Кәмелетке толмаған қылмыскерлердің қылмыстық жауаптылығы



КІРІСПЕ
1 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ҚЫЛМЫСКЕРЛЕРДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
1.1 Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері
1.2 Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалардың түрлері мен қолданылатын шектері
1.3 Жазаны жеке даралаудың негізгі қағидалары
2 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ҚЫЛМЫСКЕРЛЕРГЕ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Кәмелетке толмаған қылмыскер тұлғасының жас және психологиялық ерекшеліктері және олардың жаза тағайындаудағы орны
2.2 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық мотивациясының ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жұмысының өзектілігі: ерте заманнан белең алып келген, әр түрлі саяси режимде түрлі идеологияда болған заманда, кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалар мен алдын алу процестері және мәжбүрлеу шаралары түрлі кезеңнің ең өзекті пролемаласы болғаны айдан анық. Алайда қазіргі заманда бұл проблема сол қалпында қалған тек, жасөспірімдер жайында жазылған ғылыми монографиялар, майда-шүйде әңгімелер мен лекциялар етек алуда.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел ретінде дамуы жоғары заң білімін беру жүйесінде оқылатын пәндер мен оларды оқытудың әдіс тәсілдері мемлекетіміздің алдында қойған талап тілектерінің аясында және соған сәйкес болуды талап етіп отыр. Бұл Қазақстан Республикасының мемлекет пен заң арасы негізіне тікелей қатысты. Себебі, Қазақстан Республикасы болашақ еліміздің ххi-ші ғасыр заңгелерін дайыдап, олардың бойына отанға деген сүйіспеншілік орнықтыруда.
Қазақ елінің тарихына үңілетін болсақ бідің ел дербес болып құрылу үшін көптеген кезеңдерден өткен және сол аралықтарда өзінің заң жүйесін қалыптастырған. Соған айғақ Қазақстан аумағында қалыптасқан басты-басты мемлекеттік құрылымдар мен құқықтық жүйелер, Қазақ хандығының саяси-құқықтық құрылымы, Ресей империясы құрамындағы Қазақстанның саяси-құқықтық дамуы, Кеңестік Қазақстанда мемлекет пен құқықтық жүйенің орнығып, дамуы және Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуы туралы пегізгі мәліметтер бізді тарихтан хабардар етеді. Біз осы асқақтаған еркіндігіміз бен тәуелсіздігімізді бүгінгі таңда әлемге мақтанышпен танытып, барлық сала бойынша жоғары деңгейде орын алуға ұмтылып, жаһандану жолында арпаласудамыз. Ендеше, біз өз елімізге қадамы сәтті, іргесі мықты ұлы мемлекеттердің бірі болуын тілеп, халқымыз әр уақыт бір ауыздан қолдау мен сүйеу болуын тілейміз.
Мемлекет тірегі- халық. Ал, халық- дегеніміз адамдар және олардың ара қатынасы. Ендеше, осы қатынасты реттейтін нәрсе ол Заң. Бізде, 1991 жылы желтоқсанның 16 жұлдызында «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» маңызды Заң қабылданғаны белгілі. Бұл құжатта: «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып, Адам құқыларының жалпыға бірдей декларациясында, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған өзге де нормаларында баянды етілген жеке адамның құқылары мен бостандықтарының үстемдігін мойындай отырып, қазақ ұлтының өзін-өзі билеу құқын растай отырып, ядролық қаруды таратпау принципі мен қарусыздану процесіне адалдығын мәлімдей отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялайды» [1.71-б.]- делінген.
1. 1991 жылдың 16 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңы. Қазақстан Республикасының заңдар жинағы.- Алматы, 1992, -71-б.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы.-Алматы, Жеті жарғы, 1995, -17-б.
3. Баймаханов М.Т. Проблема этатизма и ориентация на преимущественное использование правовых ценностей // Журнал «Правовая реформа в Казахстане», -1999, -№ 3, -с.8.
4.Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. -Алматы, 1996, -145-б.
4.1. ҚР Президентінің «Дағдарыстан дамуға» атты халыққа жолдауы. Егемен Қазақстан // -2009 ж. -3-б.
5. Лунеев В.В. Преступность хх век. -М., 1997, -с. 98.
6. Е. Алауханов. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. «Жеті жарғы», -2001 ж., -340-б.
7. Бегеалиев К.А. Предупреждение безнадзорности и правонарушений несовершеннолетних. -Алма-ата, 1980, -с.198.
8. Васильев М.О. о правовых идеях, принципах // Сов.гос-во и право. – 1975, №3, -с. 15.
9. Явич Л.С. Право развитого социалистического общества. Сущность и принципы. –М., 1978, -с. 149
10. Уголовный Закон: Опыт теоретического моделирования. -М., 1987, -с. 168
10.1 Е. Алауханов.Кәмелетке толмағандардың зорлық істеу арқылы жасаған қылымыстылығы. Монография, -Алматы, 2008 ж.,-365-б.
11. Кригер Г.А. Место принципа советского уголовного права в системе принципов права // Сов. Гос-во и право.- 1981, - № 2 -с. 102.
12. Уголовный закон: Опыт теоретического моделирования. -М., 1987, -с. 161.
13. Васильев М.А. О правах идеях, принципах // Сов. Гос-во и право.-1975, № 3. -с. 15.
14. Явич Л.С. Право развитого социалистичечкого общества. Сущность и принципы. -М., 1987, -с. 149
15. Уголовный Закон: Опыт теоретического моделирования. -М., 1987, -с. 345
16 Кругликов Л.Л. Уголовно правовые средства обеспечения справедливости наказания.- Ярославль. 1986, -с. 301.
17. Осипов П.Н. Теоретическое основы построения и применение уголовно- правовых санкции.- Ленинград, 1976, -с.342.
18.. Я.М. Брайнин. Принципы приминения наказания в советском уголовном праве. Научные записки Киевского ун-та // – 1953, т. 12. -с. 51.
19. Курс советского уголовного права. Общая часть. -Ленинград, 1970, т. 2. -с. 321.
20.. Осипов П.П. келтірілген еңбектің 101, 105 беттері

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ҚЫЛМЫСКЕРЛЕРДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
1.1 Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері
1.2 Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалардың түрлері мен
қолданылатын шектері
1.3 Жазаны жеке даралаудың негізгі қағидалары
2 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ҚЫЛМЫСКЕРЛЕРГЕ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Кәмелетке толмаған қылмыскер тұлғасының жас және психологиялық
ерекшеліктері және олардың жаза тағайындаудағы орны
2.2 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық мотивациясының ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Жұмысының өзектілігі: ерте заманнан белең алып келген, әр түрлі саяси
режимде түрлі идеологияда болған заманда, кәмелетке толмағандарға
тағайындалатын жазалар мен алдын алу процестері және мәжбүрлеу шаралары
түрлі кезеңнің ең өзекті пролемаласы болғаны айдан анық. Алайда қазіргі
заманда бұл проблема сол қалпында қалған тек, жасөспірімдер жайында
жазылған ғылыми монографиялар, майда-шүйде әңгімелер мен лекциялар етек
алуда.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел ретінде дамуы жоғары заң білімін
беру жүйесінде оқылатын пәндер мен оларды оқытудың әдіс тәсілдері
мемлекетіміздің алдында қойған талап тілектерінің аясында және соған сәйкес
болуды талап етіп отыр. Бұл Қазақстан Республикасының мемлекет пен заң
арасы негізіне тікелей қатысты. Себебі, Қазақстан Республикасы болашақ
еліміздің ххi-ші ғасыр заңгелерін дайыдап, олардың бойына отанға деген
сүйіспеншілік орнықтыруда.
Қазақ елінің тарихына үңілетін болсақ бідің ел дербес болып құрылу үшін
көптеген кезеңдерден өткен және сол аралықтарда өзінің заң жүйесін
қалыптастырған. Соған айғақ Қазақстан аумағында қалыптасқан басты-басты
мемлекеттік құрылымдар мен құқықтық жүйелер, Қазақ хандығының саяси-
құқықтық құрылымы, Ресей империясы құрамындағы Қазақстанның саяси-құқықтық
дамуы, Кеңестік Қазақстанда мемлекет пен құқықтық жүйенің орнығып, дамуы
және Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуы туралы пегізгі
мәліметтер бізді тарихтан хабардар етеді. Біз осы асқақтаған еркіндігіміз
бен тәуелсіздігімізді бүгінгі таңда әлемге мақтанышпен танытып, барлық сала
бойынша жоғары деңгейде орын алуға ұмтылып, жаһандану жолында
арпаласудамыз. Ендеше, біз өз елімізге қадамы сәтті, іргесі мықты ұлы
мемлекеттердің бірі болуын тілеп, халқымыз әр уақыт бір ауыздан қолдау мен
сүйеу болуын тілейміз.
Мемлекет тірегі- халық. Ал, халық- дегеніміз адамдар және олардың ара
қатынасы. Ендеше, осы қатынасты реттейтін нәрсе ол Заң. Бізде, 1991 жылы
желтоқсанның 16 жұлдызында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы
маңызды Заң қабылданғаны белгілі. Бұл құжатта: Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Кеңесі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып, Адам құқыларының
жалпыға бірдей декларациясында, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған
өзге де нормаларында баянды етілген жеке адамның құқылары мен
бостандықтарының үстемдігін мойындай отырып, қазақ ұлтының өзін-өзі билеу
құқын растай отырып, ядролық қаруды таратпау принципі мен қарусыздану
процесіне адалдығын мәлімдей отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялайды [1.71-б.]- делінген.
Осыған сәйкес 1995 жылғы тамыздың 30 жұлдызында референдум жолымен
қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғам, мемлекет және
жеке адам тіршілігіндегі орын алатын негізгі қағидаларды
бекітіп берді. Оның 1-бабында айтылғандай: Қазақстан Республикасы өзін
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы- адам және адамның өмірі,
құқықтары мен бостандықтарын құрметтеп қорғайды[2. 17-б.]. Осы негізгі
қағидаларды іске асыра бастау арқасында біз Біріккен Ұлттар Ұйымының толық
мүшесі болып, басқа да ертеден белгілі өркениетті халықтар қатарындағы
терезесі тең ел есебінде танылдық.
Дегенмен, мемлекет тарихында әлі де болса этатизм мен құқықтық мемлекет
идеялары ұзақ уақыттар бойы бір-бірімен арпалыста өтуі әбден мүмкін [3. 8-
б.].
Тағы бір баса назар аударар жай-әсіресе соңғы кезеңде етек ала бастаған
ересек қылмыскерлердің ықпалымен қылмыс жасап ұсталатын жасы кәмелетке
толмағандар жиі кездеседі.

Егеменді де өркениетті елдің бүгінгі мен ертеңін өрге бастырар жас
жеткіншектер екені белгілі. Болашақтың тізгінін ұстайтын олардың алдағы
атқарар іс-әрекеттерінің түп-тамыры бүгінгі күнмен тығыз байланысты.
Қазіргі жағдайды ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Дағдарыстан-дамуға атты
жолдауы осы кезде болып жатқан әлемдік дағдарыстың қиындықтары мен шығу
жолдары жайында айтылса, заңгерлер және педагог-психологтар үшін бұл кезең
жасөспірімдердің әлеуметтік-материалдық жағынан қысымы нәтижесінде
жеткізген салдары глобальды проблема болмақ. [4.1] Жасы кәмелетке
толмағандар арасындағы қылмыстылықпен күрес, әсіресе олардың өзара топтасып
немесе ересек адамдардың атысуымен жасалатын қылмыстық әрекеттерімен күрес
жүргізу мәселесі жалпымемлекеттік деңгейде орын алған алдыңғы бағыттағы
міндеттердің бірі болып табылады.

Әрине, қай қылмыстылықтың да алдын алуда әуелі жалпы тәрбие, оның ішінде
құқықтық тәрбие негізгі құрал болып есептеледі.Сондықтан да Қазақстан
Республикасы Президентінің 1995 жылғы маусымының 24 жұлдызында шыққан
Жалпыға бірдей құқықтық білім мен тәрбие беру туралы қаулысының негізгі
талаптарын іске асырып, жастарға өз дәрежесінде жеткілікті құқықтық тәрбие
жастар мен жасөспірімдердің бойында құқықтық талаптарды құрметтеу сезімін
қалыптастырып, азаматтадың санасына құқық пен міндеттің бірлігін
сезіндіреді, олардың қоғамда өзін-өзі дұрыс ұстап, әсіресе кәмелетке жасы
толмағандар арасындағы қылмыстық әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік
туғызады.
Қылмыстың алдын алу шаралары олардың негізгі-пегізгі көрсеткіштеріне
байланысты әртүрлі болуы мүмкін.Алайда, басты шара-Президентіміздің
Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, өтпелі кезеңдерді бастан кешіп
жатқан қоғамда,мемлекеттік экономика әлі сақталып қалып тұрған тұста, жеке
меншік институттары... әлі қалыптасып біте қоймаған кезде, мемлекеттің
қызметінің орасан зор маңызға ие болатындығы [4.2. 145-б.]. Мемлекет
тарапынан қолданылатын шаралардың бәрінің мәні де күш ықпалы да қоғамындағы
тәртіп бұзушылық пен қылмыстылықтың әулі алдын алуға бағытталған.
1 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ҚЫЛМЫСКЕРЛЕРДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
1.1 Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері

Қылмыстық жауаптылық мемлекетпен тағайындалатын заңды жауаптылықтың бірі
болып табылады және қылмысы үшін кінәлі адамдарға ғана қолданылады.
Қылмыстық жауаптылық институты қылмыстық құқықта қоғамдық қатынастарды
қорғайтын, сотталғандарға тәрбиелік сипатта әсер ететін, қылмыстардың алдын
алатын қылмыстылықпен күресудегі маңызды тәсіл ретінде қарастырылады.
Қылмыстық заңда қылмыстық жауаптылықтың түсінігі берілмеген. Мұндай
анықтама тек қылмыстық құқық ғылымында ғана айқындалған. Әдебиеттерде
қылмыстық жауаптылыққа әртүрлі анықтама, түсініктер берілген.
Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы қылмыстық жазалау
қатерімен тыйым салынған, қоғамға қауіпті әрекетті кінәлі түрде жасағандық
үшін ғана белгіленеді
Қылмыстық жауаптылықты мазмұнына қарай былайша түсінуге болады:
а қоғамға қауіпті белгілі бір, нақты әрекетті істеген адамға мемлекет,
қоғам тарапынан кінәсін бетіне басу;
ә) қылмыс істеген кінәлі адамға заң жүзінде қылмыстық жаза қолдану. Бұл
орайда Г.Ф. Поленовтың қылмыстық жауаптылыққа берген анықтамасын дұрыс деп
ұғынуға болады Қылмыстық жауаптылық- бұл қылмыс жасаған адамның тек
мемлекет алдында жауапты болуы ғана емес, сонымен қатар, қылмыстық-құқықтық
шараны қолдану нәтижесінен болған кінәлінің қиналуы, оның кейіп, өкінуінен
тұратын және мемлекет алдында қылмысы үшін тәуелді түрде айыпты болуы.[6.21-
б.]. Мемлекет тарапынан қылмыстылықты анықтау алдын ала тергеу органымен
жүзеге асырыла отырып, тұлғаның жасаған қылмысы сотпен заңды түрде
бағаланып оны қылмыскер деп танудан тұрады. Мемлекет тарапынан қолданылатын
қудалау әркез кінәліге жаза тағайындаумен ғана аяқталыпқоймайды. Қылмыстық
заң қылмыс жасаған адамдарға басқа да қылмыстық-құқықтық шараларды қолдана
алады. Мысалы, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын.
Қылмыстық жауаптылық пен жаза бір біріне ұқсас түсініктерге жатпайды.
Қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшеліктері мен мемлекет атынан
қолданылатын мәжбүрлеу шаралары бар және мазмұны жағынан кең ауқымды болса,
жаза қылмыстық жауаптылықтың нысаны ретінде арнаулы заңдылықтар арқылы жаза
туралы ережелерге сүйене тоырып қолданылады.
Қылмыстық жауаптылықтан босату негіздері ҚК-тің 65-95, 76-баптарына
сәйкес қылмыстық жазадан босатудың да негіздері болып табылады. (ҚК-тің 70,
73-76-баптарын да қараңыз).
Қылмыстық жауаптылық басқа заңды жауаптылық түрлерінен (азаматтық-
құқықтық, әкімшілік, тәртіптік т.б.) ерекшеленіп, ажыратылады. Яғни
қылмыстық жауаптылық, қылмыстық заң бойынша жазалау қатерімен тыйым
салынған қылмыстық әрекеттер үшін кінәліге жаза тағайындауға және
соттылықтың туындауын көздейтін қылмыстық өол сұғушылыққа қылмысты құқық
қорғау органдарымен қолданылатын шара болса, заңды жауаптылықтың басқа
түрлері тиісінше өзге құқық бұзушылықтарға қолданылады.
Қылмыстық жауаптылықтың пайда болуы, іске асуы, жойылуы қылмыстық-
құқықтық қатынастар шегінде болып отырады. Демек, қылмыс жасаған уақытта
қылмыстық жауаптылықпен қатар бір мезетте қылмыстық құқықтық қатынастар да
пайда болады.
Қылмыстық-құқықтық қатынастар- қылмыс жасаған мезеттен пайда болатын,
қылмыстық заң жүйелерімен реттеліпотыратын қоғамдық қатынастар. Бұл
қатынастардың тараптарының бірі қылмыстылықпен күресу мақсатындағы
мемлекеттік орган болса, екіншісі қылмыс жасаған адам болып табылады.
Қылмыстық-құқықтық қатынастыр мен қылмыстық жауаптылықты да ұқсас, бір
түсініктер деп айта алмаймыз. Мұның себебі, қылмыстық жауаптылықтың
қылмыстық-құқықтық қатынастардың элементтері ретінде қылмыстың жасалуынан
туындайтындығында. Ал қылмыстық- құқықтық қатынастар мына жағдайларда:
құқық қорғау органдарыныңқылмыстың жасаландығы туралы мәліметке ие болмаған
нақты дәлелдемелер бойынша қылмыстық іс қозғалған, сонымен бірге қылмысы
үшін кінәлі адам анықталмаған кезде, яғни қылмыстық жауаптылыққа тартылатын
субъектінің жоқ болуы белгілері бар болғанда орын алады.
Қылмыстық-құқықтық қатынастар- мемлекет атынан сот әділдігін жүзеге
асыратын анықтау, тергеу, прокуратура, сот органдары және қылмыс жасаған
субъектінің арасындағы қатынастар болып табылады. Қылмысы үшін кінәлі адам
қылмыс жасаған кезден бастап жауаптылыққа тартылып, міндеттерге және сол
уақыттан белгілі бір құқықтарға ие болады. Мысалы, оның өзіне
тағайындалатын жазаның немесе басқа да қылмыстық-құқықтық шаралардың
қоғамдық сипаты мен қауіптілік дәрежесінің заңды түрде дұрыс саралануын
талап етуге құқығы бар.
Қылмыстық жауаптылық пен қылмыстық-құқықтық қатынастар жасалған уақыттан
басталады. Кейбір жағдайларда қылмыстық-құқықтық қатынастар қылмыстық
жауаптылықтың іске асуымен жалғаспай қалатын кездері болады. (Мысалы,
қылмыстың ашылмауы, қылмыскердің анықталмауы). Қылмыстық-құқықтық
қатынастардың пайда болуын қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылуы деп
қарауға болмайды. Қылмыстық жауаптылықтың іске асуы болып- қылмысы үшін
кінәлінің қылмыстық жауаптылыққа тартылуынан басталып, істің сотта қаралуы,
және жазаны өтеу уақыты танылады. Қылмыстық жауаптылық жаза өтеліп
болғаннан кейін іске асқан болып танылады. Жазаның өтелуі- сотталғандықтан
арылу,
қылмыстық жауаптылықтың ескіру мерзімінің өтуі, қылмыстық жауаптылықтың
тоқтатылуы болып табылады. Заң жүзінде қылмыс
субъектісі болып табылмайтын, яғни есі дұрыс еместік, жасы толмағандық
белгілері бар адамдардың қоғамға қауіпті әрекеттерінен қылмыстық жауаптылық
пен қылмыстық-құқықтық қатынастар туындамайды. Қылмыстың белгілері бар
әрекет жасаған адамды жағдайдың өзгеруі салдарынан сот істі қарау кезінде
егер ол жасаған әрекет қоғамға қауіпті емес деп танылса, қылмыстық
жауаптылықтан босатуы мүмкін. Осы сияқты, қажетті қорғанудан болған,
қауіпті қол сұғушылық жасаған адамды ұстауға қатысты, аса қажеттіліктен
т.б. болған әрекеттерге заң жүзінде қылмыстық жауаптылық көзделмеген.
Қылмыстық жауаптылықтың негіздері мәселесінің үлкен теориялық және
тәрбиелік мәні бар. Өйткені бұл құқық қорғау қызметіндегі заңдылықтың
сақталуымен, қоғамдық қатынастардың реттелуімен, адамдардың құқықтары мен
бостандықтарының қорғалуымен, сот әділдігінің жүзеге асуымен тығыз
байланысты. Қылмыстық жауаптылыққа тартуда негіздердің жеткіліксіздігі
заңға қайшы бола отырып елеулі зардаптарға әкеліп соқтырады (мысалы, заңсыз
соттау, негізсіз жаза тағайындау т.б.).
Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі қылмыс
жасау, яғни қылмыстық заңда көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар
әрекетті жасау болып табылады. Қылмыстық жауаптылық және жаза тек қылмыс
жасаған, яғни қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті әрекеттерді
қасақана немесе абайсыздықпен істеген айыпты адамға ғана тағайындалады.
Осылайша, қылмыстық заңда адамның қоғам мен мемлекет алдындағы қоғамдық
қауіпті әрекеті үшін жауаптылығы қарастырылып, оның саналы түрде ерікті
жасалған әрекеті үшін нақты жағдайларға байланысты жауаптылық негіздері
қамтылған.
Е.И. Қайыржанов қылмыстық жауаптылықты екі негізге бөліп көрсетуді
қолдайды: субъективті және объективті. Субъективті негіздің мәні оның-
адамның еркімен байланыстылығында, саналы түрде шешім қабылдауда және осы
шешімдерге байланысты адамдарға байланысты адамда белгілі бір жауаптылықтың
болуында. Объективті негіздің мәні- адамның әрекетінде қылмыс құрамының
барлық белгілері бар нақты бір әрекеттің (әрекетсіздік) жасалуында [6.34-
б.]
Қылмыстық жауаптылықты талдай келе оның негізін былайша тұжырымдауға
болады: Адамның қоғамға қауіпті әрекеті заңмен қарастырылған мән-жайларға
байланысты қауіпті деп танылып, қылмыс құрамының белгілері анықталса,
сотпен кінәлі деп табылып қылмыстық құқықтық шара қолданылады. Сонымен,
жоғарыда нақтылап кеткеніміздей ҚР ҚК-нің 3-бабына сәйкес қылмыс жасау,
яғни Қылмыстық кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар
әрекет жасау қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады. Бұл
қағида қылмыстық іс жүргізу заңдарында да орныққан. Демек, оның сот
әділдігін жүргізудегі маңызы ерекше зор.

1.2 Кәмелетке толмағандарға тағайындалаттын жазаның түрлері мен шектері

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 79-бабында кәмелетке
толмағандарға тағайындалатын мынадай жаза түрлері көрсетілген:
1 айыппұл;
2 белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
3 қоғамжық жұмыстарға тарту;
4 түзеу жұмыстары;
5 бас бостандығын шектеу:
6. бас бостандығынан айыру болып табылады
Жаза мен тәрбиенің дұрыс сәйкестігін қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,
мемлекет және кәмелетке толмағандардың жеке басының ерекшеліктерін, оларға
қатысты қылмыстық жазаның жазалау күшін біршама шектеуді әрқашан
қарастырады [7.198-б.].
Осыған сәйкес қылмыстық кодекс жасөспірімдерге қатысты қылмыстық жазаның
бірқатар түрлерін орындау мен қолдауда шектеулерді көрсеткен. Арнаулы
әдебиет көздерінде кәмелетке толмаған қылмыскерлерге қатысты жазаның жалпы
қағидасы мен жазалау жақарының жеңілдіктері жасы толмағандарға қылмыстық
жазаның әртүрлі түрлерін тағайындау туралы мәселені шешуде соттар тарапынан
ерекше амалды қолдану қажеттігіне ықпалын тигізетіні көрсетілген. Бұл ең
алдымен, бас бостандығынан айыру жазасын қолдануға қатысты. Жазаның бұл
түрін қолдану тек қоғамға қауіпті бірнеше көрініс жіберген, не ерекше
қауіпті қылмыс жасаған, басқа шаралармен түзелуі мүмкін емес
жасөспірімдерге ғана қолдану әділетті болады. Алайда, жасы толмағандарға
жаза тағайындаудағы мұндай ерекше амал тек сәйкестендірілген заңдық
негізде жүзеге асырылып, тиісті ықпал етуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 52 бабының 1 бөлігінде
қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға қылмыстық кодекстің ерекше
бөлімінің тиісті бабында белгіленгкн шекте және жалпы бөлімнің ережелері
ескеріле отырып әділжаза тағайындайды- деп көрсетілген. Жаза тағайындаудың
жалпы негіздерінің бұл ерекшеліктері қоғамдық заңдылықты сақтаудың маңызды
кепілі болып табылады, немесе сотталған адамға жаза тағайындау кезінде
заңның алдыңғы рөлін көрсетеді.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары жөніндегі сот қарауының қылмыстан
сақтандыру мағынасы тек жасөспірімдерге ғана емес, сонымен бірге олардың
тәрбиесіне жауапты ата-аналарына, сот процесіне қатысушы басқа да адамдарға
тәрбиелік ықпал етуде [7.198-б.].
Жасы кәмелетке толмағандардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерінің
танымдылығы сонша, оларға жазаның шегі туралы жаза тағайындаудың жалпы
негіздерінің талаптарын қолдану жасы толмағандарға
жаза тағайындауды реттейтін бірқатар арнайы нормалар арқылы түзетіледі.
Олар қылмыстық кодекстің әртүрлі баптарында көрсетілген.
Жасы кәмелетке толмағандардың жауаптылық шектері мен шарттарының құқықтық
реттеуін әрі қарай жетілдіруді жасыкәмелетке

толмағандардың қылмыстары туралы сот өндірісінің тәртібіне
қатысты жасалған басқа республикалардың ҚІЖК-гідей, қылмыстық кодексте де
арнайы тарау бөлу арқылы жүзеге асыруымыз қажет. Бірқатар шет мемлекеттерде
жасы толмағандардың қылмыстық жауаптылығының шектері мен шарттарын
реттейтін нормалар арнайы тарауларда бөлінгенін көрсете кету керек.
Қолданылып жүрген қылмыстық заңға сәйкес жасы кәмелетке толмағандарға
жаза тағайындаудың ерекшеліктерін бірқатар ережелермен сипаттауға болады:
1) Қылмыстық заң жасы кәмелетке толмағандарға жаза қолданудың аясын
шектейді. Қылмыстық кодекстің 81 бабына сәйкес, бірінші рет кішігірім
немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшін сотталған кәмелетке толмаған
адам, егер оны түзеуге тәрбиелік тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын
қолдану жолымен қол жеткізуге болады деп танылса, сот оны қылмыстық
жауаптылық пен жазадан босатуы мүмкін.
Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шарасының тізімі қылмыстық кодекстің 82-
бабында қарастырылған.
Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану кәмелетке толмағандар
арасындағы қылмыстылықпен күресуде үлкен роль атқарады. Жасы кәмелетке
толмаған қылмыскерлерге тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шарасын
тағайындаудағы сот ісінің процедурасының өзі, оны кәмелетке толмағандар
жөніндегі комиссияның қолдануынан гөрі, оған біршама тәртіптік сипат
береді.
Дегенмен де тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шарасы сот тәжірбиесінде өте
сирек қолоданылуда. Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты төменгі сатыдағы
соттардың назарын осы шараларды кең түрде қолодану қажеттілігіне аударуда.
Сұрау кезінде, қылмыс жасаған жасөспірімдердің көпшілігі оларға қылмыстық
істі соттың қарауы үлкен әсерін тигізетінін және үкімнің айтылуының әсер
ететінін көрсеткенін айта кету керек.
Біздің зерттеулеріміз, соттардың жасөспірімдерге қатысты тәрбиелік әсері
бар мәжбүрлеу шараларын өте аз қолданғанын көрсетіп береді. Мұндай
жағдайдың себебін сот тағайындайтын тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары
қазіргі кезде жасы кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссияның қолданатын
тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларынан мүлде ерекшеленбейтіндігімен
түсіндіруге болады.
2) Қолданылып жүрген қылмыстық заңға байланысты кәмелетке жасы
толмағандарға жазаның мына түрлері тағайындалмайды: өлім жазасы (49-бап),
құқықтық, әлеуметтік, және нақты жағдайларына байланысты жасы толмағандарға
белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен
айналысу құқығынан айыру (41-бап), әскери қызмет бойынша шектеу (44-бап),
тәртіптік әскери бөлімде ұстау (47-бап).

Кәмелетке жасы толмағандардың өзіндік жалақысы мен мүлкінің көп жағдайда
болмауынан оларға айыппұл мен мүлікті тәркілеуді қолдану мүмкіншіліктерінде
шектеулер белгіленген.
Заңда көрсетілген жазалардың ішінде түзеу жұмыстарын кәмелетке
толмағандарға кеңінен қолдануға болмайды, түзеу жұмыстарын жасөспірімдерге
қолдану мүмкіндігі ең алдымен еңбек заңына сәйкес жасы толмағандарды
жұмысқа 16 жастан қабылдауға жіберіледі. Сонымен бірге түзеу жұмыстарын ҚК-
нің 43-

бабының 3-бөлігіне сәйкес еңбекке жарамсыз деп танылған, тұрақты жұмысы жоқ
немесе оқу орнында өндірістен қол үзіп оқитын адамдарға тағайындауға
болмайды. Келтірілген зардапты қалпыеа келтіру міндетін жүктеу және
көпшілік алдында ұялту түріндегі жазалар сот тәжірибесінде өте сирек
қолданылады.
3) Жасы кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру жазасын
қолданудың өз ерекшелігі бар. Қылмыстық кодекстің 79-бабының 7-бөлігіне
сәйкес кәмелетке толмай сотталған адамды бас бостандығынан айыру 10 жылдан,
ал жауаптылықты ауырлататын жағдайларда кісі өлтіргені үшін 12 жылдан
аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін. 14 жастан 16 жасқа дейін кішігірім
ауырлықтағы қылмысты бірінші рет жасаған адамға бас бостандығынан айыру
жазасы тағайындалмайды. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны кәмелетке
толмағандар жалпы режимдегі және күшейтілген режимдегі тәрбиелеу
колонияларында өтейді. (79-баптың 8-бөлігі).
Жасаған іс-әректінің қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесі онша үлкен
болып саналмайтын қылмыстар жасаған жасы толмағандарды қоғамнан оқшауламай-
ақ түзеуге және қайта тәрбиелеуге мүмкін болатын жағдайларда негізсіз бас
бостандығынан айыру жазасын тағайындауға жол бермеу керек. Сондықтан да,
қоғамға қауіптілігі онша үлкен болып саналмайтын қылмыстар жасаған жасы
толмағандарға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза шараларын,
шартты жазаларға соттауды, үкімнің орындалуын кейінге қалдыру
мүмкіндіктерін қолдану туралы мәселелерді дұрыс шешудің маңызы зор.
Кәмелетке жасы толмағандардың жас ерекшелігін ескере отырып, оларға
тағайындалатын жазалар ең алдымен тәрбиелік және ескертулік әсер ету
мақсатын қояды. Сот тәжірбиесі бірінші рет қылмыс жасаған жасы кәмелетке
толмағандарға бас бостандығынан айыруды қолданудың тиімсіздігін айқын
көрсетіп береді.
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалардың мазмұнының өзіндік
ерекшеліктері бар. Мысалы, айып 79-баптың 2- бөлігіне сәйкес кәмелетке
толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі
болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл оннан бес жүз айлық есептік
көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе кәмелетке толмаған адамның жалақысының
немесе өзге табысының екі аптадан алты айға дейінгі
мөлшерінде тағайындалады. Көріп отырғанымыздай, ересектерге қарағанда
кәмелетке жасы толмағандар үшін айыппұлдың мөлшері төмендетіліп
белгіленген, бірақ солай бола тұрса да 40-баптың 2-бөлігінің ережесі
сақталады, яғни айыппұлдың мөлшерін жасалған қылмыстың ауырлығы мен
сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып сот белгілейді.
Айыппұлдың нақты мөлшері жасалған қылмыстың ауырлығына, кінәлінің
материалдық, отбасылық жағдайларында, істің нақты жағдайларына байланысты
сот арқылы жеке дара анықталады.
Кәмелетке толмай сотталған адамға айыппұл слу жазасын тағайындарда сот
кодекстің 52 және 80 баптарында көзделген барлық мән-жайларды, сонымен
бірге Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 17 және 22 баптарында
бекітілген жайларды ескеруі қажет, яғни некеге отырған кезде (он сегіз
жасқа толғанша некеге отыруға заң актілері жол беретін жағдайда ) және
кәмелетке толмағанның өз жалақысын, стипендиясын, басқа табыстарын өзі
билейтін құқығы шектелмеген немесе одан айырылмаған болса кәмелетке
толмаған өз әрекетіне толық көлемде жауап беруге қабілетті деп танылады.
Он сегіз жасқа толмай қылмыс жасап айыппұл салуға сотталған адамдар үшін
соттылық қылмыстық кодекстің 86- бабының а тармағына сәйкес айыппұл
төленген күннен бастап төрт ай өткен соң жойылады.
Кәмелетке толмағандарға белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру
жазасы бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады. Бұл жазаның
түрі кәмелетке жасы толмаған адам заңды негізде қызметтің қандайда бір
түрімен айналыса жүріп қылмыстық әрекет жасаған ретте ғана тағайындалады.
Қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қылмыстық заңда жазаның жаңа түрі болып
табылады, ол қырық сағаттан жүз жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге
тағайындалады. Қоғамдық жұмыстарға тарту кәмелетке толмаған адамның қолынан
келетін жұмысты, оқудан немесе негізгі жұмысынан бос уақытында орындауы
арқылы жүзеге асырылады. 16 жасқа толмаған адамның бұл жаза түрін
орындаудың ұзақтығы күніне екі сағаттан, ал 16 жастан 18 жасқа дейінгі
адамдар үшін күніне үш сағаттан аспауы қажет. Бұл жағдайда кәмелетке
толмағандар үшін қоғамдық жұмыстарға тартудың мерзімі ересектерге қарағанда
біршама төмен екенін көреміз.
Түзеу жұмыстары сот үкім шығарған кезде 16 жасқа жеткен кәмелетке толмай
сотталған адамдар бір жылға дейінгі мерзімге тағайындалады. Түзеу
жұмыстарының мазмұны сонда- сотталған адам жазасын өзінің бұрынғы негізгі
жұмыс орнында өтейді, бірақ оның жалақысының мемлекет кірісіне тиісті бір
бөлігін ұстап тұрады.
Осы жағдайларды ескеріп кәмелетке толмағандарға түзеу жұмыстарын
тағайындауда жасына, мерзіміне және қылмыстық жазадан босату мүмкіндігіне
байланысты мына жайларды ескеру қажет:
1) түзеу жұмыстары тек белгілі бір өндіріс орнында жұмыс істейтін
кәмелетке толмаған адамға ғана тағайындалуы;
2) жасы толмағанның жалақысынан ұстау кезінде әртүрлі объективтік және
субъективті факторларды (отбасы, материалдық жағдайды, отбасы
мүшелерінің мүгедектігі және т.б.) ескеу қажет.
Қамау жазасы да қылмыстық заңдағы жазаның жаңа түрі болып табылады.
Қамаудың мәні- сотталған адамды тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде
қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау, яғни мағынасы жағынан бас
бостандығынан айыру жазасына жақын. Заң әдебиеттерінде бірінші рет
көрсетілгендей, бұл жаза қысқа мерзімге бас бостандығынан айырудың
тиімсіздігіне байланысты енгізілген.
Қамау 16 жасқа олғандарға мүлдем тағайындалмайды, ал 16-дан 18 жасқа
дейінгілерге бір айдан төрт айға дейінгі мерзімге тағайындалады, қамаудың
мерзімі бұл жерде ересектерге қарағанда біршама қысқартылған.
Бас бостандығынан айыру жазасы кәмелетке толмағандарға қылмыстық заңға
байланысты 10 жылдан, ал ауырлататын жағдайларда кісі өлтіргені үшін-12
жылдан аспайтын мерзімге тағайындалады. Ал 14 жастан 16 жасқа дейін
кішігірім ауырлықтағы қылмысты бірінші рет жасаған адамға бас бостандығынан
айыру жазасы тағайындалмайды.
Қылмыстық құқық қағидалары туралы жазған оқу құралында А.М.Васильев
қылмыстық заңда көрсетілген жетекші идеялар объективтендіреді, соның
салдарынан оны міндетті түрде орындау мүмкіндігі туады [8.15-б.] десе,
Л.С.Явич бұл ойды әрі қарай өрбітіп, қағидалар заңда тек белгілі бір
нормаларда негізделгендіктен заң шығарушы және құқық қолданушы органдар
үшін ол нысана болады- дейді [9.149-б.]
Қылмыстық заңның теориялық негізін жасауға ат салысқан белгілі ғалымдар,
өз еңбектерінде құқықтың қағидаларын заңда көрсетіп кетудің тәжірибелік
маңызы- азаматтарға, қылмыстық құқық нормаларын қолданатын орындарға және
заң шығарушы органдарға бағыт-бағдар беріп отыратындығынан дейді [10.16-
б.].
Соңы кездері құқық ілімінің ғылыми әдебиеттерінде қылмыстық құқыққа тән
жалпы қағидаларды негізге алып, осы аталмыш құқық саласының дара
институттарына тән қағидаларды жекаелеу тәжірбиесі етек ала бастады. Біздің
пайымдауымызша, бұл орынды іс. Өйткені, біріншіден, қылмыстық құқықтың
жалпы қағидаларыбелгілі бір институт төңірегінде оны пайдалану кезінде
ерекшеленіп тұруы ықтимал. Үшіншіден, әрбір институтқа тән жеке қағидаларды
бөліп қарау, оның мазмұнын, мағынасын, рөлін арттыруға себепші болады.
Қылмыстық құқықтың үлкен бір арнасы, жеке көлемі институты- жаза
тағайындаудың қағидаларын даралап отыру сотталушының іс-әрекетін, оның
жасаған қылмысының қауіптілігіне сай қылып жазалау мақсатын қойған, соттар
үшін басшылыққа алатын басты бағдар.
Қылмыстылық- адамның мінез-құлқы нысандарының бірі, ал қылмыс- адамның
саналы түрде жасаған әрекеті, нақты қылығы. Адамның тұлғасын сипаттайтын
қасиеттердің бәрін біліп алмай, жеке адам қылмыстың себебін немесе жалпы
қылмыс себебін біліп-түсіну мүмкін емес.
Криминология ғылымы адам қылмыскер болып тумайды, қылмыстылық тұлғаның
қалыптасу кезеңіндегі жайсыз жағдайлардың салдарынан пайда
болады деп пайымдайды. Алайда жайсыз жағдайдың бәрі бірдей және әр уақытта
қылмыстық мінез-құлық тудырады деп ойлауға болмайды. Адам іс жүзінде өзінің
психологиялық табиғатына сай келетін шарттар мен факторларды таңдап алып
және оны белгілі бір дәрежеде игереді.
Қылмыскер тұлғасы қылмыстылыққа итермелеуші әлеуметтік өмір жағдайы мен
осы жағдайдың салдарынан болған қылмыстың арасын жалғастырушы буын болып
саналады. [10.1. 32-б.]

1.3 Жазаны жеке даралаудың негізгі қағидалары

Бұл мәселе жалпы қылмыстық құқықтың негізгі қағидаларынан туады.
Сондықтан да әуелі жалпы қағидаларға көз жіберейік.
Құқықтың қағидалары дегеніміз- белгілі бір қоғамдық құрылыстың
әлеуметтік-экономикалық табиғатынан туындайтын, заңда көрсетілген
идеологиялық саяси, өнегелік бастаулар (жетекші идея). Ол құқықтың
реттеушілік және қорғаушылық қызметтерін бағыттап, үстемдік етуші қоғамдық
қатынастарды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бағындыру және тағы басқа да
ықпал етуші құралдардың сипатын, негізін, көлемін анықтап береді [11.102-
б.].
Осы айтылған жалпы ұғымды басшылыққа ала отырып, құқықтың жеке бір
көлемді саласы- қылмыстық құқықтың негізгі қағидаларын туындатып
көрейікші. Бұл жерде қылмыстық құқық- жалпы құқық ілімінің жеке бір саласы
ретінде өзіне ғана тән қасиеттерді басшылыққа алып, ерекшеленіп отыратынын,
соның нәтижесінде қылмыстық заңда, тергеу, сот тәжірибесінде қолданылатын
жетекші идеяларды ұстайтындығын көрсеткіміз келеді. Бұл қағидалар әрқашан
қоғамның белгілі бір саяси-экономикалық, әлеуметтік заңдылықтарынан
туындап, сол қоғам мүшелерінің қылмыстық жауаптылыққа, оның түрлеріне
өзіндік көзқарас қалыптастыруына ықпал етеді [12.16-б].
Құқықтың қағидалары заңда көрсетілуі немесе көрсетілмеуіне қарамастан өз
қызметін (функциясын) атқара береді. Яғни, әрбір заң нормасы, оның баптары,
баптың тармақтары, бөліктері белгілі бір идеяның көрінісі, соның іс
жүзіндегі мазмұны ретінде өз рөлін жоғалтпайды. Сондықтан да оларды жеке
даралап заң нормасында көрсетудің қажеттілігінің не пайдасы бар деген
сұрақтың заң әдебиетінде тууы заңды да.
Қылмыстық құқық қағидалары туралы жазған оқу құралдарында А.М. Васильев
қылмыстық заңда көрсетілген жетекші идеялар объективтендіріледі, соның
салдарынан оны міндетті түрде орындау мүмкіндігі туады [13.15-б] десе,
Л.С. Явич бұл ойды әрі қарай өрбітіп, қағидалар заңда тек белгілі бір
нормаларда негізделген заң шығарушы және құқық қолданушы органдар үшін ол
нысана болады- дейді [14.149-б.].
Қылмыстық заңның теориялық негізін жасауға ат салысқан белгілі ғалымдар,
өз еңбектерінде құқықтың қағидаларын заңда көрсетіп кетудің тәжірбиелік
маңызы- азаматтарға, қылмыстық құқық нормаларын қолданатын орындарға және
заң шығарушы органдарға бағыт-бағдар беріп отыратындығынан дейді [15.16-
б.].

Соңғы кездері құқық ілімінің ғылыми әдебиеттерінде қылмыстық құқыққа тән
жалпы қағидаларды негізге алып, осы аталмыш құқық саласының дара
институттарына тән қағидаларды жекелеу тәжірибесі етек ала бастады. Біздің
пайымдауымызша, бұл орынды іс. Өйтені, біріншіден, қылмыстық құқықтың жалпы
қағидалары белгілі бір институт төңірегінде оны пайдалану кезінде көрінбеуі
мүмкін.
Екіншіден, кейбір қағидалар керісінше қылмыстық құқықтың жеке
институттарын қолдану кезінде ерекшеленіп тұруы ықтимал. Үшіншіден, әрбір
институтқа тән жеке қағидаларды бөліп қарау, оның мазмұнын, мағынасын,
рөлін арттыруға себепші болады.

Қылмыстық құқықтың үлкен бір арнасы, жеке
көлемді институты- жаза тағайындаудың қағидаларын отыру сотталушының іс-
әрекетін, оның жасаған қылмысының қауіптілігіне сай қылып жазалау мақсатын
қойған, соттар үшін басшылыққа алатын басты бағдар.
Осындай ерекше маңызының барлығына қарамастан жаза тағайындау қағидалары
мәселесі әлі де болса құқық ілімінде толық шешімін таба алмай отыр. Мұндай
келеңсіздіктің себебін, соның салдарынан жіберілген кемшіліктердің мәнін
Л.Л. Кругликов жаза тағайындаудың қағидаларының саны және түрлері туралы әр
түрлі пікірлердің болуынан, олардың жеке түрлерінің мағынасын
түсінбеушіліктен, олардың арасындағы қарым-қатынасты айыра алиаудан, жаза
тағайындаудың жалпы негіздерімен шатастырудан және олдардың жұмыс істеу
тетігін жете игермеуден дейді [16.16-б].
П.П. Осипов болса мұндай жағдайды жаза тағайындау мәселелері әлі де
болса жеткілікті зерттелмей, қылмыстық құқық теориясының бір ақтаңдағы
екенін атап көрсетеді [17.98-б.]. Жаза тағайындау мәселесінің қағидаларына
арналған көптеген еңбектерді мұқият қарап шыққанда байқағанымыз, осы
тақырыптағы, аталмыш мәселені қанша автор қараса, заң әдебиетінде сонша
өзіндік пікірлер қалыптасқан. Әлі күнге дейін оның анықтамасын түсінуде де
бірауыздылық жоқ. Осы сөзімізді дәйкектеу үшін енді соларға қысқаша
тоқталып өтейік.
Я.М. Брайнин жаза тағайындау қағидалары ретінде заңдылықты,
адамгершілікті, демократизмді, құқықтық танымды, жазаны жеке даралауды және
қоғамға қауіпті істі жазалауды көрсеткен [18.51-б.].
Ленинградтық қылмыстық құқық курсының авторлары бұл институттың
қағидалары ретінде үш қағиданы: заңдылықты, гуманизм мен жазаны жеке
даралауды айтады [19.321-б.].
Ал, П.П. Осипов жаза тағайындаудың басты қағидалары ретінде гуманизмді
айтып, оның бөлшектері ретінде ізгілікті және әділетті сот қарауын
көрсеткен [20.101,105-б.].
Қосымша жазалар туралы жазған еңбегінде В.К. Дуюнов бұл жазаның түрлерін
қолдану үшін мынадай қағидаларға сүйену керектігін айтады: заңдылық,
лайықтылық, негізділік, әділеттік, адамгершілік, жазаны жеке даралау,
қосымша жазаны негізгі жазамен тиімді пайдалану [21.6-б.].
М.А. Шнейдер еңбегінде жаза тағайындау қөағидалары былай тізбектеледі:
заңдылық, негізділік, жазаның қылмыскердің жеке басының қауіптілігіне
сыйлығы, жазаны жеке даралау, жазаның әділеттілігі.
М.М. Бабаев еңбегінде заңдылық, жазаның негізділігі, адамгершілік,
жазаны жеке даралау, жазаның әділеттілігі айтылады [22.3-б.].
М.И. Бажанов жазаны тағайындау қағидалары деп заңдылықты, жазаның
негізділігін, гуманизмді, жеке даралау және әділеттілікті түсінетіндігін
көрсетеді [23.343-б.].
Нұрлан Дулатбековтың атап келтірілгендей, негізгі берілген анықтамалары
және кездескен басқа еңбектердің бәріне тәе бір ортақ олқылық бар секілді.
Олар мыналар:
- жоғарыдағы авторлардың көрсетілген қағидалар арасындағы алшақты жете
түсінбеуі. Кей кездерде қағидалар өз арасындағы мазмұндық ауқым- аясына
қарамастан бірдей дәрежеде көрсетіліп кетуі (оны М.А. Шнейдер берген
анықтамадан көруге болады).

- қылмыстық іс жүргізуде мәнге ие болатын
қағидалардың негізсіз жаза тағайындаудың қағидалары ретінде көрсетілуі (оны
М.М. Бабаев, М.И. Бажанов анықтамаларынан көруге болады);
- олардың бір-біріне деген ішкі байланыстары ұмытылып, мағынасыз
тізбектелуі;
-авторлардың жазаны тағайындаудың қағидаларын жалпы құқықтың
қағидаларымен шатастырып, жалпы- жалқы арасындағы айырмашылықтарды жете
түсінбеуі [24.86-б.].
Шын мәнәнде, жаза тағайындау кезінде жалпы құқықтық, қылмыстық құқықтық
қағидалардың қызмет атқаруы, өзін-өзі көрсету қабілеті қылмыстық құқықтың
жеке институттарын қолдану әр түрлі деңгейде болады. Мазмұнының жете
көрініп тұруына байланысты оларды кейде ерекшелендіру дұрыс. Бірақ
қылмыстық құқық іліміне ортақ қағидаларды бөліп алып, оны тағы да жеке
институт қағидасы қылып қоюдан ештеңе ұтпаймыз. Сондықтан заңдылық,
гуманмзм және т.б. қағидаларды жазаны тағайындаудың қағидасы етіп
көрсетудің ешқандай маңызы жоқ деген пікірлерге қосылған жөн.
Біздің ойымызша, Л.Л. Кругликов жазған жаза тағайындаудың қағидасы
ретінде тек жазаны жеке даралауды, жазаның нысаналылығын және жазаның
мөлшерін қылмыс ауырлығымен деңгейлестіріп қолдануды пайдалану керек
деген анықтамасы дұрыс [25.8-б.]. Себебі, осы көрсетілген қағидалар жазаның
алдына қойған мақсаттарынан туындап, жазаны тағайындаудың ішкі
қасиеттерімен астарласып тұрғандай.
Қазіргі заң әдебиеттерінде берілген жаза ұғымын қарап отырсақ олардың
бәріне тән ортақ кемшіліктің жоғарыдағы пікірден туындайтындығына куә
боламыз. Жаза ұғымын беруші коп авторлар көбіне оның оның сыртқы түріне ден
қойып, оның ішкі қасиетін ашу, яғни жазаның жапа шектірушілік негізгі
қасиетін көрсетпеуі бұл ұғымды толыққанды мазмұнда

қабылдауға мүмкіндік тудырмайды. Соның салдарынан соттардың көбінің осы
сұрақтағы негізгі мәселені түбегейлі түсінбейтіндігі өзінің кері әсерін
жаза тағайындау кезінде көрсетеді.
Әрбір қоғамдық қатынастарға қиянат жасайтын, қылмыстық заңда көрсетілген
іс- әрекетті жасаушыға тағайындалған қылмыстық жаза мөлшері оның өз
әрекетінен туындап жатуы, белгілі бір объектіге қылмысының арқасында
ыңғайсыздық келтірген қылмыскер мемлекеттен өзі де сондай ыңғайсыздық
күтуі шарт. Жазаны тағайындай отырып мемлекет жапа шектіру кінәлінің
қылмысы үшін кек алу емес мақсатты қажеттілік болған жапа шектіру
екендігін айтады. Сондықтан да әрбір қылмыскер өзінің теріс әрекеті үшін
жапа шнгуі керек.
Бұл кездерге мынадай жағдайдың да тууы мүмкін, жеке адамды жазалауға
тағайындалған шара шын мәнінде қылмыскерге жапа шектірмей тіпті оған
жағымды әсер етуі де мүмкін. Кейбір теоретиктер мұндай жағдайларды жаза деп
есептемейді де, оның ұғымындағы жапа шегудің элементтерін жоққа шығарады.
Дегенмен мәселе мынада,- әрбір өлтіруге тырысқан әрекеттердің барлығын
жаза деуге болмайды. Шыбықпен соққан әрбір соққыдан ләззәт алатын жынды
есуас адамның ешқашан да бұл соққыларды қабылдамайтыны белгілі, ал басқаға
ол жаза ретінде қарауы мүмкін. Қазына пәтеріне тұрғысы келіп әдейі түскен
кейбір адамдарға басқалармен бірге түрмеге жатуды жаза деп есептеуге
әсте болмайды, олар қылмысты осы мақсатта әдейі жасауы мүмкін. Егер субъект
аталмыш құралдың (жазаның) оған жапа
шектірмейтінін, қайта керісінше жағымды әсер ететінін білсе, онда ол
қылмыскерді дәріптеп қылмысты асқындырмас үшін оны қолданбауға тиіс. Егер
субъект жазалау әрекетінде жапа шектірмеймін деген оймен қателесіп осындай
тиімсіз құралдар пайдаланса, онда жазалаймын деген ұмтылыс, жаза болып
есептелмеуге тиіс [26.16-б.].
Бұл айтылған пікір, заңның өзінде жазаның ішкі жапа шектірудің қасиетін
көрсетудің басты мәселе екендігін анықтап көрсетіп отыр. Сондықтан да жаза
ұғымымен тікелей байланысты, бірақ оның заңдандырылған анықтамасында
көрсетілмей кеткен жапа шектіру компонентін көрсету қажеттілігі
туындайды.
Тәжірибеде қылмыстар бір текке жатқанмен, қылмыстардың істелу
жағдайлары, қауіптілік дәрежелері, оларды істеуші кінәлі адамдардың өз
бастарының кім екендіктері, сол істер бойынша жауаптылықты жеңілдететін
немесе оларды ауырлататын жағдайлар ешбір уақытта біркелкі болмайды. Олар
біркелкі болмаған жағдайда, оларға сот біркелкі жаза да белгілей алмайды.
Сондықтан заң көрсеткен жалпы ережелер мен біртекті қылмыстар үшін
белгіленген шектерге сүйене отырып, істің өзгешелігін ескеріп, тек сол
қылмысқа лайықты және сол істі істеген кінәлі адамға шақ жаза қолдануды тек
істі қараған сот қана шешуге мүмкін болғандықтан, заң шығарушы оны соттың
шешуіне тапсырады. Былайша айтқанда, құқықтық сана-сезім дегеніміз
соттардың заңдағы көрсетілген жалпылама номаны қаралып жатқан қылмысты
іске, ондағы ашылған жағдайларға сәйкес қолдануы болып
табылады.
Түрі біртекті болғанмен, тұрмыста түрліше болып кездесетін қылмысты істер
үшін заңда көрсетілген жалпылама норманы олардың өзгншнлігіне, сол
қылмыстың жеке өзіндегі қауіптілік дәрежесіне және ол қылмысты істеуші
қылмыскердің кім екендігіне сай мөлшерде тағайындау тек судьялардың
праволық сана-сезіміне сүйену арқылы ғана шешілуі мүмкін. Әрине, құқықтық
сезімді тек соттардың нені істегісі келсе, олардың басына келген ойды іске
асыруы деп ұғыну қате болады. Құқықтық-сезім әділ де әлеуметтік заңдылыққа
негізделген, қылмыстық құқықтағы жалпылама норманы соттар қараған істің
барлық өзгешеліктеріне дәлме-дәл етіп қолданушылық деп түсіну қажет.
Осы жерде тағы бір маңызды мәселені қарау дұрыс. Тәжірибеде заңдағы
жалпылық норманы қолдануға келмейтін қылмыстық істер кездесу мүмкін бе
деген сұрақ туады? Сирек те болса, ондай жағдай кездесуі мүмкін. Бірақ ол
жағдайда да сот бұл мәселені өзінің құқықтық сана-сезіміне сүйеніп шешуі
керек. Оған заң, қылмыстық кодексте толық мүмкіндік береді.
Біріншіден, қылмыстық кодекстің ерекше бөліміндегі көрсетілген қылмыстар
үшін, көпшілігінде, бір түрлі емес, бірнеше түрлі жаза қаралады. Солардың
әлгіндей қылмысқа бірі дәл келмесе, екіншісі немесе үшіншісі дәл келуі
мүмкін.
Екіншіден, олардың бір де бірі соттың ойынша дәл келмейтін болған
жағдайда, әлгә қылмысқа судьялар жеңіл жаза қолдану қажет деген шешімге
келетін болса, оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі толық ерік
береді.
Үшіншіден, тіпті сотта қаралған іс бойынша сотталушыға ешбір жаза
қолданудың қажеті жоқ деп табатындай жағдай кездескен күнде, ондай жағдайды
да шешуге заң сотқа құқық береді.
Соттың құқықтық сана-сезімі дегеніміз судьялардың қылмыстық заңға
негізделінген, тек соның көлемінде әрбір қылмыстық істің және оны
істеушінің қауіптілік дәрежесіне сай, заң бойынша сотқа берілген құқыққа
сүйене отырып, жаза мәселесін шешуі айтылады. Құқықтық сана-сезім сотқа
әртүрлі қылмыстық істі қарағанда қоғамдық мүддені жеке адамның мүддесіне
қарсы қоймай, оларды ұштастыраотырып шешуге толық мүмкіндік беретін
негіздердің бірі болып саналады.
Сонымен, қорыта айтқанда, қылмыстық жазаны жеке даралау дегеніміз-
жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, кінәлінің жеке
тұлғасын, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын жағдайларды ескеріп,
қылмыстық жаза мақсаттарына
жетуді алға қойып, соттың құқықтық сана-сезімге сүйеніп әділ жаза
тағайындау.
Жазаны бірнеше қылмыстар үшін тағайындау. Сот тәжірибиелерінде жазаны
бір қылмыс істелгендік үшін қолданушылық жиі болады. Кейде, сирек болса да,
бірнеше қылмыстарды бір адам істегендік үшін де жазаны қолданушылық
кездеседі.
Соңғы кжағдайда екі түрлі болып ұшырайды: бірінші, бір адам бірнеше
қылмыстарды істегенде олардың барлығы бірден ашылып, бір қылмыстық іс
ретінде сотта қаралады да, екіншісі, бірнеше қылмыстар істеген адамның
әуелі бір қылмысы ғана ашылып, оған сот үкім бойынша жаза қолданғаннан
кейін, сол үкім шыққаннан бұрын ол адамның істеген бір немесе бірнеше
қылмыстары тағы ашылады. Осылайша істелген бірнеше қылмыстарды заң
теориясында қылмыстардың жиынтығы (совокупность преступлений) дейді.
Қылмыстардың жиынтығы деу үшін бірнеше жағдайлар керек: біріншіден, бір
кісі кемінде заңда көрсетілген екі қылмысты істеу керек; екіншіден, сол
жиынтыққа кіретін қылмыстардың бір де бірі туралы үкім бойынша жаза
тағайындалмаған болу керек. Былайша айтқанда, жиынтыққа кіретін
қылмыстардың бәрі де үкім шыққанға дейін немесе бірі туралы үкім шыққанға
дейін істелуі қажет.
Бірнеше қылмыс деп саналатын қылмыстық істер қылмыстық кодекстің бірнеше
статьяларында жеке-жеке қылмыс ретінде қаралуға тиіс.
Қылмыстардың жиынтығына кіретін қылмыстар бір әрекет немесе
әректесіздіктен немесе бірнеше әрекеттерден, сондай-ақ бірнеше
әрекетсіздіктерден тұруы мүмкін. Бір әрекет пен әрекетсіздіктен тұратын
қылмыстарды, егер де оны заң бөлшектеп бірнеше қылмыс деп табатын болса,
оны теорияда идеальдық жиынтық деп атайды. Ол қылмыстар бір әрекеттен
немесе бір әрекетсіздіктен тұрады. Әрекет немесе әрекетсіздік бір ғана іс
болғанмен, заңның көрсетушісіне, екі немесе одан да көп құрамдық белгілерге
саә келуі мүмкін. Мысалы, қылмыскер өзінің дұшпанын ұйықтап жатқанда өлтіру
мақсатымен оның үйін өртейді. Үй өртеу бір-ақ әрекет. Дегенмен ол әрекетте
екі қылмыстың белгілері бар.
Қылмыстардың жиынтығы (реальная совокупность) деп қылмыскердің өз алдына
жеке әрекеттер немесе әрекетсіздіктер істеу арқылы жеке қылмыстардың
құрамдарының белгілері бар қылмыстарды жеке-жеке орындауы айтылады. Мысалы,
қылмыскер әуелі әйелді зорлайды, одан соң ол қылмыстың ізін жабу үшін
жәбірленушіні өлтіреді.
Реальдық жиынтық болу үшін әрбір әрекет немесе әрекетсіздіктің арасында
уақыт айырмасы немесе уақытпен қатар, қылмыс істелген жерлер де бөлек болуы
мүмкін. Идеальдық жиынтықта ондай өзгешелік болмайды. Бірақ бұл
өзгешеліктердің бірнеше қылмыстар үшін жаза белгілеуге ешбір әсері жоқ.
Осы айтылған жағдайларда жаза тағайындаудың екі түрлі жолы бар. Олар: 1)
жеңіл жазаны ауыр жазаға сіңіру жолы немесе 2) жинаққа кіретін қылмыстардың
ең ауыры үшін қарайтын жазаның жоғарғы шегіне жеткенше
әрбір қылмыс үшін тағайындаған жазалардың бірін-біріне түгелдей немесе
жартылай қосу жолы.
Екі жолдың қайсысын болмасын қолданғанда сот әуелі сол жиынтыққа кіретін
қылмыстардың әрқайсысына арнап жеке-жеке жаза тағайындады. Содан кейін
кінәлі адамға өтеуге тиісті деген жазаның жинағын немесе олардың ішіндегі
ауыр деген жазаға жеңілдерін сіңіру (поглащение) жолы
қолданылып белгіленеді.
Әр қылмысқа жазаны жеке тағайындаудың қажеттілігі мынаған байланысты:
біріншіден, әр қылмыстың өзінің қауіптілігіне лайық жаза тағайындау,
екіншіден, әр қылмысқа жаза тағайындаушылық жоғарғы сот орындарында жинаққа
кіретін қылмыстардың бірі қысқартылатын жағдай бола қалса, ол істі қайта
қарауға жібермей-ақ, сотталуды дұрыс деп күшінде қалдырған қылмыс үшін
тағайындалған жазаны кінәлі адамға өтей беруге бұйырады.
Профессор Ағыбаев Арықбай Нүсіпәліұлы өзінің Қылмыстық құқық атты
оқулық кітабында әрбір қылмыс үшін жауап бөлек тағайындаудың маңызы жайлы
былай деп жазады: ... бұл кассациялық немесе бақылау сипатында істеген
қылмыстардың біреуі үшін үкімді өзгертуге мүмкіндік туғызады. Әрбір қылмыс
үшін жазаны бөлек тағайындау рақымшылық актісін қолдануға да қолайлы
мүмкіндік туғызады. Өйткені, кінәлінің істеген қылмысының іріне рақымшылық
актісі қолданылуы, ал, екіншісіне оның қолданылмауы мүмкін; немесе бір
қылмыс үшін рақымшылық актісі бойынша тұтас алынып тасталуы, ал екінші
қылмысы үшін жаза мөлшері сол негізбен қысқартылуы мүмкін [27.218-219-б.].
Қылмыстардың жиынтығы бойынша сот жаза тағайындағанда жаза тағайындаудың
жалпы бастамаларын, істелген қылмыстың мәні мен зияндылық дәрежесін,
қылмыскердің тұлғасын және істің мән-жайын, жауаптылықты жеңілдететін
немесе ауырлататын жағдайларда ұтастай басшылыққа алады. Сіңіру принципі
бойынша сот қылмыстың жиынтығына кіретін әрбір қылмыс үшін біртектес және
әртектес жаза түрлерін тағайындағанда жеңілірек жазаны ауырырақ жазаға
сіңіру жолымен жинақтап бір-ақ тағайындайды. Осындай кезде жаза түрлерінің
қатаңдық дәрежесі қылмыстық кодекстің 39-бабында қандай ретпен көрсетілсе,
сол бойынша анықталатынын ескеруі қажет. Егер жиынтыққа кіретін қылмыстар
үшін түрі мен мөлшері жағынан бірдей жаза тағайындалса, онда бір жазаны
басқа бір жазаға сіңіру жолымен қорытынды жаза тағайындау заңның тиісі
баптары ең жоғарғы жазалау шаралары шегінде тағайындалса ғана рұқсат
етіледі.
Тағайындалған жазаларды қосып жаза белгілеу әрбір қылмысқа бөлек-бөлек
жаза тағайындап, сол жазаларды бір-біріне түгелдей қосып ақырғы жазаны
анықтау. Жазаларды түгелдей қосу принципі сот тәжірбиесінде көп жағдайларда
істелген қылмыстардың сипаты мен заңдылық дәрежесі өз ара ұқсас болған
жағдайларда қолданылады. [28.220-б.]. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстық жауаптылығы және жазалаудың теориялық мәселелері
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалардың түрлері
Кәмелет жасына толмағандардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктері
Қылмыскердің әлеуметтік позицияларын және әректің зерделеу
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жазадан босату
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының негізгі себептері
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылық және жазадан тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы босату
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі
Кәмелет жасқа толмағандарға қолданылатын жазаның ерекшелігі
Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден мерзімінен бұрын- шартты түрде босату
Пәндер