ЖШС «Камаш-Строй» құрылыстағы өндіріс шығындарын есепке алудың әдістері мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
КІРІСПЕ
1. ЖШС «КАМАШ.СТРОЙ» ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ
1.1 Құрылыс қызметіндегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
1.2 Құрылыстағы шығындар есебі
1.3 Құрылыстағы шығындардың жинақтамалы және талдамалы есебі
2. ЖШС «КАМАШ.СТРОЙ» ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІН ТАЛДАУ
2.1 Құрылыстағы шығындар есебін талдаудың әдістері мен түрлері
2.2 ЖШС «КАМАШ.СТРОЙ» өндірістік шығындардың есебін талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Бұл тақырып қазіргі Қазақстан Ресубликасында дағдарыс жағдайында өте маңызды және қызықты тақырып болып табылады.
Шығындар есебі – кәсіпорындарды басқарудың ең негізгі құралы болып табылады. Өндіріске шығындар есебін жүргізу қажеттілігі өсуде, ол шаруашылық қызметті жүргізудің қиыншылықтарына және рентабельдікке деген талаптардың өсуіне байланысты. Қазіргі таңда әр кәсіпорын өзінің әр түрлі дайын өнімдерінің өтімділігі, қабылданған әр шешімнің тиімділігі, олардың қаржылық қорытындыларға тигізетін әсері, сонымен қатар, өз шығындар ауқымы туралы нақты ойлары болуы тиіс.
Шығындар – қойылған мақсатқа жету үшін экономикалық ресурстарды өндірістік процесске тартудың өткен немесе болашақтағы мүмкіндік көрсеткіші. Шығындарды жоспарлау – бұл жалпы мекеме және оның жеке бөлімшелеріне өндірістік міндеттердің қойылуы мен оларды іске асыруға қажетті қаражаттар түріндегі алға қойған мақсаттарын анықтау процессі.
Әрбір нарықтағы кәсіпорын жоғарғы деңгейдегі пайданы қамтамасыз ету шешім қабылдауға ынталы. Осы шартты орындауда негізгі талаптардың бірі шығындарды азайту болып табылады. Ол үшін:
- өндіріс шығындарының құрамы мен құрылымын білу қажет;
- шығындарды талдап, тиімді пайдалануын, реттеуді және бақылауды ұйымдастыру;
- шығындарды шектеу, өнімнің сапасына сәйкес және оның бағаның негізі болатындығынан мәні өте жоғары;
- шығындардың өзгеру заңдылықтарын білу қажет.
Шығындардың есебін жүргізу мәселесі ертеден келе жатқан күрделі мәселе. Өндірістік есеп міндетіне қаржылық есептер жасау үшін тікелей өндірістік шығыстарды анықтау кіреді. Бухгалтерлік есептің мәліметтері көптеген сұрақтарды шешу үшін талап етіледі және бұл ақпаратты тіркеу мен жетіктеудің ықпалды жүйесін құру қажет.
Құрылыс жұмыстарының ерекшелігі оның үздіксіздігінде болып табылады. Құрылыс жұмыстары келісімге қол қойылғаннан бастап құрылыс жұмыстары бірнеше жылдарға созылуы мүмкін, сәйкесінше ол бірнеше есептік кезеңдерді қамтиды.
Құрылыс барысында өндірілетін өнім сол орында қалады, жұмысшылар бригадасы мен құрылыс техникасы жаңа объектіге ауысып отырады. Жұмыс күші мен құрылыс техникасын басқа жерге ауыстыру қосымша шығындарды талап етеді. Кейбір шығындар (құрылыс машиналары мен механизмдерін монтаждау, не монтаждан алу) есепте алдын-ала жиналып, одан кейін тиісті кезеңмен есеп объектілеріне бөлінеді.
Құрылыс өндірісінде өнімді өндіру үшін ұзақ мерзім талап етіледі, сондықтан ол бірнеше жылға созылуы мүмкін және бірнеше есептік мерзімді қамтиды.
Басқа өндірістерге қарағанда, құрылыста өндіріс мерзімдерінің ұзақтығына және көптеген объектілерде бірмезгілде бірнеше жұмыстың жүргізілуіне байланысты аяқталмаған өндірістің қалдықтары үлкен болады.

1. Төлегенов Е.Т., Бейсенбаева А. К. Құрылыстағы бухгалтерлік есеп. – Алматы: ОҚУ ҚҰРАЛЫ / Е..:Заң әдебиеті ,2008.-112 б.
2. Савицкая Г. В Анализ хозяйственной деятельности предприятия. – Минск: Учебник, 2002.- 336 б.
3. Строительство: учет, налоги, право. Справочник. – Минск: ООО "Статус-Кво 97", 2006.- 563 б.
4. Кеулімжаев К.К., Кудайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері. Алматы, 2006 – Учебник, 121б.
5. Родостовец В.К, Габдуллин Т.Ғ. Родостовец В.В. Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Қазақстан-орталық аудиті тәуелсіз аудиторлық компаниясы. Алматы . – 2003. – 478б.
6. Радостовец В.К. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы: 2002.- 366б.
7. «О государственной поддержке инновационной деятельности»//Официальная газета 2008. №15 (433) 12б.
8. Бюллютень бухгалтера, № 12, Типовой план счетов бухгалтерского учета : Разяснение специалиста – 31.07. 2007.
9. www.afn.kz
10. Bnews.kz – Астана: Нур Отан партиясының съезі
11. www.nationalbank.kz
12. Рауан Еділбаев Bnews.kz үшін.
13. Палий В.Ф. Международные стандарты финансовой отчетности. Москва: Юнит, 2005. – 179б.
14. Кеулімжаев Қ.К., Тулегенов Э.Т. Байдаулетов М.Б. Құдайбергенов Н.А. Шоттардың типтік жоспары: шоттар корреспонденциясын құру методологиясы
15. Исмагулова Б.,Ережепова Э., Абдижапарова Г., Словарь для студентов. – Алматы: «Аруна» баспасы,2002ж-38б.
16. № 11 IAS Халықаралық қаржы есептілігінің «Құрылыс салуға жасалған шарттар» стандарты
17. № 12 БЕС “Күрделі құрылысқа мердігерлік келісім”
18. Бухгалтерлiк есептiң Типтiк шоттар жоспары. Алматы, 2007ж.
19. 17.04.95 жылғы №2200 «Лицензиялау туралы Қазақстан Респуликасының Заңы»,
20. 16.07.01 жылғы №242-2 «Архитектура,сәулет-құрылыс қызметі жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңы».
21. Қазақстан Республикасы. 2006 жылдың 28 ақпанында қабылданған Заң. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы. – Алматы

ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1. ЖШС КАМАШ-СТРОЙ ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ
ӘДІСТЕРІ МЕН ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ
1.1 Құрылыс қызметіндегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
1.2 Құрылыстағы шығындар есебі
1.3 Құрылыстағы шығындардың жинақтамалы және талдамалы есебі
2. ЖШС КАМАШ-СТРОЙ ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІН ТАЛДАУ
2.1 Құрылыстағы шығындар есебін талдаудың әдістері мен түрлері
2.2 ЖШС КАМАШ-СТРОЙ өндірістік шығындардың есебін талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Бұл тақырып қазіргі Қазақстан Ресубликасында дағдарыс жағдайында өте
маңызды және қызықты тақырып болып табылады.
Шығындар есебі – кәсіпорындарды басқарудың ең негізгі құралы болып
табылады. Өндіріске шығындар есебін жүргізу қажеттілігі өсуде, ол
шаруашылық қызметті жүргізудің қиыншылықтарына және рентабельдікке деген
талаптардың өсуіне байланысты. Қазіргі таңда әр кәсіпорын өзінің әр түрлі
дайын өнімдерінің өтімділігі, қабылданған әр шешімнің тиімділігі, олардың
қаржылық қорытындыларға тигізетін әсері, сонымен қатар, өз шығындар ауқымы
туралы нақты ойлары болуы тиіс.
Шығындар – қойылған мақсатқа жету үшін экономикалық ресурстарды
өндірістік процесске тартудың өткен немесе болашақтағы мүмкіндік
көрсеткіші. Шығындарды жоспарлау – бұл жалпы мекеме және оның жеке
бөлімшелеріне өндірістік міндеттердің қойылуы мен оларды іске асыруға
қажетті қаражаттар түріндегі алға қойған мақсаттарын анықтау процессі.
Әрбір нарықтағы кәсіпорын жоғарғы деңгейдегі пайданы қамтамасыз ету
шешім қабылдауға ынталы. Осы шартты орындауда негізгі талаптардың бірі
шығындарды азайту болып табылады. Ол үшін:
- өндіріс шығындарының құрамы мен құрылымын білу қажет;
- шығындарды талдап, тиімді пайдалануын, реттеуді және бақылауды
ұйымдастыру;
- шығындарды шектеу, өнімнің сапасына сәйкес және оның бағаның негізі
болатындығынан мәні өте жоғары;
- шығындардың өзгеру заңдылықтарын білу қажет.
Шығындардың есебін жүргізу мәселесі ертеден келе жатқан күрделі мәселе.
Өндірістік есеп міндетіне қаржылық есептер жасау үшін тікелей өндірістік
шығыстарды анықтау кіреді. Бухгалтерлік есептің мәліметтері көптеген
сұрақтарды шешу үшін талап етіледі және бұл ақпаратты тіркеу мен
жетіктеудің ықпалды жүйесін құру қажет.
Құрылыс жұмыстарының ерекшелігі оның үздіксіздігінде болып табылады.
Құрылыс жұмыстары келісімге қол қойылғаннан бастап құрылыс жұмыстары
бірнеше жылдарға созылуы мүмкін, сәйкесінше ол бірнеше есептік кезеңдерді
қамтиды.
Құрылыс барысында өндірілетін өнім сол орында қалады, жұмысшылар
бригадасы мен құрылыс техникасы жаңа объектіге ауысып отырады. Жұмыс күші
мен құрылыс техникасын басқа жерге ауыстыру қосымша шығындарды талап етеді.
Кейбір шығындар (құрылыс машиналары мен механизмдерін монтаждау, не
монтаждан алу) есепте алдын-ала жиналып, одан кейін тиісті кезеңмен есеп
объектілеріне бөлінеді.
Құрылыс өндірісінде өнімді өндіру үшін ұзақ мерзім талап етіледі,
сондықтан ол бірнеше жылға созылуы мүмкін және бірнеше есептік мерзімді
қамтиды.
Басқа өндірістерге қарағанда, құрылыста өндіріс мерзімдерінің
ұзақтығына және көптеген объектілерде бірмезгілде бірнеше жұмыстың
жүргізілуіне байланысты аяқталмаған өндірістің қалдықтары үлкен болады.
2015 жылға қарай Қазақстан құрылыс матералдарына елдің сұранысын 80
пайызға қамтамасыз етуі қажет. 2015 жылы ішкі өндіріс есебінен Қазақстан
еліміздің құрылыс материалына деген сұранысының 80 пайызын қамтамасыз етуі
тиіс.
Алайда 50 пайыз құрылыс материалдары әлі де импортталатынын жеткізген
Елбасы құрылыс секторының сұранысын қазіргі заманғы цемент зауыттарымен,
шыны өндірісімен, қажетті материалдармен, темір-бетон бұйымдарымен
қамтамасыз ету үшін еліміздегі өндірістік базаны дамыту қажет. 2015 жылға
қарай ішкі өндіріс есебінен Қазақстан елдің сұранысын 80 пайыз қамтамасыз
етуі қажет.
Сонымен, әлемдік дағдарысқа және құрылыс қарқынының төмендеуіне
қарамастан, Қазақстанның құрылыс секторының қиындықтарды лайықты өткеруге
барлық мүмкіндіктері бар. Құрылыс саласын қолдаудың түрлі схемаларын
әзірлеп, ұсыну арқылы мемлекет барынша күш жұмсауда. Енді бәрі, бірінші
кезекте, сол құрылыс компанияларының өркениетті жұмыс істеуге деген
талпынысына байланысты болмақ.
Жұмыстың мақсаты – кәсіпорынның өндірістік қызметінде материалдарды
тиімді пайдалану арқылы өнім шығару, оны өткізу және пайда табу балып
табылады. Шығындарды мейлінше азайту, олардың түрлері жайлы, шығындарды
азайту тәсілдері де осы дипломдық жұмыста қаралған.
Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған
әдебиеттерден тұрады. Жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы өндірістік шығынның
экономикалық сиаттамасы және шығындардың түрлері көрсетілген. Екінші
бөлімінде құрылыстағы бухгалтерлік есеп туралы айтылған, сонымен қатар
құрылыстағы болатын шығындар туралы мәлімет берілген, ал үшінші бөліміне
келетін болсақ, онда, ЖШС КАМАШ-СТРОЙ мысалында өндірістік шығындардың
есебіне талдау жасалынады: оған теңге таур өніміне, еңбек шығындары, жанама
шығындарды талдау т.б. жатады, құрылыстағы шығындар есебінің жетілдіру
жолдары жайлы ақпараттар берілген және қазіргі Қазақстан
Республикасындағы, сонымен қатар бүкіл әлемдегі болып жатқан дағдарыстың
құрылысқа әсері мен одан шығу жолдары берілген.

Кәсіпорын қызметін басқару жүйесін қайта ұйымдастыру отандық өндірістік
есеп үшін өндіріске жұмсалған шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялау ұғымдарын бағалауда жаңа мүмкіндіктер ашады.
Есепті ұйымдастыру жүйесі келесі кезеңдерде қарастырылады:
1) өндірістік қызмет процесіндегі пайда болу мезгіліне қарай
алғашқы шығындардың бейнеленуі;
2) өндірістік шығындар туралы мәлімет қызмет түріне, өндіріске,
құрылымның бөлімшелеріне, шығындардың пайда болу орындарына, жауаптылық
орталығына, өнімдерге, жұмысшыларға қарай оқшаулау;
3) өндірістік шығындарды пайда болу уақытына және өзіндік құнға
қосылуына қарай, сонымен қатар басқа да уақыт кезеңдері, өткен шығындар,
есепті кезең және болашақ кезең шығындарына қарай оқшаулау;
4) кәсіпорынның жалпы шығындарын өндірістік бөлімшелер арасында бөлу:
жалпы өндірістік шығындарды аяқталмаған, дайын өнімнің өзіндік құнына қосу
жолымен өтеу;
5) қызмет көрсетуші (көмекші) өндірісінің өндірістік шығындарын оның
аяқталмаған және дайын өнімдері арасында бөліп, шығындарды өндірістік
бөлімшелері қызмет көрсетуші өндірісінің өнімдерін, жұмысшылары мен
қызметтерін тұтынушылары бойынша қайта бөлу;
6) аяқталмаған өндірісті және өндіріс процесінде алынған қалдықтарды
анықтап, бағалау және тауарлы өнімнің барлық көлемі мен жекелеген өнім
түрлерінің өзіндік құнын анықтау.
Осылайша, өндірістік есеп өндіріске жұмсалған шығындар есебі (1-5
кезеңдер) мен калькуляциялық есепті (4-6 кезеңдер) қамтып, өзіндік құнды
басқаруда ақпаратпен қамтамасыз ететін интеграциялық жүйе ретінде
көрінеді.
Өзіндік құнды түсіну үшін (шығындар жиынтығы ретінде) оны 3 жақтан
қарастырайық:
1) шығындар ресурстарын пайдаланумен анықталады;
2) шығындар ақшалай өлшемдегі пайдаланылған ресурстарының санын
сипаттайды;
3) шығындар олардың жұмсалу мақсатында өнім өндірісі, қандайда бір
бөлімше қызметімен салыстырылады. Осыдан өзіндік құн (шығын) белгілі бір
мақсаттағы пайдаланылған ресурстардың ақшалай өлшемдегі шамасы.
Шығындар есебінің объектісі әртүрлі өндірістік шеңберде анықталуы
мүмкін. Бұл ақпараттарды пайдаланушылар мен басқарудың мақсатына байланысты
болады. Шығындар есебінің нақты объектісінің сипаттамасы шығындарды бағалау
әдісі мен өндірістегі есеп жүйесінің түрін анықтайды.
Әртүрлі мақсат үшін әртүрлі өзіндік құн негізгі принципі өзіндік
құнның 3 түрімен жүзеге асырылады:
1) толық өндірістік өзіндік құн, ол қалыпты жағдайда оперативті
шешімдер қабылдау және бағаны белгілеу үшін қолданылады;
2) тікелей өндірістік (ішінара) өзіндік құн арнайы жағдайларда
оперативті шешімдер қабылдау және баға белгілеу үшін қолданылады;
3) жауапкершіліктің орталығы бойынша өзіндік құн. Ол жауапты
атқарушыларының қызметін бақылау және жоспарлау үшін қолданылады.
Толық өзіндік құн өндіріске жұмсалған барлық ресурстарды құрайды. Ол
шығындар есебінің объектісіне жұмсалған тікелей шығындар мен соған қатысты
жанама шығындарының қосындысынан тұрады. Жанама шығындар 2 кезеңге:
жауаптылық орталығына қарай; алдын ала таңдалған базалар мен коэффициенттер
бойынша дайын өнімдерге бөлінеді. Бұл бөлініс өндіріс көлемі мен аяқталған
және аяқталмаған болып анықталады.
Толық өзіндік құн бойынша бағалау жүйесін жетілдіру – қалыпты шығын
мөлшерін бағалау болып саналады
Нормаларға сәйкес келешекте пайда болуы тиіс шығындарды бағалау
нормативті шығындар жүйесі деп атайды. Бұл жүйенің шығындарды бағалауының
қолдануының бастапқы кезеңінде шығындарды тікелей және жанама түрлерге
бөлінуі жүзеге асырылатын, ал шығындардың тұрақты және айнымалы түрлеріне
бөлінуі қарастырылмайтын. Мұндай жүйе стандарт-кост деп аталады. Өндіріс
барысында қалыптасқан ауытқулар тікелей нормалардан артық шығындалуы және
бағаның өзгеруі деп бағаланады. Тұтастай алғанда жүйе технологиялық бақылау
үшін қолданылып, өндірістік қуаттарды пайдалануды бақылаумен байланыссыз
болған. Нормативті шығындар олардың жоспарланған деңгейі қазіргі заманға
сәйкес жүйелер тікелей шығындар үшін стандарттарды (нормативтерді), ал
жанама шығындар үшін сметалар (бюджеттерді) қарастырады. Шығындарды
бағалауды қарастырып отырған жүйенің мүмкіндіктерін кеңейту өндіріс
қуаттарының нақты пайдалануына келешек нормативті шығындарды есептеуге
мүмкіндік береді. Сондықтан жанама шығындар тұрақты және айнымалы
бөліктерге бөлінеді де, ол нақты өндіріс көлеміне сай жанама шығындарды
анықтауға мүмкіндік береді.
Нормативтер бойынша шығындарды бағалау жүйесі кәсіпорынның ресурстарын
пайдалану деңгейін сипаттап, басқарушылық шешімдерді жеңілдетеді.
Сметаны жасау құрылыс объектілерінің өзіндік құнын нормативті
калькуляциялау негізделген, осы мақсатта материалдардың, еңбек және қаражат
шығындарының сметалық көлемі анықталады. Құрылыс жұмыстарының сметалық
өзіндік құнының негізі – ол құрылыс материалдарын дайындауға сметалық
калькуляция, құрылыс машиналарын пайдалану және еңбек шығындары болады.
Сметалық нормаларды жасағанда орташа шарттар мен барлық кешенді құрылыс
жұмыстары ескеріле отырып құрылыс жұмыстарының тәсілдері қолданылады.
Калькуляциялау мақсаты шығындар түрін жүйелеп құрылысты ұйымдастыруда дұрыс
шешім қабылдауға әрекет ету.
Бұл мақсат төмендегідей бағытты қамтуы шарт:
1) ішкі аудитті жүргізу;
2) жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын бағалау;
3) жұмыс түріне қарай тиімділігін анықтау;
4) шығын мөлшерін азайтудың жолдарын анықтау;
5) инновациялық әдістерді қолдану қажеттілігін тану.
Бүгінгі күні қолданылып отырған тәжірибеде көрсетілгендей құрылыс
кәсіпорындары калькуляциялық шығындар баптарын қолданады, яғни:
1) материалдар;
2) жұмысшылардың еңбекақысы;
3) құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану үшін кеткен
шығындар;
4) үстеме шығындар.
Өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктері мен технологиясына байланысты
өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялаудың бірнеше әдістері қолданылады.
Калькуляциялауды жасау мерзімі: алдын ала және кейінгі (немесе
кезектегі) болып екіге бөлінеді.
Алдын ала жасалатын калькуляция өнімді шығарғанға дейін өндіріске
қажетті деңгейдегі шығындардың мөлшерін топшылайды. Оған жоспарлы, сметалық
және нормативтік калькуляция жатады.
Жоспарлы калькуляция – өнімге (жұмысқа, қызметке) және бұйым
бірлігіне мүмкін болатын шығындардың деңгейінде анықталады, бірақ ол кезде
еңбекақының, энергияның, отынның, материалдардың нормасы, өндірістің
технологиясы, сондай-ақ резервтері ескеріледі.
Сметалық (болжамдық) калькуляция – бұл жоспарлы калькуляцияның бір
түрі, ол жоспарланған және жаңадан игерілген бұйымның негізінде жасалады.
Ол жоспарлы калькуляцияны жасауға негіз бола алады.
Нормативтік калькуляция ағымдағы жоспарлы калъкуляцияның бір түрі болып
табылады. Бұл аталған әдіс шығындарды есептеудің нормативтік әдісін және
кәсіпорынның өзінде пайдаланып жүрген өнімнің өзіндік құнының
калькуляциясын колданады. Оның негізінде қол жеткен шығындар деңгейін
сипаттайтын ағымдағы және әрекет етіп тұрған нормаларды пайдаланады.
Нормативті калькуляцияның жоспарлы калькуляцияға карағанда дәлділігі
анағұрлым жоғарылау болып келеді.
Кейінгі (немесе кезекті) калькуляция өнім шығарылғаннан соң
бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша жасалынады.
Олар нақты шығынды көрсетеді. Оларға нақты (есеп беру калькуляциясы)
және шамаланған калькуляция жатады.
Өнімнің өзіндік құнының нақты (есеп беру) калькуляциясы нақты
шығындармен сипатталады, ал ол жоспарлыдан кәсіпорынға байланысты себептері
бойынша да (өнімді өндірудің орындалуы немесе орындалмауы, кейбір шығындар
түрлерінің артық немесе кем жұмсалуы) және оған байланыссыз себептері
бойынша да (материалдарға бағаның өзгеруі, амортизациялық аударымдардың
нормасы, суға, газға, жылуға, электр энергиясына тарифке өзгерістер
енгізілуіне байланысты) ауытқуы мүмкін.
Калькуляцияның бұл түрі нақты шығындар туралы есептік мәліметтің
негізінде дайындалады.
Шамаланған калькуляция нақты шығындар және тоғыз айдың ішінде алынған
өнімдер немесе басқа да кезеңге есептелген шығындар деңгейінде жасалады.
Калькуляциядың бұл түрі ағымдағы жылдағы өндірілген өнімнің нәтижесін
алдын ала бағалау үшін пайдаланылады.
Калькуляциялау кезінде өнімнің өзіндік кұнының калькуляциясын және
шығындарды есептеу объектісін дұрыс белгілеу өте үлкен роль атқарады.
Еліміздің экономикасының даму кезеңіндегі Елбасының алға қойған
талаптарына және де мемлекеттік бағдарламаға сәйкес бүгінгі күні құрылыс
өндірісінің ауқымы кеңіп, көлемі күннен күнге жоғарлауда. Осы құбылысқа
байланысты халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру заман талабына сай
орындалуын талап етеді. Талапты орындау мақсатында нақты жүргізілген есеп
қана нышанның әрбір шаршы көлемін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді.
Құрылыс өндірісінің технологиясының шаруашылық субъектілерінің
талдамалы және жинақтамалы есебін ұйымдастыруда әсер ететін өзіне тән
ерекшеліктері бар. Құрылыс өндірісі жермен тікелей байланысты.

қамтиды. Сондықтан құрылыс жұмыстары мынандай ерекшеліктерге ие болып
келеді:
Ұзақ мерзімді және өтпелі сипатқа ие болып келеді;
- көп кезеңділігі;
- есептік көрсеткіштердің қолданылуы;
- төлем жасаудың аванстық, аралық және сыйақылық түрлерінің қолданылуы;
- жұмыстарды орындаудың нақты және жоспарланған мерзімдерінің арасындағы
ауытқу;
- жоспарланған және сметалық құндар арасындағы ауытқулар.

Өзгеріп отыратын метерологиялық жағдайда ашық жерде жұмыс жүргізу
құрылыс процесіне үлкен әсер етеді.
Құрылыс-монтажды өндірісті қыс мерзімінде жүргізу кезінде еңбек
ресурстарын, материалдар, жылу және электроэнергияны көп пайдалануға
байланысты қосымша шығындар пайда болады, олар міндетті түрде бухгалтерлік
есептерде көрсетілуі тиіс.
Құрылыс алаңында көптеген материалдар (кірпіш, құм) ашық жерде
сақталады. Ұзақ уақыт бойы ашық жерде сақталса, метеорологиялық
жағдайлардың әсерінен сапасының төмендеуіне байланысты олардың тұтыну құны
азаяды.
Осы материалдар бір ай ішінде қолдануға құжатсыз беріледі. Олардың
нақты шығынын есепте дұрыс көрсету үшін, ай сайын оларға инвентарлық
есептеу жүргізу керек. Бұл ай сайынғы материалдардың шығынын анықтау және
табиғи шығынды шығыстау үшін қосымша еңбек уақыт шығындарын талап етеді.
Кейбір жағдайларда құрылыс-монтаж жұмысы транспорт жете алмайтын жұмыс
істеп тұрған кәсіпорыннің аумағында немесе электрқұрылғыларының желілеріне
жақын жерлерде жүргізіледі.
Құрылыс өндірісі сонымен басқа да өндіріс түрлерімен байланыстарының
күрделілігімен де ерекшеленеді. Құрылыс алаңдарында бірмезгілде
жалпықұрылыстар, мамандандырылған және де басқа да жұмыстардың жүргізілуі
мүмкін. Өндірістің технологиялық процесі бас мердігерлік құрылыс
кәсіпорынының басшылығымен жүргізіледі. Ол тапсырыс берушімен барлық
жұмысты орындауға келісім-шартқа отырып, құрылыс-монтаждық жұмыстарды
жүргізу үшін басқа мамандандырылған кәсіпорындармен келіседі, ол
субмердігерлер деп аталады. Құрылыста тапсырыс берушінің, бас мердігердің
және субмердігерінің қатысуы, олардың өзара қарым-қатынастары күрделі
жүйенің қалыптасуына әкеледі, ол бухгалтерлік есеп жүргізуде дұрыс әрі
жүйеленіп көрсетілуі тиіс.
Құрылыс өндірісіндегі нышандардың жұмыс түріне қарай бағалануы
бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда біраз қиындық тудырады, олар
нормативті құжаттарды құру процесі мен оны қолдануды күрделендіруге
әкеліп соғады. Дегенмен дұрыс ұйымдастырылған бүгінгі күннің талабына
сай орындалған есеп жүйесі, яғни автоматтандырылған немесе
компьютерленген жүйе кез-келген құрылыс нышаннының нақты бағасын анықтай
алады.
Құрылысты ұйымдастырудың формалары және өндіріс түрлері, келісім-шарт
жасау тәртібі. Құрылыс өндірісінде жұмыстардың жүргізілуі мердігер мен
тапсырушының арасындағы жасалған келісім-шартқа байланысты. Бұл шарт
Халықаралық Қаржылық Есептіліктің №11 стандартына сәйкес жасалады. Яғни
стандартта көрсетілген түсім және мердігерлік келісім бойынша шығындар
есебі төмендегідіей тәртіпті анықтайды:
- біріншіден, түскен түсім келісім бойынша және байланысты болуы,
- екіншіден есепті кезеңдегі түсім мен шығын істелген жұмыс түріне
қараай біркелкі бөлінуі тиіс.
1.2 Құрылыстағы шығындар есебі
Шығындар есебі мәнінің көпшілік қабылданған анықтамасы – бұл
шығындар есебі кәсіпорында белгілі уақыт аралығында болған жабдықтау,
өндіріс және өнім өткізу процесстерін оларды сандық өлшеу, заттай және
құнды көрсеткіштермен, тіркеу, топтастыру және талдау арқылы көрсетуге
бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Мұндай көрсету кәсіпорынды
(немесе кәсіпорындар бірлестігін) басқару мен оның қызметін қаржы
нәтижелерін анықтау арқылы бағалауға қажетті мәлімет алуды қамтамасыз
етеді.
Бірақ мұндай тәсіл басқару есебінің даму барысында және дамыған
өндірістік есеп теориясында пайдалану бағыттары бойынша шектелген. Біздің
ойымызша өндіріске жұмсалған шығындар есебінің маңызын анықтау, техникалық
жағынан басқа, өндіріске жұмсалған шығындар есебін түрлендіруі немесе
басқару есебінің өндірістік қызметін ұйымдастыруға әртүрлі тәсілдерді
қамтуы тиіс. Осылайша, шығындар есебінің мазмұнын анықтау кәсіпорындарда
оны ұйымдастыруды үлгілеудің шынайы алғы шарттарын жасайды. Басқарудың кері
процесіне сәйкес есеп ақпараттық жүйе ретінде тек қана іс әрекетті ғана
емес, сондай-ақ болашақта кәсіпорын экономикасын белгілі бір бағыт үшін
ақпараттар дайындайды.
Егер өндіріске жұмсалған шығындар есебін басқару үлгісіне
сәйкестендіріліп бұрынғы, қазіргі және болашақтағы өндірістік қызметі
нәтижелері мен шығындарын пайдалануды көрсету процесі ретінде қарастырылса,
онда есептің мұндай жүйесі өзіндік құнды басқарудың негізгі міндеттеріне
сәйкес келеді.
Шығынды басқару функциялары төмендегідей бөлінеді:
- өндірістік (өндірістің бастапқы жүргізілу процессі);
- қаржылық (сатумен байланысты);
- әкімшілік (басқару процесімен байланысты).
Қаржылық және әкімшілік шығындары кезең шығындарына жатады,өндірісте
маңызды калькуляциялық есеп болып табылады.
Нақты бір кәсіпорынның өндіріске жұмсалған шығындары есебінің негізгі
міндеттері:
1) кәсіпорын әкімшілігін басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпаратты
қамтамасыз ету;
2) болашақтағы экономикалық стратегияны қалыптастыру мен
ауыртпашылықтарды табу мақсатында нақты шығын деңгейін мөлшерлі және
жоспарлы шығындармен салыстыра отырып бақылау;
3) дайын өнімді бағалау және қаржылық нәтижелерді есептеу үшін
шығарылатын өнімнің өзіндік құнын есептеу;
4) құрылымдық бөлімшелердің өндірістік қызметінің эконо-микалық
нәтижелерін анықтау және бағалау;
5) ұзақ мерзімді сипатқа ие, өндірістік және технологиялық
бағдарламалардың өзін-өзі ақтауы, өнім түрлерінің пайдалылығы, негізгі
қорлар мен өндірістік қосалқыларға салынған күрделі салымдардың тиімділігі
шешімдер қабылдау үшін өндірістік қызметті басқару есебінің ақпараттарын
жүйелендіру.
Шығын есебінің ерекше бөлімінің тәсілі:
- калькуляциялау статьясына сәйкес әр түрлі шығын есебі, белгіленген
мекеменің технологиялық процесінің өндірісіне жауапты;
- есеп обьектасына және жартылай фабриканттарының әр бөлігін
калькуляциялау немесе дайын өнім;
- пайда болу және өндірісті жүйелеу шығын түріне өнімді өндіру
кезіндегі есеп беру жұмысы;
- өнім бірлігін санына қарай есеп беруді калькуляциялаудағы кезең.
Қолданылатын көрсеткіш тәсілінің шығын есебі және көмекші өндірістегі
өзіндік құнының калькуляциялаудағы шығын өндіріске бөлім тапсырысы ретінде
есептелінеді .Оның құрамында бөлім өнімі болуы мүмкін және комплекті
өнім.Сонымен өзіндік құнның өнімін калькуляциялау тапсырыс мақсатымен
байланысты болады
Шығын есебі тәсілінің ерекше көрсеткіштері:
- өндірістегі бөлім тапсырысы;
- талдамалы есепте өндірістегі шығының жиналу тапсырысы номенклатура
шығыны;
- калькуляциялық есеп беруде тапсырыстың бөлім.
Қаржылық-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есептің шоттарының жұмыс
жоспарындағы жинақтамалы шоттар тізбесінің топтамасында 8 бөлімнің
шоттары – Өндірістік есептің шоттары, оның бөлімшелері 8010 Негізгі
өндіріс, 8020 Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары, 8030 Қөмекші
өндірістер, 8040 Үстеме шығыстар белгіленген. Шығындардың деңгейін
бақылау және сараптау үшін оларды құрылыс бөлімдеріне, бөлек бөлімшелерге,
жұмыс түрлеріне байланысты топтастырады.
Өнім өндіруге және қызмет көрсетуге кеткен ұйымның өндірістік
шығындарына Өндірістік есеп шоттары сегізінші шот бөлімі арналған. Осы
бөлімнің шоттарында шығындардың пайда болу орны бойынша және басқа да
себептер бойынша, сонымен қатар дайын өнімнің өзіндік құнының
калькуляциялау бойынша топтастырылады.
Өндірістік есеп шоттары келесі бөлімшелерден тұрады:
8100 Негізгі өндіріс
8200 Өндірістің өзіндік жартылай фабрикаттары
8300 Көмекші өндіріс
8400 Үстеме шығыстар
Негізгі өндіріс шығындарының есебі. Өдіріс шығындарын есептеу
үшін 8110 Негізгі өндіріс бөлімшесінің шоттары қолданылады (1 кесте). Бұл
бөлімшеде негізгі өндіріске шығындар, оның ішінде шикізат пен материалдарға
кеткен шығындар, еңбек ақы төлемі және еңбек ақыдан ұсталынатын аударымдар,
негізгі өндіріске апарылатын үстеме шығындар қарастырылады [14].
1 кесте
8110 Негізгі өндіріс бөлімшесінің шоттары бойынша жасалатын
шоттар корреспонденциясы*
№ Шоттар корреспонденциясы
пп Шаруашылық операциялардың мазмұны
Дебет Кредит
1 2 3 4
1 Аяқталмаған өндіріс шығындарын есепті 8110 1340
кезеңнің басына аудару
2 Қайта өңдеуге жіберілген өзіндік жартылай8110 8210
фабрикаттардың факторлық өзіндік құнын
есептен шығару
3 Негізгі өндіріс қажеттіліктеріне 8110 1310
материалдардың қолдануы 1350
4 Технологиялық мақсаттардан қолданылған 8110 8310
көмекші өндіріс цехтары өндірген бу,
ыстық су, электр энергиясы, суық құны
5 Технологиялық мақсаттарда суық және ыстық8110 3310-
су, бу, газ, электр энергиясы қолданғаны 3330
үшін жабдықтаушы шотының акцептелінуі
6 Негізгі өндірістің өндірістік 8110 3350
жұмысшыларына төленетін еңбек ақы
шығындары
7 Негізгі өндіріс жұмысшыларының демалыс 8110 3430
төлеуіне байланысты резервтерді аудару
8 Негізгі өндірістің өндірістік 8110 3150
жұмысшыларының еңбек ақы төлеу
шығындарына әлеуметтік салықтың аударуы
9 Өндіріс сипатындағы басқа да ұйымдар, 8110 3310-
жабдықтаушылар, мердігерлердің қызмет 3330
көрсетуі
10 Үстеме шығындарды есептен шығару 8110 8410
11Жөнделмейтін ақаудың өзіндік құнын 8410 8110
есептен шығару
12 Дайын өнімнің кірістелуі 1320 8110
13Жұмысты төл мен өнім беретін малды 2930 8110
кірістелінуі
14 Аяқталмаған өндірістің жоғалтуларының
көрсетілуі:
14.1 Апат нәтижесінде 7470 8110
5 кестенің жалғасы
14.2 Қызметтің тоқтауымен байланысты 7510 8110
14.3 Кінәлілерге апарылғандар 1250 8110
14.4 Үстеме шығындарға 7470 8110
15 Қалдықтарды қолдануы мүмкін бағада апару 1350 8110
16 Есепті кезеңнің соңына аяқталмаған 1340 8110
өндіріс қалдықтарын есептен шығару
*Дерек көзі : Шоттардың типтік жоспары: шоттар корреспонденциясын құру
методологиясы
8200 Өндірістің өзіндік жартылай фабрикаттары шоттары өндірістің
өзіндік жартылай фабрикаттарының есебін жүргізу үшін арналған (2 кесте).
2 кесте
8200 Өзіндік өндірістің жартылай фабрикаттары бөлімшесінің шоттары
бойынша жасалатын шоттар корреспонденциясы*
№ Шоттар корреспонденциясы
пп Шаруашылық операциялардың мазмұны
Дебет Кредит
1 2 3 4
1 Аяқталмаған өндірістің жартылай 8110, 1340
фабрикаттар шығындарын есепті кезеңнің 8310
басына аудару
2 Негізгі және көмекші өндірістен жартылай 8020 8110,
фабрикаттарды кірістелді 8310
3 Бір цехтан басқа цехке жартылай 8020 8020
фабрикаттар жіберілді
4 Ары қарай қайта өңдеуге жартылай 8110, 8020
фабрикаттар жіберілді 8310
5 Фактілі өзінділік бойынша жартылай 7010 8020
фабрикаттар жіберілді
6 Кезең соңындағы өзіндік жартылай 8110 3350
фабрикаттар қалдықтарының аяқталмаған
өндіріске апарылады.
* Дерек көзі : Шоттардың типтік жоспары: шоттар корреспонденциясын құру
методологиясы
Көмекші өндірістің шығындарының есебі. Негізгі өндіріс тұтынатын өнімді
шығарып жұмыс жасайтын және қызмет көрсететін өндіріс көмекші өндіріс деп
аталады.
3 кесте
8030 Көмекші өндіріс бөлімшесінің шоттары бойынша жасалатын шоттар
корреспонденциясы*
№ Шоттар корреспонденциясы
пп Шаруашылық операциялардың мазмұны
Дебет Кредит
1 2 3 4
1 Аяқталмаған өндіріс шығындарын есепті 8310 1340
кезеңнің басына аудару
2 Көмекші өндірістің өнім өндіруге (қызмет 8310 1310
көрсету) кеткен материалдық шығындар құны 1350
3 Технологиялық мақсатта көмекші өндірістің
қолданған бу, суық, газ, электр энергия
құны
3.1 Көмекші өндірістің басқа цехтерінен 8310 8310
алынған
7 кестенің жалғасы
3.2 Жақтық ұйымдардан алынған 8310 3310-
3330
3390
4 Көмекші цехтың жұмысшыларының еңбекақысын8310 3350
төлеу бойынша шығындар
5 Көмекші цехтың әлеуметтік салық төлейтін 8310 3150
жұмысшылардың еңбекақысын төлеу бойынша
шығындар
6 Көмекші цех жұмысшыларының демалысын 8310 3430
төлеу бойынша резервті аудару
7 Көмекші өндіріске байланысты үстеме 8310 8410
шығындарды есептен шығару
8 Жөнделетін ақаудың өзіндік құнын есептен 8410 8310
шығару
9 Жөнделмейтін ақаудың өзіндік құнын 8410 8310
есептен шығару
10 Жұмысты төл мен өнім беретін малды 2930 8310
кірістелінуі
11 Дайын өнім кірістелінді 1320 8310
12 Негізгі өндірісте материалдар ретінде 1350 8310
қолданылатын көмекші өндіріс өнімінің 1310
кірістелінуі
13 Транспорттық шығындар жабдықтаушы есебіне7110 8310
апарылған кезде, қала ішінде жеткізу
сонымен қатар қаладан тыс жеткізу бойынша
транспорттық қызмет көрсетуі цехтың
өзіндік құнының есептен шығуы
14 Негізгі құралдарды жөндеу бойынша жұмыс
құны есептен шығару:
14.1 Осы мақсаттарға резерв жасалмағанда:
әкімшілік 7210 8310
өтім бөлімі 7110 8310
негізгі және көмекші цехтар 8410 8310
14.2 Осы мақсаттарға резерв жасалғанда 3440 8310
15 Транспорттық қызмет көрсетуді есептен
шығару:
15.1 Әкімшілікке көрсетілген қызмет 7210 8310
15.2 Негізгі және көмекші цехтерге 8410 8310
15.3 Сатып алынған және дайындалған 1310, 8310
материалдарды жеткізумен байланысты 1350
16 Көмекші өндірістің жарық беру, жылу, суық
және ыстық сумен қамтамасыз етумен
байланысты қызметтердің құнын есептен 8410
шығару: 7110 8310
негізгі және көмекші өндіріс цехтары 7210 8310
өтім бөлімі 8310
әкімшілікке
17 Көмекші өндірістің қызметтерін есептен
шығару:
17.1 Шаруашылық тәсілмен орындалған құрылысқа 2930 8310
көрсетілген қызмет
17.2 Негізгі құралдардың өтімділігімен 7410 8310
байланысты
17.3 Апаттан болған өтімділікпен байланысты 7470 8310
17.4 Жақтық ұйымдармен көрсетілген 7010 8310
18 Қолдануы мүмкін бағадағы қалдықтарды 1350 8310
кірістендіру
19 Көмекші өндірістің есепті кезеңнің 1340 8310
соңында аяқталмаған өндіріс құнын апару

Бұл – қазандық, электр станциялары, сумен жабдықтау, жөндеу-механикалық
цехы, автотранспорт және т.б. Көмекші өндірістің шығындарын есептеуге 8300
шоты арналған (3 кесте) және ол цехтардың шығындары деп аталатын ведомста
жүргізіледі, онда әрбір өндіріс үшін жеке талдамалық шот ашылады. Ведомсқа
жазбалар талдамалық кестелерден немесе бастапқы құжаттардан алып жазылады.
Үстеме шығыстарының есебі. Үстеме шығыстарға өндіріске қызмет
көрсетумен және негізгі мен көмекші цехтардың жұмыс ұйымдастыруымен
байланысты шығыстары жатады, оларды тікелей дайын өнім түрлеріне жатқызуға
болмайды. Үстеме шығыстар, әдетте, біршама жалпы сипатқа ие болады:
- кешендік сипаты – шығыстар құрамында барлық экономикалық элементтер
шығындары көрініс табады;
- екі және одан да көп бұйымдар шығарған кезде бұл шығыстарды тікелей
белгілі бір бұйымға жатқызу қиынға түседі, демек олар дайын өнімнің
арасында таратылады және аяқталмаған өндіріске де жатқызылады.
4 кесте
8410 Үстеме шығындар бөлімшесінің шоттары бойынша жасалатын шоттар
корреспонденциясы*
№ Шоттар корреспонденциясы
пп Шаруашылық операциялардың мазмұны
Дебет Кредит
1 2 3 4
1 Негізгі және көмекші өндіріске қызмет 8410 1310,
ететін материалдар құны, қызмет көрсету, 1350,
жұмыс, сонымен қатар жартылай фабрикаттар 3390,
өнімдерін есептен шығарылды 3310-
3330
2 Негізгі және көмекші өндіріс қызметін 8410 3350
қамтамасыз ететін өндірістік ұжымның
(цех)еңбекақы төлеу бойынша шығындар
3 Негізгі және көмекші өндіріс қызметін 8410 3430
қамтамасыз ететін, сонымен қатар жартылай
фабрикаттар өнімдеріне өндіріс( цех)
ұжымның демалыс төлеуге резервтің келіп
түсуі
4 Негізгі және көмекші өндіріс қызметін 8410 3150

ұжымның әлеуметтік салығын еңбекақы төлеу
бойынша шығындарға аудару
5 Резерв құрылмаған жағдайда, жақтық 8410 3310-
ұйымдармен ұйымдастырылған негізгі және 3330
көмекші өндірістің негізгі құралдарын 3390
жөндеу бойынша кеткен шығындар есептелді
6 Негізгі құралды жөндеу бойынша резервтің 8410 3440
түсуі
7 Амортизацияның түсуі :
7.1 өндірісте қолданатын негізгі құралдар 8410 2420
бойынша
8 кестенің жалғасы
7.2 өндірісте қолданылатын барлау және 8410 2620
бағалау активтері бойынша
7.3 өндірісте қолданатын материалдық активтер8410 2740
юойынша
8 Көмекші өндіріске жақтық ұйымдарымен 8410 3310-
көрсетілген коммуналдық қызмет 3390
көрсетулердің құнының көрсетілуі 8310
9 өндірісте қолданатын негізгі құралдардың 8410 3360
операциялық жалдау бойынша жал төлемінің
түсуі
10 Мезгіл салаларындағы дайындау 8410 3440
жұмыстарынан мезгілдік шығындарға
резервтің пайда болуы
11 Артық құрылған резервті қайта жанжанжыру
: 8410 3440
қызыл сторно әдісімен 3440 8410
теріс жазу әдісімен
12 Негізгі және көмекші өндіріс 8410 1250
жұмысшыларының қызметтік іс-сапармен
байланысты шығындарды есептен шығару
13 Есепті айға жататын технологиялық 8410 1620
процестің үлесте, жаңа өнімді қолдануға
үйренумен байланысты шығындардың
көрсетілуі
14 Құрылған резервтермен жабылмаған негізгі 8410 1620
құралдарды жөндеу шығындарын есептен
шығару
15 Есепті кезеңге жататын орын ауыстыру мен8410 1620
үлесте құрылыс техникасының монтаждаумен 2930 1620
байланысты шығындарды есептен шығару
Ақаулардан жоғалтулар
16 Ақауларды жөндеуге материалдарды есептен 8410 1310,
шығару 1350
17 Ақауларды жөндеумен айналысатын 8410 3350
жұмысшылардың еңбегін төлеу бойынша
шығындар
18 Ақауларды жөндеумен айналысатын 8410 3150
жұмысшылардың еңбегін төлеу бойынша
шығындарға әлеуметтік салық есептелді
19 Ақауларды жөндеумен айналысатын 8410 3310
жабдықтаушылардың қызмет көрсетуі
20 Ақауланған өнімді тасымалдау бойынша 8410 3390
сатып алушының шоты акцептелінді
21 Ақауланған өнімнен алынған материалдар 1350 8410
және қымбат қалдықтар кірістелінді
22 Ақаулардан жоғалтулардың орнын толтыру 1250 8410
үшін кінәлілерден ұстап алуларды алу
23 Жабдықтаушыларға сапасыз шикізат, 1280 8410
материалдар, жартылайфабрикаттар, ақаулар
үшін пайда болған жұмыс және қызмет
көрсеткені үшін претензия берілді
24 Үстеме шығындарды есептен шығару:
24.1 Негізгі өндіріске 8110 8410
24.2Көмекші өндіріске 8310 8410

Үстеме шығыстарды тарату тәсілі өндірістің ерекшелігіне және есептік
саясатына тәуелді болып келеді. Негізінен ол шаруашылықтың есп саясатына
сәйкес көрініс табады:
- өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысына пара-пар етіп таратылады;
- тікелей материал шығыстарына пара-пар етіп таратылады;
- өндірілген өнім санына немесе өнделген шикізаттың салмағына пара-пар
етіп таратылады;
- цех құнына пара-пар немесе шикізат құны шегерілген цехтың өзіндік
құнына пара-пар етіп таратылады;
- алдын-ала белгіленген шығындардың тұрақты коэффициенттері бойынша
таратылады;
- басқа да тарату базалары бойынша таратылады.
8400 Үстеме шығыстар бөлімшесі үстеме шығындар есебін жүргізуге
арналған (4 кесте). 8410 Үстеме шығыстар бөлімшесінде негізгі және
көмекші цехтар , сонымен қатар өзіндік өндірісінің жартылай фабрикаттары
бойынша шығындар көрсетіледі [14].
Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындары бабы
бойынша шығын есебі. Құрылыс жұмыстарының қарқындылығы оның
механизациялануы мен автоматизациялануынан тәуелді. Технологиялық процестің
өсуіне байланысты құрылыс объектілерінің жалпы өзіндік құнында
жұмысшылардың еңбекақысының азаюы есебінен құрылыс машиналарын ұстау мен
пайдалану үлесі өседі. Осының бәрі құрылыс машиналарын пайдалану бойынша
шығындарды бөлек бапта есептеуді талап етеді. Құрылыс машиналары мен
механизмдерін ұстау мен пайдаланудың есебін бөлек жүргізу, осы мақсатқа
жұмсалған шығындарды қадағалап отыру мен оларды объектілер арасында дұрыс
бөлуге мүмкіндік береді.
Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдаланудың әртүрлі формалары
бар. Құрылыс машиналары мен механизмдері құрылыс кәсіпорындарының жеке
меншігі болып, оның балансында саналуы мүмкін. Бұл жағдайда оларды
пайдаланудың шығындары 1 ай ішінде жиналып, 8030 Көмекші өндіріс шотының
Құрылыс машиналары мен механизмдері деген субшотта – әр құрылыс
бөлімшелерінде, ай соңында осы құрылыс бөлімшелерінің орындаған
жұмыстарының өзіндік құнына апарылып Құрылыс машиналары мен механизмдерін
пайдалану бойынша қор деген бапта есептеледі. Кейбір мердігер
кәсіпорындарда құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану үшін басқа өз
бетінше жұмыс атқаратын құрылымдық бөлімше құрылады. Осында машиналар
құрылыс-монтаждау бөлімдеріне берілгеніне қарамастан, машинистер
механизация бөлімшесіндегі персоналдар құрамында болып саналады. Сондықтан
машиналарды пайдалану бойынша шығындар деңгейіне механизациялау бөлімі
жауапты.

Өндіріс шығындарының талдамалы есебі өнімнің бір өлшемінің іс
жүзіндегі өзіндік құнын есептеуді қамтамасыз етуге арналған. Бұл әрбір
калькуляциялық (есептік) объектіге ашылған карточкалар немесе арналған
ведомосы арқылы жүзеге асады. Осы ведомостарда (карточкаларда) шығындардың
баптары, ал баяндауыш ведомостарда – айдың басы мен соңындағы цехтар
бойынша аяқталмаған өндіріс қалдықтары, ай ішіндегі шығындар, дайын өнімді,
түпкілікті ақауды, аяқталмаған өндіріс жетіспеушіліктерін, қайтымды
қалдықтарды есептен шығару және басқа да есептен шығарулар көрсетіледі.
Ведомостарға (карточкаларға) тиісті мәліметтерді жазу үшін қажетті құжаттар
мен талдамалық кестелер негіз болады. Ведомостар (карточкалар) бойынша
жиынтық әр цех бойынша көрсетіледі, ал аяқталмаған өндіріс қалдықтарының
сомасы – Бас кітапта көрсетілген 8010 - шоты бойынша қалдықтарға тең болуға
тиіс. Өндіріске жұмсалған шығындарды есепке алу ведомостарының
(карточкаларының) деректері бойынша шығарылған өнімнің нақты өзіндік құны
айқындалады. Соңғысын өнімге қоса шектелген қағаз (накладной) арқылы
қоймаларда кіріске алады. Өндірілген өнімнің құнына 1320 – Дайын өнім
шоты дебеттеледі және 8010-шоты кредиттеледі. Ал көрсетілген қызметке 7010-
шоты дебеттеледі де, 8010-шоты кредиттеледі.
Өндірістегі шығындардың талдамалы және жинақтамалы есебі.
Өндірісте талдамалы шығын есебін калькуляциялық карточкамен жүргізеді
немесе қондырылған ведомост номенклатурасының калькуляциялық обьектілері
(есебі) және өндірістегі цехтардың шығын бөлігі .
Шығынды калькуляциялық обьектіге жатқызу үшін немесе құжаттағы барлық
есепті, өндіріске кеткен шығынды , есепте обьектінің кодын көрсету,
шығынның бөлігі және накладной шығыны.
Орташа және ірі мекемелерде өндіріске кеткен шығындардың есебін
шығару үшін , және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мекеменің
бухгалтерлік құрамында , біртұтас 2 есепті болады :
- қаржылық;
- өндірістік (басқару).
Мекеменің қаржы шаруашылық қызметінің есеп мазмұнына байланысты және
оны пайдалану құралдарын мынандай өндірістік түрге бөледі:
- негізгі өндіріс;
- көмекші өндіріс;
- қызмет көрсету өндірісі.
Көмекші өндірісте де соған ұқсас тәсілдер қолданылады және өндірістің
меншікті калькуляциялық тәсілі , негізгі өндіріске ұқсас. Сонымен
қатар тікелей шығындар , өнім өндіруге байланысты , жұмыстың
жүргізілуі және қызметтің көрсетілуі , дайын өнімнің нақты бірлігіне
содан көмекші өндірістің цехтағы анықталған циклдық жұмыстары болып
табылады. Жарамсыз шығындары мына анықталған есеп счетына бөлу үшін
жүргізіледі; негізгі өндірістің тікелей шыңындары,дайын өнім ,
пропорционалды сату есебін енгізу саясатын көрсету.
Сонымен қатар тікелей шығындары бөлімдерге бөлінуі мүмкін,көмекші
өндірістегі негізгі өніммен байланысуы (егерде бөлімнен жанама сату өнімі
шықса).Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау , жұмыс және көмекші өндірістің
қызметі және тек шаруашылық қызметтің сараптама мақсаты және мына
қызметтің ішкі бақылау жүйесіне бөлінуі , бірақ өндірістегі шығын бөлімінің
нақты бөлігі болуы үшін және берілген жұмыстың өзіндік құнын шығару болып
табылады
Бухгалтерлік есепте көмекші өндірістің – бухгалтерлік есеп бағыты өте
қажетті.Мекеме дұрыс мағлұмат алғаннан кейін 1-ші дәрежелі болады,нарықтық
даму байланысы кезінде.
Дәл осы кезде мекеме бастама ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz