Астана көшелері жайында


1. ДАҢҒЫЛДАР
2. КӨШЕЛЕР
3. ТАСЖОЛДАР
4. ЖЕЛЕКЖОЛДАР
5. ҚЫСҚА КӨШЕЛЕР МЕН ОРАМДАР
Абай даңғылы
Абай даңғылы К. Күмісбеков көшесінен басталып, А.Пушкин көшесінде аяқталады. Ол Сарыарқа, Жеңіс, Республика даңғылдарын және Желтоқсан, Бейбітшілік, Ә.Бөкейхан, М.Әуезов, М.Ғабдуллин, Ш.Уәлиханов, Ә.Сембинов, Б.Бейсекбаев, А.Жұбанов көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 5280,6 м.
Абай Құнанбайұлы (1845-1904) – қазақтың ұлы ақыны, философ, ағартушы, композитор. Абай бала кезінен елдегі шешен, ақын, ертегішілердің әңгімелерін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген. Қазақтың мәдени-рухани байлығын бала кезінен бастап бойына сіңірген ол қазақ әдебиетіне жаңа идеялық, көркемдік үлгілер әкелді.
Абай мұрасы қазақ мәдениеті мен әдеби тілінің дамуына үлкен ықпал жасады. Оның шығармалары басқа тілдерге аударылу арқылы дүние жүзіне тарады.
Бұл даңғылда ҚР Мемлекеттік қызмет агенттігі, Астана қаласы әкімдігі, ақынның ескерткіші, «Окан Интерконтиненталь Астана» қонақүйі, «Мегаспорт» сауда үйі, «Жаннұр» сауда орталығы орналасқан.

Абылай хан даңғылы
Абылай хан даңғылы Кенесары көшесінен басталып, Қарағанды-Астана тасжолына дейін жалғаcады. Ол І.Жансүгірұлы, Мақтымқұлы, Қ.Рысқұлбеков, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Арқайым, Бурабай, Еділ көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 4928,1 м.
Абылай хан (1711-1781) – ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы, дипломат, қазақтың даңқты ханы. Абылайдың шын есімі – Әбілмансұр. Жасынан Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Әбілмансұрға зор ықпал етті. Қазақ даласының даналығын бойына жинап, ақыл-парасатымен, ел билеу қабілетімен дараланған Төле би қазақ халқы анталаған жауға басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білді. 1730-1733 жылдар аралығында болған бір ұрыста жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің туысы Шарышты өлтіреді. Атасының аруағын шақырып, жауға «Абылайлап» шапқан Әбілмансұрдың есімі содан бастап «Абылай» атанады. Оның есімі тәуелсіздік символына, жауынгерлік ұранға айналды.
Бұл даңғылда «Әділ» дүкені, «Сұлтан Бейбарыс» мейрамханасы, «Гүлжан» сауда үйі, «Мирас» мектебі, Республикалық клиникалық аурухана, Ұлттық ғылыми медицина орталығы орналасқан.

Б. Момышұлы даңғылы
Бұрынғы атауы – 13-магистральды автожолы. Б.Момышұлы даңғылы Сарайшық көшесінен басталып, Абылай хан даңғылында аяқталады. М.Жұмабаев, Манас даңғылдарын және Қызыларай, Сырымбет, Қордай, М.Төлебаев көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 3958,7 м.
Бауыржан Момышұлы (1910-1982) – әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның «Халық қаһарманы». Ол 1932 жылы әскерге алынып, мергендік өнерді игереді. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен генерал-майор И.Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизиясы құрамында майданға аттанады. Батальон, полк командирі болған Б.Момышұлы соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. 1956 жылы демалысқа шығып, шығармашылық қызметпен айналысады. Б.Момышұлы шығармаларын қазақ, орыс тілінде жазып, қазақ әдебиетіндегі әскери проза жанрының негізін қалады. Жазушы шығармаларының басты тақырыбы Ұлы Отан соғысы кезіндегі жауынгерлердің тұлғасын жан-жақты суреттеп сомдау болды. Осы шығармашылық мақсаттың айғағы ретінде жазушы қаламынан туған «Офицер жазбалары», «Артымызда Москва», «Ұшқан ұя», «Қанмен жазылған кітап» т.б. туындыларын айтуға болады. «Ұшқан ұя» кітабы үшін жазушы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.
Бұл даңғылда «Астанаэнергосбыт» мекемесі, «Тұран» мейрамхана кешені, «Меруерт» бизнес орталығы орналасқан.

Бөгенбай батыр даңғылы
Бөгенбай батыр даңғылы Н.Тілендиев даңғылынан басталып, Сарыарқа, Жеңіс, Республика даңғылдарын және Желтоқсан, Бейбітшілік, М.Әуезов, С.Торайғыров, Ш.Айманов, Ж.Аймауытов, Р.Қошқарбаев, Ш.Уәлиханов көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 3611,7 м.
Бөгенбай батыр (1680-1775) – қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы күрескер, XVIII ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста қол бастаған даңқты батыр, көрнекті мемлекет қайраткері. «Қазақтың қамал-қорғаны» баһадүр Бөгенбай Абылай хан бастаған қазақ халқының ұлт бірлігі жолындағы азаттық күресінің ұйытқысы болды.
Бұл даңғылда Бөгенбай батырдың ескерткіші, «НұрБанк» ғимараты, М.Әуезов атындағы балалар кітапханасы, №7 мамандандырылған мектеп, «Шапағат» коммуналдық базары орналасқан.

Пән: География
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 94 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша Руханият
орталығы дайындаған

Астана қаласы ономастика комиссиясы мақұлдаған

Редакция алқасы

Рахымжанов Әмірхан, Асанғазы Оразкүл, Әбжанов Хангелді, Жолдасбеков
Мырзатай, Кекілбаев Әбіш, Нұрғали Рымғали, Нұрғожа Ораз, Оңғарсынова
Фариза, Нүркенов Жаңбыршы, Гундарев Владимир, Жамболатов Сағындық, Салғара
Қойшығара, Сейдімбек Ақселеу, Серғалив Мырзатай, Смайыл Алдан.

Құрастырған: Е. Тілешов, О. Сүлейменов.

Астана қаласы
2008 жыл

ДАҢҒЫЛДАР

Абай даңғылы
Абай даңғылы К. Күмісбеков көшесінен басталып, А.Пушкин көшесінде
аяқталады. Ол Сарыарқа, Жеңіс, Республика даңғылдарын және Желтоқсан,
Бейбітшілік, Ә.Бөкейхан, М.Әуезов, М.Ғабдуллин, Ш.Уәлиханов, Ә.Сембинов,
Б.Бейсекбаев, А.Жұбанов көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 5280,6 м.
Абай Құнанбайұлы (1845-1904) – қазақтың ұлы ақыны, философ, ағартушы,
композитор. Абай бала кезінен елдегі шешен, ақын, ертегішілердің
әңгімелерін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген.
Қазақтың мәдени-рухани байлығын бала кезінен бастап бойына сіңірген ол
қазақ әдебиетіне жаңа идеялық, көркемдік үлгілер әкелді.
Абай мұрасы қазақ мәдениеті мен әдеби тілінің дамуына үлкен ықпал
жасады. Оның шығармалары басқа тілдерге аударылу арқылы дүние жүзіне
тарады.
Бұл даңғылда ҚР Мемлекеттік қызмет агенттігі, Астана қаласы әкімдігі,
ақынның ескерткіші, Окан Интерконтиненталь Астана қонақүйі, Мегаспорт
сауда үйі, Жаннұр сауда орталығы орналасқан.

Абылай хан даңғылы
Абылай хан даңғылы Кенесары көшесінен басталып, Қарағанды-Астана
тасжолына дейін жалғаcады. Ол І.Жансүгірұлы, Мақтымқұлы, Қ.Рысқұлбеков,
Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Арқайым, Бурабай, Еділ көшелерін қиып өтеді.
Ұзындығы – 4928,1 м.
Абылай хан (1711-1781) – ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы, дипломат,
қазақтың даңқты ханы. Абылайдың шын есімі – Әбілмансұр. Жасынан Төле бидің
тәлім-тәрбиесінде болуы Әбілмансұрға зор ықпал етті. Қазақ даласының
даналығын бойына жинап, ақыл-парасатымен, ел билеу қабілетімен дараланған
Төле би қазақ халқы анталаған жауға басы біріксе ғана тойтарыс бере
алатынын жас баланың санасына ұялата білді. 1730-1733 жылдар аралығында
болған бір ұрыста жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас
батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің туысы Шарышты өлтіреді. Атасының аруағын
шақырып, жауға Абылайлап шапқан Әбілмансұрдың есімі содан бастап Абылай
атанады. Оның есімі тәуелсіздік символына, жауынгерлік ұранға айналды.
Бұл даңғылда Әділ дүкені, Сұлтан Бейбарыс мейрамханасы, Гүлжан
сауда үйі, Мирас мектебі, Республикалық клиникалық аурухана, Ұлттық
ғылыми медицина орталығы орналасқан.

Б. Момышұлы даңғылы
Бұрынғы атауы – 13-магистральды автожолы. Б.Момышұлы даңғылы Сарайшық
көшесінен басталып, Абылай хан даңғылында аяқталады. М.Жұмабаев, Манас
даңғылдарын және Қызыларай, Сырымбет, Қордай, М.Төлебаев көшелерін қиып
өтеді. Ұзындығы – 3958,7 м.
Бауыржан Момышұлы (1910-1982) – әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы,
жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы. Ол 1932 жылы
әскерге алынып, мергендік өнерді игереді. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы
басталысымен генерал-майор И.Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған
316-атқыштар дивизиясы құрамында майданға аттанады.
Батальон, полк командирі болған Б.Момышұлы соғыстың соңғы жылдарында
гвардиялық дивизияны басқарады. 1956 жылы демалысқа шығып, шығармашылық
қызметпен айналысады. Б.Момышұлы шығармаларын қазақ, орыс тілінде жазып,
қазақ әдебиетіндегі әскери проза жанрының негізін қалады. Жазушы
шығармаларының басты тақырыбы Ұлы Отан соғысы кезіндегі жауынгерлердің
тұлғасын жан-жақты суреттеп сомдау болды. Осы шығармашылық мақсаттың айғағы
ретінде жазушы қаламынан туған Офицер жазбалары, Артымызда Москва,
Ұшқан ұя, Қанмен жазылған кітап т.б. туындыларын айтуға болады. Ұшқан
ұя кітабы үшін жазушы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.
Бұл даңғылда Астанаэнергосбыт мекемесі, Тұран мейрамхана кешені,
Меруерт бизнес орталығы орналасқан.

Бөгенбай батыр даңғылы
Бөгенбай батыр даңғылы Н.Тілендиев даңғылынан басталып, Сарыарқа,
Жеңіс, Республика даңғылдарын және Желтоқсан, Бейбітшілік, М.Әуезов,
С.Торайғыров, Ш.Айманов, Ж.Аймауытов, Р.Қошқарбаев, Ш.Уәлиханов көшелерін
қиып өтеді. Ұзындығы – 3611,7 м.
Бөгенбай батыр (1680-1775) – қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы
күрескер, XVIII ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста қол бастаған
даңқты батыр, көрнекті мемлекет қайраткері. Қазақтың қамал-қорғаны
баһадүр Бөгенбай Абылай хан бастаған қазақ халқының ұлт бірлігі жолындағы
азаттық күресінің ұйытқысы болды.
Бұл даңғылда Бөгенбай батырдың ескерткіші, НұрБанк ғимараты,
М.Әуезов атындағы балалар кітапханасы, №7 мамандандырылған мектеп,
Шапағат коммуналдық базары орналасқан.

Жеңіс даңғылы
Бұрынғы атауы – Победа даңғылы. Жеңіс даңғылы Т.Рысқұлов көшесінен
басталып, І.Есенберлин көшесінде аяқталады. Абай, Бөгенбай батыр
даңғылдарын және Кенесары, Т.Бигелдинов, С.Сейфуллин, Ә.Жангелдин, Мәскеу,
Ә.Молдағұлова, Ы.Алтынсарин көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 3304,4 м.
Жеңіс – қырғын соғыста жауды жеңіп, тізе бүктіріп, толық жеңіске ие
болушылық. Кеңес Одағы 1945 жылы Германия мен оның одақтастарының
басқыншылығына қарсы шығып, жеңіске жетті. Германияның негізгі мақсаты –
Барбаросса жоспары бойынша КСРО-ны жою еді. Мамырдың 8-інен 9-ына қараған
түні герман жоғары командованиесінің өкілдері Германияның сөзсіз тізе
бүккені туралы актіге қол қойды.
Бұл даңғылда ҚР Қаржы министрлігі, Қазақ ұлттық музыка академиясы,
Қазақстан теміржолы ұлттық компаниясы, С.Сейфуллин атындағы
агротехникалық университет орналасқан.

Қабанбай батыр даңғылы
Қабанбай батыр даңғылы Достық, Тәуелсіздік, Сарайшық, С.Қожанұлы,
Атасу, Қорғалжын тасжолы мен Қалқаман көшесін қиып өтіп, А.Бараев көшесінде
аяқталады. Ұзындығы – 16093 м.
Қабанбай батыр (1692-1770) – қазақ қолын бастаған ержүрек қолбасшы,
даңқты батыр. Азан шақырып қойылған есімі – Ерасыл. Жылқыға шапқан жабайы
қабандарды жайратып, Қабан батыр атанған. Қазақ халқының жоңғар
шапқыншылығына қарсы күресінде ерекше ерлік көрсетіп, талантты қолбасшы
ретінде аты шыққан. 1730 жылы Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейін,
Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас
батырларының біріне айналады. Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен
топ жарып, жауға шапқаны үшін Дарабоз атанады.
Бұл даңғылда Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың кардиохирургиялық
клиникасы, ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы, Астаналық цирк, Салтанат
сарайы орналасқан.

М. Жұмабаев даңғылы
Бұрынғы атауы – М.Жұмабаев көшесі және №1 даңғыл. М.Жұмабаев даңғылы
Абылай хан даңғылынан басталып, Айнакөл көшесінде аяқталады. Б.Момышұлы
даңғылын және Қажымұқан, М.Төлебаев, Сұлутөбе, Талғар, Обаған, Жанкент,
Балқантау, Таскескен көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 3197 м.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын,
қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі. Медреседе оқып, Шығыс халықтарының
тарихын, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Низами секілді шығыс ақындарының
дастандарын оқып үйренеді. 1912 жылы Қазанда ақынның Шолпан атты тұңғыш
өлеңдер жинағы басылып шығады. Ақын Ә. Бөкейхан,
А.Байтұрсынов, М.Дулатов секілді Алаш қайраткерлерімен бірге Қазақ
газетіне өз өлеңдерін жариялап отырады.
М. Жұмабаев Қазағым, Мен жастарға сенемін, Қазақ тілі,
Түркістан т.б. өлеңдердің және Батыр Баян, Қойлыбайдың қобызы атты
дастандардың авторы.
Бұл даңғылда Еуразия гуманитарлық институты, Арасан демалыс
орталығы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер
үйі орналасқан.

Манас даңғылы
Манас даңғылы Ж.Тәшенов көшесінен басталып, Қажымұқан, Б.Майлин,
Б.Момышұлы даңғылын, Майқайың, Құндызды, Шертер, Ақыртас, Қарасаз көшелерін
қиып өтеді. Ұзындығы – 1095,8 м.
Манас – қырғыз халқының батырлық эпосы. Жырдың негізгі идеясы – халық
бостандығы, бірлігі, бақытты өмір үшін қаһармандық күрес.
Бұл даңғылда ҚР Ішкі істер министрлігі, Толқын спорт кешені, Отан
Ана монументі, Арыс қонақүйі, Данияр қонақүйі, ТұранӘлемБанк
орналасқан.

Н. Тілендиев даңғылы
Н.Тілендиев даңғылы Баршын, Ұлытау, Қайнар, Сарыөзен, Көктал,
Д.Бабатайұлы, Шұғыла, Атбасар, Ш.Бейсекова көшелерін қиып өтіп, Бөгенбай
батыр даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 15926,6 м.
Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев (1925-1998) – аса көрнекті композитор,
белгілі дирижер, домбырашы. ҚазКСР-нің және КСРО-ның халық әртісі, ҚазАСР-і
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық қаһарманы.
Бұл даңғылда Қамқор техникалық қызмет көрсету орталығы, Эталон
құрылыс базары, Қажымұқан атындағы спорт мектебі, Сарыарқа ауданының
Халыққа қызмет көрсету орталығы орналасқан.

Республика даңғылы
Республика даңғылы Ж.Тәшенов көшесінен басталып, И.Гёте көшесінде
аяқталады. Абай, Бөгенбай батыр даңғылдарын және Ә.Ысмайылов, Жәнібек
тархан, Ағыбай батыр, А.Иманов, Кенесары, Отырар, С.Сейфуллин, Ә.Жангелдин,
Ы.Дүкенұлы, Ә.Молдағұлова, І.Есенберлин көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы –
4159 м.
Қазақстан Республикасы – Еуразия құрлығында орналасқан мемлекет.
Астанасы – Астана қаласы. Әкімшілік жағынан 14 облыстан
және республикалық маңызы бар 2 қаладан тұрады. Ұлттық валютасы – теңге.
Бұл даңғылда Қазіргі заманғы өнер мұражайы, ҚР Президенттік мәдениет
орталығы, Абай қонақүйі, Жастар сарайы орналасқан.

Сарыарқа даңғылы
Сарыарқа даңғылы Шығанақ көшесінен басталып, Бестерек көшесінде
аяқталады. Абай, Бөгенбай батыр даңғылдарын және Кенесары, Т.Бигелдинов,
Ә.Әлімжанов, Ж.Омаров, С.Сейфуллин, Ә.Жангелдин көшелерін қиып өтеді.
Ұзындығы – 3191,5 м.
Сарыарқа – Қазақстанның орталық және шығыс бөлігін алып жатқан ұлан-
ғайыр өлке. Батыс бөлігі Торғай ойпаттарынан басталып, шығыс бөлігі
Тарбағатай тауына дейін 1200 шақырымға созылып жатыр.
Бұл даңғылда Хабар телекомпаниясы, Астана спорт кешені, Қазақ
Мемлекеттік медицина академиясы орналасқан.

Тұран даңғылы
Бұрынғы атауы – Сарыарқа даңғылы (Есіл өзенінен кейінгі жалғасы).
Тұран даңғылы Достық көшесінен басталып, Сарыарқа даңғылында аяқталады.
Тәуелсіздік, Ақбаян, Қорғалжын тасжолын қиып өтеді. Ұзындығы – 10161,0 м.
Тұран – Түркістан өлкесінің көне атауы. Тұранда түркі халықтарының
арғы тегінен сыр шертетін Алып Ер Тұңға атты дастан дүниеге келген. VІ
ғасырдан бастап Тұран сөзі түріктер мекендейтін жер, елдің атауы ретінде
қолданыла бастаған.
Бұл даңғылда Хан шатыры, Бақыт неке сарайы, Каспий спорттық-
сауықтыру кешені орналасқан.

Ш. Құдайбердіұлы даңғылы
Бұрынғы атауы – Абай даңғылы (көпірден кейінгі жалғасы).
Ш. Құдайбердіұлы даңғылы А.Пушкин көшесінен басталып, 12-
магистральда аяқталады. І.Жансүгірұлы, Мақтымқұлы, Қ.Рысқұлбеков,
Ғ.Мүсірепов көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 2602 м.
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ұлы ақын, ойшыл, композитор,
аудармашы. Абайдың жаңашылдық дәстүрін дамытып, Абайдан кейінгі екінші
реалист ақын атанды. Шәкәрім – қазақ поэзиясында оның философиялық саласын
дамытқан ақын. Ш.Құдайбердіұлы Қалқаман-Мамыр, Еңлік-Кебек дастандары
мен Айсұлу-Нартай поэмасын жазды. Сонымен қатар Түрік, қырғыз, қазақ һәм
хандар шежіресі, Мұсылмандық шарты атты еңбектерін жарыққа шығарды.
Бұл даңғылда Жаңаарқа кинотеатры, Мастер құрылыс заттарының
орталығы орналасқан.

КӨШЕЛЕР

А. Байтұрсынов көшесі
А. Байтұрсынов көшесі Шыңтас орамынан басталып, Қарасай батыр,
Конституция, М. Дулатов, Абат-Байтақ, С. Қожахметов, М. Жәлел, Шақпақ
көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 2447,8 м.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1938) – қазақ халқының XX ғасырдың басындағы
ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ақын, қазақ
тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы, ұлттық жазудың
реформаторы, ағартушы.
1917 жылы төңкерістік өзгерістер арнасында өмірге келіп, қазақ
тарихында терең із қалдырған қазақ сиездері мен қазақ комитеттері сияқты
тарихи құбылыстың қалың ортасында жүріп, Қазақ газеті арқылы халыққа
саяси теориялық бағыт-бағдар беріп отырды. Алашорда үкіметі құрамын
бекіткен 2-жалпықазақ сиезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы
етіп А.Байтұрсыновты бекітеді.
А.Байтұрсынов Қырық мысал, Маса, Әдебиет танытқыш секілді
жинақтарын жарыққа шығарды. А.Байтұрсыновтың ақын, аудармашы, ғалым-тілші,
әдебиеттанушы ретіндегі ұлан-ғайыр еңбегі зор бағаға ие болды.

А. Бараев көшесі
А.Бараев көшесі Қабанбай батыр даңғылынан басталып, Ш.Уәлиханов
көшесінде аяқталады. Ж.Тәшенов, Ш.Иманбаева көшелерімен қиылысады. Ұзындығы
– 988,5 м.
Александр Иванович Бараев (1908-1985) – ғалым, ауыл шаруашылығы
ғылымының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері.

Бұл көшеде Ақниет жиһаз салоны, Континент сауда орталығы
орналасқан.

А. Герцен көшесі
А.Герцен көшесі Жерұйық, М.Дулатов, Әулие ата, Т.Жароков көшелерін
қиып өтіп, Д.Карбышев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 2061,5 м.
Александр Иванович Герцен (1812-1870) – орыстың көрнекті қайраткері,
философ-материалист, жазушы, публицист. Шығармалары: Кім жазықты?,
Сұғанақ сауысқан, Доктор Крупов.

А. Жұбанов көшесі
А.Жұбанов көшесі А.Пушкин көшесінен басталып, Жәнібек тархан,
А.Иманов, Кенесары көшелері мен Абай даңғылын қиып өтеді. Ұзындығы – 1927,6
м.
Ахмет Жұбанов (1906-1968) – ғалым, композитор, дирижер, Қазақстанның
халық әртісі, академик. Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Исатай – Махамбет
пьесаларының, Амангелді фильмінің музыкасын жазған. А.Жұбанов – қазақ
халқының қазіргі заманғы кәсіби музыкасының негізін қалаған аға буын
композиторлардың бірі.
Бұл көшеде Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
орналасқан.

А. Затаевич көшесі
А.Затаевич көшесі І.Есенберлин көшесінен басталып, Г.Потанин, Бекетай
көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1281,6 м.
Александр Викторович Затаевич (1869-1936) – музыка сыншысы, этнограф,
композитор. Қазақ халқының 1000 әні, Қазақтың 500 ән-күйі атты
кітаптары шықты. Затаевичтің еңбектері арқылы қазақ музыкасының көптеген
үлгілері сақталып, біздің заманымызға жетті.

А. Иманов көшесі
А.Иманов көшесі Ә.Бөкейхан көшесінен басталып, А.Янушкевич көшесінде
аяқталады. Республика даңғылын және М.Әуезов, Қорқыт, М.Ғабдуллин,
М.Мәметова, Ш.Иманбаева, Үшқиян, Р.Қошқарбаев, Ш.Уәлиханов, Тараз,
Асанқайғы, Ә.Сембинов, Б.Бейсекбаев, А.Жұбанов көшелерін қиып өтеді.
Ұзындығы – 4917,2 м.
Амангелді Үдербайұлы Иманов (1873-1919) – халық батыры, қазақ халқының
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі. Амангелді
батырдың ұйымдастырушылық және қолбасшылық таланты 1916 жылғы Ресей
патшасының маусым айындағы жарлығына наразылық ретінде Торғай даласында
бұрқ еткен ұлт-азаттық көтерілісі барысында айқын көрінді.
Бұл көшеде Самұрық кинотеатры, Қазына сауда үйі, Астана қаласы
бойынша жылжымайтын мүлік орталығы орналасқан.

А. Косыгин көшесі
А.Косыгин көшесі Шығанақ көшесінен басталып, С.Челюскин көшесінде
аяқталады. Ұзындығы – 351,1 м.
Алексей Николаевич Косыгин (1904-1980) – Кеңес үкіметі мен компартия
қайраткері.

А.Матросов көшесі
А.Матросов көшесі Сартүбек көшесімен қиылысып, Өндіріс көшесінде
аяқталады. Ұзындығы – 316,8 м.
Александр Матвеевич Матросов (1924-1943) – Кеңес Одағының Батыры.

А. Пушкин көшесі
Бұрынғы атауы – А.Можайский және Л.Гумилев көшелері. А.Пушкин көшесі
Ж.Тәшенов көшесінен басталып, А.Жұбанов, Жәнібек тархан, Кенесары көшелері
мен Абай даңғылын қиып өтеді. Ұзындығы – 4917,2 м.
Александр Сергеевич Пушкин (1799-1837) – орыс классикалық әдебиетінің
негізін қалаушы, ақын. Қазақ даласында А.Пушкин мұрасына алғаш айрықша
көңіл аударып, қазақ халқына танытқандардың қатарында Ы.Алтынсарин,
А.Құнанбаев болды.

А. Серов көшесі
А.Серов көшесі Республика даңғылынан басталады. Ұзындығы – 133,6 м.
Александр Николаевич Серов (1820-1871) – орыс композиторы, музыка
сыншысы.

А. Суворов көшесі
А.Суворов көшесі М.Дулатов көшесімен қиылысып, Қырыққыз орамында
аяқталады. Ұзындығы – 641,6 м.
Александр Васильевич Суворов (1729-1800) – әскери қолбасшы, орыс соғыс
өнерін дамытушылардың бірі.

А. Тоқпанов көшесі
А.Тоқпанов көшесі Ж.Тәшенов көшесінен басталып, Арасан, Саргүл, Өлеңті
көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1077,7 м.
Асқар Тоқпанов (1915-1994) – режиссер, педагог, Қазақ КСР-інің
халық әртісі. Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік театр өнері институтының
режиссерлік факультетін бітіреді. Абай, Марабай, Еңлік-Кебек, Жеңіс
жыры секілді спектакльдерді сахнаға шығарды.

А. Хачатурян көшесі
А.Хачатурян көшесі И.Дунаевский көшесінен басталып, Жолымбет көшесінде
аяқталады. Ұзындығы – 167,7 м.
Арам Ильич Хачатурян (1903-1978) – композитор, дирижер, педагог,
музыка және қоғам қайраткері, КСРО халық әртісі.

А. Чехов көшесі
А.Чехов көшесі М.Дулатов көшесінен басталып, М.Жәлел көшесімен
қиылысады. Ұзындығы – 1239,1м.
Антон Павлович Чехов (1860-1904) – орыс жазушысы. 1884-85
жылдан дәрігерлік қызметпен айналысып Ресейдегі дәрігерлік жұмыс атты
еңбегін жазды. Тұңғыш әңгімелер жинағы – Мельпоменаның хикаялары 1884
жылы шықты. Еңбектері: Сахалин аралы, Жуан мен жіңішке, Қасірет т.б.
Чеховтың шығармалары дүниежүзінің көптеген тілдеріне аударылып, әлем
әдебиетінің алтын қазынасына қосылды.

А. Янушкевич көшесі
А.Янушкевич көшесі Жәнібек тархан көшесінен басталып, Абай даңғылында
аяқталады. А.Иманов, Кенесары көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 914,4 м.
Адольф Янушкевич (1803-1857) – поляк халқының көрнекті төңкерісшіл-
демократы, көсемсөзші. 1845-46 жылы экспедиция құрамында Ұлы жүз, Орта жүз
қазақтарын аралады. Сонымен қатар, Қазақ даласына саяхаттан күнделік және
хаттар атты кітабы Алматыда жарық көрді.

Абайдың 150 жылдығы көшесі
Абайдың 150 жылдығы көшесі Шұғыла көшесінен басталып, Н.Тілендиев
даңғылымен қиылысады. Ұзындығы – 1257,4 м.
1995 жылы қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер ойшылы Абай Құнанбайұлының 150
жылдығы тойланды. Бұл той ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілді.

Абат-Байтақ көшесі
Бұрынғы атауы – Проектный көшесі. Абат-Байтақ көшесі Мұзтау көшесінен
басталып, А.Байтұрсынов көшесінде аяқталады. С.Мұхамеджанов, Ш.Бейсекова
көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 657,3 м.
Абат-Байтақ – XIV ғасырдың соңы мен XV ғасырдың бас кезінде салынған
сәулет өнері ескерткіші. Ақтөбе облысы, Қобда ауданы Талдысай кенті маңында
орналасқан. Абат-Байтақ кесенесі орналасқан қорым мемлекеттің қорғауына
алынған.

Ағадыр көшесі
Бұрынғы атауы – Тульский көшесі. Ағадыр көшесі Сарықұм көшесінен
басталады. Ұзындығы – 1286,1 м.
Ағадыр – дөңесті және белесті жер деген мағынаны білдіреді. Ағадыр
атауы Қарағанды облысы, Шет ауданындағы кент, теміржол стансасына берілген.

Ағыбай батыр көшесі
Бұрынғы атауы – Интернациональный көшесі. Ағыбай батыр көшесі
Ә.Бөкейхан көшесінен басталып, Асанқайғы көшесінде аяқталады. Республика
даңғылын және Қорқыт, М.Ғабдуллин, М.Мәметова, Ш.Иманбаева, Үшқиян,
Р.Қошқарбаев, Ш.Уәлиханов, Тараз көшелерін қиып өтіп, Ұзындығы – 1380,6 м.
Ағыбай батыр (1802-1885) – Ресей отаршылығына қарсы ұйымдастырылған
Кенесары Қасымовтың көтеріліс басшыларының бірі, қолбасшы.

Адырна көшесі
Бұрынғы атауы – Самоцветный көшесі. Адырна көшесі Құлагер көшесінен
басталады. Ұзындығы – 344,2 м.
Адырна – қазақтың көп ішекті шертпелі саз аспабы. Аспаптың шанағы
қуыс, беті терімен қапталады. Адырнаны тізенің үстіне қойып, басын иыққа
тіреп, ішектерін іліп тартып немесе шертіп ойнайды. Адырна қазіргі кезде
фольклорлық әуендер мен шағын күйлерді орындауда қолданылады.

Айғаным көшесі
Бұрынғы атауы – №171 көше. Айғаным көшесі Ұлбике ақын, М.Жагорқызы,
Айман-Шолпан, Қыз Жібек, Айша бибі, Тұмар ханым, Ақжүніс, ақын Сара
көшелерімен қиылысып, Қорғалжын тасжолында аяқталады. Ұзындығы – 967,2 м.
Айғаным Сарғалдаққызы (1783-1853) – Ш.Уәлихановтың әжесі, Уәлидің кіші
әйелі. Айғаным өз заманының алдыңғы қатарлы адамы болған. Шоқанның
болашақта үлкен ғалым болып қалыптасуына әжесі Айғанымның әсері көп болған.

Айдарлы көшесі
Бұрынғы атауы – №29 көше. Көктал тұрғын алабы. Айдарлы көшесі Баршын
көшесінен басталып, Ұлытау көшесінде аяқталады. Құланөтпес көшесімен
қиылысады. Ұзындығы – 294,2 м.
Айдар – кішкентай баланың төбесіне қойылатын шаш. Айдар қою қаһарлы
күш-қуаттың белгісі тәрізді болған.

Айман-Шолпан көшесі
Бұрынғы атауы – №102 көше. Комсомольский тұрғын алабы. Айман-Шолпан
көшесі Қарашаш ана көшесінен басталып, Ақбаян көшесінде аяқталады. Айғаным,
Қыз Жібек көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 766,2 м.
Айман-Шолпан – қазақ халқына кеңінен тараған лиро-эпостық жыр. Алғаш
жазып алып баспаға ұсынған – Ж.Шайхисламұлы. Жырда адамның бас бостандығы,
ел тыныштығы, жұрт ынтымағы көтеріледі.

Айнабұлақ көшесі
Бұрынғы атауы – Строительный көшесі. Айнабұлақ көшесі Болашақ
көшесінен басталып, Арнасай көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 255,4 м.
Айнабұлақ – бұлақтың тұнық, мөлдір бастауының атауы. Айнадай күнге
шағылысқан су деген мағынаны береді. Сондай-ақ Айнабұлақ елді мекеннің де
атауы.

Айша бибі көшесі
Бұрынғы атауы – №84 көше. Комсомольский тұрғын алабы. Айша бибі
көшесі Баян сұлу көшесінен басталып, Ақбаян көшесінде аяқталады. Ұлпан
орамы, Домалақ ана, Қарашаш ана, Айғаным көшелерімен қиылысады. Ұзындығы –
1450,9 м.
Айша Бибі – шамамен XI-XII ғасырда өмір сүрген ару қыз. Айша бибі
еліне сапарлап келген Қараханмен жүздесіп, бірін-бірі ұнатады. Алайда
тұтқиылдан елін жау шапқанын естіген Қарахан дереу еліне аттанады. Күйеу
жігіттің еліне барып хабарын білейін деген Айша бибіге әкесі рұқсат
бермейді. 40 қыз жолдасын ертіп, Қараханның еліне таянған Айша бибі су
бойына тоқтап, жуынады. Сол кезде сәукеленің ішіне жасырынып қалған улы
жылан Айшаны басынан шағып өлтіреді. Қыздардың хабарын естіген Қарахан да
жетеді. Бірақ Айша тілге келмейді. Қарахан Айша бибінің қабірінің үстіне
күмбез салдырады.

Айыртау көшесі
Бұрынғы атауы – №34 көше. Көктал тұрғын алабы. Айыртау көшесі Ақсуат
көшесінен басталып, Ұлытау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 149,7 м.
Айыртау – Ақмола облысы Арықбалық ауданының солтүстігіндегі Имантау
мен Шалқар көлдерінің аралығында орналасқан тау.

Ақан сері көшесі
Бұрынғы атауы – Оренбургский көшесі. Ақан сері көшесі М.Дулатов
көшесінен басталып, Қарталы көшесінде аяқталады. Оқжетпес, М.Жәлел, Шақпақ
көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1425,6 м.
Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913) – қазақтың әйгілі ақыны, әнші,
композиторы. Ақан сері жас кезінен өнерімен көзге түсіп, кейін ақындық,
әншілік өнері кемелденген соң алты алашқа аты мәлім сері атанған. Балуан
Шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иманжүсіп, Құлтума сияқты ақын-әншілер Ақан
серінің ең жақын достары болған. Олардың бәрі Ақан серінің әншілік өнеріне
игі әсер еткен, композиторлық талантын жетілдіріп, шеберлік, суреткерлік
талғамын шыңдай түскен. Ақан серінің Ақтоқты, Алтыбасар, Мақпал,
Балқадиша, Сырымбет, Майда қоңыр, Маңмаңгер, Қараторғай,
Құлагер т.б. әндері қазақ халқы арасына кеңінен тараған.

Ақарыс көшесі
Бұрынғы атауы – №5 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Ақарыс
көшесі Сілеті көшесінен басталып, Хантау, Қаратау, Қозыбасы көшелерімен
қиылысады. Ұзындығы – 1076,7 м.
Ақарыс – Ұлы жүздің атасы. Қазақ халқын құрайтын үш жүз бірде Ұлы жүз,
Орта жүз, Кіші жүз деп аталса, енді бірде Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс деп
аталады. Аңыз бойынша Қазақ деген кісінің Ақ, Жан, Бек деген үш ұлы болған.
Арыс сөзі ер азамат, ел қамын жеген тұлға деген ұғымды білдіреді.
Демек, Ақарыс қазақ халқының Ұлы жүз тайпалар бірлестігінің тағы бір аты
болып табылады. Ақарыстан (Ұлы жүз) жалайыр, қаңлы, албан, суан, дулат,
шапырашты, сіргелі, шанышқылы, ысты, ошақты, сарыүйсін, қатаған тарайды.

Ақбидай көшесі
Бұрынғы атауы – Складский көшесі. Ақбидай көшесі Қ.Кемеңгерұлы
көшесінен басталып, Сарыадыр, Теректі, Көкшетау, Бейнеу орамдары мен
Өндіріс көшесін қиып өтеді. Ұзындығы – 1303,8 м.
Қазақта ақ сөзі жақсылыққа байланысты қолданылады. Ол молшылықтың,
ырыздықтың белгісі. Осыған байланысты Ақ бидай атты халық әні бар.

Ақжан көшесі
Бұрынғы атауы – Школьный көшесі. Ақжан көшесі Тельман тұрғын
алабында орналасқан. Ұзындығы – 188,6 м.
Ақжан – адам жанының ақтығын білдіретін сын есім.

Ақжар көшесі
Бұрынғы атауы – Ленин көшесі. Железнодорожный тұрғын алабы. Ақжар
көшесі Жамбыл көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 1092,4 м.
Ақжар – Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында орналасқан
аудан. Орталығы – Талшық кенті.

Ақжелкен көшесі
Бұрынғы атауы – Л.Шевцова көшесі. Ақжелкен көшесі Үшқоңыр, Кеңшағыл
көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 408,8 м.
Ақжелкен – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын бір немесе екі жылдық
өсімдік.

Ақжол көшесі
Бұрынғы атауы – Угольный көшесі. Ақжол көшесі Мұнайшылар көшесінен
басталып, Ж.Досмұхамедұлы көшесінде аяқталады. Жаңажол, Өндіріс көшелерімен
қиылысады. Ұзындығы – 3381,1 м.
Ақжол – тілек, ниет ретінде қолданылатын сөз. Ақ (сын есім) + жол
(зат есім) сөздерінен құралған. Қазақтар ұрысқа немесе сапарға аттанғанда
Ақ жол болсын! деп тілек айтқан. Ақжол болашағы жарқын, жолы ақ болсын
дегенді білдіреді.

Ақкемер көшесі
Бұрынғы атауы – Р.Люксембург көшесі. Тельман тұрғын алабы. Ақкемер
көшесі Мұғалжар көшесінен басталып, Аңырақай көшесінде аяқталады. Ұзындығы
– 980,2 м.
Ақкемер – Қазақстанның барлық түкпірінде кездесетін сай-саланың, кеуіп
қалған арнаның, жағаның атауы.

Ақкөл көшесі
Ақкөл көшесі Ақкөл қысқа көшесінен басталып, Қатаркөл орамында
аяқталады. Ұзындығы – 171,4 м.
Ақкөл – көлдің атауына байланысты айтылған және ол республикамыздағы
бірнеше елді мекендердің атауы.

Аққорған көшесі
Бұрынғы атауы – Новостройка көшесі. Көктал тұрғын алабы. Аққорған
көшесі Болашақ көшесінен басталады. Ұзындығы – 366,3 м.
Аққорған – орта ғасырдағы қала атауы. Деректерге қарағанда, Аққорған
XV-XVIII ғасырларда болған, Жаңақорғаннан 70 шақырым жерде орналасқан.

Аққұм көшесі
Бұрынғы атауы – Ленин көшесі. Заречное тұрғын алабы. Аққұм көшесі
Ұшқыштар көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 481,1 м.
Аққұм – Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ұлы Жыланшық өзенінен
солтүстік-шығысқа қарай бойлай созылып жатқан құмды алқап. Шөл белдемінде
орналасқан.

Ақмешіт көшесі
Бұрынғы атауы – №33 көше (Жаңа әкімшілік орталық). Ақмешіт көшесі
Сарайшық көшесінен басталып, Тәуелсіздік, Достық, Сығанақ, Алматы көшелерін
қиып өтеді. Ұзындығы – 5607,3 м.
Ақмешіт – қазіргі Қызылорда қаласының орнында болған көне бекініс
орны. Бекініс 1817 жылы салынған. Тарихшы-ғалымдардың дәлелдеуі бойынша,
Ақмешіт бекінісін Қоқан ханы Омархан салғызған. Қазан төңкерісінен кейін
бекініске Ақмешіт аты қайта берілді. 1925 жылы оған Қызылорда аты беріліп,
ол 1929 жылға дейін Қазақстанның астанасы болды.

Ақмола көшесі
Көктал тұрғын алабы. Ақмола көшесі Баршын, Ұлытау, Мыңжылқы, Қайнар,
Мойылды, Сарыөзен, Зайсан, Ақсуат көшелерін қиып өтіп, Ұлытау көшесінде
аяқталады. Ұзындығы – 2114 м.
Ақмола – Есіл өзенінің бойында, ескі керуен жолы өтетін Қараөткелде
болған. Мола деген сөз ғұндар тілінде биік қорған, қамал деген ұғымды
білдіреді. Есіл бойына дуан орталығы салынғаннан кейін Ақмола сол дуанның,
одан соң Ақмола қаласының ресми атына айналды.

Ақниет көшесі
Бұрынғы атауы – Юбилейный көшесі. Заречное тұрғын алабы. Ақниет
көшесі Қаратөбе көшесінен басталып, Жиделі көшесінде аяқталады. Ұзындығы –
257,4 м.
Ақниет – көңілі таза, пейілі ақ, адал адамның мінезіндегі құнды
қасиет. Ақниетті адам өмірінде үнемі ағынан жарылып, ештеңені жасырмай, бар
шынын айтады. Халық ондай ашық-жарқын мінезді адамды құрмет тұтып, оған
ізет көрсетіп отырған.

Ақсай көшесі
Бұрынғы атауы – Бетонный көшесі. Ақсай көшесі Н.Гоголь көшесімен
қиылысады. Ұзындығы – 725,5 м.
Ақсай – Қарағанды облысы, Шалқар алабындағы өзен. Қазақстанда осы
аттас елді мекендер көптеп кездеседі.

Ақселеу көшесі
Бұрынғы атауы – Степной көшесі. Заречное тұрғын алабы. Ақселеу
көшесі Қаратөбе көшесінен басталып, Жиделі көшесінде аяқталады. Ұзындығы –
224,4 м.
Ақселеу – Сарыарқа даласында ең көп өсетін шөп атауы.

Ақсеңгір көшесі
Бұрынғы атауы – Н.Пирогов көшесі. Ақсеңгір көшесі Үшқоңыр көшесінен
басталады. Ұзындығы – 903,8 м.
Ақсеңгір сөзі биік, заңғар деген мағынаны білдіреді.

Ақсу көшесі
Бұрынғы атауы – №20 көше. Көктал тұрғын алабы. Ақсу көшесі Наурыз
көшесінен басталып, Зайсан көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 276,2 м.
Ақсу – Алматы облысы Ақсу, Алакөл аудандарындағы өзен.

Ақсу-Аюлы көшесі
Бұрынғы атауы – №55 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ақсу-
Аюлы көшесі Талғар көшесінен басталып, Зеренді көшесінде аяқталады. Обаған
көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 544,9 м.
Ақсу-Аюлы – қола дәуірінің орта және соңғы кезеңдерінің ескерткіштері.
Ақсу-Аюлы кенті Қарағанды облысы, Шет ауданынан солтүстікке қарай 3 шақырым
жерде орналасқан.

Ақсу-Жабағылы көшесі
Бұрынғы атауы – Ф.Глинка көшесі. Ақсу-Жабағылы көшесі Қ.Кемеңгерұлы
көшесінен басталып, Өндіріс көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 734,1 м.
Ақсу-Жабағылы – Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс
бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан, 1926 жылы құрылған Қазақстандағы
тұңғыш қорық.

Ақсуат көшесі
Бұрынғы атауы – №17 көше. Көктал тұрғын алабы. Ақсуат көшесі Арқалық
көшесінен басталып, Зайсан көшесінде аяқталады. Ақмола, Наурыз, Айыртау
көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 627,9 м.
Ақсуат – мыс дәуірінің қонысы және қола дәуірінің бекініс орны.
Қостанай облысындағы Ақсуат көлінің жағасында орналасқан. Қазақстанда осы
аттас елді мекендер көптеп кездеседі.

Ақтасты көшесі
Бұрынғы атауы – Абай көшесі. Железнодорожный тұрғын алабы. Ақтасты
көшесі Ә.Әлімжанов көшесінен басталады. Ұзындығы – 472 м.
Ақтасты – жер-су атауы. Еліміздің көптеген өңірлерінде осы аттас өзен-
көлдер, таулар, елді мекен атаулары бар.

Ақтау көшесі
Бұрынғы атауы – Октябрь көшесі. Көктал тұрғын алабы. Ақтау көшесі
Болашақ көшесінен басталады. Ұзындығы – 320,3 м.
Ақтау – Маңғыстау облысының орталығы, қала, теңіз және әуе порты.
Каспий теңізінің шығыс жағасында орналасқан.

Ақтөбе көшесі
Бұрынғы атауы – №32 көше. Көктал тұрғын алабы. Ақтөбе көшесі Ұлытау
көшесінен басталып, Мойылды көшесінде аяқталады. Тарбағатай, Моншақты,
Қарасу, Қайнар көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 571,1 м.
Ақтөбе – Ақтөбе облысының орталығы, Қазақстанның ірі өнеркәсіп және
мәдени орталықтарының бірі. Теміржол, әуе және автомобиль қатынастарының
маңызды торабы.

Ақшағыл көшесі
Бұрынғы атауы – Челябинский көшесі. Ақшағыл көшесі Кентау көшесінен
басталып, Кеншілер, Ынталы, Тасқұдық көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 580
м.
Ақшағыл – Қарағанды облысы, Шет ауданында орналасқан полиметалл кен
орны.

Ақын Сара көшесі
Бұрынғы атауы – №98 көше. Комсомольский тұрғын алабы. Ақын Сара
көшесі Домалақ ана көшесінен басталып, Қарашаш ана, Ләйлі-Мәжнүн, Жұбан
ана, Айғаным көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 999,3 м.
Сара Тастанбекқызы (1853-1907) – ақын. Әкесінен ерте айырылып,
әкесінің інісі Жайсаңбектің тәрбиесінде өскен. Сөзге тапқырлығымен, кесіп
айтар шешендігімен елді сүйсінткен. Айтыс өнеріне әбден төселген Сара
Арсалаң, Ниязбек сал т.б. ақындарды өнер жарысында жеңіп шыққан. Сараның
лирикалық өлеңдері – көбіне өз тағдырын, жеке басының мұң-зарын арқау еткен
туындылар.

Алакөл көшесі
Бұрынғы атауы – Набережный көшесі. Мичурино тұрғын алабы. Алакөл
көшесі Асқартау көшесінен басталады. Ұзындығы – 753,2 м.
Алакөл – Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағында орналасқан
тұйық көл.

Алмалық көшесі
Бұрынғы атауы – Победа, Садовый көшелері. Көктал тұрғын алабы.
Алмалық көшесі Д.Бабатайұлы көшесінен басталып, Нарын, Ардагер, Қайыңды,
Сұлукөл көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1745,5 м.
Алмалық – орта ғасырдағы көне қала атауы. Іле өзенінің бойында
орналасқан. Қаланың шығыс жағында Алмалықта билік жүргізген Тоғылық Темір
ханның күмбезі бар. Алмалық қаласы ірі сауда, мәдениет және саяси орталық
ретінде Қазақстан мен Шығыс Түркістанның ортағасырлық тарихы мен
мәдениетінде аса маңызды рөл атқарды.

Алматы көшесі
Бұрынғы атауы – №19а көшесі. (Жаңа әкімшілік орталық). Алматы көшесі
Орынбор көшесінен басталып, Қабанбай батыр даңғылында аяқталады. Түркістан,
Ақмешіт, Сауран көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1592,9 м.
Алматы – Іле Алатауының солтүстік етегіндегі, Үлкен және Кіші Алматы
өзендерінің аралығында орналасқан, Қазақстанның бұрынғы астанасы. Аумағы –
190 шаршы шақырым. 1929 жылдан 1997 жылға дейін Қазақстанның астанасы
болды.

Алпамыс көшесі
Алпамыс көшесі Арасан, Үлкен, Г.Әлиев көшелерімен қиылысады. Ұзындығы
– 385,1 м.
Алпамыс – қазақ халқының қаһармандық эпосы.

Алпамыс батыр көшесі
Бұрынғы атауы – Центральный көшесі. Алпамыс батыр көшесі Атасу,
Р.Қошқарбаев, Ә.Ермеков көшелерімен қиылысып, Қарашаш көшесінде аяқталады.
Ұзындығы – 936,9 м.

Алтындала көшесі
Интернациональный тұрғын алабы. Алтындала көшесі Аралқұм көшесінен
басталады. Ұзындығы – 861,2 м.
Алтындала – балама қолданыс. Күзгі маусымға байланысты айтылады. Сары
дала, астықты дала деген мағынаны білдіреді. Республикамызда осындай
елді мекен атаулары да кездеседі.

Алтынемел көшесі
Бұрынғы атауы – К. Либкнехт көшесі. Алтынемел көшесі І.Есенберлин
көшесінен басталып, И.Гёте көшесінде аяқталады. И.Құтпанов көшесімен
қиылысады. Ұзындығы – 363,5 м.
Алтынемел – Алматы облысының Кербұлақ ауданындағы тарихи мекен. Жетісу
Алатауының оңтүстік-батыс сілемінде, Алтынемел және Матай тауларынан
басталатын Байғазы және Дос өзендерінің бастауында орналасқан.

Аманқарағай көшесі
Бұрынғы атауы – Стадионный көшесі. Аманқарағай көшесі Ш.Бейсекова
көшесінен басталып, С.Мұхамеджанов көшесінде аяқталады. Конституция
көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 431,3 м.
Аманқарағай – Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы шоқ қарағай.

Амантоғай көшесі
Бұрынғы атауы – №39 көше. Көктал тұрғын алабы. Амантоғай көшесі
Шаңтөбе көшесінен басталып, Ұлытау көшесінде аяқталады. Бостандық, Қызбел
көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 266,2 м.
Амантоғай – Қостанай облысының Амангелді ауданындағы ауыл.

Анар көшесі
Анар көшесі В.Вишневский көшесінен басталып, С.Сәдуақасов көшесімен
қиылысады. Ұзындығы – 2220,4 м.
Анар – анар тұқымдасына жататын ағаш немесе бұта тәрізді субтропикалық
өсімдік. Анар Орта Азия жемістерінің ішінде көп өсірілетін дақыл.

Аңырақай көшесі
Бұрынғы атауы – К.Цеткина көшесі. Аңырақай көшесі Мұғалжар көшесінен
басталып, Ақкемер, Жайсаң көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 8176,6 м.
Аңырақай – біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз
жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі. Болат ханның
бастауымен үш жүздің хандары, билері, сұлтандары мен батырлары қатысқан
Ордабасы жиынында бүкіл қазақ қолының бірігуі – жауға қарсы бірыңғай
стратегиялық шабуылға шығуға мүмкіндік туғызды. Аңырақай жеңісі
тәуелсіздікті аңсаған қазақ елінің тұтастығын сақтап қала алатындығын айқын
дәлелдеді.

Арай көшесі
Арай көшесі Космонавтар көшесінен басталып, Ә.Марғұлан, Тобылғысай,
Толағай, Құлагер көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1259,3 м.
Арай – күн нұрының шұғыласы, сәулесі дегенді білдіреді. Қазақстанда
Арай атты бірқатар елді мекендер бар.

Аралқұм көшесі
Бұрынғы атауы – Степной көшесі. Интернациональный тұрғын алабы.
Нұрлыжол көшесінен басталып, Алтындала көшесімен, Ұлан орамын қиып өтеді.
Ұзындығы – 628,9 м.
Аралқұм – Арал теңізінің солтүстік-шығысында жатқан құмды шөл. Ол Арал
теңізі мен Торғай үстіртінің аралығын, Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда
облыстары аумағының бір бөлігін алып жатыр.

Арасан көшесі
Арасан көшесі Алпамыс көшесімен қиылысып, А.Тоқпанов көшесінде
аяқталады. Ұзындығы – 423,1 м.
Арасан – шипалы, емдеуге қолданылатын жылы жер асты су көздері.

Арғанаты көшесі
Бұрынғы атауы – №59 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ).
Арғанаты көшесі Құндызды көшесінен басталып, Марқакөл көшесінде аяқталады.
Шертер, Талғар, Обаған көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 946,4 м.
Арғанаты – Қарағанды облысы Ұлытау ауданының солтүстігіндегі тау
сілемдері. Ұлытау тауының солтүстігінде орналасқан.

Ардагерлер көшесі
Бұрынғы атауы – Целинный көшесі. Көктал тұрғын алабы. Ардагерлер
көшесі Д.Бабатайұлы көшесінен басталып, Шұғыла көшесінде аяқталады. Нарын,
Қайыңды, Сұлукөл көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1310,5 м.
Ардагер – құрметті, қадірлі, ардақты деген мағынаны білдіретін
этикалық ұғым. Ел қамын ойлап, елге еңбек сіңірген абыройлы адамды халық
Ардагер деп жоғары бағалаған.

Арқайым көшесі
Бұрынғы атауы – №24 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ).
Арқайым көшесі М.Төлебаев көшесінен басталып, Абылай хан даңғылында
аяқталады. Ер Көкше, Ер Қосай, Ер Тарғын көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы –
509,1 м.
Арқайым – орта қола кезеңінен (б.з.б. 2-мыңжылдық) сақталған тарихи
және мәдени ескерткіштер кешені. Арқайым Қостанай облысында орналасқан.

Арқалық көшесі
Бұрынғы атауы – №25 көше. Көктал тұрғын алабы. Арқалық көшесі Баршын
көшесінен басталып, Ұлытау, Мыңжылқы, Қайнар, Сарыөзен, Зайсан, Ақсуат
көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1419,8 м.
Арқалық – Қостанай облысының оңтүстік-шығысындағы қала.

Армандастар көшесі
Бұрынғы атауы – Молодежный. Интернациональный тұрғын алабы.
Армандастар көшесі Қарағанды-Астана трассасынан басталып, Мереке көшесінде
аяқталады. Нұрлыжол көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 745,5 м.
Армандастар – көкейіндегі ізгі ниеті, болашақтан күтер үміті, алға
қойған мақсаты бір, ортақ адамдар. Осыған байланысты Армандастар деген ән
атауы бар.

Арна көшесі
Бұрынғы атауы – №36-15 көше. Қараөткел шағын ауданы. Арна көшесі
Сұлутөр көшесімен қиылысып, Жылыой көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 376,9 м.
Арна – өзен аңғарының су ағатын бөлігі. Оқтын-оқтын немесе қысқа
мерзімге құрғап қалатын өзен аңғарын арна деп атайды.

Арнасай көшесі
Бұрынғы атауы – Комсомольский көшесі. Пригородный тұрғын алабы.
Арнасай көшесі Айнабұлақ көшесінен басталып, Қабанбай батыр даңғылында
аяқталады. Сарытоғай көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 1452,6 м.
Арнасай – елді мекеннің, өзеннің атауы. Екі сөздің бірігуінен
құралған.

Асанқайғы көшесі
Бұрынғы атауы – Н.Гастелло көшесі. Асанқайғы көшесі А.Кравцов
көшесінен басталып, Жәнібек тархан, Ағыбай батыр, А.Иманов, Кенесары, Абай
даңғылы, С.Сейфуллин, Ә.Жангелдин көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 2237,8
м.
Асанқайғы (XIV ғ. – XV ғ.) – мемлекет қайраткері, ақын жырау, би,
философ. Керей мен Жәнібек хандардың ақылшысы болған. Асанқайғы заманында
Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қырым, Қазан, Өзбек хандықтары пайда болды.
Шу мен Арал аралығында Қазақ ордасы құрылған кезде Асанқайғы жаңа
мемлекеттің ұраншысына айналады.
Асанқайғы елінің сулы-нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып, Адамы
жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін мамыражай, еркін өмір сүретін
Жерұйықты аңсады. Қазақ халқы ғасырлар бойы тарихи сатыларында Асанқайғы
есімін үстемдікке, озбырлыққа, әділетсіздікке қарсы ұстанған ізгілік
символына айналдырды.

Асқартау көшесі
Бұрынғы атауы – Садовый көшесі. Мичурино тұрғын алабы. Асқартау
көшесі Бастау, Алакөл көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 735,3 м.
Асқартау – биік, заңғар тау деген мағынаны білдіреді. ХVI
ғасырда өмір сүрген атақты жырау Шалкиіз Тіленшіұлы Асқар, асқар, асқар
тау, Асқардан биік тау болмас деп жырлаған.

Аспара көшесі
Бұрынғы атауы – Г.Котовский көшесі. Аспара көшесі Жерұйық көшесінен
басталып, Қарасай батыр даңғылын, Медеу, М.Дулатов, Орда көшелерін қиып
өтеді. Ұзындығы – 1264,1 м.
Аспара – Жамбыл облысы, Шу алабындағы Құрағаты өзенінің оң жақ саласы.
Қырғыз Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздықтан бастау алады. Негізгі
салалары: Мақанды, Игермен, Аршалы.

Атақоныс көшесі
Бұрынғы атауы – Мир көшесі. Күйгенжар тұрғын алабы. Атақоныс көшесі
Жаңатұрмыс көшесімен қиылысып, Шапағат көшесінде аяқталады. Ұзындығы –
870,5 м.
Атақоныс – қазақ халқының ұғымында ежелден бері өмір сүріп келе жатқан
тарихи мекен. Ұрпағы түрлі себеппен өзге өңірге қоныс аударса да ата
қонысын ұмытпай ұрпағының санасына сіңіріп отырған. Жалпы атақоныс ұғымы
қазақ халқының түсінігінде тарихи мекен ғана емес, қасиетті топырақ ретінде
қалыптасқан.

Атамұра көшесі
Бұрынғы атауы – Хлебоприемный көшесі. Промышленный тұрғын алабы.
Атамұра көшесі Шарбақты көшесінен басталып, Құлагер көшесінде аяқталады.
Шалгөде көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 1268,3 м.
Атамұра - әкеден балаға мал-мүлік, жер, қазына, байлық ретінде бөліп
берген еншісі.

Атасу көшесі
Бұрынғы атауы – Планетный көшесі. Атасу көшесі Қабанбай батыр
даңғылынан басталып, Алпамыс батыр көшесінде аяқталады. Қарасақал Ерімбет,
Жекебатыр, Х.Досмұхамедұлы, Е.Тайбеков көшелерімен қиылысады. Ұзындығы –
425,7 м.
Атасу – Сарысу өзенінің сол жақ саласы, ол Қарағанды облысының
Жаңаарқа ауданының жерімен ағады.

Атбасар көшесі
Атбасар көшесі Н.Тілендиев даңғылынан басталып, Қарталы көшесімен
қиылысады. Ұзындығы – 655,7 м.
Атбасар – Ақмола облысы, Атбасар ауданының орталығы. Астана қаласының
солтүстік-батысында 232 шақырым жерде, Жабай өзенінің оң жағасында
орналасқан.

Атырау көшесі
Бұрынғы атауы – №36-3 көше. Қараөткел шағын ауданы. Атырау көшесі
Сұлутөр, Машат орамы, Жылыой көшесімен қиылысып, Аягөз көшесінде аяқталады.
Ұзындығы – 508 м.
Атырау – қала, облыс орталығы. Каспий теңізінен солтүстікке қарай 30
шақырым жерде, Жайықтың екі жағасын бойлай орналасқан.

Ашхабад көшесі
Ашхабад көшесі Игілік көшесінен басталып, Ташкент көшесімен қиылысады.
Ұзындығы – 447,1 м.
Ашхабад – Түркіменстан Республикасының астанасы.

Ащысай көшесі
Бұрынғы атауы – Линейный көшесі. Железнодорожный тұрғын алабы.
Ащысай көшесі В.Маяковский көшесінен басталады. Ұзындығы – 394,8 м.
Ащысай – елімізде кездесетін бірнеше жер-су атаулары. Осы аттас
өзендер мен елді мекендер бар.

Аягөз көшесі
Бұрынғы атауы – №36-2 көше. Қараөткел шағын ауданы. Аягөз көшесі
Мәртөбе орамы мен Атырау, Шарбақкөл, Таңбалытас көшелерін қиып өтеді.
Ұзындығы – 634,2 м.
Аягөз – Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары аумағы арқылы ағатын өзен.
Тарбағатай жотасынан басталып, Балқаш көліне құяды.

Ә. Әлімжанов көшесі
Ә.Әлімжанов көшесі Шымкент қысқа көшесінен басталып, Сарыарқа
даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 923,5 м.
Әнуар Әлімжанов (1930-1993) – жазушы, журналист. Қазақстанның халық
жазушысы, Мемлекеттік және Дж.Неру атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты.
Отырар ескерткіші, Жаушы, Ұстаздың оралуы, Махамбеттің жебесі атты
тарихи романдардың авторы.

Ә. Бөкейхан көшесі
Ә. Бөкейхан көшесі Ғ. Қараш көшесінен басталып, Абай даңғылында
аяқталады. Ағыбай батыр, А. Иманов, Т. Рысқұлов, Кенесары көшелерін қиып
өтеді. Ұзындығы – 846,3 м.
Әлихан Бөкейхан (1866-1937) – қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-
азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің
төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Қазақ газетін ұйымдастыруда және
оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне Ә.Бөкейхан зор еңбек сіңірді. 1914
жылы маусымда Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясының ұйымдастыруымен
шақырылған Бүкілресейлік мұсылман сиезіне қатысып, мұсылман фракциясы
бюросының тұрақты мүшесі болды. Әлиханның жетекшілігімен 1917 жылы шілдеде
1-жалпықазақ сиезі өткізіліп, Алаш партиясы құрылды. 1917 жылғы
желтоқсандағы сиезде Ұлт Кеңесі құрылып, оның аты Алашорда болып
аталды. Бұл үкіметтің төрағасы болып Ә. Бөкейхан сайланды. Ә. Бөкейхан
қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, шаруашылығын, төрт түлік
малын, жер-суын, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жан-жақты зерттеген
ғалымдардың бірі.
Бұл көшеде Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы, ОБСЕ
орталығы, БҰҰ өкілдігі, Абай кітап үйі орналасқан.

Ә. Диваев көшесі
Бұрынғы атауы – Ф.Дзержинский көшесі. Ә.Диваев көшесі Конституция
көшесінен басталып, М.Дулатов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 389,5 м.
Әбубәкір Диваев (1856-1933) – фольклорист, этнограф, тіл маманы.
Қазақ, өзбек, қарақалпақ халықтарының фольклоры мен этнографиясы жөнінде
көптеген еңбектің авторы.

Ә. Ділманов көшесі
Бұрынғы атауы – М.Фрунзе көшесі. Ә.Ділманов көшесі Мәскеу көшесінен
басталып, Жеңіс даңғылында аяқталады. Домбыралы, Бестерек көшелерімен
қиылысады. Ұзындығы – 590,5 м.
Әбдіғапар Ділманов 1977 жылы 22 желтоқсанда ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Алматы көшелері
Астана қаласы
Елордасы – Астана
Қазақстанның бас қаласы - Астана
Астана - Қазақстан Республикасының елордасы
Астана орманы
«Астана: жас қала - жастар қаласы»
Астана – еліміздің жүрегі
Астана қаласының тарихы
Астана - қазақстанның саяси ерік-жігерінің нышаны
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь