Атамекен



О-о, қазақтың қасиетті қара топырағы! Менің ата-бабамның асылы, ұрпағына қалдырған баға жетпес мұрасы, ең аяулы дұғасы, енді менің балаларыма ақтық тапсырар аманатым, баға жетпес байлығым. Егемендігім мен елдігімнің тұғыры.
Жанында бүкіл Еуропаның көрікті жерлерін аралап келген «жаңа қазақ» ініммен сұхбаттасқаным бар. Ол кәрі континентте көрген кереметтерін: салтанатты сарайларын, аспанмен тілдескен ғимараттарын, аспалы көпірлері мен көз жауын алар көрмелерін, мұражайлары мен мұрағаттарын... әйтеуір қойшы бәрін, бәрін таңдайын қаға таңданысын жасыра алмай сөз етті. Сөз соңында әлгі: «Басқа халықтың ұрпағына қондырған асыл мұраларын көре жүріп: «Құдайым-ау, біздің ата-бабаларымыз екі-үш әйел алып о төбеден бұ төбеге мал соңынан салпақтап көшіп-қонғаннан басқа не бітірген? Ұрпағына, мына бізге бөгде жұртқа мақтан етерім не қалдырған? Немізбен мақтана аламыз?» - деген өкпелі ойда болдым дегені.
Әсем қалалар мен көрікті көпірлер салып келешегіне мұра етіп қалдырмағанына кейінгі ұрпақтың алдыңғы ұрпағына ойлы көз, ояу жүрек талқысынан өткізілмеген өкпесі еді бұл.
Мен оған: «Қарағым, ата-бабаға бекер өкпе артасың. Оңтүстігінде сан жұмбағын ішіне жасырған, айдаһардай ысқырған, алпыс айлалы, құрттай құжынаған Қытай, солтүстігінде жерің мен еліңе көз алартқан аюдай Ресей екі алып империяның қыспағында ат төбелідей аз ғана қазақтың өмір кешкенін тарихтан білесің. Егер екі-үш әйелден некеге отырып, ұрпақ өрбітіп отырмаса, біздің тарих бетінде қалар-қалмасымыз неғайбіл еді ғой. Бұл көрегендігі емей немене?
Салтанатты сарайлар мен аспанмен тілдескен ғимараттар салмаған деп кінә артасын. Өткен ата-баба тарихына ақыл көзімен қарайықшы. Сонау жаугершілік заманда Күлтегін баба қала салып, көп қабатты қорғанмен бекінеміз дегенде дана кеңесші Тоныкөк: «Хан ием, саны аз халқыңның басын қосып, қорғанды қалаға жидың делік. Ал құмырсқадай қаптаған тобгачтар қалаңды қоршап алып, ары кеткенде бес-алты айда қорғаныңды да, халқыңның да күлін көкке ұшырады, қашаңғы шыдарсың. Інге кірген қасқырдай қан қақсатады. Біз сияқты аттың жалында түйенің қомында өсіп, шыныққан жамағатқа ат үстінде жүріп тиіп-қашып, қапылыста тап беріп, айламен соғысқан тиімді. Белі бесіктен шыққаннан ат жалын ұстап өскен біздің жұрттың бір сарбазы он тобгачыңа дес бермейтінін білесің», - деп қала салуға оны берік қорғанмен қоршауға үзілді-кесілді қарсы болады. Осылайша жүйелі сөз өрісін тауып, Күлтегін баба да парасатты сөзді хош көріп, қала салудан бас тартады.
Санының аздығына қарамай шойын білекті, арыстан жүректі бабаларымыз «еңкеу-еңкеу жер салып, егеулі найза қолға алып» ұлан-ғайыр сары даласын сан ғасыр жаудан қорғап, бізге, мына саған, мұра етіп қалдырған. Дала болғанда тағы қандай дала десеңші! Түгін тартса май шығатын, қойны қазыналы, үсті жазиралы құнарлы дала! Ата-бабаның бұл мұрасы аз ба? Жоқ аз емес, көп дер едім. Көп болғанда да досың сүйсініп, дұшпаның күйінетіндей мол мұра, үлкен сыбаға.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Атамекен

О-о, қазақтың қасиетті қара топырағы! Менің ата-бабамның асылы,
ұрпағына қалдырған баға жетпес мұрасы, ең аяулы дұғасы, енді менің
балаларыма ақтық тапсырар аманатым, баға жетпес байлығым. Егемендігім мен
елдігімнің тұғыры.
Жанында бүкіл Еуропаның көрікті жерлерін аралап келген жаңа қазақ
ініммен сұхбаттасқаным бар. Ол кәрі континентте көрген кереметтерін:
салтанатты сарайларын, аспанмен тілдескен ғимараттарын, аспалы көпірлері
мен көз жауын алар көрмелерін, мұражайлары мен мұрағаттарын... әйтеуір
қойшы бәрін, бәрін таңдайын қаға таңданысын жасыра алмай сөз етті. Сөз
соңында әлгі: Басқа халықтың ұрпағына қондырған асыл мұраларын көре жүріп:
Құдайым-ау, біздің ата-бабаларымыз екі-үш әйел алып о төбеден бұ төбеге
мал соңынан салпақтап көшіп-қонғаннан басқа не бітірген? Ұрпағына, мына
бізге бөгде жұртқа мақтан етерім не қалдырған? Немізбен мақтана аламыз? -
деген өкпелі ойда болдым дегені.
Әсем қалалар мен көрікті көпірлер салып келешегіне мұра етіп
қалдырмағанына кейінгі ұрпақтың алдыңғы ұрпағына ойлы көз, ояу жүрек
талқысынан өткізілмеген өкпесі еді бұл.
Мен оған: Қарағым, ата-бабаға бекер өкпе артасың. Оңтүстігінде сан
жұмбағын ішіне жасырған, айдаһардай ысқырған, алпыс айлалы, құрттай
құжынаған Қытай, солтүстігінде жерің мен еліңе көз алартқан аюдай Ресей екі
алып империяның қыспағында ат төбелідей аз ғана қазақтың өмір кешкенін
тарихтан білесің. Егер екі-үш әйелден некеге отырып, ұрпақ өрбітіп
отырмаса, біздің тарих бетінде қалар-қалмасымыз неғайбіл еді ғой. Бұл
көрегендігі емей немене?
Салтанатты сарайлар мен аспанмен тілдескен ғимараттар салмаған деп
кінә артасын. Өткен ата-баба тарихына ақыл көзімен қарайықшы. Сонау
жаугершілік заманда Күлтегін баба қала салып, көп қабатты қорғанмен
бекінеміз дегенде дана кеңесші Тоныкөк: Хан ием, саны аз халқыңның басын
қосып, қорғанды қалаға жидың делік. Ал құмырсқадай қаптаған тобгачтар
қалаңды қоршап алып, ары кеткенде бес-алты айда қорғаныңды да, халқыңның да
күлін көкке ұшырады, қашаңғы шыдарсың. Інге кірген қасқырдай қан қақсатады.
Біз сияқты аттың жалында түйенің қомында өсіп, шыныққан жамағатқа ат
үстінде жүріп тиіп-қашып, қапылыста тап беріп, айламен соғысқан тиімді.
Белі бесіктен шыққаннан ат жалын ұстап өскен біздің жұрттың бір сарбазы он
тобгачыңа дес бермейтінін білесің, - деп қала салуға оны берік қорғанмен
қоршауға үзілді-кесілді қарсы болады. Осылайша жүйелі сөз өрісін тауып,
Күлтегін баба да парасатты сөзді хош көріп, қала салудан бас тартады.
Санының аздығына қарамай шойын білекті, арыстан жүректі бабаларымыз
еңкеу-еңкеу жер салып, егеулі найза қолға алып ұлан-ғайыр сары даласын
сан ғасыр жаудан қорғап, бізге, мына саған, мұра етіп қалдырған. Дала
болғанда тағы қандай дала десеңші! Түгін тартса май шығатын, қойны
қазыналы, үсті жазиралы құнарлы дала! Ата-бабаның бұл мұрасы аз ба? Жоқ аз
емес, көп дер едім. Көп болғанда да досың сүйсініп, дұшпаның күйінетіндей
мол мұра, үлкен сыбаға.
Ал енді сол далаңа саялы Бәйтеректеріңді тігіп, келер ұрпақ мақтан
етерлік, көз жауын алатын әсем қалалар салу, пирамидалар тұрғызу бүгінгі
ұрпақтың, яғни біз бен сенің міндетің, - дедім.
Менің айтқанымнан жаңа қазақ баһра алды ма, жоқ әлде алмады ма ол
жағы маған белгісіз.
Жаңа қазақ қалай қабылдаса, солай қабылдасын, батыр бабаларымыз
мұра етіп қалдырған мына ұлы дала біз үшін алтын сарайлар мен аспалы
көпірлердің бәрінен де қымбат. Өйткені бұл топырақ қан майданда мерт болған
қазақ сарбаздарының қаны мен оны жоқтаған қара көз арулардан көз жасына
суарылған. Сондықтан елімнің әр уыс топырағы қазақ үшін қасиетті де
қастерлі.
Қасиетті жер, қастерлі топырақ демекші, мынандай аңыз есіме түсті.
- Уа, қадірлі жамағат! - деп сөз бастады хан кеңесші уәзірлеріне.
- Мына көрші Хань елінен елшілер келгеніне хабардар шығарсыздар. Аса
мәртебелі императоры аламан бәйгеде еліміздің даңқын төрткүл дүниеге
жайған, шашасына шаң жұқтырмас Күреңқасқа тұлпарды сұрата жіберіпті. Оның
бұл өтінішін орындаймыз ба, жоқ әлде басқа білдірер уәждарың бар ма? Кәне,
не айтасыздар?
- Тақсыр, берілмейді тұлпар.
- Неге берелік? Бермеу керек Күреңқасқаны.
- Күреңқасқаны ата жауға бергенше жағаласып өлу керек.
- Көппіз деп басынбасын тобгачтар.
- Тұрысар жерін айтсын! - болды уәзірлердің айтқаңдары. Көздеріне қан
құйылып, маңдай тамырлары білеулене.
Тұлпар хандікі болғанымен, қазақта қазан ат пен сұлу қыз, балуан
жігіт бүкіл рудың, қала берсе күллі елдің мақтанышы деп есептелетін. Бұлар
жеке біреудің ғана меншігі емес, бүкіл руға, күллі жамағатқа ортақ
мүкәмалдар деген әлімсақтан қалыптасқан ата дәстүрді ұстанған уәзірлердің
шамдануларының да жөні бар еді.
Кеңесші уәзірлерінің сөзін асықпай-саспай тыңдаған хан үнсіз ұзақ
ойланып отырды да:
- Жауға бір қыл құйрықты қимаймыз деп ананы ұлынан, әйелді ерінен,
баланы әкесінен айырып, халқымды қара жамылдыра алмаймын. Алсын! Елшілерге
Күреңқасқаны жетектетіп жіберіңдер. Қазақтың кебеже қарын биелері аман
болса, әлі-ақ мың сан Күреңқасқаларды құлындар, - деді.
Хан екі сөйлемейді. Оның сөзіне қарсы уәж айтылмайды. Айтқаны
айтқандай, дегені дегендей мүлтіксіз орындалады. Күреңқасқа кісіней-кісіней
жау жетегінде кете барды.
Келесі жылы көрші Хань елінен елшілер келіп, императорларының былтыр
берген тұлпарына аса риза болғанын, ендігі жерде нұр дидарлы ханшайым
Нұршешек сұлуды әйелдікке сұратып жібергенін жеткізеді.
Хан ақыл-кеңес алуға уәзірлерінің басын қосты. Тобгачтар елі
императорының екінші өтінішін жеткізді оларға.
- Не дейді, мына қысық көздер, көппіз деп басынайын деген екен.
- Біз елміз бе, жоқ, әлде езбіз бе?
- Нұршешек ханшайымды бергенше, жау жағасына жармасып өлеміз.
- Сүйекке таңба ғой бұл.
- Соғысу керек, тәубасына келтіру керек сұмырайлардың.
- Тұрысатын жерін айтсын тобгачтар! - болды, уәзірлердің айтқаны.
Бойларын кернеген ызаға булығып, қарттары түйілген жұдырықтарын көкке
білеп, жастары семсерлерінің балдағына жармасты.
Ел тізгінін ұстаған ханның бәйбішесі түгілі жесірін жатқа қимайтын
қазаққа Нұршешектей аруды жау қолына беруге намыстануының да жөні бар еді.
Қабағынан қар жауып, ұзақ ойланды хан. Бір кезде сөз бастады.
- Уа, жарандар! Бір сәтке ашуды ақылға жеңдіріп, теке-тіркестің соңы
не болатынын ой елегінен өткізіп көрдіңдер ме? Ерегіс соңы қан майдан, қан
төгіс екені бесенеден белгілі. Құмырсқадай қаптаған тобгачтардың жүз,
бәлкім одан да көп сарбазына бір-ақ қазақтан шығара аламыз. Жеңіске жеткен
күннің өзінде сан мыңдаған жастарымыз опат болып, сонша әйел жесір, сансыз
жас жетім болары хақ. Халқымды қабағат қасіреттен сақтау үшін Хань елі
императорының бұл өтінішін де орындап, сүйікті бәйбішем Нұршешекті беруді
ұйғардым. Тас түскен жеріне ауыр демекші, бұл ауыртпалықты бүкіл халыққа
артып күңіретпей, бір өзім намыс өртіне өртенсем өртенейін. Елім үшін
Нұршешектей ару құрбандық. Қазақтың ақ жаулықты аналары аман болса, ай мен
күндей небір Нұршешектер дүниеге келер, - деді.
Хан екі сөйлемейді. Шешім дұрыс па, жоқ әлде бұрыс па ешкім төрелігін
айта алмайды. Айтылған тұжырым сөзсіз орындалады.
Нұршешек бәйбіше де жылай-жылай ата қоныс елімен хош айтысып, жау
жетегінде кете барды.
Үшінші жылы көрші елдің елшілері қайта төбе көрсетті. Бос келмепті,
бұл жолы төмен ел қоныстанатын жер сұрай келіпті.
Хан кеңесші уәзірлерін жинап, көрші ел елшілерінің бұйымтайын
жеткізді.
- Онсыз да бос жатқан жер ғой, берсек берелік.
- Жоқ, ата қоныс мекенімізді неге береміз. Бермейміз.
- Жер жетеді. Өгіздің талысындай кең жеріміздің бір пұшпағын берсек
берелік. Жарлы болып қалмаспыз.
- Берілмесін.
- Тобгачтарды өкпелетіп алып, басымызға бәле сатып алмайық.
Бергеніміз дұрыс, -болды уәзірлердің жауабы.
- Жоқ, - деді хан қырандай шаңқ ете қалып, ата-бабамыздың маңдай тері
мен алқызыл қанына шыланған осынау киелі мекеннен, алдыңғы ұрпақ мұра етіп
қалдырған жер-анадан айрылып қалу, ата-баба әруағын қорлау. Жер-ананы
қолдан шығарып алсақ, бізді әруақ атады. Қасиетті жерсіз біздің
еркіндігіміз де, тіршілігіміздің де мәнісі болмайды. Келешек ұрпақ
атамекенсіз қалса, бөгде жұрттың құлы мен күңіне айналады. Тоз-тозы шығып,
қасиетсіз тобырға айналады. Сондықтан келешек бізді кешірмейді. Қазақтың
ұлтарақтай жерін ата жауға таптатпау үшін семсерімізді қыннан суыратын күн
туды. Не табанға салып жеңгенше, не қазақтың соңғы шамы өшкенше суырылған
семсер қайта қынға салынбасын.
Қысық көз елшілерге жеткізіңдер, қазақтың сыйға берер жері жоқ. Ол
сатылмайды да, өйткені жер-қазақтың өзі. Сондықтан тобгачтар тұрысатын
жерін айтсын! Хан екі сөйлемейді. Мынауыңыз дұрыс, мынауыңыз бұрыс дей
алмайды. Оның шешімі мүлтіксіз орындалады.
Қазақ жері отқа оранды, жалыны көкті шарпыды. Сайын дала төсін сан
мың ат тұяғының дүбірі, аруақ шақырған батырлардың қиқуы, семсерлердің бір-
біріне қақтығысқан сыңғыры құлақ тұндырды. Жердің шаңы аспанға көтеріліп,
бір тозаң бір тозаңға ұласты. Жан беріп, жан алысқан ұлы шайқастар болып
жатты.
Таулардың етегінде, мидай жазықта, жота мен қыратта, өзен аңғырында
қазақтың не бір апайтөс өрендері, қуатты да ер жүрек сан мыңдаған ұландары
опат болды. Сан мың малшы, сан мың диқан, сан мың әке қыршынынан қиылды.
Қазақ топырағы сан мың перзентінің алқызыл қанына, төгілген теріне
малшынды. Қан мен терін босқа төккен жоқ өзінен он есе, жүз есе көп
жауларын баудай түсіріп, жайратып салды. Ұлтарақтай жерін де жат жұртқа
таптатпады.
Күнделік дәптерден. Қайран ұлы дала, қазақтың алтын бесік Атамекені!
Бір шаршы метр жеріңде қазақтың он жігітінің, жүз шаршы метр жерінде жүз
жігітінің, барша қасиетті жеріміздің топырағы сан мыңдаған ата-бабамыздың
маңдай тері мен алқызыл қанымен суарылған.
Ерте көктемде қазақтың сайын даласы жасылды, алқызыл түске бөленеді.
Алыстан көз салған жанға жер ана төсі алқызыл дақтарға малшынып жатқандай,
жақындап келіп қарасаң сансыз қызғалдақтар қоңыр салқын самалға еркелей
тербетіле сұлулық пен нәзіктіктің қоспасындай көңілге ләззатты сезім
ұялатады. Қиялыңа қанат бітіріп, көкірегіңе ғажайып сүйіспеншілік сазын
құяды.
Жер ананың төсін жарып шыққан нәзік сабақты әсем гүлдер алқызыл түсті
қайдан алды екен? Қазақтың сайын даласын қорғап, опат болған батыр
бабаларымыздың ағызған қаны емес пе екен, бұл?
Жер-ананың әр көктем сайын иісі жұпар аңқыған, алқызыл қызғалдақты
шешек атқызып, бүгінгі ұрпаққа, бізге, ұлан-ғайыр жерге мұра етіп қалдырған
ата-бабаның төгілген қаны мен аққан терін ұмытпасын, жадында сақтасын,
естен шығармасын деген үнсіз ишарасы шығар, кім біледі?
Қасиетіңнен айналайын батыр ата-бабаларымыз тұмақтарын жалпылдатып,
жан беріп, жан алысып жүріп бізге осынау ұлы даланы мұра етіп, көздің
қарашығындай сақтауды, жат жұртқа сыйламауды, сатпауды аманат етіп кеткен
еді. Сол ата-баба аманатын орындауға лайықты ұрпақ бола алдық па, жоқ әлде
...?!
Лес досым айтады. Ерте көктем. Жер ананың қақаған қыстан құрысқан
бойын жазып, төсі иіген шағы, саумал сүттей жылы жаңбырдан соң марқа
қозының кұйрығындай аппақ қозқұйрықтардың қаптаған кезі.
Немерем: Қозықұйрық теруге барайықшы, ата, - деп қыңқылдап қоймаған
соң, меселін қайтармайын деп, әрі десе майға баптап қуырылған дәмі тіл
үйіретін таңсық асты мен де шет көрмейтіндіктен оның ұсынысын хош көріп,
жолға шықтық.
Қаладан - 50-60 шақырымдай жол жүріп, Қазғұрт тауының бауырындағы кең
алқапқа келіп тоқтадық Айнала жасыл желекке бөленген, кұлпырып тұр.
Немеремнің қуанышында шек жоқ.
Ыдыстарымызды ыңғайлап, іске кіріскелі жатқанымызда бір салт атты
бізге қарай жосытып келе жатқанын байқадым. Ойымда еш нәрсе жоқ. Іштей:
Мал іздеген біреу шығар дедім де қойдым. Ол әні-міні дегенше салып ұрып
қасымызға жетіп келді. Иығында асынған қосауыз мылтығы шошаяды. Аузы-басын
түк басқан, құс тұмсық, шегір көз, түрі суық жігіт амандық-саулық жоқ:
- Не қылған адамсыңдар? Қане табандарыңды жалтыратыңдар бұл жерден, -
деді қамшысын көкке білеп.
Мына шегір көздің бізді басынып тұрғанына тыз ете қалған мен:
- Ей, сен қашаннан бері құдайдың жеріне қожайын болып қалғансың бізді
қуатын, -дедім ашуға бұлығып.
- Әй, қаусаған шал, бұл құдайдың жері емес. Бұл Могомедтің жері,
біліп қой.
- Могомедің кім, тағы?
- Осы алқаптың иесі ол. Сатып алған бұл жерді. Бұл маңдағы жүгірген
аң, ұшқан құс ендігі жерде Могомедтігі, білдің бе? Жекешелендіріп алған.
Заңды құжаттап берген өкімет. Жақсылықпен қараларыңды батырыңдар,
әйтпесе... Күш қолданамын дегендей мылтығына қол жүгіртті.
Өз жерімде өгей бала кейпіне түскеніме зығырданым қайнап:
- Әйтпесе не? Атасың ба? Ат онда. Кеше ғана тағдырдың тәлкегіне
ұшырап, азып-тозып келгеніңде төрімнен орын беріп, бір үзім нанымызды
бөліскен едік. Енді тойынған кезіңде бар қайырды ұмытып, мылтық кезенейін
дедің бе? - деп көкірегімді тосып, тұра ұмтылдым.
- Ата, ататай, қойыңызшы, кетейікші, - деді немерем зәре-кұты ұша
мені құшақтай алып.
Менің іс-әрекетімнен, болмыс-бітімімнен ғибрат алатын, әлі оңы мен
солын танымаған ұрпағымның алдында ақылды ашуға жеңдірмейін деп лап еткен
сезімді зорға тежедім. Қабырғам қайыса, жан дүнием езіле, ұнжырғам түсе
машинаға келіп отырдым. Әлгі аузы-басын түк басқан, шегір көз дүлей өзінің
шоқтығының биіктігіне, біздің шарасыздығымызға мейманасы таси, миығынан
кекете күліп шығарып салды. Шығарып салған жоқ-ау масқаралап ит қосып қуып
шықты.
Кунделік дәптерден. Өзіне өріс бермейтін, өзгеге өзегін үзіп беретін,
қайран жұртым-ай, қайтейін...! Бұл қасиетіңе не дейін? Не дейін-ау, не
дейін?
Ираннан келген қандасымыз Әмин айтады: Мен Иранда дүниеге келдім,
көз ашып көргеннен қоғамдағы адамдар арасындағы, әсіресе жергілікті ұлт пен
тағдыр тәлкегіне ұшырап келген біз сияқты бөгде жамағаттар арасындағы
теңсіздікті көріп өстім. Ата-анамыз отбасында қазақ тілінде қарым-қатынас
жасайтындықтан менің де тілім ана тілінде ұшталды.
Мектеп жасында жергілікті тілді жете меңгермегендіктен мұғалімдердің
сыныптас балалардың мазағына ұшырадық. Көрген келемежіміз еттен өтіп,
сүйекке жеткенде көз жасымды көл ете отырып әкеме: Әке, жастайымнан неге
маған парсы тілін үйретпегенсіңдер. Қазіргідей қор болмас едім, -
дейтінмін. Ол: Балам, сен қазақсың, ирандық емессің. Сондықтан сен өз
тіліңді, қазақ тілін білуің қажет. Әке өлгенде артындағы ұрпағына үйі,
жері, малы, домбырасы мұра болып қалмақ. Ал алдыңғы ұрпақ кейінгі ұрпағына
тілді, ана тілін мұра етіп қалдырады. Тілі бар халықтың тарихы, салт-
дәстүрі, ділі мен діні, яғни сол халықтың ата-бабадан желі тартқан бар
қадір-қасиеті сақталады. Тілін жоғалтқан халықтың өзі де жоғалады. Саналы
түрде өзіне-өзі қол жұмсайды. Шариғатта өзін-өзі өлімге қиған адамға жаназа
оқылмайды, жаназасыз өлім-аяушылық, қимастық тудырмайтын, жоқтау
айтылмайтын өлім, - дейтін әкем.
Ол кезде әкемнің терең мағыналы бұл сөзіне аса мән бермегенімді
жасыра алмаймын. Жергілікті балалардан себепсізден-себепсіз зорлық көрген
кездерімізде ата-анамызға шағынып келгенде олар: Балам, шаңыраққа
қарамайсың ба, төр солардікі, жергілікті иттің де құйрығы қайқы келетінін
білмейсің-ау, сорлы бала, - дейтін әкем.
Бала кезімізде өзімізге асқар таудай көрінетін ата-анамыздың әлгіндей
жұмбақ сөздеріне де, сөзімізді сөйлеп, ақымызды әперуге дәрменсіздік
танытатынына түсіне бермеуші едік. Ержете келе мүшкіл хәліміздің,
шарасыздығымыздың басты себебі табан астындағы басып жүрген топырақтың
біздікі еместігінде екендігін түсіндік.
Әке-шешем бесіктен белім шықпай жатып туған халқымның тілін, құлақ
құршын қандыратын ән-күймен сусындатты. Сонау алыста менің де ата мекенім
барын, ақпейіл де адал, дархан қазақ деген халқым барын санама сіңірді.
Олар: Тағдыр солай болған соң амал қанша, туған жерден айрылып, талай
таудан асырып, тауқымет таттырып жат елден бір-ақ шығарды бізді, - дейтін
анам мұңайып.
Әке жолын өзіме-ақ қалдыр, балам. Өз соқпағыңды тап. Өзіңнің
үйіріңді ізде. У ішсең руыңмен деген бар, - дейтін әкем.
Жат жерде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. Есің барда еліңді
тап. Біз секілді өміріңді өкінішпен өткізбе, - дейтін әке-шешем.
Қай жерде менің елім, не деп аталады ол..? деп сұрайтынмын мен
олардан:
- Қазақ Елі Қазақстан деп аталады.
- Қай жерде орналасқан Қазақстан?
- Ертіс пен Еділдің арасындағы атырап.
- Ертіс пен Еділіңізді білмеймін ғой мен, - деймін. Олар:
- Арқа мен Алатаудан арасы қазақтың алтын бесік Атамекені.
- Арқа мен Алатау Иран географиясында жоқ қой. Ол қай жер? - деймін
елімнің қай жерде орналасқанын біліп алғым келіп.
- Қытай мен Ресей сияқты алып мемлекеттердің арасындағы ұлан-ғайыр
өлке Қазақ Елі.
- Әке, күні бүгінге дейін Қазақстан деген мемлекеттің бар екенін,
есітпедім мен, -дедім.
- Е балам, - деді әкем ауыр күрсініп, - өкінішке орай ол бүгінде
Ресейдің қарамағында.
- Бейшара болған ата-анам-ау, өз қолы өз аузына жетпеген, бөгде
жамағатқа кіріптар халқымыздың бесік жыры мен әндерін, тілі мен ділін маған
несіне үйретумен келесіңдер онда, онан да...
- Не айтайын дегеніңді білем, балам, - деді әкем сөзімді бөліп,-онан
да парсының тілі мен ділін неге үйретпедіңдер демекшісің ғой. Сен қазақсың,
сондықтан өз халқыңның күйін күйлеп, жырын жырлағаныңды мақұл көрдік. Батыр
да ер жүрек халқың тұрғанда өз шаңырағын көтерер, үмітсіз шайтан деген.
Сонда әлгі біз үйреткендер кәдеге асады, әлі.
Кейде анамнан ел жайында айтып беруін өтінетінмін. Ол мұндайда әжімді
жүзі жадырап, сөнуге айналған жанары ұшқынданып: Қазекемнің ұшы-қиырсыз
дархан даласының шүйгін де, құнарлы шөбін айтсайшы! Оған қоңданған малдың
майлы еті аузыңа салдырмайды-ау, салдырмайды. Исі мұрын жаратын жусаны
қандай керемет! Әлемнің төрт бұрышын шарласаң да таппайсың ондай жұпар
иісті. Көктемде қызғалдақтың көптігі сонша алыстан көз салған адамға жер
ана төсі лаулап өртеніп жатқан секілденеді.
Не жазығымыздың барын білмеймін, жаратқанның қаһарына ұшырап,
бармаған жеріміз, баспаған тауымыз жоқ. Алайда туған жердей жер жәннатын
көргеніміз жоқ. Енді көрмеймізде-ау, - дейтін көкірегі қарс айрылып анам
жарықтық.
Әкем сәждаға басын қойған сайын: оһ, жаратқан ием, жамбасымды туған
топыраққа тигізе гөр, - деп жалына мінәжат ететін.
Ата-анамның маған айтқан өсиетінің алтын арқауы Туған жерсіз көкірек-
жүрексіз құр бос кеуде, туған жұртсыз адам-құр сүлде.
Бала күннен ата-анам арқылы берілген тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, ата
жұртқа деген сүйіспеншілік жүрек түкпірінде өмір сүріп, қиялыма қанат
бітірді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмысшылардың қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтамағаны үшін жеке жауапкершілігі
Жас кезеңдері және жас топтары мынадай
Сегізінші наурыз - қазақ ақыны Төлеген Айбергеновтің туған күні
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығының көрсеткіштері
Мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДАҒЫ ДАЛА КОНЦЕПТІСІНІҢ КӨРІНІСІ
Таскескен таңбаларындағы петроглифтік жәдігерлер
Кәсіпорында инвестициялық жобаларды ұйымдастыру
Корпорацияның меншікті капиталының рөлі
Бекіре балықтарын тоғандарда өсіру
Пәндер