Әлемдегі ерекше отельдер


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Қазақстанға туристерді келтіру үшін біркатар жұмыстар аткарып, оның ішінде қонақ үй инфрақұрылымын колға алу керек. Еліміз дамудын нарықтық жолына түскендіктен Қазақстан көптеген шетелдік әріптестерімен жұмыс жасап, әр қаладағы біріккен өнеркәсіптермен және шетел өкілеттіліктерімен қарым-қатынасын нығайтуы қажет. Бүгінгі күні елімізде қонақ үй өмірі біршама тірілді. Жаңа қонақ үйлер пайда болып, ескілері жаңартылып жатыр.

Қонақтарды орналастыру туризмнің негізгі элементтерінің бірі. Қонақ үй индустриясы - қонақжайлылықтың негізі болып табылады. Ол ертеден келе жатқан адамзат тарихындағы қонақты күту, қабылдау мен қызмет көрсету салтанаты сияқты қалыптасқан тұрмыс - салт мәселелерінен бастау алады. Қонақтарды орналастыру жүйесі мен үй жабдықтары негізінен қызметті әр түрлі уақытша келушілерді қабылдауға және қондыруға арналған әр түрлі деңгейдегі (бастырмадан бастап, зәулім қонақ үйлер) әр түрлі типтегі үйлер. Қазіргі таңда қонақ күту индустриясы - қуатты аймақтық шаруашылық жүйесі немесе туризм экономикасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын туристік орталық ретінде қызмет жасайды.

Орналастыру - саяхаттау кезінде туристерге қызметтің кешенді түрін ұсынатын негізгі қызметтің басты бөлігі. Орналастыру құралдары туристік салада істейтін қызметкерлердің 65%, туристерден түскен үлестің 68% құрайды.

Жалпы қонақ үй шаруашылығын туристік нарықтан бөлек қарастыруға болмайды. Себебі біздің мемлекеттің туристік нарық жүйесі аздап ақсауда. Соңғы мәліметтер бойынша біздің мемлекеттен шетелге шығушы туристер саны 45, 8 % пайыз, ал келетін туристер саны 37, 9 % пайыз. Қазіргі кезде дамыған және дамушы мемлекеттердің өзі бұл салаға қызығушылық танытуда, себебі бұл индустрия саласы шетел валютасынның қайнар көзі болып табылады. Осы индустрияның көзін табушы байлық, бақыт, бедел иесі бола алады.

Туристік қонақ үй типіндегі қонақ үйлерді таңдап алу бірнеше факторларға байланысты. Олар функционалды және экономикалық, архитектуралық шарттарға тікелей байланысты. Архитектуралық-болжамдалған туристік қонақ үй туристерді мынандай шарттармен қамтамасыз ету керек:

  • жоғары дәрежелі қызмет;
  • туристердің барлық контингентіне шарттарға байланысты жағдай жасау;
  • қызмет түрінің жүйелілігі;
  • қызмет көрсетуге, тамақтандыруға, спорттық қызмет көрсетуге кеткен минималды шығындар;
  • құрылысқа және сол құрылысты жүргізуге жіберілген шығындар.

Кез келген қонақ үйдің функционалды сұраныстарын айқындау кезінде бірнеше басты жіктемелік факторларға байланысты: қызмет көрсетілетін контингенттің, олардың жас ерекшелігіне байланысты, әлеуметтік құрылымына, бос уақыттарына байланысты ерекшеленеді. Көбінесе қонақ үйлер туристерге көрсететін қызметті бір ыңғайлылықпен жүргізуге әрекеттенеді.

Ішкі және сыртқы туризм саласында қонақ үй қызметі туризмдегі қызмет көрсететін әлемдік бизнесі жүйесімен бәсекелес, Қазақстандағы туризм дамуының болашағын айқындайтын шешуші факторлардың бірі. Қонақ үй қызметін көрсету аясындағы туризмнің қызметі әлеуметтік мәдени қызметке жатады. Ол қазіргі уақыттағы қонақжайлылық қағидасына негізделіп құрылған сауықтан оның ішкі туризмнің дамуына әсері мол.

Жұмыстың мақсаты: Дүниежүзіндегі таңғажайып отельдерге талдау жасау.

Жұмыстың міндеті келесі өзекті мәселелерді қарастыру:

  • әлемдік қонақ үй шаруашылығы;
  • Қазақстанның қонақ үй шаруашылығы;
  • әлемдік таңғажайып отельдер;
  • Қазақстан аумағында бар ерекше отельдер;
  • Қазақстандағы болашақ туристік кешендердің жобасы.

Бұл еңбектің басты мақсаты әлемдегі таңғажайып отельдердің Қазақстанда пайда болу ықтималдылығын көрсету, олардың жобасын ұсыну болып табылады. Атаулы мақсаттан келесі міндеттер анықталады:

  • әлемдегі таңғажайып отельдердің сипаттарын қарастыру;
  • еліміздегі салуға мүмкіншілік беретін жерлерді қарастыру;
  • салуға болатын таңғажайып отель түрлерін анықтау;
  • оның географиялық тұрғыдан тиімділігін көрсету: жер бедері, климаты, экологиялық жағдайы
  • оның экономикалық жағынан тиімділігін көрсету.

Бұл жұмыста басты назар ішкі туристер ағымын арттырумен қатар, шетел туристерінің елге деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның аттрактивтілігінің беделді имиджін қалыптастыруға аударылған. Бұл жаңа туристік өнімді әлемдік туристік нарықта таныту үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынасын орнату, жарнаманың рөлін арттыру.

Бүгінгі таңда туристердің таңғажайып отельдерге деген сұранысы жыл санап артып келеді. Ал, таңғажайып отельдердің сол туристерді орналастырудан түскен табысы күн санап артып келеді.

Жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде бүгінгі таңға дейін туризм саласындағы шетелдік, отандық зерттеушілердің еңбектері, статистикалық мәліметтер, қонақ үй әкімшілігінің құжаттары, оқулықтар, газет-журналдар, интернет сайттары және басқа да мәліметтік ақпараттар алынды.

1 ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

1. 1 Әлемдік қонақ үй шаруашылығы

Алғашқы қонақ үйлер (керуен-сарай) ежелгі шығыс өркениетінде біздің заманымызға дейін екі мың жыл бұрын пайда болған. Ежелгі Греция мен Римде саудагерлер, әртістер, қажылар және саяхаттаушыларға арнап таверналар мен хоспитеумдар кең тарала бастады. Негізінде олар ат аялдайтын орындар мен екі қабатты ғимараттан тұрған, оның бірінші қабатында таверна, екінші қабатында жатын бөлмелер орналасты. Уақыт өте келе бұл негізгі қызметтер кешеніне саяхаттаушылар үшін театр қойылымдары өтетін ашық және жабық галереялар қосылды. Ерте ортағасырларда саяхаттар қауіпті бола бастайды. Бұл кезеңде саяхаттар діни ағым сипатына бағытталды: әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар әулиелі жерлерге қажылық сапарға аттанып отырды. Орналастыру және тамақтандыру (әдетте тегін) қызметтері монастырьларда көрсетілді.

Екі жүз жылға созылған крест жорықтары кезеңінде Иерусалимға саяхаттаушылардың саны күн санап арта түсті. Бұл жағдай алдымен Италияда, көп ұзамай басқа елдерде де кәсіби қонақ үй бизнесінің пайда болуына әкелді. Қонақ үй шаруашылығындағы келесі байқалатын кезең поштамен және транспорттық торлармен тікелей байланысты. Пошта трассалары бойында қазіргі мотельдерге ұқсас орналастыру орындары бой тізді. Қазіргі мотельдерден олардың айырмашылығы - олар жергілікті халық үшін ойын-сауықтыру орталығы қызметін атқарды, әсіресе, азарт ойындарының рөлі зор болды (дартс, домино, бильярд, тауықтар күресі) .

Отель сөзі ежелгі римдік хоспитеумнің латын түбірінен 18 ғасырда пайда болды. Қонақ үйді техникалық қамтамасыздандыру отаны АҚШ болып табылады. Әлемнің түкпір-түкпірінен келетін сансыз көп иммигранттар ағымы елде қонақ бизнесінің қарқында дамуына әкелді. АҚШ-тағы отель бизнесінің қарқынды дамуына әсер еткен екінші себеп - басқа еуропалық елдерге қарағанда онда әр түрлі балдар, би кештері, тағы басқа қоғамдық іс-шараларды өткізуге болатын аристократтық сарайлар болған жоқ. Ал, қонақ үйлер дәл осындай сипаттағы іс-шараларды өткізетін орын болып саналды. Ол үшін арнайы залдар салынды. Қонақ үй залдарында билеу дәстүрі АҚШ қалаларында 20 ғасырдың 50 жылдарына дейін жалғасып келді. Қонақ үй бизнесі АҚШ-та ұзақ уақыт бойы әйгілі болып келді. Оның айқын көрінісі ретінде АҚШ президенттері Джордж Вашингтон мен Авраам Линкольнның таверна иелері болғанын атап өтсе де жеткілікті.

Қазіргі таңдағы есікте қүлпы бар бір және екі орынды номерлер, номердегі ванна ванна мен алғашқы лифттер АҚШ-та 1829 жылы пайда болған. 19 ғасырдың ортасында алғашқы орталық жылуы бар алғашқы отель қызмет атқара бастады. Бұл салада Статлер аянбай еңбек еткен болатын. Сондай-ақ, ол қонақ үй қызметкерлеріне униформа енгізді. Ал, Еуропадағы қонақ үй бизнесінің дамуына зор үлес қосқан тұлғалардың қатарына швейцарлық Цезарь Ритцті жатқызамыз. Қазіргі уақытта оның есімімен ең танымал әрі ең қымбат еуропалық қонақ үй торларының бірі аталып келеді. Алайда, Ритц өмір бойында ешқандай отельді иеленбеген болатын, тек жай ғана жалданбалы басқарушы болып келді. (Лондондағы “Savoy” отелінде) Ритц мейрамханада оркестрдің пайда болуына бірқатар септігін тигізген болатын. Ритцтің кезінде оркестр Штраустың әуендерін орындайтын. 19 ғасырдың аяғы-20 ғасырдың басында Еуропа мен Америкада қалталы адамдарға арналған бес жұлдызды қонақ үйлер пайда болды.

Қазіргі таңда әлем бойынша мотельдерді қосқанда 300 мыңнан астам қонақ үйлер бар. Осы орайда олардың бір-бірінен қатты ерекшеленетінін де атап өткен жөн: бір қабатты отельдер мен 88 қабатты оельдер, жүзбе отельдер мен су асты отельдері, шағын (бірнеше номерлерге арналған) және ауқымды (бірнеше мың номерлер) отельдер, арзан (күніне 20-30 доллар) және қымбат (күніне бірнеше мыңдаған доллар), шулы отель-казинолар мен тынығу үшін арналған тыныш отельдер.

Соғыстан кейінгі жылдары халықаралық қонақ үй торлары кең тарала бастады. әлемдегі тұңғыш қонақ үй торы - Hilton болып табылады. Бұл мәртебеге жетуге оған американдық “Пан Американ” әуекөлік компаниясы өз септігін тигізді. Латын Америкасының елдеріне сапар шегу барысында онда американдық бизнесмендер үйреніп қалған жоғары деңгейдегі қонақ үйлердің жоқтығын байқайды. Осыдан кейін оларда жаңа бір идея туындайды: аталмыш елдерде қызмет көрсету деңгейі тура АҚШ-тағыдай отельдер салу. Мәселен, Аргентинадағы “Hilton” отелінің сервис жағынан Нью-Йорктағы “Hilton” отелінен ешқандай айырмашылығы болмауы тиіс болды. Қазіргі таңда әлемде көптеген халықаралық қонақ үй торлары қызмет атқарады: Holiday Inn, Choice, Best Western, Marriott, Hilton, Sheraton, Hyatt, Carlson (Radison SAS), Accor, Club Mediterrean, Intercontinental Hotels, Horte, Robinzon Club.

Қонақ үй кәсіпорындарының келесі түрлері анықталған:

Отель - қонақ үй кәсіпорнының дәстүрлі түрі, ірі қалаларда орналасады, қызмет көрсетуші персонал штаты үлкен, көптеген қосымша қызметтер мен жоғары ыңғайлылықты ұсынады.

Отель-люкс - сыйымдылығы жағынан шағын және орта, әдетте қала орталығында орналасады. бағасы жоғары. Негізгі клиенттері: конференцияға қатысушылар, іскер адамдар, бизнесмендер, жоғары ақы алатын мамандар. Номерде бірнеше бөлме болады, қонақ күту бөлмесі мен жатын бөлме міндетті түрде.

Орташа класқа арналған қонақ үй - сыйымдылығы жағынан отель-люкстен көп (400-2000), қала орталығында орналасады. негізгі клиенттері: бизнесмендер, жеке туристер, конгрестер мен конференцияларға қатысушылар.

Қонақ үй-апартамент - сыйымдылығы жағынан шағын немесе орташа (400 орынға дейін) - тұратын халқы жоқ ірі қалаларда орналасады, негізінен пәтер типтес бөлмелер ұсынады, өздік қызмет көрсету, бағасы тұрақтау мерзіміне байланысты. Негізгі клиенттері: ұзақ мерзімге аялдайтын отбасылы туристер мен бизнесмендер, саудагерлер.

Эконом кластағы қонақ үй - (150 орын және одан жоғары) - автомагистральдарға жақын орналасады, қарапайым және жылдам қызмет көрсету, шектеулі қызмет түрі, бағасы да сәйкесінше төменірек. Негізгі клиенттері: толық пансионды қажет етпейтін бизнесмендер мен жеке туристер.

Отель-курорт - курорттық жерде орналасады, толық қызмет түрі.

Мотель - автотуристерді орналастыру құралдары, автомагистралтдарға жақын жердегі қала шетінде орналасады, ғимарат бір немесе екі қабаттан тұрады. Сыйымдылығы жағанан шағын және орташа (400 орынға дейін), төмен баға бойынша шектеулі қызмет түрі көрсетіледі. Негізгі клиенттері: әр түрлі категориядағы туристер, әсіресе, танымдық автотуризмге аса назар аударылады.

Отель-гарни - клиенттерге шектеулі қызмет түрін көрсететін кәсіпорын (орналастыру және континенталды ас) .

Апарт-отель - бірнеше пәтерден тұратын қонақүй кәсіпорны, бағасы қанша адам тұратынына байланысты болмайды, өздік қызмет көрсету, клиенттер тамақты өздері істейді.

Пансион - 10-20 адамға арналған (кейде 50), бір отбасының меншігінде болады, бағасы төмен.

Бунгало - туристерді орналастыру үшін жеңіл материалдардан жасалған шағын құрылыс.

Кемпинг - авто-, мото-, вело- туристерге арналған лагерь, туристер палаталарда немесе жазғы үйлерде қонады, өздік қызмет көрсету, қала сыртында орналасады.

Ротель - вагон түріндегі жылжымалы қонақ үй, бір және екі орынды номерлерден тұрады.

Флотель - суда орналасқан ірі жүзбелі қонақ үй, арнайы жабдықталған кеме.

Флайтель - ғарыштағы отель, бағасы өте қымбат.

Акватель - стационарлық кеме, көлік көзі болып есептелмейді, отель ретінде қолданылады.

Қонақ үй - уақытша тұруға арналған кәсіпорын. Қонақ үй сөзінен отель сөзінің айырмашылығы:

Отель - қолайлылық жағдайы өте жоғары, кең номенклатуралы, жоғары қызмет сапасын көрсететін қонақ үй кәсіпорны. Қонақ үйге тән сипаттар:

Белгілі бір минимумнан асатын номерлер санының болуы және ортақ басшылыққа бағынады.

Міндетті қызметтерді ұсыну (санитарлық торларды жинастыпу, күнделікті номерлерді жинау) .

Қосымша қызметтерді ұсыну (кір жуу, киім тазалау, шаштараз. Автокөлікті жалға алу) .

Көрсетілген қызметтерге байланысты кластар мен категорияларды стандарт талаптарына сәйкес топтастыру.

Қонақ үй қызметінің әлемдік тәжірибеде жекелеген қонақ үй типтері ұсынылады. Бұл типтер жекелеген қонақ үйлердің географиялық жағдайына, қалыптасқан сұраныс ерекшеліктеріне байланысты қалыптасады. Типологияда қонақ үйдің сипаттамасы, комфорт деңгейі, сыйымдылығы, функционалдық тағайындалуы, орналасқан орны, жұмыстың ұзақтығы, тамақпен қамтамасыз етілуі, клиенттің келу ұзақтығы, басқару формасы сияқты факторларды біріктіреді.

Қазіргі таңда әлем бойынша 30 астам қонақ үй жіктемесі бар және әрбір елдің өзіндік стандарты тағайындалған. Кеңінен таралған жіктеме жүйелері келесідей:

Жұлдыз жүйесі - француз ұлттық жіктеме жүйесіне негізделген еуропалық жіктеме жүйесі, 1-5* аралығында. Франция, Австрия, Венгрия, Египет, Қытай, Ресей, Бразилия тағы басқа елдерге тән.

Әріп жүйесі - Грецияда қолданылады, қонақ үйлер 4 категориядан тұрады және олар әріппен белгіленеді: A, B, C, D. Қонақ үй сапасының ең жоғары категориясы de luxe деп белгіленеді. Егер бұл жүйені әріптік жүйеге аударсақ келесідей болады: 5* - de luxe, 4* - A, 3* - B, 2* - C, 1* - D.

Тәж немесе кілт жүйесі - Ұлыбританияда тараған. Оны әдеттегі жұлдыз жүйесіне ауыстыратын кезде жалпы тәжден біреуін алып тастаймыз, яғни, жұлдызбен салыстырғанда тәж бір бірлікке жоғары болып келеді.

Аргентина қонақ үйлері ұлттық жүйеге енген. Бес жұлдыздык категорияға сай бес категория белгілері енгізілген.

"Т"- туристік класс- Ол екі жұлдыздык қонақ үй болып есептелінеді.

"Ғ"- бірінші класс. Бұл үш жұлдызды қонақ үй деп есептейміз.

"ҒS"- супер класс. Суперкласс - төрт жұлдызды конақ үйге сай келеді.

"L" - люкс, "DL"- өте жайлы ең жоғарғы қонақ үй категориясы болып бес жұлдызбен тең.

Мальдив аралдары қонақ үйлері ете жайлы, жоғарғы сапалы қызмет көрсете алады. Ең жоғарғысы "Стандарт" ауқатты демалушыларға арналған. " DL" қонақ үйлер орта ауқатты адамдарға арналса, "Балалар кешені" жанұялык топтарға арналған арнайы тұрақтар. Мальдив жері туристік рекреациялық аймак болғандықтан лауазымды адамдарға арналған "Президенттік кешен" деп аталатын қонақ үйлерді де кездестіреміз.

Америка Құрама Штаттарының қонақ үй және мотелдер ассоциациясының ақпараттары бойынша, АҚШ-та 46 000 қонақ үй және мотель, жалпы бөлме сандары 3, 3 млн . Жылдық табыс көлемі 65 млрд. долл. АҚШ- та басқа мемлекеттерде сияқты нақты өкімет органдары тарабынан бекітілген қонақ үйлердің классификациясы жоқ. Бірақ тәжірибе жүзінде қонақ үйлер түрлері көп. Америка автомобильдер ұйымы қонақ үйлерді “бриллиант” бірлігімен сипаттайды. Ал Mobile Travel Guide ұйымы болса қонақ үйлерді “жұлдыз” жүйелігімен сипаттауда. АҚШ Автомобильдер Қоғамына кіретін 24000 қонақ үй мынадай қызмет түрлерімен және категориялармен сипатталады:

Категориясы бір бриллиант қонақ үй - негізгі жол торабы жағынан жай ғана көрініске ие және де мұнда туристер үшін ең керекті шарттар қарастырылған.

Категориясы екі бриллиант қонақ үй - сапасы орта дәрежедегі қызмет және жиһаз түрімен әбзелденген. Қонақ үйдің сыртқы көрінісі аса көрнекті.

Категориясы үш бриллиант қонақ үй - сапасы жағынан жоғарыда айтылған екі категорияға қарағанда, айтарлықтай көптеген мүмкіншіліктерге ие.

Категориясы төрт бриллиант қонақ үй - келген қонақтардың сұранысынан бұрын оларға арнайы қызмет түрлері көрсетіледі. Негізгі жол торабынан күрделі көрініске ие.

Категориясы бес бриллиант қонақ үй- келген қонақтарға максималды түрде қызмет көрсетіледі және бөлме ішіндегі жиһаздар, қонақ үй сыртының көрінісі архитектуралық сапасы жағынан керемет.

Қонақ үй кәсіпорындарының сыйымдылығы бойынша жіктемесіне тоқталар болсақ, ол номерлер немесе орындар санымен анықталады. Номерлік қордың сыйымдылығы бойынша қонақ үй кәсіпорындары 4 категорияға бөлінеді:

  • шағын (100-150 дейін) ;
  • орташа (100-400 дейін) ;
  • үлкен (300-1000 дейін) ;
  • алып (1000 дейін)

Функционалдық тағайындалуы бойынша қонақ үйлердің жіктелуі:

Мақсатты қонақ үй - оның өзі іскерлік негізіндегі және демалыс үшін қонақ үй деп бөлінеді:

Іскерлік негізіндегі қонақ үй - конференция, форум, съезге келген адамдар үшін арналады. Іскер адамдарға қызмет көрсету үшін келесідей талаптар жағдайын жасау керек: номерде демалыс зонасымен қатар міндетті түрде жұмыс зонасы ұсынылуы керек, іскерлік шаралар жүргізу үшін арнайы орындардың бөлінуі, арнайы техникалық құрал-жабдықтардың болуы.

Демалыс үшін қонақ үй - демалу және емделу мақсатында келген туристерге арналады. Оған курорттық қонақ үй, пансионаттар мен демалым үйлері, туристік-экскурсиялық қонақ үйлер мен казино-отельдері жатады.

2) Транзиттік қонақ үй - қысқа мерзім уақытындағы қызмет көрсететін қонақ үй. Негізінен олар үлкен қозғалысты магистраль маңында орналасады, шектеулі қолайлылық деңгейімен ерекшеленеді. Транзиттік қонақ үйлер тобында кең тарағаны - мотельдер. Алғашқа мотельдер АҚШ-та пайда болды.

3) тұрғылықты тұруға арналған қонақ үй.

Орналасқан орнына қарай :

  • қала орталығында орналасқан
  • теңіз жағалауында орналасқан (50, 100, 150, 200, 250, 300)
  • тауда орналасқан

Жұмыс істеу мерзіміне байланысты:

  • жыл бойы
  • екі маусымды
  • бір маусымдық

Тамақпен қамтамасыз ету бойынша:

  • толық пансион - орналастыру және үш реттік тамақтандыру:
  • орналастыру және тек таңғы ас

Туристердің келу ұзақтығына байланысты:

  • ұзақ мерзімді
  • қысқа мерзімді

Бағасы бойынша:

  • бюджеттік
  • экономдық
  • орташа
  • бірінші санаттағы
  • апартаменттер
  • фешенебельді

1. 2 Қазақстанның қонақ үй шаруашылығы

Қазақстан конақжайлығының қалыптасуының көне тамыры тереңде жатыр. Оның пайда болуы алғашқы қоныстардың, көлік жолдарының және сауда қатынастарының дамуымен байланысты. Алғашқы қонақ үйге ұксас ғимараттардын ашылуын біздің заманымыздың алғашкы ғасырларына қатыстыруға болады. Ұлы Жібек Жолы бойындағы аймақтардың зерттелу нәтижесінде көне көпестер мен саяхатшылар үлкен керуендермен түйелер арқылы қатынайтын болған. Олар керуен жолының бойындағы қалалардан немесе елді-мекендерден шатыр құрып түнейтін болған. Бірақ кейде олар ерте қонақ үй келені болып табылатын - керуен-сарайларда аялдаған. Керуен-сарайлар керуеннің тұрғылықты және сату ауласы болған. Сол ғасырларда қолайлы қызмет көрсету ұғымы Азияда Европаға карағанда әлдеқайда ілгері болғанымен де, шығыстағы керуен-сарайлар ақша табу мақсатында емес, саяхатшының демалысы мен саудасын дамыту мақсатында салынған болатын.

Бірақ 13 ғасырдың басы болашақ Алматы мен жалпы Жетісу аймағына қай салада болсын үлкен төңкеріс әкелді. Моңғол шапқыншылығы елдің экономикасына ғана емес, қала мәдениетіне де кері ықпалын тигізді. Ұлы Жібек Жолы маңындағы калалардың күйреуі сауда және керуен жолдарының әлсіреуіне әкелсе, ол өз алдына сол кезеңдегі енді өркендеп келе жатқан керуен-сарайларының еріксіз өз жұмысын тоқтатуына әкеп соқты. Алайда сауда мен көлік жолдарының қайта өркендеп дамуы Ақсақ Темірдің билеу кезеңінде басталады. Соғыс қимылдары алаңының өркендеуіне байланысты елдер жаңа жолдар салып, жаңа калалардың ашылуы халықаралык қатынасты дамыта түсті. Мұны өзі жаңа қонақ жайларын ашуды міндеттеді.

Қазақ хандығының құрылуы қонақ үй шаруашылығына еш кері әсерін тигізбей, бірқалыпты дамуды байқатады. Қонақ үй кешендері дамуының одан арғы тарихы Қазақстанның Ресейге косылу кезеңі болып табылады. 19 ғасырдың алғашкы жартысының соңына карай Қазақстан толығымен Ресей империясының кол астына енген кезде соғыс қорғаныстарын, жаңа жолмен калалардың салынуы қонақ үй шаруашылығының одан ары қарайғы дамуын талап етті. Сол жылдардағы қонақ үйлердің мысалы ретінде пикеттерді, қонақ үй палаткалары мен шатырларды айтуға болады. Осылайша қарқынды дамыған Қазақстан қонақ үй шаруашылығы 1903 ж. Алматы қаласында алғашкы «Европа» қонақ үйінің салынуына әкеп соқты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы туристік кешендер
Қазақстандағы әлемдік қонақ үй жүйелері және Қазақстан туризмнің қазіргі жағдайы
Қонақжайлылық индустриясы менеджментінің жалпы сипаттамасы
Қонақ үйлердегі қызмет көрсету сапасын ұйымдастыру
Зерттеу пәнін қонақүй секторындағы кәсіпорындарда қызметтердің сапасын басқару процесінде орнайтын ұйымдастырушылық - экономикалық қатынастар
Египет мемлекеті және туризм
Халықаралық қонақ үй ісін ұйымдастырудың теориялық – әдістемелік негізі
Қонақ үй сервисіндегі ақпараттық ресурстар және оның қолданылуы
«Достық» қонақ үйі
Малайзияның туристік орталықтары жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz