Қаржыны басқару және қаржы менеджменті



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. Қаржыны басқару ұғымы
2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердін қаржысын басқару
3. Мемлекеттін қаржысын басқару
4. Қаржыны басқарудын автоматтандырылған жүйесі
5. Қаржы менеджментінің мазмұны және міндеттері
6. Бәсекелестік қабілетті қамтамасыз етудегі қаржы менеджментінің ролі
7. Қаржы менеджменті және маркетингтік саясаттың өзара байланысы

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ

Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті заңдылықтары мен талаптарына негізделген. Осы зандардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.
Қаржыны басқару — бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Сөйтіп, қаржыны басқару — бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі.— бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты — қаржыны басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістерімен тәсілдері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше төсілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың кемегімен жүзеге асырады.
Отандық экономикалық теорияда және тәжірибе жүзінде кәсіпорын қызметін стратегиялық басқару мәселелері әлі де болса жеткіліксіз қарастырылып келеді. Мұның басты себебі – еліміздегі экономикалық бетбұрыстардың басталуына дейін стратегиялық басқару мемлекеттің өз қолында болып келді. Мемлекет өзінің экономикалық саясаты шеңберінде елдің дамуы мен келешегінің стратегиясын қалыптастырып, салалар мен кәсіпорындардың өзекті стратегиялық мақсаттарын анықтап келді. Алайда, нарықтық қатынастардың қалыптасуы және дамуы бәрін де өз орнына қойды. Қазіргі таңда кәсіпорындардың өміршеңдігі, табыстылығы, бәсекелестікке жарамдылығы өз қолдарында, яғни олардың өз қаржылық және шаруашылық жағдайын нығайту кәсіпорынның қаржы менеджментінің стратегиялық міндеті балып табылады.
Жалпылай айтқанда қаржы менеджменті дегеніміз – бұл кәсіпорынның табыс табудың және өндірісті дамытудың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін қажетті ақша ағындарын қамтамасыз етумен, қаражаттар мен ақша қорларын қалыптастырумен және қолданумен байланысты кәсіпорындардың басқару қызметі болып табылады
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Балабанов И.Т., «Основы финансового менеджмента», Москва – 1998
2. Демеуов Б., «Финансовая конкурентоспособность компаний и пути ее повышения», Қаржы-қаражат – Финансы Казахстана, 2004, №4
3. Джумагельдиева Т.А., «Конкуренция: теория и механизмы развития», Алматы – 2003
4. Ковалев В.В., «Финансовый анализ», Москва – 1998
5. Ковалева А.М., «Финансы фирмы», Москва – 2002
6. Колчина Н.В., Поляк Г.Б., «Финансы предприятий», Москва – 2003
7. Романовский М.В., Сабанти Б.М., «Финансы», Москва – 2002
8. Сәрсенбаев А., «Тұтыну тауарлары нарықтарындағы табыстық стратегиялық факторлар», Қаржы-қаражат – Финансы Казахстана, 2004, №4
9. Слепов В.А., «Финансы и цены», Москва – 1999
10. Стоянова Е.С., «Финансовый менеджмент», Москва – 2003

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Қаржыны басқару және қаржы менеджменті.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1. Қаржыны басқару ұғымы
2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердін қаржысын басқару
3. Мемлекеттін қаржысын басқару
4. Қаржыны басқарудын автоматтандырылған жүйесі
5. Қаржы менеджментінің мазмұны және міндеттері
6. Бәсекелестік қабілетті қамтамасыз етудегі қаржы менеджментінің ролі
7. Қаржы менеджменті және маркетингтік саясаттың өзара байланысы

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де
тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы
ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық
заңдардың объективті заңдылықтары мен талаптарына негізделген. Осы
зандардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың
нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық
органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса,
өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.
Қаржыны басқару — бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және
әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау
процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне
жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету
жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Сөйтіп,
қаржыны басқару — бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы
механизмі.— бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты — қаржыны басқарудың
тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті
нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістерімен тәсілдері
пайдаланылады. Қаржы жүйесінде оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше
төсілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және
санкциялардың кемегімен жүзеге асырады.
Отандық экономикалық теорияда және тәжірибе жүзінде кәсіпорын қызметін
стратегиялық басқару мәселелері әлі де болса жеткіліксіз қарастырылып
келеді. Мұның басты себебі – еліміздегі экономикалық бетбұрыстардың
басталуына дейін стратегиялық басқару мемлекеттің өз қолында болып келді.
Мемлекет өзінің экономикалық саясаты шеңберінде елдің дамуы мен келешегінің
стратегиясын қалыптастырып, салалар мен кәсіпорындардың өзекті стратегиялық
мақсаттарын анықтап келді. Алайда, нарықтық қатынастардың қалыптасуы және
дамуы бәрін де өз орнына қойды. Қазіргі таңда кәсіпорындардың өміршеңдігі,
табыстылығы, бәсекелестікке жарамдылығы өз қолдарында, яғни олардың өз
қаржылық және шаруашылық жағдайын нығайту кәсіпорынның қаржы менеджментінің
стратегиялық міндеті балып табылады.
Жалпылай айтқанда қаржы менеджменті дегеніміз – бұл кәсіпорынның табыс
табудың және өндірісті дамытудың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін
қажетті ақша ағындарын қамтамасыз етумен, қаражаттар мен ақша қорларын
қалыптастырумен және қолданумен байланысты кәсіпорындардың басқару қызметі
болып табылады.
1. Қаржыны басқару ұғымы

Қаржыны басқарудың екі аспектісін ажырата білген жөн: біріншіден,
мемлекет қаржыны, оның нысандарын экономика мен әлеуметтік сфераны
басқарудың тетігі, тұтқасы ретінде пайдаланады және сөйтіп, қоғамдық
өндірістің бүкіл процесіне ықпал жасайды; екіншіден, қаржының өзі
басқарудың объектісі болып табылады: қаржы қатынастарының нысандары, ақша
қорлары, қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелерінің жүйесі басқарылады.
Қаржыны басқаруға ғылыми көзқарас қаржы қатынастарының әрбір
сферасында, олардың әрбір буынында оны басқаруға көп жоспарлы сипат пен
жүйелі кезқарасты айқындайды. Заңы заңдарда, қаржылық болжамдар мен
жоспарларда, қаулыларда және басқаларда ресімдслетін қаржылық сипаттағы
басқару шешімдерін өзірлеген кезде экономикалық және заңи зандардың
талаптарын, откен шаруашылық кезеңнің қорытындыларының ғана емес, сонымен
бірге келешекті экономикалық талдаудың нәтижелерін, экономикалық-
математикалық өдістер мен қаржыны басқарудың антоматтандырылған жүйесін,
басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің ұтымды үйлесуін ескерген
жөн. Қаржыны ғылыми басқару іс-қимылға жаңа қаржы әдістері мен тұтқаларын
енгізу немесе ескілерінің күшін жою жолымен келеңсіз құбылыстарды уақтылы
жеңіп отыруды қажет етеді. Сонымен бірге айқын және уақтылы экономикалық
ақпарат, ғылыми негізделген көрсеткіштер, жоғары сапалы псрспектиізалық
және ағымдағы қаржылық жоспарлау талап етіледі.
Қаржы қатынастарының әрбір сферасы мен әрбір буынында басқару
субъектілері қаржыга мақсатты ықпал етудің өзіндік әдістері мсн нысандарын
пайдаланады. Мәселен, қаржыны басқаруда мынадай бірнеше өзара байланысты
нақтылы функциялық элементтерді боледі: ақпарат, жоспарлау (болжау),
ұйымдастыру, реттеу, бақылау.
Қаржылық, ақпараттың ғылыми негізделген жоспарлау мақсаты үшін де,
сондай-ақ бүкіл қаржы процесін оперативті басқару үшін де зор маңызы бар.
Жоспарлау процесіндегі басқару шсшімдері қаржы ақпаратына талдау жасау
негізінде қабылданады, ол осыған байланысты жеткілікті толық әрі ақиқат
болуы тиіс. Ақпаратты алудың ақиқаттығы мен уақыттылығы негізделген
шсшімдер қабылдауды қамтамасыз стеді. Қаржылық ақпарат бухгалтерлік,
статистикалық және оперативтік есеп беругс негізделсді.
Қазақстанның шаруашылық практикасында пайдаланылатын термин.
Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды орын алады.
Бұл — жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақша қаражаттарының мөлшерін
және оның көздерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған
ақша қорлары арасында, ұлттық шаруашылықтың салалары мен әкімшілік-аумақтық
бірліктері арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімін (пропорциясын)
белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау және т.б.
Ұйымдастыру — басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын,
айқындығын, қаржы ақпаратының жоғары нәтижелілігін, басқару
қызметкерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.
Қаржыны басқаруды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Көбінесе қаржыны
оперативті басқарудың нәтижесі қаржы субъектілерінің — қаржы органдарының,
салық комитеттері мен қаржы полициясының және ұлттық шаруашылық
салаларындағы қаржы бөлімдерінің толып жатқан аппаратының жұмысының қалай
ұйымдастырылып отырғанына байланысты болады. Қаржы аппаратының
ұйымдастырылу дәрежесі жоғары болуы тиіс. Бұл қаржы құрылымдарының барлық
қызметкерлерінің біліктілігі мен жеке білгірлігіне жоғары талаптар қояды.
Қаржымық реттеу — бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржы
ресурстарын икемді, шебер жұмсау, белгіленген нәтижеден теріс ауытқулардың
барлық түрін алдын алуға және жоюға бағытталған; мұның өзі резервтік
(сақтық) қорлары, жоспардан тыс қаржы ресурстары, пайдаланылмаған қаржылар
есебінен қызметтердің барлық түрлерінде арақатынас пен үйлесімділікті
қамтамасыз етуді білдіреді.
Бақылау басқарудың элементі ретінде жоспарлау процесінде де, соньшен
бірге оперативтік басқару стадиясында да жүзеге асырылады. Ол қоғамда
барлық қаржы процестерін (операцияларын) жүргізудің дұрыстығы мен
зандылығын тексеру және қамтамасыз ету жөніндегі қаржы құқығының нормаларын
басшылыққа алып отыратын қаржы аппараттарының қызметін қамтиды. Бақылау.
қаржы ресурстарын пайдаланудың нақты нәтижелерін жоспарлы көрсеткіштермен
салыстыруға, қаржы ресурстарын өсірудің резервтерін айқындауға,
шаруашылықты неғүрлым тиімді жүргізудің жолдарын белгілеуге мүмкіндік
береді.
Қаржыны басқаруда басқа кез келген басқарылу жүйесіндегідей басқарудьщ
объектілері мен субъектілері бөлінеді. Объектілер ретінде қаржы
қатынастарының сан алуан түрлері бола алады, басқаруды жүзеге асыратын
ұйымдық құрылымдар субъектілер болып табылады. Қаржы қатынастарын олардың
сфераларына сәйкес объектілердің екі тобын бөледі: шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржысы, мемлекеттің қаржысы. Оларға басқарудың мына
субъектілері сәйкес келеді: қаржы службалары (шаруашылық жүргізуші
субъектілердің бөлімдері), қаржы және салық органдары. Қаржыны басқаруды
жүзеге асыратын барлык, ұйымдық қүрлымдардың жиынтығы қаржы аппараты деп
аталады.
Кәсіпорындарда және ұлттық шаруашылық саласында қаржыны басқаруды
кәсіпорындардың, ұйымдардың және мскемелердің қаржы бөлімдсрі мен
службалары, сондай-ақ сақталып отырған министрліктер мен ведомстволардың
қаржы бөлімдері мсн басқармалары жүзеге асырып отырады.
Нарықтық экономиканың қалыптасып, дамуы жағдайындағы қаржыны басқару
қаржы бойынша басқару шешімдерін негіздеуді, бүгінде нашар пайдаланып
жүрген әдістерді іске асыруды, басқару функцияларының — реттеудің, қаржы
рыногын қалыптастыру әдістерінің бір элементі ретіндегі қаржы ресурстарын
есебін тауып пайдалануды күшейтуді талап етеді. Бұл жағдайда нарықтық
экономикаға кешкен Шығыс Европа елдерінің де, сонымен бірге әлеуметтік
жағынан бағдарланған нарықтық экономика жағдайында көп жылдар бойы өмір
сүріп отырған капиталистік елдердің де тәжірибесін ескерген жөн.
Өткен кездің оңтайлы тәжірибесіне келеңсіз қарау қаржының дамуына, оны
басқаруға қайшы келді: бюджетке төленетін төлемдердің салық нысандары
жеткіліксіз пайдаланылды; бюджеттен төленетін субвенциялардан (мақсатты
жәрдем қаржыдан) бас тарту бодды және т.б. Осы және басқа себептерге
байланысты қаржының рөлі төмендеді. Экономиканы басқаруды қайта құру жаңа
қаржы саясатын жасап, жүзеге асыруды, қаржыны басқарудың қағидалы жаңа
әдістеріне көшуді талап етті. Бұл әдістер экономикаға қаржының реттеуші
ықпалын күшейтуді қамтамасыз етуі, қоғамдық өндірістің тиімділігін өсіруге,
әлеуметтік саланы дамытуға мүмкіндік туғызуы тиіс.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттің қаржысын басқарудың
қолданылып жүрген жүйесінің айтарлықтай кемшіліктері бар. Олардың
бастыларына мыналарды жатқызуға болады.
Біріншіден, өкіметтік операцияларды қамтудың толық еместігі.
Қазіргі кезде өкіметтік операциялардың едәуір бөлігі, биліктің
аймақтық және жергілікті органдарының барлық операциялары Қаржы министрлігі
тарапынан болатын тиімді бақылаудан тыс қалып қояды. Ең адцымен бұл толып
жатқан бюджеттен тыс қорлардың қаражаттарын, шетелдік субсидиялар мен
нәтижелерді пайдалану жөніндегі операцияларға, шетел валютасындағы бюджет
операцияларына, сондай-ақ мезгілі өткен сыртқы берешекке қызмет ету
жөніндегі операцияларға қатысты.
Екіншіден, түсімдерді уақтылы алуға жеткілікті бақылау жасамау.
Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бұл
проблемаларды ойдағыдай шеше алатыны, мемлекеттік басқарудың деңгейлері
арасында салықтық түсімдерді, шығыстарды түзету жүйесіндегі икемділікті
бөлугс бақылауды жолға қояры сөзсіз.
Үшіншіден, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру жүйесінің
кемшіліктері.
Бұрынғы КСРО-да мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландырудың
дәстүрлі көзі ұзақ жылдар бойы Мемлекеттік банктің пайызсыз кредиттері,
сондай-ақ Жинақ банктеріндегі халықтың салымдары болып келді. Қазіргі кезде
бұл көздерді пайдалану қиын мәселе болып қалды.
Мемлекеттік бюджет тапшылығын жабудың баламалы қаржы көзі ретінде
пайдалануга болатын мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бүгінге дейін
кеңінен таралмай отыр. Мұның экономикалық дағдарыстар мсн инфляция
жағдайында занды екенін мойындауға тура келеді.

2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердін каржысын басқару

Бұл буынның қаржысын басқаруды министрліктердің, ведомстволардың,
концерндердің, ассоциациялардың, қоғамдардың, ссріктсстіктердің қаржы
департаменті (басқармаларъі) мен бөлімдері, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржы бөлімдерімен қаржы службалары жүзеге асырады.
Қоғамдық ұйымдардың қаржысын осы ұйымдардың қаржы бөлімдері мен
топтары басқарады.
Министрліктер мен басқа жоғарғы органдардың қаржы басқармаларының
аппараты жиынтық қаржыны болжау (жоспарлау), кірістср мсн шығыстардың
жиынтық балансын бақылау жөніндегі жұмыстарды жүзсгс асырады, ведомствоға
қарасты кәсіпорындардың қаржы бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді.
Қаржы жүйесінің бұл буынында нарық жағдайында басқару қаржы
менеджменті деп аталады және кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік
қызметі арқылы және соның шеңберінде әлеуметтік-экономикалық процестерді
басқарудың нысаны болып табылады. Қаржы менеджментінің мәні тиісті
службалар тарапынан қосымша қаржы ресурстарын ең тимді етіп тартуға, оларды
неғұрлым ұтымды етіп жұмсауға, қаржы рыногында бағалы қағаздарды сатып
алып, қайтып сатып пайдалы операциялар жасауға мүмкіндік беретіндей етіп
қаржыны басқаруды ұйымдастыру.
Кәсіпорындарда қаржы менеджментінің объектілері мыналар болып
табылады: жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктік құқықтар, жұмыстар
және қызметтер, ақпарат, зияткерлік (интеллсктуалдық) қызметтің нәтижелері,
материалдық емес игіліктер.
Қаржы менеджменті уәждемелерге — адамдардың немесе ұжымдардың
қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске асыру
жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме ісксрлік белсөнділікті, еңбек
өнімділігі мен сапасын ынталандыру процесінде көрінеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдері (службалары)
кредит және есеп айырысу операцияларының (акциялардың, вексельдердің,
факторингтің және басқалардың) жаңа нысандарын пайдалана отырып, оперативті
қаржылық жоспарлауды, қаржы ресурстарымен оңтайландыруды жүзеге асырады.
Шаруашылық серіктестіктерінде қаржыны басқаруда басқа функциялармен
қатар, жоғарғы органдар — олардың қатысушыларының жалпы жиналысы
(окілдіктердің жалпы жиналысы), акционерлік қоғамдарда — акционерлердің
жалпы жиналысы үйлестіріп отырады. Атқарушы орган - басқарма өзінің
лауазымды адамдарының, соның ішінде қаржыны басқару жөніндегі лауазымды
адамдардың құрамына мыналарды қосады: қаржы жөніндегі вице-президентті
(басқарушының орынбасарын); ол серіктестіктің (қоғамның) тиісті бөлімшесіне
— қаржы бөліміне, топқа, секторға жстекшілік етеді немесе оның
бағынышындағы жеке қызметкерлср — шаруашылық жүргізуші субъектісінің
қаржылық қызметінің бағыттары жөніндегі қаржы менеджерлері жұмыс істейді.
Қаржы бөлімінің құрылымы (3.1 сызбаны қараңыз) әдетте болжамды
талдамалық, есеп-қисап, шағым, оперативтік-қаржылық жұмыстың бағыттарына
негізделеді.
Қаржы-өтім бөлімдері бюджетпен, банктермен, жоғарғы ұйымдармен есеп
айырысу жөніндегі, кассалық сияқты топтарға бөлінеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы службаларының маңызды
міндеттері мыналар болып табылады:
табысты немесе пайданы өсірудің жолдарын іздестіру және
рснтабедділікті арттыру;
өндіріс, күрделі қаржылар, жаңа техниканы өндіру жәнс басқа жоспарлы
шығындар жөніндегі тапсырмаларды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;
1 сызба. Шаруашылық жүргізуші субъектісінің қаржысын басқару
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қ a p ж ы бөлімі
Жоспарлау-экономикалықБанк және кассалық Есеп айырысу бюросы
бюросы операциялар бюросы
Т 0 П Т A P
Қаржылық,-кОператизтікЭконо-мика лыСатып Жеткізуші-Кінорат-тал
редиттік - к. талдау алушылар-мелермен ап тобы
жоспарлау жоспарлау н есеп есеп
және айырысу айырысу
бақылау бюросы

мемлекеттік бюджет, банктер, жеткізушілер, жоғарғы ұйымдар алдындагы
қаржылық міндеттемелерді орындау;
есеп айырысуларды ұйымдастыру;
өндірістік капитал мен күрделі жұмсалымды тиімді пайдалануға
жәрдемдесу;
қаржы ресурстарын дұрыс пайдалануды бақылау, айналым қаражаттарының
сақтапымдылығы мен тездетілген айналымдылығын қамтамасыз ету және
басқалары.
Қаржыны оперативті басқаруға банк мекемелері қатысады. Екінші деңгей
банктері кәсіпорындар мен ұйымдарға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуді
жүзеге асырады, ақшаға деген уақытша қажеттіліктерді несие өндіреді.
Шаруашылықты жүргізудің нарықтық негізіне көшкеннен кейін кәсіпорын
басшыларының, акционерлік компаниялар мүшелерінің ғана емес, сондай-ақ
басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістері жағдайында болмашы рөл атқарған қаржы
службаларының да рөлі ерекше арта түсті. Кәсіпорындарды дамытудың қаржы
көздерін, қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді инвестициялаудың бағыттарын
іздестіру, бағалы қағаздармен операциялар жасау және қаржы менеджментінің
басқа мәселелері нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорындардың қаржы
службаларының негізгі мәселелері болып отыр.

3. Мемлекеттін қаржысын басқару

Қаржыны басқару стратегиялық, яғни қаржыны жалпы басқару және
оперативтік басқару болып ажыратылады. Стратегиялык, басқару қаржы
ресурстарын келешекте болжау арқылы анықтауда, мақсатты бағдарламаларды
және басқаны іске асыруға арналған қаржы ресурстарының ауқымын белгілеуде
көрінеді. Оны дәстүр бойынша мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғарғы
органдары — Президент аппараты, Парламент, Үкімет, Қаржы министрлігі,
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентіне көп жағдайда Президснт аппараты
арқьшы қаржыны басқаруға үлксн өкілеттік берілген:
1) республикалық бюджетті әзірлеу және оның атқарылуы туралы есеп беру
тәртібін айқындайды;
2) Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы қағиданы
бекітеді, оның құрамын айқындайды;
3) Қазақстан Республикасының аумағында төтенше мемлекетік бюджет
енгізу туралы шешім қабылдайды және оны әзірлеу тәртібін айқындайды;
4) мемлекеттегі жағдай мен республиканың ішкі және сыртқы саясатының
негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауда алдағы
жылға арналған Қазақстан Республикасының қаржы-кредит және бюджет
саясатының негізгі бағыттарын айқындайды;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес
құрады жөне ол туралы қағиданы бекітеді; Ұлттық қорды қалыптастыру және
пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемі
мен бағыттары жөнінде шсшімдер қабылдайды. Ұлттық қорды қалыптастыру және
пайдалану туралы есептерді бекітеді;
6) Қазақстан Рсспубликасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында
тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған рсспубликалық қаржы
жоспарын бекітеді және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес езге де
өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қаржыны жалпы басқару Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін
жүзеге асыратын елдің ең жоғарғы өкілді органы — Парламентке жүктелген.
Палаталардың бірлескен отырысында Парламент Үкімет пен Республикалық
бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық
бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, республикалық бюджетті,
сондай-ақ республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізеді,
бекітеді, салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды,
мемлекеттік қарыздар мен республиканың экономикалық және өзге де көмек
көрсетуі туралы мәселелерді шешеді.
Парламенттің құзырында қаржы проблемаларын шешу заңнамалық актілерді
— Қазақстан Республикасының заңдары мен Парламент қаулыларын талқылауға
және кейін дауыс беруге енгізу жөніндегі заңнамалық бастама құқында жүзеге
асырылады. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін зандар
шығарады, негізгі қағидаттар мен нормаларды белгілейді, олар: салық салуға,
алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге, республикалық
бюджстке, білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға,
елдің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдар
мен жергілікті басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметіне,
айналадағы ортаны қорғауға, меншік рсжіміне және озге де мүліктік
құқықтарға қатысты.
Парламенттің жұмыс органдары тұрақты негізде жұмыс істейтін сенат пен
мәжілістің тұрақты комитеттері — Экономика, қаржы, бюджет комитеттері болып
табылады. Комитеттерде заңнамалық актілер оларды Парламенттің палаталарында
дауысқа салуға снгізгенге дейін анықталады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі — Министрлер Кабинеті Республика
Президенті белгілейтін тәртіппсн Парламентке республикалық бюджетті және
оның атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді. Мұндай есепті Үкімет
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне де
табыс етеді, қарыз алуды жүзеге асырады, Ұлттық қорға активтерді есептеу,
Ұлттық қорды пайдалану тәртібін айқындайды, төменгі бюджеттерден жоғарғы
бюджетке бюджеттік алынымның және жоғарғы бюджеттен төменгі бюджеттерге
бюджеттік субвенцияларды аудару тәртібі мен кезснділігін айқындайды,
Қазақстан Республикасының зандарына және Президенттің актілеріне сәйкес
өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Экономика мен әлеуметтік саланы басқару жүйесін түбірлі қайта құрудан
туындап отырған жаңа мәселелерді шешуге байланысты және Қазақстан
экономикасының дамудың нарықтық жолына етуіне орай қаржыны басқару
саласында "Қазақстан Республикасының мсмлекеттік басқару жүйесін одан әрі
жетілдіру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына
сәйкес қайта құрылған Қаржы министрлігі және оның жер-жерлердегі
органдарының рөлі шұғыл артып отыр. Қаржы министрлігімен оған қосылған
Мемлекеттік кіріс министрлігінің бюджетті жоспарлау және мемлекеттің
кірісін жоспарлау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлігіне берілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 қыркүйектегі №962
қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі туралы
қағидаға сәйкес Министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте
мсмлскеттік бюджеттің атқарылуы жене атқарылуын бақылау, мсмлскеттік
меншікті басқару, есепке алу және пайдалануын бақылау, банкроттық
рәсімдерінің және дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімінің
жүргізілуін бақылау, бухгалтерлік есеп жүйесін жөне қаржылық есептеме
аудитін рсттсу саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан
Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
республикалық бюджеттің атқарылуын жөне жергілікті бюджеттердің
атқарылуына кассалық қызмет көрсетуді қамтамасыз сту;
салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндстті
төлемдердің түсуін және бюджетке түсетін езге де түсімдерді, міндетті
зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын, шикізат секторы
ұйымдарынан бюджетке түсетін түсімдер бөлігінің Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорына аударылуын қамтамасыз ету;
республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бухгалтерлік
есеп, есептеме және аудит жөнінде әдіснамалық басшылық жасау;
өз құзыры шегінде республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының
тиімді және мақсатты пайдалануын бақылау;
мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттыру;
мемлекеттік салық саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
банкроттық рәсімін жүргізуге (банктерді және сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), сондай-ақ соттан тыс рәсімде дәрменсіз
борышкерді таратуға мемлекеттік бақылау жөне оған заңнамамен жүктелген өзге
де міндеттер.
Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай негізгі
функцияларды жүзеге асырады:
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын,
мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының
стратегиялық жоспарларын және Қазақстан Республикасының әлеуметгік-
экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын, негізгі макроэкономикалық
көрсеткіштерді эзірлеуге қатысу;
бюджетке түсетін түсімдерді болжауіа және мемлекетгік бюджетке
юрістердің түсуі саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен
басымдықтарын нақтылауға қатысу;
өз құзыры шегінде мемлекеттің қаржысын және мемлекеттік басқару
саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мсн басымдықтарын анықтауға
қатысу;
мсмлекет қаржысы, фискалдық саясат және мемлекепік меншік саласындағы
заңнаманы қолдану тәжірибесін талдау және қорытындылау, оны жетілдіру
жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
ұтымды үкіметтік және мемлекет кепілдігімен қарыз алуды, сондай-ақ
мемлекеттік борышты басқаруды қамтамасыз ету;
мемлекеттік меншікті пайдалану мониторингі жүйесін жетіддіру;
заңнамада белгіленген тәртіппен шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке
түсетін түсімдердің бөлігін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына аудару;
өз құзыры шегінде бюджетгің атқарылуы жөнівдегі нормативтік құқықтық
актілердің, бухгалтерлік есеп пен аудиттің, қаржылық бақылаудың және
мемлекеттік меншікті басқарудың жобаларын әзірлеу жәнс дайындау (немесе
қабылдау);
өз құзыры шегінде қосарланған салық салуды болдырмау туралы
халықаралық салық кслісімдері мәселелерінде уәкілеті органның функциялары;
жср қойнауын пайдалануға арналған кслісімшарттардың салық сараптамасы,
сондай-ақ келісімшарттық талаптардың орындалу барысына тексеру жүргізу;
мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебін, сондай-ақ өз құзыры
шегінде республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы
есептемені жүргізу және іске асыру тәртібін өзірлеу;
жергілікті бюджеттердің шоттарын, мсмлекеттік мекемелердің шоттарын
жүргізу және шоттар бойынша аударымдық операцияларды жүзеге асыру;
республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекіту және
оларға өзгерістер енгізу;
республикалық бюджеттен шығыстарды қаржыландыру және республикалық
бюджетте көзделген соманың шегіндс кредит беру;
Ұлттық қордың қалыптасуы және атқарылуы жөніндегі қызмет туралы
ақпаратты қамти отырып, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық
сссптерді, мемлекеттік бюджеттің атқарылуы барысы туралы айлық, тоқсандық
және жылдық ақпаратты жасау, сондай-ақ мемлекет қаржысы бойынша
статистикалық есептерді жасау;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мсксмелердің
шығыстар сметасының дұрыс жасалуын және Пскітілуін, сондай-ақ республикалық
бюджет қаражатының, үкімсттік қарыздар, мемлекеттік кепілдігі бар
мемлекеттік емес қарыздар қаражатының және кейіннен үкіметтік қарыз алуға
байланысты гранттардың және мемлекеттік меншіктегі өзге де мүліктердің
мақсатты пайдалануын бақылау;
республикалық бюджетгің атқарылуын, сондай-ақ жергілікті бюджеттердің
атқарылуын бақылау және таддау;
бухгалтерлік есеп пен аудит саласында, оның ішінде өз құзыры ІІІсгінде
аудиторлық қызметті лицензиялау саласында уәкілстті органның функцияларын
анықтау;
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі қазынашылық комитетінің
тиісті шоттары арқылы мемлекеттік мекемелсрдің валюталық операцияларын
жүргізу және есепке алу, заңнаманы сақтау жөніндегі тексерістерді
ұйымдастыру;
мемлекет кепіддігімен тартылған мемлекеттік емес қарыздардың және
жергілікті атқарушы органдар қарыздарының шарттарына қаржылық сараптама
жүргізу;
үкіметгік қарыздардың қаржылық шарттарын анықтау, жергілікті атқарушы
органдардың қарыздарды тартуын келісу;
Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін екілсттіктергс сәйкес
келіссөздер жүргізу, үкіметтік қарыздардың шарттарына қол қою, Үкіметтің
мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару, Қазақстан Республикасы
рсзиденттерінің мсмлекеттік емес қарыздары бойынша үкіметтік кепілдіктер
беру;
үкімсттік қарыздарды алу, пайдалану, өтеу және оларға қызмст көрсету,
Қазақстан Республикасы резиденттерінің мемлекеттік смсс қарыздарының
мемлекеттік кепілдсрі бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
республикалық бюджетте көзделген және Үкімет шешімдеріне сәйкес
инвестициялық жобаларга, мемлекеттік багдарламаларға жәнс өзге де іс-
шараларға кредит беру;
үкіметтік сыртқы қарыздар туралы келісімдсрді бекітуге қажетті
құжаттарды дайындауға қатысу;
түпкілікті қарыз алушылар мен екінші деңгей банктерінің үкіметтік
қарыздардың қаражатын және Үкіметтің бірлесіп қаржыландыру үлесін
республикалық бюджстке қайтару туралы ішкі кредиттік келісімдердің
жобаларын дайындау;
уәкілетті банк-агенттермен бірлесіп республикалық бюджеттсн
оқшауландырылған қаражатты өндіріп алу жөнінде түпкілікті қарыз алушылармен
жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
төлемдердің бюджетке түсуін көздейтін заңнаманың сақталуын, міндетті
зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын бақылау;
мемлекеттің кірістері бойынша мемлекеттік есептемені жинаудың
нысандары мен тәсіддерін жетілдіру;
Ұлттық банкпен келісім бойынша конкурстық негізде үкіметтік
қарыздарға, мемлекеттік кепідцігі бар мемлекеттік емес кдрыздарға және
кейіннен үкіметтік қарыз алуға байланысты гранттарға қызмет көрсету үшін
екінші деңгей банктерін, бастапқы дилерлерді, лид-менеджерлерді және
мемлекеттік багалы қағаздарды шығару жөніндегі басқа да әріптестерді
іріктеу;
заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында лотерея
ұйымдастыруға жөне өткізуге байланысты қызметті және озінің құзырына
жатқызылған өзге де қызмет түрлерін лицензиялау;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша
берешекті мәжбүрлі түрде өндіріп алу жөнінде жұмысты ұйымдастыру;
өз құзыры шегінде салықтық құқық бұзушылыққа қарсы күрес мәселелері
бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау;
банкроттық рәсімдердің жүргізілуін (банктерді және сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда) мемлекеттік бақылау, сондай-ақ соттан тыс
рәсімде дәрменсіз борышкерді тарату және оған заңнамамен жүктелген өзге де
функциялар.
Қаржыны басқару жөніндегі сан алуан функцияларға байланысты Қаржы
министрлігіне үлкен құқықтар берілген.
Министрліктің негізгі міндеттерін іске асыру және өз функцияларын
жүзеге асыру үшін зандарда белгіленген төртіппен:
мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан
Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарды
сұратуға және алуға;
өз құзырының шегінде барлық мемлекеттік органдардың, өзге де
ұйымдардың және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті нормативтік -
құқықтық актілерді шығаруға;
Министрліктің қарауындағы комитеттер мен мемлекеттік ұйымдардың
бұйрықтарын, өзге де кесімдерін тоқтатуға немесе тоқтата тұруға;
акционсрлік қоғамдардағы мемлекеттік үлеске және республикалық басқа
да мүлікке иелік етуіе, пайдалануға, соңдай-ақ заңнамалық актілермен және
Үкімет белгілеген жағдайларда билік етуге;
өз құзырындағы мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармсн
ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
бірыңғай қазынашылық шоттағы және Қазынашылық комитетінің
корреспонденттік шоттарындағы ағымдағы қалдықтарды Үкімет белгілеген
тәртіппен тиімді орналастыру жолымен басқаруды жүзеге асыруға;
бюджеттік заңнамада көзделген жағдайларда бюджет каражаттарын қайтарып
алуға, қаржыландыруды тоқтата түруға;
қымбат бағалы металдар мен асыл тастарды басқаруды, есебін және
сақтауды ұйымдастыруды жүргізуге;
ұлттық және шетелдік валютада банктік операциялардың жекслеген
түрлерін және озінс зандармен жүктелген өзгс дс құқықтарды жүзеге асыруға
құқықтары бар.
Қаржы министрлігінің орталық аппараттарында бслгілі міндеттер мен
функцияларды атқаратын бірқатар арнаулы бөлімшелср бар, басқарудың
мақсаттары мен міндеттерінің өзгсруі, аппараттар функцияларының дамуы,
жұмысты жетілдірудің қажеттілігі ескеріле отырып бұл бөлімшелердің кұрамы
мен құрылымы үнемі езгеріп отырады.
Қазіргі кезде Қаржы министрлігінің орталық аппараттарында бірқатар
дспартаменттер мен басқармалар маңызды орын алады:
Мемлекеттік бюджетті атқару департаменті;
Фискалдық саясат пен болжам департаменті;
Макроэкономика және қаржы статистикасы департаменті;
Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаменті;
Кірістсрді талдау департаменті;
Кірістер мен кслісімшарттар департаменті;
Элсктронды мониторинг департаменті;
Жұмыстарды ұйымдастыру және қаржылық қамтамасыз ету департаменті;
Құжат айналымы және кадр жұмыстары департаменті;
Акциздерді реттеу департаменті;
Заң қызметі департаменті;
Ақпараттық тсхнологиялар департаменті;
Мониторинг және трансферттік баға белгілеу департаменті;
Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаменті;
Бухгалтсрлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті;
Мемлекеттік қарыз алу департаменті;
Қазыналық саясат және жобалар департаменті;
Мемлексттік борыш жәнс кредит беру дспартаменті;
Халықаралық қаржы қатынастары департаменті;
Халықаралық салық салу департаменті және т.б.

02-1 Департаменттер өз кезегінде нақтылы функциялық міндеттерді
орындайтын басқармалардан, ал олар бөлімдерден тұрады.
Министрліктің мынадай ведомствалары бар: Қазынашылық комитеті,
Кедендік бақылау комитеті, Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу
комитеті, Салық комитеті, Мемлекеттік мүлік жене жекешелендіру комитеті,
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет.
Қазынашылық комитетінің ұйымдық құрылымы Қаржы министрлігі құрамындағы
Қазынашылықтың орталық аппаратынан және оған бағыныштағы аймақтық
бөлімшелерден тұрады.
Қазынашылық органдары мынадай міндеттер мен функцияларды орындайды:
республикалық бюджетті ұйымдастыру, оның кассалық атқарылуын жүзеге
асыру, жергілікті бюджеттерге есеп-қисаптық-кассалық қызмет көрсету және
мемлекеттік бюджеттің орындалуын бақьшау;
касса бірлігі қағидатын негіздей отырып, қазынашылықтың шоттарындагы
ақша қаражаттарын басқару;
республикалық және жергілікгі бюджеттер арасында өзара есеп айырысуды
енгізу;
республикалық және жергілікті бюджеттер арасында салықтарды және басқа
міндетті төлемдерді бөлуді қамтамасыз ету және оларды түрлі деңгейлердің
бюджеттеріне есептеу;
мемлекеттік мекемелердің валюталық операцияларын басқару және есепке
алу, оларды жүргізген кезде заңнамалықтың сақталуы жөнінде тексерулер
ұйымдастыру;
мемлекет қаржысының мән-жайы туралы ақпаратты жинау, өндеу және
талдау;
республикалық бюджеттің қолма-қол ақшасының ағынын болжау;
мемлекеттік сыртқы қарыздарды жәнс мемлекеттің кепілдігі бар
мемлекеттік емес ішкі қарыздарды өтеу және қызмет көрсету кезінде ақша
аударуды жүзеге асыру;
бухгалтерлік есеп пен бюджет жүйесіндегі есептемені жөне қазынашылық
органдары жүйесіндегі ішкі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайдағы маңызы
Қаржылық менеджменттің эволюциясы
Нарықтық экономикадағы фирма менеджменті
Қаржы менеджменті қаржылармен басқару механизмі мен жүйесі ретінде
Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқарудағы қаржы менеджментінің рөлі
Қаржы менеджменті
Кәсіпорындағы қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайдағы маңызы
Қаржы менеджментінің мазмұны және міндеттері
Қаржы менеджменті туралы
Кәсіпорынның қаржы басқаруы
Пәндер