Қазақтардың қол өнерге байланысын әдеп-ғұрыптар мен салт-дәстүрлері



Кіріспе

Негізгі бөлім:

1. Қазақтардың қол өнерге байланысын әдеп.ғұрыптар мен салт.дәстүрлері.

2. Қазақтың баспанасы .киіз үй

3. Қазақтың зергерлік қол өнері

Қорытынды:
Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу мүсіндеу құрастыру, бейнелеу сияқты творчествалық өнер жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсының талай ғасырлық тарихи бар.
Қазақ халқы өзінің күн қөріс тіршілігіне қажетті үй жай салуды, киім-кешегімен тігуді, азық –түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе-күнге тіршілігін барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанатта құра білді. Бұдан біз халық, творчествасының қандай түрі болса да халық өмірімен сай халықтың қоғамдық тарихы мен күн көрісі мен, кәсібімен тығыз байланысты екенін көреміз.
Халықтың қол өнеріне әдет-ғұрып жабдықтары мен қатар аң аулау, сырмақ тоқу т.б. жасады. Киіз үйдің сүйегі ағаш керует, кебеже , сандық жасап киіз сырмақ, алаша, ши түрелрі басқұрлар тоқып арқан жір есіп көнені және алуан ыдыс-аяқ адалбақан, асадал, бесік және т.б. көптеген заттарды халық шеберлері өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштармен жекелейтін болды.
Қол өнерінде көңілге қонымды мәнерлер мен ондаған өолданылған әдістер архитектурада кеңінен қолданылып келеді.
Қайта жаңғырып жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халықтың педагогика бұл күнде педагогтар қауымына ғана емес бүкіл қоғамымызға ортақ әлеуметтік қозғалыс халықтың педагогика кешегі қариялардан, ойшылдар мен сал-серілерден шешен билерден ақын- жыраулардан мирасч болып қалған ұлы тәрбие құралы оның өміршең идеялары халықпен қайта қауышып, жүректерінен орын алуда.
Ұлттық педагогикалыны насихаттауға қай пәннің болсада ыңғайлы мен мүмкіншіліктері мол. Соның ішінде еңбекке баулу сабақтарында қол-өнеріне үйрету арқылы тәлім-тәрбиені оқу тәрбие процесіне арқау ету негізі міндетіміз. Ұлттық тәрбині жүрекке жаттық болғанымен ауқымы шексіз, белгілі бір жүйеге келтірілген тың дүниелер. Бұл мыналарды педагогикаға пайдалана білу үшін оларды терең оқып үйрену, игеру қажет болады. Осылайша белгілі бір деңгейде игердік-аудеген қол-өнеріне баулу саласының мақсаты.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім:

1. Қазақтардың қол өнерге байланысын әдеп-ғұрыптар мен салт-дәстүрлері.

2. Қазақтың баспанасы –киіз үй

3. Қазақтың зергерлік қол өнері

Қорытынды:

Кіріспе

Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру,
тігу, тоқу мүсіндеу құрастыру, бейнелеу сияқты творчествалық өнер жиынтығын
айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсының талай ғасырлық тарихи
бар.
Қазақ халқы өзінің күн қөріс тіршілігіне қажетті үй жай салуды, киім-
кешегімен тігуді, азық –түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды
күнбе-күнге тіршілігін барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап,
өмірде сән-салтанатта құра білді. Бұдан біз халық, творчествасының қандай
түрі болса да халық өмірімен сай халықтың қоғамдық тарихы мен күн көрісі
мен, кәсібімен тығыз байланысты екенін көреміз.
Халықтың қол өнеріне әдет-ғұрып жабдықтары мен қатар аң аулау, сырмақ
тоқу т.б. жасады. Киіз үйдің сүйегі ағаш керует, кебеже , сандық жасап
киіз сырмақ, алаша, ши түрелрі басқұрлар тоқып арқан жір есіп көнені және
алуан ыдыс-аяқ адалбақан, асадал, бесік және т.б. көптеген заттарды халық
шеберлері өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштармен жекелейтін
болды.
Қол өнерінде көңілге қонымды мәнерлер мен ондаған өолданылған әдістер
архитектурада кеңінен қолданылып келеді.
Қайта жаңғырып жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халықтың
педагогика бұл күнде педагогтар қауымына ғана емес бүкіл қоғамымызға ортақ
әлеуметтік қозғалыс халықтың педагогика кешегі қариялардан, ойшылдар мен
сал-серілерден шешен билерден ақын- жыраулардан мирасч болып қалған ұлы
тәрбие құралы оның өміршең идеялары халықпен қайта қауышып, жүректерінен
орын алуда.
Ұлттық педагогикалыны насихаттауға қай пәннің болсада ыңғайлы мен
мүмкіншіліктері мол. Соның ішінде еңбекке баулу сабақтарында қол-өнеріне
үйрету арқылы тәлім-тәрбиені оқу тәрбие процесіне арқау ету негізі
міндетіміз. Ұлттық тәрбині жүрекке жаттық болғанымен ауқымы шексіз, белгілі
бір жүйеге келтірілген тың дүниелер. Бұл мыналарды педагогикаға пайдалана
білу үшін оларды терең оқып үйрену, игеру қажет болады. Осылайша белгілі
бір деңгейде игердік-аудеген қол-өнеріне баулу саласының мақсаты.

Қазақтардың қолөнерге байланысты әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері

Өазақтың салт-санада сәндік қолданбалы өнерге шығармашылық үрдіске
пайдаланылатын заттарға, ою-өрнектерге, өндіріске байланысты белгілі бір
желі анық байқалады. Халық шеберлері қоршаған орта символикисы (көрініс-
кейпі) саласында білгірлік танытып, өз ортасының эстетикалық философиялық
танымдарын білдіруші болуы тиісті. Демек қолданбалы өнер шығармалары
синкретикалық сипатта болып, олар практикалық (тәжірибелік), эстетикалық,
сиқырлық салт пен саналық қызметтер мен қатар этноаймақтық белгілерді
білдірсе , ал киім-кешектер мен зергерлік безендірулер бұған қоса
жыныстық, жастық, мүліктік айырмашылықтарды да бейнелейді.
Қазақтардың аса мол әшекейлік ою-өрнек желілерінің (космогониялық
заттық, геометриялық, зооморфтық, өсімдік,) заттық-тұрмыстық және
антропоморфтық семантикалық мазмұны ежелгі мифологиямен, заман ағымымен
фолклорленген тотемистикалық, инимистикалық және фетишистік ұғымдармен
тығыз байланысты болып келеді. Көптеген әшекейлік желілер қорғаушы немесе
онды құбылыстар үшін ұйтқы күйге ие деген ұғым болды. Бұл ою-өрнектер уақыт
озған сайын өзінің о бастағы мәнін жоғалтып жаңа ассоциациялар (баламалар)
негізінде топшыланып, жаңа атауларға ие болды. Ою-өрнектердің мәндік маңызы
әлсіреп, деректік-символогиялық ұғымдар тұрмыстық реңге ауыстырылады.
Басты сәндік құралдарыдң бірі –түс (реңк) болды. Ою-өрнек тәрізді
адамға белгілі бір психологиылқ (мінез-құлықтық) ықпал ете алатын түс
идеялық-мәндік сипатымен айқындалады. Қолданыс тапқан әр түске оның
символоиялық маңызына қарай нақтылы мағына берілді. Мәселен, қызыл түс
жалын атқан отқа, өмірлік күшке, сары түс-күнге, жасыл түс қсімдіктер
әлеміне баланды . Салттық санада түрік тілді халықтар Көк тәңірі басты
діни дәстүріне балаған сапан символындай көк түске ерекше ұүрмет
көрсетіледі. Ал ақ түс болса, күні бүгінге дейін молшылыққа, бақытты
тұрмысқа балама ретінде аталады.
Халық арасында тұтыныстағы заттар-күміс, алтын, мыс және асыл тастар
айрықша мәнге ие болды. Дәстүрлі қазақ тұрмыснда күміс қосылмаған бұйымдар
кездеспейтін. Оны ағаш сүйек мата бұлғары бұйымдарын сәндеп жарқырататүсу
үшін пайдаланған. Қазақтардың тіршігінде белең алуын оның эстетикалық
қасиеттерімен қатар, өміршеңдік сипатымен де түсіндіруге болады. Күміс-
тазартқыш, қорғаушы және оңды қуыстарға ұйтқы күшке ие метал деп бағаланды.
Органикалық және органикалық емес аса бағалы және жартылай бағалы тастармен
әйнек құймаларды осы деңгейде бағаланатын.
Табиғат аясында онымен қоян-қолтық өмір сүрген қазақтар көркемдік
үлесімі мен өміршеңдігі жөнінен дүниетанымның көркемдік бейнесіндей
танылған ошақ отын тұтата білген. Үй шаруасындағы әйелдердің айтуынша, киіз
үй күмбезінің саңылауынан шашыраған түрлі түсті шашақтар аспан әлемін
жайлаған жұлдыздарды елестетсе шаңырақ күмбезін сәндеп, сәт сайын құбылып
тұратын ою-өрнекте мата жолақтары құс жолын көз алдымызға әкелетіндей, ал
тоқылып қабырғаға ілінген түкті кілемдер үй ішіне жайқалған дала гүлдерінің
жұпар иісін жеткізгендей. Жас жұбайлар үшін жаға киіз үйде жабдықтауға
әдетте өадамына гүл біткендей жолы болғыш әйелдер шақырылып, жұмыс
аяқталғаннан кейін оларға силық- жоралғы тартылатын болған. Шаңырақта
күмбез саңылауына қойылған тығынға бауы бар матаны байлаған әйелге айрықша
сый арнаған.
Көптеген үйлердің құрметті орындарына Аттың көзі , Апаңның көзі
деп белбеулер, жүгендер, әр түрлі әшекей бұйымдар олар қорғаушы күшке ие
делінді. Әсіресе белгілі адамдардың, батырлармен ұзақ жасаушылардың
заттары айрықша сиқырлы күшке ие деп саналады. Қолданылып келген заттарды
сыйлауға тиым салу жөнінде көрптеген жоралғылар бар. Айталық, жын шайтаннан
қорғайтын қасшы мен пышақты, үй ішінің тіршілік арқауы саналатын қазанды ,
бесікті (балалардың ауырып қалмауы үшін), жастықты (ұйқының бұзылмауы
үшін), төсек пен оның шамылдығын (жұбайлардың бақытт тұрмысына сызат
түспеуі үшін), бас киімді (бас ауруынан сақтану үшін), тұрмарды (өмірді
сақтандыру үшін), ер-тоқым , айыл мен үзеңгіні (аттан ауып қалмау үшін)
басқа адамдарға беруге болмайтын. Бас киімдерді, ер тоқымдарды ағайындық
белгі үшін ғана алмастыруға болады делінді.
Қазақ шеберлерінің өндірістік үрдісінде, әсіресе металл
өндірушілердің жасампаздық жұмысынан тағылым тұтарлық қызықты жәйттермен
әдет-ғұрыптарды аңғару болды. Белгілі бір жерлерде металл өндірісінің
ашылуына немесе басталуына, оның түрік- моңғол халықтарының , соның ішінде
қазақтардың әдет-ғұрыптары , тайпалармен ру атауларына да байланысты
аңыздармен топономикасында көрініс тапқан. Рашид ат –Дин аңыздарында моңғол
тайпалары қапшағайдан (шатқалдан) тау бөктеріне көтеріліп , онда мол темір
өндіріпті. Содан бері жаңа жылды төске салынған темірді балғамен ұрып қарсы
алу дәстүрі сақталған. Осы аңыздардың әр түрлі нұсқалары түрік-моңғол
халықтарына дерлік ұшырасып қалады.
Қазақтарда металмен (темірмен) , өндірістік үрдіспен және қолөнері
кәсіпшілігімен Жезқазған қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы алтын төбе
мен зертас және т.б. топонимдер (атаулар жиынтығы) , Көпұста, Ерші, Зергер,
Бесұста секілді , т.б.рулардың аталары байланысты болған.
Қазақтар мен орта азия халықтарының аңыздарына қарағанда тұңғыш ұста
әрі зергер , сондай-ақ 40 шебердің дем берушісі мұсілмандық аңыздардың
мәдени қаһарманы Дәуіт Пайғамбар (інжілдік пайғамбар Давид) болған. Осы
есімге металл, соның ішінде алтын мен күміс өндірудің басталуы, сондай-ақ
метал өндеу ғана емес кәсіпшілдіктің басқада барлық түрлерін (ағаш, сүйек,
тері, бұлғары, жүн т.б.). Өндеудің пайда болуы тікелей байланысты қаралады.
Оның қолы отқа күймеген баға мен қысқышты пайдаланбай-ақ темірді қамырша
илейтін болған.
Оның рухы кейде өзі аттас жасыл шегіртке-дәуіттенде көрініс табатын.
Осы шымыр жәндік халықтың сенімінше жыланды бағындыратын тәкәппар күшке
ие.Қазақтардың арасында тараған аңыздардың бірінде қарлығаштарлың
балапандарының ұясына тақап қалған жыланды байқаған дәуіт шегірткені іліп
әкелгені, ал оның жылан көзін өалай ойып түсіргені жөнінде айтылған. Содан
бері қазақта дәуіт деп аталған жасыо шегірткені қарлығаштың пірі деп
танитын болған.
Алайда аңыздарда кәсіп таңдауына қол өнерші ата-бабасы себепкер
болған қас шеберлерге маңыздырақ орын беріледі. Мәселен, тәжіктермен
өзбектердің мәени мұраларында ұрпақ қуған кәсіпшіліктің маңызы , қмірден
қайтқан қас шеберлердің отбасында қайталауына тән құбылыстар ара тұра
байқалып қалуы тегін емес.
Қазақтарың санасында шебер қана аса қасиетті орын деп саналады. Мұнда
келушілердің өсек аян айтуына, дауыс көтеруіне тиым салынатын. Өйтпеген
жағдай аузы қисайып қалады деп ескертіледі. Жерде жатқан төс, тері терсек
және түрлі аспаптардан аттап өткен жағдайда аяқ қақсайды делінеді. Ауру
сырқаудан аулақ болу үшін шебре қанаға жақын маңда дәрет сыңдыруға рұқсат
етілмеді. Тегінде шебер қанаға жуынып шайынып келу ұсынылады.
Қазақтар темір терсекке кейде үрейлене , кейде сүйсіне қарай келіп,
оның шипалы жәнеқорғаушы қасиетіне деген сенімдері қалыптасқан. Айталық,
жын шайтаннан қорғану үшін бесіктің астына балға, қайла тектес аспаптар
тастайтын болған. Ал қырғыздар отқа қыздырылған темір қысқашты пайдаланып
бас ауруын емдеген. Бұл тұста аспаптардың сиқырмен қатар темірдің қорғаушы
және де үрей тудырушы сипаттары кәдеге асқан. Сірә, темір қатты зат ретінде
қасиет саналатын қазан іспеттес бұйымдарың сиқырлы мәнін күйшейте түсетін
болар. Қазақтардың салт-дәстүрінде күні бүгінге дейін үрей себеп болған
ауруларды, қант ауруын, энурезді қыздырылған темірмен қайнатылған суды
ішкізіп емдеу тәсілі сақталып келген. Бұл суды үш күн , күніне үш дүркін
ішу қажет болатын. Ұсталар мен зергерлер кәсіпшілік ережелерін сақтамай
дертке шалдыққан кездеде өздерін осылай емдеген.
Қазақ ұсталарымен зергерлерінің өндірістік әркеттерін реттеу үрдісіде
қызықты: айталық, жұмада жұмыс істеуге болмайды, бұл күнгі әрекет сәтсіз
аяқталады. Егер дереу атқарулы тиіс тапсырысы бола қалса, онда жұмысты
келесі күні жалғастыруы үшін алдын ала бастап, тиым салуды орап өту жағы
қарастырылған. Қол өнерді кәсібі үшін сейсенбіде сәтсіз күн деп есептелді .
Дүйсенбі мен сәрсенбі сәтті күндерге жатқызылады. Әдетте шебер жұмысын
бастар алдында Бісмілллә, іске сәт болсын; ие әзіреті Ер Дәуі, өзіңіз
қолданыңыз Біссімілллә рахман раһим деп біраз уақыт үнсіз көрікке не
төске қолын тигізіп, көзін жұмылған күйі алақандарымен бірнеше қайтара
бетін сипап, рухтарға ишарат білдіреді.
Қазақтардың салттық санасында метал қортып, өңдеуші тұлғанын
ардақтылығы ескерткіш сәулетшілігнедеде көрініс тапты. Мәселен, Батыс
Қазақстандағы белгілі ескерткіштерде тап айтқанда , 19-20 ғ.ғ. бас
кезіндегі құлыптастарда аспаптардың, кейде тіпті зерге шеберханасының
бейнелері бірен сараң болсада кездесіп қалады. Айталық, Қобай зергердің
құлыптасында төс балға қысқыш қайшы тістеуік сым тартатын аспаптар көріктер
ойып бейнеленген. Информаторлардың пікірінше, негізгі аспаптарды бейнелеу
өмірден озған шебердің кәсібін көрсетуімен қатар, оның дүниеге сиқырлы
күшпен ауысуы үшін қажет. Өйткені бұл аспаптар қазір көкте кәсібін
жалғастырып жатқан о дүниелік шебер үшін қажет деп санады.
Ұжымдық үрдісболып табылатын киіз, кілемәзірлеу кезеңінде өзіндік
әдет-ғұрыптар байқалды. Әдетте бұл жұмысты шебер құрбы-құрдастар,
көршілер, туыстар бірлесіп атқарады. Кілем жасап шығару ортақ еңбек
нәтижесі ғана емес , тәрбиелік маңызы бар әрекет деп саналатын.
Бүкіл киіз әзірлеу үрдісі ғажайып сырға , сиқырлы уәжге толы болады.
Күні бүгінге дейін кейбір ауылдарда жүнді бояу үшін: Адыраспан , бізді
сізге жіберді , Омар Оспан (пірадар) деп дауыстап , кәдулігі адыраспанды
жинап , қайнатқан соң сүзеді де, осы суда жүнді бояйды. Боялған жүн жұмыс
ақталғаннан кейін жайылып тасталады. Осы жұмыс кезінде ауылдардың біріндегі
айғай-шудан жолаушылар шошынып, біраз бөгеліп қалдары жайында әңгіме бар.
Жұмыс үстіндле үй иесі әйел жүн арасына түйіршіктелген матақиындысын
жасыратын жөнінде қызықты әдет қалыптасқан. Жүнді ширатып ажырату кезінде
осы түйіршек кімнің етегіне ілінсе, сол әйелдің жолы болады деп саналады.
Бұған алғыс ретінде ол арнайы дастархан жаюға тиіс. Бұған ұқсас тағы бір
дәстүр мынадай: үй иесі әйел текемет әзірлеу кезінде боялған жүннің
шүйкесін алып, оны ересек балалыр бар көрші әйелдерінің біріне ізгі ниет
білдіреді сыйға тартатын. Балалары үшін осындай текемет әзірлеу ниетін құп
алған ол ризашылық белгісі жиналғандары түскі асқа шақырады немесе ыстық
сорпа әкелетін болған. Сөйтіп кешкісін баршасы дастархан басына жиналып,
тамақтан соң үй иесі әйел көмекшілерін ертеңгісін жұмысты жалғастыруға
шақырады.
Әлі әзірленіп бітпеген текеметті балаларға, жеткіншек жастарға,
әсіресе ер адамдарға көрсетуге тиім салынатын. Олар таңырқап қараса көз
тиуі мүмкін, демек, кілемнің қисық, өрнектің қиғаш бітуі мүмкін деп
есептеледі. Бұған дол бермеу үшін әзірленіп жатқан киіз кілем жанына арша,
адыраспан немесе қызыл түсті мата тқсеп тастайды. Егер бала қасында
талтайтып отырса текеметте тесік болды деген ырым бар. Сол себепті әйелдер
балардың жүріс тұрысын бақылап тұратын болған. Әзір болған киізге ысиық су
бүркілгеннен кейін ол шиыршықтала оралып, шет жағасымен орта тұсына Ақтай
Құдай жарылқасын ! Киіз жақсы болып шықсын! деп бір қасық сүт немесе
айран құяды. Бұдан соң орам (рулон) жерге төселіп аяқпен тапталады да
қолмен түйгіштеліп , нығыздалады. Осйндай әректтер үстінде дәстүрлі
текемет басы әні орындалады немесе ұзатылмай қыз кетпейді , ұзындамай
киіз бармайды; бұл төсек кім болса соның төсегі, болмаса ит пен құстың
төсегі деген сөздер естіледі.
Егер бұған дейін балаларға жақындауға жол берілмесе енді оларды
орамды таптауға шақырылады. Бұл кезде әйелдер жағы шәйге қанып, тынығып
келеді. Белгілі бір уақыт өткен соң олар орамды шынтақтарымен нығыздауды
бастайды. Бұдан әрі орам жайылып ұзыннан екіге бөліп бүктеп, дөңгелетіп
орывн жасап, оған жеті жасқа толмаған баланы тұрғызып, көпшіліктен :
Баланы кім сатып алады? -деп сұрайды. Ол әлдекім ақшалай кеземемен
немесе басқаша алым бергенше тұра береді Текемет әзір болғаннан кейін
қайталай оралып, ас қамысымен жүрген үй иесі әйел көрімдік бергенге дейін
жайылмайды.Көрімдік алған соң қыз келіншектер оны төсеуден бұрын оған
уыстап бидай шашып Бидайдай дөңгелесің , балалар теуіп тоздырсың,
жақсылыққа тозсың деген тілектерді жаудырып жеткіншектер молшылық,
саулық, ұзақ ғұмыр тілейді. Жұмыс толып тәмәмдалғаннан кейін үй иесі әйел
баршаны дастархан басына қайта шықырып, ал меймандар өз кезегінде
жақсылығына ұста, игілігіне ұста, құтты болсын деген тілектерін, ыстық
ықыластарын білдіріп жатады .
Әдетте мұндай кілем бегілі бір адамға, отбасы мүшелерінінң бріне
арналады. Ұзатылатын қызға арналған текемет күйеу үйінде жалғасын тапсын
деген ізгі ниетпен толық тоқылмайды. Мұндай сәттерде әзір болған кілемді
жазар алдында кілемнің толғағы жеңіл болсын деген тілектер айтылады.
Ауылдық жерлерде күні бүгінгедейін киіздің сиқырлы мәнісі жайлы ұғымдар
сақталған. Киізден жасалған 50х 50см –лік үшбұрышты тұмарларды біз Оңтүстік
Қазақстан облысынан ұшіраттық. Бұйымның төмені әлбетте 7 сылмырмақ пен
сәнделіп, тік тартылған 3-5 қалақ түбіндегі алқалармен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық педагогикасы
Халықтық педагогикасының бала тәрбиесінде алатын орны
Этнопедагогиканың теориялық әдіснамалық негіздері
Оқушыларға құқықтық тәрбие беруге байланыстыжүргізілген педагогикалық тәжірибе жұмыстары
Қазіргі жаңа қоғам жағдайындағы этнопедагогика мәселесінің дамуы
Халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні жайлы
Этнопедагогиканың әдістемелік негіздері
Қазақ-салт дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу туралы ақпарат
Этнопедагогика пәні бойынша дәрістер
Халықтық педагогика - ұлттық тәрбиенің негізі
Пәндер