Бизнес-жоспар құру туралы ақпарат



КІРІСПЕ
1 БИЗНЕС.ЖОСПАР ҚҰРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бизнес.жоспарды құру мақсаты және оның құрылымы
1.2 Бизнес.жоспар құру кезеңдері
1.3 Кәсіпорынның бизнес.жоспар құрудағы тәсілдері
1.4 Кәсіпорынның бизнес.жоспарының негізгі міндеттері
2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫН ДАМЫТУ БАРЫСЫНДА БИЗНЕС.ЖОСПАР ҚҰРУ ТАЛАПТАРЫ
2.1 Тиімді бизнес.жоспар . кәсіпорынның табыстың нәтижесі
2.2 Бизнес.жоспарды жетілдіру стратегиялары
2.3 Бизнес.жоспардың кемшіліктерін шығару және олардың бағалануы
2.4 Бизнес жоспарды жетілдіру жолдары
2.5 Бизнес.жоспардың тиімділігінің жоғарлауы және қатердің бағалануы
2.5 Бизнес.жоспардың тиімділігінің жоғарлауы және қатердің бағалануы
3.1 Мал шаруашылығы бойынша бизнес жоспар құру
3.2 Мал шаруашылығының қаржылық есебін талдау арқылы табыс көзін қарастыру
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «...Нарықтық экономика – күштілердің бәсекесі. Жеңілгендер нарықтан кетуге немесе қайтадан бастауға мүмкіндік алулары керек. Бізде мұндай жоқ. Тиімсіз компаниялар мемлекеттен түрлі түрдегі субсидиялар мен жеңілдіктер алу үшін кезекке тұрады. Бірде-бір дамыған елде компаниялардың банкроттығы саланың ыдырауына немесе жұмысшыларын босата отырып, кәсіпорынның тоқтауына алып келмейді. Тиімсіз менеджерлердің орнына өзімен бірге инвестициялар әкелетін жаңа меншік иелері келеді. Біз бәсекеге қабілетсіз компанияларды мемлекет есебінен «сүйремеуге» тиіспіз...» - деп көрсеткендей менің дипломдық жұмысымның өзектілігі еліміздің агрокәсібін дамыту мақсатында мал шаруашылығын, соның ішінде жылқы малына назар бөліп, жеке бизнес ашу жолдарын қарастырдым.
Әрине, қазақ елінің кең байтақ жерінде түрлі бизнес ашуға болады, дегенмен өзін қазақ санайтын азамат үшін жылқы малының орны ерекше. Қай заманда да бабаларымыз жылқы өсіріп, оны көлік ретінде пайдаланып, етін, сүтін азық қылса, терісінен түрлі киім тігіп, заманның қиын қыстау кезеңдерін жеңіп шыққан. Қазіргі нарықтық экономиканың талабы бойынша бәсекелестікті жеңіп, табысты бизнес ашып, еліміздің экономикасын дамытуда жылқы малы бәйгеден озып шығады деген ойдамын.
«Кәсіпорындағы бизнес жоспары» ұғымына анықтама беруден әңгімені бастаудың мәні бар. Ұлыбритания заңнамасы бойынша «өз еңбегінің мазмұны мен тәртібін дербес анықтайтын адам» кәсіпкер деп есептеледі. Белгілі бір себептерден бүгінгі таңда кейбіреулер кәсіпкерлер болады, басқалары оларға жұмысқа жеке еңбек шартын жасасу кезінде дербес саудаласып, оның талаптарын егжей-тегжейлі талдай отырып жалданады. Бірақ олардың бәріне өз қызметінде басшылыққа ала алатындай білім керек.
Жалпы кәсіпорынның бизнес-жоспары – адамның, яғни кәсіпкердің барлық салаларын егжей-тегжейлі және оның іске асырылуын ақиқатқа айналдыратын жолдарын анықтайтын бағдарлама. Адамның кәсіпкерлігін дамытуға және қоршаған жағдайдың өзгеруіне сәйкес оған табысқа бағдарлайтын өзгертулер енгізе алады. Ең бастысы, кәсіпорынның бизнес-жоспары өмірге бейімді және пайдалы болуын және мұны істей алатын адам екенін бейнелейді. Нақты фактілерге негізделген бизнес-жоспардың мақсаты - өзін-өзі алдауға жол бермеу болып табылады.
Адамның ойындағы, яғни кәсіпкерлердің атқаратын қызметтерде жаңа стратегияның пайда болған «экономикалық қатынастардың» мәнін, мазмұнын, міндетттерін анықтайтын категориялардың бірі – кәсіпорынның бизнес жоспары. Өндіргіш күштердің ғылыми – техникалық прогресс әсерімен жедел дамуы кәсіпорынның бизнес жоспары тереңдеуінің негізгі кепілі болып табылады.
1. Анискин Ю.П. кіші бизнестің басқарылуы мен ұйымдасуы.Оқулық – М., 2001. – 152 б.
2. Бизнес-жоспар. Методикалық материалдар. / Р.Г. Маниловский, Л.С. Юлкина, Н.А. Колесникова. – М., 2002. – 254 б.
3. Бизнес-жоспар: Отандық және шетел тәжіриебесі. Қазіргі тәжіриебе мен құжаттар. Жалпы ред. В.М. Попов. – М., 1998. – 263 б.
4. Бизнес-жоспар. Толық анықтама басқаруы / Жалпы ред. И.М. Степнов. – М., 2001. – 240 б.: бз.
5. Бизнес-жоспарлануы: оқулық / В.М. Поповтың, С.И. Ляпуновтың. Ред.– М., 2000. – 672 б.: бз.
6. Бизнес-жоспарлануы. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық / В.М. Попов, С.И. Ляпунов, С.Ю. Муртузалиева. – М., 2000 – 670 б.
7. Бляхман Л.С. Кәсіпорын экономикасы: оқулық. – СПб., 2000. – 279 б.
8. Бринк И.Ю. Кәсіпорының бизнес-жоспары. Теориямен тәжіриебе / И.Ю. Бринк, Н.А. Савельева. – Ростов-на-Дону, 2002. – 378 б.
9. Бусыгин А.В. Кәсіпкерлік: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. – М., 2001. – 639 б.
10. Вичурский Д.И. Кәсіпкерлік: даму, мемлекеттік реттеу, болашақ: оқулық. – М., 2002. – 331 б.
11. Еңбектің зиянды шарттары. – М., 1998. – 320 б.
12. Горемыкин В.А. Бизнес-жоспар: өндеу әдістігі. Бизнес – жоспардың 45 шынайы үлгелері. / Горемыкин В.А., Богомолов А.Ю. – М., 2002. – 864 б.
13. Грибалев Н.П. Бизнес-жоспар. Құрылу жөніндегі тәжіриебелік басқару / Грибалев Н.П., Игнатьева И.Г. – СПб., 1994. – 158 б.
14. Грибов В.Д. Бизнестің негіздері: оқулық. – М., 2002. – 159 б.
15. Ефимова О.В. Қаржылық сараптама. – М., 2002. – 528 б.
16. Ковалев В.В., Ковалев Вит.В. Кәсіпорын қаржысы: оқулық. – М., 2002.
17. Ковалева А.М. Фирма қаржысы: оқулық/ Ковалева А.М., Лапуста М.Г., Скамой Л.Г.. – М., 2001. – 416 б.
18. Коссов В.В. Бизнес-жоспар: шешімнің негізделуі: оқулық. – М., 2000. – 272 б.
19. Муравьев А.И. Кәсіпкерлік: оқулық. – СПб., 2001. – 692б.
20. Пелих А.С. Бизнес-жоспар немесе кіші бизнестің ұйымдасуы. – М., 2002. – 93 б.
21. Попов В.М. Бизнес- жоспардың жиынтығы, ұсыныстармен жүргізілімдер. – М., 2003. – 377 б.
22. Кәсіпкерлікпен қауіпсіздік./ С.Б. Козлов, Е.В. Иванов. – М., 1991. – Т.1. – 510 б.
23. Кәсіпкерлікпен қауіпсіздік./ С.Б. Козлов, Е.В. Иванов. – М., 1991. – Т.2. – 398 б.
24. Раздорожный А.А. Өндіріс қызметінің қауіпсіздігі: оқулық. – М., 2003. – 208 б.
25. Кәсіпкер анықтамалығы: даналау саудасы, көтерме саудасы, жүк көлігі, қоғамдық тамақтану, қонақ үйлік шаруашылығы. – М., 1994. – 592 б.
26. Сауда ісі: экономикамен ұйымдасу: оқулық / Л.А. Брагин, Т.П. Данько. – М., 1997. – 256 б.
27. Қаржылық бизнес-жоспар: оқулық / Под ред. В.М. Попова – М., 2000. – 480 б.
28. Фомин А.Д. Қазіргі кездегі кәсіпорындағы енбекті қорғау. Мамандарға арналған оқулық. – Новосибирск, 1997. – 334 б.
29. Шеремет А.Д. Экономикалық сараптама теориясы. – М., 2002. – 332 б.
30. Есполов Т.И., Сулейменов Ж.Ж. Менеджмент. Алматы ,2003
31. Виханский О.С.Менеджмент., М.: Изд- М, Гардарики , 2000
32. Сорокина Л. М. Менеджмент в малом бизнесе.., 2004
33. Розова Н.К. Менеджмент качества. Санкт-Петербург, Вектор, 2005

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауында: ...Нарықтық экономика – күштілердің бәсекесі.
Жеңілгендер нарықтан кетуге немесе қайтадан бастауға мүмкіндік алулары
керек. Бізде мұндай жоқ. Тиімсіз компаниялар мемлекеттен түрлі түрдегі
субсидиялар мен жеңілдіктер алу үшін кезекке тұрады. Бірде-бір дамыған елде
компаниялардың банкроттығы саланың ыдырауына немесе жұмысшыларын босата
отырып, кәсіпорынның тоқтауына алып келмейді. Тиімсіз менеджерлердің орнына
өзімен бірге инвестициялар әкелетін жаңа меншік иелері келеді. Біз бәсекеге
қабілетсіз компанияларды мемлекет есебінен сүйремеуге тиіспіз... - деп
көрсеткендей менің дипломдық жұмысымның өзектілігі еліміздің агрокәсібін
дамыту мақсатында мал шаруашылығын, соның ішінде жылқы малына назар бөліп,
жеке бизнес ашу жолдарын қарастырдым.
Әрине, қазақ елінің кең байтақ жерінде түрлі бизнес ашуға болады, дегенмен
өзін қазақ санайтын азамат үшін жылқы малының орны ерекше.
Қай заманда да бабаларымыз жылқы өсіріп, оны көлік ретінде пайдаланып,
етін, сүтін азық қылса, терісінен түрлі киім тігіп, заманның қиын қыстау
кезеңдерін жеңіп шыққан. Қазіргі нарықтық экономиканың талабы бойынша
бәсекелестікті жеңіп, табысты бизнес ашып, еліміздің экономикасын дамытуда
жылқы малы бәйгеден озып шығады деген ойдамын.
Кәсіпорындағы бизнес жоспары ұғымына анықтама беруден әңгімені бастаудың
мәні бар. Ұлыбритания заңнамасы бойынша өз еңбегінің мазмұны мен тәртібін
дербес анықтайтын адам кәсіпкер деп есептеледі. Белгілі бір себептерден
бүгінгі таңда кейбіреулер кәсіпкерлер болады, басқалары оларға жұмысқа
жеке еңбек шартын жасасу кезінде дербес саудаласып, оның талаптарын егжей-
тегжейлі талдай отырып жалданады. Бірақ олардың бәріне өз қызметінде
басшылыққа ала алатындай білім керек.
Жалпы кәсіпорынның бизнес-жоспары – адамның, яғни кәсіпкердің барлық
салаларын егжей-тегжейлі және оның іске асырылуын ақиқатқа айналдыратын
жолдарын анықтайтын бағдарлама. Адамның кәсіпкерлігін дамытуға және
қоршаған жағдайдың өзгеруіне сәйкес оған табысқа бағдарлайтын өзгертулер
енгізе алады. Ең бастысы, кәсіпорынның бизнес-жоспары өмірге бейімді және
пайдалы болуын және мұны істей алатын адам екенін бейнелейді. Нақты
фактілерге негізделген бизнес-жоспардың мақсаты - өзін-өзі алдауға жол
бермеу болып табылады.
Адамның ойындағы, яғни кәсіпкерлердің атқаратын қызметтерде жаңа
стратегияның пайда болған экономикалық қатынастардың мәнін, мазмұнын,
міндетттерін анықтайтын категориялардың бірі – кәсіпорынның бизнес жоспары.
Өндіргіш күштердің ғылыми – техникалық прогресс әсерімен жедел дамуы
кәсіпорынның бизнес жоспары тереңдеуінің негізгі кепілі болып табылады.
Бизнес жоспар – бұл шешімдер мен іс – әрекеттердің жиыны, ұйымның
мақсаттарын таңдау процессі және оларға қолжеткізу жолдарының басқару
функциялары. Бизнес жоспары барлық ұйымдардың функционалды басқару
шешімдерінің негізін қамтамасыз етіп, стратегиялық жоспарлаудың бақылауын
бағдарлайды. Оның динамикалық процессі бизнес жоспарының қол шатыры болып
табылады, себебі онсыз бүкіл ұйым және адамдар, мақсаттарын бағалай алмай,
корпоративті мекеменің бағытынан айырылады. Бизнес жоспары ұйымның
мүшелерін басқару негізін қамтиды. Жоғарыда жазылғандардың бәрін біздің
еліміздегі нақты жағдайларға байланыстырсақ, онда, бұл жоспардың
қазақстандық кәсіпорындарға, мекемелерге өте маңызды екенін білеміз, олар
шетел корпорацияларымен қоймай, өзара да қатал бәсекеге түседі. Бизнес –
жоспарының өңдеулуі, нарық экономикасындағы ең бір сәтті және кең тараған
жоспарлау формасы болып табылады. Бизнес – жоспары – бұл болашақ
мекемелердің негізгі кеңістіктерін суреттейтін, мәселелерін тексеріп және
де осы мәселелердің шешілу тәсілдерін анықтайтын құжат. Сондықтан дұрыс
құрылған бизнес – жоспары ең соңында: ақшаны іске салуға – тұрама және ол
табыс әкелеме? деген сұраққа жауап береді. Ескерсек, егер де ол дұрыс
құрылған болса, сонда ғана оған болашақта аз уақыт кетеді.
Диплом жұмысының мақсаты – бизнес-жоспардың теориялық негізіне тоқталып,
кәсіпорынның қаржылық стратегиясын қалыптастыру мақсатында мал
шаруашылығының бизнес-жоспарын құру.
Жұмыс мақсатына сәйкес қойылатын міндеттер:
1. Бизнес-жоспарды құрудың мақсаты мен құрылымына тоқталу;
2. Бизнес-жоспарды құру кезеңдерін ашып көрсету;
3. Кәсіпорынның бизнес-жоспар әдістеріне тоқталу;
4. Компанияның қаржылық стратегиясын қалыптастыру мақсатында жылқы
шаруашылығының бизнес-жоспарын құруды қарастыру;
5. Жылқы фермасы бизнес – жоспарының жетілдіру жолдарына тоқталу.
Диплом жұмысы тақырыбының зерттеу нысаны- Бизнес – жоспар жаңа кішігірім
кәсіпорын Жылқы фермасын ашу үшін өнделген. Сонымен қатар, Дастархан
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі- Атырау облысы, Мақат ауданында бөлшек
сауда желісі арқылы, азық – түлік тауарларын сатумен айналысады.
Зерттеу пәні – Кәсіпорынның қаржы стратегиясын қалыптастырудағы бизнес
жоспарлаудың маңызы.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бизнес – жоспарды құрудағы тәжіриебелі
мәселелер мен теориялық – әдістік мәселелер келесі оқымысшы –
экономистердің жұмыстарында жазылған: Бринк И.Ю., Грибалев Н.П., Горемыкин
В.А., С.И.Лялунов, Р.Г.Маниловский, Л.С.Юлкина, Н.А.Колесникова,
С.Ю.Мурзалиев, В.М.Попов, И.М.Степнов және т.б.
Тақырыптың деректік көзі – аталған тақырыптағы диплом жұмысын жазу
барысында Есполов Т.И., Сулейменов Ж.Ж. Менеджмент, Розова Н.К.
Менеджмент качества, Сорокина Л. М. Менеджмент в малом бизнесе, Раздорожный
А.А. Өндіріс қызметінің қауіпсіздігі сияқты шетелдік және отандық
ғалымдардың еңбектері пайдаланылды.
Диплом жұмысын жазу барысында зерттеудің әдіснамалық және ақпараттық
негізінде отандық және шетелдік ғалымдардың сауда кәсіпорындарындағы бизнес-
жоспардың құрылуы, тиімді бизнес-жоспар кәсіпорынның табысты нәтижесі
туралы еңбектері болды.
Зерттеу әдістері –талдау әдістері.
Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы – ... .қазіргі таңда аса
күрделі, қиын кезеңге аяқ бастық. Жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері
қатар өрбіген жаһандық ахуал біздің көз алдымызда өзгеруде. Біздің басты
экспорттық өнімдеріміздің дүниежүзілік нарықтағы бағасы еселеп құлдырады.
Бүгінгі ахуал – біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай
түсетін уақыт тезі. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі
үшін аянбай тер төгуіміз керек. Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз
үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз...- Қазақстан
Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауынан.
Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал болуы керек. Ең жақсы жоспар
– уақыт талабына бейімделе алатын жоспар. Біз де заманның беталысына қарай
межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отырамыз. Біздің мақсатымыз
– елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды Мәңгілік Ел
ету! Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты
елдермен иық түйістіру.
Біз бұл мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Кәсіпорындарда, өндірістік
орындарындарда тіпті қай саланы айтпасақ та, өздерінің қызметін дұрыс
жүзеге асыру үшін оларға құрал-жабдықтар, кеңсе бөлмелері, жиһаздар мен
оргтехникалар, байланыс құралдары және т.б. қажет. Ал ең бастысы өздерінің
өндірістік-экономикалық потенциялын дамыту үшін кәсіпорындарда дұрыс
бизнес - жоспар құрып, инвестиция жұмсап жүзеге асыру керек.
Инвестиция дегеніміз – табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатында
өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни
қаржы үнемі жұмыс істеуге, басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін
жұмысқа немесе іске бағытталуы тиіс. Ұзақ мерзімді инвестициялар тәжірибе
жүзінде аудит саласында үлкен мәнге ие бола бастады, сонымен қатар ұзақ
мерзімді инвестициялардың есебі шаруашылық қызметке қажетті материалдық
құндылықтардың, капиталдардың, қаржылық салымдар мен болашақта табыс табу
мақсатында жұмсалған шығындардың жиынтығын айқын көрсетеді.
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындар, ұйымдар және тағы да басқа
шаруашылық субьектілері мүлікті пайдалану, ақша қаражаттарын, көптеген
коммерциялық операцияларды және инвестицияны пайдаланғанда бизнес жоспар
құруға тіреледі. Бұл қарым-қатынас сенімді болуы үшін инвесторлар өздеріне
қажетті қаржылық ақпараттарды алып және пайдаланып отыруы қажет. Жоспар -
шешім сенімді болуы үшін қатаң тексеріс жүргізілу қажет, яғни терең зерттеу
жүргізіліп қадағалау керек. Бизнес - жоспар нарықтық экономика жағдайында
барлық шаруашылық процесіне, соның ішінде инвестициялық процеске
қатысушылардың, яғни инвесторлардың қызметінде маңызды орын алады.
Практикалық базасы – Бизнес-жоспардың құрылуына байланысты Библиотека
бухгалтера и предпринимателя, Бухгалтер и налоги, Бюллетень бухгалтера,
Қаржы-қаражат баспаларының материалдары пайдаланылды.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспе, үш тарау, қорытынды мен пайдаланылған
әдебиеттерден тұрады және жалпы көлемі 64-бет.

1 БИЗНЕС-ЖОСПАР ҚҰРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Бизнес-жоспарды құру мақсаты және оның құрылымы

Бизнес-жоспар – адамның, яғни кәсіпкердің барлық салаларын егжей-тегжейлі
және оның іске асырылуын ақиқатқа айналдыратын жолдарын анықтайтын
бағдарлама [1].Кәсіпорын жарғысынан және басқа құжаттардан айырмашылығы
сол, бизнес-жоспар түпкілікті құжат болып табылмайды, адамның кәсіпкерлігін
дамытуға және қоршаған жағдайдың өзгеруіне сәйкес оған табысқа
бағдарлайтын өзгертулер енгізе алады. Ең бастысы, бизнес-жоспар
кәсіпорынның өмірге бейімді және пайдалы болуын және мұны істей алатын
адам екенін бейнелейді. Нақты фактілерге негізделген бизнес-жоспардың
мақсаты - өзін-өзі алдауға жол бермеу болып табылады.
Бизнес – жоспардың жазылу функциясы. Бизнес–жоспарды тәжірибеде сыналған
жазуға дайындау мен ресімдеудің тәртібі бар, бірақ, негізінен
кәсіпорындардың проблемалары мен міндеттерінің мәнін барынша толық
түсінуге қолайлы деп есептейтін күйде жазуға болады. Бұл ретте
мүмкіндігінше, төмендегідей тізбекті пайдаланады [2]:
1. Өз ісіңізді ашу туралы шешім қабылдайсыз.
2. Тексересіз: өз ісіңізді ашуға қандай қабілеттілігіңіз бен біліміңіз
бар, нені білуіңіз керек.
3. Өзіңіз жақсы білетін өнім немесе көрсетілетін қызмет түрін таңдаңыз,
алғашында біреуіне тоқтаңыз, байқап көріңіз, бытырамаңыз.
4. Өз рыногыңызды анықтаңыз: кімге сатаcыз, бәсекелеріңіз кім?
5. Осы рынокта жұмыс істегенде неге ие болуды қалайсыз?
6. Қайда орналасуды қалайсыз, орналасатын бір жеріңізді екіншісінен неге
артық көресіз ?
7. Нені қалай істейсіз,сізде өндіріс және технологияларды қолдану, ғылыми-
техникалық әзірленімдерді қолдану жоспарлары бар ма?
8. Өз тауарларыңызды қалай сатаcыз немесе қызметтеріңізді қалай көрсетесіз?
9. Сізге не керек, ұйымдық құрылымыңыз қандай және ол мақсаттарыңыз және
міндеттеріңізбен қандай ара қатыста болады?
10. Кәсіпкерлігіңіздің мақсаттары, қолданыстағы заңнамаға қаншалықты сай
келеді ?
11. Ақша қаражатын есепке алуды қалай өткізбексіз және шығындарды қалай
қысқартасыз?
12. Ықтимал проблемалардан өзіңізді қалай қауіпсіздендіресіз және ықтимал
тәуекелді қалай қысқартасыз?
13. Кәсіпкерлікті жүргізу үшін ақшаны қалай таппақсыз ?
14. Кәсіпкерлігіңіздің барлық салаларын және мақсаттардың нақты сыртқы және
ішкі шарттарға сәйкестігін қалай бақыламақcыз?
Кәсіпорын – тәуелді шешімдердің орталығы. Бұл шешімдер нарық
коньюнтурасының, ішкі айналаның шарттарына қысқа уақыт бейімделуі немесе
көпмерзімді мақсаттардың орындалуы туралы әңгіменің әр түрлі масштабтары
мен табиғатына ие болады. Сонда да, істелген таңдау мен қабылданған
шешімдерді алдын – ала болжау керек.
Динамикалық бизнес – жоспарлауының процессі, бүкіл басқару функцияларын
астына алатын қопшатыр болып есептеледі. Бизнес – жоспары ұйымдарға өз
мақсаттарына жету үшін көмектесетін, іс – әрекеттер мен шешімдерді
білдіреді. Питер Лораншға байланысты, бизнес – жоспарлау процессі басқару
шешімдерін қабылдауға көмектесетін құралы болып есептеледі. Оның тапсырмасы
– ұйымдардағы өзгерістерді, жаңа енгізілуді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз
ету. Дәлірек айтқанда, ол бұл жолда, басқару қызметінің төрт негізгі түрін
көреді. Оларға жататындар: ресурстардың (байлық) бөлінуі, ішкі айналаға
бейімделу, ішкі үйлесім және ұйымның стратегиялық көрінуі [3].
Өз бизнесіңді қалай ұйымдастыру керек? Қызметтің қай түрін таңдау керек?
Қай ұғымға мән беру керек? Ойлағаныңды іске қалай асыру керек? Болашақты
қалай жобалау керек? Бұл сұрақтарға жауапты өз кәсібін бастайтын әрбір
адам білгісі келеді.
Бизнес – жоспар не үшін керек? Құрамы бойынша, ол өнімнен бастап,
процестермен бітіретін толық және дәл суреттеуі бар негіз болып табылады.
Бизнес – жоспарының негізгі ұстанымы [4]:
- Ұйымдар мен құрылымдар және кәсіпорындармен және оның муниципалды білім
алу, қызығушылығымен ҚР тығыз байланыстығы көрсететін кешендік;
- Алға қойған іс – әрекеттердің экономикалық, әлеуметтіқ, технологиялық
және де экологиялық тиімділіктер бағасын қарастыратын жүйелік;
- Ішкі және сыртқы айналаның динамикалық өзгеру барысындағы, оның жедел
орнықтыруын жүзеге асыруына мүмкіндік беретін Стратегиялық жоспардың
бейімделуі;
- Шынайылық пен жүзеге асыру, мониторинг қозғалысындағы орындалған
көрсеткіштердің арқасында пайда болған.
Бизнес – жоспары, шындығында болашақ көз қараспен қарағанда, бүкіл
корпорацияның үдеуімен қарастырылу қажет, себебі нақты бір тұлға ешқандай
іс – әрекет бере алмайды. Жеке кәсіпорынның негіздеушісі, өзінің жеке
жоспарларын ұйымның стратегиясымен пайдалы күйде тоғыстыра алады. Ал, кей
кезде корпорацияның басшысы, мүмкін, өзіне реактивтік ұшақ, екі жағалаудағы
үлкен үй, әдемі жұмыс бөлмесін сатып алғысы келсе, онда бұл, ұйымның жалпы
өрлеуіне ешқандай пайда әкелмейді. Бизнес – жоспар қазіргі, болып жатқан
жағдайлардың қадағалуынан негізделуі керек. Қазіргі бизнес дәуірінде тиімді
бәсекелесу үшін, фирма нарық, сапа, бақталастың жайында көптеген хабар алып
отыруы керек. Бизнес – жоспар фирмаға анықтаушылық, жекелік бере отырып,
өзіне қарай анықталған, керекті мамандарды тартуға көмектеседі [5].
Мақсатына байланысты, бизнес – жоспардың үш түрін көрсетуге болады [6]:
- Формалы бизнес – жоспары;
- Түсінуші бизнес – жоспары;
- Жанды бизнес – жоспары.
Біріншісі, басшыларға, акционерлерге, инвесторларға бизнестің не екенін
білу үшін керек.
Екіншісі, жанды бизнес – жоспары кәсіпорындарда болып жатқан процесстерді
көрсету үшін, болатын өзгерістердін салдарын болжау үшін арналған.
Ол бүкіл ерекшеліктерді шығарып, шешім қабылдай алатын, мүмкіндіктер мен
қауіптерді біліп отыратын бизнес – жоспарының құрамын көрсетеді.
Түсінуші бизнес – жоспары кәсіпорынды өзгертетін және дамытатын, жаңа
ұғымдарды оқып, сараптау үшін құрылады. Ол жоспарланған, болып жатырған,
жаңа ұғымдардың түсінушілігіне бағытталған.
Потенциалдық инвесторлар (салым қаржысын бөлетіндер) күн сайын тәуекелдік
жобаларды қаржыландыратын көп сұраныстар алады, сондықтан да оларға
анықталған жоспармен (формалық бизнес - жоспар) сәйкес болатын, фирма және
оның өнімі туралы мәлімет беру керек.
Жақсы дайындалған бизнес – жоспары, егерде оның кейбір шарттары тең болса,
әрқашан әр түрлі көздерден қаржы алатын қолдау тәсілдерін жоғарлатады.
Бизнес – жоспардың мақсатын анықтау – болашақ жобаның немесе болашақ
кәсіпорыннын қызмет істеуінен кейінгі екінші қадам. Мақсат – бұл бизнес –
жоспарының өңдеушісі, кәсіпорын немесе жоба ұмтылатын, елестететін немесе
кәдімгі, нақты заттардың күйі. Егер, қызметтікте серіктестің қатысы болса,
онда оларды әрі қарай серік, жалғастырушы болып қалатындай қылып, осы
мақсаттық құрылуына шақыру қажет. Сонымен қатар, бизнестің мақсаты мен
олардың жеке мақсатын ажырата білу керек (мысалы, жеке байып кету немесе
билік қызмет әрекетінің күшті итергіші болуы мүмкін, алайда ол жұмысшылар
мен серіктестердін көңілінен шыға қоймайды) [7].
Мақсаттың түсінігіне бүкіл жобаны аяқтағаннан кейін, қайта ораламыз.
Құрылған мақсаттың негізінде, бизнес – жоспар таңдалады. Бизнес –
жоспарынан бастайтын болса, онда көптеген жеңістерге жетуге болады (жанды
бизнес – жоспар, немесен түсінуші бизнес - жоспар). Оның жазылу барысында,
көптеген сұрақтарды қарастыру керек (формалы бизнес - жоспар). Алайда,
бизнес – жоспардың тұтынушылары, өңдеудің дұрыстығын сезіп, бизнес –
жоспарының ішкі сұрақтарын қоя бастайды. Осы сұрақтарға жауап бере
алмағандар өте қолайсыз жағдайда қала береді. Мысалы, инвестор керек пе
әлде шығару өнімінің көбеюіне арқа сүйеу сұрағы дұрыс қарастырылмаған болып
табылады [8].
Инвесторды қызықтырып, өзіне қарату, стратегиялық қадам емес, ал Аяз Атаны
қабылдағандай болады. Дамудың барлық стратегиясы мен нұсқалары, бизнес –
жоспардың ішкі жазылуын жазған кезде қарастырылу керек. Ал егер, инвесторды
баулу дұрыс болса, онда, инвестор мен кәсіпорын тығыз байланыста болады.
Бизнес – жоспарының өте маңызды қолданыстарын анықтауға болады [9]:
- Жаңа кәсіпорынның құрылысының құжаты болуға. Ол құжат жетекшінің қандай
мақсатпен және қандай құралдар арқылы, өзінің мақсатына жетуін көрсетеді.
Бұл жағдайда, бизнес – жоспар жаңа жұмыстың ұйымдасуының қадамдық күнделігі
болады;
- Жетекші жолындағы қиындықтарға қарамай, оларды шешіп, басып өтіп, өзінің
алдына қойған мақсаттарына белсенділікпен, тәртіппен жету керек;
- Жобаның кейбір ерекшеліктерімен өзінің әріптестерін, серіктестерін
таныстыру. Бұл оларға жетекшіні тек қана басшы ретінде емес, сонымен қатар
әріптес ретінде көрсетеді;
- Потенциалды инвесторларды баулу, шақыру себебі, сол бизнес – жоспардың
қарастырылу негізінде кәсіптік қаржыландыруының шешімін табады;
- Болашақ сату нарқының сыйымдылығы мен келешегін көрсету;
- Нарыққа керекті өнімді шығаруының шығындарын бағалау, істің табысты
болуын анықтау үшін, ол кеткен шығынды өзінің өнімінің сатылу бағаларымен
өлшеу;
- Мүмкіндігінше бүкіл су асты тастарын табу;
- Басқаруды жүзеге асыратын, және әрдайым істің тұргысын бақылап отыратын
көрсеткіштерді анықтау;
- Әріптестердің, сонымен қатар, инвесторлар тарапынан сенімділікке және
сыйластыққа ие болу.
Бизнес – жоспар, инвесторлардың араласуымен жүретін, ең алғашқы сату
құралы болып табылады. Ескеріп кететініміз, бизнес – жоспар жақсы болашаққа
қарай жазылады, және оның жазылу мерзімі 1 ден 5 жылға дейін құрылады.
Бизнес – жоспарының түрін таңдай отырып, қатерге алатын, көп уақытқа
жоспарланған кәсіпкерліктің пішіндік мінездемесі бар және де ол осындай
тексерулермен негізделіп, қысқа кезеңде көп мерзімді басымдықта жүзеге асуы
тиіс.
Өкінішке орай, көптеген кәсіпкерлер алдағы басты қылықтар анықталмайды деп
есептеп, жоспардың тек бір жылға жазылуымен шектейді. Мұндай аяқ басу,
кәсіпкердің бастапқы көрегендігін шектейді.
Одан басқа, болашақтағы кезеңнің тұрақсыздығының есепке алу тарабы, әр
түрлі жағдайлардағы әркелкі нұсқалардың құрылуына әкеледі.
Бизнес – жоспарының функциялары [10]:
1) Жобаның кәсіпорын стандарты, көрсетілім кәсіпорынның суреттеме
шығынын қысқартады және жобаның жақсы мүмкіндіктерін көрсетуге
арналады;
2) Бизнес – жоспар дамыған нарықтағы хабарламаның көрсетілімі және
байланыстың бір түрі. Жоспардың көпжылдық тәжіриебесі хабардың
көрсетілуінің өте ыңғайлы түрі болып саналады. Сонымен қатар, осы
және басқа саладағы зерттелген, арнайы терминдіктер пайда болды;
3) Іргелі салымды тартатын аргументті сұраныс. Егер бизнес – жоспар
ірге салымын тартуын мақсат етпеседе, оның құрамы жаңа хабарды
естімей, осындай сұранысты құрай алады;
4) Жеке бизнесіне жақындаудың шерулі түрі. Бизнес – жоспардың құрылуына
көп күш кетірген жетекші, өз бизнесіне деген сыйлы қатынасын
дәлелдейді және сондай қатынасты өзінің серіктерінен де күтеді;
5) Қабылдаған шешімдерге өлшенген баға. Сұрақтарға жауап бере отырып,
жетекші, қиын кездерде шешім қабылдайды және барлық жағдайды кешенді
түрде бағалайды;
6) Дамып келе жатқан бизнестің қатерлерін, мәселелерін табу мүмкіндігі
мен қолданылмаған мүмкіншіліктерді табу. Бизнес – жоспарлауының
технологиясын әдістік қатарлары бар, олардың бірі болып мүмкіншілік,
мәселелер сараптамасы;
7) Бизнестің алғабағытталған мақсатының қамтылуы. Бизнес – жоспардың өз
тұрғысы мақсаттың бар екенін білдіреді;
8) Бақылау және басқарудың құралы. Бизнес – жоспар жобаны басқаратын
негіз, бәрінен бұрын, қызметкерлерді, шығындарды, байлықтарды,
мерзімдерді де басқарушы негіз болып табылды. Жоспардың болуы тиімді
шешімдерді қабылдауға және орындалудың бақылауын жүзеге асырады.
9) Өзін оқыту құралы немесе пәні. Бұл ең маңыздысы, себебі оның
дайындығы кәсіпкердің білімін әрбір бөлімнен көрсете алады (8,6
бет). Осы тоғыз қызметтің әр қайсысы бизнестің дамуына керек құрал
бола алады.
В.М.Попов, С.И.Ляпунов, С.Ю.Муртузалиев бизнес – жоспардың басқа
қызметтерін бөліп көрсетеді [11]:
1. Бизнес – жоспар ұйымның қызметінің бағытын береді, және маркетинг
тексерулерінің құрылымын жақсы түсінуге, бағаның жоспарын түсінуге
көмектеседі;
2. Бизнес – жоспар әрбір бөлімше мен ұйымды, олардың ортақ
тапсырмаларымен байланысатын, нақты мақсаттармен жабдақтайды;
3. Бизнес – жоспар әртүрлі функциялы бағыттардың күштерін үйлестіреді;
4. Бизнес – жоспар ұйымды өзінің күшті және осал жерлерін,
бақталастардың көзқарасымен бағалауға мәжбүр етеді;
5. Бұл жоспар ұйымның қабылдап алған іс – әрекеттерін және талғаулы
әрекеттерін анықтайды.
6. Бұл жоспар байлықтардың бөлінуіне негіз құрайды.
7. Бизнес – жоспар қызметтін бағалану барысындағы маңызын шеру етеді.
Осылайша, бизнес – жоспар бар мәліметтердің кең зерттелуімен негізделу
керек. Қазіргі өмірдің бизнесінде бәсекелесу үшін, ол әрдайым нарық, сала,
бәсекелестер және басқа факторлар туралы көптеген хабар алып отыруы тиіс.
Бизнес – жоспар кәсіпкерлікке небір мамандарды тарту үшін, басқа мамандық
иелерін шақыру үшін, анықталғандық, жекелік береді. Бұл жоба, ұйымдар үшін
жаңа ашылымдар, жаңа ой-пікірлер, жаңа қызметкерлерді жарқын болашаққа
сүйрейді. Ең соңында, бұл жоспардың стратегиялық жоспарлары, болашақта бұл
бастаған жоба сүрінбей, үлкен жетістіктерге жетіп, олардың бағдарын және
модификацияларын жүзеге асыру үшін керек.

1.2 Бизнес-жоспар құру кезеңдері

Өңдеу жолдарын анықтаудың бірнеше түрлері бар. Біреулері бизнес – жоспарды
құру схемасында жасалса, бұл түрде 10 нан 20 дейін жолдар бар. Басқалары
ірі блоктардан құралады, олардың жолдары өте аз – бес жол.
Екі жолын қарастыруға болады: өте тегжейлі және шамалы тегжейлі.
Өте тегжейлі жақындастықта, бизнес – жоспарының құралу алгоритмі жаңа істің
жоспарлау барысындағы ортақ кезендерін құрайды. Берілген алгоритмді бизнес
– жоспарының өңдеуіндегі іс –әрекет жоспары деп атайды.
Осы алгориммнің негізінде жүзеге асқан тәжіриебе арқылы өзіндік бизнес –
жоспарын істеуге болады (жобаның немесе кәсіпорынның ерекшеліктерін есепке
ала отырып).
Бөлшекті қатынаста келесі кезендерді қарастырайық [12]:
1 кезең. Жаңа бизнестегі қызметтің басталуы туралы шешім немесе жаңа
жобаның таралуы
2 кезең. Жаңа жобаның немесе жаңа бизнестің мақсатының құрылуы
3 кезең. Бизнес – жоспар және оның құрылымының көрсетілуі
4 кезең. Қажетті хабарлардың көзін іздеу
5 кезең. Өз потенциалын сараптау және бағалау
6 кезең. Жаңа қызмет үшін нысанның негізін таңдау
7 кезең. Потенциалды нарықтың зерттелуі
8 кезең. Алдын – ала сату болжамын өңдеу
9 кезең. Бизнестің аймақтық орналасуы
10 кезең. Маркетинг жоспарының өңделуі
11 кезең.Күнтізбектік жоспарырың өңделуі
12 кезең. Өндірістік жоспарды өңдеу
13 кезең. Заңды мертебенің және ұйымды – құқықтық пішіннің таңдалуы
14 кезең. Ұйымдық жоспардың өңделуі
15 кезең. Қызметшілер туралы шешім қабылдау
16 кезең. Қаржылық жоспардың өндеу жұмыстары
17 кезең. Қызметтің тәуекелділігін сақтандыруын өңдеу
18 кезең. Бизнес жоспардың іс түйіндемесін дайындау
19 кезең. Бизнес – жоспардың толтырылуы
20 кезең. Бизнес – жоспардың ашылуы
21 кезең. Қызметтің басталуы туралы шешім қабылдау
Екінші жақындастық, жоғарда айтылғандай, өте үлкен бөлімін негіздейді. Бұл
бөлімдер, алдыңғыдағы сияқты, кезеңнен турады. Бұл нұсқа өте тәжіриебелі
қолданушыға жақын.
Бес кезеңді көрсетеміз:
Бірінші кезеңінде – оның қызметтігі (философия, кәсіпорынды көру) –
шаруашылық бірліктің қысқашы бейнеленуі, мақсаты, қолданылуы.
Екінші кезең – бизнес – жоспардың өңдеу жұмыстарының мақсатын анықтау.
Мақсат – бұл кәсіпорының болашақ жағдайы, себебі немесе ұстамдылық және
оның қызметкерлерінің іс – әрекеті.
Бизнес жүйесінде мақсат бес атқарым қызметін орындайды [13]:
- Белсенділік – кәсіпорынның жүзеге асқан және тілейтін жағдайларының
салыстырмасы, іс – әрекет себебтері;
- Шешім қабылдаудың өлшемдері – талғаулықтың таңдалуы мен мағлұмат бағасы
бизнестің алдыңғы шебі;
- Басқару құралы – іс – әрекетке деген басшылық талаптары, бизнестің
бағытының анықталуы;
- Үйлесімдер (үйлестіру) – шешім қабылдайтын тұлғалардың шиеленіссіз
байланыстарын қамту, арнаулы мамандырылған жұмыстардың келісімі;
- Бақылау – шаруашылық қызметінің көрсеткіштерінің жеделді жағдайын, оларды
мақсаттық деңгеймен салыстыру; (16, 26 бет).
Үшінші кезеңде кәсіпорынның стратегиясы, мақсаты, қызметі анықталғаннан
кейін, бизнес – жоспардың өзінің жалпы құрылымы тұрғызылады. Бизнес –
жоспардың көлемі мен құрылысына қойылған тапсырмалар мен кәсіпорынның
өлшемдері әсер етеді. Оның осындай құрылымы, кәсіркер серіктестік сөзімен
тұтынушыға көңіл аударған кездегі, болатын оқиға.
Бизнес – жоспарда келесі бөлімдерді көрсетуге болады:
Сыртқы парақ.
1. Құпиялық талқылау;
2. Түйіндеме;
3. Сала түрінің суреттелу;
4. Кәсіпорын мінездемесі;
5. Қызмет ету түрінің таңдалуы (тауардың, қызмет көрсетудің, жұмыстың);
6. Маркетинг жоспары;
7. Өндірістік жоспар;
8. Кәсіпорынның ұйымдасқан құрылымы;
9. Кәсіпорынның қаржы жоспары мен бюджеті;
10. Қатер сараптамасы;
11. Ұйымдасқан жоспар;
12. Қосымша айқындауыш.
Бизнес – жоспарының төртінші кезеңі жоспардың әр бөлімін өңдеу үшін керек
болатын, ақпараттың жиынынан құралады. Бұл жоспарлау жұмысының ең ауыр және
маңызды бөлігі. Ақпараттың көздері болып арнаулы салалық анықтамалықтар,
жоспар ұйымының нормативтері, арнайы фирмалар, статистикалық ішкі бұйымдар
жоғары мамандындырылған экономистердің білімі және де жұмысын жақсы
білетін, кәсіпорынның ішкі айналасын жақсы білетін қызметкерлер саналады.
Жоспарлаудың бесінші кезеңі – бүкіл бизнес – жоспардың бір құжат түрінде
толтырылуы және бөлек тармақтардың тікелей өңделуі (16, 43 бет).
Бизнес – жоспар туралы көріністің құрылуы – бұл қызметтіктің анықтауынан
кейінгі қадам, және жобаның немесе кәсіпорынның аталуының анықтамасы,
мақсаты.
Бизнес – жоспар өте қарапайым және түсінікті жазылуы тиіс. Бизнес – жоспар
туралы ең алғашқы көрініс, оның керек құрылымын, бере алады.
Әр бизнес – жоспарын құрайтын бір ғана тексерілген ұстаным бар, ол әрқашан
қысқа, бірақ беделді болу керек:
1. Бірінші беті (қаптама).
Бірінші бет (сыртқы парақ) және бизнес – жоспардың бірінші беті екі
тапсырманың шешімін болжайды: құжат туралы жақсы пікір алу және ақпараттың
небір керектігін қабылдау.
Егер қаптама жақсы қағазда фирманың логотипімен істелсе, ол бизнес –
жоспарға неғұрлым атақ береді. Келесі ақпарат берілуі қажет: автор туралы,
кәсіпорын туралы, істік бөлім (берілген жобаның маңызы мен мақсаты),
инвестицияның керекті өлшемі – жобаның құны.
2. Мазмұнды.
Мазмұны бизнес – жоспардың негізгі бөлімдерін көрсету керек және болашақ
инвесторларға кәсіпкерлердің сөзінің мазмұнын түсіне білу керек.
3. Іс түйіндемесі
Бұл түйіндемені кейде қысқаша мазмұндама дейді. Бұл бөлім тек бизнес –
жоспары біткеннен кейін жазылады, бірақ кей – кезде басында жазылады.
Түйіндеме – бүкіл кәсіпорынның шақыру карточкасын және ең бірінші
танысатын бөлімін құрайды.
Шынында, бұл бизнестің А дан Я дейінгі, инвесторлар оқып танысатын,
жалғыз бөлігі. Түйіндеменің бірнеше минут оқылуына талаптану керек.
Түйіндемеде бірнеше бөлікте бизнес – жоспардың қысыңқы түрін ашу керек:
1. Бөлім. Жоспардың мақсаты. Негізгі тапсырмалар. Бизнестің мақсаты.
2. Бөлім. Бизнестің көркемділігі, оның орасан басымдылығы.
3. Бөлім. Нарық сараптамасы (нарық сегментінің мінездемесі мен оны
өлшемі).
4. Бөлім. Кәсіпорынның суреттемесі. Қызмет көрсету мен өнімнің
суреттемесі.
5. Бөлім. Маркетингалық стратегия. Алыну стратегиясы.
6. Бөлім. Меншік иелері мен басқару кәсіпорны.
7. Бөлім. Болашақ табыстардың бағалары мен сатылымкөлемі.
8. Бөлім. Инвесторларға несие мен қарызды қайтарып беру процедурасы.
9. Бөлім. Салымның және басқа ресурстардың сұранысы.
Осындай түйіндеме барлық бизнес – жоспардың тез шолуын істеуге көмектеседі.
4. Бөлім келесі нысандарды енгізу тиіс: берілген бизнестің потенциалын
(бизнестің өсу мүмкіндігі), жаңа өнім атаулары, өңдеу мен қызмет
көрсету, саладағы экономикалық тербелістер, болашақ сену мен берілген
саладағы тербелістер.
5. Кәсіпорынның суреттелуі.
Кәсіпорынның суреттелу кезінде мынадай сұрақтарға жауап беру қажет:
кәсіпорынның дәл мінездемесі.
Бизнестің тарихи анықтамасы немесе өнімді өңдеу туралы анықтама, саланың
дамуының экономикалық тенденциалары, кәсіпрынның ұйымдасқан құрылымының
суреттемесі, бизнеске әсер ететін (факторлар, кезеңдік, тұтұнушы немесе
жеткізушінің тәуелділігі) байланысты бары, өндірістік қызметтің жүзеге
асуына апаратын жолдар.
Берілген бөлім инвесторға керекті ақпарат береді, ол ақпарат бизнестің
қаралған жұмысының жүруін, нарықта сыйлы орын алу мүмкіндігінің себебтерін
береді.
6. Нарық сараптамасы.
Бұл бөлімде келесі сәттерге назар аудару керек, ойлаған нарықтың
экономикалы- географиялы көрсеткіштері, соның ішінде елдімекеннің берілген
өлшемдері:
- Кешенді қызмет көрсету мен өнімнің тұтұнушылары;
- Ойлаған нарықтың мүмкіндігінше потенциалды өсуі;
- Ұсынылып отырған жобаның нарық талаптарын қанағаттандыруы;
- Бұрынғы уәкілдерді жоғалтпай, жаңаларын тартудың ұстанымы.
Таңдалған нарықтың суреттемесі кезіндегі есте сақтайтын нәрсе, ол,
сараптау күшін тек жүргізілген зерттелулер анықтайтындығы. Бостан – бос
уақыт кетірмеу үшін, мынандай көмекшілерді қолдану керек: кітапхана,
қоршаған ақпарат құралдары, телефон.
7. Күтілетін мәселелер мен оларды жеңу шаралары. Бизнестің бұл бөлімі
көбінесе екі себебпен жоқ болады: күшті және осал жағынан шыққан
стандартты ұсыныстардың жоқтығы және құрастырушының өз
кемшіліктерін,мәселелерін көрсетпеуі.
Берілген бөлім ойламаған жағдайлардан кәсіпкерді сақтау және оларды
болдырмау жолын анықтау керек.Солардың ішінде :заңдық факторлар (заңнаманың
өзгеруі,елдегі саяси жағдай) бақталастық нарығындағы жұмыс (бақталастардың
кейбір іс-әрекеттері),берілген бизнестің осал жақтары (берілген нарықта
жаңа өнімнің пайда болуы ,өте арзан өнімнің шығуы), авторлық құқық пен
ақпаратты қорғау ,күтпеген жағдайлар,кадрлар мәселесі(жұмыс уақытының
созылуы)
Дәл осы бөлім ,кәсіпкердің бизнестің барлық жағын білетінін көрсету керек.
8. Маркетингтік жоспар.
Маркетингке арналған бөлім, бизнес – жоспарының ең маңыздысы болып
танылады, себебі тек осында ғана оқылатын бизнестің тәсілдері мен мінезі
айтылады.
Кәсіпкер, адамның миын оятатын маркетинг жоспарын істеу қажет.
Маркетингалық жоспар өз тұғырын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар
несиелік тәуекелдікпен, бизнесті инвестиция үшін сатып білу керек. Одан
бөлек, бұл бөлім адамдарға менеджерден бастап ірі банктің басшылар
кеңесінің мүшесіне дейін, түсінікті болатын пішінде жазылу тиіс.
Маркетинг – табыс жолындағы ең бір маңызды шарттардың бірі болып табылады.
Тұтунышыға шынында да керек тауары болғаннын өзіндеде көптеген кәсіпорындар
(фирма) сәтсіздікке ұшырады, себебі олар бұрыс маркетинг жасаған еді.
Сондықтан да бизнес – жоспарын бағалау кезінде, үлкен назарды осыған аудару
керек.
Егер тауар, қызмет көрсету қажеттілігі анықтамаса, онда ешқандай да ақша
салымы фирмаға табысқа жетуге көмектеспейді.
Әр қашан маркетингтің төрт маңызды сәттері есте болу керек:
1. Жарнама;
2. Кеңейтілген іс байланыстары;
3. Тауар сатып алу мен қызмет көрсетудің өнері;
4. Нарықты зерттеу.
Кәсіпкер өзіне тек бір сұрақ қою керек: ақша шығындамай, өзінің кім екенін,
қандай қызметт көрсететін, қандай тауар шығаратын ақпаратты уәкілдерге
қалай жеткізу керек?
Ең бірінші ол өзінің нарығын қарастырып, оқу керек. Бұдан шығатын маркетинг
ережесі – өз нарығын білу керек.
Кәсіпкер кепілсіз маркетингтік жоспар істеу керек. Сол кезде оның табысы
өседі. Маркетингтік жоспар – бұл кәсіпкер ретінде өзін ең қолайлы жағынан
көрсету.
Маркетингтік жоспарда келесі мәселелерді дұрыстап қарап, көрсету керек:
1. Қолданылатын маркетингтік стратегиялар;
2. Әр нақты стратегияның таңдалуының себептері;
3. Кәсіпорынның бағалық саясаты, бақталастар бағасын сараптау, тұтұнушы
бағаның қабылдануы;
4. Маркетингтік бюджет;
5. Сынақ саласындағы саясат;
6. Ашылу мен жабдықтау;
7. Мамандандырылған қызметкерлер;
8. Нарықтың немесе басқа бір маркетингтік стратегиясына қарсылық
білдіруі;
9. Әр түрлі маркетингтік стратегиялардың теңестірілуі;
10. Жарнама арқылы кәсіпкердің ой – пікірі;
11. Сатуды күшейту әдістері;
12. Сатуды күшейтудегі ақпарат құралдарының маңызы мен осымен байланысты
шығыны;
9. Қаржылық баламалар.
Бұл бөлім – бизнес – жоспарының негіздерінің негізі, уақыт өлшеміндегі
санау нүктесі. Дәл осы бөлімді ақшаны дұрыс жұмсау, қаржылық жоспар үшін
қолдану керек. Потенциалды инвесторлар бұл жобаны аса көңіл қойып
сараптайды.
Келесі құжаттардың жиынтығын өндеп алу керек: сатудың жеделдеу жоспары
(болжам), табыс пен шығынның жоспары (болжам), ақша құралдарының жоспары
(болжам), болжау балансы. Құжаттардың толық тізімі ресей кәсіпкерлеріне де
алғашқы болып есептеледі, ол дүниежүзілік тәжіриебелер шартына сай келеді.
10. Күнтізбелік жоспар.
Бизнес – жоспардың бұл бөлімі өзінің атына (жоспар) сәйкес және келесі
кезеңдер әрекетін анықтайды:
1) Күткен қаржының уақытын қояды;
2) Күнтізбекке байланған бүкіл маркетингалық әрекеттерді анықтайды;
3) Өндіріс бағдарламасын көрсетеді және сатылымның керекті көлемін
қамтитын, кестесін көрсетеді.
Осы күнтізбелік жоспар, кәсіпорынның қызметінің жүйелік бақылауын
қамтамасыз етеді. Компания үшін ол өте маңызды.
Күнтізбелік жоспарда негізгі орында өндірістік жоспар тұрады. Бұл бөлімде
бөлме, қызметшілер, қондырғылармен байланысты сұрақтар қарастырылады.
Өндірістін жоспардан бөлек, күнтізбелік жоспарға ұйымдасу жоспары да
қосылады. Ұйымдасқан жоспарды бөлек бөлімде көрсету үшін, жаңа ұйымдар
ашылу қажет. Ол келесі сұрақтарға жауап беру керек: жобаның ұйымдастырылған
құрылымы, жұмысшылардың негізгі істейтін қызметтері, қызметшінің құрылымы.
11. Жобаның тиімділігі мен қаржы ресурстарының есепті қажеттілігі.
Егер бизнес – жоспардың құрылуының келесі мақсаты – бұл қаржы ресурстарын
алу болса, онда бұл бөлім керекті қажеттілігін және ресурстардың ретті
пайдалануын анықтайды. Қаржыландырған жағдайда есептемелер қозғалысы неше
қайтару ретін көрсетеді.
12. Қосымша айқындаушы.
Бизнес – жоспардың бұл бөлімі мынандай құжаттарды енгізу керек: текст
бойынша жүргізілу, библиография, қосымша құжаттар, сызба мен кестелер,
патенттер, лицензиялар, авторлық құқық және ортифинаттар.
Бизнес – жоспардың шамалы білім құрылымынан алып көрсек, онда бизнестің
жеке құрылымын құруға болады: өндірістің ерекшеліктері, сатылымның жақсы
жеңістері, қаржылық жағдайының ерекшеліктері, нарық ерекшелігі.
Бизнес – жоспардың өңделуі кезінде келесі факторларды ескеру керек:
1. Потенциалдық инвесторлардың талаптарын тіркеу. Егер инвесторлар бас
қосып жұмыс істегісі келсе, онда бірінші кезекте, олар бизнес –
жоспардың төрт тармағына назар аударады:
- Басқару ұжымы;
- Жобаланған және үделі көрсеткіштер;
- Өнім;
- Маркетингтік жоспар.
Инвестор әр қашан басқару ұжымына үлкен маңыз береді, себебі ол, кәсіпорын
үшін маңызды шешімдер қабылдайды. Сондықтанда, әрбір сәтсіздік пен сәттілік
өзара тығыз байланысты кәсіпкердің басынан өтсе, онда ол оның
тәжіриебесіне, тұлғасына және денінің саулығана байланысты.
Басқару ұжымында техникалық, концептуалдық, және тәртіптік ерекшеліктерінің
гармоникалық үйлесуі қажет. Себебі, осылар өндірістің ұйымдасуында, өнім
жеткізуінде, қызмет көрсетуінде көрінеді.
Бизнес – жоспарда тілге ынта салып, басқару ұжымының күшті жақтарын көрсете
білу керек. Қатал құрылған құрылымы бар кәсіпорын аз уақыт ішінде өз
мақсаттарына жетіп, үлкен табыстарға жетеді.
2. Қаржы мәселесінің әсерлігін тіркеу.
Бизнестің сәтті жүруі үшін барлық құралдардың қажеттілігін анықтап,
шығындарды болжау керек. Сатылымдардың сараптамасын істеп, табыс мақсатының
тегін білу керек.
Сондай – ақ алдын – ала баланс істеу қажет – кәсіпорынның әр сәттегі
жағдайын көрсететін белсенді және белсенді еместерінің бәрін тізімдеу
керек.
Бизнес – жоспардың құжаттарына кіретін қаржылық болжауларды дұрыс
ойластырып және жоспарлап қою керек. Өңдеу жұмысы үшін көп уақыт берілу
тиіс. Қаржы сұрақтарын кәсіпкер өзі қарастырады, ал инвестор ол туралы білу
керек.
Қаржы сұрақтарының тұрақсыздығынан, кәсіпкерден инвестор айналып кететін
жағдай туындамау үшін, бизнес – жоспарға келесі болжамдарды енгізу керек:
1. Баланс;
2. Табыс пен шығынды болжау;
3. Ақшаның қозғалысының болжамы.
Келіп түскен тауарлардың бүкіл жүйесінің құнын ұмытпай, саудалық тұрғыларды
дұрыс есептеуге тырысу керек.
4. Өндіріс, өнім, және қызмет көрсетудің тіркелуі.
Егер кәсіпкер капиталдың жаңа көзін еліктіргісі келсе, онда тауар мен
қызмет көрсету ақпараты өте маңызды. Сондықтан, тауар мен қызмет көрсетудің
сапалы мінездемесін және басқа ұқсас тауар мен қызмет көрсетулерімен
салыстырғандағы нақты басымдығын тапқылау керек.
Кәсіпкерге бұйым құнын көтеретін, басқаларға қарағанда басымдырақ болатын,
әр бір жақсы сапалы мінездемені суреттеуге тырысу керек.
Өнімнің өмірлік кезеңін жазып беруге болады немесе оны инвесторға
түсіндіру.
Тіпті, қиын емес кесте жасап, оны бизнес – жоспарға қосуға болады. Бұл ой-
пікірлерге көркемдік қосады. Табыс түсіруге мүмкіндік беретін және
экономикалық кезеңге әсер ететін уақытша факторларды қосуға болады.
Дайындық мезгілі-өрлеген маркетингалық зерттелулер-сату бастамасы мен өрлеу
кезеңі. Дамудың жоғарғы деңгейлі мезгілі-нарықтың айрықша бұйымы, қызмет
көрсетуі мен толтырылуы-бақталыстықтың өсуі.
Тегістелу мезгілі – нарықтағы жаңа бұйымның пайда болуы – кәсіпкерде тек
берік сатып алушылар қалады.
4. Маркетингтік жоспарды құрастыру кезіндегі нарықтың әсерінің тіркелуі.
Бұл сараптау мен дұрыс оқылуды сұрайтын тапсырма. Бұның орындалуы:
кәсіпкерлің қасында кім бар; бәсекелестердің қолында не барын, не жоғын;
олардың тауарлары несімен қымбат екенін білу.
Стратегияны ойластырғанда, өз кәсіпорнының күшті және осал жақтарын анықтай
отырып, сонымен қатар өз атқаратын қызметің белсендіреді. Және де таңдаған
стратегиясына байланысты, оның бизнесінің сәттілігі мен сәтсіздігі
білінеді. Кәсіпкерге, оның тұтынушыларының ойынан шықпаған заттарын
қарастыруға мүмкіншілік алады.

1.3 Кәсіпорынның бизнес-жоспар құрудағы тәсілдері

Кәсіпорынның бизнес жоспарында әдетті түрде талдау, қарастыру, талқылау
есептеу тағы басқа ұтымды жақтарын қарастыру жақтары жүргізіледі. Олар:
стратегиялық жоспарлау, тиімді менеджмент стратегиясы, тактикалық
жоспарлау, рынок сыйымдылығы және өткізу көлемін жоспарлау. а)
Стратегиялық жоспарлау көп жылдан бері әскери басшылар стратегия терминін
қолданып келеді. Стратегия гректің – генерал өнері деген сөзінен
шыққан. Стратегия термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында
қолданылып келгенмен, қазіргі кезде бұл атау кәсіпорын қызметінің жалпы
концепциясын білдіреді. Стратегия дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды
және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып
саналады.Стратегиялық жоспарлау дегеніміз басшы қабылдаған әрекеттер мен
шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы
стратегияны іздестіреді.Стратегиялық жоспарлау басқару шешімін қабылдауға
қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті-ұйымдағы жаңадан
енгізілгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау
басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға
бейімделу, ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжамдау.
Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілері [14]
1.Стратегияны көпшілік жағдайда жоғарғы басшылар тұжырымдайды, және
жасайды, алайда оны жүзеге асыруға басқарудың барлық деңгейіндегілердің
қатысуы көзделеді.
2.Стратегиялық жоспар жеке бір ұйымға ғана емес, бүкіл корпорацияның
болашағы үшін жасалады.
3.Стратегиялық жоспар көлемді зерттеулермен және нақты деректермен
негізделуі тиіс. Қазіргі әлемдегі бизнеспен тиімді бәсекелесу үшін, фирма
сапа, рынок, бәсеке және басқадай факторлар туралы толып жатқан ақпаратты
ұдайы жинауы, әрі талдауы тиіс.
4.Стратегиялық жоспар фирманың айқындылығын, дербестілігін білдіреді, мұның
өзі олардың белгілі бір жұмыскерлерді тартуына ықпал етеді.
5.Стртегиялық жоспарды жасағанда, ұзақ уақыт бойы тұтастығын сақтаумен
қоса, қажет болған жағдайда жетілдіруді және қайта бағыттауды жүзеге
асыратындай икемді болуы тиіс.
Ең елеулі басқару функциялары келтірілген сол арқылы жоспарлар жүзеге
асырылады ә) Тиімді менеджмент стратегиясы Жапон менеджерлері 70-жылдың
орта тұсында өздеріне мынадай сұрақтар қойды: Компанияның ұзақ мерзімдік
мақсаты қандай?, Компания орта өзгерісіне қалайша бейімделеді?,
Жұмыскерлерді қалайша тиімді пайдалануға болады?.
Қойылған сұрақтардың жауаптарын мынадай негізгі қағидалардан аңғаруға
болады [15]:
1.Тиянақты шешім стратегиясы. Америка мен Жапонияның таңдаулы фирмалары
өндірісті ұдайы жетілдіріп, жұмысты ең жаңа және таңдаулы әдістермен
орындау үшін ақша бөледі, берілген, жақсы үйретілген ұжымның өсуі мен
дамуына күрделі қаржы жұмсайды.
2. Тәуекел стратегиясы. Біз ең таңдаулы адамдарды таңдап аламыз және де
олар қателескен жағдайда көмектесіп, іскерлікті одан әрі дамытуға ықпал
етеміз.
3. Менеджмент идеясының стратегиясы. Әрбір бизнесте ең бағалысы ақша,
тауар, жабдық немесе ғимарат емес, идея бағалы.
Инновациялық фирманың жоғарғы басшысы қонымды идеяны үнемі көтермелеп
отырады. Істе сәтсіздік болған жағдайда шыдамдылық танытады.
4. Стратегия әсерлілігі фирмаға тамаша жұмыс қабілетін сақтауға мүмкіндік
береді. Менеджерлердің ықпал етушілігі тиімді басқару шешімдерін қабылдай
білуіне байланысты. Бұл жағынан қарастырғанда жапондықтар ең тиімді шешім
қабылдайтындарға жатады. Американдық немесе европалық шешім қабылдаудан,
жапондық шешім қабылдаудың басты өзгешелігі – мұнда шешім қабылдау
дегеніміз, қойылған сұраққа жауап беру.
5. Білікті мамандарды таңдау стратегиясы – қарапайым адамдарға әдеттен тыс
жұмыстарды орындауына ықпал ету.
Менеджмент тиімділігінің және білікті мамандар стратегиясы тиімділігінің
басты мақсаты – мақсат айқындалғаннан оның өлшем әдісі мен ақы төлеу әдісі
белгілегеннен кейін фирманың әрбір қызметшісінің дербес әрекет етуіне ықпал
ету, яғни фирмада тиімді жұмыс істейтін білікті қызметкерлер құрамының
болуын қамтамасыз ету.
6. Жеңілдету стратегиясы – барлық жағдайды мүмкіндігінше қарапайым қалпында
сақтау, төрешілдікке жол бермеу. Басқару құрылысын оңайлату.
7. Сапа стратагиясы. 50 жылдары проффессор Деминг американдық бақылау
саласындағы мамандықтарды американдық басқару амалдарына үйретті. Осы
жылдары жапондық менеджерлер, өз кезегінде, басқару амалдарын орташа және
төменгі деңгейдегі мамандарға үйретпестен бұрын әуелі фирмадағы барлық
деңгейдегі қызметшілерге үйретті.
8. Адалдық және тұрақтылық стратегиясы – жекелеген қызметкерлердің қойылған
мақсатты түсінуіне және өз еркіме жүзеге асырылуына жәрдемдесу, әрі
қызметкерлердің фирмаға адал, шын берілгендігін талап ету.
9. Ынтымақтасу стратегиясы – барлық қызметшілердің шешім қабылдауға
қатысуы.
Жапонияда еңбек өнімділігін арттыру үшін, бірлесіп әрекет ету мен
бәсекелестікті тиімді пайдаланады. Компаниялардың өзара бәсекелесін,
әлемдік рынокқа шығуы көтермелеп отырады, ал компания ішіндегі
бәсекелестікке жол берілмейді [16].
б) Тактикалық жоспарлау Барлық басқару функциясының ішінде жоспарлау ең
елеулісі болып табылады, өйткені мұның өзі кез-келген балама
әрекеттерді таңдап алуға байланысты. Жоспарлау кәсіпорын
басшылығындағы негзгі функциялардың бірі ғана емес, оның өзі жеке
төрт функцияда (ұйымдастыру, кадрлармен жұмыс істек, басшылық, жетекшілік
және бақылау) көрініс табады. Сонымен, басшы ұйымдастырады,
кадрлармен жұмыс істейді, бағыттайды және басшылық етеді, сондай-ақ
жоспарға сәйкес көзделген мақсатқа жету үшін бақылайды.
Жоспарлау ұғымына мақсатты айқындау және оған жету жолдары
енеді: батыста кәсіпорынның әрекетін жоспарлау, өткізу, қаржы, өндіріс
және сатып алу секілді маңызды бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Мұндайда, әрине, барлық жоспарлар бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Жоспарлау процессінің өзі төрт кезеңінен тұрады [17]:
- жалпы мақсатты ойластыру;
- белгіленген біршама уақыт кезеңіне (2, 5, 10 жылға) арналған нақтылы
мақсатты айқындау;
- оған жетудің жолдары мен амалдарын айқындау;
- жоспарлы көрметкіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру арқылы
қойылған мақсатқа жетуді бақылау.
Ірі бағдарламаны шешкен кезде, кезеңдері мен жоспарлануы біршама
ауқымды блады. Мәселен, жоспарлаудың мынадай кезеңдері ажыратылады:
- бар мүмкіндікті бағалау;
- басты міндет немесе мақсат;
- жоспарлы ұсыныстар;
- баламалар (альтернативтер);
- баламаларды қойылған мақсаттармен салыстыру;
- баламаларды таңдау;
- қосалқы жоспарлауды тұжырымдау;
- жоспарды цифр түрінде көрсету.
Жоспарлау әрқашанда бұрынғы деректерге сүйенеді, алайда кәсіпорынның
болашақтағы дамуын айқындауға және бақылауға тырысады. Сондықта да,
жоспарлаудың сенімділігі бұрынға нақты көрсеткіштердің дәлдігіне
тәуелді. Мұндай сеімділікті қамтамасыз ету бухгалтерлік дәл есепсіз және
ауқымды статистикалық қажетті базаға ие болмай мүмкін еместігі
айқын. Кәсіпорын әрқашанда жалпы рыноктың шағын бөлігі ғана болып
саналатыдықтан, ел экономикасын дәл жоспарлау үшін дәл ақпаратты
мүмкіндігінше көбірек алу қажет. Егер кәсіпорынның дамуы нақты елдегі
жалпы экономикалық дамуымен қатар өтуі міндетті болмаса, онда рынок
көрсеткіші кәсіпорынды жоспарлаудың бастапқы деректері болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнес - жоспардың құрылымы
Нарық жағдайында бизнес-жоспар құру қажеттілігі және оның маңызы
Қаржылық жоспарлау - кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқару құралы ретінде
Бизнес жоспарлау туралы жалпы түсінік
Кәсіпорынды жоспарлаудың теориялық негіздері
Қырғыз асханасын жобалау
Энергетикалық кәсіпорын “AYT International Travel” ЖШС бизнес-жоспары мысалында қаржылық-шаруашылықтық қызметін талдау
Проектілерді басқаруға арналған ақпарат жүйесін тұрғызу
Бизнес - жоспардың қаржылық тарауын талдау
Бизнес-жоспар, оның үлгісі: Алматы қаласында сұлулық институтын құру ЖШС «Самал»
Пәндер