Кәсіпорында қаржылық есеп жүргізу


КІРІСПЕ
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі.
Кез келген кәсіпорынның негізгі мақсаты-табыс табу екендінін барлығымыз білеміз, дегенмен сол табысту табу үшін кәсіпорын басшысы қай бағытта, қандай жұмыс жасау қажет екендігін дұрыс біле бермейді. Міне менің дипломдық жұмысымның өзектілігі кәсіпорынның басқару, қаржылық, салық есептерінің жүргізілуі дұрыс болуын зерттеу арқылы әр есептің өзара байланысын қарастыру.
Кәсіпорында бухгалтерлік есеп жүргізілу барысында әдістемелік ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері, ережелері мен қағидалары белгіленген, онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасына, олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызметкерлердің біліктілігіне қарап нақтыланған.
Кәсіпорынның бастапқы бақылуын жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы, құндық өлшемдері, ағымдағы топтастыруы және бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызметіне жасалған қорытынды шолу фактілері кәсіпорынның есептік саясатында көрініс табуы тиіс.
Басқаша айтқанда, есептік саясат - бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі.
Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін ұйымдастыруды кәсіпорын басшысы жүзеге асырады, және оның қызметі қаржылық есепті жүргізумен қалыптастыру принциптеріне сәйкес орын алады.
Қаржылық есепті ұйымдастыруда кәсіпорын басшысы есеп саясатын басшылыққа алады.
Пайдаланатын есеп саясатының басты міндеті мен негізгі бағыты - кәсіпорынның қызметін барынша пара-пар көрсету табыс табу үшін осы қызметтің тиімділігін реттеу мақсатында толық, объективті және шынайы ақпаратпен қалыптастыру.
Салық, басқару, қаржылық есептерінің өзара байланысы- бухгалтерлік бастапқы құжаттар шаруашылық операцияларының орын алуы кезінде жөнелту, алу, беру, өңдеу және архивке тапсыру .
Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру:
- есеп саясатының тұрақтылығын;
- шарауашылық операцияларын есепке толық көрсету, есепті кезеңнің табыстарымен шығыстарын уақытында есепке алуды және олардың келесі кезеңге өтпеуін қадағалауды ;
- жинақтамалы шоттар сомасының талдамалы шоттар сомасына сәйкестігін қамтамасыз етеді
Басқарушылық есеп болса осы аталған жұмыстарды толық өз тарапынан бақылау жасайды
Ал, салық есебінде түрлі салықтар арқылы шаруашылық операцияларды реттейді және бір жүйеге әкеледі.
Диплом жұмысы тақырыбының зерттеу нысаны -
«АМАН-ГЕО» жауапкершілігінің шектеулі серіктестіктегі басқару, қаржылық, бухгалтерлік, салық есептіліктерінің өзара байланысын зерттеу үшін өнделген. «АМАН-ГЕО» ЖШС-і Ақтөбе қаласында, жер қойнауын зерттеу арқылы геологиялық жұмыстар жасауды, өндіру және қызмет көрсету, тауарларды сатумен (түрлі геологиялық жабдықтар) айналысады.
Зерттеу пәні
Кәсіпорынның басқару, қаржылық, бухгалтерлік, салық есептіліктерінің өзара байланысын зерттеу маңызы
Тақырыптың зерттелу деңгейі
- аталған тақырыптағы диплом жұмысын жазу барысында Назарова В. Л Т. И., Қ. К. Кеулімжаев. Ә. Әбдіманапов, Шарипов, А. Қ. . сияқты ғалымдардың еңбектері пайдаланылды.
Тақырыптың деректік көзі
Кәсіпорынның басқару, қаржылық, бухгалтерлік, салық есептіліктерінің өзара байланысын анықтау барысындағы теориялық - әдістік мәселелер келесі оқымысшы - экономистердің жұмыстарында жазылған: 1 Салық кодексі. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы». - Алматы : Юрист, 2008. - 300 б. 1. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» заңы (Cалық кодексі) . : 2001 жылғы 12 маусым № 209-II. - Алматы : Центральный Дом Бухгалтера), 2008. - 320 б. 2. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» заңы (Cалық кодексі) . - Алматы:LEM, 2009. -389 б. 3. Тайғашинова Қ. Т. Басқару есебі. Оқу құралы/ Алматы: LEM, 2011 ж.
4. Төлегенов Э. Т. “Басқару есебі”. Алматы, 2006 ж. 5. Назарова В. Л., Жапбарханова М. С., Фурсов Д. А., Фурсова С. Д. Басқару есебі. Оқулық / Алматы: Экономика, 2005ж. 6. Дюсембаев К. Ш., Егембердиева С. К., Дюсембаева З. К. Аудит и анализ финансовой отчетности: Учебное пособие - Алматы: «Каржы-каражат», 2002 - 512с
Диплом жұмысының құрылымы кіріспе, үш бөлім, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады және жалпы көлемі 80-бет.
1 САЛЫҚ, БАСҚАРУ, ҚАРЖЫЛЫҚ, БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Қаржылық есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорында күнделікті орындалып отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалтерлік есептің басқа ғылымдардан ерекше екендігі мәлім.
Бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға болады.
Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың үздіксіз, белгілі бір тәртіппен, арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және оған тиісті адамдардың қолының қойылуы (қажет болған жағдайда кәсіпорын мен ұйым мөр таңбасының басылуы) құжаттау деп аталады. Сондықтан да құжаттау бухгалетрлік есептің негізі болып табылады. Себебі осы құжаттар арқылы ғана кез келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың, атқарылған қызметтің қай мерзімде жасалғанын және оған қандай мөлшерде шығын жұмсалғанын дәлелдеуге болады.
Құжат кәсіпорындағы орандалған шарушалық операцияларына сәйкес үздіксіз толтырылып, олардың мазмұнын толық ашық көрсетеді және ол бухгалтерлік есептің негізі болып табылады.
Орындалған шарушалық операцияларын бастапқы құжатқа түсіру бухгалетрлік есеп териясында алғашқы есеп сатысы деп атайды.
Кәсіпорында жүргізілетін шарушалық құбылыстарының әр түрлі болуы себебінен бастапқы құжаттардың нысаны (формасы) бірдей болмайды. Шаруашылық құбылыстары түгелдей бастапқы құжатпен құжатталуы тиіс. Әрбір бастапқы құжатқа орындалған шаруашылық операциясының мазмұны жазылып және белгілі бір көрсеткіштер түсіріледі. Құжат көрсеткіштерін деректемлер (реквизиттер) деп атайды. Олар міндетті және толықтырушы болып бөлінеді. Міндетті деректемелер бухгалетрлік құжаттарды заңды құқықпен қамтамасыз етеді.
Міндетті деректемеге (реквизитке) жататындар:
- құжаттың аты, нысанның коды;
- құжаттың толтырылған уақыты (күні, айы және жылы) ;
- құжатты толтырған заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні;
- шарушалық операциясының мазмұны;
- шаруашылық оперциясының өлшемі (натуралдық немесе ақшалай) ;
- шаруашылық оперцияның жүргізілуіне және соған сәйкес құжаттарды толтыруға жауапты адамдардың аты-жөні;
- жауапты атқарушының қолы.
Қосымша деректемелер шаруашылық операция көрінісінің ерекшеліктерімен және құжаттардың тағайындалуымен анықталады. Әртүрлі талаптарға байланысты бастапқы құжатта келісілгендей қосымша деректемелер болуы керек: құжаттың реттік нөмірі, ұйымның банк мекемесіндегі есеп айырсу шотының нөмірі, шаруашылық операцияны орындау үшін негізі болатын құжаттар және тағы басқалар. Бұл құжаттардың нысандары (формалары) келесі есеп бөлімдері бойынша бөлінеді:
- ауылшарушалық өнімі мен шикізаты
- еңбек және еңбекақы;
- негізгі құралдар мен материалдық емес активтер;
- материалдар;
- кем бағалы және тез тозғыш заттар;
- капиталдық құрылыстағы жұмыс;
- құрылыс машианалары мен механизмдердің жұмысы;
- автокөліктегі жұмыс;
- түгендеу нәтижелері;
- кассалық операциялар;
- сауда операциялары.
Бұл құжаттар операцияның орындалу барысында толтырылуы керек. Егер бұл айтылған уақытта оларды толтыруға мүмкіндік болмаған жағдайда құжаттар операция аяқталған сәтте толтырылады. Уақытында толтырылмаған құжат кәсіпорын меншігінің сақталуын бақылауды қиындатады және ол операцияның бухгалтерлік есепшотына кешіктіріліп жазылуына әкеліп соқтырады. Осы себептен ұйымның бухгалтерлік қорытынды есебін жасау мерзімі кешіктірілуі мүмкін.
Құжаттардағы жазбалар сиямен, шарикты қаламсаппен, жазба машинасымен (компьютермен) және де басқа олардың архивте көрсетілген уақыт мерзіміне дейін сақталуын қамтамасыз ететін заттармен толтырылады. Құжаттағы жазбалар анық және дұрыс көрсетілуі керек. Құжатты толтырған адам тиісті жеріне өзінің қолын анық етіп қоюға міндетті. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы алғашқы есеп құжаттарына қолдарын қоятын адамдарды ұйым басшысы бас бухгалтердің келісімімен тағайындайды.
Ақша операциялары бойынша толтырылатын құжаттар және есеп айырсу құжаттары, сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық-несиелік міндеттерін куәландыратын құжаттар бас бухгалтердің қолынсыз заңсыз болып саналып, оны орындау жүзеге асырылмайды. Егер кейбір операцияларды орындау барысанда кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтерінің көзқарастары әр түрлі болған жағдайда оларға толтырылатын құжаттар кәсіпорын басшысының жазбаша өкімі бойынша толтырылады. Соған сәйкес бұл операция үшін барлық жауапкершілікті кәсіпорынның басшысы өз мойнына алады.
Алғашқы (бастапқы) құжаттарды толтырғанда жасалаған қателерді келесі жолдармен түзетуге болады: дұрыс емес тесті не соманы оқылатындай етіп түзу сызықпен сызады да оның жанына дұрыс жазба жазылады. Бұл құжатқа түзету енгізілген жазылып және уақыты (күні, айы, жылы) көрсетіліп құжат толтырушы өз қолын қояды.
Кассалық және банктік құжаттарға түзету енгізуге болмайды. Егер аталған құжаттарды толтыру барысында қате жіберілген жағдайда оларды қайта толтыру қажет.
Бухгалтерлік есепте пайдаланылатын алғашқы құжаттардың басқадай түрлеріне түзету енгізу тек қана шаруашылық операцияларына қатысушылардың келісімімен жүргізіліп және олар өздерінің келісім бергендігін растап, түзету енгізілген уақыты (күні, айы, жылы) көрсетіп қолдарын қояды.
Есептеу үрдісінде ыңғайлы және дұрыс болуы үшін құжаттар келесі ерекшеліктері бойынша жіктеледі: мақсаты бойынша, құрастырылған орнына байланысты, көрсету тәсілі және операция мазмұнының көлемі бойынша
Мақсаты бойыша құжаттар үкімдік, атқарушылық, бухгалетрлік толтыру және құрамдастырылған болып бөлінеді.
Үкім құжатында - шарушалық операцияларды жүргізуі туралы бұйрықтар мен өкімдер жатады. Мысалы, жұмысшыларға сыйақы беру туралы бұйрық, тауарларды алуға берілген сенімхат және тағы басқалар. Бұл құжаттардың шаруашылық операциялардың аяқталуына дейін күші болады. Оған міндетті түрде операцияны орындауға бұйрық беретін жауапты адамдардың қолы қойылуы керек. Үкім құжаттарының негізінде есепте жазу көрсетілмейді, себебі шарушалық операциясын орындау үкім шығарылғаннан кейін ғана орындалады.
Атқарушылық құжаттар - шарушалық операциялардың орындалғанын көрсетеді. Бұл құжаттарға - тауарлық-материалдық қорларды алу үшін толтырылған жүкқұжат, кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлері және тағы басқаларын жатқызуға болады. Құжаттардың бұл түрі операция жасалған сәтте толтырылып және оған жауапты адамдар қолдарын қояды. Сонымен бірге орындалған оперцияларды бухгалтерлік есепшотында жазып көрсетуге негіз болып табылатын және оны растайтын құжаттардың түрі.
Бухгалтерлік толтырылған құжаттар - ұйымның бухгалтериясы жасаған әртүрлі анықтамалар, бухгалтерлік есеп шоттары бойынша орындалатын операцияларға негіз болатын кәсіпорынның бухгалтері толтырған есеп айырысулар. Оларға негізгі құралдар, материалдық емес активтер, материалдар, әлеуметтік сақтандыру аударымдары, еңбекақы төлемдері және тағы басқа бухгалтерия толтырған құжаттар жатқызылады.
Біріктірілген құжаттарының құрамына бірнеше функцияны қатар атқаратын барлық құжаттар кіреді. Мысалы: кассирге орындауға берілген кассалық шығыс ету ордері оны орындағанша үкімдік болып есептелінсе, кассир ақшаны алушыға бергеннен кейін атқарушылық болып есептеледі. Біріктірілген құжаттардың бухгалтерлік есепте қолданылуы өте ыңғайлы, ол құжаттың өңделуін жеңілдетеді және құжаттың санын қысқартады.
Толтыратын орнына байланысты құжаттар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі құжаттар дегеніміз - белгілі бір кәсіпорында толтырылып оның ішінде жүргізілетін құжаттар болып табылады. Құжаттардың мұндай түрі арқылы қандайда бір кәсіпорынның ішкі операциялары құжатталады. Сырттық құжаттарға - кәсіпорынға басқа ұйымдардан келіп түскен немесе ұйымның басқаларға түрлі операциялар бойынша жіберген құжаттарын жатқызамыз. Олардың қатарына жабдықтаушы кәсіпорындардан келіп түскен тауарлық-материалдық қорлар бойынша толтырылған шот-фактураларды, сенімхаттарды және де тағы да басқа құжаттарды жатқызуға болады.
Операцияның көрініс алу тәсіліне байланысты бухгалтерлік құжаттарды алғашқы құжаттар және жиынтық құжаттар деп бөліп қарастырылады.
Алғашқы құжаттардың өзі олардың толтырылатын операцияларының мазмұнына қарай бір рет қолданылатын және жинақталған деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Бір рет қолданылатын құжат арқылы бір ғана операция құжатталады немесе ондай құжат орындалған операцияның соңында ғана толтырылады. Мысалы: тауарды босату үшін толтырылатын накладнойлар.
Жинақталған құжаттарда белгілі бір мерзім аралығында орындалған біртектес операциялар жазылады. Мысал: Акционерлік қоғамнан бір күнде бостылған өнімге толтырылатын зоборлық карта.
Жұмыс кезінде бухгалтерлер түрлі құжаттармен жұмыс жасайды: нормативті-құқықтық, ұйымдастырушылық-өкімгерлік, ақпараты-анықтамалық, есеп айырысу ақша құжаттары және басқа да алғашқы есептік құжаттар. Олар ұйымның шарушалық қызметін айқындайды. Бухгалтерлік қызметтің сапасы құжат айналымының ұйымдастыруына байланысты. Кәсіпорындар мен ұйымдарда құжаттар бірнеше кезеңнен өтеді. Олар: жасалу немесе толтырылу, есепке алыну, тексерілу немесе өңделу, бухгалтерлік есепте операцияларды айқындау, мұрағатқа өткізу және тағы да басқа кезеңдер. Сонымен құжат айналымы дегенміз - кәсіпорындардағы құжаттардың қозғалысы, немесе басқаша түрде олардың жасалуынан, яғни толтырылуынан бастап олардың қызметінің аяқталуы және мұрағатқа өткізілу кезеңін айтады.
Құжат айналымының ережесі және есептік ақпараттың өңделу технолгиясы кәсіпорынның қабылдаған есептік саясатында көрсетілп бекітіледі.
Құжат айналымының басқару механизмін дайындау, кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің үрдісінде негізгі буын болып табылады. Құжат айналымын ұйымдастыру арқылы бухгалтерлік қызметтің тұрақтылығы, құжаттың қозғалысы мен өңделуінің жолдары және оперативтілігі, ұйымдық шешімдерді қабылдаудық уақыттылығы қамтамасыз етіледі.
Құжат айналымын басқарудың жүйесі кәсіпорында келесі кезеңдерді қамтиды:
- бухгалтерлік қызмет туралы ережені дайындау;
- бухгалтерияның және кәсіпорындағы есепке қатысы бар басқа қызметкерлердің лауазымдық қызмет нұсқалығын дайындау;
- кәсіпорындағы құжат айналымының кестесін құрау;
- есепті ақпаратты өңдеу технологиясын құру;
- істің номенклатурасын құру және құжатты ағымдағы сақтау тәртібі;
- құжаттың бағалы сараптамасы және істі ұзақ сақтауға дайындау.
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кез келген кәсіпорынның басшысы есептік жұмыстың көлеміне байланысты мынадай жұмысты жүргізе алады:
- бухгалтерлік қызметті құрылымдық бөлімше ретінде құру;
- қызметкерлер құрамына бухгалтер лауазымын енгізу;
- шарттық негізде бухгалтерлік есептің жүргізілуін мамандандырылған ұйымға немесе бухгалтер-маманына беру;
- кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жұмысын өзі жүргізу.
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп құжаттары мен құжат айналымы кестесін құруды кәсіпорынның бас бухгалтері ұйымдастырады. Құжат айналмының кестесі кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітіледі. Кесте немесе тәсім құру, тексеру және талдау жөніндегі жұмыстар тізбесі түрінде рәсімделуі мүмкін. Оларда барлық құрылымдық бөлімшелермен орындаушылардың өзара байланысы және жұмыстың орындалу мерзімі көрсетілуі керек. Кәсіпорынның есепке қатысы бар қызметкерлері өздерінің саласына қатысты құжаттарды құжат айналымы кестесіне сәйкес жасайды және ұсынады. Ол үшін әрбір орындаушыға кестеден көшірмесі беріледі. Көшірмеде орындаушының саласына қатысты құжаттар аталып, олардың орындалу мерзімі жазылады. Осы кестенің сақталуын ұйымның бас бухгалтері қадағалап отыруға тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның бас бухгалтері кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жұмысының дұрыс және уақытылы жүргізуіне жауапты болып табылады. Құжаттар кестеде көрсетілген уақытта бухгалтерияға өткізілуі тиіс. Құжаттарды қабылдау кезінде бухгалтер құжаттардың белгілі талаптарға сай, дұрыс рәсімделуін тексеру керек. Ережеге сай рәсімделмеген құжаттар жауапты адамға, яғни оны жасаған адамға қайта өңдеу үшін қайтарылуы қажет.
Бухгалтер құжатты қабылдау барысында ең біріншіден мазмұны бойынша тексереді, яғни жүргізілген жұмыстардың заңдылығын анықтайды. Олардың нормативтік актілер мен қолданылып жүрген нұсақауларға қайшы келмейтіндігін қадағалайды. Содан кейін оның деректемелерінің толық толтырылуын, тиісті лауазымды адамдардың қолтаңбаларының болуын, сомалардың нақты көрсетілуі мен операциялардың құрылымын тексереді. Бұдан кейін бухгалтер арифметиклық тексеру жүргізеді, яғни құжаттарды таксалаудың дұрыстығын тексереді. Ол тауралық-материалдық қорлардың көлемін оның бағасына көбейту арқылы орындалады.
Тексеріп болғаннан кейін бухгалтер құжаттарды өңдейді. Өңдеу құжат бойынша әр операцияны есептейтін шоттарды анықтауға негізделген. Керек болған жағдайда біртекті құжаттарды топтастырады, содан кейін бухгалтерлік есепшоттарында жазу жүргізеді. Кәсіпорын бухгалетриясында құжаттар белгілі бір ұқсастықтарына, операциялардың түріне қарай топталып бөлек папкаларға тіркеледі. Папкаларда құжаттың нөмірі, орындалған уақыты, жинақтамалы шоттың шифры және олардың саны көрсетіледі. Папкаларға тігілген құжаттар архивке өткізіледі. Бухгалетрлік алғашқы құжаттардың папкаларға тігіліп нөмірлену сақтаудың тәртібі және қажет болған құжатты іздестіру кезінде жылдам орындауды қамтамсыз етуге арналған
Сақтау мерзімдері әртүрлі құжаттар бірге орналастырылмайды. Номенклатурадағы істердің бас тақырыптары құжаттардың маңыздылығы және олардың өзара байланысына қарай белгілі бір жүйелілікпен орналастырулары қажет.
Жыл сайын кәсіпорынның сараптама комиссиясы белгілеген сақтау мерзімінің өтуіне байланысты жабылуға жататын құжататрмен іс-қағаздарын белгілеп, оларға тиісті актілер толтырады.
Жалпы құжаттарды сақтау мерзімі құжаттарын Мемлекеттік мұрағатқа тапсырмайтын ұйымдар үшін белгіленген. Мұндай Мемлекеттік мұрағаттарға құжаттарын тапсырмайтын ұйымдар, өз іс-құжаттарын (тәжірбиелік қажеттілігі жоқ және тізімге сәйкес сақтау мерзімі өткен) мұрағат органдарымен келіспей жоя алады. Кәсіпорындағы жоюға іріктелініп алынған құжаттарға акт жасалып, жойылатын құжаттар мен шикізаттарды қатар өңдеумен айналысатын кәсіпорынға өңдеуге беріледі. Құжаттарды жоюға берген уақытта қабылдау-өткізу жүкқұжаттары толтырылады. Кәсіпорындардағы негізгі бухгалтерлік құжаттарды сақтау мерзімі олардың түрлеріне қарай әртүрлі болып белгіленген.
Бухгалтерлік есеп пен есеп берудің дұрыстығын қамтамсыз ету мақсатында ұйымдарда мүліктерге және қаржылық міндеттемелерге түгендеу жүргізіліп отырады. Түгендеу жүргізудің негізгі мақсаттары мыналар:
- нақты қолда бар мүліктерді анықтау;
- нақты қолда бар мүлікті бухгалтерлі есеп мәліметтерімен салыстыру;
- есепте міндеттемелердің толық көрсетілуін анықтау.
Жалпы кәсіпорындардағы мүліктік және қаржылық міндеттемелерді түгендеу бойынша әдістемелік құралдарға сәйкес кәсіпорындағы түгендеуге жататын мүліктер дегеніміз - бұл негізгі құралдар, материалдық емес активтер, қаржы салымдары, өндірістік қорлар, дайын өнімдер, тауарлар, ақшалар мен басқа да қаржы активтері болып табылады. Ал қаржылық міндеттемелерге - банк несиелері, заемдар және тағы басқа кредиторлық борыштар жатады.
Түгендеуге кәсіпорынның қай жерде тұрғандығына қарамастан барлық мүлкі мен қаржылық міндеттемелері жатады. Сонымен қатар түгендеуге ұйымның меншігіне жатпайтын, бірақ оның бухгалтерлік есебінде есепте тұрған басқа да мүліктердің түрлері мен өндірістік қорлар (жауапты сақтауда тұрған, жалға алынған, қайта өңдеуге алынған және де тағы басқадай мүліктер), сондай-ақ қандай да бір себептермен есепке алынбай қалған мүліктер жатады.
Түгендеу барысында құжатталмаған фактілер анықталуы мүмкін. Мысалы: тауарлардың табиғи кемуі, тауарлардың шығынға ұшырау және ұрлану нәтижесінде кемуі, өлшеу мен операцияларды рәсімдеу кезіндегі жіберілген қателіктер және тағы басқалар.
Мүліктер мен міндеттемелерге дұрыс және уақтылы түгендеу жүргізуге кәсіпорынның басшысы жауапты болады. Ол қысқа мерзім ішінде нақты қолда бар құндылықтардың толық және дәлме-дәл тексерілуін қамтамасыз ететіндей етіп жағдайлар жасауға міндетті (жүктерді өлшеу мен тасу үшін жұмыс күшімен қамтамасыз ету, техникалық жағынан жұмыс істейтін таразы жабдықатырмен қамтамасыз ету) .
Түгендеу жүргізу тәртібі (бір есеп беру жылында жүргізілетін түгендеу санын, оларды жүргізу уақыты, олардың әрқайсысында тексерілетін мүлік пен қаржылық міндеттемелер тізімі), түгендеулерді міндетті түрде жүргізу қажет болған жағдайды басқа ретте ұйым басшысымен анықталады) .
Бухгалтерлік есептің басқа ғылымдардан ерекшелігі, онда ақшалай өлшем кеңінен қолданылады. Бұл өз кезегінде кәсіпорындардың активтері мен қорлану кездері туралы ақпараттарының жинақ түрде, яғни белгілі бір экономикалық талдау жасауға ыңғайлы болуын қамтамасыз етеді. Жалпы бухгалтерлік есеп жүйесінде барлық объектілер тек қана ақшалай өлшемде көрсетіледі.
Бағалау - объектілер есебінің ақшалай көрінісі (мүліктер, міндеттемелер және шаруашылық операциялар) . Ол бухгалтерлік есеп беруде шығындарды есептеу арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы бағалау мынадай жолдармен жүргізеледі:
- ұйымның сатып алған мүліктері оны сатып алуға жұмсалған шығындардың қосындысы бойынша бағаланады;
- басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ақысыз, тегін берген мүліктері сол кіріске алынған уақыттағы нарықтық құны (бағасы) бойынша бағаланады.
- Ұйымның өз өндірісінде өндіріліп кіріске алынған мүліктері сол өнімді өндіруге кеткен шығындардың құнын сәйкес бағаланады.
Нақты өндірістік шығындардың құрамына мынадай шығындар жатады:
- мүлікті кіріске алу барысында жұмсалған шығын;
- коммерциялық несиені алғаны үшін төленетін пайыз сомасы;
- үстеме баға, үстеме (наценки, надбавки) ;
- делдалға төленетін ақы (қызмет көрсетудің құны) ;
- кедендік баж салықтары;
- тасымалдауға (жеткізіп беруге) және сақтау үшін кететін шығындар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz