Әл Фараби тарихи мұралары



I.КІРІСПЕ :
Әбу. Насыр Әл.Фараби туралы
II.Негізгі бөлім:
а)Әл.Фараби тарихи мұралары
ә)Әбу.Насыр Әл.Фараби екінші ұстаз
б)Әл.Фараби еңбектеріндегі тәрбиелік мәселе
III. ҚОРТЫНДЫ:
Данышпан,философ,энциклопедист. Әл.Фараби
Ол – аты әлемге әйгілі ұлы ғұлама философ, данышпан, әдебиетші , ақын, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған энциколопедист дүние жүзінің ғалымдарының бірегейі. Жалпы мәдениеттің дамуына, әсіресе Шығыс мәдениетіне, Орта Азия және Қазақстан мәдениетінің дамуына тигізген ықпалы айрықша. Қазақ халқы ғана емес бүкіл түркі тектес халықтардың бір тұтас дәуірінің ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің, ғылымы мен білімінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері Әбу-Насыр әл-Фараби – түркі тілдес халықтардың ғылымы мен білімін, мәдениетін, медицина негізін қалаушы, халықтардің қоғамдық дамуын озық денгейде бағыттап, өз кезінің ең басты мәселелерін дәл бейнелеп, дұрыс қорытынды шығара білген философ, ғалым әрі ұстаз.
Ғұлама ғалымның ұлы мақсат-мүдделері бізге жазба деректері арқылы жетті. Әл-Фараби қалдырған бұл мұралар өз дәуірінің алуан түрлі мәселелерін қамтыды.Сонымен қатар Абу насыр Әл-Фараби ел бйлеу ісіне де зор үлесін қосқан.Ол билік жүргізудің тиімді тактикаларын ұсынып отырған. Әл-Фарабидің ғұлама ғалым болуына себеп өзінің туған жер аясынан шығып, әлемді кезіп бойына кең көлемді мәдениет, ілім ғылым сіңіруі болды.
1. “ Әл-Фараби және рухани мұра”
Алматы 1994 ж
2. “Әл-Фарфби және Абай”. Ақжан Машанов
Алматы 1994 ж
3. “Ежелгі дәуір әдебиеті” И.Керімбетов
Алматы 1991 ж
4. “Қазақ даласының ойшылдары” (2-ші кітап)
Алматы 2001 ж
5. “Қазақ даласының жұлдыздары”
Алматы 1995 ж

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті

“Қоғамдық пәндер” Кафедрасы”

Тақырыбы: “ӘБУ-НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ ”

Оқытушы:Жумадил М.Т

Студент: Искакова М.А

Мамандығы: 050703

Тобы: ИСБ-3К

Алматы 2006
КІРІСПЕ

Ол – аты әлемге әйгілі ұлы ғұлама философ, данышпан, әдебиетші , ақын,
Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған энциколопедист дүние жүзінің
ғалымдарының бірегейі. Жалпы мәдениеттің дамуына, әсіресе Шығыс
мәдениетіне, Орта Азия және Қазақстан мәдениетінің дамуына тигізген ықпалы
айрықша. Қазақ халқы ғана емес бүкіл түркі тектес халықтардың бір тұтас
дәуірінің ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің, ғылымы мен
білімінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері Әбу-Насыр әл-Фараби – түркі
тілдес халықтардың ғылымы мен білімін, мәдениетін, медицина негізін
қалаушы, халықтардің қоғамдық дамуын озық денгейде бағыттап, өз кезінің ең
басты мәселелерін дәл бейнелеп, дұрыс қорытынды шығара білген философ,
ғалым әрі ұстаз.
Ғұлама ғалымның ұлы мақсат-мүдделері бізге жазба деректері арқылы
жетті. Әл-Фараби қалдырған бұл мұралар өз дәуірінің алуан түрлі мәселелерін
қамтыды.Сонымен қатар Абу насыр Әл-Фараби ел бйлеу ісіне де зор үлесін
қосқан.Ол билік жүргізудің тиімді тактикаларын ұсынып отырған. Әл-
Фарабидің ғұлама ғалым болуына себеп өзінің туған жер аясынан шығып, әлемді
кезіп бойына кең көлемді мәдениет, ілім ғылым сіңіруі болды.

ӘБУ-НАСЫР ӘЛ -ФАРАБИ
(870 – 950 жылдар)

Әбу Насыр әл-Фараби – қазақ топырағында дүниеге келген, дүние жүзінік
мәдениетпен білімінің Аристотелдьен кейінгі екінші ұстазы (арабша: “Муллими
соний”) атанған данышпан, философ, дәрігер, энциколопедист ғалым,
әдебиетші, ақын.
Ол Арыс өзенінің Сырдарияға құя берісінің сағасындағы ежелгі Отырар
оны қыпшақтар Қарақошы деп те атаған қаласында туылған. Ол Отырарда
медіресе бітіріп, оның дүние жүзіндегі ең бай кітапханасында білім алған
ғалым. Ежелгі түркілердің орталық қаласы Отырары кезінде негізінен Қыпшақ,
Қаңлы, Қоңырат мекен еткені тарихта жақсы мәлім. Бұл шаһарды арабтар Фараб
деп атаған. Сол бойынша ұлы ұстаз Әл- Фараби атанып кеткен.
Әл-Фарабидың толық аты -жөні: Мұқхаммед ибн Мұқхаммед ибн Узлағ
Тархани – деп жазылатын болған. Біріншіден әл-Фараби түркі тектес ру
тайпасынан шыққанын білдіреді. Екіншіден, оның ата бабасы дәулетті,
қыпшақтар арасында есімі белгілі кісілер болғанын көрсетеді. Өйткені
қыпшақтар атақтысы ғана Тархан деп аталатын болған.
Жастайынан асқан зерек, ғылым өнерге мейілңнше құштар болып өскен әл-
Фараби алғашқы білімінің туған жері Отырарда қыпшақ тілінде алады. Ол өсе
келе қз заманынығ аса маңызды ғылым мен мәдени орталықтары: Бағдад,
Қорасан, Дамаск, Кайр т.б шаһарларда болды. Сол қалаларда оқыды.еңбек етті.
Ол араб елдеріне барғанға дейін-ақ еліне танымал кемелденген ғұлама атанған
кісі.
Әл- Фараби жастайынан түркі тілімен қатар, араб, парсы, грек, латын,
санскрит тілдерін жетік менгерді. Ғұлама ғалым әл-Фрабии атсалыспаған
зертттеу жүргізбаген ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол философия, логика,
маатематика, астрономия, медицина, музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы
т.б. салалары бойынша қыруар көп еңбектер жазды. Алайда оның көптеген
шығармалары ел арасында қол жазба ретінде тарап, бірте- бірте жоғалып бара
берген Фарааби еыбектетінің кейбір тізімі ғана сақталған. Фараби
шығармаларының санын неміс ғалымы Ш.Штрейшнейдер 117 еңбек десе, түрік
ғалымы Атеш 160, ал сровет ғалымы Б.Ғафуров 200 тракат деп көрсетеді. Ұлы
ғалымнің ұшан-теңіз еңбектері біздің заманымызға дейін сақталып , бүгінгі
ұрпақтың қолына тигені қырыққа жуық шығарма деуге болады.
Әрине, Әбу насыр Әл-Фараби ең алдымен кезінде “Шығыстың Аристотелі”
атанған есімі әлемге мәшһүр философ болды. Ол көне заманның Полтон,
Аристотель, Гелен сияқты ақыл-ой алыптарының шығармалары туралы көптеген
тракаттар мен түсініктемелер жазды.Сөйтіп Фараби шығыс пен батыстың ғылыми
қамуын грек философиясымен, логика ғылымымен ежелгі мәдениетімен
таныстыруға зор роль атқарды.
Әл-Фараби әлуметтік қоғамдық және етникалық көзғарасын танытатын
туындылары да аз емес. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, әсіресе, “Қайырымды
қала тұрғындарының көзғарастары”, ”Бақыт жолын сілтеу”, ”Азаматтық саясат”,
”Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері ” деген сияқты еңбектерінің мәні
ерекше зор.
Ұлы ғалым гуманист ретынде адам ақыл ойының жан-жақты дамып, табиғат
пен қағам сырын толық ашу мүмкін екеніне кәміл сенеді, адамзат қоғамындағы
барлық проблемаларды шешуге қабілетті ең басты күш – ақыл –парасат деп
біледі. Әл- Фараби өзінің “Қайрымдыы қала тұрғындары көзғарастары ” атты
кітабында бірқатар, қоғамдық, әлуметтік, этникалық мәселерді сөз етеді.
Мұндағы қала деп отырғаны - мемлекет . Ғылым бұл шығармасында мемлекеттің
пайда болуы , ондағы теңсіздіктің өмірге келуі, идеал қала қалхының
моральдық бейнесі, мұндай қала әкімдеріне қажетті адамгершілік қасиеттер,
әрбір адамның бақытқа жету үшін бүкіл қоғам болып тіршілік етуі
керектілігі, т.б. мәселелер жайлы өз пікірін ортаға салады.
Әл-Фарабидің “Ғылымдар жүйесі” кітабында ғылымның көптеген салаларын
жеке тоқтатып, Бұл еңбектің барлық ғылымды дамыту үшін маңызы зор, Соның
ішінде “Тіл туралы ғылым ”, “Логика” т.б. тарауларында тіл тану, грамматика
мәселелері, логикалық сан алуан сипаттары таңдалған.
“Қайырырмды қала турғындарының көзқарасы” туцралы тракатында тыныштық пен
бейбітшілікке негізделген білімді әкім билеген идеал қауымды ұсынды.
”Адамның ішкі дүниесін аша білу, түйсік, сезімге әсер ету білімділікті
талап еттеді”, - деп көрсетеді әл-Фараби.
Әл-Фарабидің дүние жүзіне даңқын шығарған еңбегінің бірі – “Музыканың
ұлы кітабы ” - деп аталады.
Сөйтіп жас ұрпақтың эстетикалы ұғымын, сезімін қалыптастыру үшін әл-
Фарабидің ойынша үш нірсе ерекшк орын алады;
1) Баланың ішкі ынта- ықыласы, құмарлығы, табиғи қабілеті;
2) ұстаздың шеберлігі әрі тазалығы;
3) сабақ процесінің алатын орны.
Сонымен қатар болашақ қоғамда адамдардың емін-еркін, азат өмір
сүретін қоғам мүшелерінің бәрі тең, брін бірі құрметтейтін, бақытты қоғам
ретінде суреттейді. Бүкілхалықтық бақытқа жетудің бірден бір жолы ғылымды,
білімді игеруде деп біледі.

Әл-Фарабидың логикалық ілімі
Шығыстың екінші ұстазы атанған ұлы бабамыз өз заманында адам баласы
жасаған ғылымдардың саласаласын зерттеп, логика ілімінің де сырын терең
бойлаған.
Әл-Фарабидің пікірінше адам парасатты күйінде тумайды, оның бойында
парасаиттылыққә бейімдәләктәң нышаны ғана болатындығын, олардың тағдыры
баланың өскен әлуметтік ортасы мен алған тәрбиесіне байланысты беп
түсінген.
Әбу Насыр әл –Фарабидің (850-950) логика саласындағы мұралары оның төл
туындысы “Ғылымдарды жіктеу жайындағы сөз ” деген еңбнгінде баяандалады.
Логика саласының әл-Фараби мұрлары ғылым тарихында ежелгі грек жұртының
ғұламасы Логикалық ілімімен өзектес.
Логиканың адамнің өмір қабілетінен туындап, алғашқыда сөйлеу, онан соң
сөз арқылы ой талқымасымен ақиқатты танып білу құралына айналғаны мәлім.
Ертедегі ғұламаалар мен әл-Фараби мұраларында логика (мантик) сөзі
сөйлеу, ақыл ойдың мән жайын білліретін “мағына ” және адамның анық сөйлеу
әрекеті сияқты үш түрлі бағытта қоллданылған. Адамның ақыл ой қызыметіндегі
ойлау жүйесі логика ғылымының, ал дыбысты тіл арқылы сөйлеп, ойын білдіруі
граммтыка ғылымының зерттейтін пәні деп саналған.
Әл-Фараби логика аданың ақыл-ой жүйесі мен қажеттілігін бейнелейтін
мынадай алты түрлі салаға бөліп қарастырған:
1.Категориас (арабша “Макулат”).
Бұл сала бойынша обьектілер жеке сөздік атаулар арқылы бейнеленген.
2. Арабша “әл-Ибара”, грекше ”Бари Хар минийас”,
3. Ойлау арқылы мәселелердің тетігін шешуге қолданылатын силлогизм
түрлері. Арабша “Әл-Қийас” олгрекше Аристотел еңбекткріндегі ”Бірінші
Атлантика”.
4.Адамнің ақыл-ойы мен әрбір нәрсенің шындығын айқындап, оный мәні
мен ақтқаттығына көз жеткізетін ойлау әрекеті - дәлелдеу.
5. Адам ойының диалектикалық даму тұлғасынан ізденістірілуі араб
тілінде “әл-Мәуини әл-джадалийна” делінеді.
6.Софистика. мұндай атаудың бір жағынан “даналықты сүю” мағынасында
айтылған. Екінші жағынан адамнің ой жүйесін “әдейі шатастыруын” білдіретін
әрекет.
Әл-Фараби мен қазіргі қазақ халқының
рухани мәдениет үндестігі
Аты әлемге әйгілі ұлы ғұлама философ Әбу Насыр әл-Фарабидің ілімінің
жалпы мәдениеттің дамуына, әсіресе щығыс мәдениетінінің дамуына тигізген
ықпалы айрықша. Ол ғылым шығармаларын өз дәуірінің ғылыми тілі саналған
араб тілінде жазды. Қазақ халқының рухани мідениетінде әл-Фараби ерекше
орын алады. Ол Қазақстан жеріндегі тұлғалы философиялық жүйені құрған
тұнғыш философ ретінде белгілі. Мұнда метафизмканың және онтологияның,
логика мен таным теориясының, социология, этика және эстетика ғылымдарын
жүйелеудің мәселелері қаралады.
Мәдениеттің кейінгі дамуына, соның ішінде шығыс, Орта Азия, Қазақстан,
Кавказ халықтарының мәдениетіне әл-Фараби жасаған ықпал әрі талапты әрі
ұзақ уақытты қамтиды. Барлық етникалық топтардың, соның ішінде түркі
халықтарының өкілдерінің мұсылман шығысының мәдени өміріне белсенді түрде
қатысуы, әдеби тілді халықтық негізде дамту әрекеттріне қолайлв жағдай
туғызды.
Әл-Фараби этникасының еғ жоғарғы катогориясы - бақыт, сұлулық,
табиғат. Қоғамды жетілдіру – бағытқа жетудің басты шарты. Тек жетілген
қоғамның тұсында жеке адам бақытты бола алады. Философия болмайынша,
дүниенің жалпы үйлесімін, оның құрлысының сұлулығын ұқпайынша, шын бақытқа
жетуге болмайды...
Бұл дүниеде рахат деп білуіміз басқа дүниеде азапқа айналуы мүмкін ғой...
Бірақ әділеттілік о дүниеде болады деп бұл дүниеге жикенішпен қарауға
болмайды. Әл-Фараби былай дейді: “Қайырымды адам өз өмірін зарлап
жетілдіруге тиісті емес, өйткені өмірге деген сүйіспеншіліктңғ өзі
ізгіліктің сарқылмас көзі болып табылады”.
Міне, осы бір өмірге деген сүйіспеншілік, сұлулық, гуманизм, табиғат
сырын ұғыну қазақ халқының фальклрорында, аңыз әңгімелерінде, ақын
жыраулардың шығармаларында басды орын алады. Қазақ халқының фольклорында
философиялық ой пікірлер тұнып тұр. Бұл қазақ ойлау мәдениетінің,
философиясының өзіндік ерекшелігі, төл қасиеті болып табылады.
Қазақ халқының білгір ғалымы Шоқан Уәлиханов Асанғайғыны
көшпенділердің философы деп тегін айтпаған.
Әл-Фарабидің:
Тылссым түнге құщағын жайған далам,
Мен жатырмын ұйқысыз жапа-жалғыз,
Жанымды ой жарағы аймалаған , -
Деген өлең жолдарын оқи отырып, Абай өлеңдерін еріксіз еске аламыз.
Әл-Фараби ілімі мен түркілік дәсүрлі
мәдениеттің сабақтастығы
Әл-Фараби дүниежүзілік мәдениеттің дамуына терең із қалдырған, туған
елінің дәстүрлі мәдениетінің байлығымен бірге түркі жұртына көршілес жатқан
иран, үнді, араб елдерінің қол жеткен табыстарын бойына сіңірген ғұлама
ғалым.
Әл-Фарабидің өшпес мұрасын зерттеген осы тарихи байланыстарыңыз,
иөзіне дейінгі өз елінің дәстүрлі мәдениеті мен өмір шындығынсыз қарастыру
мүмкін емес. Міне сондықтан әл-Фарабидің ілімдерінің кейбір мәселелерінің
түркі жұртының дәстүрлі мәдениеттерімен салыстыра отырып, ондағы тарихи
сабақтастықты айқындауды мақсат еттік.
Ол ел басқару ісін жетілдіруде дінді екінші қатарға қойып, бірінші
қатарға теориялық философияны қойды.Мұндай жүйені малғаш рет түрік
қағанатынің дәуірлеп тұрған шағында жазып қалдырғанОрхон ескерткіштерінен
көреміз: “Жоғарғыда зеңгі көк, төменде қара жер жаралғанда олардың екуінің
арасында адам баласы жаралған. Адам баласы менің ата-бабаларым үстемдік
құрған! Олар бұған дейін әмірші болған көк тұркілердің арасында тәртіп
орнатып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философские трактаты
Қазақ даласының жұлдыздары
Ғалымдар энциколопедиясы
Қазақстан жеріндгі материалдық және рухани мәдениеттің дамуы
Фараби туралы
Салқынбаев М. Әл-Фарабидің әдеби мұраларының зерттелуі
Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті жайлы
Зиялыларымыздың рухани тұлғасы ұлт болмысымен сабақтас
Данышпан, философ, энциколопедист, әдебиетші, ақын Әл-Фараби
Отбасы тәрбиесі – халық педагогикасының негізі
Пәндер