына ерте қытай діндеріндегі құдайлардың
барлығы дерлік кірді. Даостық дінде әулиелердің көптігі соншама, оларды
бірнеше топқа бөлуге тура келуі: тауларда оңашаланған жер бетіндегі
әулиелер; аспанда өмір сүріп, мықтылығы мен күшімен барлығынан асатын
аспандық әулиелер; тән құмарлықтарынан бас тартса да, әлі өлмейтіндікке
жетпеген тақуалар; Шығыс теңізіндегі сиқырлы аралдарда тұратын киелілер;
елес сияқты тәнсіз аруақтар – перілер.
Даостар ұсынған, кәдімгі өмірден аруақтар әлеміне өту амалдары
өте қарапайым болды: адам жақындарын тастап, тауларда оңашаланып, тақуалық
өмір кешу керек.
Даостық дінде, былайша айтқанда, киелі адамға (сянь жэнь )
үлкен көңіл бөлінді. Қытайдың сянь(киелі) иероглифі екі элементтен тұрады:
адам және тау, оны тауда мекендейтін адам деп түсіндіруге болады.
Киелілікке жету үшін үш талапты орындау керек болды: жанын тазарту, арнайы
гимнастикалық жаттығуларды жетік меңгеру және де, ақырында өлмейтіндік
сиқырлы сусынын дайындау.
Жанын тазарту үшін оңашаланып, әдетте тауда қарапайым өмір сүру
керек болды, міндетті тамақтан бас тартып, мистикалық пайымдауға берілу
керек. Жартылай аш өмір сүрген, ауамен қоректеніп, тән қажеттіліктерінен
бас тартқан адам киелі адамның қасиеттерін иеленіп, аруақтар дүниесіне
жақындайды деп саналды.
Бұл жайында қытай халқында мынадай нақыл сөз тарады: кім көкөністен
қоректенсе сол күшті болады; етпен қоректенген – батыл болады; күрішпен
қоректенген – дана болады; ауамен қоректенген – әулиеге айналады.
Алайда, даостық діннің фанатты жолын қуушылары да түбінде
өмірден өтті. Даостар олардың о дүниедегі өмірін былай түсінді. Адам өмірі
аяқталғанда, жерде оның тәні қалады да, ал жаны феникс құсындай аспанға –
өлмейтіндікке көтеріледі. Кейде бұндай аруақтар жер бетінде тірілер
арасында пайда болады. Онда олар қайтадан адам қалпына еніп, өздеріне
қажеттінің бәрін жердегі заттардан алады.
Басқа сенім де болды: аруақтар өлген даостың денесін өзімен
бірге аспанға алып кетеді. Бұл жағдайда сиқырлы өзгерістер болады: ғажайып
ішкіліктің, өсімдік дәрілердің немесе қағазға жазып жатталған сиқырлы
формуланың көмегімен даостың денесі мәңгі солмайтын болып қалады.
Өлмейтіндік эликсирін ішкеннен кейін даос мәңгі өмірге енеді,
материалдық заңдарға бағынбайтын ғұмыр кешіп, киелі таулардағы ғажайып
үңгірлерде немесе құдайы берген аралдарда өмір сүреді. Бірақ ол енді
кәдімгі адам емес, табиғат күштерінен еркін аруақ.
Аруақтарға қандай қасиеттер тән болды екен? Олар адамдармен еркін
араласа алды, сиқырлы күшке ие болып, ғажайып істер жасай алды.
Олар нұр сәулелі аспандық арбаларға мінді; құдайы берген аспан
шабдалысын жеді; ұшатын айдаһарлар мен аспан құтандарын басқарды, маржан
мен нефриттен жасалған сарайларда, тамаша шатырларда өмір сүрді. Олардың
жаңа түрге ену қабілеті болды. Аруақтар қолында әр түрлі заттары: желпуіш,
бояу жаққыш немесе әр түрлі өлмейтіндік формулалар жазылған түрінде жиі
бейнеленді.
Өлген ерлер мен әйелдердің аруақтары өлмейтіндікке енгеннен
кейін, олардың сыртқы тұрпаты мыңжылдықтар бойы өзгеріссіз қалды. Аруақтар
бұлттан жоғары көтеріліп, қалаған жағына бара алды, бірақ олар тұрақты
мекен етуге нақты жер таңдады. Адамдар арасында олар қарапайым киімде пайда
болса да, бет бейнесінен оларды бірден адамдардан ажыратуға болатын болды.
Даостар ешқашан өздерінің барлық құдайларын, аруақтары мен
қаһармандарын есептеуге талпынбады. Даостар олардың ішінен кейбір ең
маңыздыларын ғана бөліп қарады, олардың ішінде қытайлардың ертедегі
атақты ата-бабасы – император Хуанди, Батыс әйелқұдайы Сиванму, алғашқы
адам Паньгу, Тайчу (Ұлы Бастама) немесе Тайцзи (Ұлы Шекара) түріндегі
құдайлар болды. Оларды даостар мен барлық қытайлар аса қадірледі.
Құдайлар мен ұлы қаһармандардың (әскербасылар, өз ісінің шеберлері
және тағы басқа) құрметіне даостар көптеген храмдар салды, онда тиісті
пұттар қойылып, сыйлықтар жиналды. Бұндай храмдарда, сонымен қатар
жергілікті құдайлар мен аруақтарға, қолдаушылар мен қорғаушыларға арналған
храмдарда да, ауылдарда сиқыршылар, балгерлер, елшілер мен сәуегейлер
қызметін қосымша атқарған даостық монахтар қызмет етті.
Даостық құдайлардың арнайы тобы өлмейтіндер болды. Олардың
қатарына атақты Чжан Дао-лин, алхимик Вэй Бо-ян және тағы басқалар кірді.
Бірақ солардың ішіндегі ең танымалдары – өлмейтіндер сегіздігі – ба сянь.
Бұлар туралы әңгімелер халық арасында кең тарап, әрбір қытайлыққа бала
кезінен олардың ағаштан, сүйектен жасалған мүсіндері арқылы таныс.
Сегізінің әрқайсысымен де қызық әңгемелер мен аңыздар
байланыстырылған.
1. Чжунли Цюань – бұлардың ішіндегі ең үлкені. Хань дәуірінің жолы
болғыш қолбасшысы. Оған ерекше тағдыр дайындаған аспан күштерінің
араласуымен ол соғыста сәтсіздікке ұшырайды. Жеңілістен кейін ол
тауға кетіп, тақуалық өмір кешеді, металдардың трансмутациялық
құпиясын үйреніп алады, кедейлерге алтын таратады, кейін өлмейтінге
айналады.
2. Чжан Го-лаодың ғажайып қашыры болады. Бір күн ішінде ол он мың ли
өтіп, тоқтағанда қағаз сияқты бүктеліп, арнайы құбыршыққа салынады.
Керек кезінде оны шығарып, қыртасын жазып, су шашса болды – ол
қайтадан тіріліп, жүруге дайын тұрады. Чжан Го-лао өте ұзақ өмір
сүрді, бірнеше рет өлді, бірақ қайта тірілді, сондықтан оның
өлмейтіндігі күмәнсіз.
3. Люй Дун-бинь балалық шағының өзінде-ақ ақылымен ерекшеленіп, күніне
он мың иероглиф жаттады. Есейгеннен кейін үлкен дәрежеге ие болды,
бірақ Чжунли Цюаньның ықпалымен даосизмен айналысып, өлмейтінге
айналды. Оның сиқырлы семсері әрқашан қарсыласын жеңуге мүмкіндік
берді.
4. Ли Те-гуай , бірде ол Лао-цзымен кездесуге барғанда, тәнін жерге
тастап, шәкіртіне күзетсін деп бұйырып кетеді. Сол кезде шәкіртінің
анасы ауырып қалады, ол ұстазының денесін өртеп, кетіп қалады. Ли
қайтып келсе – денесі жоқ. Ол бір ақсақ қайыршының денесіне енуге
мәжбүр болады да, сөйтіп ақсаққа айналады (Ли – темір аяқ)
5. Хань Сянь-цзы, атақты тандық конфуцийлік Хань Юйдің жиені, болашақты
болжау қабілетімен атақты болды. Оның әрқашан болашақты дәл болжау
қабілеті әрқашан оның рацоналды ойлайтын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Қытай философиясы туралы
Чжань-го немесе соғысушы патшалықтар кезеңі
Қытайдағы мемлекет пен қоғамның қалыптасу негіздері
Ежелгі Қытай легизмінің саяси құқықтық ілімі
Конфуцийдің саяси жəне құқықтық ілімдер
Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері
Қытай философиясының тарихы
Ежелгі қытай елінің жаратылыс тану және техникалық ғылымдары
Конфуций мектебі
Ежелгі Қытай ғылымы
Пәндер