Қазақ поэзиясындағы ақ қайыңмен сырласу мотиві


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті

Қазақ әдебиеті кафедрасы

ДИПЛОМ (Бітіру) ЖҰМЫСЫ

Қазақ поэзиясындағы ақ қайыңмен сырласу мотиві

Орындаған:

4 курс студенті Қ. С. Жолдиева

қолы, күні

Ғылыми жетекші

ф. ғ. к., доцент С. Д. Дәрібаев

қолы, күні

Норма бақылаушы:

ф. ғ. к., доцент С. Д. Дәрібаев

қолы, күні

Қорғауға жіберілді

“___” 2010 ж.

Кафедра меңгерушісі:

ф. ғ. д., профессор Ө. Ә. Әбдиманұлы

Алматы, 2010

РЕФЕРАТ

Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Қазақ поэзиясындағы ақ қайыңмен сырласу мотиві

Дипломдық жұмыстың көлемі: 56 бет

Пайдаланған әдебиеттер саны: 43

Тірек сөздер: қазақ әдебиетіндегі лирика жанры, мотив, қайың образы.

Жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, «Қазақ лирикасы» және «Қазақ поэзиясындағы қайыңмен сырласу мотиві» атты екі негізгі бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Бітіру жұмысының негізгі мақсаты - қазақ әдебиетіндегі «қайың» мотивінің сыр-сипаты мен қолданылуын анықтау, олардың ақындар шығармашылығындағы қолданылуындағы негізгі ой өзегін айқындау. Сонымен қатар орыс әдебиетіндегі де аталмыш мотивтің ерекшеліктерін қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері өлеңдерімен салысты отырып зерттеу.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Бірінші тарауда жалпы қазақ әдебиетіндегі лирика жанры және де әдебиет теориясындағы «мотивтер» құбылысы сөз болады. Сонымен қатар орыс әдебиетіндегі С. Есенин, А. Фет шығармаларындағы «қайың» мотивінің ерекшеліктері, сыр-сипаты суреттеледі.

Екінші тарауда ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі «қайың» мотиві және қазіргі қазақ әдебиетіндегі мотив туралы сөз болып, әдебиет теориясы тұрғысынан зерттеледі.

Жұмыста қолданылған әдістер: жұмыста дәстүрлi сипаттама әдiсi, салыстырмалы, теориялық, типологиялық салыстыру әдiстерi қолданылды.

Пайдаланылған дерек көздер: З. Қабдолов, Қ. Жұмалиев, З. Ахметов сияқты әдебиеттанушы ғалымдардың еңбектері негізгі дерек көздеріне, әдебиеттерге жатады.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ … . . .

1 Қазақ лирикасы және ондағы мотивтердің қолдану сипаты . . . 5

1. 1 Лирикалық өлеңдер және ондағы мотивтердің қолданылу сипаты . . . 5

1. 2 Қазақ және орыс лирикаларындағы қайың образдары . . . 19

2. Қазақ поэзиясындағы қайыңмен сырласу мотиві

2. 1 ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындарының өлеңдеріндегі қайың образының мәні . . . 28

2. 2 Қазіргі қазақ ақындарының шығармашылығындағы «қайың» мотивінің көріністері . . . 44

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 52

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 54

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектiлiгi. Лирикалық шығармаға ақынның ішкі дүниесінің сыртқы себептермен, жалпы ақиқат шындықтың әсерімен аса қатты толқуы, автордың өз басының алуан-алуан нәзік түйсіктері, күйініш-сүйініші тән болып келеді. Ақын басынан кешкен сезім, ақын басында болған түрлі-түрлі толғаныс - субьективтік нәрсе, бірақ сонымен қатар кәдімгі обьективті дүниенің әсері. Ақынның көңіл-күйі әрқашан өзі өмір сүрген қоғамдық ортаның хал-жағдайына байланысты, өзін қоршаған шындықтың саяси-әлеуметтік сырымен сабақтас. Ол қуана шалқыса да, жабырқай толғанса да, лирикада сол дәуір өз дәуірінің шындығы мен сыры жатады. Лирика көлемі жағынан эпосқа қарағанда әлдеқайда ықшам. Сюжетке көп бара бермейді. оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, күллі сезім сол сюжет маңында бас-аяғы тұжырымды философиялық ой маңына жинақталады. Көңіл бұрар, ой толықтырар, қуантып-қайғыртар, адамның рухани өміріне ұрық себер, жүрегіне ұялар, толғағына айналар нәрсенің бәрі де лирикалық мазмұн. «Лирика тілсіз түйсіктерге сөз береді, оларды тар кеуденің қыспағынан өмірдің самалына алып шығады», - дейді орыс сыншысы В. Белинский.

Лирикалық шығармаларда көбінесе белгілі бір «мотивтер» көптеп қолданылады. Мәселен, «қайың», «ғашықтың» мотивтері бүгінгі таңда қазақ әдебиетіндегі поэзия жанрының ажырағысыз мотивтеріне айналған. Мотив дегеніміздің өзі қазақ әдебиетінде «сарын» деген сөзге жуықтайды.

Мотив әдеби термин ретінде 20-жылдардан бері А. Веселовский, В. Пропп еңбектерінде зерттеле бастады. Бұл зерттеулер әр халық әдебиетінде бұрыннан келе жатқан, бір әдебиеттен екінші әдебиетке, дәуірден дәуірге көшіп жүрген сюжетті сарындарды түгендеп қарайды. Алайда ұқсас сюжеттік сарындарды өз дәуірінен, нақтылы шығармалардағы көркемдік шешімнен, ұлттық әдеби процестен бөліп алып, жеке қарастыру ұтымды бола бермейді. Ұқсас сарындар көп жағдайда өмірдің өзінен туады, оларды халықтардың өмір тұрмысындағы ұқсас жағдайлардың әдебиеттегі көрінісі деуге лайық. Кейде олар сараланып, іріктеліп, қалыптасқан дәстүрлі сарындар болады. Немесе шығармалардың құрамындағы бір айшық жеке бөлігі сияқты болып келеді, мысалы, ауыз әдебиетіндегі сиқырлы айна, ақымақ қатын бейнесі, әкесі мен баласының жекпе-жегі, абжыланның ханшаны ұрлап әкетуі. Кейбір жанрларда тұрақты сарындар, мотивтер ұшырасады.

Мысалы, эпопея мен авантюралық романдардағы саяхатқа шығу, кеменің күйреуі, көреген қарға, өліктің тірілуі және т. б. Мұндай сарындар кейде жеке-дара ашылып, бертін келе автордың өзіндік суреткерлік шеберлігімен, дүниетанымымен, көркемдік шығарма құрылымымен ұштастырып қарала бастады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен мiндеттерi. Зерттеу жұмысының мақсаты қазақ ақындарының туындыларындағы «қайың» мотивінің әр түрлі қырларын, сыр-сипаттарын анықтау.

Осы мақсатқа орай мынадай мiндеттердiң шешiмiн табу көзделедi:

- ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындарының (М. Жұмабаев, Б. Күлеев шығармаларындағы «қайың» мотивінің қолданылуы) ;

-Қазақ ақындары шығармашылығындағы, негізінен қазіргі қазақ поэзиясындағы «қайың» мотивінің әдебиет теориясы саласындағы зерттелуін анықтау;

Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негіздері: Бітіру жұмысын жазу барысында А. Байтұрсыновтың, Қ. Жұмалиев, З. Ахметов, З. Қабдолов сынды әдебиетші ғалымдарымыздың әдебиет теориясы жайындағы еңбектері басшылыққа алынды. Ал, қазіргі кезде әдебиет теориясын кеңінен қарастырып жүрген Р. Нұрғали, З. Бисенғалидың әдеби зерттеулері жұмысымыздың негізіне арқау болды. Сонымен қатар, орыс зерттеушілерінен Л. Тимофеев, Г. Поспеловтың еңбектері мен монографиялары пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының дереккөзi. Зерттеу жұмысы негізінен өзек ретінде М. Жұмабаев, Б. Күлеев, М. Мақатаев, Т. Айбергенов, Ф. Оңғарсынова, Н. Оразалин, Т. Медетбек шығармалары жұмысымызға арқау болды.

Зерттеудiң әдiс-тәсiлдерi. Жұмыста зерттеудiң әдiс-тәсiлдерiнiң бiрнеше түрi пайдаланылды. Олардың негiзгiлерi - дәстүрлi сипаттама әдiсi, тарихи-салыстырмалы, теориялық, типологиялық салыстыру әдiстерi.

Зерттеу жұмысының практикалық мәнi. Зерттеу материалдары мен тұжырымдары жоғары оқу орындарында әдебиет теориясы, қазақ әдебиетінің тарихы пәндерінен дәрiс оқуда септiгiн тигiзедi.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кiрiспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

1 Қазақ лирикасы және ондағы мотивтердің қолдану сипаты.

1. 1 Лирикалық өлеңдер және ондағы мотивтердің қолданылу сипат. Лирика - әдебиеттің Аристотель заманынан бері келе жатқан дәстүрлі үш тегінің бірі, шындықты адамның ішкі көңіл күйіне, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың түрі [1, 56] . Лирикалық өлеңдердің оқырманды төзімнен айырып, жалықтырып жіберер ұзақ болуын ұнатпаған. Бар адамды бір адамның (ақынның) қуанышымен бөлеп, үмітімен таныстырар, құлағымен естіртіп, тілімен сөйлетер дегеніміз осы ғой . . . [2, 217]

Лирикалық шығармалардағы ақын сезімінің көрінісі, оның өлеңмен өрнектелген көңіл-күйі, еркіндігі, жанының кеңдігі, өмірден көрген талқысы, қайғысы, мұңы, қуанышы, сүйініші осы жанрдың сыршылдығын, ақын жанына туабітті жақын екендігін аңғартады [3, 56] .

Лирикалық шығармаларда ақынның өмірден түйген өз шындығын шынайы түрде алып шығу үшін, алдымен, әрине, талант керек, содан кейін талантты таразылайтын талғам керек. Әдемілік, әсіре қызылшылдық және шын жүректен терең толқып, тебірену де қажет болып табылады. Құбылыстың сыртқы қабын, бояуын, ғана көрсету жеткіліксіз, оның ішкі мәнін де танып, ұға білу де қажет. «Нағыз ақын құбылыста, фактіні өзінің ой елегінен, сезім сүзгісінен, жан жүйесінен, бүкіл болмыс дүниесінен өткізеді. Олай болса, лирикалық өлеңде ақынның сезімі мен түйсігі ғана емес, түсінігі мен танымы да бой көрсетеді. Біз оның дарын қуатын да, өй өрісін де, интеллет дүниесін де, мақсат-мүддесін де шығармасы арқылы танимыз, бағалаймыз» [4, 217] .

Қазақ әдебиетінде тыңнан қосылып, терең лирикалық өлеңдерді дүниеге әкелген, дала төсінен бір сәт арылмай келе жатқан мұңды сарынның жалғастырушысы болып танылған ақындар жетерлік. Халық болсын, жай ғана қарапайым адамдар болсын, сондай «от жүректі», «жалынан жалын өрілген» ақындардың қаламынан қуат алып, бір серпіліс сәтін бастан өткереді. Күйзеліс пен торығу, мұң мен шер торлаған көңілдің бір сәттік қуанышқа алдана салатын мезеті емес, мәңгілік күйдің бір бөлшегі. Асылы, әдебиетте мынадай қызық құбылыс бар. Қазақ жерінің кең өлкесінде өмір кешкен ақындар шығармашылығынан дала адамдары ерекше түйсінетін, жандарына жақын балайтын әуен қалықтайды. Қазақ лирикасын мазмұндық жағынан да, пішіндік жағынан да байытқан сол әуен кешегі де бүгінгі қазақ қоғамының бір сәтін де көзден таса жібермей, жіті қадағалап, елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап жанкешті хал ешуде. Әрине, ақындарға артылған міндеттің салмағы орасан болғандығы белгілі. Бұл жағдай лириканың бет-бейнесіне айналған.

Ғұламалардың айту бойынша қытай еліндегі адамға айтылатын ең үлкен қарғыс «Замандар ауысып, қоғам құлдырап бара жатқан кезде өмір сүр» екен. Бұл нақты қоғамды меңзеп айтылған сөз емес, алайда соның ұшқыны ғасырдың басында өмір сүрген ақындарымызды да бір шарпып өткені ақиқат. Мысалы, Мағжан Жұмабаев, Бернияз Күлеев сынды лириканың жалынды саласы романтикалық бағытқа бой ұрған, кең дүниеге сыймаған ақындардың қоғамда болып жатқан өзгерістерді тар қысым ретінде қабылдағаны жасырын емес. Мағжан өлеңдеріндегі рухтың күйзелісі, символдық образдар арқылы көңіл-күйінде орын алған алапат өзгерістерді беру табиғатпен, қоршаған дүниемен астасуға, сонымен бір жаратылыс болып кетуге құштарлық танытуы тосын жайт емес. Бұл біздің поэзиямыздың дәстүрінде бұрыннан да бар, бүгінгі кезде жаңғыртылып, дамытылған, адамның жан дүниесімен біте қайнасқан, сезімі бар кісіні селт еткізбей қоймайтын өзгеше сарын.

Мағжанның «Ауру», «Жұлдыздарға» деген өлеңдерінен ақынның жан күйзелістерін жақсы сезінуге болады.

Уланды жүрек, жан күйді,

Ішім толған қызыл шоқ.

Не себепті тәңір ие,

Денеге ем бар, жанға - жоқ?! [5, 121]

«Өмір» деп аталатын өлеңінде өмірді ауа райына теңеп, образды түрде суреттейді. Бірде аспанды бұлт торлап, дауыл тұрып, жан-жануар баспана іздеп тығылса, бірде аспан ашылып, бар нәрседен қайғы-мұң кетіп, күн сәулесі жердің жүзін аймалайды.

Өмір осы - бірде ол болар бұлтты,

Қатты желді, дауылды, кейде отты.

Құрып дымың қайғырып жас төгерсің,

Бұлт ашылар қайғының бәрі бітті [5]

Өмірде адам баласының басынан өткізер қат-қабат оқиғаларды терең түсіндіру үшін мұнан асқан қандай тәсілді қолдануға болады? Мұның өзі бір лирика емес пе?

«Қайда барса Қорқыттың көрінің» кебін киген ақын өмірге риза болуы мүмкін бе еді?

Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,

Сұм өмір абақты ғой саналыға.

Қызыл тіл, қолым емес кісендеулі

Сондықтан жаным күйіп-жанады да [5]

деп бар даусымен шыңғырған, жан даусымен ең ащы сөздерін айтқан Мағжандай асылға өмір абақтыдай болып өтті.

Мағжан, өлеңдерінде ақынның қаһармандық тұлғасы өзінің алдындағы немесе замандас ақындарына еліктеу сарындары көптеп кездеседі. Ақынның табиғат, жер беті, адам мен табиғат суреттерін үйлестіру шеберліктері қазақтың Абай сынды ұлы ақынымен бірге орыс халқындағы А. Блок, С. Есенин, Ф. Тютчев сияқты символистерімен жарасым табады. Демек, Мағжан поэзиясындағы бейнелі образдар, әсіресе қайың мотиві көбінесе орыс поэзиясындағы табиғат лирикасының озық үлгілері арқылы қазақ топырағында қанат жайды. Бұл пікірімізге төмендегідей түрде дәлел келтіре кетуге болады:

«Қазақ әдебиетінде бір ақын көп еліктесе, сол көп еліктеушінің бірі Мағжан Жұмабаев деуге болады. ол тек Абайға, татар ақындарына ғана еліктеп қойған жоқ, орыстың бейнешіл ақындарына да көп еліктеген. Сондықтан Мағжанның өлеңдерінде неше түрлі рух бар. Сыртқы түрінде орыстың бейнешілеріне (символист) еліктесе, ішкі рухында күйректік, жылауықтық (сентиментализм) басым болады. жылауықтық сарын ақынның жоғарыда атап өткен «Жәмила», «Зарлы сұлу» сияқты өлеңдерінде кездеседі. Жазу жолында бейнешілердің негізгі әдісі ишарамен, бейнемен түсін бояп, көлеңкелеп жазу. Олар төңіректегі деректі тұрмыстан өзге дүниеге бір ұйқастық іздейді. Олар сөздің ішкі маңызынан көбінесе сытқы ұйқасына, тізіліміне, ырғағына көбірек назар салады. Бүгінгі өмірді онша керек қылмау, өзінен өзгені жақтырмау, өнерді өте жақсы көру, әйелді сүю, махаббатты жырлау, міне, бейнешілдердің өлеңі осы сарынымен құлаққа жағымды, үнді, әуезді, күйлі, зарлы келеді. Дыбыстардың құрылымы сурет туғызады» [6, 247]

Ұлы таланттың бойында ішкі сыр, субьективтік элементтердің мол болуы - гуманизмнің белгісі. Бұл бағыттан қорықпаңыздар, ол сізді адастырмайды, алдамайды. Ұлы ақын өзі туралы, өзінің «мені» туралы сөйлей отырып, жалпы адамзат туралы айтады. Өйткені оның табиғатында адамзатқа тән нәрсенің бәрі болады. Сондықтан оның мұң-шерінен әркім өз мұңын табады, оның жанынан өз жанының сырын ұғады және одан ақынды ғана емес, адамдарды, өзінің адамзат ішіндегі бауырын таниды. Оның табиғатының өзінен биік екендігін мойындай отырып, сонымен бірге, онымен туыстығын сезінеді» деген екен әдебиетші Тәкен Әлімқұлов.

Осы пікірге сүйенсек, Мағжан поэзиясындағы бейнелі образдар ақынның жалғыз басындағы ғана мұңды білдірмейді, көпке ортақ қайғының ұштығын тарқатып, жаны алып-ұшып, соған сүйеу болар, шипа болар затты іздеуге талпынады.

«Қазіргі адамның көңіл-күйі, сезім әлемі, ішкі дүниесі қат-қабат, шытырман да күрделі. Жүрек жылуы азайып, алыс-беріс, жүріс-тұрыс, есепшотқа түскен жерде жатсырау, суыну, тас бауырлық белең алып келеді. Сағыныш мұң молайып, көзге жас іркілетін, кешегі жастық, балалық, аусар күндерд і аңсайтын сәттерде оқығың келетін жырлар болады. Атаңа, әжеңе еркелеген кездер, жаздың жылы жаңбыры, қыстың алай-түлей бораны осыларға ұқсас суреттер еске түседі. Жылауық, боркемік өлең мұндайда бола алмайды. Тіпті қайғы-қасіреттің өзін ширақ жеткізетін тірі сөзді аңсайсың. Сондықтан да шығар, талант жүрегінен толқып туған шынайы жырлармен ұшырасқанда таза бұлақтан су ішкендей боласың» [7, 12-13] .

Сондықтан сағыныш-мұңға немесе жалқы жанының шеріне толы өлеңдер соғыстан кейінгі туған ұрпақтың жүректерінен шығып жатты. Ол буынның өршіл үні поэзиямыздағы ерекше беттер болып сақталатыны анық. Қазақ өлеңдеріндегі мотивтер сырын осы жерден ғана ұғынғандай боламыз. Себебі мотив, оның ішінде ақын жанын мұңға бөлер элегиялық сарын қай заман өкілдерінің де туындыларында ұшырасып отырады. Ел басына қиын-қыстау күн туған кезде ел мұңын жұмыла көтерісетін ақындар бейтарап қалмаған. Ал «ақын әрі қаламның, әрі домбыраның да иесі» деген сөздің де жаны бар. Өйткені қазақ әдебитеті ешқашан да қазақтың басынан кешкен тарихынан бөле-жара қарастырылмайды. Ел басына күн туған алмағайып замандарда, не болмаса ел бостандығына қатер төнген кездерде ақындар не көрсе де елмен бірге көрмекке ұмтылған. Халық тағдыры арпалысқа түсіп, шарасыз халде қалған кезде елдің басындағы ауыр жағдайды өлеңдерінде сөз етіп, оны өз жанының қайғысы етіп ұштастырған. Демек халықтың әр заманда өткен ақын-жыршыларының қай-қайсысында болмасын, олардың туындыларында қорғасындай ауыр салмақ, аса терең мұң жатады.

«Ақын - рухтың ең мейірбанды күре тамыры, әлемнің ең сүйіктісі, табиғаттың құпиясы, сезім мен сезінудің ең биік жұлдызы, адам тіршілігінің ойы мен тілі» [8, 285] - деген екен орыстың танымал әдебиеттанушысы Скосырев.

Лирикалық қаһарман ұғымы ақын творчествосындағы алуан түрлі (қуаныш, реніш) өмір құбылыстарының бірлігін, тұтастығын даралап, айырып алуды қамтамасыз етеді. Әрбір өлеңде бейнеленген адам әрекеті - қуаныш, реніш сезімдері ақынның лирикалық қаһарманынының мінездерін әр қырынан көрсетіп отырады. Ақынның күллі творчествосындағы осындай сезім-күйлерінің көрінісі лирикалық образ, лирикалық қаһарман бейнелерінің тұтастығын құрайды. Ол ақынның бір өлеңінен соң, екінші өлеңінде толысып, өсіп, дамып отырады.

Сөйтіп, ақынның күллі творчествосын зерттеу арқылы біз оның лирикалық қаһарманынының қандай адам, қандай ой, ақыл-парасат, мінездің, қандай идеалдың адамы екендігін айқындаймыз. Мұның өзі ақын идеясын, оның ақындық идеалын, өз қоғамының адамының қай өреде, қандай дәрежеде болатындығын құптайтындығын айыруға да мүмкіндік береді.

Кейбір ақындардың, әсіресе махаббат өлеңдеріне қарап отырсақ, онда мұңаю, елжіреу, толғанудың да аз кездеспейтіндігін көреміз. Осы орайда, көркем шығармада, оның ішінде қайғы-шерге ден қою күйректікке апарып соқпай ма деген сауал тууы да ықтимал. Әрине, кей ақындардың мұңаю, нала, сырларын, ренішін ақтарам деп отырып, уайымшылдыққа салынып, бос желінетін көңілмен шектелетін шақтары да ұшырасады. Ондайда ақын идея, тақырып ұсақтануына, үстірттікке ұрынбай қалмайды. Бұл бірақ жабығу атаулының бәрі зиянды немесе мәні аз деуге де әкелмеуі тиіс. Адамдар көзқарасы әртүрлі, озықтық пен қалыстық, ескішілдік пен жаңашылдық, күрескерлік пен тоғышарлық, адалдық пен екіжүзділік т. б. күрес-тартыстың күрестің сан қилы түрлерін тудыратыны белгілі. Соның арқасында әр пенденің өзіндік сырласуы, буылуы, толғанысы, күреске келу жолдары болатыны мәлім. Демек, тек ұйып, еліктеу, масаттану емес, күйзелу арқылы да адамдардың өсу мүмкіндігі бар болса, көркем әдебиет оған назар аудармай қала алмайды. Қайта адамды тек жақсылық қана емес, жамандық арқылы сын. ап, тексеру оның тек жайраңдаған сәттеріне емес, егілген тұстағы адамгершілігіне үңіле білу, міне, адам өмірін жан-жақты терең зерттеуге бағытталатын бір жол осында демекпіз. Лирикалық қаһарманның көңіліне қаяу түскен сәттеріндегі ақынның тақырыпқа терең үңілуі ақынның сыр-сипатын жанг-жақты талдауға ұмтылуымен ұштасып жатыр. Демек адам масайрауын ғана емес, қамығуын бейнелеу барысында да ол есейе, кемелдене түседі. Адамның шаттануын ғана емес, қаһарланған сәттерімен бірге де кең, жан-жақты қарастыру - қазіргі қазақ поэзиясындағы ең бір елеулі жетістік.

Поэзия - киелі сөз. В. Г. Белинский сөзімен айтсақ, «Поэзия-әлемдік өмірдің қан тамырының соғуы, сол өмірдің қаны мен оты, жарығы мен күні». Академик З. Ахметов: «Поэзия-сөз өнері, көркемдік шеберліктің теңдесі жоқ озық үлгісі» [10, 4] дей келіп, оның аса маңызды құбылыстарды бейнелеп көрсетуде зор мүмкіншілігі бар екенін айтады. Өнердің асыл тегі саналатын поэзия сонау күндерден қазіргі уақытқа дейін адам болмысының қат-қабат сырын бейнелеп көрсетумен құнды болып келеді. Бейнеліліктің негізгі өзегі - қадым замандарға көне адамдар танымынан бастау алған ұғым-түсініктер екені ақиқат. Поэзияны үлкен құлып десек, оны ашатын алтын кілт-ақын жүрегі. Ақын халықтың сүйкімді де ардақты адамының қатарында тұрады. Халық қалаулысы болуы ақынның тіл шешендігі ғана емес, халық тұрмысының шындығын суреттеуі, қуанышына бірге қуану, қайғысына бірге қайғыру. Әрбір көркемдік тәсілмен, стильдің өзіндік сыры мен қыры, табиғи түрлі түсті бояуы әрі көркем шешімі болады. Әңгіме айтып келгенде осы көркемді шешімге тіреледі. Міне, осындай қасиетті байқататын ақындарымыздың шығармаларында пернелеу яки аллегория түрінде келтірілген өлеңдерде кездеседі. Демек, аллегория - дерексіз ұғымдарды, табиғат құбылыстарын өмірдегі нақтылы бейнелер арқылы суреттеу тәсілі десек. Онда бұл тәсілді пайдаланған әрбір суреткер көркем шығармада пернелеу арқылы дерексіз нәрсені деректіге нақты бейнеге өзгерткенде өздерінің дүниеге көзқарасы, таланты, біліміне қарай көркем образдар жасаудың әр қырынан келеді. Ақындардың лирикаларындағы образға көз жүгіртсек:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақберен Елгезек өлеңдеріндегі жалғыздық ұғымы
Қазақ жырының Қадыры
ЕСКІ ҚЫПШАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҒАШЫҚТЫҚ САРЫНДАР
Ф.ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ
Қалижан Бекхожин өмірі мен шығармашылығы
Арнау өлендерінің жанрлық табиғаты
Фариза оңғарсынова поэмаларындағы идеялық - көркемдік ізденістер
Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры: ежелгі поэзия мен қазіргі әдебиеттегі көрінісі
Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұйқас тәсілдері
ЖҰМЕКЕН НӘЖІМЕДЕНОВ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК СИПАТЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz