Есту қабілеті зақымдалған балалардың бөтен адамды алғаш көрген кездегі эмоциялық әсері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

Есту қабілеті зақымдалған балалардың бөтен адамды алғаш көрген кездегі эмоциялық әсері

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 2

1 Бөлім. Есту қабілеті зақымдалған балалардың қабылдау ерекшеліктері

1. 1. Мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған балалардың қабылдау ерекшеліктері . . . 4

1. 2Есту қабілеті зақымдалған балалардың тұлғааралық қабылдау процессі . . . 6

2 Бөлім . Есту қабілеті зақымдалған балалардың бөтен адамды қабылдау ерекшеліктері

2. 1 Бөтен адамды қабылдаудың тұлғааралық феномені ретінде . . . 11

2. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғааралық қабылдауының ерекшеліктері . . . 15

ҚОРЫТЫНДЫ ……… . . . 20

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 22

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Әлеуметтік қабылдаудың ең қиын мәселелерінің бірі әртүрлі аспектілерді дайындау қажеттілігі болып бірінші қабылдаудың қалыптасуы тұлғааралық танымның қазіргі маңызды үрдісі ретінде қарастырылады.

Бірінше қабылдауды қалыптастырудың мәселесі А. А. Бадалев пен В. Н. Панферовтың және олардың шәкірттерінің ХХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы жасаған жұмыстарында, әлеуметтік қабылдаудың тәсілі ретінде, Отандық психология негізінде қарқынды қарастырылған. (А. Г. Гусева, В. Н. Куницына, К. Д. Шафранская, П. М. Якобсон және т. б) . Зерттеушілердің бірінші бақылаудың, әртүрлі фактордың әсерінен феноменнің және өзгерушіліг, і механиздері мен заңдылықтарының қалыптасуы басты назарды аударды. 80-жылдардың соңында психологияда әлеуметтік вербалды емес іс-әрекетте таныс емес тұлғаның психологиялық интерпретациялық бейнесі негізігде сұрақтар туындады .

Қазіргі кезде берілген мәселе Е. А. Петрованың және оның шәкірттерінің жұмыстарында дамыған ( Р. Э. Варданян, М. Н. Котляров, А. А. Родинов, А. А. Романов, И. П. Чертыков) әңгімелесудің психосемиотикалық негізінде қарқынды өңделуде. Бұл жұмыстың осы бағытында көрсетілгендей, көріп қабылдаудың басты көздері, тұлғалық көрсеткіштің сырт-келбеттің белгілер жүйесі негізі болып табылады. Бірінші қабылдаудың қалыптасуы әртүрлі көру белгілерінің мағынасымен байланысқан:бір-бірін толықтыру арқылы немесе жаңа ақпаратты тудыру немесе әңгімелесудің аз мағыналы ерекшелігі ретінде.

Бірінші қабылдау феноменінің алдағы оқытылуы адам дамуының әртүрлі онтогенетикалық кезеңдерінде, таныс емес адамды қабылдау ерекшелігін ашып көрсетуді талап етеді. Бұл жоспарда ең қызықты және қажетті зерттелген жас ол- мектепке даярлық жас.

6-7 жастағы балалар үшін басқа адам туралы бірінші қабылдаудың қалыптасуы өмірлік маңызды болып табылады, өйткені берілген бейімдеушілік мектеп жасына дейінгі баланың жаңа адамдармен:мұғалімдермен және сыныптастарымен кең түрде байланысқа түсуін мектепте оқыту талап етеді . Мектеп табылдырығын алғаш аттағандар, мұғалімдер мен сыныптастырына әсер, балалардың басқалармен қарым-қатынасты құра және түсіне білуі қаншалықты дұрыс және адекватты көрінуі әңгімелесуде жетістік пен өзара түсінушілікке тәуелді болады, демек, жаңа әлеуметтік жағдайдың даму жетістігіне жетеді.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы, мектеп жасына дейінгі балалардың айналадағы адамдар туралы алғашқы қабылдаулары феноменді оқыту мәселесін қазіргі психологияда жоғары талап етеілген танымның жалпы психологиялық логиканың даму мәселесі ретінде, балалармен психологиялық жұмыстың практикасы ретінде демектепке даярлық балалардың тұлғааралық танымын жатқызады.

Зерттеудің оъектісі : 6-7 жастағы балалардың таныс емес адамды қабылдауы

Зерттеудің пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың басқа адам туралы қабылдауларының ерекшеліктері.

Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың басқа адам туралы алғашқы қабылдауларының мазмұнын үйрену

Зерттеудің міндеті:

1 Бөлім. Есту қабілеті зақымдалған балалардың қабылдау ерекшеліктері

  1. Мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған балалардың қабылдау ерекшеліктері

Сезім мүшелерінің жақын рецепторларында физиолгиялық қоздырғыштардың тікелей әсерінен пайда болатын заттардың, құбылыстар мен жағдайлардың біріккен, біртұтас бейнесін - қабылдау деп атаймыз. Қабылдауда заттар мен құбыластардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, пішіні т. б тұтас күйіндей бейеленеді. Қабылдау дәрежелік және мағыналық сипатқа ие болады. (А. В. Запарожец) . Мағыналы қабылдаудың дамуына басты рөль атқаратын сөйлеу әрекеті. [ 1] Қабылдау мен түйсіктің барлық түрлерінің дамуына есту қабілеттері зақымдалған балаларда өзіндік спецификалық ерекшеліктер байқалады. Қабылдау мен түйсіктің негізгі түрлері:

● Есту түйсігі мен қабылдау

● Көру түйсігі мен қабылдау

● Қозғалыс түйсіктері

● Тері, сипап сезу түйсігі мен қабылдау

Есту қабілеті зақымдалған балаларда есту түйсігі болмайды деген ой қалыптасып қалған. Негізінде бұл қате пікір. Акустикалық аппарат арқылы тексеру нәтижесі бірқатар естімейтін балаларда (шамамен 40%) есту түйсіктерінің сақталғандығын көрсеткен. Бұндай көрсеткіштерді есту бұзылыстары бар балалаарлды оқыту процесінде тиімді пайдалануға болады. [2, 20бет] . Естіп қабылдауы зақымдалған балаларда естуді компенсациялауда көріп қабылдауы маңызды рөл атқарады. Көру анализаторы есту бұзылыстары бар балаларда қоршаған ортаны танып білуде маңызды рөль атқарады.

Зерттеулердің нәтижелері есту қабілеті зақымдалған балалардың көріп қабылдауы мен көріп түйсінуі қалыпты балалармен бір деңгейде болатындығын, кей жағдайда белсенділік және қабыну байқалатындығын көрсетті. Сол себептер есту қабілеті зақымдалған балалар еститін балалар назырын(зейін) аудара бермейтін, айналадағы майда құбылыстарды заттарды байқағыш келеді. [3] Есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің дамуына көріп қабылдау ерекше рөль атқарады. Есту қабілеті зақымдалған бала сөйлеушінің сөзін негізінен көріп қабылдайды. Бұл балалардың көріп қабылдауынның дамуын ерте балалық шақтан қалыптастыру кезеңділіктерімен сәйкес қарастырған дұрыс. К. И. Вересотский зерттеуі есту қабілеті зақымдалған балалар айналадағы заттарды тануға келгенде, қалыпты балаларға қарағанда баяу болатындығын көрсетті. Мысалы, затты тануға қанша уақыт кететіндігін анықтау үшін, естімейтін және еститін балаларға жақсы білетін заттардың суретін бірдей қысқа уақытта көрсеткен. [4] Еститіндерге қарағанда есту қабілеті зақымдалған балаларда тану процесі жай жүрген. Оларға заттың ақпарттық белгілерін анықтау көп уақытты талап еткен. [5]

Олар таныс заттар-180̊ аударылып берілген геометриялық пішіндерді, жекеленген элементтерді(топтастырылған нүктелер мен сызықтар) тануда ауқымды қиындықтарға кездескен. Зерттеушілердің пікірінше, бұл естімейтін балаларда қабылдау процесінің өз бетімен қалыптасуының тежелетіндігімен және бұрын кездескен заттарды талдау мен топтаудың толық болмайтындығымен байланысты екендігін айтады. [6] Заттардың формасын ажыраты, атап көрсету тиісті белгілерді меңгеру және оларды практикада қолданумен жеңілдетіледі. Дьячковтың зерттеулері есту қабілеті зақымдалған балаларға заттардың формасын қабылдап тану үшін сөйлеу тілінің маңыздылығын көрсеткен. Заттың формасының жесттік белгіленуін білмейтін 7-8 жастағы бала, заттарды қасиеттері, белгілері бойынша ажыраты алмаған. [7] Жесттік белгіленуін білген есту қабілеті зақымдалған балаларда заттарды тану 2-3 деңгейге(ретке) нақтырақ болған. [8]

Ерте жастан арнайы оқыту мекемелерінде білім алып, сөйлеу тілі қалыптасқан балаларда формаларды ажыратуда қателіктер аз болған. А. А. Венгер мен А. Л. Венгер мәліметтері бойынша, есту қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі жастағы балалар заттарды формалары бойынша ажырата алады екен. [9] Бұл есту қабілеті зақымдалған балаланың қабылдауын дамыту барысында орнын толтыруға , кей жағдайда оларда саналылық тәрізді қасиеттердің арқасында қабылдаудың қалыптасуы мүмкін екендігін көрсетеді. [10]

Заттың сыртқы пішінін тану біртіндеп қалыптасады, себебі ол реакция мен талдаудың белгілі бір деңгейінің болуын талап етеді. Естімейтін балаларға жақсы таныс тегіс заттың пішінін тануға берілген тапсырмаға байланысты зерттеудің нәтижесі-оларда заттың пішінін тану біліктері еститіндермен салыстырғанда кешірек қалыптасатындығын көрсеткен. Сонымен, ерте жастағы балалар берілген заттардың 3/1бөлігін танымаса, естімейтіндер 50% танымаған, яғни атай алмаған. [11] Ары қарайға оқыту процесі барсында бұл дағдылар барлық естімейтіндерде еститін құрдастарымен бірдей болмаса да, соларға жақын болған. Есту қабілеті зақымдалған балаларда картиналарды түсініп қабылдау, оны талдау қиыншылық тудырған. [12] Н. В. Яшковтың зерттеуі бойынша, естуі зақымдалған балаларда суретті қабылдауда қиындықтар туады және суреттің мәнін, мағынасын түсінуде де қиналады, қозғалмалы заттардың суреті берілсе, кеңістік пен уақыт қатынасын түсінуде де қиындықтар туады. Сонымен қатар олар суреттегі заттар басқа затпен жартылай жабылған болса оны тани алмаған.

Есту қабілеті зақымдалған балалар үшін есту, көру арқылы қабылдау-бұл айналадағы қоршаған ортамен байланыстың көзі, басқа адамдармен қарым-қатынас жасаудың байланыстырушы жолы, оған бағытталып айтылған сөйлеу тілін қабылдау болып табылады. Аталған балаларды көріп қабылдау барысында сөйлеп отырған адамның мимкасы, ерін қозғалысы, бет қозғалысы, дактилбдеу кезіндегі қолдардың қимыл-қозғалысы барысына ерекше мән беріледі және соның нәтижесінде жетіледі.

Сонымен, есту қабілеті зақымдалған балалардың көріп қабылдауы еститін балаларға тән заңдылықтарға сәйкес дамиды. [12] Дегенмен, есту бұзылысы және өзіндік спецификасы функцияаралық қарым-қатынастың өз уақытында қалыптаспауы, қабылдаудың маңызды бөлігі саналыққа теріс әсер ететіндігі.

1. 2 Бөтен адам жайлы алғашқы әсер алу әлеуметтік перцепция құбылысы ретінде

Кез - келген қарым-қатынас орнату кезінде, байланысқа түскендердің индивидуалды ерекшеліктері-қажеттіліктері, сезімдері, өзіндік ой қорытулары әсер ету арқылы әрбір жеке адам жайлы белгілі бір көзқарас пайда болады. Мінез-құлықта, қоршаған адамдарға жасаған әрекеттерінен көрініс тауып, тұлғаның психологиялық болмысын, оның мінезін, мүмкіндіктерін, қызығушылықтарын толыққанды ашуға мүмкіндік береді.

ХХ ғ. 50-60 жж психологияның зерттеу объектісі болып есту қабілеті зақымдалған балаларда адамды адам арқылы қабылдау және түсіну бағыты қалыптаса бастады. Аталған зерттеу жұмысындағы маңызды бағыттар қатарына: адам жайлы алғашқы әсердің қалыптасуы(А. А. Бодалев, Дж. Дейрли, Г. Клаус, Г. Фоме) ; қабылдау және түсіну үрдістерінің ақпараттық, реттеушілік рөлі(А. А. Бодалев, В. Виттрайх, Г. Олпорт, К. Рэйковский) ; қабылдаудың индивидуалды, жас кезеңіне қарай және кәсіби ерекшеліктері(Ф. Гезелл, Б. Мазнер) ; қабылданатын нәрсе мен қабылдаушы қасиеттерінің, олардың арақатынасы, өзін -өзі бағалау, өткен өмірінің қабылдау үрдісіне тигізетін әсері(Б. Г. Ананьев, В. Н. Мясищев, П. М. Якобсон, И. Биери, Е. Боулз, М. Гинниз, Т. Ньюкомб, Н. Трессельт, Е. Холл) ; экспресстивті мінез -құлыққа баға беру( А. С. Золотнякова, Т. А. Репина, А. А. Степанов, П. М. Якобсон, Е. Вандерберг, М. Маттисон, Г. Оллпорт, Т. Олсен) және бет әлпетті қабылдау ерекшеліктері(В. Н. Панферов, М. Коган, П. Сэкорд, А. Стоун) . Есту қабілеті зақымдалған балалардың қарым-қатынасқа түсу кезінде қабылдау процесінің ерекше қыры - адамның мінез-құлқын реттеп, үрдіске бағыт беретін, жалпы логикалық схемаға жаңа компонеттер кіргізетін, көптеген психикалық үрдістерді қайта құратын адамдардың жан-жақты және икемді байланысы болып табылады. Сондықтан «қабылдау» термині 50-60жж жалпы психологияда қолданыс тапқан терминнен өзгеше келген, тек тұлғааралық қарым-қатынасқа қатысты әлеуметік психологияның тар аймағында қолданылды. Дәл осы уақытта шетелде «қабылдау» термині кең және жалпы қолданыста- мағынаға ие болған, түсіністікті қосатын, тұлғааралық қарым-қатынас үрдісі ретіндегі мақсатты бағытталған таным пайда болды. Көптеген зерттеушілер заманауи қабылдау теориясы Р. Бердвистелл, Ч. Дарвин, Е. Холл, А. Шефлен, П. Экман, Д. Эфрон және т. б авторлар идеяларына негізделеді. Отандық психологияда «қабылдау» түсінігі әсер алу, қарым-қатынас, жан ашудың кең аймағындағы құбылыстарды қамтиды ( Д. Авербух, С. Волконский, Р. Вудвортс, А. Лазурский, П. Лившиц, С. Рубинштейн, А. Сикорский, А. Соколов, А. Спиркин, О. Тихомиров) . Есту қабілеті зақымдалған балаларда жеке тұлғаның танымдық үрдістерінің әрекет етуі кезінде барлық психикалық процесстер тығыз байланыста қызмет етеді. Сезіну және сезімтал мүшелері арқылы индивид қоршаған орта құбылыстары мен заттарының жеке қасиеттерін сезінеді-дыбыстар, түстер, иістер және т. б., сонымен қатар ішкі және сыртқы орта жайлы әртүрлі ақпаратты қабылдайды. «Сезімдердің шынайылық критерийі - субъектінің тәжірибесі мен қызметі болып табылады». [12, 118-119бет]

Есту қабілеті зақымдалған балаларда қабылдау кезінде жеке сезімдерді толыққанды заттар бейнесіне біріктіру және жинақтау жүреді. «Қабылдау жеке қасиеттері тығыз байланыста болатын толық құбылысты бейнелейді». [13, 42 бет]

Есту қабілеті зақымдалған балаларда есте сақтау қабілеті субъектінің өткен өмірі мен болашағын байланыстырады, оқыту мен даму негізінде жататын маңызды танымдық функция болып табылады. Есте сақтау қабілеті болмаса, адам өмір бойы жаңа туған сәби деңгейінде қалып қояр еді. Ессіз мінез-құлық, ойлау, қабылдау және түйсіну негіздерін түсіну мүмкін емес еді. Ойлау құбылыстар мен заттар болмысын, олардың өзара байланысы мен даму заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік береді. «Ойлау қабілеті сезіну арқылы даму тәжірибелік қызметінің негізінде пайда болып, оның шегінен тыс шығып, алысқа барады». [14, 25бет] Қиялдау кезінде болашақ өзіндік бейнеге ие болады, тәжірибені қолдана отырып жаңа бейнелер құрылады. « Қиялдау- қиындықтар айқын болмаған кезде мінез-құлық бағдарламасын құруға жауап беретін адамның шығармашылық әрекетінің элементі, бөлігі». [15, 32 бет]

И . Брунер(1957), Е. Н. Соколов (1960), А. Р. Лурия (1963) қабылдау үрдісін болжамдау теориясы тұрғысынан қарастырған болатын. Аталған теорияға сәйкес, қабылдау- қабылданатын объектінің сипатына қорытынды жасауға мүмкіндік беретін едәуір ақпараттандырылған нүктелерді талдау және дұрыс емес гипотезаларды бөліп тастау; көбірек ақпарат сақталған нүктелерді табу және объектінің жеке бөліктерін кезеңдеп қарастыруға негізделген күрделі белсенді үрдіс.

Психология ғылымында ең алғаш перцептивті әрекет ету қағидасының құрылымын Х. Эренфельс зерттеген. Нәтижесінде гештальтпсихология уәкілдері М. Вертхаймер, К. Коффки және В. Келлер қабылдаудың толыққандылығын эксперимен арқылы зерттеуге талпынды. [16] Шетел ғалымдары ойынша, ес заңдылықтарымен айқындалатын қабылдаудың алғашқы қасиеттері ретінде толықтық пен құрылымы шығады. Толыққанды бейне бара-бара пайда болады. Оның қалыптасуы адам объектіні қабылдайтын уақыт және кеңістік жағдайларына байланысты. Мысалы, көріну деңгейі өте жақсы болған кезде, көру қабілеті қалыпты адам өзінен 2 км қашықтықта орналасқан адамды қоршаған ортадан бөліп, көрсете алады. 1 км қашықтықта адамның жалпы контурын ажырата алды. 700 м қашықтықта қол және аяқ қозғалыстарын, 400 м қашықтықта бас киімі, ал 300 м арасында бас пен иықтар, бет әлпеті, киім түсі айқындалады, 200 м қашықтықта бет әлпеті мен қолдың білегі көрінеді, 60м - көздері, мұрын және саусақтары ажыратылады, 20 м ұзақтығында басқа адамның бейнесінің барлық бөліктері көре алады. [17, 33бет] Тұлғааралық қабылдау үрдісінде фигура және фон түсініктері маңызды түсініктер болып табылады. Аталған бағыт гештальтпсихологияда пайда болды. Ғалымдар К. Левин, Э. Рубин, Ф. Хайдер және т. б. фигураны фоннан ажыратуға болатын заңдылықтарды ашуға талпынған. Психологияда фон мен фигура арақатынасын физико-физиологиялық заңдылықтарға жатқызады және симметрия, ұқсастық, тұйықтық заңдары арқылы түсіндіреді. Адамды адам арқылы қабылдау кезінде фигура әрқашан алдыға шығады, ал фон артқа жылжиды.

Есту қабілеті зақымдалған балаларда адамның сыртқы бейнесін бейнелеу құрылымында қабылдау, бағалау және өзіндік түйсіну деңгейлерін бөледі. Бейнелеу айқындығы - нәтижелі қабылдаудың алғышарты болып табылады. Қабылдау деңгейіндегі сәйкестілік критерийлері түрінде қабылдау нақтылығы, бағалау деңгейінде-көрініс толыққандылығы, түсіністік деңгейінде -талдау тереңдігі (Г. М. Андреева және т. б. ) . [18]

Барлық рецепторлық процесстер: ақпаратты жинақтау және іріктеу, реттеу, бақылау және т. б. белсенді өтеді. Аталған белсенділік адамды адаммен тікелей қабылдау үрдісіне тән. Бейнелерді қалыптастыру барысында көздердің қозғалу заңдылықтарын зерттеуді қарастыратын И. М. Сеченов, В. П. Зинченко, Б. Ф. Ломова, А. Л. Ярбус жұмыстарында адамдарды қабылдау кезіндегі көздердің макроқозғалыстарының қозғалу заңдылықтары айқындалады. Адамды адам арқылы тану үрдісінде кездесетін қиындықтарды қарастыруға арналған жұмыстарда сөйлесу кезіндегі адамды адаммен «әлеуметтік психологиялық интерпретациялау» термині қолданылады(В. Н. Панферов, В. А. Лабунская, Е. Н. Михеева, Г. В. Сериков және т. б. ) . «Психологиялық талдау жасау «тұлғаның психологиялық қасиеттерін ойша сыртқа шығарылатын әрекеттерімен байланыстыру» ретінде қарастырылады (В. Н. Панферов, 1974) . Интерпретацияның келесі түрлерін ажыратады: толықтық, сәйкестілік, мазмұны, таңдау және т. б. (Г. В. Сериков, 1977) . Интерпретация негізі-адамның сыртқы бейнесі (А. А. Бодалев, 1965, В. Н. Панферов, 1969), вербалды емес мінез- құлық(В. А. Лабунская, 1986), вербалды емес сөйлесу мәтіні (Е. А. Петрова, 1999) болып табылады. Әлеуметтік перцепция негіздерін зерттеуде тұлғаның сыртқы бейнесі «нақты сезімдік бейнелеуге мүмкіндік беретін анатомиялық, функционалды және әлеуметтік белгілерінің жиынтығы» деген түсінікке ие (А. А. Бодалев, В. Н. Панферов) Вербалды емес қарым-қатынас мәтіні - қарым -қатынас контекстінде байқалатын адамның әрекеті, ол - қатынас субъектісінен пайда болған, бір адамнан екіншісіне ақпаратты жіберетін вербалды емес белгілер көмегімен қалыптасатын мәтін (Е. А. Петрова, 2000) . Көру арқылы қабылданатын адам жайлы және адамнан берілетін ақпарат 3 көру -коммуникативті жүйе белгілері арқылы беріледі, оларға: «габитус»( физикалық бет-әлпет, беттің, дене бөліктерінің анатомиялық ерекшеліктері, дене конституциясы, т. б. ), «костюм»(бейненің әлеуметтік безендірілуі: киім, аяқ киім, әшекейлер, аксессуарлар, шаш үлгісі, көзілдірік және т. б), «кинесика» (барлық мағыналы әрекеттер: мимика, ымдау, жүріс-тұрыс) жатады. Әрбір визуалды белгі табиғаты ақпараттық екіжүзділікке ие: басқарылатын және индикативті. (Е. А. Петрова, 2000) . Бір жағынан белгінің өзіндік мағынасы бар; екінші жағынан - мағына пайда болады( кез -келген индикативті белгі тұлғалық мәнге ие, яғни, қай адам аталған белгіні тңдағаны жайлы ақпаратты береді. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, басқа адамды тану, түсіну негізінен функционалды-экспрессивті белгілер( ым, мимика ) арқылы жүзеге асады (А. А. Бодалев, Е. Н. Михеева, және т. б. ) . Е. А. Петрованың зерттеу жұмыстарында кинетикалық белгілер( ым және мимика) көру арқылы тікелей байланыс орнату кезінде көбінесе шешуші рөлге ие, алайда «кинесика» арқылы жеткізілетін бейтарап немесе позитивті сипатқа ие ақпарат алмасу жағдайларында «габитус» немесе «костюм» белгілері ерекше маңызға ие болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эмоционалды ерік сферасы зақымдалған балалармен жүргізілетін танымдық оқыту әдістері
Балалардың психологиялық даму сатыларын анықтау
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ЭМОЦИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАРЫ
Көру қабілеті бұзылған балаларға білім берудегі дидактиканың негіздері
Есту қабілеті бұзылған балаларды инклюзивті түрде оқытудың негізгі формалары
Есту қабілеті зақымдалған балаларға мектепке дейінгі білім беру жүйесі
Есту қабілеті бұзылған балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері
Нашар еститін балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері
Эмоционалды ерік сферасы зақымдалған және даму ерекшеліктері бар балалар
Мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz