Кәсіпкерлік қызмет салаларының жіктелуі



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1. Кәсіпкерлік қызмет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

1.1. Кәсіпкерге сиппаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

1.2. Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту ... ... ... ... ... ... ... ..10

2. Кәсіпкерлік қызмет салаларының жіктелуі ... ... ... ... ... ...11

2.1. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

2.2. Кәсіпкерлікті қолдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

3. Шағын бизнесті басқарудың көп деңгейлі тәсілі
Макродеңгейдегі кәсіпкерлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

3.1. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті
басқарудың көп деңгейлі жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Кіріспе

Кәсіпкерлік туралы теориялық концепция алғашқы рет 1725-1730 жылдары Ричард Кантиллионның еңбектерінде баяндалады. Кейінгі 250 жыл шегінде кәсіпкерлік теория әртүрлі ғалымдар мен экономистердің еңбектерінде дамытылды да, олар бірте-бірте кәсіпкерлік – бұл адамның тәуекел мен жаңартпаға деген бейімділігі ғана емес, қорыта келгенде жаңа кәсіпорын құруды білдіретін ұғым деген пікірге келді.
Алғашқыда “кәсіпкерлік” термині тәуекел сөзімен, ал кәсіпкердің өзі тауарды өндіру мен өткізуде белгілі бір тәуекел мен жауапкершілікті өз мойнына алатын адаммен байланыстырылды. Мысалы, 1725 жылы Кантиллион кәсіпкерлікті , өз мойнына тәуекелді алумен байланыстырылды, сонымен қатар ол капитал салушы кәсіпкерлер мен өз еңбегін, ресурстарын қолданушыларды ажыратып отырды. Ол кәсіпкерді өзіне өзі жұмыс орнын жасайтын адам ретінде қарастырды. Адамды белгілі бір төлемақы, сыйақы үшін жұмыс істеу қанағаттандырмаса, ол өз ойларын жүзеге асыру жолдарын іздей бастайды, сөйте келе ол кәсіпкерге айналады. Кантилионның пікірінше, кәсіпкердің басты ерекшелігі олардың тұрлаусыз жағдайларда жұмыс істеулері.
Кейінірек XVIII-ғасырдың екінші жартысында Квисней сияқты физиократтар кәсіпкерлік концепциясын кеңейте түсті. Олар Кантилион сияқты кәсіпкерлерді тұрлаусыздық иелері деп санады, бірақ ілгері жылжи отырып, бұл анықтамаға өндіріс процесін еңгізді, демек сонымен бірге кәсіпкерлердің пайда табуы үшін белгілі экономикалық ресурстарға ие болу қажеттілігі де еңгізілді. Олардың түсінігінше кәсіпкер өнім өндірісін ұйымдастыру, жаңа әдістерді еңгізу жәнежаңа өткізу нарықтарын іздестіруі қажет.
Басқа физиократ, дін қызметшісі Николас Бауде өндірушілер мен фермерлер топтарының гүлденуі, олардың жаңалықтарға яғни жаңартпа мен менеджментке деген бейімділіктеріне байланыстыдеп санады. Өз ілімінде ол жаңа еңгізілімдерді басқарудың қажеттілігін, сондай-ақ тәуекел деңгейін тек білім арқылы төмендетуге болатындығын дәлелді түрде сипаттады. Ол сондай-ақ кәсіпкерлердің кемшіліктерін және оларды өндірісті ұйымдастыру өнері сияқты маңызды салада оқытып үйрету қажеттілігін көрсетті әрі мемлекетті өзінің әкімшілік билігі мен заңдарын осындай адамдарды қолдау үшін пайдалануға шақырды. Сонымен қатар, ол сол кезде-ақ монополиямен күресу қажеттілігін және салық жүйесінде тәртіптің жоқтығын көрсетті. Көріп отырғанымыздай, XVIII ғасырдың ортасына Бауде біздің уақытымыз үшін де маңыздымәселелерді көтерген.
1776 жылы Адам Смит өзінің “Халық байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу” атты еңбегін жазғанда, ол негізгі өндіріс факторларын бөліп көрсетті: жер, еңбек, капитал, бірақ кәсіпкердің рөлі туралы ештеме айтылмады. Тек 1810 жылы Жан Батист Сэй алғашқы рет кәсіпкерліктің рөлі мен мәнін негізгі өндіріс факторларының бірі дәрежесіне дейін көтерді, ол индустриялық төңкеріспен қатар кәсіби менеджменттік төңкерістің де сап ете қалатынын айтты. Сэйдің айтуынша “Өндіріс шеберлері” келесі қасиеттер мен дарындарға ие болуы қажет.
• Төлем қабілетті, тәртіпті, сақ, адал және тұрақты болуы;
• Қарыз түрінде капитал тарта білу және несиені уақытында қайтара білу;
• Өз бойына әдеттілік, бизнесті жете білушілік пен табандылық сияқты моральдық қасиеттерді қалыптастыру;
• Сол немесе басқа тауардың ерекшелігі мен маңыздылығын, оны өндіру әдістері мен болжамды сұранысын жеткілікті дәрежеде нақты бағалай білу жағдайында болу.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Әліпбай С. Тек қана бірге, тек қана алға! Қазақстан кәсіпкерлердің ІІ конгресі өз жұмысын осындай өршіл ұранмен қорытындылады.//Егемен Қазақстан-29 қазан

2. Қасен Т. Кең тынысты кәсіпкер // Егемен Қазақстан 2005-7 маусым


3. Кәсіпкерлік – кемел келешек кепілдігі // Егемен Қазақстан 2005 26 наурыз

4. Ашанұлы Қ. Орташа тап – мемлекеттің тірегі // Қазақ әдебиеті – 2004, 9 сәуір


5. Әсембекұлы Е. Рамазанов Т. Кәсіпкерлікті қолдау реформаларды қолдау // Астана ақшамы - 1999 ж. 9 қыркүйек

6. Абдуллаұлы М. Бизнесмен болғыңыз келсе. Тиімділік туралы // Қазақ елі 1997 ж. 21 ақпан


7. Жеке кәсіпкерлік – табыс көзі // Заң 1997 ж. 25 қазан

8. Сәбден Қ. Кәсіпкерлікті басқару // Алматы білім 2002


9. Хокин Н. Кәсіпкер болу оңай ма? 1994

10. Баймолдақызы С. шағын кәсіпкерлік және оны мемлекеттік қолдау // Заң 1997 ж. 10 қыркүйек


11. Кедеңе жарат, кәсіпкері .Кәсіпкерлікке тиімді тәсілдер қажеті // Сұхбат 1994 ж. 17-23 мамыр

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1. Кәсіпкерлік қызмет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

1. Кәсіпкерге сиппаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

2. Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту ... ... ... ... ... ... ... ..10

2. Кәсіпкерлік қызмет салаларының жіктелуі ... ... ... ... ... ...11

1. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

2. Кәсіпкерлікті қолдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

3. Шағын бизнесті басқарудың көп деңгейлі тәсілі
Макродеңгейдегі кәсіпкерлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

1. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті
басқарудың көп деңгейлі жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...25

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Кіріспе

Кәсіпкерлік туралы теориялық концепция алғашқы рет 1725-1730 жылдары
Ричард Кантиллионның еңбектерінде баяндалады. Кейінгі 250 жыл шегінде
кәсіпкерлік теория әртүрлі ғалымдар мен экономистердің еңбектерінде
дамытылды да, олар бірте-бірте кәсіпкерлік – бұл адамның тәуекел мен
жаңартпаға деген бейімділігі ғана емес, қорыта келгенде жаңа кәсіпорын
құруды білдіретін ұғым деген пікірге келді.
Алғашқыда “кәсіпкерлік” термині тәуекел сөзімен, ал кәсіпкердің өзі
тауарды өндіру мен өткізуде белгілі бір тәуекел мен жауапкершілікті өз
мойнына алатын адаммен байланыстырылды. Мысалы, 1725 жылы Кантиллион
кәсіпкерлікті , өз мойнына тәуекелді алумен байланыстырылды, сонымен қатар
ол капитал салушы кәсіпкерлер мен өз еңбегін, ресурстарын қолданушыларды
ажыратып отырды. Ол кәсіпкерді өзіне өзі жұмыс орнын жасайтын адам ретінде
қарастырды. Адамды белгілі бір төлемақы, сыйақы үшін жұмыс істеу
қанағаттандырмаса, ол өз ойларын жүзеге асыру жолдарын іздей бастайды,
сөйте келе ол кәсіпкерге айналады. Кантилионның пікірінше, кәсіпкердің
басты ерекшелігі олардың тұрлаусыз жағдайларда жұмыс істеулері.
Кейінірек XVIII-ғасырдың екінші жартысында Квисней сияқты
физиократтар кәсіпкерлік концепциясын кеңейте түсті. Олар Кантилион сияқты
кәсіпкерлерді тұрлаусыздық иелері деп санады, бірақ ілгері жылжи отырып,
бұл анықтамаға өндіріс процесін еңгізді, демек сонымен бірге кәсіпкерлердің
пайда табуы үшін белгілі экономикалық ресурстарға ие болу қажеттілігі де
еңгізілді. Олардың түсінігінше кәсіпкер өнім өндірісін ұйымдастыру, жаңа
әдістерді еңгізу жәнежаңа өткізу нарықтарын іздестіруі қажет.
Басқа физиократ, дін қызметшісі Николас Бауде өндірушілер мен
фермерлер топтарының гүлденуі, олардың жаңалықтарға яғни жаңартпа мен
менеджментке деген бейімділіктеріне байланыстыдеп санады. Өз ілімінде ол
жаңа еңгізілімдерді басқарудың қажеттілігін, сондай-ақ тәуекел деңгейін тек
білім арқылы төмендетуге болатындығын дәлелді түрде сипаттады. Ол сондай-ақ
кәсіпкерлердің кемшіліктерін және оларды өндірісті ұйымдастыру өнері
сияқты маңызды салада оқытып үйрету қажеттілігін көрсетті әрі мемлекетті
өзінің әкімшілік билігі мен заңдарын осындай адамдарды қолдау үшін
пайдалануға шақырды. Сонымен қатар, ол сол кезде-ақ монополиямен күресу
қажеттілігін және салық жүйесінде тәртіптің жоқтығын көрсетті. Көріп
отырғанымыздай, XVIII ғасырдың ортасына Бауде біздің уақытымыз үшін де
маңыздымәселелерді көтерген.
1776 жылы Адам Смит өзінің “Халық байлығының табиғаты мен себептері
туралы зерттеу” атты еңбегін жазғанда, ол негізгі өндіріс факторларын бөліп
көрсетті: жер, еңбек, капитал, бірақ кәсіпкердің рөлі туралы ештеме
айтылмады. Тек 1810 жылы Жан Батист Сэй алғашқы рет кәсіпкерліктің рөлі мен
мәнін негізгі өндіріс факторларының бірі дәрежесіне дейін көтерді, ол
индустриялық төңкеріспен қатар кәсіби менеджменттік төңкерістің де сап ете
қалатынын айтты. Сэйдің айтуынша “Өндіріс шеберлері” келесі қасиеттер мен
дарындарға ие болуы қажет.
• Төлем қабілетті, тәртіпті, сақ, адал және тұрақты болуы;
• Қарыз түрінде капитал тарта білу және несиені уақытында қайтара білу;
• Өз бойына әдеттілік, бизнесті жете білушілік пен табандылық сияқты
моральдық қасиеттерді қалыптастыру;
• Сол немесе басқа тауардың ерекшелігі мен маңыздылығын, оны өндіру
әдістері мен болжамды сұранысын жеткілікті дәрежеде нақты бағалай білу
жағдайында болу.

1. Кәсіпкерлік қызмет

Кәсіпкерлер әрдайым алдына қойылған мақсаттарды және экономикалық
көрсеткіштерді қадағалауды көздей отырып, керекті қызметкерлерді тарта
білулері, қажетті материалдарды ала білулері және сатып алушыларды таба
білулері керек, сонымен қатар, басқаша айтқанда олар әкімшілік ету мен
басқару шеберлігіне ие болулары керек. Олар өнімді сатудан бұрын, оның
бағасы мен құнын дұрыс есептей білулері керек. Көрсетілген сипаттамалардан,
Жан Батист Сэйдің кәсіпкерді қарапайым емес, дарынды менеджер ретінде
көрсеткені көрініп тұр.
Субъективті австралиялық экономикалық мектептің негізін қалаушы Карл
Менджердің кәсіпкердің шешім қабылдау концепциясын жасауға қосқан үлесіаз
емес. Ол белгілі бір тәуекелді мойнына алу, кәсіпкердің қызметінде үлкен
рөл ойнамайтындығын сендірді. Тәуекелдер - өте сирек кездесетін және
эпизодтық сипаты бар құбылыс. Менджер кәсіпкердің қажетті ресурстарды табу
және өнімді өндіру түрін таңдау туралы шешім қабылдау процесінің 4 негізгі
сатыларын жасады:
• Экономикалық жағдай туралы мәліметтер жинау;
• Экономикалық есеп(әртүрлі өндіріс әдістерінің ішінен анағұрлым тиімдісін
таңдау);
• Кәсіпорынның мақсаттарына ең көп сай келетін өнімді таңдау;
• Негізгі экономикалық нәтижелерге жету мақсатында өндіріс жоспарының
орындалуын басқару.
1890 жылы кәсіби менеджмент салыстырмалы түрде жаңа құбылыс болды,
бірақ біз осы уақытта-ақ Альфред Маршалдың, кәсіпкер мен менеджердің
арасында айырмашылықтың бар екендігін алғаш рет көрсеткен зерттеулерін
табамыз. Менеджер кәсіпорында өте маңызды міндет атқарады, бірақ Маршалдың
пікірінше, тек кәсіпкер ғана бизнестің табыстылығына байланысты толық
жауапкершілік пен тәуекелді өз мойнына алады, сондықтан олменеджерге әрі
кәсіпкерге қажетті қасиеттерге ие болуы тиіс. Сонымен бірге Маршал, өте
оңды кәсіпкерді сипаттайтын қасиеттердің көп екендігін және тек
кейбіреулері ғана жоғары дәрежеде сол қасиеттерге ие екендігін атап
көрсетеді. Негізінен кәсіпкерлер бір жағынан өте мықты, бір жағынан өте
әлсіз болуы мүмкін, бірақ кәсіпкердің негізгі міндеті капитал мен еңбекті
қозғалысқа келтіру, негізгі жоспар мен оны орындаудың егжей-тегжейлі
шараларын дайындау болып табылады. Кәсіпорынның өсуімен қатар кәсіпкерлік
қабілет те өсуі қажет, сонымен қатар ол өзінің сопылығын, жан-жақтылығын,
бастамашыл іс-әрекеттерге деген қабілетін, табандылығын сақтауы керек, тек
сонда ғана ол табысты кәсіпкер болып қала алады. Сонымен Маршалдың сіңірген
еңбегі – алғаш рет кәсіпкер мен менеджер арасындағы айырмашылықты жиі
көрсетуі.
Ортағасырлық менеджмент тарихын зерттеуші Джозеф шумпетер қазіргі
заман кәсіпкерлігінің атасы деп жиі атайды. Өзінің ілімдерінде Шумпетер
кәсіпкер бейнесінен жай бизнесті басқаратын менеджер роліне алшақтаған.

1.1. Кәсіпкерге сиппаттама

Кәсіпкердің мәні, бұл оның өндіріс күштерін жаңадан ұйымдастыруы,
ұластыруы, ал олардың қозғалысы өз кезегінде өндіріс циклдарының
тездетілуіне немесе жалпы экономикалық өсімге алып келеді. Шумпетер
кәсіпкердің өз қызметтерінде қолдануға болатын келесі бағыттарды анықтайды:
1. Жаңа өнімдер немесе қызмет көрсетулер;
2. Жаңа өндіріс әдістері;
3. Жаңа өткізу нарықтары;
4. Жаңа жабдықтау көздері;
5. Жаңа ұйымдастыру түрі.
Джозеф шумпетер кәсіпкерлерді жәй алыпсатарлар мен инвесторларға
қарағанда, әртүрлі бағыттар мен әрекеттерді байланыстыру арқылы жаңа бизнес
құратын әлеуметтік-экономикалық жаңашылдар деп атайды. Шумпетер кәсіпкерлік
еңбектің ерекшелігі туралы ойын саралай келіп, оның өндіріс құралдары мен
әртүрлі материалдардың жай ғана жинақталуынан тұрмайтындығын, ол тауар мен
қызмет көрсетудің жаңа түрлерін, өндірістің жаңа әдісін, жаңа өткізу
нарығын, жабдықтаудың жаңа көздерін және ұйымдастырудың жаңа түрін іздеп,
еңгізу арқылы оларды тиімді қолдандан тұратындығын атап көрсетті. Сонымен
қатар олар өз еңбегімен, осы уақытқа дейін теңдесі болмаған пайда табады
және ол кәсіпкерлік пайда деп аталады.
Франк Найт кәсіпкерлік қызметінің өте маңызды белгісі-тұрлаусыздық
жағдайында жұмыс істеу екендігіне ерекше көңіл аударады. Найт пікірінше,
кәсіпкер - әртүрлі мүмкін болатын кедергілерді батыл жеңіп шығатын, өзінің
көзқарасын әрдайым қорғай алатын адам. Найт тек жалпы түрде ұйымдастыру
және бақылау сияқты міндеттерге ерекше көңіл аудара отырып, кәсіпкердің
міндеттерін сипаттады. Бірақ белгілі міндеттерді атқаратын жай менеджерге
қарағанда кәсіпкердің мәні үлкен, кәсіпккер өз кәсіпорнының да
меншіктенушісі болуы керек, яғни капиталды да басқаруы керек. Мұның үстіне,
Найт кәсіпкердің мәні тек белгілі міндеттерді атқаруында да, кәсіпорын
құруында да емес, оның тұрлаусыздық жағдайында жұмыс істеу
қабілеттілігінде, сыртқы ортада болып жатқан өзгрістерге араласа білуінде
деп санады. Кәсіпкер кәсіпорынның пайдасын ұлғайту мақсатында, көз
жеткізген тәуекелге өзінің капиталымен баруға дайын болуы керек.
Қазіргі заманғы авторлардың ұстанымдарын қарастырайық. Давид
Минкеланд кәсіпкерге мынадай сипаттама береді:
• Дәлелденген тәуекелге бара білу
• Жігерлік және іскерлік белсенділік
• Жеке, дербес жауапкершілік
• Қабылданған шешімдердің салдарын білу
• Қабылданған шешімдер нәтижесінің белгісі ретіндегі пайда
• Болашақта қоршаған ортада болатын өзгерістерді болжайбілу
• Ұйымдастыру шеберлігі.
Питер Друкер алғашқылардың бірі болып, кәсіпорынды
ұйымдастыруғаарналған мүмкіндік ұғымын еңгізеді. Жаңа кәсіпорын үшін
қорларды іздеу мен орналастырудан бұрын, бизнесті дамыту үшін қолайы
мүмкіндіктерге ие болу керек. Экономистер кәсіпорынның пайдасын көбейту
жайлы айтуда. Негізінде, сөз пайда табу мүмкіндіктерін көбейтуде болып
отыр. Атап айтқанда кәсіпкердің жұмысы бизнеске қолайлы мүмкіндік іздеуден
тұрады, нәтижесінде кәсіпкер қорларды тиімділігі төмен салалардан,
жоғарырақ нәтиже беретін салаларға ауыстырады. Кәсіпкерлік қызметтің
ерекшелігі – тиімділігі жоғары кәсіпорындар құра білу қабілеттілігінде.
Питер Друкер мұның сыртында кәсіпкердің бизнестің әртүрлі саласында жұмыс
істеуге дайын болу керектігін атап көрсетеді.
Харви Либенстейн кәсіпкерлік белсенділіктің 2 түрін атайды:
қызметтің бірінші түрі менеджментке тән есшілдікке негізделген күнделікті
операцияларды орындаумен байланысты, екінші түрі – жаңарпашылық. Қызметтің
бірінші түрі орныққан, жақсы зерттелген нарықтық ортада жұмыс істеп тұрған
кәсіпорынды басқаруды білдіреді. Жаңартпашылық қызмет – жаңа нарықтар
жағдайында жұмыс істеу, қызмет көрсету мен өнімнің жаңа түрлерін өндіру.
Кәсіпкер әртүрлі нарық жағдайында тиімді жұмыс істей білуі керек.
Шет елдік теорияда және практикада кәсіпкерлік қолда бар қаржы,
материал және еңбек қорларын игеру базасында қызмет көрсету немесе өнімге
деген белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыратын жаңа бизнесті құру
процессі ретінде қарастырылады. Кәсіпкрліктің көрсетілген анықтамаларын
талдай отырып, біздіңкөзқарасымыз бойынша, кәсіпкерліктің келесі
анықтамасын қисынға қарай мазмұндауға мүмккіндік беретін сипаттамалардың ең
маңыздыларын бөліп көрсетейік. Кәсіпкерлік – жаңа кәсіпорынды құрумен
немесе белгілі бір дәрежедегі тәуелділігі бар қазіргі кәсіпорынды дамытумен
байланысты жаңартпашылық қызмет.
Кәсіпкерлік феномені жер, еңбек және капитал сияқты өндіріс
факторларын жұмыс істеуге мәжбүрлейтін қозғаушы күш болып табылады. Бірінші
кезекте сөз, кәсіпкердің фирманы құрудағы немесе барлық құрылыс
факторларының белсенділігін арттыру арқылы қазіргі кәсіпорынды дамытудағы
зор еңбегі жөнінде болып отыр. Сондықтан, кәсіпкерліктің соңғы уақытта
негізгі өндіріс факторларымен бір қатарға қойылып жүргені кездейсоқтық
емес. Кәсіпкерлік экономиканың дамуына үлкен үлес қосады, себебі осы
қызметтің арқасында жаңа жұмыс орындары пайда болады, техника және
технология дамиды, жаңа өндіріс және қызмет көрсету салалары қалыптасады,
жаңа аймақтарды игеру жүзеге асырылып, ұлттық кірістің көлемді бөлігі
жасалады.

2. Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту

Кәсіпкерлікті тек жаңа бизнестің басталуымен жиі байланыстырылады.
Шындығында, кәсіпкерлік қызмет саласы әлдеқайда кең. Бүгінгі фирмаларда
өндіріс көлемін ұлғайтуға, фирма қызметінің географиясын кеңейтуге,
фирманың дамуына жаңа күш беруге немесе жәй фирманың өмір сүру
қабілеттілігін қолдауға және тақырға отырудан құтылуға деген қажеттіліктер
жиі туындайды. Кәсіпкерлік қызметтің бұл элементтерін бюджеттік, былайша
айтқанда, пайдасыз деп аталатын ұйымдарға да байланысты айтуға болады.( сур
1.1)
Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың
басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, “комсомолдық
кәсіпкерлік” басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол
жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде
кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның
үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны
төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы
капитал жинай алды, себебі несие ақша “қымбат” алынып,”арзан” қайтарылды.
Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы
қабылданған “СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы” заңы алғаш рет
ресмилендірді. 1988 жылы “Кооперация туралы заң” қабылданды. Кооперативтер
мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық
инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана
аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары жалға беру, бірлескен
кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды біршама
ырықтантандырды. Тұтастай алғанда, негізгі меншік мемлекеттікі болып қала
бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде
кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін
кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды.
Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына “Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен
шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы”(1991), “Жеке кәсіпкерлікті қолдау
және қорғау туралы” (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың
басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен
қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. шағын кәсіпкерліктің
субъектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен
қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға
өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та
емес, сауда шықты.

2. Кәсіпкерлік қызмет салаларының жіктелуі

Кәсіпкерлік

1. – сурет

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6-
наурыздағы №3398 “Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік
қолдауды күшейту шаралары туралы” және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 “Жеке
және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген құқығын қорғау
туралы” жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді. Осы жарлыққа
орай, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган
ретінде сауда және экономика министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті
қолдау жөніндегі агенттік құру және оның жұмысын ұйымдастыру ұйғарылды.
Бұдан басқа, халықаралық қаржы институттарының үкіметтік және үкіметтік
емес құрылымдарыныңқатысуымен кәсіпкерлікті қолдау қорын құру көзделген.
Бұл қордың шеңберінде 5 миллион теңге көлеміндегі келешегі анағұрлым үлкен
жобаларды қаржыландыру көзделуде. Алайда үкіметтің күш салуына қарамастан
кәсіпкерлік қызметін белсендетуге шындап бетбұрыс әлі бола қойған жоқ.

2.1. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні

Кәсіпкерлік процесін қозғалысқа келтіретін іргелі күштерге бірінші
кезекте, фирманы құрушы және негізін салушы болып табылатын кәсіпкердің
өзі, бизнесті жүзеге асыруға қолайлы мүмкіндік пен қажетті қор жатады.(сур.
1.2.)

Кәсіпкерлік процесінің қозғаушы күштері

Кәсіпкерлік процесінің қозғаушы күштері

Кәсіпкер және оның Бизнесті жүзеге асыру Қажетті қорлардың
менеджерлер үшін қолайлы болуы
командасы

1.2.-сурет

Тағы да ескеретін маңызды фактор, ол – кәсіпорынның болжамсыздықпен,
қарама-қарсылықпен және тұрақсыздықпен сипатталатын нақты әлемде өмір
сүруі. Сондықтан кәсіпкерлік процесс – бұл технологиядағы, маркетингтегі,
менеджменттегі әрдайым болып жататын өзгерістер процессі, сәтсіздіктер және
қателіктер арқылы дұрыс инвестициялық шешімдерді итеративті іздестіру
процесі. Жаңа фирманың шешуші мезеттері тек қоршаған әлемге ғана емес,
сонымен қатар бір-біріне де бейімделген болулары қажет. Кәсіпкер тек жаңа
бизнес мүмкіндіктерін ұғынып қана қоймай, сондай-ақ бұл мүмкіндіктерді іс-
жүзінде қалай жүзеге асыруды білетін, жаттыққан пікірлестер командасына ие
болуы тиіс. Соңында олардың бәрі фирма жұмысын бірге бастау үшін және оның
әрі қарай жұмыс істеуін жалғастыра беру үшін жеткілікті қорларға ие
болулары керек.
Жоғарыда кестеленіп көрсетілген кәсіпкерлік процесінің негізгі
қозғаушы күштерінің ішінде кәсіпкерлер негізгі орын алады. Венчурлік
кәсіпкерлер мен өте тәжірибелі кәсіпкерлерден, кәсіпкерлік табысты алдын-
ала анықтайтын 5 аса маңызды факторларды түгендеп беруді сұрағанда олар
мұны тағы да растады. Олар: 4 рет кәсіпкер және оның білікті командасы
содан соң барып маркетингтік әлеует деп, қарапайым жауап берді. Кәсіпкер –
бастамашыл негізде, толық экономикалық жауапкершіліктен қорықпай тәуекелге
баратын және келешекте табыс әкелетіндей етіп басқа өндіріс факторларын
ұтымды түрде біріктіруге қабілетті ұдайы өндірістің субъективті факторы.
Қазіргі нарықтың қиын жағдайында, жақсы жинақталған жоғары білікті
командасы бар фирмалар, кәсіпкері жеке жұмыс істейтін фирмаларға қарағанда
бәсекеге анағұрлым қабілетті болып табылады. Менеджерлер командасына келесі
анықтама беруге болады. Менеджерлер командасы деп тек қорларды таба алатын
ғана емес, сонымен қатар оны тиімді пайдалана алатын, бәсекелік күрестегі
өзгерістерге тез жауап беруге қабілетті, мақсаты тек кәсіпорынды дамыту
және тиімді өндіріспен қамтамасыз ету болып табылатын жоғары білікті
мамандар тобын айтамыз.
Команда негізді және жетілген саласына сәйкес еңбек тәжірибесіне
машықтанған болуы керек. Сөйте тұра кәсіпкер негізгі жауапкершілікті өз
мойнына алуы керек және жақсы ойластырылған нарыққа кіру стратегиясына ие
болуы керек.
Кәсіпкерлік процесінің екінші қозғаушы күші – бизнесті іске асыру
үшін қолайлы мүмкіндіктер. Бүгінде бүкіл әлем кәсіпкерлік жарылыс
нәтижесінде пайда болған “үнсіз” төңкеріс жайлы айтуда. Шет елдік ғалымдар
кәсіпкерлік түсінігіндегі негізгі орынды ой және оларды іске асыру
мүмкіндіктері сияқты категорияларға береді. Ойды іске асыру мүмкіндіктері
деп, ойдың жүзеге асыру дәрежесі мен ойды іске асыру нарығының ашық
тауашаының бар болуын айтуға болады. Дегенмен осы жерде ойлар оларды іске
асыру үшін қолайлы мүмкіндіктерге қарағанда анағұрлым көп. Сонымен жаңа
қуаттарға, объектілерге деген қажеттілік пайда болғанда, құрылыстар мен
ғимараттарды қайта құру қажеттілігі паййда болғанда, тапсырыс берушілердің
бар қажеттіліктерін бәсекелестердің ұсынған қызметтеріне қарағанда
толығырақ қанағаттандыру мүмкіндігі туғанда құрылыс бизнесі үшін де
мүмкіндік пайда болды. Кәсіпкер үшін осы мүмкіндікті уақытысында байқау
ғана емес, сондай-ақ оны дұрыс пайдалану да маңызды.
Ұзақ уақыт аралығы бойында пайда және табыспен қамтамасыз ететін
ашылып келе жатқан нарық тауашасын таба білу қабілетіне ие кәсіпкерлер,
табысты кәсіпкерлер болып саналады. Кәсіпкердің қызмет саласын таңдауына
тура келетін өнімдер мен қызмет көрсету нарығы тұрлаусыздықпен, мәліметтің
жетіспеушілігімен және тәуекел деңгейінің жоғарылығымен өзгешеленеді.
Кәсіпкерлік шеберлік дегеніміз – бұл басқаларға әлі көріне қоймаған,
көрінсе де не өте ерте, не өте кеш көрінген жерде кәсіпорын құру және
дамыту мүмкіндігін бірінші болып көру.
Кәсіпкерлік процесінің үшінші қозғаушы күші – бұл қажетті қорлардың
болуы. Қорларды басқаруда келесі көзқарасты ұстану ұсынылады: шағын
фирмалардың негізгі өндіріс қорларының үлкен бөлігінің сатып алынуымен
емес, ал жалға алынуымен қамтамасыз етілетін ең аз мөлшердегі қорлармен
жоғары нәтижелікке жету.
Осындай көзқарастың арқасында қаржылық қорлардың қажеттілігін
қысқартып, тәуекелді елеулі түрде азайтуға болады.
Шындығына келгенде, табыс кәсіпкерлердің кәсіпкерлік процестің
барлық қалған элементтерін қозғалысқа келтіре білуі мен дарындылығынан
басталады.
Қазіргі заманғы теорияларда кәсіпкерліктің 7 концепциясы бөліп
көрсетіледі, олардың әрқайсысы өз алдына мектеп болып табылады және
кәсіпкерлік пен процеске өздерінің түсініктемелерін береді. Оларға
жататындар:
1. Кәсіпкерліктің жеке тұлғалық қасиеттерді бағалау ұстанымындағы
мектебі.
2. Кәсіпкерліктің психологиялық мектебі.
3. Кәсіпкерліктің классикалық мектебі.
4. Кәсіпкерліктің жетекші ұстанымындағы мектебі.
5. Кәсіпкерліктің ішкі мектебі.
6. Кәсіпкерліктің маркетингтік ұстанымындағы мектебі.
7. Кәсіпкерліктің менеджменттік ұстанымындағы мектебі.

Кәсіпорынның дамуының әр түрлі сатылары: бастама , бизнестің пайда болуы ,
кемелдену мен өсу сатылары кәсіпкердің мінез – құлқы мен қасиеттеріне
әртүрлі талап қояды.
– кестеде әр түрлі мекетептерге сәйкес кәсіпорынның әрбір даму
кезеңінде кәсіпкерлікке қажетті мінез – құлықтар мен қабілеттерге сипаттама
берілген.

1.2.– кесте

Кәсіпкерліктің қазіргі заманғы концепциялары

№ Мектептің атауыНегізгі Мінез-құлық Кәсіпорын
концепция және қабілет сатысы
1 2 3 4 5
1 Жеке тұлғалық Кәсіпкер табиғат Сезім Кәсіпорынды
қасиеттерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі мен саясатының негіздері
Инвестицияның жіктелуі
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау
Кәсіпорын қызметіндегі инвестициялардың ролі
Әлеуметтік стратификация туралы
Салық режимдерінің қазіргі уақыттағы ұйымдастыру жүйесі
Халыққа қызмет көрсетудің аумақтық жүйелері туралы
Кәсіпорынның инвестициялық саясатын жетілдіру бағыты
Қазақстан Республикасының салық жүйесiн жетiлдiру
ЭКОНОМИКА САЛАЛАРЫ
Пәндер