Батырлар жыры мен «Шаһнама» дастанындағы тақырып үндестігі



Көркемдік дамудың,әдеби процестің маңызды бір заңдылығы-әдеби байланыстар-әдебиет әлеміндегі тоғысулар мен қарым-қатынастардың, рухани байлықтардыңалмасуы.Қай әдебиет болса да өзара байланыссыз, қарым-қатынассыз толық кемеліне келе алмақ емес.Қазақ халқының әдеби даму тарихында оның өзге халықтармен әдеби байланысы,зерттеу ісінде ғалымдар З.Ахметов, Ө.Күмісбаев және Ш.Сәтбаева т.б еңбектерінің ролі ерекше.
«Әдебиеттану терминдер сөздігінде»: «Әдеби байланыс-ұлттық әдебиеттер арасындағы көркемдік дәстүрлер жалғастығы, ықпалдастығы.Әдеби байланыс нышандары жазушының қалыптасқан әдеби дәстүрлерге табан тіреуінің нәтижесінен, сондай-ақ тамырлас әдебиеттер арасындағы типологилық ұқсастықтан туындайды» /1.62/, - делінген.
Әрбір халықтың да эпикалық аңыздаулары қатарынан қаһармандық жырлардың алатын орны үлкен. Р.Бердібай «Эпос мұраты» еңбегінде батырлық эпос туралы мынадай пікір келтіреді: «Ең алдымен батырлық эпос елдің сан ғасырларда бастан кешкен тарихын, салт-санасын өзгеше көркем жинақтайды; түрлі оқиғаларға өзіндік көзқарасын, бағасын белгілейді, алдан күткен үмітін, аңсарын білдіреді. Тарихта орын тепкен белгілі оқиғалар мен істердің дәлме-дәл шежіресі, көшірмесі болмағанымен, қаһармандық эпос сондай құбылыстардың терең, түпкілікті мәнін, тұжырымын аңғартады. Эпикалық жинақтаулардың қайталанбас ғажайып табиғатының бір қыры осында. Әсіресе қаһармандық жырларды ел жүрегіне жақын ететін олардың отаншылдық идеямен суарылғандығы. Адам қоғамы дамуының барлық кезеңінде де рудың, тайпаның, мемлекеттік бірлестіктердің тыныштығын, бүтіндігін қорғау, қаптасқан жауды жеңіп, бақытты өмір орнату мәселесі ең күрделі проблема болып келген.
Батырлық жырлардағы ерліктің сипаты өзгеше. Мұндағы қаһармандар ел үшін қандай да болмасын қауіпке қарсы барады, жаулармен арпалысады, неше түрлі сергелдең сарсаңға, ауыр сындарға душар болады, ақырында, жеңіске, мұратына жетеді. Міне, осындай «жеңілмейтін қаһармандарды» суреттеуі және оның басына ең асыл қасиеттерді жиып беруі халық қиялының шексіздігін көрсетеді және эпикалық жырлардың ерекшелігін танытады» /2.34-35/.
Қазақтардың қаһармандық эпостары ішінен жұртшылыққа неғұрлым танымал «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» секілді нұсқалардың жалпы бітімінде классикалық батырлар бітіміне тән өрнектер толығырақ байқалатынын көреміз.
Жалпы қаһармандық жырлардың көбіне тән негізгі бейнелерінің бірі – батырдың ғажайып туысы болып табылады. Қаһарманның қандай жағдайда туғанын тәптіштеп айту тек композициялық тәсіл немесе өмірбаяндық қажетті элемент қана емес, мұның мәні тереңіректе жатыр. Қартайған ата-ананың, дүйім бір елдің жаратқаннан перзент сұрап, мінәжат етуі жеке отбасының ғана тілегі емес, белгілі бір ру, тайпаның шын мүддесі боп есептелуі эпостың басталуына ерекше құпия қуат дарытқандай болады. Демек, қаһармандық дастан экспозициясы аса үлкен көркемдік рөл ойнайды.
1. Ахметов З., Шоңбаев Т. Әдебиеттану терминдер сөздігі. – Алматы: Ана тілі, 1998.
2. Бердібай Р. Эпос мұраты. – Алматы: Білім, 1997.
3. Батырлар жыры. І, ІІ, ІІІ том. – Алматы, 1963.
4. Ниязова Ғ. Шығыс шайырлары. – Ақтөбе, 2003.
5. Сәтбаева Ш. Әдеби байланыстар. – Алматы: Жазушы, 1974.
6. Сәтбаева Ш. Казахская литература и Восток. – Алматы, 1982.
7. Қисса-дастандар. – Алматы: Жазушы, 1986.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Батырлар жыры мен Шаһнама дастанындағы
тақырып үндестігі

Ж. Қ. Әбдібаева
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, Ақтөбе қ

Көркемдік дамудың,әдеби процестің маңызды бір заңдылығы-әдеби
байланыстар-әдебиет әлеміндегі тоғысулар мен қарым-қатынастардың, рухани
байлықтардыңалмасуы.Қай әдебиет болса да өзара байланыссыз, қарым-
қатынассыз толық кемеліне келе алмақ емес.Қазақ халқының әдеби даму
тарихында оның өзге халықтармен әдеби байланысы,зерттеу ісінде ғалымдар
З.Ахметов, Ө.Күмісбаев және Ш.Сәтбаева т.б еңбектерінің ролі ерекше.
Әдебиеттану терминдер сөздігінде: Әдеби байланыс-ұлттық әдебиеттер
арасындағы көркемдік дәстүрлер жалғастығы, ықпалдастығы.Әдеби байланыс
нышандары жазушының қалыптасқан әдеби дәстүрлерге табан тіреуінің
нәтижесінен, сондай-ақ тамырлас әдебиеттер арасындағы типологилық
ұқсастықтан туындайды 1.62, - делінген.
Әрбір халықтың да эпикалық аңыздаулары қатарынан қаһармандық жырлардың
алатын орны үлкен. Р.Бердібай Эпос мұраты еңбегінде батырлық эпос туралы
мынадай пікір келтіреді: Ең алдымен батырлық эпос елдің сан ғасырларда
бастан кешкен тарихын, салт-санасын өзгеше көркем жинақтайды; түрлі
оқиғаларға өзіндік көзқарасын, бағасын белгілейді, алдан күткен үмітін,
аңсарын білдіреді. Тарихта орын тепкен белгілі оқиғалар мен істердің дәлме-
дәл шежіресі, көшірмесі болмағанымен, қаһармандық эпос сондай құбылыстардың
терең, түпкілікті мәнін, тұжырымын аңғартады. Эпикалық жинақтаулардың
қайталанбас ғажайып табиғатының бір қыры осында. Әсіресе қаһармандық
жырларды ел жүрегіне жақын ететін олардың отаншылдық идеямен
суарылғандығы. Адам қоғамы дамуының барлық кезеңінде де рудың, тайпаның,
мемлекеттік бірлестіктердің тыныштығын, бүтіндігін қорғау, қаптасқан жауды
жеңіп, бақытты өмір орнату мәселесі ең күрделі проблема болып келген.
Батырлық жырлардағы ерліктің сипаты өзгеше. Мұндағы қаһармандар ел үшін
қандай да болмасын қауіпке қарсы барады, жаулармен арпалысады, неше түрлі
сергелдең сарсаңға, ауыр сындарға душар болады, ақырында, жеңіске,
мұратына жетеді. Міне, осындай жеңілмейтін қаһармандарды суреттеуі және
оның басына ең асыл қасиеттерді жиып беруі халық қиялының шексіздігін
көрсетеді және эпикалық жырлардың ерекшелігін танытады 2.34-35.
Қазақтардың қаһармандық эпостары ішінен жұртшылыққа неғұрлым танымал
Алпамыс батыр, Қобыланды батыр, Ер Тарғын, Қамбар батыр секілді
нұсқалардың жалпы бітімінде классикалық батырлар бітіміне тән өрнектер
толығырақ байқалатынын көреміз.
Жалпы қаһармандық жырлардың көбіне тән негізгі бейнелерінің бірі –
батырдың ғажайып туысы болып табылады. Қаһарманның қандай жағдайда туғанын
тәптіштеп айту тек композициялық тәсіл немесе өмірбаяндық қажетті элемент
қана емес, мұның мәні тереңіректе жатыр. Қартайған ата-ананың, дүйім бір
елдің жаратқаннан перзент сұрап, мінәжат етуі жеке отбасының ғана тілегі
емес, белгілі бір ру, тайпаның шын мүддесі боп есептелуі эпостың басталуына
ерекше құпия қуат дарытқандай болады. Демек, қаһармандық дастан
экспозициясы аса үлкен көркемдік рөл ойнайды.
Бұл жағдайда Алпамыс батыр жырында неғұрлым толық түрде берілген.
Бүкіл Жиделі-Байсынды жайлап жатқан Байбөрі байдың салтанатын көсілте
суреттеу белгілі мақсатты көздейтінін білеміз.
Байбөрі деген бай шықты,
Тоқсан мың екен қарасы,
Мұрындық ноқта тимеген.
Түйешілер мінбеген,
Сексен мың екен маясы 3.222.
Мұның себебін жырда соншама бай болса да, жоқ еді ердің баласы деген
сөздермен тұжырымдайды. Баласыздықтың зары Алпамыс батырда Байбөрі
аузымен былай айтылған:
Баласы жоқ адамның.
Әркімге ақы кетеді.
Байбөрі қу бас деген сөз,
Сүйегімнен өтеді... 3.223-224.
Осындай мотивтер парсы-тәжік әдебиетінің ұлы классигі, ғұлама ойшылы
Әбілқасым Фирдоусидің Кітаптардың патшасы аталып кеткен әйгілі Шаһнама
дастанында да көрініс табады:
Дидары аппақ, қалың түк төсін жапқан,
Сағат сайын, сәт сайын өсіп жатқан.
Нәрестені ап керемет келген кезде
Іштен танып ұлының ұлылығын,
Айтты ол бетке шығарып жылы нұрын
Босанғалы парсыша бәрестәм деп
Сәби содан атанды Ростәм деп 4.17.
Міне, осындай жағдайда тәңірден бала тілеп, сұрауы қабыл болғанын
көрсету ерекше мәнділікке ие болған. Бұл тұста адамның жаралуы туралы көне
ұғым елес береді.
Қаһармандық эпостың көбіне тән ерекшеліктің енді бірі – батырдың ерте
есеюі, алыптықты жастайынан танытып отыруы. Мәселен, Қобыланды батыр
жырында:
Таулар күйіп, тас жанған,
Алты жасар баланың
Елбеңдеген зарпына.
Өзі алты жасында
Қаршығасы қолында
Тазысы ерткен соңында... 3.22-23, - деп суреттеледі. Қазақ эпосының
інжу-маржандарының бірі – Алпамыс батырда Алпамыс он жасқа шыққанда
алыстағы қалыңдығын іздеуге әзірленген болып көрінеді.
Ашуы кернеп жөнеді.
Осыменен ұдайы
Ол екі күн жүреді.
Айналдырып санаса
Он екі айлық жер еді 3.242-243.
Ал Қамбар батыр жырында қалмақтарға қарсы аттанған жас батырдың ерлігі
былайша суреттеледі:
Түртіп өтіп кеткені,
Тақиядай ұшады.
Екпініне шыдамай,
Атының жалын құшады... 5.55.
Ал, Шаһнама дастанында Рүстемнің батырлық күш қуатының кемелденіп,
ерте есеюі былайша өрнектелген:
Өсті арыстан. Бір жасқа келгенінше,
Емізді оны күніне он келіншек.
Айырған соң емшектен нан жегізді
Жал-жая мен қуатты бал жегізді 4.18.
Бір айда жылдық болады,
Үш жасына келгенде
Атқа шалқап құламай
Алты жаста арыстан.
Он екіге келгенде
Шақ келмейді алысқан 6.31.
Расында да, осындай тамаша суреттер арқылы халықтың ел қорғаны –
батырдың тек осындай, өзгеше бітімді болуын аңсаған, өз қиялында ешбір
жаудан әсте жеңілмейтін қаһарман бейнесін тудырғанын көруге болады. Эпоста
сүйіспеншілікпен суреттелетін бейнелердің бірі – жүйрік ат бейнесі.
Ғасырлар бойында көшпелі өмір кешкен қазақ халқының тіршілігінде жылқы
малының ерекше маңызы болғаны мәлім. Сауса сүт, мінсе көлік, сойса ет
дегендей жылқы түлігі ел санасынан өшпес орын алған, бұл тарапта неше алуан
аңыздар, өлеңдер, мақал-мәтелдер шығарған. Соның бәрінде жүйрік жорға,
тұлпар, арғымақ тұлғасы көкке көтеріле мадақталады 2.50. Сол сияқты Ер
Тарғын жырында батырдың Тарлан атын:
Танауыңа болайын,
Тығынан алған шөмектей.
Омырауыңа болайын
Еділден шыққан бұлақтай 3.110, - деп суреттейді. Ал Алпамыс батыр
жырында Алпамыстың қанаты – Байшұбар асқан сонылықпен суреттеледі:
Адыр-адыр бел еді
Адам қорқар жер еді
Неше қиын жерлерден Тегіәстей шауып келеді 3.26.
Ал Қобыланды батыр жырында Тайбурылдың әр кезеңдегі шабысы үдемелі
түрде бірінен-бірі асып түсерлік қасиеттермен берілген. Сол шабыстың ең
шырқау жері қырық күншілік Қазан хан еліне бір-ақ күнде жеткенін көрсететін
көркем, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Алпамыс батыр» жырының лексика-грамматикалық ерекшеліктері
Шығыстық қисса - дастандардың табиғаты
Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығындағы нәзирагөйлік дәстүр жалғастығы
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚИССА МЕН ДАСТАН ЖАНРЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы ізгілікті басқарудың негіздері
Шәкәрімнің қай шығармасынан
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы – қазақ фольклортану ғылымының негізін салушы, ұлы гуманист тұлға
Фархад-Шырын жыры
Жыр алабы - Жамбыл
Пәндер